Тяжина Татьяна Талгатовна
Математика пәні мұғалімі
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі
« Білгірлер сайысы»
Мақсаты:
-
Интеллектуалдық ойын арқылы ептілікке, өз ара сайыс түрінде қарапайым болса да логикалық ойлауды қажет ететін түрлі мазмұнды есеп, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу;
-
Оқуышларды пәнге деген сүйспеншілікке, білімге, құштарлыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
-
Ойын арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.
Өткізу түрі: жарыс сабақ
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, презентация
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі»-деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 8 сынып оқушылары арасында математикадан «Білгірлер сайысы» атты білім сынағының куәгері боласыздар. Сайыскерлер тапқырлығымен көзге түсер деп ойлаймын. Ортаға ойынға қатысушы сайыскерлерімізді шақырамыз. Сайыскерлермен танстыру.
1. 8 «А»
2. 8 «Ә»
3. 8 «Б»
4. 8 «В»
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! — дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
Құрметті жиылған қауым, мен сіздерге мына бір мақалды айтқым келіп тұр. «Жүгірген ала ма, әлде бұйырған ала ма» демекші, сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
-
Топтарды таныстыру (5 ұпай)
-
Қас қағым сәт (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
-
Тіл өнер (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
-
Нар тәуекел (алынған ұяшықтағы берілген ұпайлар бойынша бағалау)
-
Кім жылдам(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Осындай дүбірмен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан.
І кезең: топтардың таныстыруын бастаймыз.
Ережесі: сайыскерлер өздерінің топтарының аттары мен ұрандарын таныстырып өтеді. Ең жоғарғы ұпай- 5 ұпай.
Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп тастайық.
ІІ кезең: «Қас қағым сәт».
Ережесі: Бұл кезеңде төрт топ сайыскерлері де қатысады. Әрбір топқа жеке-жеке 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1 топ сұрақтары:
1) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)
2) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ)
3) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)
4) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
5) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)
6) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)
7) Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. Радиус
Сәуленің ұшы бола ма? Иә
9) Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. Шаршы
10) Тік бұрыштан кіші бұрыш. Сүйір
2топ сұрақтары:
1) Қосудың теңдігі. Қосынды
2) Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
3) Санның жүзден бір бөлігі. Процент
4) Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.
5) Метрде қанша сантаметр. Жүз
6) Ең кіші жай сан. 2
7) Тік бұрыштың шамасы . 900
Торғайлар ұшып келіп бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екіден қонса бір бұтақ артық қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша? (4 торғай, 3 бұтақ)
9) Бір жанұяның бес ер баласы бар, және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
10) Көбейтінді қай кезде нөлге тең? Біреуі нөлге тең болғанда
3 топ сұрақтары:
1)Бір минутта қанша секунд. 60
2) Бірге және өзіне бөлінетін сан. Жай сан
3)Екі санның бөліндісі. Қатынас
4) Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік
5) Математика патшасы. Арифметика
6)Диаметрдің жартысы. Радиус
7)Бір жылда неше тәулік бар? 365
Біршоколадты 100 теңгегесатыпаламыз.1,5 шоколадтынешетеңгегесатыпалуғаболады. (200)
9) Кесінді тұйықталған ба? Иә
10) Берілген фигураның қабырғаларының қосындысы. Периметр
4 топ сұрақтары
1. Дөңгелектің ең үлкен хордасы. Диаметр
2. Азайтудың теңдігі . Азайтынды
3. Қай санды бөлуге болмайды. 0
4. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99
5. Шеңберді сызатын құрал. Циркуль
6. 1кг-да қанша грамм бар. 1000гм
7. Ең кіші натурал сан. 1
8.Жазыңқы бұрыштың шамасы. 1800
9. Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең? 4м
10. Қиылыспайтын екі түзуді қалай атайды? Параллель
Бұл кезеңнің сұрағы,
Көпшілікке ұнайды.
Көп сұрақтың орнында,
Қандай сөздер тұрады.
Ойланайық азырақ,
Уақытты үнемдеп.
