Бір сынып бір кітап сценарий

Бір сынып - бір кітап Әбіш Кекілбайұлының "Күй" повесі. Классному руководителю, Мероприятия, 8 класс, Бір сынып - бір кітап, Әбіш Кекілбайұлының "Күй" повесі бойынша әдеби-танымдық сайыс

Тақырыбы: Әбіш Кекілбайұлының «Күй» аңызы» хикаяты

(«Бір сынып – бір кітап» акциясы аясында)

Мақсаты: Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасайды, «Күй» аңызы» хикаятының мазмұнымен танысады, тақырыбы мен идеясын ашады. Мәңгүрт сөзінің мағынасын ашады.

Күтілетін нәтиже: Сынып оқушылары хикаятты толық оқып, мазмұнымен танысады, хикаятта көтерілген мәселе бойынша өз ойларын айтып, пікір қоса алады.

Түрі – «Алтын көмбе» әдеби танымдық сайыс

Қолданылатын әдебиеттер: 1. Әбіш Кекілбаев, «Күй» хикаяты

2. Ж. Дүйсенбаева «Әбіш Кекілбаев – суреткер»

Ресурстар: Акт, «Кек» көркем фильмінен үзінді, буклет, 12 томдық шығармалар жинағы, БАҚ алынған мақалалар, «Әбіш галереясы» оқушы шығармашылығы

Түрі — «Алтын көмбе» телебағдарламасының негізінде (қатысушылар: 3 оқушыдан құралған 3 топ)

Барысы

І. Ұйымдастыру

Қатысушылар: І топ – Мырзайыр, сардары Арман, мүшелері: Малика, Динара

ІІ топ Оңды, сардары – Жарас, топ мүшелері: Айшабибі, Байбол

ІІІ топ Маңғыстау, сардары – Азамат, топ мүшелері: Альбина, Әсел

І кезең- ой анықтау
ІІ кезең- ой зерделеу
ІІІ кезең -ой жұмбақ
ІV кезең — ой іздену
VІ кезең — ойлы болсаң, озып көр
VІІ кезең — мәтінмен жұмыс

V кезең — ойтолғау, ПОПС Рухани мәңгүрттік – аса қауіпті дерт

VІІІ кезең — топ сардарларының сайысы

Жеребе суырады. Топ аты, жауап беру реті жазылған қағаз үлестіріледі

І кезең — ой анықтау, сұрақ-жауап кезеңі

Әр топқа үш сұрақтан беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай

3-кезеңнен кейін ұпай саны аз топ ойыннан шығып қалады.

І топ мүшелеріне автордың өміріне қатысты сұрақтар:

1.Әбіш Кекілбайұлы қашан және қайда дүниеге келген? —  1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

2. Тек еліктеу сөзден тұратын өлеңін атаңыз – Одағай өлеңі

3. Әбіш Кекілбайұлының анасы кім? -Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

ІІ топқа: 1. Еліктеу сөзден тұратын көлемді туындысы – Елең-алаң

2. Әбіш Кекілбайұлының арғы атасы кім? — Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

3. Басты кейіпкері қара бала рулас атасына, Ұлы Отан соғысының ардагеріне басшылардан автомобильді алып бергендігі қай шығармасында баяндалады? – «Тасбақаның шөбі» әңгімесі

ІІІ топқа:

1. Тарихи драмалық шығармасы қалай аталады? — «Абылай хан»

2. Тарихи романдары қалай аталады? – «Елең-алаң», «Үркер», «Ханша Дария хикаясы»

3. Маңғыстауға тұңғыш әкелінген автокөлік жүргізушісі туралы әңгімесі қалай аталады? — «Автомобиль»

ІІ кезең. Ой зерделеу.
Бұл – қай шығармадан?

І топқа: «Көз көрген сары аяқ келін едін, мына оқымысты неме ит арқасы қиянға алып барады. Ал енді әлгі баласының бір күні ігір де жоқ, мігір де жоқ білегінен жетектеп әкеп кіргізетін шүйкебасы қайда? Солай, ағайын, бұл оңай емес нәсте. Сол жылы бір алағайдан соң, бір бұлағай келеді де тұрады. Борпаяқ неме жетегіне ере алмай, тасқынға ығып кетер түрі бар.» («Құс қанаты)

2- топқа «Әншейінде өз етегіне өзі сүрініп, қапылып жүргенімен,шайы қайнағанша елу ел көшін жөнелтіп, көшкен ел үйін тігіп үлгеретін борпыаяқ Сақыптың қара шәйнегі сол күні ә дегенше бұрқ ете түсті. Қызын ұрайын, мына бір қу таяққа асылып шойнақтап жүруге бұдан әрі қауһар қылмай барады. Оңбайдан естіген әлгі бір әрпіл-тәрпіл өлең жолы аузыңнан шығып кетеді. Білмейді екенбіз, Қарабала да оңашада қара өлеңді қайқайтады екен» («Автомобиль»)

3-топқа:

«Әлде осы арада жер үстіндегі кеуектермен жалғасатын жарық бар ма? …… зіп-зілдей кірпіктерін әзер көтерді. Үсті-басы ебіл-себіл, балалардың иіні жаңарды. Әйтеуір, ол әркімдер әлімжеттік беретін тілін табан, жалпақ бет, қара бала күйінде қалып қойғысы келмейді. Ешкімге жылы шырай, оң қабағы жоқ Құлжаннан балалары қатты айбынды». («Шыңырау»)

ІІІ кезең. Ой жұмбақ

жұмбақтың шешуін тауып, орысша, ағылшынша аудармасын айтыңыздар Бір

І топқа:

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,

Әсемдеп, талай адам қамалаған.

Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,

Ашылса табылар еді не қалаған.

ІІ топқа:

Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

Келтірер көп табысты.

ІІІ топқа

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.

Өзі жансыз, жандының күшіменен

Борайды ат үстінде желдей есіп.

Топтардың ұпай саны есептеліп, ұпай саны ойыннна шығып қалады.

ІҮ кезең Жүйрік болсаң, озып көр

І топ сұрақтары:

1.Мұнайшы-барлаушыларға жол көрсетуші кім және оның қандай өнері бар?

(Құрбан – түркмен ұлтының өкілі, ақсақал, әуесқой күйші, түркменнің дутарында күй тартады және повесте баяндалатын оқиғаларды жеткізуші)

2. Повестегі Дәулет есімді дутаршы кім? Қалай қаза тапты?

3. Повесте кімнің тағдыры баяндалады?

(Түрікмендерге тұтқынға түскен қазақ күйшісі)

ІІ топ сұрақтары:

1. Повестегі қазақ батырының есімі кім? – Дүйімқара

2. Осы повестің негізінде түсірілген көркем қалай аталады және фильм режиссері кім?

3. Шығармада қай әулие бабаларымыздың құдірет таластырулары әңгіме болады? (Шопан ата мен Темір баба)

V. ойлы болсаң, озып көр

(Топ сардары ұяшықты таңдау арқылы жүзеге асады)

Берілген сөздердің мағынасын ашу

Сеңсең –

Мәңгүрт —

VІ кезең — мәтінмен жұмыс

Әр топқа берілген үзінділерді мәнерлеп оқып, тапсырмаларды орындау

VІІ кезең Ойтолғау

Рухани мәңгүрттік — адамзаттың қас жауы

VІІІ кезең — топ сардарларының сайысы
1 минутта жауап беруі тиіс сұрақтар

1. Қай газеттің бас редакторы болды? – «Егемен Қазақстан»

2. Алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады? – «Алтын шуақ»

3. 4. Әбіш Кекілбаевтың поэмаларын атаңыз – «Әке», «Аспан жылайды.

5. Хикаятымен аттас өлеңі – Шыңырау

6. Өнер тақырыбына жазылған прозалық шығармалары қалай

«Күй» повесі бойынша сұрақтар:

7 Аталған шығарманы неше жасында жазды? – 27

8. Әлем әдебиетіне мәңгүрттік мәселесін әкелгенде неше жаста болатын? – 27

8. Тұтқынға түскен Адай жігітерінің саны нешеу? – 6

9. Шығармадағы түркмен батыры, рубасының есімі кім? — Жөнейіт

10. Повесте суреттелетін басты оқиғаны атаңыз – мәңгүрт жасау

11. «Күй» повесі алғаш рет қай газетте жарияланды? (Коммунистік еңбек)

12. 1967 жылы қай журналда жарияланды? (Жұлдыз)

13. Жөнейіт батырдың неше ұлы бар еді? Оларды атаңыз: Қылыш, Алпан, Дәулет

14. Көкбөріні тірілей көрге тыққан кім? – Дүйімқара

15. Дәулет адайлардың қолынан қаза тапқасын, түркмендер қазақтың қай жігітін тұтқынға алады? – күйші жігіт аты аталмайды.

16. Автордың айтуынша, «Күй» повесі қазақтың қай күйшісіне ескерткіш ретінде жазылған – Абыл Тарақұлына ескерткіш

17. Тұтқынға түскен қазақ күйшісін түркмендер қала жазалады? – Саудагерлердің көші өтетін жолдың бойынан көр қазып, денесін құммен көміп, тек басын ғана шығарып қойды.

Ұпай саны шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.

Қазылар алқасы ұпай санын шығарғанша, «Арман дейтін арғымақ» әнін Жұмағазиева Динараның орындауында тамашалайды.

Қорытынды бөлім. Мұғалімнің сөзі:

Маңғыстау білсең кешегі,
Әулиелердің төсегі.
Кекілбайұлы Әбішің,
Қазақтың асқан шешені.
Атадан асыл ұл туса,
Белгілі бақыт деседі, — деп, жерлес ақын Сайын Назарбекұлы айтқандай, сөзге шешен көркемдеп сөйлеудің зергері, киелі топырақта қанат қаққан, халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлының қалыптасу, толысу, кемелдену жолдарының өзі өзгеге еш ұқсамаған өз ауқым, әлемі барлығымен  де ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың таңдаулы жазушыларының бірі — Әбіш Кекілбайұлының өмірінің кең айдындағы белестері шалқар шабыттың, сезімтал да зергек сезімнің, терең де ғұлама ойдың, түйіні толысқан, шешімі келіскен тұжырымның, жаңылмас бағдардың биігі болғай!

Бала кезің ұлағат, дана кезің,
Тырнап ашқан сен едің сана көзін.
Кәрі дала сан ғасыр толғатқанда
Тек Маңғыстау туа алған Дарабозым! – дегендей, қасиетті Маңғыстаудың төл перзенті, қазақ әдебиетінің маңдай алды өкілі, қара сөздің сұңғыла сүлейі Әбіш Кекілбайұлына арналған әдеби танымдық сайысымызды аяқтаймыз.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет



Скачать материал



Скачать материал

  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов

Краткое описание документа:

Жырлайды жүрек.

Білімділік мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыныМұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру.
Тәрбиелікмақсаты: Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін,
Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тіл, сөзөнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққатәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Поэзияға дегенсүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету.
Түрі: Әдеби музыкалық кеш.
Көрнекілігі: Ақын портреті, (баннердегі ) слайдтар, тірі дауыста өлеңдерінен үзінділері, « Жазыларестеліктер мен туралы» ақынғаарналғанестеліктер мен бағалар, кітапкөрмесі.

