Интелектуалды сайыс сценарий

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:
  • Басты бет
  • Материалдар
  • Ойындар, Сценарийлер
  • Барлығы
  • Қосымша білім беру
  • Интеллектуалдық сайыс

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

Интеллектуалдық сайыс

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Мектептің аға тәлімгерлері немесе пән мұғалімдерінің сыныптан тыс іс шара ұйымдастыруына арналған!

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Интеллектуалдық сайыс

Адақ Ұлжалғас Адаққызы

ШҚО, Өскемен қаласы, Ұлан ауданы, Гагарино ауылы «Гагарино орта мектебі» КММ Аға тәлімгер

14.01.2020

1185

4

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ — жауап

Түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

— Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.

1 — кезең: «Бәйге»

2 — кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

3 — кезең: «Ғажайып төрттік»

4 — кезең: «Жорға»

Негізгі бөлім:

— Мықты болсаң — алдағыны басып оз,

Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 — кезең: «Бәйге».

Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, балалар бір-бірлеріңе сәттілік тілейік!

— Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)

4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)

6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)

7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)

8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)

9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)

10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

1. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 — дің қосындысы 60 — қа тең.(х+50=60 х=10)

2. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)

3. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

4. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)

5. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)

6. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)

7. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,………………..(Білімсіз күнің жоқ)

8. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

9. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда

10. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

2 — кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз

«Жеті жұрттың тілін біл».

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабат қаттама

Ақылың боллса аттама. (кітап – книга — book)

1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч — ball)

2. Жүз теңгең болғанша,

Жүз……. болсын. (дос – друг — friend)

3. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок — lock)

4. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорып жүретін досы.

(ит – собака — dog)

3 — кезең: «Ғажайып төрттік»

-Бұл ғажайып төрттік дегеніміз өзіміздің төрт пәнімізден берілетін сұрақтар.

— Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық

Сұрақтары:

Әдебиеттік оқу пәнінен.

1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ («Күлпаш». Б.Майлин)

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. «Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?

( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)

4. Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы?

(Ақжолтай Ағыбай батыр).

Қазақ тілі

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары…(Қай? Қандай?)

3. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)

4. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер…(Етістік)

МАТЕМАТИКА

1.Ең кіші үш таңбалы сан. 100

2.4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

3.5пен 8 санының көбейтіндісі 40

4.3*5+40 мәні қанша? 55

ДҮНИЕТАНУ

1.Адам денесінің тірегі Қаңқа

2.Жүрек қайда орналасқан? Сол жақ кеудеде

3.Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы

4.Сезім мүшелерін ата. Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

4 — кезең: «Жорға»:

— Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1-топқа

1.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

2.16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

3.Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты. (Ибраһим)

6.Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9.Парталас көршің?

10. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

11. Қазақ тілінде неше әріп бар?

12. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

13. Сөйлем неден құралады?

14. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?

15. 1 сағатта неше минут бар?

16. Өсімдік тіршілігіне не қажет?

17. 1 дм неше см?

18. Әкеңнің әкесі саған кім болады?

19.Ұя салмайтын құс?

20. Абайдың әжесі?

2-топқа

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (жұма)

5.Азаттық жолында күрескен кім? (Тоқаш Бокин)

6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті. ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың? (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

11. Орман дәрігері?

12. 12 мен 5 — тің қосындысы неге тең?

13. Дауыссыз дыбыстар нешеу?

14. Балықшы сөзінің түбірін тап?

15.Түйенің төлі қалай аталады?

16. Абайдың анасы?

17. . Шаршы қандай фигура?

18. Түбір сөз дегеніміз не?

19. «Сұлба» деген не?

20. 1 метрде неше см?

ҚОРЫТЫНДЫ.

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын.

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды. Сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет

Мақсаты: Оқушылардың білімге, білуге деген құштарлығын арттыру,

дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шешендікке баулу.

Қатысушылар : бастауыш сынып мұғалімдері және 2-4 сынып оқушылары

Сайыстың өткізілу барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне.

Ал, келіңдер, келіңдер.

Біріңе –бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Жарысып бір көріңдер!- деп, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілгелі отырған «Білімділер» сайысына қош келдіңіздер!