Кім айтады кәнеки?,
Жауабын мен білем деп.
ІІІ кезең: Тіл өнер
Ережесі: Бұл кезеңде 4 топ сайыскерлері де бірдей уақытта қатысады. Интерактивті тақтадағы берілген тапсырмалардың жауаптарын үш тілде айтып берулері керек.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады.
1. … тістен шыққан сөз,
…. рулы елге тарайды.
Жауабы: отыз, тридцать, thirty
2.Жүз төрт түйме, он бір ине
Жауабы: есепшот, счет, account
3….. ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Жауабы: алтау, шесть, six
4.Ел құлағы …
Жауабы: елу, пятьдесят, fifty
5.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі
Жауабы: сызғыш, линейка, ruler
6. Ер жігіттің … сөйлегені өлгені
Жауабы: екі, два,two
7.Мың қосшыға … басшы
Жауабы: бір, один, one
8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында
Жауабы: сызғыш, линейка, ruler
9.Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады
Жауабы: циркуль, циркуль, compasses
10…. кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
Жауабы: қырық, сорок,forty
Қарап тұрмай есеп шешіп еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Төртінші кезең “Нар тәуекел” көріңіз.
ІҮ кезең: Нар тәуекел
Ережесі:Ойынға 4 топ сайыскерлері қатысады. Сұрақтар сайыскерлерге математика бойынша 4 бөлімнен дайындалады. Сұрақтар экранда тиісті ұпай сандарының астында жазылады.Берілген әрбір дұрыс жауап үшін сәйкесінше ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, жауап беру құқығы келесі топқа өтеді.
«Нар тәуекел» кезенінің сұрақтары:
Математиктер:
10 ұпай:15 ғасырда Самарқанд ғалымы «Арифметика кілті» еңбегінде ондық бөлшектерді енгізді. Ол кім? (әл-Каши)
20 ұпай:Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар һаям енгізді әл-Жебр қалпына келтіру уал-қарсы қою)
30 ұпай:Египеттегі Хеопс пирамидасының биіктігін дәл тапқан ғалым математик? (Фалес)
40 ұпай:«Негіздер» кітабының авторы кім? (Евклид)
Сандар сөйлейді:
10 ұпай:«Ноль»сөзінің мағынасы және қайдан шыққан? («ноль»ұғымы 5 ғасырда Үндістанда шыққан. «Ноль» жоқ деген сөз)
20 ұпай:Тетелес сандар деген қандай сандар? (Егіз сандар–айырымы екіге тең болатын жай сандар)
30 ұпай:«Барлық заттың негізі–сан»кімніңсөзі (Пифагор)
40 ұпай:Палиндром дегеніміз не?(( грекше – кері жүгіру ) – сол жақтан оң жаққа қарай, оң жақтан сол жаққа қарай бірдей сан құрайтын цифрлармен жазылған натурал сан. Мысалы , 121; 5995;1991;13531;345543–сандары палиндромдар.)
Сен білесің бе?
10 ұпай:Әріпті өрнекті енгізген ХҮІ ғасырдың көрнекті математигі (ФрансуаВиет)
20 ұпай:«Хисаб ал джебр валмукабала» еңбегінің авторы (әл-Хорезми)
30 ұпай:Қазақта қолданатын ұзындық өлшеулерін ата. (Шынтақелі, бірелі, сынық сүйем, құлаш, табан, қадам, көзкөрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер,
қозыкөш жер, т.б.)
40 ұпай:Геометрия терминінің мағынасы (жерөлшеу)
Әр түрлі:
10 ұпай: диаметрдің жартысы (радиус)
20 ұпай:Қандай мемлекеттің атында геометриялық дененің аты қайталанады? (Куба)
30 ұпай:Қандай елде бірінші рет шеңберді-қа бөлді? (Вавилон)
40 ұпай:Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365 күн, 6 сағат)
Біздің келесі соңғы сайысымыз – «Кім жылдам».
V кезең.
