№ 71 Қарасай
батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі
Маликова Шолпан
Сагындыковна
«Ұлылардың ұлысы-Абай» әдеби-музыкалық кеш
Мақсаты:
- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,
шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. - Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге
көмектесу. - Шәкірттерді туған жерге деген
сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат
әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
4. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары,
қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Абай туралы қанатты сөздер:
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай
болмағанда данышп
5. ан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында
біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы — заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн
біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит
Мүсірепов
Орыстар үшін — Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін —
Руставели…. қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңде
cсіз құбылыс.
Қайсын
Кулиев
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы
сарынын сезе білді…. Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың
далалық бауырласы екенін танытты.
Шыңғыс Айтматов
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын
танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев
Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы
арқылы басталады.
Атасы – , немересі –
-Шығарма жаза
алмай қиналып отырған 5 — сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет.
Теледидардан
дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті — басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды…
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
— Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана әдебиет
сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы:
— «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне
жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін
тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін
шығарсың.
— Иә, бірақ толық білмеймін.
— Олай болса, ендігі жерде Абайды «Абай
атам», «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте
данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.
-Ата! Бізге
шығарма — эссе жазуға қосымша ізденіс жұмысы тапсырылып еді. Соған біраз
қиналып отырмын. Қайтсем екен? Жарысқа қалайда қатысуым керек.
Атасы:
— Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
— Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
Атасы:
— Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң
туралы, жүре ғой !(Ертіп алып, шығып кетеді).
1-жүргізуші::
-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, құрметті әдебиет сүйер қалың
көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана
ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай
Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы мен шығармашылығына арналған «Ұлылардың
ұлысы-Абай» атты әдеби-музыкалық кешке қош келдіңіздер!
2-ж:
Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай
қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын
өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген
дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба
әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек. Бұл кеште Абайдың өлеңдері,
әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.1-ж:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, —
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де
бізбен бірге жол алып келеді.
2-жүргізуші:
— Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша
шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге
соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі
дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай
–лебі, Абай — үні, дала тынысы —
заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге
мәңгі жасап келеді.
1-жүргізуші :
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым
, кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол,
тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол
қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып
төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың
өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмыз. Абайдың суретін көрген ол:
2- жүргізуші:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? –
деп айтқан екен. (слайд көрсетіледі)
1-жүргізуш
і:
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы
туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны —
білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны»
мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін
ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.
2- жүргізуші:
«Айттым, сәлем, Қаламқас» әні, орындаушы
хор.1-жүргізуші :
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші :
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
(Сахнаға Абай шығады):
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма…
2—жүргізуші :
— Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс
тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау.
Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз
келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1 — жүргізуші :
— Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын
танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаев. Абайдың өмірінен дерек береміз. Бір сәт экранға назар
аударалық(бейнежазба материалы – 2 — 3 минут)
Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен
диалог.
1 – жүргізуші:
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар — намысын қайраған!
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты
сұрақтар:
1.Абай
алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2.
Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы
Петербургта жазған).
3.
Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың
қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың
желдірмесі»).
5.Абайдың
аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай
Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың
әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8.
Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9.
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет
Байтұрсынов).
10.Әйгерім
кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай
өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы
Петербургта).
12.
« Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13..Абай
кімге ғашық болды? (Тоғжанға)
14.
Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының
баласы.)
1-жүргізуші:
—
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей
өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.
Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың
ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты
отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай,
Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге
әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен
тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында
Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе
араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули,
Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская
школада» орысша оқиды.
Жастайынан ел басқаруға араласқан
Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз
халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен
сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, — деп өсиет қалдырды.
4 – оқушы. Абайдың шын аты – Ибрагим. Зере
әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше сүйген. Абай туғаннан тым сүйкімді
болғандықтан, Ибраһим деп қойған немересінің атын араб тілінде «сүйкімді»
деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған екен. Содан Абай
атанып кеткен.
6 —
оқушы: Абай өлең шығаруды бала кезінде — ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа
келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы
қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары
үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия
(немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе
орысшадан аударған өлеңдері.
7 — оқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»
; 45 қара сөзі, өлеңдері
бар.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең
білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның
сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап
көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.
1 — жүргізуші :
— Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін –
Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз
құбылыс (К. Кулиев).
Оқушылардың орындауында Абай өлеңдерін жатқа
тыңдасақ.
2-жүргізуші:
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен…
деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең оқушы
оқушыларға берейік:
«Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай
мақтанба…», «Әсемпаз болма әрнеге..»
2- жүргізуші :
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
демекші, келесі кезең «Әннің де естісі бар, есері бар», – деп аталады.
1-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы — күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, —
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды.
Ән « Желсіз түнде жарық ай
»
Абай әнін орындаушы
хор: «Көзімнің қарасы».
1-жүргізуші :
Абай — әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға
мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан
қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін
табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылманы. Қатысушылар мен
көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз.
2- жүргізуші:
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен аяқтағым келеді.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол — Абай, Ұлты — қазақ, Аты –Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен
шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас
қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол
себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!
Ақмола облысы Бурабай ауданының
Ә.Ы. Досов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазтаева А.С.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай — үні, ана тынысы — заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 — жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың — ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-оқушы: Сахнаға Абай шығады. Рамазанов Айдын:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
2-жүргізуші –
— Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1.Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен диолог.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Презентация «Ұлы халықтың- ұлы Абайы»
Енді сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы Исина Жібек Қалиасқарқызына береміз.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.