Ортаға ойыншыларымызды шақырамыз:

2-сынып оқушылары:

3-сынып оқушылары:

4-сынып оқушылары:

Сайыс шарттары:

1-бөлім: «Бәйге» ( 12 сұрақ )

2-бөлім : « Тіл – өнер»

3-бөлім «Ғажайып сандық»

4-бөлім: «Тұлғаларды таны»

5-бөлім: « Жорға»

6-бөлім: « Мен елімнің азаматымын.»

Енді әділ-қазылармен таныс болыңыздар:

Бастауыш сыныпи оқу ісінің меңгерушісі: Сатаева Зухра Исахметқызы

Тәрбие жөніндегі орынбасар: Азирбаев Манас Берікқалиұлы

Бірінші айналым : «Бәйге»

Шарты: Жалпылама 12 сұрақ оқылады. Кім бірінші әрі дұрыс жауап береді,сол оқушы 10 ұпайға ие болады.

  1. Күз айларын ата? (қыркүйек,қазан, қараша)
  2. 16-желтоқсан – қандай күн? ( Тәуелсіздік күні)
  3. Эссе деген не? (шағын шығарма)
  4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? ( айырманың мәні)
  5. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты?( топырақ)
  6. Құрлықтағы алып жануар? ( піл)
  7. Асхана сөзінде неше буын бар? (үш)
  8. Аудандық газетіміз қалай аталады? (Дендер)
  9. Көру мүшесі?( көз)
  10. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
  11. Бір жылда неше маусым бар? (4)
  12. Аптаның үшінші күні? (сәрсенбі)
  • Әділ қазылар ойыншылардың ұпай сандарын айтып өтеді.

Екінші айналым : « Тіл – өнер»

Бұл кезеңде сайыскерлерге жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуіне байланысты мақал-мәтел айту тапсырылады. Толық жауап берсе 20 ұпай саналады.

1.Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың

(мектеп) «Мектеп – кеме, білім –теңіз»

2. Көлемі шағын, қыры көп,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің ұшан сыры көп,

Ішіне сыйып кетеді.

( кітап) «Кітап-білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

3. Жарықта жағалайды,

Қараңғыда жоламайды

(көлеңке) «Жаман дос – көлеңке»

4. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

(Су) « Су бар жерде өмір бар»

5. Сүйексіз қып жаратқан,

Жұртты аузына қаратқан

( тіл ) «Тіл тас жарады, тас жармаса,бас жарады»

6. Желден желігеді
Судан шегінеді.

(От) «Отан оттан да ыстық»

  • Екі айналымнан кейін ұпайы аз екі ойыншы ойынан шығарылады.

Үшінші айналым : «Ғажайып сандық»

10

Қазақ тілі

10

Математика

10

Әдебиеттік оқу

20

Математика

20

Дүниетану

20

Еңбек

30

Әдебиеттік оқу

30

Математика

30

Қазақ тілі

Қазақ тілі 10 ұпай

2-сын. Қ/т неше дауысты дыбыс бар? /12

3-сын.Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? /3

4-сын.Дыбыс үндестігі деген не? / Дау-з дыб. Бір-біріне ықпал етіп, өзара үнд.

Математика 10 ұпай

2-сын.8 бен 10 санының қосындысынан 2-ні азайт / 16

3-сын. Зинат 5-ші қабатта, ал Ғани сол үйде бірақ екі есе биік қаб.-та тұрады. Сонда

Ғани қай қабатта тұрады? / 10 –шы қабатта

4-сын.1ғас.50 жыл неше жылға тең? / 150 жыл

Әдебиеттік оқу 10 ұпай

2-сын.Төрт түліктің пірін ата/ ойсыл қара, сексек ат,қамбар ата,зеңгі баба

3-сын. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? / м.Шаханов.

4-сын. Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады?

Математика 20 ұпай

2-сын. а-8, мұнд. а=30 – бұл қандай өрнек? / санды өрнек

3-сын. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті / көбейт-ң орнын ауыст.көбейт мәні

Өзгермейді

4-сын.1362-санын разрядтық қосылғыштарға жікте./1онд.3жүзд.6онд.2бірл.

