Кітапханамен таныстыру сценарий

Узканова Анаргуль Куанбековна №1 қазақ орта мектеп кітапханасының  кітапханашысы Павлодар обл...

    Узканова Анаргуль Куанбековна
№1 қазақ орта мектеп кітапханасының  кітапханашысы
Павлодар облысы,  Ақсу қаласы   

Мақсаты: Кітапхана бөлімдерімен таныстыру, кітапқа, оқуға деген қызығушылықты ояту, кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білу.

         Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, балалар әдебиетінен кітап көрмесі, мақал-мәтелдер, оқырман құжаты, кітап кейіпкерлерінің жеделхаты, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Армысыңдар балалар! Әліппе сендердің ең бірінші білім алған оқулықтарын. Алған білімдеріңді басқа оқулықтар мен қосымша кітаптардан жалғастырасыңдар. Сол кітаптарға арналған және сіздерді біздің кітапхананың оқырмандары болатын танысу мерекесіне қош келдіңдер.

Бүгін біз кітаптар әлемінде қонақтамыз. Айналамызға қарасақ – бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол – кітапхана. Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді? Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағына білдіреді.

Білесің бе кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,

Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Аңық тағы білімпаз боп шығары.

Кітапхана – бүл баспа өнімдерін пайдалану ісін ұйымдастырып, оқырмандарға мәдени-ағарту және ғылыми бағытта көмек көрсететін мекеме. Кітапхана тарихы 4-5 ғасырларда  Қаңлы патшалығы сарайындағы  кітапханалардан, 11-12  ғасырлардағы Отырар кітапханасынан басталды.

Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады. Осы жерден біз өзімізге керектінің барлығын аламыз. Кітап білімізді молайтады, кітаптан көп үлгі мен тәрбие аламыз.

Кім сендерге, бұларды ұғу үшін көмекке келеде?  (Кітапханашы)

Ал, енді кітаптар мекені – кітапханамен танысайық. Кітапхана негізінде екі бөлімнен тұрады: Абонемент және оқу залы.

Бірінші бөліміз – АБОНЕМЕНТ.

Сондай-ақ, балалар кітапханада «АБОНЕМЕНТ залында» бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады. Бірнеше күнге бұл кітап сенікі. Сен оның суреттерін көре аласың, оқисың және өзіңе керек жерін де жазып аласың. Кітапханашы белгілеген күні ол кітапты кітапханаға қайтаруың керек – ол басқа балаларға керек екендігін ұмытпаңдар.

Ал егер де кітапты оқып бітуге үлгермесең? Зияны жоқ, кітапханаға келіп қайтаруға уақытын ұзартуға болады. Каникулға кетер алдында кітапханаға кітабыңды қайтаруға ұмытпа.

Кітапханада кітаптар өте көп. Солардың барлығымен қалай танысуға болады? Егер де, кітапты кім жазғанын білсең, оны кітап сөресінен тез тауып алуға болады. Олар алфавит бойынша орналасқан. А – Аманжолов Қасым, Ә — Әуезов Мұхтар, Б – Байтұрсынов Ахмет.

Екінші бөліміз – ОҚУ ЗАЛЫ

Балалар, «Оқу залы» дегеніміз не, ол қандай жер кім біледі? (балалар жауабы)

      Дұрыс балалар, «ОҚУ ЗАЛЫНДА» оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, мұндағы кітаптар үйге берілмейді, өйткені олар үнемі кітапханада тұруы тиіс. Себебі ол кітаптар кез келген уақытта оқырмандарға қажет болуы мүмкін. Ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз? (Жауап)

Ал сөздіктер мен анықтамалар жайлы ерекше айту қажет. Оларды шетінен барлығын — бірінші бетінен ақырына дейін оқымайды, олар белгілі бір мәліметті білу, анықтау үшін қолданады.

Ал сендер кітаппен дос болғандарың келе ме?