1-оқушы: Щербаков Юра «Қыс»
2-оқушы: Ракишева Алина «Жазғытұры»
3-оқушы: Степанова Валентина «Күз»
Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
4- оқушы: Сапарбеков Ілияс «19 қара сөз»
5-оқушы: Жазық Алтынай «45 қара сөз»
6-оқушы:Гапченко Ирина «7 сөз»
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.
7-оқушы:Проданова Ксения «Әсемпаз болма әрнеге»
8-оқушы:Серікбаев Орынбек «Ғылым таппай мақтанба»
9-оқушы: Жазық Алтынай «Сегіз аяқ»
11- оқушы: Шарипов Амир «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
12- оқушы: Астапенко Полина «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
13- оқушы: Құрманғалиева Әсел «Білімдіден шыққан сөз»
14-оқушы: Тиесова Валентина « Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»
15- оқушы: Егорин Анатолий «Не верь разным людям»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтемірова Динара Науанқызына сөз береміз.
Абай құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы музыка пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Жадыра Жамбылқызына сөз береміз.
Гультяева Марияның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
— Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).
2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):
«Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.
«Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» — («Жизнь и творчество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.
«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.
«Абай аулында» — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.
«Абай ақындығының айналасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.
«Абай елі» — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.
«Абай елінде өткізілген мереке» — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.
«Абай еңбектерінің биік нысанасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социалист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.
«Абай жайын зерттеушілерге» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.
«Абай жолы» (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.
«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.
«Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы» — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.
«Абай Құнанбаев» (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.
«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).
«Абай» (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.
«Абай» (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.
«Абай» (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.
«Абай» (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.
«Абай» (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.
«Абай» (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.
«Абай» (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.
«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.
«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.
«Аймақтану, білім арттыру» — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.
Абайдың шығармашылығын зерттеймін деушілерге дерек, монографиялық еңбектер легі осы. «Абайды оқы, таңырқа!» Қатысушыларға рахмет!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
“Ұлы халықтың — ұлы Абайы”
(сыныптан тыс іс — шара)
Тақырыбы.“Ұлы халықтың — ұлы Абайы”
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
Міндеті: Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Көрнекілігі буклеттер, кітап көрмесі, баннер, портрет, проектор, ноутбук
Мұғалім сөзі: Келер 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 175 жылдығын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында тойламақпыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман — мұңын жырлады.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді бастайық.
1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, тыңдаушылар! «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты білім сайысымызға қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші — Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз — ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Абай кім? Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 — 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Презентация «Ұлы халықтың — ұлы Абайы»2 мин көрсетіледі
1 – жүргізуші: Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңарған, бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген — дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!
Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беру үшін қазылар алқасын тағайындайық
1. Молдахмет Сейдахметұлы — кафедра меңгерушісі
2. Наралиева Рахила — қазақ тілі пәнінің оқытушысы
3. Адилханова Ж. С.- қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Енді сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайыс — білім, өнер, шығармашылық ізденісте болмақ. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1 — бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)
2 — бөлім: ««Қарасөздер» мазмұны» (Абайдың қарасөздерін талдау)
3 — бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (сұрақтарға жауап береді)
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).
12. «Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші — Наурызбай Х)
14. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
16 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңі қай жылы жарық көрді? (1889ж.)
17 Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды? (Пушкин)
18 Қай поэмада Аристотель бар? (Ескендір)
19 Абай кімнің хаттарын аударды? (Онегин мен Татьяна )
Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер
Абай Құнанбайұлының шын есімі — Ибраһим. Әжесі Зере «Абай» деп еркелеткеннен кейін «Абай» атанып кеткен;
Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – «Көзімнің қарасы»;
Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
Еркежан — Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.
4 — бөлім: Мысал өлеңдерден көрініс
5 — бөлім: Болмасаң да ұқсап бақ… (ақынға арнау )
1 – жүргізуші: 1. Топтың аты, ұраны, әні (Екі топ таныстырып шығады).
І топ:
Сәлем бердік баршаға,
тыңдаушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымызды,
Таныстырдық бәріңе.
Қандай жақсы сеніміңді ақтаса,
Қазақша сөйлеуді есте сақтаса.
Бар біліммен шығады ортаға
ІІ топ:
Толағайдың тасындай,
Көп ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
Әр тілдің болады әркез өздік мәні,
Үйренсең қазақ тілін өте сәнді.
Шығады қазақша сайрау үшін.
2 — жүргізуші: 1 — бөлім
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын.
— Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысымызды бастайық.
1 — жүргізуші: 2 — бөлім
Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер» деп аталады. Қара сөздер — көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абайдың жалпы қарасөздерінің саны — 45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік. Бұл кезеңде әр топқа Абай атамыздың бір — бір қарасөзі тыңдатылады. Осы қарасөздің мазмұнын қағазға түсіресіздер, сол бойынша айтып бересіздер. 1 — топ 39 — қарасөзі, 2 — топ 15 — қарасөзі 3 — топ —
2 жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағына келері бар. Ақылдының сөзіндей ойды — күйді Тыңдағанда көңілдің өсері бар – деп, ән «Көзімнің қарасы» Ортаға ——————————————————— шақырамыз.
1 — жүргізуші: 4 — бөлім
Өздеріңіз білетіндей, Абай — қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырушы, табыстырушы. Ол өзінің аудармалары арқылы қазақ жұртын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстырған адам. Олай болса, Абай аудармаларын, оның ішіндегі мысал өлеңдерінен көріністерді тамашалаңыздар.
1 — жүргізуші: 5 — бөлім бойынша
Талант таудың ұшпағы — ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау — ап, өлең — бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай. Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі — бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,- деп Елбасымыз айтқандай Абай мұрасын жалғастырушы кейінгі ұрпақ не дейді? Абай атасыныңрухына бағыштағаноқушыларға кезек берсек.
2 — жүргізуші: Құрметті қонақтар оқушыларымыз дайындалғанша «- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс деп, К. Кулиев айтқандай Абайдың өмірі мен шығармашылығын берілген бейнероликті тамашалайық.
