Информатика сценарий казакша

Скачать: "Информатика - ғасыр талабы" сайыс- сабақ

информатика мұғалімі – Мушкенова Эльвира Шукировна

Сайыс: «Информатика – ғасыр талабы» 

Тақырыбы: «Информатика – ғасыр талабы» 
Мақсаты: 
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,
танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. 
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру,
шығармашылық ізденістерін арттыру. 
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын
білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ. 

Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы 

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы. 

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар 

Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар. 

Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі. 

Сайыстың өту барысы: 

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас
өрендер! Бүгінгі «Зерттелмеген арал» атты сайысымызға қош келдіңіздер! 
Мынау ұшқыр заманда, 
Жаңалық енді ғаламға. 
Компьютер тілін меңгеру, 
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып
өтейік. Сайысқа екі топ қатысады. 

І-ші топ. «Бірлік» тобы 
Ұраны: Жарыс десе жанамыз 
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. 

Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос, 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Жеңіспен мәреге барайық, 
Жеңістің ұранын салайық. 

ІІ-ші топ «Достық» тобы 
Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 

Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым 
Көрсетеміз бізде қандай күш барын 
Алға қойған мақсатымыз бір екен, 
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! 

2 – жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын
қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық. 
1.—————- 
2.————— 

Дүниедегі құбылыстың мәнін де, 
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де 
Мүмкін емес информатикасыз түсіну, 
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің
қыр-сырын білгенге не жетсін! 

1 – жүргізуші: Біздің Алдар ағамыз да компьютерді 
меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай 
хат жолдапты (алдын-ала «Звукозапись» 
бағдарламасында жазылған дыбыстық файл 
іске қосылады): 
«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын, 
Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын! 
Қымбатты достар, мен жер шарын аралап жүріп 
Компландия деген елге бардым, сол жерде бір 
зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын 
десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің 
көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық, достар!» 

2-Жүргізуші: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек,
мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз. 
Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 
1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер,
ет,….) 
2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал,
арал, бар,…) 

Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, осы аралдың тау-тасы, өзені,
көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды
орындап аралды зерттеп көрелік! 

Таулардың тапсырмасы: Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады? 
1. Дискіні оқитын құрылғы 
2. Алғашқы шоттың грекше аты 
3. Ақпараттың өлшем бірлігі 
4. Шығару құрылғысы 
5. Windows-тың қазақша аудармасы 
6. Дүниежүзілік компьютерлік желі 

Көлдің тапсырмасы: Көлдегі балықтарды қармақпен аулап, балықтардың бауырында
жазылған жұмбақтарды шешу керек. 
1. Бұтақ орнында мың бір инесі, 
Компьютер жаны мекені (кактус) 
2. Биологияда бұл паразит, 
Көзге зорға көрінер. 
Информатикада өлшем бірлік, 
Ақпараттарды өлшер (бит) 
3. Экранның бетінде оның тұрағы, 
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер) 
4. Егер білсең айта ғойшы, 
Бұл қандай құрылғы. 
Ақпаратты қағаздағы, 
Компьютерге енгізеді? (сканер) 
5. Жануарға ұқсас атым бар, 
Бағдар көрсетер затым бар. 
Кілемше үстінде тұрамын. 
Ең қажетті құралмын. (тышқан) 
6. Бір сарайда тұрады екен, 
Бес атаның балалары. 
Қыдырмашы біреуі, 
Бір күн барда, бір күн жоқ. 
Оны есепке алсаң, 
Ұзын саны 107 (пернелік тақта) 
7. Пернетақта ауылында тұратын, 
Пернелік деген атаның. 
Бар екен 12 ағайынды, 
Немерелері алғашқы. 
Есімдері де өздерінің, 
Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер) 
8. Ұзынтұра Жалқаубек, 
Тұрмай ылға жатады. 
Қозғала салса артынан, 
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі) 
9. Төрбұрышты әйнек, 
Тұнып тұрған әлек (монитор) 
10. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі, 
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын. 
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші, 
Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан) 

Тастардың тапсырмасы: Жұмбақ шешу. 
Білімнен мол сый-асы, 
Балғындардың ұясы 
(Мектеп) 

Білімнің жол басшысы, 
Шәкірттің қолбасшысы 
(Мұғалім) 

Ұшымен қазық 
Тор көзді жазық. 
Үстіне өттім, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) 
Тіл жоқ өзінде, 
Сөзі бар ізінде. 
(Қаламсап) 

Өзеннің тапсырмасы: Өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал
ағада тұрған екі қайық әріптерден құралған арқанмен байланып жатыр, арқанды
шешу үшін информатика пәніне байланысты сөздерді табуымыз керек: 
1. ПРОГРАММАЛГОРИТМОНИТОРЕДАКТОРЕЦЕНЗИЯРЛЫКОНСТРУКТОР 
2. АЛГОРИТМАКЕТАБЛИЦАВТОФИГУРАБЗАЦЕНТРАФИКЛИПРИНТЕРНЕТ 

Аспанның тапсырмасы: екі топқа 10 сұрақ қойылады, яғни әр сұраққа «иә» не
«жоқ» деп жауап қайтару керек, «иә» деп ойласаңыз «иә» деген орындыққа, «жоқ»
деп ойласаңыз «жоқ» деген орындыққа отыруыңыз керек. Әр топ мүшелері кезекпен
жауап береді, яғни кезекпен орындықтарға отырады. 

І топқа арналған сұрақтар. 
1: “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді 
білдіреді ме? (иә) 
2: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә) 
3: Мәтін, радио арқылы хабар, 
мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә) 
4: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып 
интерфейс табыла ма? (жоқ) 
5: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық
бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә) 
6: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә) 
7: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ) 
8: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ) 
9: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ) 
10: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә) 
2 – ші топқа арналған сұрақтар: 
1: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты
ма? (иә) 
2: ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т) 
3: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә) 
4: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру:
Alt+Ctrl ма? (жоқ) 
5: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл
(құжат) сақтауға бола ма? (жоқ) 
6: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ) 
7: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә) 
8: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ) 
9: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә) 
10: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә) 

Орманның тапсырмасы: Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді
көрсетіңіз: 
І топ 
О Р Я Д ЯДРО I W D W O S N WINDOWS 
Т ЕФИЙНЕСP ИНТЕРФЕЙС R M D D O V DVD 
ROM 
ІІ топ 
В Р Д Й А Е Р ДРАЙВЕР F O I F E C OFFICE 
Р И П Р Н Е Т ПРИНТЕР S H C O L O SCHOOL 

Құстардың тапсырмасы: 
1. Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: 
монитор, принтер, сканер, микрофон, 
дыбыстауыштар, дискеттер. 
2. Енгізу құрылғысын дөңгелектеп қорша: 
пернетақта, микрофон, дискеттер. 
3. Қандай құрылғы компьютерде 
ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады, 
пернетақта, микрофон, қатқыл диск. 
4. Қандай құрылғы ақпаратты қағаз 
бетіне басып шығарады, астын сыз: принтер, 
монитор, флэш-карта. 

Аңдардың тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақтар: 
1. Компьютердің миы (процессор) 
2. Ақпараттың ең кіші өлшемі (бит) 
3. Бас әріптерді жазу пернесі (Caps Lock) 
4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын 
құрылғы (принтер) 
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы 
(сканер) 
6. Ақпараттық үрдістерді ата (алу, өңдеу, 
беру, сақтау) 
7. Информатика пәні нені зерттейді? (ақпараттық үрдістерді) 
8. Жаңа жолға түсу пернесі (Enter) 
9. Антивирус деген не? (вирусты анықтап, емдейтін бағдарлмама) 
10. Ақпаратты тасуыштар (дискета, флэш-карта, СD және DVD диск) 

1-Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер, 
Білім сана толастап жана берер. 
Әділқазыларды ортаға шықрайық. 
Сайыскерлерге әділ баға берер. 

(Әділқазылар алқасына сөз беріледі). 

2-Жүргізуші: Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл
бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет. 

Информатика нық басып ғаламатта, 
Ой бөлісіп заманды саралапты. 
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер, 
Қайта айналып көріскенше саламатта.

«Тапқыр информатик» сайысы


  • Информатика
  • admin
  • 19.02.2016
  • 2
  • 2
  • 21043

Шолақсор орта мектебі

Информатика пән мұғалімі:

Муханова Динара Куанышевна

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты:

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, Activ Inspire тапсырмалары.
Қатысушылар: 5,6,7,8,9 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Муханова Динара
Әділқазылар мүшелері: Математика, физика пән мұғалімдерінен құралған мүше.

Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Тапқыр информатик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды екі тоқа бөлу. 1-топ «Интернет», 2-топ «Ақпарат».
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)
Сайыс кезеңдері.

1-кезең. “Таныстыру”

2-кезең. “Бәйге!”

3-кезең. “Полиглот”

4-кезең. “Адасқан әріптер”

5-кезең. “Ойлан, тап!”

6-кезең. “Ғажайып сурет”

7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”

Көрермен жиналған бұл тамашаға ,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.

I-кезең. Таныстыру (5 ұпай)

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

2 — кезең. ”Бәйге” . Бұл кезеңде әр топқа 12 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз сұрақтарына жауап береді. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.

«Интернет» тобының сұрақтары

  1. 1 байт неше биттен тұрады? 8
  2. Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
  3. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
  4. Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
  5. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
  6. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946 жылы
  7. Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
  8. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
  9.  Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер
  10. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал
  11. Windows — тің негізгі экраны жұмыс үстелі
  12. Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады

«Ақпарат» тобының сұрақтары:

  1. Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ қалып күй жолы
  2. Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе
  3. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
  4. Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
  5. Жою пернесі Delete
  6. Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина
  7. Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы модем
  8. Принтер құрылғысының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш
  9. Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус
  10. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі операциялық жүйе
  11. Алғашқы есептеу құрылғысы /саусақ/
  12. Бүкіл әлемдік желі /интернет/

3-кезең. Полиглот . Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (5,10,15 ұпай)

1-топ. Интернет

1) …кеме  білім теңіз?/мектеп, школа, school/

2) Өнер алды қызыл …/тіл, язык, landuade/

3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/

4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/

2-топ. Ақпарат

1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,  mouse/

2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/

3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/

4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/
4-кезең «Адасқан әріптер». Бұл кезеңде әріптерді  өз орнына қою керек.(5 ұпай)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

5-кезең «Ойлан, тап!» Төменде тапсырмалар берілген. Әр топқа 9 сұрақтан беріледі. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан).

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

6-кезең. “Ғажайып сурет”. Бұл кезеңде компьютер құрылғыларының суреттері көрсетіледі, құрылғылардың атауын және атқаратын қызметін айту қажет. (5,10 ұпай).

7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”.Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.

Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

Қорытындылау!

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!


4

Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың типі: қалыптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:
— Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 3 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.

Мұғалім:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
Сайысымызға 7а, 7ә, 7б сыныптарынан құралған үш топ «Информатика пәнінің алғырлары» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 7 — сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 3 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ басшысы. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы:

Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Сәттілік кезең.
2. Шешімін тап!
3. Ғажайып алаң.
4. Байқағыштығыңды байқат!
5. Жанкүйерлер сайысы.

Енді сайысымызды бастаймыз.
1 — кезең. ”Сәттілік кезеңі” Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

«Интернет» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 1 байт неше биттен тұрады? 8
2 Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
3 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады. ALT+F4
4 Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
5 Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? декодтау
6 Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
8 Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды 1946 жылы АҚШ — тың Пенсильван университетінде
9 Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
10 Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
11 Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер
12 Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал
13 Windows — тің негізгі экраны жұмыс үстелі
14 Алғашқы программист әйел Ада Августа Лавлейс
15 Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады

«Ақпарат» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ тапсырмалар тақтасы
2 Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе
3 Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
4 Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
5 Жою пернесі Delete
6 Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина
7 Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне Delete
8 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды Ctrl+Z
9 Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? есептеу
10 Сурет салуға арналған бағдарлама Paint
11 Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы модем
12 Басу құрылғыларының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш
13 Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы монитор
14 Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус
15 Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі операциялық жүйе

«Компьютер» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары? негізгі
2 Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы дисплей немесе монитор
3 Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика
4 Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы компьютер
5 Екілік жүйенің сандары 0, 1
6 Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы интернет
7 Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы оперативті жады
8 Логарифм сызғышын ойлар тапқан оқымысты Д. Робертсон
9 Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы Чарлз Бэббидж
10 Компьютердің “миы” процессор
11 Монитордың экранындағы түрлі түсті нүктелер пиксель
12 пернесі басқаша қалай аталады? енгізу пернесі
13 Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы сканер
14 Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе Windows
15 Адам мен компьютер арасындағы қарым — қатынас тәсілі интерфейс

2 — кезең. Шешімін тап!!! Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 5 ұпай.

1 — топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80 — ақ минут ұшты. Бұл қалай?

2 — топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,- деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
3 — топтың жұмбағы:
1) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
2) Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?

3 — кезең. Ғажайып алаң. Бұл кезеңде үш топ тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Өздеріңіз көріп тұрғандай сұрақтар үш тақырып бойынша бөлінген. Бұл осы уақытқа дейін оқушыларымыздың танысқан тарауларының тақырыбы. Сұраққа жауап беруді ұпай саны жоғары топ бастайды. Сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда өзге топтың мүшесі жауап беруге болады және ұпай сол топқа жазылады.

1. Ақпарат, компьютер тақырыбы бойынша сұрақтар:
№ Сұрақтар Жауаптар Ұпай саны
1 Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан? informatio 10
2 Табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу алынатын ақпараттар қалай аталады? бейнелі ақпарат 20
3 Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі не деп аталады? код 30
4 Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ағылшын тілінде екілік таңбаларды қалай атайды? binary digit 40

2. Windows операциялық жүйесі бойынша сұрақтар:
№ Сұрақтар Жауаптар Ұпай саны
1 Операциялық жүйе дегеніміз және оның түрлері қандай? ОЖ — компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалар жиыны. Түрлері: MS Dos, Windows 98, 2000, Vista, XP, NTб т. с. с 10
2 Басты меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады? Бас меню Іске қосу батырмасын басу арқылы ашылады. Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Табу, Анықтама және көмек, Орындау, Компьютерді өшіру т. с. с. командалардан тұрады. 20
3 Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата? Қатқыл диск (винчестер), Процессор, дискжетек, жедел жады, т. б. 30
4 Компьютерге қосылатын қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын программалар қалай аталады? Драйверлер 40

3. Paint графикалық редакторы бойынша сұрақтар:
№ Сұрақтар Жауаптар Ұпай саны
1 Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? Пуск — Все программы — Стандартные — Paint 10
2 Әрекетті орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз? Правка — Отменить 20
3 Paint бағдарламасында суретті сақтау үшін қандай команда орындалады? Файл – Сохранить как… 30
4 Paint бағдарламасында беттің масштабын қалай өзгертеміз? Вид – Масштаб -… 40

4 — кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.

5 — кезең. Жанкүйерлер сайысы. Бұл кезеңде көрерменнен бір оқушы ортаға шақырылады. Жанкүйердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға – 5 ұпай. Жанкүйер алған бағасын өзі қалаған топқа береді.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ — қазылар алқасына береміз.
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!

 «Ғажайып информатика әлемі» сайысы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
  2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
  3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, ноутбук, А4 парақтары.
Қатысушылар:  8 сынып оқушылары
Жүргізуші: Ташкенбай Гулшарат. Мамбеталиева Раушан

Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Ғажайып информатика әлемі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты сайыс сабағымызды тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.Сайысымызға 8 сыныптардан құралған екі топ сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 8 — сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 6 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

 «Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір біріне жылы лебіздерін білдіреді. Оқушыларды «Конфет» әдісі арқылы екі топқа бөліп, топ басшысын сайлап аламыз. (5 мин)

1-топ «Интернет»

2-топ «Компьютер»

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырайық

(Слайд шоу)

Сайыс кезеңдері:

1-кезең. “Таныстыру”

2-кезең. “Кім жылдам”

3-кезең. “Полиглот”

4-кезең. “Инфобілім”

5-кезең. “ Тіл-өнер ”

6-кезең. “Сиқырлы әріптер”

Көрермен жиналған бұл тамашаға ,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-

дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.

I-кезең. Таныстыру (4 мин)

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.

2 — кезең. ”Кім жылдам”

Бұл кезеңде оқушыларға 12 сұрақ және 5 минут уақыт беріледі. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

  1. 1 байт неше биттен тұрады? 8 бит
  2. Өшірілген файлдар қай бумада сақталады? корзина
  3. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
  4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
  5. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946 жылы
  6. 1 килобайтта неше байт бар? 1024 байт
  7. Windows — тің негізгі экраны жұмыс үстелі
  8. Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады
  9. Windows сөзінің қазақша аудармасытерезе
  10. Компьютер жанына қойылатын өсімдіккактус
  11. Бүкіл әлемдік желі/интернет/
  12. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақтерезе

3-кезең. Полиглот

Топтық жұмыс. Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (Әр топқа 5 мин)

1-топ. Интернет

1) …кеме  білім теңіз?/мектеп, школа, school/

2) Өнер алды қызыл …/тіл, язык, landuade/

3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/

4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/

2-топ. Ақпарат

1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,  mouse/

2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/

3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/

4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/

4-кезең «Инфобілім». 

Жұптық жұмыс. Компьютермен практикалық жұмыс. (10 мин)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

5-кезең «Тіл – өнер» жұмбақтарды шешу. (5 мин)
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

  1. 1. Төртбұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек. (монитор)Ұзынтұра Жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды (пробел)
  2. Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)
  3. Тетігін бассаң алаңсыз,
    Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)
  4. Батырмасын бассаң
    Қажетті файлды ашасың (тышқан)
  5. Жұртты өзіне қаратқан
    Ақпаратты сақтап, таратқан. (флешка, диск, дискета)

6-кезең.  «Сиқырлы әріптер».

Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. (10 мин)
1 – топ. – Бағдарлама  (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)
3 — топ. – Информатика (мата, информатик, ит, форма, формат, орман, ана, рим, ритм, ата, ар, ат,.) Әрбір сөзге 1 ұпай.
Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға-мың алғыс

Қорытындылау! (3 мин) «Алма ағашы әдісі» арқылы оқушылар сабақты бағалайды. Осымен сайыс сабағымыздың соңына келіп жеттік, енді жеңімпаз топты анықтау үшін, жинаған ұпайларыңызды санап көрейік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін – деп алғыс білдіреміз. Қош сау болыңыздар!!!

Сайыстың тақырыбы: «Үздік информатик»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, өмірмен байланыстыру. Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру, нақты ғылымдар ғасыры деген ұғымдар туралы түсініктерін қалыптастыру. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Түрі: сайыс сабақ

Сайыстың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

ІІ. Сайысты өткізу жоспары

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, бабадәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас,

Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

Жақсы ма, денсаулығын қалжағдайың,

Отбасында аман ба мал менен бас?!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Үздік информатик» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Жас достарым!

Мұны дұрыс ұғайық,

Компьютер ол құрметтеуге лайық

Ғылымдардың жаңасы,

Дегенмен, бала-данасы,

Информатика жайында

Сайысымызды бастайық!

Сайысқа қатысушы оқушылар ортадан келіп нөмір алуларыңызды сұраймыз. Алынған нөмірлер таныстыру және ІҮ-сайыс бойынша шағын жобаны қорғау реттілігін анықтайды. Бүгінгі байқауға қатысушы оқушылармен таныс болсаңыздар. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушылар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер!

Жүргізуші:

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер- дей келе бүгінгі сайыстың әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!

Көңілді біздің мектеп үздіктері, білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І-кезең. «Бізден сұрақ, сізден жауап»

ІІ-кезең. Алтын сандық

ІІІ-кезең. Ойлан тап

ІҮ-кезең. Ғажайып алаң. «Жамбыл мектебі болашақта…»

Құрметті сайысқа қатысушылар дайынбыз ба, олай болса сайысымыздың

І-кезеңі «Бізден сұрақ, сізден жауап». Бұл кезеңде қойылған сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Іске сәт!

  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  • Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)

  • Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • Принтердің неше түрі бар? (3)

  • 1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? (5)

  • Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)

  • Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)

  • Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)

  • Компьютер ауруы (вирус)

  • Windows деген не? (терезе, ОЖ)

  • Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)

  • Компьютердің атасы (Ч.Бэббидж)

  • Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады? (микрофон)

  • Ең бірінші есептейтін құрылғыны кім ойлап тапқан? (Блез Паскаль)

  • Телефон арқылы басқа коспьютерлерге мәлімет алмасуға қажетті құрылғы (модем)

  • Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (DELETE)

Осымен І-кезең аяқталды. Ұпай санын барлығын қосып сайыс соңында бірге есептесек….

Жүргізуші:

Ең бастысы жарыстың қақпа еді,

Мықтылары сандық ашып, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді! Сайысымыздың ІІ кезеңі «Алтын сандық». Бұл сайыста «Тас қақпа», «Күміс қақапа», «Алтын қақпа» және «Алтын сандық» болады. Әр қақпада 3 сұрақтан. Тас қақпаның сұрақтары 10 ұпай, күміс қақпаның сұрақтары 20 ұпай, Алтын қақпаның сұрақтары 30 ұпай, Алтын қақпаның сұрағы 1 сұрақ, ондағы ұпай саны-40. Қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып «Тас қақпаны» ашайық!

«Тас қақпаның» сұрақтары:

    1. Microsoft фирмасының авторы (Бил Гейтс)

    2. HewLett-Packard фирмасы Desklet сериясындағы алғашқы сия бүріккіш принтерді қай жылы шығарды? (1988 жылы)

    3. Дүние жүзі бойынша бірінші бағдарламалаушы деп саналатын Ада Лавлейс қай жылы кімнің машинасына алғашқы бағдарлама жазған? (1846 жылы, Бэббидж машинасына)

«Күміс қақпаның» сұрақтары

1.  Мультимедиа – бұл компьютерге дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиалық компьютердің құрамы: 386-дан жоғары, процессорлы жүйелік блок, 512-ден жоғары килобайт болатын монитор, қатты диск, дыбыстық карта, акустикалық жүйе кіреді.

Сұрақ: Мультимедиа қай жылы, қай елде пайда болды? (Америкада, 1990 жылы)

2. Веб беттердің мәліметтерін компьютер бейне бетіне шығару бағдарламасы (Браузер)

3. Apple фирмасы алғашқы монохромды қолмен істейтін сканерді қай жылы ойлап тапты? (1991 жылы)

«Алтын қақпаның» сұрақтары

  1. Жұмыс үстелін безендіру әрекеті қалай орындалады? (Настройка-Панель управления-Рабочий стол)

  2. Әлемде тұңғыш ұялы телефонды «Моторолла» компаниясы ойлап тауып шығарды. Алғашқы телефондар 790 грамм болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл, 100 миллион доллар ақша кеткен.

Сұрақ: Алғашқы ұялы телефон қай жылы шықты? (1984 жылы)

  1. 1964 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. ХХ ғасырдың 70 жылдары бұл машинаның элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады? (Арифмометр)

«Алтын сандықтың» сұрағын тыңдау үшін экранға назар аударайық.

DVD – бұл CD сияқты оптикалық диск. ХХ ғасырдың аяғында ақпаратты 17 гигабайттық тасымалдау мен цифрлы бейнелеуге көшуді алмастыратын жаңа құралдарды шығару басталды.

Сұрақ: DVD бейнемагнитафондар қай жылы шықты? (2001 жылы)

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

Информатика, құрметтеуге лайық-дей келе сайысымыздың ІІІ-кезеңін бастайық. Бұл сайыста қатысушыларға тапсырма берілген. Берілген кестедегі әріптерді пайдаланып, информатика пәніне қатысты сөздер құрастыру керек. Әрбір сөзге 5 ұпай. Іске сәт!

М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

А

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Д

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т

Жауабы: Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

Сайысқа қатысушыларымыз дайын болғанша көрермендермен ойын ойнайық, яғни «Информатикалық жұмбақтар» шеше отырайық.

Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (кактус)

Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек онитор)

Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

Рахмет! Сайыскерлеріміз дайын болса, тапсырмаларын жинап, әділқазы мүшелеріне тапсыруға рұқсат етсеңіздер!

Жүргізуші:

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Сайысымыздың соңғы бөлімі «Ғажайып алаң». Бұл сайыста қатысушылар өзіміз білім алып, екінші үйіміздей болып отырған Жамбыл атындағы орта мектебімізді болашақты қалай елестеді. Осы тақырып аясында әрбір қатысушы өз ойларын ортаға салады. Бұл сайыста ең жоғарғы ұпай саны 50, төменгісі-10. Әділқазы мүшелері әрбір сайыскерлердің тақырып бойынша сөйлеу мәнері мен қорғаған жұмыстарының маңыздылығына қарай ұпай санын есепке алады. Ендеше ортаға 1-ші қатысушымызды шақырайық.

Осымен сайысымыздың соңғы бөлімі де өз мәресіне жетті.

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі»- деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі үлкен сайыс. Осымен «Үздік информатик» сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Сайысқа жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар танытып, қатысудың өзі де үлкен жеңіс деп білеміз. Әділқазы мүшелері сайыс нәтижелерін қорытындылып, есептегенше ортаға 6 «Ә» сынып қыздарын шақырайық.

Егер болсаң мамандықтың иесі,

Не істер едің бұл өмірге жүйелі,

Асыл тастан, өнер жастан шығар деп

Бабам айтқан, бабам сөзі киелі.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін,

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз сіздерге алғыс бүгін!

Көңіл қойып, уақыт тауып келгендеріңізге мың алғыс! Арманымыз әрқашан асқақ болсын, қанаттарыңыз тек биіктерден қағыла берсін! Жеңістеріңіз көп болсын! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Тақырыбы:   «Информатика әлемі» кеші.

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын,  белсенділігін арттыру,   

                           шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын 

                          құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

1-жүргізуші: 

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым!

Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Ұстаз, ұстаз!

Ардақты да құдіретті бұл есім

Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің

Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан,

Қасиетті әр сөзіңнен нәр қосам.

1-жүргізуші

Ұстаз, ұстаз!

Сен көрсеттің білім жолын іздеген

Жүріп кеттім мен де алға

Сен көрсеткен ізбенен

Талай ғалым, талай ақын

Қанаттанды өзіңмен,

Дүние сырын таныды олар

Сенің айтқан сөзіңнен.

2-жүргізуші

Телефонға жүгіреміз,

Теликке ылғи үңілеміз,

Бұл заманда адамдардың

Интернетпен ғұмыры егіз.

1-жүргізуші

Қалам ұстау ұмыт қалды,

Емейлдер құрық салды,

Өмір – құйын, көре алмаймыз

Түсімізде де тымық таңды.

2-жүргізуші: 

Кешімізге арнайы дайындалып келген ‘‘Информатика әлемі’’ жайында менің

білетінім, айтарым бар деп отырған  мектебіміздің белсенді оқушысы.

7а класс оқушысы Шаймағамбетова Инабат қарсы алыңыздар.

Ән: жан гүлім

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем  жаңалығын  ол тастайды

Қ-сы

Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды

Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы

2-жүргізуші

Өмірді іспен өлшейміз,

Қадірлеп құнын жеңістің.

Мақсатқа берік сұлтандар,

Келеді сонда жеңіс күн.

1-жүргізуші

Сенімнің күші бір ғажап,

Қопарар заңғар тауды да.

Ұмытылар сонда түрлі азап,

Ұмтыл тек алға, қалғыма.

2-жүргізуші

Қиындықтардан бүгілмейміз,

Үмітімізді сенім баптасын,

Ашамыз сонда түбінде,

Информатика қақпасын.

1-жүргізуші

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Көп елдің арасын біз жалғаймыз.

Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн,

Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.

2-жүргізуші:

Ұстаз!

Осы сөзде қаншама ұлылық бар?

Жүрегінде маздаған жылылық бар

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым

Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.

Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған.

Құдіретіне бас имей қалған ба адам.

Мінезіңе байсалды ғашық болып,

Мен де өзіңдей болуды армандағам.

1-жүргізуші:    Келесі кезекті тележарнамаға берелік. Олай  болса назар аударайық.

                        Сыныптағы компьютер-

2-жүргізуші:  адамдарды өзіне басындырған әлжуас

1-жүргізуші:   Жүйелік блок-

2-жүргізуші:   бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми

1-жүргізуші:  Монитор-

2-жүргізуші:  өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін

құртатын жалмауыз

1-жүргізуші:   Пернетақта-

2-жүргізуші:  саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ

деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын

береген.

1-жүргізуші: Тышқан- 

2-жүргізуші:  пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын,

қорқақ компьютердің кенже баласы

1-жүргізуші: Джойстик-

2-жүргізуші:  тышқанның ең жақын туысы

1-жүргізуші:  Принтер-

2-жүргізуші:  стипендия алғанда ақшаңның тең жартысын бақилыққа жіберетін апан.

1-жүргізуші:  Скайнер-

2-жүргізуші:  принтерден асып түсетін мешкей.

1-жүргізуші:  Үйрену керек  бәрін де-

                     Ақпараттық заманың!-демекші сахнада

7а класс оқушысы Бауыржанова Әселді тамаша әнмен қарсы алыңыздар

Әні: (балалық шаққа саяхат)

Ақпараттану күнбе-күн

Өрге басып келеді.

Таппай іздеп жүргенің

Компьютерге енеді-

Қ-сы

Интернетке қосылу

Бір-ақ жұмыс керегі!

Барлық пәндер жазылып,

Дискілерде тұрады,

Кезекпенен ағылып

Экранға шығады

Тілін білген мамандар

Қырын, сырын ұғады!

Қ-сы

Компьютер-сенің көмекшін

Қаламын, әрі қағазын!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

1-жүргізуші:  Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажап әлемге саяхат жасайық

2-жүргізуші: Ортаға  мектебіміздің «Көңілді тапқыштар клубын » шақырамыз.

  1. Бимен шығады:
  2. Әзіл айту.
Тыкылдат кор
Бір жігіттін компьютері бузылып калып програмистке барыпты.
— менін компьютерім бузылып калды
— кай жері?
— білмеймін. Кейбір программаларды ашпай тур.
— Онда есігін тыкытып кор, ашатын шығар
Найсер Дайсер
Сіздердің алдарыңызда су жаңа Найсер Дайсер. Бар жоғы 6000 теңге. Егер сіз 6000 теңгенің орнына 12000 теңге берсеңіз екіншісін мүлде тегін аласыз.

Біреу буреуден:
-Айбек тырнақ алатын бар ма? десе
-Менде жоқ интернеттан корсей- деп нифтему жауап бере салыпты.

Жарнама

-кеше жарнамадан көрдім, «Әсел дура!» деп жазып қойыпты,

Қызық екен….

-ақмақ дұрыстап оқысаңшы, онда «Дураасель» деп жазған!

Билл Гейтс
Бір күні инженерлер Билл Гейтстің арманын болдырғылары келеді. Тоңазтқышқа “Винды” орналастырады, қосса істеп тұр…. Сосын тоңазтқышқа бір қазан палау қояды. Көп күттірмей хабарлама шығады:
— «Қазан, (5 л) қап-қара күйе» табылды. Орнату керек пе?

Билл өз атына қосымша титуль (лақап  ат ) қосып алыпты.

Енді оның аты- Де Билл Гейтс деп айтылады дейді.

Телефоннан дауыс:

-Сіздерде тышқан бар ма?

-жоқ

-Қашан болады?

-Білмеймін:

-Бұл компьютер дүкені ме?

-жоқ, пәтер…

__________________________________________________________________________________

Өлгеннен кейін Бил Гейтстын жаны карзинаға түседі.

  1. Ән мен билеп  аяқтау.  (Жетіқарақшының орындауында Буратина әуенінде)

Айдан хабар алғызған

Зәулім үйді салғызған

Теңіз суын каналмен

Шөл далаға барғызған

Желі тартып жолдармен

Жылдам хабар алғызған

Фи-зи-ка-да, физикада

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Ин-фор-ма-тик  информатик

Табиғат сырын аштырған

Тоқпен қазан астырған

Миллион гектер астықты

Комбайнмен бастырған

Ойлап тауып жолдарын

Артық берген жоспардан

Фи-зи- ка –лау физикалау

Ин-фор-ма-тик  информатик

1-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

2-жүргізуші:     Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымына арнап

«Жас ұстазым» әнімен ортаға    7 класс оқушыларын шақырамыз.

Жас  ұстазға                        (әні: Жан досым)

Болашаққа ұстаздықты таңдадың

Тілегімді менде өзіңмен жалғадым

Ұстаз болу болашақтың бағбаны

Әрқашанда бола берсін жолдарың

Қ-сы

Жас досым

Сенім болсын жолдасың

Әрқашан шәкірттерің қолдасын

Ұстаздықты таңдадың

Ұстаз болу арманың

Бола берсін жолдарың

Әрбір шәкірт бір-бір жұмбақ әр арман

Ұстаз оған ашады екен жол алдан

Терең білім жалықпаған жан ғана

Болашаққа білім нәрін себе алған.

Ұзтаз болу сезімдерің пәктігі

Ұзтаз болу көңілдердің жаттығы

Шәкіртіңмен мәңгі бала бола біл

Жеңе аласың табиғаттың қарттығы

Би

1-жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншікке арнаған

Мұғалімді ардақтамас барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Көрсем дейді күнге де қол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

2-жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.  Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Жас информатик» білімділер сайысы.

1. Білімділік: Оқушылардың жан-жақты ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамытып кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыр, өз ойларын жүйелі түрде жеткізу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интелектісін, ізденімпаздылықтарын дамыту.

3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, білімділікке, мәдениеттілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: Слайд, сайысқа қажет форматтағы материалдар.

Барысы:

1. Сайыскерлерді 3 топқа бөлу

2. Сайыстың мақсатымен таныстыру.

3. Сайыстың шартымен таныстыру.

4. Сайыстың жүргізілуі

5. Жеңімпаз топты анықтау.

6. Жеңімпаз топты марапаттау.

Кіріспе сөз. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі басталғалы отырған «Жас информатик» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Н.А.Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.

Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.

1.___________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

4.___________________________________________________________

Ойынның шартымен таныстыру.

І кезең. Таныстыру.

ІІ кезең. «Тапқырлық»

ІІІ кезең. «Адасқан әріптер»

ІV кезең. «Мақал-сөз мәйегі»

V кезең. Жеті жұрттың тілін біл (полиглот)

VІ кезең: «Бәрін білгім келеді!»

Өту барысы

І кезең. Таныстыру.

  • Топқа ат қою

  • Топтың атын қорғау

  • Топ мүшелерін таныстыру

ІІ кезең: «Тапқырлық!» Сайыстың бұл кезеңінде араларынан сайлап алған екі топ басшысы шығып мына столдан дайын тұрған конверттерді ашамыз, ішіндегі карточкаларды алып топтарына қарап оқисыңдар жұмбақтарды , бірге жауап бересіздер. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 10 ұпайдан беріледі.

1-топқа

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын… (Тышқан)

  1. Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

  1. Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған… (Монитор)

  1. Егер білсең,айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді. (Сканер)

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да,бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті… (Пернетақта,тінтуір)

2-топқа

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (Кактус)

  1. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді… (Принтер)

  1. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (Монитор)

  1. Саусақтарды билететін

Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (Пернетақта)

  1. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын

Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (Тышқан)

ІІІ кезең: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.

«1 топ» тобына «2 топ» тобына

ЕОДМЕ •ИМРКООНФ

ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР

РСУИВ •ИТНРНЕТЕ

ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ

РИНПРЕТ •ОЛОКНАК

ҚАПРАТА •МЕАРКА

Дұрыс жауаптары:

•МОДЕМ •МИКРОФОН

•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР

•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ

•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА

•ПРИНТЕР •КОЛОНКА

•АҚПАРАТ •КАМЕРА

ІVкезең: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

V кезең. Жеті жұрттың тілін біл (полиглот)

Берілен сұрақтын жауабын тауып 3 тілге аудару. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. 2 тілде айтса 5 ұпай беруге болады.

1.Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?

(Терезе, Окно, Windows)

2. Деректерді сақтауға арналған құрылғы?

(Жад, Память, Memory)

3. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны?

(Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)

4. Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа?

(Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system )

5. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?

( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)

6) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?

(Көшіру, Копировать, Сору)

7) Мәзір жолағының қай командасы арқылы беттің көлемін өзгертеміз

(Түр, Вид, Shift)

8) MS Word терезесінің мәзір жолағындағы сұрақ (?) – белгісі нені білдіреді?

(Анықтама, Справочник, Reference book)

9 ) MS Word терезесінің мәзір жолағында қанша команда орналасқан?

(Тоғыз, девять, Nine)

10) Жолдар мен бағаналардың қилысуын қалай атаймыз?

(Ұяшық, Ячейка, Сеll)

VІ кезең: «Бәрін білгім келеді!» Интерактивті тақтада сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ дұрыс жауап бергені үшін 10 ұпай алады.

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. Файл

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? Себет

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым Информатика

4. Компьютердің басты бөлігі, миы, жүрегі Процессор

5. Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? Пароль қою

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? 60-70 см

7. 1М байтта қанша К байт бар? 1024 Кбайт

8. Буып-түйілген файл Архив

9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі Бит

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша Курсор, меңзер

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? 12

12. 1 байтта неше бит бар 8 бит

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? Сканер

14. Paint қандай редактор Графикалық

15. Дербес компьютерде кең тараған операциялық жүйе Windows, Unix

16. Файлдар жиыны. Папка, бума, қапшық

17. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. MS Word

18 . Вирустың кері әсерін жоятын программа. Антивирус

19. Қазақстанның домені KZ

20.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? Компьютер

21. Қандай архиватор бағдарламалары бар? Win Rar, WinZip

22. Windows сөзінің аудармасы Терезе

23. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік Байт

24. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа Вирус

25. Антивирустық программаларды ата Kaspersky, Dr.Web, Eset

26. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? Delete

27. Дүниежүзілік ғаламдық тор Интернет

28. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? 5 буын

29. Word Pad қандай редактор? Мәтіндік редактор

30. Ақпараттың ең көп бөлігін қалай аламыз көру арқылы 81 %

Жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз

№5 Ақмол орта мектебі

(сыныптан тыс шара)

6-7 сыныптар

Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Кайсанова Ж.Е

2019-2020 оқу жылы

Ақпарат және компьютер сабағы, «Алтын сақа» сайысы

                                Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Көлденең-Темір негізгі мектебінің

  Физика және информатика пәнінің мұғалімі

                                              Ордашева Гүлия Мұратбекқызы

Сабақтың  тақырыбы: «Алтын сақа» ойыны

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың ойындар арқылы алған білімдерін тексеру, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, ойлау қабілетін арттыру, іздемпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Асықтар, конверттер, кеспелер, плакаттар, тәжірибе жасауға арналаған құралдыр.

Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,

                   Естілмейді дыбыс түк.

                   Кешіккендерді тоспаймыз,

                   Ғылымдардың ғылымы –

                   Физика жайында 

                   Ойынымызды бастаймыз.

                   Келдік міне, біз бүгін,

                   Түсейік деп сайысқа.

                   Тайсалмайда, жалықпай,

                   Келіңіздер жарысқа.

Ойынға қатысу үшін бірнеше оқушы келіп отыр. Олар :

1.  Махамбет Бекзат 7 «А»

2.  Аяп Шыңғыс  8 «А»

3.  Талпакова Айдана 8 «Б»

4.  Жакипова Алтынай 9 «А»

Жоспары:

І. Табалдырық  (сұрақ қойылады)

ІІ. Әудемжер  (есептер шығару)

ІІІ. Қозыкөш  (әр ойыншға екі сұрақтан қойылады)

ІV. Беласар ( ойыншыларға қызықты тәжірибелер беріледі)

V. Алтын  көмбе (соңғы ойыншыға тапсырма беріледі)

І жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келер сыналар

ІІ жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Физика-математикаға қызығушылар

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар

І жүргізуші:

Ойын толқын айналған қатты ағысқа

Табылғандай таным да, жат дауыс та

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

ІІ жүргізуші:

Ойын толқын жатқан асып,  тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып

І жүргізуші:

Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді біз бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазыларды таныстырайық

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларын таныстыра кетейік:

                                       1.Қазбекова Ә.

                                       2. Дүйсенбаева И

                                       3. Аленова Г.

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар!

Жүргізуші:

І. «Табалдырық»

1-сұрақ. Ақпарат дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар және мысал келтір

Жауап:

2-сұрақ. Зарядтың неше түрі бар және оларды ата.                      

Жауап: зарядтың екі түрі бар, оң және теріс.

3-сұрақ. Жылу берілудің түрлерін ата.

Жауап: жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену.

4-сұрақ. Ньютонның неше заңы бар және оларды ата.

Жауап: Ньютонның үш заңы бар, І,ІІ,ІІІ заңдары.

Жүргізуші: 4- ойыншыда «Әудемжерге» көшеді. Әр оқушы қоржынында алты – алтыдан асық бар.

Жүргізуші:

ІІ. «Әудемжердің» есептері.

  Әр оқушы конвертті өзі таңдайды. Әр сұраққа 1 минуттан уақыт беріледі.

№1 есеп.

100см2  ауданға  50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар. Жауабы:0,5 Па

№2 есеп.

Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап.

Жауабы: 1,8 В

№3 есеп.

Определите сопративление нагревательного элемента электрической печи, выполненного из константановой праволоки с площадью по переченного сечения 1мм2 и длиной 24,2м (канстантан 4,7*10-7Ом*м)

Ответ: 114*10-7Ом

№4 есеп.

Математикалық маятниктің ұзндығы 78 см, оның периоды 5,5с. Дененің еркін түсу үдеуін табыңыз.

Жауабы: 9,81 м/с2

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

деп 1 оқушы ойыннан шығып, қалған 3 оқушы  «Қозыкөшке» өтеді. Асықтың көмегімен кезектері анықталады.

ІІІ.«Қозы көш»

Келді кезек қозыкөшті шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

             Асығымыз, шәкірт саған несібе

1- сұрақ.                  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])

2. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді.     (компас,compass [кампәс])

 2-сұрақ                  3. Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады.   (магнит, magnet [магнет])

4. Көкке қараған, жұлдыз санаған.   (телескоп, telescope [телискоуп])

5.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды   ( сағат,часы, clok [клок])

    3-сұрақ.              6.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.  (күш,сила, strength [стрензсі])

7.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

                                Жұмыс істейді әрқашан.   (Энергия,энергия,energy [енеджи])

Сұраққа жауап бере алмаған бір ойыншы ойыннан шығады, ал үшеуіде жауап берсе асықпен анықталады.

Жүргізуші:   Жиналған ылғи дарындар,

                    Жүректе от, көздерінде жалын бар.

                    Қалған ойыншыны халайық,

                    Қол соғып, қарсы алайық  деп қалған екі ойыншыны «Беласарға» көшіреміз.

ІV. «Беласар»

Ойынға  бір минут уақыт  беріледі.

1. Қызықты  тәжірибе.

Екі стаканда су құйылған. Оның біреуінде тұз, екіншісі таза су. Осы стакандарға картоп саламыз. Сол кезде қандай құбылыс байқалады.

2. Қызықты  тәжірибе.

Стаканға су құйылады. Оның бетін қағазбен жауып, қолмен тіреп тұрып, стаканды кері төңкереміз. Сол кезде стаканнан су ақпайды. Себебі неде?

1 ойыншы ғана «Жол айрыққа өтеді» және барлық асықтар осы ойыншыға беріледі.       

 V.«Алтын  көмбе»  тапсырмасы.

Компьютер, модем, телефон берілген. Осы үш құрылғы  арқылы қандай байланыс орнатуға болады? Көрсетіңіз.

Қорытындылау.

Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Жеңімпаз оқушыны марапаттау.



Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Информ дайджест сценарий
  • Инфографика сценарий примеры
  • Инфографика детские праздники
  • Инфляция издержек развивается перед праздниками
  • Инфляционный сценарий эволюции вселенной