Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары:
Бексеитова К.Р. ______
«____»_________2016ж
Тәлімгерлік сағат
Тақырыбы: «Білімді ел- Мәңгілік
ел»
Тәлімгерлер: Шерметова С.Н.
Амирова Г.А.
Ақсукент – 2016 ж
Тәрбие сағат тақырыбы:
«Білімді ел- Мәңгілік ел»
Тәрбие сағат мақсаты: а)
оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен
таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға,
болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін
зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағат әдісі:
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнектілігін, плакат, суреттер.
Пайдаланылған көрнектіліктер: Қанатты сөздер,
Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті
Н. Назарбаев суреті, буклет.
Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура
жолы-білімде»
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді 16-Желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 25 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.
Ән ұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи есте қалады
Республикам әнұраным.
Әнұран
Жүргізуші 1: .
Құрметті қонақтар, біз бүгін туған жер туралы айтамыз. Сіздердің жақсы көңіл-күйде
болып, демалып қайтуларыңызға біздің ұжым зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 1-курс
студенттері өз өнерлерін көрсетеді.
Ведущий
2:Здравствуйте, уважаемые гости! Сегодня мы хотим
рассказать вам о нашей родной земли.
Родина моя.
— Что значит «Родина моя»? –
Ты спросишь. Я отвечу:
Сначала тропочкой земля бежит тебе
навстречу.
Leading 3: Hello,
dear guests! Today we want to tell you about our native land.
Жүргізуші 1: Қазақтың
ұлттық аспабы домбырамен Қайнарбек Самалдың орындауында «Күй»
Ведущий
2: Летопись
современного Казахстана начинается 16 декабря 1991 года. В этот день Казахстан
объявил себя Независимым суверенным государством. 25 лет тому назад,
обретя свою независимость, Казахстан открыл новую веху в своей истории: окреп,
достиг больших результатов в своем развитии.
Сегодняшний наш открытый классный час,
посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан
Жүргізуші 1:«Тәуелсіздік
толғауы» атты студенттердің өлең жырларын тыңдайық. Камила, Аида, Карина,
Гузаль
Мен қазақ Қазақстан туған жерiм
Нұрсұлтан-елбасы бiздiң
Жасасын қазақ еліміз
Қазақстан -туған жеріміз
Өскен жерім атамекен-ай
Жайнасын қазақ елім-ай
Мен осы елдің тулғасы
Мен қазақтың туған жердің баласы
Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Оны барлық
ұлт өкілдері мекендейді.
Ведущий 2:
Казахстан – многонациональное государство. Все народы, населяющие его, равноправны.
Leading 3: Kazakhstan
– a multinational state. All the peoples inhabiting it, are equal.
Жүргізуші 1: 7
топ студенттерінің орындауында «Қамажай» биі
Ведущая 2: Территория
нашей Родины очень велика. Она тянется от Прикаспийской низменности на западе
до Алтайских гор на востоке на 3000 километров. С севера на юг Казахстан
протянулся на 1600 км. Казахстан граничит с пятью государствами: с
Россией, Китаем, Туркменистаном, Узбекистаном, Киргизией.
По размеру территории Казахстан входит в
десятку крупнейших государств в мире. Население — более 16 млн.
человек. В Республике Казахстане проживают представители более 130
национальностей. В нашей стране трёх язычие.
Жүргізуші 1:
«Отанын
сүйетін адам, өз халқының тарихын білуі тиіс»
дей келе Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жетуі туралы доклад тыңдайық.
Ахметбекова Г.
Ведущая 2: Каждый
человек, любящий свою Родину, не может не стремиться знать историю своего
народа, своей Родины. Мы сейчас с вами будем слушать
стихотворение про Родину в исполнение студенетов. Наташа, Влада, Шахзода,
Хилола
Повидал я в жизни много стран
Нет милей земли,чем Казахстан
По родной земле своей пройдусь
Я казах и этим я горжусь
Припев
Я казах, в Казахстане я живу
И люблю я родину свою
От Алтая и до Каспия
Это всё
отчизна
моя
Leading 3: Everyone who
loves his homeland , can not seek to know the history of their people , their
homeland.
