Зияткерлік ойын сценарий

Внекласная работа посвященное к Дню языков. Игра-конкурс на знания казахского языка. Внеурочка, 8 класс, Сценарий Зияткерлік ойын

Тақырыбы: «Тіл – халықтың жаны»

Мақсаты: 1.Оқушыларға Қазақ елінің тәуелсіздік жолында жүріп өткен жолдары, қазақ тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. 
2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар,сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.

ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз.
— Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет»деп Ш. Уалиханов, ал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы тек қана білімді жастарда» де атап өткен. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатпен бүгін 8 — сыныптар арасында еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойыны орай «Тіл-халықтың жаны» атты зияткерлік сайыс өткізгелі отырмыз.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – мемлекеттік тіл-қазақ тілін, ана тілімізді ардақтау.

Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.

Сондықтан  ортамызға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр.

ІІ. Негізгі бөлім

 Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныс болайық

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Оразбаева Гүлнұр Мұқанбекқызы

  2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты, тәжірибесі мол ұстазымыз Рахметова Майда Сұлтанқызы

  3. Мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Какенова Мөлдір Айдарқызы
    ——————————

Сайыскерлермен таныстырып өтейін. Сайысқа әр сыныптан қазақ тілін өз деңгейінде жетік меңгерген үш оқушы қатысады. Әр топтың өз атауы бар.

8 «А» сыныбынан құралған «АЛҒЫРЛАР»тобы: Бекембаева Алма, Потошина Яна, Таджиева Дайана

8«Б» сынып оқушыларынан құралған «ТАПҚЫРЛАР» тобы: Олакаеа Шахназ, Воробьев Артем, Островсая Ксения

8 «В» сынып оқушыларынан құралған «ЗЕРЕКТЕР» тобы: Пазылов Ғабит, Закиржанова Диана, Дуйсенов Жангир

Ойын жалпы бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

Бірінші кезең «Кел, танысайық!» деп аталады. Әр топбасшы өз тобын таныстырады.

Бұл кезеңнің ең жоғарғы ұпайы 3 ұпай

(Әр топ басшы өз тобындағы топ мүшелерімен таныстырады)


І топ: Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Балалықты бірге өткізген
«Тапқырлар» тобынан бір сәлем.

ІІ топ: Келешекке үмітпен қарар
Атақ — даңққа бөленер
Сегіз қырлы ойшылдар
«Алғырлар» тобынан бір сәлем

ІІІ топ: 8 «В» сыныбымыз,

Өнерлі біздің тобымыз.

Қазақ тілін меңгерген,

«Зеректер» тобынан бір сәлем!


Бүгінгі зияткерлік ойынымыз еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толған мерейтойына арналғандықтан, тапсырмалар осы тақырып аясында болмақ. Сайыскерлер сендерге сәттілік тілейміз! Өз ойларыңды жинақтап, нақты жауаптар беруге тырысыңдар.

Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңды дәлелдейтін ІІ кезең «Бәйге» сайысын бастаймыз.
Бұл бөлімде қатысушылар қойылған 10 сұраққа тез және нақты жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


ІІ кезең «Бәйге» сайысы


«Алғырлар» тобына сұрақтар:
1. Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін алды?
2. Әнұранның авторлары кімдер?
3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы

4. Ата Заң күні қашан?
5. Жалғауы жоқ септік?
6. Қазақстан Республикасының астанасы

7. Зат есімнің сұрақтары

8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

9. Сөйлем мүшелерін атаңдар.

10. Елбасымыз дүниеге келген елді мекен.


«Тапқырлар» тобына сұрақтар:
1. Астана қай жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілді?

2. Қазақ тіліндегі жалғаулардың саны нешеу?

3. Елбасымыз өз еңбек жолын неден бастаған?

4. Заттың санын білдіретін сөз табы

5. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

6. Қазақ  тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?

7. Мемлекеттік туда бейнеленген құстың аты

8. Шығыс септігінің сұрақтары

9. Елтаңбаның авторлары

10. Қазақстанның мемлекеттік тілі

«Зеректер» тобына сұрақтар:
1. Барыс септігінің жалғаулары

2. Ұлттық валюта қабылданған жыл.

3. Мемлекеттік гимннің авторлары

4. Қазақ тіліндегі сөз таптарының саны

5. Қазақтың ұлы ақыны

6. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

8. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?

9. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

10. Алматы қаласының ең алғашқы атауы.


ІІІ — кезең «ТІЛ ӨНЕРІ» сайысы
— Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсіңдер. Орыс тілі ұлтаралық тіл, ағылшын тілі халықаралық тіл. Көп тіл білу – өмір талабы.Қазір әр топқа 4 жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтың шешуін тауып, оны орыс тілі мен ағылшын тілдеріне аударуларың керек. Топтағы мүшелер бір — біріңе көмектесіп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.


«Алғырлар» тобына жұмбақ жасыру
1. Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. ( мектеп – школа — school)
2. Ұшып — қонып тынбайды,

Суға салсаң батпайды,
Жерге соқсаң сынбайды

Түскен жерге жатпайды. (доп – мяч — ball)
3. Алыстан қарасаң аппақ
Татып көрсең тәтті — ақ (қант – сахар-sugar)
4. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама (кітап – книга -book)


«Тапқырлар» тобына жұмбақ жасыру
1. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (шырша – елка -tree )
2. Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын – мыло — soap)
3. Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз – соль -salt )
4. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (мысық – кошка -cat )


«Зеректер» тобына жұмбақ жасыру
1.
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (тасбақа –черепаха -turtle )

2. Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім – учитель — teacher)

3. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді (ауа – воздух -air )

4. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю – медведь — bear )


IV — кезең «ҰШҚЫР ОЙ» сайысы

Бұл жерде «Қазақстан» сөзі берілген. Осы сөзден 1 минут ішінде бірнеше сөз жасап жазуларың керек. Көп сөз жазған топқа 4 ұпай беріледі.
(жазған сөздерін оқыту және санау)


V — кезең «Даналық сөзден дән ізде» сайысы

Бұл бөлімде тілге қатысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу қажет. Бұл сайыста кім жылдам дұрыс жауабын табады, сол топ ұпайға ие болады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

(Тақтаға мақалдың бірінші жолы жазылған слайдтар шығады).

1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
2. Бал тамған тілден … (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты … (сөз бұзар).
4. Жақсы сөз — … (жарым ырыс)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің … (тілі ортақ).
6. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
7. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
8. Тіл қылыштан … (өткір).
9. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
10. Тілден артық … (қазына жоқ).
11. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі … (ой өсіреді).
12. Жыланның уы тісінде, Адамның уы … (тілінде).
13. Ең ащы да тіл, ең … (тәтті де тіл).
14. Өнер алды — … (қызыл тіл).
15. Айтылған сөз — … (атылған оқ).
16. Жылы-жылы сөйлесең, жылан … (інінен шығады).
17. Басқа пәле — … (тілден).
18. Білім кілті — … (тіл).
19. Тілге құрмет — … (елге құрмет).

 ІІІ. Қорытынды бөлім.

Осымен 5 кезеңнен тұратын «Тіл – халықтың жаны» атты зияткерлік сайысымыз да өз мәресіне жетті. Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын сайыстарымыз көбейе берсін.


Әділ қазыларға сөз беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.

«Зерде»
зияткерлік сайысы

Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың
жан — жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін
шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел,
интерактивті тақта.

Түрі:
Топтық сайыс

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс
орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

2. Кіріспе бөлім.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және
оқушылар!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе — бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады- дей отырып, « Зерде» атты сыныптан тыс зияткерлік
ойынымызды бастаймыз.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік
озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар — 
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы

 Бөлімдермен таныстырып өтейін:

1 кезең — Таныстыру

2 кезең -«Білімді болсаң, бақ
сына?»

3 кезең -«Шым-шытырық сұрақтар»

4 кезең -«Мақал – сөз мәйегі»

5 кезең -«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні»

6 кезең -«Құпия хаттар»

7 кезең «Кім жылдам?»

8 кезең  «Поэзия минуты»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымыздың 1 — бөлімін бастаймыз.

І – кезең: Таныстыру.
Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын,
сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 5 оқушыдан қатысады)

ІІ – кезең: «Білімді болсаң, бақ сына»

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін математикаға берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

-Бұл кезеңде пән бойынша білім деңгейлерін
тексереміз. Яғни математика пәні
бойынша.                    
Алғырлар тобына:

1. 28-19 =9

2.  Алмұрт 9, алма одан 2-еуі кем.
Барлығы неше жеміс? ( 16 )

3. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

4. 2 апта 2  күн неше күнге тең? (16)

5. Сенде барлығы 80 теңге. Оның 25
теңгесіне дәптер, 15 теңгесіне қалам алдың. Сенде қанша теңге қалды? (40)

6. 45+32= 77

7. 1 жұмыртқа 2 минутта тіссе, 3 жұмыртқа
неше минутта піседі? (2 минутта)

Тапқырлар тобына:

  1. 49 — 27=22
  2. Құлпынай 13, шие одан 10-ы артық.
    Барлығы қанша жеміс болды? (36)
  3. 1ц неше кг бар? (100 кг)
  4. 1 сағ 20 минут неше минутқа тең?
    (80минут)
  5. Айнұрда 15 кітап, 12 қалам және 3
    сызғыш бар. Айнұрда барлығы неше құрал бар? (30)
  6. 24+32= 56
  7. Ағашта 12 торғай отыр еді. Аңшы оның
    4-еуін атып алды. Нешеуі қалды? (4)

 Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып

Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

—        
Олай болса, қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді тексерейік. 

Алғырлар тобына:

  1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  2. «Қалам» сөзі қандай дауыстылардан
    құралған? (жуан)
  3. «Аңшылықтың» сөзінде неше буын бар?
    (4 буын)
  4. Еңбек туралы бір мақал айт.
  5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді,
    ата. (2-ге, жуан, жіңішке)
  6. Й қандай дыбыс?

Тапқырлар тобына:

  1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  2. Қ, к, т, с әріптері қандай
    дауыссыздар? (қатаң)
  3. «Қанаттан» сөзінде неше буын бар? (3
    буын)
  4. Оқу, білім туралы мақал айт.
  5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді,
    оларды ата. (3-ке, ұяң, үнді, қатаң)
  6. Мәтіннің неше түрі бар?

3- кезең «Шым-шытырық сұрақтар»

«Алғырлар» тобына:

  1. Жердің пішіні қандай? (дөңгелек, шар
    тәрізді)
  2. Бір жылда неше мезгіл, неше ай бар?
    (4мезгіл, 12 ай бар)
  3. Қойдың төлі (қошақан)
  4. ҚР рәміздерін ата (Ту, Елтаңба,
    Әнұран)
  5. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (Әже)
  6. Тудың түсі қандай? (Көгілдір)
  7. Қасиетті тағам (нан)
  8. Есту мүшесі (құлақ)
  9. Қыстың көркі не? (қар)
  10. 16 – желтоқсан қандай мереке?
    (Тәеулсіздік мерекесі)

«Тапқырлар» тобына

  1. 7 күнді не дейміз? (апта)
  2. Білім ұясы? (мектеп)
  3. Көшет қай мезгілде отырғызылады?
    (көктемде)
  4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42
    әр»п)
  5. Түн ұйқысын төрт бөлген адам
    кім?  (ана)
  6. Екі өркешті жануар (түйе)
  7. Жұлдыздар қай кезде пайда болады? (түнде)
  8. Ақтөс – ит, Марат – кім? (адам)
  9. Жылдың ең соңғы айы не? (желтоқсан)
  10. 1 желтоқсан қандай мереке? (Қр
    Президент күні)

