“Абай-дара, Абай-дана” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай — үні, ана тынысы — заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 — жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың — ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Абай туралы видеоны тамашалайық.
2-жүргізуші
— Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1-жүргізуші: Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
2-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарының бірі ағайынды Ельнур мен Нұрайдың «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» атты презентациясын тамашалайық!
1-жүргізуші: Тамаша, керемет. Рахмет сендерге! Шұғыла, қалай ойлайсың, келесі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне берсек қалай болады?
2- жүргізуші Иә, Аяз! Мен сенімен келісемін. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық. Кезекті 6 — сынып оқушыларына берейік.
1-оқушы: «Қыс» өлеңі
2-оқушы: «Жазғытұры» өлеңі
3-оқушы: «Күз» өлеңі
1-жүргізуші : Шұғыла, 6 сынып оқушыларының оқыған өлеңдерінен мен шынымен де әр түрлі жыл мезгілінде болып қайтқандай болдым.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Аяз! Мен де өзімді дәл солай сезіндім. 6 — сынып оқушыларына көп-көп рахмет!
Ал, ендігі кезекті мектеп-лицейіміздің мақтанышы, Халықаралық байқаулардың жүлдегері, бұлбұлдай сайраған әнші қызымыз Аружанға берсек деп отырмын.
1-жүргізуші: Олай болса, Аружанды «Көзімнің қарасы» әнімен тамашалайық!
2-жүргізуші: Керемет! Аружанға ду қол шапалақ!
1-жүргізуші : Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – оның қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
1-жүргізуші: Кезекті Абайдың қара сөздеріне берсек! Абайдың қара сөздерін ортаға салайық, құрметті қонақтар!
4-оқушы 9 қара сөз
5-оқушы 31 қара сөз
6-оқушы 1 қара сөз
2-жүргізуші: Кешіміздің қадірменді көрермендері! Сіздермен «Абай кім?» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнайық
Қонақтармен диолог.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? ( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургте жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.
( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.
(«Әзімнің әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?
(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.
( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?
( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?
(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?
(Абайдың ағасының баласы.)
1-жүргізуші : Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей түсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.
2-жүргізуші : Мухамадиева Аружанның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған – демекші
Келесі кезекті мектеп-лицейінің жас ақындарына сөз кезегін берейік.
2-жүргізуші: Иә, бойларында шабыты бар ақындар Абай атаға арнаған өз арнауын оқып берсе. Ең алдымен өзім бастасам деймін, Қазақтың бас ақыны Абай атаға арнау
Айтқазы Шұғыла «Абай атаға арнау»
Елюбай Ельнур «Абайға »
1-жүргізуші: Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінде айтқан болатын.
7оқушы «Әсемпаз болма әрнеге»
8-оқушы «Ғылым таппай мақтанба»
9-оқушы Жасымда ғылым бар деп ескердім
1-жүргізуші: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
2-жүргізуші: — Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).
1-жүргізуші: Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады . Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді.
Абайдың Пушкиннен аудармасын тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, тағы басқа мысалдарын аударды.
2-жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.
1-жүргізуші: Бүгінгі кеш маған ұнады. Шұғыла сенің көңіліңнен шықты ма?
2-жүргізуші: Әрине, маған ұнады. Барлық оқушыларымыз бүгін белсенді болды. Барлықтарыңызға көп-көп рахмет. Олай болса, Абай атамыздың өлеңдерін, аудармаларын, әндерін, қара сөздерін тереңірек білуге ұмтыла берейік. Қош сау болыңыздар.
Ақмола облысы Бурабай ауданының
Ә.Ы. Досов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазтаева А.С.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай — үні, ана тынысы — заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 — жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың — ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-оқушы: Сахнаға Абай шығады. Рамазанов Айдын:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
2-жүргізуші –
— Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1.Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен диолог.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Презентация «Ұлы халықтың- ұлы Абайы»
Енді сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы Исина Жібек Қалиасқарқызына береміз.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.
