Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебінде «Бір отбасы, бір кітап» жобасы аясында іс- шаралар өткізілуде.Мақсаты: жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде. Осыған орай Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты мектебімізде тамаша іс-шаралар, конкурстар өткізілуде. Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық.
«Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз» Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
Бұл өлеңдерде табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген. 4-сынып оқушылары жыл мезгілдеріне сахналық қойылымдар көрсетсе, қыс мезгіліне арналған лирикаларына 2-сынып оқушылары «Лэпбук», сурет сайыстарын ұйымдастыруда. Ал 3 сынып оқушылары да қалыс қалмады, олар да осы жоба аясында ата –аналарымен отбасылық кітап оқуды дәстүрге айналдыра бастады. Осы орайда Абай Құнанбаевтың әр отбасы «КҮЗ» өлеңін тамаша көлдің жағасында салқын, таза ауамен демалып жүріп отбасымен серуендеп те және де табиғат аясында кітап оқып та үлгеріп кереметтей бейнеролик түсірген Чекушкина Мадина, Шакижанова Адила. Айтан Аружан «Күз» өлеңін ата –әжесімен кезектесіп оқып, ал әкесі болса сол оқыған өлеңі бойынша күз табиғатын тамаша қағаз бетіне түсірді. Жұмағали Ердәулет отбасы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін анасымен әсерлі оқып шықты. «Жазғытұрым» өлеңін Қайратқызы Аружан мен Жұмағұл Ділнәз отбасыларымен мәнерлеп оқыды. Орта буын оқушылары Абай Құнанбаевтың мысалдарынан сюжетті буклеттер, Буктрейлер,Викториналық сұрақтар дайындады. Жоғары сынып оқушылары болса қара сөздерінен онлайн, шығармалар байқаулар және дөңгелек үстел ұйымдастырып осы жобаны қорытындылады. Осы жобадағы конкурстан жеңген оқушылар анықталып, олар диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.
Дайындаған: Асылбекова Айгуль Тлеукеновна, бастауыш сынып мұғалімі
Отбасылық кітап оқудың
маңызы
Білімді ұрпақ ,егеменді елдің берік
тірегі. Тәуелсіз елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер
қатарында терезесін тең ететін күш — білім және білімді
ұрпақ.
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин
атамыз: «Оқысаңыз,
балалар, шамнан шырақ жағылар», — деп
ойдағыны көрегендікпен болжаған.
Мұндағы «шамы» тұңғиық терең білім, ғылым
болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың
жинақталар жері кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.
Кітап –біздің рухани құндылығымыз, теңдесі
жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін «тарихты
да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін кітап арқылы білеміз.
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
бұл сөзде оқуға деген рухани азық жөнінде көп ойларды тоқуға болса, Майлықожа
ақынымыздың «Әлемге толса көкірегің – ашылар көзі сананың» деген даналық
сөзінің астарында қаншама мән жатыр.
Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген
құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі
мен әдебиетін, тарихымен өнерін қастерлеп, халықтың салт –дәстүрін аялай,
ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.
Кітаптан ақыл- кеңес, тәлім-тәрбие,
үлгі-өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
Жан –жақты білім мен тәрбие берер орталықтардың бірі – мектеп
кітапханасы. Балалардың кішкентай кезінен кітапқа, сүйіспеншілігін арттыру
– біздің міндетіміз.
Көркем
әдебиет балаларды неге үйретеді?:
— Отанын сүюге.
— Еңбексүйгіштікке баулу,
— Сөздік қорды байыту,
— Ой ұшқырлығын дамыту,
— Ата-ананы құрметтеу,
— Білімге ,өнерге ұмтылу,
— Адамгершілік, әдептілікке баулу,
— Батыл, өжет болу,
— Денсаулықты нығайту, шынығу,
— Нені болса да үнемдеуге,
— Табиғатты сүю, аялау.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең
бесігіңді түзе» дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян.
Бала тәрбиесі ең әуелі ата-анадан, мектеп қабырғасынан басталса, сол тәрбиенің
бәрін олар кітаптан алары анық. Баланың өзін-өзі танып, қалыптасып, дамуына
кітап оқудың маңызы ерекше
Қазіргі таңда кітапқа қызығушылық, кітап оқымау тенденциясы
байқалуда.
Бұл жағдай бүкіл әлем зиялыларын алаңдатып отыр. Өйткені,
кітаптан алыстаған ұрпақтың болашағы бұлыңғыр, келешегі күгірт.
Кітап оқитын қоғам қашан да бәсекеге қабілетті болары хақ.
Қоғам мүшелерінің рухани құндылығы мен адами құндылығын мол етіп тәрбиелеу
жолдарының бірі және бірегейі –кітап оқуға әуестендіру. Кітап өз оқырманын жан-жақты
тәрбиелеу мен бірге танымдық, білімдік қасиетін дамытады. Әрбір оқырман кез
келген шығарманың кейіпкерлерінің жақсы ісіне сүйсініп, оған еліктеп, өзіне
үлгі етіп, жаманнан жирене, сақтана жүреді.
Сондай-ақ, «кітап – заманалар толқынында тербеліп,
көкірегіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан –ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой
кемесі» деп ағылшын философйы Френсис Бекон айтқанындай , кітап –дәуір
шындығын, халық тағдыры мен арман –мұратын,, дүниетанымын, ел тынысын, ұлттық
әлеуметтік тіршілігін, ұлттық сезімін танытып, ұлттық негізінде тәрбие берер
құрал.
Осындай әрбір ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше кітапты
оқуға баланың құштарлығын арттыру жолдарына нақты мысалдар мен ұтымды
пікірлерімен ақын Мұзафар Әлімбаев «Ғұмыр бойғы құштарлық» мақаласында
тоқталған. Онда «Кішінің құштарлығын кітапқа аудару — ересектердің ісі» деген
пікірін ұстазының өздеріне елеусіз ғана айтқан әңгімесінің әсеріне тоқтала
отырып дәлелдеген. Ұстазының осы бір қағидасын өзі де ұстанып, нәрлі тәлімі бар
кітапты төңірегіндегілерге таныстырып, оқып шығуға мәслихат бере жүретінін
айтқан.
Қазіргі теледидар мен компьтердің шарықтап тұрған
шағында оқушыға әдеби кітап оқуға қызығушылығын арттыру кітапханашы мен
мұғалімге қиындау. Өйткені бала мектеп бағдарламасы бойынша оқығанымен шектеліп
қояды. Оқушы сыныпта берілген тапсырманы орындау үшін ғана кітапханаға
келеді, ізденеді, оқиды, кітапханашы көмегіне сүйенеді. Бірақ оның ақыл-ойының,
шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен бала бойында адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру үшін мұндай оқу жеткіліксіз.
Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір
ата-ананың міндеті, борышы. Баланы кітапқа қызықтырудың басты бір жолы —
ата-аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен оқып, отбасы,
ошақ қасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. Ол арқылы
кітапқа деген бала құштарлығын арттыруға болады.
Көп кітаптан баланы не қызықтыратыны және кім болғысы
келетінін біліп алып, соған ойластыра таңдап – талғасу да , оқуға машықтандыру
да ата-ананың үлесінде.
Осы орайда кітапхананың мақсаты ата-аналармен жұмыс жүргізу. Кітапхана
ата-анамен бірлесіп жұмыс жүргізуде балалардың ата-ананлары туралы толық
мағлұмат жинай отырып, баланың жанұядағы жағдайын анықтау арқылы отбасылық
оқуға тәрбиелеуді негізгі мақсат етіп қояды.
Ата-аналарға
отбасылық оқуды насихаттау барысында әрбір ата-анаға қажет етсін – етпесін
өзінің тәрбиеші екенін сезіндіріп, мынандай бағытта жұмыс жүргізу керек:
1.
Ата-аналарды баласының мектеп қабырғасында жүргендегі мінез құлықтарымен
таныстыру. (сынып жетекшілерімен )
2.
Ұлттық тәрбие тақырыбына арналған іс-шараларға шақырып қатыстыру.
3.
Ата-аналарды жанұядағы тәрбие тақырыбына жазылған кітап, мақалалармен, көркем
әдебиеттермен таныстыру, оқуға ұсыну.
4.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жақсы істері туралы өзара пікір алысу.
5.
Отбасылық оқу клубын ұйымдастыру.
Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың
рухани сау болуы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер
бойынша мынадай жағдайлар анықталған:
кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез
шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік
қоры бай,
ойын еркін жеткізеді, елмен жақсы қарым қатынаста болады.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе»
дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Өркениетті елдер
көшіне қосылуды мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ тәрбиесіне айрықша ден қояды.
«№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі»КММ
Ең үздік
оқырман отбасы
Өткізген: Кусаинова М.М
2019 жыл
Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ –бірлік туралы мақал-мәтелдер, әр отбасына арналған слайд-шоу.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «балалы үй-базар» дейді. Өйткені бала –өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған «Ең үздік оқырман отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Сапаровтар отбасы ортамызда.
Қуантады білімімен бәрімізді,
Қол соғып қарсы алайық енді оны.
Рашитовтар отбасы келіп қалды,
Татулықты ту еткен бұл отбасы.
Жігітке ақыл, білім жарасады,
Нағыз ер халқыменен санасады.
Сайысқа бар күшімді саламын деп,
Айқын отбасы таласады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
«Ең үздік оқырман отбасы» сайысының кезеңдері
-
Үй тапсырмасы. «Біздің сүйікті кітабымыз» отбасымен бірге кітап оқу, оқып отырған кітапты фотаға, видеоға түсіру.
-
«Кім тапқыр?» оқылған үзіндінің атын, авторын табу
-
«Әдебиет кино әлемінде» кинолардан көрініс көре отырып, қай шығарма желісі бойынша түсірілгенін табу
-
«Егерде мен…..» шығармашылық жұмыс
1-бөлім. «Қанеки, танысайық». Отбасылық командалардың өзін-өзі таныстыруы. Таныстыру әркімнің қалауы бойынша әр түрлі форматта жүргізілуі мүмкін. Мысалы: жанұяның өмірі туралы слайд көрсете отырып тақпақпен, өлеңмен (музыкалық) немесе қара сөзбен мәнерлеп оқу арқылы. Таныстыруда әрбір отбасы мүшелерінің өмір ұстанымдары, атқаратын қызметі, жанұяның жетістіктері туралы баяндалуы тиіс.
2-бөлім. Кім тапқыр?
Әдеби кітаптардағы әңгімелерден үзінді оқылады, қатысушы кітаптың атауын және авторларын табады.
Еламан бұл түнді ұйқысыз отырды. Ақбала да теріс қарап жатқан күйінен тырп еткен жоқ, түнімен көз ілмеген Елеман тек таң алдында талықсып кеткен-ді, жел тұрыпты. Көзін ашқанда жағалаудың әдеттегі жынды желі шырт ұйқыда жатқан ауылдың үстінен аса соғып әупіріп тұр екен.(Әбдіжамал Нүрпейсов. «Қан мен тер).
Артықбай батырдың қызы деймісің? –деді Есеней.
-Ойбай, аға сұлтан пірім-ау! Соның қызы-Ұлпан. Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай, маңдайында төбелі бар, су төгілмейтін қара жорға тұр ғой, міне!..
. (Ғабит Мүсірепов Ұлпан)
3. Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік… Ол да бір дәурен… иа… бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұры авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де Шұғаның белгісі атанды, Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су… Ол уақытта жердің берекесі қандай. (Б.Майлин» «Шұғаның белгісі»)
5. Менің атым….
Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атынан сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат.
6.Елден ертерек жырақтап кеткен Айекен біраз жылдан кейін аулына келсе, бұрынғы кластастастары абыр да сабыр. «Жақсы келдің, бүгін Серік үйленгелі жатыр» дейді олар.
-Қай Серік?
-Кәдімгі өзіміздің кластас Серік ше?
-Шүмекбаев па?
-Жоқ, ол кейін Қоқымбаев болып кетті емес пе?…
Барса баяғыда өзімен бірге оқыған, көптен көрмеген ешкінің асығындай досы зіңгіттей азамат болыпты. (Жұмағазы Игісін. «Қоңыр қоржын»)
7. Сағыныш кеше ғана ауылға жазғы дамалысқа келген. Студенттердің асыға да қауіптене күтетін үшінші курсын жақсыға аяқталды. Кешке автобусқа әрең үлгеріп, ауылына жеткенде, мал өрістен қайтып, ауыл іші азаң-қазаң болып, мөңіреген сиыр, маңыраған қой үнінен бөлініп тұр екен. (Болат Абаған. «Сағыныш»).
3 бөлім. Әдебиет кино әлемінде.
4 бөлім. Шығармашылық жұмыс
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау.
Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Дулат Бабатайұлының өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан — жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, туған жерінің ел жанды азаматы болуға, имандылыққа, парасаттылыққа отансүйгіштікке тәрбиелеу.
1.Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және де оқушылар. Бүгінгі біздің ашық сынып сағатымызға қош келіпсіздер, бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы — Дулат Бабатайұлы. Ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға.
-2. Жүргізуші
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тынық сумен жуынам
Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың» деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің
патриоттық кешіміз ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі — ақын, ойшыл — Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады. «Бір ел, бір кітап» республикалық бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз — Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Сабақтың мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру.
Дулат ақын туралы бейнероликті тамашалайық.
1- Жүргізуші
Дулат ақын бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданының Қызылжолда деген атамекенде 1802 жылы дүниеге келген. Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өзінің толғау — жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығын көрсекткен. Ақын жырлары 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып басылып шығып, жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірің шыншылдық пен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ол-Патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.
Енді ақынның «Осындай заман кез болды» жырын тыңдайық.
1 оқушы. Асылайым п.12
«Елің түсті езгіге,
Жол бермей дұрыс сөздіге,
Көр соқыр бермей тізгінін
Көкірегі көздіге:
2. жүргізуші ; Ақын жастайынан теңсіздік пен әділетсіздік зардабын көзімен көріп, жанымен сезінген. Сол қиындықтарға қарамастан өнер жолын жастайынан қуып өсті.Жастарға үлгі-өнеге берерлік, тәрбиелік маңызы зор өлеңдері, көптеген нақыл сөздері мен өсиеттері тәлім –тәрбиеге толы.
1. жүргізуші Ендігі кезекті Дулат Бабатайұлының «Тегімді менің сұрасаң» деген өлеңін тыңдайық.
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың Найман руынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам. Оқушы. Маниса п.12
1. жүргізуші
Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман тудырған халық зарының түп себебін танытқан ойшыл. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық келбеті, халқының ішкі жан-дүниесінің отаршылдар табанының астына тапталуы оның жанына батады. «Еспенбет» дастаның басты тақырыбы — туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың ерлігі.Бұл дастанда халықтың көзін ашу, заманмен аяқты тең басуды, ақиқат үшін.күрескер болған Еспенбет батыр тұлғасындағы жақсылық, ізгілікті, айқын суреттеген.
Жатса-тұрса, Еспембет
Тұлпар мінсем деуші еді,
Қару сайман асынып,
Шепті бұзсам деуші еді
Іш құса болып асығып,
Туған елін ойласа,
Қалатын жасып, басылып
Өле-өлгенше ел болды
Еспенбеттің арманы.
Өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та,бірін айт,
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? Еспенбет» дастанынан үзінді 1 Сергей п.12 2 нұр
Ақын жырлары отарлық езгіні жеткізе әшкерлеп, ұлт бостандығы, ұлт мәдениеті, ұлт тәрбиесі мен рухани жан тазалығы жолында көркем сөз өнеріне өшпес із қалдырған.
Қазақ үшін ауыр кезеңдерде теңдік үшін, азаттық үшін елін біріктіруге үн қосқан.
4 оқушы
«Айтқызбасымды айтқыздың»
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
1.Жүргізуші
Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді ауызша да жазбашада шығарған Дулат жырау қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Ақынның “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдері енді Шығармашылын зер салып, зерттеген Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекттің сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова «Дулат-Абайдың алдында өткен қазақ зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орын, үлке орын алуға тиіс ақын» -деп баға берген.
Экранда Д.Бабатайұлының жастарға арналған өсиетіне назар аударайық.
2.Жүргізуші
Ақын –«Сауыр жерден айрылып» жырында туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
Тауды екіге жарасың
Тасты қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді, «Сауыр жерден айрылып» Ақниет
Ендігі кезекте оқушылардан сұрақ жауап алсақ.
Шаншулы найза ілулі,
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада «Сүлейменге» жолдауын» .Бағлан
1. жүргізуші
Сөз соңында айтарымыз, тарихсыз халық болмайды. Тарих өз бетімен жасалмайды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, қаламын найза, тілін қылыш қылып күресіп өткен Дулат сияқты тума таланттар жасайды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын жырлары оқу арқылы ұрпақ санасына ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Дулат ақын ұлт-азаттығын, тәуелсіздікті жырлаған Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған патриоттық кешімізді осымен аяқталды. Өзі өлсе де, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге. Сөз кезегі кітапханашыға беріледі.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар технологиялық колледжі
Сынып сағатының тақырыбы: «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау.
Топтары: П-33, П-12
Топ жетекшісі: Сейткалиева. М.С.
Павлодар,2016 ж.
Тақырыбы: «Кітап-біздің досымыз!»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер.
Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар, жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.
СабаҚ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің жылуын салайық,
Таза ауа жылуын салайық
Мейірім жылуын салайық
Жүректің жылуын салайық
Жиналған бар жылуды
Бір-бірімізге сыйлайық!
ІІ.Кіріспе
Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік.
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін. (Кітап)
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
Мұғалім:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.
Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді.Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады?
Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.
Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.
Көрініс:
«Кітаптар мұңы»
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.
-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.
-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!
-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.
-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».
— бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.
-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.
-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?
От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.
-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.
-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.
-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, — деді оған «Ана тілі».
-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.
-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.
-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.
Сұрақтар:
-
Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталады?
-
Кітаптарды сендер қалай ұстайсыңдар?
-
Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?
-
Кітаптың оқушыларға тигізер пайдасын қандай?
Сергіту сәті:
Топпен жұмыс:
І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту
ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту
ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы
Мұғалім:
-Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан
Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.
-
Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.
4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма.
Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу
Кітап ауруларының түрлері:
-
Туғаннан пайда болатын аурулар
(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)
2. Қартайғаннан болатын аурулар
(көп жыл ұсталынған кітаптар)
3. Жұқпалы аурулар
(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар)
4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар
(терезенің алдында, күнде көп тұрған,
ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)
5. Кездейсоқтықтан болған аурулар
(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.)
Санжар:
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
Алтынай
Книга — лучший друг ты мой,
Мне так радостно с тобой!
Я люблю тебя читать,
Думать, мыслить и мечтать!
Нұрасыл
I like books
I really do —
Books with stories
And pictures, too.
Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің
Бұл не? (Кітап)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)
3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
4. Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)
ІІ.кезең «Кім көп біледі?»
1. Кітап-асыл қазына
2. Оқу-білім бұлағы,
Білім-ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.
Қорытынды.
.Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап»
Өскемен қаласы әкімдігі
«№15 орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Кітап-біздің досымыз!
(Ашық тәрбие сағаты)
Өткізген: Қалиасқарова Қ.Қ.
1 «Е» сыныбы
2017 жыл
БЕКІТЕМІН
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
мектеп директорының м.а: ________ А.Т.Агедилова
________________2020 ж
Облыстық «Бір отбасы — бір кітап» жобасы бойынша 2020-2021 оқу жылына
арналған іс-шаралар жоспары
Мақсаты: оқырманға деген қызығушылықтың төмендеу проблемасына, адамның жеке басын қалыптастырудағы кітаптардың рөліне, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуда жалпы қоғам мен отбасының назарын аудару.
Мазмұны: Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарында ата-аналармен бірге жас ерекшелігі бойынша бір кітапты оқу және талқылау. Жобаға қатысушылар санаттары бойынша кітап таңдау. Көркем шығарманы таңдау кезінде іс-әрекетке қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Кітаптар келесі білім алушылар санаттары бойынша ұсынылуы керек: 2-4 сыныптар; 5-6 сыныптар; 7-8 сыныптар; 9-10 сыныптар
І жарты жылдық
№ |
Іс шаралар атауы |
Түрі |
Уақыты |
Жауапты |
1 |
Облыстық «Бір отбасы — бір кітап» жобасы бойынша жоспармен таныстыру |
Жоспар |
мерзімінде |
МДТЖО кітапханшылар |
2 |
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына мәнерлеп оқу |
Онлайн сайыс |
қазан |
1-7 сынып жетекшілері |
3 |
Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасына шолу |
Шығарма жазу |
қараша |
2-4 сынып жетекшілері |
4 |
Абай Құнанбайұлының «Күз», өлеңіне сурет салу, мәнерлеп оқу, қол өнері |
Отбасымен мәнерлеп оқу |
Қараша |
Шағын орталық, мектепалды даярлық сын. 1-4 сынып жетекшілері |
5 |
Абай Құнанбайұлының «Қараша, желтоқсан мен солбір екі ай» өлеңін мәнерлеп оқу |
Отбасымен мәнерлеп оқу, қол өнері, сурет салу,бейнеролик |
Желтоқсан |
2-4 сынып жетекшілері |
6 |
Абай Құнанбайұлының аудармалары |
Оқу, жатқа айту, суретін салу, бейнеролик |
Қазан Қараша желтоқсан |
5-6 сынып жетекшілері |
7 |
Абай Құнанбайұлының поэмалары |
Оқу, жатқа айту, суретін салу, бейнеролик |
Қазан Қараша желтоқсан |
7-8 сынып жетекшілері |
8 |
Абай Құнанбайұлының қара сөздері |
Мәнелеп оқу, мағынасын түсіну, мазмұнын жатқа айту |
Қазан Қараша желтоқсан |
9-10 сынып жетекшілері |
9 |
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясын оқу |
оқу |
Жыл бойы |
9-11 сынып оқушылары, мұғалімдер |
10 |
І жартыжылдық бойынша қорытындылау, әлеуметтік желілерде жариялануы |
Ақпарат, фото, ссылка |
Қаңтар,2020 |
МДТЖО кітапханшылар |
ІІ жарты жылдық
№ |
Іс шаралар атауы |
Түрі |
Уақыты |
Жауапты |
1 |
Облыстық «Бір отбасы — бір кітап» жобасы бойынша ІІ жарты жылдықтың жоспармен таныстыру |
Жоспар |
мерзімінде |
МДТЖО кітапханшылар |
2 |
«Ертегілер әлемінде» |
Отбасымен ертегі кітаптар оқу, көркем жазу, түсінік айту, сурет салу, қол өнері, сахналық қойылым |
Қаңтар Ақпан Наурыз сәуір |
Шағын орталық, малды даярлық, 1 сыныптар |
3 |
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі |
Отбасымен мәнерлеп оқу, сурет салу, қол өнері, бейнеролик |
Қаңтар, ақпан |
2-4 сынып жетекшілері |
4 |
Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры», «Жаз» өлеңдері |
Отбасымен мәнерлеп оқу, қол өнері, сурет салу, бейнеролик |
Наурыз, сәуір мамыр |
2-4 сынып жетекшілері |
5 |
Абай Құнанбайұлының аудармалары |
Оқу, жатқа айту, суретін салу, бейнеролик |
үнемі |
5-6 сынып жетекшілері |
5 |
Абай Құнанбайұлының поэмалары |
Оқу, жатқа айту, суретін салу, бейнеролик |
үнемі |
7-8 сынып жетекшілері |
6 |
Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі |
Мәнелеп оқу, мағынасын түсіну, мазмұнын жатқа айту |
үнемі |
9-10 сынып жетекшілері |
7 |
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясын оқу |
оқу |
Жыл бойы |
9-11 сынып оқушылары, мұғалімдер |
8 |
«Тәуелсіздіктің 30 шыңы» |
Отбасымен мәнерлеп оқу, қол өнері, сурет салу, бейнеролик, саяхат |
Жыл бойы |
Шағын орталық, малды даярлық, 1-11 сыныптар |
9 |
«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары жүзеге асыру |
Тарихи-этнографиялық көрме- бұрышы |
Жыл бойы |
МДТЖО кітапханшылар |
МДТЖО: Турысбекова Б.С.
Менің отбасымның сүйікті кітабы!
