Білім жарысы сценарий

Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.Қажетті құрал - жабдықтар; Сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, сигналдық белгілер.Жүргізуші: Армысыздар

Мақсаты: Балалардың білімді, жан — жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал — жабдықтар; Сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, сигналдық белгілер.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер.
Зерделі де, білімді мектепалды даярлық сыныбы бүлдіршіндерінің «Білімді біздер — баламыз» танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Үш қасиет кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім адамның шын мағынасындағы білімді болуына аса қажет.
Қазір жан — жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты топпен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Оң жақтағы «Ботақан» тобы, ал сол жақта «Балапан» тобы.

Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ашық жарқын жүзді,
Әділ қазылар біздің.
Таңдап баға берерге,
Шақырайық төрге.

Біздің сайысымызға қатысушылар ұшқыр ой, ақыл, білімдерінің асқақтығын көрсетпек. Талапты бүлдіршіндеріміздің сайысын таразылап, әділ шешімін берер әділ қазылар алқасын
таныстырайық. Бастауыш сыныптар оқу — ісінің меңгерушісі:

Қазір біз балалар осы уақытқа дейін «Біз мектепке барамыз»
Бағдарламасы бойынша алған білімдерімізді, өнерімізді, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда — дегендей алғашқы сайыс
«Әлеуметтік орта» саласынан.
Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан келеді. Берілген сұраққа ойлана
отырып жауап беруге тырысыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса
2 — ші топқа мүмкіндік бар.
Сонымен балалар барлығыңызға сәттілік тілейміз.

жүргізуші: «Әлеуметтік орта» саласынан «Ботақан»тобына 5 сұрақ.
1 — Біз қандай Республикада тұрамыз?
2 — Төрт түлік малды ата.
3 — Қыс айларын ата.
4 — Табиғат нешеге бөлінеді? Өлі табиғатты атаңдар.
5 — Қыстап қалатын құстарды ата.

2 — жүргізуші: «Балапан»тобы сұрақты тыңдаймыз.
1 — Рәміздерді ата.
2 — Неше жыл мезгілі бар? Айтып бер.
3 — Елбасымыз кім?
4 — Жыл құстарын ата.
5 — Тірі табиғатқа айтып беріңдер.

1 — жүргізуші: «Әлеуметтік орта» кезеңі аяқталды.
Сергіту сәті.
2 — ші кезең «Таным» саласы.
Бұл кезеңде қарапайым математикадан жыл бойы үйренген
білімдеріңді көрсетесіңдер. «Ботақан» тобына сұрақтар.

1 — Бір аптада неше күн бар, атап беріңдер.
2 — 7 санының көршілерін ата.
3 — 20 — ға дейін сана.
4 — 8 санының құрамы.
5 — Қандай пішін, түсі?
6 — Жұмбақ есептер, логикалық тапсырмалар.

1) Қолымда 5 алма,
Табақта 4 алма,
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?

2) Көлде жүзді 10 үйрек,
Ұшып кетті 3 үйрек,
Көлде қалды неше үйрек?

3) Емен ағашында 7 алма өсіп тұр еді, бәрі түсіп қалды.
Еменде неше алма қалды?

4) Арманның жасы 8 — де, қарындасы одан 3 жас кіші,
Қарындасы нешеде?

Жүргізуші: Енді кезек «Балапан» тобына.

1 — Қазір түс мезгілі ме, кеш мезгілі ме?
2 — 1 жылда неше ай бар. Атап беріңдер.
3 — 10 — нан кері сана.
4 — 5 және 3 санының қосындысы неге тең?
5 — Қандай пішін, түсі?
6 — Жұмбақ есептер, логикалық тапсырмалар.
1) Таудың артынан қоянның 10 құлағы көрінеді.
Неше қоян?

2) Театрға 8 бала барды,
4 бала кетіп қалды.
Театрда неше бала қалды?

3) Балалар жазда далада аққала жасады.
Аққала қалай болды?

4) Айгүл 5 жаста, ағасы одан 5 жас үлкен,
Ағасы неше жаста?
Сергіту сәті.
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Қатынас» саласы бойынша.
«Ботақан»тобына сұрақтар.

1 — Дауысты дыбыстарды табыңдар.
2 — «Балалар» — деген сөзде неше дыбыс, неше әріп?
3 — «Ботақан» деген сөзде неше буын?
4 — «Құстар» деген сөзге сөйлем құраңдар.
5 — «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
6 -«қала, қал, шана, шар, ата, ат» сөздерінің ішінен 1 буынды сөзді табыңдар.