Жүргізуші 1 : Көрініс:
«Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа
келіп демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: — Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: — Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің!
Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: — Ата, өткен өмір деген
не?
Атасы: — Ә, балам, «Өткен өмір» сонау
ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: — Ал, ол қандай болған?
Атасы: — Ендеше, тыңда балам, атаң бір
сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам,
сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз
Қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.
Атасы: — Бұған да тәубә. Егемендік алып,
әлем таныдығой елімізді.
Немересі: — Ата. «Егемендік» деген
не?
Атасы: — Егемендік – «иесә мен»
дегенсөз, Көптен бері естілмеген еренсөз, Екі тізгін, бір жыл бұрын өзі алған,
Көркем
жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі. Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді
деген сөзден естілер,
Ата
жұрттың арғысы мен
бергісі – Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне,
желбіреген
көк байрағымыз,
айбынды
ән ұранымыз,
жарқыраған
елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Егемендік
Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр.
Ұмытпаңдар
айналайын ұрпақтарым!
Ведущая: Спасибо
всем за внимание!
Leading :Thank
you all for your attention!
Жүргізуші: Назарларыңызға
рахмет!
«Бекітемін»бб
МКҚК 22 «Ақбұлақ» балабақшасы нн
Директоры ______ Джаманшалова Г.Н.рр
«__» «____» 2016жнн
«Білімді ел- мәңгілік ел»
Тәрбиеші: Орынғалиева А.Тббб
2016 -2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Білімді ел-мәңгілік ел»
Мақсаты: Балаларға Білім күні-мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету; Мерекелік көңіл-күй орнату; балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; мектеп оқу құралдарымен таныстыру;
Міндеті: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған атсалысу керектігін түсіндіру.Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету
Көрнекі құралдар: суреттер, оқу құралдары, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ жауап,әңгімелеу.
Мектеп алды даярлық топқа арналған«Біз бақытты балалар» ойын-сауық
Зал әдемі безендірілген . Көңілді әуенмен «Әрқашан күн сөнбесін» балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Білімнің көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы-
Балабақшадан басталады.
Мереке құтты болсын! Шаршамай-талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық! Ендеше бәріміз Достық шеңберіне тұрайық.
«Достық шеңбері»
Біздің топта балалар
Тату — тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды
Жүргізуші:Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.
Қоңырау соққан бала шығады.
Тәрбиеші:
Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Тәрбиеші: Мінекей- 2016 — 2017 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Жүргізуші:Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Ақбұлақ » балабақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Дания атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақниет : Бірінші қыркүйек күнімен
Аңқыған жұпары гүлімен
Келіп ем қарсы алар балабақшам
Сүйкімді қоңырау үнімен
Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
Малика: Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.
Раййана: Бақытты балғын баламыз
Өсті міне санамыз
Әріп танып сабақ оқып,
Білім нәрін аламыз
Нұрислам: Бақытты балғын баламыз
Өсті міне санамыз
Әріп танып сабақ оқып,
Білім нәрін аламыз
Өлен «Менің сүйікті балабақшам».
Малика: Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.
Перизат: Айналайын балғындар
Алға бағыт алғандар
Ертен өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар
Орындалсын ойларын
Құтты болсын тойларын
Диас: Бүлдіршіндер ертеңгі ұландары
Құтты болсын алғашқы қадамдары
Құтты болсын басталған оқу жылы
Құтты болсын алғашқы баспалдағы
Мерей: Міне менде үлкен болдым
Жасым толды 6ға
Арқама сөмке асынып
Бақшама барам асыға
Нұрай: Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Бақшаға келген алғашқы
Жан досым саған мың алғыс
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.
Орындайды: білім күніне арналған тапсырмаларды толық орындайды.
Түсінеді: балалар 1 қыркүйек білім күні екенін.
