Интернетті? пайдасы мен зияны дебат сценарий

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол

Интернеттің пайдасы мен зияны пікір — талас
Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»
Сабақтың түрі: дебат /пікір — талас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа
құралдары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сарапшыларымыз:
ІІ. Тақырыппен жұмыс

1. Жүргізуші ашық пікір — таластың ойын — шарттарымен таныстырады:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге
10-11 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»
атты пікір — таласты ашық деп жариялаймын.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу ығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттар
Бұл пікірталаста 10 сынып оқушыларынан құралған «Самғар» тобы жақтаушы,
11 сынып оқушыларынан құралған «Барыс» даттаушы.
Пікірталас шарттары:
1./ екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин
2/ сұрақ жауап кезеңі
3/ спикерлердің қорытындысы
4. әділқазылардың қорытынды сөзі

3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі
1. «Самғар» тобының спикері:
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір — бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ — тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос — Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір — бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып — жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
2. «Барыс» тобының спикері:
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық — коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл — қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу — баланың айналасындағы адамдармен бетпе — бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра — күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы — ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.
3« Самғар» тобының спикері

Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке — дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана — сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп — біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).
. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 — 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 — 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.

4. «Барыс» тобының спикері:

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарай ойлы мақсатқа, т. с. с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет — ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды — таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние

5«Самғар» тобының спикері Интернет — тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан — жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе — көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
6. «Барыс»
Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс — шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық, қазіргі таңдағы әлеуметтік желідегі орын алған атышулы «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня в 4,15» т.с.с. адам өміріне балта шабатын өлім топтарының мақсаты мен мән жайы кім- кімді де елең еткізбей қоймасы анық. Осы ойындарды балалар ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздеріңізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс — тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сұрақ — жауаптармен алмасады
7. «Барыс» тобының сарапшы спикері:
Сәлем бердік қауымға Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық — зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс — шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз — қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық — зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық — деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
8. «Самғар» тобының сарапшы спикері
Армысыздар пікір — сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым. Мен «Самғар» тобының спикері Аида ханым!
Иә, балық сүйексіз, адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса, кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.
Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Сондықтан мен «Барыс» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

Асыл тастан, өнер жастан — демекші, осылай жас — ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселелерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен керек мағлұматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын!
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!
5. Қорытынды
1. Әділ қазылардың қорытындылауы
2. Марапаттаулар

Салихова Мадина Жуламоновна

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

ДЕБАТ САБАҚ

Тақырыбы:

«Интернеттің пайдасы мен зияны»

10 сынып

Информатика пәні мұғалімі: Усенова Н

2014-2015

Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Сабақтың түрі: дебат (пікір-талас)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап/ ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар /дербес компьютер, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

Жүргізуші:Алтыншаш

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр сырын білгенге не жетсін.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерге 10 сыныптың оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» жайлы пікір таласты ашық деп жариялаймыз.

Біз бүгінгі дебатта сіздердің толғандырып жүрген сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Ақпараттық технологияны заманға сай қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет-бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол -бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып, жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Бұл пікірталаста 10 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Намыс» тобы жақтаушы, 10 «А» сынып оқушыларынан құралған «Мұрагер» тобы даттаушы.

Біздің сарапшыларымыз Адырбаева Тамара апай

Сапаршаева Лаззат

І Тақырыпппен жұмыс

  1. Жүргізуші ашық пікірталастың шарттарымен таныстырады:

Пікірталас шарттары:

  1. Әр топ өздерін таныстырады.

  2. Пікірталасу 3 мин

  3. Екі топ өзара сұрақ алмасады.

  4. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрағы.

  5. Көрермендердің дайысы

  6. Сарапшылардың қорытындысы.

Интернет өмірімізге қаншалықты маңызды екенін білу үшін 10сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебатты тамашалаңыздар.

  1. Топ жетекшілерге сөз беріледі.

  1. «Намыс» тобының мүшесі Азиза

Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы зор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернеттің пайдасы

  1. Алысты жақындату

  2. Қоғамға «адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

  3. Сана- сезімді жоғарылату.

  4. Ізденіс талпынысқа қашықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

  5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

  6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

  7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

  8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.(материальды және моральді жағынан болсын)

Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру. Адамдарды ажалдан құтқарып, зор көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу арқылы, мейірімділік таныту, ізеттілікке итермелеу және т.б. жасалады. Және де дүкендерді араламай-ақ үйде отырып интернет магазин арқылы қалаған затымызды сатып ала аламыз. Қазіргі таңда интернет пайдаланушылардың саны 2 млнға жетті
Алдағы уақытта интернет пайдаланушылар саны бұдан да үлкен көрсеткішке жетпек.

Қорытындылай айтқанда интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Назарларыңызға рахмет.

  1. «Мұрагер» тобының мүшесі_Гүлжан_

Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, біздің өмірімізге қажет, Интернеттің пайдасы зор! деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі апараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақта та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздерме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы-ұлттық, адами қаситеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Жүргізуші сұрағы: Денсаулыққа тағы қандай әсері бар? Бұл сұраққа Ерболат

жауап береді. Компьютерде көп отырсаңыз, көзінің көруі нашарлап, қол аяғы мен омыртқасы ауырады, еңбек ету қабілеті шектеледі.

Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары 12-13 жастағы оқушылардың 80 пайызының физиологиялық биоырғағы бұзылғанын, 10 пайызының жүйкесінің жұқарғанын және әрбір бесінші оқушының басы ауырып, нашар ұйықтайтынын анықтаған. Осылайша компьютердің қызығына түсіп, өз үйінен безіп, «қаңғыбастар» қатарын толықтыру қоғамды алаңдатуда. Сондықтан балаларды бос уақытын тиімді пайдалануына тек қана ата-ана емес, азамат ретінде бәріміз жауаптымыз.. Сондықтан балаларды компьютерлік клубтарға емес, түрлі спорттық мекемелерге, ән-би үйірмелеріне баруға бейімдеуіміз керек.

  1. «Намыс» тобының мүшесі_Гулмира

Сәлем бердім қарсыластарыма, интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды, ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса, денсаулыққа зиян келмейді. Көзге жаттығулар жасалып, 20-25 минут сайын демалып, арақашықтық сақталу керек. Компьютерде отырғанда ақ халат киіп, өзінің көзілдірігін кисе, компьютер алдына кактус гүлін қойса, айтылған ережелер сақталып тұрса денсаулығымызға зиян келмейді.Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын, достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалы ұстаздар берген реферат, мәнжазба, буклет, солардың бәрін интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін және уақытты үнемдеймін. Интернет-тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен Үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың. Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Үкімет сайты, Парламент мәжіліс депутаттары, өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады. Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Электрондық пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Күннің астында азып-тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Тыңдағандарыңызға рахмет!

4. Мұрагер тобының мүшесі_Оралбек

Күн сайын теледидар қарап отырып, не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Назарларыңызға рахмет?

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу ығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді талантарға.

Енді екі топ бір-біріне сұрақтарын қояды.

3.Екі топ бір біріне сұрақ қояды?

  1. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары.

  1. Қазір балалардың компьютерге қызығушылығы жоғары болғанымен, пайдалы істерге мысалы, компьютерге программа құру, әр түрлі тапсырмалар орындаудан гөрі қатыгездік ойындарға әуестенеді. Сіздер бұған не дейсіңдер?

ХХ-ғасырдың басты жетістігі- ақпараттық технологияның дамуы. Бүгінде мұндай замана жетістіктерінің қызығын бесіктен белі шықпаған баладан бастап, еңкейген кәріге дейінгілердің бәрі көруде. Кей жағдайда оның пайдасынан гөрі зиянды жақтарының көбірек. Сол үшін оның тізгінін қай жаққа бұру адамзат баласының өз қолында. Қара жәшікке телміріп, түнде ұйқыдан айрылып, күндіз оқуына мән бермей «компьютерге тәуелді» балалардың басын айналдырып алған ғасыр сырқаты да осы. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі олайн ойындары атыс-шабыс, тағы да қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздеріңізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойынды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Жүргізуші сұрағы: Жасөспірім балалар неге компьютерге соншалықты құмар? Бұл сұрақ Даттаушы тобына. Себебі компьютер клубтарына кіру бағасы арзан. Мәселен қалтасында азын аулақ ақшасы бар кез-келген бала компьютерлік клубтарда қалауынша интернетте отыра алады. Ал олар дәл сондай сомадағы ақшамен кинотеатрға немесе саябаққа, фитнес клубтарға бара ала ма? Жоқ.. Бос уақыттарын қызықты өткізгісі келетін жас жеткіншіктер компьютер клубтарына барып, кейін оған қалай бағынышты болып қалғанын сезбей де қалады? Бұған қоса өздерімен бірге өзгелерді де ертіп келіп, еліктіреді. Шынымен де кез келген компьютерлік клубтарда Жетісай қаласында 200-400 тенге беріп, таң атқанша отыра беруге болады екен. Сонда ата-ана қайда қарап отыр?

  1. Қазіргі кезде оқушылар ұялы телефон арқылы интернетке шығып, Агент арқылы хабар алмасады, осының қаншалықты пайдасы бар?

  1. Көрермендердің дауысы.

  2. Сарапшылардың қорытындылауы.

6

Дөңгелек үстелдің тақырыбы:

«Ғаламтордың  пайдасы және зияны»

Түрі: Дебат /пікірталас/

Мақсаты:
Білімділік: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл — ойын дамыту.
Тәрбиелілік: білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу
Әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Көрнекілігі: тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар /
            Бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Намыс» тобы сөз қозғайды. Яғни жақтаушылар құрамында
Компьютердің зияны туралы «Мұрагер»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар
Бүгінгі ашық пікірталастың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Әр топ өздерін таныстырады;
2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады. Регламент 3 — 5 минутты сақтау)
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
4. Ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)
5. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз


  Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.
ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстыра неше бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл-
демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Сарапшыларымыз:Топтың аты: «Намыс» «Мұрагер»
1. Жүргізуші ашық пікірталастың ойын – шартымен таныстырады.
Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады.
Регламент 5 – 7 минутты сақтау
Ашық дауыс беру / көрермендер мен жюрилер/
2. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.
1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы
1. «Намыс» тобының мүшесі  8«А» сыныбының оқушысы _______________ханымға береміз.
    Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор».
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой — өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез — келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз.
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп — қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 — 80 сөз, 6 — 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез — келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде — осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.
    2. «Мұрагер» тобының мүшесі 8 «А» _________ ханым сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:
   Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Соның нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал бұған екі есе уақыт кетеді. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.
Жақында Ресейлік бір телебағдарламада мынандай қанқұйлы оқиғаны көрсетті. 12 жасар бала үйіндегі компьютермен түрлі қанқұйлы атыс — шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан шықпай қояды. Бұған ыза болып ашуланған әкесі пышақ алып компьютердің желілерін кесіп — кесіп тастап, пышағын столдың үстіне қойып, өзі төргі үйдегі диванның үстіне демалып отырса, ұлы жаңағы пышақты алып, жүгіріп келіп, бейне ата — жауын көргендей әкесінің тура жүрегіне пышақты қадаған. Әкесі сол жерде жан тапсырған. Жақын көршілерімізде болып жатқан осындай келеңсіз жағдайлар, бірде болмаса бірде бізде де орын алмасына кім кепіл?
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс — шабыс, төбелес, зорлық — зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым — қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке — жүйесі бұзылып, ашу — ызаға жол береді. Бірте — бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата — ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін ұмытпайық.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен
тыс компьютерге тәуелді болып «байланады». Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл — ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл — күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады.
    3. «Намыс» тобының мүшесі 8 «А» сыныбының оқушысы _________________ жолдас сөз кезегі өзіңізде.
Құрметті көрермендер, бұл сұраққа мен жауап берейін. Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тоғы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер біреулеріңнің керек компьютерге UPS / Источник безперебойного питания / құрылғысы қосылып тұру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20 — 30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса, тіпті жоқ болған кезде Файл – Сохранить немесе Құрал – сайманда тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру қажет. Сіздерге компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң — өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары — төмен, оңға — солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған — тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
     4. «Мұрагер» тобының ______________________________жолдас сіздің ойыңыз.
Армысыздар аса қадірлі көрермен. Қазіргі кезде жұқа экранды мониторлар денсаулыққа қауіпсіз делінгенімен, бірақ әлі де оның белгілі мөлшерде электромагниттік сәулелерді бөліп шығаратыны айтылуда. Ал ескі мониторлардың зияны тіптен жоғары. Сондықтан үстеліңізде ескі монитор тұрса одан ертерек құтылғаныңыз жөн.
Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.
Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.
Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.
Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымызда жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық
     5. «Намыс» тобының мүшесі ________________ жолдас сөз кезегі сізде.
Мектептегі жалпы оқушылар денгейлі әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Әрине мен атыс — шабыс, қан төгіу ойындарына қарсымын. Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда да оқушылардың оны ойнағанға уақыттары жоқ, оның үстіне мұғаліміміз рұқсат етпейді. Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады. Компьютерлік ойындар тек қана атыс — шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым — шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп — артылады
Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.
     6. «Мұрагер» тобының мүшесі_____________________
Сәлем бердім көрерменге. Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейік. Компьютерге енгізілген ойындар атыс – шабыс тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Негізінде бір ойын компьютері 4 — 5 шаршы метр жер алуы керек. Ал іс жүзінде ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар — қатар орналастырылған. Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың «қыликөздікке» ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі ұшырайды. виртуалды ойындарға еліткеп әр түрлі қылмысты істерге баруы мүмкін.
Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көптеген мағлұмат алдық деп ойлаймын.
Оның бағасын әділ қазылар бере жатыр.
    4. Сұрақ – жауап
Осы тақырыпқа байланысты өз ойларын сұрақтар арқылы толықтырар деген ниетпен екі топқа сұрақ алмасуға рұқсат беріңіздер.


Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады.
(сканер, мәтіналғы. Scanner)Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(принтер, басып шығарғыш, printer)


Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
(Монитор, монитор, screen)


Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті.
(Пернетақта, клавиатура, keyboаrd)


Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
(процессор, жүйелік блок, System unit


5. Топ жетекшісінің Билік жүйесіне ұсыныстарын оқу.
Бүгінгі ашық пікір – таластан шыққан қорытынды, ұсыныс ретінде әр топ өз ойын ортаға салса яғни, айтайын дегеніміз әділ қазылар мүшелеріне және мектеп әкімшілігіне әр топ өз ұсыныстарын тізбектеп өтсе. Бірінші кезекте «Намыс» тобы. Келесі сөз «Мұрагер» тобына берілсе.
І топ ұсыныстары
1. Мектепте компьютерлер әр оқушыға жеткілікті болса.
2. Оқушылар Интернетті еркін пайдаланса.
4. Компьютердің алдында отырған бала уақытты тиімді пайдаланса
ІІ топ ұсыныстары:
1. Информатика сабағында техника қауіпсіздік ережесі сақталса
2. Оқушылар сабақтан қалмай, білмегендерін сұрап білсе
3. Әр оқушы компьютерде еркін жұмыс жасай алса
4. Әр пәнге электронды оқулықтар алынса
ІІІ Қорытынды.
Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
   1. Жюридің пікірі – таласқа деген көз қарасы.
Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет! 

«Ғаламторды  жақтаушылар»

  1. «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір — бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай — ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес.2. Кез келген адам күніне 6 — 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып — ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.

    3. Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.

    4. Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық — талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.


5.Бұл күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

6.Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады

7. Біздің ұсынысымыз:
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң — өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.

«Ғаламторды  даттаушылар»

1.Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтор пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық — коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынас жоғалуда.

2.Жаңа сен бір сөзіңде

«компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап — шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді. Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп — қатердің түп — төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген.

