Келіндер сайысы сценарий

« Жақсы келін - ырысың » атты келіндер сайысы

« Жақсы келін — ырысың » атты келіндер сайысы

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Еліміздің ертеңін тәрбиелейтін аналар, келіндер «Бүгінгі қыз ертеігі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру-басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда аналарымыз көп біліп, білімдерін көтереді деп ойлаймын.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

« Жақсы келін — ырысың » атты келіндер сайысы

Жүргекбаева Гүлнар Омарқұлқызы

«Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің «Василек» бөбекжай-балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны тәрбиешісі

11.03.2019

3219

2

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Супер келіндер!
/Сайыстың сценариі/

Атасу 2014ж.
Құрметті әріптестер, сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет — ғұрпы мен салт — дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Супер келіндер» атты мерекелік сайысымызды тамашалаңыздар!

Келіндер бес түрлі сайыстар бойынша бақтарын сынайды.
1) Мен келінімін қазақтың (Таныстыру, қай руға келін болып барғаны, өзі қай рудан шыққанын айта кету)
2) Кім неге бейім? (Келіндер өз өнерлерін паш ету)
3) Жолдасыңның сүйікті асы (ас мәзірін даярлау)
4) Сен салт дәстүрді білесіңбе? (сұрақ – жауап)
5) Табақ тарту рәсімі

Жүргізуші: Сайысқа қатысушы үміткерлерімізбен таныс болыңыздар!
1. Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің аға библиографы Жұмабике Сиезъқызы
2. Стационардан тыс қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Зайра Тоғанбайқызы
3. Балалар кітапханысының аға кітапханашысы Сандуғаш Теміртайқызы
4. Кітап қорын толықтыру бөлімінде, кітапханашы-өндеуші Назгүл Сапарқызы
5. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жанагүл Бейсенбайқызы

Жүргізуші:
Осы сайысқа әділ бағаларын беретін әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.
1. Кітапхана директоры Ғалия Машкенқызы
2. Жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Сарқыт Сатанқызы
3. Біріңғай кітап толықтыру бөлімінің қызметкері Жібек Балташқызы
4. Қызмет көрсеті бөлімінің кітапханашысы Гүлазат Жұмабаевна

Жүргізуші:
Қазағымның дәстүрінің көзіндей
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей
Ағайынға аймақ болған жеңгелер
Абысынға қаймақ болған келіндер

Өлең қуып келіндер өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген 5 келін кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз

(Келіндер жеке — жеке таныстырады)

Өнер, өлең – жастық шақтың белгісі,
Келер оны әркімнің — ақ көргісі

Кезде келді өнерге ерік беретін
Келіндердің жыр маржанын төгетін, -дей келе сайысымыздың екінші шарты «Кім неге бейім?» келіндер өз өнерлерін ортаға паш етеді.

Жүргізуші:
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Ол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас» деп тегін айтпаған. Менің ойымша, қазақтың келіндері ең алдымен еріне қарсы келмейтін, несібесін ысырап етпейтін, баланың тәрбиесіне аса мән беретін болуы керек. Әйел үшін ең бастысы отбасының берекесі. Сайысымыздың төртінші шарты « Жолдасымның сүйікті асы», Мұнда келіншектер өз жолдасын қаншалықты құрметтеп, сыйлайтынын көреміз. Ас мәзірі. Қандай тағам екенін айтып, таныстырып кету керек.
(Ортаға үміткерлер шығады, жеке — жеке)

Жүргізуші: Сайысымыздың төртінші шарты «Сұрақ — жауап», үміткерлерге сұрақтар таратылады, ойлануға 1 миннут беріледі.
1. Күйші ана кім? (Дина Нұрпейісова)
2. Халқымыздың батыр қыздары? (Әлия, Мәншүк)
3. «Сұлу» деген сөздің синонимі ? (Ару)
4. «Айдар қою» дәстүрін қалай түсінесіз?
5. Ана сүтін ақтамағанды,…………Ешкім мақтамайды.

1. Әйелдің күші аз, несі көп? (Айласы)
2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар — жар», « Беташар », «Сыңсу»).
3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды? (Венера планетасы).
4. «Тұлым қою» дәстүрін қалай түсінесіз?
5. Атасыз үй батасыз,………….Анасыз үй панасыз.

1. Әйел көркі неде? (Ақылда)
2. Адамға не қымбат? (Бала)
3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
4. «Жетімге желке шаш қою» дәстүрін қалай түсінесіз?
5. Ананың құны,………….Ананың сүті.

1. Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы? (Алқа)
2. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімін ата? (Шүкімән)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)
4. «Танабау тағу» дәстүрін қалай түсінесіз?
5. Анасын сүйгеннің …………..Баласын сүй.

1.Еңліктің серігі? (Кебек)
2. «Ана тілі – арың бұл» кімнің өлеңі? (Қадыр Мырза Әли)
3. Әйгілі биші анамыз? (Шара Жиенқұлова)
4. «Тұлым-шаш алу» дәстүрін қалай түсінесіз?
5. Ағайын алтау,……………..Ана біреу.

Жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға
Салт — дәстүрі халқымның жалғасуда
Сайысымыздың соңғы шарты «Табақ тарту рәсімі», келіндер иіліп сәлем салып табақ тарту рәсімін көрсетеді.(ортаға келіншектерді шақыру)
1. Ошақ табақ.
2. Ерулік табақ.
3. Сарқыт табақ.
4. Қос табақ.
5. Сыбаға табақ.

Ене көзімен қарағандай, ене сөзімен сынағандай, төрде төрелік еткен әділқазы мүшелеріне сөз берелік.

Үміткерлерге номинация бойынша атақ беру, дипломмен марапаттау.
1. Инабатты келін
2.Парасатты келін
3.Өнерпаз келін
4. Шебер келін
5. Көрікті келін

Осындай атақтармен марапатталады.
Бүгінгі «Супер келіндер»атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық аналарды, қыз келіншектерді өткен 8 — наурыз халықаралық мейрамымен құттықтаймыз. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Сайысты көріп көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет.


Просмотр:
101

Атырау облысы,Атырау қаласы,Көкарна селосы,

2 «Ақ сұңқар» бөбекжай-балабақшасының

тәрбиешісі Кисапова Жеңісгүл Амангелдіқызы.

Келіндер сайысы. Тақырыбы: «Аяулы келін — 2018»

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар сіздерді наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, отбасы мамандығын, шаңырақ шаттығын тілеймін. Бір қолмен бесік тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, көркем сөз оқу, іскерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Аяулы келін — 2018» сайысын тамашалаңыздар.

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын,

Сайыс сайын жанкүерлер қол ұрсын

Өнерлерін аямайтын біздерден

Сайыскерлер ортамызға кеп енсін,- дей отырып, ортаға сайысымызға қатысушы келіндерді шақырамыз.

  1. Амиргазина Манаргүл Шаймырзақызы

  2. Қазиева Алтынай Қанатқызы

  3. Ханатова Айнұр Орынбасарқызы

  4. Хамидуллина Элянора Ғизатоллақызы

  5. Үкібаева Гүлмайда Байболатқызы

Жүргізуші:

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің

Әділ баға берерге

Шақырайық біз төрге

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділ-қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер,-дей отырып бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділ қазыларымызбен таныс болыңыздар:

  1. Жулаева Қапиза Абуқызы

  2. Қожахметова Роза Насырғалиқызы

  3. Бектемисова Света Саматқызы

  4. Рахашева Дәметкен Рахашқызы

Ең алдымен сайыскерлеріміз өздеріне реттік номерлерін таңдап алсын.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық,

Қандай сайыс болса да біз қашпайық

Ал ендеше рұқсат болса

«Аяулы келін — 2018» сайысын бастайық.

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, әділқазылар және ұстаздар сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар:

  1. «Тегін білу — тектілік»

  2. «Сен салт-дәстүрді білесің бе?»

  3. «Өнерлі келін сүйкімді»

  4. «Қазағымның киелі бесігі»

  5. «Кім жылдам?»

  6. «Дәм — думан»

  7. Қорытынды.

1.Армысыздар айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Өнерлерін паш етер келіндер-ай,

Сәтте келіп жетті танысатын,- дей отырып «Тегін білу-тектілік» бөліміне кезек берейік.

Әділқазылардың бағаларын сараласақ.

2.Көңілін халқының таптың бүгін,

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық,

Байқайық келіндердің тапқырлығын,- дей отырып сайысымыздың 2 бөлімі

«Сен салт-дәстүрді білесің бе?».

Сұрақтар:

  1. Байғазы деген не?

  2. Киіз үйдің сүйектерін ата?

  3. Табақ жасау нешеге бөлінеді?

  4. Сүзбе қалай жасалады?

  5. Сыбаға дегеніміз не?

  6. Бәсіре деген не?

  7. Наурыз көже қалай жасалады?

  8. Күйеу табаққа не салынады?

  9. Жаушы жіберу қандай салт-дәстүр?

  10. Қазақтың ұлттық киімдерін ата?

  11. Тілашар қай кезде жасалады?

  12. Жеті ата қалай аталады?

  13. Қалжа дегеніміз не?

  14. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

  15. Қырқынан шығару туралы не айтар едіңіз?

Әділ қазылар өз бағаларын бергенше ортада «Жұлдызша» 2 кіші тобының бүлдіршіндері:

  1. Өтеу Айзере

  2. Бекнұрқызы Анель

  3. Мурсалимова Нұрай

  4. Эльдарова Қарлығаштың орындауында «Тәй-тәй» әні.

3.Ал кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп

Жасына қарамастан бұл ортада

Қай келін таңқалдырар бұл халықты,- дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерлі келін сүйкімді» жол берейік.

Әділ қазыларымыздың әділ бағасын сараласақ.

4.Болу үшін күн ертеңде ұлты нық,

Тани білсін, бесігін жұрт ұғып.

Ана-әуенге қосып бірге уілін,

Тал бесікте сәби жатыр бұлқынып,- дей келе сайысымыздың келесі бөлімі: «Қазағымның киелі бесігі» билет суыру арқылы , әр сайыскерлер тапсырмаларды орындайды.