Білімді Ел — мәңгілік Ел
Мерекелік іс шаралар- admin
- 07.02.2018
- 0
- 1
- 3619
ОҚО Түркістан қаласы
«Балдырған»-ясли б.б музыка мұғалімі
Құдайбергенова Бақтыгүл Жұмабаевна
Мақсаты: Бүлдіршіндердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, тосын сәт, жүз бір жұмбақ ойыны,жат оқу т. б.
Өтілу барысы:
Қымбатты ұстаздар мен бүлдіршіндер міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 — қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, — дей келіп, бүгінгі «Білімді Ел — мәңгілік Ел» тақырыбындағы мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран орындалады.
Бала-бақшамыздың меңгерушісі Есетова Салтанат Маханбетқызына сөз кезегін ұсынамыз.
1 — жүргізуші:
Барымда, қуатымда, тілде менің,
Тіліммен көркиемін гүлденемін.
Ұғындым дүние сырын сол арқылы,
Не көрсем осы тілмен бір көремін.
2-жүргізуші
3-жүргізуші
Ән: «Жаса Қазақстан» Көжегім тобының тәрбиеленушісі Ибрахым
Балалар Олимпиядадан біз 3 алтын 5 күміс 9 қола алдық. Біздің көк туымызды желбіреткен Қазақстан еліміздің жүлдегерлерімізге мың алғыс.
Би: «Спорт»
Алина: Страницы волшебных
Волнующих книг.
Люби и храни
Наш великих язык.
Нұрасыл: Язык наш прекрасный
Богатый и звучный
То мощный и страстный
То нежно-певучий.
Мадина: Сентябрь — это время.
Начало всего
Начало школы
Начало осени.
Арман: The leaves are falling.
One by one.
Summers over.
Schools began.
Меруерт: Off to school
We go together
In Septembers
Sunny weather.
Ибрахим: Fall is fun.
I like to run.
I see the sun.
Fall is fun.
Айкерим: The roses are red
Violets are blue.
Sugar is sweet.
And so are you.
Саян: The classes are over.
Lets go to play
Lets go outside
Today is a fine autumn day.
Тосын сәт. Балалар сендер Маша мен аю ертегісін көргенсіңдерме? Олай болса Маша мен аюды ортамызға шақырайықшы.
Балалар шақырады Маша, аю.
Аю: Доброе утро дети.
Маша: Good morning children.
Аю: Как у вас настроение? How are you?
Аю: Дети мы вам принесли яблоки. Маша: Let’s go count these apples
Дети отвечает на вопросы
Ән: «Солнечный круг»
Тіл мерекесіне арналған ағылшынша, орысша өлең шумақтарын қабыл алыңыздар
Ерсұлтан: Казахстан-большая cтрана
И столица у нас Астана
Есть в столице один человек
Ему люди верят вовек.
Аяулым: My flag is blue
My flag is bright
I like it very much
Нұрахмет: Казахстан — Родина моя
Здесь родились и счастливо живу я
Здесь все родные — мама папа и друзья
Здесь садик которую люблю я.
Лашын: Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friend.
Заурбек: Казахстан, Казахстан
Ты расти процветай
Мы цветы твоей жизни
Ты — родимый наш край.
Балауса: Я родилась и я горжусь
Страной своей одной.
Где бы не была всегда вернусь
С своей Казахстан родной.
Ерсұлтан: The yellow sun.
The blue — blue sky.
And the eagle is flying high.
Ағылшынша ән: «Two little» Аяулым Балауса
Би: «Ғажайып көбелек»
Бүлдіршіндеріміздің өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Би: «Бірге»
1-2-жүргізуші: Насиба Бақтыгүл қайда?
Бақтыгул мерекелік іс-шараға өзінің жаңа әнін дайындап жатыр.
Олай болса хабарлайық, Құдайбергенова Бақтыгул «Қазақстан» әні
Әнұран айтылады
1-жүргізуші: Балалар бүгінгі мереке сендерге ұнадыма? Олай болса
Туған тілім – баба тілі, өз тілім
Туған тілім – ана тілі, өз тілім
Туған тілім – далам тілі, өз тілім
Туған тілім – адам тілі, өз тілім,- деп бүгінгі «Білімді Ел мәңгілік Ел» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Мотивациялық-оятушылық:
Сабақ сәлемдесуден басталады.
