Торғайлар мен машина Дене шынықтыру
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Балаларды бір қатармен, аяқтың ұшымен жүруге, шашырап жүгіруге жаттықтыру. Доға астынан жүру, тақтайшаның үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету.
Төмендегі Конспект толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Торғайлар мен машина Дене шынықтыру
Бокина Хамида Мухаметуалиевна
Шығыс Қазақстан обылысы Көкпекті ауданы Самар ауылы «Дәншік»балабақшасының тәрбиешісі
24.11.2019
817
0
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Картотека № 1
Қимылды ойын: «Тақия тастамақ»
Мақсаты: балалардың зейінің дамыта отырып,жылдамдыққа үйрету.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына тұрғызады ,әуен ойнап тұрады. Тәрбиеші тақияны алып балалардың артында жүреді.Әуен тоқтағанда екі баланың ортасына тастайды.Балалар орнынан тұрып,шеңбер бойымен бір-біріне қарама-қарсы жүгіреді.Тақияны кім алса,сол женімпаз.
Картотека №2
Қимылды ойын:«Аюдың апанында»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыта отырып,қимыл-қозғалыс іскерліктерін жетілдіру.
Ойын шарты :Бір бала бөлме ортасында орындыққа отырады.(аю)Қалған балалар бөлме ішінде ақырын жайлап басып,төмендегі өлең жолдарын қайталайды: Әне аюдың апаны,жатыр онда дәу аю. Жайлап басып барайық,саңырауқұлақ,бүлдіргенді, Білдіртпей біз алайық. Ұйықтап жатқан аюды,оятып біз алмайық.
Соңғы өлең жолдарын айтқан кезде аю,оянып кетіп балаларды ұстау үшін қуады.
Картотека № 3
Қимылды ойын:«Көлеңке»
Мақсаты: балалардың қимыл-қозғалыс, ойлау қабілетін дамыту
Ойын шарты: Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Айнұр шығып сен көрсет.
Тәрбиеші балаларды кезектеп атап,ортаға шығарып түрлі жануарлардың жүрісін салып көрсетуді сұрайды.
Картотека № 4
Қимылды ойын:«Ұшты-ұшты»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты :Ұшты-ұшты,қаз ұшты!(қол көтеріледі).
Ұшты-ұшты,саз ұшты!(қол көтерілмейді)
Ұшты-ұшты,үйрек ұшты(қол көтеріледі)
Қателескен бала өлең айтады немесе ән салады.Жаңылыспаған ойыншы женеді.
Картотека № 5
Қимылды ойын:«Көжектер мен түлкі»
Мақсаты: балаларды шапшандыққа,ұйымшылдыққа үйрету.
Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады,қалған балалар көжек бет пердесін киіп,дөңгелене отырады.
Ойын жүргізуші:Көжектерім тұршы,беттеріңді жушы
Ну орманға барайық,тамақтанып алайық.
Қоян:Жалмандаған қу түлкі,келіп қапты орманнан.
Көжектерім қайда?-деп,еріп келеді соңымнан.
Көжектер ән ырғағымен секіріп,қаша жөнеледі,түлкі қуады.
Картотека № 6
Қимылды ойын:«Мысық пен тышқан»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа әрі шыдамдылыққа,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады . «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне н жібермейді.
Картотека № 7
Қимылды ойын:«Торғайлар мен автомобиль»
Мақсаты: балалардың зейінің дамыту,шапшандыққа үйрету.
Ойын шарты :Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында отырады. Олар ұяларында отырған торғайлар.Бір бала автомобиль бейнелейді.(аланның қарама-қарсы жағында)Тәрбиеші:«Жол жүріп ұшып кеттік,торғайлар»-деген сөзіне,балалар жүгіреді,құстар сияқты қанаттарын қағып. Біраз уақыт өткен сон:«Байқандар,автомобиль келе жатыр»-дейді.Балалар(торғайлар) ұяларына ұшып бара қонады.
Картотека № 8
Қимылды ойын:«Күн мен түн»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Тәрбиеші «күн» дегенде балалар секіреді,жүгіреді.
«Түн» дегенде орындарында отырып ұйықтайды .
Картотека № 9
Қимылды ойын:«Жасыл қияр»
Мақсаты: балалардың тіл байлығын дамыту,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен айнала жүреді.Ал ортада орындықта тышқан ұйықтаған болып бір бала отырады.Балалар төмендегі өлең жолдарын айтады:
Қияр,қияр,қиярлар Алысқа кетіп қалмандар. Ұйықтап жатыр дәу тышқан Оятып қәне алмаңдар!
Оянған тышқан балаларды қуа жөнеледі,кім ұсталса сол тышқан болады.
Картотека № 10
Қимылды ойын:«Аралар»
Мақсаты: балалардың зейінің,есту қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Ойынды жүргізуш көзін жұмады.Балалаар қолындағы затты белгіленген бір орынға жасырады.Жүргізушіге ызылдау арқылы бағыт беріп отырадыДауысын анығырақ шығарып ызылдаса-зат жақында,ақырын дауыстаса-зат алыста.Жасырылған затты тапқан бала мадақталады,кезек келесі балаға беріледі.
Картотека № 1 1
Қимылды ойын:«Толқиды теңіз»
Мақсаты: балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар ойын алаңында айналып жүріп:
«Толқиды теңіз бір,
Толқиды теңіз екі,
Толқиды теңіз үш,
Толқиды теңіз т ө рт» -сөз жолдарын айтады.
Тәрбиеші белгісі бойынша:«Толқын мұз бол»-дегенде балалар қозғалмай қалу керек.
Картотека № 12
Қимылды ойын:«Айдаһардың құйрығы»
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.
Ойын шарты:Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы».
Ең соңғысы — «құйрығы» болады.Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол — «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.
Картотека№ 13
Қимылды ойын:«Автомобильдер»
Мақсаты: балаларды ұйымшылдықққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.
Картотека № 1 4
Қимылды ойын:«Тату-тәтті отбасы»
Мақсаты: балалардың танымдық қабілетін дамыту,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар бөлме ішінде әуен ырғағымен жеңіл билеп жүреді.Тәрбиеші әуенді тоқтатып хабарлама жасайды:«Тату-тәтті жанұядаа» 3 адам н/е (2,4) адам тұрады.Балалар үштен,екіден,төртен бірігеді.Ойын осылай бірнеше рет қайталанады.
Картотека № 15
Қимылды ойын:«Дала және үй құстары»
Мақсаты: балалардың зейінің дамыту,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі.Бастаушы (тәрбиеші) дала құсының суретін көрсеткенде балалар дала құсының дауысын келтіріп, ұшып келіп орындарына қонады.Ал үй құсының суретін көрсеткенде үй құыстарының дыбыстарын дыбыстап,жүрістерін келтіріп орындарына келеді.
Картотека № 16
Қимылды ойын:«Айна»
Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.
Ойын шарты: Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» — жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.
Картотека № 17
Қимылды ойын:« Қарлығаш»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа әрі шыдамдыққа,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет.
Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.
Картотека № 18
Қимылды ойын: «Күн,су,ауа»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: «Күн» дегенде балалар ашық аланда ойнап жүреді,өсімдік болып өседі,ойткені өсімдіктер күнді жақсы көреді,күнмен өседі.
«Су» дегенде балалар балық,кит сияқты суда жүзеді.
«Ауа» дегенде балалар құстар,ұшақ сияқты қалықтап ұшады.
Картотека № 19
Қимылды ойын:«Киіз үй»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, шапшандыққа үйрету.
Ойын шарты: Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.
Картотека № 20
Қимылды ойын:«Аңшы»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа ,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Балалардың қалауы бойынша ортаға аңшы н/е кез –келген жануарлардың біреуі аталады.Балалар шеңбер құрып тұрады.Аң қашады,ал аңшы соңынан қуып ұстап алуға тырысады.Балалар қолдарын көтеріп,анды шеңбер ішіне кіргізіп алып,ал аңшыны кіргізбеуге тырысу қажет.Ойын балаларды алмастырып отыру арқылы жалғаса береді.
Картотека № 21
Қимылды ойын:«Өрмекші мен шыбын»
Мақсаты: балалардың қимыл-қозғалыс,бақылағыштығын дамыту.
Ойын шарты:Әуен ойнағанда шыбындар ызылдап ұша бастайды.Әуен тоқтағанда шыбындар қатып қалады,ал өрмекші қозғалған шыбындарды аңдып ұстауға шығады.
Картотека № 2 2
Қимылды ойын:« Жаяу көкпар »
Мақсаты: балаларды шапшандыққа үйрету,өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.
