Жыл та?дауы сценарий

Cкачать: 50 жас тойдың сценарийі

Бүгін міне Қаракемер
ауылында,

Әулие шоқы бауырында

Жадырасып жарасатын,

Жамырасып тарасатын,

Балдай тәтті тілектер
тыңдалатын,

Ән тербеген жүректер
нұрланатын,

Қызығы көпке дейін
жырланатын,

Келмегендер қызықтан құр
қалатын

Бір тамаша отырыс болғалы
тұр!

Себебі, Ұлыстың Ұлы
күні – Наурыз мерекесі қарсаңында өзі көктемдей құлпырып кеткен әдепті келін,
аяулы жар, ардақты ана, ұлағатты ұстаз Ыбышева Маржанкүл Ретқызы 50-ге толып
отыр. Қане, құрметті қауым, осы отырыстың себепкерін 30 жылға жуық бірге
отасқан отағасы Есенгелді ағамен қоса қол соғып ортаға шақырайық!

(Той иелері ортаға
келген соң).

Осы атаулы күнді той
иелері  жәй ғана өздері атап өтпей, мерейтой дастарханына жақындарын,
туған-туыс, құрдастарын, әріптестерін шақырып отыр.  «Жақсы таз басын
жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды» -демекші, бұл өте құптарлық іс деп
ойлаймыз.  Сол үшін мерейтой иесіне ду қол шапалақ!

Бір ауыз сөз? Жоқ. Орындарыңызға
бара берсеңіздер болады.

Той иелері асабаны
жұртқа таныстырып жатушы еді, бірақ  популярный адамдарға немесе бесплатный
тамадаларға реклама, резюме, презентация деген нәрселер қажет емес. Сонда да
өзім туралы бірер сөз:

Көптен күткен
той жақсы өтсін десең

Жүйрік болсын таңдаған тамадаңыз
Бізді таңдап көңілің қалап жатса
Көңіл кілтін бізде іздеп таба
аламыз.

Жазда қара, ал
қыста ағарамыз

Маңдай терді, көпшілік, бағалаңыз
Ата жолдан жаңылмай жүріп келіп
Қалжыңды да орынды таба аламыз.

Әуезді әнді
шырқап әлеуметтің

Ай шырағын жүректе жаға аламыз
Кейде біреу киліксе келеңсізде
Қара сөзбен кенедей қадаламыз

Тойларың бар 9-да басталатын
Мен емеспін көп жұрттан жасқанатын
Көпшілік, той болса егер звондаңдар
Мен АСАБА тойыңды басқаратын

«Сәлем берген саулық
береді, ал сәлем алған қызығын көреді» деген халық сөзіне бас ие отырып,
сіздерге де бас иіп сәлем бердім!

Таусылмасын! Ағытылсын ой
көші,

Туысқандар қысылмастан сөйлеші.

Ақ тілекті ағытып бір
бастайық,

Бүгінгі кеш – 50 жастың той
кеші…

Жүздеріңнен көрем шаттық
арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр
айың!

Тойларыңыз құтты болсын,
көпшілік!

Тойларыңыз құтты болсын,
ағайын!

«Аталы үй – баталы үй»
дегендей,

Осы тойдың ол қариясы

Осы отырыстың дариясы

Көлденең көптің бірі емес ол

Жекелеп шырқар ариясы

Әбдікерім ағадан дастарханға
бата сұрайық. (Шапан?)

Бүтін болса, ел
жақсы 

Сулы болса, көл жақсы
Адасканға ай жақсы
Жылқыға сай жақсы
Мінуге тай жақсы
Жемесе де май жақсы
Бермесе де бай
жақсы.                                                                                                                   
                             Бәрін айт та бірін айт

Сарайыңды ашатын
Шаршағанды басатын
Қою қара шай жақсы

Шай ішейік бал менен, бала-шағаларменен – деп менің бір досым
айтқандай, шайдан алыңыздар, шараптан құйыңыздар. Ал мен болсам алғашқы
сөз
кезегін Тұрархан апама, Күлсімхан жеңгеге, Әбдікерім ағаға және Света тәтеге
бергелі отырмын.

(Сөз сөйлегеннен
кейін):

Жасы үлкендер ‑ өз алдына
бір төбе,

Оларға еткен қызметің де
мәртебе!

Бәрекелді, балам! – десе
болғаны,

Бақ құсының қасыңа кеп
қонғаны!

Жасы үлкендер – өз алдына
бір отау,

Олар барда асқақ емес
Алатау.

Айналайын, бақытты бол! –
дегені

Жолыңдағы көп бөгетті
жеңеді.

Үлкенді сыйлау –
халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз, баталы сөз», «Халықтың
қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» деп бекер айтпаған ата-бабаларымыз.

Құрметті қонақтар,
құйылған шампандарды алып отырыңыздар, ауызға зәкөскені салып отырыңыздар, ал
мен келесі кезекті бүгінгі отырысымызды әуезді әнімен көркемдейтін ауылымыздың
еңбек сіңірген музыканты Батырдың әніне беремін.

Әдеті той бастайтын әуел бастан, 
Шырқатып жіберетін әнін асқақ.
Шабыты жүрегіне жол беріп тұр –
Бұл тойды ашып берсін інім бастап!!!

(Ән)

Құрметті тойшыл қауым! Мен сіздерді кейбір мамандар мен
адамдардың міндеттерімен таныстырғым келіп отыр.

Дәрігердің
міндеті – дәрі беру, ем беру,

Кәрілердің
міндеті – ақыл беру, дем беру.

Малшылардың
міндеті – малдарына жем беру,

Саудагердің
міндеті – артық алу, кем беру.

Ұстаздардың
міндеті – ғылым-білім үйрету,

Махаббаттың
міндеті – сезімдерді сөйлету.

Бұзақының
пиғылы – қирату мен күйрету,

Арақ
ішіп, «Қырам!»- деп,

«Брат,
сен үшін тұрам!»- деп

Бірін-бірі
сүйрету.

Тойшыл
қауым міндеті – ә дегенде жүздетіп, асқазанға жол салу,

Содан
соң бір кекіріп, табақтарға қол салу,

Үстелдегі
тағамның бәрін ішіп-жеп қоймай,  пакетке де мол салу.

Маржанкүлдің
міндеті – ойға батпай тұңғиық, бокалына су құйып,

Соғыстырып
бәрімен жүре беру жымиып.

Тұмау
тиген адамға міндет болар жөтелу,

Ал
қарыздың міндеті – уақытында өтелу.

Есекеңнің
міндеті – асабаның ақысын өзі біліп, сұратпай молырақ қып тез беру,

Асабаның
міндеті – тойға келген қауымға рет-ретімен сөз беру.

«Сөз сұлтаны –
дәмділігі, ой сұлтаны – жандылығы» деген халық даналығын естен шығаруға әсте
болмайды. Халқымыздың ағалар мен әпкелер жөнінде де айтылған
асыл сөздері аз емес. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас», «Ақылың ағаңда
болсын, құндызың жағаңда болсын», «Әдемі ниет әпкеден, әпкелер үшін мақтанамын
көпке мен» деген сияқты сөздер қандай тамаша.

Олай
болса, келесі сөз кезегі Медел, Меруерт, Маржан, Шолпан, Алмагүл, Сейіткерім,
Гуля, Болат, Роза атты аға-тәтелерде.

ПАУЗА………………………………………………………………………………………..

Тойға келсе әпкелер ырыс-бақыт ап келер.

Апамызға жездем сай әпкелермен бақ келер.

Рұқсатсыз әпкеден шыға алмайтын бір адым,

Сөз салмағын ендеше жезделерге бұрамын.

Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –

Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.

Келесі сөз кезегі әпке-жезделері Қалысбек-Айманкүл,
Байжан-Сәулемкүлде.

(Үйде тауық бағасыздарма? Қанша тауық бар? Қанша қораз? Оларға сіз
қарайсызба жоқ жұбайыңызба? Әпкеден рұқсат сұрамай қай-қай жерге бара аласыз?)

Қораз
бен Еркек…

Екеуінің айырмашылығы
Аңыз бен ертек.
Қораз, мәселен, кез келген
Көрші мекиендердің жүрегін өртеп,
Мінез көрсетіп тентек
Қыдырғысы келсе қыдырып,
Ұрынғысы келсе ұрынып,
Бөтен қораға 
Бұрылғысы келсе бұрылып,
Шөжелердің артынан жүгіріп,
Бірде тұрып, бірде жығылып,
Кешке өзінің қорасына
Қалың мекиендерінің арасына
Түк болмағандай қоқиланып,
оңын-соңын шоқыланып,
Қайтып келеді.
Еркек сөйтсінші…
Әйел қаһарға мініп,
Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп,
Өткеннің тарихын қозғап,
Жіпке тізгендей айтып береді.
Қырық жыл бұрынғы 
Жігіт кезінде ұсынған махаббатын
Жүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді.
Соны білетін ол байғұс
Үйіне қайтіп келеді?
Алпыс аңызын, қырық өтірігін
Батырлар жырын айтқандай
Аңыратып айтып келеді.
Келеді деймін-ау…
Келтірмейді.
Өлтіруге жақындатады
Бірақ өлтірмейді.
Әйел еркекті
Ешқашан олай жүргізбейді,
Сирағын сындырып,
Ауыздықтап, тізгіндейді.
Жүргенін білсе
Үйге кіргізбейді.
Қайран, Еркек…
Қораздың бұл өмірін
Күнде іздейді,
түнде іздейді.

ПАУЗА…………………………………………………………………………….

50
деген жарты ғасыр бұл өмірде,

50
деген алтын той некеліге.

Елу
жылда — ел жаңа деген сөз бар

Сол
елуге өзің де келдің міне.

Әр
уақытта домалап өрге тасың,

Келін
алып жылы суға қолың батыр

Құтты
болсын мерей той, 50 жасың

Қайнағаммен
әрқашан таңыңды атыр.

Елу
– деген жүздің нағыз жартысы,

Елу
деген – даналық қой, ол анық!

Оған
жетсе елжірейді әр кісі.

Құттықтайды
бар ағайын қол алып.

 Елу
деген – тамаша жас еңселі,

Елу
деген – парасаттың өлшемі.

Жүзге
дейін бақытты өмір сүрсін деп

Құттықтайды
мұнда отырған ел сені.

Елу
деген толы той мен думанға,

Тау
секілді көрінеді тұлғаң да.

Құшақ-құшақ
гүлін алып келіпті,

Ақ
көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Тірлік
– теңіз, ес елудің ескегін,

Әнге
толсын, күйге толсын кештерің,

Шын
жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол
соғады барша әріптестерің.

Ортаға
Маржанкүлдің әріптестерін –  ұлағатты ұстаздар математика, физика, химия,
биология, география, информатика, қазақ және ағылшын тілі пәні мұғалімдері
Орынкүл, Перизат, Айнұр, Жанар, Айгүл, тағы да Айгүл, Ақмарал, Дина, Әлия және
Гүлнарды шақырамыз.

Игра
с табличками!

Ведущий
свадьбы вызывает четырех добровольцев. Из реквизита у ведущего четыре небольших
таблички, с надписями: баня, роддом, дурдом, работа (важно чтобы надписи на
табличках были хорошо видны гостям). Участники становятся спиной к аудитории и
на них надеваются таблички с текстом, так чтобы они не могли прочитать, что же
там написано! Далее начинается самая веселая часть игры. ведущий задает каждому
участнику по три вопроса: 1. как часто вы тут бываете? 2. с кем обычно вы туда
ходите? 3. Три вещи, которые Вы взяли бы с собой в это место? (Вопросы связаны
с текстом на табличках). Случайные ответы, порой доводят гостей до слез (от
смеха).

ПАУЗА……………………………………………………………………………………………….

Әрбір тойда достардың орны бөлек. Достарың
жаныңның жақсылығын, жүрегіңнің қуанышын сезінеді. Достық даңқын көтеру, досты
сыйлау – атадан қалған. «Қазақ қоссыз болса да, доссыз болған емес», «Көптен
адасқан қосын таппас, естен адасқан досын таппас» деген ұлағатты сөздердің
ұқтырары мол.

Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,

Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.

Арта берсін достығың – доссыз өмір бос бүгін,

Құрбы-құрдас, қанеки, тілегіңді қос бүгін!

Орал, Жұмакүл, Нұрслан,
Шолпан, Жексенбек, Күлбүбі, Жәділ, Шолпан, Марат, Бинұр, Зейнеш, Мұхит, Айнұр,
Қасымхан, Анара, Бөкенбай, Ұлбосын, Асылбек, Зерхан, Сапар, Ұлғаным, Бақытжан,
Гүлбағира, Константин, Жания деген Есекең мен Маржанкүлдің достарын ортаға
шақырамыз.

Қызық күйде: Ойынға бірнеше ер
адам шақырылады. Оларға әйел адам аяғы ауыр кездегі жағдайды өз басынан кешуге
мүмкіндік беріледі. Ойын жүргізуші скотчпен іштеріне әуе шарларын байлап
береді. Әр ойыншының алдына бір қорап сіріңке шашылады. Ойыншы берілген уақыт
ішінде шашылған сіріңкелерді көбірек жинауы тиіс. Өзінің жағдайын да естен
шығармағаны дұрыс. Ішіңізге (шарға) зақым келіп жүрмесін.

ПАУЗА………………………………………………………………………..

Күйеу бала, келіндер сөйлемейді тым қатты,

Сіңлілер де ибалы, қайын сіңлі сымбатты.

Тынысымыз – інілер, қайнылар да тым тәтті.

Барлығы да осындай жанашырлар қымбатты.

Ортаға шықсын Әділбек, Ләззәт, Мұрат, Лилия, Сейітжан, Қарашаш,
Марат, Шолпан, Болат, Гаухар, Кенжекүл, Талғат, Жанат. (Қандай сериал
көресіздер?)

ӘЙЕЛ
МЕН СЕРИАЛ

 Әйел мен
сериал…
Ұқсас жерін теріп ал!
Алшақ жерін көріп ал!
Сериалдағы бар нәрсе
Әйелде де, 
О, тоба, бәрі бар.
Сериал сені ығыстырып,
Әйеліңнің қасына 
Қысылмай қонып шығатын,
Бір басын кессең,
Екі басы өніп шығатын
Жеті басты айдаһар.
Сенің қаныңды ішіп барып жай табар.
Ызыңдап боздай береді,
Боздай береді.
Не болса соны қозғай береді.
Шекесі тырысып,
Шаң-шұң ұрысып,
Жұлысып жатқаны…
Уайымға батып,
Мұң ішіп жатқаны.
Өсегі құйындайтын,
Төсегі жиылмайтын,
Таусылмайтын сұмдық…
Дәл осы жерде
Әйелден аумайтыны – шындық.
Олардың да табақ-аяғы жуылмай,
Кір-қоңы жиылмай,
Теледидарға телміріп отырғаны…
Екеуінің ұқсастығы
Осы тұста жақындады.

(Тост)

ПАУЗА………………………………………………………………………………………………….

Ашып өмір есігін нұрланды күн,

Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.

Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,

Құтты болсын, Маржан жеңге, туған күнің!

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,

Өмір өзі жазады отты жырын.

Қайнағаммен дәм-тұзың құп жарасып,

Ақ сүтіңді ақтасын Ерқанатың.

Сөз
кезегі Бауыржан Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектептің үздік
тәрбиеленушісі, взвод командирі, армрестлингтен мектеп чемпионы және бүгінгі
той иелерінің ұлы болашақ генерал Ерқанат мырзада және Қаракемер ауылының жас
батырлары, 14 мектептің хас батырлары, Есен атасымен Маржанкүл апасының
немерелері мен жиендері Жалғас, Жарас, Арлан, Нұржан деген азаматтарда.

ПАУЗА……………………………………………………………………………………………

Мен кеше Есен ағаның үйінде көмектсіп
жүргенімде (қора тазалап, төсек жинап дегендей), мал қорадан бір қағаз,
сандықтың астынан тағы бір қағаз тауып алдым. Мал қорадан тапқанымды оқып
берейін:

Авторлары: Жүсін Ерман, Есен Бексұлтан.

Маржанға арналады. (Әйел). Оқып біткен соң:
Ортаға осы тамаша өлеңнің авторларының бірін, атап айтсақ, 30 жыл өтсе де сол
сезімнің жетегінде жүрген Есенгелді ағаны шақырамыз. (Тост).

Есен ағама 1 сұрақ: қанша жасыңыздан бастап
машина айдадыңыз? Қанша жасыңызда үйлендіңіз? Отбасылық бюджеттің қаражатының
көбі машинаға кете ме, әлде жеңгеме ме?

ӘЙЕЛ
МЕН МАШИНА

Еркек үшін әйел мен
машина
Ыстық және жақын,
Екеуі де өмір.
Бірақ әйел – қатын,
Ал, машина – темір.
Ұқсайтыны – еркек
Екеуін де аялайды,
Екеуін де бағалайды.
Машинасынан 
Ақшасын аямайды. 
Өйткені оны айдайды, 
Уақтылы күтіп,
Уақтылы майлайды.
Оның бір жақсы жері
Қайта-қайта ақша сұрап,
Алақанын жаймайды.
Ал, әйел алған бетінен таймайды,
жүйкеңе ойнайды.
Берген сайын тоймайды.
Машина күн демейді,
Түн демейді,
Ақша бермесең үндемейді,
Кей кезде сілейіп
Кідіріп, тұрып қалады.
Ондай кезде еркек ашуланып,
Теуіп қалады, ұрып қалады – 
Жауап жоқ, 
бар айыбы сынып қалады.
Ал әйелді соқпай-ақ қой,
Жәй әшейін түртіп қал.
Жолыққандай күртік қар
Қар бораған бұзық қабағы,
Өткен-кеткенді тізіп, табады,
Сенің қан қысымың 
250-ге жеткенде ғана
Тыңыш табады,
«Жедел жәрдем» әкеткен соң
Амалсыз аузын жабады.

ПАУЗА…………………………………………………………………………………..

Ал енді сандықтың астынан не табылды деп ойлап
отырған шығарсыздар?

Авторлары: Асылзат Арыстанбек, Маржанкүл Рет.

Есеке. (Еркек) ). Оқып біткен соң: Ортаға осы
тамаша өлеңнің авторларының бірін, атап айтсақ, 30 жыл өтсе де ол да сол
сезімнің жетегінде жүрген Маржанкүлді шақырамыз. (Тост).

Тірлік тілін табасың ұрыспай-ақ,

Ыстық сәлем жолдадым күріштей ақ.

Бұл өмір өте шығар көз ашқанша,

Көз жұмғанша жүрейік тырыспай-ақ  

Жұлдыз
жанып, пейіліңе таң күліп,

Көктем
келді, наурыз келді сән құрып.

Қалпыңыздан
айнымаңыз  шат көңіл,

Басыңыздан
бақ кетпесін мәңгілік.

Елу
деген — ес тоқтату, есею,

Елу
деген – елдің жүгін көтеру.

Туған
күнмен құттықтаймыз өзіңді,

Қанжығаңа
ілінсін деп қос елу.

АНТРАКТ

Балалар залға көңілді әуенмен кіріп, шеңбер құрып тұрады.
Тәрбиеші: — Сүйкімді де, менің әдемі бүлдіршіндерім, қымбатты ата — аналар мен қонақтар! Шыршамызды ойыншықтар мен түрлі — түсті от шашуларға көмкеріп, өзімізде әдемі киініп, Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Жылда жақындап қалды.
Тәрбиеші: — Балалар, біздің мерекемізге не жетіспейді?
Ендеше шырша шамын жағайық!

Балалар: Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат! (2 рет)
Бүгін келді жаңарып,
Қонжық тобы тағы да.
Би билейді, ән салады,
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде Жаңа жыл.
Қош келіпсіз шыршаға,
Жаңа жылда көңілді. Шырқалады әніміз, Ата — аналар сіздерді,
Құттықтаймыз бәріміз!
Қане балалар, бәріміз бірге:
Жаңа жыл — құтты болсын!
Олай болса, біздің ертеңгілігімізді тамашалауға келіп отырған ата — аналарымызға сөз берейік.

Тәрбиеші: Ал енді біздің бүлдіршіндерге кезек берейік.
Балалар: (хормен) Құтты болсын ата — ана, жаңа жылың!
Бізге керек сендердің амандығың
Жаңа жылда тағы да сәбилі боп,
Жүріңіздер біздерді қуандырып.

Тәрбиеші: — Үнді елінен келген мың бұралған биші қыздарымызды қол соғып ортаға шақырайық.
Ойын: «Кім пиманы тез киеді?»

Ортаға орыс биімен «Қонжық» тобының қыздарын шақырамыз. Біздің қыздарымыз балаларға жұмбақ жасырсын.
Жұмбақ. Айжан:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар)
Дайана:
Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым(шаңғы)

Зайнеб:
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады (аяз)

Еркежан:
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды (мұз)

Асылай:
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай
Шешуін кім табады (қар)

Астана қаласы,
№63 «Әсем — Ай» балабақшасының
«Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі
Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу

Жаңа жыл ертеңгілігі

Жүргізуші:

Жасмин:

Аладдин:

Джинн:

Тоғай Фея:

Аяз ата:

Ақшағар:

Шығыс Сұлуы:

Жүргізуші: Жаңа жылдарыңмен балалар. күн жақсы болсын. Жаңа жыл мерекесін жақсы көңіл-күймен өткіземіз.Кәне балалар шыршаның жанына жиналайық.ән шырқайық, би билейік, жаңа жылды қарсы алайық.

Тақпақ

Зал қараңғыланадыАлладиннің лампасы жанады

Жүргізуші:Мен осы өмірде бәрін өзгерткім келеді. Бүкіл әлемде тек қана жақсылық болса деп тілеймін ,барлығының дені сау болып, жаңа жылда бір-біріне жақсылық тілесін деймін. Осы жөнінде кітапта айтылған . Кәне бірге айтайық Бір, екі, үш сиқырлы кітап оян.

Балалар қайталайды Свет жанады

Жасмин қыздармен көіңлі жарасып әңгімелесіп отыр.

Көңілді отырған жасминнің көңілі түсіп қалады.

Жасмин: Қыздар жаңа жыл жақындап қалды ойлап қарасақ жаңа жылға қайтадан пальманы әшекейлейтін сияқтымыз.Сол есіме түссе көңіл-күйім түседі.

Шығыс сұлуы:Менің естуім бойынша басқа елдерде жаңа жылда шыршаны әшекейлеп, шырша жырын орындап, шыршаны айналады екен.

Жасмин:Менде тірі шыршаны айналып, шырша әнін айтқым келеді.Бірақ шыршаны қайдан аламыз.

(Көңілді шығыс әуені қойылады осы кезде Аладдин кіреді)

Аладдин:Сұлу қыздар ойланып қалдыңдар?

Жасмин Аладдинге жақындайды.Шығыс сұлу қыздар өз орындарына отырады.

Жасмин: (көңіл-күйсіз)

Қымбатты Аладдин мен шыршаны айналып, шырша жырын айтқым келеді.Шығыс биін билеп , пальманы айналудан жалықтым.

Аладдин: Сен үшін қымбаттым, сен үшін бәрін табамын.Солтүстіктен жақында саған шырша алып келемін. Аладдин шамын ысқылайды.

Джинн:Сәлеметсің бе, жас әміршім, не қалайсың?

Аладдин: Тыңдашы Джинн, Жасмин еркелеп , жаңа жылда тірі шыршаны айналып, ән салғысы келеді.Мені шырша өсетін жаққа жеткізші. ( Джиннмен Аладдин глобустан қарайды)

Джинн:Әміріңізге құлдық.Жылы киініп алайық , менің естуімше жер шарының солтүстігінде күн суық екен.

Ұмытып бара жатыр екенмін, мен тек қана 3 тілек орындаймын.мынау сенің бірінші тілегің.(музыка қосылып екуі кетеді)

Жасмин:Алақай-алақай, шырша болады, шырша.

Шығыс қыздары шығыс биін билейді, жасмин залдан кетеді.

Шырша киінген балалар шырша жанына отырады.Шыршаның данына Аладдин мен Джинн келеді.

Джинн:Қара қанша шырша? Ішінен ең сұлуын таңдап ал, Жасминға. Тоғай феясын көріп, екеуі шыршаның артына тығылады.

Тоғай феясы жаңа жыл әнін орындайды.Аладдин мен Джинн тоғай феясына жақындап амандасады.

Аладдин: Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?

Тоғай феясы:Мен тоғай феясымын , ал сендер кім боласыңдар? Неге менің әдемі шыршаларымды шошыттыңдар.

Аладдин: Мен аладдин боламын менің жанымдағы Джинн. Біз екуміз сонау Бағдат қаласынан келдік. Сыйлық ретінде бір әдемі шыршаны өзімнің сүікті Жасминіме алып , барсам деп едім. Жаңа жылда шыршаны айналып, шырша жырын айтуды армандап жүр.

Тоғай феясы:Егерде сен шыршаны шауып алып кеттсең, шырша өліп қалады. Қарашы бәрі қандай сұлу және тірі.

(Шырша биін билейді)

Аладдин:Біз Жасмин екуміз жаңа жылды қалай қарсы аламыз?

Тоғай феясы:Жаңа жылда бізге келіңдер, ескерткіш ретінде мына ерекше сұлу шыршаны мен сендерге сыйлаймын.бұл шыршаға сендердің ауа райы қолайлы.Сендер жылдам жету үшін өзімнің жүйрік бұғымды беремін.Сау болыңдар

Би орындалады.

Джинн:мені мазаламаңдар, мен түскі асымды ішемін.

Аладдин: Жасмин қайдасың? Қара қандай сұлу шырша әкелдім саған.

(Жасмин көңілсіз әкелген шыршаға ұнатпай қарайды)

Жасмин: бұл не? Мына кішкентай шыршаны айналып қалай ән айтамыз.

Аладдин:кішкентай болғаны түк етпейді.Міне жаңа жылда келіп қалды. Бүкіл жер шарында үлкендерде, балаларда бір-бірін жаңа жылмен құттықтайды.Жаңа жылда аяз атада келіп, барлығына сыйлық береді.

Жасмин:Аладин қымбаттым, мен ешқашан Аяз атаны көрмеппім, маған да сыйлық керек.

Аладдин:Сенің айтқаның болсын. (шамды ысқылайды Джиннің дауысы шығады)

Джинн:Қазір жақындай алмаймын. Хабарламаңызды дыбыстық сигналдан киін қалдырыңыз, рахмет.

Аладдин:Джинн бізге Аяз атаны тауып алуға көмектесші.

Джинн:Әміріңізге құлдық, бұл сенің екінші тілегің, а-а-а аяз ата деген кім?

Аладдин: Аяз атаны жер бетінде бүкіл бала таниды.

Аяз ата әні орындалады

Джинн: Айтқандарың болсын, болат сендерге аяз ата.

Аладдин: Сылдырмақтың дыбысы шығатын сияқты, Бұл Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылға асығып келді.

(Музыка әніме Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме , достарым, мерекелеріңе мен келдім,Үлкен қапшықпен келдім, сыйлықтарыңды әзер көтеріп келдім. Бұл жаңа жылда менің аттарым бәрін керісінше істемекші болды. Мені шанамен әкелгісі келмеді, біз қатты шаршадық деді.Қапшығымды сүйретіп әзер келдім, кешікпегеніме қуандым, шаршағаныма қарамастан сендерді құттықтауға үлгердім.

Ақшақар:Сендердің шыршаларыңа біз алыстан келдік. Аяз ата екуміз ұзақ жол жүрдік,тайғақ таулармен, боранды тоғайлармен жүріп келдік.Міне сендерге де кешікпей келдік , бізді жақсы көретін кішкентай достарым күтіп отырғанда кешігуге болмайды.

Аяз ата: шыршаны жағады

Шыршаны айналып, шыршан әнін орындайды.

Аяз ата:Ақшақар кәне балалардан сұрашы , кім тақпақ айтуға дайын.

Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова

ІІ кіші «Гүлдер» тобы

(Ертеңгілік)

Тәрбиешілері: А.С.Балтабаева

К.М.Тишбекова

2015-2016 оқу жылы

Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамық орап алды маңайды

Армысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

1 бала: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын!

Төрле, төрле, жаңа жыл!

Бізге құтты жол болсын!

2 бала: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би беле, тұрма енді.

І. 1. Ән «Бубенчики»

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)

Жүргізуші: Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.

1 лақ: Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр,

2 лақ: Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы,

3 лақ: біз боламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә – мә!

4 лақ: Ақ моншақты тағайын,

Сауық сайран салайын, мә – мә!

5 лақ: Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә – мә!

6 лақ: келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә – мә!

7 лақ: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,

Аяз ата алып келсеңші!

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқысын алмасын.

Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.

Жүргізуші: Солай ешкі лақтарын абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты. Сол кезде Ақшақарды кездестірді.

Қасқыр: Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі: Сәлеметсіз бе, Ақшақар!

Қасқыр: Саламатсың ба, ешкі!

Ешкі: Даусыңызға, түріңізге не болды?

Қасқыр: Даусым қарылып, бетім аязға үсіп қалды, емделуге бара жатырм. Жаңа жыл мерекесіне үлгеруім керек.

Ешкі: Жарайды онда сау бол!

Қасқыр: Алақай, ешкіні алдадым. Енді лақтар менікі!

Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі: Мә, Ақшақар. Сені жаңа ғана кездестірдім ғой. Сен тез емделіп келдің ғо.

Ақшақар: Жооқ сен мені кездестірген жоқсын! Қайдағы ауру?

Ешкі: Бұл қасқыр болғаны ғой!!!

Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды.

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық алып келдім.

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Бұл төбелестерің не? қазір жаңа жыл мерекесі ғой. көңіл — күйімізді бұзбайық.Онаңда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.

Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Ешкі: тектен-текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтарымен бірге,

Шырша әнін жырлайын.

І 2. «В лесу родилась ёлочка» хоровод әні.

(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады)

Бауырсақ: Тимеші маған.

Жемеші мені,

Жаңа жылды тойлауға мен де барамын

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке қаламын.

Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.

Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар, балалар жиналған, кел бірге тойлайық.

Түлкі: Жарайды, маған бір ой келді қазір барлығы менімен бірге ойын ойнаса мен бауырсақты жемеймін! Сендермен бірге көңіл көтеріп, мейрамды тойлаймын!

І 3. Ойын «Кім тез қаршаларды жинайды?»

(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауысақ, түлкі командасы болып ойнайды.)

(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады)

Мақта қыз: Мысығым — ау, мысығым.

Ақшақар: Сәлем, Мақта қыз.

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.

Жүргізуші: Сен қала болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән айтса келіп қалар.

І 4. Ән «Мысығым».

Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын.

І 5. Би (флешмоб)

Жүргізуші: Барлығымыз билейміз!

Ақшақар: Аңдар болса жиналады, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.

Жүргізуші: Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3 Аяз ата!!! (3 рет)

Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?

Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым …. Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?

Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!

Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?

Балалар қолдарын көтеріп :

— сауат ашу үшін

— жазу

— сызу

— санау

— кітап оқуды үйрену үшін

— сурет салу үшін

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)

Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)

Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)

Жүргізуші: Тоқта, тоқта!

Жалмауыз кемпір: Жарайды,жарайды.(балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)

Балалар: Иә!

Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)

Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аязата, келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: 1,2,3 Аяз ата!!! (3 рет)

Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,

Балаларым балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың

Мені көп күткен шығарсыңдар,

мен алыс – алыс жолдардан келемін,

менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Ақшақар: Аяз ата, балалар, андар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды жағып алайық, қанекей бірге.

Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

І 6. Ән хороводы «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз ата,балалар сізге өз өнерлерің көрсеткісі келеді.

Аяз ата: Жарайды, көрелік!

І 7. 1. Би

2. Өлең, Тақпақтар.

Аяз ата: Балаларым,рахмет! Жарайсыңдар!

Ақшақар: Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр….

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ….

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ……

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын …..

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет) (Жаңа жыл келеді.)

Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, жылқымын,

________________ емес жүйрікпін.

Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық, жақсы оқу салауат әкелдім.

Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.

Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

І 8. 1. Би

2. Өлең, тақпақтар

Аяз ата: Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге сыйлық таратпасқа, Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.

(Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады)

Ақшақар: Ой, мынау не? Жылан ғой!

Жылан: Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен. Кім мен туралы тақпақтар айтса, немесе өлең би билесе қапшықты беремін.

1 бала: Отырмайсың, тұрмайсың,

Түзу жолда бұрандайсың.

2 бала: Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы

Қыстың айы қаңтардан.

Басталады жылан жылы – жылбасы

Аяз ата: Кел, жыланым, Ақшақарым балалар сыйлықты күтіп калды, таратайық!

(Сыйлық үлестіру).

Ақшақар: Аяз ата бізді басқа балалар шырша тойына күтіп жатыр. Балалармен қоштасайық.

Аяз ата: Онда бірге бір би билеп алайық! сосын жол жүреміз!

І 9. Хоровод биі «Жаңа жыл» (или песня новогодняя вокруг елки танцевать)

Аяз  ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр,оларды да қуантайық. Мереке  тамаша  өтті,  рахмет  сендерге  балалар

Жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік

 Жалмауыз кемпір: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың  Жаңа жылын тамашалап қайтамын.

 Балалар: (Барлығы бірге) Сау болыңыз !!!

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, балалар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты балалар.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шәмшәт Оразымбетке беріледі!
Ән________________ орындайтын “____________________
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты мәдени,рухани тәрбиелеп жатқан музей директоры және мәдениет Үйінің директоры _______________________ береміз.
2- жүргізуші:
— Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ___________________ беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/ән ”______________________” орындайтын______________________./

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
— Әнімен елін жырлаған, қүйімен жырын толғаған Нартай музейіне келдіңіз.
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
— Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/________________________ биі/________________________
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға ауылымыздың өнерлі жастарын шақырамыз.

/ ән __________________________________/
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға бір биші бала шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
2-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл — жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата:
— Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін.
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың?
Жылан жылы:
— Тарих қойнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жаңа жыл (жылқы):
— Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан бауырым! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
— Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ?
Жаңа жыл (жылқы жылы):
— Дәл өзімін.
Жылан жылы:
— Айналайын келші, жалыңнан бір иіскейін. Ал, құлыншақ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл (жылқы):
— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
— Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар.
Уа!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші:Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті ағайын және балалар! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Хош сау болыңыздар!

Содержимое разработки

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, балалар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты балалар. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шәмшәт Оразымбетке беріледі! 
Ән________________ орындайтын “____________________
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты мәдени,рухани тәрбиелеп жатқан музей директоры және мәдениет Үйінің директоры _______________________ береміз.
2- жүргізуші:
— Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ___________________ беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/ән ”______________________” орындайтын______________________./

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:
— Әнімен елін жырлаған, қүйімен жырын толғаған Нартай музейіне келдіңіз.
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
— Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/________________________ биі/________________________
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға ауылымыздың өнерлі жастарын шақырамыз.

/ ән __________________________________/
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға бір биші бала шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
2-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл — жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата:
— Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін…
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың? 
Жылан жылы:
— Тарих қойнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жаңа жыл (жылқы):
— Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан бауырым! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
— Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? 
Жаңа жыл (жылқы жылы):
— Дәл өзімін.
Жылан жылы:
— Айналайын келші, жалыңнан бір иіскейін. Ал, құлыншақ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл (жылқы):
— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
— Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар… 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
2-жүргізуші:Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті ағайын және балалар! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Хош сау болыңыздар!

Сценарийді дайындаған: М.Аймаханов

Н.Нақыпов

Музыкалық көркемдеуші : Р.Смайлов

Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!

Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? .
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

Аяз ата:
— Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін…
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың? 
Аяз ата:
— Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? 
Аяз ата:
Болар, болар… 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!



-80%

Скачать разработку

Сохранить у себя:

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі. (50.5 KB)

Похожие файлы

  • Эко – квест игра в группе общеразвивающей направленности для детей 6-7 лет Экологический поход по спасению леса.

  • Конспект занятия по математике в подготовительной к школе группе «Страна Математика»

  • Проект в подготовительной к школе группе «Зимние виды спорта»

  • Родительский всеобуч Тема: «Учите детей общаться со сверстниками и взрослыми»

  • Сценарий праздника «Выпускной с веселыми клоунами Анфиской и Ириской»

Вы смотрели

Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, атаулы мереке алдында бәріміз үлкен дайындық жасайтынымыз анық. Бәріміздің асыға күтетін, сүйіп қарсы алатын бірден-бір мерекеміздің көңілді де қызықты өткеніне не жетсін? Ендеше бүгін біз сіздердің назарларыңызға мектептегі 8-11 сыныптар арасында ұйымдастырылатын Жаңа жыл кешіне арналған сценарий ұсынамыз. Ал сіздер керемет кешті еске алып қарайтын естеліктер сыйлайтын фотографтар мен бейнекамераға түсіретін мамандарды іздестіре беріңіздер!

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. (Жүргізушілердің суырып салу қабілеті болғаны дұрыс)

Жігіт:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жігіт: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
 

Қыз: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде — әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Жылқы жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры … ортаға шақырамыз! (7 минут)

Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. …. орындауындағы … (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар!

Ән орындалады (4 минут)

Жігіт: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Жылқы жылын

Ұзатып сап Жыланды!

Қыз: Жылқы – қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. 

Жігіт: Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.

Қыз: Ұшып жүру үшін де
Жаралған бұл мүсін бе?!
Сезімталы осы мал
Төрт түліктің ішінде.

Сақтаған ғой ол бұрын
Батырлардың ғұмырын.
Жер түбінен естиді
Жау мен жылқы дүбірін. 

Қайран жылқы!
Бұл әлі —
Қасиеттің бұлағы.
Тұяғымен естиді,
Естімесе құлағы! 

Жігіт: Оларға да керегі
Жылы лебіз дер едім.
Кім бар, кім жоқ артында
Бұрылмай-ақ көреді. 

Керек сенің еліңе,
Құлын байла желіге.
Кірпияз да талғампаз
Суың менен жеміңе. 

Тұлпар болар бір құлын
Неге татыр
Біл құнын!
Үлкен жүрек жоқ малда
Жүрегіндей жылқының!

Ән: «Жаңа Жыл»

Жігіт: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Жылан жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. (2013 жылғы мектептің жетістіктері баяндалады) (8 минут)

Қыз: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар. 

Жігіт: Ендеше барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет би алаңына шақырамыз!

Жалпы би (10 минут)

Жігіт: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады)
Қыз: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 
(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)
Жігіт: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Қыз: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
(Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырып, мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).

Жігіт: Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.

Қыз: Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды.

Жігіт: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.

Қыз: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға 8 сыныптың жас таланттарын шақырамыз!

Жігіт: Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы — халық биі Қара жорға қарсы алыңыздар!

«Қара жорға» биі (Барлық сыныптар қосыла)

Жігіт: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, — деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 9 сынып оқушысы … микрофон ұсынамыз!

Ән: Мерекелік ән орындалады

Қыз: Ақынбыз асау — біз деген,

Өмірден сәуле іздеген.

Қызыл көйлек кигенім,

Қызылға құмар қыз деген, — деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпағы, асылдың сынықтарының қаламынан туған жырын жалғастырар 10 сынып оқушыларының өз арнау жыр-шумақтарына кезек берейік!

Өлеңдер оқылады

Жігіт: Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай, — демекші мектеп өмірінен театрландырылған қойылым! (11 сынып, «Менің мектебім»)

Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.

(Аяз Ата өз сыйлығын береді)

Жігіт: Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!
Ән орындалады

Қыз: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

Жігіт: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек. 
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Қыз: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча

Жігіт: Ендеше келесі ойынымыз «Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту» деп аталады. 

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

Жігіт: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2014 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.

Ән қойылып, би билейді. (Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)

Жігіт: Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы … ал Ханзадасы … Қане, қошемет білдірейік.
Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Қош келдің, Жаңа жыл! (жаңа жылдық ұстаздарға арналған шара)


  • Сценарилер
  • Kuralai
  • 18.03.2016
  • 0
  • 1
  • 17694

№17  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп

Дайындаған: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Жаекешова Куралай Сатбекқызы

Мақсаты: Жаңа жылда жақсы жетістіктерге, алға  қойған  мақсаттарға  жету.

Әдісі: Мерекелік  концерт,сахналық көріністер.

Жаңа жылдық сценари жүргізіп дайындаған: Куралай Сатбекқызы

Армысыздар ардақты ағайын,ұлағатты ұстаздар, менің әріптестерім бүгін баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңізбен шын  жүректен құттықтаймын.

Жаңа  жыл! Жаңа  күн! Жаңа  өмір  бұл  күн  тіршіліктің барлық  иелеріне  жаңа  үміт,қуаныш,ерекше  махаббат  сыйлайды. Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын. Мерекелік  кештің  қуанышқа  толы  көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Жаңа  жыл құтты болсын!

Ендеше ———  орындауындағы осы бір тамаша ән жаңа жылдық тарту ретінде­ өздеріңізге арналады қабыл алыңыздар! (рахмет )

Құрметті жамағат «жақсы сөз, жарым ырыс» — деп дана қазақ айтқандай жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім  ордасының білікті басшысына  құттықтау  сөз  кезегін береміз.

Рахмет …….

Осы кешті  ұйымдастырып, әріптестерімізбен ақылдасып, кешті қызықты да көңілді өткізу үшін, үш топқа бөлініп сайыс ретінде өткіземіз деп  шешкенбіз, мұнда ешқандай жеңімпаз  болмайды, дегенменде кешті қызықты да  көңілді  өткізу өз қолымызда, ендеше сайысымызды бастаймыз іске сәт…………….!

Сайысымызды бастамас бұрын аяз ата мен ақшақарды бәріміз бірге ортаға шақырайық, оларда бізбен бірге кешті тамашаласын!

Ендеше  әріміз бірге Аяз ата ……………Ақша қар……………

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңдар! (осы кезде аяз ата мен ақшақар келеді)

Қош келдіңіз Аяз ата, Ақша қар біздің әріптестерімізбен бірге дайындаған сайысымыз бар соны бізбен тамашалауға шақырамыз. Ендеше  орындарыңызға жайғасыңыздар кешті бізбен бірге тамаша да қызықты өткізіңіздер.

Енді сайысымызды бастайық  …… бәріңізге сәттілік тілеймін!

1-ші сайыс өз өнерлерін көрсету( 1-2-3  топтар )

Тамаша келесі сайысымызға дайындалып отырайық. Ендігі кезекті жаңа жылдық құттықтау сөзге кезек берейік ортаға өзінің жаңа жылдық тілегін айтуға ——————  шақырамыз. (рахмет апай)

Олай болса кешіміз ары қарай жалғасын табады бәріміз ортаға биге…….

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын!  Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған әріптестерім мәңгі жанымда болсын. Әріптестер мереке құтты болсын, дастарханымыз мол болсын, көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын!  Сайысымызды  жалғастырамыз…..

Енді келесі сайысымыз пародия 1-2-3  топтар……….

Тамаша қыздар өнерлеріңе баршамыз таң қалып отырмыз рахмет сіздерге.

Тағыда құттықтауға сөз кезегін берейік ортаға мектеп директорының оқу ісі орынбасары мен тәрбие ісі орынбасарын шақырамын (рахмет  апайлар)

Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл айтып, әр жерден келген өнерпаздардың арасында да табаны жерге тимей билейтін бишілеріміз  бар  екен. Ендеше келесі сайыс би өнерімен ортаға.1-2-3 топтар……

Рахмет қыздар,  тамаша би өнерлерің өрге жүзсін….

Әнімізде сәнімізде жарасқан, тілегімізде, жүрегімізде бір болған әріптестерім, өздеріңізді жаңа жылмен құттықтауға асығып отырған

  ————————— құттықтау сөз беріп, ортаға шақырайық.

Тілегіңізге көп рахмет бәріміз ортаға биге…………..

Енді келесі сайыс әр топ дайындап келген ойындарын ойнатып  өтсін. 1-2-3 топтар…..

Рахмет барлығыңызға.

Кәсіподақ ұйымының төрайымын тамаша тілегімен ортаға шақырайық. Рахмет тілегіңізге ……

Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз ортаға баріміз биге……………..

Биіктерге құлаш сермейді

Шарықтап көкке өрлейді

Өтседе қанша ғасырлар

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,-деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болға  ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, кезекті ән  сайысына береміз ортаға 1-2-3  топтар…….

Тағыда тамаша бір құттықтау сөзге кезек берейік ортаға ……………..

Тілегіңізге рахмет кешіміз әрі қарай жалғасын табады ортаға бәріміз биге…………………….

 Тағы да баршамызға жаңа жыл құтты болсын!

Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңызбен тілектеріңізге қосылып, сіздерге алдағы  жылда денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз үстем болып, күш-қуаттарыңыз таусылмасын, қанаттарыңыз талмасын деп тілек тілеп,  өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа  жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік.  Жылымыз тек бәрімізге қуаныш әкелсін.

Әрі қарай жаңа жылдық сайысты жалғастырайық, жаңа жылдық киім үлгісімен әр топ ортаға……….

Рахмет баршаңызға…………

Алдағы жыл  тек игі жақсылықтармен, ырыс-берекесімен,  мол қуаныштармен төрімізден орын  алсын!-дей  келе тағы да құттықтау сөзге  кезек берейік………………………..

Рахмет тілегіңізге…………………….

Жаңа жыл мерекесімен баршаңызды тағы  құттықтаймын. Сіздерге отбастарыңызға тыныштық, өмір жолында ақ жол тілеймін. Қазақ халқы аман болсын!  Бәріміз ортаға биге………………………..

Рахмет орнымызға жайғасайық………………………

Сайысымызды жалғастырамыз ұлттық билерден сайыс……..  топтар ортаға…………….

Рахмет…………………….

Манадан сайысымызды тамашалап отырған аяз атамен ақшақарға сөз кезегін береміз өз тілектерін айтып өтсе…..

Рахмет сіздерге  …………………

Осы кешімізді сайысымызды барымызша жақсы етіп өткіздік деп ойлаймыз, баршаңыздың көңілдеріңізден шыққан болар, осы сайысымызды мектеп басшысы қорытындылап өтсе…………….

Жылыстаған жылдарме  жылжып есен-сау жүре берейік!  Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! Жылымыз ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың  жылы болғай!  Аялы арманыңыз орындалып, жүректер жылудан айырылмасын!  Қош аман сау болыңыздар! Бәріміз биге………………………………………..


Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір — біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Картинки по запросу жаңа жыл

Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары

Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.

Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізушілер киімдері: Жаңа жылдық Ханшайым мен Ханзада.(Ханшайым -бастауыш сынып оқушысы, Ханзада -жоғарғы сынып оқушысы)

1-жүргізуші:

Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұcтаздар!

Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер! Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық!

(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді. Балалармен ертегі кейіпкерлері сиқыршы, гномдар, ескі жыл мешін кіреді.)

2-жүргізуші: «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Сіз де қош келдіңіз, Доңыз жылы! Сіздің биылғы жылыңыз да құтты болды.

Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңызға ризасыз ба?

Доңыз жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды. Ең қуанышты күн- «Тәуелсіздіктің 29 жылдық» мерейтойын атап өту болды. Тәуелсіздік жасасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Алға, Қазақстан!

1-жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Садуов Жайнарбек Шаймарданұлына береміз.

2-жүргізуші: Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу – жыр әні.

Мынау әсем шыршаға,

Қош келдіңіз балалар!

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз: «Біз бір — бірімізбен доспыз!». Олай болса бәріміз «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтайық. (Бұл әнді 11- сынып оқушысы Қалижанұлы Арман орындайды. Қалған оқушылар бірге би билейді.)

— Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып ЖАҢА ЖЫЛ» әнін айтайық.

(Гномдар балалардың шыршаны айналуын ұйымдастырады).

— Балалар шырша тойына гномдар, сиқыршы да келіпті. (Сахна төріне шығып)

гном: Армысыздар, Халайық!

2- гном: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріңізге орын жетті ме?

1- гном: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз! Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.

2- гном: Бүгінгі мерекемізді көңілді өткізейік! Жарай ма!

1- гном: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.. (Шыршаны айналып ән айту.Орысша, қазақша жаңа жыл жырын әндету).

Ән аяқталған соң, гномдар ортаға шығып жаңа жылдық әуенмен балаларға қимылдарын бірге қайталауды өтініп, флешмоп билейді.

1-жүргізуші:

— Өзінің сиқырлы күшімен талайды достастырып, жамандықты жақсылықпен жеңе білген, ол кім, балалар? (хормен «сиқыршы» деп айта білулері керек)

— Сіз, бізге көмектесіңізші, біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?

Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар! Қолымнан келгенінше көмектесейін. Сиқырлы таяғымен сиқырлайды. (музыка ойналады)

Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді. Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.

АЯЗАТА:- Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс. Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.

Қасқыр: — Жарайды, Аяз ата сіздің айтқаныңызды тыңдайын.

Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.

АЯЗАТА: — Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба?

— Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.

Түлкі: — Айтқаныңыз болсын.

Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.

АЯЗАТА: — Амансыздар ма балалар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар сізді асыға күтіп отыр.

АЯЗАТА:

— Балалар! Мен орман ішінде келе жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар ма?

— Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды Ақ-ша- қар3)

Сиқыршы – Мен көмектесейін! Қалай ойлайсыздар?! (Сиқырлы таяқшасымен сиқырлайды. Сиқырлы әуен ойналады).

Әсем әуен ойналып Ақшақар кіреді.

АҚШАҚАР:

— Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз атамнан адасып қалдым.

— Рахмет сиқыршы! Рахмет!

1-жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата тағына отырады).

АҚШАҚАР:

— Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой, менің билегім келіп тұр.

Иә, бұл 1 — сыныптың балалары. «АҚШАҚАРЛАР» биін қарсы алыңыздар!

Би соңында Ақшақар қар жауғызады.

2-жүргізуші:

– Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды – дегендей, мектеп алды даярлық тобының құттықтауын қабыл алыңыздар. (Өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп орындайды)

1-жүргізуші:

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе, 2- сыныптың оқушыларының құттықтауларын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын — жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр. 3 — сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық!Ән: «Жаңа жыл!»

АЯЗАТА:

— Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне менің кішкене көмекшілерім қайда екен? …

Аяз ата балалармен Гномдар биін билейді. Би: «Гноми — гном»

Бұл балалар 5- сынып оқушылары, сыйлығыңызды берсеңіз.

— Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы!

( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).

Ойындар:

1-ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы 

5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.  

2-ойын: Жаңажылдық сайыс

 Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.

3-ойын: Сыйлықтарға толы қорап.

Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойылған. Оны әдемі лентамен байлап, «Мерекеңізбен» деп жазу жазылған. Ал ішіне кәмпитті толтырып салу. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қою. Алдайтын адам сыйлықты көріп, бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі. Үлкен сыйлыққа кенеледі.

«Шыршаны безендір» сайысы

Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде қыздар ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ұлдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.   

т.б ойындар ойнатуға болады.

Доңыз жылы – Ой балалар, менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды! Сендермен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Менің жылымда сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім бар.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.

2017 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстаным!

Келесі жыл бастауын тауыққа беремін.

Сау болыңыздар! /Доңыз жылы қоштасып, шығып кетеді./

Барлығы: Қош бол, доңыз жылы, қош бол!

1-жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.

Лоторея ойнату.

Сағат соғылып, әсем әуен ойналады.

Есік қағылып Жаңа жыл « тышқан» кіреді.

Тышқан жылы:

Армысыздар балалар,

Бармысыздар халайық!

Жаңа жылда жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық!

Жақсылыққа бағыт алған,

Тауықпын мен Жаңа жыл!

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл.

Жаңа жылдың мерекесін,

Мерекеге жалғаймын!

Елде, жерде, табиғатта,

Бақыт жолды қолдаймын!

2-жүргізуші : — Қонысыңыз құтты болсын Тышқан жылы.

Қонарсыз төрімізге ырыс болып.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!

АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп — көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!

(Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)

2 — жүргізуші: Міне, жаңа 2020-да келді. Ал 2020 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс — құтымыз арылмасын!

1 — жүргізуші: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

Келесі жаңа жылда кездескенше аман — сау болайық!

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

1-Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар!  «Құлыншақ» және «Шұғыла» тобынының балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

2-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Ұлмерей: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!

Жасұлан: Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Раяна: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Інжу:   Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.

Екі шеңбер болып, шыршаны айналып, көңілді әуенге билеу.

Хор:   «Елочка»

1-Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.

Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

Мұстафа: Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер

Аягөз: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған

Әділжан:  Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?

Ақтілек:  Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

2Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр.

Көңілді әуенмен. Сиқыршы келеді.

1-Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Сиқыршы! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол!

Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге, шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін.

Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді, шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлейміз. (Балалар үрлейді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.

Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.

Қоян мен қасқыр келеді. Қап, бәлем музыкасымен.Қоянның қолында құмыра болады.Аяз атаның киімін киеді,.ал, қасқыр ақшақар киімін киеді.

2.Жүргізуші: Балалар, бұл кейіпкерлер қай мульфильмнен? Естерімізге түсірейікші.
Қоян: Салеметсіздерме балалар!.Жаңа жылдарың құтты болсын!.Жаңа сендердің балалабақшаларыңа келе жатқан да мына құмыраны тауып алдым.(Екеуі таласады).

Құмыраны жерге түсіріп алады.

Ішінен мыстан кемпір шығады.
Мыстан:
Мен шықтымау ақыры, мына қараңғы жерден. Мені сиқыршы сиқырлап тастап еді.

Мына шыршаның әдемісін ай.Үйіме алып кетсем бе екен.

Сиқыршы:Мыстан, енді сені қазір тағы да сиқырлап тастаймын.Балалардың мерекесіне кедергі келтірме.Одан да біз бен бірге жаңа жылды қарсы, ал, балалардың өнерін тамашала.

Мыстан:Менің бір шартым бар, мен сендерге жұмбақ айтамын жауабын тапсаңдар мен де қаламын, ал егер таба алмасаңдар шырша менікі.

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)
  2. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.( аяз)

Жұмбақ шешіледі.Мыстан кемпір қалады.

1-жүргізуші:Балалар, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?.

Сиқыршы: .Мүмкін, адасып кеткен шығар.Біз Аяз атаны іздеп келейік.

Қоян,  қасқыр, Сиқыршы кетеді.

2-жүргізуші.Мыстан әже, сізбен бірге, балалар ойын ойнағысы келіп отыр.Қалай қарайсыз!.

Ойын: «Байпақ». 2ойыншы 2 сыңарды бөліп алады, біреуі оң, екіншісі сол аяғынікін киеді, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет (балалар, ата аналармен).

Мыстан: Неткен күшті, ақылды балалар, сендер шаршамадыңдар ма?, мен  шаршадым, мен енді қайтайын, жақсы тілегін айтып кетеді.

1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2-жүргізуші:
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Бишілерге кезек береміз.

Би:  «Ай мен жұлдыздар

1-Жүргізуші:Балалар, Аяз атаны шақырайықшы мүмкін естіп қалар.

Балалар: Аяз ата-3 рет

Аяз Ата мен Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).Орманда адасып жүр едік.Мына жұлдыздар мен айдың жарығының көмегімен сендер жіберген қоян мен қасқырдың арқасында сендерге де жеттік ау.
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар:Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Ит  жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.

Хор: «Аяз ата»

Арша: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл,
Ата-әже, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл.

Қонысбек: Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың

Надежда: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.

Маңдайлы: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.

Ән: «Шыршаға бардық»  Арша, Жансель

2-Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

Би: «Аққала»

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Әмина: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарап жылыстап.

Нұрсая: Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.

Санжар: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

Данияр: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.

Ақшақар: Қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер!Енді балалар ата-аналарымызбен ойын ойнап серігіп алайық.

Ойын:   «Қырықаяқ»      

Ойын шарты:5 бала 5 анасы шығады.  2 топқа бөлініп ойнайды

Аяз ата: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Сиқыршы сиқырлап тастамадыма екен! Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме!

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1-жүргізуші: Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық  Ит жылын
Ұзатып сап Тауықты
Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды  қошеметпен қарсы алайық!

Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Ит» , «Тауық» кіреді)

Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!.

2-жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.

Құрметті достар!  Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық.  (тауық кетеді).                                                                                                                                                                      

Ит: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.

Мен Жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
— Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жылы сөздер жазылған жүрекшелер шашылады),

1-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың -ендігі кезекті, балалардың тақпақтарына берейік.

Томирис: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Айнара: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.

Дарын: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз.

Бағдат:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға

Жансель:Аяз келді,  қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты

Мейіржан: Жапалақтап ақшақар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Інжу Н:Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Хор: «Жаңа жыл»

Сыйлықтар таратылады

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім!  (таратып береді).  Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.

Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар.

1-жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды.  Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа 2018 жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт, қуаныш нұры жаусын!.

2-жүргізуші: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.

Бірге: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Дереккөз: Sabaqtar.kz

Ұқсас материал:

  1. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  2. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  3. Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты. (сценарий)
  4. «Кош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік сценарий
  5. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  6. «Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылға арналған сценарий

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жыл т?рбиешісі бай?ауы сценарий
  • Жыл м??алімі бай?ауы сценарий
  • Жыл басына талас?ан хайуанаттар ертегісі сценарий
  • Жыл ?здіктері сценарий
  • Жыл ?здігі 2021 сценарий