Ережесі: Бұл сайыста4 топқа әріптері адасқан 5 математикалық ұғымдар беріледі. Осы математикалық ұғымдарды сайыскерлердің қайсысы бірінші болып дұрыс ретімен жазып шығулары керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1 топ:
АНС — САН
БРОМ -РОМБ
ЛЕСУӘ -СӘУЛЕ
РОТКЕВ -ВЕКТОР
КИРЬЛУЦ — ЦИРКУЛЬ
2 топ:
АДАПИРИМ – ПИРАМИДА
ЦИПОРЯРОП – ПРОПОРЦИЯ
УБК – КУБ
ЗҮУТ – ТҮЗУ
ҰРШЫБ – БҰРЫШ
3 топ:
ӨЛКЕШБ – БӨЛШЕК
НУКЯИФЦ – ФУНКЦИЯ
ТЕРАЛГИН – ИНТЕГРАЛ
АПРЕЛЬЛЛА – ПАРАЛЛЕЛЬ
АПРЦЕТЯИ — ТРАПЕЦИЯ
4 топ:
ЕҢШБРЕ – ШЕҢБЕР ШҰБРШҮЫ – ҮШБҰРЫШ ТРҰБЫШРӨТ — ТӨРТБҰРЫШ РВАДКАТ – КВАДРАТ
ЕРЖӘДЕ — ДӘРЕЖЕ
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша дейін, біз көрермендермен жұмыс жасайық.
«Серпілу» көрермендер кезеңі:
-
портфелімде әуелі
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пен Маратқа,
Самат пенен Сағатқа,
Апасына Қанаттың
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғаны,
Айта қойшы ал, жаным.
(3)
2. Біздің үйде көжек көп,
Іштеріңде өжет көп.
Әсіресе бес көжек,
Маған нағыз дос көжек.
Қолымнан кеп жем жейді.
Басқалары келмейді.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
(11)
3. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бірқазан
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерке, бір қарға
Қосылды кеп бұларға
Айтшы, неше құс ұшып жүр
Неге екенін түсіндір.
(12)
4. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары?
( 6 )
5. Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те,маған бер.»-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,»-деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?
(10 адам,5 ұры)
6. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі,
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасан бос күлкі.
(28)
7.Түйе ,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнаң құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(17)
8.Бес бұтақты қайыңда-
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма?
(қайыңда алма өспейді)
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сарапшылар сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды – дей отырып сөз кезегін әділ –қазылар алқасына береміз.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!
Сынып: 1
Тақырыбы: «Математика білгірі» сыныптан тыс іс-шара
Сабақтың мақсаты
1: оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, алған білімдерін жетілдіру.
2: мұндағы өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тез есептеуге, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3: пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру
Түрі: Танымдық ойын сайыс сабағы.
Әдісі: сұрақ — жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
— Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1-сыныпта өтетін «Математика білгірі» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!. сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс аталған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста көп жинаған топ «жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «алғыс хатпен марапатталады»
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. – деп бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін үш топпен таныстырып өтейін.
1-топ «Алғырлар» тобы.
2-топ «Білгірлер» тобы.
3-топ «Тапқыштар» тобын қошеметтеп қойыңыздар.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Қызыл өрік» биі.
Құрметті сайыс қатысушылары, ұстаздар сайысымыздың әділ қазылар алқасын сайап алайық.
__________________________________________________________________________
1-тапсырма
Әр топ үй тапсырмасы бойынша берілген санамақтарын айтып берсін. Қарсылас топтар жауап берсін.
1-топ «Алғырлар» тобы.
Онжан тапқан
Он жаңғақтан
Екіден-ақ
Еппен санап,
Балжан алды,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Қанша қалды?
(Төртеу)
2-топ «Білгірлер» тобы.
Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жүп саны,
Нешеу болды түп саны?
(Он)
3-топ «Тапқыштар»
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді?
(Бес)
2-тапсырма
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік- деп сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік. Топтарға ортақ математикалық жұмбақтар жасырамын. Қай топ жауабын біледі, жауап беріп отырады.
3-тапсырма
Енді топ мүшелерінің білімін сынап көрелік. Әр топқа тапсырмалар беремін. Қай топ дұрыс орындаса жеңіске жетеді.