4- кезең «Мақал – сөз мәйегі», мақал-
мәтелдерді жалғастыру

«Алғырлар» тобына:

  1. Өз үйім (Өлең төсегім)
  2. Батыр туса ел ырысы, (Жаңбыр жауса
    жер ырысы)
  3. Асыл – тастан, (Өнер жастан)
  4. Отан (Оттан да ыстық)
  5. Ғылым – теңіз, (Білім – кеме)
  6. «Тапқырлар» тобына
  7. Оқу – инемен (құдық қазғандай)
  8. Өзге елде сұлтан болғанша, (өз еліңде
    ұлтан бол)
  9. Қыз өссе – елдің көркі, (Гүл өссе –
    елдің көркі)
  10. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды
    жығар)
  11. Ананың көңілі – балада, (Баланың
    көңілі — далада)

5- кезең «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні»,
 Мен сендерге ертегі оқимын, сол
ертегінің мазмұнына байланысты бір мақал айтасыңдар.  «Алғырлар» тобына

Алты түлкі

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің
құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:

-«Сенің құйрығың жоқ» — деп келеке қылып,
күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып
қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

— «Біз бір жақсы ойын ойнайық» — деп
түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып
түлкілерге:

— «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді
де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де
шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін
болыпты.  «Күлме досқа – келер басқа»

«Тапқырлар» тобына

Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын
алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан
жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол
ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» — дейді. Сонда
баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге
тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
«Әкеңе не қылсаң, Алдыңа сол келер

6 – кезең «Құпия хаттар»,
яғни хаттардың ішінде ситуациялық сұрақтар берілген. Қане, тығырықтан шығып
көрейік.

«Алғырлар» тобына:

Құрметті достар! Менің көршімнің бір
баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп
ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным
дұрыс па?
«Тапқырлар» тобына

Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.
Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.
Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды
жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Өз ойыңды ашық айтып,

Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

7 – кезең «Кім жылдам?»,
яғни бұл сайыста тақтада жазылған сөздерді қимылмен түсіндіру. Қарсы топ сол
сөздерді шешеді. 1. «Етік, кітап, қалам, тауық, терезе, орындық» 2. «Ауыз,
тамақ, сағат, машина, мұғалім, дәрігер»

8 – кезең «Поэзия минуты», яғни
оқушылар өздерінің жатқа білетін өлеңдерін айтады. Қай топ көп өлең айтса,
ұпайы солай көбейеді. Мәнерлеп, асықпай айту қажет.

Марапаттау кезеңі. Ұпай саны көп топ І
орынды, ұпайы аздау топ ІІ орынды иеленеді. Марапаттау сөз кезегі әділ-қазы
алқасына беріледі.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп — гимназиясы» ММ

Зияткерлік ойын

Тақырыбы: «Білгіштер»

Сынып: 6А,7А

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сейтхан А.С

Қостанай қ, 2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Білгіштер» зияткерлік ойыны
Мақсаты::Білімділік:Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Дүниетанудан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тест тапсырмалары, карточкалар
Техникалық құрал: компьютер
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білгіштер» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойында 6,7 «А» сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.

Көне қалалар бар қиылған суреттер беріледі.иТопқа қиылған суреттерді құрастыру арқылы бөлінеді.( Тараз, Отырар)
Ендеше ойын шартымен таныстырсақ:
Ойынға 8 оқушыдан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 7 турдан тұрады.
І тур.  «Ұшқыр ой»

ІІ тур. «Эрудиттер сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ тур. Логикалық сұрақтар видео

5 тур: «Білгенге маржан»

6 тур «Капитандар сайысы» “бұл сандар не білдіреді”

І тур.  «Ұшқыр ой»
1.Сұрақ : «Алтын адам» қайдан табылды?
Жауабы: Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.

2.Сұрағы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?
Жауабы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде тоғызыншы орында

3.Сұрақ: Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауабы: Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Наурызым, Ақсу –Жабағлы, Барсакелмес, Марқакөл, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай.

4.Сұрақ: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

5.Сұрақ: Қазақ халқы жігіт адамның үш жұрты бар есептеген. Оларды ата.
Жауабы: Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

6.Сұрағы: Тәуелсіздік күні қай күн?
Жауабы: Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

ІІ – тур. Эрудиттер сайысы. Тест тапсырмалары:
1.Елді кім басқарады?
А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.
2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.
4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы.
А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.
5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?
А) Астанада; Ә) Алматыда; Б) Көкшетауда.

ІІІ – тур «Таңдау — табыс» деп аталады. Тақтада суреттер ілулі тұрады. Оның артында сұрақ жасырылған. Берілген сұрақтарға жауап беру керек.

1.Қазақстанның жер көлемі Батыс Европадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай 5 мемлекеттің немесе Ұлыбританиядай 11 мемлекеттің, Жапониядай 17 мемлекеттің жерімен пара-пар. 
Сұрақ: Қазақ жері қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?
Жауап: 2,7миллион шаршы км ( 2724,4 мың шар¬шы км).

2.Бұл қала 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы болған. Бұл қаладан Мадина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Батырхан Шөкенов сынды тагы да басқа атақты адамдар шықты.
Сұрақ: Бұл қай қала?
Жауап: Бұл-Қызылорда.

3.2009 жылы 20 қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы- еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл -ғасырдан ғасырға , атадан балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтік биіктігі 91 метр. 
Сұрақ: Монумент қалай аталады?
Жауап: Бұл монумент «Қазақ елі» деп аталады.

ІҮ тур. Логикалық сұрақтар видео

5 тур: «Білгенге маржан» Өз топтарының атау туралы, яғни қала туралы не біледі сол қала тұралы постер құрастырады

6 тур «Капитандар сайысы»

7 тур “Бұл сандар не білдіреді”

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. 
Бүгінгі зияткерлік сайысқа қатысқан топтарды марапаттасақ.

