Кітап ?ажайып ?лем сценарий

Cкачать: Сценарий праздника книги "Кітап ханшайымы"

      «Кітап ханшайым»

кітап мейрамі

Мақсаты:

1)  Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

2) Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің  пайдасы жайлы
түсіндіру.

3)   Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулығын күтіп үстауға
үйрету.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітаптарын, оқу-білім туралы айтылған
сөздер жазылған плакат. Кітап көрмесі.

1-кітапханашы:  Армысындар құрметті ұстаздар мен оқушылар. 23 сәуір
«Кітап мейрамы» деп дүниежүзілік аталып өтеді.

   Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да
қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды
кеңейтіп, рухани жан-дүниелеріңді оятып, ертегі-әңгімелерімен сыр шерткен,кітап
сенің ақылшың.

            Кітап та алма ағашы,

            Жемісін біздер теретін.

            Тәтті алмаға балашы

            Кітабының әр бетін,-деп Мұстафа Әлімбаев
жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына.

2-жүргізуші:

     Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ
бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз.Бірақ, рухани өмірімізде кітаптың
алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын, өскен сайын кітап біздің
айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап-жанның емшісі, кітап – теріс
қадамдардан тыйылуға жетелейді, білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге,
тәрбиелік әсер аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын
қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар»-деген халық даналығы бекер
айтылмаған. Ал, енді балалар сахнаға Кітап ханшасыны шақырамыз.

Кітап ханшасы: Сәлеметсыз бе, балалар. Сендер білесіндер мен бұл
мейрам қайдан келді. Франциядан.

    Бұл мейрам Франция мемлекетінде жылына бір рет
тойланады. Мұның мақсаты: «Кітап деген білім мұхиты барын» оқырмандарға
білдіру, жас ұрпақтың есіне салу. «Кітап мейрамы» —  француз тілінен
аударғанда  — франкофония деген сөз. Сөйтіп сонау Франциядағы жақсы
дәстүр ең алғаш рет өзіміздің Республикалық балалар кітапханасында бастау алды.
Соның жалғасы ретінде біздің мектебімізде де «Кітап мейрамы» аталып өтуде.

 Қымбатты оқырман, «Кітап мейрамы» құтты болсын!
Мектебімізде «Кітап мейрамы» жылда жалғасын таба берсін…

Ән.

Кітап: Мен адамның
досымын. Менің атым – кітап. Мені  жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.
Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын!

1-ші бала: Адамның
досы кітап, өмір кілті,

                   Тек
келмес оған жиған мүлік.

                   Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

                   Асыл ой, қазынасы, өмір көркі. 

                   Тұрады басын құрап әріп неден,

                   Басталған білім басы әліппеден.

                   Қарасақ шалқар теңіз түпсіз мұхит,

                   Оқысақ кітап сырын ашып терең.

2-ші бала: Кітапты
оқымайды сыйламаған,

                    Білімге  жанын жанып қинамаған.

                    Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

                    Сол кітап тек ақылшы күнде маған.

                    Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

                    Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

                    Молайтып ақылыңды сан еселеп,

                     Береді білім нәрін кітап көптеп.

3-ші бала: Кітаптар
бейне жапырақ,

                   Жырлайтын сырын өмірдің.

                   Оқисың кейде жаттап,

                   Көтеріп күйін көңілдің.

                   Айдын шалқар кейде бір,

                   Кітапты тұнған көл дерсің.

                   Ауадай қажет бейне бір,

                   Таппасаң нәрін шөлдерсің.

1-жүргізушы:

     Кітаптың даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және
қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты.

      Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде
қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.

      Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданыла
бастады. Қамысқа басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Мысыр
Фараондары (патшалары) қамысты өңдейтін, кітаптарды көптеп көшіретін шеберханалар
ашқан, қамыстан жасалған оқтаушы кітаптар онша төзімді болмады. Біздің
заманымыздан бұрын ІІ ғасырда қамыстың орнына тері жаңғақ (пергамент) қолдана
бастады. Біздің заманымыздың І ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап
дүниеге келді.

2-жүргізуші:

     105-жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай
шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның
сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан
Батысқа қарай тарады.

      Баспа кітап өнерінің тууы, кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы
ағаш баспа (ксилография) қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы
Би-Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды.

   Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты.
Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе арап әрпімен жазылып, қолжазба
түрінде тарады.

   1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап
шығаруға рұқсат етті. Осыған орай Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы
қалаларында кітаптар шыға бастады.

Ән.

Кітап ханшасы:

     Ал, балалар біз кітаптың шығу тарихына қанық
болдық. Енді осы кітапты қалай ұқыпты ұстап, қалай оқу керек, кітапты оқу
мәдениеті дегенді қалай түсінуге болады, осы жайлы біраз тыңдап көрелікші.

1-жүргізушы:

— Оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің негізгі ережелерін білгені жөн.
Кітап оқыған кезде бөлменің ауасын тазартып, жарықтың жеткілікті болуын
қадағалау керек.Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара-қашықтығы 1 метрден
кем болмауы керек. Кітап пен көздің ара-қашықтығы 35-40см, және әрбір 45-50
минуттан соң оқудан үзіліс жасап отыру керек. Кітап оқу мен мәдениетіндегі бір
сала, әр бала өзіне кітап таңдай білуі керек. Жақсы кітаптың нәтижесі — жақсы
тәрбие болмақ. Ал тәрбие негізі — балалық шақта беріледі. Балалық шақ бағалы,
бал тілді әдебиетке бай болса, тәрбиенің мақсат-мұраты тәжірибелі болады.

2-жүргізушы:

  — Адамзаттың ақыл-ойы, ойлап тапқан керемет дүниелері көп. Сол көп
кереметтердің ішіндегі ең ғажайып кереметі-кітап. Кітап болмаса ешқандай білім
де, ғалым да болмас еді.Сондықтан осы кітапты біз қалай күтіп ұстауымыз керек,
соған тоқталайықшы.

  Сенің қолыңдағы оқулық кітаптарды жалғыз сен пайдаланбайсың,
келешекте сенен кіші іні-қарындастарың ұстайды. Сондықтан кітапты жыртпай,
түбін түсірмей, таза ұстаған жөн.Суретті беттерін жыртуға болмайды,кітапты
кез-келген  жерге тастай салмай, сөрелерге жинап қойған оңды. Кітап бетіне
сурет салып, шимайлауға болмайды. Кітапханадан алған кітапты мұқият ұстап,оны
мерзімді уақытында қайта тапсыру керек.

Кітап ханшасы:

    Иә, халық даналығында «Ұяттан Алладан қорыққандай қорық», деген
нақыл сөз бар. Оқырмандарда ұят болса, ұят болған жерде халық мүлкі, халық
қазынасы тозбай, береке-құты қашпай, келешекке сақталады. Кітапхана
оқырмандарына ар тазалығы жарасады. Ұстаған кітапты таза, бүктемей, жыртпай
ұстау, яғни оқырман мәдениеті жоғары деген сөз.

Көрініс.

Оқушы: Асыл ойдың
иесі, ғылымның жүйесі,

                Қуанышты
көңілдің, баспалдағы өмірдің.

                Жан азығы серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп
көңілім, көріктеніп келемін,

             Көптің
тауып керегін, кезінде айтып беремін,

             Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей,
асырмай, айтып берші жасырмай,

                Жан
азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер
ерігіп, бос жүруден зерігіп,

            Бетімді
менің ашады, әңгімеге басады.

            Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

            Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

            Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

            Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес
адам аз,

                Ақылды
көп, надан аз.

                Ондайлардан түңілме,

                Сені сыйлар түбінде.

Ән.                                                                 
                 

Көрініс. «Кітаптар мұңы»

    Беттерін
шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып бір
кітап жан-жағына қарады. Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:

Математика: Ей тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тірлігің құрсын!
Бұданда парақтарым дал-дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы
еді.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді
деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын
зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін
ғой.

Ана тілі: Сыртымды қайтесін? Сыртым бүтін, ішім түтін.
Ана тілі оқулығын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті
десеңші. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын,  адам болсын деген ізгі
ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп,
балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не
болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай
күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайды.

Математика:  Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып,
кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы. Онда мұңдас болдық
қой, достым.

Қазақ тілі: Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып,
бетімді шимайлайды.

  Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар
көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт,
оқушы деп! Бүлдірмек түгелі, шаң мен кір жуытпайды.

Ана тілі: Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа
жағар?! Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп,
қажетке жаратар.

   Бәріміздің де арманымыз сол.. Білімге қызығатын ұқыпты
балалардың қолына түссек екен.  Иә, достар, кітап қадірін білетін жақсы балалар
көбейе берсін!

Математика: Тұрыңдар достар! Сыныпта Дәуренбек деген бала
бар. Сол сендерді бүтіндей, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан
сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

Кітап ханшасы:

     Міне, балалар, сендер мына көріністен көргендей,
кітаптан да мұң шығады, кітаптарды да емдеуге болады екен. «Кітап-біздің рухани
азығымыз»-дейміз кітаптарды неге біз мұнша аздырып-тоздырамыз. Оқулықтар тегін
берілді екен деп, оны жыртып, бүктеп, бүлдіруге болмайтынын бәрімізде есте
сақтағанымыз жөн болар деп ойлаймын. Келісесіңдер ме, балалар. Бұдан былай
кітаптарымызды таза ұстап, жыртпаймыз деп уәде етесіңдер ме?

Балалар: Уәде етеміз!

Кітап ханшасы:

        
Жақсы, балалар, мен бұған
сенемін.

Көрініс:  Кітап емханасы.

Мұғалім. Біз кітаптан бар жақсылықты аламыз. Оған бізде көмектуіміз керек.

Дәрігер. Құралдар: қайшы, желім, қағаздар, ине, жіп, мата.

Кітапханашы келеді (қолындағыы кітаптары, кітаптың ауруын анықтап
беруді сұрайды.

Дәрігер. Балалар, адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің ауыратыны сияқты,
кітаптар да ауырады. Кітаптарда мынандай ауру түрлері болады.

1.    
Туғаннан пайда болатын
аурулар (баспадан дұрыс басылмаған)

2.    
Қартайғаннан болатын
аурулар (көп жыл ұсталған)

3.    
Жұқпалы аурулар (жыртылып,
сия, төгіліп немесе май қолмен ұстау т.б)

4.    
Дұрыс жағдай
болмағандықтан болатын (терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал, дымқыл
жерде сақталуы)

5.    
Бақытсыздықтан (кездейсоқ)
болатын аурулар (жығылып батпаққа былғануы жыртылуы т.б)

1)   
Судың әсерінен ішкі
беттерінің былғануы парақтарының бүктелуі — бұл жеңіл емделейтін аурулар.

2)   
Насекомдарды зияны
әсерінен, сыртқы қабының бүлінуі, форзацтың жыртылуы, түбінің ажырауы,
парақтарының босап қалуы — бұл ауруларды дәрігер мен кітап емшілері операция
жасау арқылы емдейді.

1-жүргізуші:

— Балалар! Сендерге кітаптар үйі, яғни кітапхана
туралы мағлұмат беруді жөн көрдік.

    Кітапхана дегеніміз — баспасөз шығармаларын жинау,
сақтау, кітаптарды пайдалану ісін ұйымдастыратын және оқырмандарға
насихаттайтын хабарлама, библиографиялық жұмыстармен шұғылданатын ғылыми
көмекші мекеме.

Кітап ханшасы:

     Сонымен оқулықтар мен көркем әдебиеттерді
таратып, оқырман қаумға жеткізуде, тәлім-тәрбие беруде кітапхана мен
кітапханашының алатын орны ерекше. Кітапханашы тек кітап үлестіруші емес.Ол-әрі
ұстаз, әрі тәрбиеші, ақылшы. Ғұлама ғалым Әбу нәсір Әл-Фараби айтқан екен.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деп, сондықтан,балалар, біз
кітапты сүю — өзіңді сүю екенін, әдебиетті ең жақын ақылшым, серігім деп
түсінуіміз керек деп ойлаймын.

2-жүргізуші: — Кітап әлемі бүкіл жан-дүниені билеп, еш уақытта көзге
көрінбейтін сезім арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелеп әкететін киелі
дүние екеніне көз жеткізесің.

1-жүргізуші:— Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл,
ой, сұлулық әлемін шарлатады, білім-ғылым жолына жетелейді.

Кітап ханшасы:— Иә, балалар, кітап әлемі бір ғажайып дүние екеніне
таласымыз жоқ. Енді осы кітап қалай шығады, кімдер тер төгеді, соған бір сәт
зер салайықшы.

1-оқушы. Саған білім жемісін,

                  Оқулығын береді.

                  Талай адам сол үшін,

                  Маңдай терін төгеді.

                  Орманшының аяла,

                  Алақанын өсірген.

                  Сансыз ағаш саялы,

                  Қағаз үшін кесілген.

2-оқушы. Ағаш кесіп қанша адам

                 Ормандарда жүреді.

                 Аға қанша шаршаған ,

                 Ағаш тиеп үнемі.

                 Машинист боп жасынан,

                 Дүбірлетіп даланы.

                 Сол ағашты тасыған,

                 Білер ме ең көп ағаны?

3-оқушы. Заводтарда күні-түн,

                  Қағаз жасап бағалы,

                  Қанша адамның кім үшін

                  Маңдай тері тамады?

                  Оқулықты баршаға,

                  Талай ғалым қолға алып.

                  Жылдар бойы қаншама,

                  Жазады ұзақ толғанып.

4-оқушы. Әдемілеп берсем деп.

                  Бояу жағып не түрлі

                   Суретшілер көркемдеп,

                   Қаншама уақыт отырды.

                   Әріп теру үшін де,

                   Талай адам терледі.

                   Баспахана ішінде,

                   Айлап тыным көрмеді.

5-оқушы. Оқулықты мектебің,

                  Берер саған теп-тегін.

                  Білмейсің-ау сен бірақ,

                  Қаншама еңбек кеткенін.

                  Оқулығың-құралың,

                  Жағар білім шырағын.

                  Баса алмайсын ешқашан,

                 Онсыз алға бір адым.

                 Оқулықты құрметте,

                  Күтіп ұста, кірлетпе.

                  Кішілерге табыс ет,

                  Дақ түсірме бір бетке.