3.Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды.
Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі –
көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт — жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы.


4. Бұрындары көбінесе
монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады

5. Компьютерге енгізілген ойындар атыс – шабыс тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

6.  Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып «байланады». Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл — ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды.

7.Баланың көңіл — күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады.

Интернеттің пайдасы мен зияны


  • Информатика
  • admin
  • 31.01.2017
  • 0
  • 4
  • 79711

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№9 Меркі колледжінің арнайы пән оқытушысы
Мусаева Алия Турысбековна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

Тәрбиелік: Білімгерлер  өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, ойын, нақты дәлелдер келтіру/

 Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.          

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемтдесу

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.

Бүгінгі “Интернеттің пайдасы мен зияны” атты /пікір талас–дебат/ ойын сабағына №23 ЭЕМ тобының білімгерлерінен құралған “Google” тобы жақтаушы және “YАNDEX”  даттаушы топтары қатысып отыр.

“Пікірталас шарттары” VІІ кезеңнен тұрады:

І. Интернет туралы  қышқаша шолу
ІІ. Командалардың атын таныстыру
ІІІ. «Компьютердің пайдасы мен зияны» (пікір — талас) ойыны
ІV. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
V. «Мақал –сөз мәйегі»  Бұл бөлімде топтар бір-біріне информатикаға байланысты аударылған мақалдар айтады, екінші топ сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек
VІ. Қорытынды сөз
VІІ. Марапаттау рәсімі

І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                    3. Web (WWW ) қызметі.

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан .ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 — 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.

http:\www.google.com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\www.yahoo.com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\www.aport.ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\www.yandex.ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

        

Психологиялық тренинг.

Шарты: Сайысқа қатысып отырған Ұстаздар мен білімгерлер өздеріне қалаған түстерін таңлдайды. Сіздің таңдаған түстеріңіз сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады.

ІІ. Командалардың аты мен эмблемасы

ІІІ. «Компьютердің пайдасы мен зияны» (пікір — талас) ойыны

«Google» тобының спикері: Айсулу
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
 

«Yandex» тобының спикері : Асылай
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Тыңдағандарыңызға рахмет.
 

«Google» тобының спикері: Сания
Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.
 

«Yandex» тобының спикері : Айымжан
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

«Google» тобының спикері: Нурила
Интернет — тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
 

 «Yandex» тобының спикері: Адина
Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
 

«Yandex» тобының сарапшы спикері: Айгул
Сәлем бердік қауымға Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға,жаман әрекеттерге бару туралы  кезігесің.. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет!

«Google» тобының сарапшы спикері: Аида
Армысыздар пікір-сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым. Мен «Google» тобының спикері Аида ханым!
Иә, балық сүйексіз, адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса, кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.
Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз!Сондықтан мен «Google» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

ІV. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ   алмасады .

І. «Google» тобының сұрақтары

1. Интернет дегеніміз не?
Жауабы: Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.

2. Алғаш рет Интернет пайда болған жыл?
Жауабы: 1958 жыл АҚШ-та

3. Байланыс арналарын ата.   
Жауабы: кабельдік, талшықты-оптикалық, спутниктік радиобайланыс

4. Провайдер дегеніміз не?
Жауабы: Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма

5. Хаб дегеніміз не?
Жауабы: Хаб – бірнеше Интернет желісінің басын біріктіруші құрылғы.

ІІ «Yandex» тобының сұрақтары

1. Слиптер дегеніміз не?
Жауабы: Жиіліктерді бөлуші (сплиттер)

2. Модем айырмашылықтарын ата.
Жауабы: Модем —  ADSL модем жылдамдығымен ерекшеленеді, dial-up телефон байланысмен

3. WWW және TCP/IP – бұл жазба нені білдіреді?
Жауабы: WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар. TCP/IP протоколы (1974)

4. Электронды пошта дегеніміз не?
Жауабы: Электронды пошта — абоненттер мәлімет алмасуға арналған байланыс құралы.

5. Сайт дегеніміз не?
Жауабы: Сайт — компьютерлік желіде құжаттарды біріктірген адрес.

V. « Мақал –сөз мәйегі»  Бұл бөлімде топтар бір-біріне информатикаға байланысты аударылған мақалдар айтады, екінші топ сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек.

І. «Google» тобы

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

ІІ. «Yandex» тобы

1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
3. Антивирусы күштіні — Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
4. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
5. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады  (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

VІ. Қорытынды сөз

Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернеттен   мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін! Сондықтан интернет кімге де бол са  өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз!

Интернеттен көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» “Электрондық  почта ”т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.

Психологиялық  тренинг“Тілек шоғы”

Шарты: Әр қатысушы білімгерлер біріне-бірі өз тілегін білдіреді. Тілек соңында мұғалімге жақын шеңбер бойымен тұрады.

Бүгінгі сабақты
Жүсіп Баласағұнның сөзімен аяқтағым келеді:

«Түйсік болып, қансаң білім нәріне  

Жетер қолың ой-тілектің бәріне» дей отырып марапаттау рәсімі.


Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/ Сынып:11Ә

Сабақ тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек — интернетке байланысты
оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын
арттыру;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой
қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл
байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника
қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікір-сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту,
нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық
материалдар, мультимедиа құралдары (көшіру)</<font
face=»Times New Roman, serif»>

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Көптеген
тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар
екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер
шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру
мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және
соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық
орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды
қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын
кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз
түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру
мақсатында пайдалана аласыз.

Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м
болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам
зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа
шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер,
теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды
компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану
дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла
отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды
әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв
жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды.
Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы
байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті
нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі
салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.

Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып
келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып
кеткен агент төңірегінде болмақ. Сөз кезегін бүгінгі сайысымыздың
жүргізушісі 11 «ә» сынып оқушысы Несіпбек Әлия береміз.

1.Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар!

11 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты
пікір-таласты ашық деп жариялаймын.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып,тасып,

Біреу ығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді таланттар

Ең алдымен сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар
алқасымен таныстырайық.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары —

  2. Информатика пәні мұғалімі —

  3. ИФМ пән бірлестігінің жетекшісі —

Бұл пікірталаста 11 «ә» сынып оқушыларынан құралған «Жақтаушы»
тобы, топ мүшелері: Абылқасым Мөлдір, Асқарбай Ұлдана.Разикова
Дана, Дамирқызы Асем.

11 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Даттаушы» тобы, топ
мүшелері: Сикатаева Гүлзира, Абиров Дидар.Нұртаев Темірлан,
Усербаева Асель

Пікірталас шарттары:

1/ екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа 3
мин

2/ сұрақ-жауап кезеңі

3/ спикерлердің қорытындысы

4/әділқазылардың қорытынды сөзі

3. Сөз кезегін оқушыларға берейік:

1. «Жақтаушы» тобының спикері: Абылқасым Мөлдір

Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі
дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз.
Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің
өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке
анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі
миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын
орасан зор компьютерлік желі . Қазіргі уақытта кз келген
информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер
болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану
— алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта
режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,
электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың
жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.
Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн
санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты
дамып отырған бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет
деп санар едім.

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды
жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер
соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі
керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау
басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта
Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге
және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен
жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969
жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы
байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана
бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен
алмастырылды». Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік
желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері,
радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы
оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да
байланысуға болады.

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша
1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың
төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген
сөз.

2. «Даттаушы» тобының спикері :Сикатаева Гүлзира

Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол
біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр.
Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі
ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда
қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі
туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да
барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге
компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа
зиян екенін білесіздер ме?

Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен
шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі,
жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер
етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат
алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет
сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.
Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді.
Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін
материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе
жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен
емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз
өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі
көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге
нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3«Жақтаушы» тобының спикері :Разикова Дана

Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны
ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да
қажетті ақпараттарды табуға болады

1.Алысты жақындату

2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3.Сана-сезімді жоғарылату.

4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты
арттыру.

5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио,
видео материалдарды

қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен
танысып отыруға;

— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;

— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;

— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;

— Қаржылық операциялар жасауға;

— «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта
тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз
біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес…
(материалдарды және моральді жағынан болсын).

Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек,
оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше
біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе
отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру
үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа
зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл
орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда
техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай
орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Интернеттің пайдасы көп.
Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын
алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген
реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын.
Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Алда
болатын ҰБТ-ға да интернет арқылы дайындалудамын. Интернеттің
пайдасы мен үшін өте зор

Назарларыңызға рахмет.

4. «Даттаушы » тобының спикері: Абиров Дидар

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады,
құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке,
қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң,
оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық,
қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке
цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның
орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы
түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң
да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.

Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті
таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да
бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады.
Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай
келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып
жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек,
Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін
қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды
екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы
басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала
ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде
білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны,
әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады.
Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап,
оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды.
Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар,
соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол
сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды
ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп,
денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Тепсе темір үзетін жігіттеріміз, аға буын өкілдеріміз де
ғаламтор ойындарының құрбаны болуда. Оданда қоғамға пайдасын
тигізіп қала, ауыл, дамуына үлес қосса игі іс болар еді.

Эволюциялық дамуымызды кері айналдырып алмасқа кім кепіл?

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сұрақ-жауаптармен алмасады.

1.Жақтаушы тобы Асқарбай Ұлдана

жауабы — бұл жағдай әр мектептің ішкі
ережесіне сәйкес ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс. Өйткені
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес «Әрбір баланың өмір
сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке
өміріне қол сұғылмауға құқығы бар»…

Және осы заңда айтады: «… баланың рухани және имандылық жағынан
дамуына өзгеше зиян келтіретін… дыбыс және бейнежазбаларды
көрсетіп, таратып жүргендер…» жауапқа тартылады деп. Бірақ әр
баланың телефонында жүрген оның «рухани және имандылық жағынан
дамуына өзгеше зиян келтіретін» жазбаларды ауыздықтауға көп ретте
күш келмей жатқан секілді

Сқрақ — Интернет желісіне байланысты компьютер мен ұялы
телефонның адам денсаулығына зияны қандай?

2.Даттаушы тобы Усербаева Асель

сұрақ- баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына
Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған,
сондықтан мектепте бұл мәселе қалай шешілуі керк?