Психологиялық сәт:
Сәлеметсің бе, оң қолым!
Сәлеметсің бе, сол қолым!
Сәлем, досым!
Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
Балалар,орындарыңа жайғасып,менің айтқанымды тыңдаңыздар. Біз бүгін «Білім еліне» саяхатқа шығамыз. Онда бізді «Білім ханшайымы» қарсы алып, сыйлық береді.Бірақ «Білім еліне» тек қана ақылды, білімді, қазақша тіл білетін балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі,тапсырмаларды орындау арқылы ғана олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма? Барамыз ба?
«Білім еліне» саяхат:
1.Балалар біздің алдымызда өзен жатыр.Өзеннен өту үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Ойын: «Дұрыс ата». Тақтаға ілінген суреттерді аттарын қазақша қатесіз атап шығу керек. (Лентаны қияды,өзен жоқ болып кетеді).
2.Балалар көзімізді жұмайық… Қараңғы болып кетті. Неге екенін білесіңдер ме? Күнді бұлттар қаптап алған. Егер біз күнді бұлттардан құтқарсақ, ол бізге жол көрсетеді.
Көмектесеміз бе? Ол үшін бұлттарды ашып, берілген сұрақтарға жауап береміз.
Сұрақтар:
1.Сенің атың кім?
2.Сен неше жастасың?
3.Сен қайда барып жүрсің?
4.Қазір жылдың қай мезгілі?
5.Бүгін аптаның қай күні?
6.Біз қайда тұрамыз?
7.Отбасы мүшелерін ата.
3.Балалар қараңдаршы, алдымызда не пайда болды?
Дұрыс, орман. Енді орманнан қалай өтеміз? Орманда нелер тұрады?
Дұрыс, жануарлар. Жануарлар екіге бөлінеді:үй жануарлары мен жабайы жануарлар.Ал сендер оларды ажырата аласыңдар ма? Қазір байқаймыз.
Ойын: «Қайсысы артық?»
(Слайдта жануарлардың суреттері бейнеленген. Артықты табады.)
Мысалы: аю,қасқыр,түлкі,тиын,сиыр.
Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап, ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар орындарына отырады.
Балалар мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап,саяхатқа баруға келіседі.
Балалар келе жатқанда алдарына байлаулы лента, өзен кездеседі, олар тоқтап қалады.
Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.Тақтаға ілінген суреттердің атын атайды.
Лентаны қияды, саяхатты жалғастырады.
Балалар бұлттарды ашып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Күнді бұлттардан құтқарады, күн оларға алғыс айтып, жол көрсетеді. Балалар лентаны қиып, ары қарай жүреді.
Орман
Аңдар, құстар мен жануарлар.
Слайдта берілген артық суретті табады, жауаптарын түсіндіреді.
Поиск по сайту
«Білімді ел- мәңгілік ел» тақырыбында сценарий
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: | Ташпулатова Саодат Нематжановна |
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.58 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |
Скачать
Просмотров: 35
Похожие материалы
- «Білімді ел- мәңгілік ел» тақырыбында презентация
- Внеклассное мероприятие к 23 февраля
- Открытое занятие на тему «Татар халык ашлары»
- Внеклассное мероприятие «Скажем, нет туберкулезу»
- Прогргамма ученического самоуправления «Детская школьная Дума» МБОУ «Болгарской средней общеобразовательной школы№2» Спасского района ТР
- Митинг 72-годовщины Великой Победы
- Материал по КРК «ТРАДИЦИИ ЧУВАШСКОГО НАРОДА»
- Вопросы для подготовки к экзамену по устройству автомобиля(2 часть)
- Стихи о пожарной безопасности для 1-4 классов по внеклассной работе
- Концерт «Пасхальная палитра» в проекте «Передай добро по кругу»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз»
Сабақтың мақсаты: 1. «Қазақстан — 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын ұғындыру.
- Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту.
- Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Міндеттері: Білім алушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету
Көрнекі құралдар: Презентация, видеоролик
Тәрбие сағатының барысы: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Оқытушы: Біз бүгін «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.
Оқытушы: 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Адинай: Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес. Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы өол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңінен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету болып табылады. Мәңгілік ел дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция (тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер ( шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап т ұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Татабилер, Қидандар, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы үш шеңберді орнатып болған соң «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ — қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыс-
тардың ұлттық идеясына негіз-
делген идеология болатынына сенуге болады.
Оқытушы: Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы
1.Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі
2.Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім
3.Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық
4.Индустрализация мен инновация негізіндегі экономикалық өсу
5.Жалпы еңбек қоғамы
6.Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы
7.Ұлттық қауіпсіздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу.
Балауса: Мәңгілік елдің 1 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Баян: Мәңгілік елдің 2 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол — Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір — тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Хадиша: Мәңгілік елдің 3 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл — Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Баян: Мәңгілік елдің 4 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл — Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Дильнура: Мәңгілік елдің 5 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері — барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Нұрсәуле: Мәңгілік елдің 6 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті
Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз. Біз — Үлкен Ел — Үлкен Отбасымыз.
Арай: Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл — Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл — біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Оқытушы: КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕяСЫНЫҢ ҮШ НЕГІЗІ:
Карина: Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштерінде) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы;
Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі
Үшінші – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастаны.
Сонымен, бағзы заманалардан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасы жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық.
Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, болашақтың бағдары»
Мадина: 2014ж 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті, Ассамблея төрағасы Н.Ә. Назарбаев, алдағы жылды Қазақстан халқы
Ассамблеясы деп жариялады. Ассамблея жылы — бұл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Ассамблея жылының басты идеясы «Менің елім – Мәңгілік ел»
Гульфиза: Мәңгілік ел идеясымен тәрбиеленген тұлға моделі
Мәңгілік ел – ортақ тағдыр
Мәңгілік ел – жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы
Мәңгілік ел – қазақстанадық ұлттарды біріктіретін және болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары.
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ
ПАТРИОТ
БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ
ҰЛТТЫҚ РУХТЫ
Оқытушы: Сұрақ-жауап
1сұрақ:ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанжолы – 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ» аттыҚазақстанхалқынаЖолдауында «Мәңгілік ел» идеясыныңмазмұнынтереңтарқатыпберді. БұлреттеДенсаулықсақтаусаласындақандайауқымдыістержолғақойылды?
Баян: Өз Жолдауында ҚР Президенті еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда нақты міндеттер қойды. Олар: медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуын қамтамасыз ету; міндетті сақтандыру мәселесін зерделеу; ана мен нәрестелер өлімін, қанайналымы жүйесінің, онкологиялық аурулардан, жарақаттанудан, туберкулезден өлімді төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру;Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мыңжылдан бергі арманы. Әрбір Қазақстандық өз жұмысымен осы идеяның іске асырылуына үлес қосуға тиіс.
Оқытушы: 2сұрақ «Мәңгілік ел» эмблемасыныңмағынасы?
Айдана: Көкбайрақ пен «Мәңгілік ел» эмблемасы бейнеленген туды желбіретіп, ұлттық рухтағы әндер шырқалды. «Мәңгілік ел «эмблемасында шаңырақтың стилизацияланған суретін пайдаланған.
Оқытушы: 3 сұрақ «Мәңгілік елдің болашағы» дегеніміз не ?
Мадина: Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық». Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Оқытушы: видео –ролик «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз»
Жанеля: Мәңгілік ел — арманымныңасқары,
Мәңгілік ел — бақытымныңбастауы.
Мәңгілік ел — тарихымныңдастаны,
Мәңгілік ел Нұрлыжолғабастады.
Мәңгілік ел — меніңаппақмұратым,
Болашаққанұрыншашыптұратын.
Мәңгілік ел — нұрлыжолықазақтың,
Бар әлемгемойындатарқуатын.
Мәңгілік ел — шежіресідаламның,
Мәңгілік ел — ақтілеуіанамның.