Кітап ханшасы:

     Біз күнделікті көріп, оқып жүрген кітаптардан
басқа да әртүрлі кітаптар бар екен. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысында табылған
көне құпиясы мол құран кітабы.Құран кітаптың салмағы 40 кг, бет саны 496 бет,
ені 53см де ұзындығы 84см, қалыңдығы 13см, екен. Кітаптың мұқабасы қалың
теріден тігіліп, сыртқы жағы қызғылтым түспен боялған.Құран кітаптың қағаздары
ертеректе Самарқаннан немесе Жапон елінен шыққан қағазға ұқсайды деген болжам
бар. Полиграфия мен кітап шығару ісіндегі ғылыми жетістіктердің көкжиегі арта
түсуде. Мысалы: Жапон баспагерлері әзірлеп шығарған кітаптың ішіндегі жазуларын
оқу тұрмақ, оның өзін жай көзбен тамашалау мүмкін емес. Өлеңмен өрілген
нақылдар жинақталған бүкіл кітаптың көлемі 2.1мм. Небәрі 50 данамен жарық көрген
бұл кітаптың сөздерін лупамен ғана оқи аласыз. Ал, ағылшын елінің бір
баспаханасы жарыққа шығарған Библия кітабының жалпы пішіні сіріңке қорабындай,
салмағы 20грамм тартатын бұл кітап 878 беттен тұрады.

       Американдық ағаш ұстасы дүние жүзіндегі ең
үлкен Библия кітабын жасап шығарады. Таңқаларлығы сол, тек ағаштан жасалған
туындыны қозғалта алмайсың. Өйткені, алып кітаптың салмағы бір жарым тонна
болса, көлемі 1х2,5 метр екен. Бұл ағаш кітаптың сөздері гавюр тәсілімен,8084
беті тұтастай өте жұқа фанерден жасалған. Көлемі жағынан сіріңкенің қорабындай
7,6х9,5см,9х11см, 7,5х10см әлемдегі ең кішкентай газеттер бар екен.

 Әлемде талай қызық бар не кітартар әлемі де талай
қызыққа толы.Мысалы, сіз жейтін кітаптар туралы естідіңіз бе? Иә, жейтін
кітаптар! Жапон елінің бір кітап баспасы ерекше кітаптың алғашқы серияларын
шығарды. Күріш ұнынан иленген қамыр түрінде тәтті пісірілген бұл «кітапқа» шытырман
оқиғалы детективтер басылған. Қызық хикаяны оқып алған соң, оны жеп қоясың.
Алғашқы жарық көрген кітап нандар, тез сатылып кетіпті.Оқырмандардың сұранысы
бойынша баспагерлер жейтін кітаптардың кезекті тобын әзірлеуде.

 Кітап: Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең
кітапты! Дендей көп оқысаң, көп білесің….Сендердің кітапқа деген
құштарлықтарын да арттырсын деген ниетімді білдіремін. Кітаптың ұлы қасиетін
бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын-жазушы ағаларың да жазған екен. Сол
тақпақтарды білесіндер ме, канекей, айтып беріндерші.

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп күшін көңілдің.

Айдыны шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көп дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін бізгі беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін.

Пайда ойла, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбе оқып көруге.

Кітабың – сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Олсыз алға бір адым.

Кітабынды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап: Жарайсындар, балалар! Ал енді көрейік қалай сендер
кітап оқыйсындар, мына сұрақ-жұмбақтарға жауап беріндерші:

Аптап ыстық кең даланы құратқан

Егін күіп, бұлақтарды суалтқан.

Сол кезде

Тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп, Отанын қуантқан,

Ол кім?

                         (Толағай)

Кіп-кішкентай ғана бойы бар,

Қысылғанда сөз тапқан

Қырық өтірік пе керегі?

Жанылмай айтып береді.

                         (Тазша бала)

Кедергі еткен масаға,

Адамдар мен дос болып,

Тек жақсылық жасаған.

Айыр еткен құйрығын,

Зұлым жылан тасады

Білесің бе, қандай құс?

                         (Қарлығаш)

Күн батса, қайта таң атар,

Шуағын арай таратар.

Өлімі – жеңіс пара-пар

Отырарды қорғаған

Хас батырды кім атар?

                       (Қайыр хан)

Шынғыс хан төгіп қаһарын,

Сөндірген бейбіт, шат әнін.

Айта қойшы, сен қане,

Көне қала атауын.

                      (Отырар)

Қазақтың «Бес арысын» атандар?

        Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.
Аймауытұлы, М.Жұмабаев

Қазақтың «үш бәйтерегі» деп кімді атап кеткен?

                 С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,  Б.Майлин

Кітапханашы:  Міне, балалар, кітаппен достассандар бәрін білетің
боласындар, білім нәріне кенелесіндер. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бірде
бүкіл әлем сырын алдына жайып салады. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
деген осы. Кітап оқысандар қызыққа кенелесіндер, тауды бұзып, тасты
жарасындар,  бүкіл әлемге саяхат жасайсындар.

 Осымен біздін «Кітап мерекесі»  аяқталды.   

Бірінші кіші «Балдаурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні.

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»

Тақырыбы:Кітап

Мақсаттары:

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Оқыту: Кітапты күтіп ,оны таза ұқыпты пайдалануға үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Кітаптың суретті

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз

2.Негізгі бөлім:

Бірнеше суретті кітапшаларды ңарау, әңгімелеу. Үлгі суретті көрсетіп, кітапшаны ңалай жасауға болатынын түсіндіру.

Тіктөртбұрыш қағазды қос бүктеуді көрсету;

  • екінші қағазды алып оны қос бүктеу, біріне-бірін қабаттау;

  • кітаптың парақтары дайын болған соң оның сыртқы бетін безендіру;

  • жолақ қағаздар қиып алып, оны кітапшаның шетіне жапсыру;

  • кітапшаның сыртына әртүрлі қиылған қүстарды, аңдарды,

өсімдіктерді т.б. балалар қалауы бойын- ша қиып алып безендіру;

  • кітаптың сыртқы бетін «мұқаба» деп атайтынын түсіндіру;

  • балаларға жеке нұсқаулар беру;

3.Қорытынды: безендіруде жөне қайшымен жұмыс жасауда көмектесу Балалардың жасаған кітапшаларын қарап, сапасына мөн беріп, өзерінің шығармашылықпен безендірулеріне бағыт беріп, жақсы жұмыстарды мадақтайды.

Кештің тақырыбы: «Кітап-сарқылмас рухани әлем»

                Кештің мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 Көрнекілігі: кітап көрмесі «Кітап — өлмейін дүние», «Кітапты сүйсеңдер! Ол өміріңді нұрландырады» , «Кітап — көзі жұмыққа — арзан, көзі ашыққа — маржан» тақырыбында слайд – шоу.

Анкеталық сұрақтар:

1.Кітап деген не?

2.Қағаз қайдан алынады?

3.Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?

4.Кітап, қағаз туралы қандай ұлағатты сөздер бар?

І бөлім . Кітап тарихы. Кіріспе.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі кітаптардың түп атасы алғашқы кітаптың қашан, қайда жазылғанын білесіңдер ме?

Алғашқы  кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар , ассериялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Ең алғаш кітаптар балшықтан жасалыпты. Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Кітап осындай бірнеше сатыдан өтіп, біздің қолымызға дәл бүгінгі күйінде жетіп отыр.

  1. 1. Бүгінгі кешке « Тілшілер», «Химик — ғалым», «Жазушы — баспагер» шақырдық.

Тілші: Кітап дегеніміз  не? Бұл жөнінде әдебиетші — ғалым ретінде не айтар едіңіз?

Әдебиетші жас ғалым:Менің ұғымымша, кітап дегеніміз — адамның рухани азығы, білім, ақыл — кеңес алатын құралы. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді.

2.Тілші: Қағаз қашан , қалай пайда болған, оның өткені мен бүгінгісі келешегі туралы химик — ғалым ретінде не айтасыз?

Химик — ғалым: Адамдар қағазды пайдалануды ІІ ғасырда үйренді.Қағаз  Қытайда ойлап табылды да , қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия сақтады. Еуропада қағаз Х ғасырда пайда болды. Ол ескі шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасалды.Кітап шығаруға сентетикалық талшықтан жасалған қағаз қолданылады. Болашақта шыныдан қағаз жасалады деп күтілуде.

  1. Тілші: Келесі сұрақты баспагер — ғалымға қойғымыз келеді? Кітап халықтың рухани азығы дейміз бұл тұрғыда сіздің пікіріңіз?

Баспагер -ғалым :ең алғаш Қытайда бамбуктен жұқа тайақша әзірленіп , соған жазған. Ал ежелгі египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің заманымыздың ІІ жартысында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір матирал дүниеге келген.Ол пергамент деп аталған. Ол жануарлардың терісінен әзірленген . Кітап — араптың «жазу» деген сөзі. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры , тарих шежіресі оқу — тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар — еврей еліндегі «таурат», қытай тіліндегі «конфуций» , парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу», арая тіліндегі «Құран». Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Калиграфия қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.

Баспагер-ғалым: «Өнер алды — қызыл тіл» дейді ғой халық. Сол өнердің де, білінің де алды, адамдар қарым-қатынастарының басты құралы болып табылатын — ана тіліміз. Ана тіліміздің сөздік қоры бай, оралымды тіл екенін көреміз.

«Қалың елім — қазағым, қайран жұртым» дейді Абай. Ана тіліміз — ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қастерлі мұра.

Кітап туралы өлең оқылады.

1-оқушы: Сен Адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы: Кітап менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастаған.

Кітап оқып, жан дүнием, бойымды,

Шабытты жыр тудырам, жас қалам!

Кітап — менің асыл, жақұт, сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.

Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

3-оқушы: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күн мен беттеріңді,

Келер күн көз алдымда кеп тұрады.

4-оқушы: Кітап менің жол шырағым, серігім,

Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы,

Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,

Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.

5-оқушы: Кітапхана — кітаптардың ордасы,

Білсең кітап — нағыз жолбасшы.

Біздің ғасыр білімділер ғасыры,

Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасшы.

6-оқушы: Иә, білім анамыздай емізген,

Білім терең мұхиттан да теңізден.

Ал, білімнің кітап нағыз бұлағы,

Қанып ішсең сусыныңды қандырған.

ІІ Бөлім. «Білімнің көзі кітапта»

  • Кітап туралы қандай ұлағатты сөздер бар?
  • Кітапсыз үй — жансыз дене.
  • Кітап — ғажайып дос.
  • Кітап — өмір ұстазы.
  • Кітап — рухани құндылық.
  • Кітап — асып-таспайтын адал досымыз.
  • Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың.
  • Кітап туралы тақпақ,жұмбақтар айтылады:
  1. Оқу — білім қазығы,

Білім — өмір азығы.

  1. Бір қойым бар, қаны жоқ,

Қанатының саны жоқ.

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар жаны жоқ.

Тілі барда үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлей туған ішінен.  (кітап)

ІІІ. Қорытынды.

Кітап- шебер  ұстаз. Ол- тілсіз мұғалім. Сонымен  бүгінгі  іс-шарамыздың  кейіпкері- кітап. Ол- бүкіл  адамзаттың  ұстазы.

Оқы  талмай, түй  санаңа,  жас  ұлан,

Сыр  құямын,  жыр  құямын  санаңа,

Білім-қару, білім  керек  адамға,

Ал білімді  мен  құямын  санаңа.

Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек. Кітап —  сегіз қырлы, терең сырлы, тәрбиеші, үйретуші.

Кітап — алтынн қазына. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді, -деп кешімізді аяқтаймыз.

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

           Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана
жүйесі ММ

            жанынан
ашылған «Ел оқырманы…» жобасының

                            «Ел оқырманы- 2014»
байқауының

                                                                   Сценарииі.

Безендірлуі :   «Ел оқырманы- 2014» байқауы өтетін жер түрлі
банер, пленкімен

                          салтанатты безендірледі. Байқау аты, тақырбы
үлкен етіп

                          жазылып 
ілінеді.

                    
    «Бір ел- Бір кітап»-2014: «Сөз зергері, қазақ

                            прозасының хас
шебері  Сайын Мұратбеков»/ көрме/

                          «Оқитын өлке»-2014: Тобық Жармағанбетов
шығармалары» /көрме/

                          «Жастар оқитын 100 кітап»/көрме/

                       — «Жаңа кітаптар сіздер
үшін оқырман !» атты кітап көрмелері

                         оқырман назарына
тамашалауға, пайдалануға ұсынылып, гүлдермен

             
             безендірледі. Кітаптың
үлкен макеті жасалып , С.Мұратбековтың,

                           Тобық
Жармағанбетовтың шығармаларының макеттері жасалып

                           қойылады.

Басталуы:         Хош
келдіңіздер,  құрметті, қымбатты  оқырман қауымы,    

                          « Кітап- білімнің бұлағы, Білім — өмірдің
шырағы»-демекші  КҮШ –

                          БІЛІМДЕ, 
СІЗ  БІЛІМДІ   КІТАПТАН АЛАСЫЗ. Олай болса

                        ғылым мен техниканың  ерекше алға басқан  қазіргі  
кезеңінде

                          К І Т А П адамға  рухани байлық 
ретінде де,  бірден бір қазына 

                          ретінде де одан  әрі  қолдана  бермек.

                   
   Өркениетті 
елімізде  КІТАПХАНА  ғылыми – ақпараттық

                         орталық
қызметін  көрсететін  мекеме ролін атқаруда. ХХІ ғасыр

                         мәдениеттің, ғылым мен    білімнің ғасыры.  Жаңа ғасыр, жаңа-әлем ,

                         ғаламтормен достасқан ұрпақ десек те құрметті
оқырман қауым ,

                         Бар
білімнің қайнар  көзі  тек  КІТАПХАНАДА.   Сіздің

                    
    рухыңды сақтайтын- руханиятыңызды толықтырар
тек – Кітап.

                         Кітапхана оқырманы ,
сіздер үшін қол соғып қошемет білдіріп

                         қоялық!

                                           
/  шапалақ құрметі /

 Жүр:            Кітап
– адамзат ақыл- ойының  інжу-
маржанын  ғасырдан ғасырға,

                 
    ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп
беретін  ғажайып құрал. Елбасының

                 
    «Жаңа      әлемдегі –Жаңа Қазақстан»-атты Қазақстан
халқына

                 
    жолдауы аясында,, Қазақстан
Республикасының   мәдениет және

                
     ақпарат     министрлігінің  ұйымдастыруымен,, 2007 жылы

                
     Астана қаласында   «Оқитын қоғам бәсекеге қабілетті елдің
негізі»

               
      атты Халықаралық Оқу
конгрессі барысында «Бірел- Бір кітап»

               
      республикалық акция
жарияланып,биыл 8-шы рет өтіп отыр.

