Ғылыми жобаның тақырыбы: Бесікке салу
Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, бесіктің пайдасын зерттеп , халық өнегесін үйрету.
Мақсатқа жету жолында шешілетін міндеттер :
Зерттеу нысаны:
Қазақтың салт-дәстүрлері: Қыз ұзату, Бесікке салуБата беру, Тұсау кесер, Беташар, Шашу.
Кіріспе
Қазақ халқы салт — дәстүрге бай халық. Соның ішінде «Бесікке бөлу» салт -дәстүрін зерттедім. Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.
Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек .Бесікті Орталық Азия мен Кавказ,Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі- жиі ауыстырып отырады. Шүмек қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбаутізебау тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік ,аспалы бесік(әлпеншек) деген екі түрі кездеседі.
Бесіктің жасалуы: Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес йілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық.
Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды.Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды. Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым-тиымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбайды, бесікті шетінеген баланың қабіріне бірге апарып қояды. Бесіктің екі жақ басында, арқалығында қыздырылған темір басып қарыған таңбалар өте көп кездеседі. Бұл да дінге сену, отқа табынудың бір түрі. Бесікті қару әдеті баланы алғаш рет бесікке саларда, бала әлде қалай ауырып қалған жағдайда жасалады. Көбінесе қыздырылған шүмшеуірмен қаралады. Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегі кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады?
Бесіктің пайдасы:
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден — баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етеді. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Баланы бесікке салу дәстүрі:
1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою.
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
3.«Тыштыртыма» ырымын жасау
Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.
1. Бос бесікті тербетуге болмайды.
2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
3.Кез келген адамға беруге болмайды.
4.Аяқ астына тастауға болмайды.
5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.
7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.
9.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.
Бесік туралы жұмбақтар
1.Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй.
/Бесік/
2.Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі.
/Сылдырмақ/
3.Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы.
/Жастық/
Бесік жыры
Әлди,әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Айналайын күн бөпем,
Бурыл тайға мін,бөпем!
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағың.
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.
Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам , жылама,
Апаңды сен қинама!
Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп — тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның,
Сақылдап сен де күлерсің.
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды артыңды білерсің.
Әлди балам, әлди — ай
Апаң айтқан ән -күй – ай.
Бесік жырын апаңның
Кішкенеңнен жаттай бер.
Қаз қаз тұрып өмірге,
Басып табан аттай бер.
Әкең сенің қуансын,
Шешең сенің қуансын,
Өзіңе арнап бөпешім,
Тау суындай сарқырап,
Толқып аққан жыр қалсын.
Жеңілтек болма, бөпешім,
Салмақты бол, ерлердей.
Жүгіре берме, далаңдап,
Құр бекерге ербеңдей.
Жылама, балам, жылама,
Атасы айтқан бұл сөзді,
Бөпешім менің ұға ма?
Әлди, балам, әлди-ай!
Жетіге қашан келесің?
Суын әкеп шешеңнің
Ер жеткен соң берерсің,
Құрығын ұстап әкеңнің
Соңынан сен де ерерсің.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!
Әлди, балам, әлди-ай!
Сынып іші наурыз нақыштарымен әдемі безендірілген. Көрініске ата-аналар, мұғалімдер, балалар қатысады.
1-көрініс. Бесік сатып алу.
Әкесі: — Саламатсыз ба, қария! Мына бесігіңіз қанша тұрады?
Қария: — ә, шырағым, ала ғой. 20 мың теңге.
Әкесі: — қойыңыз, ол қымбат емес пе, атай? 15 мыңға беріңіз.
Қария: — әй, көргенсіз, бесіктің бағасын ешқашан саудаламайды қазақта.
Әкесі: — ой, қария, сіз ренжімеңіз, шынымен қымбатсып тұрмын.
Қария: — балам, есіңде болсын: бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына алып жүре береді.
Әкесі: — қымбат болса ше?
Қария: — бесік жасайтын шеберлер аса ынсапты, ниетті келеді. Олар киелі дүниенің бағасын аспандатпау керегін жақсы біледі, балам.
Әкесі: — мына бесік неден жасалған?
Қария: — Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Себебі «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деп ұққан.
Әкесі: — ал мынау не ілініп тұрған.
Қария: — ол бесіктің бір түрі – аспалы бесік.
Әкесі: — мақұл, ата. Әңгімеңізге рахмет. көп нәрсені білдім. Алайын бесікті. Мінеки 20 мың теңге.
Қария: — мынауың жөн. Сәбиің ғұмырлы болсын, халқының қалаулысы, елінің елеулісі, қоғамның бетке ұстар азаматы болсын.
Әкесі: — рахмет ата, сау болыңыз.
2-көрініс. Бесікке салу.
Үйдің ішінде дастархан жаюлы. Қыз-келіншектер кәде-жораларын, шашуларын алып келіп жатыр.
Келгендер: — Сәбидің бауы берік болсын!
Үйдегілер: — Төрлетіңдер, төрлетіңдер!
Дастархан басындағы әңгіме:
Келгендер: — Апа, баланы неге бесікке салатын болдыңыздар?