1 жүргізуші: Оқушыларға бұл сайысқа дайындалуына уақыт берейік. Ал біз сіздермен, Келе жатқан үзілмей бабасынан,
Қазақ үшін қымбат жоқ баласынан!
Әлі талай шығады нағыз Шара
Балғын биші қыздардың арасынан — деп ортамызға биші қызымыз ———————— шақырамызҚазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау
І жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-
деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз кафедра меңгерушісі Мырзахмет Молдахметұлына беріледі
Марапаттау: әділқазылар саралай келе, ұпайларын есептеп, ұпайы көп топқа «Озық ойлы Абайтанушы» атағын беру
1 — жүргізуші:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
— Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасың! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсың! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Жүргізуші:
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған,
Жырымен жан сусынын қандырған.
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған.
Ерте оянып, ойланып, ержеткен,
Талабын тас қияға өрлеткен.
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,
Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)
Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.
Сахнаға Абай шығады. (Қабыл)
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
Жүргізуші:
– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
10.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
«Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.
Інжу: «Қыс»
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Роза: «Жазғытұры»
«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Айбике: «Күз»
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспап,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды.
Дария: «Әсемпаз болма әрнеге»
Қарақат: «Ғылым таппай мақтанба»
Бийнура: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Рабия: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Феруза: «Не верь разным людям»
Би: Қазақтың ұлттық биі. Орындайтын «Балдырған – 1» тобының мың бұралған биші қыздары.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.
– Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).
жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шараны көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол. Қатысушыларға үлкен рахмет!
Балалардың орындауында ән: «Желсіз түнде жарық ай».
Исаева Молдер Джумановна,
Түркістан облысы, Шымкент қаласы
Мемлекеттік арнаулы (коррекциялық)
№33 «Ақбота» балабақшасының
саз жетекшісі
КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 15» г.Семей
Балыкбаева Сара Кабдулбаровна,
учитель русского языка и литературы
Сценарий внеклассного мероприятия.
Литературный вечер «Абай әлеміндегі ұлылар үндестігі».
1Ведущий: Құрметті достар,біз сіздерді осы залда көргенімізге қуаныштымыз!
Бүгін осы кеште сіздер ұлы ақындардың поэтикалық сөздерін естисіздер. Поэтикалық сөздер әртүрлі адамдарды және әртүрлі халықтарды біріктіреді.
2 Ведущий: Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас в этом зале . Сегодня вы услышите вечность, прикоснётесь к великому поэтическому слову. Ничто так не сближает и не роднит души людей разных стран и народов, как высокое поэтическое слово – “сладостный союз” поэтов-гениев.
3Ведущий:Бүгін сіздерді ұлы ақындардың қазақ,орыс,ағылшын және неміс тілдерінде шығармашылықтарымен таныстырамыз. Олар Абай, Пушкин ,Лермонтов, Байрон және Гете.
2Ведущий : Сегодня вы услышите поэтов-гениев, неповторимых творцов великой поэзии: казахской, русской, английской и немецкой. Это Абай, Пушкин и Лермонтов, Байрон и Гёте.
Звучит в зале тихая музыка.
2Ведущий :
В созвездии блистательных имён
Явились Гении, своё представив слово.
И каждый был талантом наделён,
Так непохожим на талант другого.
Друг другу чужды по судьбе,
Они родня по вдохновенью.
Издревле сладостный союз
Поэтов меж собой связует:
Они жрецы единых уз;
Единый пламень их волнует…
Выходят чтецы.
Чтец: Слышите биение?
Послушайте, как бьётся сердце!
Это сердце наполнено Любовью и Добром!
Мы? Кто мы?
Мы из тех, кто верит:
Только слово вечно средь земных тревог!
Стой! Слово! Стой! Сначала-
Сердца стук! Созрело слово!
Так испокон в начале Слово!
Мы едины:
Наша сила лишь в согласии!
Чтец:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жүргенде-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Чтец:
Мне на свет довелось народиться
В краю, что считаю Отчизной своей,
Он мой, этот край, только сердце стремится
Сплести воедино истоки корней.
Чтец:
Абай и Пушкин – два светила,
Два светлых гения земли.
Поэзией сердца будили,
Гуманности учили вы.
Пройдут года, пройдут столетья,
Но помнить будут вас всегда,
Ваш слог нетленен… Это вечно…
Ведь истина всегда жива.
Выходит Абай .
(На столе книги,подсвечник)
2 Ведущий:
Счастливые потомки, поймете ли вы его,
Абая- сына своего времени?
В степи, окутанной кромешной тьмой, боролся он против тысяч,
Упрямо поднимая свой малый светильник в слабой руке.
Встать бы лицом к лицу с ним, человеком иной эпохи,
Подать ему весть о себе, от сердца к сердцу!
Отрывок из фильма об Абае
Чтец в роли Абая:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы ,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма
(Абай перебирает книги на столе):
-Міне, менің мәңгілік замандастарым: Лермонтов, Некрасов, Толстой.
Ал, міне А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы.
(Показывает залу книги)
2.Ведущий :
Мы с детства А.С.Пушкина любили!
Сказки его, любовь и доброту дарили!
В школе «Евгения Онегина» мы изучали,
«Письмо Татьяны» нежнейшее читали,
Учились мудрости у Гения таланта,
На всех языках, хранятся фолианты,
Арапа предок, Гений всей России!.
И нет его прекрасней, и красивей!
За жизнь короткую, он столько написал,
И на века себе сложил он пьедестал!
Все трудности прошел, любовь познал,
Предательство и зависть, злобу испытал.
Выходит Пушкин
Чтец в роли Пушкина:
ПУШКИН: Я памятник себе воздвиг нерукотворный,
К нему не зарастёт народная тропа,
Вознёсся выше он главою непокорной
Александрийского столпа.
