Кітап алтын ?азына сценарий

Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

Кітап – алтын қазынам


  • Сценарилер
  • admin
  • 25.01.2017
  • 0
  • 1
  • 29990

Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
кітапханашысы: Дадабаева Эльмира Токеновна

Сабақтың тақырыбы: Кітап – алтын қазынам

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың оқулықтан алған білімдерін байқау.

ә) Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту.

б) Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі» нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шарлар, гүлдер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Кітапханашы:  

Кіріспе: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған  «Кітап – алтын қазынам» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана-білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады.

Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталмақ.

Ендеше, мен бір жұмбақ жасырайын: 

Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.            (кітап)       

Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын — шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

І топ – Кітапсүйерлер

ІІ топ – Кітапқұмарлар

Әр топтың өнерін Әділқазы алқасы бағалайтын болады. ( таныстырып өту)

Әр топтың өздерін таныстыруы. (бағаланбайды)

Кітапханашы:  

Ал, келіңдер, келіңдер,
Дұрыс жауап беріңдер.
Білімдеріңді  көрсетіп
Алға оза беріңдер!

І кезең. «Білім көзі- кітапта» Бұл кезеңде қойылатын сұрақтарға жауап беру керек.

1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

І топқа:

1. Кітап күні қашан атап өтіледі?  2-сәуір
2. Мамыр айында қандай мереке күндері бар?  
3. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім?  Ы.Алтынсарин
4. Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл?  166 жыл
5. Қазақтың үш биін ата?

ІІ топқа: 

1. Қазақтың аңызына айналған батыры кім? Б.Момышұлы
2. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
3. Жыл атауынан құр қалған қандай жануар? Түйе
4. Қазақтың алғаш әліппесінжазған кім? А.Байтұрсынов
5. Ы.Алтынсариннің туғанына неше жыл? 170 жыл

Сауық кешке келейік,
Сөз маржанын терейік.
Кім көп білер екен деп
Мақал айтып көрейік.

ІІ кезең.  «Мақал-сөздің мәйегі»  Бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.    Оқусыз білім жоқ
       Білімсіз……………. (күнің жоқ)

2.    Тіліңмен жүгірме,
       Біліммен……………. (жүгір)

3.     Ғылым — теңіз,
        Білім -………….. (қайық)

4.     Күш — білімде,
        Білім —  ……… (кітапта)

5.    Білекті бірді жығады,
       Білімді ……………. (мыңды жығады)

6.    Оқу-білім бұлағы
       Білім ……………. (өмір шырағы)

7.    Оқу — білім азығы,
       Білім -……………. (ырыс қазығы)

8.    Кітап- ғылым,
       Тілсіз……………. (мұғалім)

9.    Ақыл тозбайтын тон,
       Білім……………. (таусылмайтын кен)

10.  Білім арзан,
      Білу………… (қымбат)

Кітапханашы:  

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жан дос, ізденейік қосыла.

ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар»  Бұл кезеңде әр топ берілген сұрақтарға өзіне берілген әріптен ғана басталатын сөздермен жауап беру  тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

«А»  дыбысы                                             «Б» дыбысы

Қала-                                                          Ұлттық тағам-

Өзен-                                                          Ат жарысы-

Ақын-                                                          Әнші-

Сәндік бұйым-                                             Батыр-

Хан-                                                            Сәндік бұйым-

Кітапханашы:  

Кел, балалар, келіңдер,
Қызық кітап көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Сурет сырын ұғыңдар.
Білім бар да, оқу бар
Оқығанды тоқыңдар.

ІV кезең. «Ойлан, тап»  Бұл кезеңде жасырынған сурет арқылы сөздерді табу тапсырылады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Кітапханашы:  

Өмір мәні өнер менен білімде,
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.

V кезең. «Үй тапсырмасы» Бұл кезеңде әр топ өздері дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Әділқазы алқасы ұпай қорытындысын шығарғанша көрермендерге жұмбақ жасыру.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.  (кітап)

Көлемі шағын, көп қыры,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сыйып кетеді.       (кітап)

Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.    (әріптер)

Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.  (кітап)

Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.  (кітап)

Қорытынды:             

Кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстыру. Кітапты күтіп ұстаған оқушыларды үлгі ету.

Кітапханашы: 

Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең,
Адаммен таныс,
Өнерің кеш қалмайды.

Кітапхана — білімпаздар мекені. Оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, керекті тапсырмаларына дайындалады. Біздің кітапхана кішкене болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге еңбек етейік. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.



Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-асыл қазына”.
 

Мақсаты: Оқушыларға
білімнің кітап арқылы  берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу
жолы туралы түсінік беру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл
байлығын,  ой-өрісін дамыту. 
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Көрнекілік: Интерактивті
тақта, презентация, мақал-мәтелдер, тақтадағы суреттер , көріністер, кітап
кейіпкерлері мен  бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы: 
Кітап та алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы, 
Кітабыңның әр бетін. 

Жұмбақ шешу. 
Көп әңгімем өлеңім, 
Күнде ақыл беремін. 
Жақсы көрсе мені кім, 
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). 
Не білеміз?. 
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген
сөз. 
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. 

Адам кітап басатын құралды ойлап  тапқанша көп уақыт өтті.
Кітаптар мазмұны жағынан  әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да
мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады. (түрлі кітап көрсету)

Ал кітап ханшайымы өз туралы не айтады екен?

(Кітап кіреді.)

Тарихтан мәлімет

Кітап ханшаймы. Сәлемсіздер ме, достарым! Сендерді
көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздердің достарыңмын. Достарың туралы көп
білесіңдер ме? Менің әжем қандай болғанын білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар.
Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар  мүлдем
басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте
қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын
біздің елде.

Қазір
кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын
машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі
зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме
жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар,
басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның
еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан
жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң
қалыптасты.  Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. 

Мұғалім:-Оқушылар,ертеде
болған  кітаптың түрлерін  тамашалайық.

Түркі
халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд) 
“Папирус” кітабы.( слайд) 
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су
өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап
оралды. 
“ Пергамент” кітабы.( слайд) 
Кітап басу цехы.( слайд) 
Түптеу цехы.( слайд) 
Кітапханашы: Кітап жасау оңай ма?  Кітап жасауда қанша адам
қатысады?  Кітаптың өмірі ұзақ па?  Ұзақ не қысқа болса ол неге
байланысты? Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?

 («Сыныптағы ең таза , ұқыпты кітап» тексерісінің
қорытындысы.)

(Әліппе жылап кіреді.)

Кітап ханшайымы: -Бар кітаптың
төресі, сізге не болды?

Әліппе: О, кітап ханшайымы, мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере
жаздады, Бір әдепті бала көмек беріп, құтқарды

Кітап ханшайымы: Қатты
реніштісіз ғой.
Әліппе: Қалай ренжімейін?! Бар білімнің көш басы Әліппе едім
салмақты. Бүлдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, Құрметтеп мені қоштасқан.
Балаларға не істегенімді білмеймін, парағымды паршалап, қорғаныш мұқабам
қабырғасын күйретіп,  мені апарып сүйретті…
(жылайды)
Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой.
Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз.
Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.