1 «Тақия тастамақ» 12 :«Айдаһардың құйрығы»
2 :«Аюдың апанында» 13 :«Автомобильдер»
3 :«Көлеңке» 14 :«Тату-тәтті отбасы»
4 :«Ұшты-ұшты» 15:«Дала және үй құстары»
5 :«Көжектер мен түлкі» 16:«Айна»
6 :«Мысық пен тышқан» 17:« Қарлығаш»
7 :«Торғайлар мен автомобиль» 18«Күн,су,ауа»
8:«Күн мен түн» 19:«Киіз үй»
9 :«Жасыл қияр» 20 :«Аңшы»
10:«Аралар» 21:«Өрмекші мен шыбын»
11 :«Толқиды теңіз» 22:« Жаяу көкпар »
1.
Қим.ойын: «Торғай мен торғайлар»
Ойын шарты: Балалар 5-6 балалардан тұратын, топтарға
бөлінеді.Әр топтың өз үйі,үясы бар. (обруч,шеңбер немесе серенде бормен
сызған шеңбер). Тәрбиеші үлкен торғай ,ал балар кішкентай торғайлар балып
еденде отырады.Тәрбиеші «Ұшты-ұшты» дегенде торғайлар алысқа ұшып шығады.
Тәрбиеші: «Үиге ұшып қайтайық» дегенде торғайлар өз ұяларына қайтып ұшып
барады.
Тәрбиеші
ескертеді,«балалар –торғайлар» белгі бойынша
іс әркеттерін жасау керек.Әр бала өз ұясына кіреді, шатасуға болмайды.
Мақсаты:Балаларды аңғарымпаздыққа,шапшаңдылыққа
үйрету.
2.
Қим.ойын: «Көліктер мен торғайлар»
Ойын шарты:Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда
отырады. Педагог торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған
кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына
отыра қалады.
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету.
3.
Қим.ойын: «Күн мен жаңбыр»
Ойын шарты: Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ
жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге»
(орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып
тұр! Серуенге шығуға болады», — дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр.
«Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай
жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты!
Барыңдар, серуендеңдер», — дейді, ойын қайта басталады.
4.
Қим.ойын: «Сабалақ ит»
Ойын шарты: Бір бала ит болып жатады.Қолын созып,басын
қолдарына салып үйықтап жатқан сияқты жатады.Қалған балалар сөздерді айтып
қасына жатады:
Міне жатыр сабалақ ит,
Аяғымен аузын жауып.
Тып-тыныш жатыр,
Ұйықтап жатыр түш-түш-түш.
Жақындайық,оятайық.
Не болды кане қарайық.
Балалар алдыға еңкейіп,иттің атауын атап,қолдарын шапалақтап итті
оятады.Ит атып тұрып,қатты абалайды.Балалар қашады.Ит арттарынан қуып,
балаларды ұстап алуға тырысады.Балалар тығылып, қашып болғасын.Ит қайтып
жатып ұйықтайды.Ойын
3-4 рет қайталанады.
Ескерту:Егер иттің орынында тәрбиеші ойнаса,орындықтың
үстіне отыруға болады.(ұйықтауға)
Мақсаты:Аңғарымпаздыққа,шапшаңдыққа үйрету.
5.
Қим.ойын: «Түлкі мен балапандар»
Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды. Топ
ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап, қалған балаларды балапандар деп
әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі
кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды
бастап аяқтауы тиіс. Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.
6.
Қим.ойын: «Торғайлар мен мысық»
Ойын шарты: Балалар отырғышта,яғни ойын алаңынын бір бөлігінде орналасқан
үлкен-үлкен кубиктерде тұрады.Бұл төбеде отырған торғайлар. Келесі жағында
мысық отыр (тәрбиеші немесе балалардың бірі) Тәрбиеші:Мысық ұйықтады.
«Торғайлар ұшады»-дейді.Торғайлар төбеден секіріп, қанаттарын жайып
жан-жаққа ұша жөнеледі.
Мысық оянып
«мяу-мяу» деп мяулап төбеде отырған торғайларды ұстауға жүгіре
жөнеледі.Ұсталған торғайларды мысық үйіне алып кетеді.Ойын 5-6 рет
қайталанады.
Ескерту:Балалардың жерге жеңіл,аяқтың ұшымен тізесін бүгіп қонуын қадағалау.
7.
Қим.ойын: «Қояндар мен қасқыр»
Ойын шарты: Балалардың жартсы қояндар,ал бір бала қасқыр болады. Алаңның бір
бөлігіне қояндар өз үйлерін белгілейді. Келесі бөлігінде қасқыр өз апанында
тығылып жатады.
Тәрбиеші: Қояндар тықыр,тықыр,тықыр секіріп,
Жүгірді жасыл шөпте,алаңда.
Ойлады тыңдап,шөп жұлып,
Қасқыр келмедіме бұл маңға.
Мәтінге байланысты
қояндар үйлерінен алаңға шығып,біресе қосаяқпен секіріп,біресе отырып шөпке
жақындап,шөп жұлады. Тәрбиеші «қасқыр» деп айтқасын, қасқыр өз апанынан шығып
қояндарды қуа жөнеледі. Ұстауға тырысады.(қолдарын тигізеді) Қояндар үйлеріне
қашып тығылған соң,қасқыр оларды ұстай алмайды. Қасқыр ұстаған қояндарды өз
апанына алып кетеді. Ойын қайталанады.Алдын ала келісім бойынша,қасқыр 2-3
қоянды ұстаған соң,қасқырдың орнына басқа бала таңдалады. Ойын 2-3 рет
қайталанады.
Ескерту:Әр қоян тек өз үйін таңдайды.Қояндардың ортақ бір үйі болса да
болады. Алдыңғы ойнда қасқырды тәрбиеші ойнауға болады.
8.
Қим.ойын: «Пойыз»
Ойын шарты: Балалар бағанға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол
ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші белгі
береді де, пойыз алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ
және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Пойыз бекетке жақындап
келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, пойыз
тоқтайды. Белгіні ести сала олар қайтадан бағанға тұрады да пойыздың
қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Нұсқау: Алғашында балалар бағанға кез келген ретпен
тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды
үйретеді. Ойынның мазмұнын өзгертуге де болады, мысалы, пойыз көлдің жанына
тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б.
бейнелейді.
9.
Қим.ойын: «Мысық пен тышқан»
Ойын мақсаты: Балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа
қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық
сайланады. Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар
тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты
шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды
ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
10.
Қим.ойын: «Айдаһар мен қарлығаштар»
Ойын шарты: Айдаһар өз сарайында отырады. Бір кезде қарлығаштар ұшып келеді.
Айдаһардың мазасы кетіп сарайдан басын шығарып қолдарымен қарлығаштарды ұстап
алуға тырысады. Егер қарлығашқа қолы тиіп кетсе онда ол қарлығашты өз
сарайына алып кетеді. Қалған қарлығаштар ұшып кетіп құтылады. Ойын 3-4 рет
қайталанады.
Мақсаты: Балаларды ептілікке, алғырлыққа, аңғарымпаздыққа үйрету.
11.
Қим.ойын: «Көбелектер мен гүлдер»
Мақсаты: Балалардың ақыл-ойын ұстартуды, дене қимылын жақсартуды, қоршаған
ортаны тануды қалыптастыру.Шапшаңдылыққа, ептілікке, алғырлыққа тәрбиелеу.
Шарты:
Балалардың мойындарына әр түсті қағаз картоннан жасалған көбелектер іліп,
олар ұшып жүреді. Ал жерде гүлдер жатады. Балалар көбелектері қандай түс
болса сондай түсті гүлдерге барып қонуы тиіс. Үлгермеген бала ойыннан шығады.
Ойын әрі қарай жалғасады.
12.
Қим.ойын: «Кемпірқосақ»
Ойын
шарты: Кемпірқосақ болатын ойыншыны таңдап
алып, ойыншылырдың алдына бетпе бет қойып, ойын соңына дейін қолын созып
тұрғызу. Кемпірқосақ қандай да бір түсті атайды. Ал ойыншылар ол түсті өз
киімінен немесе көршісінің кейімінен табуы керек. (Көршісінің кейімін ұстауға
болады). Сол түсті ұстап кемпірқосақтың қолының астымен өтуі тиіс. Егер
ойыншыда қажетті түс немесе ұстап алуға мүмкіндігі болмаса кемпірқосақтың
астынын тез жүгіріп өтуі керек. Жүгіріп өткен балаға кемпірқосақтың қолы
немесе бір жері тиіп кетсе онда жеңген бала кемпірқосақ болады. Ойын әрі
қарай жалғасады.
13.
Қим.ды ойын: «Сүйкімді бақалар»
Керекті
құралдар: Балалар саныныа қарай бақалардың
бетперделерін жасау. Тәрбиешіге тырнаның бетпердесін жасау.Көк матаны өзен
қылып ортаға жайу.