Апасы: — Қызым, саудың асын ішіп, жындының сөзін сөйлегенді қашан қоясыңдар, осы? Бесік деген қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Әжесі: — Бесік туралы мынадай әфсана бар. Ертеде жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел тау жаққа қарай босып, үдере көшкенде аяғы ауыр жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай!» — дегенде, Төле би: «Баланың бесігі — кең дүниенің есігі ғой», -деген екен.
Келіншектердің біреуі: — «Бесікке салған бала өспейді, оның бойында қан жүгірмейді, аяқ-қолы қисық болады» дейді ғой.
Әжесі: — тек /жекіп/, оның бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады.
Апасы: — қой, баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Жамал апа, сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі тәтесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы. Сіздің жолыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге.
Жамал апа: — жақсы, баланы шомылдырып болыңдар онда.
Апасы мен анасы кетеді, баланы шомылдырып, өс-өс жасайды:
Өс-өс!
(балдырғанның қол-аяғын созу)
Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.
Анасы баланы бөлеген соң, апасы: — Шақыр кісілерді.
Қыз-келіншектер бөлмеге кіреді.
Жамал апа: қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.
Бір балалар: апа, мына бесік тесік қой.
Жамал апа: ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы — түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік.
Жамал апа: Енді бесік кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. / шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./ Осыдан кейін отпен аластайды, баланы бөлейді.
Жамал апа: Енді бесікті аластайық.
Бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!
Осыдан кейін бір-екі қыз-келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды.
Балалардың біреуі /шүмекті нұсқап/: мынау не?
Жамал апа: Мынаны шүмек дейді, шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылады.
Балалардың біреуі /түбекті нұсқап/: ал мынау не?
Жамал апа: Ал мынаны түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды.
Балалар: олар не үшін керек: Мұның бәрі сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, мына арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл анаға да қолайлы. Бала да өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйықтайды.
Жамал апа: ал енді бесікке бөлейік.
Осы кезде бір балалар бесікті тербетеді.
Әжесі: қой балам, бос бесікті тербетуге болмайды.
Балалар: мыналарды қарашы. Кіп-кішкентай көрпелер. Қандай әдемі!
Жамал апа: Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, құс төсек, жастық, қолтық жастық, тізе жастық, жөргек, қолбау, тізебау, екі тартпасы дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі.
Апасы: Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік — баланың жылы ұясы.
Әжесі: Бесік — баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар — көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.
Апасы:Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған үкі тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі терісі сияқты заттар да тағып қояды.
Жамал апа: Егер баланы бесікке бөлемесе, ол анасының жанында ұйықтағасын оның иісін алып, онсыз ұйықтай алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады. Ал ұйқының дұрыс болмауы баланың психикасына кері әсерін тигізеді. Анасының ұйқысы да жиі бұзылады. Ағзасы дұрыс демалмаған ана шаршайды.
Бесікке бөлеу
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.
Бесіктен шешіп аларда
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын.
Әжесі: Ал, Жамал, мынау сенің сыйың. /Жамал апаға және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый тартылады.
Әжесі: бата береді:
Бата:
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті:
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын!
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын,
Шұғылалы шуақты күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын!
Апасы: — Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.
Анасы бесіктің теріс жағынан отырады.
Апасы: бесіктің теріс жағынан отыруға болмайды. Оң жағынан отыру керек.
Анасы жай уілдете бастайды.
Апасы: жоқ, қызым, бесік жырын үйренгенің жөн. Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті — осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Өкініштісі, бүгінде бесік жырын әндететін ана аз.
Әжесі: Ардагер ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтің айтуынша, бесік жырында түрлі фонетикалық дыбыс кездеседі. Ашық-қысаңы да, жуан-жіңішкесі де, қатаң-ұяң, үндісі де бар. «Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем…» бәрі бар. Оның үстіне сазды, әуенді болып келеді.
Жамал апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп, бойына тәрбиелік мазмұндағы, рухани өнерді өз ана тілінде қабылдайды.
Қыз-келіншектер: рахмет сіздерге. Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.
Әжесі: Біз сіздерге үйретеміз, сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата-бабамыздан қалған қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, мәдениеті, тілі өлмейді.
3-көрініс. Бесік жыры.
Бесік жыры
Қолымыздан іс алып
Мойыныңа күш алып
Бізді бағар ма екенсің?
…Жаудан жылқы айырып
Жігіт болар ма екенсің?
…Ақыры жауға тиісіп
Батыр болар ма екенсің?
…Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің?
…Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ма екенсің?
…Ұлы топта күрескен
Палуан болар ма екенсің?
…Төрт құбылаң тең келген
Төре болар ма екенсің?
*******
Қорытынды бөлім: Ал, балалар! Бүгін біз көп дүниені білдік. Қанеки, айтыңыздаршы:
- Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.
- Бос бесікті тербетуге болмайды.
- Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
- Кез келген адамға беруге болмайды.
- Аяқ астына тастауға болмайды.
- Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
- Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.
- Бесіктің теріс жағына отырмайды.
- Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.