(Қатты
әуен ойнайды)

Кітап
ханшайымы:
 Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес
қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?

Көрініс:
«Кітаптар мұңы»

Ана тілі: Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн
ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын,
сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан
келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа
тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай
деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп
ұстаса келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Жыртылмаған, шимайланбаған,
сия тамбаған парағым кемде — кем.
Математика: Менің де оңып тұрған жерім жоқ, әріптесім. Мен
«Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде
оқулық болып, мектеп босағасына аттағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады.
Бірнеше күн өтпей — ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен
бастырып — бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде
өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні
мектеп ауласында доп қылып тепкілеп — тепкілеп тастап кетті.
Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек
қой. Ондай балалар жоқ та емес, бар. Алайда олардың бір кемшілігі — Адырбай мен
Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді.
Математика: Менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз — мектеп
кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың
қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Сызбайды, сия
тамызбайды.
Ана тілі: Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан
фабрикада баяғыдай қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, ол жерден қайта кітап
етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен.

(Екі кітап
мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді)
Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала
бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан
сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.
Кітап ханшайымы:
Кітаппен дос болайық,
Ата — баба үмітін біз ақтайық!
Балаларым, оқы, ойна,
Оқу — білім саған пайда.
Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

Кітапханашы: әр балаға  жадынама үлестіру.
Есіңе сақта! 
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар
оқитынын есіңнен шығарма. 
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен
оқу керек. 
3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. 
<!— [if !supportLineBreakNewLine]—>
<!—[endif]—>

Кітапханашы: Ал балалар, кітап туралы өлең, тақпақ
білесіңдер ме? Ортаға шақырамыз.

Әдеби монтаж. 

1
— оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 — оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 — оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 — оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 — оқушы:
Заводтарда күн — түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 — оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 — оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
8 — оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
9 — оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп — тегін.
Білмейсің — ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
10 — оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Кітапханашы: Ал құрметті қонақтар, ханшайым, оқулықтар
біздің дайындаған  ертегіміз бар соны тамашалайық.

Р.Босилек. «Жақсылардың жақсысы» (ертегі кейіпкері қызды ұлға
ауыстырдым)

Автор: 
Баяғыда бір адам баласымен жалғыз бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде
тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай ұлы бақшаны,
барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлмесі қалыпты. Ол ылғи да
жабық тұрады екен.

Қыз:

-Әке,
маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге
қарағанда жақсы ғой деп  ойлаймын.

Әкесі:

-Оның
дұрыс ұлым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың,  өскенде
бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың.

Автор:
Ай өтеді, жылдар өтеді, ұл есейіп ер жетеді. Әкесі ұлына жабық бөлменің кілтін
ұсынады.

Әкесі:
-Міне, балам, ер жеттің. Енді мына бөлмедегі асыл қазына сенікі.

Ұлы:
-Алақай, Алақай! (барып есікті ашып, сандықты алып келеді)

Автор:
Ұлы қуанып, қуанышы қойныны сыймай жүгіріп барып есікті ашады. Бөлмеде тек
үлкен сандық тұрғанын көреді. Ол сандықты ашса, оның ішінде тек ұршық, кітап,
өрмек қана.

(Бала
барлық заттарды алып шығады)

Ұл:
-Әке, сен  жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар дедің ғой. Мен одан
ұршық, өрмек, кітаптан басқа ештеңе таппадым.

Әкесі:
— Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, балам!

Ұршық
пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімін артады. Әлемде
бұлардан артық жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен
табылады.  Соны ұмытпа , балам!

Ұлы:
Жарайды, әке, ақылыңызды ұқтым. (екеуі  бір минутқа  үнсіз қалады)

Автор:
Сол бала осы үш нәрсені бағалап, нағыз данышпан болады екен.

Кітапханашы: -Біздің әртістерімізге қошемет.

-Балалар,
сендер кітапты кіммен оқисыңдар?

-Егер
кітапты байқаусыз жыртып алсаң, не інілерің жыртса не істеуге болады? Кітаптар
үнемі әдемі, бүтін болу үшін  қалай көмектесуге болады?

(балалардың
жауаптары)

-Қане, кітап нені  жақсы көреді, нені жақсы көрмейтінін
анықтайық.

(Тақтаға  кітаптарпдың  суреттері ілінеді.)

Кітап жаңбыр мен қардан қорқады.  Неге? (1 сурет) .

(балалардың жауабы)

Дұрыс, себебі судан ол бұһүлінеді. Мұқабасы ісіп, беттері
мыжым-мыжым болады. Оны ұстағың келмейді. Сен кітапханаға баруың керек. Далада
жаңбыр, не қар жауып тұр. Не істеуге болады? 

Оқушылар. Кітапты су өткізбейтін  пакетке не сөмкеге салу
керек.

Кітапханашы:   Кітап кір
қолдан қорқады. (2-3 сурет). Неге?

Оқушылар. Кір қолдан із қалады. Майдан қалған дақты кетіруге
қиын.

Кітапханашы. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға
болмайды.

-Кітап нені
ұнатады деп ойлайсыңдар? Дұрыс, оны күтіп,  ұқыпты ұстағанды 
ұнатады.

Кітапханашы: “Жалғастыр”.  Ойынын
ойнайық. 
1.Білім — … (таусылмайтын байлық). 
2.Кітап — білім бұлағы, … (білім — өмір шырағы). 
3.Кітап – … (алтын қазына). 
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

5. Әліппенің
ар жағы- (білім бағы)

6.Көп
біл,  «аз сөйле)

7. —
Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.)
8. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз
үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл-
баста, (Білім- кітапта).

Кітапханашы. –Жарайсыңдар! 
Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?

Қандай
ертегілерді білесіңдер?  (жауаптары.)

Ойын:
«Суретті сөйлет».
 Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан
қарап айтады.
Кітапханашы: -Кітапты көп оқисыңдар  екен. Жарайсыңдар!
Жұмбақ, жаңылпаштар оқыдыңдар ма?

-Қане, жатқа
білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)

Қорытынды:
  Ой қозғау. 
Кітап неден, қалай жасалады? 
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? 
Кітапты қалай ұстау керекпіз? 
Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? 
Қандай кітап оқығанды жақсы көресің? 
Кітапханашы: -Жарайсыңдар балалар! Кітап оқу үшін біздің мектептегі
немесе МҮ кітапханағ барыңдар.

(Барлық
оқулықтар ортаға шығады)
Кітап ханшайымы:  Кітабың сенің, құралың, 

Жағар білім
шырағын. 
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір қадам. 
Кітабыңды құрметте, 
Күтіп ұста кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Дақ түсірмей бір бетке.