Ойын
шарты:Балалар өзен жағасында тұрып
тәрбиешінің бақалар туралы айтқанын мұқият тыңдайды.(қайда тұрады,немен қоректенеді,
суға түсіп жүзуі туралы,қандай түсті болатынын, және бақаларды кім жейтінін
сұрайды). Балалар озен жағасында серкіріп ойнап,ән салып жүреді. Ал тырна
ұшып келгенде барлық бақалар озенге скіріп үлгеруі керек.
14.
Қим.ойын: «Аю
мен аралар»
Аю мен конжықтың бетперделері.
Ойын
шарты: Аю қонжығымен бірге бал жинауға
жолға шығады. Аралардың торына келгенше әндетіп келеді. Аралардың торына
жеткенде аралар аю мен конжықты қуа жөнеледі. Сасып қалған аю мен қонжық
қашады.Ойын бірнеше рет қайталанады.
15.
Қим.ойын: «Масаны ұста»
Ойын
шарты: Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Қол
созымдай жерде бір біріне қарайды.Тәрбиеші қолына ұзындығы 1-1,2 метр жіпке
байлаулы тұрған картон масаны ұстап тұрады.Жіптің ұзындығы 50см. Маса
балалардың басынан ұшқанда балалар ұстап алуға тырысып секіреді. Масаны ұстаған
бала «Мен ұстадым!» деп айқайлайды. Тәрбиеші қайтадан масаны ұшырады. Ойын
осылай жалғасады.
16.
Қим.ойын: «Жапалақ»
Ойын шарты:
алаңның бір шетіне «жапалақтың ұясы»
белгіленеді. Балалардың бірі сол кезде «жапалақ» ұясынан ұшып шығып, қозғалып
қойған «шегірткені» немесе «көбелекті» ұясына алып кетеді. Балалардың бірі
шегіртке,бірі кішкентай құс болып залда еркін жүгіріп,секіріп жүреді. «Түн»
деген белгі бойынша ойыншылар бір орындарында қатып қалады.
17.
Қим.ойын: «Ұйқыдағы түлкі»
Ойын шарты: балалар арасынан «түлкі» сайланады. Ол алаңның
бұрышына тұрады да, ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан-жаққа
шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: «түлкі оянды» дегенде,барлық бала
«түлкіден» сызықтың арғы жағындағы «үйге» қашады. «Түлкі» оларды қуалап
ұстауға тырысады.
1.Бақылау: Балалармен желді бақылау. Жел бар ма?Кай жактан соғып ттұр?Салқын ба?
2.Жеке жұмыс:
«Ж» дыбысына сөздер құрау.
3.Еңбек :Бұтақтарды бір жерге жинатқызу.
4.Қимылды ойындар:
«Жер су от ауа»«Ұшақтар» М-ты: Бір бағыта жүгіруге дағдыландыру.
5.. Көркем сөз
Балалар санамақ үйрету.
1 дегенім 1 аяқ
2 дегенім2 аяқ
3 дегенім үшкір тас
4 дегенім 4 бұрыш
5 дегенім 5 қатар
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№7
-
Бақылау: Балабақша ауласына саяхақа бару. Табиғаттағы өзгерістерді бақылау.
А) жапырақтар неге жоқ?
Б) жерде неге жапырақтар көрінбейді?
-
Жеке жұмыс:
Жерге таяқпен теректің суретін салу
-
Еңбек : Құтарға жем салу
-
Қимылды ойындар: «Достық»
«Қар лақтырып ойнау». 5.Көркем сөз
Қыс келді қыс келді
Ақарып ақ қарды
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№10
1.Бақылау: Шөптерді бақылау
А) шөптердің түсі қандай
В) жерде неге шөптер жоқ
2.Жеке жұмыс: жұмбақ жасыру
Жұмбақ жасыру, Мақал мәтелдер жаттату.
3.Еңбек : участоктағы қалдықтарды жинау
4.Қимылды ойындар:
«ұшақ»
«айгөлек»
«сұр қоян»
5. . Көркем сөз
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№13
1.БақылауБұлтты бақылау. Бұлттар қандай? Олар неге ұқсайды?
2.Жеке жұмыс: қыс айларын жаттатқызу
декабрь- желтоқсан
январь — қаңтар
февраль- ақпан
3.Еңбек :аулы сыпыушы ағаға көмектесу
4.Қимылды ойындар:
«Мысық пен тышқан» «Ұшты ұшты»
5. . Көркем сөз
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйіп не керек
Көңілді болып жүрейік
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№16
-
Бақылау: Балалармен торғайларды бақылау
А) Торғай қандай құс
Б) Торғай қыстап қалады ма?
В) Түсі қандай,Неше көзі,аяқтары бар??
-
Жеке жұмыс:Құстардың дыбыстарын айтқызу
-
Еңбек :Торғайлаға жем салу
-
Қимылды ойындар «Машина мен торғайлар»
-
. Көркем сөз:
Мен торғаймын ,торғаймын
Суықтан мен тоңбаймын
Құрт-құмырсқа шіркейден
Бау бақшаны қорғаймын
-
Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№19
1.Бақылау: Үйлердің төбесінен түсіп тұрған мұздарды бақылау.Бұ мұздар неге ұқсайды?Олардан қандай пайда болады?Түстері қандай?
2.Жеке жұмыс:Мұздың қасиеттерін қайталау
3.Еңбек :Ауланы жинастыру
4.Қимылды ойындар: «Қасқыр мен лақтар», «Орныңды алмастыр»
5. . Көркем сөз
Жұмбақ жасыру:
Отқа жанбайды
Суға батпайды(мұз)
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады(қар)
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№22
1.Бақылау: Балалармен күнді бақылау
А) Күн қайда орналасқан
Б) Күнге қарауға болама?
В) Күннің жылуы бар ма?
2.Жеке жұмыс
Жаттаған тақпақтарды қайталау
3.Еңбек :кішкене күрекпен қарды бір жерге үйгізу
4.Қимылды ойындар: « Аралар мен аю», «ізбен жүру»
5. . Көркем сөз:
Балаларға жаңылтпаштар айтқызу.
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№25
1.Бақылау: қарды бақылау
А) қардың түсі қандай?
Б) Қар неге ұқсайды?
В) қар қолымызға ұстағанда неге ериді?
2.Жеке жұмыс: қардың неге ұқсайтынын сұрау.
3.Еңбек :қарды кішкене күрекпен жинау.
4.Қимылды ойындар: «Торғайлар мен мысық»
5. . Көркем сөз
Тақпақ оқу.
Біздің топта ұл қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға тек жақсылық сыйлаймыз
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№28
-
Бақылау: қардың үстіндегі іздерді бақылау
А) балабақша ауласындағы іздерді көрсетуарқылы құстар мен жануарлардың үй жануарларының айырмашылығын айтқызу.
-
Жеке жұмыс: қарға мен мысықтың іздерін салыстыру
-
Еңбек :жолдармен торғайдың іздерін салғызу
-
Қимылды ойындар: «мысық пен тоғай»
-
Көркем сөз.
Шыңнан сырғып түсті де
Келді етекке қыс міне
Ақ қарлар ақ көбелек
Қонды үйдің үстіне
-
Өз бетімен іс- әрекет.
-
Бақылау: Ауа райын бақылау.
А) күн салқын
Б) күн жел , теректер тербеледі
-
Жеке жұмыс: күн салқын болғанда қалай киініп жүру керек екенін сұрау, теректердің қимылдарын көрсеткізу.
-
Еңбек : өз тобымызға бөлінген учаскені жинату.
-
Қимылды ойындар: «Допты қуып жет» М-ты: шапшаңдыққа үйрету.
-
. Көркем сөз
-
Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№8
-
Бақылау: жаяу жүргінші жолын бақылау.
А) жол не үшін қажет?
Б) қандай жолдар болады? Олардың үстінен кімдер ,нелер жүреді?
-
Жеке жұмыс:
Далаға құрған өрмегім
Үстімен зулап келемін (темір жол)
-
Еңбек :Бұтақтарды бір жерге жинатқызу.
-
Қимылды ойындар: «поезд» , «автомобильдер»
-
. Көркем сөз
-
Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№11
-
Бақылау: қыстап қалған құстарды бақылау
А) үшып жүрген құстарды тамашалау
Б) құстардың қанат қағып ұшуларына көңіл бөлу,қалай ұшады,қалай дыбыстады?
