Білім б?йгесі сценарий

Білім б?йгесі. ?раны :К?ш білімдеБ?йге жеті жарыс т?рінен боладыI - ТіркелуII - Жор?а жарысIII - Желіс жарысIV - Те?ге алуV - ?ыз ?ууVI - Аударыспа?VII - Б?йге

Білім б?йгесі.           ?раны :”К?ш білімде”

Б?йге жеті жарыс т?рінен болады

I    — Тіркелу

II   — Жор?а жарыс

III  —  Желіс жарыс

IV  — Те?ге алу

V    —  ?ыз ?уу

VI   — Аударыспа?

VII  — Б?йге т?бе

  1. Тіркелу.

?р топ ?зіні? тобыны? атын, т?сбелгісін, газетін ?ор?айды.

Осынау д?бірімен  к?й а?тар?ан,

Б?йгеден озып келу сия?ты арман

Ту?ан ел ?міт ?збей  ?арап отыр

Т?лпардан ?ал?ан ??кей т?я?тардан,

Алда?ы баратын ба?ыт аны?

С?йг?лік екені?ді та?ы танып

Б?йгеде атты? басын тартпас болар

Ал, енді тізгіндерді а?ыталы?

 II   — Жор?а жарыс

Шарты. С?ра? –жауап. ?р топ?а 10 топ?а с?ра?тан беріледі. “?ара жор?а” тобы, 6 сынып о?ушыларыны? с?ра?тары

  1. ?аза?стан ?ай материкте орналас?ан? (Еуразия)
  2. Ресей Федерациясыны? президенті (В.Д Медведев)
  3. К?кжиекті? негізгі т?старын ата (Солт?стік, о?т?стік, батыс, шы?ыс)
  4. ?аза? хал?ыны? батырлар жырларын ата?дар.(?обыланды, Алпамыс, ?амбар).
  5. ?аза?ты? т???ыш географы (Ш. У?лиханов)
  6. Экваторды? ?зынды?ы (40000 км)
  7. Жерді? ??рлысы (ядро, мантия, жер ?ыртысы)
  8. Те? б?йірлі ?шб?рышты? ?зара те? екі ?абыр?асы деп нені атайды (Б?йір ?абыр?алары)
  9. Екі к?бейткішті? та?балары ?р т?рлі болса, К?бейтінді ?андай болады? (теріс)
  10. Е? улкен материк (Еуразия)

??лагер тобы, 5- сынып о?ушыларыны? с?ра?тары.

  1. ?аза?станны? астанасы?  (Астана)
  2. Батыс ?аза?станны? ?кімі?(Б. Ізм?хамбетов)
  3. Республиканы? р?міздерін ата ? (Ту, ?н?ран, Елта?ба)
  4. Процентті онды? б?лшекке айналдыру ?шін процент санын не істеу керек?(100- ге б?лу керек)
  5. Адамдар тіршілігін затты? деректері бойынша реттейтін ?ылым? (археология)
  6. К?н ж?йесінде ?анша планета бар? (9)
  7. Е? ал?аш?ы география атауын ?ой?ан кім? (эратосфен)
  8. Е? ал?аш?ы материк? ( пангея)
  9. Е? ысты? материк ? (Африка)
  10. Е? кіші материк ? (Австралия)

3.Желіс жарыс

Шарты. Таби?ат туралы ма?ал – м?телдерден жарыс.Бірінші топ бастайды, екінші топ ая?тайды.

4. Те?ге ілу Топ м?шелері ?ызы?ты с?ра?тар?а жауап береді. ?р топ?а ?ш с?ра? беріледі

??лагер тобына

1. Шай ?айнатып ша?ала

  Б?рін шай?а ша?ырды

Келді то?ыз ша?ала

Неше ша?ала шай ішті 10

2.Корзинада 5 алма бар екен оны 5 бала?а тарат?анда корзинада 1 алма ?алыпты олнеліктен? 1алма корзинасымен берілген

3. 1кг тас ауырма 1кг ма?та ауырма

Екеуі те?

