Жолда ж?ру ережесіне сценарий

Cкачать: Сценарий на казахском языке на тему "Жолда жүру ережесін білеміз бе?" для детского сада

Тақырыбы:
«
»

Күні:01.11.2018
ж.

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін  меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс
жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен
таныстыру.

Көше жағдайындағы кеңістікті
бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда  жүру ережелерін  меңгерту.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше
қиылысы.

Көрнекіліктері: Бағдаршам  макеті, жол белгілері.

Жүргізуші: Қымбатты
балалар! Бүгін жолда жүру ережесіне арналған ойын-ертеңгімізді өткізгелі
отырмыз.Көшеде қалай жүру керектігін ,бағдаршамның

 түстері нені білдіретінін тағы бір есімізге түсіріп ,
сақтандырғанды жөн көрдік.  Бағдаршам өмірімізді жазымнан
сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.

— Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің
қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені
оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін
жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Арген:

Арманға алда күткен асығамыз,

 Біз қалай толқып атпай басылармыз.

 Жол жүру ережесін жақсы біліп,

  Сақтыққа тұра алатын жас
ұланбыз.

Айсезім:

Жалғайтын достастырып бар елменен.

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойнымыз басталсын сәлемменен!

Жүргізуші: Ал кәнеки, үйренейік біз де жүру тәртібін.

                     Ережені жақсы білер
бар кімің ?

                     Кім айтады жол
белгісі неше түстен тұрады?

                     Өздеріне қойылатын
бұл алғашқы сұрағым.

 (Ортаға жол белгілерін ұстаған балалар
шығады).

Фатима:

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға ,

Інжу:

 Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға

Нурия:

Жасыл көзін ашқанда ,

Жүре бергін жасқанба!

 Ішке мысық келеді.Қолында
үзілген құйрығы , қорқып  аулаға келе  алмай тұрады.

Жүргізуші:  Келе ғой , мысығым бізден қорықпа , жараңды  жазамыз ,

жылама ,зарықпа.

Ұялы телефонымен жедел жәрдемге соғып
дәрігер апайды  көмекке

шақырады.

Ортаға келеді , дәрігер апай балалармен амандасады.

Жүргізуші:  Кішіге
, үлкенге , жасына , кәріне ,

                 
     Жансая қиналған жандардың бәріне.

                       Дәрігер апайды  біз
жақсы көреміз ,

                
      Өйткені ол үлкен дәрігер !

Дәрігер апай жайласып отырады , басын
шайқап:

-құйрығыңды қалай үзіп алып жүрсің , қазір
орнына келтіреміз –деп, тігіп береді.

Мысық: Доп қудық көшеде  Қозы бар , лақ бар,

            
   Көп өткен машина  кедергі  бірақ та.

            
   
Кеп қалған машина байқамай  басты да ,

            
   Добымыз жарылды
доңғалақ астында.

               
Құйрықтан,мүйізден,құлақтан айырылып,

           
    
Достарым анда тұр
, кіруге қаймығып.

Біреуі құлағын ұстап , екіншісі мүйізін
ұстап
 ішке келеді.Дәрігер көмек көрсетіп ,
ескерту жасап балалардан   жол тәртібін үйренуге ұсыныс жасайды
.

Жүргізуші:  Балалар , көшеде доп қуып ойнағанның  ақыры немен бітерін
байқаған  боларсыңдар . Бір қуанарлығы  өздері  аман  қалыпты.

Аулаға өкіріп аю келеді .

Жүргізуші:   Дәрігер апай, қараңыз мына бір сұмдықты ,

                   
   
Маймаққа не болған
, кім оны қынжылтты ?

Дәрігер апай: Маймағым , не болды , жасырмай  айтшы өзің ?

                        
Неліктен көкпенбек
 ісінген бас- көзің .

Дәрігер аюдың басын таңып ,бет-аузын
сүртеді .

Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды ,

                              
Сақтаңыз шыбындай жанымды..

                   
           Жармасып бал
тасыр машина-қадаққа ,

                              
Домалап түсті де , тап болдым азапққа.

Аюжан , сенің түбіңе бал жететін шығар .

Жүргізуші:   Балалар , жүріп  бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?

Балалар:  Жоқ , болмайды .

Аю: Кешіріңізші , Апай ! Енді ұрлық та жасамаймын , жолда жүру ережесін де  бұзбаймын .

Жүргізуші: Жолда жүреміз деп ,жолда жарақаттанған аңдарды көріп
отырсыңдар.Ал өздерің не білесіңдер ?

Ашса кезек үш көзін ,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

« Тоқта !»

« Сақтан !»

« Жол ашық !»

Жүрме жолға таласып .

Слайд: № 1

Жүргізуші: Балалар , бағдаршам және оның үш көзін
біледі екенсіңдер .Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Көліктің қаншасын жолынан өткізген ,

   Іргеден басталып , алысқа
жеткізген. (Жол)

2.Ала таяқ ұстаған ,

  Жол тәртібін нұсқаған.

  Өміріңді ізетпен ,

  Ысқырығы күзеткен. ( Милиционер)

3.Жоқ өзінде бас та , ауыз да , құлақ та ,

  Бақырайған үш көзі бар бірақ та . (
Бағдаршам)

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

«Бағдаршам»  ойынын ойнату.
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде — балалар
бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады.
Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)

Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен
жүреміз.

Жүргізуші: « Светор-бағдаршам» әніне кезек берейік.

Ән:  «Светофор-бағдаршам» ,әнін жазған
Ғ.Тамендаров.