Оны қазір байқап көреміз. Біз сендермен әртүрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерін табамыз, кітаптай күтіп ұстау ережесімен танысамыз. /Кітапханашы төмендегі суреттерді көрсетеді/.

Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?

  • Кебіс кімдікі? /ханшайымдікі/
  • Себеттегі самса /Қызыл шелпек/
  • Жыртық шапан /Алдар көсе/
  • Кілт /Буратино/
  • Хат /Хат тасушы Печкин/

Жарайсындар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? / Есік қағылады/ Ол кім екен?

 Хат тасушы атай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.

Кітапханашы: Олай болса, оқиық, кімнен екен? Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?

  1. Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. /Андерсен етрегісіндегі Герда/
  2. Мерекеге сондай барғым келеді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. /Айболит/
  3. Келгім-ақ келеді, бірақ пеш тартпай жатыр. /Жалқау Емеля/

Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?

  1. Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане олар кімдер?     /Үш аю/

  1. Ұшып келіп батпаққа түсті,

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтті сұлу ханшайымға айналды?    /Патшайым бақа/

  1. Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.   /Бауырсақ/

  1. Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы керек.   /Мыстан кемпір/

Жарайсыңдар! Сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Әрине, кітап оқымайтындарға кітапханада еш қызық жоқ.

Балалар, бәрін шеше аласыңдар. Енді мына тапсырманы орындап көрейік. (Ертегі кейіпкерлерінің есімдерін қағазға басып шығару, олардың сынарын табу).

Алдар көсе, Жиренше шешен, Қобланды батыр, Құртқа сұлу, Мыстан кемпір, қу түлкі, аңқау қасқыр, Тазша бала, Тұмар ханым, Қарашаш пен Жиренше, Жеті қарақшы, Робинзон Крузо, Микки Маус, Папа Карло т.б.

Жарайсыңдар, балалар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?

  1. Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп.  /Маша мен аю/

  1. Шал кемпірге оралды:

Кемпірге жаңа астау.  /Балықшы мен алтын балық/

  1. Тартамын, тартамын,

Тіпті де жұла алмаймын.   /Қызылша/

Өте жақсы, сендер барлық ертегілерді атап шықтындар. Қалай олар туралы білесіңдер? /Апаларың оқыды ма, әлде мультфильм көрдіңдер ме/.

Балалар, сендердің қолдарыңда кітапхананың қандай кітаптары бар, кане еске түсірейік? /оқулықтар/

Ал олар қандай күйде?

Жыл бойы кітап иесі

Оқиды, өзіне бірдеңе белгілейді.

Көктемде кітапты өткізерде

Ол бәрін айтып қояды,

Оның не жазып қойғанын

Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалар да пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретіннін білулерің керек.

      Ойын «Иә-жоқ» /егер келіссеңдер «иә» дейсіңдер, келіспесеңдер «жоқ»/

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы (закладка) (иә)

Қар не жаңбыр (жоқ)

Кір қолды (жоқ)

Ұқыптап ұстауды (иә)

Еркелеткенді (иә)

Қуырған жұмыртқаны (жоқ)

Еденде жатқанды (жоқ)

Таза қолды (иә)

Төбелескенді (жоқ)

Кітап сөресінде тұруды (иә)

Білгіш оқушыларды (иә)

Балмұздақты (жоқ)

  • Кітаптар балмұздақты ұнатпай ма? Мүмкін емес! Балмұздақты бәрі жақсы көреді
  • Кітап неге балмұздақты сүймейді екен? /Балалардың жауабы/

Енді балалар кітапхананың ережесімен таныстырайын.

1 – ереже. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі келтіресің.

2 – ереже. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Сендерден кейін көптеген балалар ұстайды.

3 – ереже. Алған кітабыңды уақытында қайтар. Басқа оқырмандар күтіп қалады.

4 – ереже. Кітапты жоғалтып алма.

Кітапты пайдалану ережелерімен танысайық, мұқият тыңдайық.

  1. кітапты тек таза қолмен алуға болады.
  2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.
  3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
  4. Парақты бүктеме кітап баулығын пайдалан.
  5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
  6. Кітап бетіне қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды.