Кер??ла тобына

  1. Екі ?кесімен екі баласы келе жатып, 3алма тауып алады. Те?дей етіп б?лгенде ?р?айсысына 1 алмадан келеді. Б?л ?алай ?(Ата, ?ке, бала)
  2. Б?лмені? 4 б?рышы бар.?р б?рышта  1 мысы? отыр. ,?р мысы?ты? ?асында 3 мысы? отыр б?лмеде неше мысы? отыр.(4)
  3. Жа?быр ??йып т?р. Тор?ай ?ай а?аш?а ?онады? Су а?аш?а

5.?ыз ?уу

Шарты. ?р топтан екі шы?ады 1?л 1 ?ыз шы?ады. Бір бірінен 5 ?адам алыс т?рады. Егер ?уып жетсе ?келген сыйлы?ын береді.

6.Аударыспа?.

Шарты:Географиялы? ж?мба?тарды? шешуін табады. ?р топ дайындап келген ж?мба?тарын жасырады.

7.Б?йге т?бе

Шарты. Білім б?йгесі ?ортындыланып, же?імпаз топ аны?талады.

Просмотр содержимого документа

«Білім б?йгесі»

«Білімділер бәйгесі» интелектуалдық сайысы. (прзентациясымен)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға
үйрету; қатысушылардың шеберліктерін, ой — өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: АТК, жетондар

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар, оқушылар. « Білімділер бәйгесі» сайысына қош келдіңіздер. Ойынымызға екі топ қатысады. Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін жетондар таратылады.

І. Кезең Таныстыру ( әр топ топтың атын, ұранын таныстырады ).
1 топ « Тапқырлар» тобы
2 топ « Ойшылдар» тобы

ІІ кезең « Кім тапқыр?» ( әр топ әріп таңдайды, қойылған сұрақтарға сол
әріптен басталатын сөздермен жауап береді. )

1 топ
• Досың кім?
• Ертегі оқисың ба?
• Анаңның аты кім?
• Қай көшеде тұрасын?
• Қай пәнді жақсы көресің?
• Жасың нешеде?
• Кемірқосақты қашан көруге болады?
• Шашыңның түсі қандай?

2 топ
• Нені жақсы көресің?
• Кімге сәлем жолдайсың?
• Әкеңнің аты кім?
• Қай қалада тұрасың?
• Қандай киімді жақсы көресің?
• Сенің есімің кім?
• Бүгін сенде неше сабақ?
• Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?

ІІІ кезең « Ойлан тап» ( әр топ ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап
береді ).
• « Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі.
• Тірі табиғатқа не жатады?
• Ұзындық өлшем бірліктері?
• Сөз таптарын ата?
• Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
• Мәтін түрлерін ата?
• Түбір дегеніміз не?
• «Табиғат» деген не?

ІV кезең « Сөзтапқыш» ( Жануарлар сөзінен жаңа сөздер жасау )

V кезең « Топбасшылар сайысы» ( әр топтың басшысына сұрақ қойылады )
• Бір тауық 3 кг, 2 тауық қанша кг болады?
• 15 үйрек жем жеді, 2 — уі ұшып кетті, нешеуі қалды?

VІ кезең « Жалғасын тап» ( Мақал — мәтелдердің жалғасын табу )
• Кітап — білім бұлағы, ………
• Еңбектің наны тәтті ……..
• Әке көрген оқ жонар ……..
• Ер бір рет өледі ………

Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы. Бүгінгі « Білімділер бәйгесі» де өз
мәресіне жетті.
Ән. « Білімділер бәйгесі» орындайды. Хор
Болды дейміз жарасымыз жемісті,
Озып шығар кім білімді, кім күшті.
Әділқазы, алқасына жүгінсек,
Бере дейміз әділдікпен жеңісті.
деп отырып бүгінгі « Білімділер бәйгесі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек. ( әділқазылар қорытындылайды ).

Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Қош сау, болыңыздар!

Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің
бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы

Презентациясын жүктеу

«Жолдау жолымен білім биігіне» үгіт-насихат бригадалар байқауының сценарийі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі

Топтың мақсаттары:

  1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдуын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау;

  2. Жолдауда көрсетілген білім саласына негізделген баыттарға баса назар аударып, жалпы білім беру саласына жасалып жатқан жағымды жаңалықтарды дәріптеу

  3. Жолдау арқылы ұстаздарды заманауи өзгеруге, дамуға, ізденуге шақыру.

Сайысқа қатысушылар тізімі:

Барысы

Ұйымдастырушылық кезең

(Аудиожазба арқылы топттың аты мен ұраны таныстырылады)

Жаңартылған оңымыз бен солымыз,

Сандық дәуір куәгері болыңыз!

Цифрланған Қазақстан аймағын,

Дамытуға бағытталған жолымыз.

Басқарамыз желілермен біз енді,

Талай затты қимылдамай қолымыз.

Атсалысқан болашақтың ісіне

Біздер мына «Цифрлы дәуір» тобымыз.

(Көрерменмен амандасу — Флешмоб)

Негізгі бөлім

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп отырған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын қалың бұқара арасына кеңінен насихаттау бәріміздің міндетіміз. Жолдаудың негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру мақсатында осынау «Жолдау жолымен білім биігіне» үгіт-насихат бригадалар байқауының ұймдастырылуы біздерді қуантуда.

Қазақпыз ғой, басына бақ орнаған,

Бір ел болып, Елбасшысын қолдаған.

Өлеңменен жеткізейін сіздерге,

Әрбір сөзін Елбасының Жолдаған.

(Қатысушылар өздеріне берілген тақырып бойынша эмблемаларымен ортаға шығып, өлең оқылады)

  1. Жетіпсің-ау 25-тің қанатына Отаным,

Асқар бойлы, мықты, биік қамалың.

Жаңа ғасыр жарылғасын, мына сенің тойыңды,

Қош келіпсің, есік ашып, төгіп-жиып білімді.

Нұр ағасы, қуантып сен құт әкелдің еліме,

Тыңдаймыз біз құлақ түре, сенің асыл сөзіңе.

«Жас Отаным» құтты болсын ұлы тойың құрметті,

Жаңа ғасыр шыңына шыққан күнін келбетті

  1. Күндер келді елімізге жайдары,

Қол жеткіздік жетістікке айдағы.

Қауіпсіздік Кеңесіне басшы етіп,

Біріккен Ұлттар ұйымына сайлады.

  1. «Экспоға» келді менің қандастарым,

Тойдың тойға тіледі жалғасқанын!

Шақырады сендерді Қазақстан,

Ән кернеген әр күні таңғы аспанын!

Шақырады сендерді Ер Нұрекем,

Тәуекелге байлаған белді бекем!

Қазақ қазақ болғалы дәл осындай,

Бағы жанған заманды көрді ме екен?!

Шақырады сендерді Ұлы Далаң,

Бақ дарыды, құт қонып бүгін оған.

Күтіп отыр сендерді құшақ жайып,

Жасыл желек жамылған тұнық алаң! 

  1. Көтер қане! Ел үмітін арқалаған екенсің,

Сен -жігерлі, сен -қайсарлы бекемсің.

Универсиада -2017 спорттық ойындарда

Әлем елі көк туымды көтерсін.  

Желдей жүйткі! Саған қарап таңдай қақсын әлемде,

Ізің қалсын алтын болып әр елде.

Қозғалтқышың тоқтамасын бас алға,

Көк туыңның рухы жатыр мәреңде.  

Көрсет қане! Қайтпас қайсар бойда жігер көптігін,

Алтын түсті күн сәулеңді төк бүгін.

Алтын қолда, күміс белде, қола бар,

Ал желбіре көкте биік көк туым!!!

