Та?ырыбы: «?аза?стан – 2050» стратегиясы: бір халы? – бір ел – бір та?дыр.
Ма?саты: О?ушылар?а жа?а та?ырыпты? ма?ынасын таныстырып, ?ойылатын талаптарды? орындалуына атсалысу ?р адамны? борышы екенін т?сіндіру.
2) О?ушылар?а патриотты? т?рбие беру. Еліне, Отанына, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.
Елжандылы??а, адамгершілікке, Отан с?йгіштікке т?риелеу.
Т?рі: Д?ст?рлі.
?дісі: Баяндау, т?сіндіру, ойын т?рінде.
К?рнекілігі: Н.Назарбаевты? суреті, Елімізді? р?міздеріні? суреттері, на?ыл с?здер,бейнетаспа
Барысы:
І. ?йымдастыру.
Амандасу, т?гелдеу, саба??а дайынды?ын тексеру.
ІІ. М??алім: Арайлап та? атты,
Алтын шуа? таратты.
?айырлы к?н, балалар!
?айырлы к?н, ?она?тар!
Ал енді балалар,б?ріміз орта?а т?рып, ?ол ?стасып,бір-бірімізге жа?сы тілектер айтайы?.
К?німіз жары? болсын!
Аспанымыз ашы? болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата –анамыз аман болсын!
Б?ріміз к?ндей жар?ырайы?!
Б?ріміз тату болайы?!
?ымбатты о?ушылар б?гінгі Білім к?ні саба?ымызды : «?аза?стан-2050 стратегиясы: бір халы?-бір ел- бір та?дыр» та?ырыбында баста?алы отырмыз. Осылай атауымызды? ?зінде де ?лкен м?н бар. Б?л с?зді? ма?ынасын мен сендерге тусіндіре кетейін.,себебі ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаев ?аза?стан Хал?ы Ассамблеясыны? ХХ сессиясында осы та?ырыппен с?з с?йлеген болатын. Неге біз б?лай айта аламыз? ?йткені «бір халы?» — б?л барлы?ымыз ?шін орта? ?лтты? м?дделер.
-Жал?ыз адам халы? бола ма? Жо?. Ендеше б?ріміз к?п адамдар ?осылса,ол халы? болады екен.«Бір ел» -б?л барлы?ымыз ?шін орта? Отан.
Бізді? еліміз Шал а?ын ауданы туралы таныстыра кету. (слайдтар к?рсету) Шал акын ескерткіші,м?ражай,м?дениет ?йі.. «Бір та?дыр»-б?л біз бірге ж?ріп ?ткен ?иынды?тар мен же?істер. Б?л бізді? орта? келешегіміз – игілікті ж?не ?сіп- ?ркендеген ?аза?стан! Елімізде т?ратын130-дан астам ?лтты? ?кілі бір ша?ыра?ты? астында бірт?тас елге айналып, тату-т?тті ?мір с?ріп келеді. Осы жылдарды? ішінде досты?ы мен туысты?ы жарасып, бірт?тас елге, бір та?дырлы халы??а айналды. «Кемедегіні? жаны бір» дегендей, б?гінде ?аза? хал?ыны? басына ту?ан к?н бізге де орта? деп білемін. Сонды?тан біз бір та?дырлы елміз. «Бір халы? – бір ел – бір та?дыр» идеясыны? басты айтары – осы. Осы жылдар ішінде ?аза?стан ?зін бас?а елдерге хал?ыны? ауызбірлігі мы?ты ел ретінде к?рсете білді. ?азір еліміздегі барша халы? бір ауаны ж?тып, ?аза?станны? ке?-байта? жерінде тату-т?тті т?рып жатыр. Еліміздегі ?зге ?лт ?кілдеріні? арасында ?аза? тілін ме?геріп, ?аза?ты? салт-д?ст?рін ?станатыны баршылы?. М?ны? барлы?ы ?аза? хал?ыны? ?зге ?лтты сырт?а теппей, керісінше» бауырына басып, ?зіндей к?ре білгеніні? ар?асы болса керек. Сонды?тан біз ?азір «бір жа?адан бас, бір же?нен ?ол шы?арып», бір та?дырлы елге айналып отырмыз. ?азір еліміздегі ?зге ?лт ?кілдері бас?а елге кетіп, ?здерін ?аза? елінен б?ліп ?арау жайлы ойламайды да. Б?л – оларды? бір елге айнал?аныны? белгісі. Сонды?тан «бір халы? – бір ел – бір та?дыр» идеясы елімізде ?алыптас?ан осы бір татулы?ты? белгісі.