Пән: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

Сынып: 6

Сайыстың мақсаты:

білімділік: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білім-білік дағдыларын байқау, білімдерін сынау; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту; жан-жақты болуға үйрету;

дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ізденуге тәрбиелеу; жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу; шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: туған тілімізді құрметтеуге шақыру; бірін-бірі тыңдай білуге үйрету; мәдениеттілікке баулу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд шоу, ойын таблосы, тетікшелер, жауап парақтары, плакат, шарлар.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Мектебіміздің 6 сынып оқушыларының арасында өткелі тұрған «Дарындылар додасы» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін»— деп қадап айтқан болатын. Болашақта еліміздің бақ жұлдызын жағатын, ел тізгінін қолға алар ұл-қыздарымыз бүгін міне сіздердің алдарыңызда сайысып, өз білімдерін сынамақшы. Ендеше іске сәт дейік! Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі ойынымызды бағалайтын қара қылды қақ жарған әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1. Оқу ісінің меңгерушісі Уақбаева А. Т.

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Кисина М. А.

3. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалықова Э. Т.

4. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Алибаева З. С.
Мұғалім:

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа.

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына…- демекші, «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», ендеше сайыскерлеріміз де сәлемдесіп, өздерін қысқаша таныстырып өтсе. Бірінші кезек Гүлжазира өзіңде.

Таныстыру. Оқушылар өздерің таныстырып, өздері жайлы қысқаша мәлімет береді.

Сайыскерлер:

1. Алпысбай Гүлжазира

2. Әбіш Әділхан

3. Мадеева Дана

4. Абдрасулов Темірлан

5. Уақбаева Дана

6. Темірғалы Жанайдар

2. Негізгі кезең

Мұғалім: Сайыскерлерімізбен таныс болдық, енді сайысымызға көшейік. Додамыз 5 кезеңнен тұрады.

  • І кезең — «Бәйге»

  • ІІ кезең — «Тіл-өнер»

  • ІІІ кезең — «Ғажайып алаң»

  • IV кезең — «Сөзмерген»

  • V кезең — «Жорға»

Әр сайыстың шартымен ойын барысында таныстыратын боламыз. Ал әзірге І кезең «Бәйгенің» шарттарын түсіндіріп өтейін. Сайыскерлердің барлығына ортақ қазақ тілі және әдебиет бойынша 15 сұрақ оқылады. Әр сұрақтың төрт нұсқасы бар.Оқушылар дұрыс жауабын алдарына таратылған жауап парағына белгілейді. Болған соң қағаздар жинап алынып, әділ қазыларға беріледі. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі. Сұрақ бір рет қана оқылады, сондықтан мұқият тыңдаңдар!

Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар сіздерге әділдікті,

Ал сендерге сәттілік тілейікші,- дей отыра, егер сайыскерлеріміз дайын болса, бастайық!

І кезең — «Бәйге»

«Бәйге» кезеңінің сұрақтары

1. Cөз таптарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
1. лексика
2. фонетика

3. морфология
4. синтаксис

2. “Адамдық борышың” атты өлеңнің авторы кім?
1. Абай
2. Шәкәрім
3. Мағжан
4. Сұлтанмахмұт

3. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
1. 7
2. 8
3. 9
4. 10

4. Еламан, тентек Шодыр, Курнос Иван, Мөңке қай шығарманың кейіпкерлері?

1. Ә. Нұрпейісов “Балықшылар”
2. Б. Момышұлы “Жауынгердің тұлғасы”
3. Ғ. Мүсірепов “Жапон балладасы”
4. Ш. Мұртаза “Тұтқын бала”

5. Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы арқылы танылатын құбылыс, ұғым атаулары:
1. деректі зат есім
2. қатыстық зат есім
3. сапалық зат есім

4. дерексіз зат есім
6. “Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың…” Үзінді кімнің қай өлеңінен алынған?
1. М. Жұмабаев “Қазақ тілі”
2. І. Жансүгіров “Анам тілі”
3. М. Мақатаев “Үш бақытым”
4. С. Торайғыров “Мен — қазақ”

7. Қазақ тілінде сан есімнің қанша мағыналық түрі бар?
1. 7
2. 6
3. 5
4. 4

8. М. Мақатаевтың “Анау – аспан, мынау — бақ” өлеңінде қай мезгіл суреттеледі?
1. жаз
2. көктем
3. қыс
4. күз

9. “Орынбасар” сөздер деп қай сөз табына қатысты айтылады?
1. үстеу
2. етістік
3. есімдік
4. шылау

10. Ш. Мұртазаның “Тұтқын бала” шығармасындағы басты кейіпкер кім?
1. Қожаберген
2. Тұрар Рысқұлов
3. Қайрат Рысқұлбеков
4. Еламан

11. Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға қатынасын білдіретін етістіктің ерекше категориясы:
1. етіс
2. тұйық етістік
3. есімше
4. көсемше

12. Алғашында “Өзім туралы повесть” деп аталған Б.Соқпақбаевтың әйгілі шығармасы:
1. “Менің атым — Қожа”
2. “Балалық шаққа саяхат”
3. “Бұлақ”
4. “Дала жұлдызы”

13. “Әкел” сөзі күрделі сөздің қай түріне жатады?:
1. қысқарған сөз
2. тіркескен сөз
3. кіріккен сөз
4. қос сөз

14. Ғ. Мүсіреповтің “Жапон балладасында” ненің әңгімесі жоқ?
1. Көздің әңгімесі
2. Арқаның әңгімесі
3. Тастың әңгімесі

4. Қолдың әңгімесі

15. “Қанмен жазылған кітаптың” авторы, жауынгер жазушы кім?
1. Ә. Сәрсенбаев
2. Б. Бұлқышев
3. Б. Момышұлы
4. Қ. Аманжолов

Мұғалім: Осымен І кезең аяқталды. Әділ қазылар алқасы ұпайларыңды есептегенше, біз сіздермен ІІ кезеңге көшейік. Ескерте кететін жайт: бұл кезеңнен кейін ұпайы аз 1 сайыскермен қоштасуымызға тура келеді. Екінші кезең «Тіл-өнер» деп аталады. Бұл кезеңде сендерге мақал-мәтелдер оқылады. Олардың ішінде бір сөз түсіріліп айтылады. Сол сөзді тауып, орысша баламасын айту керексіңдер. Сөзді тапқан болсаңдар — 5 ұпай, аудармасы үшін — тағы 5 ұпай аласыңдар. Тетікті мақал соңына шейін оқылғаннан кейін барып қана басуға болады. Егер тетікті басқан сайыскер дұрыс жауап бере алмаса, тетікті келесі болып басқан оқушының жауап беру мүмкіндігі бар. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық!

ІІ кезең — «Тіл-өнер»

1. … тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады (Тіл — язык)

2. Айтылған … атылған оқпен тең (Сөз — слово)

3. … көтермегенді тіл көтереді (Піл — тіл)

4. … қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ (Шебердің — мастер)

5. …жұрттың тілін біл,

… түрлі ілім біл (Жеті -семь)

6. Ине … сынады,

Шешен сөзінен сынады (Көзінен — глаза)

7. … кеспек болса да, тіл кеспек жоқ (Бас — голова)

8. Су атасы – бұлақ,

Сөз атасы — … (Құлақ — ухо)

9. Сөз … өтеді,

Таяқ еттен өтеді (Сүйектен — кость)

10. … ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (Тоқсан — девяносто)

Мұғалім: Сонымен бұл кезеңіміз де аяқталды. Бәрекелді, орыс тілін жақсы біледі екенсіңдер. Бірақ қанша тілді білсеңдер де өз ана тілдеріңді ұмытпағайсыңдар!

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білу бірақ заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Әділ қазылар алқасының есебі бойынша (…) бүгінгі сайысымызды осы жерден тоқтатады. (…), сен ойынымыздың атынан мақтау қағазымен және кішігірім естелік сыймен марапатталасың. Ойындағы бәйгеден жеңілсең де, өмір бәйгесінен жеңілме! Ал біз келесі кезеңге көшеміз. Келесі кезең «Ғажайып алаң» деп аталады. Себебі сендердің назарларыңа сиқырлы ұяшықтар бар алаң ұсынылады. Әр ұяшықтың астында бір сұрақтан жасырылған. Төрт тақырыпша бойынша берілген бұл сұрақтар ұяшық санына қарай күрделеніп отырады. Ұяшық таңдау құқығы ұпай саны жоғары сайыскерімізге беріледі.Ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берген оқушы сол ұяшыққа сәйкес ұпайға ие болады және келесі ұяшықты таңдайды. Ал егер жауап бере алмаса, басқа ойыншыларымыздың жауап берулеріне мүмкіндік бар. Бұл сайыстан кейін тағы да 2 ойыншымен қош айтысамыз. Дайын болсаңдар, «Ғажайыптар алаңына» көшейік! Сонымен, (…) , ұяшық таңдау құқығы өзіңде. ІІІ кезең — «Ғажайып алаң»

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ – 20: Қазақ әліпбиін құрастырған алаш азаматы, ұлт зиялысы кім? (А. Байтұрсынов)

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ – 30: Хиросима қаласындағы атом зұлматының зардаптары жайлы жазылған қазақ әдебиетіндегі көркем әрі әсерлі шығарманы ата. Оның авторы кім?

(Ғ. Мүсірепов «Жапон балладасы»)

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ – 40:

Жарылқады Тәңірім,

Жайнады ел, өңірім.

Жарлыларды бай қылдым,

Төрт түлігін сай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Көңілдерін тоқ қылдым…”Үзінді қай жырдан алынған? Жырдың авторы кім? («Күлтегін», авторы — Йолығтегін)

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – 20: VII-VIII ғ.ғ. Араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына таралған дәстүр. Бұл рәсім ер бала 5, 7 немесе 9 жасқа келгенде орындалады. Аталмыш дәстүр мұсылмандықтың белгісі болып есептеледі. Қандай дәстүр жайлы сөз болып отыр? (Сүндет той)

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – 30: Сүтақы дегеніміз не? (ұзатылып бара жатқан қалыңдықтың анасына арнайы берілетін сый)

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – 40: Дүниеге келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-тойдың ең алғашқысы. Бірнеше үйде қазан асылып, ауылдың үлкен-кішісі түгелдей дәм татып, ет жеп, сорпа ішеді. Бұл дәстүр іле-шала шілдеханаға ұласады. Бұл қандай дәстүр? (Жарыс қазан)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 20: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

(1992 жыл маусым)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 30: Жаңа Әнұранымыздың сөзін және әнін жазған кімдер? (сөзі — Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, әні — Ш. Қалдаяқов)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 40: Жаңа елордамыз – Астананың ресми тұсаукесер тойы қашан өткізілді? (1998 жыл 10 маусым)

ТҰЛҒАЛАР – 20: 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген ақиық ақын. Шын есімі – Мұхаметқали. 2000 жылы “Аманат” атты жыр жинағына Мемлекеттік сыйлық беріліп, “Ғасыр ақыны” атанған. Ол кім? (Мұқағали Мақатаев)

ТҰЛҒАЛАР – 30: 1941 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – металлург. Ел ісіне ертеден араласа бастап, 44 жасында Үкімет төрағасы болып сайланған. 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздегі ең жоғарғы лауазымға ие болған. Ол кім? (Н. Ә. Назарбаев)

ТҰЛҒАЛАР – 40: Шыққан тегі – Тобықты руы. Әкесі болыс, аға сұлтан болған. Болашақ данышпан Ахмет-Риза медресесінде білім алған.Ұлы тұлғаның 1995 жылы 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Ол кім? (Абай Құнанбаев)

