Жусан иісі сценарий

Әр сәби анасының ыстық құшағында оянып, ата-ананың мейірімімен өссе екен деген тілегіміз бар. Баршаңызға рахмет.

Экранда іс-шараның атауы.

Қатысушылар мен көрермендерді орналастыру

Жүргізуші:  Армысыздар құрметті оқырман қауым!

Жазушы Сайын Мұратбеков – қазақ көркем әдебиетіндегі қашан да қайталанып оқыла беретін қаламгердің бірегейі.    Сөз зергері Ғабит Мүсірепов Сайын Мұратбеков прозасын алыстан көрінетін жас талға теңейді. Тахауи Ахтанов сыршыл лиризмнің сырбаздығына таңғалады. Шерхан Мұртаза «Сайын – біздің ұлттық құндылығымыз» дейді. Смағұл Елубай Сайынның қазақ әңгімесін жаңа белеске көтергенін атап өтсе, әдебиет сыншысы Бақытжан Майтанов «Әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған» деп баға берген.

Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіледі.

Жүргізуші:  Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылардың арасында деңгейі төмені жоқ. Аса талантты жазушының қай шығармасын да сондықтан оқырманы құмарта оқиды. Әлбетте, бұлардың арасында «Жабайы алма», «Жусан иiсi», «Кәмен–тоғай», «Дос iздеп жүрмiн», «Қалың қар» атты тамаша хикаяттарының орны бөлек. Оның шығармалары оқиға желiсiнiң шынайылығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерiмен ерекшеленіп тұрады. Табиғи нанымдылығы арқасында олар оқырманын баурап отырады.

Бүгінгі ой-талқымызға арқау болып отырған жазушының «Жусан иісі» повесті.

Туған жер әні қойылады 

Жүргізуші: 

1. Көркем шығарманың тақырыбы не туралы және ол арқылы жазушы оқырманына қандай идеяны жеткізгісі келді? Достық, адамгершілік, батылдық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Жауап беріледі.

2. Шығармадағы оқиғалар қиылған қағаздарда оқырмандардың алдына беріледі. Олар повесть желісімен реті бойынша тақтаға іледі.

Оқырмандар жоспар құрғанша «Туған жер» әні қойылады

 Әжесі мен Аянның ауылға көшіп келуі

  • Ауыл балаларының Аянмен танысуы
  • Аян мен Есікбайдың төбелесуі
  • Ауыл балаларының сауат ашуы
  • Майданға жазылған хаттар
  • Аянның тобығының тайып кетуі
  • Шана теуіп ойнаған балалар
  • Аянның әжесінің қайтыс болуы
  • Аянның ертегілері
  • Жусан иісі аңқыған пальто
  • Қаралы қағаздың келуі

Аянның жетімдер үйіне кетуі. Құрылған жоспар бойынша қысқаша мазмұндайды.

3. Кейіпкерлерге талдау. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беріңіздер. Аянның бойынан қандай қасиеттерді көреміз? Қазіргі жас жеткіншектерге Аянның бойындағы қандай қасиеттері керек деп ойлайсыңдар?

Жүргізуші:  Ой-талқы.

  1. Шығарманың «Жусан иісі» деп аталуының себебі неде?

Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының сыры неде? 

Оқырмандар өз ойларымен бөліседі. Өздері құрастырған ертегілерін оқиды.

Слайдтан суретін көрсетіп, жусанға сипаттама беру. 

Жүргізуші: Жусан-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде, шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-16 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүл шоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі-тұқымша. Жусан құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанның иісін «қазақтың иісі» деп те атайды.

Жүргізуші:  Пікірталас. Қазіргі кездегі жетім балалар мен сол кездегі жетім балаларды салыстыру. Жетім қалған себебі, балалардың психологиялық ахуалы. Проблеманы шешу жолдарын ұсыну.

