Жолдау туралы сценарий

Топтың мақсаттары: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдуын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау; Жолдауда көрсетілген білім саласына негізделген баыттарға баса назар аударып, жалпы білім бе

«Жолдау жолымен білім биігіне» үгіт-насихат бригадалар байқауының сценарийі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі

Топтың мақсаттары:

  1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдуын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау;

  2. Жолдауда көрсетілген білім саласына негізделген баыттарға баса назар аударып, жалпы білім беру саласына жасалып жатқан жағымды жаңалықтарды дәріптеу

  3. Жолдау арқылы ұстаздарды заманауи өзгеруге, дамуға, ізденуге шақыру.

Сайысқа қатысушылар тізімі:

Барысы

Ұйымдастырушылық кезең

(Аудиожазба арқылы топттың аты мен ұраны таныстырылады)

Жаңартылған оңымыз бен солымыз,

Сандық дәуір куәгері болыңыз!

Цифрланған Қазақстан аймағын,

Дамытуға бағытталған жолымыз.

Басқарамыз желілермен біз енді,

Талай затты қимылдамай қолымыз.

Атсалысқан болашақтың ісіне

Біздер мына «Цифрлы дәуір» тобымыз.

(Көрерменмен амандасу — Флешмоб)

Негізгі бөлім

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп отырған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын қалың бұқара арасына кеңінен насихаттау бәріміздің міндетіміз. Жолдаудың негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру мақсатында осынау «Жолдау жолымен білім биігіне» үгіт-насихат бригадалар байқауының ұймдастырылуы біздерді қуантуда.

Қазақпыз ғой, басына бақ орнаған,

Бір ел болып, Елбасшысын қолдаған.

Өлеңменен жеткізейін сіздерге,

Әрбір сөзін Елбасының Жолдаған.

(Қатысушылар өздеріне берілген тақырып бойынша эмблемаларымен ортаға шығып, өлең оқылады)

  1. Жетіпсің-ау 25-тің қанатына Отаным,

Асқар бойлы, мықты, биік қамалың.

Жаңа ғасыр жарылғасын, мына сенің тойыңды,

Қош келіпсің, есік ашып, төгіп-жиып білімді.

Нұр ағасы, қуантып сен құт әкелдің еліме,

Тыңдаймыз біз құлақ түре, сенің асыл сөзіңе.

«Жас Отаным» құтты болсын ұлы тойың құрметті,

Жаңа ғасыр шыңына шыққан күнін келбетті

  1. Күндер келді елімізге жайдары,

Қол жеткіздік жетістікке айдағы.

Қауіпсіздік Кеңесіне басшы етіп,

Біріккен Ұлттар ұйымына сайлады.

  1. «Экспоға» келді менің қандастарым,

Тойдың тойға тіледі жалғасқанын!

Шақырады сендерді Қазақстан,

Ән кернеген әр күні таңғы аспанын!

Шақырады сендерді Ер Нұрекем,

Тәуекелге байлаған белді бекем!

Қазақ қазақ болғалы дәл осындай,

Бағы жанған заманды көрді ме екен?!

Шақырады сендерді Ұлы Далаң,

Бақ дарыды, құт қонып бүгін оған.

Күтіп отыр сендерді құшақ жайып,

Жасыл желек жамылған тұнық алаң! 

  1. Көтер қане! Ел үмітін арқалаған екенсің,

Сен -жігерлі, сен -қайсарлы бекемсің.

Универсиада -2017 спорттық ойындарда

Әлем елі көк туымды көтерсін.  

Желдей жүйткі! Саған қарап таңдай қақсын әлемде,

Ізің қалсын алтын болып әр елде.

Қозғалтқышың тоқтамасын бас алға,

Көк туыңның рухы жатыр мәреңде.  

Көрсет қане! Қайтпас қайсар бойда жігер көптігін,

Алтын түсті күн сәулеңді төк бүгін.

Алтын қолда, күміс белде, қола бар,

Ал желбіре көкте биік көк туым!!!

  1. Орындалып еліміздің керегі,

Дамыған ел қатарына енеді.

Елбасымыз стратегия қабылдап,

Шүкір ол да жүзеге асы келеді.

  1. Терезені өзгелермен тең қылдық,

Жалқаулықты ақылменен жеңдірдік.

