Кітаппен ?ткен жаз ?ызы? сценарий

ГУ «Уральская городская библиотека им. М. Горького», «М. Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы» ММ

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхананың жазғы оқу бағдарламасы жоспарына сай, қалалық саябақта №2 балалар кітапханасы «Кітаппен өткен жаз қызық» тақырыбында қызықты шара өткізді. Таза ауада кітап оқу пайдалы әрі қызықты. Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында әртүрлі викториналық ойындар ұсынылды. «Мың бір мақал, Жүз бір жұмбақ» ойынында өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында балалармен спорттық «Кім жылдам», «Шынықсаң шымыр боласың», «Батылдар, ептілер, күштілер», «Ойлы болсаң озып көр» ойындары ойнатылды. Оқырман назарына қазіргі таңда танымал балалар авторларының шығармалары, ертегілер, кітапшалар, балаларға арналған танымдық анықтамалар, балалар журналдары ұсынылды. Көрмедегі түрлі- түсті кітаптар балдырғандарға айрықша ұнап, кітапханашы әр кітапқа қызықты шолу жасады.Осы көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдарды орындықта, көгалда отырып оқуына жағдайлар жасалынды. Оқырмандар тамаша табиғат әлеміне саяхат жасап, әдеби кейіпкерлермен ертегі әлемінде болып, өз ойларымен бөлісіп, ілтипаттарын танытты. Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жазғы демалыстарын көңілді ұйымдастырып, қордағы әдебиеттерімізді насихаттау мақсатында әлі де жұмыстар жалғаса береді. 

Тақырыбы: Қызықты кітаппен достасайық!

Мақсаты:   Кітапқа құрметпен қарауға баулу,оның оқушы үшін маңыздылығын танытуға ықпал ету;

Міндеті: Балалардың сүйікті кітапшаларын таңдай білуіне қол жеткізу;

Ойын нақты жеткізу, тапқыр сөйлеу, пікір білдіру дағдысын қалыптастыру;

Түрі:Пікірлесу сағаты

Көрнекілігі:Кітап бұрышы, ертегі кейіпкерлерінің шаблондары, бояма суретер, сандық шаблондар.

Тәрбие сағатының барысы

Алдын-ала берілген тапсырма:

Өзіңнің ең сүйікті кітапшаңды сыныпқа алып кел, сол кітапшаны парталас достарыңа таныстырасың.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Алдын-ала берілген тапсырманы естеріне сала отырып, «Сүйікті кітапшалар»атты кітап бұрышына балалардың өз кітапшаларын орналастыруына уақыт бөлінеді.

Мұғалім  «Сүйікті кітапшалар» бұрышындағы түрлі кітаптардың жиналғанына тоқтала отырып, балаларға алғыс білдіреді.

Балаларды кітап бұрышында жиналған мазмұнға лайықты топқа бөлу.

Ертегі кітапты ұнататын балаларды”Ертегі әлемінде” атты топқа жинау;

Санамақ, жұмбақ, жаңылтпашты ұнататын балаларды“Сиқырлы әлем” атты  топқа жинау;

Бояма кітапшаларды ұнататын балаларды “Сырлы суреттер” тобына жинау;

ІІ.    Негізгі бөлім

 Топ оқушыларының алдына арнайы тапсырмалар  ұсыну.

«Ертегі әлемінде» тобына бірнеше ертегі кейіпкерлерінің

шаблоны беріледі

— Қандай ертегі кейіпкерлері?

— Ертегіні кімнен естідің?

— Ертегі қалай басталады?

— Ертегі қалай аяқталады?

сұрақтарына жауап ала  отырып, құрастырма жасауға әзірлену;

Сиқырлы  әлем” тобына цифрлардың,  соған  сәйкес  заттардың  бейнелері  беріледі.

1 цифры          көгершін

2 цифры          ұшақ

3.цифры     машина т.б.

Әрбір  санға  сәйкес  суреттерді  қатарластырып,   орналастыруға  әзірлеу

-Өздері білетін санамақтарды  еске  түсіру;

Санамақтар

1 саны                                                        6 саны

Бір дегенім — бала                                      Алты дегенім — Астық,

Санды дұрыс сана                                     Қылма досқа қастық.

Сенің қанша атаң бар?                              Үлкендерді сыйла,

Сенің қанша апаң бар?                              Бол иіліп жастық.

2 саны                                                         7 саны

Екі дегенім — Ешкі                                      Жеті  дегенім — Жеңіс,

Таудан келер кешке.                                  Жемісіңді жегіз.

Лағы оның қанша?                                     Спортпенен Жеңіс,

(Ізде келмей қанша).                                  Әрқашанда егіз.

3 саны                                                          8 саны

Үш дегенім — Үйім,                                     Сегіз дегенім — Сенім,

Үйде жақсы күйің.                                      Қорғайтының — Жерің.

Бақшадан да қалма,                                     Отыныңды сүйсең,

Тап — таза боп киін.                                      Мақтан етер Елің.

4 саны                                                          9 саны

Төрт дегенім — Түлік,                                 Тоғыз дегенім — Таңдау,

Жүргін мұны біліп.                                    Ата жолын жалғау.

Жылқы,сиыр,түйе,қой —                             Ақылды болып өсіп,

Төрт түлігің біліп қой.                               Биіктерге самғау.

5 саны                                                           10 саны

Бес дегенім — Бесік,                                     Он дегенім — Отан,

Келеді сәби өсіп.                                         Үздік оқы, Ботам.

Бабамыздан қалған,                                    Есейгенде ертең,

Бақыт және Несіп.                                      Сыйлап жүрер ортаң.

Сырлы суреттер” тобына бірнеше  бояуға арналған суреттер беріледі.

— Өзің бір суретті таңдап ал, суретті кітапшалардағы әсем

бояу түрлерін есіңе түсір, суретті боя;

— Қолыңдағы суретке сипаттама беруге даярлан;     Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі. Тапсырманы орындаған балалар тақтадағы белгіленген орынға өз жұмыстарын орналастырады.

 Мұғалім балалардың жұмыстарын қадағалай отырып, жұмыстарды орналастыруға көмектеседі

2. ”Менің сүйікті кітапшам” атты ой қозғау минуты.

Мұғалім:

— Балалар, біз сендермен қызықты кітап әлемінен сыр шертіп көрейік. Кім қазір өз достарына ”Сүйікті кітапшасы” туралы әңгімелеп береді.

а) тілек білдірген үш төрт оқушыны тыңдау.

ә) үн таспада баяу әуен қойып әрбір оқушыға өз кітапшасын досына таныстыруға мүмкіндік беру.

ІІІ Қорытынды бөлім.

1. Кітаптың өтініші

(магнитофон арқылы тыңдату)

— Балалар, мен кітаппын.Бүгін мен сендерге бірнеше ақыл айтпақпын,құлақ салып тыңдаңдар!

— Мені кір қолдарыңмен ұстамаңдар,мені сен сияқты тағы бір бала оқитынын ұмытпа.

— Менің беттеріме белгі соғып қарындаш немесе қаламсаппен боямаңдар,оқып тоқтаған жеріңді белгілеу үшін арнайы белдеулік пайдаланыңдар. Әрі тез табасың,әрі маған да ыңғайлы.

— Менің әрі пайдалы,әрі таза,әрі жаңа күйімде сақталуыма көмектес.Бұл сенің қолыңнан келеді!

Дос  болайық балақан!

Тақырыбы: «Кітап-біздің досымыз!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер.

Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар, жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.

СабаҚ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің жылуын салайық,

Таза ауа жылуын салайық

Мейірім жылуын салайық

Жүректің жылуын салайық

Жиналған бар жылуды

Бір-бірімізге сыйлайық!

ІІ.Кіріспе

Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік.

Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін. (Кітап)

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.

Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді.Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады?

Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.

Көрініс:

«Кітаптар мұңы»

       Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.

-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.

-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!

-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.

-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».

— бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.

-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.

-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.

-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.

-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.

-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.

-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, — деді оған «Ана тілі».

-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.

-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталады?

  2. Кітаптарды сендер қалай ұстайсыңдар?

  3. Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?

  4. Кітаптың оқушыларға тигізер пайдасын қандай?

Сергіту сәті:

Топпен жұмыс:

І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту

ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту

ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы

Мұғалім:

-Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан

Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.

  1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.

4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма.

Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу

Кітап ауруларының түрлері:

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар

(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)

2. Қартайғаннан болатын аурулар

(көп жыл ұсталынған кітаптар)

3. Жұқпалы аурулар

(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар)

4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар

(терезенің алдында, күнде көп тұрған,

ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)

5. Кездейсоқтықтан болған аурулар

(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.)