Жауап — Ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған
адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігі телефонды қолданбаған
адамдарға қарағанда тым көп екені анықталған. Елімізде 100 мың
балаға шаққанда 100-127 бала қатерлі ісік ауруымен ауырады екен.
Сарапшылардың айтуынша, обырды тудыратын факторлар қатарында ұялы
телефон алғашқы орындардың бірін алып отыр. Телефоннан бөлініп
шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық
жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды
ұстатып қоюға болмайды екен.

Зерттеулер нәтижесінде телефонды жиі қолданушылар арасында
ДНК-дағы, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысының
бұзылулары байқалған.

Ал жақында шетелдің мықты мамандары «ұялы телефон ер адамның
ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді» деген
тұжырымдар жасады. Өйткені ұялы телефон ер адамдардың
репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екен.

Мамандардың айтуынша, қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың
(наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларын, жүйке талшықтарын
тітіркендіріп, әлсіретеді. Бұдан микроциркуляция бұзылып, бірден
сезіле қоймайтын жарақат пайда болады. Бастапқыда біліне қоймайтын
ол уақыт өте келе инфекция әсерінен түрлі құлақ дертін өршітуі
әбден мүмкін деседі. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық
пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка
мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке
талшықтары тез тозатынын айтады

спикерлердің қорытындысы

1. «Даттаушы» тобының спикер қортындысы: Нұртаев Темірлан

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз
жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.
Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір
заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы
өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы
интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір
ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы
баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына
үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне
сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын,
өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол
баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық
көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді.

Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам
бойында ұялап қалмай ма? Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек
деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара
кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат
өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне
көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан
жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

1.«Жақтаушы» тобының спикері:қорытынды сөзі: Дамирқызы Асем

Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста
болсақ, біз осы мәселегеүлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен
жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.

Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі
шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз!Сондықтан мен «Жақтаушы»
тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен
жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан
қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,
интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін
қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын
өте қажет, оның пайдасы өте зор, тек оны өз орнымен керек
жағдайларда пайдалану керек. «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа
технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге
асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру — бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың
қолында»
« — деп елбасымыз Н.Назарбаев айтып өтті.
Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Он-лайн тәсілін алға қарай дамыта
беруіміз керек.

Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын!

Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

3.Қорытынды.

Құрметті көрермендер біздің бүгінгі «Интернеттің зияны мен
пайдасы» атты дебат сайысымыз аяқталуға жақын. Интернет зиян
дегеніміз «Даттаушы» жақ спикерлері тұрған бетке, ал керек
дегеніміз «Жақтаушы» спикерлері жақ бетіне өтулеріңізді
өтінемін.

5.Сөз әділ қазыларға беріледі.

Марапаттау.

Көріп — тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет

ҚР Білім және Ғылым министірлігі

Ж.Жабаев атындағы №6 ота мектеп

Ашық сабақ

Дебат

Тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Өткізген: Тарих пәні мұғалімі

Шынтаева Н.С.

Талғар қаласы.

Ашық сабақ, Интернеттің пайдасы мен зияныДебат

Ашық сабақ, Интернеттің пайдасы мен зияныДебат

Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір — талас)

Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»
Сабақтың түрі: дебат /пікірталас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа
құралдары

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2. Сайыстың өту барысы:

1- ші жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
Біреу ығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

2-ші жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға

2.Сәлемдесу.Екі жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

1-ші жүргізуші:

Бүгінгі « Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты пікір талас сайысыны қош келдіңіздер.

2-ші

Олай болса, Сайысымызды ашық деп жарйалаймыз

3. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру

Жүргізуші Асем: Асель сен қалай ойлайсың, ғаламтордың пайдасы көппе, әлде зияны көппе?

ЖүргізушіАсель: М, Асем біз бұл туралы оданда біздің талатты, ойларын толық әрі тиянақты жеткізе білетін қатысушыларымыздан сұрап көрейік.

Жүргізуші Асем :

Ия дұрыс айтасың Асель, олай болса « қаршыға» және «таланттылар» топтарымызды ортаға шақырып таныстырайық

«қаршыға» тобының топ басшысы: Лаура және топ мүшелері: Нұрсұлтан, Алтынай, Бекжан.

Жүргізуші Асель:

Келесі «таланттылар» тобының топ басшысы:Нұрлыхан, топ мүшелері: Тоғжан, Бану,Мейржан

Жүргізуші Асем

Ал сарапшыларымыз:мектебіміздің психологы Балжан әпкей,мектеп медбикесі Ләззәт әпкей және мектеп диоекторы Айман әпкей (Ғазиза әпкей)

4. Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады:
ІІ. Тақырыппен жұмыс
10-11 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»
атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.
Бұл пікірталаста 11 сынып оқушыларынан құралған «ғаламтор» тобы жақтаушы,
10 сынып оқушыларынан құралған «қауіті» даттаушы.

Жүргізуші Асель:

Уақыт сарапшысы: 11 сынып оқушысы Нұрперзент

Жүргізуші Асем:

Ендігі кезекте сіздерді Шпікір-талас шарттарымен таныстырамыз:

Жүргізуші Асель:

Екі топқа жериби тасталады, сол жериби бойынша жақтаушы және даттаушы топтары анықталады.

7 мин дайындық уақытысына беріледі.

І./ екі топ әр топ спикерлері кезек –кезек өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин
ІІ/ сұрақ жауап кезеңі
ІІІ/ спикерлердің қорытындысы
ІV/әділқазылардың қорытынды сөзі

Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі жоғалып кетпейме? Осы жайында қарсылас топтардың ойларын тыңдайық.