Салиқалы саясат деп тағы да

Бірлікпенен Нұрлы жолды ендірдік.

  1. Алға қадам жасаймыз деп жүз нақты,

Мақсат қойып, іс бастадық біз қатты.

Халық болып, қазақ болып, бір болып,

Ұлт жоспары тек алдыға қозғатты.

Қазақстан Республикасы Президентінің елді дамытуға арналған жолдауларында орындалған мақсаттарды, біз бағындарған белестерін атап өттік. Олар табыспен жүзеге асуда. Ендігі сөз биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауда көрсетілген 10 міндет жайлы болмақ.

(Квартеттің орындауында көрермен назарына ән ұсынылады)

  1. Ұлы жолды түзу алып табанға,

Қолайлы өмір болсын дедік адамға.

Ғылым жағын дамытып та жатырмыз,

Көшеміз деп цифрланған заманға.

  1. Туындады жадымызда жаңа арман,

Жеңіс күтіп тұратындай тағы алдан.

Білім жағын етіп қойдық бір міндет —

Болсын деумен Білім беру жаңарған.

  1. Сәттілік те жанымыздан табылсын

Жеңіс алда танытайық сабыр шын.

Керек ұрпақ білу керек үш тілді,

Олар қазақ, орыс және ағылшын.

  1. Латынша жазылады атың да,

Латынша жазылады затың да.

Кирилица алфавитін доғарып,

Жөн көрдік біз ауысуды латынға.

  1. Алатын кез алыс емес қолға ту,

Жеңіс жолын ақылменен оңдату.

Бір міндетім — интернетке ең үздік

Ұстаз бейнесабақтарын орнату.

  1. Елімізде біраз нәрсе жоқ әлі,

Жоқ нәрсені бар қылғанда оңады.

Ақылы бар қала керек дедік те,

Смарт сити деп атадық жобаны.

  1. Ұлы жолдар жеңістерге бастаған,

Бірлік барда не нәрседен жасқанам.

Осы жыл өткіземіз мерейтой —

20 жасқа толады екен Астанам!

  1. Болмасыншы бөліну мен жабығу,

Дұрысырақ Елбасына бағыну.

О қазағым, алдымызда бір міндет —

30 елдің қатарынан табылу.

  1. Керек бізге шаңырақты бір ұстау,

Елмен бірге өмір сүру, тыныстау.

Бір міндет бар Қазақстан халқының –

Әлеуметтік ахуалын жақсарту.

  1. Бағындырып биіктерді, кемелді,

Тереземіз талайлармен теңелді.

Бір міндетім – даму үшін ел болып,

Жемқорлыққа жасау керек кедергі

  1. Дұрыс нәрсе ел жұртына қам қылу,

Тілді, дінді өзімізге тән қылу.

Әр қазағым идеалды болсын деп,

Міндет қойдық – Рухани жаңғыру

Қорытынды

Елбасының дана сөзін біздің болашағымыз-қазіргі жастар үнемі естен шығармай, осы Жолдаудың жүзеге асуына белсене атсалысады деген сенімдеміз!

Әрбір күніміз мерекел болсыні, әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел болсын, келешегіміз кемел болсын!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ

Мақсаты: Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2014 жылғы 17 қаңтардағы  жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

Түрі: ашық тәрбие  сағаты

Аудиториясы: 9 кл

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, аудиозапись, жалаушалар,кітап — журналдар т.б

Барысы:

(Жолдаудан үзінді тыңдалады)

1-жүргізуші: Қайырлы күн,  құрметті ұстаздар және білім алушылар. Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді  талқылануда. Өз кезегінде бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен  қатар еліміздің  әрбір тұрғынының  өміріне қатысты мәселе, себебі жолдау – мемлекеттің тағдыры.

2-жүргізуші: Осыған орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Елбасының жалау еткен жолдауы» тақырыбында болып отыр.  Ашық тәрбие сағатының  негізгі мақсаты – оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін биылғы 2014 жылы 17 қаңтардағы  жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

1-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке айналды.

2-жүргізуші: 1998 ж 6 мамырда  Елбасының жарлығымен  ҚР астанасы Астана қаласы болып аталды.  Ал 20 мамырда  «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. 1998 ж 10 шілдеде Астананың  халықаралық тұсауы кесілді.  Қазақстан Астанасының жаңарған келбеті  қазір дүние жүзіне сәтті таныстырылды.