-
Жеке жұмыс: құстар туралы сұрау
Құстар біздің досымыз
Күнде оларды көреміз
Қамқор болып әрқашан
Ұя жасап береміз
-
Еңбек :құстарға жем шашқызу
-
Қимылды ойындар: «ұшты- ұшты», «торғайлар ен мысық»
М-ты: балаларды жүгіре білуге, ептілікке тәрбиелеу
-
. Көркем сөз
-
Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№14
1.Бақылау: қыстап қалған құстарды бақылау
А) үшып жүрген құстарды тамашалау
Б) құстардың қанат қағып ұшуларына көңіл бөлу,қалай ұшады,қалай дыбыстады?
2.Жеке жұмыс
«С» дыбысына сөздер айтқызу
3.Еңбек :құстарға жем шашқызу
4.Қимылды ойындар: «ұшты- ұшты», «торғайлар ен мысық»
5. . Көркем сөз
Құстар біздің досымыз
Күнде оларды көреміз
Қамқор болып әрқашан
Ұя жасап береміз
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№17
1.Бақылау: Балабақша ауласындағы ағаштарды бақылау.Қандай ағаштарды білесіңдер? Ағаштардың бөліктерін атап көрсету.
2.Жеке жұмыс: Ағаштардың биік аласа екенін көрсету
3.Еңбек :Қарды ағаштың түбіне қарай жинау
4.Қимылды ойындар: «Ағашқа қарай ұш», «Аққу —қаздар»
5. . Көркем сөз
Нақыл сөздер:жаттау
Өсіп тұрған далада
Жалғыз ағашты кеспе
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№20
1.Бақылау: Сауысқанды бақылау. Сауысқан қандай? Сауысқан қандай құсқа ұқсайды? Құйрығы қанаттары қандай? Түстері қандай?
2.Жеке жұмыс: құстарды санау
3.Еңбек :участоктағы керексіз нәрселерді тазарту.
4.Қимылды ойындар «Құстар»
«Аңшы мен қояндар»
5.. Көркем сөз:
«Сауысқан» жаттау
Ала қанат сауысқан
Жауыры артқа жабысқан
Ойда жауыр көрінсе
Ойбайлатқан сауысқан
Қырда жауыр көрінсе
Қиқаңдатқан сауысқан
6. Өз бетімен іс- әрекет
Серуен№23
1.Бақылау: Аспанды бақылау.Аспанның түсі қандай?Аспан ашық па?
2.Жеке жұмыс Жуан жіңішке ағаштарды бақылау
3.Еңбек : Орындықты қардан тазарту.
4.Қимылды ойындар: «Жапалақ», «Түлкі мен құстар»
5. . Көркем сөз
Балаларға мақал мәтелдер оқып беру.
«Отан оттан да ыстық»
«Отансыз адам ормансыз бұлбұл»
«Елі байдың жері бай»
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№26
1.Бақылау: Аспандағы бұлтты бақылау
А) бұлттың түсі неге қоңыр?
Б) бұлттың қозғалысына көңіл бөлу?
В) бұлт қандай нәрсеге ұқсайды?
2.Жеке жұмыс: бұлттың неге ұқсайтынын, түсін сұрау.
3.Еңбек : аулы сыпыушы ағаға көмектесу
4.Қимылды ойындар «Қу түлкі» , «тауық пен балапандар»
.5.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№29
1.Бақылау: Боранды бақылау. Жел қандай, неге қаты жел? Ол желді неге боран деп атаймыз?бақылау
2.Жеке жұмыс: мұз сүңгілерінің қайдан пайда болатынын сұрау
3.Еңбек :аулы сыпыушының еңбегін бақылау
4.Қимылды ойындар: «қоян мен қасқыр»
5.Көркем сөз.
Боран соғып бір өкпек
Үйге айдады кір деп тек
Мұз көрпеге оранды
Сулар тоңып дірілдеп
6.Өз бетімен іс- әрекет.
1.Бақылау: қардың үстіндегі іздерді бақылау
2.Жеке жұмыс: жаңбыр терезеге тигенде қандай дыбыс естілетінін сұрау.
3.Еңбек :Аула тазалаушының еңбегін бақылау.М-ты: балаларды еңбекке баулу.
4.Қимылды ойындар: «Теп тегіс жолменен» М-ты: бірінің артынан бірі жүруге дағдыландыру.
5.. Көркем сөз
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№9
-
Бақылау: күннің көзін бақылау
А) күн неге ұқсайды
Б) күннің көзі қандай?
В) күннің шуағы азайды, неліктен?
-
Жеке жұмыс: Әндерін қайталау
-
Еңбек :Қағаз қалдықтарын жинау
-
Қимылды ойындар: «күн мен түн» , «Омандағы аю»
-
. Көркем сөз
Балаларға жаңылтпаштар айтқызу.
1.Қыста күн қысқа
Күнді қысқа тым қысқа
2.Суда мұз бар
Мұзда су бар
-
Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№12
1.Бақылау: Учаскені бақылау
А) учаскеде қандай өзгеріс бар.
Б) балалар құммен ойнай ма?неліктен?
В) учаскедегі гүлдер,теректер қандай күйде, себебі
2.Жеке жұмыс: қыс айларын жаттатқызу
декабрь- желтоқсан
январь — қаңтар
февраль- ақпан
М-ты:балалардың есте сақтау қаблеттерін дамыту
3.Еңбек :аулы сыпыушы ағаға көмектесу
4.Қимылды ойындар: «бағдаршам» «поезд»
5.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№15
1.Бақылау: балабақша ауласын бақылау
А) аулада қандай өзгерістер бар
Б) ағаштарды санау
2.Жеке жұмыс: өлең сөздерін жаттау
Терезеге қарашы
Табиғат тұр жарасып
Таза аулаға құлайды
Көлеңкелер адасып
3.Еңбек :аулы сыпыушы ағаға көмектесу
4.Қимылды ойындар: «мысық пен тышқан», «түлкі мен қаздар», «жер, су, от, ауа»
5. . Көркем сөз
Әндерді қайталау
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№18
1.Бақылау: Торғайлар мен шымшықтарды бақылау. Екі құстты салыстыру.Торғайлар ұқсайды ма. Қай жерлері ұқсайды?
2.Жеке жұмыс: өлең сөздерін жаттау
Терезеге қарашы
Табиғат тұр жарасып
Таза аулаға құлайды
Көлеңкелер адасып
3.Еңбек :Құстардың ұясына жем шашу
4.Қимылды ойындар: «Түлкі мен торғайлар», «Өз орныңды тап»
5. . Көркем түлкі мен қаздар», «сөз
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№21
1.Бақылау: Жердегі мұзды бақылау.Мұз қандай? Мұздың үстінен қалай жүру керек?Неге?
2.Жеке жұмыс: қыс айларын жаттатқызу
3.Еңбек :Ауладағы қоқыстарды жинау.
4.Қимылды ойындар: Шанамен эстафеталық ойындар ойнату.
5. . Көркем сөз
«Шаңғы теуіп зырлайық» жаттау
Қарағай да қайың да
Қызық қандай ойын да
Ертең жарыс болады
Шаңғыны дос дайында
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№24
1.Бақылау. Балалармен қарды бақылау.Қардың түсі қандай? Қар неге ұқсайды? Қарды жеуге бола ма?
2.Жеке жұмыс: Қардың қасиеттері қайталау.
3.Еңбек :Жолды қардан тазарту.
4.Қимылды ойындар: «Аю», «Қар лақтырып ойнау»
5. . Көркем сөз
Жұмбақ жасыру:
Мамықтай ұлпа,қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашавды (қар)
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№27
1.Бақылау: Ауа райын бақылау
А) қар жауып тұр
Б) ауа райы қандай?
В) аяз бар ма?Жел бар ма?
2.Жеке жұмыс: жыл мезгілдерін қайталау
3.Еңбек : құстарды тамақтандыру.
4.Қимылды ойындар: «Аңшылар мен қасқырлар»
«бояулар»
5.Көркем сөз
Жұмбақ жасыру:
Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен оны (аққала)
6. Өз бетімен іс- әрекет.
Серуен№30
1.Бақылау: Еріген қарды бақылау
А) қардың түсі қандай
Б) қар неге ұқсайды
В) қар қолымызға ұстағанда неге еріп кетеді
2.Жеке жұмыс: қар туралы тақпақ сұрау. сұрау
3.Еңбек : қарды кішкене күректермен бір жерге жинау.
4.Қимылды ойындар:
Ұшақ
Машина мен торғайлар
5.Көркем сөз
Аулаға қар үйгізді
Бетті аязға сүйгізді
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.
6.Өз бетімен іс- әрекет.
Тақырыбы: Қимылды ойындар
«Аспазшы»
Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.
«Отбасы»
Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.
«Мектеп»
Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
Құрылысшы»
Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
«Мектеп»
Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
«Жолаушылар»
Мақсаты: Балалардың көңілднрін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру. «Шаштараз»
Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
«Торғайлар мен автомобиль»
Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Педагог торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету.
