«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» атты хип-хоп би байқауының сценарийі
Жүргізуші 1: — Армысыздар,
құрметті көрермендер! Мектебімізде өткізілгелі отырған «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» хип-хоп би байқауына қош
келдіңіздер.
«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» — талантты балалардың, талантын шыңдап,
қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз.
Ендеше, бұл байқаудың қазылар алқасымен таныс болайық.
1.Дарынды
балалармен жұмыс жетекшісі: Жилкибаева Людмила Жомартовна
2. Мектеп психологы: Дуйсенбаев Манат Арыстанғалиевич
3. Би үйірмесі жетекшісі: Жанар Мырзатай
Жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым! Мектебімізде би билеуге деген балалардың ынта –
ықыласы, құштарлықтары өте жоғары. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны
көрсеңіз» дегендей, бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет
көрсетейік, ағайын.
Мың
бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу
керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар
сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат
екен орындалған әр биде.
– деген өлең шумақтарымен байқаудың алғашқы
қатысушыларын сахна төріне шақырайық. Мектебіміздің белсенді, әрі
сүйікті бишілері 5 «А» сыныбының биші қыздарының орындауында «Таңғы
айым» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші 1:
Біз бақытты
балдырған.
Әлемді бимен
құлпыртқан – деп көңілденген бишілеріміз 5 Ә сыныбының
«
» тобының биші қыздарының орындауындағы « » биін
назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші 1: Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек
қана бейбіт-шілік болуын тілейтін келесі 6 «А» сынып оқушыларының «
» тобы-ның талантты бишілерімен таныс болыңыздар. « » тобын «
» биімен сахна төріне қошеметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Жүргізуші : Сонымен келесі үміткеріміз 6 «Ә» сыныбының
үміткерлері
«
» тобы. (Экран) Топ мүшелері ән салып би билеуді ұнатады. Сонымен қатар
мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Бүгінгі байқауға «
» биімен келген топты қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші 1: Он саусағы майысқан, 7 «А» сыныбының биші
қыздарынан құралған «Түлектер» тобының бишілеріне сәттілік тілей отырып,
бүгінгі байқауға дайындаған « » атты билерімен сахна
төріне шақырамыз!
Жүргізуші 1:
Ал біздің келесі
байқауға қатысушы үміткерлеріміз би билеуге біраз шыңдалып қалды.
Бүгінгі өздері қойған « » биімен ортаға 7 «Ә»
сыныбының бишілері Ищанова Дарина мен Таспаева Айнураны
ду қол шапалақпен
сахна төріне шақырайық, қарсы алыңыздар.
Жүргізуші 1: Құрметті көрермендер, келесі кезекте өнер
көрсеткелі тұрған 8 «А» сыныбының бишілері танымал би тобы болуды армандайды. Қоғамдық
жұмыстарға әркез атсалысады. Ендеше « » би тобының «
» биімен сахна төріне шақырайық, ду қол шапалақпен қарсы
алыңыздар.
Жүргізуші 1: Ендігі кезек 8 «Ә» сынып бишісі Жақсылық
Ақмаралдың жеке орындауындағы « » биіне беріледі. Биші
қыздың жұртшылықтың көңілін бір серпілтер тамаша биін назарларыңызға ұсынамыз.
Қошеметтеріңіз!
Жүргізуші 1: Би билеп сахнаның үлкен төрінде өнер көрсетіп
жүрген байқауымыздың келесі қатысушылары 9 «А» сыныптың
« » би тобының тұрақты бишілерінің орындауындағы «
» биін назарларыңызға ұсынамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші 1: Келесі үміткерлеріміз биылғы жылы
көркемөнерпаздар байқауында өз өнерлерін сынап көрген еді. Олар бүгінгі
байқауға да белсене қатысуда. 9 «Ә» сыныбының « » тобын
заманауи биімен сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші 1: Қалалық «Қазақстан-менің Отаным» ән байқауының
жүлдегері мектебіміздің жұлдызды әншілерінің бірі Жунусова Камила. «
» әнімен сахна төріне шығатын Камилаға бұл жолы да сәттілік
тілейміз. Ду қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші 2: Мінеки, жас таланттарға жол ашатын «Өнер
әлемі-мәңгі жастық әлемі» хип-хоп би байқауы өз мәресіне келіп жетті. Қошеметпен
сахна төріне бишілерімізді шақырайық.
Жүргізуші 1: «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» би байқауының
жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін құрметпен әділқазылар алқасына
береміз.