Осымен, қымбатты жас достар! Сіздер кітаптың нені сүйетінін, оны қалай ұстау керектігін білдіңдер, мектеп кітапханасының оқырманы болуға дайынсыздар ма. Болғыларың келе ме? /Балалардың жауабы/

Сонымен, балалар, бүгін сендер кітаппен достастыңдар. Бүгін өздеріңе пайдалы біраз кеңес алдыңдар. Тағы да көп білгілерің келе ме? Олай болса, кітапханаға жиі келіңіздер, қызықты кітаптарды оқыңыздар. Біз сіздерді тосамыз.

Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен қолына кітап алып оқығанға не жетсін!

Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Демек, балалар, Абайдың әжесі Зере: «Қарағым, осының ақыл. Ішкен-жегенге мәз боп, мойны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма», — деп кітапты көп оқуға үйреткен екен.

Кітаппен дос болайық. Оқырмандарымыз көбейе берсін! Сау болындар!

Кітап құрылымы (слайд)
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
Мақсаты: Оқушылардың кітап құрылымы жайлы білімін қалыптастыру
Жұмбақты шеш
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
(Кітапхана)

Кітап — білім бұлағы
Абонемент – кітапты үйге беретін орын

Кітап қайтару уақыты:
• Бір балаға бір кітаптан артық берілмейді
• Қайтару мерзімі 15 күн
• Егер ерте оқып болған жағдайда кітапханаға қайтаруға болады
• Егер алған кітаптың жыртылған жері болса желімдеп жөндеп тапсыруларыңызды өтініп сұраймыз
Оқырмандар залы — үйге берілмейтін анықтамалық әдебиеттер, сөздіктермен жұмыс және газет — журналдар оқитын орын

Оқырмандар залында өзін қалай ұстау керек:
• Тыныштық сақтау, себебі шу басқа оқырмандарға бөгет болуы мүмкін;
• Алған анықтама, сөздікті тиянақты ұстау;
• Журналдағы ертегі болмаса әңгімені оқып үлгермесең келесі күні келіп жалғастыруға болады;
• Оқырмандар залы кітаптарын үйге алып кетуге болмайды;
• Саналы түрде кітапты бүлдірген оқушы кітапхана оқырманы болу құқығынан айрылады.

Кітап дегеніміз не??- Баспадан түптеліп шығарылған мәдени рухани қазына.
Кітапша??- көлемі жұқа, шағын кітап.
Кітапқұмар деп кімді айтамыз??- Кітапты көп оқитын, кітапты сүйетін адам.
Кітапхана дегеніміз не??- Көпшілік тұтынуына керекті кітаптар сақталып тұратын үй.
Кітапханашы дегеніміз кім??- Кітапхана қызметкері.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

Кітапханаға саяхат

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап , әңгіме.

Көрнекілігі: Кітап көрмелер , «Бес арыс», «Үш бәйтерек» және Қазақ билерінің кітаптары суреттері және «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі.

1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Кітап көрмелері мен таныстыру.

б) Қызықты кітаптар ұсыну.

Мұғалім

1. Біздің мектеп кітапханасында кім жұмыс істейді?

2. Ол кісі сендерге не береді, қандай кітаптарды береді?

3. Сендер қандай кітаптарды оқисыңдар?

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Алдыңғы сабақта біз мектеп кітапханасы туралы өткен болсақ, ал бүгін біз сендермен кітапханаға саяхат жасаймыз. Саяхат жасауды біз бәріміз жақсы көреміз ғой.