7 — Мына сөйлемдерді оқып беріңдер.
Анам шашын тарады.
Әкем кітап оқып отыр.
Әжем кесте тігіп отыр.

8 — «Адасқан әріптер» ойыны. Қандай сөз?
Й а а н — айна, н а а ш — шана.

Жүргізуші: Келесі кезек «Балапан» тобында.

1 — Дауыссыз дыбыстарды табыңдар
2 -«Мектеп» сөзінде неше дыбыс, неше әріп?
3 — «Қошақан» сөзінде неше буын?
4 -«Көктем» сөзіне сөйлем құраңдар.
5 — «Қармақ» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
6 — «әже, апа, құс, сүт, бала, бал, бақа, бақ» сөздерінен 2 буынды
сөзді табыңдар.

7 — Мына сөйлемдерді оқып беріңдер.
Мен мектепке бардым.
Біз далада ойнадық.
Бүгін күн жылы болды.
8 — «Адасқан әріптер» ойыны. Қандай сөз?
Я о қ н — қоян, л б і і м — білім

Музыкамен сергіту сәті.

Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Денсаулық» саласы бойынша.
«Ботақан» тобына сұрақ.

1 — Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
2 — Тісті не үшін тазартамыз? Күніне неше рет тазарту керек?
3 — Көз не үшін керек?
4 — Көшеде қандай жолдан өту керек?
5 — Ұлттық ойындарды ата.

«Балапан» тобына сұрақтар.

1 — Тазалықтың достарын атаңдар.
2 — Қолды не үшін жуамыз?
3 — Құлақ не үшін керек?
4 — Күніне неше рет тамақтану керек?
5 — Судың пайдасы қандай?

Жүргізуші: Осымен 5 сала бойынша дайындаған тапсырмаларды орындадық.
Ал қай топ білімді, ақылды екенін әділқазылар айтсын.
Әділ қазылар сайыс қорытындысын айтып, балаларға сыйлықтар береді.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5. Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару
11. Алғашқы қоңырау қағылады.

I жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!

ІІ жүргізуші: 
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!

І жүргізуші:
Баршаңызды 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтай отырып, бүгінгі мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. 

ІІ жүргізуші:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
(Туды енгізу рәсімі)

Барлығы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

І жүргізуші: 
Бүгінге мерекелік шараға балалар мен ата-аналарды және ұстаздарды Білім күнімен құттықтай келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:
Келген қонақтардың атын атап, қызметін көрсетеді.

ІI жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.

І жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік шараны салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры __________ беріледі.

ІI жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда. (қонақтарға сөз беріледі)

(Ән)

II Жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің

11-сынып оқушысы:
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың
Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.

11-сынып оқушысы:
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін. 

I Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай ,күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.
(ӘН)

I Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.
(Бірінші сынып оқушыларын таныстыру)

I Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің — әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

II Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)

I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.

II Жүргізуші:
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар 

І — жүргізуші:
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

ІI жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

2015-2016 оқу жылы

Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!

Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы!

Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!

Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!

Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.

Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.

1 «а» сыныбы- сынып жетекшісі Смағұлова Ұлмекен Сұңғатқызы

1 «ә» сыныбы- сынып жетекшісі Самалихова Айман Шахидоллақызы

1 «б» сыныбы- сынып жетекшісі Айтпанова Зина Тілегенқызы

1 «в» сыныбы- сынып жетекшісі Адиева Жаңылсын Саламатқызы

1 «г» сыныбы-сынып жетекшісі Ермекова Самал Сатыбалдықызы

Біреулер енші ап өмірден

Түлеп ұшты асып қыр.

Бүлдіршін балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр.

Сондықтан да назарды

Солар жаққа бұрайық

Балдырғанды кішкентай

Қарсы алып қол соғайық!

(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)

Қуаныш бүгін, мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Бүлдіршінге бір сәлем!

Қымбатты 1 сынып оқушылары!

Білім ордасы-мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!

Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Білім күніне және 2015-2016 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. )

Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй тілейміз.

Ұстаздар мен шәкірттер!

Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін

Құтты болсын білім күні- мерекең!

Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!

Бүгінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты ту еткен Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі әлеуметтік күйзелістер мен үдемелі ғаламдық тұрақсыздық аясында Қазақстан тұрақты және сенімді түрде дамуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы-біздің тұтастығымыздың сарқылмас қут көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел»- Отанға деген сүйіспеншіліктің бейнесі, қазақстандық патриотизмнің жоғарғы деңгейі.