/балалардың айта алмағандарын мұғалім өзі айтып түсіндіреді/
- Бесікке салу ырымдары – аластау, кертпе, тыштырма
- Бесік жабдықтары – бесік, жастық, жөргек, түбек, шүмек, т.б.
- Жұмбақтар шешу.
Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй./Бесік/
Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі./Сылдырмақ/
Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы./Жастық/
- Мақал-мәтелдерді жалғастыр.
Ананың сүті бал,
—————— /Баланың тілі –бал/
Балалы үй-базар,
————————— /Баласыз үй мазар/
- Ал енді қыздарымыз бесік жырын айтсын.
Бесік жыры Қасым Аманжолов
Қыздарға үлестіріп беріп жатқа айтқызу /қолына қуыршақ бөлеп ұстатып, әндетіп немесе мәнерлеп айтқызу/
I Әлди, әлди, әлпешім!
Ұйықта деймін, ұйықтайсың.
«Мә-мә» берсем қайтесің,
Ұйықта десем, ұқпайсың.
Жоқсың бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің.
Жаудыраған көзіңнен!..
Ұйықтай қойшы, бөбегім.
Әлди,әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
II Ұйықта десем, күлесің,
Айналайын күлкіңнен!
Ер жеткен соң білесің,
«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.
«Кешіктің, — деп, — сабақтан»,
Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,
«Жоқ қой әлі таң атқан», —
Деп жүрмеші бұртындап.
Әлди, әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
III Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой
Ұйықтайтын бұл шағыңда.
Қызық өмір — думан той
Тұр ғой күтіп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар
Бұл өмірге бекер кеп?
Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,
Ер жеткен соң бол сергек!
Әлди, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?
IV Күлімдейсің — күнімсің,
Батар дағы күн шығар.
Уілдейсің — күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар.
Сен де тынық бір мезгіл,
Толқып кана жат, бөпем.
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің — ақ бөпем!
Әлди, өлди, әлдиім,
Назды, нәзік ән-күйім!
кештің соңында Мұғалім: Ұлы тұлғамыз Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екіншісі, немересіне ертегі айтып беретін әжесінің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар есіп келеді. Оның, қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже жоқ» деген екен терең толғаныспен.
Төле би «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» десе, дана халқымызда «Туған жер – алтын бесік» деген даналық бар. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Туған жерді бесікке теңеу де бесікке деген құрметінен. «Сымбатыңа қарасам – асылдан таңдап кигендей» дегендегі Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен бесік ешқашан ескірмек емес. Бесікті аялайық, ағайын!!! Бесік жыры үзілмесін. Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Халқымыз өсіп-өркендей, өрістей берсін!
Бесік басында М.Мақатаев /қазақтың әдемі күйін ойнатып қойып, мұғалім оқиды/
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық — барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
…Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
- Наурызға мейрамына арналған жылы лебіздер, құттықтаулар!
- Наурыз айы туралы мәліметтер
- Наурыз мейрамы туралы 22 қызықты дерек
- Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
- Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызға арналған бата-тілектер
- Наурыз дәстүрлері туралы
- Табақ тарту дәстүрі
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері
- Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
- Наурыз-жыл басы (ашық сабақ сценарийі)
Конспект
занятия в старшей группе детского дома
«Обряды
казахского народа. «Бесікке
салу – Укладывание ребенка в люльку»».
Воспитатель
КГУ «Рудненский
детский дом»
Богданчикова Ю.А.
Цель: Продолжать
знакомить детей с казахскими народными обычаями (укладывание
ребенка в люльку). Закреплять с детьми казахские поговорки, учить говорить
пожелания на казахском языке, петь колыбельные песни; закреплять название
постельных принадлежностей. Воспитывать интерес
детей к культуре и быту казахского народа.
Развивающая среда: Убранство
юрты, кукла,
люлька (бессік),
постельные принадлежности, ювелирные изделия: серьги, браслеты, монеты. Банные
принадлежности. Камча, зеркало, расческа, погремушки, пальто (шапан).
Билингвальный компонент: бессік — люлька, шапан — пальто,
айна – зеркало, жастық-подушка, жайма —простыни, покрывало, көрпе-одеяло,
жапқыш- покрывало, бөбек-малыш.
Ход занятия:
Воспитатель организует
игровую ситуацию.
От имени Бабушки
әже
приглашает
детей в юрту, встречает их, как дорогих
гостей, приглашает войти, усаживает. Закрепляет
билингвальный компонент׃
—
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін
біздің үйде той! Менің немеремді қырқынан
шығарамыз, бессіке салу тойын жасаймыз! -Сегодня
у нас праздник! Моему внуку исполнилось 40 дней; сейчас мы будем укладывать его
в бесік
( в люльку).
От имени Бабушки әже предлагает
детям помочь провест обряд «Бесікке салу». Мои
старшие внуки Алия и Алма, принесут в ванночку браслеты, серьги, кольца,
монеты, камешки. Обращается
к детям׃ –
Дети, гости! Что вы пожелаете моему внуку? ( дети говорят слова- пожелания на
казахском языке). Воспиатель
помогает детям: Бақытты бол! Денің сау болсын Азамат бол! Ер бол!
Ел қамқоршысы бол!
Бабушка и две девочки купают ребенка (куклу). Во время купания дети наливают
на ребенка 40 ложек воды деревянной ложечкой. Одна девочка держит в простыне
куклу – ребенка, а вторая девочка и воспитатель выбирают из ванны ювелирные
украшения: монеты, кольца, браслеты, серьги, и раздают их гостям –
девочкам.
Воспитатель вместе с детьми произносит
пожелания гостям-детям:
«Пусть в вашем доме будет такой же
праздник!» «Сендерде
де осындай той болсын! Осындай мерекеге жетіңдер!»
От имени Бабушки обращает внимание детей
на люльку. Посмотрите
какая кроватка! (бессік).
У нее есть перекладина, чтобы можно было легко ее поднять. Казахи,
перекочевывая с места на место, привязывали люльку с ребенком к седлу коня
или верблюда. Ребенок спокойно спал.
От имени Бабушки объясняет детям:
Чтобы уложить ребенка в бессік, нужно отогнать злых
духов из
нее:
«Алас! Алас! Алас! Біздің баладан. Қаш! Қаш! Прочь! Прочь,
злые духи от нашего ребенка».
Зажигает веточку и водит ею возле кроватки. —
«Ушли злые духи. А что мы ему положим в бесік?( Бесік, жастық, жайма,
шапан).
Воспитатель помогает детям:
спрашивает их, почему кладут в люльку шапан (пальто)? Для
того чтобы когда ребенок вырастет, он стал уважаемым человеком. Предлагает
детям украсить кроватку, прикрепляет погремушку, пусть внучек играет, ему
будет весело». Предлагает детям
продолжить украшать бессік для малыша.
От имени Бабушки продолжает рассказывать
детям:
«Под подушку женщины — казашки кладут зеркало,
расческу, чтобы ребенок был красивым, и волосы у него стали шелковистыми. Еще в
бесік женщины кладут камчу, чтобы ребенок был хорошим батыром, защищал свой
народ. Қамқоршы болсын».
От имени Бабушки обращается к детям: Предлагает
детям рассказать пословицы о джигитах ее внуку».
Дети произносят пожелания малышу:
1. Ерден туған — ер
болады.
2. Ерді — ер таниды, елді — ел
таниды.
3. Ер — елдің көркі. Өсімдік — жердің көркі.
Ребенка кладут в люльку. Воспитатель
разбрасывает конфеты, приговаривая: «Шашу», для того, чтобы каждый мог их
отведать, попробовать, желая тем самым всем присутствующим счастья.
Бабушка ажә продолжает: «Пусть мой внучек растет. А мы тихо споем ему песню: «Әлди,
Әлди».
Дети вместе с бабушкой
поют колыбельную песню, а две девочки укладывают ребенка.
Бабушка: «Спит мой, бөбек, спит мой
малыш, но праздник не закончился, мы будем сейчас веселитсся, читать стихи,
играть в национальные игры. А потом приглашаю вас, к нашему дастархану!»
Организует и проводит
рефлексию.
Предлагает детям рассказать, что
нового они узнали сегодня. Просит детей поделиться, что понравилось им на
занятии.Что вызвало затруднения. От имени Бабушки благодарит детей за помощь в
проведении обряда.
Наурызды тойлау /бесікке
салу
Наурызды тойлау
сценарийі
Бесікке салу дәстүрін
көрсету
дайындаған Жанар
Аманғалиева
Сынып іші наурыз
нақыштарымен әдемі безендірілген. Көрініске ата-аналар, мұғалімдер, балалар
қатысады.
1-көрініс. Бесік сатып
алу.
Әкесі: — Саламатсыз ба,
қария! Мына бесігіңіз қанша тұрады?
Қария: — ә, шырағым, ала
ғой. 20 мың теңге.
Әкесі: — қойыңыз, ол
қымбат емес пе, атай? 15 мыңға беріңіз.
Қария: — әй, көргенсіз,
бесіктің бағасын ешқашан саудаламайды қазақта.
Әкесі: — ой, қария,
сіз ренжімеңіз, шынымен қымбатсып тұрмын.
Қария: — балам, есіңде
болсын: бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына алып жүре береді.
Әкесі: — қымбат
болса ше?
Қария: — бесік жасайтын
шеберлер аса ынсапты, ниетті келеді. Олар киелі дүниенің бағасын аспандатпау
керегін жақсы біледі, балам.
Әкесі: — мына бесік
неден жасалған?
Қария: — Қазақтар
бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп
атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны
түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті
де осылай алып жүретін болған. Себебі «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін
бұзғанмен барабар» деп ұққан.
Әкесі: — ал мынау не
ілініп тұрған.
Қария: — ол бесіктің бір
түрі – аспалы бесік.
Әкесі: — мақұл, ата.
Әңгімеңізге рахмет. көп нәрсені білдім. Алайын бесікті. Мінеки 20 мың теңге.
Қария: — мынауың жөн.