  1. Орындалып еліміздің керегі,

Дамыған ел қатарына енеді.

Елбасымыз стратегия қабылдап,

Шүкір ол да жүзеге асы келеді.

  1. Терезені өзгелермен тең қылдық,

Жалқаулықты ақылменен жеңдірдік.

Салиқалы саясат деп тағы да

Бірлікпенен Нұрлы жолды ендірдік.

  1. Алға қадам жасаймыз деп жүз нақты,

Мақсат қойып, іс бастадық біз қатты.

Халық болып, қазақ болып, бір болып,

Ұлт жоспары тек алдыға қозғатты.

Қазақстан Республикасы Президентінің елді дамытуға арналған жолдауларында орындалған мақсаттарды, біз бағындарған белестерін атап өттік. Олар табыспен жүзеге асуда. Ендігі сөз биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауда көрсетілген 10 міндет жайлы болмақ.

(Квартеттің орындауында көрермен назарына ән ұсынылады)

  1. Ұлы жолды түзу алып табанға,

Қолайлы өмір болсын дедік адамға.

Ғылым жағын дамытып та жатырмыз,

Көшеміз деп цифрланған заманға.

  1. Туындады жадымызда жаңа арман,

Жеңіс күтіп тұратындай тағы алдан.

Білім жағын етіп қойдық бір міндет —

Болсын деумен Білім беру жаңарған.

  1. Сәттілік те жанымыздан табылсын

Жеңіс алда танытайық сабыр шын.

Керек ұрпақ білу керек үш тілді,

Олар қазақ, орыс және ағылшын.

  1. Латынша жазылады атың да,

Латынша жазылады затың да.

Кирилица алфавитін доғарып,

Жөн көрдік біз ауысуды латынға.

  1. Алатын кез алыс емес қолға ту,

Жеңіс жолын ақылменен оңдату.

Бір міндетім — интернетке ең үздік

Ұстаз бейнесабақтарын орнату.

  1. Елімізде біраз нәрсе жоқ әлі,

Жоқ нәрсені бар қылғанда оңады.

Ақылы бар қала керек дедік те,

Смарт сити деп атадық жобаны.

  1. Ұлы жолдар жеңістерге бастаған,

Бірлік барда не нәрседен жасқанам.

Осы жыл өткіземіз мерейтой —

20 жасқа толады екен Астанам!

  1. Болмасыншы бөліну мен жабығу,

Дұрысырақ Елбасына бағыну.

О қазағым, алдымызда бір міндет —

30 елдің қатарынан табылу.

  1. Керек бізге шаңырақты бір ұстау,

Елмен бірге өмір сүру, тыныстау.

Бір міндет бар Қазақстан халқының –

Әлеуметтік ахуалын жақсарту.

  1. Бағындырып биіктерді, кемелді,

Тереземіз талайлармен теңелді.

Бір міндетім – даму үшін ел болып,

Жемқорлыққа жасау керек кедергі

  1. Дұрыс нәрсе ел жұртына қам қылу,

Тілді, дінді өзімізге тән қылу.

Әр қазағым идеалды болсын деп,

Міндет қойдық – Рухани жаңғыру

Қорытынды

Елбасының дана сөзін біздің болашағымыз-қазіргі жастар үнемі естен шығармай, осы Жолдаудың жүзеге асуына белсене атсалысады деген сенімдеміз!

Әрбір күніміз мерекел болсыні, әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел болсын, келешегіміз кемел болсын!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Тақырыбы:      Білімпаздар бәйгесі

Мақсаты;        1.Оқушылардың білімгдеген құштарлығын,ізденісін,

қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге

шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.

Барысы;

1-ж.Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-класс оқушылары.

2-ж.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.

1-ж. Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.

2-ж. Ендеше  бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

1-ж..Олай болса «Білімділер бәйгесіне» қош келдіңіздер!  Ортаға сайысқа қатысушы 4  «а»және 4 «ә»класс оқушыларын шақырамыз.