                    
Республика болып Сайын 
Мұратбековтың «Басында үш қараның»,

                    
«Жусан исі» атты хикаяттары оқылуда. Осы орайда   2011
жылы Ақтөбе

                      облысы бойынша  «Бір өлке-бір кітап» өлкелік кітап оқу  акциясы

                      басталды. Кейін бұл
акция  «Оқитын өлке» болып өзгертілді.
Биыл

                                                                      
2

                   
4- ші рет «Оқитын өлке», кітап оқу акциясы  оқырманға өз кітаптарын

                   
ұсынып отыр. Таңдалған кітап Тобық Жармағанбетовтың 

                   
шығармалары. 

Жүрг:        Бүгін, 
КіТАП акциясының мерекелі байқауы!

                       Бүгін, құрметті оқырман
сіздің мерекеңіз!

                           Ал  кітапханашылар қашанда сіздермен бірге!

             
Байқауға қатысушыларды қошеметпен сахана төріне шақырамын!

          Құттықтау
үшін сөз ,  ауыл әкімі Баймұханов Абат
Қуантқанұлына беріледі

           
және Аудандық кітапхана әдіскері , «Ел оқырманы…» жобасының жетекшісі
Баршагүл  Омарбекова Орынбайқызына
беріледі.

                                                         
   /Сөз аяқталады /

Жүрг:      Байқауға қатысушы оқырмандарға  алғашқы шарт бойынша келуге дейін

               
үзіліс.Байқау алдында  арнау
әнді  аудандық   кітапхананың сүйікті

               
оқырманы, «Руханият» -атты қызығушылар клубының мүшесі

               
Нұргүл Имантаеваның 
орындауында  қабыл алыңыздар!   Әнші 
үн

                
бейнесі.

                                                             
/ Ән аяқталады/

 Жүрг:     Кітап- ғасырлар мұрасы.  Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050:   Бірмақсат,

                 бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік 
Ел»   

                  патриоттық актісі
Қазақстан қоғамынының рухани тірегіне айналып,

                  патриоттық рух пен
биік адамгершілік өнегеге бағытталуы тиіс. Ескі

                қағидаға сүйенсек —
«халық өткенін бағамдамай, болашаққа жылжи алмайды».  

               Сондықтан дәстүр,
тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтарға баса назар

                аударып, біз білімді
кітаптан алуға тиіспіз.

                      Қуан кітап,
қуанатын күн бүгін

                    
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                     
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың

                     
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

                     
Той
басталды, халайық,

                     
Үміт отын жағайық.

                      
Кітап күнін ұлықтап,

                      
Жырдан  шашу шашайық!

                                                               
3

                          Жырдан шашу шашатын кітапхана оқырманы

                 ——————————————————————————-

                                            
/Жыр аяқталады/

    Жүр: 
    
Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін

                    жаратылған» —
деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

                    Байқауға қатысушы
алғашқы топты Таныстыру  шартымен
алдарыңызға

                    шақырамын!
Құтикөл ауылдық модельді кітапханасының оқырмандары,

                   кітапханашы  Есіркепова Айымкүл!

                                             /  аяқталады./

  Жүр:       Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең
бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық,

                 өмір айнасы, замана
сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

                 Олай
болса алдарыңызға Аманқөл ауылдық кітапханасының оқырмандары мен

                 кітапханашысы  Сарина Бануды шақырамын. 1-ші шарт бойынша.

                                                 
/аяқталады/

Жүр:       Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы!
Кітап – рухани қазына, байлық,

               өмір айнасы, замана
сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

               Кезек 2-ші шарт бойынша
оқырмандарға беріледі.

              
                           /  аяқталады/

 Жүр:         
Абай, Мұхтар – қазағымның қаймағы.

             
       Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

                    
Бес асылға  ғашық бол деп тәрбиелер,

                    
Жат қылықты жақтырмайды ойдағы.

Жүр:              Кітап — сенің құралың,

                     Жағар білім шырағын.

                     Баса алмайсың
ешқашан,

                     Онсыз алға бір адым

Жүр:                   Кітап – білім мол мұрамыз,

                  Биіктерге бастайтын,

                  Білімді жас біз боламыз,

                  Қиындықтан
қашпайтын.

                                                       
4

Жүр:         Кітап – мәңгі асыл мұра,

                  Қайнары ол білімнің.

                  Сол білімді қару еткен,

                   Біз, ұланы – елімнің.

  Жүр:     Кітап салтанаты сән түзеген серігің
құрметті оқырман!

                
Кітапхана – парасаттың ең биік ғимыраты. Олай болса,

               
3-ші шартпен  оқырмандарды алдарыңызға
шақырамын.

                                            /   аяқталады/

  Жүр:     Байқауды қортындылау үшін қазылар алқасына
уақыт бере отырып,

               
үзілісті әнмен көркемдейміз!

                                                                        
Қортынды.       

 Сценарийді дайындаған

 әдіскер Б.Омарбекова.

Жүргізушілер:

        15.10. 2014 жыл.

       Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана
жүйесі ММ

           
23 сәуір –Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне орай

                        «Кітап. ЕЛ.Рух.» атты кітап мерекесіне
арналған

                                                                   Сценарииі.

Безендірлуі :   23
сәуір –Дүниежүзілік кітаптар күні мерекесіне орай кітапхана алаңы

                        салтанатты
безендірледі.Мерекелік бағдарлама «КіТАП.ЕЛ.РУХ.»

                        тақырбы үлкен етіп
жазылып  ілінеді.

                         «Бір
ел- Бір кітап»-2014: «Сөз зергері, қазақ

                            прозасының хас
шебері  Сайын Мұратбеков»/ көрме/

                          «Оқитын өлке»-2014: Тобық Жармағанбетов
шығармалары» /көрме/

                          «Жастар оқитын 100 кітап»/көрме/

                       — «Жаңа кітаптар сіздер
үшін оқырман !» атты кітап көрмелері

                         оқырман назарына
тамашалауға, пайдалануға ұсынылып, гүлдермен

                           безендірледі. Кітап
мерекесінің аты  үлкен етіп жазылып
ілінеді.

                           Кітаптың үлкен
макеті жасалып , С.Мұратбековтың,

                           Тобық
Жармағанбетовтың шығармаларының макеттері жасалып

                           қойылады.

             
                 Мереке алаңында
кітап туралы  ұлағатты сөздер мен

                              жыр
дискіге  арнайы жазылып далаға жіберіліп
тұрады.

Басталуы:         Хош
келдіңіздер,  құрметті, қымбатты  оқырман қауымы,

                          әріптестер!     

                          « Кітап- білімнің бұлағы, Білім — өмірдің
шырағы»-демекші  КҮШ –

                          БІЛІМДЕ, 
СІЗ  БІЛІМДІ   КІТАПТАН АЛАСЫЗ. Олай болса

                        ғылым мен техниканың  ерекше алға басқан  қазіргі   кезеңінде

                          К І Т А П адамға  рухани байлық 
ретінде де,  бірден бір қазына 

                          ретінде де одан  әрі  қолдана  бермек.

                   
   Өркениетті 
елімізде  КІТАПХАНА  ғылыми – ақпараттық

                         орталық
қызметін  көрсететін  мекеме ролін атқаруда. ХХІ ғасыр

                         мәдениеттің, ғылым мен    білімнің ғасыры.  Жаңа ғасыр, жаңа-әлем ,

                         ғаламтормен достасқан ұрпақ десек те құрметті
оқырман қауым ,

                         Бар
білімнің қайнар  көзі  тек  КІТАПХАНАДА.   Сіздің

                    
    рухыңды сақтайтын- руханиятыңызды толықтырар
тек – Кітап.

                         Кітапхана оқырманы ,
сіздер үшін қол соғып қошемет білдіріп

                         қоялық!

                                           
/  шапалақ құрметі /

 Жүр:            Кітап
– адамзат ақыл- ойының  інжу-
маржанын  ғасырдан ғасырға,

                 
    ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп беретін  ғажайып құрал. Елбасының

                 
    «Жаңа     
әлемдегі –Жаңа Қазақстан»-атты Қазақстан халқына

                 
    жолдауы аясында,, Қазақстан
Республикасының   мәдениет және

                
     ақпарат    
министрлігінің  ұйымдастыруымен,,
2007 жылы

                      Астана
қаласында   «Оқитын қоғам бәсекеге
қабілетті елдің негізі»

               
      атты
Халықаралық Оқу конгрессі барысында «Бірел- Бір кітап»

               
      республикалық
акция жарияланып,биыл 8-шы рет өткелі отыр.

             
       Республика
болып Сайын  Мұратбековтың «Басында үш
қараның»,

                    
«Жусан исі» атты хикаяттары оқылуда. Осы орайда   2011
жылы Ақтөбе

                      облысы бойынша  «Бір өлке-бір кітап» өлкелік кітап оқу  акциясы

                      басталды. Кейін бұл акция  «Оқитын өлке» болып өзгертілді. Биыл

                                                     
                 2

                   
4- ші рет «Оқитын өлке», кітап оқу акциясы  оқырманға өз кітаптарын

                   
ұсынып отыр. Таңдалған кітап Тобық Жармағанбетовтың 

                    шығармалары. 

Жүрг:        Бүгін, 
КіТАП  мерекесі !

               
       Бүгін, құрметті оқырман
сіздің мерекеңіз!

                           Біз, кітапханашылар
қашанда сіздермен біргеміз!

                   
Құттықтау үшін сөз ,  аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

                   
Басшысы Таубатыров  Әлібек  Скендірұлына беріледі.

                                                               
/Сөз аяқталады /

Жүрг:      Кітап мерекесінде   мерекелік арнау әнді    кітапхананың
сүйікті

               
оқырманы, «Руханият» -атты қызығушылар клубының мүшесі

               
Нұргүл Имантаева  орындайды .Қабыл
алыңыздар!  

                                                             
/ Ән аяқталады/

 Жүрг:     Кітап- ғасырлар мұрасы.  Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050:   Бірмақсат,

                 бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік 
Ел»   

                  патриоттық актісі
Қазақстан қоғамынының рухани тірегіне айналып,

                  патриоттық рух пен
биік адамгершілік өнегеге бағытталуы тиіс. Ескі

                қағидаға сүйенсек —
«халық өткенін бағамдамай, болашаққа жылжи алмайды».  

               Сондықтан дәстүр,
тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтарға баса назар

                аударып, біз білімді
кітаптан алуға тиіспіз.

                      Қуан кітап, қуанатын
күн бүгін

                    
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                     
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың

                     
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

                     
Той
басталды, халайық,

                     
Үміт отын жағайық.

                      
Кітап күнін ұлықтап,

                      
Жырдан  шашу шашайық!

         Жырдан шашу шашатын
кітапхана оқырман,әріптесіміз А,Аймағанбетова.

                                            
/Жыр аяқталады/

                                                                 3

    Жүр:      Кітап – нәзік те,
тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін

                    жаратылған» —
деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

                        Сөз  кітапхана оқырманы, қадірлі аға,  Нұрқасым Сәрсенбайұлына беріледі.

                                            
/ Сөз аяқталады./

  Жүр:       Кітап
– білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық,

                 өмір айнасы, замана
сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

                 Жырға кезек беріледі.Оқитын Төлеу Шаңғытбаев.

                                                 
/аяқталады/

Жүр:       Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең
бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық,

               өмір айнасы, замана
сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

                Сөз кітап жанашыры ,кітапхана
оқырманы Айсәуле Мұстафина  апайға

                ,кітапхана ардагері К.Молыбаева
апайға, сүйікті оқырман Рахымжан Өтеміс

               ағаға     беріледі.

                                          /
Сөз аяқталады/

 Жүр:    
     
Абай, Мұхтар – қазағымның қаймағы.

             
       Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

                    
Бес асылға  ғашық бол деп тәрбиелер,

                    
Жат қылықты жақтырмайды ойдағы.

Жүр:              Кітап — сенің құралың,

                     Жағар білім
шырағын.

                     Баса алмайсың
ешқашан,

                     Онсыз алға бір адым

Жүр:                   Кітап – білім мол мұрамыз,

                  Биіктерге бастайтын,

                  Білімді жас біз боламыз,

                  Қиындықтан қашпайтын.

 Жүр:        
Кітап – мәңгі асыл мұра,

                  Қайнары ол білімнің.

                 Сол білімді қару еткен,

                  Біз, ұланы – елімнің.

                                                                
-4-

  Жүр:     Кітап мерекесінде құттықтау үшін сөз,
Ырғыз аудандық

               
орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік  мекемесінің

               
директоры Рахия Омарова Жебегенқызына беріледі.

                                / Сөз
аяқталады/

  Жүр:     Бүгінгі кітап мерекесі  ел болып оқитын  кітап оқу акцияларының кітап

               
оқу сағаттарына ұласады.

   Жүр:   
Бүгінгі  кітап мерекесі Сайын
Мұратбеков пен Тобық Жармағанбетовтың

                шығармаларымен танысу
сағаттарымен жалғасып жатыр. 

   Жүр.   
«Кітап туралы — әр оқырманға!» 
атты  жарнама –үн  әр көшеге,

                 әр маманның қызмет орнына ,әр үйге  аттанады. Кітапханашылар жолға

                 шықты. Оқырмандарыңыз көп
болсын!

Жүр:       Бүгінгі 23 сәуір- Кітап мерекесі
күнгі  бағдарлама кітапхана үйінде

               өткізілетін  кітап оқу сағаттары мен  алаңдағы «Жастарға ұсынылатын

                100 кітап көрмесін  тамашалауға ұласады.  Құрметті оқырман қауымы,

                 Біздермен бірге болыңыз!

                                                                         Қортынды.       

Сценарийді дайындаған

 әдіскер Б.Омарбекова.

Жүргізушілер:

А.Жарқынқызы

Г.Оразалина.

        23.04. 2014 жыл.

« Сағи Жиенбаев жыр зергері, тамылжыта ән салдырған»

  атты әдеби сазды бағдарламаның сценарийі

Безендірлуі: Әдеби –сазды бағдарлама өтетін жерге « Сағи Жиенбаев

                    жыр зергері, тамылжыта ән салдырған» атты

                   тақырып ілініп, гүлдермен
безендірледі. Дәйек сөздер

                  ілінеді.

     1 дәйек сөз:  «Сәулетті сөздің шебері, жаны жайдары алтын
қалам

                         иегері, Сағи Жиенбаевтың жырлары жас ұрпаққа
үлгі

                         өнеге».

    2 дәйек сөз:   Майсалы самал сайларда

                         Майыса есіп майда леп,

                         Сайрайды бозторғайлар
да,

                         Сағидай жырлау қайда
деп.