Сәбиің ғұмырлы болсын, халқының қалаулысы, елінің елеулісі, қоғамның
бетке ұстар азаматы болсын.
Әкесі: — рахмет ата, сау
болыңыз.
2-көрініс. Бесікке салу.
Үйдің ішінде дастархан
жаюлы. Қыз-келіншектер кәде-жораларын, шашуларын алып келіп жатыр.
Келгендер: — Сәбидің
бауы берік болсын!
Үйдегілер: —
Төрлетіңдер, төрлетіңдер!
Дастархан басындағы
әңгіме:
Келгендер: — Апа, баланы
неге бесікке салатын болдыңыздар?
Апасы: — Қызым, саудың
асын ішіп, жындының сөзін сөйлегенді қашан қоясыңдар, осы? Бесік деген
қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Әжесі: — Бесік туралы
мынадай әфсана бар. Ертеде жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған
ел тау жаққа қарай босып, үдере көшкенде аяғы ауыр жас келіншек бос бесікті
арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі:
«Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай!»
— дегенде, Төле би: «Баланың бесігі — кең дүниенің есігі ғой», -деген
екен.
Келіншектердің біреуі: —
«Бесікке салған бала өспейді, оның бойында қан жүгірмейді, аяқ-қолы қисық
болады» дейді ғой.
Әжесі: — тек /жекіп/,
оның бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесікке баланы қазақ ешқашан да
күндіз-түні матап байлап тастамаған. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу,
қол-аяғы түзу, ширақ болады.
Апасы: — қой, баланы
бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен
әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Жамал апа, сіз көпті көрген, ұлын ұяға,
қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі тәтесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы.
Сіздің жолыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге.
Жамал апа: — жақсы,
баланы шомылдырып болыңдар онда.
Апасы мен анасы кетеді,
баланы шомылдырып, өс-өс жасайды:
Өс-өс!
(балдырғанның қол-аяғын созу)
Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.
Анасы баланы бөлеген
соң, апасы: — Шақыр кісілерді.
Қыз-келіншектер бөлмеге
кіреді.
Жамал апа: қане, бесікті
әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде
ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.
Бір балалар: апа, мына
бесік тесік қой.
Жамал апа: ол әдейі
жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен
тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы — түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті
тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары
ауырмасын дегендік.
Жамал апа: Енді бесік
кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. / шымшуырды
отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан
жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./
Осыдан кейін отпен аластайды, баланы бөлейді.
Жамал апа: Енді бесікті
аластайық.
Бесікті аластау
Алас, алас,
баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!
Осыдан кейін бір-екі
қыз-келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды.
Балалардың біреуі
/шүмекті нұсқап/: мынау не?
Жамал апа: Мынаны шүмек
дейді, шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін
сүтке қайнатылады.
Балалардың біреуі
/түбекті нұсқап/: ал мынау не?
Жамал апа: Ал мынаны
түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті
тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп,
жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды.
Балалар: олар не үшін
керек: Мұның бәрі сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор. Ол баланың
тазалығына өте қолайлы, мына арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін
жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл анаға да қолайлы. Бала да
өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйықтайды.
Жамал апа: ал енді
бесікке бөлейік.
Осы кезде бір балалар
бесікті тербетеді.
Әжесі: қой балам, бос
бесікті тербетуге болмайды.
Балалар: мыналарды
қарашы. Кіп-кішкентай көрпелер. Қандай әдемі!
Жамал апа: Бесіктің
жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, құс төсек,
жастық, қолтық жастық, тізе жастық, жөргек, қолбау, тізебау, екі тартпасы
дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген.
Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі.
Апасы: Бесіктің басына
үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап
үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік — баланың жылы ұясы.
Әжесі: Бесік — баланың
ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да
қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар — көрпе,
қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп,
ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың
тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.
Апасы:Сондай-ақ бесік
баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан
сақтасын деп ырымдап, оған үкі тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі терісі сияқты
заттар да тағып қояды.
Жамал апа: Егер баланы
бесікке бөлемесе, ол анасының жанында ұйықтағасын оның иісін алып, онсыз ұйықтай
алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады. Ал ұйқының дұрыс болмауы баланың психикасына
кері әсерін тигізеді. Анасының ұйқысы да жиі бұзылады. Ағзасы дұрыс демалмаған
ана шаршайды.
Бесікке бөлеу
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.
Бесіктен шешіп аларда
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын.
Әжесі: Ал, Жамал, мынау
сенің сыйың. /Жамал апаға және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты
сый тартылады.
Әжесі: бата береді:
Бата:
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті:
Сәбиіміз сүйкімді
болсын,
Өнер-білімге икемді
болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді
болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын!
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын,
Шұғылалы шуақты күн
кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын!
Апасы: — Ал енді, қызым
бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.
Анасы бесіктің теріс
жағынан отырады.
Апасы: бесіктің теріс
жағынан отыруға болмайды. Оң жағынан отыру керек.
Анасы жай уілдете
бастайды.