– «Бір халы? – бір ел – бір та?дыр» идеясы елімізді ,сендерді бірлікке ша?ыратын ?ран деп білемін. Біз бір елде т?рып, бір ауаны ж?тып, бір ша?ыра?ты? астында ?мір с?рген бір-бірімізді ты?дап,?лкенді сыйлап м??алімні? ?лкен кісіні? айт?анын ??ып алып б?лжытпай орындау керекпіз. Сонды?тан келешекте хал?ымызды? ауызбірлігі артып, болаша?ы жар?ын, іргелі елге айналуын тілейміз.Сонды?тан кез келген ?лтты? баласы ?аза??а ?з баласындай сі?іп кете береді. Міне сендерді? де ал?аш?ы мектепке аттап отыр?ан ?адамдары? ??тты болсын. Келешекте осы істі ар?арай жал?астыратын еліміздін білімді, т?ртіпті азаматы болу ?шин сендер не істеу керексі?дер? –Саба?ымызды жа?сы о?ып,?лгілі о?ушы болу?а тырысу керекпіз.Бір-бірімізбен тату болу керекпіз.
-?ымбатты о?ушылар, міне біз б?гінгі білім к?ні ?аза?стан –б?л бірт?тас жер, бірт?тас халы? пен ба?ытты болаша? екендігін ж?не сол болаша?ты? т?т?асы сіздер екендігін т?сінді деп сенемін.Ал енді мен саба?ымды мынадай тілекпен ая?та?ым келіп т?р. ?айырлы та? досым,
?айырлы к?н болсын!
Жеті к?нні? ?р к?ні
С?ттілікке толсын!
Бізді? алар ба?амыз
Кіле? бестік болсын!
Просмотр содержимого документа
«бір халы? – бір ел – бір та?дыр. »
Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір
тағдыр»
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш
сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды
зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту,
еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне
деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін
жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан
Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті,
нақыл сөздер.
Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
— Армысыздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай
ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.
Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның
арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған
жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына
сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие
сағатын өткізіп отырмыз.
Ой қозғау:
— Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан.
— ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
— ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
— Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
— Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім: Ал енді балалар елбасымыз елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050
стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта
дәстүрлі халыққа жолдауын арнады.
Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік
жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз
қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі
болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.
Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі
үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін
жасалды деген болатын..
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп
атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр:
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын
табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи
алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең
алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың
ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау
мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген
болатын.
Ал, балалар сіздерге бүгінгі тақырыбымыздың негізі ретінде бірнеше
сұрақтар жауап бере отырып, бүгінгі тақырыбымыздың мазмұнын ары қарай аша
түсейік.
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды
ата.
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.
Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының
да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың
міндеті.
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3.Тудың авторын атаңыз.
4.Елтаңбаның авторы кім?
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
(1991 жылы 16 желтоқсан)
7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше
жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)
9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
Елбасы Жолдауында
өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл
бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала
тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы
ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің
байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен
қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек
білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере
отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру
жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп
отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар
жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар
трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді
болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент
Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі»
тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын
қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің
сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан
Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Енді Жолдауда
айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына
ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында
тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз
қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Қорытынды:
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына
сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген
елбасымыздың қорытынды сөзімен «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20-
жылдық мерекесіне арналған сыныптан тыс іс- шара
Мақсаты:
а. Білімділік: Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
туралы мәлімет беру, оның адам өміріндегі маңызын оқушылардың санасына жеткізу.
ә. Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті
сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін
көтеруге ат салысуға шақыру.
б. Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға
деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты
нығайту.