Кітапханашы: Білесің бе, кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың,

Оқып- біліп, зерттеп кіріп санаға

Терең білім, ой маржанын құясың. Кітап-рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітапханашы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

Кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап

«Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсынов атамыз. Ахмет Байтұрсынұлының балаларға арнап жазған өлеңдері өте көп. Ол өлеңдерді жоғары сыныптарда оқитын боламыз . Ал қазір мен сендерді кітапханадағы ең үздік кітап көрмелерімен таныстырып өтейін дей отырып «Елбасы мұраты ел бақыты- Гүлденген Қазақстан» , «Қазағымның киесі Қазығұртым», «Мерей той иелері» және «Ертегіер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстыру. Біздің кітапхана ертегі, өлең және қызықты кітаптарға толы- мыс: Қазақ ертегілері, Андерсен ертегілері, Сенің өмірің сиқырлы әлем, Сиқырлы думан , Жануарлар туралы ертегілер, Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы т.б кітаптарға толы кітапхана.

3.Сабақты қорыту. Көрініс көрсету.

1-оқушы: Ух,шаршағаным-ай.

2-оқушы: Неге сонша мұңайдың ,досым?

1-оқушы: Мұңаймасқа не шара, мен баспадан шыққанымда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы едім.

2-оқушы: Енді не болды? кім сені осы халге түсірген?

1-оқушы: Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек

деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.

2-оқушы: Қой достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын ауруыңды емдеймін.

1-оқушы: Ондай жақсылығың болса рахмет. (Екеуі бірігіп «Кітап дәрігері» жазуы бар столға келеді)

Дәрігер: Ия достар, қай жерлерің ауырады Көріп жіберейін..

( Кітапты айналдырып қарайды )

Дәрігер: (басын шайқап) Парақтарың жыртылған, түптеу керек, желімдеу керек,- деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай деп ескертеді:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Балаларға көріністі көрсете отырып кітапты таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапханашы:

Балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында ертегі кітаптар ұсыну.

4. Үйге тапсырма беру. Алған ертегі кітаптар жайлы түсініктер айту.

Кітапханашы: Көлбаева. М

Білім кілті — кітапхана. Кітапханаға саяхат жасау

Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер: білім, кітап туралы жазылған плакаттар, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем», жазушылар суреттері.

«Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» (Максим Горький, ұлы орыс жазушысы)

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» (Ғабит Мүсірепов, жазушы, көсемсөзші, драматург)

«Білімнің бас құралы — кітап» (Ахмет Байтұрсынов, ақын, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері)

«Оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» (Дени Дидро, француз ойшысы, жазушысы)

Сабақтың барысы:
Кітапханашы: Армысыздар оқушылар! Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Бұл кітапхана сабағы. Біздің кітапхана мен 7 — сынып оқушылары бірлесіп дайындаған «Білім кілті – кітапхана» атты кітапхана сабағына қош келдіңіздер! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:
Балалар, бұл жол басы жаңалыққа.
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?
Осы кезде үлкен кітап ұстаған оқушы кіреді:

Кітап: — Балалар мен сәл кешігіп қалдым — ау, деймін, кешіріңдер! Сендермен дос болып, қайтатыныма сенімдімін.

Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты достарымыз, жоғары шығыңыздар.
Балалар! «Кітап»деген сөз арапша «жазба», ал түрікше «дәптер»деген мағынаны білдіреді. Қазақ кітап баспасында 1800 жылы «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы деп аталатын тұңғыш қазақша кітаптар шыға бастады. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Кітап әлемі – кітапхана. Ал, енді кітаптар мекені – кітапханамен танысайық.
Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынада
Балалар, кітапханада«Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдар бар.
«оқу залында» оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз?(Жауап)
— Дұрыс. Кітапханада кітапты кітапханашы апайдың көмегімен таба аламыз.
Сондай — ақ, балалар кітапханада «Абонемент» залы да бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады.
Ал, оқырман формуляры – ол әр оқырманның куәлігі, оқушы алған кітапты кітапханашы оқырман формулярына жазады.