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 098 254 материала в базе

  • Выберите категорию:

  • Выберите учебник и тему

  • Выберите класс:

  • Тип материала:

    • Все материалы

    • Статьи

    • Научные работы

    • Видеоуроки

    • Презентации

    • Конспекты

    • Тесты

    • Рабочие программы

    • Другие методич. материалы

Найти материалы

Другие материалы

  • 20.10.2017
  • 260
  • 0
  • 20.10.2017
  • 1217
  • 34
  • 20.10.2017
  • 353
  • 1
  • 20.10.2017
  • 567
  • 1
  • 20.10.2017
  • 355
  • 1
  • 20.10.2017
  • 308
  • 0
  • 20.10.2017
  • 523
  • 0
  • 20.10.2017
  • 296
  • 2

Вам будут интересны эти курсы:

  • Курс повышения квалификации «Организация деятельности специалистов по ВЭД»

  • Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»

  • Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»

  • Курс профессиональной переподготовки «Методика организации производственного обучения в образовательной организации»

  • Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курса права в условиях реализации ФГОС»

  • Курс повышения квалификации «Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС»

  • Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»

  • Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности преподавателя детской хореографии»

  • Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернат»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья»

  • Курс повышения квалификации «Деятельность преподавателя СПО в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»

  • Курс повышения квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»

  • Настоящий материал опубликован пользователем Макашева Акулпа Ербулатовна. Инфоурок является
    информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте
    методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них
    сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с
    сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал

  • Макашева Акулпа Ербулатовна

    • На сайте: 5 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2265
    • Всего материалов:

      2

  • Рабочий лист. 1 сентября.

Рабочий лист. 1 сентября.

Рабочий лист можно использовать на уроке Знаний . Очень интересно заполнить данный лист, собрать…

Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға  Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау.

Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Дулат Бабатайұлының өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан — жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, туған жерінің ел жанды азаматы болуға, имандылыққа, парасаттылыққа  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

1.Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және де оқушылар. Бүгінгі біздің ашық сынып сағатымызға қош келіпсіздер, бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы — Дулат Бабатайұлы. Ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға. 

 -2. Жүргізуші    

      Сырымды менің сұрасаң,

      Тұманның суық суындай

      Кеудеме қайғы толған соң

      Тынық сумен жуынам

      Сорғалаған нөсердей,

Жырын тыңда Дулаттың»   деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің

 патриоттық кешіміз  ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі — ақын, ойшыл — Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады. «Бір ел, бір кітап» республикалық бойынша зар заман ақындарының арасындағы  жарық жұлдыз — Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Сабақтың мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,  қоғамның оқуға деген ықласын көтеру.

Дулат ақын туралы бейнероликті тамашалайық.

1- Жүргізуші

  Дулат ақын бұрынғы Семей облысы  Аякөз ауданының Қызылжолда деген атамекенде 1802 жылы дүниеге келген. Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өзінің толғау — жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығын көрсекткен. Ақын жырлары 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып басылып шығып, жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірің шыншылдық пен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ол-Патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Енді ақынның «Осындай заман кез болды» жырын тыңдайық.

1 оқушы. Асылайым п.12

«Елің түсті езгіге,

Жол бермей дұрыс сөздіге,

Көр соқыр бермей тізгінін

Көкірегі көздіге:

2. жүргізуші ; Ақын жастайынан теңсіздік пен әділетсіздік зардабын көзімен көріп, жанымен сезінген. Сол қиындықтарға қарамастан өнер жолын жастайынан қуып өсті.Жастарға үлгі-өнеге берерлік, тәрбиелік маңызы зор өлеңдері, көптеген нақыл сөздері мен өсиеттері тәлім –тәрбиеге толы.

1. жүргізуші Ендігі кезекті Дулат Бабатайұлының «Тегімді менің сұрасаң» деген өлеңін тыңдайық.

Тегімді менің сұрасаң, 
Қалың Найман руынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам. Оқушы. Маниса п.12

1. жүргізуші

Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман тудырған халық зарының түп себебін танытқан ойшыл. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық келбеті, халқының ішкі жан-дүниесінің отаршылдар табанының астына тапталуы оның жанына батады. «Еспенбет» дастаның басты тақырыбы — туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың ерлігі.Бұл дастанда халықтың көзін ашу, заманмен аяқты тең басуды, ақиқат үшін.күрескер болған Еспенбет батыр тұлғасындағы жақсылық, ізгілікті, айқын суреттеген.  

 Жатса-тұрса, Еспембет

Тұлпар мінсем деуші еді,

Қару сайман асынып,

Шепті бұзсам деуші еді

Іш құса болып асығып,

Туған елін ойласа,

Қалатын жасып, басылып

Өле-өлгенше ел болды

Еспенбеттің арманы.

Өзімен бірге жасады

Астындағы тарланы.

Бәрін айт та,бірін айт,

Еспенбеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда? Еспенбет» дастанынан үзінді 1 Сергей п.12 2 нұр

Ақын жырлары отарлық езгіні жеткізе әшкерлеп, ұлт бостандығы, ұлт мәдениеті,  ұлт тәрбиесі мен рухани жан тазалығы жолында көркем сөз өнеріне өшпес із қалдырған.

Қазақ үшін ауыр кезеңдерде теңдік үшін, азаттық үшін елін біріктіруге үн қосқан.

4  оқушы 

«Айтқызбасымды айтқыздың»

Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.

1.Жүргізуші

Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді ауызша да жазбашада шығарған Дулат жырау қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен  1991 жылы жарық көрді. Ақынның  “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдері енді Шығармашылын зер салып, зерттеген Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекттің сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова «Дулат-Абайдың алдында өткен  қазақ зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орын, үлке орын алуға тиіс ақын» -деп баға берген.