«Күн мен жаңбыр»
Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «күн»деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып тығылады.
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
«Қарақұс пен балапандар»
Педагог тауық болып, балалар балапан болып жем теруге шығады. Бір бала қарақұс болады. Жем теріп жүргенде қарақұс ұшып келеді. Барлық балапандар тауықтың қанатынын астына жасырынады.
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшандыққа баулу, көңілдерін көтеру.
«Ұшты-ұшты»
Педагог балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын көтеріп ұшады, педагог ұшты-ұшты орындық ұшты десе отыра қалады.
Мақсаты: Аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту, қимыл қозғалыстарын жетілдіру
«Не жедім, тауып ал»
Дидактикалық мақсат:
Анализатор арқылы затты табу.
Ойын әрекеті.
Дәм сезу анализаторы арқылы шешімін табу.
Шарты:Көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екенін анықтау.
Керекті құралдар:
Тәрбиеші әр түрлі дәмдегі көкөністер мен жемістерді алу. Оларды жуу. Тазалағаннан кейін ұсақ бөлшектерге бөлу. Салыстыруға балалардың үстелдеріне қою.
Ойын барысы.Тәрбиеші көкөністермен жемістерді бір балаға дәмін таттырып көзін жұмғызып «жақсылап шайнап қандай жеміс көкөніс екенін тауып айт». Балалар орындағаннан кейін тәрбиеші жемістермен сый көрсетеді.
Тақырыбы: «Хан талапай»
Ойынның мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойынға қызығушылығын арттыру.
Ойынның шарты:
Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін алып қызыл түске бояңдар. Осы асық «хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.
Керекті құралдар: Асықтар
Қарағанды қаласының
№ 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы
Сакенова Калкен Сериковна
Отыз ойын қарау
Математикадан дидактикалық ойындар қарау
10 Қар 2022
Жаңалықтар
Саз жетекші: Қодарова Салтанат Адилхановна «Еркетай» кіші тобында «Торғайлар мен автомобильдер» атты ойын өткізді,
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшандылыққа, ұйымшылдылыққа баулу.
Үлестірмелі материалдар: Торғайлардың маскалары, автомобиль ойыншық көлік.
«Торғайлар мен автомобиль» ойыны.
(Музыка жетекшілігімен ойын)
Педагог балаларға торғайлардың маскаларын үлестіреді.
– Балалар, сендер торғайлар боласыңдар.
– Торғайлар қалай ұшады?
– Жемді қалай шоқиды?
– Көрсетейікші. Жарайсыңдар.
– Балалар араларынан бір бала автомобиль жүргізуші болады.
– Сендер, торғайлар болып, әдемі әуенді естіген кезде, алаңға шығып, «қанаттарыңды қағып», «ұшып жүресіңдер», «отырып, жемді шоқисыңдар».
– Егер әуен жазбасы тоқтаса, «автомобиль шығады».
– Абайлаңдар! – бип-бип — дейді, сендер өз орындықтарыңа «ұшып кетесіңдер». Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты
Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Нағыз ана,нағыз әже»ертеңгілігіне жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Алдымен осы мектептің директоры Сарсенова Айнур Тоқтарқызына сөз береміз
Жүргізуші;
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен Адема
Құттықтайды балалар.
2 бала:
3бала:
4бала: «Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен. Иасин
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
5 бала: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып Ақнұр
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
6 бала: Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз. Марат
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
7 бала: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін Жанель
Ән салайық бәріміз.
8 бала:Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі Нұрайым
Сипап ылғи басымнан.
Сол кезде залға Мыстан кемпір жүгіріп келеді
Мыстан: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондай мәз болып отырсыңдар ?А?
Жүргізуші: Сен кімсің?Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан: Мен Мыстан бикешпін,сендер мені не таныған жоқсыңдар ма?Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз немересімін
Жүргізуші: Ал Мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан: Ол пенсияда ғой ,енді мен оның орнында боламын
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды.қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші:Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой.Неге біз кетуіміз керек? Біз ешқайда кетпейміз . Солай ғой балалар
Мыстан: Солай ма ? Ендеше мен сендерге қазір көрсетемін
Менің шляпам сиқырлы,қазір мен сендерді бақаларға айналдырамынайналады2-3 рет
Жүргізуші: Жоқ,жоқ Мыстан –бикеш тоқтаңыз Мерекемізді бұзбаңыз Біз саған гүлдер сыйлаймыз
Ойын : «Гүлді жина»эстафетасы
Ойын шарты; Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топ 5 баладан.Алдарында орындықтың үстінде 5 гүл жатыр.Балалар сол гүлдерді кезек бір бірден алады . сосын құмыраға салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді Мыстан- бикешке сыйлайды.
Мыстан: -Гүлдерің неге аз ?Бәрібір мерекелеріңізді бұзамын?
Жұргізуші : Мыстан –бикеш ренжімеші Осы біздің балалар ардақты аналарымызға ән орындап бермекші Тыңдашы!
Ән: « Ақ мамам» 2 топ балалары орындайды
Мыстан –бикеш: Жарайсыңдар Кішкене ғана ұнадыАл сендер қазір менің Мыстан –әжем туралы өлең немесе тақпақ айтпасаңдар мереклеріңді бұзамын
Жүргізуші:-Балалар Мыстан-бикештің тапсырмасын орындайықшы,мүмкін ол өлеңді тыңдап әжесін есіне алып жүрегі жұмсарып , кетіп қалар.
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
9. бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп Мансур
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
10. бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге Аяна
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
11. бала. Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген Ерасыл
Шөлдедің бе, дана әжем.
12 бала: Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем Тамерис
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
13бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
14 бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп . Мадина
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
15.бала Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме, Расул
Таң қалдырам бар елді.
16. бала:
17 бала:
18 бала:
Жүргізуші: жақсы Енді өлең айтып берейікші
Ән: « Әжем менің айдай»
Мыстан –бикеш : жылайды:- Қандай керемет өлең .менің жүрегім жібіп кетті. Жарайсыңдар Мен сендерге енді жаманшылық жасамаймын Тойлайберіңдер Мен гүлдерді және өлеңді әжеме апарамын Сау болыңдар!
Жүргізуші: Сау бол Мыстан –бикеш Ал балалар біз мерекемізді әрмән қарай жалғастырайық
«» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады
19 бала: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған Ернұр
Қуанышты мерекең!
20 бала : Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын Али
Құттықтайды балалар.
21 бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
22.бала:
23.бала:
24 бала:
Би : «Қаражорға» Ұлдар
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ,жоқ
2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Ойын : « Кім жылдам» жіпке кір іледі 2ана 2 бала
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Би: «Гүлдер биі» Қыздар
Жүргізуші: Рахмет ! Тақпақтарымызды әр қарай жалғастырайық
25 бала : Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың, Данияр
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
26 бала: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында Алихан
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
27 бала : Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің Аяжан
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз
Ән: «Қуанышқа бөленген әр күніміз»
28бала: Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған, Инсар
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!
29 бала :
30 бала:
31 бала:
32 бала:
Би : «Қыздар,қыздар»Ұлдар
33 бала: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың. Дильназ
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.
34 бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын Ерқанат
Аман болшы анашым!
35 бала: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз. Ақерке
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : «Вальс»
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі
ІІ кіші сәбилер тобының аға тәрбиешісі: Дыбысбаева Бахтыгүл
1. Тақырыбы: “Кептерді қуып жет”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұжымда ойнай алуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойынды 15-20 бала ойнайды. жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала-мысық тұрады, ал қалған балалар шеңберді айнала кептерлер болып тұрады, мысық ұйықтайды. Кептерлер шеңберді айналып жүріп, дәндерді шоқиды, мысық оянып кептерлерді қуады. Қай кептерді ұстап алса, сол бала айыппұл ретінде өлең –тақпақ айтады.
2. Тақырыбы: “Түсті автокөліктер”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жол ережесін білуге және сақтауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар алаңның бір жағында тұрады, екінші жағында автокөліктер тұрады. Балалар жолда ойнап жүреді. Автокөліктер келе жатқан кезде балалар орындарына бару керек. Орнына жете алмаған бала ойыннан шығады.
3. Тақырыбы: “Жапалақтар ”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Күн мен түн мерзімдерін ажырата алуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Жапалақтар күндіз ұйықтайды,ал түнде керісінше оянады. Тышқандар күндіз жапалақтар ұйықтағанда үйлеріне жету керек. Тәрбиеші түн болды дегенде жапалақтар үйіне жете алмаған тышқандарды қуады.
4. Тақырыбы: “Поезд”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларға поезд болып ойнайық, мен паравоз боламын, ал сендер вагонсыңдар, пуп-пуп-пуп. Паравоз белгі бергенде поезд ақырындайды, содан кейін қатты, яғни тез жүреді.