Мәңгілік ел — мәңгілікке аманат,
Мәңгілік ел — нұрлыжолыбабамның.
Мәңгілік ел — бейбітөмірәуені,
Мәңгілік ел еңадамдайәдемі.
Мәңгілік ел — тәуелсіздіктірегі,
Мәңгілік ел — бүкілхалықтілегі.
Мәңгілік ел Нұрағамныңтілегі,
Нұрағамдыбүкіләлембіледі.
Қазақелібейбітшіліктірегі,
Нұрағамныңнұржолыменжүреді»
Ықпал: Өткенкүндерізіқалыптарихта,
Өмірөзенжылжыпжатырақырын.
Тәуелсіздікәперемдепхалыққа,
Көзінжұмдынебірқайсарбатырым.
Қайсарердіңескеалыпрухын
Бірсәтқанаорнатайықтыныштық.
Бүгінміне -Тәуелсіздік! Ұлыкүн!
Елімізгеалыпкелгенырыс-құт.
26 жыл… жаснәресте, жасжігіт.
Адам болды ел намысынқорғайтын.
Елменбіргеөсіп, дамыпжасшыбық.
Саябаққаайналарыбұлайқын.
Аяжан: Биылғыжылмәңгілік ел жастаржылы
Жолдеукерекертеңгебастармұны
Елбасыныңкемеңгерақылы мен
Жастарүшінбірүндеутасталдыұлы
Осы жыл мол мүмкіндікжастарүшін
Ақылдыжасдәлбүгінбастарісін
Биылөзінтабалғанкөпжастарды
Күтудеабыройдыңасқарышың
Жастарүшінарайлыбасталдыкүн
Алға на надейтұғынбасылдыұғым
Меңгеругетиістіотанүшін
Инфатциятетігінжастарбүгін
Мәңгілік ел жастаржылыжайқарапотырмастан
Қадамдыдұрысәрінықбасқан
Ежелденақданагөйатамқазақ
Асылтастандемеймеақылжастан
Оқытушы: Қорытынды:
Біртұтас Еліміз — Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені — Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!
11 сынып
Сабақтың тақырыбы «Білімді ел – мәңгі ел»
Сабақтың
танымдық мақсаты 1. Оқушыларды отансүйгіштікке, білімділікке, еліміздің рәміздерін қорғап, сақтауға тәрбиелеу;
2. Ата заңымыз туралы мәліметтер беру;
3. Патриоттыққа тәрбиелеу.
Дереккөздер мен жабдықтар Мақал — мәтелдер мен нақыл сөздер,
Графиктер, слайдтар, интерактивті тақта мүмкіндіктері, бейнеролик
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ — жауап. Жаңа әдіс — тәсілдер
Күтілетін нәтиже
1. Оқушыларды отансүйгіштікке, білімділікке, еліміздің рәміздерін қорғап, сақтауға тәрбиеленеді;
2. Ата заңымыз туралы мәліметтер алады;
3. 3. Патриоттыққа тәрбиеленеді.
Мотивациялық кезең 10 мин
1. Жағымды ахуал орнату: «Ғарышқа ұшу» тренингін жүргізу, сыныпта жағымды ахуал орнату:
2. Сыныпты топқа бөлу «Ғажайып суреттер»
«Білім», «Отан», «Ата заң», «Тәуелсіздік» топтары
1. Мұғалім түсіндірмесі:
Топтық жұмыс: Әр топ өз топтарының атауына байланысты өз ойларын ортаға салып, тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашуға үлес қосады, топпен бірлесе отырып постер салады.(сұрақты тапсыру, сөзін кез — келген тәсілмен талдауын ұсыну, постер салу, қорғауды және постерді бағалауды жеткізу)
Операциялық кезең 15 мин
1. Тапсырма:
Кезбе тілшінің сұрақтары
Тәрбие сағатымыздың тақырыбына байланысты сұрақтар қою
(жеке жұмыс, әр қатысушы тапсырманы өз еркімен орындайды, тапсырманы тыңдайды, талдайды, сұрақтарға жауап береді)
1. Мәңгілік ел деген ұғымды қалай түсінеміз?