I Кітап: Мен – Кітап Ханшайымымын,
Иесі рухани әлемнің.
Әкелдім кітап патшалығының
Бәріңе жалынды сәлемін!
Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.
Оймен, кәне өсейік,

Ал жұмбақ шешейік. (Оқушылар жұмбақты шешеді).
I. 1. Бірінші әріп — көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп — тісте бар, бұрымда жоқ,
Үшінші әріп — бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп – құлақта бар жүректе жоқ.
Бесіншісі –«П»әрпі ақырғысы
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (Кітап)
2. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды оқи берсең кіргізеді. (Кітап)
3. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
4. Қабат – қабат қаттама,
Қаптамадан аттама.
Ақылын оның алабер,
Айытқан сөзін жатта да. (Кітап)

II Кітап: Білімнің атасы кітап. Сондықтан кітап, балаларға ақыл, кеңес береді.
– Кітап – ел мен жерді сүю, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
Кітапханашы: Балалар, кітап қалай жасалатынын сендер білесіңдер. Кітап жасаған кезде адам көп еңбектенеді: редактор, автор, жазушы, суретші, содан кейін кітап баспаханадан басылып шығады,
Ал, балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін»есте сақтап жүріңдер
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау — бәріміздің міндетіміз.
Кітаптың беттеріне сурет салмаймыз және суреттерін қиюға болмайды!
Тамақ ішкен кезде кітапты оқуға болмайды!
қолданамыз
«Кітап Ханшайымдардың» «Ескі кітап» деп аталатын көрінісі

Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә бірінші сынып бітіріп екінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:
— Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?
— Жоқ
— Енді не болды?
— Маған мұқабасын мыж — мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:
— Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол — әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні — сіңлілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.
Кітапханашы: – Ия достар, кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!

II. «Шежіре» кезеңі.
Кітапханашы: Үлгі — сөзі атаның, үйренеміз мақалың — дегендей «Мақал — мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы,…(білім өмір шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз…(күнің жоқ)
• Кітапсыз үй -…(жансыз дене).
• Күш – білімде, ал білім –…( кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей…( оқып көруге).

• Наданмен дос болғанша,
….(Кітаппен) дос бол.

• Оқысаң озарсың…(оқымасаң тозарсың)
Кітапханашы:
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл — кеңес, тәлім — тәрбие, үлгі — өнеге алады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой — өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап — мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ислам Шұғаев

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар сендер кітаптарды оқып кітаптар мен дос боласыңдар деп ойлаймын. Осы мен балалар енді кітапхана қай жерде орналасқан және осында көп кітаптар бар екенің енді білесіңдер. Біз сендерді күтеміз!

Источник: bilimdiler.kz


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Кітапханаға саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн.Мектеп кітапханасының енді тұрақты оқырмандары боласыңдар.Ендеше хош келдіңдер!

  • Балалар кітапхана деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?-
  • Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру керек.Кітап ең жақын дос болып табылады.Енді оқушылардың кітап туралы өлеңдерін тыңдайық.

-Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың

Оқып, біліп,зерттеп көріп санаңа

Терең білім,ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап- білім бұлағы»

Кітапхана сол кітаптар тұрағы

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз боп шығары.

-Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Кітапханашы:

  • Жарайсыңдар балалар.Енді кітапты оқу ережелерімен танысайық

Кітапті ұқыпты ұста!

Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.

Кітап  таза, әрі тысталған болуы тиіс.

Кітапты таза қолмен оқы.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітаптің беттерін бүктеме.

Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.

Жыртылған кітапті желімде.

Кітапқа жазулар жазба.

Кітапті шкафта немесе полкада сақта.

Алған кітапті уақытында тапсыр.

Просмотр содержимого документа

«Кітапхана өміріне саяхат»

Кітапхана өміріне саяхат

Кітапхана?а саяхат.

Саба?ты? ма?саты:

Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы м?лімет беру.Кітапты? адам ?міріндегі ма?ызы туралы м?лімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.

Саба?ты? барысы:

С?леметсіздер ме балалар! Б?гін сендер ?шін ерекше к?н.Мектеп кітапханасыны? енді т?ра?ты о?ырмандары боласы?дар.Ендеше хош келді?дер!