Қазылар
алқасы жеңімпаздарға марапаттаулар береді.
Жүргізуші 2: Құрметті қатысушылар, сіздерді бүгінгі
жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
Жүргізуші 1: Осымен бүгінгі тартысқа толы «Өнер әлемі-мәңгі
жастық әлемі» би байқауы өз мәресіне жетті. Құрметті көрермендер, жас
талантарымызға қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп
рақмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Жа?а жыл?а арнал?ан сценарий
Санта Клаустар биі
1-ж?ргізуші: Армысыздар арда?ты а?айын, ?ла?атты ?стаздар!
2-ж?ргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты ш?кірттер.
1-ж?ргізуші:
Б?гін сізге жырдан ал?а та?айын,
Шат к?лкіге толы болсын ма?айы?.
К?ргендер де к?рмегенде арманда.
Жа?а жылы? ??тты болсын а?айын.
2-ж?ргізуші:
Зе?гір к?кте ж?лдыз болып жанайын,
Ай ж?зіндей айшы?танып, арайы?.
Жан?а шуа?, бой?а ?уат ?келген.
Жа?а жылы? ??тты болсын а?айын.
1-ж?ргізуші: Б?рекелді, б?рекелді! ??рметі халайы?! Б?гінгі жа?а жыл кешін барлы?ымыз к?тері?кі к??іл к?ймен, ?сем ?н, с?нді бимен ?ткізуге ат салысамыз деген ?мітіміз бар.
2-ж?ргізуші: Олай болса, к??ілімізді? керегесін ке?ейтіп, баршамыз?а береке сыйлар мерекелі кешімізді? шымылды?ын ашу?а р??сат еті?іздер!
1-Сай?ымаза?: С?лем са?ан, ту?ан ел!
2-Сай?ымаза?: С?лем, с?лем достар!
1-Сай?ымаза?: Жа?а жыл ??тты болсын! Сіздермен к??ілді мереке кешін ?ткізуге келдік. ?алай ?арайсы?дар!
2-Сай?ымаза?: Кешті к??ілді ?ткізу ?з ?олымызда ?ой. Солай ?ой достар!
1-Сай?ымаза?: Біз сіздерге ж?мба? жасырамыз!
2-Сай?ымаза?:
?атал емес, мейірімді.
?атты емес, ?ділетті.
?ыстай ?атты суы? емес,
Тілегі ысты?, т?п — т?тті.
(Мектеп директоры)
2—ж?ргізуші: Д?рыс айтасыздар! ??рметті жама?ат “Жа?сы с?з — жарым ырыс!” – деп дана ?аза? айт?андай, ж?рекке жылылы? ?ялатар ал?аш?ы Жа?а жылды? ??тты?тау с?зді а?ыл ойы жетілген саналы ?рпа?ты сезімі сергек, арманшыл дана ?рпа?ты т?рбиелеп жат?ан білім ?ясыны? білікті басшысы Кенжебаев Д?уренбенк Мейрам?лына береміз.
1-ж?ргізуші:
?ош келді?, Жа?а жылым,
К?п болар жа?алы?ы?
Са?ан жыл ба? сый еттім.
Жа?а н?р к?ттім, досым,
2-ж?ргізуші:
Жа?а жыл – жа?а ?нні? тербелуі
Жа?а жыл – а? арманны? ?рленуі.
Жа?а жыл – партада?ы л?пілдеген,
Кішкентай ш?кірттерді? ержетуі.
1-Сай?ымаза?: Достар, сіздерді? к??ілдері?ді жа?сы тілек бір к?терсе, бізді? ?німізбен та?ы да бір к??ілденіп алайы?.
?н
1-ж?ргізуші:
Жа?а жыл — ?айсарлы? пен ж?ректілік,
Баратын болаша??а білек т?ріп.
Мы? б?рал?ан бишілерге ?ол со?амыз,
Шаттанып к??ілденіп к?ліп т?рып.
Би «А?ша?ар мен Санта Клуастар»
2-Сай?ымаза?: С?йінші! С?йінші! С?йінші!
1-Сай?ымаза?: Ала?ай, Аяз ата мен А?ша?ар келе жатыр.
Аяз ата: Аяулы ата — аналар, арда?ты ?л — ?ыздар, б?лдіршін балалар?а бір с?лем! Осы жыл барлы? отбасыларымыз?а ба?ыт пен шатты? ?келсін. Е?бектері?із жемісті болсын. ?ой ?стінде бозтор?ай ж?мырт?ала?ан то?шылы?та болайы?.