1-оқушы: Щербаков Юра «Қыс»
2-оқушы: Ракишева Алина «Жазғытұры»
3-оқушы: Степанова Валентина «Күз»
Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
4- оқушы: Сапарбеков Ілияс «19 қара сөз»
5-оқушы: Жазық Алтынай «45 қара сөз»
6-оқушы:Гапченко Ирина «7 сөз»
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.
7-оқушы:Проданова Ксения «Әсемпаз болма әрнеге»
8-оқушы:Серікбаев Орынбек «Ғылым таппай мақтанба»
9-оқушы: Жазық Алтынай «Сегіз аяқ»
11- оқушы: Шарипов Амир «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
12- оқушы: Астапенко Полина «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
13- оқушы: Құрманғалиева Әсел «Білімдіден шыққан сөз»
14-оқушы: Тиесова Валентина « Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»
15- оқушы: Егорин Анатолий «Не верь разным людям»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтемірова Динара Науанқызына сөз береміз.
Абай құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы музыка пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Жадыра Жамбылқызына сөз береміз.
Гультяева Марияның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
— Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).
2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):
«Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.
«Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» — («Жизнь и творчество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.
«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.
«Абай аулында» — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.
«Абай ақындығының айналасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.
«Абай елі» — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.
«Абай елінде өткізілген мереке» — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.
«Абай еңбектерінің биік нысанасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социалист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.
«Абай жайын зерттеушілерге» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.
«Абай жолы» (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.
«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.
«Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы» — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.
«Абай Құнанбаев» (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.
«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).
«Абай» (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.
«Абай» (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.
«Абай» (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.
«Абай» (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.
«Абай» (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.
«Абай» (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.
«Абай» (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.
«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.
«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.
«Аймақтану, білім арттыру» — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.
Абайдың шығармашылығын зерттеймін деушілерге дерек, монографиялық еңбектер легі осы. «Абайды оқы, таңырқа!» Қатысушыларға рахмет!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
“Ұлы халықтың — ұлы Абайы”
(сыныптан тыс іс — шара)
Тақырыбы.“Ұлы халықтың — ұлы Абайы”
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
Міндеті: Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Көрнекілігі буклеттер, кітап көрмесі, баннер, портрет, проектор, ноутбук
Мұғалім сөзі: Келер 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 175 жылдығын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында тойламақпыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман — мұңын жырлады.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді бастайық.
1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, тыңдаушылар! «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты білім сайысымызға қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші — Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Абай кім? Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 — 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Презентация «Ұлы халықтың — ұлы Абайы»2 мин көрсетіледі
1 – жүргізуші: Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңарған, бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген — дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!
Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беру үшін қазылар алқасын тағайындайық
1. Молдахмет Сейдахметұлы — кафедра меңгерушісі
2. Наралиева Рахила — қазақ тілі пәнінің оқытушысы
3. Адилханова Ж. С.- қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Енді сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайыс — білім, өнер, шығармашылық ізденісте болмақ. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1 — бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)
2 — бөлім: ««Қарасөздер» мазмұны» (Абайдың қарасөздерін талдау)
3 — бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (сұрақтарға жауап береді)
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).
12. «Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші — Наурызбай Х)
14. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
16 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңі қай жылы жарық көрді? (1889ж.)
17 Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды? (Пушкин)
18 Қай поэмада Аристотель бар? (Ескендір)
19 Абай кімнің хаттарын аударды? (Онегин мен Татьяна )
Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер
Абай Құнанбайұлының шын есімі — Ибраһим. Әжесі Зере «Абай» деп еркелеткеннен кейін «Абай» атанып кеткен;
Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – «Көзімнің қарасы»;
Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
Еркежан — Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.
4 — бөлім: Мысал өлеңдерден көрініс
5 — бөлім: Болмасаң да ұқсап бақ… (ақынға арнау )
1 – жүргізуші: 1. Топтың аты, ұраны, әні (Екі топ таныстырып шығады).
І топ:
Сәлем бердік баршаға,
тыңдаушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымызды,
Таныстырдық бәріңе.
Қандай жақсы сеніміңді ақтаса,
Қазақша сөйлеуді есте сақтаса.