** Нет, весь я не умру — душа в заветной лире
Мой прах переживёт и тлeнья убежит
-И славен буду я, доколь в подлунном мире
Жив будет хоть один пиит.
Слух обо мне пройдёт по всей Руси великой,
И назовёт меня всяк сущий в ней язык,
И гордый внук славян, и финн, и ныне дикий
Тунгус, и друг степей калмык.
Отрывок из фильма о Пушкине
.
2 Ведущий: Непревзойденные переводы Абая из «Евгения Онегина» — замечательное явление в истории казахской литературы. Они навсегда останутся ярким свидетельством горячей любви казахского народа к творениям пушкинского гения, свидетельством горячей любви его к русской литературе и культуре.
Чтение отрывка из поэмы А.С.Пушкина «Евгений Онегин»
Выходит чтец.
Письмо Татьяны
Я к вам пишу — чего же боле?
Что я могу еще сказать?
Теперь, я знаю, в вашей воле
Меня презреньем наказать.
Но вы, к моей несчастной доле
Хоть каплю жалости храня,
Вы не оставите меня.
Сначала я молчать хотела;
Поверьте: моего стыда
Вы не узнали б никогда,
Когда б надежду я имела
Хоть редко, хоть в неделю раз
В деревне нашей видеть вас,
Чтоб только слышать ваши речи,
Вам слово молвить, и потом
Все думать, думать об одном
И день и ночь до новой встречи.
Но, говорят, вы нелюдим;
В глуши, в деревне все вам скучно,
А мы… ничем мы не блестим,
Хоть вам и рады простодушно.
Чтец на каз.языке
(Татьянаның Онегинге жазған хаты )
Амал жоқ — қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан
Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де,
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында бірер керсем де.
Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға
Ұзақ түн жұмбай көзімді.
Қызықтан қашып бұл жерге
Көңіліңіз суып келіпсіз.
Мәнісін сұрап білуге
Тілдесе алмаймын еріксіз…
Выходят Лермонтов и Гете.
Ведущий: Великий немецкий поэт Гете написал «Ночную песню странника»
Чтец от имени Гёте:
Uber allen Gipfeln
Ist Ruh,
Im allen Wipfeln
Spurest du.
Kaum einen Hauch:
Die Vogelein schweigen im Walde.
Wartenur, balde
Ruhestduauch.
Лермонтов
Я переложил «Песню странника» на русский язык
Горные вершины
Спят во тьме ночной;
Тихие долины
Полны свежей мглой;
Не пылит дорога,
Не дрожат листы…
Подожди немного,
Отдохнёшь и ты.
АБАЙ (перебирая книги на столе):
Ал, міне ,ағылшын ақынның Байронның өлеңдер жинағы ұмытылмастай болып шықты.
А вот сборник стихов великого английского поэта Байрона. Его поэзия просто незабываема….
Отрывок из фильма о Байроне
3 Ведущий:
стихотворение «Сердце Байрона» (Я. Смеляков)
В Миссолунгской низине
Меж каменных плит
Сердце мертвое Байрона
Ночью стучит.
Партизанами Греции погреблено,
От карательных залпов
Проснулось оно.
Нету сердцу покоя
В могиле сырой-
Под балканской землей,
Под британской пятой.
Выходит чтец в роли Байрона:
Байрон:
My soul is dark – Oh! Quickly string
The harp I yet can bring to hear
And let the gentle fingers fling
It’s melting murmurs over my ear
If in this heart a hope be dear
That sound shall charm it forth again
If in these eyes there lurk a tear
If will flow and cease to burn my brain
Лермонтов:
Душа моя мрачна!Скорей, певец,скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавшейся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая
И если не навек надежды рок унес.
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез
Они растают и прольются.
Перевод Абая:
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол,ақын!
Алтынды домбыраң мен келші жақын
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әк етпесе,
Керек қой көңілді үмітте біренсе
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмейме, бой жылып , ол да ерсе?!
1 Ведущий: Тіл –достықтың кепілі : Абай ,Байрон,Гете ,Пушкин, Лермонтов — жарық жұлдыздар.Олар Отанға шын сүйіспеншілікпен қараған.
2 Ведущий:
Язык- начало всех начал, всеобщий язык людей- это язык дружбы.
Абай, Байрон, Гёте, Пушкин, Лермонтов — великие поэты, символы чистой, прекрасной любви к Отечеству.
3Ведущий:
Издревле сладостный союз
Поэтов меж собой связует:
Они- жрецы единых муз,
Единый пламень их волнует.
2 Ведущий:
Два чувства дивно близки нам,
В них обретает сердце пищу-
Любовь к родному пепелищу,
Любовь к отеческим гробам.
Животворящая святыня.
Земля была б без них мертва,
Без них наш тесный мир- пустыня,
Душа- алтарь без божества.
1 Ведущий:
Абай, Байрон, Пушкин — представители казахской, английской и русской литературы. Каждый из этих поэтов бесконечно любил свою родину, отстаивал права личности на свободу и независимое существование. Пусть же творчество Абая,Пушкина, Байрона,Гете поможет вам стать путеводной звездой в ваших духовных исканиях. Каждый из вас должен любить и беречь свою Родину,знать свой язык и уважать другие языки .
Казахстан, ты — Родина моя!
Здесь люди все как одна семья.
Казахстан, ты могуч и высок,
Пусть струится твой водный исток!
Казахстан, ты красив и богат,
Твоим достижениям каждый здесь рад!
Казахстан – ты Родина-мать,
Мы будем беречь тебя и защищать!
Казахстан, как красива твоя природа
И в горах ископаемых очень много,
По реке-Иртышу плывут корабли,
И нефть добывают с зари до зари.
В твоём поднебесье Орёл парит,
И с солнца лучом душа говорит.
С народами всеми мы мирно живём
И песни о жизни и счастье поём.
Как символ достатка всем твой Байтерек!
Пусть будет здесь счастлив любой Человек!