Апасы: жоқ, қызым, бесік
жырын үйренгенің жөн. Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол
ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті — осы
бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан
баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Өкініштісі,
бүгінде бесік жырын әндететін ана аз.
Әжесі: Ардагер
ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтің айтуынша, бесік жырында түрлі фонетикалық дыбыс
кездеседі. Ашық-қысаңы да, жуан-жіңішкесі де, қатаң-ұяң, үндісі де бар.
«Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем…» бәрі бар. Оның үстіне сазды,
әуенді болып келеді.
Жамал апа: Сәби бесікте
жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп, бойына тәрбиелік мазмұндағы, рухани
өнерді өз ана тілінде қабылдайды.
Қыз-келіншектер: рахмет
сіздерге. Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.
Әжесі: Біз сіздерге
үйретеміз, сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата-бабамыздан
қалған қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, мәдениеті, тілі өлмейді.
3-көрініс. Бесік жыры.
Бесік жыры
Қолымыздан іс алып
Мойыныңа күш алып
Бізді бағар ма екенсің?
…Жаудан жылқы айырып
Жігіт болар ма екенсің?
…Ақыры жауға тиісіп
Батыр болар ма екенсің?
…Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің?
…Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ма екенсің?
…Ұлы топта күрескен
Палуан болар ма екенсің?
…Төрт құбылаң тең
келген
Төре болар ма екенсің?
*******
Қорытынды бөлім: Ал, балалар! Бүгін біз
көп дүниені білдік. Қанеки, айтыңыздаршы:
1. Бесікке қатысты
тыйымдар мен ырымдар.
- · Бос
бесікті тербетуге болмайды. - ·
Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу
керек. - · Кез
келген адамға беруге болмайды. - · Аяқ
астына тастауға болмайды. - ·
Бесіктің өзін отпен аластап қояды. - · Бос
бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең
болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет. - ·
Бесіктің теріс жағына отырмайды. - · Бесік
жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы
керек.
/балалардың айта
алмағандарын мұғалім өзі айтып түсіндіреді/
2. Бесікке салу ырымдары
– аластау, кертпе, тыштырма
3. Бесік жабдықтары –
бесік, жастық, жөргек, түбек, шүмек, т.б.
4. Жұмбақтар шешу.
Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй./Бесік/
Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі./Сылдырмақ/
Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы./Жастық/
5. Мақал-мәтелдерді
жалғастыр.
Ананың сүті бал,
—————— /Баланың тілі –бал/
Балалы үй-базар,
————————— /Баласыз үй мазар/
6. Ал енді қыздарымыз
бесік жырын айтсын.
Бесік жыры Қасым
Аманжолов
Қыздарға үлестіріп беріп
жатқа айтқызу /қолына қуыршақ бөлеп ұстатып, әндетіп немесе мәнерлеп айтқызу/
I
Әлди, әлди, әлпешім!
Ұйықта
деймін, ұйықтайсың.
«Мә-мә» берсем қайтесің,
Ұйықта
десем, ұқпайсың.
Жоқсың бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің.
Жаудыраған көзіңнен!..
Ұйықтай қойшы, бөбегім.
Әлди,әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
II
Ұйықта
десем, күлесің,
Айналайын күлкіңнен!
Ер жеткен соң білесің,
«Тұр-тұрлармын» бір күн
мен.
«Кешіктің, — деп, —
сабақтан»,
Тыншыңды алсам
«тұр-тұрлап»,
«Жоқ қой әлі таң атқан»,
—
Деп жүрмеші бұртындап.
Әлди, әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
III
Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой
Ұйықтайтын бұл шағыңда.
Қызық өмір — думан
той
Тұр ғой күтіп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар
Бұл өмірге бекер кеп?
Ұйықта,
бөпем, ұйықтап ал,
Ер жеткен соң бол
сергек!
Әлди, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?
IV
Күлімдейсің — күнімсің,
Батар дағы күн шығар.
Уілдейсің — күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар.
Сен де тынық бір
мезгіл,
Толқып кана жат, бөпем.
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің — ақ бөпем!
Әлди, өлди, әлдиім,
Назды, нәзік ән-күйім!
кештің соңында Мұғалім: Ұлы тұлғамыз
Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді
қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам.
Екіншісі, немересіне ертегі айтып беретін әжесінің азаюынан қорқамын. Үшінші,
дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар есіп келеді. Оның, қолына қылыш берсе,
кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала
жоқ, үйретіп жатқан әже жоқ» деген екен терең толғаныспен.
Төле би «Баланың бесігі
– кең дүниенің есігі» десе, дана халқымызда «Туған жер – алтын бесік» деген
даналық бар. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Туған
жерді бесікке теңеу де бесікке деген құрметінен. «Сымбатыңа қарасам – асылдан
таңдап кигендей» дегендегі Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды
ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен
бесік ешқашан ескірмек емес. Бесікті аялайық, ағайын!!! Бесік жыры үзілмесін.
Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Халқымыз өсіп-өркендей, өрістей
берсін!
Бесік басында М.Мақатаев
/қазақтың әдемі күйін ойнатып қойып, мұғалім оқиды/
Ұқсайды бар
тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің
келбетіне.