Бар біліммен шығады ортаға
ІІ топ:
Толағайдың тасындай,
Көп ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
Әр тілдің болады әркез өздік мәні,
Үйренсең қазақ тілін өте сәнді.
Шығады қазақша сайрау үшін.
2 — жүргізуші: 1 — бөлім
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын.
— Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысымызды бастайық.
1 — жүргізуші: 2 — бөлім
Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер» деп аталады. Қара сөздер — көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абайдың жалпы қарасөздерінің саны — 45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік. Бұл кезеңде әр топқа Абай атамыздың бір — бір қарасөзі тыңдатылады. Осы қарасөздің мазмұнын қағазға түсіресіздер, сол бойынша айтып бересіздер. 1 — топ 39 — қарасөзі, 2 — топ 15 — қарасөзі 3 — топ —
2 жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағына келері бар. Ақылдының сөзіндей ойды — күйді Тыңдағанда көңілдің өсері бар – деп, ән «Көзімнің қарасы» Ортаға ——————————————————— шақырамыз.
1 — жүргізуші: 4 — бөлім
Өздеріңіз білетіндей, Абай — қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырушы, табыстырушы. Ол өзінің аудармалары арқылы қазақ жұртын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстырған адам. Олай болса, Абай аудармаларын, оның ішіндегі мысал өлеңдерінен көріністерді тамашалаңыздар.
1 — жүргізуші: 5 — бөлім бойынша
Талант таудың ұшпағы — ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау — ап, өлең — бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай. Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі — бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,- деп Елбасымыз айтқандай Абай мұрасын жалғастырушы кейінгі ұрпақ не дейді? Абай атасыныңрухына бағыштағаноқушыларға кезек берсек.
2 — жүргізуші: Құрметті қонақтар оқушыларымыз дайындалғанша «- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс деп, К. Кулиев айтқандай Абайдың өмірі мен шығармашылығын берілген бейнероликті тамашалайық.
1 жүргізуші: Оқушыларға бұл сайысқа дайындалуына уақыт берейік. Ал біз сіздермен, Келе жатқан үзілмей бабасынан,
Қазақ үшін қымбат жоқ баласынан!
Әлі талай шығады нағыз Шара
Балғын биші қыздардың арасынан — деп ортамызға биші қызымыз ———————— шақырамызҚазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау
І жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-
деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз кафедра меңгерушісі Мырзахмет Молдахметұлына беріледі
Марапаттау: әділқазылар саралай келе, ұпайларын есептеп, ұпайы көп топқа «Озық ойлы Абайтанушы» атағын беру
1 — жүргізуші:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
— Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасың! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсың! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Ақмола облысы Бурабай ауданының
Ә.Ы. Досов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазтаева А.С.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай — үні, ана тынысы — заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 — жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың — ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-оқушы: Сахнаға Абай шығады. Рамазанов Айдын:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
2-жүргізуші –
— Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1.Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен диолог.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Презентация «Ұлы халықтың- ұлы Абайы»
Енді сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы Исина Жібек Қалиасқарқызына береміз.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.
1-оқушы: Щербаков Юра «Қыс»
2-оқушы: Ракишева Алина «Жазғытұры»
3-оқушы: Степанова Валентина «Күз»
Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
4- оқушы: Сапарбеков Ілияс «19 қара сөз»
5-оқушы: Жазық Алтынай «45 қара сөз»
6-оқушы:Гапченко Ирина «7 сөз»
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.
7-оқушы:Проданова Ксения «Әсемпаз болма әрнеге»
8-оқушы:Серікбаев Орынбек «Ғылым таппай мақтанба»
9-оқушы: Жазық Алтынай «Сегіз аяқ»
11- оқушы: Шарипов Амир «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
12- оқушы: Астапенко Полина «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
13- оқушы: Құрманғалиева Әсел «Білімдіден шыққан сөз»
14-оқушы: Тиесова Валентина « Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»
15- оқушы: Егорин Анатолий «Не верь разным людям»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтемірова Динара Науанқызына сөз береміз.
Абай құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы музыка пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Жадыра Жамбылқызына сөз береміз.
Гультяева Марияның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
— Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).
