Келін кіргізу сценарий

Сценарий утренника к празднику Наурыз. Дети инсцинировали казахский обычай беташар.

№ 11 «Қызғалдақ» ересек

тобының тәрбиешісі

Джусибалиева Б.Л.

Наурыз мерекесіне орай өткен «Келін түсіру» салт – дәстүрі

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 — сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін және келін түсіру салт – дәстүрімен таныстыру. Ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн — Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз — қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан да халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық аспабының бірі «Домбыра» биімен ашқымыз келіп отыр. Ортаға Айгерім, Гүлназ, Жұлдызай, Үлдананы шақырамыз.

Би: «Домбыра биі»

Жүргізуші: Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

Жүргізуші:Олай болса балалар, Наурыз мерекесіне арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.

Гүлназ: Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.

Сырғалым:Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен – көл
Кемерінен асады.

Кәусар: Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қас жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Айгерім: Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханына елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Ұлдана: Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.

Жүргізуші:Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!- деп кезекті балалардың орындауында «Наурыз» әніне берейік.

Ән: «Наурыз»

Жүргізуші:Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп — ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас — кәріңді,
Шақырамын бәріңді
Біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақтар жаттаған екен, олай болса кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Наурыз көже туралы тақпақтар:

Камила: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді,
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды

Айназ: Бидай, күріш, тары бар.
Бар сүт, ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.

Жүргізуші:Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 — те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын — тасқын, ақ мол, жауын — шашын көп болсын деп тілейді

(Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келеді)

Жүргізуші:Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын

Қыдыр ата(Рысбек):Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

Наурыз қыз (Жұлдызай):
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай — тұлғалы өмірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатады гүл — гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді

Жүргізуші:Қыдыр ата, Наурыз қыз біздің балалар осы мерекеге арнап өздерінің өнерлерін ұсынбақшы, қабыл алаңыз. Ұлдардың орындауына «Қамшы» биі.

Би: «Қамшы биі»

Жүргізуші: Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:

Нұртас: Ата – баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз.
Айтыс десе тіл қышып
Қыздар іздей бастаймыз.

Нұрай: Біржан болып сен келсең,
Ақын Сара мен болам,
Сәйгүлік боп сен шықсаң,
Аққу құсың мен болам.

Нұртас: Наурыз мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен

Нұрай: Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен

Нұртас: Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр

Нұрай: Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін

Нұртас: Бармаймын деп бақшаға,
Жылауыңды қойдың ба?
Көтерші деп арқаға
Сұрауыңды қойдың ба?

Нұрай: Ерке қызбын білесің,
Бірақ кімге күлесің
Кәмпит сұрап өзің де,
Күнде жылап жүресің.

Хормен: Сөз өнерге шөліркеп,
Рахаттана бір жұтқан,
Қоштасайық ъхалықпен
Ақындарын пір тұтқан
Еркем, еркем, еркем – ай,
Еркелеген еркем – ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсем екен ай

Тәрбиеші:Балалар, Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.

Ерғали: Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді

Ақиқат: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар

Мағжан:Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын

Жүргізуші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік

Жүргізуші:Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз – бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан, — деп кезекті тағы да Наурыз туралы әнге берейік.

Ән: «Наурыз келді»

Жүргізуші:«Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ.
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне,
Енді ортаны баршаңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу — маржан шашайық, — деп Нұрай қызымызды «Өзбек биімен» ортаға шақырайық.

«Өзбек биі»

Жүргізуші:Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды, — деп балалардың орындауында тақпақтарға берейік.

Мәди: Құрт, бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір – бірінен мына жұрт
Көрімдігін асырсын

Бейбарыс: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханын елімнің
Береке – ырыс сыйлашы

Аянат: Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын

Диас: : Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

Бейбіт: Наурыз келді — жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.

Жүргізуші:Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел, — деп көктем мезгілімен бірге шығатын «Гүлдер» биіне кезек берейік.