3 Ведущий:
Қазақстаным
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Паң далам — Қазақстаным!
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз — ағыстарын.
Қырандар қанатында даңқы кеткен
Ғазалым — таусылмайтын таза нұсқалы.
Ән далам — Қазақстаным!
Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан далам — Қазақстаным!
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген!
Дарқандығын сезініп, еркін басып,
Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен!
Кең далам — Қазақстаным!
?лді деуге сыя ма, ойла?даршы,
?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан
Абай ??нанбай ?лыны? 170 жылды?ына арналады.
Ма?саты:
1.Абайды? ?мірі мен шы?армалары жайлы ма?л?мат беру.
2.О?ушыларды ?аза? хал?ыны? мэдениеті аясында т?рбиелей отырып,эстетикалы? т?лім беру.
3.Абай сынды к?рнекті а?ынны? шы?армаларына деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
БАРЫСЫ:
Сахнада Абайды? бейнесінде ?олында кітабы бар адам шы?ады
?лсем орным ?ара жер сыз болмай ма ?ле?і о?ылады
1-ж?ргізуші :
?аза?ты? ?лы а?ыны, бас а?ыны Абайды? ту?анына биыл міне 170 жыл толды.
Абай ??нанбай?лы 1845 жылы Семей ??іріндегі ?азіргі Абай ауданында?ы Шы??ыстау б?ктерінде д?ниеге келді. Абайды? ата-тегі, т?рбиеленіп шы??ан ортасы Тобы?тыны? ау?атты отбасы болды. ?кесі ??нанбай а?а с?лтан болыс болса,аталары ?скенбай, Ыр?ызбай ата?ты билер бол?ан.
Абай жас кезінде-а? ерекшеленіп, ауыз ?дебиетін, ертегі а?ыздарды, ескі ??гімелерді ерекше ден ?ойып ты?дап ?сті. ?жесі Зере мен анасы ?лжан жас Абайды? ?дебиетке ??марлы?ын оятты.
2-ведущая:
В истории каждой национальной культуры есть писатели, творчество каторых представляет сабой высшее достижение национального словесного искусства.
В казахской литературе это Абай Кунанбаев. Жизнь Абая –это годы учебы, борьбы за просвещение казахского народа.Абай является основоположником казахской письменной литературы.Описание весенней цветущей степи, труд людей, любовь юных сердец, вера в счастливое будущее своего народа-все находило отклики в сердце поэта. Его произведения написаны прекрасным, чувственным и в то же время понятным для всех языком.
/ Абай туралы та?па?тар о?ылады. Стихи про Абая/
Та?дамалы т?тті тіл Абай тілі,
А?ын?а дос,жаны?а тиеді жылы.
Шымырлатып дене?ді, с?йіндіріп,
Шертіледі ж?ректі? н?зік ?ылы
С?зі с?лу ы??айлы сор?ала?ан,
Кейде ащы, кейде майда жор?ала?ан.
Жымын тауып, сыл? етіп орнын басар,
Т?рсіз с?р с?з к?рмейсі? сылдырла?ан.
?сіресе Абайды? а?ынды?ы,
Та?дамалы с?зіні? татымды?ы.
А?ындар?а к?п ?лгі шеберлігі,
Міне бізге Абайды? жа?ынды?ы.
Поэт глядит на нас из далека
В открытом взоре мысли созиданий
И поколеньям новым навека
Он держит книгу мудрых назиданий!
Песнь его по степи летит!
Возносится до горных кручей!
На снежных пиках в вышине
И на сколистой крутизне-
Мы видим след певца могущий!
Бессмертен тот, чья муза без конца
Добру и красоте не изменяла,
Кто волновать умел сердца
И в них будет стремленья к идеалу.
3-ведущая:
Пейзажная лирика.
Абай – мастер пейзажной лирики. Высокое мастерство поэта проявилось в его стихотворениях о временах года. В поэзии Абая нашли отражение картины народной жизни: бескрайние просторы степи, жизнь и быт казахского аула.
/Та?па?тар, стихотворения :Жаз?ыт?ры,Лето,Осень/англ/, ?ыс./
4-ж?ргізуші:
?р с?зіні? ай?ынды?ы ерекше
К?ркем бейне ??былады т?рліше.
Елестетер тымы? т?нді, жары? ай,
Сабырлы ?уен ??рылымы б?лекше.
?н «Желсіз т?нде жары? ай»
5-ведущая:
«Нагашы жиен» встречают,
И Абая проверяют.
Все старейшины сели в круг,
Покажи, на что способен, друг!
Сценка «Абайдын Алшынбай ауылына сапары»
6-ж?ргізуші:
??ла?тан кіріп бойды алар,
Жа?сы ?н мен т?тті к?й.
К??ілге т?рлі ой салар,
?нді с?йсе? менше с?й.
Тамылжы?ан сан ?уен,
Б?рі ойдан шы?ады,
?уенні? сазын на?ышын
Бишідей кім ??ады — демекші би «?амажай»
7-ведущая:
Любовная лирика:
Абай явился непревзойденным мастером в воспевании блогородных чувств любви. Та же чистота и глубина, нежность и страсть захватывает нас когда мы читаем стихотворения Абая.
Стихотворения «Язык любви- язык без слов»
Язык любви – язык без слов.
Лишь чувства, ощущений зов,
Мгновенный взгляд или улыбка-
Его основа из основ.
Когда ты с этим языком
Я был до тонкости знаком
Но для меня его значенье-
Увы! – довно уж под замком
/стих. На англ./
8-ж?ргізуші:
— сен осы адамны? к?зінен ?андай к?йлерді бай?ау?а болатынын білесі? бе
— По глазам человека можно узнать о душевных переживаниях, о характере, о радости и печали. А почему ты спросил Ернур
-Себебі біз ты?дайтын келесі ?німіз Абайды? ?ні « К?зімні? ?арасы»
/?н «К?зімні? ?арасы»/
9-ведущая;
Причину прогресса, успехов и достижений Абай видит в честном труде на благо человека, народа. «Ум знания – плоды труда»- писал он в 42 слове.