2-ж.Бүгінгі  сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж.Сайыс  кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)

  1. «Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»
  2. «Әуенді тап»
  3. «Тамаша төрттік» (пәндер бойынша сұрақтар)

5.Көрермендермен жұмыс.

  1. «Сиқырлы сөздер әлемі» (капитандар сайысы)
  2. «Қалдық затты іске асыр»шығармашылық жұмыс

2-ж  -Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.

4 «а»класс «АЛҒЫРЛАР ТОБЫ»

Асыл тастан,өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Қабылдаңыз шын жүректен,

Сәлем сізге жалынды.

4 «Ә»класс ТАПҚЫРЛАР ТОБЫ

Толағайдың тасындай,

Ұландардан тұрамыз.

Сөзге жүйрік баламыз,

Тапқырлар тобы осындай.

1-ж.- Ендеше ойынға қатысушыларға сәттілік дейміз.

1-кезең  Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру) 1минут ішінде неше сұраққа жауап бере аламыз.

2-кезең. «Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»мақал мәтелдер мен жұмбақтар беріледі, 3 тілде жауап береміз.

1)Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар  (киіз үй-юрта-)

2)Күш-білімді

Білім-   (кітап- книга-)

3.Бір санға өсірді

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді (сынып-класс-)

4.Талабы жоқ жас-қанаты жоқ   (құс-птица-)

5.Сақталады 6 ай жаз,Сандығымда сары аяз  (тоңазытқыш-холодильник-)

6.Бас кеспек болса да,     кеспек жоқ (тіл-язык-)

7.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол  тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді.  (доп-мяч-)

8.Білім-теңіз,    -кеме.  (мектеп-школа-)

9.Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар,Бесеуінде бір қуыс  (қолғап-перчатки-)

10.Көсем ел бастар,шешен…бастар.  (сөз-слова-)

11.Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады.   (қоян-заяц-)

12.Өнер алды –…. тіл(қызыл-красный-)

13.Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар  (сіріңке-спички-)

14…..-көңілі балада. (ана-мать-)

15.Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі  (ай мен күн,луна и солнце )

16.Білекті бірді жығар,…..мыңды жығар  (білімді-умный-)

17.Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады (жұмыртқа-яйцо-)

18.Досы жоқ адам,

….жоқ тағам (түз-соль-)

19.Сырты қызыл,іші тәтті,

Жеген жанды таңыртқатты.  (алма-яблоко-)

20…….-мектеп жүрегі (МҰҒАЛІМ-УЧИТЕЛЬ-)

3-кезең. «Әуенді тап»

Музыка тыңдап,шығарманың атын атау.

4-кезең  «Тамаша төрттік» Пәндер бойынша сұрақтар.Экранға назар аударайық.

5-кезең  Көрермендермен жұмыс. «АЙНА»ойыны  Бір-біріне қимыл көрсету.

1.Түйме тігу

2.Сурет салу

3.Цирктегі  ойын

4.Жолға шығу

5.Кітап оқу

6.Би билеу

7.Ән салу

6-кезең.  «Сиқырлы сөздер әлемі»  (капитандар сайысы)

Қораптағы сөздерді алып,сол сөзді жұмбақ түрінде тобына жасыру.

7-кезең. «Қалдық затты іске асыр»шығармашылық жұмыс. Әр топқа бірдей қалдық заттар беріледі.Сол заттан пайдаға асар зат жасап шығару және түсіндіру.

1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар

Қуанып шаттанып,күлу де бар.

Білімдерін тамашалап,отыр қауым,

Сайыста әділқазы тағы да бар.

2.ж.«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,

Білімсіз ол қатарға ілінбеген.

Ойлама білім алсам қор болам деп,

Тұрғанда мына заман күлімдеген.

2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда-тірлік бар»деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

1-ж.Осымен  «Білімділер бәйгесі»өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар.