Слайд: №2

— Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:
 қызыл, сары, жасыл.

— Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  — жасыл

— Көлік күтетін жерді қалай атайды?  — аялдама

 — Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  —
жүргішілер

— Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» —
дейді.

— Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  — Ақ
жолақ немесе зебра жол.

— Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  — Көшенің ортасына
келгенде оң жаққа қарайды.

— Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Сабина:

Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата-ана..

Жолда сен бол лайық ,

Жақсы бала атына .

Евангелина:

Қауіпті ғой көше тым.

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін,

Жаяу адам өтетін.

Айғаным:

Бүгінгідей мерекеде ,

Болғанымен көп айтар ән .

Ережені , кел , екуміз ,

Жаттайық бір қайталап .

Айару:    

Ортасында тұра  қап,

Оңға – солға бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам жылдам – ақ.

Алина:

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.      

Би: «Кішкентай мысықтар»

Жүргізуші:Шуақты өміріміз күндей күліп ,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес ,

Жол жүру ережесін білмей тұрып .

Қай көше , қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да .

Жол жүру ережесі заңды тәртіп ,

Ол – ортақ !

Үлкен – кіші баршамызға !

Асықпаймын аптығып.

Алдым мұны жақсы ұғып.

Күйсандықтың тіліндей,

Қатарқатар ақ
сызық.    

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың
апатқа.

Қызықты өтсін әр
күнің,

Жақын болма шатаққа.     

Атаананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!        

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың
апатқа.

Қызықты өтсін әр
күнің,

Жақын болма шатаққа

Жолда жүру ережесі бойынша «Сиқырлы Бағдаршам» атты дене шынықтыру пәнінен ісшара әзірлемесі

Білім беру саласы: денсаулық, коммуникация, әлеуметтану, қауіпсіздік, музыка, дене шынықтыру.

Мақсаты: Жолда жүру ережесі, жол белгілері туралы білімдерін ойын түрінде бекіту, Жолдағы байқағыштық, жылдам ойлау қасиеттерін дамыту, жол ережесін сақтауға, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құралжабдықтар: сауысқанның костюмі, ЖЖЕ бойынша плакаттар, жол белгілері, ысқырғыш, түрлі-түсті шеңберлер, кубиктар, доптар, т.б.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар, тәрбиешілер, ата-аналар, қонақтар. Бүгін біз сіздермен ЖЖЕ қаншалықты білетіндеріңді тексеру үшін жиналып отырмыз. Ендеше, «Сиқырлы Бағдаршам» еліне қош келдіңдер!

— Көңіл күйлерің қалай?

— Алақандағыдай! (Алақандарымен көрсетеді)

Олай болса, дайынсыңдар ма? Жол ережесін бұзбауға уәде бересіңдер ме?

— Жол ережесін білейік,

— Аман-есен жүрейік!

Балалар, кім ЖЖЕ байланысты тақпақтар біледі?

1 бала
Сапар шексек сізбен біз,
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобусбен жүреміз
2 бала
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелерімен
Күнде тынбай жүреміз
3 бала
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
4 бала
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз

Ендеше, уақытты созбай, ортаға қатысушылармызды шақырайық.

Ду қол шапалақпен қарсы алыңдар, көк киімді Айгөлек тобы!

«АЙГӨЛЕК» МУЗЫКАСЫ ҚОСЫЛАДЫ

Алдарыңызда,қызыл киімді топ «Балапан» тобы!

«БАЛАПАН» МУЗЫКАСЫ ҚОСЫЛАДЫ

Құрметті сайыскерлер, сайысымызды бастамас бұрын, біраз жаттығып алайық, ол үшін барлығымыз бірге билейік.

ФЛЕШМОБ «АЯҚПЕННЕН ТОП ТОП ТОП!»

Ал енді екі топпен таныс болу үшін, топтың ұранын білейік!

Ендігі кезекте әділ қазылар алқасымен таныс болыңдар!

Барлығымен таныс болдық, ендеше «Сиқырлы Бағдаршам» еліне аттанайық. Ол үшін, қолымызға сиқырлы таяқшаны аламыз, оң қолымызды көтереміз, сол қолымызды көтереміз, шапалақтаймыз!

СИҚЫРЛЫ ДЫБЫС

Көп көзі бар батыр

Бағдаршам оның аты
Өзінде көп ақыл
Тоқ болғанмен заты

Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын

Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда
Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барынша
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып

Осы кезде сауысқан кіріп келеді.

МАИ қызметкері: Не деген масқара, барлығын бүлдірген!

Жүргізуші: Не болды?

МАИ қызметкері: Сиқырлы Бағдаршам еілндегі барлық жол белгілерін ұрлап кетіпті! Бағдаршамдарды сындырып тастапты! Барлығын бүлдіріп кетіпті! Көмктесіңдер! Тездетіңдер!

Жүргізуші: Тездетіп шара қолдану қажет. Сендер көмектесуге дайынсыңдар ма? Қиындықтардан қорықпайсыңдар ма? Менің сиқырлы ысқырғышым бар, сол көмектесер. Уақытымызды өткізбейік. Бірақ, жолға шықпас бұрын, алдымен ЖЖЕ қайталап алуымыз керек. . Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер болады немесе болмайды деп жауап бересіңдер,

— Жаяу жүргінші жолымен өтуге…

Болады!

— Көлік келе жатқан жолға жақын жүруге…

Болмайды!

— Ата әжелерге жолодан өтуге көмектесуге…

Болады!

— Көлік жүретін жолдан жүгіріп өтуге…

Болмайды!