Соғыстың зардабын тартқан жетімдер

Өз елінен пана таппай, шет елдерге сатылып жатқан жетім балалар

Бейбіт күндерде ана жылуына зәру жетім балалар

Жүргізуші:  Егер сен автор болсаң шығарманы қалай аяқтар едің? деген сұрақпен бүгінгі ой-талқымызды қорытындыласақ.

Ребус көрсетіледі. Жауабы: «Жетім көрсең, жебей жүр» 

Оқырмандар, кеш қонақтары өз ойларын ортаға салады.

Ребус жауабын тапқан оқырманға кітап сыйға беріледі.

Жүргізуші:

Аға-іні бір-бірімен қас болмай,
Адам менен адам ұлы дос болғай.
Бейбітшілік мәңгі болсын әлемде,
Қой үстіне жұмыртқалап бозторғай.

Қарттың сөзі том-том кітап, тағылым,
Ата көрсін немересін бәрінің.
Ана көріп баласының қызығын,
Бала көріп өссін әке тәлімін.

Өрімдейін жастар жүдеп, солмасын,
Ерлер елін мылтықсыз-ақ қорғасын.

Сұм соғыстың сезінбесін зардабын,
Еш қазақтың көзіне жас толмасын.

Аналар жесір қалмасын,
Балалар жетім қалмасын.
Тыныштық мәңгі орнасын,
Болмасын соғыс, болмасын…

Белсене қатысқан оқырмандарды марапаттау.

Жүргізуші: Бақытты елдің болашағы — балаларымыздың бақытты балалық шағында емес пе?! Әр сәби анасының ыстық құшағында оянып, ата-ананың мейірімімен өссе екен деген тілегіміз бар. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет, қош сау болыңыздар!

Басқа материалдар: 

  • С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесін талдау (ашық сабақ)
  • Қадыр Мырза Әлінің «Кәрі қыран» шығармасы (сабақ жоспары)
  • Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыбы қандай?
  • Ерболат Әбікенұлының өмірі мен шығармашылығы
  • «Өмірзая» романының сюжеті туралы
  • Жарасқан Әбдірашев қаламынан қандай шығармалар туындады?
  • «Атау-кере» ро­ма­ны («Қау­іп­ті бу­дан») туралы
  • Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?
  • Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет
  • Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың басы

8 минут

Сабақтың ортасы

26 минут

6 мин.

5 мин

5 мин

5 мин.

5 мин

Сабақтың соңы

6 минут

3 мин

1 мин

2 мин

Мұғалім оқушылармен амандасады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Жүрек жылуы» Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар мейрімділік жылы жүректен пайда болады.Сол мейіріммен жылуды бір бірімізден аямайық. Сол жылуды түсіріп алмастай етіп бір-бірімізге берейік.

Оқушыларға әр түрлі суреттер таратып 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру. «Суреттер галереясы» арқылы Оқушыларға суреттер таратылады. Жусанның суретін алған оқушылар үй тапсырмасына жауап беріп, кітаптың үстіне іледі.

-Мына суреттен не көріп тұрсыздар? Бұл суреттерді қалай түсіндіңіздер?

-Мынау қандай шөп?

-Жусан Туралы не білесіздер?

Бүгін сіздермен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» мәтінімен танысамыз.

Видеоролик көрсетіледі. Видеороликтен не ұқтық?

1-тапсырма.(Т).

Сайын Мұратбековтың өмірі шығармашылығына байланысты храналогиялық кесте құрыңыз.

Жылы

Болған оқиға

Дескрипторлар:

  • Ақын шығармалары бойынша хранологиялық кесте құрады.

Бағалау:

2-тапсырма.

(Т)

Шығармадан үзінді

Шығарма

сюжеті

Дескрипторлар:

  • Шығарма сюжетін анықтай алады.

  • .

Бағалау:

3-тапсырма. Ғаламтормен жұмыс.

1-топ : Жусаның қандай емдік қасиеті бар деген тақырыпта фостер қорғайды.

2-топ:Өсімдік туралы қосымша мәлімет береді.