2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):
«Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.
«Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» — («Жизнь и творчество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.
«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.
«Абай аулында» — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.
«Абай ақындығының айналасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.
«Абай елі» — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.
«Абай елінде өткізілген мереке» — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.
«Абай еңбектерінің биік нысанасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социалист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.
«Абай жайын зерттеушілерге» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.
«Абай жолы» (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.
«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.
«Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы» — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.
«Абай Құнанбаев» (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.
«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).
«Абай» (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.
«Абай» (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.
«Абай» (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.
«Абай» (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.
«Абай» (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.
«Абай» (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.
«Абай» (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.
«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.
«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.
«Аймақтану, білім арттыру» — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.
Абайдың шығармашылығын зерттеймін деушілерге дерек, монографиялық еңбектер легі осы. «Абайды оқы, таңырқа!» Қатысушыларға рахмет!
«Абайды оқы, таңырқа…» әдеби-сазды кеш.
Ашық сабақтар- Nurzya
- 24.01.2016
- 1
- 1
- 23350
Мақашева Нұрзия Сағындыққызы
Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы
Төле би атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Абайды оқы, таңырқа…» әдеби-сазды кеш.
Мақсаты:
Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Түрі: Әдеби-сазды кеш.
Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер,презентация
Жоспары:
1. Алғы сөз.
2. І бөлім – Абай туралы.
3. ІІ бөлім – Абай өлеңдері.
4. ІІІ бөлім – Абай аудармалары.
5. VІ бөлім – Абайдың қарасөздері.
6. V бөлім – Абайдың әндері.
7. Қорыту.
(Абайдың дүниеге келуі туралы шағын киносюжет көрсетіледі.
Артынан Абайдың әні жай ойнай бастайды, экраннан Абайдың портреті шығады. Портреттің астында «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» (Абай) –деген сөз жазылып тұрады. Сахына сыртынан Ж.Жабаевтің өлеңі оқылады.
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне.
Экраннан кештің тақырыбы, мақсаты ашылады.)
Жүргізуші:
— Армысыздар, құрметті көрермен қауым! «Абайды оқы, таңырқа…» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Бұл шара «Тіл мерекесі» аясында ұйымдастырылып отырғандықтан, тілі басқа, тілегі бір әр халықтың ұлы ақындары Абай, Пушкин, Лермонтов, Гете шығармашылығындағы рухани тамырластықтың, үндестіктің шеңберінде өткізіледі. Бүгнгі кешімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Абай өлеңдері оқылып, әндері айтылып, көріністер тамашалайсыздар.
Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
І бөлім – Абай туралы
– Абай — қазақ даласын надандықтың айсыз қараңғы түні бүркеп, тұншықтырып тұрған кезде, еліне дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз. Ол мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Осы уақытқа дейін Абай туралы қанша айтылып, қанашама зертеу жұмыстары жазылып келсе де, ол әлі талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Осы орайда Абайды сан зерттеген М.Әуезов былай деген: «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңіги беруің керек, сүңіги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.» М.Әуезовтен бастап қазақ ақын-жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға соқпай өткені жоқ. Осы ақындардың Абай Құнанбайұлы туралы өлеңдерін тыңдап көрелік.
1. «Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес» Мағжан Жұмабаев — Жетпісбай Тұтқабай 6 а сын
2. «Абайға» С.Дөнентаев – Мустафаева Халима 11 б сынып
3. «Тіл кестесін үйреткіш Абай бізге» Иса байзақұлы – Зүбайділдә Айсұлу 8 ә сынып
ІІ бөлім – Абай өлеңдері.