1-топ «Алғырлар» тобы.
2-топ «Білгірлер» тобы.
3-топ «Тапқыштар».
4-тапсырма
Ендігі сайыс кезеңінде топ мүшелерінің қолөнер шеберлігін байқаймыз. Әр топ өз беттерінше берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексия
Оқушылар «Алма ағашы» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерімізді көрсетейік. Кімге сабақ өте қатты ұнаса қызыл алманы аламыз. Ұнамаса сары түсті алманы таңдаймыз.
Ендігі кезекті әділ қазылар алқасына береміз.
«Білгірлер бәйгесі»
логикалық сайыс сабақ
2016-2017оқу жылы
Сыныбы: 6 «А», 6 «Ә»
Қосымша білім беру педагогі:Ниязбек Гүлбану
ҰБТ–ға байланысты ақпарат
ҰБТ тапсыру кезінде қиыншылық көруі ықтимал балаларды, төмендегі топқа бөлуге болады:
- Мидың оң жақ жарты шары дамыған бала
- Синтетиктер
- Мазасыз балалар
- Өз-өзіне сенімі жоқ балалар
- Озат оқушылар
- Астеникалық (енжар) балалар
- Гипертимді (жылдам) балалар
- Баяу (ақырын) қабылдайтын балалар
- Аудиалдар және кинестетиктер
Мақсаты:
Логика ақылды тәртіпке келтіру үшін қажет .
Бұл жағдайда адам өзінің зейінін, ойын, жүріс тұрысын басқара алады.
Кішкентай нәрсеге болсада көңіл аудару, байқау қабілеті жоғары болады.
Логика дұрыс және тез шешімді қабылдауға және қиналмай нәтижеге жетуге көмектеседі. Егер сізде логика болса, сіздің өміріңізді эмоция емес, ақыл басқарады.
Жоспар:
- Таңдаулы тақырып
- Тұлғадан сұрақ
- Жекпе-жек
- Қисыны қандай?
- Мектеп ішінен
Бақылау сұрағы
1-кезең. «Таңдаулы тақырып»
Әр түрлі
3
2
1
4
Фигуралар
3
1
2
4
Жануарлар
4
2
3
1
Сандар
4
3
2
1
2-кезең. «Тұлғадан сұрақ»
3-кезең . «Жекпе-жек»
4-кезең. «Қисыны қандай?»
1
2
4
3
5-кезең. «Мектеп ішінен»
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал ,қазір әділ-қазылар сөз алады,
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады,
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Осымен «Білгірлер бәйгесі» атты логикалық сайыс сабағымыз аяқталды.
Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!
Тақырыбы: Математикалық ринг
Мақсаты:
• білімдік: І — ІІ тоқсан бойынша математика пәнінен оқушылардың білім дәрежесін салыстыру, өткенді қайталап, еске түсіру.
• тәрбиелілік: математикалық сайыс арқылы сынып арасындағы байланысты нығайту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа үйрету, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық дамуын қалыптастыру.
• дамытушылық: есептің ұтымды жолын таба білу; практика мен теорияның арасындағы байланыс, жылдам есептеуге үйрету, басқа пәндермен байланыс және математикалық есептерін аралас шығару.
Көрнекілігі: слайдтар тапсырмалары, электронды оқулық, интерактивті тақта, компьютер.
Түрі: сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, сайыс
Мұғалім:
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайыс – сабағымызды бастаймыз,
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика — құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебінде дүние кілті әлі де.
Құрметті оқушылар, біз сайыс — сабағымызды бастамас бұрын әзіл — қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Ортада қазылар алқасы:
1. Кулушева Ақмарал Закарияқызы
2. Сарбалиев Серік Бөкенбайұлы
3. Қарабалиева Қоңырша Қажғалиқызы
Әр топта алты адамнан, 2 құрама топ құрылады
1. Бірінші ринг «Сергіту». Математикалық тапсырма беріледі. Бірінші жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Уақыты — 5 минут.