Мұғалім: Осымен бұл кезең де өте шықты. Әділ қазылар, бұл кезеңде кімдермен қоштасуға мәжбүрміз? (2 оқушы ойыннан шығады). (…), (…), сендер бүгін жақсы ойын көрсеттіңдер. Бүгін жеңіс шыңына жетпегенмен, алда сендерді талай шыңдар күтіп тұр, сол шыңдарды бағындыра беріңдер! Ал біз келесі кезеңге аяқ басайық. IV кезең — «Сөзмерген». Сайыскерлерімізге алдын-ала «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты тақырып берілген болатын. Осы тақырып аясында ой толғап, сөз жарыстырады. Оқушыларымыз тақырыпты толық ашып, нысананы дәл тауып, өздерінің қаншалықты мерген екендерін көрсетулері тиіс. Сайыскерлердің дайындалуына 3 минут уақыт беріледі. Бірінші болып ұпайы жоғары ойыншы бастайды, ал қалған 2 ойыншы сайыс әділ болу үшін, бір-бірінің ойын қайталамас үшін сыртта күте тұрады. Ең жоғарғы ұпай — 10. Сонымен, «түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық», — деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай, сайыскерлеріміздің тіл байлығын тексеріп көрейік. Ойыншыларымыз әзір болғанға дейін, кезекті «Сергіту сәтіне» береміз.

«Сергіту сәті». (Интербелсенді тақтадан туған ел жайлы «Қазақстан» атты презентация көрсетіледі).

Мұғалім: Сайыскерлеріміз дайын болса, бірінші мергенімізді ортаға шақырайық. Нысананы көздеп көрсін!

ІV- кезең. «Сөзмерген». (3 ойыншы өз ойларын ортаға салады)

Мұғалім: Жарайсыңдар! Әділ қазылар алқасы қандай ұпай береді екен? Қай сайыскеріміз ойынды осы жерден тоқтатады? (1 оқушы сайыстан шығады).

(…), сенімен қоштасамыз. Бүгінгі сайыста сен өз біліміңді өте жақсы көрсеттің. Алда сені талай жеңістер күтіп тұр деген сенімдеміз. Дарындылардың ортасынан табылып, болашақта ел үмітін ақтайтын азамат бол! Бүгінгі ойынымызда ерекше қабілетіңмен көзге түсіп, ІІІ орынға ие болдың! Құттықтаймыз!

Ал біз соңғы кезеңге де келіп жеттік. Соңғы кезең «Жорға» деп аталады. Бұл кезеңде әр ойыншыға 20 сұрақ оқылады. 1 минуттың ішінде сайыскер неше сұраққа жауап бергенін, олардың нешеуі дұрыс екенін әділ қазылар алқасы есептеп отырады. Ойын әділ болуы үшін 2 сайыскерге де бірдей сұрақтар оқылады. Ұпайы жоғары оқушы бастайды, ал екінші ойыншы сыртта күтеді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Дайын болсаңдар, бастайық. Соңғы кезең — «Жорға»!

V кезең — «Жорға»

«Жорға» кезеңінің сұрақтары:
1. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
2. Бейбітшілік құсы (көгершін)
3. ҚР-ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
4. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала (фонетика)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (тәуелсіздік күні)
6. Жақында 80 жылдығы аталып өткен атақты ақын
(Мұқағали)
7. Ғарышқа ұшқан қазақтың тұңғыш ғарышкерлері
(Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев)
8. Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы (сан есім)
9. Қазақтың үш биі (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
10. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз кім?
(Ы. Алтынсарин)
11. Азиада -2011 қай қалаларда өтті? (Астана, Алматы)
12. “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы (М. Әуезов)
13. Қазақтың киелі ұлттық аспабы
(домбыра)
14. Абай Құнанбайұлының шын есімі (Ибраһим)
15. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
(лексика)
16. Жамбыл ақынның ұстазы (Сүйінбай)
17. Неологизмдер дегеніміз не? (жаңа сөздер)
18. Үш жұртты ата (өз жұрты, қайың жұрт, нағашы жұрт)
19. Домбырада орындалатын шығарма ( күй)
20. Күрделі сөздерге не жатады? (біріккен сөз, қос сөз, тіркескен сөз, қысқарған сөз)

3. Марапаттау кезеңі

Мұғалім: Осымен соңғы кезеңіміз де аяқталды. Ойын өз мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтайтын сәт те келді! Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. (Сайыс қорытындысы шығарылады.) (…), бүгін саған жеңіске бір ғана қадам жетпей қалды, бірақ мойыма, өз бойындағы білім мен дарыныңды ұштай бер, биіктерден көріне бер! Бүгінгі ойында сен жақсы ойын көрсетіп, ІІ орынға ие болдың, құттықтаймыз!

Ал енді (…), сен бүгінгі додада керемет ойын көрсетіп, өз білімінің арқасында өзге сайыскерлерден оза шауып, жеңіс мәресіне бірінші болып жеттің!

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер… Сен сол талай қиындықтан, талай сыннан өтіп, сол биік шыңға жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, «Дарындылар додасында» бірінші орынға ие болдың, құттықтаймыз! (Жеңімпаз марапатталады).

Мұғалім:

Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
 Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
 Осыменен аяқтайық біз сайысты,
 Көріскенше аман-сау болыңыздар! Осымен бүгінгі «Дарындылар додасы» атты зияткерлік сайысымыз аяқталды! Алтын уақыттарыңызды бөліп, ойынымызды тамашалауға келгендеріңізге рахмет! Аман-сау болыңыздар! (Музыка ойналады).

«Үш бақытым» зияткерлік сайыс сценарийі

Сценарий интеллектуальной игры «Үш бақытым»

Intellectual game «Үш бақытым»

Мақсаты: Студенттердің өз бетімен іздендіру арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тілдерге деген құштарлығын арттыру

Цель: проверить степень информированности учащихся, их умение самостоятельно пользоваться рекомендованной литературой, давать четкие и аргументированные ответы на вопросы .

Ойын барысы:

Ход игры:

(Звучат фанфары)

Голос за кадром:

Ведущий: «Мораль открыть пришла пора, вся наша жизнь – игра…» Вот с таких строк мы начинаем сегодняшний вечер.