— Жолда жүру ережесін сыйлауға…

Болады!

Жарайсыңдар! Ендеше жолға аттанайық, оол үшін билейік.

«ТӨРТ ҚАДАМ АЛҒА» ӘНІ

Жүргізуші : Балалар, қараңдаршы, кім барлық бағдаршамдарды сындырып тастаған? Осының кесірінен қаншама апаттық жағдайлар болуы мүмкін!?

Тентек қыз: Ал, мен істедім!

Жүргізуші: Ал сен кімсің?

Тентек қыз: Мен, Тентек қызбын, , мен қырсықпын және бұзықпын, Барлығына қарсы жаман нәрселер жасағанды жақсы көремін! Ха-ха-ха!

Жүргізуші: Бірақ біз саған жол бермейміз, солай ғой? Қазір барлық бағдаршамды өзіміз орынан келтіреміз .

«БАҒДАРШАМДЫ ЖИНА» САЙЫСЫ

Белгі бойынша бірінші қатысушы қызыл кубикті алып шеңберге салады, екіншісі сарыны, үшіншісі жасылды шеңберді салады. Сөйтіп, жалғаса береді. Дұрыс және бірінші жинаған топ жеңіске жетеді.

Тентек қыз: Бағдаршамды жинапсыңдар! Жинасаңдар не бопты? Менде одан қорқынышты тапсырма бар. Бұл қорқынышты туннель, ішінде тышқандар жүреді!

Жүргізуші: Өтірік айтасың! Бұл қорқынышты туннель емес, бұл жер асты өту жолы!

«ЖЕР АСТЫ ӨТУ ЖОЛЫ» САЙЫСЫ

Қолымен жалаушаны ұстап, жеке-жеке туннель ішінен өтіу

Жүргізуші Қорқынышты емес пе, балалар? Жер асты өту жолын балаллар жолды қауіпсіз өту үшін арнайы жолдың астына жасаған, Ссондықтан, Тентек қыз, сен біздің текке қорқыттың, бұл бізге керісінше пайдалы!

Енді біз сені шошытамыз. (ысқырғышпен ысқырады) Тентектігіңді тоқтат! Жол белгілерін қайтар!

Тентек қыз: Жоқ, жоқ, қажер емес, қорқытпаңдар! Жұмбақтарымның жауабын тапсаңдар, қайтарып беремін.! Бұған дейін ешкім тауып көрген емес! хи-хи-хи!

Жүргізуші Сықылықтап күлуіңді қой, одан да тезірек жұмбағыңды жасыр!!

Тентек қыз: Балалар, тыңдаңдар, тапсырмалар өте қиын!

Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

Темiр тайым,

Тамақты еш жоқтамайды. (Велосипед)

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. (жол)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

— Құрыдым, мен, құрыдым! Мә, белгілеріңді алыңдар!. (отдает мешок со знаками)

Жүргізуші: Балалар, бұл белгілердің қалай аталатынын айтайықшы!

Тентек қыз: Ал маған, белгілердің еш қажеті жоқ.одан да барып доп ойнайын!, Кім менімен барады? Тезірек жол бойына шығыңдар. Бұл жерде доп ойнаған өте жақсы! (доптарды балаларға лақтырады)

Жүргізуші: (ысқырып) Сіз көшеде жүру тәртібін бұздыңыз!. Балалар, жол бойында ойын ойнауға бола ма? Неліктен?

Тентек қыз: Қазір мен сендерді сынаймын!. Бағадршамның қызыл түсі қайда орналасқан, айтыңдаршы?

Балалар: Жоғарыда (қолдарын көтереді)

Сары — Қолдарын жинау

Жасыл — төмен түсіру.

Тентек қыз Қазір мен бағдаршам түстерін айтамын, ал сендер, қайда орналасқанын көрсетесіңдер!,

Жүргізуші:: Қанша тырыссаң да , бізді шатастыра алмайсың!. Балалар жол ережесінің барлығын біледі

«ЖҮРГІЗУШІ ОЙЫНЫ»

Тентек қыз Жарайды, солайақ болсын, тентектік жасамаймын! . Айтыңдаршы, сендер қалай менің тапсырмалаарымды қателеспей жасап бердіңдер? Бұның сыры неде?

Жүргізуші Бізге достық көмектесті. .

Тентек қыз: Мен сендермен достасқым келдеі, менімен дос болыңдар!.

Жүргізуші: Балалар, дос боламыз ба?? кел, тентек қыз, бізбен дос боласың!

Тентек қыз: Маған өз еліме кетуім керек, сау болыңдар!

Әділ қазы алқасына сөз беріледі

Жолда жүру ережесін сақтайық!


  • Тәрбие сағаты
  • admin
  • 14.03.2018
  • 0
  • 1
  • 28564

Мақтарал ауданы Н.Бекежанов ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі
Стамкулова Зауре Осербаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық!
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
3. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Бағдаршам, қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні, жол белгілері.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II. Негізгі кезең
Мұғалім:
— Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр. Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді
МАИ қызметкері:
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам — өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
—  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
— Әр оқушы көшеде жүру тәртібін  өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2. Жиекжол дегеніміз не?
— Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
— Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
— Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
— Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

6. Ал жиекжолда қалай жүру керек?
— Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

7. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
— Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
МАИ қызметкері:
— Оқушылар, сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?
Жол тәртібін сақтап, өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.

— Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман алып қалайық!

«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1. Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.
2. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5. Бағдаршам — өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

 
Есіңе сақта.
• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны,  жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.