Ояту былай тұрсын,
рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды
тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта,
бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния,
асылдарың!
Бақыт, байлық — барлығы
менің үшін
Сенің бір кеп мойныма
асылғаның.
Аймалайсың жанымды
күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым
бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып,
айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір
тілменен?
…Қандай ғана анадан
туады адам,
Сәбилердің ұйқысын
куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық
қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер
жыламаған!
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің
№ 3 технологиялық карта
Топтың жас ерекшелігі: ІІ кіші сәбилер тобы
Вариативтік конпонент: «Сөйле, балақай»
Бөлім: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Бесикке салу»
Мақсаты:
Білімділік:Балаларды бесікке салу сатымен таныстыруды жалғастыру.
Дамытушылық: Тыңдау, есту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды қазақ халқының салт – дәстүрлеріне тәрбиелеу.
Құрал—жабдық: Бесік, қуыршақ, киіз үй, әзірленген дастархан.
Сөздік жұмыс: аластау, баулық, түбек.
Қостілділік компонент:Әже—бабушка-grandmother
Амандасу.
—Кәне бәріміз қолдарымыздан
ұстап. Шеңбер құрайық.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын,
Деніміз сау болсын,
Астығымыз көп болсын.
Мұғаліммен амандасады.
Бір – бірінің қолдарынан ұстап
тілекті қайталау.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын,
Деніміз сау болсын,
Астығымыз көп болсын.
Ұйымдастырушы—
лық —ізденістік
— Балалар біз баланы
шомылдырғанан кейін қайда
жатқызамыз?
—Дұрыс айтасындар.
Есікті қағып әже кіреді. Әже: —
Балалар, қалдарын қалай мен
өзімнің немеремді сендерге қонақ
болсын деп алып келдім бірақ, ол
кішкентай оны бесікке салу керек.
Ал алдымен оны шомылдыру
керек. Ал сонысон бесікке
саламыз. Әже немересін бөлей
отырып, бесікке салудың
дәстүрлерін көрсетеді.
Алдын ала салмай тұрып, бесікті
аластайды. Бесіктің іші әрі
құрғақ, әрі таза болады. Одан соң,
жастығын, баулықтарын, түбегін
оттығын дайындайды. Бала
бесіктен құлап кетпесін деп, —
қолдарын, аяқтарын байлайды. Ақ
әже баланы бөлеген соң,
ұйықтасын деп бесік жырын
айтады. Қане балалар бұл бесік
жырын біздің балаларда біледі,
бәріміз қосылып айтайық.
— Әлди — әлди — ақ – бөпем,
— Ақ бесікке жат бөпем.
—Бесікке.
Балалар әжемен амандасады.
Әженің әңгімесін тыңдап
отырады.
Балалар бесік жырын әңдетіп
айтады.
— Әлди — әлди — ақ – бөпем,
— Ақ бесікке жат бөпем.
— Тербетейін жата ғой,
— Тербетейін жата ғой,
— Тәтті ұйқыға бата ғой.
Бұл әң ертеден келе жатыр.
Балалар, қане ойын ойнайық.
Ойын «Сақина салу».
Балалар дөңгеленіп отырады. Бір
бала ойын бастаушы. Ол қолымен
салып отырып, сақинаны біреуге
салады, ал екінші бала кімге екен
тауып алу керек.
Әже: —Жарайды балалар Сау
болыңдар! Мәшине келіп тұр мен
немеремді келініме апарайын, сүт
берсін.
— Тәтті ұйқыға бата ғой.
Балалар ойынға белсенді
қатысады.
—Балалар әжемен қоштасады.
Рефлексиялық —
түзетушілік
—Балалар, бесікке салу салт—
дәстүрі сендерге ұнады ма?
—Ал бесіктегі бөпені тербеткенде
қандай әң айтылады?
—Ал әженің ойыны қалай аталады
сендерге ұнады ма?
Қоштасу.
—Иә!
—Бесік жыры.
—Сақина салу,
—Иә!
Қоштасу.
Күтілген нәтиже:
Біледі: Салт—дәстүрді үйреніп, білу.
Игереді: Балаларда ойыншықтар туралы түсінік болу керек.
Меңгереді: Әңгімелей білуге тәрбиелеу.
Тексерді
Конспект занятия казахского обряда
«БЕСІККЕ САЛУ – УКЛАДЫВАНИЕ РЕБЁНКА В ЛЮЛЬКУ»
Мини-центр ГУ СОШ № 5 «Болашак»
Методист Додабаева С.П.
Бесікке салу
Цель: воспитание уважения к обрядам казахского народа.
Программное содержание: познакомить детей с казахским народным обычаем: «Укладывание ребенка в люльку»; закрепить в памяти детей поговорки, учить говорить пожелания на казахском языке, напомнить колыбельную песню: «Эй, эй бөкем»; закрепить в памяти детей название постельных принадлежностей бесік, көрис, жастық, жайма, көрпе жақтым; воспитываьб интерес детей к культуре и быту казахского народа, его традициям.