Экранда Д.Бабатайұлының  жастарға арналған өсиетіне назар аударайық.

2.Жүргізуші

 Ақын –«Сауыр жерден айрылып»  жырында туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.

  Тауды екіге жарасың

Тасты қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді, «Сауыр жерден айрылып»  Ақниет

Ендігі кезекте оқушылардан сұрақ жауап алсақ.

Шаншулы найза ілулі,
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада «Сүлейменге» жолдауын» .Бағлан

1. жүргізуші

Сөз соңында айтарымыз, тарихсыз халық болмайды. Тарих өз бетімен жасалмайды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, қаламын найза, тілін қылыш қылып күресіп өткен Дулат сияқты тума таланттар жасайды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын  жырлары оқу арқылы  ұрпақ санасына ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін  оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Дулат ақын ұлт-азаттығын, тәуелсіздікті жырлаған Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған патриоттық кешімізді осымен аяқталды. Өзі өлсе де, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге. Сөз кезегі кітапханашыға беріледі.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Павлодар технологиялық колледжі

Сынып сағатының тақырыбы: «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға  Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау.

Топтары: П-33, П-12

Топ жетекшісі: Сейткалиева. М.С.

Павлодар,2016 ж.

Предмет: Доп. образование
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бекітемін:
Мектеп директоры: Б.Кабасов
«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың 6 ақпан – 23 сәуір аралығында кітап оқуға оқырмандардың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететін «Бір кітап – бір сынып» акциясының жоспары
№ Таңдалған ақын –жазушылардың кітабы Сыныбы немесе оқушының аты-жөні Өтетін уақыты Жауапты адамдар Аяқталу нысаны
( сынып сағаттары, әдеби кеш, көріністер т.с.с
1 Ашылу салтанаты 1-11 сынып 06.02.17ж кітапханашы Анықтама
2 Халық ертегілері 1-4 сынып арасында 13-18.02. Сынып жетекшілер Көрініс көрсету
3 «Өгей бала» кітабы. Ж.Гринфуд 5-6 сынып 25.02- 04.03 С.Ескабулова Сынып сағаттары
4 «Адам балық» кітабы. 7-8 сынып 04-11.03 А.Мырзағалиев Әдеби кеш
5 «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын» кітабы. А.Маршалл 8 сынып оқушысы Берікова Айнара 20-27.03 Кітапханашы Кітап жайлы көрсетілімдер мен талқылаулар
6 Д.Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы 9-11 сынып 03-08.04 Кітапханашы Әдеби кеш
7 Жабылу салтанаты 1-11 сынып 23.04.17 Кітапханашы, сынып жетекшілер Марапаттау

Қазақ тілі 7 сынып. «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде «Сайын даланың Сайыны» атты оқырмандар конференциясы » Кітап – өмір ұстазы»

Диас: Қайырлы күн,құрметті
ұстаздар мен оқушылар!

Аяжан: Армысыздар, аяулы
оқырмандар, қадірлі көрермендер!

Диас: «Алыста қалған
балалық шағым… Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол
аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп,ес қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан
Аянды көргендей боламын.Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен
«Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызықты ертегі айтамын»,-
деген жалынышты үнін естимін»,- деп басталатын шығарма есіңде ме Аяжан!

Аяжан: Әрине, Диас. Бұл–Сайын
Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі ғой. Оны оқымаған бала жоқ шығар, сірә..

Диас: Аяжан, бұл
сұрақтың жауабы бүгінгі оқырмандармен өтетін конференцияда белгілі болмақ.

 Аяжан:
«Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша өтетін 
«Сайын даланың Сайыны» атты оқырмандар конференциясын бастауға рұқсат
етіңіздер!

Диас: «Бір ел-бір кітап»
жобасының идеясы АҚШ-та танымал болған. Қазақстанда ҚР-ның Мәдениет және
ақпарат министірлігінің қолдауымен Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы,
Қазақстан Кітапханашылар қауымдастығының бастамасы бойынша 2007 жылдан бастап
өткізіліп келеді. Акцияның мазмұны – бүкіл ел бір уақытта кітапты оқып талқылау.

Аяжан: Қазақстанда 2007
жылы Абайдың қарасөздерін, 2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман», 2009 жылы
Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі», 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын»
поэмасы, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы, 2012 жылы Оралхан
Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?», 2013 жылы Фариза Оңғарсынованың»Дауа»
жинағы таңдалынса, биыл қазақтың көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің «Жусан
иісі», «Басында Үшқараның» шығармаларын оқыту белгіленді.

Диас: «Бір ел – бір кітап
» атты оқырмандар конференциясын Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығынан
бастауды жөн көріп отырмыз.

(Слайд көрсетіледі)

Аяжан:  С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі бойынша
оқушылардың дайындаған көрінісіне назар аударайық

    Диас: 
Аяжан, конференциямыздың «Кім? Қашан? Қайда?» бөлімін бастасақ деймін.

Аяжан:
Олай болса, Диас, оқырмандардың  С. Мұратбековтің «Жусан иісі», «Үшқараның басында» повестерін
қаншалықты  меңгергендеріне кезек
берейік.

 Құрметті, ұстаздар, оқушылар, аталған шығармалар бойынша қойылатын
сұрақтарға белсенділікпен қатысуларыңызды сұраймыз.                   