 
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман — есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!


Тақырыбы: «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік!»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.

Жүргізуші: — Арманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз! Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген, Бүгінгі бізге келген қонақтарға ойынымыз басталсын сәлемменен!

Жүргізуші: Жол — көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол — көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
Міне, осы мақсатта біздің балаларымыздың арасында «Жол жүру ережесін сақтайық» атты жол ережелеріне арналған ойын сауық өткізілуде. Ендеше, қош келдіңіздер!
— Балалар, жол инспекторын ортаға шақырайық

Жол инспекторы:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші
Қош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі ойын сауығымыз бәріміз үшін маңызды.
Жүргізуші — Бүгін балалар жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.

«Қызылдар», «Сарылар», тобы болып сайысқа түседі.
Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!

Бүгінгі бағдарламада:
1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.

2. Жол инспектор қызметкерінің сауалы мен жұмбағы әр топқа сұрақтармен жұмбақтар беріледі.

3. Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.

4. Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады

5.Әр топтан жол белгілері туралы тақпақтар айту.

6. Топ аралық жарыс кедергілер арасынан өту

Жүргізуші 1 — сайысымызда: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді

«Қызылдар» тобы:Топтың аты «Қызылдар»

Ұраны:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы:Топтың аты «Сарылар»Ұраны:Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға

Жүргізуші

2 — сайысымызда Жол инспектор қызметкерінің сауалы мен жұмбақ жасырады, әр топқа үш — үштен сұрақтар мен жұмбақ беріледі

Жол инспекторы: Ескертемін! Қол көтермей, рұқсатсыз берілген жауап есептелмейді.«Қызылдар» тобына:

1 — сұрақ: Көшедегі кездейсоқ қауіп — қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп — қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
2 — сұрақ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
3 — сұрақ: Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз? Ақжолақша/

4‑сұрақ: Жолдардан қалай өтеміз ?(Бағдаршам арқылы өтеміз) 5‑ сұрақ: Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?( Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

«Сарылар» тобына:

  1. сұрақ: Жүргізуші деген кім?(Көлік жүргізетін адам)

2 — сұрақ: Автобус тоқтайтын орын? (аялдама)
3 — сұрақ: Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз? (жасыл)
4‑сұрақ: Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз ?(әуелі сол жаққа,көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

5‑ сұрақ: Ал бағдаршам туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Көреген дәу қырағы

Көшемізде тұрады

Оның аты бағдаршам

Жол сілтейді әрқашан

Ол бергенде команда

Бағынамыз әрашан

Жол инспекторы: енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар.
«Қызылдар» тобына:

1 — жұмбақ: Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
2 — жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)
3 — жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

«Сарылар» тобына:

1. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.(Жол)

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Жүргізуші:

3 — сайыста жол белгілерін еске түсіру, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру, қағазға желімдеу. (жол инспекторы әр топқа тапсырмаларын таратады.)
Жол инспекторы топ тапсырмаларының жұмысын қарап шығады.
Жүргізуші: 4 — сайысымыз: Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын атау керек.
Жүргізуші: 5 — сайысымыз

Әр топтан жол белгілері туралы тақпақтар айтуЖол белгілері 4 топқа бөлінеді.

(Ескерту белгісі,тыйым салу белгісі, анықтама белгісі,көрсеткіш белгісі)

Ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.

Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Анықтама  белгісі 

  Түнде,күндіз,кеште де

      Жөн сілтеймін жолға

      Аңғармайсың ештеңе

      Анықтама болмаса.

      Ой-шұңқырды алдағы,

      Қалай өту керегін,

      Жылдамдықты,ал,кәне

     Анық айтып берейін

Көрсеткіш белгісі:

Жол созылмақ қаншаға

Қайда асхана,монша бар

Қонақ үй бар қай жерде

Қайда музей,қай көрме

Көрсетемін саған дәл

Не көрсетсем,соған бар!

Жүргізуші: 6 – сайысымыз Топ аралық жарыс кедергілер арасынан өту

Инспектор: — Балалар жолда жүру ережелері туралы білімдеріңіз бар екен,сендерге ризашылығымды білдіріп мына сыйлықты тарту етем.

Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік!

Тақырыбы: «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
— Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
Психологиялық тренинг. «Достық шеңбері» сәлемдесу.
Ұл — қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер — қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Тәрбиеші: — Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Ізденістер ұйымдастыру: Астананың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.
Тәрбиеші: — Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрды.
Шахматтың тақтасы,
Секілді онда таңба бар.
Бұл қай көлік?(такси)
Тәрбиеші: — Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.

1. Өлең шумақтарымен ортаға:
Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.

2. Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.

3. Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау — саламат жүреміз.

4. Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңе көзіңе.

5. Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

6. Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.

Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Бір көзім «қарап қалма» дейді.
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?
Менің атым «бағдаршам», Жақсы білем міндетімді,
Мекен — жайым тұрақты. Мүдірмеймін ешқашан.

«Бағдаршам» ойынын ойнату.
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде — балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)
Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру

  1. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Тәрбиеші : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді  күзеткен. (Автобус)

  1. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

  1. 3.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

  1. 4.  Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  1. 5.   Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

Тәрбиеші : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

  1. Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

  1. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

  2. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

  3. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

Ән: Бағдаршам

  1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

  1. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Бала қалай өтетінін көрсетеді.

Инспектор

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Диана:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

Міндеттеу белгісі

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру

  1. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Тәрбиеші : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді  күзеткен. (Автобус)

  1. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

  1. 3.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

  1. 4.  Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  1. 5.   Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

Тәрбиеші : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

  1. Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

  1. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

  2. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

  3. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

Ән: Бағдаршам

  1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

  1. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Бала қалай өтетінін көрсетеді.