I. Сөз кезегі

1. Сөз кезегі жақтаушы « » тобының спикері : Бануға беріледі.

Жүргізуші Асель:

2. Келесі кезек даттаушы «» тобының спикері : Нурилаға беріледі.

Жүргізуші Нүрай:

3. Ендігі кезек жақтаушы « » тобының спикері :

беріліеді
Жүргізуші Асель:

4. даттаушы «» тобының спикері: Нәзеркеге беріледі.
Жүргізуші Нүрай:

5. Сөз кезегі жақтаушы « » тобының спикері : Тоғжанға беріледі.

Жүргізуші Асель:

6. Келесі кезек даттаушы « » тобының спикері : Азаматқа беріледі.

Жүргізуші Нүрай:

7. Ендігі кезек жақтаушы « » тобының спикері : Исаға беріліеді
Жүргізуші Асель:

8. даттаушы « » тобының спикері: Азаматқа беріледі.

II. Сұрақ- жауаптармен алмасу

Жүргізуші Асем:

2-ші кезең сұрақ жауап

Жақтаушы « .» тобы 1-ші сұрақ

……………………………………………………………………….

Даттаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобы 1-ші сұрақ

………………………………………………………………

Жақтаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асем:

Жақтаушы « .» тобы 2-ші сұрақ

……………………………………………………………………….

Даттаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобы 2-ші сұрақ

………………………………………………………………

Жақтаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асем:

Жақтаушы « .» тобы 3-ші сұрақ

……………………………………………………………………….

Даттаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобы 3-ші сұрақ

………………………………………………………………

Жақтаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асем:

Асель

III. Топ лидерлерінің қорытынды сөзі

Жақтаушы « .» тобының топ басышысына сөз беріледі

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобының топ басышысына сөз беріледі

Жүргізуші Асем:

8. Ал екі жақтың ойын тыңдадық , едігі кезекте көрермендеріміміздің бұл туралы пікірлерін білейік.

Жүргізуші Асель:

Мүмкін сұрақ қоятын оқушлар мұғалімдер бар шығар?

Жүргізуші Асель:

Құрметті көрермендер сіздер қай топ жеңді, өз ойларын дұрыс жеткізе білді деп айлайтын болсаңыздар, сол топтың қасына баруларыңызды сұраймыз.

Жүргізуші Асем:

Асель ал сен қалай ойлайсың қай топ өз ойларын жеткізе білді?

Жүргізуші Асель:

Асем бұл туралы біздің сарапшылар жауап бергені дұрыс ау.

Жүргізуші Асем:

IV. Олай болса, сөз кезегі сарапшыларымызға беріледі: ……………..

Марапаттау.

……………………………………………………………………………………………………………………

Жүргізуші Асель: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы ғаламтордағы адамдардың ой пікірін тыңдайық

………………………………………………………………………………………………………………

Салтанат әпкей қорытындылау(бейне материал)

Екі жүргізуші

Назар салып тыңдағандарыңзға көп рахмет .

Сау болыңыздар

1. «ғаламтор» тобының спикері : 11 сынып беріледі.
Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».
Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба .Оның қызмет аясы шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «қауіпті» тобының спикері : 10 сынып аты
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор, Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба» деп жатыр. Дегенмен интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Қарсыласым Лаура айтқан қамбаның ішінен шіріген дәндердің таблатыны анық. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз — ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. 
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Тыңдағандарыңызға рахмет.

Сөз кезегі
3« Ғаламтор» тобының спикері 11 сынып Назерке
Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype», «твиттер», «вк» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейне байланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).
. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін және біз үшін өте зор. Бейне ролик арқылы көрсетейін.
Назарларыңызға рахмет.

4. « Барыс» тобының спикері: 10 сынып Аңсат
Сіз үшін зор шығар алайда «біз үшін» деген сөз әлі талқыда. Ия мұғалім берген рефераттардың, байандамалардың кітапханға барып, оны оқып, жазып жүрмей ақ дайын күйде ғаламтордан ала салумызға болады. Бірақ ол білім болмайды ма деп қорқамын.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қару мақсатқа, жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады.

Психологтардың айтуынша «Виртуалды әлемде «өмір сүруге» үйренген балалардың психикасында ауытқулар болатынын шынайы өмірдегі әрекеттері мен қылықтарынан байқауға болады. Өзін шынайы өмірде де виртуалды әлемдегідей ұстауы әбден мүмкін. Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды» «Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Кейде баланы тамақтануға үшін ғаламтор ойындарынан айра алмасаңыз, ал тамақтанып болып, қарнын тойдырып алған балалар бірден компьютерге қарай жүгірсе. Ондай әрекет компьютерге тәуелділіктің бір белгісі болып саналады» дейді психолог мамандары. Ал компьютерге тәуелділіктің соңы баланың санасының жетілуіне де денсаулығының жақсы болуына да әкеп соқпасы анық.
Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Осы сөзімнің дәлелі ретінде жаңалықтарда беріліп жатқан мына бір беине материалға назар аударайық.