2-ж?ргізуші:
Келді жылым ба?ытым,
Кемелденді уа?ытым.
С?лем са?ан аяз ата, жа?а жыл,
Жа?а ба?ыт, жа?а думан, жа?а жыр.
1-ж?ргізуші:
Сы??ырлашы сырнайым,
Жа?а жылды жырлайын.
Шашбаулы ?ыз сыр?алы,
А?ша?арды ты?дайы?.
А?ша?ар: Амансыздар ма балалар, ?стаздар, ата аналар! ?здері?ді са?ынып келдік, Жа?а жылдары?ыз ??тты болсын. ?тіп кеткен ?ой жылымыз?а аман есен саулы? тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табысты жыл, береке, бірлік ?келсін, тарихта ?алатын жыл болсын деймін.
Аяз ата:
Сендерге к?к ж?зінен н?рдай болып,
Жау?анын ?апала?тап к?ріп ?арды?,
Асы?а ?шып келдім ??рдай жорып,
Ал, достар алдары?а келіп ?алдым.
Оо, ?ара?тарым! Шын тілеген ниеттері?ні? ар?асында А?ша?ар екеуіміз сендерді са?ына жеттік.
А?ша?ар: Аяз ата, д?рыс айтасыз! И?, достар. Біз келгенше к?птеген жерлерде болды?. ?лемні? ?р жерінде той-думан болып жатыр.
2-Сай?ымаза?: Сіз жыл сайын балаларды? ?нерін к?ремін деп кетіп ?аласыз да, бізді? ?нерімізді бай?амайсыз. Б?гін с?ті т?сіп т?р екен, бізді? балаларды? ?нерлерін тамашала?ыз.
Аяз ата:
Келтірейін с?ні?ді.
Б?зба енді м?ні?ді.
?нші балам, то?тама,
Шыр?ап жібер ?ні?ді.
?н
1-Сай?ымаза?: Аяз ата, к?рді?із бе, бізді? балалар ?нерлі. Сіз келеді деп к?тіп отыр?андары ?аншама?! Енді б?л балалармен ойын ойнайы?.
«Санта Клауспен жарыс» ойыны
2-ж?ргізуші: Енді орта?а биші ?ыздарымызды ша?ырайы?. «Шабыт» бишілер тобы. ?арсы алы?ыздар!
Аяз ата:
Тамаша, тамаша,
К?н туылды жа?аша.
Тамасанады барлы?ы,
?неріне ?араса.
Тамаша, тамаша!
А?ша?ар, сыйлы?тар ?айда, к?не, берші. Мен мына балаларды? жар?ын ж?здеріне, тамаша ?неріне тамсанып отырмын.
Сыйлы?тар беріледі.
1-ж?ргізуші: Аяз атамыз б?гін сыйлы??а тола келген екен. ?нерлі балалар да бір риза болып ?айтатын болды.
2-ж?ргізуші:
Жа?а жылым жол болсын
Бас?ан ?адам о? болсын
Т?рлет, т?рлет жа?а жыл
Бізге ??тты жыл болсын!
Флэшмоб
Аяз Ата: Жарайсы?дар балаларым! Сендермен бірге би билеп, к??ілім шаттанып ?алды. Meнi б?гін бip ?уантып, алыс жерден шаршап келгенде к??ілімді к?терді?дер. Барлы?тары? да а?ылды, білімде де ?нерлі екенсі?дер.
1-ж?ргізуші:
??тты болсын жа?а жыл, барша халы?.
?уаныш?а, шатты??а тамсанайы?.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар ?лемге ба?ытпен жар салайы?!
2-ж?ргізуші:
Жа?а к?нде ?н ?ылып,
Тек ж?реміз с?н ??рып.
К??ілдердей ?артаймай,
Шырша т?рар м??гілік!
?н
Аяз ата: Ал, ?ара?тарым! Мені? са?атым со?ып жатыр. Мені к?тіп отыр?ан ?аншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге к?п ра?мет! ?нерлері? ?рге ж?зсін. Биік шы?дардан к?ріні?дер!
1-ж?ргізуші: Ал, ??рметті достар! Б?ріміз бірге Аяз атаны шы?арып салайы?.
2-ж?ргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болы?ыз. Біз сізді асы?а к?теміз.
1-ж?ргізуші: ??рметті достар!
2-ж?ргізуші: ?адірлі ?стаздар, ?она?тар!