Материалы к занятию:
-
Кукла
-
Банные принадлежности: ванна, мыло.
-
Большая деревянная ложка.
-
Ювелирные изделия: серьги, браслеты, манеты.
-
Мелкие камешки.
-
Бесік – люлька.
-
Постельные принадлежности.
-
Камча.
-
Шапан.
-
Зеркало, расческа, погремушка, тумар.
/Под музыку (куй) Құрманғазыдети входят в группу, здороваются с гостями./
Воспитатель: Сегодня какой день недели?
Дети: Жұма!
Воспитатель: священный день мусульман. В этот день мусульмане посещают мечети и могилы предков, устраивают поминки. А как ещё называют этот день?
-
День благодарения
-
Я желаю всем детям и взрослым:
Денсаулық, бақыт, узақ өмир
Давайте и мы поблагодарим окружающий нас мир:
-
Рахмет саған көк оспан,
Рахмет саған туған жер,
Рахмет саған кук көзы
Рахмет саған анашим.
Воспитатель: Казахи считают, что каждый день недели имеет свою особенность, мы с вами знаем и потому предлагаю поиграть в игру: «Болады-болмайды» — пантомима.
/Дети мимикой жестом показывают, что в какие дни можно делать./
Воспитатель: Жарайсыңдар, жақсы, отырындар. На ппрошлом занятии мы говорили с вами об обрядах и традициях казахского народа. Расскңажите, какие обряды казахского народа вы знаете?
Дети: Бесікке салу, шілдехана, тұсау киір, атқа, отырғызу.
Воспитатель: одной из замечательных традиций каазхского народа является гостеприимство. Откуда идут истоки знаменитого казахского гостеприимства.
/Дети с помощью воспитателя рассказывают легенду о гостеприимстве, читают стихотворение К.Мырзалиева «Представление казаха», пословицы. Игра «Тамаша»./
Подбегает мальчик, спрашивает: «Суюнші» и приглашает на той. Дети заходят в дом, хозяйка преподаватель казахского языка, встречает, приглашает войти, усаживает:
-
Сәлеметсіздерме, балалар!
-
Буғін біздің уйде-той! Менің немереледі қырқпан шығыремыз!
-
Сегодня у нас праздник! Моему внуку исполнилось 40 дней, сейчас мы будем укладывать его в ванночку. Мои старшие внучки, принесите в ванночку браслеты, кольца, серьги, монеты, камешки.
-
Дети, гости! Что вы пожелаете моему внуку?
/Дети говорят слова пожелания на казахском языке./
Воспитатель (помогает им):
-
Баққыты бол! Деніз сау болсын!
Азамат бол! Ер бол! Ел қомкоршысы бол!
/Педагоги и две девочки купают ребенка (куклу). Дети наливают на ребенка 40 ложек воды деревянной ложкой. Одна девочка держит в простыне куклу-ребенка, а вторая и педагог выбирают из ванны ювелирные изделия: монеты, камешки, серьги, кольца, браслеты и раздают их гостям-девочкам/.
Воспитатель: Пусть и в вашем доме будет такой же праздник! Сендерде де осындай той болсын!
/Педагог обращает внимание на бесік/.
-
Посмотрите какая кроватка, есть перекладина, чтобы можно было ее поднять. Казахи перекочевывая с места на место привязывали люльку с ребенком к седлу коня или верблюда и ребенок спал.
-
Чтобы уложить ребенка в бесік, надо отогнать злых духов от нее:
Алас, алас, алас
Біздің баладан
Қаш, қаш!
-
Прочь, прочь злые духи!
От нашего ребенка!
/Заж игает спички и водит спичками заженными возле кроватки/.
-
Ушли злые духи!
А что мы положим ему в бесік?
Дети: Бесік, көрпе, жастық, шапан.
/педагог помогает детям./
Воспитатель: почему в люльку кладут шапан?
Дети: во время купания в люльку кладут шапан, для того, чтобы когда ребенок вырастет, он стал уважаемым человеком.
-
Давайте украсим кроватку (прикрепляет погремушки). Пусть внучек играет, ему будет весело! Под подушку женщины-каазшки кладут зеркало и расческу, чтобы ребенок был красивым и волосы у него стали шелковистыми. Еще в бесік женщины клали камчу, чтобы ребенок был батыром, защищал свой народ. Қомқорметы болсын!
-
Дети, а какие вы знаете пословицы о джигите, расскажите мне и внучку.
-
Ерден туған – ер болады.
-
Ерді – ер ташиды, елді – ел ташиды!
-
Ер – елдің көркі.
Өселдік – жердің көркі!
/Ребенка кладут в бесік, воспитатель разбрасывает конфеты, приговаривая «Шашу» для того, чтобы каждый мог отведать, пригубить, тем самым желая счастья.
Воспитатель: Пусть внучек мой растет, а вы тихо спойте ему песню «Эй, эй бөкем».
/ Дети поют колыбельную песню, две девочки укачивают ребенка./
Воспитатель: Бөбек спит, спит мой малыш, но праздник не закончился. На прогулке вы будите играть в казахские национальные игры.
Достарыңызбен бөлісу: