Жылы ж?рек жомарт ?ол сценарий

А?т?бе облысыБай?анин ауданы?арауылкелді орта мектебіні??леуметтік педагогы:Ж?рсін Набат ?ыдырбай?ызы Жылы ж?рек - жомарт ?олатты акция.А?т?бе облысыны?

                                     
А?т?бе облысы 
Бай?анин ауданы 
?арауылкелді орта мектебіні? 
?леуметтік педагогы:
Ж?рсін Набат ?ыдырбай?ызы

                  «Жылы ж?рек — жомарт ?ол»атты акция.
А?т?бе облысыны?  білім бас?армасыны? №2-5838  санды тапсырмасы  негізінде  ж?не ?аза?стан Республикасы Білім ж?не  ?ылым  министрлігіні?  балаларды?  ???ы?тарын  ?ор?ау  комитетіні?  2015 жыл?ы 28 желто?санда?ы  №12 – 3 — 1729  хаты негізінде 2015    жыл?ы 5 ?а?тар  мен 10 а?пан аралы?ында   «?ам?орлы?» д?ст?рлі    республикалы?  акциясы   туралы 
?арауылкелді орта  мектебінде  5 ?а?тар мен  10 а?пан  аралы?ында  «?ам?орлы?» акциясы  ?йымдастырылды. Акция  ма?саты -?леуметтік  к?мек алу?а ???ы?ы бар  аз ?амтыл?ан,  к?п балалы, т?рмысы ?олайсыз отбасыларды?  балаларына, жетім  балалар  мен  ата-анасыны?  ?ам?орлы?ынсыз  ?ал?ан  балалар?а  ж?не  бас?а санатта?ы  балалар?а  ?леуметтік  к?мек  к?рсету, о?умен  ?амтылма?ан  мектеп жасында?ы  балаларды  аны?тау ж?не  есепке алу.
Акцияны?  басым  міндеттері  мектеп жасында?ы  балаларды?   о?уды  то?тату?а  немесе  оларды?  ?за?  уа?ыт  саба??а  бармауына  жа?дай  ту?ыз?ан себептерді  аны?тау?а, д?лелсіз  себептер  бойынша саба??а  келмеуді? алдын-алу?а, сондай-а?  материалды?  жа?дайы  т?мен отбасыларда т?рып жат?ан  балаларды?  ?мір сапасын  жа?сарту?а, ж?ртшылы?ты   аз ?амтыл?ан  ж?не  т?рмысы  ?олайсыз  отбасылар?а  материалды?  к?мек  к?рсетуге  ба?ыттал?ан ?айырымдылы?  ?ызметпен  айналысу?а  тарту. 
Акция  аясында  мектеп бойынша  д?лелсіз  себептермен  мектепке  бармай ж?рген  о?ушы бол?ан жо?.   Акция  арасында мектепте  ?айырымдылы?   шаралар  ?йымдастырылды.  Акциядан т?скен 18 500 те?геге  3 о?ушы?а  ая?-киім  алынып берілді.
Аудан к?сіпкерлері о?ушы?акиім-кешектерден к?мектер берді.  Акция  ?орытындысы  бойынша 11 о?ушы  54 200 те?ге  к?лемінде  к?мек  алды.

                                                         .

Просмотр содержимого документа

«»Жылы ж?рек-жомарт ?ол»»

Тақырыбы: «Жылы
жүрек – жомарт қол»

Мақсаты: Балалардың
санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды
кішіпейілдікке , бауырмалдыққа баулу.Балалардың
«сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Ризашылық пен алғыс туралы
түсінік беру;
үлкен
— кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;

— әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу

Жүру барысы:

І-жүргізуші: Қайырымды
бола білу үлкен іс,

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

Армысыздар, жүрегі мейірімге толы ардақты
ата-аналар, қонақтар жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақтың
жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып,
жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әру адаммен
шын жүректен бөлісу. Ендеше Ризашылық күн ұйымдастырылған «Жылы жүрек- жомарт
қол» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден
без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп,
көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан
келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен
ризашылығымызды білдіреміз!!!
ІІ- жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен.