1.     
Ауылға
көшіп келген Аянды кім бірінші таныды? (Садық)

2.     
Аянның
мазасын алған тентектің есімі кім? (Есікбай)

3.     
Жусан
исі шығармасының басты кейіпкері кім?(Аян)

4.     
Аяндар
ауылға қай жылы көшіп келді? (1942ж
жазында)

5.     
Күзде
оқу басталғанда 1- сыныпты кім оқытты? (Иманжанов)

6.     
Тобығын
шығарып алған бала кім? (Аян)

7.     
Аян
тобығын қалай шығарып алды? (Бұзауына
секіріп мінемін деп)

8.     
Ауыл
қай жерде орналасқан?(Ешкіөлмес тауының
етегінде)

9.     
Аян
әжесі қайтыс болғаннан соң кімнің үйіне көшті? (Бапайдың)

10.   Бапай Аянға қалай
туысады? (Әжесінің тумаласы)

11.   Аянға кім шанасын
бергісі келмеді?(Қасым)

12.   Аянды
тепкілеп-ұрған кім? (Тұржан)

13.   Бапайдың үйінде
Аян кешкі асқа не жеді? (Бидай)

14.   Аянның тобығын кім
салды? (Асылбек шал)

15.   Асылбек шал кім ? (Сынықшы)

16.   Ешкіөлмес
шоқысының қасындағы төбе? (Жусантөбе)

17.   Аянды Бапай мен
кемпірі қайда жіберді?(балалар үйіне)

18.   Соңғы қаралы қағаз
кімге келді? (Аянға)

19.   «Жусан иісі»
шығармасының оқиғасы қай кезді бейнелейді? (Соғыс
кезіндегі ауыл тіршілігін)

20.  «Екеуі шартпа-шұрт белдескен кезде,ол Аянды белінен
қапсыра қысып, қайқайтып, бойымен басты. Бірақ қанша күшенгенімен, жығуға
шамасы келмеді…» — Қай кейіпкері жайында сөз етілуде? (Есікбай)  

21.   Аянның ертегісі
қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала
болыпты… )

22.   Есікбай мен Аян
қай жерде төбелесті? (сайда)

23.   Аян үшін жусан
иісі нені білдіреді? (Ағасының иісін)

24.  <<-И-и жаман ит үргіш келеді, мына біздің ұл мылжың
көрінеді>>   (Бапайдың кемпірінің
сөзі)

25.    Шығарманың «Жусан
иісі»деп аталу себебі неде? (Аянның
ағасына деген сағынышы)

 Басында Үшқараның

1.     
Пойыздан
түскен соң Әсетті кім күтіп алды? (Әбдібай)

2.     
Әсет
ауылға келе жатқанда ең алдымен қайда барды?      (зират басына әкесі мен шешесінің қабіріне)

3.     
Әсет
ауылға не үшін келді? (әпкесінің
баласының тойына)

4.     
Зағипа
мен Әсет бір-бірін қайдан таниды? (бірге
оқыған сыныптастар)

5.     
Әсеттің
ауылындағы почта бастығы кім? (Сәуле)

6.     
Бағылан
мен Айнаштың махаббаты неге баянсыз болды? (Айнаштың
ағалары қарсы болды)

7.     
Әсет
Шынармен қайда танысты? (тойда)

8.     
Әсеттің
қалін білуге келген 84 жастағы қария есімі? (Есімбек)

9.     
Әсеттің
әпкесі тұрған ауылда қанша үй бар? (600)

  10. Зағипа қандай
ән айтты?

  Басында
Үшқараның қос барабан

        Сол таудан
дария шалқар су тараған 

Сұлу қыз көркем жігіт бәрі сонда

Апырай неге келдім сол арадан.

Диас:
«Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің
сөзі алтын»,- дегендей мектебіміздің өнерлі қызы Алязидің орындауындағы «Қазақ
осы» әнін қабыл алыңыздар.

«Менің сүйікті кітабым» (сайыс сабағы)

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Келешек ұрпақтың сана сезім, рухани ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру; оқушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу. Кітапты оқуға баулу білім көзі кітапта екенін түсіндіру.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Менің сүйікті кітабым» (сайыс сабағы)

Бесенова Алтын Аубакировна

Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

05.01.2021

1713

0

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Тақырыбы: « «Бір ел — бір кітап» акциясы мен ұлттық оқу мәдениеті»

Кітап — адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие. Электронды дәуір ағымына қарамастан, кітаптың орнын ештеңе де алмастыра алмақ емес. Еліміздің қарқынды дамуы, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың білімді, сауатты жастарға үміт артуы, оларды түрлі әлеуметтік, оқу бағдарламалары мен өз Жолдауындағы «Жалпыға арналған білім» мен «Өмір бойғы білім алу» ұрандары арқылы сапалы білім алу мен кәсіби маман болуға үндеуі — болашаққа жасалған игі қадам. Оқу бағдарламалары мен сауаттылықты қорғау қашанда мәдениет саясатының негізгі бағыты болып қалмақ.

Оқырман мен кітаптың арасын жақындату мақсатында әлем қолдан келген бар мүмкіндіктерді қолдануда. Елімізде кітап оқу акциялары ұйымдастырылуда. Кітап оқу акциялары, ең алдымен АҚШ — да өте танымал болған. «Бір кітап — бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітап оқыса…» деген жобалар жұмыс істеген. Мұндағы басты принцип — кітап пен оқырман арасын жақындатып, бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талқылау. Бүгінде «Бір ел — бір кітап» жобасы көптеген елдерге кең тараған.