Дүниетану 20 ұпай

2-сын. Табиғат дег.не? / қоршаған орта

3-сын.Жер бетінің кішір.бейнесі? / карта

4-сын. Алтын қандай металл? / түсті металл

Еңбек 20 ұпай

2-сын. Материал дегеніміз не? / бұйым жасайтын зат

3-сын.Мозаика деп нені атаймыз?/бір н/е одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен

жасалған сурет

4-сын.Сема деген не? / суретпен бейнеленетін бір нәрсенің жасалу реті

Әдебиеттік оқу 30 ұпай

2-сын.Абай атамыз айтқан бес асыл іс?

3-сын.Мемлекеттік рәміздерді ата /

4-сын.Әсірелеу деген не?/ бір нәрс. н/е оқиғаны күшейтіп,үлкейтіп айту

Математика 30 ұпай

2-сын.онд.саны 1-ге тең екі таңбалы сандарды ата/ 11,12,13,14,15,16,17,18,19

3-сын.100 санының 4/1 бөлігі нешеге тең?/ 25

4-сын. 15м 26 см неше см-ге тең? / 1526см

Қазақ тілі 30 ұпай

2-сын.Мәтіннің түрлерін ата. / әңгімелеу,пайымдау,сипаттау

3-сын.Даурен үшінші сыныпта оқиды. Айтылу мақсатына қарай қандай сөйл.

түріне жатады?/ хабарлы сөйлем

4-сын.Қараша – күздің соңғы ай. Сөйл-гі тұрл-лы мүшел-ді ата / қараша-баст.

айы –баян.

Төртінші айналым : «Тұлғаларды таны»

Бұл бөлімде ойыншылар сандар артына жасырылған белгілі тұлғалар туралы мәліметтер айтады.

1.Бұл кім?

2. Сен ол тұлға туралы не білесің?

3.Жауап : 20 ұпай көлемінде беріледі.

Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы,ғұлама ғалым, қоғам қайраткері. Ол Семей обл. Абай ауданында 1897жылы 28-қыркүйекте дүниеге келген. Абай атамыз туралы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абайдың немере інісі.Ол бірнеше тілді өз бетінше меңгерген. (араб,парсы,түрік,орыс)1905 -1906 жылдары Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. Ол – ақын, ұлы ойшыл, кемеңгер адам.

Ахмет Байтұрсынов – ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым,аудармашы, ағартушы. Ол 1873 жылы 15-қаңтарда Қостанай обл. Жангелдин ауд. дүниеге келген.1913 жылы тұңғыш «Қазақ» газетін шығарды.

Қазақ әліпбиінің негізін салушы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ҚР тұңғыш Президенті. Ол 1940 жылы 6-шілдеде Алматы обл. Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында бастаған. Ұлт мақтанышына айналған еліміздің басшысы.

  • Осы айналымнан кейін ұпай саны аз екі ойыншы ойыннан шығарылады.

! Ұпай сандары тең болып қалған жағдайда ойыншыларға берілетін тапсырмалар:

« Сандар сыры»

Берілген сандардың еліміздегі мерекелік атаулы күндермен сәйкестігін атайсыздар.

1, 8, 9, 15, 16, 22, 30

Бесінші айналым: «Жорға»

А нұсқасы

  1. Тұңғыш Президент? / Н.Ә.Назарбаев
  2. Абайдың әжесі?/Зере
  3. Сен тұратын елді-мекен?/Жарсуат
  4. Аң патшасы? / арыстан
  5. Діни мереке? / айт
  6. Жазу құралы / қалам
  7. Бір аптада неше күн бар? / 7
  8. Ас атасы-? / нан
  9. Қағаз неден жасалады?/ағаштан
  10. Күй атасы-? /Құрманғазы

Б нұсқасы

  1. Елбасы -?/ Н.Ә.Назарбаев
  2. Абайдың анасы-? /Ұлжан
  3. Сен тұратын аудан? / Индер
  4. Қорқақ аң?/қоян
  5. Мұсылмандық мереке?/айт
  6. Есту мүшесі?/құлақ
  7. Бір айда неше күн бар?/30
  8. Аспаз кім? / тамақ пісіретін адам
  9. Компьтерлік қағаз?/ А4
  10. Күй анасы-? / Дина

Алтыншы айналым: «Менің елім.»