5. Тақырыбы: “Аттар”
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
«Ер қанаты –ат »деген ұғымды қалыптастыру. Жарыса ойнауға, ұлттық дәстүрді тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар алаңда екі топқа бөлінеді. Үлкен шеңбер сызып, ортасында жалауша болады. Осы жалаушаны екі топ жарысып, белгіленген жерге жеткізу керек. Қай топ бірінші жеткізеді сол топ жеңіске жетеді.
6,7. Тақырыбы: “Құстар мен мысық”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар құстар болып ұшып жүреді. Бір бала мысық болады. Мысық ұйықтап жатады. Құстар мысықтың жанына келеді. Мысық оянып құстарды қуады.
Тақырыбы: “Құстардың ұшып келуі”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар (құстар) қанаттарын жайып, алаңның барлық жеріне ұшады. “Боран” деген белгі бойынша құстар ағаштарға тығылады. Тәрбиеші “Боран тынышталды” деген кезде ағаштардан түседі де ұша береді.
8. Тақырыбы: “Қарғалар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар “қарғалар” болып жемдерін жеп жүреді. Тәрбиеші белгі бергенде яғни “боран”(жел) деген белгі бойынша “қарғалар” ағаштарға тығылады. “Боран тынышталды” деген кезде “қарғалар” жерден жемдерін жеп жүреді.
9,10. Тақырыбы: “Қояндар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Барлық балалар қояндар болып ,шеңбер жасап тұрады. Өздерінің әндерін айтып, қояндарша секіріп, билеп жүреді.
Ақ қоян-ау, ақ қоян
Орныңнан тұршы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы
Әйбат көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсеңші
Осы кезде бір сыбдыр естіліп, қояндар қашып тығыла бастайды. Тыныштық болғанда ойнап, секіреді.
Тақырыбы: “Көжектер”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.
11. Тақырыбы: “Қоймадағы тышқандар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Ұжымда ойнауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алаңның ортасына 8-10 см ара қашықтықта екі бірдей сызық сызылады. Алаңның шеттерінде 1-2 адым қашықтықта мысықтың үйі
сызылады. Ойыншылар мысықты таңдап алады. Қалғандары тышқандар болады. Тышқандар қоймадығы дәндерді жинауға келе жатады. Ал мысық осы кезде оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған тышқанды “мысық” үйіне апарады.
12 . Тақырыбы: “Кім көп таспа жинайды? ”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шашылып қалған таспаларды арнайы ыдысқа жинайды. Таспаны ең көп жинаған бала жеңіске жетеді.
13. Тақырыбы: “Көбелектер бақалар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жәндіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты секіреді, қыздар көбелектер сияқты ұшады.
14. Тақырыбы: “Көңілді қошақандар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алаңда ұзын сызық сызылады. Бұл сызық көпір. Көпірдің арғы жағында қошақандардың үйі болады. Қошақандар әуенмен билеп жүреді , әуен тоқтағанда жарыса отырып, көпірден өтіп үйлеріне тез жетулері керек.
15. Тақырыбы : «Тауықтар мен балапандар»
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікке, адалдыққа, мейірімге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалардың жартысы тауықтар , ал қалғандары балапандар болады. Балапандары аулада серуендеп, ойнап жүреді де, аналарынан тығылып қалады. Аналары балапандарын іздейді.
16. Тақырыбы : «Балық аулаймыз»
Мақсаты: Балалардың балықтың түрлері және тіршілігі жайлы білімдерін толықтыру. Сөздік қорларын молайту. Балық аулауды үйрету. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ұл балалар қыздарға арнап, балық «аулап әкелеміз», -деп керекті құралдарын алып кетеді. Ал қыздар ұлдарды бақылап тұрады. Ұлдар суда қандай балық түрлері бар екенін, олардың тыныс тіршілігі жайлы айтады. Содан балық аулайды. Жақсы балықшыға қыздар мадақтап , алақандарын соғады.
ІІ. Спорттық құралдармен ойналатын эстафеталық және сергіту түріндегі ойындар тізімі :
17, 18. Тақырыбы: «Бірінші болу»
«Бірінші бол»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Спорттық ойындарды ойнай алуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойын алаңының бір жағында сызық сызылады. Ал екінші сызықта 10 метр қашықтықта жалаушалар қойылады. Балалар бір-бірінен 1 метр қашықтықта, жалаушаға сол жақ қырымен тұрып, сол қолдарына құрсау ұстап тұрады. “Дайындалыңдар” деген белгі бойынша балалар құрсауды сол қолымен ұстап жалаушаға қарай жерге қояды, оң қолды құрсау соғуға дайындайды, “1,2,3” зымыран деп тәрбиеші айтқанда оң алақанымен құрсауды соғып, жалаушаға қарай сырғытады. Бірінші келген балалар жалаушаны басынан асырып көтеріп тұрады. Кім бірінші жалаушаны көтерсе, сол жеңеді.
19. Тақырыбы: “Белгіні тыңда”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: балалар шеңбер бойында тұрады. Тәрбиеші жалаушамен алға деген белгі бергенде балалар мәреге жету керек, жете алмаған бала өз өнерін көрсетеді.
20,21. Тақырыбы: «Лақтырып қағып ал»
«Қағып алып лақтыр»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балаларды шеңберге тұрғызып, допты лақтырып, қағып алуы керектігін айтамыз. Допты түсіріп алған немесе дұрыс лақтырмаған бала шеңбер ортасына отырады, басқа балаға лақтырылған допты ұстап алса, қайта шеңбер бойына тұрады.
22. Тақырыбы : «Допқа дейін жеткіз»
Мақсаты : Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Ойынды жарыса ойнау арқылы жылдамдыққа баулу. Кезектесіп ойнау арқылы бір –біріне деген құрметке ,сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп 3 баладан ойнайды. 3 балаға бір –бірден қап таратылады, ал олардан 20-30 метрдей қашықтықта доптар тұрады. Балалар секіріп, сол доптарға жетуі тиіс. Ең бірінші болып жеткен бала жеңімпаз атанады. Осылай қалған балалар да ойнайды.
23. Тақырыбы : «Кеглиді соқ»
Мақсаты : Балалардың спорттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Ойынды жарыса ойнау арқылы жылдамдыққа баулу. Спорттық ойындарды белсене ойнауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта кеглилер тізіліп қойылады, ал балаларға кішкене доптар таратылады. Доппен кеглиді соғып, құлатулары керек. Кеглиді көбірек құлатқан баланы жеңімпаз дейді.
24. Тақырыбы : «Кім алысқа»
Мақсаты : Жүгіру арқылы балалардың аяқ бұлшықеттерін дамытып, жетілдіру. Мәре ұғымын түсіндіру. Шапшаңдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалар ойынды ұлдар мен қыздар болып ойнайды. Ең алдымен ұлдар арасында, содан қыздар арасында жүгіріп, мәреге жетулері керек. Белгіленген мәреге жеткен ұл мен қызды мадақтау. Содан екі жеңімпазды жарыстыра жүгірту, мәреге ең бірінші болып жеркен баланы жеңімпаз ретінде таниды.
25,26 . Тақырыбы : «Екі ұшты нысана»
«Нысанаға тигіз»
Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Қабырғаға дөңгелек түріндегі сурет ілінеді. Тәрбиешінің нұсқауы , белгісі бойынша балалар таяқшаларды сол суретте белгіленген нысанаға тигізулері қажет.
27. Тақырыбы : «Сақинаны лақтыр»
Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.
28. Тақырыбы: “Өз жұбыңды тап”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойыншылар екі баладан жұп құрап, қолдарына доп ұстап 6-8 метр жерден бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші ойнауға белгі берісімен, әр жұп доптарын бір-біріне қарай домалатып тигізуге тырысады. Доптары бір-біріне тиген ойыншылар ұпай жинайды. Ойынның соңында қай жұптың ұпайы көп болса, сол жұп жеңіске жетеді.
29. Тақырыбы : «Біз көңілді балалар»
Мақсаты : Балалардың көңіл –күйлерін көтеру. Спорттық би билеуді үйрету.
Дене қимылдарын , бұлшықеттерін жетілдіру. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Дені саудың –жаны сау» мақалының мәнін түсіне білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалар 3 топқа бөлініп, қолдарына жалаушаларды, ленталарды және сылдырмақтарды алып «Балақай» әніне спорттық би қимылдарын билейді. Тәрбиеші қай топ жақсы билегендерін атап айтады.