-Е?бек ?ылмай тап?ан мал д?улет болмас
?арды? суы секілді тез суалар.
Талап е?бек, тере? ой
?ана?ат, ра?ым- ойлап ?ой
Бес асыл іс к?нсе?із – демекші келесі корінісімізде де осы е?бекті? ?адір ?асиеті жайында айтылмай ма
/Мысал.Басня «Стрекоза и муравей, Шегіртке мен ??мырс?а»
10-ведущая:
Абай вдохновляет на творчество нас,
Стихи мы слогаем, просто класс!
Даже учитель с нами поет,
Абай в нашем сердце вечно живет.
?н «Абай?а арнау» Б.Мырзахмет?ызы.
О?ушылар шы?армашылы?ы.
Лит монтаж.
Абай десе Абайсы?,
Абайлады? жан жа?ты
Риза етті? жарайсы?
«?алы? елі? ?аза?ты»
Жатыр к?п жыр жырланбай
Шыр?ар кім бар шынды?ты
Керек боп т?р, шіркін-ай!
?зі?іздей бір мы?ты.
Просмотр содержимого документа
«Абай /сыныптан іс — шара/»
Шинибекова Шолпан Оразовна, учитель казахского языка и литературы, КГУ “Гимназия № 120 имени Мажита Бегалина”, Казахстан, г. Алматы
Сценарий сценической постановки, приуроченной 175 летию Абая Құнанбаева «Әлем таныған Абай».
Сценарий сценической постановки, приуроченной 175 летию Абая Құнанбаева «Әлем таныған Абай».
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 17 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» атты сахналық қойылым
Жүргізуші: Өздеріңізге мәлім, біз ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлаудамыз. Гимназиямыздың өрендері де бұл айтулы шараны оқу жылының басынан бері атап өтуде. Игі іс- шараларымыз гимназия сайты, инстаграмм, фейсбук беттерінде жарық көріп отырды. Қазір сіздердің назарларыңызға біздің өнерпаз оқушыларымыз дайындаған «Әлем таныған Абай» атты сахналық қойылымды ұсынамыз.
Өлең- сөздің патшасымен үндесіп,
Күнде жүрмін ұлы ақынмен тілдесіп.
Сөз зергері- ұлы Абай атаммен,
Заман жайын талқылаймыз бірлесіп.
Ақын жырын дейміз теңіз, көл мейлі,
Жырларынсыз сана- сезім шөлдейді.
Қазақ елі биіктесін, бар болсын,
Сонда ғана Абай сөзі өлмейді !- дей отырып, көрінісімізді тамашалауды назарларыңызға ұсынамыз.
Көрініс: ( Сахнада Абайдың дүниеге келуін бейнелейді. Топ оқушы сахнаға шығып оқиғаны көрсетеді) Күй.
Құнанбай қажының ақ ордасы. Үйге «Ассаламағалейкүм!» деп үлкен кісілер мен молда кіреді. Келген кісілерді жайғастырып жатқан жігіттер, оларды дастарқан басына отырғызады. Келген адамдар Құнанбай қажыға:
«Ассалаумағалейкүм ! Қамшы ұстарыңыздың бауы берік болсын, мырза!» деп құттықтап жатыр. Осы кезде Құнанбай (Омар):
«Уағалейкүмассалам ! Қонақтар, рақмет! Үйге келген қонақтарды төрге шақырыңдар !- деп күтуші жігіттерге қарады.
Күтуші жігіттер: Төрлетіңіздер ! Жоғары шығып, жайғасыңыздар !- деді.
Қонақ: «Мырза, ұлыңыздың атын қалай атамақсыз ?
Құнанбай: «Жақында түсімде бүкіл Арғын баласының ойшылы, атыңнан айналайын киелі Әнет бабам маған қарап тұрып «Ибрахим, Ибрахим» деді. Бұл- маған тікелей айтылған белгі деп ойлаймын. Сондықтан баланың атын – Ибрахим деп қоюды жөн көріп отырмын.
Қонақтардың бәрі: «Бәрекелді, бабамыз түсіңізде аян берген болса, бұл да бір шапағаттың белгісі емес пе ? Балаңыз мәртебелі, абыройлы, зерделі болады екен.
Молда: Аумин ! (сүре оқиды) Сенің атың- Ибрахим! Сенің атың- Ибрахим! Сенің атың- Ибрахим! (Баланы анасына береді)
Қонақ: «Бауы берік болсын! Ұлы ата- бабаларындай атақты абыройлы болсын!» — дейді.
Шымылдық. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Өзара өте тату ене Зере мен келін Ұлжан – екі ана байсалды, мейірбан, әділ адамдар болды. Олар Абайды бауырмал қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты. Болашақ ақынның балалық шағы қос ананың – әже мен шешенің – тәрбиесінде өтті. Сүйікті немересінің Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да аяулы Зере әжесі еді.
Тұсаукесер.
Кішкентай Абайдың тұсауын кесуге жұрт жиналады. Екі бала Абайды жетектеп тұрады.
- бала: Ал, сәбиім, тұсауыңды кесейін,
Ала жіпті күрмеуіңді шешейін.
Ұзақ ғұмыр, шексіз бақыт тілегім,
Ардақты бол деп тілейді бұл елің !
- бала: Тәй- тәй бөпем, қадамыңды баса ғой,
Адымыңды нықтап басып аша ғой.
Әр қадамың сәтті болсын, жарқыным,
Шын бақытқа толы болсын әр күнің!!!
