Инабатты ару сценарий

№9орта мектеп «Көктем аруы» Сыныптан тыс мерекелік шара Дайындаған: Актилевова А. 2014 - 2015 оқу жылы Сценарий аты: Көктем аруы Мақсаты: Қыз балалардың

№9орта мектеп
«Көктем аруы»
Сыныптан тыс мерекелік шара
Дайындаған: Актилевова А.
2014 — 2015 оқу жылы

Сценарий аты: Көктем аруы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз — елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал — мәтелдер, қанатты сөздер.

Армысыздар, ұстаздар көрермен қауым және оқушылар! «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!Наурыз мерекесінің қарсаңында байқау 4-сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруын» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директоры _Асамадинова Гулжан Ерғалиқызына сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!
4 сынып қыздарын ортаға шақырайық

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1 — шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін — өзі таныстырады.
2 — шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 — шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 — шарт. «Анамның сүйікті асы».
Арулар өздерінің үйден жасап келген
ұлттық тағамдарын қалай пісірілуін айтып беріп, көрсетеді.
5 — шарт. «Сәндік өнер»

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:Султанкереева Р.Д
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Мухамедова Г.Ә

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!

Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың
1 — ші кезеңі «Таныстыру». Арулар кезек — кезек өздерін таныстырады.

2кезең
Өнер — білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста
.дей отырып келесі кезеңді өз өнерін көрсету

3кезең
«Сұрақ — жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
4кезең
«Анамның сүйікті асы».
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).

5кезең
Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісін көрсету.

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ қазыларға сөз беріледі.

«Кім жылдам»
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта — текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар — қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
1 -«Көктем аруы»
2 — «Инабатты ару»
3 — «Өнерлі ару»
4 — «Сымбатты ару»
5 — «Ақылды ару»
6 — «Көрермен көзайымы»
7 -«Білімді ару»
8 — «Тапқыр ару»

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс — шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп — көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар – 2012» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Тайпақова С.М. – мектеп директоры
2. Айтжанова З.Е. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қалмағамбетов А.Е. – кәсіподақ комитетінің төрағасы
4. Табимбаева М.И. – технология пәні мұғалімі
5. Байқатов А.М. – бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.«Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
6. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9. Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9. Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)

6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар — ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

БҚО, Шыңғырлау ауданы
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Математика және информатика пәні мұғалімі
Жекенова Акмарал Канатбаевна

«Қыз аруы» байқауына байланысты сценарий

1 жүргізуші: 

Құрметті ұстаздар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.- дегім келеді.

2-жүргізуші:

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік, жан-жақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында және табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

2-жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Ортаға сайысқа қатысушы қыздарымыз шығады)

1-жүргізуші:

Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Өз өнерін көрсету»
(ән айту, би билеу, күй тарту)
3. «Көктемгі сән үлгісі»
(музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)

2-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ____________________________
2. ____________________________

3. ____________________________
1-жүргізуші: 

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын» таныстыру бөлімі
— қатысушылар өздерін өлең, ән, көрініс, видеоролик, презентация, немесе креативті интервью т.б. түрде таныстыра алады

— регламент – 3-5 минут

Әділ-қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

2-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.


Байқаудың ІІ кезеңі «Өз өнерін көрсету»

— ән айту, би билеу, күй тарту т.б

— топпен/сыныппен жұмыс

— регламент – 5-7 минут
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

1-жүргізуші:

Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.

Байқаудың ІІІ кезеңі «Көктемгі сән үлгісі»

табиғи материалдарды (фольга, қағаз, гофрленген қағаз, резеңке, пакет, т.б) қолдану арқылы көктемгі киім үлгісін жасау
— көктемгі киім үлгісіне қысқаша презентация

— музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету

— регламент – 3-5 минут

2-жүргізуші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты

1-жүргізуші:
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
____________________________________________________________

Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

2-жүргізуші:

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

     «Қыз сыны» байқауы.

Тақырыбы: «Мектеп аруы?!»

 Мақсаты:    Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай

қасиеттерге  бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында

қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна

мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-

дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу.

Көрнекілігі:  күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

Дайындық барысы:

  1. Қыздарға қойылатын талаптармен таныстыру
  2. Қазақтың  салт дәстүрлері  туралы  мағұлматтар жинау.

Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

  1. Менің бейнем
  2. Менің анам
  3. Ұлттық киім
  4. Менің тілім

5.Бес ғасыр жырлайды

  1. Білімдіге бес сауал
  2. көрермендер көзайымы
  3. Ұлттық тағам жайлы презентация

 Байқаудың әр шарты  өз кезегінде  түсіндіріліп отырады.

1- Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! Қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Осы  байқау  8-9-10 сынып  оқушы  қыздар арасында: Мектеп аруы н анықтау мақсатында  қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау  қыздарымызға  эстетикалық  тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға  жан сұлулығымен  қоса тән сұлулығы  бірдей  болғандығы жарасады. Сондықтан  ибалы, инабатты  қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

2- Жүргізуші: Аруларға әділ баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстыру.

1  Мектеп директоры Бақыт Советовна

2  Оразбекова Узипа

3  Ұзақбаева Айгуль

4  Элянора  апай

5  11 «ә»  Бота

1-   Жүргізуші:   Ал енді, бүгінгі байқауымызға  қатысатын аруларымызды қарсы алайық.

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды,  сірә бір

Азиданың  сан өнері бар,

Сырын терең  ұға біл.

1 – ші  талапкеріміз  8 «а» сынып оқушысы  Құлмағамбетова Азида

2-Жүргізуші:                    Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Торғын  қыз  ұстазының  айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2– ші  талапкеріміз    8 «ә» сынып оқушысы  Кәрібекова Торғын

1-Жүргізуші:               Сыпайы  оның  мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Балнұр қыз

3 – ші  талапкеріміз    8 «б» сынып оқушысы  Шынбек Балнұр

2-Жүргізуші:                Алайық қарсы Еркегүлді

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

4– ші  талапкеріміз     8 «в» сынып оқушысы  Бөкенбаева Еркегүл

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  торсық шеке, томпақ бет,

Інкәрдай ер жүрек қыз табылмас

5– ші  талапкеріміз    9 «а» сынып оқушысы  Асхатбек Інкар

2-Жүргізуші:               Самалда өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Самал

Өнеріңді төк енді.

6– ші  талапкер іміз     9 «ә» сынып оқушысы  Сейтбекова Самал

1-Жүргізуші:                         Өзі әдемі сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Қарсы алайық Асельді

Жайдарлы жүзді Әдемі

7 – ші  талапкеріміз     9 «в» сынып оқушысы  Наурзбаева Асель

2-Жүргізуші:               Алайық қарсы Қарлығашты

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

8– ші  талапкеріміз       10 «а» сынып оқушысы Сартаева Қарлығаш

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  Бота көзді, сұлу қыз,

Ақтолқындай ер жүрек қыз табылмас

9– ші  талапкеріміз     10 «ә» сынып оқушысы Жұмағалы Ақтолқын

2- Жүргізуші  

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің  жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

1 сынып оқушыларынан би шашу.

1-Жүргізуші:             Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,

Таныстырып  өздерін өтер деймін.

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін — кезек аруларда

1 ші номинация. Менің бейнем Сахнадағы алғашқы көрініс өзін өзі таныстыру.Белгілі бір музыка ырғағында қыз бала сахнадан жүріп өтеді. Қимыл-әрекеті жарасымды қозғалыспен кешкі сән үлгісін ұсынады. Бұл номинация бойынша олардың жүріс- тұрысы, сырт келбеті және кешкі сән үлгісіндегі көйлектері бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:      

2.ші  номинация.Менің ана. Бұл номинация бойыншақыз балалар өз аналары  жайлы сыр шертеді. Көркем туынды.Бұл талап жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланады

                Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші: 3 ші. номинация.Ұлттық киім. Талапкерлер өздері дайындап киіп шыққан ұлттық киімдерін  қорғайды. Яғни, ол  киім қандай жағдайда дайындалған,т қалыңдық киімі ме? Бұл  талап бойынша  ұлттық  киімнің әсемділігі, қонымдылығы  дұрыс қорғалуы  бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:  4 ші. номинация.Менің тілім. Бұл  талап бойынша , талапкедің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер )

Ән шашу  Ақнұр.

Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші:  5 ші. номинация.Бес ғасыр жырлайды. Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу 12 шумақ, жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. Есте сақтау қаблеті, оқу мәнері бағаланады. Бұл талап бойынша талапкердің қандай өнері бар? Ән, би, күй, тоқыма, аспаздық т.б.

Мен жаспын деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.   Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:            Жек жат кім, жұрағат кім, жамағат кім

Көңіліне  тоқып бәрін жүрмей мекен

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен ?

6-шы номинация. Білімдіге бес сауал. Бұл номинацияда  карточкада   5  сұрақтан  тұрады.1- туыстық атау ,2-әлемнің қыры, 3-мақал мәтел.4- салт дәстүр 5- үй жабдықтары

Ән шашу, 2 ән орындалады.

Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші:  7.номинация  Көрермендер көзайымы. Бұл талап бойынша   талапкердің сырт келбеті, жүріс тұрысы, шаш сұлулығы бағаланады.

Сымбатына сән киім  жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай  келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың.

  Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:  8-ші номинация  Ұлттық тағам жайлы презентация

Көрсетті өнер әр салада  сайысып,

Қимылдары  бір жүргендей  жай ұшып,

Мерекелік  ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді

Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында  бәйге алуға,

Арулар  аянбай ақ  жан салыпты

Әділқазы өз бағаларын береді

Қорытынды баға дайын болғанша  әсем ән орындалады.

Қонақ қыз.

1-Жүргізуші  Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

Берілетін атақтар:       «Мектеп  аруы 2010  »

                                         «Білімді ару»

                                         «Инабатты ару»

                                         «Өнерлі ару»

                                         «Сымбатты ару»

                                         «Ақылды ару»

2-Жүргізуші:      Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет.

№ 1

  1. Әпкеңнің қызы саған кім?
  2. Үш арсызды ата

3.Қалыңсыз  қыз болса да ….

4.Қыз  ұзату деген не?

5.Кілем деген не?

№2

  1. Немере кім ?

2.Үш  қадірсізді ата ?

3.Қыз  жігіт көзіне  түсем деп  бой түзейді………..

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ

№3

  1. Шөбере кім?

2.Бес парызды ата?

3.Қыз өссе елдің елдің көркі…………..

4.Ат қою деген не?

5.Кебеже деген не?

№4

  1. Бөле кім?

2.Үш із

3.Ана көрген тон пішер…..

4.Сүндетке отырғызу?

5.Келі деген не?

№ 5

1 Нағашың  кім болады?

2  Жеті жоқты ата?

3 Баланың ұяты әкеге,……………..

4.Бастанғы  деген не?

5.Кесеқап  деген не?

№6

1 Әже кім?

2 Жеті қазынаны ата?

3 Жасауды  алты жастан  жисаң асады…………

4.Тұсау кесу деген не?

5.Торсақ  деген не?

№7

1 Ағаңның қызына сен кім боласың?

2 Бес парыз?

3 Әке тірек…………

4.Шілдехана  деген не?

5.Күбі деген не?

№8

1 Ер баланың үш жұртын ата?

2 Жеті ғалам?

3 Еркек бас …………

4.Құда түсу  деген не?

5.Ожау  деген не?

№9

  1. Немере кім ?

2.Үш  қадірсізді ата ?

3.Қыз  жігіт көзіне  түсем деп  бой түзейді………..

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ

1 — жүргізуші: Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа — қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз

2 — жүргізуші: Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.

Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз – ұлт болашағы» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.

1 — жүргізуші: Орынбек, ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.

Туған жер азаматтың мекені екен,
«Лицей аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен…..
Сіздерге сәлем беріп көрінуге, Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші аруларымызды қошеметпен шақырайық..
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар — қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )

2 — жүргізуші: Бірінші ару — ақша маңдай, үлкен — кіші мақтағандай,

1 — жүргізуші: Екінші ару — өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,

2 — жүргізуші: Үшінші ару — достарын сары алтындай сақтағандай,

1 — жүргізуші: Төртінші ару — көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,

2 — жүргізуші: Бесінші ару — ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына,

1 — жүргізуші: Алтыншы ару – келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан.

