Зейнетке шы?ару кеші сценарий

Жүргізуші:  Бүгін бізде үлкен мереке. М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының директоры Оспанбеков Сапарғали Исатұлының зейнетке шығу мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстазымызға  арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Бүгінгі кешіміздің басты кейіпкері Оспанбеков Сапарғали Исатұлын ортаға қошеметпен шақырайық!

Подборка по базе: Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінікт, Айдағы жасырынбақ.docx, 2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар, чек лист№28 Жасыл химияның 12 принципін атау және оны түсіндіру., Доклад _Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу _.docx, Физиология п_ні бойынша емтихан с_ра_тары Жасыл жб Смело белгиле, 8c Айдағы жасырынбақ.docx1.docx, Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы э, бала жасы кезеңдері.pptx, кызыл жасыл.docx


«Шығармашылық кеш» зейнет жасы

Жүргізуші:  Бүгін бізде үлкен мереке. М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының директоры Оспанбеков Сапарғали Исатұлының зейнетке шығу мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстазымызға  арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Бүгінгі кешіміздің басты кейіпкері Оспанбеков Сапарғали Исатұлын ортаға қошеметпен шақырайық!

Ақырын  жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған Сапарғали Исатұлы мерекеңіз құтты болсын!
Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көреміз, арнаймыз сізге бейнебаянды.

(бейнебаян)

Еңбегімен ел алдында сыйланған,

Ағай десе тартылады сый балдан.

Мерейтоймен құттықтайды қуана,

Басшыңыз да мына отырған жиында.
Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Кадырбек Ержан Ізтайұлы құттықтауы
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

(Ақмаралдың әні)

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің кәсіподақ төрағасы

Әбішев Дәулет Мырзалыұлы

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сізді де одан адам болып жаралдың.

(В.А.Севрюкова құттықтау сөзі)

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

(құттықтау папкасы)

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сізге арналады, – дей отырып, ________________________ әсем әнді қабыл алыңыз.

(Перизаттың әні)
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мінекей Сапарғали Исатұлының жан дүниесін түсіне білген замандас, құрбы-құрдастарын ізгі тілектерімен ортаға шақырамыз.
(Құралай мектебінің ұжымы)

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын деп, әсем әнді қабыл алыңыздар.

(Руслан әні)

Спасибо Вам, что столько долгих лет

Трудились Вы, не покладая рук —

И вот теперь в наш сумасшедший век

У Вас есть время посмотреть вокруг,

Полюбоваться радужной каймой

После дождя на небе голубом

Вместо того, чтоб в сумерках домой

Спешить покушать и забыться сном,

Избавиться от будничных проблем

И жить не торопясь, не впопыхах,

Нагрянуть в гости наконец ко всем,

Ведь только в Ваших всё теперь руках!
Всего хорошего тебе

От всего сердца мы желаем

И с тем, что пенсия пришла,

Тебя сегодня поздравляем!

Выход на пенсию — странный момент:
Вроде бы радостно, вроде нет.
Но лишь одно мы хотим Вам сказать:
Право имеете Вы отдыхать.

Пусть ваша жизнь наполняется смыслом,
Песнями, радостью и оптимизмом.
Помните, пенсия не приговор.
Пусть нанесут вам подарков, цветов.

Вы еще в полном расцвете всех сил
И вводите в ступор красотой мужчин.
Тактичные, красивые вы очень собой,
Влюбляете искренней, доброй душой.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

Мектеп директоры: Ж.Дуанаев

«Ардақты ұстаз, асыл әке » атты зейнеткерлікке
шығарып салу кешінің сценарийі

Физика пәнінің мұғалімі

Кунафина А.К.

Беріктас ауылы, 2016 жыл

«Ардақты ұстаз, асыл әке » атты зейнеткерлікке
шығарып салу кешінің сценарийі

2.Жүргізуші Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Шамиль ағай келеді ортамызға,,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! ! -дей отырып, шыбығынан
көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек
тұлға, Ахметжанов Шамиль ағайды тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты
жиынның төріне шақырамыз.