Күй. Шымылдық. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Осылайша болашақ ойшыл үлкен өмірге жолдама алды. Зере әжесі мен Ұлжан анасының көзайымы болып, қос ананың үлгілі тәрбиесін алып, балғын балалықтың балауса шағын бастан кешіп жүрді. Көреген, қырағы әкесінің қалауымен Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түсіп, оқу- білімге құштар Абай араб, парсы, түрік, татар, шағатай тілдерін меңгеріп алды. Сонымен қатар Семейдегі «Приходская школаға» барып аз уақыт болса да орыс ұстаздардың берген білімдерімен сусындады. Әкесі ел басқару ісіне үйрету үшін 13 жасар Абайды жанына алдыртты. Осы кезеңде Абай алғашқы өлеңдерін аналарына оқып беруші еді. Өлеңдеріне араб, парсы сөздерін қосып, әдемі кестелейтін.
Оқушы:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Ұлағатты аналарының ұшқыр тәрбиесі – Абайды парасат пен ізгілік биігіне жетелей бастады. Әкесі ойлағандай әкімшілік жұмыстың тізгігінін ұстаған Абай- еліне қамқор бола білді. Бірталай жыл болыстық қызметте жүріп, халықтың мұң- мұқтажын көріп, қол ұшын беріп отырды. Осы тұста өлеңге деген сүйіспеншілігі артпаса, кемімеді. Жалынды жырлары арқылы халқын оқу- білімге, өнерге шақырды.
Оқушы: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Абай өзі ұнатқан аяулы жандарға өмірлі өлеңдерін ғана емес, әндерін де арнап отырды.
«Көзімнің қарасы» әні.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс : Абайдың атағы бүкіл алашқа аян болып тұрған кезінде ақын ауылына атақты сазгер, әнші Біржан сал келеді. Бұл кездесу ақынға үлкен әсер қалдырды. Әншінің әндерінен ләззат алып, шаттыққа бөленді. Әсіресе, Абайға Біржанның «Ләйлім шырақ» әні ерекше әсер етті.
Біржанның әні «Ләйлім шырақ».
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Абай- жас кезінде мүмкіндігі бола тұрып, оқымағанына өкініп, өз білімін жетілдіру үшін өз бетінше оқып жүрді. Ақынның әлеуетінің жоғары болуына жер аударылған социал- демократ достары өте зор ықпал етті. Орыс классикасының нар тұлғалары Пушкин А. С., Лермонтов М. Ю., Крылов И. А. сондай- ақ неміс ақындарының шығармаларын оқып қана қоймай, қазақ тіліне әсерлі етіп аударып отырды. Оған дәлел ретінде Гетенің неміс тілінен Лермонтов аударған «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі, аударманың музыкасын да өзі жазды.
«Желсіз түнде жарық ай» әні.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан «Онегиннің Татьянаға хаты» мен «Татьянаның Онегинге хаты» сияқты үзінділерін шебер аударып, қазақ әдебиетінің жаңаша дамуына үлкен үлес қосты.
Сахнада өнерпазщ оқушылар Татьяна мен Онегиннің рөлдерін сомдайды.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Абай – бар өмірін ұлтының ертеңгі күнінің жарқын болуына арнады. Ақылды да зерделі ұрпақ тәрбиеледі, ақындық мектебінде үздік шәкірттерін қанаттандырып қияға ұшырды. Өлең жазып, аудармамен айналысумен қатар, «Ескендір», «Масғұд», «Әзімнің әңгімесі» поэмалары мен пәлсапалық ағымның зергері екенін дәлелдейтін 45 қарасөзін жазды. Ұлы ақынның шығармалары әлем елдерінің тілдеріне аударылды. Абайды бүкіл әлем таныды. (Шымылдық жабылады)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі
әдеби-сазды кеш
Дайындаған: казақ әдебиетінің
оқытушысы Қабылғазинова Ә.Қ.
Семей, 2015
Сахна. Жарық өшіріліген, акт зал іші ала көлеңке. Абай жазу жазып отыр. Үстелінің үстінде шам, кітап, қылқалам. Сахна сыртынан:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
-
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ (ҚТӘ-21)
Абай:
…Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма…
Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған көлгірсу, өтірік сөйлеу, уәдені бұзу, жазықсыз жанның сыртынан өсек айтудың бәрі жат. Жүрек – шындықты шырқырап жырлайтын әлсіз, қорғансыз бұлбұл.
Еркежан:
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әр неден.
Өлді кейі, кейі — жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі — қастық, кімі — дау,
Сүйенерге жоқ тірек.
Балнұр:
Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі — асау,
Бізге онан пайда жоқ.
Қан жүректі қайғылы-ау,
Қайырыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан-ау,
Қам көңілдің тынбаған.
Абай: Жүрек – тау бұлағындай таза, аспан жұлдызындай мөлдір. Сондай тазалық тән Жүрегім, жалғыз қалғаныңды сеземісің?!
Зарина:
Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Дидар:
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге-ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.
Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.
Кәмшат:
Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңіліп.
Гүлім:
Ақы беріп тындатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?
Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Абай: «Өмір қайда, дос қайда?». Дос… Достық! Адал шынайы достықтың құдіретті күші – тереңде…
Еркежан:
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
«Мұнан менің қай жаным аяулы?!» — деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?!
Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.
Сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?!…
Балнұр:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Абай: Ең алдымен жүрегіңе сүңгі, түбіндегі шын асылды тап. Жігіттер, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастар, бұл сөзіме құлақ сал.
Нұрсұлтан:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.
Дархан:
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Абай: Ер жігіттің бойынан табылатын адамгершілік асыл қасиет татулық пен достықты берік ұстап, терін сатып адал еңбек ету. Ері үйдің – тірегі, әйелі – алтын қазығы. Некелік өмірдің табиғи тірегі – жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі.
Нарқыз:
Махаббат, достық қылуға
Кім де болса тең емес.
Қазір дайын тұруға –
Бес күндік ғашық жөн емес.
Сүйіспек көңілім ойлайды,
Жанның бәрі қатыбас.
Сүйісу тозбай тұрмайды,
Еңбекке аз күн татымас.