-Рахмет
сіздерге балалар!  Кітапты  ұқыпты  ұстаңдар! Сау болыңдар.

МАРАПАТТАУ
СӘТІ
.  (ата-аналарға алғыс хат, оқушыларға «Оқырман бала»
мадақтамасы.

Кітапханашы: Осымен
тәрбие сағатымыз аяқталды. Ұқыпты, білімді бала болып өсіңдер. Белсенді
қатысқандарыңа рахмет!

Поделиться…

Абай атындағы жалпы білім беретін
орта мектеп

Кітап-алтын қазына!

Орындаған Абетова Р.К

2017 оқу жылы

Кітап – алтын қазына

Мақсаты: Кітап – алтын қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапка деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстаға үйрету.

Көрнекілігі: оқу – білім туралы айтылған сөздер, ақын – жазушыларының суреттері.

Кітапханашы: Сәлеметсіздерме, күрметті оқырмандар! Біздін Кітап алтын қазына атты оқырман конференцияға кош келдініздер!

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер тереін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабынның әр бетін, — деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап дуниедегі ең асыл қазына, бағалы сыйлық. Кітап адамның рухани азығы, ол атадан балаға, мирас болып қалатын бағалы байлық.

  • «Үш мықтының айтысы» (скетч)

(Сынып іші. Тақта алдында Компьютер, Теледидар және Кітап үшеуі ғана қалған. Олар өзара айтысқа шығады.)

Компьютер (жанындағыларға маңғаздана қарап). Сендер дүниедегі ең мықты кім екенін білесіңдер ме?

Кітап. Иә, кім екен?

Компьютер. Ол мен болуым керек. Өйткені, аз уақыттың ішінде дүние жүзін жаулап алдым ғой. Қазір кез – келген жердегі шаруашылық, өндіріс, өнеркәсіп, ұйым, мекемелер, тіпті аурухана, мектептерге дейін менсіз жұмыс жүргізе алмайтындай дәрежеге жетті. Ал ес – зердеме жиналған мәлімет, дерек, ақпарат көздерінің молдығы сондай, мына кітаптарың да жолда қалатын шығар.

Теледидар. Асыра сілтеп жібердің, бауырым. Дүние жүзіне таралу, адамдарды өзіне тартып жаулап алу жөнінен бізге жете қойған жоқсындар. Жер жүзіндегі отбасылардың әр – қайсысында екі – үшеуден, жоқ дегенде біреуден теледидарды бар десем қателеспеймін. Сенің алдында адамдар тек жұмыс бабымен ғана айналысады ғой. Ал бізге күндіз – түні демей бүкіл отбасымен телміреді де отырады. Әлемдегі кез – келген жаңалықтың ізін суытпай жеткізе қоямыз.

Компьютер. Ол жағынан біз де қалысып жатқан жоқпыз. Интернетіміз арқылы бүкіл әлемді өрмекшінің торындай шырмап алғанбыз. Адамдарды қызықтырған қандай мәлімет, ақпарат болсын тауып бере аламыз. Ойын балаларына дейін бүгінде далаға тентіреп кететін ойындарын қойып, компьютердің, компьютер клубтарының алдынан күндіз – түні шықпайтын болған.

Теледидар. О – о! Ойын балаларын айналасына үйіріп алу жөнінен бізге әлі жете қойыған жоқсыңдар. Неше түрлі қызықты бағдарламалар мен сериалдар, концерттер, өздері қалаған бейне – фильмдер мен мультфильмдер, теле ойындар – бәрі бізден табылады. Балалардың біздің алдымызда есі кететіндері сондай, сабақ, үй жұмысы, ойын, кітап, газет – журнал оқу былай тұрсын, үш мезгіл тамақтарына дейін уақытысымен іше алмай, бізді қимай отырғандарын көрсең! Тіпті бар күш – қуатын, көз нұрына дейін сорып аламыз ғой.

Компьютер. Ол жағынан біз де қалыспаймыз, айналайын. Көз майын жеп, тауысу жағынан біз әйгілі кітаптың өзін он орап алдық. Сонда да жұрт бізге құмар. Кітап демекші, біздің айтысымызға Кітап неге қосылмайды? Әлде өмірден қалып бара жатырмын деп опынып отыр ма?

Кітап. Аллаға шүкір, ондай опынатындай дәрежеге жеткен жоқпыз. Бәрінен бұрын мені сендердің өз шыққан тектеріңді ұмытқандардың таң қалдырады. сендерді ойлап тауып, дүниеге әкелген ғылымды өрістеткен, оқымыстылар мен ғалымдарды, небір данышпандарды дайындап шығарған кім? Ол – біз. Адамдарды сауаттандыра, өнер – білімге, түрлі мамандықтарға баулитын кім? Біз. Адамдардың бойына мол рухани байлық, адамгершілік пен имандылық ұялататын кім? Және біз. Дүние жүзіндегі барлық ғылым мен білімнің, рухани байлықтың сақтаушы – қоймасы кім? Біз – кітаптар. Ендеше мен неге өмірден қалып қоям. Қайта өмірді алға жетелеп, дамытып жатқан жоқпыз ба.

Компьютер (маңғаздана). Иә, сендердің адамзат баласының, ғылым – білімнің дамып толысуы үшін атқарған қызметтердің орасан. Оны біз жоққа шығармаймыз. Айтар алғыс – ілтипатымыз да шексіз. Дегенмен, қазірге қатал шындықты да мойындау керек. Өйткені, бүгінде кітаптағы дүниелердің барлығы бізге көшірілу үстінде. Яғни, бұдан былай кітаптың да рөлін біз ойнаймыз…

(Кенет сырттан адамдардың топырлап келе жатқан аяқ дүбірі естіледі).

Теледидар (өлеңдетіп). Әне, оқушылар келе жатыр. Қазір сабақ басталады. Біз айтысып, босқа арамтер болудамыз. «Сырт көз сыншы» дейді ғой. Біздің қайсымызды мықты екенімізді оқушылар анықтасын. Тандауды соларға берейікші.

Компьютер. Иә, дұрыс айтасың, таңдауды соларға берейік.

(Есік айқара ашып, ішке ұстаз бен шәкірттері кіріп келеді. Олар орын – орындарына жайғасады).

Компьютер (ұстазға қарап). Мұғалім, біз, яғни мына тұрған үшеуміз сіздердің алдарыңызға ғана қайсымыз мықтымыз, адамдардың сүйіктісіміз деген тақырыпта айтысып отыр едік. Сіздер келіп қалдыңыздар. Енді таңдауды сіздерге бергелі отырмыз.

Теледидар. Дүниедегі ең мықты, адамдардың сүйіспеншілігіне бөленген қайсымыз? Кәне, айтыңдаршы.

Мұғалім. Ал, балалар, алдарыңда Компьютер, Теледидар, Кітап тұр. Солардың ішіндегі қайсысы өмірдегі ең мықты, қажет дүние деп санар едіңдер. Сол қалаған мықтының айналасына топталыңдаршы.