(Шамиль ағаны алып келіп, сахна төріне отырғызады)
1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ахметжанов Шамиль Омарович
«Ардақты әке,асыл ата!» атты зейнеткерлікке жету
салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Еңбегімен ел алдында сыйланған,

Ағай десе тартылады сый балдан.

Мерейтоймен құттықтайды қуана,

Мектебіңіз, мына отырған жиналған.

1-жүргізуші:

Ән: « Әке» орындайтын Бота

Алия апай, Нұршат апай сөздері. «Сайына қарай саласы, әкесіне
қарай баласы» деген сөз тегін айтылмаған. Әкеден — ақыл, шешеден
мейір көріп өскен Шамиль Омарұлы бойындағы асыл қасиеттерінің бәрін
оның тектілігінен іздеген жөн шығар.

Кішкентайынан білім мен өнерге,спортқа қатысып жоғары шыңнан
көрінген тұлға.

Қазіргі таңға дейін Беріктас орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы
білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен,
жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен,
заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде жас
бүлдіршіндерге сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың
ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де
салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі — ол өзі
үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Осы бағытта өткізген
сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары
өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген
қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы
асудың ұшар басына алқынбай жеткен Шамиль ағамыздың өткен өмір
жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын
шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы
— адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы
кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша
еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды
мақтаныш етеміз.

2.жүргізуші. Шамиль ағаны рухани байлығы , ең
алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады.
Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы
мен жігерлілігі бар тұлға — бүгін біздің ортамызда,
ертеңгі-зейнеткер.

1.Жүргізуші: Күн нұрындай шашылған

Кеудесінен ерек нұр,

Шамиль ағай асыл жан.

Құрмет артқан әскери ұстазымыз.

Жарқыраған аспанда,

Дәл өзіндей жұлдыздың,

Жол сілтеген асқарға

Ұстазымыз бұл біздің, — деп алғашқы құттықтау сөзді
мектебіміздің директоры Дуанаев Жақан Ноғайбаевичқа береміз.

2.жүргізуші. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.дей келе ендігі жерде әнге кезек
береміз. Ән «сарбаздар » орындайтын 8 сынып оқушылары .

1.жүргізуші. Әдептілік іздеп салдар себебін,

Дейді олар әр жүрекке егемін.

Әріптестері көп мұнда,

Аямайтын адамдардан көмегін-деп ортаға Шамиль ағаның барлық
әріптестерін шақырамыз.

2 .жүргізуші Көңілдірге дем беріп сыйымыз бен,

Жарасамыз әсем ән биіміз бен,

8 ші сынып қыздары өнерлерін,

Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.

8 сынып қыздарыңыздың өзіңізге арнаған әсем әні мен биін қабыл
алыңыз.

Жүргізуші. Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,

Арнадым еңбегімді мектебіме,

44 жыл өтіпті ғой ұжымдастар,

Осы мектепте қызмет еткеніме.

деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі
кешіміздің кейіпкері Шамил ағамызға сөз кезегін береміз.

2. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,

Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.

Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,

Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.

Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,

Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,

Шаттық күнде көңіліміз марқайып,

Деп тілейік болсын ылғи амандық.

Құрметті ақылы дария, шежірелі қария — Шамиль аға тағы да
мерейлі мерекеңіз құтты болсын!

Отбасыңызға береке — бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің
алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дей келе, құрметті
қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып«Ардақты әке,асыл ата!»
атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды
білдіреміз.

Сценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салуСценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салуСценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салу

Сценарий Ардақты ұстаз, асыл әке зейнеткерлікке шығарып салу

Файл қосу

Ардақты ана, асыл өже атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі

<< Ардақты ана, асыл өже >> атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі Мектеп акт залы талапқа сай безендірілген. Шарлар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің тәрбиеші көмекшісі Тілепбергенова Рахима әпкейдің
<<Ардақты ана,асыл әже!>> атты зейнеткерлікке шығарып салу кешіне қош келдіңіздер!
2.Жүргізуші Еңбегімен ел алдында сыйланған,
Апай десе тартылады сый балдан.
Мерейтоймен құттықтайды қуана,
Ұжымдасың, мына отырған жиналған! -дей отырып, шыбығынан көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек тұлға, Тілепбергенова Рахима апайымызды тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты жиынның төріне шақырамыз.
1-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Рахима апай келеді ортамызға,,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(Рахима апайды алып келіп, сахна төріне отырғызады)
2.жүргізуші. Тілепбергенова Рахима апкейдің рухани байлығы , ең алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар тұлға — бүгін біздің ортамызда, ертеңгі-зейнеткер.
1.Жүргізуші: Күн нұрындай шашылған
Кеудесінен ерек нұр,
Гүлзира апкей асыл жан.
Құрмет артқан директор.
Жарқыраған аспанда,
Дәл өзіндей жұлдыздың,
Жол сілтеген асқарға
Ұстазымыз бұл біздің, — деп алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Тойшыманова Гүлзира Жақсыбекқызына береміз.
2.жүргізуші. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.дей келе ендігі жерде әнге кезек береміз. Ән…………Орындайтын………………
1.Жүргізуші. Рахима апай еш алаңсыз тынықсын,
Өткенінен өнегелі сыр ұқсын.
Кәсіподақ төрайымы сөз алып,
Жақсы сөзбен жаныңызды жылытсын, деп кәсіподақ төрайымы Кашкеева Айгүлге сөз кезегін береміз.
Ән — шашу.
Жүргізуші. Жақсы тілек тілектермен келісіп,
Жетсек дейді телқоңырдай тебісіп.
Зейнеткердің жолын бізге бергей деп,
Қуанышын завучтар тұр бөлісіп, дей келе ендігі сөз кезегі мектебіміздің оқу — ісі жөніндегі орынбасары Сарсекова Бақыт апкей мен тәрбие — ісі жөніндегі орынбасары Ақшалова Манат апкейге беріледі.
Көрініс . <<Бір күнгі еңбек>>.
1.жүргізуші. Әдептілік іздеп салдар себебін,
Дейді олар әр жүрекке егемін.
Тәрбиеші көмекшісі көп мұнда,
Аямайтын адамдардан көмегін.
Ортаға Тәр көм атынан Малина,Сара,Гүлдар,Айсұлу,Сәттікүл,Бота апкейлерді шақырамыз.
2 .жүргізуші Көңілдірге дем беріп сыйымыз бен,
Жарасамыз әсем ән биіміз бен,
5 ші топ қыздары өнерлерін,
Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.
Кішкентай қыздарыңыздың өзіңізге арнаған әсем әні мен биін қабыл алыңыз.
1 .жүргізуші: Нұрлы болсын өмірдегі жолымыз,
Тілек айттық қуанышқа толы біз.
Тәрбиеші апайлардың тілегі,
Ең сүйікті апайымыз болыңыз, — деп ортада
5 ші топ тәрбиешілері Гүлмира,Бағдат Айгүл Салтанаттар өз тілектерін арнайды.
Ән — шашу.
Жүргізуші. Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,
Арнадым еңбегімді мектебіме,
—— жыл өтіпті ғой ұжымдастар,
Осы мектепте қызмет еткеніме.
деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Рахима апайымызға сөз кезегін береміз.
Хор. Тәрбиеші көмекшілерінің орындауында <<Ана>> туралы ән.
2. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,
Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.
Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,
Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.
Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,
Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,
Шаттық күнде көңіліміз марқайып,
Деп тілейік болсын ылғи амандық.
Құрметті ақылы дария, шежірелі қария — Рахима апай, тағы да мерейлі мерекеңіз құтты болсын!
Отбасыңызға береке — бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дей келе, құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып<<Ардақты ана,асыл әже!>> атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Ұқсас жұмыстар

Балаға мейірім сыйла қайырымдылық кешінің сценарииі
Бастауышым балбұлағым жайлы ақпарат
Ардақты сөз
Алтыбақан ойын-сауық кеші
Ұстаздарыңыз соған тілекші
Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым ( 7 сынып )
Қызым саған айтам … сырласу кешінің сценарииі
Кел, балалар, оқылық!
Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың
4 сынып «бастауышпен қоштасу»

ÓZGE JAŃALYQTAR

«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Ashý

Júkteý

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий

Ashý

Júkteý

Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017

Ashý

Júkteý

«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы

Ashý

Júkteý


MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY

Baılanys aqparattary:

Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK

Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15

Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX

Telefony:
+7 (7142) 562-428

Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы

image.png

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: фото стенділер, даналық сөздер, безендірулер, слайд, бейнероликтер.