Қымбатты оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар мен мереке қонақтары!

Бүгінгі күні Қазақстан- саяси және қоғамдық тұрақтылықтың және 100 этнос пен 17 конфессияның мүдделерін сақтау мен нығайтудың үлгісі. Өйткені, бүгінгі Қазақстан- бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Республикамызды мекендеген ұлт пен ұлыстардың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен 1995 жылы еліміздің басты құжаты болып Ата Заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын.

Міне, биыл еліміздің басты құжатына 20 жыл толып отыр.

Бұл күн Қазақстан Республикасының Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси- экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың жарқын бастауына айналды. Бүгінде демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет ретінде орнығу талаптарының бәрі Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені, Ассамблея 20 жылдың ішінде еліміздің конституциялық органына, жалпыадамзаттың әне жалпыхалықтың институтына айналып, тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, тұрақты дамудың кепілі бола ббілді.

Құрметті Білім мерекесіне жиылған қауым!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, «Нақты 100 қадам» бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып тұр. Осы бағытта елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Педагогика мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім берудің принципі өзгеріп, мазмұны жаңаруда.

Осындай елеулі сәттің жетегімен шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін педагогикалық ұжымның басшысы мектеп директоры Темірбек Зинекенұлына сөз кезегін ұсынамыз.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағына құттықтау сөз кезегін жолдаймыз.

………………………………………………………………………………………………………………….

Қасиетті қазақ халқы «Бала-бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 жасқа толып, мектептің 1-ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған ата-аналарға сөз кезегін ұсынамыз.

Ізбасарова Эльмираға беріледі.

Жаңа өмірге аттағалы тұрған біздің бүлдіршін шәкірттеріміздің алғашқы ұстаздары да бүгін үлкен қуаныш үстінде. Олардың да жүректері толқулы. Заман талабына сай жаңа үрдіспен оқыту оларға үлкен міндеттер жүктейді.

Осы ұстаздардың атынан сөз кезегі Смағұлова Ұлмекен Сұңғатқызына беріледі.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.

Адам жанын тәрбиелеп, аялар

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.

6-ға енді келсең де,

Санап, жаза аласың

Келдің, міне, мектепке,

Құтты болсын қадамың.

Шаттанасың, ойнайсың

Білімді де ойлайсың.

Тәуелсіз елдің мейрамын

Сен де бірге тойлайсың.

Сөз кезегі 1 сынып оқушыларына.

оқушыҚуаныш бүгін-мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

оқушыБиыл мен де мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

оқушыМектеп-қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз!

оқушыБірінші қыркүйек күімен,

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

оқушыЕркесі едім әжемнің,

Еркесі едім анамның.

Толып биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

оқушыЕркелік жоқ кешегі

Оқушымын көшелі

Білім алып ойыммен,

Бойым енді өседі.

оқушыҚуантуға елімді

Қуантуға жерімді

Қуантуға жүректі

Мен мектепке барамын.

оқушыТаудай болсын талабың!

Құтты босын қадамың!

Деп құттықтап ағайым,

Сыйладым өз қаламын.

оқушыСебер мейір шуағын,

Айың блып туамын

Шоқан, Қаныш атадай

Ғалым жолын қуамын.

10-оқушы

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.

1 қыркүйек-Білім күні барлық білім беру мекемелерінде «Менің Отаным-Қазақстан» атты алғашқы білім сабағы өткізіледі.

Ал мектеп табалддырығын алғаш аттаған әрбір 1 сынып оқушысына сыйлық ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» кітабы оқу құралы ретінде ескерткішке ұсынылады. Бұл кітап білім беру саласындағы Елбасы ұсынған 5 реформа мен «нақты 100 қадамды» жүзеге асырудағы алғашқы жоба және балаға туған елінің мәдени құндылықтарын ашады. Қазақстан халқының тұтастығын түсінуіне, азаматтық көзқарас қалыптасуына көмектеседі. Сондай-ақ 2,3,4 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» білім сабақтары, 5,6,7,8 сыныптарда «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік сабақтары өтеді. Бұл сабақтар халқымыздың ерлік істеріне арналады. 9,10,11 сыныптар «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр» атты бейбітшілік және келісім сабағын өткізеді.

Жиынымыздың ең бір ерекше сәтіне де келіп жеткендейміз. Ол- алғашқы қоңырау соғу салтанаты. Бұл құрметке тұңғыш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары Темірланова Ақбота,Маратов Расул мен 11 сынып оқушылары Чапай Мирхат,Сағынова Арайлым ие болғалы тұр.

