«Биле, биле» би
байқауы
Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
Армысыздар, бармысыздар, өнер сүйер қауым!
Ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Ақбота» аралас тобында арасында өткелі отырған «Биле, биле» атты би
байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Бүгінгі қатысушыларымыз билейтін
Жүргізуші:
Биле, биле өнерпаз
Біз тәнтіміз биіңе.
Таңқалдырып журиді,
Көрсет, кәне, мереке
Олай болса, биін орындау үшін
, құрметтеп, сонымен шапалақты аямай соғып қарсы
алайық.
Рахмет! Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
шықсын ортаға.
Бүгін биші атанбақ.
Келесі сайыскерлеріміздің өнерін қабыл
алыңыздар.
Рахмет!
Жүргізуші:
Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе келесі вальс биін орындау үшін бишілерімізді ортаға шақырайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға
берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық, қанеки, тартынбастан – деп
тиындар биін орындау үшін қыздар тобының бишілерінің өнерін тамашалайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға
берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – дей келе,
джентлмендер биін орындау үшін келесі ұл балалар тобынан құралған бишілерімізді ортаға шақырамыз.
Рахмет!
Жүргізуші:
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» —
деп ақындарымыз жырлағандай, ортаға соңғы қатысушыларымызды ___________биін
орындау үшін_____________ ортаға қошеметтеп шақырамыз.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға
берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Рахмет! Бүгінгі байқауға белсене қатысқан
оқушыларымызға алғыс білдіреміз.
Жүргізуші:
Балалықтың өткізіп балдәуренін,
Тілейміз бақыт, шаттық, қуаныш — дей келе,
осымен «Биле, биле» атты байқауымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп
тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Көріскенше күн жақсы!
«Айгөлек» Петровка балалар
бақшасы» МКҚК
Дайындаған:Жунусова А.К.
Астанакулова Л.Н.
«Ақбота»
аралас тобы
2018ж
Мың бұралған бишілер
Сценарилер- admin
- 29.09.2016
- 0
- 1
- 84253
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының
Тәрбиешісі: Жетпісбаева Айнұр Бақытқызы
Мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету.
«Шаттық» биімен ортаға қыздар тобы шығады.
«Шаттық» би үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Айнұр кештің мағынасын ашып береді.
1 – жүргізуші: Сәлем — анам — алтын күн
Сәлем асыл ұстазым.
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз
2 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі «Шаттық» би үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Мың бұралған бишілер» атты би байқауына хош келдіңіздер»!
Екеуі бірге: Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!
1 — жүргізуші: Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс — әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім — әсерлері. Би қимыл — қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды.
2 — жүргізуші:. Келе — келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.
2 — жүргізуші: Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады.
1 — жүргізуші: Жеребе алу үшін әр сыныптан бір адамнан оратаға келулеріңізді сұраймыз. (Әр сыныптың реттік саны анықталады)
2 — жүргізуші: Бишілермізді өз өнерлерін көрсетуге дайындалу үшін сахна төрінен босатамыз
1- жүргізуші: Бишілер дайындалып болғанша мектебіміздің жас әншісі Сариева Сандуғаштың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
2 — жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы өздері таңдаған ұлттың табиғатын, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете алар екен көре(лік.
1 — жүргізуші: Алғашқы болып өнер көрсететін……………….сыныпты қарсы алыңыздар.
2 — жүршгізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
1 — жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан.
2 — жүршгізуші: Алдарынызда………………..сыныптың бишілер тобы.
1 — жүргізуші: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен.
2 — жүршгізуші: Әрине, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой
1 — жүргізуші: Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.
2 — жүгізуші: Келесі сайыскерлеріміз ……………… сыныбын қарсы алайық!
1 — жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып,
Би билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.
2 — жүгізуші: Жанарында жұлдыз жанып тұрады,
Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,
Көрерменнің көңілінен шығады,
Мың бұралған бишілердің өнері!
2 — жүгізуші: Келесі сайыскерлеріміз …………… сыныбын қарсы алайық!
1 — жүргізуші « Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!
1 – жүргізуші: Келесі сайыскерлерміз …….. сыныбын қарсы алайық!
2 — жүгізуші: Ой арманын кешемін,
Халқыма қызмет етемін.
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін.
1 – жүргізуші: Ендеше ……… сыныбын өз өнерлерімен қарсы алайық.
2 – жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
1 – жүргізуші: Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ……. сынып бишілері!
2 – жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
1 – жүргізуші: Бишілер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!
2 – жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсететін ……… сынып бишілері!
1 – жүргізуші: Құрметті көрермендер! Барлық сынып өз өнерлерін көрсетіп болды! Енді әділ қазылар алқасынан өз шешімдерін дайындауды сұраймыз!
2 – жүргізуші: Ал біз бұл уақытта «Шаттық» би үйірмесінің орындауында орыс биі «Кадрил»!
1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Бізге бүгін қонаққа сонау Үнді елінен қонақтар келіпті!
2 жүргізуші: Ендеше, қарсы алыңыздар, Үнді биі!
2 – жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
1– жүргізуші: Сайыскерлеріміздің жүлделі орындарын хабарлау және осы бір айтулы кештің қорытынды сөзін айту үшін сөз кезегін Қалия апайға береміз!
1 маусым халықаралық балалар күні сценарий
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де «Балдәурен» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама
«Бала деген бір бақыт!»
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. 1 жүргізуші:
Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар! Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер, Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін. Ия, рас, бала болған бәрі де, Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Бала деген бір бақыт» атты жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Дорогие ребята! Уважаемые взрослые! Сегодня мы собрались все вместе, чтобы встретить самое доброе, самое счастливое время года — лето. А еще чтобы отпраздновать День защиты детей и Открытие лагерной смены и открываем нашу праздничную программу.
Жиын! Сап түзе!
Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін! ( Әнұран)
1 жүргізуші:
Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,
Жоғалмасын ешқашан берекеміз. Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз, Құтты болсын,балалар мерекеміз!
2жүргізуші:
Растите и радуйте нас
Сегодня ваш праздник, ребята!
Все дети огромной Земли
Друг к другу спешат с поздравлением,
Желая здоровья, любви!
И мы вам, ребята, желаем, —
Растите и радуйте нас, Пусть сбудутся ваши желанья И мир будет добрым для вас!
Мы взрослые вам обещаем,
Во всѐм помогать, защищать,
И в сердце надеясь, мечтаем
Счастливыми вас воспитать Мы поздравляем вас с днем защиты детей, желаем вам быть красивыми, добрыми, счастливыми и радостными.
«Көркем» би ансамблінің 2 сынып оқушыларының орындауында қазақ биі: Домбыра.
1жүргізуші: 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директоры Сматаева Бағлан Қасенқызына беріледі.
2 жүргізуші :
-Знаем,знаем,здесь мальчишки- Озорные шалунишки! И девчонки хороши Улыбайтесь от души!
1 жүргізуші:
— Арманы бір,үні бір,
Аға ардақты ,іні бір,
Бақыт туын көтерген, Балалардың күні бұл. Бала бағы бар елдің,
Гүлмен келсін келер күн, Балалардың күлкісі, Көркі ,сәні әлемнің. Келесі кезекті оқушыларға береміз.
оқушы :
Бірінші маусым балалар, Қорғайтын күн сендерді, Нұр кіреді далаға,
Гүл көмкеріп белдерді.
оқушы :
Күміс күннің астында ,
Желбіреді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
оқушы: Күлеміз,ойнаймыз, Демалып алаңсыз. Ризамыз саған біз, Ұлы Отан анамыз.
Ән . Лагерь жыры орындайтын Адема 1 оқушы. Наступило лето но в школу мы идем в лагере оздоровительном весело живем
оқушы. Будем мы ходить в музей о селе хотим все знать столько будет тут затей, что не сосчитать!
оқушы. Лето! Лето! Лето! Лето!
Никаких уроков нету!
Отдыхай!
Всем дана команда «вольно», Ждет на поле мяч футбольный, Забивай!
оқушы.Никаких заданий на дом! Речка – рядом, поле – рядом, Тут как тут!
Ну, а парта у окошка
И звонок – пускай немножко отдохнут!
Би «Гномики» орындайтын 1сынып оқушылары.
жүргізуші:
Әлемге асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Жорыққа тауларына жиі шықсақ, Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.
жүргізуші :
Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,
Арайлы болашақтың ұл қызымыз. Арасын жер мен көктің жалғайтұғын Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.
Татар биі орындайтын орындайтын 3сынып оқушылары.
Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз өзіміздің « Балдәурен» лагерімізде ойнап,ән салып,би билеп,білімімізді шыңдап демалуға тілектеспіз!
МКҚК «Жұпар» балабақшасы
Амангелді ауданы
2016-2017 оқу жылы
Сараптама
«Жұпар» балабақшасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Сәлеметсің бе ,жаз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты балаларға мерекені сезіндіре отырып,жақсы көңіл күймен жаздың алғашқы мерекесін қарсы алу. «Қарлығаш» және «Айгөлек » топтарының арасында «Біз шыңыққан баламыз » атты спорттық эстафета ұйымдастырылды. Спорттық эстафетаның мақсаты балалардың спорттық жарыстарға қызығушылықтарын арттыра отырып, спортқа деген қызығушылы ғын нығайту.Сайыс барысында балалар әр түрлі кедергілерден өте отырып ,өздерінің жылдамдықтарын,спортқа ептіліктерін көрсете білді.
Осы жарыс барысында ерекше көзге түскен Аманжолова Жанерке,
Тасболатова Айсауле,Ахан Талант,Асқаров Нұрсұлтан,Баянова Бибінұр асфальтқа өз қиялымен сурет сала отырып шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Балаларды қорғау — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау.Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Аманкелді ауданы
«Жұпар» балабақшасы
Тәрбиеші Немзорова Светлана Андреевна
«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» атты флешмоб би байқауының сценарийі
Жүргізуші : — Армысыздар, құрметті көрермендер! Мектебімізде өткізілгелі отырған «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» флешмоб би байқауына қош келдіңіздер.
«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» — талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз. Ендеше, бұл байқаудың қазылар алқасымен таныс болайық.
1.Химия және биология пәнінің мұғалімі Оспанова С.Қ.
2. мектеп психологы Қабылова К.А.
3. АӘД пәнінің мұғалімі Мұхтаров А.Ж.
Сайыс МАД пен 4 сыныптар арасында өтеді.Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде,1,2,3 орын және де көрермен көзайымы номинациясы бойынша бағаланады.Ең жоғарғы ұпай 10 ұпай.
Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Мектебімізде би билеуге деген балалардың ынта – ықыласы, құштарлықтары өте жоғары. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» дегендей, бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік, ағайын.
Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде.
– деген өлең шумақтарымен байқаудың алғашқы қатысушыларын сахна төріне шақырайық. Мектебіміздің белсенді, әрі сүйкімді бишілері МАД тобын қарсы алыңыздар.
МАД тобы
Жүргізуші :
Біз бақытты балдырған.
Әлемді бимен құлпыртқан – деп көңілденген бишілеріміз 1 сыныбының
Биін назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
1 сынып
Жүргізуші: Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек қана бейбітшілік болуын тілейтін келесі 2 сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.
2 сынып
Жүргізуші :
Сонымен келесі 3 сыныбының үміткерлерін қошеметтеп қарсы алыңыздар.
3 сынып
Жүргізуші : Он саусағы майысқан, 4 сыныбының биші қыздары мен ұлдарынан құралған бишілеріне сәттілік тілей отырып, бүгінгі байқауға дайындаған билерімен сахна төріне шақырамыз!
4 сынып
Жүргізуші : «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» флешмоб би байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін құрметпен әділқазылар алқасына береміз.
Қазылар алқасы жеңімпаздарға марапаттаулар береді.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Осымен бүгінгі тартысқа толы «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» флешмоб би байқауы өз мәресіне жетті. Құрметті көрермендер, жас талантарымызға қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп рақмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» атты флешмоб би байқауының сценарийі
Жүргізуші : — Армысыздар, құрметті көрермендер! Мектебімізде өткізілгелі отырған «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» флешмоб би байқауына қош келдіңіздер.
«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» — талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз. Ендеше, бұл байқаудың қазылар алқасымен таныс болайық.
1.Бастауыш сынып мұғалімі Нұршаш Зияқызы
2. мектеп психологы Қабылова К.А.
3. АӘД пәнінің мұғалімі Мұхтаров А.Ж.
Сайыс 5-11 сыныптар арасында өтеді.Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде,1,2,3 орын және де көрермен көзайымы номинациясы бойынша бағаланады.Ең жоғарғы ұпай 10 ұпай.
Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Мектебімізде би билеуге деген балалардың ынта – ықыласы, құштарлықтары өте жоғары. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» дегендей, бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік, ағайын.
Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде.
– деген өлең шумақтарымен байқаудың алғашқы қатысушыларын сахна төріне шақырайық.Сонымен, 6 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
6 сынып
Жүргізуші :
Біз бақытты балалар.
Әлемді бимен құлпыртар– деп көңілденген бишілеріміз 7 сыныбының
Биін назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
7 сынып
Жүргізуші: келесі сайыскерлеріміз 8 сынып оқушыларын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.
8 сынып
Жүргізуші : Ал біздің келесі байқауға қатысушы үміткерлеріміз би билеуге біраз шыңдалып қалды.
Сонымен келесі 9 сыныбының үміткерлерін қошеметтеп қарсы алыңыздар.
9 сынып
Жүргізуші : Құрметті көрермендер, келесі кезекте өнер көрсеткелі тұрған 10 сыныбының бишілерін ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар
10 сынып
Жүргізуші 1: Би билеп сахнаның үлкен төрінде өнер көрсетіп жүрген байқауымыздың келесі қатысушыларын қошеметтеп қарсы алыңыздар.Ортада 11 сынып оқушылары
11 сынып
Жүргізуші : «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» флешмоб би байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін құрметпен әділқазылар алқасына береміз.
Қазылар алқасы жеңімпаздарға марапаттаулар береді.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Осымен бүгінгі тартысқа толы «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» флешмоб би байқауы өз мәресіне жетті. Құрметті көрермендер, жас талантарымызға қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп рақмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ
«Өнер әлемі — мәңгі жастық әлемі»
Флешмоб би байқауы
Өткізген: Өзін-өзі басқару ұйымы
2018-2019 оқу жылы
«Балдаурен» би байқауы
Армысыздар, ардақты ата — аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Балауса» балабақшасының «Балғын бишілер» сайысына қош келдіңіздер. Сайымызды ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі Ұ. Әшірбековаға беріледі.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп өнерлерін көрсетпек. Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
1. Алтынай апай
2. Ақынсара апай
3. Гүлмира апай
Сайыстың шарттары:
Сайыс 2 бөлімнен тұрады, қатысушы бірінші қазақ биін, екінші еркін биін билейді. Қатысушының биге икемі, киімі, сахнаны меңгеруі ескеріледі.
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірімді нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз бақытты балғын шақты балалар,- деп кезекті биші қыздарымызға береміз.
Би билейді талмайды,
Әсем ән де шырқайды
Сүп — сүйкімді Жанельді
Барлық бала тыңдайды.
Жанельдің орындауында қазақ биі «Қамажай».
Әдепті ол сақтайды,
Шындықты әркез жақтайды
Айдананы апайлар
Тәртіпті деп мақтайды.
Айдананың орындауында «Бақыт» биі.
Үлкенге сәлем береді,
Кішіге қамқор жүрегі
Алмас кызы Мерейдің
Кезегі енді келеді,- деп би кезегін Мерейге береміз «Қамажай»
Бүгінгі би жарысқа
Шықты Дильназ қызымыз
Өнерде де, өмірде
Ашық болсын жолымыз,- деп Дильназды «Шашу» биімен шақырамыз.
« Алау болып жанамын,
Жеңісті өзім аламын»,-
Деп келіпті Балжан қыз
Қуана қарсы аламыз!
Сүйкімді бүлдіршін Балжанның « Япырай» биін тамашалайық!
Ой арманын кешемін,
Ақылды боп өсемін
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін,- деп келген Балаусаны «Аққу» биімен қарсы алайық!
Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым
Дейді біздің Жансая
«Таудан асқан талабым»
Жансаяның «.» биін тамашалайық.
Кезекті ересектер тобына береміз.
Мен де биші боламын,
Жұлдыз болып жанамын
Деп жүр біздің Нұрила
Шұғыладай боламын!
Нұриланы «Ақшолпан» биімен қарсы алайық.
Ертеңгі күнін ойлайтын,
Биіктерге самғайтын
Меруерттей әсем қызымыз
өнерден құр қалмайтын,- деп Меруертті «Қара жорға» биімен қарсы алайық.
Өзі алғыр, жан — жақты,
Қызымыз бар сымбатты
Нұрсәуле біздің әрқашан
Ұстайды өзін салмақты,- деп келесі биші қызымыз Нұрсәулені ортаға шақырамыз.
Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы сіздерге де көп — көп рахмет!
Көрсетпесін өмір — өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата — анаға жүрген демеп!
«Балғын бишілер» сайысына қатысушы бүлдіршіндерге өнер биігіне самғаған қанаттарың талмасын деп сайымызды аяқтаймыз.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Дауылова Күләнда Қожахметқызы
«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы
Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.
Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек» ән-би байқауына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Осы кезеңге 9 әншіміз, 6 бишілер тобы жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Әділ қазы алқалары оқу ісінің меңгерушісі Шайзат мұғалім, , мектебіміздің психологы Асылзат мұғалім, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бекетова Ақжарқын. Ал ендікешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі байқауымыздың алғашқы сөз кезегін мектебіміздің басшысы Бралин Абдиманат Саматұлына береміз.
Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі. Олай болса бүгінгі кешімізді ән өнері сайысқа түсетін өнерпаздарымызбен таныс болыңыздар: 1-сынып оқушысы Бақдәулет 1 номерлі, 2-ші болып бірінші сынып оқушысы Гүлзат, 3 кезекте 2 сынып оқушысы Серікболсын, 4 кезекте 2-сынып оқушысы Арафат, 5 болып Ерасыл, 6 номерде 3 сынып оқушысы Әсемай, 7 номерде 3 сынып оқушысы Арайлым, 8 болып 4 сынып оқушысы Айғаным,9 номерде 4 сынып оқушысы Хадиша өнер көрсетеді. Ал енді би сайысы бойынша өнер кқрсететін өнерпаздармен танысайық. 1-сыныптың биші жігіттері, 2-сыныптың биші ұлдары, 2-сыныптың биші қыздары, 3-сыныптың биші аруы, 4-сыныптың биші қыздары. Ендеше алғашқы жас өренімізге шақырмас бұрын бейне материалға назар аударайық. Сонымен алдарыңызда 1 сынып оқушысы Бақдәулет «Туған жер» әнімен. Қошеметтеп қарсы алайық.
Енді Бақдәулеттің ұпай сандарын білсек:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан – дей келе 2 номерде өнер көрсететін 1 сынып оқушысы Гүлзатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Алдарыңызда 1-сынып оқушысы Гүлзат «Ақбұлақ» әнімен.
Енді Гүлзаттың ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті 2-сынып оқушысы Серікболсынға берейік. Алдымен экранға назар аударайық Алдарыңызда 2сынып оқушысы Серікболсын «Атамекен» әнімен.
Енді Серікболсынның ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! — деп, 2-сынып оқушысы Арафатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Сонымен алдарыңызда 2-сынып оқушысы Арафат «Қазақстан» әнін шырқайды.
Енді Арафаттың ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті 2-сынып оқушысы Ерасылға берейік. Экранға назар аударайық. 2-сынып оқушысы Ерасыл
«Алатау» әнімен.
Енді Ерасылдың ұпай сандарын білсек:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық – деп келесі кезегімізді 4 сынып оқушыларына береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!
Енді біздің арулардың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Арайлым келіп ортаға,
Бар өнерін төгеді- дей келе 3-сынып оқушысы Арайлымды Аққу биімен қарсы алайық.
Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті 1сыныптың биші арландарын шақырайық . «Шекарашы сарбаздар» биі. Енді біздің арландардың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Билер-билер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем,-деп 2-ші сыныптың ұлдарын ортаға «боз жорға» биімен қарсы алайық.
Енді біздің арландардың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай — деп, кезекті 3сынып оқушысы Әсемайдан алған сұхбатқа береміз. Алдарыңызда 3-сынып оқушысы Әсемай «Саржайлау» әнін орындайды.
Енді Әсемайдың ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Арайлым шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ-дей келе Арайлымға кезек берейік. 3-сынып оқушысы Арайлым «Ғажап көбелек» әнімен.
Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.- деп 4сынып оқушысы Айғаныммен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Айғанымды «Табиғатым махаббатым» әнімен қарсы алайық.
Енді Айғанымның ұпай сандарын білсекАл енді соңғы ән орындайтын оқушы 4 сынып оқушысы Хадишаны қарсы алайық. Хадишаның орындауында Сағындым Алматымды әні
Жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Билейміз көңілді би бәрімізде.
2сынып бишілері ортамызда
Халқына ән арнайды шапалақта-дей келе 2 сыныптың мың бұралған биші қыздарын шақырайық.
Енді биші қыздарымыздың ұпай сандарын білсек
Жүргізуші:
Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға 4 сыныптың биші қыздарын «Көңіл толқыны» биімен шақырамыз. Қане, қошеметтепқояйықағайын!
Енді биші қыздарымыздың ұпай сандарын білсек
Осымен «Айгөлек» ән-би байқауы өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!