І жүргізуші: Отбасы өнегесін алып өскен ұрпақ болашағына зор сеніммен қарайды.

ІІ жүргізуші: Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді.

І жүргізуші: Міне, бүгінгі мерекелік шарамыздың «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» деп аталуы да үлкен мақтаныш.

ІІ жүргізуші: Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға – ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата – ана.

І жүргізуші: Әрине, ананың ыстық аялы алақаны, әкенің асқар таудай биік тұлғасын, зерделі ой – мақсатын кейінгі ұрпаққа жалғастыру қандай бақыт!

ІІ жүргізуші: Отбасы құндылығын арттыру, берген тәрбиесін бойымызға дарыту, жақсы қасиеттерін үлгі ету перзенттік парызымыз емес пе?

І жүргізуші: Қадірлі де құрметті ата – аналарымыз туралы жүректен шыққан маржан жырларын тарту етіп, ұланғайыр сезім иірімдерін арқау етіп, жырлаған ақын жазушыларымыз аз емес.

Баршаңызды отбасылар мерекесімен құттықтап, өз жүрегінен шыққан «Отбасым – менің бақытым» атты жыр туындысын ала келген 9 сынып оқушысы Халиланы сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

(Өз өлеңін оқиды)

ІІ жүргізуші: Ал енді оқушылар! Отбасы, ата – ана, бала, ата – әже туралы мақал – мәтелдерді еске түсіріп, әркез оларды қастерлеп жүру үшін тренингке кезек берейік. (Оқушылар шеңбер болып тұрып, музыка ырғағымен сиқырлы қорапты бір — біріне ұсынады. Музыка тоқтағанда қорапша кімнің қолында қалса сол оқушы отбасы туралы мақал айтады.)

І жүргізуші: Дүниеде не тең келер анаға,

Туған одан батыр, ғалым, дана да.

Бар өмірін арнайтұғын балаға,

Ата – ананы жырламаққа бола ма? – дей келе жалынды жыр шумақтарымен кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

(Бүлдіршіндер әке, ана, ата – әже туралы өлеңдер оқиды. )

ІІ жүргізуші: О, ата – анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Кезекті оқушыларға береміз.

(оқушылар өз отбасы туралы презентация жасайды)

І жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Өйткені мемлекетіміздің дамуына өркендеп өсіп – өнуіне үлес қосатын болашақ негізі әр отбасының жемісі.

Олай болса, отбасы туралы өз құндылықтарымызды, ой – пікірімізді «Шынын айтсам…» атты тренинг арқылы өрбітейік.

Мен шынын айтсам… Отбасым – маған өте қымбат, өйткені біз мейірімдіміз.

Мен шынын айтсам… Ата – анамды әркез мақтан тұтамын, өйткені мен олардың болашағымын.

Мен шынын айтсам…

Баршаңызды мерекемен құттықтап 2 сынып оқушылары би өнерлерін көрсетеді.

ІІ жүргізуші: — Балалар, енді әр отбасында күн өмір сүреді деп көз алдымызға елестетейік, осы күннің шуағы сөнбес үшін отбасында қандай жақсы қарым – қатынастар болуы қажет деп ойлайсыздар?

(Балалар күн шуақты достық мейірімділік, сыйластық, жылылық, қамқорлық т. б. деп құрастырады)

І жүргізуші: Құрметті мереке қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Отбасы құндылықтарын әркез құрметтейік, әр отбасында сүйіспеншілік, татулық, бірлік болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Здравствуйте уважаемые гости нашего праздника
  • Здравствуйте ребята что веселитесь праздник у вас сегодня
  • Здравствуйте пернатые сценарий
  • Здравствуйте или день приветствий сценарий
  • Здравствуйте завтра какой праздник