30. Тақырыбы : «Құлатып алмай апар»
Мақсаты : Балалардың дене қимыл қозғалыстарын дамытып,тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге үйрету. Арқаларын түзу ұстап, дұрыс жүруге дағдыландырып, тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Әр балаға спорттық бұрыштағы құм салынып тігілген кішкене жастықшалар таратылады. Балалар оларды басына қойып, түсірместен , себетке апарып салады. Себетке жеткізбей, жастықшаны түсіріп алған бала айыппұл ретінде өлең не тақпақ айтады.
31. Тақырыбы : «Алыптар мен ергежейлілер»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Арнайы сызықпен қоршаған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. “Алыптар” мен “қуғыншымын” қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі, “ергежейлілер” жүгіреді. Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы, ойынды әрі қарай жалғастырады.
32. Тақырыбы: “Қақпа”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар қол ұстасып шеңбер жасап, “қақпа” құрады. Ортаға санамақ арқылы бір бала қасқыр болып сайланады.
Қасқыр түссе қақпанға,
Ұстамаса болар ма?
Қасқырға қақпан құрайық
Қасқырды ұстап алайық.
“Қасқырды ұстап алайық” деген кезде қақпаны жабады, қолды төмен түсіреді, ортадағы бала қақпаннан шығуға тырысады.
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ
МҚКК «Әйгерім» бөбектер бақшасы
Дидактикалық
ойындар жинағы
2016ж
І. Дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік: Ою—өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы,
геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің
тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық
карточканы көрсетеді/;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған
сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды
көрсетіндер.
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның
барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және
санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға,
ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де
сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті
алып, құлыпты ашады.
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды
ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және
жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау
қабілетін дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін
дамыту.
Құрал—жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді
таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Құрал—жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі
пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр
орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
« Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Құрал—жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір
суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру
үшін оларды салыстыру.
«Әдемі кілемшелер»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту;
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал—жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып,
құрақ құрайды.
«Таныс пішіндер доминосы»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін
таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің
ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді
атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
«Гараждар»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту;
жағымды көңіл—күйлерін қамтамасыз ету.
Ойынның құрал—жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар
гараждар.
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру.
Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып
қойыңдар» — деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
«Өз үйіңді тап»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін
сақтауға үйрету.
Ойынның құрал—жабдықтары: түрлі—түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі—тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі
бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.
«Зейінді бол»
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/
суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір
суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
«Мынау қай пішін?»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық
пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
«Кім зейінді?»
Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды.
Жылдам болған бала мадақталады.
«Қандай пішін шықты?»
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін
шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне
қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
«Біркелкі пішіндерді сана»
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын
жаттықтыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі
пішіндерді санап атау.
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен
толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен
толтыр.
«Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір
пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.
«Пішіндерді боя»
Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету.
2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып
беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді
ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай
түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.
Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар
«Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін
дамыту.
Ойынның кұрал—жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет
бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал—жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін
анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
Ойынның мақсаты: Ұзын—қысқа, жуан—жіңішке, үлкен—кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал—жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын — қысқалығын анықтау. Ұзындығы
әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да,
қарындаштың ұзын—қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
«Зейінді бол»
Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын
қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар
орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
«Ұзын—қысқа»
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға
жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау.
Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға
тапсырма беру.
«Шамдар»
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға
жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал—жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды
ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша
тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
«Қолымда не бар?
Ойынның мақсаты: ұзын—қысқа, жуан—жіңішке , үлкен—кіші, оң—сол жайлы білімдерін бекіту.
Түйсіну сезімдерін дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші
тастар. Бала қолына қарамастан, сипап—сезу арқылы үлкен—кіші заттың оң және сол қолында екенін
анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан—жіңішке, ұзын—қысқа
өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Ойынның мақсаты: ұзын—қысқа, жуан—жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға
жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға
көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі
бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
«Тапсырманы орында»
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына
кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.
«Қай қолымда көп»
Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін
дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды
ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін
анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын
салыстырады.
«Сипаттамасы бойынша тап»
Ойынның мақсаты: ұзын—қысқа, кең—тар, биік—аласа ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал—жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр
ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа
ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты
шешетін баланы шақырады.
«Көп және біреу»
Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын
салыстыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген
суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
«Түрлі—түсті жолақтар»
Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға
ынталандыру; достық қарым—қатынастарын тәрбиелеу.
Ойынның құрал—жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.
Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі
бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.
«Ұзын және қысқа»
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға
жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау.
Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға
тапсырма беру.
Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар
«Кеңістік»
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін
процесстерін дамыту.
Құрал—жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру.
Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің
үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.
«Жоғарыда—төменде»
Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен
суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
«Оң және сол»
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына
кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.
«Суреттерді орналастыр»
Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға
дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.
Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей
етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.
«Танып ал да, атын ата»
Ойынның мақсаты: заттың түр—түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту;
ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал—жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір—бір баладан шақырып,
бір ойыншықты алып, оның түр—түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы
әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
«Тәулік бөліктері »
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға
жаттықтыру.
Ойынның құрал—жабдықтары: суреттер
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет
бойынша әңгіме құрайды.
«Сипаттамасы бойынша тап»
Мақсаты: Ұзын—қысқа, кең—тар, биік—аласа, үлкен—кіші ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5—6 ойыншықтар қояды. Әрбір
ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып,
ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық—бұл қай
аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше
алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң—сол, алдында— артында ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Кез—келген ойыншықтар немесе суреттері.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына—
машина, сол жағына—доп, алдына—қуыршақ, артына—зымыран қойып былай дейді: «алдыңда
қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың
келеді?»
«Доппен ойнау»
Мақсаты: «Жоғары—төменде», «астында—үстінде», «сол жақта—оң жақта» ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: доп.
Ойынның мазмұны: 1—вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан
ұстап тұруға болады.
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан
алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай
ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып
шығады.
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық
айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған
балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
«Ойыншықты тап»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Көрнекілік: Топтағы ойыншық.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші
нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі
жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
«Жоғарыда–төменде, биік—аласа»
Мақсаты: жоғары— өмен, биік—аласа ұғымдарын пысықтау.
Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада.
Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап
сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда—аспанда ұшады, балық төменде—су ішінде жүзеді,
— деп сипаттап айту керек.
Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар
«Карточкаға қандай сан жазылған?»
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
Барысы:
1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады
да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады.
Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі
карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.
2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар».
Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы
балаларға алдын ала көрсетеді.
Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.
«Автобус»
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Көрнекілік: Сандық карточкалар.
Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне
«5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында
бейнеленген дөңгелектердің қосындысы
5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала
өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң
бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал
«бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.
«Сан құрастыр»
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала
қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде—3 шаршы
және с.с.
«Ою құрастыру»
Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
Барысы:
1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2—ге бөліп, 8 бөлікті
балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою—өрнек
құрастырылады.
2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады.
Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.
«Поезд құрастыр»
Мақсаты: 1—ді қосу таблицасын қайталату.
Көрнекілік: 1—ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.
Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы
тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен
«тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.
«Заттарды сана»
Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен
сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше
көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.
«Дыбыс арқылы санды тап»
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.
Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап
отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.
«Тез ойла»
Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2.
Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
Көрнекілік: Топтағы заттармен.
Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті
бағдарлай білуге үйрету.
«Қанша? Қандай?»
Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту.
2. 1-ші, 2—ші ұғымдарымен таныстыру.
Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)
Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні
әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші,
қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.
«Әрі қарай кері сана»
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар.
Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» —
дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп
лақтырады. «Жеті» — дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
«Жазылмай қалған сандарды ата»
Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы
байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға
қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар
ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер
сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ
санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.
«Қуыршақтардың сыйлықтары»
Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.
2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар.
Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай
түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың
санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.
«Жәндікте неше аяқ бар?»
Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы
түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын
арттыру.
Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер
суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол
үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы
белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
«Нешінші?»
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.
Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір
ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы
көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды
қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.
«Қай қолымда көп?»
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма—кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін
жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның
қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз
болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда
көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.
«Қол соғу»
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса
сонша ұғымдарын қалыптастыру.
Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1—сурет/ .
Барысы:
1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің
неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған
бөлікке қаратып қоюы тиіс.
2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек
тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын
тексереді.
Ойын екі—үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар
ұтып шығады.
«Өзара айырмашылығын тап»
Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.
Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.
Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын
тапқызу.
«Қанша болса, сонша»
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса,
сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.
«Керісінше айт»
Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама—қарсы мағыналы сөздермен жауап бере
білуге үйрету.