Елімізде оқу мәдениетін, кітап оқу мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық көлемде қолға алынуда. Бұған 2007 жылы Астанада өткен «Оқитын ел — бәсекеге қабілетті ел негізі» атты халықаралық оқу конгресі айқын айғақ. Конгресс жұмысының нәтижесінде сол жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел — бір кітап» акциясын өткізуді бастады. Осыдан бастап аталмыш акция ел тарихында елеулі орын алар ерекше оқиғаға айналды. 2007 жылдың қыркүйек айындағы «Елімізде «Бір ел — бір кітап» акциясы басталды», «Республикамыздағы танымал саясат және қоғам қайраткерлері оқи бастады» деп аталатын ақпараттар ағыны кімді де болса елең еткізіп, Қазақстанның мәдени өмірінде өзгеше бір жаңалық басталғанын әйгілегені анық.

Акцияның ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы кітапханашылар қауымдастығы. Алғашқы жылы акцияның ұйымдастыру комитеті құрылып, Қазақстан халық жазушысы, ақын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Фариза Оңғарсынова ұйымдастыру комитетінің төрайымы болып сайланды. Акцияның ережесі жасалып, сол ережеге сәйкес жыл сайын ұлттық гуманизм мен жалпы азаматтық идеяны бейнелейтін, ел тарихы мен заман дамуына сай, әрі қоғамдық пікірталасқа түрткі бола алатын туындылар таңдап алынып отырады. Оқырмандар арасында жыл кітабына таңдау жасау сұралып, арнайы сауалнамалар жүргізу арқылы ел тарихы мен мәдениетінен хабардар етер құнды көркем туынды немесе шоқтығы биік поэзиялық шығармалар іріктеліп, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы болып бекітіледі.

2007 жылы алғаш рет таңдалып алынған Ұлы тұлға Абайдың «Қара сөздері» оқырмандарын өзі мен айналасындағыларды танып білуге, озық гуманистік ойға жетелесе, 2008 жылғы М. Әуезовтің «Қилы заман» повесі кейіпкерлерінің мінез — құлқы мен заман тартысы арқылы жастарды Отаншылдыққа үндеді. Негізгі мақсат тек оқуда ғана емес, ел тағдыры мен тарихын арқау еткен шығармаға қайта көз жүргізу, оқушыларды Әуезов деңгейіне көтеріп, өткенімізге жаңаша көзқараспен қарауына ықпал ету. Осы шығарма арқылы бойларындағы ұлттық намыс пен жігердің оянуына ықпал ету, «Қилы заман» повесін оқыған әрбір оқушы халқымыздың өткен тарихына, оның алмағайып уақытындағы сырына қанықты.
2009 жылғы оқу акциясына «Ұлттық поэзия падишасы» болып саналатын Мағжан Жұмабаевтың махаббат лирикасы, оның оқырмандарға таныс «Жан сөзі» жинағы таңдалып алынды.
Жыл сайын өткізіліп отырған оқу акциясы өзінің оқырмандарға қажет екендігін, өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

2010 жылы қазақтың қаһарман ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы асқақ үнімен оқушыларды рухтандырды. Жұбан Молдағалиев өзінің атақты «Мен қазақпын» поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық — публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп өрнектелген, қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттей білген. Қазақ халқының елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырға қосады. Оқырмандарын жігерлендіре, ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізе Отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын.

2011 жылы жерлесіміз, көрнекті жазушы, ақын, драматург, сыншы, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы халықтық талқылауға таңдалып алынды. Қазақ елінің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғанына жиырма жыл толумен тұспа тұс келуі кездейсоқтық емес, тәуелсіздікті аңсап, қазақ халқының отаршылдық пен ауқатты топтар езгісіне қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күрес идеясын сусындатқан жазушы. «Ақбілек» романы ұлттың талайлы тарихын, қазақ өмірінің қиын да, күрделі кезеңін, басты тұлғаның ауыр да сындарлы сәттерін тағы сондай нақтылы көрініс, шынайы оқиға, бедерлі бейнелер арқылы көрсетіп, тақырып табиғатын, көркемдік — эстетикалық мұраттарын шебер де шешен, шынайы үлгіде баяндаған байыпты, тағылымды туынды шығарма болып саналады. Профессор, филология ғылымдарының докторы Т. Жұртбай «Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы — ұлттық және адами ізгілік құндылықтарын, адамның жан құбылыстары мен сезімінің бай әлемін бейнелейтін роман»-, деп баға берген. Екібастұз қалалық мектеп кітапханаларында «Ақбілек тағдырына менің көзқарасым» атты оқу марафоны, «Ақбілек романы — ұлт тағдыры» атты дөңгелек стол, кітап көрмелері, ашық сөрелер, презентациялар ұйымдастырылып, оқушылар жазушы шығармашылығымен кеңірек танысу мүмкіндігіне ие болды.

2012 жылы көркем сөздің құлагері — Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі оқу акциясы бойынша оқылды. Оралхан Бөкей — қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегін салған қаламгер, оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңқалдырды. Туған жері — Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы, қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетінде осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Бұл повесінде автор жазушы туған жер табиғатын тамсана суреттеп, өз әкесіне деген балалық махаббатын сүйсіне суреттейді. Ал шығармадағы оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Осы оқиғаға өкініш білдірген келесі туған құлынын анасы өзі өлтіргендігін суреттей келе автор көңілінде қасқа құлынға деген аяушылық, өкініш сияқты сезімдер туындайды. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар ма еді деген ой түйген. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі тақырыбы мазмұнды, маңызды, қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігі, өрнегі бар шығарма.