Бұл бөлімде оқушылардың шығармашылық, шешендік өнерлері сарапқа салынады.

Жоғарғы ұпай — 30

! Ұпай сандары тең болып қалған жағдайда ойыншыларға берілетін тапсырмалар:

«Дұрыс па, бұрыс па?» немесе «иә», «жоқ»

  1. Қымыз – түйенің сүті / жоқ
  2. Бұзау – сыиырдың төлі / иә
  3. Алма жерде өседі / жоқ
  4. 8-наурыз – Жеңіс мерекесі / жоқ
  5. Біз – оқушымыз / иә
  6. Қайық аспанда ұшады / жоқ
  7. Қыста боран болады / иә
  8. Екі – жақсы баға / жоқ
  9. Тас жұмсақ болады / жоқ
  10. Ұзын- қысқа мағынасы бірдей сөздер / жоқ
  11. Гүлдер әр түрлі болады / иә
  12. Қоян батыр болады / жоқ
  13. Оныншы ай – желтоқсан / жоқ

! «Жалғасын тап!»

  1. Көп сөз көмір,……
  2. Қына тасқа бітеді,……..
  3. Тіл тас жарады,………
  4. Әдепті бала арлы бала,………
  5. Әке көрген оқ жонар,………..

Қорытынды: Әділ-қазылар сайысты қорытындылып, жеңімпазды марапаттайды.

Просмотр содержимого документа

«Білімділер сайысы (интелектуалды сайыс)»

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№7 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза Сарсенбаевна

«Алтын сақа» интеллектуалды ойын — сайыс
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан — жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Ойын — сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:
— Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
— Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 3 сынып оқушыларының арасында «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойын — сайысын өткізгелі отырмыз.

Сайыс бағдарламасымен таныстыру:
— Бүгінгі интеллектуалды ойын 8 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру.
2. Жалғасын тап.
3. Кім шапшаң?
4. Мәтін — мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту.
5. Сұрақ – жауап.
6. Берілген сөздерден сөздер құрастыру
7. Сиқырлы ұяшықтар.
8. Поэзия минуты.

— Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
— Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымызға бастаймыз. Сонымен, оқушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 — кезең “ Таныстыру ”Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз:

2 — кезең: «Жалғасын тап»
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын оқушы жалғастырады.
1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Дені саудың, жаны сау
2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
3. Үлкенге – құрмет, кішіге ізет
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын
4. Ақыл – тозбайтын тон,, білім — таусылмайтын кен.
Ырыс алды — ынтымақ
5. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Білім қымбат, білу қиын.
7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
8. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
Ердің көркі елімен, отан көркі жерімен.
9. Бірлік болмай, тірлік болмас
Ақыл — дос, ашу дұшпан.
10. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.
Оқу инемен құдық қазғандай.

3 — кезең «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай оқушы жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол оқушы жеңіске жетеді.

Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.

Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық

4 — кезең. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелерді ашты. Айнұр партаның үстін, тақтаны дымқыл шүберекпен сүртті. Бірінші сабақ қазақ тілі. Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындайды. Сөздіктер сөреде тұрған. Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ — жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

— Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 — кезең: «Бәйге»
2 — кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 — кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 — кезең: «Жорға»

Негізгі бөлім:
— Мықты болсаң — алдағыны басып оз,
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 — кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
— Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 — дің қосындысы 60 — қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,………………..(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

2 — кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга — book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч — ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз……. болсын. (дос – друг — friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок — lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака — dog)

3 — кезең: «Қызықты тоғыздық»
— Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?

4 — кезең: «Жорға»:
— Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?

1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 — тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады — ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы
Қалалық қазақ мектеп – лицейі Мемлекеттік мекеме
Бастауыш класс мұғалімі Хасенова Нурханым Хасеновна

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Интегрированные уроки сценарии
  • Интересные летние праздники
  • Интересные места на ноябрьские праздники
  • Интегрированная среда сценариев windows powershell можно ли удалить
  • Интересные костюмы на праздник