Квн сценарий казакша

9-11 сынып оқушыларына арналған КВН ойынның сценарий. учителю, Мероприятия, " ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН ЖАЙДАРМАН" қазақша КВН ойыны

/ Қазақша КВН ойыны 9-11 сыныптар /

ФАНФАР ОЙНАТЫЛАДЫ:

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің! —

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Армысыздар ауылдастар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

Шұбар орта мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

«Өнерлі өрге жүзер» «Өнерлі болу,олда байлық» —демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Әзіл қалжын жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді-

дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1

« Күлегештер » жайдарманшыларын ортаға шақырайық!

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшыларын қарсы алыңыздар!

3

«Шұбарстан » жайдарманшырын сахна төріне шақырайық!

4

« » жайдарманшыларын қошеметпен қарсы алайық!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Бәрекелді!Бәрекелді!

Топтар ортаға келді.

Жиналған барлығың,

Әзілмен күлдірт елді.-деп сіздерге ақ тілек айтайын.Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық.Енді —

Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көріністің көркісін,

Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы:……………………………………………….

2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу /

2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ;/ Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 мин/

3. Қайым айтыс; / 5мин /

4.Үй тапсырмасы /тақырыбы:Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!/

Барлық жайдарманшыларға ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Жайдарманшылармен таныс болдық,олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық!СӘТТІЛІК тілеймін!

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде:

Командалар

Сәлемдесу

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

« Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Сахнада өзінің жаңалығымен,болашақ журналист:

Командалар

Соңғы жаңалықтар

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

« Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет журналистер!Ал әділ-қазылар алқасы оқушылар жеткізген жаңалықтарды бағалаңыздар! Алғаш болып жаңалық оқыған:

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Келесі бөліміміз: Қайым айтыс /уақыты 5 мин/

Командалар

Сәлемдесу

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

«Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет өнерпаздар,енді әділқазылар алқасы осы ҚАЙЫМ АЙТЫС бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы ! Ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:

Командалар

Әзілің жарасса

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

«Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет! әзілқой өнерпаздар!Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада:………………………………………… қабыл алыңыздар!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Құрметті қауым «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» тақырыбына өткізілген Жайдарман ойыны

өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Салауатты өмір салты айлығында

«Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы

КТК ойынының сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

Безендірілуі: шарлармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі

Өтетін жері: №7 мектеп – лицейі АКТ залы

Барысы:

КТК музыкасы ойналады

Жүргізуші:

Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік Салауатты өмір салты айлығының өтілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Дені саудың – жаны сау» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!

 (КТК музыкасы ойналады)

Жүргізуші:- Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.

Жүргізуші:

Біздің іс-шара басталмас алдын жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын.

Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды реттік номірлерімен қошеметпен ортаға шақырайық. 

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын қошеметпен қарсы алыңыздар.

-Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:

—  мектеп директоры

— Директордың оқу ісі меңгерушісі

— Директордың тәрбие-ісінің орынбасары

— Кәсіподақ ұйымының төрайымы

Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.

—         Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут

—         Екінші кезең –«5 жаңалық»

—         Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» 7 минут

Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!

 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада тобы

Көрермендер сахнаға

Қолды соғып қараймыз

Сахнамыздың төріне

Мұқият назар аударамыз – деп сахна төріне 8а сыныбының «Назар аудар» квн командасын шақырамыз.

Дастарханда тұратын,

Асханадан шықпайтын

Міне енді Акт залдың

Төрі менікі деп қоймайтын

Тәп-тәтті деп, топ-томпақ

Тамара апайдың тоқашы – дей келе ортаға 8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасын шақырамыз

Біздің бір топ бар кәделі

Жымияды әдемі

Smile нүкте KZ-деп

Шет тілінде сөйлейді дей келе ортаға 9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы шақырамыз.

Қырсықтайын мінезі

Шу шу етіп жүреді

Шаштары түрлі түрлі

Лицейдің тентектері- дей келе ортаға 9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасын шақырамыз

Біздің бір топ дарынды

Жаңалықтар ашады

Теледидардан жарнама

Сенсация деп ашады – деп ортаға 10а сыныбының «Сенсация» квн командасын шақырамыз.

Құрамы оның әр түрлі

Ұзынды, қысқа сән түрлі.

Атына заты сай келген

Демек олар «Біртүрлі» — деп ортаға 10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасын шақырамыз.

Мектептің Үздік сыныбын

Түлектерім мүлдем бермеген

Дарынды да, ақылды

Балалары Күлсін апайдың — дей отырып ортаға түлектеріміз

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командасын қошеметпен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы ұпай

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын

Жүргізуші:

-Ойынымыздың келесі кезегі “5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. Ойынның шарты бойынша әр айналымда командалар 2 әзіл — жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған топ сахна сыртына шығады. Егер командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық оқыса болады. Егер 2-ші кезеңіміздің шарты түсінікті болса, бастасаңыздар болады. Іске сәт.

Иә, сонымен қай командамен қош айтысамыз?

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері»квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы» сайысы. 7 минут

Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «лицей тентектері»квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын

Рахмет.

 Соңғы турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                       КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)

Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Көңілді тапқырлар клубы (КВН)

Тақырыбы: Көңілді тапқырлар клубы (КВН)

Сыныптар: 8-11 сынып

Сабақтың мақсаты: Биологиялық, химиялық білімдерін шыңдап жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын ояту, Отанды, табиғатты сүюге, оны қорғап, аялауға тәрбиелеу.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінді.

1 топ. «Маймылдар» тобы

2топ. «Құмырсқалар» тобы

3 топ. «Сабақты гүлдер» тобы

4 топ. «Бүркіттер» тобы

Топтар таныстырылды. Кештің әділқазылары тағайындалды.

Сайыс 7 тараудан тұрады.

1сайыс —  Сәлемдесу.

2сайыс – Үй тапсырмасы

3сайыс – Сұрақ-жауап

4сайыс – Алма-кезек

5сайыс – Топ басшыларының сайысы

6сайыс – Музыкалық үзіліс

7сайыс – Өтірік өлең құрастыру

1 сайыс – Сәлемдесу.

Оқушылар өздерінің топтарын, төсбелгісін таныстырады.

2сайыс – Үй тапсырмасы.

Оқушылар өздері үйден стенд-газет шығарып, ны қорғап береді.

3сайыс – Сұрақ-жауап.

Мұғалім қойған сұрақтарға мейлінше тез, әрі күлкілі етіп дауап беруі тиіс

  1. Қанттың дәмі неге тәтті?
  2. Қазақтар неге қара шашты, ал басқа ұлттарда мысалы, орыстарда ақ, сары болады?
  3. Ауаның құрамында қандай заттар болады?
  4. Бақаның алдыңғы аяғы неге қысқа, ал артқысы ұзын болып келеді?
  5. Су неге сұйық, қатты бу күйінде юболады?
  6. 9снып оқушыларының миы мен 11 сынып оқушысының миының салмағы қандай? (айырмашылығы)
  7. Қарт адамның шашы неге ағарады?

4сайыс – Алма-кезек.

Әр топ дайындап әкелген сұрақтарын қарсыластарына қояды.

5сайыс – Топ басшыларының жарысы.

Жетон таңдау арқылы әр оқушы өз рет санын таңдайды. Топ басшыларына 3 тапсырма беріледі. Әр тапсырманың үзілісінде әр топ өзінің дайындап келген жарнамасын көрсетеді.

  • Мимикалық сайыс. Жануарлар, құстар, т.б. жануарларды дыбыссыз қимылмен көрсетеді, ал оның командасы қандай жануар екенін шешеді. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Жарнама

  • Сурет сайысы. Суретке қарап қай жануарлардың немесе құстардың дене мүшелері екенін анықтау;

            Жарнама

  • Дыбысты келтіру. Алма-кезек қағаздағы жануар мен құстардың қимылын, дауысын салу керек.

Жарнама

6сайыс – Музыкалық үзіліс.

Әр топ музыкалық көрініс көрсетеді.

7сайыс —  Өтірік өлең құрастыру.

Әр топ өзінің сыныбы туралы немесе мектебі туралы өтірік өлеңдер құрастыру.

Сабақ  әділқазылармен қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

Home » Сценарийлер » «Қазақша КВН» конкурсының бағыттары «ЭКСПО-2017»

Сценарийлер 5,175 қаралған 2017-03-31

КВН міндеті: Жайдарманға әр командаға берілген уақыт шектемесі 10 минут яғни «таныстыру» бөлімі 3 минут, 7 минут әзіл-оспақ қою. Әзілдер қысқада, нұсқа бірақ ол әзілдердің астарында жүйелі мағына болуы керектігін ұғыну, тақырыптан ауытқымау.
КВН мақсаты: Астана  қаласында өткелі жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің қалай жобаланғанын, ол не екенін көрерменге қызықты, әрі мағынасын ойын-күлкі арқылы жеткізу.

КВН ережесі

Қазақша КВН-нің негізгі мақсаты мен міндеттері:
1. Оқушылардың адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтары мен қажеттіліктерін дамыту;
2. Көркем мәнер қалыптастыру;
3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
4. Бос уақытты ұйымдастырудың белсенді түрлеріне оқушыларды кеңінен тарту;
5. Жас дарындыларды айқындап білу және қолдау;
6. Жастар арасында «қазақша КВН» ойынын дәріптеу;

Қазақша КВН ұйымдастыру және басшылық ету:
Сайысты ұйымдастырушылар қазақша КВН өткізу туралы ережені әзірлейді, іс- шараны өткізу кезінде сахна мен зал тәртіптің сақталуынын ұйымдастырады, ойынға қатысушы командаларды іріктейді, қатысатын командаларға арнайы грамоталар мен сыйлықтар тағайындайды.

«Қазақша КВН» шартары:
Сайысқа өтінім білдірген барлық командалар қатысады. Әр команда белгіленген барлық сайыстарда өнер көрсетуі тиіс. Қазақша КВН ұйымдастырушыларымен құрылған қазылар алқасы сайысты бағалайды және қорытынды шығарады.
Қатысушы командалар ұйымдастырушы комитетке 2017 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей сценарийдің бір данасын түзету үшін ұсынады. Сценарий ұсынбаған команда ойынға жіберілмейді.
Сайысқа қатысу өтінім 2017 жылғы 25 наурыздан кешіктірілмей ұсынылады. Команда құрамының тізімі (10 адамнан артық емес) өтінімге қосыла беріледі.
Өткізу орнымен уақыты:

«Қазақша КВН» сайысты 2017 жылғы 22 сәуірде Ақжар ауданы АМҮ (аудандық мәдениет үйінде). Басталуы: 15:00 де.

Қазақша КВН конкурсының  тақырыбы: «ЭКСПО-2017»
Бағдарлама:
Негізгі сайыс командалардың сәлемдесуі (визит карточкасы)
Регламент: 10-12 минуттан аспауы тиіс
Ең жоғарғы ұпай-5

Қорытынды шығару:

Әдепсіз жүріс-тұрыс, уақыт регламентін бұзғаны үшін командаға 0,1 ұпайдан (1 минут үшін) 2 ұпайға дейін алып тастау түрінде айып салынады.
Қазылар алқасының бағалау өлшемі болып табылады:

  • тапқырлықпен әзіл- оспақ;
  • авторлық;
  • шығармашылық деңгейі және орындаушылық шеберлік;
  • режиссура;
  • сахналық мәдениет;
  • әдептілік пен құлықтылық;
  • уақыт регламентін сақтау;
  • импровизация;

Марапаттау
Жеңіп шыққан « Қазақша КВН» командалары дипломдармен және кубоктармен марапатталады. Қазылар алқасы пікірінше «Үздік ойыншы» деп танылған қатысушы және «Көрермен көзайымы» деген сияқты мақтау қағаздарымен, сертификаттар  беріледі.


Солтүстік Қазақстан Ақжар ауданы
Байтуыс орта мектебінің
«7 жұлдыз 1 құндыз» командасының
жетекшісі Балтабекова Маржан Алиханқызының өз ойынан шығарған әзілдермен қазақша КВН сценарийі

  «7 жұлдыз 1 құндыз» командасы сахна төріне шығып, қазақша КВН ережесі бойынша  сәлемдесу бөлімін бастайды.Алдымен жиналған қауыммен, көрерменмен амандасып алады.
Армысыздар құрметті көрермендер. Бүгінгі қазақша КВН-ға қош келдіңіздер. Алдарыңызда «7 жұлдыз 1 құндыз» командасы.
Сахнаға 5 жайдарманшы шығады.

  • Біреуі айтады:«ЭКСПО-2017» дегеніміз не өзі?
  • Екінші қатысушы: сен соны білмегенің ұят болар, оған жан-жақтан түрлі-түрлі мемлекеттен адамдар келгелі жатыр ол болашақтың энергиясы.
    — Оның қалай, қайдан жасалғаның білесіңбе?
    — ( күліп айтады) оны мен емес Google біледі (музыка ойнайды).

Араларынан бір қыз шығып жігіттер енді ЭКСПОға немен, қалай жетеміз?
Э-электричкамен (1 қатысушы) қысқаша электричка бағытын көрсетеді.
К-көлікпен немесе қайықпен (2 қатысушы айтады,көлік дауысын кқрсетеді, қолымен қайықтың жүзуін күлкілі, ерекше қылығымен  жеткізеді).
С-самолетпен (3 қатысушы қолымен ұшақтың ұшқан сәтін күлкілі етіп көрсетеді).
П-пойызбен (4 қатысушы тдш-тдш күлкілі етіп, дауыстап көрсетеді).
О-?
Капитан команды айтады: О- дегенге қолқа жоқпа? ха-ха-ха. Ол дегеніміз өз ходыңмен жету.
— Кешіріңіз команда капитаны ол ө емес о әрпі ғой.
— (Ну и что О деген намекта жетеді деп жымиып айтады).

Команда ән айтады (Серік ибрагимовтың «Жаяу» әнінің сөздерін өзгертіп минусовкамен айту (тек 1 куплетімен қайырмасын яғни 2 минут)
Жаяу жүре білсең, (2 адам ән айту, 3 адам билеу аяқ қозғалыстарымен)
Өмір сүре білсең
Қадамды алшақ басып, ойың самғасын
Көлікке мінбеймін (бимен жеткізу)
Пойызбен жүрмеймін
Ұшақта ұшсамда, аяқ талмасын
қайырмасы: Жаяу алыс емес Астана
Баяу мен жетемін ЭКСПО-ға
Экспода-да-да
Келемін жаяу тағыда
жүрек дүрс-дүрс дүрсілдеп қағуда
Экспо-ға ға-ға
Барады біздің команда
Тамаша ғой Астана
Жаяу жүр жалында

1.Әзіл: «- Анашым экспоға билет маған жетпей қалды»

* Іс-әреке;тіті күліп (қарқылдап) айту;
* Жылап айту;(жылап айту)
* созып айту;(ЭЭЭЭккккссспоооо)
* әндетіп айту;
Анасы: — Құдаймау жұрттың балалары барайын деп жатыр
— Апа, қойшы ендігі жылы ол Экспоның билеті тегін болады ғой
2.Әзіл: Экспо дегеніміз не?
— ол көрме
— ол Астанада
— оған басқа мемлекеттерден 3 млн. Адам келгелі жатыр
— 2017 ж 10 маусымында ашық есік күні өтеді т.б. с.с.
Арасынан біреуі: еее мен ойласам Қазақстанда не болғалы жатыр, бәрі шулап, көшелерге, мектептерге стендттер ілініп (қызықты қылығымен көрсету)
3.Әзіл: Экспоға бара жатқанда болған оқиға
— Кешіріңіз қарындас байқамай аяғыңызды басып кеттім
— Жоға ештеңе етпейді, (мимикамен қызықты қылықпен айту) ауылда талай сиыр басып кеткен.
4. Әзіл: Экспоға баруға болмайды
— Неге?
— Сол
— Сол деп айтуға болмайды
— Неге?
— Сол
5. Әзіл Уақыт аз қалды
— билет алмадым ғой, масқара
— туф, ойын бітуге уақыт аз қалды  деймін.
Команда билеп шығып кетеді.

Балтабекова Маржан Алихановна

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы, Байтөс ауылы
КММ Байтуыс орта мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тәуелсіз Қазақстанның балалары

— біз боламыз» тақырыбындағы КТК ойындарының сценариі

Өтілетін күні:10.12.2016ж

Уақыты: 13.00 де

Өтілетін орны:Акт залы

(Жайдарман әнімен бастаймыз фанфар)

Жүргізуші:Ассалаумағалейкум ардақты елім,

Сендерсіз бағым қалай жанбақ менің.

Армысың айналайын текті халық

Келдім міне алдарыңа топты жарып.

Армысыздар, бармысыздар алтыннан ардақты, күмістен салмақты, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және Ынтымақ тұрғындары! Еліміз егемендігін алып, көк байрағын желбірете бейбітшілік пен жасампаздықты жаңғыртқанына 25 жыл толып отыр. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын дей келе бұл мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның  балалары- біз боламыз» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастаймыз. (КВН музыкасы ойналады)

Жүргізуші: Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл дей- келе ортаға  көңілді тапқырларымызды шақырайық. 

8- «А» сыныбының «Болашақ чемпиондар» тобы, 8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы, 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы, 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы, 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы, 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобтарын қошаметтпен қарсы алыңыздар.

Ал енді бір қызығы бізбен бірге ойнайтын. 7-ші команда бар, ол әрине біздің Әділ-алқа қазылары! Осы командаларды бағалайтын әділ-алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. __________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

4. _________________________________________________________________

Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық.Ал біз әзілімізді бастамас бұрын, әділ-алқа қазылары алдарыңызда берілген, есеп қағазына әр кезеңге өз бағаларыңызды белгілеп отырарсыздар және әр кезеңге өз ұпай сандарыңызбен бағалап көрсетерсіздер. Ендеше бүгінгі өздеріңізге белгілі, қазір жалпы КТК-ні Жайдарман деп атады, осыған орай бізде бүгінгі кешті Жайдарман-деп атадық. Бүгінгі ойынымыз негізгі 3 турдан тұрады,

—  Бірінші кезең – топтың таныстыруы 3-5 минут «Біз қазіргі кезең жастарымыз»

—  Екінші кезең –«Тәуелсіз Қазақстанның  балалары- біз боламыз» үй тапсырмасы.

—  Үшінші кезең – топ басшылар сайысы «Әзіл соңы әзіл» бұл кезеңде нашар әзіл айтқан топ басшылары ойыннан шығып отырады.

Сценарийден ауыткып кеткен жағдайда командалардан 0,5 ұпай алынады. Таныстырылған сценарий үлгісінен ауытқып кеткен дөрекі сөз қолданылған жағдайда командалардан қатаң түрде 1 ұпай шегеріледі, осымен ережелермен таныс болдыңыздар. Күні кеше командалар арасында жеребе тасталған болатын,

Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз.Сіздерге сәттілік!

 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:Сонымен 1 кезең – таныстыру. «Сәлем – сөздің атасы» – демекші, алдарыңызда өнерлерін ортаға салып, халықтың көңілінен шығуға келіп отырған, жеребе бойынша сәлемдерін бірінші бастайтын 8-«А» сыныбының «Болашақ чемпиондар» командасын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі күн жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қысқа қалжың, ұзақ күлкіге,

Жағымды сөздерге толы болсын, — дей отырып, құрметті жиналған қауым, бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізден шықсақ деп, сіздерге күлкі сыйласақ деп келіп отырған тағы бір команда бар, өздері жаңа құрылған команда, бұл кеште сахна төріне алғаш шығулары ендеше алдарыңызда күлкі десе ішкен асын жерге қоятын, сіздерді тамаша көңіл күйге бөлейтін, өз сәлемдемелерімен .

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобын қошаметтеп ортаға шақырайық.

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. Сонымен бірінші кезеңді аяқтайтын көшбасшыларымыз 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» командасын қошаметтеп ортаға шақырайық

Жүргізуші:— Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Бірінші болып бастаған:

1. 8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондары»

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін»

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар»

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой»

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз»

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity»

Жүргізуші:-Ойынымыздың келесі кезегі “Әзіл соңы әзіл” топ басшылар сайысы. Ендеше ортаға капитандарды шақырайық.

1.   «Болашақ» тобының капитаны Сапарбек Қанат

2.   «Көз тимесін» тобының капитаны Мұсағали Нұртілек

3.  «Тек қана ұлдар» тобының капитаны АбавБакиров Тұрсынхан

4.  «Өзіміз ғой» тобының капитаны Сәрсенбек Асылбек

5. «Таң қалмаңыз» тобының капитаны Малшыбай Анелья

6. «Шымcity» тобының капитаны Акрамов Аян

ойын шарты бойынша әр топ басшы 2 әзілден айтады. Әділ қазылардың көңілінен шыға алмаған топ басшы ойыннан шыға береді. Сонымен кезек бойынша әзілкештердің әзілін тыңдап, көңіл көтерейік.

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың бірінші кезеңге берген ұпай сандарының қорытындысын тыңдайық. Көрерменге әзіл сыйлай білген капитандарға әділ қазылардың берген бағасын тыңдайық, ойыншыларға  өз бағасын берсін.

1.8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондар» тобы

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобы

Жүргізуші: Ойынымыздың соңғы кезеңі  музыкалық сайыс “Тәуелсіз Қазақстанның  балалары- біз боламыз”  деп аталады. Сайыстың шарты бойынша бұл кезеңде командалар үй тапсырмасын көрсетеді. Сонымен ортаға:

1. 8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондар» тобы

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы

3.8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобы

Жүргізуші:  Сонымен соңғы турдың бағаларын тыңдайық.

1. 8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондар» тобы

2. 8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобы

 Екінші турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

Жүргізуші: Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                      КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)

Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер. Енді кезекті Әділ-алқа мүшелеріне берсек:

  • Жалпы бүгінгі кеш қалай өтті?

  • Командалар өз өнерлерін көрсете алдыма?

  • Қай команда жеңіске жетуге лайықты деп шештіңіздер?

  • Өз бағаларыңызды берсеңіздер!

Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Әділ қазылар алқасының ұпай сандары.

Топтың аты

І кезең ТАНЫСТЫРУ

ІІ кезең МУЗЫКАЛЫҚ САЙЫС үй тапсырмасы

ІІ кезең «ӘЗІЛ СОҢЫ ӘЗІЛ» капитандар сайысы

Қорытынды ұпай

1

8-«А» сынып

«Болашақ чемпиондар»

2

8-«Ә» сынып

«Көз тимесін»

3

8-«Д» сынып

«Тек қана ұлдар»

4

9-«А» сынып

«Өзіміз ғой»

5

9-«Д» сынып

«Таң қалмаңыз»

6

10-«Ә» сынып

«Шымcity»

Әділ қазылар алқасының ұпай сандары.

Топтың аты

І кезең ТАНЫСТЫРУ

ІІ кезең МУЗЫКАЛЫҚ САЙЫС үй тапсырмасы

ІІ кезең «ӘЗІЛ СОҢЫ ӘЗІЛ» капитандар сайысы

Қорытынды ұпай

1

8-«А» сынып

«Болашақ чемпиондар»

2

8-«Ә» сынып

«Көз тимесін»

3

8-«Д» сынып

«Тек қана ұлдар»

4

9-«А» сынып

«Өзіміз ғой»

5

9-«Д» сынып

«Таң қалмаңыз»

6

10-«Ә» сынып

«Шымcity»

8

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Квн про науку сценарий
  • Квн про медиков сценарий
  • Квн про зиму сценарий
  • Квн про деревню сценарий
  • Квн про выборы сценарий