1-ж.Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-класс оқушылары.

2-ж.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.

1-ж. Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.

2-ж. Ендеше  бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

1-ж..Олай болса «Білімділер бәйгесіне» қош келдіңіздер!  Ортаға сайысқа қатысушы 4  «а»және 4 «ә»класс оқушыларын шақырамыз.

2-ж.Бүгінгі  сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж.Сайыс  кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)

  1. «Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»
  2. «Әуенді тап»
  3. «Тамаша төрттік» (пәндер бойынша сұрақтар)

5.Көрермендермен жұмыс.

  1. «Сиқырлы сөздер әлемі» (капитандар сайысы)
  2. «Қалдық затты іске асыр»шығармашылық жұмыс

2-ж  -Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.

1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар

Қуанып шаттанып,күлу де бар.

Білімдерін тамашалап,отыр қауым,

Сайыста әділқазы тағы да бар.

2.ж.«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,

Білімсіз ол қатарға ілінбеген.

Ойлама білім алсам қор болам деп,

Тұрғанда мына заман күлімдеген.

2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда-тірлік бар»деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

1-ж.Осымен  «Білімділер бәйгесі»өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар

Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

2015-2016 оқу жылы

Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!

Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы!

Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!

Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!

Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.

Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.

1 «а» сыныбы- сынып жетекшісі Смағұлова Ұлмекен Сұңғатқызы

1 «ә» сыныбы- сынып жетекшісі Самалихова Айман Шахидоллақызы

1 «б» сыныбы- сынып жетекшісі Айтпанова Зина Тілегенқызы

1 «в» сыныбы- сынып жетекшісі Адиева Жаңылсын Саламатқызы

1 «г» сыныбы-сынып жетекшісі Ермекова Самал Сатыбалдықызы

Біреулер енші ап өмірден

Түлеп ұшты асып қыр.

Бүлдіршін балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр.

Сондықтан да назарды

Солар жаққа бұрайық

Балдырғанды кішкентай

Қарсы алып қол соғайық!

(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)

Қуаныш бүгін, мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Бүлдіршінге бір сәлем!

Қымбатты 1 сынып оқушылары!

Білім ордасы-мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!

Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Білім күніне және 2015-2016 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. )

Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй тілейміз.

Ұстаздар мен шәкірттер!

Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін

Құтты болсын білім күні- мерекең!

Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!

Бүгінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты ту еткен Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі әлеуметтік күйзелістер мен үдемелі ғаламдық тұрақсыздық аясында Қазақстан тұрақты және сенімді түрде дамуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы-біздің тұтастығымыздың сарқылмас қут көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел»- Отанға деген сүйіспеншіліктің бейнесі, қазақстандық патриотизмнің жоғарғы деңгейі.

Қымбатты оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар мен мереке қонақтары!

Бүгінгі күні Қазақстан- саяси және қоғамдық тұрақтылықтың және 100 этнос пен 17 конфессияның мүдделерін сақтау мен нығайтудың үлгісі. Өйткені, бүгінгі Қазақстан- бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Республикамызды мекендеген ұлт пен ұлыстардың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен 1995 жылы еліміздің басты құжаты болып Ата Заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын.

Міне, биыл еліміздің басты құжатына 20 жыл толып отыр.

Бұл күн Қазақстан Республикасының Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси- экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың жарқын бастауына айналды. Бүгінде демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет ретінде орнығу талаптарының бәрі Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені, Ассамблея 20 жылдың ішінде еліміздің конституциялық органына, жалпыадамзаттың әне жалпыхалықтың институтына айналып, тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, тұрақты дамудың кепілі бола ббілді.

Құрметті Білім мерекесіне жиылған қауым!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, «Нақты 100 қадам» бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып тұр. Осы бағытта елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Педагогика мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім берудің принципі өзгеріп, мазмұны жаңаруда.

