Білгенге маржан (тапқырлар сайысы)
Сценарилер- admin
- 22.05.2016
- 0
- 1
- 11344
Муханбеталина Гульмира Кайроллиновна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
М.Ғабдуллин ауылы
Сайыстың мақсаты:
білімділік: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, сараптау.
дамытушылық: берілген тапсырманы шапшаң орындай білу дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: –Сәлеметсіздер ме, құрметті сайыскерлер және қонақтар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын, білімге қызығушылығын арттыратын «Білгенге маржан» атты тапқырлар сайысымызға қош келіпсіздер! Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл- дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!
Олай болса,тапқырлар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!
1-топ: «Қыран» тобы
2-топ: «Тұлпар» тобы
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әділ-қазылар алқасымен және сайыстың кезеңдерімен таныстырып шығу.
Сайыстың бөлімдері:
1. Таныстыру
2. «Жедел жауап»
3. «Сөзмәйегі – мақал»
4. «Полиглот»
5. «Ойлан тап»
6. «Қызықтыұйқастар»
7. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
Жүргізуші: Ал енді, жарысушы топтар, осы жарыстың бірінші бөлімінен бастайық, яғни таныстыру. Әр топ ортаға шығып, өз топтарын таныстырады. Осы екі қатысушы топқа сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз.
1-бөлім. Таныстыру.
2- бөлім. «Жедел жауап».
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
І топ
1. ҚР астанасы қай қала? (Астана)
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше тұрі бар? (4)
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
4. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
5. Қазақстанның ел басшысы кім? (Н.Ә. Назарбаев)
6. Жеңіс күні? (9-мамыр)
7. Тышқаннан қорқатын аң? (піл)
8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)
9. Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)
10. Қыстың бірінші айы? (қаңтар)
ІІ топ
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
2. Қазақстан тарихында неше астана болған? (4)
3. Көктемнің бірінші айы? (наурыз)
4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
5. Бір жылда неше күн бар? (365)
6. ҚР мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
7. Бала оқытатын адам? (мұғалім)
8. ҚР рәміздері? (ту, елтаңба, ән ұран)
9. Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор)
10. Абайдың шын аты? (Ибраһим)
3- бөлім. «Сөз мәйегі – мақал»
І топ
1.Ең тәтті де тіл, … (еңащы да тіл.)
2. Отансызадам — … (ормансызбұлбұл.)
3. Тіл – қылыштан … (да өткір.)
4. Өнералды – … (қызылтіл.)
5. Отан … (оттан да ыстық.)
6. Оқусызбілімжоқ, … (Білімсізкүніңжоқ.)
ІІ топ
1.Жүз сомыңболғанша, … (жүздосыңболсын.)
2. Ер жігіт ел үшінтуады, … (ел үшінөледі.)
3. Білімтаппаймақтанба, … (өнертаппайбаптанба.)
4. Мектеп-кеме, … (білім-теңіз.)
5. Жақсыжолдас – жанғасерік, … (жаманжолдас-малғасерік.)
6. Шебердіңқолыортақ, … (шешенніңтіліортақ.)
4- бөлім. «Полиглот». Ең бай адам-көптілді меңгерген адам. Көп тіл білген адамды ғылым тілінде «полиглот» дейді. Келесі сайысымыз жұмбақтарды қазақ, орыс, ағылшын тілінде шешу.
І топ
1. Темір тілді, күміс үнді. (Қоңырау, колольчик, king)
2. Қыста келген, көктемде еріген. (Қар, снег, snow )
3. Үй үстінде асыл тас, алайын десе табылмас. (Жұлдыз, звезда, star)
4. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. (Мектеп, школа, school )
5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса атта ма. (Кітап, книга,book)
ІІ топ
1. Сырты тәтті, іші тәтті, ортасы сүйек қатты. (Алма, яблоко, аpple)
2. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы, лыжи, skiing )
3. Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (Бор, мел,a piece of chalk )
4. Жесең ащы, көзіңнен шығар жасы. (Пияз, лук, bow )
5. Аспанға ұшар бу болып, жерге қайтар су болып. (Бұлт, облако, cloud )
5- бөлім. «Ойлан тап»
Бұл сайыста берілген әріптермен сөз құрайды.