— Абай Құнанбайұлы өлеңді 14 жасынан жаза бастады, бірақ ол өлеңдері қалжың, сықақ өлеңдер болды. Ол ақындыққа ұзақ мойын бұрған жоқ. Ақын атануды намыс та көрді. Өйткені ол заман ақындарының беделі, қадірі болмады. Абай өзі де олар туралы былай дейді:
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз
Былжырақ ақындары түк ақылсыз.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Тек 80 жылдары 35 жастан асқаннан кейін, өлең туралы көзқарасын өзгерте бастайды. Осы уақытқа дейін оның өлеңдері өз замандасы «Көкпай» атынан танылып жүрді. Бір отырыста ол Көкбайға «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын» — деген екен. Осыдан бастап бастап Абай ақындыққа біржола бет бұрады.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиынннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. -деп өлең сөзге жоғарғы баға беріп, төрге шығармақ түгілі, таққа отырғызды. Ақындық мақсатын айқындап, өлең сөз арқылы халыққа қызмет етуге бел байлайды. Осы тұрғыда Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін тыңдайық.
Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғарғы дәрежесіне айналады. Сөзі аз, мағынасы көп терең Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың жаза алмағанынан емес, тыңдаушылардың түсінерлік дәрежесінің төмендігінен. Өз уақытында тыңдаушы таппаған Абай Құнанбайұлы талай қүйінеді. Бүгінгі таңда біз Абай арман еткен көзі ашық, көкірегі ояу қазақпыз. Ендеше Абай өлеңдерінен өз дәрежесінде қабылдай білуге міндеттіміз. Кезекті ұлы ақынның өз өлеңдеріне берейік.
1. Қазақ тілінде – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» Темірхан Айғаным 10 а сын
2. Орыс тілінде — «Күз» Вахрикаева Лема 7 в сынып
3. Ағылшын тілінде — «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Халилов Халил 11 б сын
ІІІ бөлім – Абай аудармалары.
Абай бар жоғы 4 жыл мұсылманша 3 ай орысша оқыған екен. Соған қарамастан өзінің талабы мен зеректілігі, зор еңбегінің арқасында ана тілін басқа араб, парсы, түрік тілдерін игерген. Соның ішінде Абайдың орыс тіліне ықыласы ерекше болған. Бұл қызығушылығын Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Михаэлис шыңдай түсті. Олардың қалай танысқанын тамашалайық.
Көрініс «Кітапханада»
— Михаэлистің көмегімен Абай орыс, батыс әдебиетімен терең таныса бастайды. «Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис» -деген екен досына риза болған Абай. Ол орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков-шедрин, Некрисов,Толстой шығармаларын оқып білумен қатар, олардың шығармаларын қазақ тілінде аударған. Сол арқылы қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан.
Алғашқы танысқан орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкин болды. Оның «Евгений Онегині» Абай көңіліне тіпті жақын келеді. Осы шығармадан үзінділер күйінде 8 өлең аударды. Бұл өлеңдердің ішінде «Татьяның сөзі» қазақ даласының ән болып таралды.
Татьянаның хатын орыс, қазақ (ән) тілдерінде естиміз.
1. Орыс тілінде — «Татьянаның хаты» Гусеинова Г. 11 б сынып
2. Қазақ тілінде – «Татьяна сөзі» Нұрғалиева А. 8 а сынып
— Абай Құнанбайұлының аудармашы ретінде шеберлігі сонда, кей аудармалары тың өлеңнен артық шығып жатты, Сөзбе-сөз аударма дейміз бе, аналитикалық аударма дейміз бе, жоқ еркін аударма дейміз бе, осы тәсілдердің бәрін шебер пайдаланған. Сонай аудармалардың бірі «Қараңғы түнде тау қалғып өлеңі». Бұл өлеңді Абай орыстың ұлы ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтан аударады. Ал Лермонтов болса немістің ақыны Гетеден аударған екен. Үш елдің үш ұлы ақындары Гете — Лермантов — Абайдың өмірі мен шығармашылығында, дүниетанымы мен көзқарастарында көп ұқсастық, үндестік байқалады. Осы аударманың да ерекше сәтті шығуының да сыры осы болса керек. Ендеше осы өлеңді үш тілде тыңдап көрейік.
1. Неміс тілінде – Қуат Дияна 8ә сынып
2. Орыс тілінде — Ширинова Гулистан 7 б сынып
3. Қазақ тілінде — Бакеева Аигерім 5б сынып
— Орыс ақындары Пушкин, Лермонтовтан басқа ерекше мән беретін аудармалар Крыловтың мысалдары. Шаншып алма ашшы тіл, ызалы күлкі, кекесін Абайдың өз шығармаларында да жиі қолданылады. Крыловтың әшкерелеушілік рухы өзіне жақын сезілгендіктен, оның 13мысалын аударды. Сол мысалдардың бірін тамашалап көрейік.