Камила :
Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады
/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады./
Мұғалім:
-Қайырлы күн! Құрметті
ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Ассамблеясының
20 –жылдық мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз. Барша
қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам.
-Құттықтау сөзді мектеп
директоры Дынникова Л.В. береміз.
Бүгінгі
мереке тақырыбына арналған 11 а — сынып оқушысы Макеева Ольганың
дайындаған жобасын назарларыңызға
ұсынамыз.
Макеева Ольга:
Еліміздің Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992
жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында
айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
—
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете
отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және
рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және
бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық
келісімді қамтамасыз ету.
—
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік
органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі
нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының
негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы
Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
—
Қазақстанда 140 ұлт
өкілдері тұрып жатыр. Ұлы қазақ даласында
өзге ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүруде.
—
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына
топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы
құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бүгінде бұл аталған
достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық-мәдени орталықтардың басын
қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс
жасауда.
—
Камила:
—
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр
Ольга:
—
Назарларыңыңызға «Дарьюшка» би
тобының «Нежность» биін ұсынамыз.
— Қазақ вокал тобы «Ақ шағаланы» ортаға
шақырамыз.
—
«Ақ
шағала” әжелер тобы 2001 жылы шілде айында құрылды. Құрамында 12 адам. Барлық
мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Репертуарында көптеген халық әндері
орындалуда.
—
2001
жылы біздің Дарьинск ауылындағы Мәдениет
үйінде ұлттық-мәдени орталықтар құрылды
— Орыс халқының ұлттық-мәдени орталығы
«Сударушка» .
—
Жетекшісі
Жиганова Т.В. Бұл мәдени орталық 1998
жылы үйірме ретінде жұмыс істеді. Бұл үйірмені ұйымдастырушы және жетекшісі
болған
—
Вербицкая
Л.П. Қазір орыс диаспорын Дарьинск ауылы бойынша 2870/ екі мың сегіз жүз
жетпіс/ адаммнан тұрады, яғни 50/ пайыз/% құрайды.
—
Ал енді
орыс халқының ұлттық- мәдени орталығы «Сударушканы» ортаға
шақырамыз.
Камила:
—
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ольга:
Белорус
халқының ұлттық-мәдени орталық «Сябры» 2001 жылы құрылды. Жетекшісі
Старцева П. А. Дарьинск ауылында бұл ұлт өкілдерінің алпыстан астамы тұрады.
—
Енді
«Сябры» мәдени орталығын қарсы алайық.
Камила
—
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізден жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса-жаса тыныштық.
Ольга:
—
-Келесі сөзді украин халқының ұлттық- мәдени орталығы
«Червонарутаға» береміз. Жетекшісі Гарбуз Г. Ф..
Камила:
—
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем — мерейлі ырыс — бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады
Ольга:
—
Сахнаға татар
халқының ұлттық- мәдени орталығы «Мариямды» шақырамыз. Ұлттық- мәдени орталығы
өзінің атын осы орталықтың ең үлкен қатысушы және әншісі Заулкарнаева Мариям
апаның құрметіне атады. Жетекшісі Самарцева Р.Х.
Камила:
—
Қазақ
жері кең, байтақ
Қазақ жұрты мейманда
Қазақстан -ел ортақ
Барлық жанға мекендес
Қазақстан -Отаным
«Өз елім» деп атады.
Оны өкілі әр ұлттың.
Мұнда бірге тұрады
Орыс, неміс, татарлар
Мұнда тапқан тұрағын.
Ұйғыр, кәріс, балқарлар
Бір шаңырақ астында
Достық болған тірегі
Үлкен-кіші, жастың да
Бар мақсаты, тілегі.
Ольга:
—
Біздің ауылымызда өнер көрсеткен ұлт өкілдірінен басқа да жеткілікті. Олар
бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
—
Қазір армян ұлтының атынан 3 сынып оқушысы Мкоян Инганы ортаға шақырамыз.
—
Кәріс
ұлтының атынан 8сынып оқушысы Ан Софьяны сахнаға шақырамыз.
—
Неміс
халқының атынан 6 сынып оқушысы Штейнгельберг Артемді ортаға шақырамыз.
—
Сахнаға
«Дарьюшка» би «Жігіттер» тобын шақырамыз
Мұғалім:
—
— Біз өзіміздің салт — дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан
өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек.
Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана
ырысы мен табысы мол болмақ» — деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз
—
Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ
астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып,
қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. /
«Атамекен» әні орындалады/
Скачать материал
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.
Сценарий тақырыбы: «Қазақстан —2050» стратегиясы: Бір ел , бір халық , бір тағдыр
Мақсаты: Ұлттық тілді насихаттау, өлкенің тарихын терең ұғыну.
-Ұлттық өнерімізбен мәдениетімізді насихаттау , жасөспірімдердің эстетикалық талғамын кеңейту.
-жергілікті ақындар мен сазгерлердің шығармаларын насихаттау.
1- жүргізуші Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және керметті қонақтар!
2-жүргізуші Әнұран
Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз
Өзіңде айбын қуаныш, өзіңнен қуат аламыз.
Ашық аспан, бейбіт күн жалғаса берсін, салтымыз,
Тәуелсіздікке тән белгі- шырқасын мәңгі халқымыз.
Жан азығым ,қалықтай бер ,шарықтай бер, әнұран,
Салтанатты асқақ сөз , гүлдене бер, кең далам!
Жүректерде жаңғырады кеудені кернеп әнұран,
Елімде рух , мән берген иесі оның- мен болам!
Қазақстан халқының әнұраны орындалсын!
1-жүргізуші Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан-әлемдік аренадан өз орнын ойып алған ,Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені.Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұрандарымыз. Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін « Қазақстан —2050» Стратегиясын қабылдадық-деді Елбасымыз өз жолдауында Отанды біз Атамекен деп аялап айтамыз, өйткені оны мекен еткен бабамыз бер атамыз.
2-жүргізуші :Ал енді, Айнабек ендігі кезекті әнге берейік.
Хор: « Атамекен»
1-жүргізуші : Асылзат бүгін біз Елбасымыздың жолдауына тағыда тоқталып өтейін. Елбасымыздың келесі жолдауы: Бүгінде Отанымыздың жетістіктері! әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы .Күшті қуаты мемлекет ғана ұзақ мерзімді жоспарлаумен тұрақты экономикалық өсумен айналысады. Стратегияны мүлтіксіз орындау — ортақ парыз, абыройлы міндет. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан! Келесі қезекті жеке аспапта орындау: пионинаның тартатын Айтқали Инабат: Халық әні «Илигай» Қабыл алыңыздар .
2-жүргізуші Тәуелсіздік ! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Тәуелсіз елдің тілегі бейбітшілік, тыныштық, келешегі білімді ұрпақ — дей келе келесі кезекте халық әні орындайтын Бердіқұл Асылзат. «Дудар-ай»
1 -жүргізуші « Отанды сүю от басынан басталады » Отан-менің үйімі, ата-анам, жерім, елім. Отаным кең байтақ , шыңдары аспанмен таласқан таулары әдемі, қойнауы кенге толы. Қазақ халқы ежелден қонақжай.
2-жүргізуші Би билейміз талмаймыз
Әнімізді арнаймыз
Бүлдіршіндер билесе
Таңданбай біз қолдаймыз дей келе 1б-сынып бүлдіршіндері « Балбөбек » бишілер тобына кезек береміз
1 -жүргізуші Бойымда әлі бұлақ жатыр бұрқұрап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бірғана
Ырыс , бақыт, татулық пен ынтымақ.
2-жүргізуші
Туған тілім-тірлігімнің айғағы ,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өсше тілім мен де бірге өшемін . -дей келе аудандық сайыстардың жүлдегерлері мектебіміздің ақындарын ортамызға шақырамыз. Сейсенбай Нұрлыбек, Мамед Ермахан, Мырзан Нұрдаулет. Төлеу Жазира,Сейсенбай.
1-жүргізуші Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күн шығыстан.
Тәуелсіз Қазақстан — туған елім,
Досы көп , бата алмайды бірде дүшпан -дей келе Қали Фаризаның орындауында « Жаса мәңгі Қазақстан » әнімен қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
Алашым менің —
Ұрандап шыққан үндерге өктем,
Келеді кейбір пікірге күлкім
Бір қарап күндерге өткен,
Тәуелсіздігіңе шүкір де , жұртым.
Көрініс « Амангелді Имановтың өлімі»
1-жүргізуші.
Достық пейіл -татулық тірегі,
Біздің халық бейбіт өмір сүреді.
Бар әлемді бір өзіне қаратқан,
Елордамыз-Еуразия жүрегі!
Ортаға « Көктудың желбірегені » әнімен Ораз Бекзатті шақырамаз
2-жүргізуші : Орындалып көптен күткен арманы,
Ел қыраны биіктерге самғады.
Елу елдің қатарына қосылу
Осы емес пе еліміздің ардағы-ән « Ия солай» орындайтын Ергеш Гүлжауһар. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші Тәуелсіздік жемісін ала келді,
Көрінер көкжиектен далам енді
Кім танымас айтсаңдаршы, айтыңдаршы, Қазақстан егемен байтақ елді. -дей келе кезеті фокус өнеріне береміз Мамет Ермахан, Мадихан Алихан
2-жүргізуші Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тэуелсіз елімізді « Мәңгілік ел » етуді мүрат қылдық
«Қазақстан —2050 » стратегиясы осынау мәңплік жолдағы буындар бірлігінін , ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
1-жүргізуші Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде :
« Бір халық »-бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
« Бір ел » — бұл барлығымыз үшін ортақ Отан
« Бір тағдыр »- бұл бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! деді
2-жүрпзуші Ән салса, айтса таң қаларсың,
Ән сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың
Осындай ән туғызған қазағымды
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың — деп кезекті әнге берсек Қоңырбай Кәмшаттьң орындауында «АҚ ЖАЙНАҚ»
1-жүргізуші: Мен 21 ғасыр Қазақстанның « алтын ғасыры » боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылықтың, гүлденудің ғасыры болады .
2-жүргізуші Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз кездеге мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
1-жүргізуші Аңсарлы азаттығымызбен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жо. ашсын!-деген елбасымыз қортынды сөзінде.
Келесі кезекті «Сұңқар» тобының орындауында папури биіне береміз.
2-жүргізуші Тәуелсіздік тірегі, еліміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін. Ән « Арқашан күн сөнбесін » орындайтын Серікбай Аяжан
1 –жүргізуші: Кешімізді елбасымыздың жолдауымен аяқтағымыз келіп
отыр Біздер, қазақстандықтар -бір халықпыз
Біз үшін ортақ тағдыр -бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұл Қазақстан!
Автор: Алиева Анар
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
5 сынып
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата — бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт — бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір — қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
Ой қозғау:
— Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан.
— ҚР — ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
— ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
— Біздің тұңғыш президентіміздің аты — жөнін білесіңдер ме?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата — ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
— Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім: Ал енді балалар елбасымыз елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт — бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын арнады.
Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.
Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды деген болатын..
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген болатын.
Ал, балалар сіздерге бүгінгі тақырыбымыздың негізі ретінде бірнеше сұрақтар жауап бере отырып, бүгінгі тақырыбымыздың мазмұнын ары қарай аша түсейік.
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
1919 — 1925жж. Қазақстанның астанасы — Орынбор қаласы,
1925 — 1929жж. Қызылорда қаласы.
1929 — 1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.
2. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3. Тудың авторын атаңыз.
4. Елтаңбаның авторы кім?
5. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7. Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8. Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30тамызда, 16 жыл)
9. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу — болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Білім — барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян — қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Қорытынды:
Мен 21 — ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! — деген елбасымыздың қорытынды сөзімен «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Тәрбие сағаты- kz2015
- 26.08.2015
- 1
- 2
- 11555
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер
Тәрбие сағатының барысы:
— Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. «Оқу-инемен құдық қазғандай». Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік-биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Алғаш сабағымызды бастамай тұрып, бір-бірімізбен танысып алайық.Бәріміз орнымыздан тұрып «Достық шеңберін» құрайық . Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.
Ой қозғау: Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. «Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
— Бүгін балалар, Отан туралы, халқымыз туралы, ел туралы айтамыз. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деп аталады.
— Біз қандай мемлекетте тұрамыз? /ҚР картасы/
ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.
— Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана суреті/
— Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?
— Біздің президентіміз кім? /Н.Ә. Назарбаев портреті/
— ҚР рәміздерін кім біледі? /ҚР рәміздері/
— ҚР туында не суреттелген? Ол нені білдіреді?
— Елтаңбада не суреттелген?
— Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?
— ҚР халқы бір-бірімен қалай өмір сүріп жатыр.
Тату өмір сүреміз, өйткені біз бір Отанда тұрамыз.
— Кәне, кім Отан, ел, халық туралы тақпақ жаттап келді? Қол көтереміз.
Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан Тәуелсіз Республика болды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
— Біздің еліміздің тарихы туралы әлі талай оқып білесіңдер. Ал біздің сауаттылығымызды ашатын, оқуға, жазуға үйрететін, ең алғаш оқулықтарың бұл- Әліппе.
— Әліппенің алғаш бетінде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендерге өз тілегін жолдапты, мен сендерге оқып берейін. ./қол шапалақтау/
— Балалар, бүгін сендер қайда келдіңдер? /мектепке, сыныпқа/
— Сендерді кім күтіп алды? /мұғалім/
— Сенен басқа тағы кімдер бар? /оқушылар/
— Мектепке келу үшін не қажет? /оқу құралдары/
— Мына суретте мектепте қажет емес,қандай артық заттар бар? /суреттер/
— Ендеше бізді қанша артық,қанша кем,салыстыруға, санауға үйрететін пән бұл-Математика. /қол шапалақтау/
Сергіту сәті:
Тербелейді ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
— Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?
Ойын: Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа-райы құбылыстарын айтамын.
Дұрыс болса-қол шапалақтаймыз!
Бұрыс болса (қате)- аяқпен еден соғамыз!
• Жазда жиі жаңбыр жауады.+
• Қыста алма піседі.-
• Көктемде жеміс-жидек жинаймыз.-
• Қыста боран соғады.+
• Күзде суық жел соғады.+
• Жазда қарлы,аязды күндер жиі болады.-
• Қыстыгүні гүл жинаймыз. –
• Көктемде ағаштар бүршік атады+
Табиғаттың құбылыстары туралы, адам,өсімдік және жануарлар туралы дүниетану пәні үйретеді. Танысып қоялық. /қол шапалақтау/
Ой-толғаныс: Мақалды толықтырып оқиық:
1) Отан оттан да ыстық.
2) Туған жерге ту тік.
3) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
Бағалау:
— Ал, балалар бүгінгі алғаш сабақтарын ұнады ма? Әлде ұнамады ма?
Ұнаса-көңілді смаиликті, ұнамаса- көңілсіз смаиликті көтереміз. Тамаша, сабақ бәрімізге ұнады!
Сабақтың қорытындысында елбасымыздың ХХ сессияда сөйлеген сөзімен аяқтағым келіп тұр.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Шаланова Гульмира Тлектесовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер.
Барысы:
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші:
І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар!
Біздің «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
- Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз. Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.
«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», — деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында.
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан.
Отан деген –Атамекен.
Отан деген –туған жер.
Отан-апа
Отан үлкен
Қазақстан туған елі.
2-жүргізуші
Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама.
1-жүргізуші:
- Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді.
2-жүргізуші
Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты.
1-жүргізуші:
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.
2-жүргізуші
1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың.
1-жүргізуші:
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.
2-жүргізуші
1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді.
1-жүргізуші:
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді.
2-жүргізуші
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
1-жүргізуші:
Кең жазира құтты мекен – гүлістан.
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам — өзің, туған жер.
Бабалардан келген мұрам-Нұрстан.
2-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында.
Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.
1-жүргізуші:
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
1-жүргізуші:
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! — деген болатын.
Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.
Ер болдың ерік алдың астаналы,
Енді кімнен қарағым жасқанат?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атыменен басталады.
Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.
Мұғалім сөзі:
Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
Білім — барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы — Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан — 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт — бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Қорытынды:
— Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!