Санжар:

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке

Алтынай

Книга — лучший друг ты мой,

Мне так радостно с тобой!

Я люблю тебя читать,

Думать, мыслить и мечтать!

Нұрасыл

I like books

I really do —

Books with stories

And pictures, too.

Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің

Бұл не? (Кітап)

1. Ұсынған қойнынан

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)

2. Білімнен мол сый асы,

Балалардың ұясы (мектеп)

3. Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)

4. Айғағы жоқ, айтары көп,

Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

ІІ.кезең «Кім көп біледі?»

1. Кітап-асыл қазына

2. Оқу-білім бұлағы,

Білім-ырыс қазығы.

3. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

4. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

5. Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

6. Оқу түбі тоқу.

7. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Қорытынды.

.Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап»

Өскемен қаласы әкімдігі

«№15 орта мектебі» КММ

Тақырыбы: Кітап-біздің досымыз!

(Ашық тәрбие сағаты)

Өткізген: Қалиасқарова Қ.Қ.

1 «Е» сыныбы

2017 жыл

Үйымдастыру

кезеңі

Мотивация:

Негізгі бөлім:

Түзету жұмысы:

Байланыстырып сөйлеу:

Ұсақ қол маторикасы:

Қорытынды:

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабаққа психологиялық дайындық
Қонақ күту — салтымыз,
Оқып — біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
(құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады).
3. Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбын ашу. Жұмбақтар жасыру
Көзге танытқан,
Сөзді дамытқан.
Ойды кеңейткен,
Озықтарға теңейткен. (Мектеп)
Ойнақтаса қолыңда,
Із қалмайды соңында. (Өшіргіш)
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі. (Парта)
Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)

Қырық екі жауынгер,
Санын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер,
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Әліпби)

Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде — ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап біздің досымыз» деп аталады.
Ертегі кейіпкерімен кездесу
Марс планетасыннан қонаққа бөгде ғаламшарлық келеді. Оның қолында екі хатқалта болады.
— Балалар, бірінші хатқалтаны ашып оқиықшы.
— «Сәлем, балалар! Мен аспаннан сендердің жиналғандарыңды көріп тұрмын. Сендердің кітапқа деген құмарлықтарыңды білгім келеді. Сендер шынында да кітапты құрметтейсіңдер ме? Кітап оқуды ұнатасыңдар ма? Дәлелдеп беріңдер. Рахмет сендерге, балалар»
— Құрметпен
— Бөгде ғаламшарлық
— Балалар, біз бөгде ғаламшарлыққа кітаппен дос екенімізді дәлелдеп берейік.
Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады. Отанды сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Оны оқиды, одан тәлім — тәрбие, үлгі — өнеге алады. Сондықтан да біз кітапты сүйеміз. Кітап — біздің досымыз!- дейміз. Ол — біздің рухани жан азығымыз!- дейміз.
Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар. Олар біздің салт — дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады. 2 – сәуір — «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір — «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.
Қымбатты балалар! көптеген дүниені білдіндер, таныстындар, оқыдындар. Бүгін біз сендермен кітап туралы және кітаптың құрылымы туралы әңгімелесеміз.
Кітаптың шығу тарихы

Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұксамайтын. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу, жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталған материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырдағы артқа тастаған екен.

Кітап қалай жазылады.
Қағаздың негізгі материалы – ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарына тиеп фабрикаларға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп, одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі. Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер мәтінің мазмұнына сәйкес суреттерімен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындарына және білім мекемелеріне таратылады. Оқушылар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай тері бар екенін және көп көлемде қаржы бөлінгенін үнемі есіңде сақтау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланғаның жөн.

“Жалғасын тап” ойыны
1. Білім -… (таусылмайтын байлық).
2. Кітап — білім бұлағы,… (білім — өмір шырағы).
3. Кітап –… (алтын қазына).
4. Өнерліге… (нұр жауар).
5. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
… (Білім – жанып жатқан шырақ).

Сергіту сәті (бейнеролик)

Тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді.
— Балалар, бұл кім?
— Дұрыс. Ендеше қазір біз Абай атаның кітап туралы айтқан нақыл сөзін табуымыз керек?
«Бұл не деген жұмбақ?» ойыны
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.
…рт…қ
ғ… л… м
к…т… пт…,
…р…нб…
…қ…п
к…р…г…
(а ы ы ы і а а, е і е о ы ө у е).
Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»
(Абай)
— Жарайсыңдар, балалар. Ал, сендер кітап туралы өлең айтып бере аласың ба?
— Қане, бөгде ғаламшарлыққа кітапты қалай жақсы көретініміз туралы айтып өтейік.

Сергіту сәті (ертегі кейіпкерлері, жануарлар туралы). – Жарайсыңдар! Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер? (жауаптары.)

Ойын: «Суретті сөйлет».
Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады.
Мұғалім: — Кітапты көп оқисыңдар екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылтпаштар оқыдыңдар ма?
— Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)
— Балалар, ертегі кейіпкерлері сендерге викториналық сұрақтар алып келіпті.

Викториналық сұрақтар
1. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
2. Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)
3. Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)
4. Балаларға арналған қандай газет — журналдарды білесіңдер? («Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т. б.)
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап»)
7. Кітапты жазған адамды қалай атайды? (Автор)
8. Халықаралық балалар кітабы күні қай күні? (2 сәуір)
9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23 сәуір)

— Жақсы, балалар, сендер бөгде ғаламшарлыққа кітапты сүйтіндеріңді дәлелдеп бердіңдер деп ойлаймын. Ал енді екінші хатқалтаны ашуға құқымыз бар деп ойлаймын. (Екінші хатқалтаны ашу.)
«Балалар, сендер шынымен де кітаппен дос екенсіңдер. Кітап оқысаңдар білімдерің толады. Білімді, парасатты адам боласыңдар. Ендеше мен сендерге келесі ескертпені бергім келеді. Ойларыңа түйіп алыңдар. Сонымен бірге мен сендерге кітаптың арасына салатын белгі бауды сыйға тартамын. Балақайлар, мен сендерге сәттілік тілеймін!»
— Құрметпен Бөгде ғаламшарлық

Кітап туралы ережелер:

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
7. «Кітап – сенің досың» екенін ұмытпа!

Сәлеметсіздер ме?

Шеңберге тұрып

іс-қимылмен жасау

 Балалар: — Қош келдіңіздер қонақтар!

 

1. м е к т е п
2. ө ш і р г і ш
3. п а р т а
4. т а қ т а
5. ә л і п б и

Балалардың жауабы тыңдалады.

1 — оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.

2 — оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.

3 — оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.

4 — оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.

5 — оқушы:
Заводтарда күн — түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.

6 — оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.

7 — оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.

8 — оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.

9 — оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп — тегін.
Білмейсің — ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.

10 — оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.

Кітап – алтын қазынам


  • Сценарилер
  • admin
  • 25.01.2017
  • 0
  • 1
  • 29996

Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
кітапханашысы: Дадабаева Эльмира Токеновна

Сабақтың тақырыбы: Кітап – алтын қазынам

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың оқулықтан алған білімдерін байқау.

ә) Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту.

б) Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі» нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шарлар, гүлдер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Кітапханашы:  

Кіріспе: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған  «Кітап – алтын қазынам» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана-білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады.

Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталмақ.

Ендеше, мен бір жұмбақ жасырайын: 

Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.            (кітап)       

Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын — шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

І топ – Кітапсүйерлер

ІІ топ – Кітапқұмарлар

Әр топтың өнерін Әділқазы алқасы бағалайтын болады. ( таныстырып өту)

Әр топтың өздерін таныстыруы. (бағаланбайды)

Кітапханашы:  

Ал, келіңдер, келіңдер,
Дұрыс жауап беріңдер.
Білімдеріңді  көрсетіп
Алға оза беріңдер!

І кезең. «Білім көзі- кітапта» Бұл кезеңде қойылатын сұрақтарға жауап беру керек.

1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

І топқа:

1. Кітап күні қашан атап өтіледі?  2-сәуір
2. Мамыр айында қандай мереке күндері бар?  
3. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім?  Ы.Алтынсарин
4. Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл?  166 жыл
5. Қазақтың үш биін ата?

ІІ топқа: 

1. Қазақтың аңызына айналған батыры кім? Б.Момышұлы
2. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
3. Жыл атауынан құр қалған қандай жануар? Түйе
4. Қазақтың алғаш әліппесінжазған кім? А.Байтұрсынов
5. Ы.Алтынсариннің туғанына неше жыл? 170 жыл

Сауық кешке келейік,
Сөз маржанын терейік.
Кім көп білер екен деп
Мақал айтып көрейік.

ІІ кезең.  «Мақал-сөздің мәйегі»  Бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.    Оқусыз білім жоқ
       Білімсіз……………. (күнің жоқ)

2.    Тіліңмен жүгірме,
       Біліммен……………. (жүгір)

3.     Ғылым — теңіз,
        Білім -………….. (қайық)

4.     Күш — білімде,
        Білім —  ……… (кітапта)

5.    Білекті бірді жығады,
       Білімді ……………. (мыңды жығады)

6.    Оқу-білім бұлағы
       Білім ……………. (өмір шырағы)

7.    Оқу — білім азығы,
       Білім -……………. (ырыс қазығы)

8.    Кітап- ғылым,
       Тілсіз……………. (мұғалім)

9.    Ақыл тозбайтын тон,
       Білім……………. (таусылмайтын кен)

10.  Білім арзан,
      Білу………… (қымбат)

Кітапханашы:  

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жан дос, ізденейік қосыла.

ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар»  Бұл кезеңде әр топ берілген сұрақтарға өзіне берілген әріптен ғана басталатын сөздермен жауап беру  тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

«А»  дыбысы                                             «Б» дыбысы

Қала-                                                          Ұлттық тағам-

Өзен-                                                          Ат жарысы-

Ақын-                                                          Әнші-

Сәндік бұйым-                                             Батыр-

Хан-                                                            Сәндік бұйым-

Кітапханашы:  

Кел, балалар, келіңдер,
Қызық кітап көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Сурет сырын ұғыңдар.
Білім бар да, оқу бар
Оқығанды тоқыңдар.

ІV кезең. «Ойлан, тап»  Бұл кезеңде жасырынған сурет арқылы сөздерді табу тапсырылады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Кітапханашы:  

Өмір мәні өнер менен білімде,
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.

V кезең. «Үй тапсырмасы» Бұл кезеңде әр топ өздері дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Әділқазы алқасы ұпай қорытындысын шығарғанша көрермендерге жұмбақ жасыру.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.  (кітап)

Көлемі шағын, көп қыры,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сыйып кетеді.       (кітап)

Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.    (әріптер)

Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.  (кітап)

Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.  (кітап)

Қорытынды:             

Кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстыру. Кітапты күтіп ұстаған оқушыларды үлгі ету.

Кітапханашы: 

Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең,
Адаммен таныс,
Өнерің кеш қалмайды.

Кітапхана — білімпаздар мекені. Оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, керекті тапсырмаларына дайындалады. Біздің кітапхана кішкене болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге еңбек етейік. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.


2 сынып
Тақырыбы: Кітап – жан азығы
Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері. «Кітап – жаз азығы», «Кітап — өмір ұстазы. Сондықтан оқушылар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев.
«Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» Лев Толстой.
«Кітап дегеніміз – біздің заманымыздың өмірі» В. Белинский
Барысы:
Мұғалім: Жұмбақ шешу

Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (Қаламсап)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)

Қабат — қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Ой қозғау:
— Мектепке балалар не үшін келеді?
— Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап)
Кітаптың пайдасы туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
Мұғалім:
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді «Өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені.
Кітап – бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес. Мысалы: Әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай ұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады.

Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Кітап – рухани қазынамыз деп жиі айтамыз. Бірақ айтуын айтсақ та, өмірде бұлай бола бермейтініде бар. Кітапты көп оқымаймыз бірақ мұнда бір кілтипан бар. Ол анық: арамызда кітапқа құлқы жоқ, кітап оқуға құныға қоймайтын, құныққаныңыз не, керек десеңіз, кітап оқып дағдыланбағандарда жоқ емес. Кім білер мүмкін бірден – бір жолы бұл кітапты сүю, кітаппен әуестену, оны қадір тұтып, қастерлеу. Яғни үлкеннің де кішінің де кітапты өзінің шын рухани сусар бұлағына айналдыру басты шарт. Тегінде кітапқа деген құштарлық, ынтықтық әр сәбидің бесігімен тербеліп, әрбір отбасында сәби санасына нұр болып құйылып, жан – жүрегіне ұялайтын ата – ананың аманаты болуы қажет – ақ. Мінекиіңіз кітаптың рухани сарқылмас қазынаңызға, мәңгілік қазынаңызға айналатыны да сондықтан.

Кітап туралы тақпақтар:
Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.

Саған білім жемісін,
Оқулығың береді
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді

Оқулығың құралың.
Жағар білім шырағын,
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең, кітапты.

— Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер?
Кітап түрлерімен таныстыру. Қызыл кітап Қазақстандағы азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді жазады, қазақ ертегі кітабы, арнайы оқулықтар, ұлы ғұламалардың өмір баяны туралы т. б түрлері өте көп.

Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.

Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Көрініс «Кітаптар мұңы»
3 – оқушы: — Ей, бауырым тұрсаңшы!
(Ата тілі) — Біз қайда келдік өзі?
(Қазақ тілі) – Ой, мазамды алмашы.
(Математика) — Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді ғой?
— Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің осындай күйге түскен.
— Ой, сен кімсің, сыртың бүп — бүтін ғой өзіңнің.
— Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ата тілімін ғой. Мені басып шығару үшін қаншама адам еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым ғой.
— Бәрімізде сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
— Мен ше, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, апасы да, ағасы да қой демеді ғой, шіркін!
— Е онда мұңдас болдық қой, достым. Мені де Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді, бетімді, сызып шимайлайды ғой.
— Әр оқушы өз кітабына ұқыпты болса ғой әттең. әрине әдепті балалар көп. Мысалы менің бір досым бар. Ол екеуміз бір парталас болдық. Оқушы деп соның иесін айт! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
— Иә, енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін, осы екеуміздің мұңымызды естіген балалар болашақта кітаптарын таза, жыртпай ұстайтын шығар деп үміттенемін.
— Иә, достар кітап, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.

Кітап туралы ой — толғаныстар
Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тынбайды.
Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
Кітап – ең сабырлы ұстаз.
Хормен: Кітап – рухани қазынамыз

Оқушы мен кітаптың тілдесуі.
Ақыл – ойдың иесі,
(оқушы) Бар ғылымның жүйесі
Қуанышы көңілдің
Баспалдағы өмірдің
Жан азығы серігім
Ардақтамас сен кім?

(кітап):
Күнде өсіп көлемім
Көріктеніп келемін
Көптің тауып керегін
Кезінде айтып беремін
Бірақ білмес нарқымды
Байқап жүрмін әркімді

Оқушы
Әсерлемей, асырмай
Айтшы бәрін жасырмай
Жан азығым серігім
Ренжіткен сені кім?

Кітап:
Кейбіреулер ерігіп
Бос жүруден зерігін
Бетімді тек ашады
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады
Шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді.

— Міне, балалар кітапты қалай күтіп ұстауымыз керек екен?
(Оқушылардың ойларын білу)
Таза, ұқыпты, жыртпай, сызбай, кірлетпей, күтіп ұстау керек.

Кітап – білім дария
Жүзе бергің келеді
Кітап – дана қария
Ғибратымен жеңеді.

Оқулықты құрметте
Күтіп ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке

Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан

Кітап деген бір қамал
Оқысаңыз аларсың
Құдіреті бар оқысаң
Іздегенді табарсың

Қорытындылау:
Иә, кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз.
Балалар, бүгін сендер «Кітап – білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызда кітап жайлы көп естіп білдіңдер. Енді соңында Өтебай Тұрманжанов ағаларыңның кеңесімен аяқтағым келіп тұр. Кітапты шала – шарпы оқу зиян. Шала оқысаң, оқуың бойыңа жұқпайды. Ылғи шала – пұла, тез оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға кеткен еңбегің еш болады. Сондықтан сендерге айтарым: кітапты шала оқымаңдар. Бастаған кітабыңды аяғына дейін оқитын бол. Сонда кітапқа деген қызығушылығың арта түседі. Ылғи бір мезгілде оқып үйрен. Сондықтан кітапты шала оқыма, тиянақты оқитын бол.

№179 А. Хангелдин атындағы орта мектеп
Сыдықова Айғаным Сәрсенқызы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітап фестивалі сценарий
  • Кітап фест сценарий
  • Кітап туралы сценарий балаба?шада
  • Кітап т?сау кесер сценарий
  • Кітап сыйлау акциясы сценарий