5«Ғаламтор» тобының спикері 11 сынып Маржан

Ия қарсыласымның бейне материалы жан түршігерлік келісемін, алайда мұндай уақиға Қазақстан бойынша санаулы, кім білет ол баланың психикасы туа біткен солай шығар немесе тәрбиесі нашар шығар біз оны білмейміз ғой. Сондықтан бұған ғаламторды кінәләй аламыз ба?…
Интернет — тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Сіз де осы бір видионы бірнеше жыл бұрын көрсетілген хабарды ғаламтордың алдында бірнеше сағат отырып іздеп тауып алғансыз. Көрдіңіз бе сізге де ғаламтордың пайдасы тиіп жатыр. Осыдан кейін ғаламтор зиян деп қалай айтасыз? Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты, мидың жүмысын дамытатын ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпаратты сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
6. «Барыс»

Сәлем бердік көрерменге! Ия қарсыласым ойды дамытатын ойндарды ойнауға болады деп жатыр, алайда жас өспірімдерге ондай онның қызық емесін бәріміз де күнделікті тәжірибеден біліп, көріп жүрміз.Жасөспірімдердің басым көпшілігі атыс, жабыс ойындарына құмартады. Ал бұл ойындардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретініне видиодан куә болдық. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын көрдік. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Жаңа қарсыласым «далада доп қуалап азып тозғанша» деп қалды мен онымен мүлдем келіспеймін, сонда біздің ата-бабаларымыз доп қуалап азып тозды ма қалай? Керісінше бұрынғының адамдары доп қуалағанда, ләңгі теуіп, асық ойнап, күрек ұстап жер аударғанда бүкіл денесі қозғалысқа түсіп шынықты, мықты болды. Ал қазіргі жастар әлсіз, ауырғыш келеді, себі олардың үш саусағы ғана қимылдайды.

Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сұрақ-жауаптармен алмасады
7. «Барыс» тобының сарапшы спикері :

Сәлем бердік қауымға Қарсыласым « бұрынғының адамы» деп қазіргі замман жаңа заман, технология заман екенін мойындағандай ма?..
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігеміз. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар .Бірақ бәр жамандықты ғаламтордан іздегеніміз бір сөзбен айтқанда «құлаққа қонымсыз». Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге , ғаламторға шектеу ұойсақ та, қол жеткізбесе де ұялы телефон бар емес пе оны қазіргі жастар жақсы меңгерген. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. Сондықтан техника қарқынды дамыған заманда Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол , аса білімді ұрпақ тірбиелеу үшін интернеттің үлесі күшті. Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор!
Тыңдағандарыңызға рахмет!
8. «Самғар» тобының сарапшы спикері
Армысыздар пікір-сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым. Мен «Самғар» тобының спикері Аида ханым !
Иә,балық сүйексіз,адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса,кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.
Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Сондықтан мен тобымыздың ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Алайда балаларымыздың неге кіріп, неден шығып, қанша уақыт отырғанына назар аударғанымыз жөн. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,тұлға тірбиелеу үшін интернеттің аса керегі жоқ деген тоқтамды жақтап отырмыз. Сонымен іске сәт,жұмыстарыңыз табысты болсын!
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Сұрақ- жауаптармен алмасу

Даттаушы топ сұрақ

Егер үнемі онлайн ойындарын ойнап отырған баланы, қалай компьютерді өшіруіне көндіресіз. Оны ғаламтор шырмауынан алып шығуға бола ма?(компьрді не ғаламторды өшірсеңіз ызаланады,жылайды)

Жауап: Компьютерге тәуелді бола бастаған балалар жыласа да компьютерді іске қосуға қажетті жабдықтарды (пернатақта, тышқан, кабель) алып қоюға болады. Баланың жылағаны бір сәттік, ал компьютерге тәуелді болу ұзаққа созылады. 
Мектеп жасындағы балалар ата-анасының айтқанын түсінеді, тыңдайтындары көп. Кейбірі қорқандықтан амал жоқ компьютерден алыстайды. 
Баланы бір әрекеттен немесе заттан тыйғанда соған балама болатын әрекетті немесе затты ұсыну керек. Мысалы, компьютердің алдында телміріп отыруына кететін уақытты спортқа, физикалық тұрғыда денсаулығына пайдалы ойын түрлеріне жұмсауды үгіттеуге болады.

орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліпбіле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін

емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).

. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу

қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай

қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру

үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты

сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс

жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса

денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 2025 минут сайын, көзбен

компьютердің ара қашықтығы 6070 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін

сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына

компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса

денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы

болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген

реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей

мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор

Интернет тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға

болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері

мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік

береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр

түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады.

Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды

сиғызып, жанжаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру,

керек болса, көзбекөз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Асыл тастан,

өнер жастандемекші, осылай жасұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға

жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау

білімді,интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ

керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.!

ІІІ топқа: Интернеттің зиянын түсіндіру(постермен жұмыс)

Ол үшін төменде берілген ресурстарды ІІІ топ оқушылары пайдалана отырып постермен

жұмыстанады.

Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттықкоммуникациялық құралына

айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі

туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен

шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін

компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп

төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның

көзі, жотасы ауырады және қимылқозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв

жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесубаланың

айналасындағы адамдармен бетпебет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен

айырылады.Компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы

ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде

шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес,

интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы

Ендігі бір мәселе Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңдытаңға ұрып, Интернетті

қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Интернет друг или враг сценарий
  • Интернациональный праздник это
  • Интернациональные праздники франции
  • Интересный театрализованный сценарий на день народного единства
  • Интересный театрализованный сценарий ко дню матери