Абай, Мұхтар, Мағжан, Жұбан, Жүсіпбек, Оралхан секілді алып тізбегінен тұратын оқу акциясының сипаты біртіндеп жалпыұлттық деңгейге көтерілуде. жыл сайынғы жалпы оқуға қатысушы оқушыларымыздың саны ұлғайып, өткізілген іс — шараның көлемі артып, түрлері жан — жақты жаңашылдануда.
Биылғы 2013 жылы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында өз оқырмандарына жол тартқан «Дауа» кітабы — Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың төл туындысы. Бұл жинақ таңдамалы өлеңдерден тұрады. «Дауа» кітабының негізгі мазмұндық идеясы – жастарға шығармашылық жол; яғни соның ішінде өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез — келген жаман істерге, арам ниетке биәдеп қылықтарға, тіпті жазылмас дертке де қарсы тұруға үйрету.
Әдеби шығарма оқу тек қана оқу емес, ол өзіңді — өзің тәрбиелеу, парасаттылыққа апарар жол іздеу. «Бір ел — бір кітап» акциясы арқылы келер ұрпақты тек оқуға ғана емес, озық гумаинстік ақыл — ой мен адамгершілікке де тәрбиелеу. Елімізде осымен жетінші рет өткізіліп отырған оқу акциясы жазба мәдени мұраны насихаттау мен оқушылардың кітап оқуға деген көзқарасын жақсартуда үлкен жетістіктерге жетіп отырғаны сөзсіз. Ол оқушыларды кітап оқу ісіне тартудың: баяндама, презентациялар, ток — шоу, кітап көрмелері, ашық сөрелер, экскурсиялар, оқу марафондары тағы басқада түрлі формалар арқылы мүмкін болып отыр.

Екібастұз қалалық мектеп кітапханаларында республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы бойынша өткізілген іс — шаралар түрлері алуан түрлі. Кітапханашылар оқушылармен жұмыс жасау кезінде оқу марафондары, флэш — моб, оқырмандар конференциясы, кітап көрмесі, әдеби кеш, ауызша журналдар өз оқырмандарын акцияға таңдалып алынған әрбір шығарманы кең, әрі жан — жақты ашып көрсетуге өз септігін тигізді.

Бір ел – бір кітап


  • Тәрбие сағаттары
  • Aharoni
  • 09.12.2015
  • 0
  • 0
  • 9822

Павлодар қаласы
№ 21 Жалпы орта білім беру мектебінің
кітапхана меңгерушісі: Шахманова Ақбота Жазкеновна

Кештің тақырыбы: «І. Есенберлин, Көшпенділер жұлдызы»

Кештің мақсаты – оқушыларға туған жерге, елге деген махаббатын оятып, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа жазушының әдеби мұрасын таныту.

Көрнекілігі: Интер белсенді тақта. Кітап көрмесі. Фото прортрет.

Кіріспе сөз: Ой — қозғау.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді». Атақты «Көшпенділер» трилогиясының авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы аталып өтпек. Қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі тау тұлғаның мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Ал, біз ол туралы не білеміз?

1–жүргізуші:

10 қаңтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы — Ілияс Есенберлиннің туған күні. Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — қазан 1983жыл, Алматы) — қазақ жазушысы.Есін білетін қазақ Есенберлинді танымайды десек, елдігімізге сын болар.
Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы «Айқас» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды. Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі. Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды. 

2-жүргізуші.

«Алмас қылыш» романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық. «Алмас қылыш» романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.

1-оқушы:  Алмас қылыш романынан үзінді, оны талқылау

1-Жүргізуші: Трилогияның «Қаһар» атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.

«Қаһарда» қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.

2-оқушы: Қаһар романынан үзінді және оны талқылау.

2-Жүргізуші:

Кейінірек «Алтын Орда» трилогиясын жазып бітіріп, бірақ кітап болып шығуын көрмей өзі дүние салды. «Қаһар» романы бірінің артынан бірі жазылып толықтырылған алты кітаптан тұратын тарихи эпопеяның нүкте қойылатын соңғы бөлігі болғанымен, ұзақ ғасырлық шежіренің қағазға түскен, кітап болып оқырман қолына тиген алғашқы қарлығаш үзігі болатын. Шығарманың эстетикалық мәнімен қатар, көкірек көзін ашып, көңіл көкжиегін кеңейтер танымдық маңызын оқырман жақсы түсінді. Сондықтан да тарихи эпопеяның алғашқы кітаптары шыға бастағанда студенттік жатақханаларда, алыстағы ауылдарда оқырмандар бір-бірінен қолқалап сұрап, қолдан-қолға көшті, қойшының қонышында, егіншінің қойнында, студенттің қолтығында жүрді.

3-оқушы:   Мұзаффар Әлімбаев сөзі:  Таланнтың бақ талайы.

4 -оқушы:  Қадыр Мырза – Әли сөзі.

5- оқушы: Шығармашылық жолдары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Т?рбие са?ат та?ырыбы: Аты ?лемге м?ш??р жазушы Ілияс Есенберлин — 100 жыл
1. Білімділік: О?ушыларды ?аза? хал?ыны? дара т?л?асы, ?лы жазушы Ілияс Есенберлинні? бай шы?армашылы?ымен таныстыру.
2. Дамытушылы?: О?ушыны? шы?армашылы? ізденісін ?алыптастыру.
3. Т?рбиелік: Хал?ына ?алдыр?ан шо?ты?ы биік туындыларына ш?кірт ж?регінде с?йіспеншілік сезімін ояту, ?лгі алу?а, ??рметтеуге т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: ізденіс, зерттеушілік саба?ы
Саба?ты? к?рнекілігі: І. Есенберлинні? суреті, шы?армалар к?рмесі, интерактивті та?та, слайдтар.
П?наралы? байланыс: ?дебиет, тарих.
Эпиграф:«І. Есенберлин ?аза? ?дебиетіні? ?ана емес, ?аза? хал?ы тарихыны? т?рінен лайы?ты орын алатын дара т?л?а.» Н. Назарбаев.