Қардан, қыстың қаһарынан ,кәрінен.

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш

Балаларға бөлінбесін алалап.

Сіздерге шын көңілден
өз ризашылықтарын Ақ көгершін» әні арқылы білдіруші Олжабай Бекжан

І-жүргізуші: Егеменді
еліміздің жарқын болашағы –бүгінгі жас бүлдіршіндер.Сондықтан , барлық игі
жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады. Қамқорлықты қажет
ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Бүгін
міне облысымыздың түкпір-түкпірінен осындай жандар жиналып отыр. Сіздер
қамқорлық жасап отырған балалар да шетінен өнерлі.

ІІ-жүргізуші: Неткен
құдірет! Күн ғой сәби күлгені

Жарқыратып жібереді-ау дүниені

Жетеді ме күлгеніне сәбидің ,

Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері

Олжабай Бекжанның орындауында « Алға,алға
қазақ жігіттері» әні, балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік
деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізге арналады. Қабыл
алыңыздар!

І-жүргізуші:

Сіздер жасаған қайырымдылықтарыңыз әрбір
бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз

ІІ-жүргізуші: Алаңдатпай
сәби сүйген ананы

Қатыгездік, безбүйрек, өктемдік

Жауыздықтан қорғау керек баланы

Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан

Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан

Балаларды қорғау керек , ажыратпай

Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.

Адамдарға адамдардың оғы ұшқан

Қорғау керек балаларды соғыстан

Болашақтың , барша ұлттық тағдырын

Балалардың тағдырымен тоғысқан.

«Орынын тап»
ойыны

Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің
артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс
жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

1 оқушы: Көрмей
өскен өмірдің дала мұңын

Бақыт деген балдәурен балалығын

Бақыт деген ата-анам қуандырған

Жеңістерім, табысты әр адымым

2 оқушы: Сүйкімділер,
періштелер сендерсің,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін.

Данышпан да, ғарышкер де,ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерген

Сендер дағы өздеріңше күрессең,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін болашақ

Бола жатар сендердің де үлесің

3 оқушы: Мейірімділік-
ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетер
бесігің

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен
есігің,

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын адамның көмек сұраған

Оу, Адамзат , сіңірген бойға мейірімді.

ІІ-жүргізуші: Баршаңызға
балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы
алақандарыңызды созып, балаларға адамдық мейірімділік пен жомарттық
танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Бала –бауыр етіміз. Сондықтан да
балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош,сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: «Алдымен сүй ардақта
ата-анаңды»

Мақсаты:

а) Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты
ұялату.
Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты
ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін
нәтижелі етуге уағыздау.

Барысы:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

  Ата-ана алдындағы әдептілік –
баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы
сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Ендігі кезекте ата-ана туралы дана
сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.

  Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді
қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз
жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

 Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына
ұқсайды.

Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,
ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар
өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап
күту керек.

Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін
білмейді.

Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік
таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол –
қорлық.

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар
ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана,
әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар
тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.

Адамның ақылы қайда балалар, кім айтады
екен?

 Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы
жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы
жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.

Адамға ақыл беретін кім балалар?

 Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз,
досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.

Енді балалар өмірде не жетім? – деген
сұраққа жауап беріп көрейік.

Өмірде жеті жетім бар.

Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас
жетім.

Халқына сенімсіз болса, хан жетім.

Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.

Суы жоқ – құдық жетім.

Досы жоқ – жігіт жетім.

Шәкіртсіз – ұстаз жетім.

Қызы жетесіз болса, ана жетім.

Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол
жетім.

Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін
бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды
сыйлай біліңдер!

Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар
мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам
болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті
әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

 Бала тәрбиесі – бесіктен, — дейді
қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып
тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым
сөздеріне құлақ түрсек.

 — Ата-ананы ренжітпе,

Түнде суға барма,

Таңдайыңды қақпа,

Кісіге қарап есінеме,

Дастарқанға қарап жөтелме,

Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,

Нанды баспа,

Табаныңды тартпа,

Қолыңды төбеңе қойма.

Сонымен, балалар біз сенің
ата-ана қандай
 деген сызбанұсқаны толтырып жіберйік.

Мақал-мәтелді жалғастыр:

1. Сіз деген әдеп… Біз деген
көмек

2.Ана алдында – құрмет… Әке
алдында қызмет

3.Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без…Шеше
тұрып қыз сөйлегеннен без

4. Әдептілік белгісі …Иіліп сәлем
бергені

5.Ана сүтін ақтамағанды… Ешкім
жақтамайды

6.Қыз-қонақ

7.Әке көрген оқ жонар…Ана көрген тон
пішер

8. Анасына қарап…Қызын ал

« Жылы жүрек – жомарт қол »

/қайырымдылық акциясы/

Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Барысы :

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық қамқорлық акциясына қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Ұйғыр  ауданының білім бөлімінің 2015 жылдың 6 қаңтарындағы № 3 – Б бұйрығы негізінде 2015 жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілуде.

Алдымен бәріміз психологиялық тренинг өткізейік.

Тыныштық сәті  /назды музыка ойнап тұрады/

Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.  Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен  ізгілікке толы  әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда  достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады.   Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге  қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда.  Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.  Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа – дей келе      Санат Іңкәрдің     орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық. Ортаға Мектебіміздің тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Н.Усабаеваны шақырамыз.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші мектеп ұжымының және сынып жетекшілердің демеушілігімен алынған оқу құрал жабдықтарын балаларға тапсырайық.

/тізіммен оқушылар шақырылады./

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

 Акциямыздың екінші бөлімі

1-5 сыныптар арасында «Бақытты балалық шағым » тақырыбында  сурет жарысы

6-7 сыныптар арасында «Дені саудың – жаны сау» эстафеталық жарысы

жеңімпаздар марапатталады 

«Қамқоршылар күніне» байланысты өткізілетін ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жылы жүрек, жомарт қол»
(ата-ана мен балалар бірлесе қатысуымен өткізілетін іс-шара)
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Дайындық кезеңі: Балаларға алдын ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.
Безендірілуі: кітап көрмесі, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер,,гүл, шар, суреттер.
(Ақырын «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады)
Жүргізуші: Сәлем, ата — алтын күн
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз!- дей келіп «Жылы жүрек, жомарт қол» деп аталатын мерекемізді бастайық
— Балалар, жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Олай болса сендерге жұмбақтар жасырам, сендер оларды шешуге тырысыңдар.
1-жұмбақ:Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданатын , немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін ақ сақалды кісі кім?
(Ата туралы тақпақ оқылады.)
1-оқушы: Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.
Сіздердің қошеметтеріңізбен аталарды ортаға шақырайық.
2-жұмбақ: Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім?
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
2-оқушы: Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Сіздердің қошеметтеріңізбен әжелерді ортаға шақырайық.

3-жұмбақ:Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түн бесігін таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Айналасына ас қойған.
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегің
Қорғасындай балқытқан.
Әлпештеп өзіңдей өсірген
Нағашы әжеңнің баласы
4-оқушы: Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып барін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
«Адал бол, — деп, — балдырған»,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде — махаббат
Тілегінде – мархабат
Анамызға мың алғыс!
5-жұмбақ: Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы,сақтаушы.
Атаңның баласы
кей кезде таласып,
Қаласың әкеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
5-оқушы: Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен именіп
Айтады әкем «Інім» деп.
Ықыласы бар менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын… Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Әңгiмелеу. Оқушыларға сыйлық ретінде «Отбасы татулығы» аңыз әңгіме:
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімді, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына жетеді. Патша естігенін ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен.
Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қалай ойлайсыңдар,қария қалай жауап береді?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік», деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
— Осы-ақ па?
— Иә, — деді ақсақал – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, — деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

5. Ата – аналар мен оқушыларға тренингтер өткізу
«Суретті жалғастыр» Ата – аналар ойларына келген бір суретті аяқтамай салады, оқушылар жалғастырады. Оқушылар ойларына келген бір суретті аяқтамай салады, ата – аналары жалғастырады.
«Бала деген махаббатым осындай……»
«мама, сен менің ең….» Ата – ана мен балсының арасы 10 қадам. Ата – анасы баласына қарай әр қадам аттаған сайын қалай еркелететінің айтады. Оқушылар ата – анасына қарай аттаған әр қадамдарында, оларға деген махаббаттарын, сүйіспеншіліктерін білдіреді.
«Үш ең сиқырлы сөз,маған берер күш!» Ата – ана өз баласына деген махабатын үш ақ сөзбен жеткізеді. Оқушы ата — анасына деген сүйіспеншілігін
үш ақ сөзбен жеткізеді.

Аялы алақан (тренинг):
Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
10 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
Балаңызды қалай таныдыңыз?
Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?
Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
 Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
 Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
 Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
 Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
 Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

«Жылы жүрек-жомарт қол» сынып сағаты

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Жылы жүрек – жомарт қол»
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке , бауырмалдыққа баулу.Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеуЖүру барысы:
І-жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Армысыздар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата-аналар, қонақтар жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әру адаммен шын жүректен бөлісу. Ендеше Ризашылық күн ұйымдастырылған «Жылы жүрек- жомарт қол» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!ІІ- жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен.
Қардан, қыстың қаһарынан ,кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.
Сіздерге шын көңілден өз ризашылықтарын Ақ көгершін» әні арқылы білдіруші Олжабай Бекжан
І-жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы –бүгінгі жас бүлдіршіндер.Сондықтан , барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Бүгін міне облысымыздың түкпір-түкпірінен осындай жандар жиналып отыр. Сіздер қамқорлық жасап отырған балалар да шетінен өнерлі.
ІІ-жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің ,
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері
Олжабай Бекжанның орындауында « Алға,алға қазақ жігіттері» әні, балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізге арналады. Қабыл алыңыздар!
І-жүргізуші:
Сіздер жасаған қайырымдылықтарыңыз әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз
ІІ-жүргізуші: Алаңдатпай сәби сүйген ананы
Қатыгездік, безбүйрек, өктемдік
Жауыздықтан қорғау керек баланы
Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан
Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан
Балаларды қорғау керек , ажыратпай
Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.
Адамдарға адамдардың оғы ұшқан
Қорғау керек балаларды соғыстан
Болашақтың , барша ұлттық тағдырын
Балалардың тағдырымен тоғысқан.
«Орынын тап» ойыныОқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
1 оқушы: Көрмей өскен өмірдің дала мұңын
Бақыт деген балдәурен балалығын
Бақыт деген ата-анам қуандырған
Жеңістерім, табысты әр адымым
2 оқушы: Сүйкімділер, періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін.
Данышпан да, ғарышкер де,ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгергенСендер дағы өздеріңше күрессең,
Өздеріңше сендер де өмір сүресің.
Болашақты жалғау үшін болашақБола жатар сендердің де үлесің3 оқушы: Мейірімділік- ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетер бесігіңАшық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірімҚол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын адамның көмек сұрағанОу, Адамзат , сіңірген бойға мейірімді.
ІІ-жүргізуші: Баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балаларға адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Бала –бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош,сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: «Алдымен сүй ардақта ата-анаңды»
Мақсаты:
а) Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Барысы:
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледімБізді жақсы болсын екен деп қашандаЛүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
  Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңдыҮлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
  Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
 Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.
Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.
Адамның ақылы қайда балалар, кім айтады екен?
 Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Адамға ақыл беретін кім балалар?
 Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Енді балалар өмірде не жетім? – деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Өмірде жеті жетім бар.
Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.
Халқына сенімсіз болса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
Суы жоқ – құдық жетім.
Досы жоқ – жігіт жетім.
Шәкіртсіз – ұстаз жетім.
Қызы жетесіз болса, ана жетім.
Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!
Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
 Бала тәрбиесі – бесіктен, — дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
 — Ата-ананы ренжітпе,
Түнде суға барма,
Таңдайыңды қақпа,
Кісіге қарап есінеме,
Дастарқанға қарап жөтелме,
Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,
Нанды баспа,
Табаныңды тартпа,
Қолыңды төбеңе қойма.
Сонымен, балалар біз сенің ата-ана қандай деген сызбанұсқаны толтырып жіберйік.
Мақал-мәтелді жалғастыр:
1. Сіз деген әдеп… Біз деген көмек2.Ана алдында – құрмет… Әке алдында қызмет3.Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без…Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без
4. Әдептілік белгісі …Иіліп сәлем бергені5.Ана сүтін ақтамағанды… Ешкім жақтамайды6.Қыз-қонақ
7.Әке көрген оқ жонар…Ана көрген тон пішер8. Анасына қарап…Қызын ал

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.42 Kb
Количество скачиваний: 26

Скачать

Просмотров: 79

Похожие материалы

  • Методическая разработка классного часа «От ГТО — к олимпийским медалям!»
  • Памятка кл.рук., учителю предметнику: Общие признаки начала употребления психоактивных и наркотических веществ подростками.
  • Памятка социального педагога ГБОУ СОШ №456 Румянцевой Д.А. родителям по обеспечению безопасности детей во время каникул
  • Комендантский час в Санкт-Петербурге, памятка для родителей
  • Подборка материалов для составления характеристики
  • Материалы для родительского собрания.
  • Классный час «Ф.А. Полетаев»
  • Рекомендации классному руководителю по работе с несовершеннолетними, не посещающими или систематически пропускающими по неуважительным причинам занятия в школе
  • Игры и упражнения на развитие навыков общения у школьников
  • Внеклассное мероприятие «День Матери» 2 класс

«Жылы жүрек, жомарт қол»

қайырымдылық концертінің бағдарламасы

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр

Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт
ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана
биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық
елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі
болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж
болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан
қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жанұяларға
қолдау көрсетуге арналған «Жаны жүрек,жомарт қол» атты қайырымдылық
концертіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,

Мына өмір бірақ та қымбат әлі.

Жүргізуші:

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Ибраимова Айман Жатынқызына
ұсынылады.

Жүргізуші:

Ханымдар мен мырзалар! Жанарларында қашанда мұң тұратын,
аяушылықпен қараған адамға осы кісіден бір жақсылық болып қалар ма
екен деген оймен, сана сезімінде жалынның ұшқыны лаулап үмітпен
қараған, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған жанұяларға арналған
шағын концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Музыкалық ән шашу:

1 «Ә» сынып оқушысы Дарубаев Мейірдің орындауында «Сәби бақыты»
әнімен.

Жүргізуші:

Бар байлығымыз һәм бақытымыз — бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ
өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен
өлшенбек.

Музыкалық ән шашу:

3 а сынып оқушыларының орындауында «Шығыс» биі.

Жүргізуші:

«Бала — өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға
қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер
атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім
мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің құрметті
қонағы Қасымбекова Айгүл Абыкановнаға сөз береміз

Музыкалық ән шашу:

Мұқан Еркежанның орындауында «Туған жер» әні

Жүргізуші

Мейірімді ізде таза — аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірімділікті сіңірген адам бойына,

Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.

Музыкалық ән шашу:

Аузбаева Данараның орындауында «Привет» әні

Жүргізуші:

Мейірімділік — ғажайып өмір есігі,

Мейіріммен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,

Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.

Өмірдің ащы дәмін ерте татқан

қол ұшын созам деген жаны жайсаң, жомарт жандар

Музыкалық ән шашу:

2 сынып оқушыларының «Чинури » биімен.

Жүргізуші:

Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет
жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба —
құп емес пе.

Музыкалық ән шашу:

Әкім Заңғардың орындауында «Жаяу» әні.

Жүргізуші:

Пейілділік көл — көсір,

Жомарттық ерге сын.

Кеңдігін көрсеткен.

Қайырымдылық қорында,

Ізгілік жолында.

Мың алғыс, ағалар,

Рухы елдің жебесін.

«Арнау» Тұрсынжұма Аягөз.

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр

Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі
рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін
өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі
еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып
келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.

Музыкалық ән шашу:

6 «В» сынып оқушыларының орындауында «Мама» әнімен.

Жүргізуші:

Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы
шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу —
жомарттық.

Музыкалық ән шашу:

Тұрсынжұма Аягөз «Жетім қыздың монологы»

Жүргізуші:

Өмір дәмі, екі дәм: Ащы — Тәтті,

Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ — Қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,

Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір деген тұрмайды: Қап — қарадан.

Өмір деген тұрады: Ақ — Қарадан,

Ақ — Қара, екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Музыкалық ән шашу:

2 «б» сынып оқушысы Мейіржанның орындауында «Қызыл өрік»
әнімен

Жүргізуші:

Өмір деген тәтті екен әрқашан да,

Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.

Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,

Күресуге үйренем шаршасам да.

Бала жүрек риза жаратқанға,

Жарқыраймын әр күні таң атқанда.

Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,

Мен өмірді сүйемін әрқашан да.

Қайса Ерсін «Қазақ жастары» әнімен

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс — адамзатқа
тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған мұқтаж
жандарға қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық
болуына қадам жасайық!Бір- бірімізге жақсылық жасауға асығайық!
Назарларыңыз экранда болсын!

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр

Жасұланқызы Аяулымның орындауында «Мереке» әні

Кайырымдылық кқцертіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Аманбаева Индира Жомартқызына
ұсынылады.

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр

Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол
ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы
сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға
алланың нұры жаусын демекпіз. Осымен біздің «Жаны жүрек, жомарт
қол» қайырымдылық концертіміз аяқталды.

Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен

«Жылы жүрек, жомарт қол»

қайырымдылық концерті

2015-2016 оқу жылы

Жылы жүрек — жомарт қол

Материал жайлы қысқаша түсінік:

«Берсең — балаға бер» деп атам қазақ айтпақшы, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға аз да болса көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған ең озық шара болып табылады. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығы баршамызға мәлім, сондай мақсатпен мектеп оқушылары, Жас Ұлан бірыңғай өзін-өзі басқару ұйымы мүшелдерінің атсалысуымен жүзеге асырылды.

user

Жубанова Айман Куангалиевна

calendar

5 Желтоқсан 2017

#Басқа

#Сыныптан тыс жұмыс

#Барлық сыныптар

eye

996

rrow-download

0

docx

logo

ғылыми-әдістемелік
орталығы

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз

Сізге пайдалы материалдар.

Сіздің материалыңыз дайындалуда!

Дайын болған соң sembiev_n@mail.ru
почтаңызға жіберіледі.

Уақытыңызды құр өткізбей, біздің

Қаңтар
олимпиадасына

қатысып Диплом алыңыз

Пәнді таңдау

Материал жүктеу үшін:

Сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, біз материалды бірден электронды поштаңызға жібереміз.

Материалды жүктеу

«Құтты болсын Жаңа жыл» атты сценарийі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де, сәнді безендірілгеніне балалардың, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қарақшы, Сиқыршы, балалар, ата-аналар.

Музыка ойнап тұрады.

Айзере

Сәлем беріп сіздерге,

Бар өнерді саламыз.

Өнерлі бала бар деп,

Әлемге жар саламыз.

Келіңіздер, келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол Жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер.

Ән: «Жаңа жыл» Келді бізге Жаңа жыл!

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, балалар! Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып, кетіпсіңдер,. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап, тұрып, жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық!.

Айдана

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз,

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға-жыр.

Мерей

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Камила

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы.

Ангелина

Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.

Б. Анель

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Жолдар мұз боп қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Адия

Базарлықты баршаға,

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсанып,

Безендірдік шыршаны.

Қ.Нұрай

Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

Малика

Ақшақар қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Аружан

Көрікті, бөрікті,

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып,

Алма ,анар,өрікті

Жүргізуші: Биыл біздің Гүлім тобының қыздары қалалық байқаудан «Өзбек» биімен 1 – орынға ие болды.Біздің қыздарды қарсы алыңыздар!

Би: Өзбек биі

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы би! Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр. Сыйлықтар!Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә бұл менмін. Мені ораудан алып, шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы, ал мұнда сондай тамаша, екен.

Жүргізуші: Бізде бүгін жаңа жыл мерекесі болып жатыр, саған арнаған ұлдардың биі бар.

Би: Клоун биі.

Клоун: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алайыңшы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы.

Ойын: «Кім жеңеді?»

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші. Қане онда біз аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата, деп айтқанда есік ашылады да, Мыстан кіріп келеді.

Мыстан: Ойбай, түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсіңбе?

Мыстан: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқпа?

Мыстан: Жоқ.

Жүргізуші: Сен өзі қайдан қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?

Мыстан: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха.

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Мыстан: Ә,бәлем, солай ма екен! Осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Мыстан тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды.

Жүргізуші: Сен бізбен бірге би билеп ән айтып, көңіліңді көтер!

Ән: Twinkle twinkle әні

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата: Сәлеметсіңдер ма,балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен

Тарасам екен сыйлықтар

Одан асқан не сый бар

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт болама!

Сенднрді көргеніме сондай бақыттымын!

Балалар , мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарынды жарқырат! Үш рет.

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарынды жарқырат! Үш рет айтып шапалақтайды. Шырша жарқырайды!

Жүргізуші: Біздің балалар шырша туралы ән біледі. Балалардың орындауында

Ән: Маленькая елочка

Би: Қояндар биі

Аязата: Бәрекелді

Темірлан

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары.

Енді дала алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады.

Дина

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізгет қарай жылыстап.

Мирас

Жаңа жыл жол болсын.

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Әсем

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Алтынай

Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға, балаңызға

Жалынды сәлем береді.

Дана

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір,

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Мақпал

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын – жарқын ән салып,

Жалғасады жылға жыл.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы.

Жақсы дәстүр көбейсін.

У.Нұрай

Жасыл шырша қош келіпсін,

Сені аңсап жүрдік біз,

Өзіңменен жаңа жылды

Қарсы алуға келдік біз

Жасыл шырша жанында

Ойнап күліп қайтамыз

Жасыл шырша жанында

Өлеңінде айтамыз.

Ойын: Бұғылар мен Аяз ата

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес,

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жасырсам қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табындаршы, аты кім?

Балалар: Ақшақар!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Орманды көктей өтіп жеттім –ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын. Үйретейін сендерге Мен бастайын, ал сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар. Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр….

Балалар: жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге …

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі…

Балалар: әдемі!

Ақшақар:Көңілсіз бір балажоқ, ойын-күлкі таралсын. Құтты болсын ….

Балалар:Жаңа жыл! 3 рет.

Жаңа жыл келеді.

Балалардың орындауында: Хор әні

Би: Үнді биі

Аязата: Бәрекелді, ал енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Алихан

Қол ұстасып,

Құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр,

Құтты болсын,

Құтты болсын,

Құтты болсын

Жаңа жыл!

Жансая

Келді жылым бақытым,

Көңілденді уақытым.

Сәлем саған жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

С.Анель

Ақ қырауға малынған,

Ақша қардай сақалы

Көптен күтіп сағынған

Көрдік Аяз атаны.

Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны

Дияр

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жасыл шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Искандер

Қала нұр,

Дала нұр

Құтты болсын

Жаңа жыл!

Шырша жаны көнілді,

Билеп барлық бала жүр.

Бекзат

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Мағжан: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Әке,ана! Әке,ана!

Құтты болсын жаңа жыл!

Би: Ұлпа Қар биі

Жүргізуші: Қане, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік. Аязатамызбен Ақшақарымызбен, жаңа жыл бар, Клоун бәріміз.

Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер,

Ауйрмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңенен

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер,

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын,

Сау болыңдар, балалар!

Ән: «Жаңа жыл!»

Жақында жерге қыс келді…..

Жүргізуші: Осымен біздің «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті! Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып, Дендеріңізге саулық , отбасыларыңызда бақыт, Молшылық береке болсын!

«Қостанай қаласының әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

«Құтты болсын Жаңа жыл!»