1билет: Бесік нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Ал, сен осы бесіктің жабдықтары туралы не айтар едің?

2 билет: Қазіргі заманда баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті бесікті «Зиян» деп жататындар да бар. Ал, сен осы киелі бесіктің пайдасы туралы не айтар едің?

3билет: ұлы жазушы М.Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ал, сен осы бесікке қатысты ырым-тыйым сөздерді білесің бе?

4билет: Ақ келін бесік туралы жұмбақты шешіп көр.

1.Бесікке іледі,

Әнін де,

Дәмін де

Сәбилер біледі.

Бұл не?

2.Шүберек қабығы,

Іші құс мамығы.

5 билет: Аяулы ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесік тербеткен. Бесік тербете отырып «Бесік жырын» айтқан. Ал, келінжан бесік жырын білесің бе?

Жүргізуші: бәрекелді келіндерімізге қошемет білдірсек. Әділқазылар әділ шешімін айтқанша ортада «Күншуақ» ересек тобының «Батырлар» биін тамашалайық.

5.Көңілін халқыңның таптың бүгін,

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін,

Келіңдер келіндер-ай ортаға шық,

Кімнің тез екенін анықтайық?-деп отырып, келесі бөлім «Кім жылдам», яғни келіндерімізге алдын-ала үйден бесбармаққа арналған жайманы илеп келу тапсырылды. Қазір сол жайманы 2-3 минутта келіндеріміз илеп шығу керек. Әділ қазылар уақыт шектеп отырсақ. Ал, келіндерге сәттілік.

Әділқазылардың бағаларын сараласақ.

6.Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын бәрі маған.

Теңгермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы,- деп отырып, сайыскерлерге жеребе тасталып үй тапсырмасы берілген еді. Ендеше «Дәм-думан» сайысына кезек берейік.

Жүргізуші: Тамаша. Әділ қазыларымыз сайыстың бағасын қойып қорытынды шығарғанша ортаға «Шағала» ортаңғы топ бүлдіршіндері:

  1. Сейсен Нұртілек

  2. Нығмет Аягөз

  3. Төребай Исламның орындауында «Көктем» әнін тамашалаңыздар.

7.Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- деп келе әділ қазыларға сөз беремін.

Қорытынды.

Күлімдеген күн нұрындай,

Басшымыз анамыздай.

Бақшамыздың мақтанышы

Биік ұстар ар-намысты,

«Ақ сұңқардың» Қарлығаш Тасболатқызындай басшысы,-дей отырып, сөз кезегін балабақшамыздың басшысы Қарлығаш Тасболатқызына береміз.

Келіндер қалқып бақыт арасында,

Уайым мұң қонбасын басыңызға.

Осымен сайысымызды аяқтаймыз,

Гүл бітсін әр бастаған істеріңізге,

Жетіңіздер арман-мақсаттарыңызға,

Осы айтқан тілегім шалынсын Жаратқанның құлағына. Әумин!!!

Осымен бүгінгі «Аяулы келін — 2018» сайысы өз мәресіне жетті.

Келіндер сайысы

Тақырыбы:     « Қазақтың  келіндері- ай »  атты  сайыс

Мақсаты: Жанұядағы  ата – ене, келін , қайын сіңлі , қайын  арасындағы қарым — қатынасты  нығайту.Ұлттық  салт – дәстүрімізге  байланысты  келіннің  орнының  ерекше  екендігін, от басының  ұйтқысы  екендігін ұғындыру. Келінге немесе  болашақ  анаға  деген  сыйластықты  ояту, ананың  өмірге  деген  маңыздылығын ұғындыру.

I – жүргізуші:(  Аслан )

Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам

Жанары  жаны жаздай  жайраңдаған

Қыз  өссе  елдің  көркі  деген  сөзді

Қапысыз  қалай  айтқан  қайран  бабам.

Армысыздар  құрметті ұстаздар мен  оқушылар және  қонақтар!Бүгінгі  өткелі  отырған :     « Қазақтың  келіндері- ай »  атты  сайысына  қош келдіңіздер.

II – жүргізуші:   (Ботагөз)

Сайыс, сайыс көңіл  шіркін  тасысын

Сайыс  сайын  жанкүйерлер қол ұрсын

Өнерлерін аямайтын  біздерден

Сайыскерлер ортамызға  кеп  енсін – деп отырып бүгінгі  сайысқа қатысушы  жеңгелерімізді, қайынсінлілерімізді  қол соғып  құрметтеп  ортаға  шақырамыз.

I – жүргізуші:(  Аслан )

1-ші номердегі  келін:      Мұратова  Алма  Қанатқызы

2- ші  номердегі  келін:     Садық  Раушан

3 – ші  номердегі  келін:     Хабдрахманова  Үмітжан

4 – ші  номердегі  келін:      Рахымжанова  Гүлнұр  Орынқызы

5 – ші  номердегі   келін:     Акшинева Тоқжан  Серікқызы.