Көрнекілік: доп
Барысы: Балаға допты беріп қарама—қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы:
«таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»
Мақсаты: Артық—кем ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)
Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық.
Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды.
«Апта күндері»
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.
Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1—ден 7—ге дейін дөңгелектермен
дайындалған карточка.
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы
таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші
бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң
балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.
«Қиындыларды дұрыс бөл»
Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.
Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең
ұзын—сары, ең қысқа—қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы.
Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады.
1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа,
жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады.
2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою.
3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою.
4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою.
Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады.
«Қандай сандар жетіспейді?»
Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3—5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып,
ортасындағы санды қою керек.
«Көрші–көрші»
Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе
қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер
дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6
санынан 1—уі артық, 8 санынан 1—уі кем, 7 бірліктен тұрады.
ІІ. Санамақтар
Бес саусақ
Бас бармақ бауға барды,
Бір дегенім бүркіт,
Қалады аңдар үркіп.
Екі дегенім есік,
Білмейді ол есеп.
Үш дегенім үкі,
Ұстап жеді түлкі.
Төрт дегенім тиін.
Бес дегенім бұлбұл,
Сайрағанда дүл–дүл.
Алты дегенім арғымақ,
Бір дегенім таяқ қой,
Дөңдеу жерден қарғымақ.
Жеті дегенім жайын
Жайынның жейміз майын.
Сегіз дегенім серке.
Енесіне ерке.
Тоғыз дегенім–түлкі,
Жүрген жері күлкі.
Он дегенім оймақ,
Осымен сөзді қоймақ..
(Т.Қанаев)
Санамақ
Екі көз бен қос құлақ
Бір бас пенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ,
Санап шығар кім бұрын?!
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің…
Нешеу болды қане, бол,
Санап шығар кім бұрын?!
Сұқ саусағым суға барды
Ортаң қолым орақ орды.
Аты жоғым ағаш жарды,
Жұмсамапты алақаным,
Тек шынашақ–балапанын.
(М. Қуанышбеков)
Топ, топ, добым
Топ, топ, добым домалақ,
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап
Қайда кеттің домалап
Бір, екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде.
Жаттың шаршап еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір апта
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Санамақ
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Оң аяқта бес бақай,
Сол аяқта бес бақай.
Қосып едім екеуін
Болып шықты он бақай
Беске дейін санау
Бірді бірге таяп қой.
Екеу болар қос таяқ ,
Цифры оның тап мына
Ұқсайды бір аққуға,
Екі мен бір – болар үш,
Цифры оның – ұшқан құс.
Үш пен бірің төрт екен.
Төртеу санның көркі екен.
Төрт аяқпен жануар,
Стол, төсек… тағы бар..
Төрт аяқпен нық тұрар
Төрт бірлікті ұқтырар
Бес дегеннің цифры Қарап тұрсаң оп–оңай.
Үштің басын қайырып,
Қоя салған жай бұрап.
(Ә. Табылдиев)
ІІІ. Жаңылтпаштар
Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші.. бес пысық.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,
Ақ қар аппақ, бәрі аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ
Ақ сүт, айран, қант та аппақ.
Бес түп алма,
Бестік алғандыкі.
Төрт түп алма ,
Төрттік алғандыкі.
ІV. Жұмбақтар
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
(Аптаның 7 күні)
«Бәрі нешеу»
Асан ,Айша екеуі,
Қос қуыршақ,
Бір құлыншақ,
Екі ойыншық
Құстай ұшып,
Үйден шықты.
(Жетеу)
Дүкеннен көп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дептер бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бәрі?
(Алтау)
Туысқан бес кісі,
Бірінен—бірі кіші
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі
(бес саусақ)
Бес балада бір бешпет,
Бір киініп, бір шешпек.
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
(он саусақ)
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Бір алма апама,
Бір алма атама.
Екі алма беремін
Мамам мен папама.
Нешеуі қалады табақта?
(үшеу)
Бір үйде біз нешеуміз
Кел санайық екеуміз:
Бас бармағым–папам,
Балаң үйрек— апам,
Ортан терек— ағам,
Шылдыр шүмек,
Титтей бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз?
V. Бой сергіту сәтінде пайдаланатын математикалық тақпақтар
1.Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
2.Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай—ақ.
3.Қақпаға туралап,
Теп допты, оң аяқ
Қақпаға туралап,
Теп допты сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай—ақ.
4.Доп безек қағады,
Секіріп еденде
Біресе жоғары
Біресе төменге
Жаттығу оңай—ақ.
5.Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып—ұшып алайық..
6. 1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.
7. Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.
8. Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.
9. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз
Бесті беске қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
Нешеу еді барлығы?
10.Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
Математикадан дидактикалық ойындар
«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат
біреу—ойыншық көп; тақта біреу—парта көп; бір аквариум—көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады.
Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын
атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық
қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі—түсті шаршыны құрастырып қояды.
Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі.
Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың
геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның
қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала
суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын
түсіндіреді.
«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге
үйрету; ақыл—ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі
бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше
нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші
балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар,
қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге
үйрету.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады,
содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп
отырады.
2-нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз
карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса,
олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
3-нұсқа.
Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат
бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі
немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады
«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай—ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық,
кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы)
қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау
арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады.
Қарамай—ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал
алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды
салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге
болады.
«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара
қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты
бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге
лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң
жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ,
т.б.
«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін
кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
— Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан
бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
— Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
— Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі
жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
— Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
— Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
— Қонжықтар нешеу?
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй
жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және
оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын
атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10
Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте
тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек
қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.
2-нұсқа.
1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2—ден болатын
заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.
— Қандай заттар бір—бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).
3-нұсқа.
2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай
іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап
табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.
«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1—ден 3—ке дейінгі сандар қатары
туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар
екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
— Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
— Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды
атайды, ал балалар айды атайды.
«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12
— Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір—біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да
шатастырады. Олар өздерін бір—біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға
көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол
жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
— Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында
неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.
— Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта
неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.
— Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр
жеріне қойылады).
— Сендер оларды таба аласыңдар ма?
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13
(2—сабақтың нұсқасын қараңыз).
— Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?
— Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?
— Кім Буратинодан алыс отыр?
— Кім Карабас—Барабасқа жақын отыр?
— Кім Карабас—Барабастан алыс отыр?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
— Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?
«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы
таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар
жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен
санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1—
5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме
қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды.
Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес
партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы
балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.
— Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.
«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен
орындайды.
— Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
— Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
— Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
— Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
— Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
— Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
— Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
— Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
— Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.
«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17
Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.
Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.
Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан
кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.
— Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін
ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).
— Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.
— Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып
шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.
Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға
болатындығын естеріне салады.
—Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан
ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?
«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18
Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп»
ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың
неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.
— Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?
— Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі
бала ғана отыра алады, ал үшіншісі — «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға
үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.
«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын
ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті
тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.
— Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
— Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?
— Қане, тексеріп көрейік (санайды).
— Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит
дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
— Кім бірінші? Кім екінші?
— Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік
(бірінші, екінші, үшінші…)
— Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.
— Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.
— Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді
«Не өзгерді» ойыны №20
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың
суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан
кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан
не өзгергенін сұрайды.
«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
1-нұсқа.
Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2—3 баладан қанша
рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.
Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.
2-нұсқа.
Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.
— Үйлердің бір—бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).
«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар
қалып қойған санды атайды.
«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.
4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7
шелпек ұғымдарын түсіндіреді.
«Жеті» — көсеу баяғы,
Жалғыз оның аяғы.
7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды
орындату.
«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс
салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай
мезгілде болатынын айтады.
Сөздік ойыны № 25
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста…(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде…(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш…(биік).
Бұлақ тар, өзен…(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
— Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал… түскі ас ішеміз.
— Біз кешке тамақ ішеміз, ал… жаттығу жасаймыз.
— Түнде біз ұйықтаймыз, ал… серуендейміз.
— Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал… ұйықтаймыз.
— Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды…көреміз.
«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат
үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер
балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші
оларға көмектеседі.
«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың
жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар
алынбайды, орындары ауыстырылады.
«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.
Тәрбиеші балаларға 0—ден 10—ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады).
«Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра
қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін
тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.
«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.
— Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған
карточкалар алынып тасталынады).
— Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?
— Оларды өз орындарына қойыңдар.
Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.
Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзару,
Бұл қай кезде болады?
(Ақпан)
— Ақпан айы қай айдан кейін болады?
— Қыс айларын атаңдар.
Содан соң тәрбиеші балалардың бір—біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды
белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды
атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30
Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша
пішіндегі заттарды атайды.