?йымдастыру кезе?і.
1) Топ?а б?лу.»Алаш» ж?не «К?шпенділер»атаулары жазыл?ан пара?шаларды та?дау ар?ылы топтасады.
2) Сергіту с?ті. О?ушылар допты кезекпен бір — біріне ?сына отырып, 2015 жылы ?андай тарихи о?и?алар ж?не а?ын, жазушы. ?о?ам ?айраткерлеріні? мерейтойлары атап ?тілетінін айтады.
М??алімні? кіріспе с?зі: Ой — ?оз?ау.
«Жа?сыны? аты, ?алымны? хаты ?лмейді». Ата?ты «К?шпенділер» трилогиясыны? авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлинні? 100 жылды?ы 2015 жылы аталып ?тпек. ?ара с?зді? хас шебері, ?аза? ?дебиетіндегі тау т?л?аны? мерей тойы ЮНЕСКО к?лемінде тойланба?. Ал, біз ол туралы не білеміз?

Ма?ынаны тану:
1 — о?ушы:
10 ?а?тар ?аза?стан Республикасы мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты, ?аза? ?дебиетіні? тарихында б?гінге дейін е? к?п роман (17) жаз?ан жазушы — Ілияс Есенберлинні? ту?ан к?ні. ?лияс Есенберлин (10 ?а?тар 1915 жылы ?азіргі А?мола облысы, Атбасар ?аласы — ?азан 1983жыл, Алматы) — ?аза? жазушысы.
Есін білетін ?аза? Есенберлинді танымайды десек, елдігімізге сын болар.
«Есенберлин Ілияс ?ызы? еді,
Ерейменні? сілемі,
?зігі еді.
*
Ар?ыма?ы болса да ары? тіпті,
Аламанда, ?йтеуір, жарып шы?ты.
Тірескенні? біразы шыдамады,
Тізесі де ?атты еді жары?ты?ты?!
Саялайтын кісісін саялайтын.
Аялайтын адамын аялайтын.
А?айын деп жатпайтын,
А?айынды
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, ?йтеуір, жерім дейтін.
Ер ?стінде ешкімге берілмейтін.
Жазу?а да, ?рине, жалы?пайтын,
Егеске де — шіркін — ай!- ерінбейтін!
Б?л мінез ?ой.», — деп жырлады ?адыр Мырзалиев «Ілияс Есенберлин» ?ле?інде.

2 — о?ушы: ?мірі ж?не е?бек жолы. Жазушыны? балалы? ша?ы ашты? жалма?ан з?лмат заман?а тап келіп, 5 жасында т?л жетім ?алды. Бала Ілияс балалар ?йіне тапсырылды. Шы?армашылы??а бір табан жа?ын ?скен ол ?абыр?а газетіне ?ле? жазып т?рды. Мектепті т?мамда?ан со?, ?ызылорда ?аласына барып, интернат м??алімі болып ж?мыс?а орналасты. Кейін ?арса?пайда?ы ауданды? ат?ару комитетінде ж?мыс істеді. Ж?мыс істей ж?ріп, Алматыда?ы ?аза? тау — кен институтына т?сті. Талантты да талапты жігіт тез к?зге т?сіп, 1937жылы ?аза?стан КСР — ны? бірінші Конституциясын ?абылда?ан ?аза?стан Ке?естеріні? ал?аш?ы Т?тенше съездіне делегат болып сайланды.

3 — о?ушы: 1940 жылы ?аза? тау — кен институтын бітіріп, Жез?аз?ан рудниктерінде инженер болады. ?лы Отан со?ысына ?атыс?ан.
1942 — 1947 жылдар аралы?ында ?аза?стан КП ОК — ні? н?с?аушысы,
1951 жылдары ?аза? мемлекеттік филармониясыны? директоры,
1953 — 1954 жылдары ?Р Геология министрлігінде а?а инспектор, 1954 — 1955 жылдары Берс?гір шахта бас?армасыны? (А?т?бе облысы) басты?ы, 1955 — 1957 жылдары ?аза? мемлекеттік к?ркем ?дебиет баспасыны? а?а редакторы, 1958 — 1967 жылдары «?аза?фильм» киностудиясыны? а?а редакторы, сценарий редколлегиясыны? м?шесі, 1967 — 1971 жылдары «Жазушы» баспасыны? директоры, 1971 — 1975 жылдары ?аза?стан Жазушылар ода?ы бас?армасыны? 2 — хатшысы болып ?ызмет ат?арады.

М??алім: Т?л ?дебиетімізді? тарихында 17 роман жазып ?алдыр?ан Ілияс Есенберлинні? болмысын ашу ма?сатында ?з ойын ал?а шы?арды?.«Мен алдыменен материал жинаймын. Деректер іздеймін. Ай?а?ты уа?и?аларды ?араймын. Халы? фольклорына с?йенемін. Жазба бетінде ?андай шы?армалар бар, соны? барлы?ын ?олым жеткен жерге дейін зерттеймін, о?имын, бірімен бірін салыстырамын. Осылай дайындаймын. Материал дайындал?аннан кейін алдымен ой?а салып, бір жыл ?те ме, к?п жыл ?те ме, миыма ?зім жазамын. Не туралы болу керек, асыл арманы? не еді осы кітапты жаз?анда, нені к?тергі?, нені ашып айт?ы? келеді? …Тере?деп ізденіп, ?з а?ылымны? жеткен жеріне шейін жазамын».

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Білімні? бастауы балаба?шада сценарий
  • Білімділер сайысы сценарий
  • Білімді ел м??гілік ел сценарий
  • Білім туралы сценарий
  • Білім сайысы сценарий