II – жүргізуші:   (Ботагөз)

Ашық  жарқын  жүзді

Әділқазылар  біздің

Әділ  баға  берерге,

Шақырайық  біз  төрге.

Шеберлікті,  білімді,

Сараптап  сіздер  көріңіздер.

Әділ  қазы  алқасы,

Әділ  баға  беріңіздер.

I – жүргізуші:   (Аслан)

Кезекті  әділ – қазыларымызды  таныстыруға  рұқсат  етіңіздер.

Тәрбие  ісінің  меңгерушісі: Сейтқазиева  Асылы   Мұратқызы

Мектебіміздің  математика  пәні  мұғалімі:  Камышева  Роза  Жиенбайқызы

Бастауыш  сынып  мұғалімі:  Нұрмұқанбетова  Қайша  Қабайқызы

Мектебіміздің  қазақ тілі пәні  мұғалімі:  Муканова  Мейрамгүл  Тобылжанқызы

II – жүргізуші: (Ботагөз )

Көп  сөйлеп жөн  жобадан  біз аспайық

Қандай  сайыс  болсада  біз  қашпайық

Ал, ендеше рұқсат  болса  « Қазақтың  келіндері- ай »  атты  сайысын  біз  бастайық деп  сайыстың  шарттарымен  таныстырып  өтейік.

I – жүргізуші:(  Аслан )                           Сайыстың барысы:

                        I.            Өзін  таныстыру

                      II.            Өз  өнерін  көрсету (музыкалық )

                    III.          Сұрақ  жауап

                    IV.              Кім  жылдам  және  кім  шебер

                      V.          Үй  тапсырмасы   (қол өнер)

                    VI.          Салт  дәстүр

II – жүргізуші:   (Ботагөз)

Кезекті     өзін  таныстыру  кезеңіне  береміз.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Кезекті  өз  өнерін  көрсету (музыкалық  сәлем)  кезеңіне  береміз.

I – жүргізуші:   (Аслан )

Кезекті     сұрақ —  жауап  кезеңіне  береміз. Сайыскерлеріміз  сұраққа  даяр  болғанша кезекті  әнге  берелік.

Ән:  «Тойға  тілек»  орындаушылар  Жанатілекова  Зарина  мен  Есенгелдинова  Камшатқа  беріледі.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

1.     Босаға  майлау  дегеніміз  не?

2.     Қазақтың  ұлттық  аспаптарын  ата.

3.     Киіз  үй  жиһаздарын  атаңыз.

4.     Қалжа   дегеніміз не?

5.     Үш  жұртты ата.

6.     Сый  қонаққа қандай    табақ  тартылады?

7.     Жеті  атаны   атаңыз.

8.     Жасау   дегеніміз  не?

9.     Мүше  алу  дегеніміз не?

10.  Бес  жақсыны  атаңыз?

     I – жүргізуші: (  Аслан  )

Көңілін  халқымның  таптық  бүгін

Емес  қой мынау  бізге  жат  күн  бүгін

Бір – бірлеп  сұрақ  қойып бақ  сынайық.

Байқайық  жеңешесі мен қайынсіңлісі  тапқырлығын  дей  келе  кезекті » Кім  жылдам және кім  шебер » кезеңіне  береміз.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Кезекті  ән  кезегіне  берейік.

Ән:     орындаушы  7 сынып  оқушысы  Алтынхан  Мадияр.

I – жүргізуші: (  Аслан  )

Кезекті үй  тапсырмасы ( қол өнер )  кезеңіне  берейік.

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Кезекті  биге  берейік.  » Қазақ биі «орындаушылар   Жанатілекова  Зарина  мен  Есенгелдинова  Камшатқа  және Баймағанбетова.

I – жүргізуші: (  Аслан  )

Кезекті  салт – дәстүрге  берелік. Тұсау  кесер.  Босаға  аттату. Сүндет той. Қыз ұзату. Тоқым  қағар

II – жүргізуші: (  Ботагөз )

Сөз  кезегін  мектебіміздің  басшысы  Бектас  Серік  Мұқсынбекұлына  береміз.

I – жүргізуші: (  Аслан  )

Сонымен   сөз  кезегін  әділ – қазыларымызға  береміз.

I – жүргізуші: (  Аслан, Ботагөз  )

Қорытынды:  Құрметті ұстаздар,  қонақтар және  оқушылар &n

«Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы

Жүргізуші сөзі:

Армысыздар құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары! Қойнауынан құт кетпеген Қарғыба ауылымыздың «Үздік Келінін» анықтауға арналған «Қазақтың келіндері-ай» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Барлықтарыңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын!

Армысың ,өнер сүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын ауылдасым.

Тағы да келіп жетті сайысымыз

Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.

Еліміздің ертеңін тәрбиелейтін аналар, келіндер «Бүгінгі қыз ертеігі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру-басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда аналарымыз, келіндеріміз көп біліп, білімдерін көтереді деп ойлаймыз.

Ендеше сайысқа бағын сынап келген келіндеріміздің бойындағы нағыз қазақ келіндеріне тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана. –дей келе ортаға келіндерімізді қошеметпен шақырайық.

(келіндер ортаға шығады)

Келіндерді шақыру

Бірінші келін — (аты-жөні)

Екінші келін-

Үшінші келін

төртінші келін-

Бесінші келін –

Алтыншы келін-

Жетінші келін-

Ендеше аруларымызға сәттілік тілей отырып сайысымызды бастайық!

Қанекей келіндер келіңіздер ,мархабат, мына қораптан өз нөмерлеріңізді алыңыздар.

(Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Нөмері бар эмблема кеуделеріне тағылады, жүргізуші қай келіннің нешінші номерді алғанын айтады)

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі ,тапқыр алар.

Кім өнерлі,кім тапқыр,шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға баріп,

Кетейін қазыларды Таныстырып .

Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек

1.

4.

5.

Сайысымызды бастамас бұрын байқау шарттарымен таныстырып өтсек.

Сайыс кезеңдері:


  1. «Мен қазақтың келінімін» Байқауымыздың бұл бөлімінде келіндеріміз өзін таныстырады. Бұнда келіндеріміздің көркемдігі және сырт сымбаты ,жүріс –тұрысы сынға алынады. Берілетін уақыт — 3 мин. (Бағалау 1-10 дейін)

  2. «Өнерлі келін -өнегелі келін» Бұл бөлімінде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді (ән айту, би билеу, ертегіден үзінді, өлең оқу т.б өнерлерін көрсетуге болады ). Берілетін уақыт — 3 мин.(Бағалау 1-10 дейін)

  3. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет –ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап беру.Бұл сайыста Келіндер реттік номері бойынша қораптың ішінен қағазды алып сонда жазылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ойлануға берілетін уақыт -1 мин. (Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай)

  4. «Ана көрген тон пішер» сайсымыздың бұл бөлімі үй тапсырмасы ретінде берілген болатын. Келіндеріміз үйден дайындап келген шеберлік заттарымен таныстырады. Берілетін уақыт 1-2мин. (1-10 дейін бағаланады)

  5. «Қазақтың келіндеріне әдептілік жарасады» бұл бөлімінде келіндеріміз ұлттық нақыштағы киімдерімізді дәріптеу мақсатында күнделікті өмірде киіп жүргенге қолайлы етіп киіну үлгісін көрсетуі шарт. (1-10 дейін бағаланады).

Сайысымыздың шарттарымен таныс болсақ жарысымызды бастайық!

1. Бірінші сайс «Мен қазақтың келінімін»

Сайыстың таныстыруын бастайық.

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Сайыскерлер таныстырып өздерін

Білгірлерді ду қол соғып қостайық

(Жүргізуші келіндерді реттік номер бойынш аты-жөнімен шақырады. Барлық келіндер өздерін таныстырып біткен соң қазылар алқасы бағалайды)

2. Ал кезекті сайысқа көшейік «Өнерлі келін-өнегелі келін»

Келіндеріміздің таң қалдырар өнерлерін тамашалайық

Мың бұралып билеген ,Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға кімдер басын имеген

«өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған

Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік

3. Жүргізуші: Жарысымыздың келесі кезеңі «Бәйге» деп аталады.

Салт дәстүр туралы сұрақтар алып жауап береді.

4. «Ана көрген тон пішер» қолөнер үй тапсырмасы.

5. Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық.

(«Қыз сыны» әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар Қазылар алқасы сайысымыздыздың қорытынды бойынша әділ қазылар алқаларына сөз кезегін берейік.

Әділ қазылар алқасы сайысымыздың қортындысын шығарғанға дейін ауылымыздың өнерпазы _________ _______керемет ән шашуын қабыл алыңыздар!

Марапаттау кезеңдері:

1. «Нағыз қазақ келіні»-2022 жыл

2. «Инабатты келін»

3. «Өнерлі келін

4. «Шебер келін»

5. «Көрікті келін»

6. «Ақылды келін»

7. «Пысық келін»

Жүргізуші:

Ару қыздар , ай көрік,қылығы-күн

Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,

Күн текті ұлылығын

Бұл сендер құлпырған, құндыз бәрің,

Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,

Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын ,

Сендердің қолдарыңда жер тағдыры.-дей келе «Пай -пай шіркін қазақтың келіндері -ай» атты сайысын аяқтаймыз!

Мереке құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:


Подборка по базе: Сабаты таырыбы Мтінді есептерді пропорцияны кмегімен шыар (копия


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!»

І. Кіріспе бөлім.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

б) Қазылар алқасын сайлау

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Сайысқа қатысушы келіндермен танысу

б) Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. «Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)
  2. «Ойлы болсаң,озып көр!»( Салт-дәстүрлер аясындағы сұрақтар)
  3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» ( Өз өнерін көрсету)
  4. «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» ( Ситуациялық сұрақтар)
  5. «Кім жылдам?» (Картоп ашу, шаш өру)
  6. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» ( Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)
  7. «Қылығына сай екен киімдері-ай!» ( Қазақтың ұлттық киімін киіп,таныстыру)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

а) Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.

б) Сайысты қортындылау.

 Диалог (жай музыкамен оқылады)

Наурыз шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарханға толған асы.