(Балалар орындарынан «дүр-р» етіп тұрып, тақта алдындағы үш мықтының айналасына жинала бастады. Сонда төрт – бес бала ғана Кітапты таңдады да, қалған көпшілігі екі жарылып, Компьютер мен Теледидардың жанына топталады. Компьютер мен Теледидар өздерінің айналасына көп бала шоғырланғанына мәз. Қуаныштан қолдарын көкке көтеріп, «Ура – а, ура – а!» деп масайрайды. Жанында төрт – бес бала тұрғанына қарамай Кітаптың да еңсесі түскен жоқ, өзін әдеттегідей парасатты ұстап тұр).

Кітап (Ұстаздың бір шетте тұрып қалғанын байқап). Ал, мұғалім, сіз, қайсымызды қалайсыз? Таңдау құқығы енді сізде?

Теледидар (қуаныштан жүзі бал – бұл жанып). Сіз қайсымызды таңдасаңыз, жеңіс соныкі болсын. Ал, қайсымызды жақтайсыз?

Компьютер (мәз – мейрам күйі). Иә, дұрыс айтады. Сіз қайсымызды жақтасаңыз, жеңіс соныкі болсын.

Компьютер айналасындағы балалар. Апай, бізге келіңіз! Компьютер мықты!

Теледидар айналасындағы балалар. Біздің жанымызға тұрыңыз! Теледидар мықты!

Кітап жанындағы балалар. Кітап мықты, бізге келіңіз!

Кенет тыныштық орнайды. Бәрі мұғалімге қадалып қалған.

Мұғалім. Мен тңдайтын болсам, білімді де өнерлі, ізденпаз, болашағынан мол үміт күтетін талапты шәкірттерім қайда болса, мен де солардың жағындамын.

(Ол кітапқа қарай беттейді. Ал мұны күтпеген Компьютер мен Теледидар жақтағылар ауыздарын ашқан күйі көздерін жыпылықтатып аң – таң қалған).

Кітап жанындағы балалар. Ура – а! (Әндетіп). Жеңіс бізде! Жеңіс бізде! Жеңіс біз – де – е!

Автор (оқырмандарға немесе көрермендерге). Ал, жас достар, сендер кімді таңдар едіңдер? Дүниеде мықты қайсысы?

Шымылдық.

Кітапханашы: Білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол білімнің бұлағы, оңы бойға сініру үшін көп оқу қажет. Орыстың ұлы жазушысы А.М.Горкий кітапты сүйіп оқыған. Оны өзіне айнымас дос еткен, серік қылған. Сондықтан да ол өз бойындағы бар жақсылығы үшін ең алдымен кітапқа борыштары екенін айтады.

  • «Кітап – алтын қазына» баяндама.

Оқушы:

  • Кітаптың жыры

Деме:

«Оңай үйренем».

Ақыл айтсам –

Егеспе.

Оқу деген – «Инемен

құдық қазу» емес пе?

Менің әрбір жолымда –

Өмірдегі үлесің.

Мен отырсам қолында,

Білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып.

Қолдан келіп тұрғанда:

«Кел, балалар, оқылық!» (Е. Ашықбаев)

Кітапханашы: Балалар, қыркүйек айында әп – әдемі, сыртының жаңа мұқабасы мен әдемі суреттерімен, небір асыл маржандай сөздерімен, қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп алдарына келген оқулықтар мамыр айының аяғында ренішпен, мұңлы болып кітапханаға келіп жатады. Енді сол оқулықтардың реніш көрініс тамашалап көрейік.

Көрініс: «Кітаптар мұңы».

  • Ей, бауырым тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?

  • Ой мазамды алмашы. Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді.

  • Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен.

  • Өй, сен кімсің, сыртың бүп – бүтін ғой өзіңнің.

  • Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен ішім түтін. Ана тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.

  • Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.

  • Мен Сотқарбай деген баланың кітабымен. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!

  • Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып бетімді шимайлады.

  • Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.

  • Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап – жинап, отқа жағар? Кітап шығару үшін көп қаржы керек қой.

  • Иә, достар, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.

Кітапханашы: Ойланайық, балалар. Кітап – асыл досымыз, алтын қазына. Кітабымызды күтіп ұстайық.

Кітап ұста аялап,

Ағаш үлкен сая бақ.

Көркімен елді таңданып,

Өмір берер аялап.

Мақсаты: а) Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу,

ә) Кітаптың адам өміріндегі аса маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы

түсіндіру,

б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері:

1. “Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге” – Абай.

2 . “Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей” – Л. Толстой.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! “Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім”- деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі әдеби кешіміз бәрімізді өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады. Оқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз “Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады” – деп бекер айтпаған. Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек, өзінің 41- қара сөзінде “Кітап – жан азығы жығылғанда сүйеу болады, адасқанда тура жолға салады”-делінген.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, —

деп Мұзафар атамыз жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына.

1 — жүргізуші: Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

2 — жүргізуші:Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған.

Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танытып білуге үйретеді.

Оқушы:Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

1 — жүргізуші: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап, қағаз-ағаштан жасалады. Ағаш табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Оқушы:Оқулықты мектебің

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулығың құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

1 — жүргізуші: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.

Кітапты ұстау ережесі:

Оқушы: Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым- білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.

Оқушы: Кітаптың арасына қарындаш, қалам және басқа жуан нәрсе салма, түбі жыртылады..

Оқушы:Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, оны ластауың мүмкін.

Оқушы: Кітапты майыстырып бүктеме, бұдан оның беті жыртылады. Сурет салма, оған жазба.

Көрініс: “Оқушы мен кітап”

Оқушы: Асыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі,

Қуанышы көңілдің, баспалдағы өмірдің,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап:Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы:Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап:Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады,әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Оныменен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын мен неге ол секілді пендеге.

1 — жүргізуші: Кітап туралы мақал- мәтелдер айтып жарысайық.

Оқушы:1. Кітап оқығандыкі,

Білім тоқығандыкі.

2. Кітап-асыл қазына.

3. Кітап – алтын сандық,

Іші толған қазына, құт.

Оқи, оқи, ойыңа тұт.

2 — жүргізуші: Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтың сөзімен айтқанда, “Әр адамның өмірлік досы”. Ендеше, кітап-білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озықты да өнерлі өкілі болайық!

Кітапханашы: Кітап – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Осы керемет қазынамызды қадірлейік, балалар! Кітап мерекесі аяқталғанымен, әрқашан кітаппен бірге болайық.

ШҚО Семей қаласы
«№30 жалпы орта білім беретін мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі
Бейсебаева Сайрагүл Айтқазықызы
Ашық сабақ 4 «В»-сынып

Тақырыбы: «Кітап –алтын қазына»
Сабақтың мақсаты:Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған нақыл сөздер, плакаттар,суреттер.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
— Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі «Кітап-алтын қазына» атты ашық сабағымызды бастайық.
1.Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы Әліппеден
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит Аружан
Оқысақ кітап сырын ашып терең

2. Кітапты оқымайды, сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, Ануар
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

3. Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп, Алихан
Береді білім нәрін кітап көктеп.

4. Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің Мадина
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
• Дильяраның орындауында ән « Туған жерім »

5. Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір, Амина
Таппасаң нәрін шөлдерсің.

6. Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады. Рүстем
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
• Фортопионода Балжанның орындауында «Менует »

7. Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді, Аружан
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

• Срипкада Альдинаның орындауында халық әні «Бір бала»

8. Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы, Азамат
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

9. Кітабың – сенің құралың
Жағар білім шырағың Лунара
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
* Ислананың орындауында « Ұстазым» әні
10. Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан,
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан Али
«Кітаптар мұңы» көрінісі
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан оқулықтар қайда келдік дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.
— Ей, бауырым, тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?
— Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі бар болсын. Одан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені дұрыс еді.
— Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен?
— Өй, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің.
— Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім – түтін. Математикамын.
Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниетпен мен өзімнің білімімді беруге тырыстым.
— Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
— Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын, Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!
— Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып, бетімді шимайлады.
— Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
— Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап-жинап, отқа жағар?
— Отқа жағар! Жүр, бауырым тұрмайық, мектептегі «Кітап дәрігеріне» барайық
— Сәлеметсіз бе, дәрігер, бізді қарап, көріп, ауруымызды анықтап беріңізші.
Кітап емшісі: Оқулыктарды қарап тұрып:
1. Судың әсерінен ішкі беттерді былғанған, парактары бүктелген бұл жеңіл емделетін ауру.
2. Сіздікі салақ оқушының кесірінен, сыртқы қабы бүлінген, түбі ажыраған, парақтары босап қалған.
Кітап емшісі: Операция жасау арқылы емдейміз. Ине, жіп арқылы түскен парақтарын тігеміз. Кітап түбін желімдейміз. Сөйтіп емдеп, пайдалануға жарамды етіп шығарамыз. Бұрынғыдай жайнап, жарқырап тұрмасаңдар да, әлі талай баланың қажетіне жарайсыңдар.
Мұғалім: Иә, балалар! Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Оқулықта қаншама адамның еңбегі бар,
соларды сыйлайық.
1-оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы, Айбар
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
2-оқушы:
Ағаш кесіп қанша адам, Даяна
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
3-оқушы:
Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін, Альдина
Маңдай тері тамады.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
4-оқушы:
Бояу жағып не түрлі,
Суретшілер көркемдеп.
Қанша уақыт отырды,
Әріп теру үшін де. Сырым
Талай адам терледі,
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді.
5-оқушы:
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін. Балжан
Оқулығың – құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір қадам.
6-оқушы:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет, Марат
Дақ түсірмей бір бетке.

Жайнатып жанымызды
Келтіріп сәнімізді
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді- деп келесі музыкалық
Ән «Аяулы мектебім! »
Қорытындылау:
• Слайд көрсету
• Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай кітап туралы кім қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер біледі, мына алмаға жазып алма ағашына іледі.

Дөңгелек үстел «Кітап – алтын қазына»
Мақсаты: кітап және оның адам өміріндегі маңызы туралы айту.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, слайд, интерактивті тақта, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады» — деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық теннологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының көбінесе сырт қалатыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібергені анық. Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, байлығымыз. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақты тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. Кітап оқу баланың ой- өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін дамытады.
«Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақты, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт- дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» — деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету.
Баланың кітап оқу процесі өте күрделі процесс. Осы процесте соңғы кезде байқалып отырған мынадай тенденцияларды атап өтуге болады:
— оқушылардың ақпарат пен әдебиетке деген мүдделік қажеттілігінің шұғыл артуы;
— мектеп бағдарламасы бойынша оқитын балалардың көбеюі;
— кітапқа қарағанда журналды көп оқитын жасөспірімдер үлесінің артуы;
— жаппай мәдениетке балалардың, әсіресе, жасөспірімдердің кітап оқуына әсерінің күшеюі (шым-шытырақ оқиғалары, психологиялық триллерлер, махаббат туралы)
— кітап оқу тек уақыт «өлтіру», алданыш деген түсініктің басымдығы;
— мектеп жасына дейінгі баланың кітап әлеміне кеш енуі;
— ережеге сай жасөспірімдердің кітап оқу ынтасының әлсіреуі;
— балалар мен жасөспірімдердің бос уақытында кітап оқу үлесінің қысқаруы.

Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Кітап пен компьютер» айтысына кезек берейік.
Кітап: Жүруші ем адаммен көп араласып,
Сенің мына зорлығын баралы асып.
Адамдарды азғырып, сен копьютер,
Қайдан шықтың, менімен жағаласып?
Компьютер: Сен кітап өзіңе – өзің сенген едің,
Еншім бар алатұғын сенде менің.
Кітапты оқытпауға адамдарға,
Әдейі, Батыс деген елден келдім.
Кітап: Бұл сөзге қайран қалып отырғаным,
Бола қоймас бұл менің ақырғы әнім.
Азғырсаң да сен қанша мені тастап,
Кете қоймас сүйікті оқырманым.
Компьютер: Өткенді кітап енді дауласпағын,
Қалайша мен бітіспес дауға қалдым.
Өрмелеп тұр бұл күнде тасым өрге,
Қазір – ақ бар әлемді жаулап алдым.
Кітап: Талайды сусындаттым білімменен,
Көп ғалым алды сабақ алды ілімімнен.
Алла Тағала түсірген көктен өзі,
Түсінсең сол кітаптың бірімін мен.
Компьютер: Мына сөзден кейін мен пайымдадым,
Болмай ма деп қорқамын ойымдағым.
Адаммен бірге жасап келе жатқан,
Жолың үлкен екенін мойындадым.
Кітап: Компьютер, жолыңды біл адаспағын.
Менімен дұрыс болар санаспағың.
Өмірге кеше келген темірсің сен,
Сондықтан меніменен таласпағын.