Қайырлы кеш құрметті оқушылар мен қадірлі қонақтар! «Үш бақытым» атты зияткерлік сайысқа қош келдіңіздер! Елбасы Жарлығымен 22-қыркүйек Тіл мерекесі болғандықтан, бұл сайысымыз тіл мерекесіне арналады!

I am so glad to see you to our intellectual game. Everyone has had any problems using English, Kazakh, Russian language. As you see we are going to have an interesting intellectual game. Сегодняшняя игра и наши игроки докажут нам обратное,что изучать языки и попытаться на них говорить вовсе несложно,

Стоит отметить, что эта интеллектуальная игра в нашем колледже проводится впервые. Остановимся на этом по подробней. Игра проводилсь в три этапа:

Первый этап – «Выбор знатоков», с каждой группы выбирается один участник, который становится членом команды знатоков.

Второй этап – «Почта», все группы составляли вопросы и отправляли их по почту, авторы лучших вопросов и составили команду зрителей.

И третий этап – это игра.

Итак, уважаемые дамы и господа, разрешите мне представить студентов, которые сегодня будут представлять команду знатоков и конечно же гостей и зрителей .Бүгінгі қонақтар мен қатысушыларымызды қарсы алайық! There are some guests at our game, college teachers, students and of cause our participants! Let’s great them:

1 білгіш Аймбеков Мейрхан, КЖШ-1 тобының студенті, Қызықты кітаптарды оқуды, футбол ойнауды ұнатады

2 білгіш Бегежан Нұрбек, КЖШ-1 тобы, шахмат ойнауға қызығушылық танытады, шахмат ойыны бойынша жүлделі орындар иегері

3 білгіш Кайырбеков Ризабек, Пр-1 тобының өкілі, әдеби кітаптарды оқиды, спортпен шындап шұғылданады. Тілдерді өздігінен үйренумен айналысады.

4 қатысушы Мигулкин Игорь, группа Пр-1. Его жизненное кредо «Вперед! Ни шагу назад!». Любит животных.

5 қатысушы Рамазан Гүлдерай,Ак-1студенті,бос уақытта әдеби кітап оқуды,музыка тындауды .

Увлекается чтением художественной литературой

6қатысушы Болат Шыңғыс, группа ЖҚЖқ-1. Увлекается техникой, слушает музыку.

Gamer №7 Rakhimkulov Zhiger, the 1’st course student Dk-1. He is fond of music ,likes listen to music.

Gamer Gamer №8 Anastasya Анастасия,the 1’st course student Таr-1, she is fond of music ,likes listen to music.

Gamer №9 Dyusenbayeva Ayaugan the 1’st course student Таr-1 , she is fond of music ,likes listen to music.

Gamer10 Zhakupova Meruert is fond of music ,likes listen to music.

is fond of music ,likes listen to music.

Ведущий: Уважаемые знатоки, правила игры следующие: на барабане расположены конверты, в них вопросы на которые вам предстоит ответить. Решение, кто отвечает на вопрос, принимает капитан команды. Если знаток отвечает правильно, он получает жетон, оцениваемый в 10 баллов, если же неправильно, жетон получает зритель, отправивший вопрос.

Так же, на барабане расположены дополнительные сектора:

Сектор «МПК» — вопрос от сотрудников Многопрофильного колледжа.

Сектор «Музыкальная пауза» при выпадении, которого, знатоки могут отказаться и применить этот сектор в следующий раз.

Сектор «1 х 1» — за барабаном остается один знаток, который должен ответить на большее количество вопросов за одну минуту.

Сектор «Черный ящик». Каждый сектор в течение игры играет только один раз.

Ойынымызды бастайық.

Ну что же, правила ясны, знатоки готовы, приступим к игре.

Let’s begin our game.

(В процессе игры ведущему помогает ассистент, который вращает барабан, выносит и знакомит с выставленной литературой, за которые и ведется борьба,также черный ящик и подносит конверты с вопросами. Вопросы задает ведущий, но так же зрители могут прочитать вопрос на экране, куда с помощью мультимедийного проектора воспроизводится слайд с Ф.И., группой, фотографией и вопросом учащегося играющего против команды знатоков.

После игры подводится итог, кто же сегодня победил команда знатоков или команда зрителей, также включены несколько музыкальных номеров при выпадении сектора «Музыкальная пауза».

Вопросы для интеллектуальной игры.

Зияткерлік сайыс сұрақтары

Intellectual game questions

1 сұрақ: Шешендік өнерді қазақ жерінде алғаш зерттеген кім?

Авторы: Жанахмет Еркебұлан, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің студенті

Жауабы: Әбу-Насыр Аль Фараби

Вопрос №2: Как с помощью наречий перечислить пять дней недели?

Автор: Қайсарова Мадина, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің студенті

Ответ: позавчера, вчера, сегодня, завтра, послезавтра

Question №3: Who was called «An Iron Lady”-in Great Britain? —

Аuthor: This Shefner Yulia’s question from cookers second course

Answeт: Margaret Thatcher is the first prime-minister

4 сұрақ: «Сабау» көне сөзінің мағынасы не?

Авторы: Жаумбаева Сымбат, Туризм тобының студенті

Жауабы: жүн сабауға арналған шыбық ағаш

Вопрос №5: Подберите к фразеологизму «Не разлей вода» антоним?

Автор: Кенжина Гүлден, студент группы ККМк-2

Ответ: как кошка с собакой

Question №6: The name Julius Caesar gave to Great Britain.

Аuthor: Student from tourist’s group Karim Guzal

Answeт: the land of fog Albion

7 сұрақ: Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында қанша сөз қолданған?

Автор: Мұнарбай Ержанат, ТАқ-2 тобының студенті

Ответ: 17 мыңнан астам

Be very attentive and try to do everything correctly! And we have last question.

Question №8: He and his «merry men» lived in Sherwood Forest. Who are they?