Осындай елеулі сәттің жетегімен шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін педагогикалық ұжымның басшысы мектеп директоры Темірбек Зинекенұлына сөз кезегін ұсынамыз.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағына құттықтау сөз кезегін жолдаймыз.

………………………………………………………………………………………………………………….

Қасиетті қазақ халқы «Бала-бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 жасқа толып, мектептің 1-ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған ата-аналарға сөз кезегін ұсынамыз.

Ізбасарова Эльмираға беріледі.

Жаңа өмірге аттағалы тұрған біздің бүлдіршін шәкірттеріміздің алғашқы ұстаздары да бүгін үлкен қуаныш үстінде. Олардың да жүректері толқулы. Заман талабына сай жаңа үрдіспен оқыту оларға үлкен міндеттер жүктейді.

Осы ұстаздардың атынан сөз кезегі Смағұлова Ұлмекен Сұңғатқызына беріледі.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.

Адам жанын тәрбиелеп, аялар

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.

6-ға енді келсең де,

Санап, жаза аласың

Келдің, міне, мектепке,

Құтты болсын қадамың.

Шаттанасың, ойнайсың

Білімді де ойлайсың.

Тәуелсіз елдің мейрамын

Сен де бірге тойлайсың.

Сөз кезегі 1 сынып оқушыларына.

оқушыҚуаныш бүгін-мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

оқушыБиыл мен де мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

оқушыМектеп-қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз!

оқушыБірінші қыркүйек күімен,

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

оқушыЕркесі едім әжемнің,

Еркесі едім анамның.

Толып биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

оқушыЕркелік жоқ кешегі

Оқушымын көшелі

Білім алып ойыммен,

Бойым енді өседі.

оқушыҚуантуға елімді

Қуантуға жерімді

Қуантуға жүректі

Мен мектепке барамын.

оқушыТаудай болсын талабың!

Құтты босын қадамың!

Деп құттықтап ағайым,

Сыйладым өз қаламын.

оқушыСебер мейір шуағын,

Айың блып туамын

Шоқан, Қаныш атадай

Ғалым жолын қуамын.

10-оқушы

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.

1 қыркүйек-Білім күні барлық білім беру мекемелерінде «Менің Отаным-Қазақстан» атты алғашқы білім сабағы өткізіледі.

Ал мектеп табалддырығын алғаш аттаған әрбір 1 сынып оқушысына сыйлық ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» кітабы оқу құралы ретінде ескерткішке ұсынылады. Бұл кітап білім беру саласындағы Елбасы ұсынған 5 реформа мен «нақты 100 қадамды» жүзеге асырудағы алғашқы жоба және балаға туған елінің мәдени құндылықтарын ашады. Қазақстан халқының тұтастығын түсінуіне, азаматтық көзқарас қалыптасуына көмектеседі. Сондай-ақ 2,3,4 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» білім сабақтары, 5,6,7,8 сыныптарда «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік сабақтары өтеді. Бұл сабақтар халқымыздың ерлік істеріне арналады. 9,10,11 сыныптар «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр» атты бейбітшілік және келісім сабағын өткізеді.

Жиынымыздың ең бір ерекше сәтіне де келіп жеткендейміз. Ол- алғашқы қоңырау соғу салтанаты. Бұл құрметке тұңғыш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары Темірланова Ақбота,Маратов Расул мен 11 сынып оқушылары Чапай Мирхат,Сағынова Арайлым ие болғалы тұр.

(Музыка ойнап тұрады.)

Күмбірлеп кеудесінде асқақ әні,

Ұстазды қадірлейді жас та, кәрі.

Білімнің биігіне басқан қадам

Алғашқы қоңыраудан басталады.

Әрқашан ата берсін күліп таңдар

Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.

Атамыз Ыбырайдан бастау алған,

Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!

Алғашқы қоңырау мерекесі құтты б…

1 Қыркүйек — Білім күні (Бастауыш | Алғашқы қоңырау)

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5. Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын…..