2. Екінші ринг «Капитандар сайысы». 2 минут ішінде көп сұрақтарға жауап берген капитан жеңіске жетеді.
Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі.
3. Үшінші ринг «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен математикаға қатысты сандар мен сөздерге қатысты мақал мәтелдер, қанатты сөздер айтады.
4. Төртінші ринг «Шығармашылық». Дәстүрлі емес тапсырмалар. Мысалы, әр топтан өткір көзді, шешен тілді, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығады. Плакатта сандар жасырылған. Сіздің міндетіңіз — бірден бастап санай отырып барлық сандарды тауып, бақылаушыларға көрсету.
1. Бірінші ринг «Сергіту». Математикалық тапсырма беріледі. Бірінші жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Уақыты — 5 минут.
Топтар есеп шығарғанша жанкүйерлермен
1. Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)
2. 205 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
3. 60-ты 0, 6-ға бөлсең қанша шығады? (100)
4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше рет өседі? (11 есе)
5. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
6. 8 санының квадраты (64)
7. 33 (27)
8. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)
9. Көпбұрыш қабырғасының қосындысы? (периметр)
12. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
2. Екінші ринг «Капитандар сайысы». 2 минут ішінде көп сұрақтарға жауап берген капитан жеңіске жетеді.
1.«Жылдам сұрақ, тез жауап».
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар.
1. Планиметриядағы ең негізгі фигура (нүкте)
2. Грек тілінде жер қалай аталады? (гео)
3. Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын нүкте (нүкте)
4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (Квадрат)
1. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)
2. Барлық бұрыштары тік ромб (квадрат)
3. Дөңгелектегі ең үлкен өлшем (диаметр)
4. Бір жағынан шеттелген түзудің бөлігі (Сәуле)
2. Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі.
1. Алпыс ала қарғаға,
Қырық қарға қарғаға,
Таласты жемге жатқан ақ қарда,
Ала қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып, жерге қонады.
Барлығын қоссаң қанша болады? (100)
2. Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе,
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң ал санап,
Бидай алдық қанша қап? (6 қап)
3. Үшінші ринг «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен шығармашылық тапсырмаларды орындайды:
І топ: ————————————ІІ топ:
438 • 39 = —————————-81072: 9 =
842751: 27 = ————————1768 • 34 =
х: 792 = 46865: 721 —————с: 524 = 3570: 70
4. Төртінші ринг «Шығармашылық». Дәстүрлі емес тапсырмалар. Мысалы, әр топтан өткір көзді, шешен тілді, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығады.
Сызбада неше үшбұрыш бар?
І )
ІІ )
Жауабы: І – 16 үшбұрыш; ІІ – 13 үшбұрыш
Қорытынды:
1) Әлемдегі ең жас қала? (Астана)
2) Астананың символы? (Бәйтерек)
Жақсы, енді Елбасы бізге алғыс айта отырып, болашаққа тапсырма береді. Зураб Церетелидің «Бәйтерек» — Астана туралы әңгімелеу.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Астана — әдемі, жас қала. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 6 мамыр 1998 жылы жаңа елорданы атауы Астана болып өзгертілді. Астанада 600000 адам турады. Астана – Ақмола облысында, Есіл өзінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астанада 3 театр, 23 кітапхана, 2 кинотеатр, 5 мұражай, мемлекеттік филармония, 2 сарай бар. Астананың аса көрнекті мекендері: Бәйтерек, Думан, АҚ Орда.
«Р» 1) Бәйтеректің биіктігі қанша? (97 м.) См — мен өрнекте.
«А» 2) Негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен қанша метр және сантиметрге жоғары орналасқан? (4 м 80см) См — мен өрнекте.
«Х» 3) Алтын шардың өзі қанша метр және сантиметр? (76 м 90см) См – мен өрнекте.