                 « Жүрегімде бар махаббат  туған жерге арналат…» атты

                 Сағи Жиенбаевтың портреті  және «Тіл достықтың мерейі,

                 елдігіміздің іргетасы» атты
тіл эмблемасы бар баннер ілінеді

Сағи Жиенбаевтың өмірі мен
шығармаларына арналған слайд-шоу

көрсетілетін тақта, арнайы столда
проектор қойылып програмист

отырады.

Басталуы:  Құрметті оқырман қауым, қымбатты қонақтар! Бүгін

                          сіздерге «Тіл –достықтың мерейі, елдігімізді

                            іргетасы»атты Қазақстан халықтарының тілдері күніне

                          арналған апталық аясында  өткізілетін « Сағи Жиенбаев —

                            жыр
зергері,тамылжыта ән салдырған»
атты әдеби сазды

                          бағдарлама
қызмет етеді. Бағдарламада ақынның жырлары

                          және ақын сөзінен жазылған әндер орындалады.

               Кеш басында Сәулетті сөздің
шебері, жаны жайдары алтын қалам

                          Иегері Сағи
Жиенбаевтың өмірі мен шығармаларына арналған

                          Слайдтты
назарларыңызға ұсынамыз.

                               / Слайд аяқталады/

Жүргізуші:  Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе
облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған. Қазақтың көрнекті ақыны,
лирик. Жарқамыс орта мектебін, Қызылорда педагогтік институтын бітірген.

1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен
кейін Жезқазған қаласының №10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ
береді. 1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері»
газеттерінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1965-84 жылдары «Жазушы»
баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді. Соңғы
жылдары «Ақ Орда» журналының бас редакторы болды. Сағи Жиенбаев көптеген жыр
кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы 1959 жылы
жарық көріп, қалың оқырманды ақындық аса нәзік, ерекше тынысымен баурап алды.
Бұдан кейін ақынның «Сыйлық» (1960), «Дала гүлі» (1961), «Теңіз сыры» (1963),
«Таң алдында» (1964), «Менің көршім» (1965), «Қайырлы таң» (1966), «Ақ толқын»
(1967), «Ор киік» (1969), «Алтын қалам» (1971), «Жадымдасың жас күнім» (1972),
«Әлия» (1973), «Оймауыт» (1975), «Ақ самал» (1976), «Құралай салқыны» (1979),
«Бозторғай» (1980), «Іңкәр дүние» (1981), «Жарық жұлдыздар» (1983), «Нан мен тұз»
(1984), тағы басқа көптеген жыр жинақтары оқырмандардың ыстық ықыласына
бөленді.Жырларына кезек
берелік.———————————————————————————————-

———————————————————————————————————

                                       /Жыр аяқталады /

Жүргізуші : Ақын композитор Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек», Базарбай Жұманиязовтың
«Махамбет» операларына либреттолар жазды. Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка
тілінде сөйлеп, «Қарттарым аман сау жүрші», «Ана», «Елім менің», «Бейбітшілік
жыры», «Ашық аспан», «Ауыл азаматтары», «Таң бұлбұлы», «Соғыс ардагерлері»,
«Қайдасың сен», «Дәурен-ай» т.б. өлеңдері халық арасына кең тарап кетті.Сол
ақын сөзінен жазылған әндерге де  кезек
берелік .

———————————————————————————————————-

                                       /Ән
аяқталады/

Жүргізуші:  Сағи Жиенбаев түрлі тақырыптарға қалам тербеді, оның өлеңдерінің біраз
бөлігі Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңіндегі ауыл өмірін суреттеуге, соғыс
зардаптарын бала көңілі арқылы бейнелеуге, туған жерге деген сағынышты, адамдар
арасындағы сан қилы қарым-қатынастарды көрсетуге арналды. Ақын өлеңдерінде табиғат
әсемдігі, жан сұлулығы, махаббат, басқа да кіршіксіз сезім иірімдері асқан
шеберлікпен өрнектеліп, көрініс табады,  жыр жолдары оқырман жүрегін жаулап алады. Сағи
Жиенбаев соғыс басталғанда небәрі жеті жаста болған. Сондықтан сонау сұрапыл
соғыс кезіндегі ауыл балаларының қалай күн кешкендері суреттелетін өлеңдері
баршылық.   Ақынның:

                Қадалып
түнде …  елеңдеп,    

               
Қарсы алып таңның арайын,

               
Көкешімді ертіп келер деп,

            Өлеңмен жаздым талайын,- деген «Хат» өлеңінде ағасына хат жазып, оның майданнан аман-есен
оралуын асыға күткен бала сезімі шебер көрсетілген.

Тағы да  жырларына кезек берелік . ———————————————————

                                         /Жыр аяқталады /

Жүргізуші :   Әр адам үшін өзі туып-өскен мекені әрқашан ыстық. Туған жері үшін ол
қолынан келгенше бәрін жасауға, өзінде бардың бәрін беруге дайын тұрады. Сағи
Жиенбаев  бұл туралы «О,Туған жер, барымның» деген өлеңінде былай
келтіреді:

                 О,
туған жер, барымның

                 
Сәттілері сенікі.

                 
Балы болса жанымның

                 
Тәттілері сенікі.  

Жүрегімде бар махаббат,
туған жерге арналат… деп ақын
  туған жерін ерекше жырға қосады.   Туған жер!  Оған татымды  теңеуді о заман да бұ заман, қандай
ақын тапты екен. Ақын өлеңдерін оқып отырып,  туған жеріне, халқына 
деген сүйіспеншілікті анық, айқын көресің. Ақын сөзінен жазылған «Айналдым
елім» әні. Әнін жазған

———————————————————————————————————-

                                            
/Ән аяқталады /

Жүргізуші:  Өзінің 40 жылдық шығармашылық қызметінде Сағи
Жиенбаев айрықша ақындық үнімен танылды. Дүние құбылыстарын барынша кемел де
келісті бейнелейтін шебер дәрежесіне көтерілді. Ол 30-дан астам өлеңдер мен
поэмалар кітабының авторы. Әсіресе оның Кеңес Одағының Батырлары Әлия
Молдағұлова мен Нүркен Әбдіров туралы дастандары, диқандар жайындағы өлеңдері
көпшіліктің жүрегінен орын алды. Сағи Жиенбаев поэзиясының айтулы қасиеті –
Отанға, туған жерге, биік адамдық атқа деген өте нәзік те асқақ сезімінде. Ана,
бала, әже туралы жырлары да өте ерекше суреттелген.  «Әже
мен немере»
  атты жырында былай
жырлайды.

                  Ол екеуі ажырамайды
бір елі,

                     Екеуіне бір-ақ
орын жетеді,

                       Екеуі де бір-
ақ жолмен оралып,

                         Екеуі де
бір- ақ жолмен кетеді.

              Екеуінің барар жері бір көше

                Қайда барсын басқа жерді білмесе

                 Тұра алмайды екеуі бір тұрмаса

                   Жүре алмайды екеуі бір
жрмесе.

             Жазатайым шалыс басып кетет деп,

                Жүреді ылғи бірін- бірі
жетектеп,

                  Өзгелерден сұрамайды көмек те,

                    Өз әліміз өзімізге жетет
деп.

             Сүрінем деп ойламайды бүлдіршін,

                Тек әжесі қасында оның бір
жүрсін,

                   Әжесі оған жығылмайтын
Алатау,

                      Әжесіне құламайтын бұл
бір шың.                            