«Гүлдер» биі

Жүргізуші: Ау жараңдар, армысыз!
Ұлыстың ұлы күнінде
Ағайын туыс бармысыз!
Наурыз тойы басталды.
Жаңарса да санамыз
Дәстүрді кім ұмытар
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
Салт — дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Бүгінгі біздің дәстүрді
Көргендерде арманда,
Көрмегенде арманда
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Құрметті қауым, Балдырғандық жамағат. «Балдәурен» тобы келін түсіру салтын көрсеткелі отыр, қабыл алыңыздар. Біздің ауылында Асқар атамыздың алғашқы немересі Жандос келін алып келеді. Кәне бәріміз бірге қарсы алайық.
(сахнада киіз үй көрінісі, үй іші қазақша жасалған. Дастархан басында атасы, әкесі мен анасы, басқа да келіндерімен отыр.)
үйге бала жүгіріп келеді.

Бала: Сүйінші, ата, Жандос ағам келіншек әкеле жатыр!

Атасы: Ой өркенің өссін! Міне сүйіншің (сүйінші береді)

Бала: Жеңгеміз өз көшімен жеңгелерімен, сіңлілерімен жақындап қалды, анашым бәріміз бірге қарсы алайық.

Анасы: Ал, келіндер қозғалыңдар! Кіші атаның келіндері шымылдық алып шығыңдар. Менің келіннің басына жабатын орамалым қайда? Келін, сандықты аш, ішінен орамалды әкел.

(Келін келіп, маңдайынан сүйіп басына орамал жабады)

Анасы: Маңдайың болсын, қарағым. Жандос балам келін әкеліп, қуанышқа кенеліп жатырмыз, барлығыңды тойға шақырамын. Уа, жұртым, енді беташарға жиналыңыздар.

(Жерге тері төселіп, екі жағында екі жеңгесі қолтықтап келінді алып келеді)

Нұртас: Айт келін, ау, айт келін,
Атыңның басын тарт келін!
Жұмыртқадан ақ келін,
Ата – енеңді бақ келін!
Ана отырған атасы,
Қара бір жердің жотасы
Атаңа келін сәлем ет,
Сәлеміңді әдемі ет!
Ана тұрған енесі,
Қара бір жердің кемесі
Енеңе келін сәлем ет,
Сәлеміңді әдемі ет
Осы отырған әлеумет
Қайсыбірін айтайын
Ерінбесең келіншек
Баршамызға сәлем ет,
Сәлеміңді әдемі ет!

(Домбырасымен келіннің бетін ашады)

Анасы: Халайық, келіннің қолынан шай ішуге шақырамыз, келіңіздер.

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Тәрбиеші: Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!- дей отырып, № 10 «Балдәурен» ересек тобының Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды.

Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-келген ата-ана өз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпен шығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады.

Жігіт пен қыз келіскесін бір-бірінің ата-анасымен танысып алғаны дұрыс. Той кезінде түсініспеушіліктер болмауы үшін құдалар алдын ала киіт анау мынауды алдын ала келісіп алғандары дұрыс (көбіне келіспеушіліктен реніш туып жатады). Қазіргі заманда қызға сырға салу мен бірге қызды ұзатуды бірге бір күнде жасайды.

Қазақша сценарий: Қыз ұзату салт-дәстүрлері мен рәсімдері (арқан тарту, отқа май құйғызу, келін таныстыру, сырға салу, «ана сүтінің» ақысы, қалың мал, сыңсыма)

Сонымен қызды ұзатар кезінде мына салт — дәстүрлер жасалады:

Келінмен таныстыру Құдалар келе жатқан кезде есік алдына екі адам арқан тартады, арқан тартқан адамдарға құдалар жағы өз жоралғысын (орамал, мата, ақша) береді.

Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң қыздың екі жеңгесі жігітті отқа май құйғызуға алып кетеді. Отқа май құйғызғанан соң жігіт жоралғысын (көбіне ақша, моншақ анау-мынау ұсақ түйектер) береді.