«М» 4) Астана қаласында электр желілері қанша км? Метрмен өрнекте. (180 км) (180 км = 180000м)
«Е» 5) Су құбыры қанша км? (62 км). Метрмен өрнекте. (62 км = 62000м)
«Т» 6) Қанша км телефон сымдары тартылды? (50 км). Метрмен өрнекте. (50 км = 50000 м)
Жауабын тексере отырып, «РАХМЕТ» деген алғыс сөз шығады.
Бағалау.
Әділқазылар алқасына сөз беріліп, бағаланады.
Үйге тапсырма: №5 тапсырма, 47 бет.
« Қызықты математика» әлемінде. «Көңілді тапқышбектер» сайысы
Тақырыбы: « Қызықты математика» әлемінде. «Көңілді тапқышбектер» сайысы
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
- Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: Ойындар, сұрақ-тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар ойнайық
Ойлайық та ойнайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық!
- Сайыс жоспары:
- Таныстыру, ұрандары
- Математика пәні бойынша сайыс есептерін шығару.
- Санамақтар, жұмбақтар жарысы.
- Логикалық тапсырмалар.
- Ертегі қойылым.
Бірінші топ: «Білгірлер» Топтың ұраны: « Математика – ғылымдар патшасы ».
Екінші топ: «Тапқырлар» Топтың ұраны: « Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ ».
Еліміздің болашақ ұрпақтары – ертеңіміздің кемеңгері – сендерсіңдер. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлағалы отырмыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.
Жарысуға жалықпай
Үміт оты жалындай
Үйренуге білуге
Қош келіпсіз сайысқа.
Балалар сайыс 6 кезеңнен тұрады. Бірінші дұрыс жауап берген топқа қызыл шаршы, екінші жауап берген топқа көк шаршы беріп отырамын. Қызыл шаршы көп жинап, жеңімпаз атануға тырысыңдар.
1 кезең «Ойна да ойла» деп аталады.
Білім | ||||||||
10*60*8=78 20*30*5=45 | ||||||||
50*40*20=70 75*5*20=50 | ||||||||
30*3*60=93 100*60*20=60 | ||||||||
50*8=58 40*2=42 | ||||||||
2 кезең «Көңілді жұмбақтар, санамақтар»
1 топ 2 топ
Оң қолымда бес саусақ Өткізген тырна сабаққа,
Сол қолымда бес саусақ, Қатысты жеті сауысқан,
Қосып едім екеуін, Үшеуі ғана олардың,
Болып шықты он саусақ. Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа?
3 кезең «Тапқыш болсаң тауып көр»
Ойын. «Доңғалақты тап»
4 кезең «Логикалық сұрақ – тапсырмалар»
- Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)
- Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)
- Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әрқайсына қарап 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?(4 мысық)
- 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)
- Бір адам қалаға бара жатыр еді,жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
- Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?
5 кезең «Блиц – турнир» Мұнда әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі.
- Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
- 1 сағатта неше минут бар?
- Қосудың нәтижесі қалай аталады?
- Қарама – қарсы қабырғалары өзара геометриялық фигураны қалай атаймыз?
- Оқу жылының алғашқы айы қандай?
- Қосуға кері амалды ата.
- Аптаның соңғы күні қалай аталады?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- 9+7 өрнегінің мәні қанша?
- 60-7 өрнегінің мәні қанша?
- 1 дм неше см болады?
- 1 ғасырда неше жыл бар?
- 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
- Периметрді қалай табамыз?
- Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.
- Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
- 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.
- Шаршы деген не?
- Салмақ өлшем бірліктерін ата.
- 1 дм 4см неше см болады?
6 кезең «Шығармашылық тапсырма»
« Ертегі – қойылым » «1 саны мен 0 саны»
Математикаға байланысты ертегі құрастыру.
Қорытынды.
Жеңген топты марапаттау.
- Басты бет
- Материалдар
- Сыныптан тыс жұмыс
- 2 сынып
- Бастауыш сынып
- Білгірлер сайысы
Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:
Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.
Білгірлер сайысы
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Бастауыш сынып арасында сайыс өткізуге болады
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Білгірлер сайысы
Тулешова Салтанат Базарбековна
Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы 101 мектеп -лицей Бастауыш сынып мұғалімі
19.11.2019
811
3
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады