Интернет орнына кітап сценарий

ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА БАЛХАШ

«Интернет орнына кітап» акциясы

                                 «Интернет орнына кітап»  акциясы

«Интернет – бір күндік, кітап –мәңгілік» өйткені адам кітап оқығанда ойлау қабілеті жоғарыласа, интернетте үнемі отырған адамның ойлау қабілеті төмендеп кететіндігі ғалымдардың зерттеуінде анықталған екен. Жас буынның семіздікке шалдығуының өзі ғаламтордың алдында ұзақ отырып тамақ жегенде адамның араны ашылып кететіндігінен екен. Артық салмақтың артуына да электронды құралдан көз алмастан ас ішудің зор үлес қосатыны белгілі. Адамның ас мәзірінен алған ләззатын техника «жұтып қояды»  да тою сезімін тудырмайды. Сондықтан ғаламтордан гөрі кітап оқыған дұрыс. 

   Осы орайда орта буын оқушыларымен мектеп кітапханасында бір күнге кітап оқу акциясын өткіздік. «Интернет орнына кітап» акциясының мақсаты оқушының ғаламторға тәуелді болмай, бір мезгіл кітап оқуға деген қызығушылығын  арттыру. Акция барысында көптеген ақын-жазушылардың көркем әдебиеттерінен кітап бұрышы ұйымдастырылды. Жергілікті ақын – жазушылардың шығармаларынан үзінді оқып , қызықты жерлері әңгімеленді. Сонымен қатар  «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша 2017 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын оқитындары да тілге тиек етілді. Акция соңында Ж.Башардың «Кепиет» кітабын , С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарын алды. Санамызды ғаламторға тәуелді қылмай, кітап оқып ой-өрісімізді кеңейтейік!  Интернет орнына кітап оқуды жандандырайық!

Дата: 18.04.2017, 11:38 Автор: №5 ОМ

Бүгінгі технология сағат санап дамып келе жатқан заманда, әлеуметтік желі де желдей есіп қалысар емес. Күнделікті адамға берілетін 24 сағат болса, оның 8-9 сағатын осы әлеуметтік желіге арнайтынымыз рас. Тіпті еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ұялы телефонсыз жүре алмайтын заманға жеттік. Бұрындары қарттарымыз газет-журналдар оқып, немерелеріне ертегі, жыр-дастандар айтып отыратын. Кішкентай жеткіншектеріміз болса, атқа мініп, асық ойнап, балалық шақтың балдай тәтті күндерін өткізетін. Ал қазір балалар үшін осындай тәтті күнді әлеуметтік желі ұрлауда. Алтын уақытымызды Абай атамыздай білім жолына арнаудың орнына, түсініксіз бейнебаянға толы әлеуметтік желіге арнағанымыз ба? Осы интернет желісін пайдаланбау деген жаңалықтан құр қалу деген сөз болса, кітап оқымаудың зардабы не болмақ?! Әлеуметтік желі бетіндегі қаптаған дүниелердің асылы қайсы, жасығы қайсы, білінбей қалмай ма? Иә, басылым беттеріндегі немесе кітаптағы секілді талғаммен шығарып отырар редактор жоқ бұл жерде. Бұрындары интернет атаулы зат болмаған уақытта адам баласы кітап және газетпен рухани байыған еді.

         Қалың жұрттың айтуынша: «Интернет түбінде кітаптың орнын басады. Алдағы уақытта кітапты ешкім де оқымайтын болады» дейді. Сонда кітапты келесі ғасыр ұрпақтары мұражайдан ғана көретін заманға жете ме? Иә, бүгіннің өзінде кітап оқитын адам заманнан қалыс қалып бара жатқан жоқ. Жұрт білетін ақпаратты ол да біледі.

         Барлығын теріске шығарып, әлеуметтік желіге мүлдем қарсы болғымыз келмейді. Себебі интернеттің де адамзатқа берер пайдасы бар. Әрине керек жағына пайдалана білген адамға. Мәселен, қазіргі газет-журналдардың немесе кітаптардың да электрондық түрін таба аламыз. Бірақ оны оқып отыратын адамдар қаншалықты бар? Интернетке кіріп, арнайы газет пен кітап оқитын адамдар тек саусақпен санарлық десек қате болмас. Кітапты қолға алып отырып, шығарманы көз алдымызға суретпен келтіріп оқығанға не жетсін?!

         Бұрын жастар әдеби жыр-дастандар мен мерзімді басылым беттерін оқып, білуге деген талпыныстарын арттыратын. Ал қазір әлеуметтік желінің шырмауында қалған жасөспірімдеріміздің психологиясы да біршама өзгерген. Қандай да бір келеңсіз жағдайға тез ашуланып, айтылған сөзді ой елегінен өткізбей  тура қабылдайды. Қаралым көп жинаймыз деп, көпқабатты үйлердің төбесіне шығып аяқ-асты мерт болып кетіп жатқандарды да естіп жүрміз. Міне, осы сынды теріс әрекеттер бір-бірін ұрып-соғуға, өз-өзіне қол жұмсауға итерері сөзсіз. Сондай-ақ дайын ақпаратқа үйреніп, оның рас-өтірігіне көз жеткізбей асыға таратып жатады. Бірақ жастарымыз өздері кітап оқып ізденсе, шынайы ақпаратты білуге талпынса, жаңашыл дүниелер ойлап табар еді. Еліміздің болашағына да үлкен пайдасын тигізіп, дамыған елдер тізімінен алдыңғы қатарға шығарар ма еді?! Иә, бұл теріс әрекеттің барлығына интернет пен қоғамды кінәлағанымыз жөн болмас. Барлығы да тәрбиеде жатыр. Балаға кітап оқытып, рухани дүниесін байытар болсақ, интернетке өзі де қызықпас еді.

         Еуропа елдерінде интернет саласы өте жоғары дамыған, бірақ олар біз секілді кітап пен интернетті салыстырып отырмайды екен. Онда қоғамдық орындар мен саябақтарда әдеби кітаптар оқып отырған жастарды көреміз. Біз үшін кітап – рухани азық болып табылады. Экономикамыз шарықтап, дамыған әлем елдері алдына шықтық дегенімізбен, рухани дүниеміз тар болса «Алдаркөсеге алданған байдың» түріне енеміз.

         Иә, интернет – бүкіл ақпараттан хабардар етіп, бетін ғана көрсетеді. Ал кітап болса – таза білім, әрі оның тереңіне де бойлай аласың. Сол үшін келешек өскелең ұрпақ өз қажеттілігін ғаламтордан іздемеуі қажет. Бүгінгі жастар өзіне қажетті рухани азықты кітаптан алар болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Айсәуле НҰРЛАНОВА

  • Басты бет
  • Материалдар
  • Тәрбие сағаты
  • Басқа
  • Сынып жетекшісі
  • Кітап және ғаламтор

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

Кітап және ғаламтор

Материал жайлы қысқаша түсінік:

оқушылар мен колледж студенттеріне

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Кітап және ғаламтор

Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы

Қостанай облысы, Рудный қаласы Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі

11.06.2019

1437

3

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Freepik.com

Интернетке қанша қажеттілік болса да, кітаптың орнын баса алмайды.Кітап рухани азық қана емес,түсінген адамға сырлас дос. Интернеттен онлайн кітап оқысаң да қолыңа кітап алып оқығын бөлек екені белгілі.

Соңғы жылдары интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар …

Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді.

Әрине, ғаламтордың арқасында біз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарымыз бен достарымызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз …

Дана халқымыз «Кітап — алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.

«Адамды – адам еткен кітап, адамзат — еткен кітапхана»,- деп Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқандай кітап жан сарайыңды байытар жалғыз

қазына.Адамзат баласының ең үлкен құндылығы білім екені белгілі.Десе де, жасөспірімдердің білімге деген құштарлығының төмен екенін естіп те,көріп те жүрміз.

Оқушы мен кітап арасында ажырамас байланыс болу үшін ата-ана мен ұстаздың қызметі зор. «Балам басқадан кем болмасын» деп қолына смартфон ұстата берсе, кітап оқитын бала қайдан шықсын? Ұстаз шәкіртіне көркем шығармаларды көбірек насихаттаса,баланың қызығушылығы оянары анық.

Кітаппен дос болған әрбір адамның ой-өрісі кең, жан –жақты болып тәрбиеленері сөзсіз.Кітаптың берер пайдасы мен ақылы ұшан теңіз.

Бұған дәлел, Абай атамыздың «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге » деген сөзімен ойымды аяқтаймын.

Шамшимухамедова Айнур Муратбековна
Шымкент қаласы,
Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Интернет друг или враг сценарий
  • Интернациональный праздник это
  • Интернациональные праздники франции
  • Интересный театрализованный сценарий на день народного единства
  • Интересный театрализованный сценарий ко дню матери