1-топ
я,м,р,г,о,и,л,о,ф,о (морфология)
2-топ
а,ф,и,к,о,е,н,т (фонетика)
6- бөлім. «Қызықты ұйқастар»
Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топ
1. Жизнь –өмір, уголь –көмір.
2. Таможня – кеден, пол – еден.
3. Рыба – балық, народ – халық.
4. Зуб – тіс, дело –іс.
5. Лето –жаз, гусь – қаз.
ІІ топ
1. Город – қала, ребенок – бала.
2. Игра – ойын, шея – мойын.
3. Число – сан, кровь – қан.
4. Человек – адам, шаг – қадам.
5. Дверь – есік, колыбель – бесік.
7- бөлім. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
Топ басшылары шығып,сандықшадан тапсырмалар алады. Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді.
1 топқа
- Сиырдың пірі не? (Зеңгі баба)
- Омоним дегеніміз не? (Біркелкі дыбысталып, мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді)
- Фонетика саласы нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
- «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңініңавторы кім? (Абай Құнанбаев)
2 топқа
- Жылқының пірі не? (Қамбар ата)
- Антоним деген не? (Мағыналары қарама-қарсы сөздер)
- Буынның неше түрі бар? (ашық, тұйық, бітеу)
- Етістіктің неше шағы бар? (Осы шақ, келер шақ, өткен шақ)
- «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
Жүргізуші:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділ қазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз.
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін!
Тәрбие сағат тақырыбы: «Білгенге маржан,білмеске арзан»
Мақсаты:
Оқушылардың өткен тақырыптарын естеріне түсіру арқылы сыни тұрғыдан ойлау үйрете отырып, логикалық ойлауын, белсенділіктерін, жылдам есептеуге дағдыларын дамыту,
Сабақтың түрі: интелектуалды ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,маркер.
I.Сабақтың барысы.
Мұғалім сөзі :
Құрметті: Ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Білгенге маржан,білмеске арзан» интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер.Сонымен,бүгінгі сайысымыз 4 – кезеңнен тұрады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Топқа бөліну: 123 4 — сандар арқылы топқа бөлінеді.
1- кезең «Ойлан тап »
2- кезең «Көңілді қадам!»
3- кезең: «Сиқырлы сөздер»
1-кезең
Өнер қуған балалар өтер дейміз
Бір басына білімі жетер дейміз
Сайысқа келген оқушылар кезектесіп
Сұрақтарға жауап берсе екен дейміз, – деп сайыстың бірінші «Ойлан тап» кезеңін бастаймыз.
«Жігер» тобы
-1жылда неше ай бар?
— Аптаның үшінші күнін ата.
«Болашақ» тобы
70 пен 30 –дың қосындысы
нешеге тең?
60 пен 20 – ның айырмасы
нешеге тең?
«Білім» тобы
Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)
Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
Ақыл тобы
Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
2-кезең
Жанарың ойлы болсын
Білімің молдау болсын,
Ортадан қолдау көрсін
Еліңнің көңілі толсын, — деп кезекті «Көңілді қадам!» кезеңіне береміз.
«Жігер» тобы — «Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте »
2 дм = 7 дм = 4 дм = 1дм 9 см = 1дм 5 см = 1дм 3 см =
«Болашақ» тобы – «Менің отбасым» эссе жазу
«Білім» тобы – «Логикалық сұрақтарға жауап беру»
- Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
- Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
- Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
- 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма?(тең)
«Ақыл » тобы – «Сөзжұмбақты шешу»
1.Киелі құс / аққу/
2Қыстың соңғы айы/ ақпан/
3.Үй құсы/ қаз/
4.Қ-Рның Астанасы қай қала / Астана /
5.Есту мүшесі / құлақ/
6.Ас атасы не?/нан/
7.Ең жақын адам / ана /
3-кезең : «Сиқырлы сөздер» кезең
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата – ана үмітін
Әрбір сөзі — тәлімі мол бір мектеп, — деп сайысымыздың үшінші кезеңін бастаймыз. «Сиқырлы сөздер» кезеңінде оқушыларға берілген сөзден сөздер шығару керек.