Жүргізуші : Сағи Жиенбаев –
сөз сиқырын бойына сіңіре білген санаулы ақындарымыздың бірі. Көзі қырағы, қолы
зергер автордың жырлары күнге қызынған құндыз сауыры, аспанға лақтырған айна
сынығы сияқты: сәулелі де шұғылалы, нұрлы да сырлы. Шағын да болса, жалынды; аз
да болса, назды. Ой мен сезімге егіз суарылған қылықты шумақтар ыстық алақанға
қона тиген ақша қар тәрізді тіліңізге тиген ойда-ақ еріп жүре береді… Қазақстан
Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі ретінде ол қазақ әдебиетінің жас өркенін
әсіресе, лирика жанрындағы ізбасарларын тәрбиелеп өсіруге көп күш жұмсаған.
Өнегелі еңбектері орыс, украин, армян, түрікпен, грузин, қызғыз және басқа ТМД
халықтары тілдеріне аударылған. Сондай-ақ неміс, поляк, чех, монғол, француз
тілдеріне де аударылып жақын және алыс шетелдерде басылып шықты. Сағи Жиенбаев
қазақ әдебиетін дамытудағы үлкен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің Құрмет грамотасымен, басқа да үкімет наградаларымен марапатталған.Ақын
шығармашылығына қайта оралайық өлеңдерін
оқитын——————————————————————————————————————————————————————————————————————————  

                                           
/Жыр аяқталады /                                                                                           

Жүргізуші: Халық мұратына, елдің
еншісіне айналған көрнекті ақын Сағи Жиенбаевтың парасатты поэзиясы оқырманның
жүрегінен орын алып, уақыт озған сайын мағыналы бола түсуде. Кезекті «Сәулелі сөздің шебері» атты  дәстүрлі кітап көрмесіне берелік. Кітап
көрмесіне библиографиялық шолу жасайтын баспасөз бөлімінің кітапханашысы
Көбекова Мадина —————————-

            /Көрмеге арналған шолу аяқталады./

Жүргізуші:     Сағи Жиенбаев әлем поэзиясының аудармашысы ретінде жемісті еңбек етті. Оның
аудармасында Байронның, Пушкиннің, Туманиянның, Лермонтовтың, Гамзатовтың және
басқа әлем әдебиетінің классиктерінің өлмес туындылары қазақ тілінде тамаша
сөйледі.

Көрнекті ақын, нәзік сезімді суреткер, поэзия зергері және ақындардың
әлденеше буынының ұстазы Сағи Жиенбаев 1994 жылы 15 мамырда 61 жасқа қараған
шағында кенеттен қайтыс болды. Сәулелі сөздің шебері, жаны жайдары ақын Сағи
Жиенбаевтың мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан – ғасырға жалғаса береді.

Ақын өз өлеңдерінде өмір жайлы, достық-махаббат жайлы сыр шертеді. Өз
замандастарының еңбектегі, тұрмыстағы өршіл тұлғасын жалт еткен бір көрініс
арқылы жарасымды бейнелейд шығармаларында халықтар достығын, елдік пен ерлікті,
азаматтық пен адамгершілікті жырлайды, өмір жайлы толғанады .Ақын сөзінен
жазылған әнге кезек берелік.  «Қарттарым аман сау жүрші» Орындайтын Ерасыл
————————————————————————

                                                 /Ән аяқталады/

Жүргізуші:  Құрметті оқырман қауымы! Көзі қырағы, қолы зергер автордың жырлары күнге қызынған құндыз сауыры,
аспанға лақтырған айна сынығы сияқты: сәулелі де шұғылалы, нұрлы да сырлы.
Шағын да болса, жалынды; аз да болса, назды. Ой мен сезімге егіз суарылған
қылықты шумақтар ыстық алақанға қона тиген ақша қар тәрізді тіліңізге тиген
ойда-ақ еріп жүре береді…  міне осындай
туындыларының азғантай ғана бөлігі бүгінгі әдеби – сазды бағдарламада  назарларыңызға ұсынылды. Кітаптары аудандық
кітапхана қорында бар , жырларымен сусындау оқырмандар еншісінде.Осымен

 « Сағи Жиенбаев — жыр зергері,
тамылжыта ән салдырған»

  атты әдеби сазды бағдарлама
аяқталды.Келесі  кеште жолыққанша аман-
сау болыңыздар!

                    Қортынды.

Сценарийді дайындап сахнаға
ұсынған 

                   кітапхана әдіскері                     Баршагүл Омарбекова

16.09.2014ж.

.

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

Кітапханаға саяхат

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап , әңгіме.

Көрнекілігі: Кітап көрмелер , «Бес арыс», «Үш бәйтерек» және Қазақ билерінің кітаптары суреттері және «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі.

1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Кітап көрмелері мен таныстыру.

б) Қызықты кітаптар ұсыну.

Мұғалім

1. Біздің мектеп кітапханасында кім жұмыс істейді?

2. Ол кісі сендерге не береді, қандай кітаптарды береді?

3. Сендер қандай кітаптарды оқисыңдар?

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Алдыңғы сабақта біз мектеп кітапханасы туралы өткен болсақ, ал бүгін біз сендермен кітапханаға саяхат жасаймыз. Саяхат жасауды біз бәріміз жақсы көреміз ғой.

Кітапханашы: Білесің бе, кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың,

Оқып- біліп, зерттеп кіріп санаға

Терең білім, ой маржанын құясың. Кітап-рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітапханашы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

Кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап

«Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсынов атамыз. Ахмет Байтұрсынұлының балаларға арнап жазған өлеңдері өте көп. Ол өлеңдерді жоғары сыныптарда оқитын боламыз . Ал қазір мен сендерді кітапханадағы ең үздік кітап көрмелерімен таныстырып өтейін дей отырып «Елбасы мұраты ел бақыты- Гүлденген Қазақстан» , «Қазағымның киесі Қазығұртым», «Мерей той иелері» және «Ертегіер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстыру. Біздің кітапхана ертегі, өлең және қызықты кітаптарға толы- мыс: Қазақ ертегілері, Андерсен ертегілері, Сенің өмірің сиқырлы әлем, Сиқырлы думан , Жануарлар туралы ертегілер, Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы т.б кітаптарға толы кітапхана.

3.Сабақты қорыту. Көрініс көрсету.

1-оқушы: Ух,шаршағаным-ай.

2-оқушы: Неге сонша мұңайдың ,досым?

1-оқушы: Мұңаймасқа не шара, мен баспадан шыққанымда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы едім.

2-оқушы: Енді не болды? кім сені осы халге түсірген?

1-оқушы: Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек

деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.

2-оқушы: Қой достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын ауруыңды емдеймін.

1-оқушы: Ондай жақсылығың болса рахмет. (Екеуі бірігіп «Кітап дәрігері» жазуы бар столға келеді)

Дәрігер: Ия достар, қай жерлерің ауырады Көріп жіберейін..

( Кітапты айналдырып қарайды )

Дәрігер: (басын шайқап) Парақтарың жыртылған, түптеу керек, желімдеу керек,- деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай деп ескертеді:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Балаларға көріністі көрсете отырып кітапты таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапханашы:

Балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында ертегі кітаптар ұсыну.

4. Үйге тапсырма беру. Алған ертегі кітаптар жайлы түсініктер айту.

Кітапханашы: Көлбаева. М

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Киш шел на праздник
  • Киш тодд праздник крови
  • Киш праздник скоморох концерт
  • Кичке уеннар сценарий
  • Кичке уен сценарий авыл клублары очен сценарийлар