1-ж?ргізуші: Жа?а жыл! Осы жыл барлы? отбасылары?ыз?а ба?ыт пен шатты? ?келсін. Е?бектері?із жемісті болсын. Табыс?а кенеліп, т?лпардай ж?йрік болайы?!
2-ж?ргізуші: Жа?а жыл ??тты болсын! ?рі ?арай кешіміз бимен жал?асады
Просмотр содержимого документа
«Жа?а жыл?а арнал?ан сценарий»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар, ұстаздар!
Ұстаз едің, жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректерде түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен, — дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған Тайгуллин Аманкел ағамызды еске алуда үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған, қала мектептерінің ұстаздары арасындағы волейбол турнирлік кешіне қош келдіңіздер!
(фанфар)
Жүргізуші:
Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,
Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.
Арамызда жұлдызды адам жоқ бүгін ,
Еске алу тірілерден ізет тек,
(слайд жүріп отырады)
(күй-фанфар)
Жүргізуші: Аманкел аға, 1943 жылдың 4- желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді, 1963-1970 жылдары Семей қаласының Крупский атындағы педогогикалық институтын тарих мамандығы бойынша тамамданды. Өзінің еңбек жолын 1970 жылы Семей обылысы Шұбартау ауданы Алғабас орта мектебіне тарих мұғалімі болып бастап, 1973 жылы аталған ауданның Горный орта мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып ауысты. 1976 жылы семей обл.
Шұбартау ауданы Калинин орта мектебіне директор болып тағайындалады. 1982 жылы Шұбартау аудандық партия комитетінің үгіт насихат бөліміне инспектор болады. 1990-1997 жылдары осы Семей облысының Шұбартау ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде директор болып қызмет атқарды. 1998 жылы Павлодар қаласына көшіп Абай атындағы лицей мектебіне тарих мұғалімі ретінде қабылданды. 2000-2009 жыл аралығында Павлодар қаласының №22 мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын аяқтады.
Жүргізуші:
Есімің әлі талай аталар
Ұмытпайтын бала-шаға ,досың бар,
Артыңда ізіңді басқан бауырларын
Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.
Жүргізуші: 1 минуттық үнсіздік жариялансын. Рахмет!
(фанфар)
Аманкел ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам.40 жылдан астам мұғалімдік қызметте табысты еңбек етті. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәлімгер ұстаз атанды. Тайгулиндер отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Аманкел ағамызды біз мәңгілік есте сақтаймыз
Жүргізуші:Келесі сөз кезегі мектеп директоры Майра Кабиденқызына беріледі .
(Әріптесі Н.Мұқатайұлының еске алу сөзі, 11 сынып оқушыларының еске алу сөзі )
(кішкене фанфар)
Жүргізуші:
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
(Сөз кезегі Аманкел ағамыздың туыстары Алматы қаласынан келген құдасы (Исабаев) Тұрсынбай аға мен балдызы Базарбек Жомарт Бекділдаұлына беріледі.)
Ән: Ұстазым менің ұстазым
Жүргізуші: Баршаның мәңгі жадында,
Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.
Жаралған асыл задында,
Асқардай биік тұлғаңыз,
Жүргізуші: Сөз кезегі жарыстың бас төрешісі Исабаева Асем Малгождаровнаға беріледі. (фанфар)
Жүргізуші: Осымен кешіміздің 1- ші бөлімі аяқталды. Екінші бөлім мектеп спорт залында жалғасын табады. Сәттілік тілейміз!
Аманкелді еске алуға байланысты ұйымдастырылған кештің әзірлемесі.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар, ұстаздар!
Өкінбе, аға, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған Тайгуллин Аманкел ағамызды еске алуда өткізіліп отырған, волейбол турнирлік кешіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Турнир ашық деп жариялансын! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!
(Әнұран ойналады.)
Жүргізуші: Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,
Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.
Арамызда жұлдызды адам жоқ бүгін ,
Еске алу тірілерден ізет тек.
(слайд жүріп отырады)
Жүргізуші: Аманкел аға, 1943 жылдың 4- желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді, 1963-1970 жылдары Семей қаласының Крупский атындағы педогогикалық институтын тарих мамандығы бойынша тамамдады.
Аманкел ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам.40 жылдан астам мұғалімдік қызметте табысты еңбек етті. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәлімгер ұстаз атанды. Ұрпақтары,туыстары үшін сол өнеге қастерлі болып қала берді. Өмірінің соңғы жылдары №22 орта мектебінде өтті.