  • Балалар кітапхана деген с?зді? ма?ынасын білесі?дер ме?-
  • Ол араб тілінен енген с?з, жазу ?оймасы деген ма?ынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар ?мір с?реді ж?не о?ырмандар?а к?мек береді.Сонды?тан кітапты ??ыпты ?стай білу ж?не уа?ытында тапсыру керек.Кітап е? жа?ын дос болып табылады.Енді о?ушыларды? кітап туралы ?ле?дерін ты?дайы?.

-Білесі? бе, кітап білім ?ясын,

Келесі? м?нда, ?мірге азы? жиясы?

О?ып, біліп,зерттеп к?ріп сана?а

Тере? білім,ой маржанын ??ясы?.

Дейді ойшылдар «Кітап- білім б?ла?ы»

Кітапхана сол кітаптар т?ра?ы

К?п ?йреніп, к?п о?ы?ан баланы?

Аны? та?ы білімпаз боп шы?ары.

-?уан кітап, ?уанатын к?н б?гін,

Серпіп таста м??ды ж?рек т?ндігін.

Кел, о?ырман, тойын тойла кітапты?,

Шаттанатын мерекелі к?н б?гін.

О, кітап, бас иемін м?ртебе?е,

Игілік ?азынасы? бар адам?а.

Сен берер игілікті? есебі жо?,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Кітапханашы:

  • Жарайсы?дар балалар.Енді кітапты о?у ережелерімен танысайы?

Кітапті ??ыпты ?ста!

Кітап ?о?амды? меншік. Ол к?п жылдар бойы ?ызмет ету керек. Сонды?тан кітапты ??ыпты ?ста.

Кітап таза, ?рі тыстал?ан болуы тиіс.

Кітапты таза ?олмен о?ы.

Тама? ішіп отырып кітап о?ыма.

Кітапті? беттерін б?ктеме.

Кітапті? ортасына ?алам, ?арандаш, д?птер салма.

Жыртыл?ан кітапті желімде.

Кітап?а жазулар жазба.

Кітапті шкафта немесе полкада са?та.

Ал?ан кітапті уа?ытында тапсыр.

Содержимое разработки

Кітапханаға саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн.Мектеп кітапханасының енді тұрақты оқырмандары боласыңдар.Ендеше хош келдіңдер!

  • Балалар кітапхана деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?-

  • Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру керек.Кітап ең жақын дос болып табылады.Енді оқушылардың кітап туралы өлеңдерін тыңдайық..

-Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың

Оқып, біліп,зерттеп көріп санаңа

Терең білім,ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап- білім бұлағы»

Кітапхана сол кітаптар тұрағы

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз боп шығары.

-Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Кітапханашы:

  • Жарайсыңдар балалар.Енді кітапты оқу ережелерімен танысайық

Кітапті ұқыпты ұста!

Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.

Кітап  таза, әрі тысталған болуы тиіс.

Кітапты таза қолмен оқы.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітаптің беттерін бүктеме.

Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.

Жыртылған кітапті желімде.

Кітапқа жазулар жазба.

Кітапті шкафта немесе полкада сақта.

Алған кітапті уақытында тапсыр.

Шала түрленіп дамитындар— төменгі сатыдағы қанатсыз жәндіктерге және жоғарғы сатыдағы жәндіктердің бірқатар отрядтарына тән даму жолы. Бұларға: біркүндіктер, инеліктер, тарақандар, дәуіттер, термиттер, таяқшатәрізділер, теріқанаттылар, биттер, жартылай қатты қанаттылар, т.б. жатады. Шала түрленіп дамитындардың онтогенезі 3 сатыдан тұрады: жұмыртқа, дернәсіл және ересек жәндік (имаго). Бұларда қуыршақ сатысы болмайды (қ. Толық түрленіп дамитындар). Бұлардың ерекшелігі жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересек жәндікке ұқсайды және қоректенуі де ұқсас келеді. Имаголарының қанаты болған жағдайда, дамуының соңғы сатыларында дернәсілдерінің де қанат нышандары пайда болады. Құрлықта тіршілік ететін Шала түрленіп дамитындардың дернәсілдерін — нимфа, ал суда тіршілік етуіне байланысты арнайы тыныс алу органдары (желбезектері) пайда болады, мұндай дернәсілдерді — наяда деп атайды. Бұларға біркүндіктер, көктемдіктер, тағы басқа жатады. [