Әр түрлі- admin
- 08.08.2018
- 0
- 1
- 5957
БҚО Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы
«Бітік мектеп-бөбекжай» кешені» КММ-нің кітапханашысы Жардемова Анар Жаскаиновна
Шара мақсаты: Жерлес ақындарды таныту. Эстетикалық талғамы бар сауатты отбасылық оқырман дайындау. Еркін, шешен, көркем сөйлеуге, ізденуге тәрбиелеу.
Кітапханашы: Армысыздар құрметті оқырмандарым!
Кітапханашы: Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әдеби Ақжайық» жобасын іске асыру максатында, жерлес ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, кітап оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру, білім нәрі кітаппен елжандылыққа баулу, кітаптың мәртебесін көтеру және кеңінен насихаттау, оқырмандардың интеллектуальды – танымдық өсуіне ықпал ету, белсенділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Менің отбасымның сүйікті кітабы» дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!
Отбасысыз адамның күні жоқ. Алыс кетсең сағынасың, балғын балалық шағың, анаңның бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әжеңнің ертегілері осының бәрі отбасының керемет сипаттары емес пе!
Бұрынғы ата-бабаларымыз шаңырақ шайқалмауы үшін тірлік кешкен. Өмірлерінің әнін де, сәнін де, осы шаңырақ, ұрпақ қамы үшін арналған. Атам заманнан адамзат атаулының алтын бесігі- ақ орда, өз үйі-өлең төсегі. Осы кішкентай ғана ошақ басынан жылуы тарап, тарам-тарам ұрпақ өрбиді. Сол ұрпақ адамды заманнан- заманға жалғыстыратын дәнекер. Отбасы – әр бала үшін алтын бесік. Әйтпесе, халқымыз: «Отан – отбасынан басталады» дер ме еді?!
«Бала нені білсе жастан ұядан:
Өле-өлгенше соны таныр қиядан» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, бүгінгі кешіміз осындай отбасылық оқулармен жалғасын табады деп ойлаймын.
Ендеше бүгінгі кешімізге келген отбасылармен таныс болайық атап айтқанда :
5 сыныптың атынан Борбаевтар отбасы, 6 сыныптың атынан Сариевтер отбасы, 7а сыныптың атынан Сарсенбиевтер отбасы,
7б сыныптың атынан Ерғалиевтер отбасы, 8 сыныптың атынан Мухангалиевтер отбасы, 9 сыныптың атынан Сарсенгазиевтер отбасы.
Бүгінгі кездесуімізде біздер өз жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен танысып, әр отбасы оқыған кітабының қызықты да ерекше әсер алған үзінділерімен таныстырып өз ойларынмен бөлісуге шақырамыз.
Ендеше сөз кезегі өздеріңізде:
Кітапханашы: Бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптар көбірек оқылу керек деп ойлаймын. Бүгінгі «Менің отбасымның сүйікті кітабы» кешіміз де отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған болатын. Кешіміздің мақсаты
жерлес ақандарды таныту. Эстетикалық талғамы бар сауатты отбасылық оқырман дайындау. Еркін, шешен, көркем сөйлеуге, ізденуге тәрбиелеу деп білемін. Және де осы ұйымдастырылған кездесуіміз өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Отбасылық осындай оқырмандардың болуы да ақындарға деген көрсетілген зор құрмет деп білеміз.
Кітапханашы: Марапаттауларды ұсынуға ортаға мектеп директоры Х.С.Аймагамбетов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры Д.Қ.Уразбаеваны шақырамын.
Мектепшілік «Менің отбасымның сүйікті кітабы!» атты сайысының жеңімпаздары Сарсенгазиевтер отбасы Аудандық байқауға қатысын І орынға ие болып, Обылыстық байқауға қатысып «Бас жүлдені» жеңіп алды.
Сабақтың тақырыбы : Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларды ізденіп көркем шығарма оқуға күштеп емес, өз қалаулары бойынша қызыға оқуын ұйымдастыу.
Дамытушылық :Өз бетінше іздене білуге үйрету, ізденіс жұмыстары арқылы ойлануға, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Өнерді сүюге, бағалауға баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі :Дәстүрден тыс
Сабақтың типі: Талдау, жинақтау
Сабақтың әдісі :Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу), СТО стратегиялары,баяндау, салыстыру, жинақтау, топтастыру
Пәнаралық байланыс:Тарих, музыка, қазақ тілі
Көрнекілігі: Б.Соқпақбаев суреті
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптан тыс жұмысқа дайындығын қадағалау, назарын аударып, сабаққа бейімдеу, бүгінгі сабақтан не күтетіндерін, мақсатын белгілеу, бағалау парағын тарату.(3мин.)
Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.
кінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.
Оралхан Бөкейдің «Кітап оқымайтын ғасыр келе жатыр ма деп қорқамын» дегені, дүкендерде, үй кітапханасында қандай кітап бар, кімдердің кітабы екенін білмейтін жас буынды көргенде жаның түршігеді.
- Сіздер ата-ана ретінде балаларыңның ойлау, сөйлеу, жазу қабілеттерінің артуына кітап оқудың қаншалықты маңызды екенін білесіздер ме?
- Білмегенді бірге үйренуге болатын ең қолайлы жағдай отбасылық оқу.
Қазақ даласында да отбасылық оқу болған.Әлемге әйгілі Мұхтарды атасы Әуез Абай өлеңдерін отбасында оқу арқылы дамытқан.
Бірінші әр топ ең көп кітабы бар үй кітапханасын таныстыру.
Үй кітапханасында қанша кітап бар, нешеуін оқыдың? Қазақтың қандай ақын- жазушыларының кітаптары бар?
Ата-аналарға сұрақ
-Сіздердің үйлеріңізде көркем шығарма оқу қаншалықты маңызды?
-Үй кітапханасындағы кітаптардың қайсысын балаңызбен біріге отырып оқыдыңыз?
-Соңғы оқыған кітаптарыңыз?
— Сыйлыққа кітап сыйлайсыз ба?
Енді 4 топтыңІ топ Алиша топ басшысы «Ағаш ат» кітабынан «Балықшы» әңгімесі.
ІІ топ Бибіайша «Әженің баласы» кітабынан «Балапан торғай»
ІІІ топ Әбілмансұр «Ағаш ат» кітабынан «Тасбақалар шежіресі»
ІҮ топ Бейбарыс «Әженің баласы» кітабынан «Бір қалта құрт» әңгімесін ата-аналарымен бірге оқып, талқылау берілген.
Бірінші кітаптың авторы жайлы мағлұмат беріп өту.
Әңгімелеу арқылы мазмұнын айту.
Әңгіме ұнады ма, несімен ұнады?
Тақырыбын, идеясын ашу. Түсініксіз сөздермен жұмыс.Ата-анамен оқығанда қандай қиыншылыққа кезіктіңдер?
Осы әңгімелер барысында біле алмай қалған сұрақтарың бар ма?
Кітаптың авторымен кездессеңдер не айтар едіңдер?
Қалай және қашан, неден қайтыс болғандығы?
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында өмірдің қатал сынына түсіп, аштық пен жоқшылықтың, кедейліктің ащы дәмін татқан, соның салдарынан тап болған өкпе ауруы жанына
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18- қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Қасым:
-Енді менің дәмімнің таусылатын уақыты жақындап қалған сияқты. Қанша өлмеймін деп құлшынсам да ауру шіркін күннен-күнге жанға батып, меңдетіп барады. Өлім үшін өкінбеймін. Өйткені екінің бірі өледі ғой. Бірақ кеудемде орындалмаған ойым, жүзеге аспаған қиялдарым бірге кетіп бара жатқанына өкінемін. Үш нәрсені армандап бұл дүниеден мәңгілік аттанып бара жатырмын. Оның біріншісі – Абайдан асамын ба деп едім, аса алмай бара жатырмын. Екіншісі – қазақтың «Евгений Онегинін» жазамын ба деп едім, оған да ажал шіркін жеткізбейтін түрі бар… Үшіншісі – көшеге шыққанын бүкіл Париж аңдып тұратын Виктор Гюгоның құрметтелгеніндей қошеметке бөленсем бе деп едім, бұл да арман болып қара жерге менімен бірге көмілетін болды,-деді.
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қ.Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді.
Кейіпкер | Іс- әрекеті | Қандай мінездің адамы |
Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? | Несімен әсер етті? |
Түртіп алу
Ү білемін | + мен үшін жаңалық | — Мені таңғалдырғаны | ? әрі қарай білгім келеді |