Инспектор

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Диана:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

Міндеттеу белгісі

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

«Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Мақалалар 0 2,451 қаралған 2016-09-05

Бакирова Бибінұр Өндірісқызы

76 “Әдемі” балабақшасының

ортаңғы топ тәрбиешісі

Білім беру  саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту;  Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру;  Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Көлік, жаяу жүргінші жолы мен көліктерге арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен, автобус аялдамасының белгілері, үйдің макеті.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын, практикалық.

Іс-әрекет  кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастыру-шылық –ізденістік

–         Балалар,  бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Қане, біздің қандай ақылды бала екенімізді көрсетейік.

–         Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Жолда жүру ережесін сақтайық!» деп аталады. Сондықтан қазір жолда жүру ережелерін үйренеміз!

МАИ қызметкері:

–         Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Жолға қарап тұрсам, велосипед тепкен Сайқымазақты көрдім. Ол жолдан дұрыс өтпей, барлық ережелерді бұзды. Оны көлік қағып кете жаздады. Сайқымазақты  тоқтатып, « – Қайда барасың?» – деп сұрасам, «- «Әдемі» балабақшасының балаларына  барамын, мені жіберіңізші» – деп өтініп сұранған соң сендерге алып келдім.

–         Балалар, сендер жол ережесін білесіңдер ме?

–         Ендеше, Сайқымазаққа  үйретіңдерші!

–         Ал, Сайқымазақ, сен жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін.

–         Ал, мен жұмысыма барайын.

Тәрбиеші:

–         Сайқымазақ, сен ренжіме, біздің балалар қазір жол ережесін үйренгелі отыр, сен де қосылып бізбен үйрен. Сен жол ережесін үйренген соң велосипедіңді қайтарып береді.

Сайқымазақ:

–         Жарайды. Балалар, мен де сендермен жол ережесін үйреніп алайын.

Тәрбиеші:

–         Сайқымазақ, қазір балаларға мен жұмбақтар жасырамын, сен жауаптарын тыңдап, есіңе сақта!

Жұмбақтар:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.

3. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта, жүр дейді.

-Бұл не екен балалар?

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

– Бағдаршамның неше көзі бар және атаңдар?

–         Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші.

–         Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді «Бағдаршам» атты ән тыңдайық.

Ән «Бағдаршам»

Тәрбиеші:

–         Ал, енді балалар, жол белгілерін үйрену үшін  біз қаланы аралауға барамыз. Қаланы біз жаяу аралаймыз, Сайқымазақ  сен де бізбен бірге жүр. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап ақырын жүріңдер. (Ойын алаңына келеді, онда машина түрлері, жаяу жүргінші жолы мен машиналарға арналған жолға  бағдаршам, жол белгілері, дүкен, үй бар)

Тәрбиеші:

– Балалар, алдымызда екі жол айрығы жатыр, бірі-жіңішке, екіншісі-жалпақ жол.

– Қалай ойлайсыңдар, қандай жол жаяу жүргіншіге арналған жол?

– Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

– Дұрыс айтасыңдар! Қане, бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не істейміз?

– Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мұнда бір белгі тұр, бұл нені білдіреді екен?

–         Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екенін қайдан білдіңдер?

Егер балалар  жауап  бере алмаса, тәрбиеші түсіндіреді.

-Ал мынау – медециналық көмек пунктінің белгісі. Демек жақын маңда медециналық көмек пункті бар деген сөз

-Мына суретте не бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар. Автобустың суретін салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді.

– Сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата-аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін  түсіндіру.

-Қайтатын уақытта келді. Қане, балабақшамызға оралайық.

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

Тәрбиеші: Сайқымазақ балалардың айтқандарын есіне сақтадың ба, бұл ережелерді  білсең, сен әрқашан қауіпсіздікте  боласың.

Сайқымазақ: Рахмет балалар ,мен айтқан ережелерінді есте сақтаймын. Сол кезде  МАИ қызметкері кіріп келеді.

Сол кезде Сайқымазақ  қуанып: инспектор апай маған балалар жолда қалай жүру керегін үйретті, мен енді жол ережесін бұзбаймын,велосипедті аулада тебемін,велосипедімді беріңізші.

МАИ қызметкері: Қазір сені тексеріп жіберейін.

-Мынау не?

-Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз?

-Велосипедтіқайжердетебукерек?

-Доптықайжердеойнаукерек?

МАИ қызметкері: Жарайды үйреніпсің,білесің,ала ғой велосипедінді,енді жол ережесін бұзба

 Сайқымазақ: Жарайды, инспектор апай рақмет сізге, балалар сендерге көп рақмет, маған көп нәрсе үйреттіңдер,шығып кетеді.

МАИ қызметкері: Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін,жол ережесін сақтау керек,есте сақтаңдар, сау болыңдар!

Ойын

Шарты: Балаларға бірнеше бөлікке бөлінген  сурет қиындыларынан жол белгілерін құрастыруды тапсырады.

Тәрбиеші  балаларға тапсырманы түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс

Тәрбиеші  дәптерде берілген  тапсырманы түсіндіреді.

Балалар мұқият тыңдайды.

–         Ия, білеміз.

–         Жарайды.

–         Жарайды.

–         Полиция қызметкері

–         Автобус.

– Бағдаршам.

– Көліктер бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.

– Адамдардың жолдан өтуі үшін.

– Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.

