Кітаптар ?леміне саяхат сценарий

Саяхат сабақ: Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат

Саяхат сабақ: Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Бастауыш сынып мұғалімдері, тәрбиешілеріне. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыларды кітап жане кітапхана әлемімен таныстыру.

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Саяхат сабақ: Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат

Жанаканова Анаргуль Байжумаевна

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты, тәрбиеші

20.12.2018

1974

2

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

up

Сыныптан тыс сағат «Кітап әлеміне саяхат»

Предмет: Воспитательная работа
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Кітап әлеміне саяхат.

(библиографиялық шолу)

Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі.

М.Әуезов

Кітапханашы:

Кұрметті біздің кішкентай қонақтарымыз сендерді бүгін біз «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмемізгді өткізгелі отырмыз.Бүгінгі көрмеміздің мақсаты:балалардың кітапқа,оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Олай болса,балалар,бүгінгі кітап көрмесіннен сендер не күтесіндер?(балалардың жауаптары)

Бүгінгі кітап көрмесінен тамаша әсер алып шығамыз деген ойдамын.Олай болса,көрмемізді ашуға рұқсат етініздер.

Кітап – ең керемет ғажайып зат. «Өзінді – өзің тану ушін кітап керек,өзгені тану ушін де кітап керек»- депті атақты авар ақыны Р.Гамзатов.

Кітапханашы:

Балалар ал кім біледі кітап неден жасалады?

Балалардың жауабы:

Балалар ол кәдімгі жай картон қағаздан жасалған.Кітапті шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.61 Kb
Количество скачиваний: 59

Скачать

Просмотров: 168

Похожие материалы

  • Тәрбие сағаты «Кітап білім бұлағы»
  • Ашық тәрбие сағаты «Кітап өмірлік ұстаз»
  • Свет мой, зеркальце, скажи.
  • Сценарий праздника 23 февраля. Школьный этап соревнований » Сильные люди»(5-10 классы)
  • Сценарий концерта на 8 марта
  • Сценарий новогоднего праздника в начальной школе «Как-то раз под Новый год…»
  • Видеоклип на стихи Н. Рубцова «Улетели листья с тополей». Видеоклип сделан совместно с моей дочерью, Чистяковой Юлией, для ежегодного районного фестиваля «Рубцовская осень»
  • Как объяснить ребенку, что алкоголь и курение вредно
  • Сценарий новогоднего утренника для начальной школы «Новогодние страсти-2016»
  • Видеоклип на песню «Офицеры». В клипе использованы материалы нашего школьного музея. Фоном стала музыка, под которую мои ученики сами пели песню «Офицеры» на фестивале военной песни, посвященном Дню Победы. Ребята заняли 1 место.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
— оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету;
— оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету;
— білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу;
— оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Сабақ түрі: сайыс — сабақ.
Көрнекілігі: Кітапхананың іші шарлармен, кітап туралы нақыл сөздермен әсем безендірілген.
«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»
Н. Ә. Назарбаев

Нақыл сөздер:
«Кітап — жан айнасы»,
«Кітап — таусылмайтын азық»,
«Кітап — оқу жабдығы, білім сандығы»,
«Кітап — айдың талмас қанаты».

Сабақ — сайыс кезеңдері:
1 кезең. «Кітапхана — кітап үйі» сұрақ — жауап.
2 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.
3 кезең. «Кітап — біздің досымыз» тақырыбында шығарма.
4 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Білім көзі кітапта» атты кітапханалық ашық сабаққа қош келіпсіздер.
Талап қыл артық білуге,
Артық білім кітап,-
деп Абай атамыз айтқандай ілім — білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр — сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден — бір жолдың ордасы — кітапхана.
Кітапхана сабағы ойын түрінде өтеді. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны болады.

ІІ. Топтарды таныстыру.
1 топ — «Тапқырлар» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге,
Артық білім ғылымда».
Абай.
2 топ — «Білгірлер» тобының ұраны:
«Оқу — білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу өмірдің сәні
Тіршіліктің шамы».
С. Сейфуллин.

ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
1 — кезең. «Кітапхана — кітап үйі» сұрақ — жауап.
Екі топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Бірінші топ жауабын білмесе, екінші топ жауап береді. Толық жауапқа — 2 ұпай, толық емес жауапқа — 1 ұпай.
1. Таусылмас байлық, сарқылмас қазына (кітап).
2. Кітап үйі -… (кітапхана).
3. Кітап құрылысы (кітап сырты, мұқабасы, титулдық бет, форзац)
4. Титулдық бетінде қандай мәліметтер бар? (авторы, аты, баспаның аты, шыққан жылы).
5. Аннотация деген не? (кітап туралы қысқаша мәлімет).
6. Аннотациядан басқа тағы қандай кітап туралы мәліметтер бар? (алғы сөз, безендірілуі, мазмұны).
7. Анықтама әдебиеттерінің қандай түрлерін білесіздер? (сөздіктер, анықтама, энциклопедия).
8. Біздің кітапханамызда қандай анықтама әдебиеттері бар? (барлық пән бойынша).

2 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.
«Тапқырлар» тобының көрінісі
«Кітап күнтізбе емес»
Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.
— Берік, бері келші
— Не, аға?
— Ана тілі кітабыңның бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?
— Мен
— Неге?
— Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар.
— Е, сонда кітап күнтізбе болғаны ма?
— Ия, — деді Берік
— Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатысып кетемін.
Ағасы қабағын түйіп:
— Бұлай етуге болмайды, — деді.
Ал Берік нық түрде:
— Болады, — деді. — Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді.
Ағасының көзі атыздай болып кетті.
— Кітапты жыртуға болмайды. «Кітап — біздің досымыз» дегенді білесің бе?
— Білемін
— Сондықтан кітапты күтіп, ұқыпты ұстау керек.
Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды.

«Білгірлер» тобының көрінісі
«Ескі кітап»
Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә үшінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:
— Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?
— Жоқ
— Енді не болды?
— Маған мұқабасын мыж — мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:
— Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол — әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні — сіңлілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.

3 кезең. «Кітап — біздің досымыз» тақырыбында шығарма. Топтық жұмыс. Екі топқа таза парақ беріледі. Бірінші бала бір сөйлем жазып бастайды, сосын келесі бала екінші сөйлемді жазады. Барлығы бір — бір сөйлемнен жазып шығуы керек. Аяғында байланысқан мәтін шығады.

4 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар. Екі топқа кезек — кезек сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын таппаса, келесі топ жауап беруге болады.
1. Папирус деген не? (жапырақ парақ).
2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент).
3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг).
4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров).
5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т. б).
6. Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған).

Кітапханашы: Осымен бүгінгі біздің «Білім көзі кітапта» атты сабағымыз аяқталды. Сайыстардың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазыларға береміз. (Қортындыны айту және марапаттау).

Кітапханашы: Сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Кітапханаға саяхат»

Бағыты :  Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру .

Тақырыбы:  «Кітапханаға саяхат»

Мақсаты: а). Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің

пайдасы жайлы түсіндіру;

ә). Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

б). Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер, кітаптар.

Барысы: Ұйымдастыру.

-Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап).

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(Кітап).

-«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.

Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап -бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.

Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.

Кітап –уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.

Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған.

Кітап-ең сабырлы ұстаз.

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

Қорытынды:

Кітапты құрметтеу керек, жыртпай таза, ұқыпты ұстау керек.

Хмельницкий жалпы білім беру мектебі. 1 сынып Кітапханаға саяхат.

Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-сарқылмас қазына”.

Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін  ұғындыру.

Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Интерактивті тақта, тақтадағы суреттер

Сабақтың барысы:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Жұмбақ шешу.

Көп әңгімем өлеңім,

 Күнде ақыл беремін.

 Жақсы көрсе мені кім,

 Мен де оны жақсы көремін.   ( Кітап).

 Не білеміз?.

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)

Папирус” кітабы.( слайд)

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп  аталатын су  өсімдігінен дайындалған  материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

Пергамент” кітабы.( слайд)

Кітап  басу цехы.( слайд)

Түптеу цехы.( слайд)

Мағынаны тану.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.

Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.

Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3.Кітапты қалай болса солай оқыма.

4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.

5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Кітап көрмесі.

Даналық сөз

                  Артық ғылым кітапта

Ерінбе оқып көруге.

                                                                       Абай.

                 Кітап маған тақтан да қымбат.

                                                                        Шекспир.

                    Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы

                                      ғажайыптардың бірі.

                                                                      Горький

“Жалғастыр”.

1.Білім — … (таусылмайтын байлық).

2.Кітап — білім   бұлағы, … (білім — өмір шырағы). 

3.Кітап – … (алтын   қазына).

4.Өнерліге … (нұр жауар).

5.Өнер — ағып    жатқан    бұлақ,

    … (Білім – жанып жатқан шырақ).

Ребус шешу.

Жұмбақтар.

1.Ілулі тұр кең алаң,                       

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,                                            

Сүртем сосын өшіріп.

(Тақта).

2.Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.

(Бор)

3.Сансыз ойлар бетінде,                    

  Сайрап жатыр бар тілде.                     

  Керекпін мен әр күнде,  

Өшпейді бір әрпім де.

(Кітап).                                       

4.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

  Өшпейді бір әрпім де.

  (Қаламсап).

Ой қозғау.

Кітап неден, қалай жасалады?

 Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

 Кітапты қалай ұстау керекпіз?

 Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба?

Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?

Қорытынды:

Кітабың сенің, құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы:
1 — бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. I слайд
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде — ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. 
2 — бөлім. Кіріспе.
II слайд. Кітап туралы не білеміз? Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)
Мағынаны таны. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
3 — бөлім. Топтық сайыс. 1. Таныстыру. 
2. Жалғастыр Ойын: Кітап нені сүйеді?
3. Көркем сөз оқу Даналық сөз
4. Ойлан, тап.
5. Өнер көрсету
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. слайд Жалғастыр
1. Кітап — таусылмайтын байлық.
2. Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
4. Өнерліге нұр жауар.
5. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Білім — жанып жатқан шырақ.
1. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
4. Білекті бірді жығады,………………
5. Оқу білім бұлағы,………………..
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі? Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық (тақпақ)
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан — жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап — білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Қорытынды.

Білім кілті — кітапхана. Кітапханаға саяхат жасау

Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер: білім, кітап туралы жазылған плакаттар, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем», жазушылар суреттері.

«Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» (Максим Горький, ұлы орыс жазушысы)

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» (Ғабит Мүсірепов, жазушы, көсемсөзші, драматург)

«Білімнің бас құралы — кітап» (Ахмет Байтұрсынов, ақын, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері)

«Оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» (Дени Дидро, француз ойшысы, жазушысы)

Сабақтың барысы:
Кітапханашы: Армысыздар оқушылар! Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Бұл кітапхана сабағы. Біздің кітапхана мен 7 — сынып оқушылары бірлесіп дайындаған «Білім кілті – кітапхана» атты кітапхана сабағына қош келдіңіздер! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:
Балалар, бұл жол басы жаңалыққа.
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?
Осы кезде үлкен кітап ұстаған оқушы кіреді:

Кітап: — Балалар мен сәл кешігіп қалдым — ау, деймін, кешіріңдер! Сендермен дос болып, қайтатыныма сенімдімін.

Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты достарымыз, жоғары шығыңыздар.
Балалар! «Кітап»деген сөз арапша «жазба», ал түрікше «дәптер»деген мағынаны білдіреді. Қазақ кітап баспасында 1800 жылы «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы деп аталатын тұңғыш қазақша кітаптар шыға бастады. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Кітап әлемі – кітапхана. Ал, енді кітаптар мекені – кітапханамен танысайық.
Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынада
Балалар, кітапханада«Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдар бар.
«оқу залында» оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз?(Жауап)
— Дұрыс. Кітапханада кітапты кітапханашы апайдың көмегімен таба аламыз.
Сондай — ақ, балалар кітапханада «Абонемент» залы да бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады.
Ал, оқырман формуляры – ол әр оқырманның куәлігі, оқушы алған кітапты кітапханашы оқырман формулярына жазады.

I Кітап: Мен – Кітап Ханшайымымын,
Иесі рухани әлемнің.
Әкелдім кітап патшалығының
Бәріңе жалынды сәлемін!
Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.
Оймен, кәне өсейік,

Ал жұмбақ шешейік. (Оқушылар жұмбақты шешеді).
I. 1. Бірінші әріп — көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп — тісте бар, бұрымда жоқ,
Үшінші әріп — бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп – құлақта бар жүректе жоқ.
Бесіншісі –«П»әрпі ақырғысы
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (Кітап)
2. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды оқи берсең кіргізеді. (Кітап)
3. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
4. Қабат – қабат қаттама,
Қаптамадан аттама.
Ақылын оның алабер,
Айытқан сөзін жатта да. (Кітап)

II Кітап: Білімнің атасы кітап. Сондықтан кітап, балаларға ақыл, кеңес береді.
– Кітап – ел мен жерді сүю, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
Кітапханашы: Балалар, кітап қалай жасалатынын сендер білесіңдер. Кітап жасаған кезде адам көп еңбектенеді: редактор, автор, жазушы, суретші, содан кейін кітап баспаханадан басылып шығады,
Ал, балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін»есте сақтап жүріңдер
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау — бәріміздің міндетіміз.
Кітаптың беттеріне сурет салмаймыз және суреттерін қиюға болмайды!
Тамақ ішкен кезде кітапты оқуға болмайды!
қолданамыз
«Кітап Ханшайымдардың» «Ескі кітап» деп аталатын көрінісі

Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә бірінші сынып бітіріп екінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:
— Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?
— Жоқ
— Енді не болды?
— Маған мұқабасын мыж — мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:
— Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол — әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні — сіңлілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.
Кітапханашы: – Ия достар, кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!

II. «Шежіре» кезеңі.
Кітапханашы: Үлгі — сөзі атаның, үйренеміз мақалың — дегендей «Мақал — мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы,…(білім өмір шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз…(күнің жоқ)
• Кітапсыз үй -…(жансыз дене).
• Күш – білімде, ал білім –…( кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей…( оқып көруге).

• Наданмен дос болғанша,
….(Кітаппен) дос бол.

• Оқысаң озарсың…(оқымасаң тозарсың)
Кітапханашы:
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл — кеңес, тәлім — тәрбие, үлгі — өнеге алады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой — өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап — мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ислам Шұғаев

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар сендер кітаптарды оқып кітаптар мен дос боласыңдар деп ойлаймын. Осы мен балалар енді кітапхана қай жерде орналасқан және осында көп кітаптар бар екенің енді білесіңдер. Біз сендерді күтеміз!

Кітап – алтын қазынам


  • Сценарилер
  • admin
  • 25.01.2017
  • 0
  • 1
  • 29994

Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
кітапханашысы: Дадабаева Эльмира Токеновна

Сабақтың тақырыбы: Кітап – алтын қазынам

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың оқулықтан алған білімдерін байқау.

ә) Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту.

б) Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі» нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шарлар, гүлдер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Кітапханашы:  

Кіріспе: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған  «Кітап – алтын қазынам» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана-білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады.

Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталмақ.

Ендеше, мен бір жұмбақ жасырайын: 

Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.            (кітап)       

Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын — шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

І топ – Кітапсүйерлер

ІІ топ – Кітапқұмарлар

Әр топтың өнерін Әділқазы алқасы бағалайтын болады. ( таныстырып өту)

Әр топтың өздерін таныстыруы. (бағаланбайды)

Кітапханашы:  

Ал, келіңдер, келіңдер,
Дұрыс жауап беріңдер.
Білімдеріңді  көрсетіп
Алға оза беріңдер!

І кезең. «Білім көзі- кітапта» Бұл кезеңде қойылатын сұрақтарға жауап беру керек.

1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

І топқа:

1. Кітап күні қашан атап өтіледі?  2-сәуір
2. Мамыр айында қандай мереке күндері бар?  
3. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім?  Ы.Алтынсарин
4. Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл?  166 жыл
5. Қазақтың үш биін ата?

ІІ топқа: 

1. Қазақтың аңызына айналған батыры кім? Б.Момышұлы
2. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
3. Жыл атауынан құр қалған қандай жануар? Түйе
4. Қазақтың алғаш әліппесінжазған кім? А.Байтұрсынов
5. Ы.Алтынсариннің туғанына неше жыл? 170 жыл

Сауық кешке келейік,
Сөз маржанын терейік.
Кім көп білер екен деп
Мақал айтып көрейік.

ІІ кезең.  «Мақал-сөздің мәйегі»  Бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.    Оқусыз білім жоқ
       Білімсіз……………. (күнің жоқ)

2.    Тіліңмен жүгірме,
       Біліммен……………. (жүгір)

3.     Ғылым — теңіз,
        Білім -………….. (қайық)

4.     Күш — білімде,
        Білім —  ……… (кітапта)

5.    Білекті бірді жығады,
       Білімді ……………. (мыңды жығады)

6.    Оқу-білім бұлағы
       Білім ……………. (өмір шырағы)

7.    Оқу — білім азығы,
       Білім -……………. (ырыс қазығы)

8.    Кітап- ғылым,
       Тілсіз……………. (мұғалім)

9.    Ақыл тозбайтын тон,
       Білім……………. (таусылмайтын кен)

10.  Білім арзан,
      Білу………… (қымбат)

Кітапханашы:  

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жан дос, ізденейік қосыла.

ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар»  Бұл кезеңде әр топ берілген сұрақтарға өзіне берілген әріптен ғана басталатын сөздермен жауап беру  тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

«А»  дыбысы                                             «Б» дыбысы

Қала-                                                          Ұлттық тағам-

Өзен-                                                          Ат жарысы-

Ақын-                                                          Әнші-

Сәндік бұйым-                                             Батыр-

Хан-                                                            Сәндік бұйым-

Кітапханашы:  

Кел, балалар, келіңдер,
Қызық кітап көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Сурет сырын ұғыңдар.
Білім бар да, оқу бар
Оқығанды тоқыңдар.

ІV кезең. «Ойлан, тап»  Бұл кезеңде жасырынған сурет арқылы сөздерді табу тапсырылады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Кітапханашы:  

Өмір мәні өнер менен білімде,
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.

V кезең. «Үй тапсырмасы» Бұл кезеңде әр топ өздері дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Әділқазы алқасы ұпай қорытындысын шығарғанша көрермендерге жұмбақ жасыру.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.  (кітап)

Көлемі шағын, көп қыры,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сыйып кетеді.       (кітап)

Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.    (әріптер)

Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.  (кітап)

Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.  (кітап)

Қорытынды:             

Кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстыру. Кітапты күтіп ұстаған оқушыларды үлгі ету.

Кітапханашы: 

Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең,
Адаммен таныс,
Өнерің кеш қалмайды.

Кітапхана — білімпаздар мекені. Оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, керекті тапсырмаларына дайындалады. Біздің кітапхана кішкене болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге еңбек етейік. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.


Тақырыбы: «Кітап-біздің досымыз!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер.

Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар, жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.

СабаҚ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің жылуын салайық,

Таза ауа жылуын салайық

Мейірім жылуын салайық

Жүректің жылуын салайық

Жиналған бар жылуды

Бір-бірімізге сыйлайық!

ІІ.Кіріспе

Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік.

Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін. (Кітап)

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.

Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді.Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады?

Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.

Көрініс:

«Кітаптар мұңы»

       Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.

-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.

-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!

-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.

-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».

— бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.

-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.

-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.

-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.

-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.

-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.

-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, — деді оған «Ана тілі».

-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.

-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталады?

  2. Кітаптарды сендер қалай ұстайсыңдар?

  3. Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?

  4. Кітаптың оқушыларға тигізер пайдасын қандай?

Сергіту сәті:

Топпен жұмыс:

І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту

ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту

ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы

Мұғалім:

-Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан

Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.

  1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.

4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма.

Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу

Кітап ауруларының түрлері:

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар

(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)

2. Қартайғаннан болатын аурулар

(көп жыл ұсталынған кітаптар)

3. Жұқпалы аурулар

(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар)

4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар

(терезенің алдында, күнде көп тұрған,

ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)

5. Кездейсоқтықтан болған аурулар

(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.)

Санжар:

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке

Алтынай

Книга — лучший друг ты мой,

Мне так радостно с тобой!

Я люблю тебя читать,

Думать, мыслить и мечтать!

Нұрасыл

I like books

I really do —

Books with stories

And pictures, too.

Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің

Бұл не? (Кітап)

1. Ұсынған қойнынан

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)

2. Білімнен мол сый асы,

Балалардың ұясы (мектеп)

3. Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)

4. Айғағы жоқ, айтары көп,

Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

ІІ.кезең «Кім көп біледі?»

1. Кітап-асыл қазына

2. Оқу-білім бұлағы,

Білім-ырыс қазығы.

3. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

4. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

5. Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

6. Оқу түбі тоқу.

7. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Қорытынды.

.Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап»

Өскемен қаласы әкімдігі

«№15 орта мектебі» КММ

Тақырыбы: Кітап-біздің досымыз!

(Ашық тәрбие сағаты)

Өткізген: Қалиасқарова Қ.Қ.

1 «Е» сыныбы

2017 жыл

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітап фестивалі сценарий
  • Кітап фест сценарий
  • Кітап туралы сценарий балаба?шада
  • Кітап т?сау кесер сценарий
  • Кітап сыйлау акциясы сценарий