Әсем: 1991  жылы Республикада  Президент  қызметі белгіленді. Жоғары кеңестің сессиясында жабық дауыспен  Н. Ә.Назарбаев  ҚР-ның Президенті  болып сайланды.  Әрине, ел басқару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келетін өнер емес.

Демеу: Егер Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік алғаннан бері көп қырлы бейбітсүйгіш сыртқы саясаты тұрғысынан қарасақ  ғасырлық аңсаған арманындай көгілдір түске бөленген көк байрағы халықаралық аренада желбірейді. Елбасының саясаты нәтижесінде ұлтаралық кикілжіңдер  орнығуы мүмкін мекеннен сан  ұлттың достығы жарасқан елге айналдық.

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын: Ұзақов Берікбол

1-жүргізуші: Елбасының  халыққа алғашқы стратегиялық жолдауы қай жылы, қандай атпен жолданды?

Жауап: 1997ж қазан айында «Барлық Қазақстанның өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі  және әл-ауқатының артуы»  атты халыққа  жолдауында  ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы белгіленді.

Ақнұр: «Отан»  өлең оқу

Мақсат:   Елбасы жолдауы – қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Қазіргі таңда  Қазақстан нық қадаммен елеулі даму әлеуетімен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа  бет алды. Жолдаудың әр бір сөйлемі  бұқара халықтың қамы үшін жазылған мәселелер.  Бұл – қазақстандық  көшбасшылыққа қадам басу, бұл- жаңа кезең бастауы,  бұл – жаңа жоспарлар.

1-жүргізуші:1997 жылдан 2013 жылға дейін  Елбасы халыққа 18 жолдау жолдапты.  Соңғы жылдардағы  жолдауларды  еске түсіре кеткеніміз жөн болар.

  • 2008 ж — «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».
  • 2009 ж – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».
  • 2010 ж – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
  • 2011 ж – «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»
  • 2012ж 14 желтоқсан  – «Қазақстан  — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 
  • 2013ж «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

2-жүргізуші:

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ  деп аталады. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екен.

1 жүргізуші: Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық.  Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.

Ақмарал: «Қазақстан -2050» Стратегиясын орындау Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық борышы саналады. Елбасының Жолдауындағы

              Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

  1. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу ;
  2. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру;
  3. Ғылыми қамтымды экономика құру;
  4. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек;
  5. Шағын және орта бизнесті дамыту;
  6. Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау;
  7. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.

Бағылан:  Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Аружан: Олар қазақ үшін қасиет саналған киелі жеті  құндылықтар

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Жанат: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы — деді Елбасымыз

  Әлішер: Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Қазақ биі «Тақия»

Таңшолпан :  Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.  

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет ұрдық. Біз осылайша аз жылда алапаты артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.

Осының бәрі ғұмыры ел тағдырымен еншілес Елбасының арқасында.

1-жүргізуші: Ашық тәрбие сағатын Елбасының Жолдаудағы  жалынды сөзімен аяқтаймыз.

Хормен: Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

2-жүргізуші:  Тыйылғандай дағдарыста, даму да

                        Жылынғандай қаһарлы қыс, қарың да

                        Елбасының елге арнаған жолдауы

                        Жанымызға нұрлы  шуақ құйғандай,-  демекші  Елбасымыздың  жалау еткен Жолдауына  әрбір қазақстандық жүгінуге міндетті.  Біз үшін  Отаннан асқан байлық,  Отаннан асқан дәулет жоқ. Ендеше сол Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап одан әрі дамуына баршамыз үлес қоса білейік.   Назарларыңызға рахмет.

Тақырыбы: «Қазақстан Жаңа Жаһандық Нақты Ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму».

Мақсаты :

1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

2.Қазақстанның  болашақ дамуына  өзіндік  үлес  қосатын жеке  тұлға  екендерін  ұғындыру. Оқушы  бойында  саналы  тәртіп,сапалы  білім  алуға  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру. Қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  адам  өмірі  мен   жақсы  тұрмыстық   құндылықтарын  ұғындыру, жауапкершілік  сезімдерін  ояту.

3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд, газет-журналдар, т.б.