-80%

Похожие файлы

  • Дидактический материал по математике 2 класс для детей с ОВЗ

  • Примеры на порядок действий

  • Карточка «Нахождение площади и периметра»

  • Тест по сказке «Сивка- Бурка»

  • Письмо букв, слогов, слов, предложений_ Звуко-слоговой анализ слов

Раздел Воспитательная работа
Класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата 25.01.2016
Формат docx
Изображения Нет

Поделитесь с коллегами:

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

Кітапханаға саяхат

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап , әңгіме.

Көрнекілігі: Кітап көрмелер , «Бес арыс», «Үш бәйтерек» және Қазақ билерінің кітаптары суреттері және «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі.

1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Кітап көрмелері мен таныстыру.

б) Қызықты кітаптар ұсыну.

Мұғалім

1. Біздің мектеп кітапханасында кім жұмыс істейді?

2. Ол кісі сендерге не береді, қандай кітаптарды береді?

3. Сендер қандай кітаптарды оқисыңдар?

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Алдыңғы сабақта біз мектеп кітапханасы туралы өткен болсақ, ал бүгін біз сендермен кітапханаға саяхат жасаймыз. Саяхат жасауды біз бәріміз жақсы көреміз ғой.

Кітапханашы: Білесің бе, кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың,

Оқып- біліп, зерттеп кіріп санаға

Терең білім, ой маржанын құясың. Кітап-рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітапханашы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

Кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап

«Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсынов атамыз. Ахмет Байтұрсынұлының балаларға арнап жазған өлеңдері өте көп. Ол өлеңдерді жоғары сыныптарда оқитын боламыз . Ал қазір мен сендерді кітапханадағы ең үздік кітап көрмелерімен таныстырып өтейін дей отырып «Елбасы мұраты ел бақыты- Гүлденген Қазақстан» , «Қазағымның киесі Қазығұртым», «Мерей той иелері» және «Ертегіер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстыру. Біздің кітапхана ертегі, өлең және қызықты кітаптарға толы- мыс: Қазақ ертегілері, Андерсен ертегілері, Сенің өмірің сиқырлы әлем, Сиқырлы думан , Жануарлар туралы ертегілер, Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы т.б кітаптарға толы кітапхана.

3.Сабақты қорыту. Көрініс көрсету.

1-оқушы: Ух,шаршағаным-ай.

2-оқушы: Неге сонша мұңайдың ,досым?

1-оқушы: Мұңаймасқа не шара, мен баспадан шыққанымда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы едім.

2-оқушы: Енді не болды? кім сені осы халге түсірген?

1-оқушы: Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек

деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.

2-оқушы: Қой достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын ауруыңды емдеймін.

1-оқушы: Ондай жақсылығың болса рахмет. (Екеуі бірігіп «Кітап дәрігері» жазуы бар столға келеді)

Дәрігер: Ия достар, қай жерлерің ауырады Көріп жіберейін..

( Кітапты айналдырып қарайды )

Дәрігер: (басын шайқап) Парақтарың жыртылған, түптеу керек, желімдеу керек,- деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай деп ескертеді:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Балаларға көріністі көрсете отырып кітапты таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапханашы:

Балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында ертегі кітаптар ұсыну.

4. Үйге тапсырма беру. Алған ертегі кітаптар жайлы түсініктер айту.

Кітапханашы: Көлбаева. М

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітапхана іс шаралары сценарий
  • Кітаптар туралы сценарий
  • Кітаптар ?леміне саяхат сценарий
  • Кітаппен ?ткен жаз ?ызы? сценарий
  • Кітап фестивалі сценарий