1. «Шегіртке мен құмырысқа» мысалы (ағылшын тілінде көрініс). 6 а сынып
2. Орыс тілінде — Самсонова Катя 7 б сынып
3. Қазақ тілінде — Айтбай Дана. 4 а сынып
ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
— Өз мысалдардарында көрсетілген адам бойындағы кемшіліктермен Абай өмір бойы күресіп келді. Қазақ халқының бойындағы надандық, шенқұмарлық, жалқаулық, енжарлық сияқты қасиеттер ызасын келтірді. Осы күрес жолында өз өлеңдерін қару етіп пайдаланды. Бірақ ол кезде Абай сөзіне құлақ салушылар аз болғанын
Ағайын бек көп.
Айтамын ептеп,
Сөзімдң ұғар елім жоқ.
Немесе
Жан көрінбес көзіме.
Арғын, найман жиналса,
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының езіне. -деген өлең жолдарынан байқай аламыз.
Абайдың күрестен беті қайтып, ендігі кезекте басқа жолды таңдауды ұйғарғады.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ.
Түбінде тыныш жүргенді жек көрмедім. –деп қартайған шағында тыныштықты қалап, тек ақылшы, кеңесші болғысы келеді. Жастармен әңгіме үстінде өткізген уақытын өмірінің ең жақсы сәттері деген екен. Осы мақсатта өзінің бір алуан шығармалары «Қара сөздерін» жаза бастайды. Абайдың 45 қара сөзі бар. Енді соларға тоқтап өтелік. 17 қара сөзді әр тілде тыңдап көрейік.
1. Қазақ тілінде — қазақша (көрініс) 6ә сыныбы
2. Орыс тілінде — Шлыков Данил 8 в сынып
3. Ағылшын тілінде – Ширинова Азиза10 б сынып
Ұлы Абай сабағы бізді кең өріс, жаңа белестерге бастайды. Оның шығармаларын қайталап оқыған сайын өзің рухани толыса түсуімен бірге, туған әдебиетіңе тереңірек үңіліп, оның келешек көкжиегінің алыс қиырына көз саласың.
Бүгінде Абайдан талай ұрпақ өрбіді. Шөбересінің өзі 80 келіп отыр екен.
Осы Гүлзипа Исраилқызының өлеңіне кезек берейік.
«Мәңгілік мәуелі» -Арыстанқұлов Алмаз 5 а сынып
V бөлім – Абайдың әндері.
Абай туралы айтып отырып, оның тағы бір қыры – сазгерлігі туралы айтпасақ болмас. Ақын өз өлеңдеріне ән де шығарып таратқан. Ол әндерінің ерекшелігі ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазған.
Бүгінгі кешімізді ұлы ақынымыздың сыршыл әндерімен аяқтағымыз келіп отыр.
1. «Көзімнің қарасы» — Темірхан Айғаным 8 а сынып
2. «Айттым сәлем, Қаламқас» — Ширинова Азиза 10 б сынып
3. «» әуені флейтада – Лея Шлыкова 8 б сынып
4. «Желсіз түнде жарық ай» — Анарбек Аружан 8 ә сынып
VІ Қорыту.
Абай — мың қырлы, мың тәлімі бар ақын. Бүгінгі кешімізде сол мың қырының бірерін ғана өзімізше түсініп, әңгіме етпек болдық. М.Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетін қалқыдым десе, біз тек сол дарияның жағасына қана келдік. Ал сол даряның інжу-маржандарын теретін болашақ ғалымдар, ақын-жазушылар сендердің ішітеріңде отыр деп үміттенеміз.
Осымен «Абайды оқы, таңырқа…» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Хош сау болыңыздар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі
әдеби-сазды кеш
Дайындаған: казақ әдебиетінің
оқытушысы Қабылғазинова Ә.Қ.