Мазмұны мен өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Жоспар:

І.     Ұйымдастыру. Кіріспе  сөз.

ІІ.    Негізгі бөлім

ІІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)

ІV. Қорытынды

І.Кіріспе  сөз

Мұғалім сөзі: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық. Сөзжұмбақ  «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала) 4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?  (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) 

ІІ. Негізгі бөлім

Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Елбасы 2015 жылы 30 қарашада халқына Жолдауында  Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз.  Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. 

Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын  Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін.

ІІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)

ІV. Қорытынды: 

Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

6 «ә» сыныбында өткен «Қазақстан Жаңа Жаһандық Нақты Ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» тақырыбындағы әрбие сағатының

Анықтамасы

Мақсаты :

1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

2.Қазақстанның  болашақ дамуына  өзіндік  үлес  қосатын жеке  тұлға  екендерін  ұғындыру. Оқушы  бойында  саналы  тәртіп,сапалы  білім  алуға  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру. Қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  адам  өмірі  мен   жақсы  тұрмыстық   құндылықтарын  ұғындыру, жауапкершілік  сезімдерін  ояту.

3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд, газет-журналдар, т.б.

Мазмұны мен өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Жоспар:

І.     Ұйымдастыру. Кіріспе  сөз. Cөзжұмбақ шешу

ІІ.    Негізгі бөлім

ІІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)

ІV. Қорытынды. «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

6 «ә» сыныбында «Қазақстан Жаңа Жаһандық Нақты Ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Ең алдымен оқушылар сөзжұмбақ жасырылып тақырыптын аты ашылды. Оқуышыларға Елбасының 2015 жылғы 30 қарашада халқына жолдаған жолдауы туралы мәлімет оқылып, оқушылар «Қазақстан қандай мемлекет?» деген сұраққа топтастыру жасады. Қорытынды бөлімінде әр оқушы «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» өз ой пікірлерімен бөлісті.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Елбасы жолдауынан түсінік бере отырып, отанын сүюге, бірлікке, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, фильм

Тәрбие сағатының барысы:

Елбасының жолдауыны туралы қысқа фильм қарау.

Мұғалім:

Құрметті оқушылар біз фильмнен кімді көрдік?Президентіміздің бізге жолдаған жолдауы қалай аталады?оқушы: Елбасы 11 қарашада  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ.

оқушы: Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы.

оқушы: Барлығы 24 млрд доллар жұмсалады. Бұл тарихи Жолдау, өйткені, Елбасы гео саяси жағдай ғана нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті.

оқушы: «Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты.

оқушы: Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар апатты мектептер мәселесін шешу үшін Үкімет қосымша 70 млрд теңге бөлетін болды.

оқушы: Бұл деген – балалардың жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы. Апаттық мектептер бала өміріне күнде қауіп төндіреді. Біз одан арыламыз. Жолдау әрбір қазақстандықтың жағдайын, тұрымысын жақсартуға, экономиканың өсуіне бағытталып отыр

оқушы: Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Бұл үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінбек

оқушы: «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Осының барлығы Елбасының қамқорлығының арқасында

оқушы: 6 млрд теңге, ол дегеніміз – 16 жаңа мектеп. Қажетті көрсеткіш 200-ді құрайды. Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа Жолдауға сәйкес, тек білім саласына 100 млрд теңге қосымша бөлінеді.

оқушы: Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті.

оқушы: Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты.

оқушы: Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біз болашақ ұрпақ әрдайым Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз. Ендеше Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы нақты істерге негізделгенімен құнды.

Оқушы:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

№15 Гимназия КММ

Сынып сағаты

Елбасы жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Сынып жетекші: Жамбаева Э.А

Сынып: 11 «А»


Президент жолдауы — халықтың қолдауы

 Президент жолдауы - халықтың қолдауы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс — тіршілігінің дамуына бірден — бір ықпал еткен фактор — бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 — 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Ақтөбе қаласындағы №32 орта мектеп — гимназия мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 — 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e — Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.
e — Learning электрондық оқыту жүйесі — Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Тағы бір жайт — тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру — баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.

Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.
Елбасының әр Жолдауы — толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жмурки сценарий текст
  • Жмурки агентство праздников
  • Жкх праздник профессиональный 2022
  • Жкх опять испортил праздник россиянам
  • Жкх новогодние праздники