– Бағдаршамның қызыл  көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.

Әнді тыңдайды.

Балалар алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Таңырқап қарап қуанады. 1 бала машинаға отырып жүргізуші болады, қалғандары жаяу жүргінші болады.

– Жіңішке жол жаяу жүргіншіге арналған жол.

– Бағдаршамға қараймыз.

– Жасыл көзі жанды, біз жүреміз, ал көліктер тоқтайды.

– Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Бізге жүре беруге болады дегенді білдіреді.

-Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр.

Балалар  жауап береді.

-Автобус.

Топқа келеді.

–         Бағдаршам.

Жасыл түсі жанғанда жүреміз.

-Балаларалаңындатебукерек.

-Спорт алаңындаойнаукерек.

Рефлексиялық -түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

– Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.

Шаттық шеңбері

Жол тәртібін білейік.
Аман – есен жүрейік.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерін.

Қандай түсініктерді игерді: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жол белгілері, олардың мағынасын, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды.

«Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Мақалалар 0 2,451 қаралған 2016-09-05

Бакирова Бибінұр Өндірісқызы

76 “Әдемі” балабақшасының

ортаңғы топ тәрбиешісі

Білім беру  саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту;  Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру;  Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Көлік, жаяу жүргінші жолы мен көліктерге арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен, автобус аялдамасының белгілері, үйдің макеті.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын, практикалық.

Іс-әрекет  кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастыру-шылық –ізденістік

–         Балалар,  бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Қане, біздің қандай ақылды бала екенімізді көрсетейік.

–         Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Жолда жүру ережесін сақтайық!» деп аталады. Сондықтан қазір жолда жүру ережелерін үйренеміз!

МАИ қызметкері:

–         Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Жолға қарап тұрсам, велосипед тепкен Сайқымазақты көрдім. Ол жолдан дұрыс өтпей, барлық ережелерді бұзды. Оны көлік қағып кете жаздады. Сайқымазақты  тоқтатып, « – Қайда барасың?» – деп сұрасам, «- «Әдемі» балабақшасының балаларына  барамын, мені жіберіңізші» – деп өтініп сұранған соң сендерге алып келдім.

–         Балалар, сендер жол ережесін білесіңдер ме?

–         Ендеше, Сайқымазаққа  үйретіңдерші!

–         Ал, Сайқымазақ, сен жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін.

–         Ал, мен жұмысыма барайын.

Тәрбиеші:

–         Сайқымазақ, сен ренжіме, біздің балалар қазір жол ережесін үйренгелі отыр, сен де қосылып бізбен үйрен. Сен жол ережесін үйренген соң велосипедіңді қайтарып береді.

Сайқымазақ:

–         Жарайды. Балалар, мен де сендермен жол ережесін үйреніп алайын.

Тәрбиеші:

–         Сайқымазақ, қазір балаларға мен жұмбақтар жасырамын, сен жауаптарын тыңдап, есіңе сақта!

Жұмбақтар:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.

3. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта, жүр дейді.

-Бұл не екен балалар?

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

– Бағдаршамның неше көзі бар және атаңдар?

–         Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші.

–         Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді «Бағдаршам» атты ән тыңдайық.

Ән «Бағдаршам»

Тәрбиеші:

–         Ал, енді балалар, жол белгілерін үйрену үшін  біз қаланы аралауға барамыз. Қаланы біз жаяу аралаймыз, Сайқымазақ  сен де бізбен бірге жүр. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап ақырын жүріңдер. (Ойын алаңына келеді, онда машина түрлері, жаяу жүргінші жолы мен машиналарға арналған жолға  бағдаршам, жол белгілері, дүкен, үй бар)

Тәрбиеші:

– Балалар, алдымызда екі жол айрығы жатыр, бірі-жіңішке, екіншісі-жалпақ жол.

– Қалай ойлайсыңдар, қандай жол жаяу жүргіншіге арналған жол?

– Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

– Дұрыс айтасыңдар! Қане, бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не істейміз?

– Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мұнда бір белгі тұр, бұл нені білдіреді екен?

–         Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екенін қайдан білдіңдер?

Егер балалар  жауап  бере алмаса, тәрбиеші түсіндіреді.

-Ал мынау – медециналық көмек пунктінің белгісі. Демек жақын маңда медециналық көмек пункті бар деген сөз

-Мына суретте не бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар. Автобустың суретін салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді.

– Сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата-аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін  түсіндіру.

-Қайтатын уақытта келді. Қане, балабақшамызға оралайық.

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

Тәрбиеші: Сайқымазақ балалардың айтқандарын есіне сақтадың ба, бұл ережелерді  білсең, сен әрқашан қауіпсіздікте  боласың.

Сайқымазақ: Рахмет балалар ,мен айтқан ережелерінді есте сақтаймын. Сол кезде  МАИ қызметкері кіріп келеді.

Сол кезде Сайқымазақ  қуанып: инспектор апай маған балалар жолда қалай жүру керегін үйретті, мен енді жол ережесін бұзбаймын,велосипедті аулада тебемін,велосипедімді беріңізші.

МАИ қызметкері: Қазір сені тексеріп жіберейін.

-Мынау не?

-Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз?

-Велосипедтіқайжердетебукерек?

-Доптықайжердеойнаукерек?

МАИ қызметкері: Жарайды үйреніпсің,білесің,ала ғой велосипедінді,енді жол ережесін бұзба

 Сайқымазақ: Жарайды, инспектор апай рақмет сізге, балалар сендерге көп рақмет, маған көп нәрсе үйреттіңдер,шығып кетеді.

МАИ қызметкері: Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін,жол ережесін сақтау керек,есте сақтаңдар, сау болыңдар!

Ойын

Шарты: Балаларға бірнеше бөлікке бөлінген  сурет қиындыларынан жол белгілерін құрастыруды тапсырады.

Тәрбиеші  балаларға тапсырманы түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс

Тәрбиеші  дәптерде берілген  тапсырманы түсіндіреді.

Балалар мұқият тыңдайды.

–         Ия, білеміз.

–         Жарайды.

–         Жарайды.

–         Полиция қызметкері

–         Автобус.

– Бағдаршам.

– Көліктер бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.

– Адамдардың жолдан өтуі үшін.

– Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.

– Бағдаршамның қызыл  көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.

Әнді тыңдайды.

Балалар алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Таңырқап қарап қуанады. 1 бала машинаға отырып жүргізуші болады, қалғандары жаяу жүргінші болады.

– Жіңішке жол жаяу жүргіншіге арналған жол.

– Бағдаршамға қараймыз.

– Жасыл көзі жанды, біз жүреміз, ал көліктер тоқтайды.

– Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Бізге жүре беруге болады дегенді білдіреді.

-Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр.

Балалар  жауап береді.

-Автобус.

Топқа келеді.

–         Бағдаршам.

Жасыл түсі жанғанда жүреміз.

-Балаларалаңындатебукерек.

-Спорт алаңындаойнаукерек.

Рефлексиялық -түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

– Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.

Шаттық шеңбері

Жол тәртібін білейік.
Аман – есен жүрейік.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерін.

Қандай түсініктерді игерді: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жол белгілері, олардың мағынасын, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды.

“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы : Жолда жүру ережесі

Сабақтың мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін еске түсіру арқылы ой өрісін

тілін дамыту. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.

Дамытушылық қызметі: Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын ойнату

арқылы балалардың білімдерін тиянақтау, ойлау, есте

сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды қамқорлаққа үлкенді құрметтеуге үйрету.

Қажетті құрал жабдықтар:Поли кейіпкері, бейне таспа, жолда жүру ережесінің

макеті.

Көрнекіліктер: Бейне таспа слайд, жолда жүру ережесінің макеті, қала көрінісін құрастыру.

Әдіс-тәсілдер: Амандау рәсімі, сұрақ-жауап, түсіндіру, сергіту-сәті, ойын, тақпақ

Билингвалды сыңары:Бағдаршам-светофор-Traficlight, қызыл-красный-red,

сары-желтый-yelloy, жасыл-зеленый-green.

Балалар бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қане

қонақтармен амандасып алайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жиналған жылу шуақтарды

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіндерме,

Здраствуйте,

Good Moning.

Балалар жылылық сезіммен амандасады.

Тәрбиеші:Балалар біз жолға шыққанда нені көреміз.

Балалар : Машина, автобус, трактор т.б

Тәрбиеші:Ал қалаға барғанда жолдағы көп машиналардың кептелісіп жүргенін

байқаймыз ,тағы да нені байқайсындар.

Балалар: Бағдаршам, жол белгілерін көреміз.

Бүгінгі оқу қызметіміз «Жолда жүру ережесі»

Балалар тақтаға назар аударайық .Тақтадан нені көріп тұрмыз (қала көрінісін, жол бағдаршам , жол белгілер) Балалар қала көшесімен келе жатып байқаған боларсыңдар ,айнала толы машиналар және жол белгілері өте көп. Олардың пішіндеріде , бояуларыда әртүрлі.Ал біздерге, машиналар жүріп келе жатқан жолды кесіп өтуге болады ма?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші: Сондықтан біз қай жолмен жүруіміз керек

Балалар: Жаяу жүргіншілер жолымен жүруіміз керек

-Мына жол белгісін білемізбе ?

Балалар: жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүгіруге болмайды деген белгі.

Тәрбиеші: балалар тақтадан нені көріп тұрмыз (бағдаршам)

Бағдаршамның неше көзі бар?

Түстері қандай?

Орыс тілінде атауы?

Ағылшын тілінде атауы?

Балалар: үш көзі бар,қызыл-красный-red, сары-желтый-yelloy, жасыл –зеленый-

Green,

Ендеше балалар біз қалаға қыдырып қайтайық немен барамыз , жеңіл көлікке сиямызба ?

Балалар: жоқ автобуспен барамыз

Тәрбиеші: Ендеше автобусқа міну үшін бір-бірімізді итермей тыныштық сақтап отырайық. Ой балалар қалаға да келіп қалдық . Көліктер, автобус камаздар өте көп екен . Мынау қандай жол ?

Балалар: көліктер жүретін жол

Тәрбиеші: Ал мына жол қандай жол екен

Балалар: жаяу жүргіншілер өтпесі

Тәрбиеші :балалар қараңдаршы мына белгілерді неге қойып қойған екен білесің дерме?

Балалар: жаяу жүргіншілер белгісі

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар ,ал мына белгі қандай белгі қараңдаршы ортасын сызып қойған екен жолда көлік кетіп бара жатса адамдар өтуіне боладыма?

Балалар: жоқ

Тәрбиеші: себебі көлік жүретін жолмен жүруге , балалар доп ойнауға, болмайды екен, оң жағымызға ,сол жағымызға қарап өтуіміз керек.

Балалар мынау қандай мультсериялдың даусы білемізбе ?

Балалар: Робот көлік Поли

Тәрбиеші :Поли сен неге көңілсізсің неге мұңайып отырсың?