 Өмірің өте келе шал боларсың,

Томардай отқа түскен дәл боларсың.

Ойнап күл елмен бірге Наурызда,

Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың.

 Ұшады аққу көлден қазыменен,

Жүреді көл жағалап жазыменен.

Жарасар ойын күлкі осындайда,

Ойыңды баурайтұғын назыменен.

 Көрінер ағаш сұлу алмасымен,

Соғады ұста темір балғасымен.

Барады жыл айналып көрмегелі,

Аман ба ауыл аймақ мал басымен?

 Қар еріп, жер көктемей жаз болама,

Мұз кетпей айдын көлге қаз қона ма?

Ойнамай наурызда думандатып,

Көңілі адамдардың мәз болама?

  Болғанда жұлдыз кіші, ай көлемді,

Асқарға теңемейсің қай беліңді.

Қуанам елмен бірге ұлыс күні,

Қосылып құрбыларым айтса өлеңді.

 (Екі қыз екі жақтан шашу шашып кіріп келеді)

Барлығы бір бірімен көрісіп, амандасып,құттықтап жатады. Киіз үйге кіріп жайғасады. Бір жақта барлық қыздар әңгіме құрып отырып,ұлы той қарсаңында қызмет көрсетіп жүрген жеңгелерін көріп қызығады.

 Баян: Қыздар,қараңдаршы осы ұлы той қарсаңында тынбай еңбек етіп жүрген осы жеңгелеріміздің арқасы ғой,мен жалпы қазақ келіндеріне арнап мынадай бір өлең оқып бергім келіп отыр, қалай қарайсыңдар?

 Қыздар:  Әрине, нұр үстіне нұр болар еді. Біз де болашақта осы жеңгелеріміз сияқты қазақ келіндері,бір үйдің От Анасы болатынымыз анық.

 Баян:

Қыз аттаған, келін кеп, ақ босаға,

Ақ босаға мерейлі бақ босаға.

Қасиетті халқымның дәстүріне

Күә болып ғасырлар жатты осы ара.

 Пай пай, шіркін, қазақтың келіндері,

Көл дария секілді пейілдері.

«Абысын тату болса ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

 Қариялар батасын береді екен,

Бата деген ақ тілеу керек екен.

Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек

Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.

 Татулықпен тамсантқан ауылымды,

Ардақ тұтқан аға, іні бауырымды.

Ізеті мол қазақтың келіндері,

Бағалаттың баршаға қадіріңді.

 (Арасында қыздар қосылып «Пай-пай» деп айтып отырады.)

Сол кезде қыздарға ризашылығын білдіру үшін жеңгесі келеді

 Ұлболсын:  Ай, қандай жақсы, осындайда қолғабыс білдіретін қайын сіңілілеріміздің болғаны, риза болып қалғанымыз ай, шаршағанымызды ұмыттырып,көңіліміз сергіп қалды, рахмет, Еркеқыз!

 Баян: Оқасы жоқ, жеңеше мен осындай ұлы той қарсаңында сіз сияқты басқа да келіндердің өнерлерін көріп, үлгі алып сайыс ұйымдастырғанды жөн көріп отырмын, қалай ойлайсыз, осы сайысты менімен бірге жүргізуге көмегіңізді берсеңіз?

 Ұлболсын: Әрине, Еркеқыз, мынандай той қарсаңында қазағымыздың келіндерін жиналған жұртқа көрсетіп сайыстырсақ оның несі айып? Қуана қуана келісемін.

 Баян:Олай болса, Барлық жиналған  ұстаздар мен студент жастарға бүгінгі өткелі отырған «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» сайысына хош келдіңіздер дейміз!

Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу.  Танымдық қабілетін арттыру.

 Ұлболсын:

Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,

Сайыс сайыс жанкүйерлер қол ұрсын

Өнерлерін аямайтын біздерден

Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, – дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы келіндерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Келіндерді шақыру

Бірінші келін -ақша маңдай,үлкен -кіші мақтаңғандай. Екінші келін-өз әлінше, жақсыларды жақтағандай Үшінші келін –ажарлы, хор қызына ұқсаған төртінші келін- көңілді , Бесінші келін -өнерлі өнеріне көз тоймай қарағандай

Ендеше аруларымызға сәттілік тілей отырып сайысымызды бастайық .

Қанекей келіндер келіңіздер ,мархабат, мына қораптан өз нөмерлеріңізді алыңыздар

(Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Нөмері бар эмблема кеуделеріне тағылады)

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі ,тапқыр алар. Кім өнерлі,кім тапқыр,шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

Өнерпаздар өнерін салыстырып, Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға баріп,

Таныстырып әділ қазыларын

Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек

 Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық,

Қандай сайыс болсада біз қашпайық,

Ал, ендеше рұқсат болса.

Колледжішілік «Ең үздік келін!» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. «Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)
  2. «Ойлы болсаң,озып көр!»( Сал-дәстүрлер аясындағы сұрақтар)
  3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» ( Өз өнерін көрсету)
  4. «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» ( Ситуациялық сұрақтар)
  5. «Кім жылдам?» (Нан илеп ,жаю)
  6. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» ( Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)

 1 шартымыз.

Армысыздар, айналайын дана халқым.

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру парызы әрбір жастың,

Өнерлерін паш етер отбасылар,

Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша

«Сәлем – сөздің анасы!» таныстыру кезеңі. Ортаға 1 санымыз бойынша біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық .

(Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Күй нөсерін төгейік,

Жырдан моншақ өрейік.

Уа, жамағат, ал енді

Күйге кезек берейік.

 Күй: «Келіншек» Орындайтын: СБ-21 тобы студенті Бітімбай Самал

 Баян: Жеңеше сен келін болып түскелі біршама уақыт болды. Сол уақыт аралығында салт дәстүрдің бәрін меңгерген шығарсың, менің оған күмәнім жоқ, ендеше осы келіндер салт дәстүрге байланысты сұрақтарға қалай жауап береді екен, соны байқап көрсек қайтеді?

 Ұлболсын: Әрине, қазақтың келіні салт дәстүрді бес саусағындай білуі керек,білмегенімізді енемізден үйреніп, сен сияқты қайын сіңілілерімізге дәріптеу біздің міндетіміз ғой.

 2 шартымыз.

Көңілін халқыңның таптың бүгін

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

Байқайық  келіндердің  тапқырлығын – дей келе бұл шартымыз бойынша келіндерімізді ортаға шақырып «Ойлы болсаң, озып көр!» атты кезеңнің сұрақтарына  жауап аламыз

Сұрақтар:

  1. Байғазы деген не?
  2. Киіз үйдің сүйектерін ата?
  3. Сүзбе қалай жасалады?
  4. Тұсаукесер дегеніміз не?
  5. Табақ жасау нешеге бөлінеді?
  6. Малта дегеніміз не?
  7. Сыбаға деген не?
  8. Бойжеткен қыздарға байланысты қазақы кәделерді ата?
  9. Бұжы қалай жасалады?
  10. Бәсіре деген не?
  11. Күйеу табаққа, қыздардың табағына не салынады?
  12. Наурыз көже қалай жасалады?
  13. Жаушы жіберу қандай салт дәстүр?
  14. Күйеу жігіттің қайын жұртқа беруге тиісті кәделері?
  15. Ірімшік қалай жасалады?
  16. Сыйыт дегеніміз не?
  17. Қазақтың аяқ киімдерін ата?
  18. Жент қалай жасалады?

 Жауаптар

  1. «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
  2. Киіз үйдің сүйектері: кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.
  3. Сүзбе. Жақсы ұйыған қатықты қапқа салып, асып қойып, сорғытып сүзеді.
  4. Тұсаукесер.Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
  5. Табақ жасау төртке: бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ деп бөлінеді. Оның бер жағында күйеу, құдағи, қыздардың, соғымшының, малшының табағы деген табақтар бар.
  6. Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып, суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
  7. Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
  8. Бойжеткен қыздарға байланысты қазақи кәделер: үкітағар, өлі тірі, сүйінші, шашу, жасау, құйрық бауыр, киіт, көрімдік пен байғазы.
  9. Бұжы. Бүйенге толтыра тығып салынған қой етінің шұжығы.
  10. Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
  11. Күйеу табаққа: бір сан жілік пен төс салынады. Қыздардың табағына: жүрек, бүйрек, жақ пен тіл салынады.
  12. Наурызкөже. Жеті түрлі тағамнан соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай т.б салып қазан толы пісіріледі. Қойдың басы мен сүр ет салынуы қыс тағамымен қоштасуды, ақтың қосылуы жаз тағамымен қауышуды білдіреді.
  13. Жаушы қыз айттыруға баратын өкіл. Ол жөн жосық білгіш, сөзге шешен, әзіл қалжыңға жүйрік адам болуы керек. Оның міндеті қыз әкесін көндіріп, бойжеткенге құда түсіп құдалыққа келер күнді белгілеп қайту. Жаушы айтатын сөзі: сіздерде лашын бар, біздерде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдім деп тұспалдай сөйлейді.
  14. Сүт ақы, балдыз көрімдік, жеңгетай, отау жабар, ентікпе, атбайлар, қолұстатар, шаш сипатар, ит ырылдар, кемір өлді, күйеу аттандырар.
  15. Ірімшік. Жаңа сауылған сүт мәйекпен ұйытып, одан кейін су алғанша қайнатады. Қайнаған ірімшік қызыл сары түске айналады, оны сүзіп алып, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмай көп сақталады.
  16. Сыйыт (дәстүр). Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіретін салт болған. Егер киімі берілмей үй – іші қараулық жасаса аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар.
  17. Қазақтың аяқ киімдері: байпақ, етік, кебіс, мәсі. Етік. Ертеде илеген теріден бертінде былғарыдан киген.

Мәсі. Етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.

Кебіс. Былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім.

Байпақ. Қысты күні малшылар етіктің ішінен қозы жүнінен басылған байпақ киген.

  1. Жент. Түйген қызыл ірімшікке қант, құрт, өрік мейіздердің ұнтағын, сары май немесе шыртылдақ, кейде жаңғақ, өрік дәндерін, бал қосып жасалатын өте дәмді тәтті тағам. Бейнелеп айтқанда қазақтың ұлттық шоколады деуге болады.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

(Жеңешесі ән айтып, қолөнермен айналысып отырады)

Баян: Жеңеше дауысыңыз әдемі екен ғой, бұрын мұндай өнеріңізді қалай байқамағанмын. Не тігіп отырсыз?

Ұлболсын: Иә, бұл да бір бойымдағы өнерімнің бірі шығар, ұлттық кәжекей тігіп едім, сыртын әдемілеп моншақтап отырмын.

Баян: Керемет екен, олай болса бүгінгі келіндеріміздің қандай өнерлері бар екенін байқап көрелік.

3 шартымыз.

Шеберлердің өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз көрейік таланттының өнерін – дей келе бұл сайысымыз « Өнерлі келін – сүйкімді!» деп аталады.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

 4 шартымыз.

Өнері өрге жүзер талаптының,

Таланты талмай ұшар қанаттының,

Әртістер бар өмірде даңқы асқан.

Көрейік біз өнерін әртістердің – деп  «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» сайысында ситуациялық көріністерден келіндеріміздің әртістік өнерін байқайтын боламыз.

 Жағдаяттар:

  1. Ененіңізден төркіндеп қайтуға қалай сұранар едіңіз?
  2. Келін болып түскеніңізге 5 жыл болды,қайныңызда үйленді,сіз бөлек шығып, енші алғыңыз келеді,енеңіз сізді жібергісі келмейді,күйеуіңіздің де шығатын ойы жоқ.
  3. Енеңіз бен қайны сіңіліңіз сіздің жұмыстарды жай істейтініңізді әңгімелеп отырады, естіп қойдыңыз, не істейсіз?

(Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

 Көрініс: Таңсәріден ерте тұрған келін түйе сауып жатады,

 Баян келіп:Жеңеше, бүгін нағашыларымыз көрісуге қонаққа  келеді екен, дастархан жасау керек, мама етті салып қойсын деп еді,бәріне үлгере аласызба,мен сабаққа кетіп бара жатырмын.

 Ұлболсын: Иә,иә бара бер мен өзім үлгерем ғой, қалма сабағыннан

Үйге келіп, үйін жинастырып,тамақ істеп асығып жатқан келінге,күйеуі келіп:

 Айнаш:Ұлболсын, мен асығыспын, жұмысқа баруым керек, шалбарымды үтіктеп береғойшы

 Ұлболсын: Иә,қазір (Тездетіп үтіктеп беріп жібереді.)

Бұдан кейін қызы келіп шашын өріп беруін сұрайды:

 Гүлсім: Мама, сабаққа барам, шашымды өріп берші

(Бәріне үлгеріп үстел басында демалып отырамын.)

 Баян: Ой жеңеше барлығына үлгеріп демалып отырсыз ба, қандай пысық едіңіз

 5 шартымыз.

Пысық келін болар іске жауапты,

Ақылына көркі сай боп талантты.

Осы емес пе келін деген нағыз ат,

Кең пейілді асыл жанды,сымбатты, дей келе, «Кім жылдам?» кезеңінде келіндеріміздің жылдамдығын,іске ептілігін,пысықтығын көретін боламыз.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Мың бұралған биіменен әр қилы,

Меңгеріп ап сол бойына бар биді

Шығар қазір ортамызға бір ару,

Қылығымен сан бұралып билейді.

Би: «Қазақ биі» Орындайтын: ШБ-21 тобы студенті Қыратқожақызы Индира

6 шартымыз.

Осындай болып жатты ұлы жиын.

Жиынның мыңнан бірін айту қиын.

Еті тау, қамыры көл деуге болар

Айтқанда тартыңқырап астың сыйын. Яғни,«Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» деп аталатын бұл шартымызда үйден жасалынып әкелінген қазақтың ұлттық ас мәзірін көрсетіп, таныстыру.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Ән: « Қыз сыны » Орындайтын СБ-  21 тобы студенті Бітімбай Самал

 7 шартымыз.

Сымбатына өнері жарасатын.

Аспандағы айменен таласатын.

Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,

Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын – дей келе, «Қылығына сай екен киімдері-ай! атты кезеңде келіндеріміздің ұлттық киім үлгісін таныстыруына кезек береміз.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Ән: «Жангүлім» Орындайтын: ДБ-11 тобы студенті Сәдуақасова Ақмарал

 Қорытындылау.

Сайыскерлерді мараппаттау

 Осымен, бүгінгі мерекелік шарамыз аяқталды. Назар қойып, алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.Жылдан жылға аман есен жетейік,жаңа жылымыз бәрімізге құт-береке әкелсін!


Келіндер сайысы (таныстыру)

 Келіндер сайысы (таныстыру)

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық — біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым — ….. болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ….. асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым — … апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Келин кысты айтырары сценарий
  • Келин кыс айтырары сценарий
  • Келин кыс айтырар сценарий
  • Келин дилээринин сценарий
  • Келин айтырар езулал сценарий