2. Мен отанымның патриотымын!
3. Ата заңымыздың өміріміздегі орны!
4. Білім саласындағы енгізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» мәселесіне көзқарасыңыз қандай?
15 мин
1. Тапсырма: «Еркін тапсырма»
1. Қазақстанның болашағы балалар көзімен (сурет салу)
2. Мен қазақпын (өлең оқу)
3. Менің Қазақстаным (ән орындау)
Рефлексиялық кезең 5 мин
Қорытындылау кезеңі:
«Шаттық шеңбері»
«Менің еліме қосар үлесім» оқушылардың пікірін тыңдау.
Қазығұрт ауданы
Мамандандырылған «Дарын» мектеп — интернатының
Физика пәні мұғалімі: Жолдыбаева Гульмира Оразалықызы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Қазақша сценарий: Мәңгілік Ел
«Мәңгілік Ел» атты патриоттық әндер фестивалі
Слайд көрсетіледі: «Мәңгілік Ел» стратегиясы бойынша
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Тәуелсіз елімізді бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ,біз үшін ортақ тағдыр — бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы », — деген болатын.
2-жүргізуші: Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Ол үшін Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, туған жерімізді, елімізді, салт-дәстүрлерімізді қастерлеп, мақтан тұтуымыз керек.
1-жүргізуші: Биыл біздің Тараз өңірінде аталып өткен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерейтойы қалың қазақты бір жасатып тастады. Сіздерді еліміздің осы айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Біздің мектебіміздің өнерпаз бүлдіршіндері де өздерінің туған жерге, елге деген махаббатын ән-жырларымен жеткізбек, олай болса мерекелік бағдарламамызды тамашалауға 1-2 жүргізуші: қош келіпсіздер!
1-жүргізуші:
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең
2-жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
«Қазақстан» әнімен 3ә сынып оқушысы Амантай Албинаны қарсы алаңыздар!
1-жүргізуші:
Құттықтау сөзді мектеп-гимназиямыздың директоры Жаманова Күлпаш Рамазановнаға береміз.
2-жүргізуші:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
«Отан ана» хор 7а сын
«Байтақ елім қазағым» Ерденбай Ертөре 6ә сын
1-жүргізуші:
Сен неткен Отан — Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
«Туған жерім» Қияшева Әдемі 8б сын
«Ризамын» трио 5а сын
2-жүргізуші:
Саған жырдан — сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!
«Туған жер» Жарқынбек Ұлпан 3а сын
«Жаса мәңгі Қазақстан!» Келімбетова Назым, Досмағанбет Дана 8а
«Қазақ елі» Абдуллаева Камилла 5 в сынып оқушысы
1-жүргізуші:
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам.
хор «Қазақстан бақытты» 10а сыныбы
«Домбыраның күмбірі» Өмірбек Мерейлім 4б сын
«Айголек» дуэт 2ә сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
«Тек алға!» Сәбит Фатима 5а сын
«Туған жерім Қазақстан» трио 7ә сын
«Сәлем саған туған ел!» Жидебаева Ділнәз 5б сын
1-жүргізуші:
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын — от бар ма сірә,
Қазақстан — әнмен жүрегім тербеледі
«Жаса Қазақстан!» әнін Абдижалиев Алдиярдың орындауында қабыл алыңыздар!
«Мереке» Сайлыбай Мөлдір
«Мой Казакстан» хор 3, 4 сынып оқушылары
«Гүлдерайым» қыздар тобы 5б сыныбы
«Елім менің» Түгенбай Бекнұр 4а сын
«Қазақстан алға!» Жидебаева Бопаш 11 сынып оқушысы.
2-жүргізуші:
Осымен мерекелік концертіміз аяқталды қуанышты күндеріміз көп болсын!
1- 2-жүргізуші:
Келесі жүздескенше аман- сау болыңыздар!
Фестивальдың соңында қатысқан өнерпаз балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Толық нұсқасын жүктеп алыңыз!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: