Зейнеткерлікке шы?уымен ??тты?тау сценарий

Құрметті қонақтар, мектеп ұжымы! Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және…

Құрметті қонақтар, мектеп ұжымы! Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу. Бүгінгі кейіпкеріміз, біздер үшін Аққала орта мектебіне еңбегін сіңірген бастауыш сынып мұғалімі, құрметті ұстаз, қадірлі де асыл ана, бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Қансұлу Жұмабайқызының дара жолына арналған кешімізге қош келдіңіздер!

— Қансұлу Жұмабайқызын құрметпен ортаға шақырамыз.

— Қансұлу апай, қош келдіңіз, Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Сіз осы ұстаздық жолды таңдадыңыз. Ұстаздық, мұғалімдік, бұл — ең қиын әрі қызықты мамандық. Осы мамандықты таңдау сыры туралы айтып берсеңіз.

— Отбасыңыз жайлы қысқаша мәлімет бере аласыз ба?
(бұл жерде отбасы туралы слайдтар жүріп тұрады)
Жақсы апай, осы жерде әңгімеміз әдемі ойысып келе жатыр, сізге арнап, осы жердегі көрермендерге арнап бір ән тыңдайық, содан кейін әңгімемізді жалғастырамыз.

— Сіз де шәкірт болып мектеп табалдырығын аттадыңыз.
— Сіздің сыныптасыңыз Айқын Нұрманқызын балалық шақтан естелік айтуға ортаға шақырамыз. Айқын апай қош келдіңіз. Шәкірттік өмірлеріңізден әңгімелеп берсеңіздер.
(осы жерде балалық шақтан, оқушылық кездегі фотолардан слайдтар)
Шәкірттеріңіздің құттықтауын қабыл алыңыз. (5 сынып оқушылары)

— Осы мектепке алғаш келген жылдарыңыз туралы айтып берсеңіз.

— Өзіңізбен бірге осы мектепте жұмыс жасаған ұстаздардың ұстазы Күнжамила апай, Күлима апай, арамызда қонақта отырған көшбасшы ұстаздардың бірі, өзіндік дара жолы бар, 20 жылдан астам уақыт мектеп директоры қызметін атқарған Нажімеден ағай, бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастаған замандастарыңыз Ғалия Қарымсаққызы, Гүлжан Айтуғанқызы, Нағима Жексенқызы ортамызда отыр. Осы қонақтарымыздан бір естелік сұрайық.
— Сіздерге сұрақ, Осыдан 30 жыл бұрын — Қансұлу Жұмабайқызы қандай мұғалім еді?
(осы жерде артта жас кездегі ұстаздық жолдан фотослайдтар жүргізіледі)

— Сіздің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бағыт — бағдар беру жолындағы еңбегіңіз ұшан теңіз деп білеміз. Сіздің осы көп жылдық қызметіңізде есіңізде сақталып қалған шәкіртіңіз бар ма? Болса әңгімелеп берсеңіз. (шәкірттерімен түскен фотосуреттерден слайдтар)

— Бүгінде сіздің сол оқушыларыңыз түрлі мамандық иесі атанып отыр. Сіздің алдыңыздан өткен шәкірттеріңіздің бірқатары ұстаздық жолын таңдап, еңбек етуде. Сізді бүгін құттықтауға келіп отырған сол шәкірттеріңіздің бірі, бүгінгі күні осы білім ошағын басқарып отырған басшы Нұртас Оразұлы. Өзіңіздің алдыңыздан шәкірт болып өтіп, көп жылдар өзіңізбен бір ұжымда ұстаздық етіп жүрген шәкіртіңіз Гүлнафис Маратқызы және бүгінде өнер саласында еңбек етіп жүрген шәкіртіңіз Рафаэль Демеуұлы. Бүгінгі сіздің дара жолыңызға арналған кештің келесі сөз кезегін осы шәкірттеріңізге берсек. Қош келдіңіздер!
(болса алыста жүрген шәкірттерінен құттықтау видеоролигі)
(Шақырылған қонақтар ортаға шығып сөз сөйлегеннен кейін, Рафаэльден жеке орындауда өлең сұрау)

— Апайға арналған дара жолды жасап жатырмыз. Көп әңгімелер айтылды. Ұстаз, құрбы ретіндегі Қансұлу апайдың ең басты қасиетін атап өтсеңіздер деп ортаға Бастауыш сынып бірлестігін шақырамыз.

— Бүгінгі салған дара жолы жайлы айтылған ұстаз Қансұлу Жұмабайқызының құрметіне шәкіттері 9 сынып оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар.

P. S
Апай, Сізге қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз бар. Соларға қысқа нұсқа жауап берсеңіз.
1. Сіз ашуланасыз ба? Қандай сәттерде?
2. Ұстаздық ұстанымыңыз…
3. Бүгінгі таңда сіз бағындырған белес?
4. Қандай жағдайлар сізді өкпелетеді?
5. Сіздің мінезіңіз қандай?
6. Кімге сыр айтасыз?
7. Мұғалімнің бойында қандай қасиет басым болу керек?
8. Болашаққа деген сеніміңіз?
9. Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді?
10. Бастауыштың керегесі, босағасы, тұтқасы неде деп ойлайсыз?
11. Бүгінгі кеш көңіліңізден шықты ма?
Рахмет апай! Бұл көп жылдар бастауыш сынып мұғалімі боп ұстаздық еңбек еткен Қансұлу Жұмабайқызының дара жолы болатын. Өмірде әркімнің өз жолы бар, алайда оны дара ету әркімнің өз қолында деп кешті аяқтағым келеді.

Зейнетке шығумен құттықтау тілектер
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр — ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші — кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай — сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы — Отанда, ұл — қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын — туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу — күлкісіне, ұл — қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Аққала орта мектебі
Тақырыбы: «Дара жол»
Бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Қансұлу Жұмабайқызының зейнеткерлік жасқа толуына орай мектеп ұжымы, мектеп оқушылары, зейнеткер ұстаздардың қатынасуымен кездесу кеші
Дайындаған: Г. Есқайырова



Зейнеткерлікке шығарып салу сценарий

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,

Бірақ қимыл әлі жастай шымырақ.

Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі

Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен тер мен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ кішікәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…

Жаратқанның нұры сізде көктеген.

Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,

Көңілдеген көкркем кейіп көкдөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты

болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің

зейнетін көріп, ауырмайсырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы атам

деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін

ұлассын!

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет!

Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған

шаттыққа, отбасыОтанда, ұлқыздардың ортасында балқыған бақытқа

толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе,

1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған

мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз!

Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайынтуыстың құрметіне, қосағыңыздың

үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шукүлкісіне, ұл

қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне

бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Жүргізуші:

СізҰстазсыз,барша жан ардақтайтын,

Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек,төккен тер жемістерін,

Көретін кезде келді ұлықтайтындемекші сахнаға бүгінгі кештің себепкері

Омар Сүйіндік Рысқұлұлын сіздердің қошеметтеріңізбен шақырамыз.

(кештің иесі Омар Сүйіндік Рысқұлұлын көрерменмен қарсы алу)

Жүргізуші:

( Құрманғазының күйі «Алатау» орындалып тұрады).

Адамөз өмірінің сәулетшісі.Даралар да,қаралар да,даналар да қонақ болып

өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды.Оның мәнді де

сәнді,мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне

байланысты.Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан

ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.

(Өмір дерек).

Атақты педагогғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандықбұл

адамтану, адамның күрделі де,қызықты,шым шытырығы мол рухани жан

дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнерол

даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше

баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы

жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз:

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой.

Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын

арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай Алатау батыр өңіріне

белгілі, жақсы азаматтардың бірі –ардагер ана,ұлағатты ұстаз Ақжар Мария

Хожамұратқызы.

“Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы” деген сөз тегін айтылмаған.

Әкеден – ақыл, шешеден мейір көріп өскен Сүйіндік Рысқұлұлы бойындағы

асыл қасиеттерінің бәрін оның тектілігінен іздеген жөн шығар.

Кішкентайынан білім мен өнерге,спортқа қатысып жоғары шыңнан көрінген

тұлға.

Омар Сүйіндік Рысқұлұлын 1952 жылдың 10 маусымында Өзбекстан

Республикасының Сырдария облысында дүниеге келген.Алғаш мектеп

табалдырығын 1959 жылы ОҚО,Мақтаарал ауданы Ушинский атындағы

орта мектептен бастады.1969 жылы Николай Островксий атындағы орта

мектепті аяқтап 1970 жылы Сырдария қаласындағы Сырдария Мемлекеттік

Инстетутының «ағылшын тілі» кфедрасына түсіп,1975 жылы бітіріп

«ағылшын тілі» мамандығына ие болады.Сол жылы Оңтүстік Қазақстан

облысы, Шардара ауданына қарасты «Сүткент» совхозындағы Лермонтов

атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін бастады.1976 жылы Шардара

қаласындағы кәсіптіктехникалық училищесінде 2 жыл ағылшын тілі

мұғалімі болып жұмыс атқарды.1978 жылы Шардара ауданы, «Целиный»

совхозына қоныс аударып бастауыш комсомол комитетінің хатшысы болып

қызмет атқарды.1982 жылдан бастап осы уақытқа дейін қазіргі С.Каттабеков

атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып келді.

Қазіргі таңға дейін С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебінде жас

ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі

үлгісімен, жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық

жұмысымен, заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып

мектебімізде жас бүлдіршіндерге сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде

қоғамымыздың ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік

жүгі де салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі ол өзі

үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Мектептегі бірлестік

жұмысының дамуына үлес қосушы, жаңа істердің жаршысы болып жүретін

ағамыз осы жылдар аралығында мұғалімдігімен қоса әкімшілік қызметін де

алып жүріп, мектеп ұжымына да жол көрсете білді.

Омар Сүйіндік Рысқұлұлы негізгі оқыту бағыты – ұлттық педагогиканы

оқушы бойына сіңдіру болатын. Осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие

сағаттары, атааналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен

көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті

ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен

Сүйіндік ағамыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек

соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол

кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып

бір әлем. Бізде, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем

тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық

алғанымызды мақтаныш етеміз.

Тумасынан еңбексүйгіш те белсенді Сүйіндік Рысқұлұлы шығармашылық

жұмыспен қатар, мектеп өмірінде болып жататын түрлі мерекелік шараларға,

өнер сайыстарына ақылшы, әділқазы ретінде жиі қатысып отырады.Жас

мамандарға өзінің кесімді пікірлерімен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісіп

отыратыны көпшілікке мәлім.

Оның бойындағы “ақырын жүріп, анық басатын” байсалдылығы, жусаннан

аласа, бетегеден биік кішіпейілдігі, құйса толмайтын, толса аспайтын

парасаттылығы, зерделілігі, еңбекқорлығы, зияткерлігі ұлы Абай бабамыз

айтқандай, тамаша бес қасиеті жайлы да көп айтуға болады.

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлімтәрбие

беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағытбағдар

беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде

ерекшеленеді.

Тұрмыс! Тұрмыс ол отбасы.Отбасы ол шағын мемлекет. Омар Сүйіндік

Рысқұлұлы тағдыр қосқан қосағы да өсіпөнген елдің қызы Байбосынова

Саламат апамызбен 40 жылдай отасып,3 ұл 2 қызды тәрбиелеп,ұлын

ұяға,қызын қияға қондырды.

Жұбайы Байбосынова Саламат 1952 жылы 25 мамырда Ташкент облысында

дүниеге келген.1975 жылы Өзбекстан Республикасы Сырдария қаласындағы

Сырдария Мемлекеттік Инстетутын үздік аяқтап,ағылшын тілі пәнінің

мұғалімі мамандығын алып шықты.Шардара ауданы,Целинный совхозында

15 жылға жуық «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып,

содан зейнеткерлікке шыққанға дейін С.Кәттебеков атындағы жалпы орта

мекте

Саламат апамыз екеуі үш ұл,екі қыз тәрбиелеп өсірді.Тұңғыш баласы

Умаров Ербол Сүйіндікұлы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік

университетін аяқтап қазіргі таңда Шардара қалалық кәсіптіктехникалық

колледжде мұғалімшебер қызметін атқарады.

2015 жылы мамыр айында колледж мұғалімдері арасында өткен облыстық

байқауда жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Екінші перзенті Умарова Сұлушаш Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік

Университеттің «Аударма ісі» факультетін «Үздік дипломмен»

аяқтап,Шымкент қаласындағы АймақтықИнновациялық Университетінің

«екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап С.Кәттебеков

атындағы жалпы орта мектебінде «ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» болып

қызмет атқаруда.

Үшінші перзенті Умаров Сапархан Шымкент қаласындағы М.Әуезов

атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Құқықтану» факультетінің

орыс бөлімін «Үздік дипломмен» аяқтап,Алматы қаласындағы аэроұтқыр

бөлімшесінде әскер қатарында әскери борышын өтеп келгеннен соң Астана

қаласындағы Қаржы полициясы Академиясында оқытушы,аға оқытушы

қызметін атқарды.2013 жылы ҚРның Президенті жанындағы Мемлекеттік

Басқару Академиясын Сот төрелігі Инстетутын «Үздік» аяқтап,ҚРның

Президентінің 2014 жылдың 17 маусымындағы жарлығымен Шардара

аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Төртінші перзенті Умаров Ерлан Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетін

аяқтап,еңбек жолын Астана қаласындағы Қаржы полициясы Академиясында

инспектор болып бастады.Қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы Еуразия

Мемлекеттік Университетінің ІІкурс магистранты.

Ең кенже қызы Умарова Фариза Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Ғылыми биология» факультетін

аяқтап,қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы АймақтықИнновациялық

Университетінің «Биология» мамандығы бойынша магистратурасында өз

білімін жалғастыруда.Сондайақ қазіргі таңда С.Кәттебеков атындағы жалпы

орта мектепте биология пәні мұғалімі қызметін атқаруда.

Ел игілігі жолында атқарған еңбегі елеусіз қалған жоқ.Бірнеше

аудандық, облыстық «Алғыс хаттардың» иегері.

«Учительметодист» дипломы, «Білім беру ісінің үздігі» медалінің

иегері.

Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу өте

маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір

сүрген адамның мақтанышты көңілкүйіне толы болса да, оның жұмыс

ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді.

Сонымен қатар, бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды

жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады.

Сондықтан да бір қыз,бес бала,бес келіннің, он үш немеренің анасы жаны

жайсаң педагог апамызды зейнеткерлікке шыққан мерейтойымен шын

жүректен құттықтап, өмір жасыңыз ұзақтығын, бақытының баяндылығын

тілейміз.

Жүргізуші:

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең

білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз,

сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл ұстаз, аяулы аға

ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай

ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке

басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен

қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес досжаран үшін де зор мақтаныш,

абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Қадірлі Сүйіндік Рысқұлұлы ! Сізге осындай мерейлі күні шын

көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт

тілейміз.

Жүргізуші:

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.

Бүгінгі салтанатты кешті ашып беру үшін мектеп директоры Кәттебеков

Нүркен Сырбекұлын сахна төріне қошеметпен шақырамыз.

(марапаттау рәсімі өтіледі).

Мерекелік ән шашу.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

Мектеп директоры: Ж.Дуанаев

«Ардақты ұстаз, асыл әке » атты зейнеткерлікке
шығарып салу кешінің сценарийі

Физика пәнінің мұғалімі

Кунафина А.К.

Беріктас ауылы, 2016 жыл

«Ардақты ұстаз, асыл әке » атты зейнеткерлікке
шығарып салу кешінің сценарийі

2.Жүргізуші Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Шамиль ағай келеді ортамызға,,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! ! -дей отырып, шыбығынан
көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек
тұлға, Ахметжанов Шамиль ағайды тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты
жиынның төріне шақырамыз.

(Шамиль ағаны алып келіп, сахна төріне отырғызады)
1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ахметжанов Шамиль Омарович
«Ардақты әке,асыл ата!» атты зейнеткерлікке жету
салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Еңбегімен ел алдында сыйланған,

Ағай десе тартылады сый балдан.

Мерейтоймен құттықтайды қуана,

Мектебіңіз, мына отырған жиналған.

1-жүргізуші:

Ән: « Әке» орындайтын Бота

Алия апай, Нұршат апай сөздері. «Сайына қарай саласы, әкесіне
қарай баласы» деген сөз тегін айтылмаған. Әкеден — ақыл, шешеден
мейір көріп өскен Шамиль Омарұлы бойындағы асыл қасиеттерінің бәрін
оның тектілігінен іздеген жөн шығар.

Кішкентайынан білім мен өнерге,спортқа қатысып жоғары шыңнан
көрінген тұлға.

Қазіргі таңға дейін Беріктас орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы
білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен,
жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен,
заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде жас
бүлдіршіндерге сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың
ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де
салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі — ол өзі
үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Осы бағытта өткізген
сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары
өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген
қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы
асудың ұшар басына алқынбай жеткен Шамиль ағамыздың өткен өмір
жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын
шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы
— адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы
кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша
еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды
мақтаныш етеміз.

2.жүргізуші. Шамиль ағаны рухани байлығы , ең
алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады.
Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы
мен жігерлілігі бар тұлға — бүгін біздің ортамызда,
ертеңгі-зейнеткер.

1.Жүргізуші: Күн нұрындай шашылған

Кеудесінен ерек нұр,

Шамиль ағай асыл жан.

Құрмет артқан әскери ұстазымыз.

Жарқыраған аспанда,

Дәл өзіндей жұлдыздың,

Жол сілтеген асқарға

Ұстазымыз бұл біздің, — деп алғашқы құттықтау сөзді
мектебіміздің директоры Дуанаев Жақан Ноғайбаевичқа береміз.

2.жүргізуші. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.дей келе ендігі жерде әнге кезек
береміз. Ән «сарбаздар » орындайтын 8 сынып оқушылары .

1.жүргізуші. Әдептілік іздеп салдар себебін,

Дейді олар әр жүрекке егемін.

Әріптестері көп мұнда,

Аямайтын адамдардан көмегін-деп ортаға Шамиль ағаның барлық
әріптестерін шақырамыз.

2 .жүргізуші Көңілдірге дем беріп сыйымыз бен,

Жарасамыз әсем ән биіміз бен,

8 ші сынып қыздары өнерлерін,

Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.

8 сынып қыздарыңыздың өзіңізге арнаған әсем әні мен биін қабыл
алыңыз.

Жүргізуші. Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,

Арнадым еңбегімді мектебіме,

44 жыл өтіпті ғой ұжымдастар,

Осы мектепте қызмет еткеніме.

деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі
кешіміздің кейіпкері Шамил ағамызға сөз кезегін береміз.

2. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,

Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.

Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,

Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.

Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,

Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,

Шаттық күнде көңіліміз марқайып,

Деп тілейік болсын ылғи амандық.

Құрметті ақылы дария, шежірелі қария — Шамиль аға тағы да
мерейлі мерекеңіз құтты болсын!

Отбасыңызға береке — бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің
алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дей келе, құрметті
қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып«Ардақты әке,асыл ата!»
атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды
білдіреміз.

Сценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салуСценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салуСценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салу

Сценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салу

Презентация на тему: » Зейнеткерлік жасыңызбен!. Туманова Сара Мусиновна Арнаулы пән оқытушысы Оқытушы туралы жалпы мағлұмат. Туған күні, айы, жылы 2 тамыз 1960 жыл Білімі:» — Транскрипт:



1


Зейнеткерлік жасыңызбен!


2


Туманова Сара Мусиновна Арнаулы пән оқытушысы Оқытушы туралы жалпы мағлұмат. Туған күні, айы, жилы 2 тамыз 1960 жил Білімі: Жоғары Мамандығы : Жоғары кәсіби білімді кәсіптік оқыту. Жұмыс өтілі 38 жил Педагогикалық өтілі 35 жил


3



4


Еленді еңбек қуанышты бәріміз, Зейнет жоспен құлпырады сәніңіз. Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз, Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.


5



6



7


Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген… Жаратқанның нұры сізде көктеген. Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін, Көңіл денег көркем кейіп көк дөнен.


8


*** Талай күндер төккен термин өткен күн, Қуаныштың нәрі көктен степкин күн. Талай жилдар тағылымы толысып, Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн. ***


9



10



11



12


Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын!


13



14



15



16



17



18



19



20



21



22



23



24



25



26



27



28


,,,,


29



30



31


Сара Мусақызына арналған кеш


32



33



34



35



36



37



38


Зейнеткерлік жасыңызбен!



Подборка по базе: Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінікт, Айдағы жасырынбақ.docx, 2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар, чек лист№28 Жасыл химияның 12 принципін атау және оны түсіндіру., Доклад _Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу _.docx, Физиология п_ні бойынша емтихан с_ра_тары Жасыл жб Смело белгиле, 8c Айдағы жасырынбақ.docx1.docx, Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы э, бала жасы кезеңдері.pptx, кызыл жасыл.docx


«Шығармашылық кеш» зейнет жасы

Жүргізуші:  Бүгін бізде үлкен мереке. М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының директоры Оспанбеков Сапарғали Исатұлының зейнетке шығу мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстазымызға  арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Бүгінгі кешіміздің басты кейіпкері Оспанбеков Сапарғали Исатұлын ортаға қошеметпен шақырайық!

Ақырын  жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған Сапарғали Исатұлы мерекеңіз құтты болсын!
Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көреміз, арнаймыз сізге бейнебаянды.

(бейнебаян)

Еңбегімен ел алдында сыйланған,

Ағай десе тартылады сый балдан.

Мерейтоймен құттықтайды қуана,

Басшыңыз да мына отырған жиында.
Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Кадырбек Ержан Ізтайұлы құттықтауы
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

(Ақмаралдың әні)

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің кәсіподақ төрағасы

Әбішев Дәулет Мырзалыұлы

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сізді де одан адам болып жаралдың.

(В.А.Севрюкова құттықтау сөзі)

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

(құттықтау папкасы)

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сізге арналады, – дей отырып, ________________________ әсем әнді қабыл алыңыз.

(Перизаттың әні)
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мінекей Сапарғали Исатұлының жан дүниесін түсіне білген замандас, құрбы-құрдастарын ізгі тілектерімен ортаға шақырамыз.
(Құралай мектебінің ұжымы)

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын деп, әсем әнді қабыл алыңыздар.

(Руслан әні)

Спасибо Вам, что столько долгих лет

Трудились Вы, не покладая рук —

И вот теперь в наш сумасшедший век

У Вас есть время посмотреть вокруг,

Полюбоваться радужной каймой

После дождя на небе голубом

Вместо того, чтоб в сумерках домой

Спешить покушать и забыться сном,

Избавиться от будничных проблем

И жить не торопясь, не впопыхах,

Нагрянуть в гости наконец ко всем,

Ведь только в Ваших всё теперь руках!
Всего хорошего тебе

От всего сердца мы желаем

И с тем, что пенсия пришла,

Тебя сегодня поздравляем!

Выход на пенсию — странный момент:
Вроде бы радостно, вроде нет.
Но лишь одно мы хотим Вам сказать:
Право имеете Вы отдыхать.

Пусть ваша жизнь наполняется смыслом,
Песнями, радостью и оптимизмом.
Помните, пенсия не приговор.
Пусть нанесут вам подарков, цветов.

Вы еще в полном расцвете всех сил
И вводите в ступор красотой мужчин.
Тактичные, красивые вы очень собой,
Влюбляете искренней, доброй душой.

Вопрос: Зейнетақы жасынан кейн жұмысты жалғастыру мүмкін бе?

Ответ: 

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.

Қазақстан Республикасың әр азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар (1-тармақ, 2-бап).

Заңының 4-баптың 5-тармағына сәйкес мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi.

11-бап бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалған:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

  1. ерлердің – 50 жасқа толғанда;
  2. әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

5 (бес) және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

12-бап бойынша мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі арқылы есептелінеді.

14-бапқа байланысты еңбек өтілін 2 жолмен расталады:

1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

2. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.

Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (16-бап).

Мысалы: Жалақы айлық табысыңыз 2016 жылға 86 961 тенгеден аспау керек.

86 961 = 41 Х 2 121;

2 121 – 2016 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіш.

17-бапта зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi келтірілген:

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi.

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.

Және 18-бапта зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері бекітілген:

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері – жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.

3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті.

4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» белгіленген мақсаттары мен міндеттерi:

      1. Азаматтардың еңбекке құқықтары мен еркiндiктерiне мемлекеттiк кепiлдiк орнату, қолайлы еңбек жағдайын жасау, қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау еңбек заңдарының мақсаттары болып табылады. 
      2. Еңбек заңдарының негiзгi мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң, мемлекет мүдделерінің барынша үйлесiмдi болуына жету үшiн қажеттi құқықтық жағдайлар туғызу, сондай-ақ еңбек қатынастарын, оның iшiнде олармен тiкелей байланысты еңбектi ұйымдастыру мен еңбектi басқару тiкелей осы жұмыс берушiде қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру әлеуметтiк әрiптестiк, ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасау; жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң еңбек саласындағы материалдық жауапкершiлiгi; еңбек заңдарының сақталуын қадағалау мен бақылау; еңбек дауларын шешу жөнiндегi қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

30-бапта еңбек шартының мерзімі сипатталған;

      1. Еңбек шарты:

1) белгіленбеген мерзімге;

2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.

Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.

Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.

Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды.

Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі;

3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;

5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;

6) жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.

3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның басшысы айқындайтын мерзімге жасалады.

4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңдарында, тараптардың құрылтай құжаттарында немесе келісімінде белгіленген мерзімге және тәртіппен жасасады.

Егер заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы жаңа басшыны не сол адамның өзін сайлау (лауазымға тағайындау, бекіту) туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге, егер көрсетілген шешімде ұзартудың өзге мерзімі айқындалмаған болса, ұзартылады.

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағынасәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 52 баптың 24 тармағы бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған.

Қортындылап келгенде мекеменің бастығы, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкермен, оның өнімділігін және жоғары кәсіптік біліктілік деңгейін ескере отырып, еңбек шарты бойынша жыл сайын жаңартылып отыруы мүмкін.

Уважаемые пользователи! Информация в ответе соответствует нормам законодательства Республики Казахстан, действовавшим на момент (дату) публикации.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Зейнетке шы?арып салу кеші сценарий
  • Зейнетке шы?арып салу ?стазды сценарий
  • Зейнетке шы?ару кеші сценарий
  • Зейнет жас сценарий
  • Здравствуйте это мы сценарий концерта