«Жігер» тобы — «Жұмбақ »
«Болашақ» тобы – « Балапан »
«Білім» тобы – «Балдырған»
«Ақыл » тобы – «Кітапхана»
Қорытынды:
Өнер мен білімнің биігіне шыққан
Көбейсін білімділер әрбір тұстан
Ата салт-дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз жасай берсін Қазақстан! – деп бүгінгі «Білгенге маржан,білмеске арзан» интелектуалды ойын сабағымыз өз мәресіне жетті.Көңіл бөліп қатысқандарыңызға көп рахмет!
Просмотр содержимого документа
«»Білгенге маржан-білмеске арзан «»
Зерделілер ойыны
«Білгенге — маржан»
Ойынның мақсаты: сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой шапшаңдығын, тіл байлықтарын, көзқарастарын кеңейту;
ойын арқылы білімділік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Ойыншылар екі топқа бөлінеді.
I – тур «Блиц турнир»
Әр топқа 12 сұрақ қойылады. Әр сұрақ – 10 ұпай. Егер ойыншы қателессе, кезек келесі ойыншыға беріледі.
Блиц — турнир сұрақтары
Ұлдар тобына
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Аюдың баласы (қонжық)
3. Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
4. Математикада неше амал бар (4)
5. Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
6. Қатып қалған су (мұз)
7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
8. Суда өседі тамыры жоқ (балдыр)
9. Сөйлем неден құралады (сөзден)
10. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет (Қытай)
11. Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
12. Мойны ұзын жануар (жираф — керік)
13. Астана қай өзеннің бойында (Есіл)
Ұлдар емес тобына
1. Жылқының сүті (қымыз)
2. Қасқырдың баласы (бөлтірік )
3. «26» неше таңбалы сан (екі)
4. Ауданның өлшем бірліктерін ата (см. кв)
5. Әкемнің әкесі маған (ата)
6. Жыл мезгілдері нешеу (4)
7. Абылай ханның шын аты (Әбілмансур)
8. Жолаушылар таситын ең үлкен самолет (Боинг 747)
9. Қалталы жануар (кенгуру)
10. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады
(қашықтықты)
11. Ең биік ағаш (секвойя Калифорниядағы)
12. Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер (мультфильм «Ну, погоди!»)
II – тур «Ойлан, тап!»
Әр топ 4 сұрақты кезектесіп таңдап алады. Әр сұрақ – 500 ұпай.
Егер жауабын айта алмаса, залдан көмек сұрайды. Мұндайда жауабы 400 ұпаймен саналады.
Егер жауабын әлі де білмесе. Ойын жүргізушіден көмек сұрайды: жауап – 300 ұпаймен саналады.
Егер әлі де жауабын айта алмаса, тағыда жүргізушіден көмек алуға болады: жауап – 200 ұпаймен саналады.
«Ойлан, тап!» турының сұрақтары
1. Космонавттар неге скафандр киеді?
(Ғарышта Жердің көлеңке тұсында өте суық, жарық жағында өте ыстық және ол жерде ауа қысымы жоқ болғандықтан адамдардың қаны қайнап кетуіне болады. Скафандр адам денесінің температурасын бір қалыпта сақтайды, денесін қорғайды)
2. Жаңбыр қалай пайда болады?
(Күннің көзі теңіз
дерден суды булайды. Желмен бу
құрлық бетіне ауысады. Таулардың үстінде ылғалды ауа жоғары көтеріледі, сонда шоғырланады. Жерге жаңбыр, қар болып түседі)
3. Арал неге кішірейіп барады?
( Аралға суларын қосып құятын өзендердің суын адамдар жолшыбай шаруашылық қажеттіліктеріне бұрып алады. Теңізге су жетпейді және ыстықта көп буланып суы тартылып жатыр)
4. Кірпі қыс бойы ұйықтайды, түк жемейді. Ендеше неге кірпі алманы арқалап жүреді?