Семей, 2015
Сахна. Жарық өшіріліген, акт зал іші ала көлеңке. Абай жазу жазып отыр. Үстелінің үстінде шам, кітап, қылқалам. Сахна сыртынан:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
-
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ (ҚТӘ-21)
Абай:
…Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма…
Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған көлгірсу, өтірік сөйлеу, уәдені бұзу, жазықсыз жанның сыртынан өсек айтудың бәрі жат. Жүрек – шындықты шырқырап жырлайтын әлсіз, қорғансыз бұлбұл.
Еркежан:
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әр неден.
Өлді кейі, кейі — жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі — қастық, кімі — дау,
Сүйенерге жоқ тірек.
Балнұр:
Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі — асау,
Бізге онан пайда жоқ.
Қан жүректі қайғылы-ау,
Қайырыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан-ау,
Қам көңілдің тынбаған.
Абай: Жүрек – тау бұлағындай таза, аспан жұлдызындай мөлдір. Сондай тазалық тән Жүрегім, жалғыз қалғаныңды сеземісің?!
Зарина:
Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Дидар:
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге-ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.
Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.
Кәмшат:
Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңіліп.
Гүлім:
Ақы беріп тындатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?
Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Абай: «Өмір қайда, дос қайда?». Дос… Достық! Адал шынайы достықтың құдіретті күші – тереңде…
Еркежан:
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
«Мұнан менің қай жаным аяулы?!» — деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?!
Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.
Сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?!…
Балнұр:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Абай: Ең алдымен жүрегіңе сүңгі, түбіндегі шын асылды тап. Жігіттер, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастар, бұл сөзіме құлақ сал.
Нұрсұлтан:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.
Дархан:
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Абай: Ер жігіттің бойынан табылатын адамгершілік асыл қасиет татулық пен достықты берік ұстап, терін сатып адал еңбек ету. Ері үйдің – тірегі, әйелі – алтын қазығы. Некелік өмірдің табиғи тірегі – жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі.
Нарқыз:
Махаббат, достық қылуға
Кім де болса тең емес.
Қазір дайын тұруға –
Бес күндік ғашық жөн емес.
Сүйіспек көңілім ойлайды,
Жанның бәрі қатыбас.
Сүйісу тозбай тұрмайды,
Еңбекке аз күн татымас.
Алтынай:
Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
Абай: Ғашықтық пен құмарлық – екеуі екі нәрсе, екі жол. Жақсы көргеннің бәрі ғашық емес. Ғашықтық пен көрсеқызар құмарлықты ажырата білу керек.
Ержан:
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.
Ән: Желсіз түнде жарық ай (Жанерке, Айым, Диана)
2.АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ХАҚЫНДА
Абай: Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы. Ілім-білім барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары. Адам ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауы керек.
Жанерке:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Аяулым:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Айым:
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Сауле:
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Диана:
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Аида:
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім — бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі — тұл.
Айдана:
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл — гүл.
Отыз екінші қара сөз. Аяулым:
Ғылымды үйренгенде, ақиқатты білу мақсатымен үйрену керек, біліміңді біреумен керісіп, біреуді күндеу үшін пайдаланба…
…білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттен…
…адамның білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар. Біріншісі – ойласу, пікір алысу, екіншісі – барлық күшті жұмсау, тырысу, алған білімін сақтау, қорғау.
Отыз сегізінші қара сөз. Анар:
…ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады…
Он жетінші қара сөз. Асыл:
Ән:
-
ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.
Абай: Мен қазағымның өткеніне қиналамын.., қазіргісіне күмәнданамын.., келешегінен үміттенемін… Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келмеуші ме еді?!
Тоғызыншы қара сөз.Аяулым:
Осы мен өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жек көрсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді… бұлардың бәрі де жоқ… Мен өзі тірі болсам да анық тірі емеспін… сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмайымын…
Бақыт:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ақбота:
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.
Айгерим:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Дана:
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға.
Абай: …қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек.