(Музыка ойнап тұрады.)

Күмбірлеп кеудесінде асқақ әні,

Ұстазды қадірлейді жас та, кәрі.

Білімнің биігіне басқан қадам

Алғашқы қоңыраудан басталады.

Әрқашан ата берсін күліп таңдар

Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.

Атамыз Ыбырайдан бастау алған,

Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!

Алғашқы қоңырау мерекесі құтты б…

1 Қыркүйек — Білім күні (Бастауыш | Алғашқы қоңырау)

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5. Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын…..

1 Қыркүйек — Білім күні (Балабақша | Алғашқы қоңырау)

Тақырыбы: Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)

Мақсаты: 1 қыркүйек — Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі — түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 — 6 бала қалады:
1 — бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл — күйім шарықтап тұр!
2 — бала: Себебі бүгін мереке ғой!….
3 — бала: Иә, иә! Бүгін — 1 қыркүйек, білім күні!
4 — бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта — қайта тартқан еді………
5 — бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?

1 Қыркүйек — Білім күні (Алғашқы қоңырау | Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр)

Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы,
Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек — Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар !
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз !
Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық — бір ел- бір тағдыр» атты
салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Қазақстан Республикасының Туы…..

Балабақша | 1 Қыркүйек — Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)

Сценарий аты: 1 қыркүйек — Білім күніне арналған балабақшаға сценарий
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән — мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл — күй сыйлау.

І.«Көңілді балалар»биі орындалады.
ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола…..

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырулы қонақтар!

1-жүргізуші: Құрметті студенттер, аяулы ұстаздар, ата – аналар, қадірменді

қонақтар!   Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «l қыркүйек – Білім күні» мерекесімен  құттықтай отырып, колледж өміріне дәстүрге айналған «Білімді ел – мәңгі ел!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Конституцияның 21 жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1-жүргізуші: Салтанатты жиында ҚР көк байрағы көтерілсін. /ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат

етіңіздер: /келген қонақтармен таныстыру/ 

  1. ____________________________________________________________

  2. ____________________________________________________________

  3. ____________________________________________________________

  4. ____________________________________________________________

  5. ____________________________________________________________

1-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды колледж басшысы баршаңды, – дей келе,

құттықтау сөз колледж директоры ___________________________________

беріледі.

2- жүргізуші: Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі студенттердің  құрметіне ___курс студенті ___________________________ орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

2- жүргізуші:   Салтанатты жиынымызда құттықтау сөз кезегі  құрметті қонақтарға беріледі

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

5._________________________________________________________________

 1-жүргізуші: Қазақ биі – орындайтын ___ курс студенті _________________________________________________

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!

Қадамдарыңыз құтты болсын!  Сабақтарыңызды жақсы оқып, үлкен үлкен жетістіктеріңізге  жетулеріңе тілектеспіз!

1-жүргізуші:  Қандай ғажап қарашы жан- жағыңа, 
Күміс күлкі симай тұр, қара мұңға.
Ата-анадай бақытты жан бар ма екен,
Қол жеткізген аңсаған арманына. 
Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан,ата-анадан бата алады .
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

2-жүргізуші: Cөз кезегі І курс ата аналар атынан ________________________ беріледі.

1-жүргізуші: Ән.

2-жүргізуші: Бұл мереке Темірхан Байсырымов атындағы құлсары гуманитарлық-техникалық колледж табалдырығын аттағалы тұрған алғашқы студенттер үшін өте ерекше күн. Өйткені, олар жүректеріне үміт пен сенім, қуаныш пен шаттық артып, білім ордасына тұңғыш рет келгелі тұр.

1-жүргізуші:  Құрметті бірінші курс студенттері. Колледж қабырғасында 4-ші жыл білім алып көздеген дипломына сәл уақытын күтуде отырған аға ұрпақтың сіздерге айтар тілегі бар. 

4-курс студенті ______________________________________

2 Жүргізуші:Ендеше, осы студенттеріміздің алдына қойған

мақсаттарын сыйлай білуіміз керек. Себебі, олар мектептегі жолдастарын,

қымбатты ұстаздарынан кетіп, колледж қабырғасында студент атанғалы тұр.

1 Жүргізуші: Бұл білім ордасында оқытушылармен қатар студенттер  қауымы да сынға түссе дес бермей келеді.Әр оқу жылы бойы олар үздіксіз еңбек етіп үздіктері  алға шығады. Соның бірі 2015-2016 оқу жылында топ жетекшілер мен студенттер қауымының жылдық жұмыс рейтинг көрсеткішінің қорытындысын жасау үшін сөз кезегін колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары ________________________ береміз.