3-топ:Повесть неліктен «Жусан иісі» деп аталады.

Дескрипторлар:

  • Жусанның емдік қасиетін анықтай алды.

  • Өсімдік туралы қосымша мәлімет береді.

4-тапсырма

1-топ Кейіпкерлерін анықтаңдар

2-топ Шығарма негізгі идеясы

3-топ 3 Проблемалық сұрақ құрастырңдар

Дескрипторлар:

  • Кейіпкелерді анықтайды.

  • -Проблемалық сұрақ құрастырады

Қорытынды. «Пікірлер ағашы» С.Мұратбеков туралы не білесін?

Үйге тапсырма.

«Жусан иісі» Шығармасын толық оқу. Сайын Мұратбеков туралы қосымша мәлімет алып келу.

Бағалау. Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Кері байланыс. «Шынжыр»әдісі

Оқушылар амандасып орындарына отырады.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.Қолдарына алған жүректі түсіріп алмай бір-біріне жолдайды.

1-топ: Кітапхана

2-топ: Жазушы бөлмесі

3-топ: Жусан иісі

Үй тапсырмасына суреттер арқылы жауап береді.

Оқушылар сұраққа жауап беріп, сол арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Оқушылар берілген қосымша мәліметтермен танысады.

Оқушылар видеороликке назар аударып, өз түсінгендерін баяндайды

Жылы

Болған оқиға

1936 жылы 15 қазанда

Сайын Мұратбеков дүниеге келді.

1977жылы

«Тел өскен ұл» көркем фильімі түсірілді.

2014 жылы

Бір ел-бір кітіп акциясы бойынша жазушының

«Жусан исі» және «Басында Үшқараның» атты шығармалары жарық көрді.

Шығармадан үзінді

Шығарма

сюжеті

Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.[1]

1-топ:Аян,Бопай шал ,Садық бала Иманжанов мұғалім

2-топ :Балларды мейрімділікке досттықа тәрбиелеу.

3-топ: Шығарма неліктен «Жусан иісі деп аталады.

Аян неліктен жетім қалды?

Үй тапсырмасын жазып алады

Мұғалім қорытынды бағаны қояды.

Шынжыр әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Проектор, суреттер, ақындардың нақыл сөздері.

Күн, бұлттар.

Проектор, слайд беттері.

Проектор, слайд, ақ парақтар (А4)

Проектор, дыбыс шығар

ғыш,

үнтаспа.

Оқулық, дәптер.

Проектор, кесте, слайл, ақ парақтар.

Оқулық.

Суреттер.

Түрлі түсті қағаздар

Жусан иісі — соғыс жылдарына арналып жазылған повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Араб тіліндегі нұсқасы бар.

Сюжеті[өңдеу | қайнарын өңдеу]

I бөлім[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Оны алғаш рет ауыл балалары ойнап жүргенде байқайды. Балалар Аянмен тез достасып, Аян олардың арасындағы екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл, ақылды, әрі мейірімді бала болатын. Өзі ешкімге тиіспейтін, момын болғанымен, бір күні Есікбай есімді ауыл баласы оған тиісіп, олардың арасында төбелес орын алады. Ал соңында Аян Есікбайды жеңеді. Туындының басты кейіпкері мектепте де өзінің зеректілігін келген күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға күші келгенше көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, оның ауыл балаларына күнде кешкісін айтатын ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ Бапай әйелімен бірге оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін тыңдау үшін жиналатын. Аян күн сайын жаңа ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып беретін. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, ертегіні тыңдап отырған балалар өздерін ертегінің кейіпкері ретінде елестететін болған. Сонымен қатар, олар ержүрек жауынгерлер туралы ертегі тыңдап отырғанда соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады.
Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл — күйі осы кеште керемет еді. Онан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында тайғыш аяғының кесірінен Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Оның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Ал повест соңында, оған көкесінің соғыстан енді оралмайтындығы жайында қаралы хат келіп, Аян балалар үйіне жіберіледі. Ол халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп ант беріп кетеді.

Кейіпкерлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
  • Садық — Аянның досы. Ауылда «бірінші атаман» атанған.
  • Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
  • Қосым — Аянның досы. Өзінің «Тырнауық Қосым» деген атымен белгілі. Тырнауық дейтін себебі төбелескенде үнемі баж етіп бетті тырнайтын. Одан ауылдын көп баласы қорқатын еді. Оған тек Есікбай тік келе алатын.
  • Бапай — әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
  • Тұржан— өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
  • Иманжанов— адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
  • Сайын Мұратбеков— ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .

Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Сайын Мұратбеков

Осы шығарманың басты кейіпкері Аянның прототипі Наухан Керімов боп табылады.Ол бүгінде Ескелді ауданының құрметті азаматы.

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • http://www.kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=921&Itemid=23 Мұрағатталған 25 қаңтардың 2013 жылы.
  • http://ikitap.kz/ru/book-tags/zhusan-iisi

Тақырыбы: Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Білімділік мақсаты: Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсету. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін ашу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Төзімділікке, жігерлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсіл: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Әлия, Мәншүк, автор суреті, автор жайлы дерек, жусан суреті, интерактивті тақта.

Сабақ мазмұны: 1. Ұйымдастыру сәті.
Қызығушылықты ояту. (хормен)
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін,
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізгі менде білімнің.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Топтарға тапсырма беру.
1 — топ. Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова өміріне қысқаша шолу жасау.
2 — топ. Әлияның ұстаздарының пікірлеріне сүйене отырып, Әлияға мінездеме беру.
3 — топ. Оқушы Әлия мен батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? (пікір айту)
3. Жаңа сабақ. Мағынаны таныту. Шығарма авторы туралы мәлімет.

1. С. Мұратбеков – жазушы аудармашы, Талдықорған обл., Қапал ауылы 1936 — 2007жж., Алғашқы әңгімесі «Біздің ауылдың кештері», «Менің қарындасым», «Жабайы алма», М. Горький атындағы әдебиет институты, ҚАЗМУ — ді бітірген.

2. Жусан суретін көрсету арқылы түсінік беру. Жусан — көп жылдық өсімдік, шала бұта, шөлді дала, таулы жерде өседі, 81 түрі бар, жапырағы қауырсын тәрізді, гүлі сары түсті, жемісі тұқымша, 10 — 60 см биіктікке дейін өседі, мал азығы, өнеркәсіпте, медицинада қолданылады.

4. Оқулықпен жұмыс.
1). Мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу.
1 – бөлім. Қу соғыстың зардабы.
2 – бөлім. Қаралы қағаз.
3 – бөлім. Әкені сағыну.
4 – бөлім. Қоштасу.
2). Оқушыларға, бөлімдерге бөліп оқыту.

5. Шығарманы талдау.
«Таза тақта» ойыны.
1. Бұл қай кезде болған оқиға?
2. Ұлы Отан соғысы балалардың өміріне қалай әсер етеді?
3. Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?
4. Неге көрсетіп жылымады?
5. Балалардың, Аян кеткеннен кейінгі көңіл – күйі қандай болды?

6. Сөздікпен жұмыс.
1. Аңызақ жел – тым жылы әрі құрғақ жел.
2. Ышқыр қалта – шалбардың беліндегі ішкі қалта.

7. Ой толғау.
7. Ой толғау.
І – топ. Аянға мінездеме беру.
ІІ – топ. Егер автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?
ІІІ – топ. Әңгімеден көрініс көрсету.

8. Даналық ағашы.
1000 жылдық даналық ағашына оқушылар, Аянға арнап хат жазып іледі.
9. Сабақты қорыту.
10. Бағалау.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Журнал праздник цветов
  • Журнал педсовет сценарии новогодних праздников
  • Журнал организуем праздники
  • Журнал музыкальный руководитель сценарий нового года
  • Журнал музыкальный руководитель новогодние сценарии