Аuthor: Айтуғанова Аяулым

Answeт: Нe is Robin Hood

Вопрос от сотрудников колледжа:

ҚР елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан халқының қазақ тілін меңгерген бөлігі 95 пайызға дейін жету керек екендігін атап көрсетті. Бұл жоспар қай жылға дейін жүзеге асырылуы керек?

Жауабы: 2025 жылға дейін

Вопросы блиц-опроса, при выпадении сектора «1 х 1» :

  1. Какого рода слово «шампунь»? (мужского рода

  2. Какой язык является официальным языком в РК? (русский язык)

  3. Кто автор первой «Казахской хрестоматии»? (Ыбырай Алтынсарин)

  4. Основоположенник казахского алфавита? (Ахмет Байтурсынов)

  5. Как большой дом превратить в маленький? (прибавить «ик» — домик)

  6. Женщина, отрицательный герой в казахском эпосе (Жалмауыз кемпір? Мыстан кемпір)

  7. Предпоследний цвет радуги. (синий)

  8. Какого числа в Казахстане отмечается День Конституции? (30 августа)

  9. Первый президент РК? (Н.А. Назарбаев)

  10. Что изучает морфология? (части речи)

  11. Какие 2 местоимения мешают ездить по дороге? (Я-мы)

  12. В выражении «как зеницу ока» око это? (зрачок глаза)

  13. Как называют молодого спортсмена? (Юниор)

  14. It’s the same as “to go away”. ( to leave)

  15. What are the main colors of the Union Flag? (Blue, red and white.)

  16. Where were «The Beatles» born? (In Liverpool.)

  17. A man who acts in a play or in a film. ( an actor)

Сектор «Черный ящик»

Родина этого предмета является Древний Китай. Данный предмет не прошел особой модернизации через века и время. Данный предмет использовался с давних времен только грамотными людьми. С появлением Великого шелкового пути об этом предмете узнала Европа, а впоследствии и Америка. В 21 веке этот предмет есть у каждого ученика.

Ответ: (Карандаш)

Ведущий:

Халықтар достығы мәңгілік, достық бар жерде – бірлік бар. Бірлігіміз нығайып, Қазақстан жасай берсін!

Thank you very much for your work. I think our game was very interesting for you. You’ll know a lot about different new interesting things and you’ll know a lot of about different answers for the questions. I see that you are very clever and know English, Russian and Kazakh very good. Now our winners. They are оur gamers

Вот и закончилась наша сегодняшняя интеллектуальная игра.

Желаю всем удачи! Успехов в учебе! До новых встреч!

Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Технологиядан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, бір — бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тест тапсырмалары, жауап парақтары.

Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойында №3 мектептің 8 «а» сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.
Ендеше ойын шартымен таныстырсақ:
Ойынға 6 оқушыдан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. «Эрудиттер сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ тур. Сыйлықтар аукционы. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
«Болашақ»- білімділер тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Эврика» – тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.

Әр топтың жинаған капиталын есептеп отыратын экспертпен танысып алайық мектебіміздің технология пәні мұғалімі Оразбаев Алмат Андақұлұлы.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу — р — Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға технология пәнінің өткен тақырыптарынан қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 5 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға 1.«Қауіпсіздік ережесі» бөлімінен қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.

Сұрағы: Материалды аралағанда қандай құралды пайдаланамыз?
Жауабы: Материалды аралаған кезде, құралдың жүзін демеу үшін арнайы бағыттағышты пайдалану керек.

2. Аукционға тағыда «Қауіпсіздік ережесі» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Станокқа дайындаманың дұрыс бекітілгенін неше минут сайын тексеру керек?
Жауабы: 2 — 3 минут сайын станокты сөндіріп тексеру керек.

3. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу.
Жауабы: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу егу деп аталады.

4. Аукционға тағыда «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Органикалық тыңайтқыштарды атаңдар.
Жауабы: көң, тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш, шымтезек

5. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Калийдің дәнді дақылға өсері.
Жауабы: Өсімдіктердің ауруға қарсы тұру қабілетін, жемісті сақтағанда сақталғыштығын, тасымалдағанда шыдамдылығын арттырады. Эстетикалық және дәмдік сапасын жақсартады.

6. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Екі фазалы егін жинау бір фазалыға қарағанда неше күн ерте жиналады?
Жауабы: Жинау ылғалдылығы 25 — 35 пайыз ақшыл — сұр тартып піскеннен кейін бір фазалыға қарағанда 4 — 12 күн ерте басталады.

Осымен І – тур аяқталды. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту).
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Олар бірлесе отырып тапсырманы орындайды. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Ендеше,
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз. Дайынбыз ба?
ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.
Тест тапсырмалары:
1. Металды шапқанда…… ки.
а) қолбақ
ә) алжапқыш
б) көзілдірік
в) бас киәм
2. металды қайшымен кескенде…. ки.
а) қолбақ
ә) алжапқыш
б) көзілдірік
в) бас киім
3. Минералдық тыңайтқыштар.
а) көң, тезек, фосфор
ә) калий, фосфор, азот
б) тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш
в) қорда, азот, шымтезек

4. Азоттың дәнді дақылға әсері.
а) энергия мен сутегін жеткізеді
ә) зиянкестерден қорғайды
б) денесі мен массасы ұлғаяды
в) тасымалдағанда шыдамдылығы артады
5. Астық өсу айналымы бойынша….. болып бөлінеді.
а) жаздық, қыстық
ә) көктемдік, күздік
б) жаздық, күздік
в) көктемдік, қыстық
6. Астықтың орташа өнімділігі
а) 9 ц/га
ә) 7 — 8 ц/га
б) 10 — 13 ц/га
в) 15 — 20 ц/га
ІІ – тур қорытындысын шығару. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту).
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

Білім биржасы зияткерлік ойыны. жүктеу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Зимняя поэзия сценарий
  • Зимняя игротека сценарий
  • Зимний японский праздник
  • Зимний экологический праздник
  • Зимний цикл календарных праздников