Алтыншы қара сөз. Шолпан:
…Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса кеен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғанның басы осы…
Қырық бірінші қара сөз. Данара:
…қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі – зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыру қажет. Екінші –өкімет басындағы адам аса бай болуы керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұүрпақты әділ де адал жолға аслуға, мәнді іс атқаруға жұмсауы керек.
Ән:
-
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Абай: жақсы ән мен тәтті күйдің құдіретті үні – адамға қуаныш үстінде де, қайғы кезінде де, еңбекте де, тұрмыста да жүрек жұбанышы, көңіл серігі. Ал қазаққа өлең деген бір қадірсіз, былжырақ көрінеді…
Гүлнұр:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Талшын:
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Гүлдария:
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?
Еламан:
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Әлішер:
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Абылай:
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.
Толқын:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.
Халима:
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Абай: Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
-
АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА!
Шырын: Ақылды дана, рақымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен иалысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнене өрнек шығарған ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, қарекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп, қақсап өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай – қазақтан шыққан данышпан.
Жүсіпбек Аймауытов
Мадина:
Абай – әлемдік маңызы бар тұлға. Ол өз оқырмандарымен жан сезімін ғана емес, философиялық көзқарасына ықпал еткен, сан-саладағы терең білімін бөліскен ақын, әрі ойшыл. Ол шын мәніндегі көзі ашық оқыған адам. Оның кеудесінде Тәңірінің өзі дарытқан бастаулар бар. Абай филасофиясы Еуропаның классикалық философиясының адамгершілік идеяларымен ғажап үндесіп жатыр.
Федерико МАЙОР, ЮНЕСКО-ның бас директоры
Ұлжан:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне.
Ақын атын таратқан әрбір нұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа.
Арғын-найман сөзіне таңырқаған, —
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле қап қарасаң көңіл ұғар.
Сол теңізге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар?!
Жамбыл Жабаев
Назым:
Бәрі бала жас еді,
Бәрі ұйқыда мас еді.
Барлық қазақ баласы.
Сонда ішінен жарқ етіп,
Ақыл-ойын сарп етіп,
Жөн бастаған данасы!
Қидық басты соңына!
Сол бастаған жолыңа!
Ойладың да барладың,
Жыладың да зарладың,
Елдің жайын көрген соң,
Жолдас таппай ісіңе,
Арман кетті ішіңде:
Ерте туып өлген соң
Жоқ, өкінбе, тірісің,
Жазғы алаштың күнісің.
Қараңғыда туып ең,
Қөара бетті жуып ең,
Таба қылмай дұшпанға,
Қолға ұстаған туымыз,
Қанат,құйрық, бойымыз.
Қонғанда да, ұшқанда,
Құрмет етіп затыңды,
Бетке ұстаймыз атыңды.
Сәбит Дөнентаев.
Перизат:
Өтсе де жылдар, ғасырлар,
Ұмтылмақ емес асылдар.
Ел үшін кешкен азапты,
Балалық ойда жасын бар.
Алладан елге тіледі,
Абай боп халық тірегі.
Бүгінгі сыйлас ұрпағы,
Дананың ісін біледі.
Ел үшін болған жан құрбан,
Абайдай дана қалдырған.
Құнекеңдей де алыпты,
Рахмет, халқым, шам қылған!
Гүлзипа Исрайлқызы, Абайдың шөбересі
Инабат:
Көк байрағым желбірейді әуеде,
Сенің рухың бізбен бірге кемеде.
Ақыл-ойың дариясы, жан ата,
Ұрпағыңмен сен де бүгін мәуеле.
Әкесі ғана болмап едің баланың,
Панасы өзің болып едің адамның.
Туысы сен болмап едің арамның,
Досы өзің болып едің адалдың.
Халқың сені мәңгі-бақи ұмытпас,
Асыл сөзің әр көкіректе құлыптас.
Данышпаным, ұлы бабам сөзі деп,
Әр ойыңды, әр жырыңды ұмытпас.
Гүлзипа Исрайлқызы, Абайдың шөбересі
Күміс: әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш –Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мәнінде қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың негізгі қымбаттылығы да сол. Бәлки, мұннан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай.
Міржақып Дулатов
Арманай:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Күнсая:
Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік елсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.