Қандай қызмет атқарса да, кез келген адаммен ортақ тіл таба білетін. «Әке білек, саусағы балалары.Қан тамырмен жалғасқан аралары» — демекші, Аманкел ағамыздың балалары да әке жолында. Тайгулиндер отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Аманкел ағамызды мәңгілік есте сақтаймыз.
Жүргізуші: Есімің әлі талай аталар
Ұмытпайтын бала-шаға ,досың бар,
Артыңда ізіңді басқан бауырларын
Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызына беріледі .
Жүргізуші: Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өмірінді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным! деп ортаға Аманкел ағаның ұлы Дәулет Аманкелұлын шақырамыз.
Жүргізуші: Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Сөз кезегі Аманкел ағамыздың туыстарына береміз.
Алдарыңызда әнімен, қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
Жүргізуші: Ал енді турнирға қатысатын командалармен таныстырып өтейік.
Осымен кешіміздің 1- ші бөлімі аяқталды.
Дереккөз: internet-konkursy.com
Ұқсас материал:
- Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
- «Денсаулық басты байлық»
- «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
- «Дарабоз» (Сыныптан тыс спорттық шара)
- Спорт бойынша біліміңді тексер (Тест)
- «Спорт-өмір серігі» спорттық сайыс
«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы
Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.
Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек» ән-би байқауына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Осы кезеңге 9 әншіміз, 6 бишілер тобы жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Әділ қазы алқалары оқу ісінің меңгерушісі Шайзат мұғалім, , мектебіміздің психологы Асылзат мұғалім, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бекетова Ақжарқын. Ал ендікешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі байқауымыздың алғашқы сөз кезегін мектебіміздің басшысы Бралин Абдиманат Саматұлына береміз.
Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі. Олай болса бүгінгі кешімізді ән өнері сайысқа түсетін өнерпаздарымызбен таныс болыңыздар: 1-сынып оқушысы Бақдәулет 1 номерлі, 2-ші болып бірінші сынып оқушысы Гүлзат, 3 кезекте 2 сынып оқушысы Серікболсын, 4 кезекте 2-сынып оқушысы Арафат, 5 болып Ерасыл, 6 номерде 3 сынып оқушысы Әсемай, 7 номерде 3 сынып оқушысы Арайлым, 8 болып 4 сынып оқушысы Айғаным,9 номерде 4 сынып оқушысы Хадиша өнер көрсетеді. Ал енді би сайысы бойынша өнер кқрсететін өнерпаздармен танысайық. 1-сыныптың биші жігіттері, 2-сыныптың биші ұлдары, 2-сыныптың биші қыздары, 3-сыныптың биші аруы, 4-сыныптың биші қыздары. Ендеше алғашқы жас өренімізге шақырмас бұрын бейне материалға назар аударайық. Сонымен алдарыңызда 1 сынып оқушысы Бақдәулет «Туған жер» әнімен. Қошеметтеп қарсы алайық.
Енді Бақдәулеттің ұпай сандарын білсек:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан – дей келе 2 номерде өнер көрсететін 1 сынып оқушысы Гүлзатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Алдарыңызда 1-сынып оқушысы Гүлзат «Ақбұлақ» әнімен.
Енді Гүлзаттың ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті 2-сынып оқушысы Серікболсынға берейік. Алдымен экранға назар аударайық Алдарыңызда 2сынып оқушысы Серікболсын «Атамекен» әнімен.
Енді Серікболсынның ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! — деп, 2-сынып оқушысы Арафатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Сонымен алдарыңызда 2-сынып оқушысы Арафат «Қазақстан» әнін шырқайды.
Енді Арафаттың ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті 2-сынып оқушысы Ерасылға берейік. Экранға назар аударайық. 2-сынып оқушысы Ерасыл
«Алатау» әнімен.
Енді Ерасылдың ұпай сандарын білсек:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық – деп келесі кезегімізді 4 сынып оқушыларына береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!
Енді біздің арулардың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Арайлым келіп ортаға,
Бар өнерін төгеді- дей келе 3-сынып оқушысы Арайлымды Аққу биімен қарсы алайық.
Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті 1сыныптың биші арландарын шақырайық . «Шекарашы сарбаздар» биі. Енді біздің арландардың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Билер-билер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем,-деп 2-ші сыныптың ұлдарын ортаға «боз жорға» биімен қарсы алайық.
Енді біздің арландардың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай — деп, кезекті 3сынып оқушысы Әсемайдан алған сұхбатқа береміз. Алдарыңызда 3-сынып оқушысы Әсемай «Саржайлау» әнін орындайды.
Енді Әсемайдың ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Арайлым шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ-дей келе Арайлымға кезек берейік. 3-сынып оқушысы Арайлым «Ғажап көбелек» әнімен.
Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.- деп 4сынып оқушысы Айғаныммен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Айғанымды «Табиғатым махаббатым» әнімен қарсы алайық.
Енді Айғанымның ұпай сандарын білсекАл енді соңғы ән орындайтын оқушы 4 сынып оқушысы Хадишаны қарсы алайық. Хадишаның орындауында Сағындым Алматымды әні
Жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Билейміз көңілді би бәрімізде.
2сынып бишілері ортамызда
Халқына ән арнайды шапалақта-дей келе 2 сыныптың мың бұралған биші қыздарын шақырайық.
Енді биші қыздарымыздың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға 4 сыныптың биші қыздарын «Көңіл толқыны» биімен шақырамыз. Қане, қошеметтепқояйықағайын!
Енді биші қыздарымыздың ұпай сандарын білсек
Осымен «Айгөлек» ән-би байқауы өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!
Мың бұралған бишілер
Сценарилер- admin
- 29.09.2016
- 0
- 1
- 84253
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының
Тәрбиешісі: Жетпісбаева Айнұр Бақытқызы
Мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету.
«Шаттық» биімен ортаға қыздар тобы шығады.
«Шаттық» би үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Айнұр кештің мағынасын ашып береді.
1 – жүргізуші: Сәлем — анам — алтын күн
Сәлем асыл ұстазым.
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз
2 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі «Шаттық» би үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Мың бұралған бишілер» атты би байқауына хош келдіңіздер»!
Екеуі бірге: Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!
1 — жүргізуші: Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс — әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім — әсерлері. Би қимыл — қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды.
2 — жүргізуші:. Келе — келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.
2 — жүргізуші: Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады.
1 — жүргізуші: Жеребе алу үшін әр сыныптан бір адамнан оратаға келулеріңізді сұраймыз. (Әр сыныптың реттік саны анықталады)
2 — жүргізуші: Бишілермізді өз өнерлерін көрсетуге дайындалу үшін сахна төрінен босатамыз
1- жүргізуші: Бишілер дайындалып болғанша мектебіміздің жас әншісі Сариева Сандуғаштың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
2 — жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы өздері таңдаған ұлттың табиғатын, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете алар екен көре(лік.
1 — жүргізуші: Алғашқы болып өнер көрсететін……………….сыныпты қарсы алыңыздар.
2 — жүршгізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
1 — жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан.
2 — жүршгізуші: Алдарынызда………………..сыныптың бишілер тобы.
1 — жүргізуші: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен.
2 — жүршгізуші: Әрине, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой
1 — жүргізуші: Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.
2 — жүгізуші: Келесі сайыскерлеріміз ……………… сыныбын қарсы алайық!
1 — жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып,
Би билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.
2 — жүгізуші: Жанарында жұлдыз жанып тұрады,
Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,
Көрерменнің көңілінен шығады,
Мың бұралған бишілердің өнері!
2 — жүгізуші: Келесі сайыскерлеріміз …………… сыныбын қарсы алайық!
1 — жүргізуші « Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!
1 – жүргізуші: Келесі сайыскерлерміз …….. сыныбын қарсы алайық!
2 — жүгізуші: Ой арманын кешемін,
Халқыма қызмет етемін.
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін.
1 – жүргізуші: Ендеше ……… сыныбын өз өнерлерімен қарсы алайық.
2 – жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
1 – жүргізуші: Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ……. сынып бишілері!
2 – жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
1 – жүргізуші: Бишілер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!
2 – жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсететін ……… сынып бишілері!
1 – жүргізуші: Құрметті көрермендер! Барлық сынып өз өнерлерін көрсетіп болды! Енді әділ қазылар алқасынан өз шешімдерін дайындауды сұраймыз!
2 – жүргізуші: Ал біз бұл уақытта «Шаттық» би үйірмесінің орындауында орыс биі «Кадрил»!
1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Бізге бүгін қонаққа сонау Үнді елінен қонақтар келіпті!
2 жүргізуші: Ендеше, қарсы алыңыздар, Үнді биі!
2 – жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
1– жүргізуші: Сайыскерлеріміздің жүлделі орындарын хабарлау және осы бір айтулы кештің қорытынды сөзін айту үшін сөз кезегін Қалия апайға береміз!