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі ____________________________ беріледі.

/Қоңырау соғылады…/

1-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға.

2-жүргізуші: Шаттықтың үніндей мәңгілік

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Білімнің гүлін ашылған,

Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған,

Қоңырау дауысы жыр екен

1 Жүргізуші: Құрметті қауым бүгінгі Білім күніне арналған «Білімді ел – мәңгі ел!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Биылғы оқу жылы сәтті болып,  келесі оқу жылының алғашқы қоңырауына дейін күн нұрлы болсын, ағайын!

2-жүргізуші: Әр топ  жетекшісі өз топтарыңызбен бекітілген колледж дәрісханасына шақырамыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЖАЛПЫ КОЛЛЕДЖІШІЛІК 1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШТІҢ СЦЕНАРИЙІ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Инербаева Асемгул Мараткызы

2019

Мақсаты:

Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті білім алушылар мен ұстаздар!

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші: Бүгін – 1-қыркүйек – Білім күні. Адам өмірінде білімнің атқаратын рөлі өте зор. Ақыл — тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.
Мереке құтты болсын!

2-жүргізуші: Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы, яғни Сіздер. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Бүгінгі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» салтанатты жиынымызды ашу үшін ортаға Мемлекеттік Туды алып шығу рәсімін өткізу үшін алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Сулейменов Мади Ахмадияұлын шақырамыз!

Сулейменов Мади Ахмадияұлы:

  • Сап тік тұр! Мемлекеттік Ту ортаға кіргізілсін! (Ту кіргізіледі)

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ойналсын! (әнұран орындалады).

1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт — дәстүр мен әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. 

2-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды колледж басшысы баршаңды, – дей келе,

құттықтау сөз колледж директоры Б. Т. Темиржановқа беріледі. (Директор сөзі)

1-жүргізуші: Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

2-жүргізуші: Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен. Сахнаға коллледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инербаева Асемгул Мараткызын шақырамыз!

1-жүргізуші: Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін жұмысшы кадрларды дайындау сапасын көтеру және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруі қажет екенін баса айтты.

2-жүргізуші: Кезінде «ғарышкер болам», «ұшқыш болам» деп армандайтындар көп еді. Қарап отырсақ, қазір, қоғамға қажетті мамандықты меңгерген жастардың қарасында қисап жоқ. Бұл, әрине, көңіл қуантпай қоймайды. Қандай кәсіптің болсын, өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы бар. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығының орасан  сұранысын тудырып отыр. Қай колледжді алсақ та, заман талабына жауап беруге ынталы.

 1-жүргізуші: Ардақты асыл мекен колледжіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

2-жүргізуші: Бүгін біздің колледжімізге осы колледжді тамамдаған, өз ісінің мамандары келіп отыр. Сахна төріне Шәкім Арай, Бейсенғалиев Қорған, Айдарханов Медеу және Марат Ерсінді шақырамыз!

1-жүргізуші: Бүгінгі күні барлық Қазақстан аумағында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» форумдары өтуде. Осының негізінде көптеген колледждерде «адалдық асханасы», «адалдық дүкендері» жұмыс істеуде. Бұл дегеніміз, жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялатуға тәрбиелейді.

2-жүргізуші: Жемқорлықпен күрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен үнемі бүкіл халық болып күресуіміз керек. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды. Қазақта «Ауруын жасырған өледі» дейтін мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Колледждегі «Саналы ұрпақ» жасағының жетекшісінің көмекшісі Адишева Мақпал Бауыржановнаны «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндамасымен шақырамыз!

1-жүргізуші:   Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі студенттердің  құрметіне ІІ курс студенті Бақтыбаева Дананың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!

Қадамдарыңыз құтты болсын!  Сабақтарыңызды жақсы оқып,

үлкен үлкен жетістіктеріңізге  жетулеріңе тілектеспіз!

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата- аналар атынан __________________

Беріледі

2-жүргізуші: Топтарды үлестіру және топ жетекшілер мен өндірістік оқыту шеберлерін тағайындау үшін директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Байназаров Бауыржан Оралұлын шақырамыз!

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп

жариялаймыз!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман сау болайық!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Білім б?йгесі сценарий
  • Білгірлер сайысы математика сценарий
  • Білгенге маржан сценарий
  • Біз таланттарды іздейміз сценарий
  • Біз т?уелсіз елді? ?ланымыз сценарий