Құдалар жайғасып алғасын, болашақ келіндерін таныстырады. Оған құдағи көрімдігін беруге міндетті. Жастарға бір бөлек үлкендерге бөлек дастархан жасалады.

Қызға сырға салуТамақтарын ішіп алғасын қоржын ашуға кіріседі. Бірінші кезекте, өлілер риза болсын деп босағаға ер адамға киім қыстырады. Сонан соң қызға әкелінген сырға салынады. Оның қыздың құлағына енесі не қайын әпкелері салады.

Қыздың өлі — тірісі деп бір мал атайды. Көбіне қой немесе жылқы әкелінеді. Әкелінген киіттер беріледі, негізі алдын ала келісіп алынса аттарын атап береді. Көбіне алтын заттарын береді. Қыздың анасына «ана сүтінің» ақысы мен құдағи қоржын табыс етіледі. «Ана сүтінің» ақысына көбіне анасына жеке алтын зат алып береді. Құдағи қоржынның ішіне піскен ет, тәттілер, арақ-шарап салады. Қоржынның сырты сақина, білезік, моншақтармен көмкеріледі. Оларды қоржынды ашқан қыз жақтың кісілері бөлісіп алады. Соңында қыздың анасына «қыздың қалыңы» деп ақша беріледі. Бұл ақшаны бұрындары қалың мал деп атаған. Ары қарай той жалғасады.

Етке отырған кезде күйеу бала сыбағасы төс тартылады. Төс тартылған табақты қайтарып берген кезде жігіт ішіне ақша салып береді. Үлкендер жағына бауыр асату басталады.

Құда, құда дегізген,
Құйрық бауыр жегізген.
Айналайын баладан,
Құдасы бар дегізген, — деп құдаларға бауыр асату басталады. Бауыр асатуда бауыр мен құйрық май ортасына қатық жағып бір — бірден құдалардың бәріне таратып шығады. Бауырдан жеген құдалар табаққа ақша салады.

Қызды шығарып салу Дастарханда отырыс біткесін қыз жақ құдаларына киіттерін кигізеді. Сонан кейін, қызды алып кетерде қыздың аяқ кимін тығып қояды. Қыздың аяқ кимін күйеу бала жеңгелерінен сатып алуы керек.

Ары қарай той көбіне той залында жалғасады. Тойда жастарға ақ бата беріліп, тілектер айтылады. Көп қыздар қоштасарларында сыңсу айтады. Сыңсыма — қыздың ата-анасымен, туыстарымен қоштасу жыры. Бірақ, қазір көп ешкім айтпайды, арнайы осы әнді орныдайтын әншілерді жалдайды. Ол әнді орындай отырып, қызды бар туысымен қоштастырып шығады. Қызды соңында үлкендердің батасын беріп ақ мата бойы мен шығарып салады. Қызды артына қаратпай алып кету керек. Қыз ұзату тойы көбіне түнгі 00 00 ге шейін жалғасады.

«Жаңа заман келіндері»

Жүргізуші.
Наурыз тойы — мерекесі ұлтымның
Берекесі ырысы мен құтымның
Тәуелсіздік думанымен бір келген
Ұлы күні, Ұлыс күні жұртымның

Наурыз – салт, Наурыз — дәстүр, Наурыз дінің
Жыл басы, Ұлыс күні, жаңа жылың
Көктем көк көл — көсір боп жердің жүзі
Көк басар туған жердің бар адырын

Армысың, жиылған жұрт, асыл халқым,
Сақтаған ғасыр бойы дәстүр — салтын
Ынтымағын, елдігін биік ұстап,
Шығарған талай жерде қазақ атын

Құрметті ұстаздар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет — ғұрпы мен салт — дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, көркемсөз оқу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Жаңа заманның келіндері» атты мерекелік сайысымызды тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Сайысқа қатысушы үміткерлерімізбен таныс болыңыздар!
1 Ізбасарова Мөлдір
2 Арзықұлова Жәмилә

Жүргізуші:
Келіндер бес түрлі сайыстар бойынша бақтарын сынайды.
1) Мен келінімін қазақтың (Таныстыру, қай руға келін болып барғаны, өзі қай рудан шыққанын айта кету)
2) Кім неге бейім? (Келіндер өз өнерлерін паш ету)
3) Жолдасыңның сүйікті асы (ас мәзірін даярлау)
5) Сен салт дәстүрді білесіңбе? (сұрақ – жауап)
6) Табақ алу рәсімі
Осы сайысқа әділ бағаларын беретін әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.
1 Егізбаева Ақсары Насырадинқызы
2 Байекенова Айыш Орынбайқызы
3Медетова Орынбике Жұмахметқызы

Жүргізуші:
Қазағымның дәстүрінің көзіндей
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей
Ағайынға аймақ болған жеңгелер
Абысынға қаймақ болған келіндер

Өлең қуып келіндер өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген 8 келін кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз

(Келіндер жеке — жеке таныстырады)

Өнер, өлең – жастық шақтың белгісі,
Келер оны әркімнің — ақ көргісі
Кезде келді өлеңге ерік беретін
Келіндердің жыр маржанын төгетін

Сайысымыздың екінші шарты « Кім неге бейім?» келіндер өз өнерлерін ортаға паш етеді.

1 Сағымбаева Мария
2 Көшимова Айгерім

Жүргізуші: Бұзбаған дәстүр менен әдет — салтын
Келіндер бар сұлулықты егіз қылып
Іскерлік бар сұлулықты егіз қылып
Ерекше жаратыпты әйел затын —
деп ендігі кезекте үшінші сайысымыз « Кім жылдам?» мұнда келіндер берілген уақыт ішінде нан(қамыр) жаю.( ортаға үміткерлерді атап шақыру.)
Жүргізуші:
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Ол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. « Ас адамның арқауы», « Жаман ауруға – жақсы ас» деп тегін айтпаған. Менің ойымша, қазақтың келіндері ең алдымен еріне қарсы келмейтін, несібесін ысырап етпейтін, баланың тәрбиесіне аса мән беретін болуы керек. Әйел үшін ең бастысы отбасының берекесі. Сайысымыздың төртінші шарты « Жолдасымның сүйікті асы», Мұнда келіншектер өз жолдасын қаншалықты құрметтеп, сыйлайтынын көреміз. Ас мәзірі. Қандай тағам екенін айтып таныстырып кетеміз.
(Ортаға үміткерлер шығады, жеке — жеке)

Жүргізуші: Сайысымыздың бесінші шарты «Сұрақ — жауап», үміткерлерге сұрақтар таратылады, ойлануға 1 миннут беріледі.

Жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға
Салт — дәстүрі халқымның жалғасуда
Сайысымыздың соңғы шарты «Табақ алу рәсімі», келіндер иіліп сәлем салып табақ алу рәсімін көрсетеді.(ортаға келіншектерді шақыру)
Ене көзімен қарағандай, ене сөзімен сынағандай, төрде төрелік еткен әділқазы мүшелеріне сөз берелік.
Үміткерлерге номинация бойынша атақ беру, дипломмен марапаттау.
1. Инабатты келін
2.Парасатты келін
3.Өнерпаз келін
4. Шебер келін
5. Көрікті келін
6. Жаңа заман келіні

Осындай атақтармен марапатталады.
Бүгінгі « Жаңа заманның келіндері»атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық аналарды, қыз келіншектерді өткен 8 — наурыз халықаралық мейрамымен құттықтаймыз. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Сайысты көріп көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Келин кысты айтырары сценарий
  • Келин кыс айтырары сценарий
  • Келин кыс айтырар сценарий
  • Келин дилээринин сценарий
  • Келин айтырар езулал сценарий