Поли: мен достарымнан адасып қалдым жолда машиналар өте көп екен

Тәрбиеші: ендеше Полиге жолдан өтуіне көмектесемізбе ?Балалар айтыңдаршы қай жолмен жүріп өтуіміз керек

Балалар :жаяу жүргіншілер өтпесімен

Тәрбиеші: тағы қайда қарауымыз керек

Балалар: Бағдаршамға

Тәрбиеші Балалар қане айтайықшы бағдаршамның қанша көзі бар?

Балалар: үш көзі

Тәрбиеші :Жасыл көзі жанғанда біз нестейміз?

Балалар: жүреміз, қызыл көзі жанғанда , тоқтаймыз. Сары көзі жанғанда күтеміз

Поли: ой жарайсыңдар балалар маған жол ережесін үйреттіңдер сендерге көп-көп рахмет

Тәрбиеші: Балалар полидің көңіл күйін көтеріп, жол ережесі туралы тақпақ айтып беріңдерші

Алижан Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көін ашқанда ,

Өте бергін жасқанба !

Айша Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта !

Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Поли: Сендерге көп-көп рахмет

Тәрбиеші: Поли жолда абай болып жүр.Балалар Полиге жолдан өту үшін мына түрлі –түсті шарларды сыйлыққа берейік , бағдаршамға қарап үйренетін болады.

Сау болыңдар балалар !

Тәрбиеші: Ендеше балалар бізде ауылға қайтайық.

Шаршап қалған боларсындар сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Бип-бип бип дейді

Жолдан былай кетпейді

Алға қарай ұмтылмай

Машинадан қаш дейді.

Ойын «Лулия күлте гүлі»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, ой- өрісін дамыту.

Ойын барысы: Бір,екі, үш –айналамыз дегенде балалар шеңберді айналып

жүгіреді .Бір,екі,үш тоқта дегенде тоқтайды да ,ортаға қойылған

жол белгісін атайды.

Рефлекциялық қозғаушылық .

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызметімізде қандай жол белгілер бар.

Балалар: Бағдаршам, Жаяу жүргінші өтпесі т.б

Тәрбиеші: Осы белгілер арқылы қала көрінісін құрастырамыз.

Басқа материалдар

Виртуалды қабылдау

Қойылған сұрақтар: 24

Жаңа сұрақтар: 0

Сұрақты беру

Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:

сыныптастарыңмен топта жұмыс

басқа формалар

мұғаліммен жұмыс

электрондық ресурстардан

өздігінен білім алу

Дауыс беру

сыныптастарыңмен топта жұмыс — 386

басқа формалар — 299

мұғаліммен жұмыс — 199

электрондық ресурстардан — 183

өздігінен білім алу — 128

Дауыс бергендер саны: 1195

Нәтижені көру

Жол жүру ережесін білейік! Сценарий

Жол жүру ережесін білейік! Сценарий

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, проектр, компьютер,маркерлік тақта.

1жүргізуші:  Жолға шықсаң далаға,

                      Жол оңай деп санама

                      Ережені әрқашан

                      Қатаң ұста санаңда.

                      Бөгет болма басқаға

                      Жүрексініп саспа да

                      Жаңылысса көмектес

                      Қарттар менен жасқа да                                                     

2-жүргізуші:  Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді

                      Сары жанса дайындыққа кір дейді.

                      Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

                      Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

Сабақ барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып көрсету.

Кіріспе сөз: Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің еі ббелгілі түрі – бағдаршам.

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Енді бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.

Сайыс болған жерде әділ  бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін  арнайы қонақтарымызды таныстырайық.

1. Гүлбану Абусыздыковна

2. Тоғжан Құрмангалиевна

1-топ – «Бағдаршам»

2- топ – «Аялдама»

«Бағдаршам» Ұраны: Қызық жарық жанғанда

                                      Қалт тоқтай қал табанда.

                                     Сары шамы жағылса,

                                     Сақ абай бол  барынша.

                                    Жасыл шамы жол ашық,

                                   Зымырай бер бел асып.

Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,

                     Жол бойын тұру үшін қадағалап.

                    Орнатып қойыпты олар бағдаршам,

                    Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.

«Аялдама»   Ұраны:Тоқта, демал, аялда.

                                   Күтеді әлі жол алда.

Сәлемдеме:Жол бойында тұрады аялдама,

                     Жолаушыңды отырғыз аялда да.

                    Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

                    Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.                                                           

Сайысымыздың шарттары мынадай:

1.  Жол белгілерінің мағынасын ашу.                                              

2. Велосипед,самокатпен маршрутты өту,тапсырманы орындау                         

3. Белгілерді атауы бойынша маркермен салу                                                      

4. Онлайн ойын                                                                                                         

5. Жол белгілерін құрастыру

І: Жол белгілерінің мағынасын ашу.

ІІ: Бос жол: велосипед,самокатпен маршрутты өту

ІІІ: Белгілерді атауы бойынша маркермен салу

ІҮ. Жол белгілерін құрастыру

Тоқта, жүргінші жолы, велосипедпен жүруге тыйым салынады,автокөлікке жол жоқ

Жол жүру ережесіне байланысты көрініс

Қорытынды: Айналайын абайла

                       Жан-жағыңа қарайла

                       Жолда-жүру ережесін

                       Есте сақта қалайда.

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол рержесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал  енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жмурки сценарий текст
  • Жмурки агентство праздников
  • Жкх праздник профессиональный 2022
  • Жкх опять испортил праздник россиянам
  • Жкх новогодние праздники