1 Қыркүйек — Білім күні (Балабақша | Алғашқы қоңырау)

Тақырыбы: Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)

Мақсаты: 1 қыркүйек — Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі — түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 — 6 бала қалады:
1 — бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл — күйім шарықтап тұр!
2 — бала: Себебі бүгін мереке ғой!….
3 — бала: Иә, иә! Бүгін — 1 қыркүйек, білім күні!
4 — бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта — қайта тартқан еді………
5 — бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?

1 Қыркүйек — Білім күні (Алғашқы қоңырау | Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр)

Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы,
Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек — Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар !
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз !
Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық — бір ел- бір тағдыр» атты
салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Қазақстан Республикасының Туы…..

Балабақша | 1 Қыркүйек — Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)

Сценарий аты: 1 қыркүйек — Білім күніне арналған балабақшаға сценарий
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән — мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл — күй сыйлау.

І.«Көңілді балалар»биі орындалады.
ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола…..

Сценарий: «Білім додасы»

Мақсаты: оқушыларды өз елінің табиғатын аялауға шақыра отырып,адалдылыққа

және білімділікке баулу;Білімдерін пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі: слайдтар тізбегі

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңінде ойыншылармен таныстыру.

Атыжөні.

Алдына қойған мақсаты.

Ұнататын пәндері.

Бос уақытын қалай өткізеді?

ІІ.Ойын барысымен таныстыру:

1-Кезең “Бәйге” 2Кезең “Тіл өнері” 3- Кезең “Жеті жұмбақ”

4-Кезең “Егерде мен” 5- Кезең “Ділмар” 6- Кезең “Жорға”

ІІІ.Ойынның барысы:

«Бәйге»

Жер шарын бірінші айналып шыққан саяхатшы. (Магеллан)

Қайта қалпына келетін табиғат ресурсы. (биологиялық)

Буынаяқтылар қалай көбейеді? (жынысты,жұмыртқа арқылы)

“Әлемнің әйгілі әйелдері” энңиклопедиясына енген қазақ әйелі.(Р.Бағланова)

ҚРның алғашқы Атазаңы қашан қабылданады? (1993ж 28 қаңтар)

“Сөз жүректен шығады” сөзінің авторы. (Абай)

Орта Азиядағы ең ірі шөл. (Қарақұм)

Рефлекс құбылысын зерттеген ғалым. (Павлов)

Катализатор дегеніміз не? (тездеткіш)

Ең терең шұңғыма. (Мариан)

Фотосинтез үрдісі қайда жүреді? (жапырақта)

Мәңгі жасыл өсімдік. (шырша)

«Тіл өнері»

№1Көлдің сәні – нелер? ( аққулар,лебеди)

№2Не қимылқозғалысты талап етеді? (өмір,жизнь)

№3Бәрі де кім үшін жаратылған? (адам,человек)

№4Неөмір,тіршілік негізі? (қан,кровь)

№5мал өсірсең не өсір,пайдасы оның көлкөсір. (қой,овец)

№6таутау үйілген ақ алтын,табады оның атын кім? (мақта,хлопок)

(алған ұпайларды қорытындылау, аз ұпайы бар1 шығады)

«Жеті жұмбақ»

Үстіңгі сандар бойынша:

20география «Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама» (Анхель)

30әдебиетОтанмынау өз үйің,қара,жаным,Ойнаған дала,бағың» (Ф.Оңғарсын)

40биология «жүрек дәрігері» (кардиолог)

Астыңғы сандар бойынша:

20география «Сен қай материкте тұрасың» (Евразия)

30әдебиет— «қазақтың ақын экологі кім» (Абай)

40биология «қарын сөлінің құрамында кездесетін қышқыл» (НСІ)

(нашар жауап берген 2 оқушы ойыннан шығады)

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Биянкурские праздники книга
  • Бишкунак чей праздник
  • Бишілер сайысы сценарий
  • Бишек туйы сценарий
  • Бичии дангына сценарий