( Орман ішінде, шөптің арасынан кірпі өзінің инелерімен неше түрлі жәндіктерді жұқтырып алады. Олар мазасын алып денесін қышытады. Кірпінің инесіне түйрелген алманың қышқылы оларды құртады)
III – тур «Білгенге — маржан»
100, 200, 300, 400, 500 ұпаймен сұрақты таңдаған топ өзі бағалайды. 1 — 6 сұрақтарда егер жауап дұрыс болса, ұпайлары қосылады.
Соңғы 2 сұрақ интеллектуалды дуэль тәртібімен ойналады.
7 — 8 сұрақтарда — егер жауабын білмесе – ұпайлары таңдаған ұпайлар санына азаяды.
«Білгенге — маржан» турының сұрақтары
1. Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы көл (Балқаш)
2. Заң шығаратын орын (Парламент)
3. Европа мен Азияны бөліп тұрған тау ( Орал)
4. 14 облыстан құралып тұрған ел (Қазақстан)
5. Түйеқұс қандай жылдамдықпен жүгіре алады? (70км/сағ)
6. Ауаның үштен екі бөлігін құрайтын газ (азот)
7. Майлы, қоймалжың сұйық зат. Жанғанда күлі де қалмайды (Мұнай)
8. Әлемнің жеті кереметін ата
• ( Хеопс пирамидасы 147 м,
• Александрия манары Ніл өзенінде Фарос аралында,
• Семирамида аспалы бағы 6 қабат үйдің биіктігіндей Вавилонда),
• Зевс мүсіні 14 м,
• Галикарнас кесенесі,
• Родос алыбы 36 м,
• Артемида ғибадатханасы
-Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Білгенге маржан»атты білім сайысына қош келдіңіздер!
Бұл білім сайысын өткізу мақсатымыз оқушылардың ана-тілге деген құрмет сезімін арттыру,шәкірттердің білім деңгейін зерделеп, сарапқа салу,талантты, білімді оқушылардың талабын шыңдау.
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа 4г,4д,4е сыныптарының білімді, өнерлі оқушылары қатысады.Әр сыныптан 6 оқушыдан қатысады.
2-жүргізуші:Ендеше, оқу,білу- парызымыз деп есептейтін дарынды оқушыларымызды ортаға шақырайық! (орындарына орналастыру, әуенмен)
1-жүргізуші: — Қатысушы топтардың өнеріне,біліміне әділ баға беретін әділқазыларды таныстырсақ:
Әділқазылар төрағасы: Жумадилова Замзагүл Рымбековна
Мүшелері: Қошым Алтынгүл Мұқымқызы
Бакенова Алмагүл Сайлауовна
2-жүргізуші: -«Білгенге маржан»атты сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.Алғашқы бөліміміз «Сәлем сөздің анасы» деп аталады.Әр топ өздерін өлең жолымен таныстырып өтеді.Кәне бастайық.
Ұпай санымен танысыңыздар. Жасұлан тобы, Зерделі зеректер, Талап
1-жүргізуші:Келесі сайысымыз «Ұшқыр ой –жылдам жауап». Әр түсті конвертте әр пәнді қамтыған 12 сұрақ берілген.Конверттер түсін таңдаңыздар.
Қызыл түсті:
1.Бүкіл әлемге Абайды танытқан кім?
2.Адамды адам еткен не?
3.Ақылды сөзі қай сөз табына жатады?
4.Құрманғазы шәкірті
5.Жалаң сөйлем деген не?
6.Кенге жатпайтын пайдалы қазба
7.Зевс мүсінінің авторы кім?
8.Біз қазақ деген жай жатқан елміз,ешкімге тиіспей жай жатқан елміз» кімнің сөзі?
9.Тәуелсіздік күні?
10.Мұнайға бай өлке
11.Ұзындық өлшем бірлігі
12.Көбейту заңдылықтары
Сары түсті:
1.Әліпби,тіл құралдары еңбектерінің авторы?
2.Адам қалай пайда болды?
3.Семирамида аспалы бағы қайда орналасқан?
- «От жанып жатыр.Әрі жарық, әрі үй жылынып тұр.Қара қазан да аузын аңырайта ашып,тілеу тілегелі талай заман болды.»қай шығарманың үзіндісі?
5.Ащы сөзіне қарсы мағыналы сөз
6.Жанғыш пайдалы қазбалар
7.2-3 жай сөйлемнен тұратын сөйлем?
8.Үгілу деген не?
9.30-тамыз қандай мереке?
10.Көмірлі өлке
11.салмақ өлшем бірлігі
12.Ауданды қалай табады?
Көк түсті:
1.Әбілмансұр кім?
2.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?
3.Олжас қандай зат есім?
4.Қазақ халқының ұлы ғалымы
5.Баяндауыш сұрақтары
6.Сөз тіркесі
7.Кенді пайдалы қазба
8.Біздің еліміздегі тарихи ескерткіштер
9.Дөңгелек ауданын не арқылы табады?
10.Қостанай қандай пайдалы қазбаға бай?
11.Сыйымдылық өлшем бірлігі
12.Көлемді қалай табамыз?
-Сұрақтардың қамтылғанын және дұрыс берілген жауап бойынша ұпайларын көрсек.
2-жүргізуші:ІІІ бөлім. Өлең-сөздің патшасы,
Сөз- сарасы деп Абай атамыз айтқандай келесі сайысымыз
«Бейнелі сөзге бейімді бол»деп аталады. Топтың басшылары ортаға келіп тапсырмаларыңызды таңдаңыздар. Осы сөз тіркестердің мағынасын ашып айту керек.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
1-тапсырма Араға от салу
Салы суға кету
Тасы өрге домалау
2-тапсырма Тепсе темір үзеді
Қара бұлтты төндіру
Бос белбеу
3-тапсырма Шөп басын сындырмау
Жұлдызы қарсы
Сүт пісірім уақыт
-Ұпайларын көрейік.
1-жүргізуші:ІҮ бөлім. Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарыңды қатырамыз демек ендігі сайысымыз
«Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады.Бұнда математикалық тапсырмалар жасырылған,топпен шешіп, бітіргенде таяқшаны көтеру керек.
-Топтар дайын болғанша 4д сынып оқушысы Тұрдыбай Нұрайдың орындауында «Туған тілім» өлеңін тыңдаңыздар.
-Әділқазылар бағасымен танысайық.
2-жүргізуші:Ү бөлім.
Жеті жұрттың тілін біл.
Жеті түрлі ілім біл деген екен бабаларымыз, ендеше тіл білімінен дәрежемізді көрсетейік.Жұмбақ жасырылады, шешуін үш тілде айту керек.
1-топқа: 1.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.(кітап-книга-bоок)
2.Жеті қазынаның бірі,адамға жолдас? (ит-собака-dog)
3.Футболшыға керек:(доп-мяч-ball)
2-топқа: 1.Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із қалар.(бор-мель-chalk)
2.Жердің көркі не? (гүл-цветок-flower)
3.Сағат сайын қағылады,
Тек мектепте табылады. (қоңырау-звонок-bell)
3-топқа: 1.Ас атасы- (нан-хлеб-bread)
2.Тілі жоқ өзінде,сөзі бар ізінде.(қалам-ручка-reh)
3.Жүз теңгең болғанша, жүз … болсын.(дос-друг-frerd)
-Ұпайларын тамашалайық.
1-жүргізуші:ҮІ бөлім «Мақал сөздің көркі» бөлімінде мақалдың жасырылған бөлігін табу беріліп отыр.
1.Туған жерім тұғырым, өскен елім-өзегім.
2.Сөйлей-сөйлей шешен боласың,
Көре-көре көсем боласың.
- Арпа ,бидай-ас екен,
Алтын,күміс-тас екен.
4.Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.
5.Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі.
- Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
7.Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
8.Сыйға сый-сыраға бал.
9.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
10.Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
-Топтардың қанша дұрыс жауап бергенін тыңдайық.
2-ші жүргізуші.ҮІІ бөлім
Біле-білген білімдіні зерек дейміз,
Білімімен ел жұрттан ерек дейміз демекші ендігі сайысымыз сөзжұмбақ шешу.Тапсырманы орындаған топ таяқшаларын көтеріп, шығарған сөздерінің мағынасын ашып айтады.
- АЛМАТЫ 1.Бұрынғы астана
ӘНШІ 2.Ән орындаушы
ЕТІСТІК 3.Қимылды білдіретін сөздер
КИІЗ 4.Қой жүнінен жасалған бұйым
СӘКЕН 5.Көрікті ақын
- ҚАСТЕЕВ 1.Суретші ата
ЖАЙЫҚ 2.Өзен аты
БАТА 3.Аталар тілегі
СЫЗҒЫШ 4.Оқушы құралы
СИЫР 5.Жыл аты
- ЕШКІ 1.Төрт түлік бірі
КЕРЕГЕ 2.Киіз үй құралы
ТОҚТАР 3.Алғашқы ғарышкер
ЕСІЛ 4.Өзен аты
КӨГЕРШІН 5.Бейбітшілік құсы
І
-Топтар шешкенше 4г сынып оқушыларының орындауында «Брег би» тамашалаңыздар.
Ұпай санымен танысу.
1-жүргізуші:
— Міне, білім сайысы да өз мәресіне келіп жетті.Білім сайысында білімділігін, тапқырлығын, зеректігін, алғырлығын сынға салып, өз өнерін танытқан үш топқа да үлкен алғысымызды білдіреміз.
2-жүргізуші;-Сайыс қорытындысын шығару үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Қызыл түсті:
1.Бүкіл әлемге Абайды танытқан кім?
2.Адамды адам еткен не?
3.Ақылды сөзі қай сөз табына жатады?
4.Құрманғазы шәкірті
5.Жалаң сөйлем деген не?
6.Кенге жатпайтын пайдалы қазба
7.Зевс мүсінінің авторы кім?
8.Біз қазақ деген жай жатқан елміз,ешкімге тиіспей жай жатқан елміз» кімнің сөзі?
9.Тәуелсіздік күні?
10.Мұнайға бай өлке
11.Ұзындық өлшем бірлігі
12.Көбейту заңдылықтары
Сары түсті:
1.Әліпби,тіл құралдары еңбектерінің авторы?
2.Адам қалай пайда болды?
3.Семирамида аспалы бағы қайда орналасқан?
- «От жанып жатыр.Әрі жарық, әрі үй жылынып тұр.Қара қазан да аузын аңырайта ашып,тілеу тілегелі талай заман болды.»қай шығарманың үзіндісі?
5.Ащы сөзіне қарсы мағыналы сөз
6.Жанғыш пайдалы қазбалар
7.2-3 жай сөйлемнен тұратын сөйлем?
8.Үгілу деген не?
9.30-тамыз қандай мереке?
10.Көмірлі өлке
11.салмақ өлшем бірлігі
12.Ауданды қалай табады?
Көк түсті:
1.Әбілмансұр кім?
2.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?
3.Олжас қандай зат есім?
4.Қазақ халқының ұлы ғалымы
5.Баяндауыш сұрақтары
6.Сөз тіркесі
7.Кенді пайдалы қазба
8.Біздің еліміздегі тарихи ескерткіштер
9.Дөңгелек ауданын не арқылы табады?
10.Қостанай қандай пайдалы қазбаға бай?
11.Сыйымдылық өлшем бірлігі
12.Көлемді қалай табамыз?
тапсырма Араға от салу
Салы суға кету
Тасы өрге домалау
2-тапсырма Тепсе темір үзеді
Қара бұлтты төндіру
Бос белбеу
3-тапсырма Шөп басын сындырмау
Жұлдызы қарсы
Сүт пісірім уақыт
1.Бұрынғы астана
ӘНШІ 2.Ән орындаушы
ЕТІСТІК 3.Қимылды білдіретін сөздер
КИІЗ 4.Қой жүнінен жасалған бұйым
СӘКЕН 5.Көрікті ақын
- ҚАСТЕЕВ 1.Суретші ата
ЖАЙЫҚ 2.Өзен аты
БАТА 3.Аталар тілегі
СЫЗҒЫШ 4.Оқушы құралы
СИЫР 5.Жыл аты
- ЕШКІ 1.Төрт түлік бірі
КЕРЕГЕ 2.Киіз үй құралы
ТОҚТАР 3.Алғашқы ғарышкер
ЕСІЛ 4.Өзен аты
КӨГЕРШІН 5.Бейбітшілік құсы
Алғырлар мен тапқырлар
Мақсаты: Елімізге бойына ата – бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар, қымбатты оқушылар! Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының арасында өткелі отырған Алғырлар мен тапқырлар атты танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Ойынның мақсатын айту.
Ойынға қатысушы топтарды таныстыру:
1 – топ: Асыл арман
2 – топ: Самұрық
3 – топ: Бақытты заман
4 – топ: Болашақ
Шарттармен таныстыру:
1. Бала тілі — бал (Мектепалды даярлық тобының оқушылары кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді жасырады. Сол жасырынған сөздерді ойыншыларымыз табуы тиіс)
2. Ойлан тап (логикалық сұрақтарға жауап беру)
3. Білгенге маржан
4. Әліппе кезеңі (компьютер бір әріп береді, сол әріптен басталып, кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөздер жазу, 1 минут ішінде)
5. Математик кезеңі (1 минутта кім көп есеп шешеді)
Қазылар алқасымен таныстыру:
1.
2.
3.
4.
Жүргізуші: ойынымыздың 1 — кезеңін бастайық! Бала – тілі бал . Бұл кезеңде мектепалды даярлық тобының оқушылары кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді жасырады. Сол жасырынған сөздерді ойыншыларымыз табуы тиіс:
1. Яблоко
2. Балмұздақ
3. Сахар
4. Мұғалім
5. Снег
6. Аю
7. Сова
8. Президент
6. Ойынымыздың екінші шарты – Ойлан, тап деп аталады, Мұнда ойыншыларымызға танымдық сұрақтар қойылады.
1 – кітап:
Қыста үйдің ең суық жері?
А) тоңазытқыш
Ә) қойма
Б) сырты
2 – кітап:
На чем играл кот в русской народной сказке Петушок – золотой гребешок ?
А) на балалайке
б) на домбре
в) на гитаре
3 – кітап:
Мені ешкім түсінбейді неліктен?
А) сөйлемеген соң
Ә) ешкі болғандықтан
Б) түсіндіре алмаған соң
4 – кітап:
Шоколадка с названием планеты?
А) альбени
б) марс
в) юпитер
5 – кітап:
Нені жеген сайын жылайсың?
А) жуа
Ә) таяқ
Б) лимон
6 – кітап:
Птица символ мира
А) дятел
б) айст
в) голубь
7 – кітап:
Әуеге лақтырғанда жерге құламайтын не нәрсе?
А) тас
Ә) құс
Б) доп
8 – кітап:
Плавучий живой фонтан?
А) кит
б) дельфин
в) акула
Ұпай саны аз топпен қоштасу. Келесі шартқа 3 – топ қатысады.
Ойынымыздың 3 – кезеңі Білгенге маржан
Бұл шартта өлеңдердің ұйқасын табу қажет.
1. Наша Таня громко плачет,
Уронила в речку…………
А) шарик
б) тазик
в) мячик
2. Көргенді жас, пәк бала
……………. аттама.
А) дастарқаннан
Ә) кітаптан
Б) үстелден
3. Во поле………. стояла.
А) молодая
б) седая
в) кудрявая
4. Құр бекерден ермекке,
Бос………….. тербетпе.
А) сөмкені
Ә) керуетті
Б) бесікті
5. А вот это, посмотри,
Выступает…… три.
А) буква
б) цифра
в) знак
6. Дастарқанға емінбе,
……….. алдында керілме.
А) мұғалім
Ә) сыныптас
Б) көп
4 – кезең Әліппе кезеңі (компьютер бір әріп береді, сол әріптен басталып, кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөздер жазу, 1 минут ішінде)
5 – кезең Математик кезеңі 1 минутта кім көп есеп шешеді.
Қорытынды: Қазылар алқасына сөз беру, жеңімпаздарды мадақтау