2 — жүргізуші: Ендеше аруларға сәттілік тілей отырып, жеребе тартқызайық. Қанекей келіңіздер, мархабат, мына қоржынан өз нөмерлеріңізді алыңыздар.
( Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Қоржын ішіндегі асықта нөмірлері болады, сол бойынша жауап береді. Нөмірі бар эмблема кеуделеріне тағылады.)

1 — жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса тағайындау)

2 — жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.

Сайыс кезеңдері: 1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт — дәстүр, әдет — ғұрып, жөн — жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. «Халқын сүйген — салтын сүйер» үй тапсырмасы 3 — 4 мин.
5. «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау. 3 мин
6. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.

1 — жүргізуші: Орынбек аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын»

2 — жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.. Алдарыңызда —- нөмірлі аруымызды қарсы алайық.
(арулар өздерін таныстырады)

1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржын ішінен асық алады, асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап берулеріңіз керек.
(сайыскерлер кезек — кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындалады)

2 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тағыда аналар, қыздар мерекесі құтты болсын! Ал, кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.

1 — жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.

2 — жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген…
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген.
«өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
Сахнаға нөмірлі аруымызды шақырайық өнерімен.
(сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)

1 — жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде аруларымыз өздеріне берілген уақыт ішінде кез келген тағам түрін дайындайды.

2 — жүргізуші: Алтынбек, аруларымыз тағам дайындағанмен қатар таныстырып қорғау керек емес пе? Ендеше іске сәт, арулар!

1 — жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болып па?
Музыка. ( сайыскерлер қатар тұрып берілген уақыт ішінде тамақ дайындайды)

1 — жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік

2 — жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
(«Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады)

1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша оқушылардың дайындаған муз. қойылымдарын тамашалайық..
(қазылар алқасы қорытындысын айтады)

Марапаттау кезеңі.
«Лицей Аруы»
«Инабатты Ару»
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»

1 — жүргізуші: Ару қыздар, ай көрік, қылығы — күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,

Сендердің қолдарыңда жер тағдыры
1 — жүргізуші: Ф. Оңғарсынованың осынау нәзік жандарға арнаған өлеңімен бүгінгі «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауын аяқтаймыз. Мереке құтты болсын.

Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..

Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа не өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..( адамның баласы бол)

Басқа материалдар: 

  1. «Аяулы анашым» атты ертеңгілік
  2. «Аяулы анашым» атты ересек топқа арналған мерекелік ертеңгіліктің сценарийі
  3. «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» (сценарийлік жұмыс)
  4. Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы! (мерекелік кеш)
  5. «Арулар асыл жандар» атты сайыстың әзірлемесі
  6. Ана — өмірдің шуағы (мерекелік кеш сценарийі)
  7. 8-ші наурыз мерекесіне арналған сайыс сценарийі
  8. Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады (Аяулы Аналарға арналған мерекелік кеш)
  9. 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
  10. Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік жоспары

«Көктем аруы» байқауы (8 наурыз сценарий)

Тақырыбы: «Көктем аруы» байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

1-Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!

Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыp!

2- Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!

1-Жүргізуші

Тауып бір әйел — әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.

2 — жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 — жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 — жүргізуші:
Арулар — аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.
1 — жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін — өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 — жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы- дей келе құттықтау сөзін шаңырағымыздың басшысы Садвокасов Серғазы Уәлиұлына беріледі.

1 — жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық — деп ән жолдаймыз.
Ән: Анаға сәлем
Орындайтын: Балтабаев Дәулет Бәшімұлы

2 — жүргізуші

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Ендеше, «Ару қыздар – 2014» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

1 — жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Аруларды кезекпенен ортаға шығарайық

2 — жүргізуші
Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды, сірә бір

Аяжанның сан өнері бар,

Сырын терең ұға біл.

1 – ші талапкеріміз 5-сынып оқушысы Дулат Аяжанды ортаға шақырамыз

1-Жүргізуші

Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Айдана қыз

2– ші талапкеріміз 6- сынып оқушысы Мадимарова Айдананы қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

2-Жүргізуші

Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Лиана қыз ұстазының айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

3 – ші талапкеріміз 7- сынып оқушысы Қабдраш Лиананы сахна төріне шақырамыз.