«Ертеңгілігі»

«Гүлім» тобы

Тәрбиешілер: Қарғабаева А.С.

Бурбаева А.Н.

Қостанай-2014ж

Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Балалар залға көңілді әуен — сазбен кіріп шеңбер құрып тұрады
Жүргізуші:
Даламызға, қаламызға жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, жасыңызға жалынды сәлем береді
Келіңіздер, келіңіздер би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

1 — бала
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

2 — бала
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

3 — бала
Өлеңді де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір бәрі де әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Жүргізуші: Бәріңізді орманға шақырамыз, кел дейміз
Осы кешті ғажайып ертегіге тең дейміз
1 «Жаңа жыл» Әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар бізге Аяз ата мен Ақшақар неге келмей жатыр?
Кәне бәріміз бірге оларды шақырайықшы.(Балалар шақырады. Бірақ олардың орнына Базилио мысық пен Алиса түлкі келеді)
Түлкі: Ақсақ, соқыр Базилио мысықты жіберіңізші, кіргізіңдерші!
Мысық: Аязға тоңып қалдық. Бізде «Ақымақтар» елінде сондай суық.
Түлкі: Біздер кесіп, алау етіп жағып, түбінде жылынатын үлкен ағаш іздеп жүрміз.
Мысық: (Шыршаға қарап) Ой, Түлкі қарашы міне үлкен ағаш, бұтағы да көп. Жақсы отын болады.
Түлкі: Қарасаңшы, Дұл ағаш шамдармен, шарлармен сәнделген ғой.
Мысық: Саспа, біз ағашты кесіп аламыз, шамдарды, шарларды алып, сатып жібереміз. Сонда бізде көп ақша болады. Тез балта әкел кесейік!( Түлкі шырша түбінен кілт тауып алады )
Түлкі: Базилио, қара қандай қызық кілт. (қолына алып, тісіне басып көреді.)
Түлкі: Бұл кілт біз жолда көрген үйшіктің кілті емеспе екен? Есіңде ме, сол үйшіктен тәтті иіс шығып тұр еді — ау!
Мысық: Мүмкін сонда көп ақша бар шығар! Түлкі бұл шыршаны қояйық. Анау үйшікке барайықшы. Сонда жылынып, тамақтанамыз әрі баймыз.(қашып кетеді)
Жүргізуші: Ой, түлкі мен мысық неткен жаман еді. Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп келмей жатыр екен? Кәне балалар бәріміз тағы да Аяз атамен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы.
(Музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.)
Аяз ата.
Амансың ба, ұлдарым!
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!
Алыс — алыс жерлерден
Ормандардан, белдерден
Биік — биік таулардан
Белес асып баулардан
Сыйымызды сендерге
Ұсынуға келемін
Өнеріңді көрсетсең
Хош алып, сый беремін!

Жүргізуші:
Жаңа жыл келеді. Жаңа жыл!
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Жүргізуші: — Ендеше барлығымыз жаңа жылды қарсы алайық. (Залға маймыл кіреді)
Келді, міне Жаңа жыл
Қарсы алайық, бәріміз
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз.
4 — бала.
Келді жылым — бақытым
Кемелденді уақытым
Сәлем саған Жаңа жыл
Жаңа бақыт, Жаңа нұр
5 — бала
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне Жаңа жыл
Татуларын арқалап.
Аяз ата: Балалар шыршаның шамдары түгел жарқырап тұрған жоқ қой? Олай болса шыршаны жағайық. Барлығымыз бірге:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
2 «Шырша» Әні орындалады.
Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер, тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан сыйлық алып көріңдер.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
«Ақшұқыр мектеп – лицейі»мемлекеттік мекемесі
«Кәусар» шағын орталығы шағын орталық тәрбиешісі
Түгелбаева Перизат Елубайқызы

Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы). жүктеу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жыл т?рбиешісі бай?ауы сценарий
  • Жыл м??алімі бай?ауы сценарий
  • Жыл басына талас?ан хайуанаттар ертегісі сценарий
  • Жыл ?здіктері сценарий
  • Жыл ?здігі 2021 сценарий