Кітапханашы: Айтысты көріп тамашаладыңыздар, онда әңгімемізді әр іқарай жалғастырайық. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1. Жақтаушы жақ фракциясы
2. Қарсы – даттаушы жақ фракциясы
Жақтаушы жақ фракциясы: Біздің резолюциямыз «Қазақстанда кітапхананың көптігі қажет». Ешқандайда кітапхананы жабуға болмайды. Қайта білім алу ошақтарын жаңа заман талабына сай көтеру керек. Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз. Дәлелдейтін болсақ:
1.Кітапхана ғимараттары ескіргенімен, әрбір кітап өз құнын жоймайды.
2.кітапхананы жаңарту керек, кітап оқи білу мәдениеттіліктің негізі.
3. Кітап оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.
Қарсы – даттаушы фракциясы: Біздің резолюциямыз «Қазақстандағы кітапхананың көптігі қажет емес». Қазір білім алатын ақпарат көздері көп. Қазақстанда кітап санын азайтып, жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.
Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:
1.Қазақстанда кітапхана ғимараттары ескірген.
2.Кітапхана қоры азайған.
Жаңа технологияның негізінде ақпарат көздері көбейген.
Кітапханашы: Ал, енді сөз кезегін жақтаушы жақ мүшелеріне береміз. Оқушылар өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, статистикалық мәліметтер келтіреді.
Жақтаушы жақ мүшесі: Елбасы Қазақстан халқына арналған жолдауында ел болашағының бағыт- бағдары мен өсіп- өркендеуі көрсетілген. Сондай-ақ Жолдауда еліміздің ішкі және сыртқы саясатына тоқтала келе, татулықты сақтай отырып, дамыған елдің қарышты қадамдарын, өскелең ұрпақтардың жарқын да жасампаз істерін айқындайтын оқу – білімге, ғылым ісіне, орта және жоғары мектептің көкейкесті мәселелеріне баса назар аударған.
Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде мынадай жағдайлар анықталған: Кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатындығымен, елмен жақсы қарым- қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленеді екен.
2 оқушы: Әлеуметтанушылардың есебі бойынша егер күніне кітап оқуға 1 сағат, ал демалыс күндері 3 сағат бөлінсе, 1 жылда 573 сағат болады екен. Егер 1 сағатта кітаптың 10 бетін оқыса, 1 жылда 6 мың бет оқылады екен. Бұл өз білімімізді толықтыруға үлкен потенциалдық мүмкіндік болып табылады.
3 оқушы: Кітап туралы мағлұмат беретін болсам: «Кітап» деген сөз арабша «жазба», ал түрікше «дәптер» деген мағынаны білдіреді. Қазақ кітап баспасында 1800 ж тұңғыш қазақша кітаптар шыға бастады. Кітап – ғажап дос. Енді, осы кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын- жазушыларымыз кітап туралы өлеңдер жазған.
Айдыны шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көл дейсің.
Ауадай қажет бейне бұл
Татпасаң нәрін шөлдейсің.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, — деп ақын Абай айтқандай, кітаппен дос болайық. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші «күш білімде, білім — кітапта» екенін естен шығармайық.
Кітапханашы: Қарсы жақ фракциясы, сөз кезегі сіздерде.
Қарсы жақ мүшесі: Қазіргі таңда әр адам дәстүрлі және жаңа технологияны пайдалана отырып, өзінің шығармашылығы мен жұмысын жоғары дәрежеде жүргізуге мүмкіндігі бар. Мектеп кітапханалары ХХІ ғасырдың жетістігі – компьютермен жабдықталып, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуде ғаламтор арқылы әлемнің кез-келген елімен хабарласып, керекті материалдарды қиындықсыз табуға мүмкіндіктер алған.
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен,
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен,
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
2 оқушы: ХХІ ғасырда білім беру саласында келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалау арқылы білім сапасын көтеру.
Кітапханашы: Екі фракцияда ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Екі фракция сұрақтарыңыз бар ма?
Кітапханашы: Оқушылар, сендер кітапханадан алған кітаптар, оқулықтарыңды қалай пайдаланып жүрсіңдер?
Алдымызда екі кітап жатыр: жақсы ұсталған және лас, жыртылған оқулық. Ал, балалар қай оқулыққа жандарың ашиды? Неге? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған? Енді осы кітапты ұстаған оқушыға қандай жаза қолдануға болады?
Оқушы: Тегін берілген кітаптың қадірін біле алмай келе жатқан оқушылар аз емес, ұқыпсыз ұстағандықтан жыл аяғында іші жоқ, сырты түскен кітап молайып кетеді. Оқушыларға мектеп басшылығы, мұғалімдер де, сынып жетекшілері де, кітапханашы да айтып жатады. Әр сыныпта кітапхана белсенділері жұмыс істейді
Кітапты дұрыс ұстау үшін мына ережелерді сақтаңдар демекпін.
1. Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
3. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме, кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
4. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, беттерін бүктеме, бетіне жазу жазба.
5. Кітапты күн көзіне қойма беттері сарғайып кетеді.
6. Кітаптың арасына қалам, қарындаш салма.
Кітапханашы: Бүгінгі таңда кез келген оқушы компьютерлік сауаттылықты меңгерген, бос уақыттарын Интернет – кафелерде, интернет- клубтарда өткізу арқылы әртүрлі ақпараттарға еркін қол жеткізе алады. Ал, керісінше, кітап оқуға қызықпағандықтан, өзіне қажетті кітапты таңдау, қажетті ақпаратты іздестіру барысында бірқатар қиыншылықтарға ұшырайды. Бұл баршаға ортақ қоғамдық проблема деп ойлаймын.
Ал, енді екі фракцияда бүгінгі әңгімемізді қорытындылайық.
Жақтаушы жақ: «Интернет – бір күндік,
Кітап – мәңгілік»
ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық. Кітап көпті көрген ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да сырласың.
Қарсы жақ: Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу және күнделікті пайдалану кез келген маман иесінің қажетті шарты болып табылады.
Кітапханашы: Компьютерді де адам жасап шығарған. Сонау аты әлемге әйгілі жерлесіміз, ғалым Әл-Фараби бабамыздан бастап, Ұлы Абай атамыз бен қазіргі таңдағы ғалым, ақын- жазушыларымыз да кітаппен сусындап, артында өшпес мұра қалдырып келеді. Жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды меңгергенге не жетсін. М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнеленген.
Қажу бар ма сұңқарға,
Талу бар ма тұлпарға,
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін! – дегендей, бүгінгі әңгімемізді аяқтаймыз. Кітаппен дос болыңдар! Кітапханаға жие келіңіздер!

Кітап алтын қазына

«Ертеңгілік»

Сабақтың мақсаты: ертегілер елінен келген кітап кейіпкер арқылы 1-сынып оқушыларын кітапханаға деген қызығушылығын ояту,кітап оқуға қызықтыру, кітапхана өмірімен таныстырып,кітапты сүйе білуге, бағалай білуге баулу.

Тәрбиелігі: кітапты құрметтей білуге, күтіп ұстауға,ұқыптылыққа, білімділікке,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ертегілер елінде» кітап көрмесі, кітап кейіпкерлерінің кеңестері.(Ана тілі оқулығы1- сынып оқушыларынын қолдарына ұстап, кітапхана әлеміне әкеліп

орындықтарға отырғызды)

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, достар!

Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін!Алғашқы кітаптарың қандай? Әліппе ғылымның анасы. «Әліппе» кітабы сендерге білм

дүниесіне алғаш есігін ашып, әріптерді үйретті.

Бар кітапқа бас болған,

«Әліппеден басталған,

«Әліппе» ғылым ағасы,

Даналықтың данасы дей отырып, кешегі күн де әліппемен қоштасу сәті де өтті. Міне бүгін сіздерді Ана тілі оқулығымен бірге кітапхана ғажайып әлемінде қарсы алып отырмыз! Бүгінгі ертеңгілікке Ана тілі оқулығымен сіздерді салтанатты түрде оқырмандар қатарына қабылдап, ертегілер еліне келген кейіпкерлермен таныс боламыз.Бүгінгі күннен бастап сіздер кітапхананың ең кішкентай оқырмандары боласыңдар. Ана тілі олай болса, Әліппенің берген білімдерін тексерейікші.

Ана тілі: Иә достар,Әліппеден не оқыдыңдар, не үйрендіңдер?

Хормен:Әріптерді, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең, қызықты ертегілер.

Иә достар, бүгінгі кешке менің сүйікті достарым келіп отыр.(ортаға қошеметпен ертегілер елінен келген қонақтарды қарсы, аламыз Алдар Көсе, Арысткан,Қызыл телпек.)

Арыстан: Мен мықты Арыстан,

Аңдардың Патшасы

Жауымның соғысқан

Күн болған қаңқасы

Алдар Көсе: Мен сендерге ертегілер елінен келіп отырмын.

Мен Алдармын,Алдармын,

Досыымын адал жандардың

Жақсыға талай серік боп

Жаманды талай алдадым.

Кітаптар патшалығына кітап ханшайымы да келіп отыр. Олай болса, кітап ханшайымын ортаға шақырамыз.

О, құрметті достар, мен өте қуаныштымын! Жан жақтарына қараңдаршы, кітаптар

патшалығы қаңдай әдемі, үлк ен, жарық. Менің патшалығымныңтұрғындары мен тыныштық сақтайды. Тағы бір досыммен таныстырғым келеді.

Дәрігер:Мен Дәрігер, кітаптардың досымын. Кітаптарды емдеймін. Иә, иә таңқалмандар,кітаптарда біздің ауырады, сарғаяды,беттері жыртылады, сонда көмекке мен келемін, кітаптарды емдеймін, беттерін түзеймін,ал кітаптар бізге ренжімесін десеңдер,онда балалар кітаптар кейіпкерінің кеңесін менің артымнан қайталаңдар:

Кітапты таза қолмен ұста.

Кітаптың беттерін жыртпа.

Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.

Кітап және оқулықтар жақсы күйде сақталуы үшін оның сыртын тыстап ал.

Кітап ханшайымы:Балалар, бұл ережелерді ұмытпаңдар.Мінекей, сендер енді кітапты қалай пайдалануын, ұқыпты ұстау керек екені білесіңдер.Мына алтын кілтімізді ең ұқыпты оқушыларға табыс етейік.

1-сынып окушысы: Аманбаев Н.

Мына алтын кілті табыс етіп, біз бірінші сынып оқушылары уәде береміз, кітапты таза, ұқыпты ұстауға.

Кітап- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы

Оқудың әр құралы

Ой- білім құрады

Білсең досым бұларды

Бізге қымбат тұрады

Дос болайық кітаппен!

Қызыл Телпек:Қандай тамаша!

Мен өте қуаныштымын, мен бір мың түн күттім.Бүгін мінеки,достарыменен кездесіп, сіздермен достасып отырмын. Әжемнің үйіне бара жатқанда, адасып кетіп бір заттар тауып алдым. Достар, көмектесіндер,бұл қай ертегілер кейіпкерлерінің заттары.

Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айқай да шу.(түлкі)

Әжеден де қаштым,атадан да қашты

Бірақ түлкіден қаша алмады(бауырсақ)

Мысық тышқанды шақырады.

Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды,мысық күшіктің құйрығнан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстады, әжей атайдың белбеуінен ұстады, атай ненің желігінен ұстады? олай тартқылайды, суырып алады(шалқан ертегі)

Кітап ханшайымы:Ал, енді сөз кезегін кітаптардың ең жақын досы кітапханашымызға сөз берейік.

Кітапханашы құттықтау сөзін айтады. Кітап көрмесіне назар аударып, оқырмандардың кітапханаға келетін күндерімен, оқырман формулярымен таныстырады, оқырмандарға абонементтен үйге қызықты балалар ертегілері қолға беріледі.

Тақырыбы: Кітап – асыл қазына
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар — ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: кітаптар туралы қанатты сөздер, мақал — мәтелдер, кітаптар
көрмесі

Барысы:
Кітап — заманымыздың өмірі, кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап дүниетанымды кеңейтіп рухани жан дүниені оятады. Ертегі, әңгімелерімен сыр шерткен кітап – ақылшың.

Кітап та алма ағашы –
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар – білім көзі, рухани қазына.

Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас
досымыз болып қала береді.
Кітап жанның елшісі, кітап теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді.
Білімімізді молайтады. Кітаптан көп үлгі – өнеге, тәрбиелік әсер аламыз.

Олай болса, бүгінгі екінші сынып оқушыларының дайындығымен
Өткелі отырған «Кітап — асыл қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тәрбие сағаты « Кітап – білім бұлағы», « Білім көзі кітапта», « Өлең — сөздің патшасы» бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең бойынша біздің оқушылар осы орталық кітапханамен тығыз байланыста, үнемі кітап алып оқиды. Сондықтан осы кітапханамен байланыста болғандықтан кітапханашы Ақерке тәтелерінің өзінің оқырмандарына қоятын бірнеше тапсырмалары бар.
Тапсырмалар кітапханадан алып оқыған кітаптардан беріледі.
Алдарында тұрған шарлар жарып, ішіндегі тапсырмасын орындаймыз.

Екінші кезең бойынша оқушылар сұраққа жауап береді.
Білім көзі кітапта

1. Қазақтың үш биін ата.
2. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?
3. Абай атамыздың әжесі кім?
4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман батыр кім?
7. Жыл атауынан құр қалған жануар?
8. 22 — қыркүйек қандай мереке?

Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте – деп,
Келесі кезең «Өлең – сөздің патшасы».
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын айтып, көрініс көрсетіп,
өлең айтады.

1 — оқушы: Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкін,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
2 — оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
3 — оқушы: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
4 — оқушы: Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
5 — оқушы: Сөйлесіп өзің менен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін.
Шешіліп кейде достай сырласады.
6 — оқушы: Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.

Көрініс: « Науқас кітап».
Ән: « Болайықшы осындай»
Көрініс: « Кітап мұңы»
Ән: « Мен әдепті баламын»

Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі « Кітап – асыл қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Енді біз рухани байлық кітапты құрметтеп, ұқыпты ұстаймыз.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: « Кітап — сарқылмас қазына »

Мақсаты :

Білімділік :

Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

Дамытушылық:

Зейінін шоғырландыру шығармашылық қабілетін ой — өрісін дамыту.

Тәрбиелік :

Оқулықты құрметтей білуге ұқыптылыққа адамгершілікке даярлау .

Көрнекі құралдар интерактивті тақта ,

  • презентация ,

  • суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі :

  • Салеметсіздер ме құрметті оқушылар . Бүгінгі сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастағым келіп тұр .

Балалар , бұл жол басы даналыққа

Келіңдер , түсіп байқап , қаралық па ?!

Бұл жолмен бара жатқан өздеріңіздей көп .

Соларды көре тұра , қалалық па ?!

Даналық – өшпес жарық , кетпес байлық ,

Жүріңіздер , іздеп тауып алалық та ?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген машықкер кіреді ).

Мұғалім : Балалар енді біз бәріміз бірігіп бүгінгі сабағымыздың қонағы Кітап

мырзаны ортаға шақырайық . (Балалармен бірге Кітапты шақыру)

Кітап : Сәлеметсізде ме сүйімді балақайлар . Сендерге қонаққа келгеніме өте

қуаныштымын. Балалар мен бүгінгі сабақтан кейін сендермен дос болып

қайтатыныма сенімдімін !

Мұғалім : Қош келдіңіз , қымбатты досымыз – кітап . Жоғары шығыңыз .

(Кітапты төрге отырғызу ) .

Мұғалім : Балалар бүгінгі сабағымызды бастайық . Қазір мен сендерге бірнеше

жұмбақ жасырамын , ал сендер сол жұмбақтың шешімін тауып

алуларын керек .

  1. Үндемес серік , ақылы берік ( кітап )

  2. Қабат – қабат қаптама , ақылың болса аттама . ( кітап )

  3. Бір ғажап бар , тілі жоқ , сөйлесем десең міні жоқ ( кітап )

(Оқушылар жұмбақтарды шешеді )

  • Жарайсыңдар ! Жұмбақтарды тез әрі дұрыс шештіндер . Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын . Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ . Балалар , кім біледі! « Кітап » деген сөз қайдан шыққан? Қандай мағына береді ? Кітап туралы не білесіздер?

( Оқушылардың жауаптарын тыңдау )

Кітап сөзі , « жазба » , ал түрікше «дәптер » , « мерзімді баспасөз

басылымы» деген сөз.

Кітап өмір айнасы , заман сыры , тарих шежіресі , оқу , тәрбие құралы .

Ежелгі заманда кітаптың түр түрі болған . Қазір біздің қонағымыз Кітап

бізді кітаптардың шығу тарихына байланысты шағын саяхатқа апарады.Кітап : Ал , балалар саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма ? Онда назарларыңызды

тақтаға аударыныздар .

( презентация көрсету)

Кітап :

1 слайд : « Папирус » кітабы .

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады . Кітап « Папирус » деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып , жұмыр таякшаларға шиыршықтап оралды .

2 слайд : « Пергамент » кітабы .

3 слайд : Кітап басу цехы .

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды . Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты .

Мұғалім : Құрметті Кітап мәліметіңіз үшін үлкен рақмет . Балала сендерге

Кітаптың шығу тарихына байланысты шағын саяхат ұнады ма ?

( балалардың жауаптары)

Жағдаятты шешу :

Мұғалім : Енді балалар келесі тапсырманы шешуге кірісейік . Қазір мен

сендерге бі тапсырманы оқып шығамын , ал сендер сол тақырыпқа

байланысты өз ой – пікірлерінізбен бөлінесіздер . Жарай ма ?

Жақсы . Ендеше назарларыңызды тақтаға аударып , мұқият

тыңданыздар .

  • Тақтада екі кітап көрсетілген . Оның бірі жана , ал екіншісі ескі , кір , парақтары жыртылып майысқан . Осы екі кітаптың қайсысына жаныңыз ашиды ? Не себептен? Қалай ойлайсындар оқулықтын қай жері ауырады? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған ? Ол оқушыға ризасындар ма ?

(оқушылардың жауаптары)

Мұғалім : Балалар сендер Қостанай каласындағы кітапханаларды білесіндер ме?

(оқушылардың жауаптары)

Мұғалім : Балалар , кітаптарда ауырады екен . Сол зиянды болддырмау үшін

бір неше ереже бар екен . Қазір мен сендерді сол ережелермен

таныстырамын .

Есіңе сақта!

  1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын естерінен шығармандар .

  2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.

  3. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

  4. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

  5. Кітап бетіне сурет салма

Мұғалім : Балалар осы ережелерді сақтауға уәде бересіңдер ме ?

(оқушылардың жауаптары)

Мұғалім : Жақсы . Ал енді балалар ,біздің қонағымыз Кітап мырзаға ұлы

ғұлама ақын — жазушыларымыздың кітап туралы жазған қандай

нақыл сөздерін білетіндерінді көрсетейік.

  1. Кітап – таусылмайтын қазына

  2. Кітап –білім бұлағы

Білім өмір шырағы

  1. Кітап – алтын қазна

  2. Өнерлігі нұр жауар

  3. Білім тозбайды ,

Ақыл озбайды .

  1. Оқусыз білім жоқ ,

Білімсіз күнің жоқ .

Мұғалім : Балалар шаршаған шығарсыңдар . Ендеше бәріміз тұрып билеп

жіберейік .

Кітап : Керемет ! Сендер өте ақылды балалар екенсіздер . Мен сендерге өте

ризамын . Тағы қандай өнерлерін бар екен ?

Мұғалім : Біздің балалар өлен айтқанды ұнатады . Балалар сендер кітап туралы

өлеңдер білесіндер ме? Онда ортаға шығып сол өлендерінді бізге

айтып беріндер .

1-оқушы:Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күшін көңілдің

2-оқушы:

Айдыны шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

3-оқушы:

Кітапта алма ағашы,

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

4-оқушы:

Кітап деген бір теңіз,

Тұңғиыққа батарсың.

Ішіне үңіліп қарау үшін,

Тарихыңа қарарсың.

5-оқушы:

Пайда ойлама ар ойла,

Талап қыл ратық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқы көруге.

6-оқушы:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын қиып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Кітап : Бәрекелді балалар ! Ақылына ақыл сұрамайтын асыл қазына – кітаппен

досықтарың үзілмесін. Кітап қадірін түсінетін балалар көбейе

берсін . Қонақ жайларыныз үшін үлкен рақмет . Кездескенше сау

болыңыздар . ( Кітаппен қоштасу )

Мұғалім : Қымбатты оқушылар !

Кітап сендердің сенімді достарың , өмірлік серіктерің . Кітап ең

сабырлы ұстаз. Сабағымызды Әлішер Науаи сөзімен аяқтағым

келеді .

Кітап – шебер ұстаз , тілсіз мұғалім .

Кітап – адал пейіл , асыл дос .

Кітап мұхит , сол мұхиттан не терең ?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем !

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітап ?ажайып ?лем сценарий
  • Кияу мунчасы сценарий
  • Кияу каршылау сценарий
  • Кияу каршы алу сценарий
  • Киш шел на праздник