1-Жүргізуші:

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,

Мадинандай ер жүрек қыз табылмас

4– ші талапкеріміз 8- сынып оқушысы Болатова Мадинаны қошеметпен қарсы алайық

2-Жүргізуші:

Алайық қарсы Фаризаны

Үлгілі қыз бұл инабатты

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

5– ші талапкеріміз 9- сынып оқушысы Дүйсенбаева Фариза ду қол шапалақтап қарсы алайық.

1-Жүргізуші:

Ләззатымыз да өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Ләззатжан

Өнеріңді төк енді.

6– ші талапкер іміз 10- сынып оқушысы Тұрсынәлі Ләззатты қошеметпен ортаға шақырайық

2-Жүргізуші:

Өзі әдемі сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Қарсы алайық Динараны

Жайдарлы жүзді әдемі

  1. – ші талапкеріміз 11- сынып оқушысы Дәнебаева Динараны қол соғып қарсы алайық, халайық!

1-Жүргізуші

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

2- Жүргізуші:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.)

2) «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан шығарма оқу)

3) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4)Үй тапсырмасы. Бір салат дайындап келу, оның құрамын, атын, дайындау тәсілін айту

5) . «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6) «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

1- Жүргізуші

:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бекмурзенова айгүл Базархақызы – директордың оқу ісінің меңгерушісі
2. Умбетова Жайнагүл Макенқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қыйлажева Алтынгүл амантайқызы – технология пәні мұғалімі
4. Жанғазина Айгүл Әділханқызы – Музыка пәнінің мұғалімі

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

2-Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

1-Жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.

2- Жүргізуші:

Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын — деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.

Музыкалық нөмер сынып_______________________________________________

Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

1-Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Әр түрлі өнермен өрге басып кідірмейік.

2-Жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

ІІ кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан үзінді оқу)

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

1-Жүргізуші:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші,

ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
(Әр ару өзінің шеберлігін, икемділігін көрсетеді).
1 мин ішінде Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

2-Жүргізуші:

Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Музыкалық нөмір__________________________________

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

ІV кезеңде Үй тапсырмасы

1-Жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді

2-Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді,

Қапасыз қалай айтқан қайран бабам.

Музыкалық нөмір_________________________________

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

V кезең

1-Жүргізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсетуде сынға түседі.

Музыкалық нөмір_____________________________________-

1-Жүргізуші:

6 кезең : Зерделінің ойы озық

Зерделінің ойы озық
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар

1. Бес асыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл сөз көнсеңіз.

2. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)

3. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)

4. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, затай сыйлық)

5. Үш қуат — ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып — ажал ғайыпқонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз — ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
6. Үш даусыз — мінезкәрілік, ажал.

Үш кәдесіз — жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық — Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
7. Үш жақын — Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз — Су анасы — бұлақЖол анасы — тұяқ . Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам — ақыл — арқан , ой — өріс, адам — қазық.

8. Жеті қазына

1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).

9.Бес парыз

1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру. 5.Иман және ихсан (адамгершілік пен рақымшылық

10. Алты игілік

1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос. 4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)

11. Алты парыз

Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып).
2. Шақырса – бару.
3. Кеңес сұраса – ақыл қосу.
4. Сұрағына – жауап беру.
5. Ауырып қалса – көңілін сұрау.
6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)

12. Жеті жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.

13. Жеті жетекші

1. Адамның басшысы – ақыл.
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

14. Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ел жетім,
Замандасы қалмаса —
Бәрінен де сол жетім.

2 — жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз

Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі — дей келе қазақ қыздарымызға арналған мерекелік сәлем Ғалия Серікқызы жолдайды.
Ән: Қыз сынып
Орындайтын: Исмакова Ғалия

1 — жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар — дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

2 — жүргізуші

Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні

1 — жүргізуші

Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

1 — жүргізуші

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем аруы — 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз гүлге толы болсын — дей отырып, балаларыңыздан гүл шоқтарын қабыл алыңыздар бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,.

Осымен концертіміз  аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!! Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!

«Көктем аруы»

Мақсаты:

1. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және атаананың балабақшамен тығыз

байланысын арттыру. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық,

ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге

тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Тәрбиеші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді

көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!

Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен

шаттық кетпесін.дегім келеді. Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті,

инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз

сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік,

жанжақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақстаында және

табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы»

байқауына қош келдіңіздер!.

Бойына бар сұлулық жиылғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген жұрт алдына,

Бишілер ғажап еді биің қандай. Көктемнің алғашқы 8наурыз мерекесіне биші қыздарымыз:

(Нұрай, Даяна, Дильназ, Мадина) «Көктем арулары» биін тарту етеді.

Би: «Көктем арулары»

Тәрбиеші:

Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі.

Шаршамасын ешқашан,

Аналардың жүрегідеп бүгінгі мерекеге арнап: (Нұрдәулет, Ернар, Серікбол,Даниал) «Мерекесі

мамамның» ән шапшуын барлық аналардың құрметіне тарту етеді.

Ән: «Мерекесі мамамның»

Тәрбиеші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

(Ортаға сайысқа қатысушы бүлдіршін қыздарымыз шығады)

«Көктем аруы»

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

Мақсаты:
1.
 Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Тәрбиеші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.- дегім келеді. Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік, жан-жақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақстаында және табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!.

Бойына бар сұлулық жиылғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген жұрт алдына,

Бишілер ғажап еді биің қандай. Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесіне биші қыздарымыз: (Нұрай, Даяна, Дильназ, Мадина) «Көктем арулары» биін тарту етеді.

Би«Көктем арулары»

Тәрбиеші:

Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі.

Шаршамасын ешқашан,

Аналардың жүрегі-деп бүгінгі мерекеге арнап: (Нұрдәулет, Ернар, Серікбол,Даниал) «Мерекесі мамамның» ән шапшуын барлық аналардың құрметіне тарту етеді.

Ән: «Мерекесі мамамның»

Тәрбиеші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Ортаға сайысқа қатысушы бүлдіршін қыздарымыз шығады)

Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру,тақпақ айту)
3. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің анасымен қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
4. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Аналар қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
5. «Өнер»

(Ән айту, би билеу, күй тарту)
6. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)
7. «Тату отбасының асы тәтті»

(Әр қыз өзінің анасымен бір ас мәзірі салат түрін дайында)

Тәрбиеші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Мукаримова М. – балабақша меңгерушісі.
2. Амангелдиева Ж- –әдіскер.

3. Баймаханова Гүлзада-ата-ана
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың ерекшелігі осындай қызғалдақтай қыздарын жан-жақты баптап, үкілеп алып келген аналарымызда сайысымыздың құрметті қонағы болмақ. (музыка әуенімен аналар ортаға шығып, өздерін таныстырады)

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз:
Байқаудың ІІ кезеңі «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру,тақпақ айту)

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз:

Тәрбиеші: Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің анасымен қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)

Ән: «Менің аннам алтын»(Ержан,Мансур,Ақниет,Нәдір)

Жадыра:

Менің анам «айым» дейді,
Менің  мұнайсам уайымдайды.
Менің анам «күнім» дейді,
Менің қуансам күлімдейді.

Нұрай:

Ана деген асыл жандар ардақты,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.

Арайлым:

Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,
Әр кез менің ән-күйім, сая, бағым.

Даяна:

Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім.

Дильназ:

Анашым сенсің менің тірегім,
Мен үшін нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап, аялап өтем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.

Мадина:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелейді жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымда.

Тәрбиеші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІV кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аналарымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
3. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды»
4.« Шеше көрген тон пішер»
5. «Қыздың жасауын жеті жастан жинасаң жетеді,

Алты жастан жинасаң асады»

6. «Қыз-қонақ»

7. «Шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без»

Ән: «Әжетайым әжешім»

Тәрбиеші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

V кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады.
(Ән айту, би билеу, күй тарту)

VІ кезең «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

VІІ-кезең «Тату отбасының тамағы тәтті»

(Әр қыз өзінің анасымен бір ас мәзірі салат түрін дайында)

Тәрбиеші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Әрқашан күн сөнбесін» 
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Имя наречение сценарий
  • Имя на сегодня какой праздник
  • Импровизация сценарий мероприятия
  • Импровизация сценарий или нет
  • Импровизация громкий разговор сценарий