Алтынай:
Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
Абай: Ғашықтық пен құмарлық – екеуі екі нәрсе, екі жол. Жақсы көргеннің бәрі ғашық емес. Ғашықтық пен көрсеқызар құмарлықты ажырата білу керек.
Ержан:
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.
Ән: Желсіз түнде жарық ай (Жанерке, Айым, Диана)
2.АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ХАҚЫНДА
Абай: Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы. Ілім-білім барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары. Адам ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауы керек.
Жанерке:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Аяулым:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Айым:
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Сауле:
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Диана:
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Аида:
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім — бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі — тұл.
Айдана:
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл — гүл.
Отыз екінші қара сөз. Аяулым:
Ғылымды үйренгенде, ақиқатты білу мақсатымен үйрену керек, біліміңді біреумен керісіп, біреуді күндеу үшін пайдаланба…
…білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттен…
…адамның білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар. Біріншісі – ойласу, пікір алысу, екіншісі – барлық күшті жұмсау, тырысу, алған білімін сақтау, қорғау.
Отыз сегізінші қара сөз. Анар:
…ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады…
Он жетінші қара сөз. Асыл:
Ән:
-
ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.
Абай: Мен қазағымның өткеніне қиналамын.., қазіргісіне күмәнданамын.., келешегінен үміттенемін… Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келмеуші ме еді?!
Тоғызыншы қара сөз.Аяулым:
Осы мен өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жек көрсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді… бұлардың бәрі де жоқ… Мен өзі тірі болсам да анық тірі емеспін… сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмайымын…
Бақыт:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ақбота:
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.
Айгерим:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Дана:
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға.
Абай: …қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек.
Алтыншы қара сөз. Шолпан:
…Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса кеен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғанның басы осы…
Қырық бірінші қара сөз. Данара:
…қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі – зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыру қажет. Екінші –өкімет басындағы адам аса бай болуы керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұүрпақты әділ де адал жолға аслуға, мәнді іс атқаруға жұмсауы керек.
Ән:
-
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Абай: жақсы ән мен тәтті күйдің құдіретті үні – адамға қуаныш үстінде де, қайғы кезінде де, еңбекте де, тұрмыста да жүрек жұбанышы, көңіл серігі. Ал қазаққа өлең деген бір қадірсіз, былжырақ көрінеді…
Гүлнұр:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Талшын:
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Гүлдария:
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?
Еламан:
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Әлішер:
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Абылай:
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.
Толқын:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.
Халима:
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Абай: Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
-
АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА!
Шырын: Ақылды дана, рақымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен иалысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнене өрнек шығарған ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, қарекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп, қақсап өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай – қазақтан шыққан данышпан.
Жүсіпбек Аймауытов
Мадина:
Абай – әлемдік маңызы бар тұлға. Ол өз оқырмандарымен жан сезімін ғана емес, философиялық көзқарасына ықпал еткен, сан-саладағы терең білімін бөліскен ақын, әрі ойшыл. Ол шын мәніндегі көзі ашық оқыған адам. Оның кеудесінде Тәңірінің өзі дарытқан бастаулар бар. Абай филасофиясы Еуропаның классикалық философиясының адамгершілік идеяларымен ғажап үндесіп жатыр.
Федерико МАЙОР, ЮНЕСКО-ның бас директоры
Ұлжан:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне.
Ақын атын таратқан әрбір нұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа.
Арғын-найман сөзіне таңырқаған, —
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле қап қарасаң көңіл ұғар.
Сол теңізге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар?!
Жамбыл Жабаев
Назым:
Бәрі бала жас еді,
Бәрі ұйқыда мас еді.
Барлық қазақ баласы.
Сонда ішінен жарқ етіп,
Ақыл-ойын сарп етіп,
Жөн бастаған данасы!
Қидық басты соңына!
Сол бастаған жолыңа!
Ойладың да барладың,
Жыладың да зарладың,
Елдің жайын көрген соң,
Жолдас таппай ісіңе,
Арман кетті ішіңде:
Ерте туып өлген соң
Жоқ, өкінбе, тірісің,
Жазғы алаштың күнісің.
Қараңғыда туып ең,
Қөара бетті жуып ең,
Таба қылмай дұшпанға,
Қолға ұстаған туымыз,
Қанат,құйрық, бойымыз.
Қонғанда да, ұшқанда,
Құрмет етіп затыңды,
Бетке ұстаймыз атыңды.
Сәбит Дөнентаев.
Перизат:
Өтсе де жылдар, ғасырлар,
Ұмтылмақ емес асылдар.
Ел үшін кешкен азапты,
Балалық ойда жасын бар.
Алладан елге тіледі,
Абай боп халық тірегі.
Бүгінгі сыйлас ұрпағы,
Дананың ісін біледі.
Ел үшін болған жан құрбан,
Абайдай дана қалдырған.
Құнекеңдей де алыпты,
Рахмет, халқым, шам қылған!
Гүлзипа Исрайлқызы, Абайдың шөбересі
Инабат:
Көк байрағым желбірейді әуеде,
Сенің рухың бізбен бірге кемеде.
Ақыл-ойың дариясы, жан ата,
Ұрпағыңмен сен де бүгін мәуеле.
Әкесі ғана болмап едің баланың,
Панасы өзің болып едің адамның.
Туысы сен болмап едің арамның,
Досы өзің болып едің адалдың.
Халқың сені мәңгі-бақи ұмытпас,
Асыл сөзің әр көкіректе құлыптас.
Данышпаным, ұлы бабам сөзі деп,
Әр ойыңды, әр жырыңды ұмытпас.
Гүлзипа Исрайлқызы, Абайдың шөбересі
Күміс: әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш –Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мәнінде қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың негізгі қымбаттылығы да сол. Бәлки, мұннан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай.
Міржақып Дулатов
Арманай:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Күнсая:
Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік елсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.