Кітап бізді? досымыз сценарий

Cкачать: Кітап -біздің досымыз. Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Кітап — біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.
Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың
кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.
Әдісі: сұрақ — жауап, ой қозғау, әңгімелеу
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Кіріспе
Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін
үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
Қабат — қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.( Кітап)
 «Кітап — біздің досымыз»
І. кезең «Кітап — ғажап дос»
ІІ. кезең «Кім көп біледі?»
Мұғалім: Кітап — ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап — ғылым, білім жемісін
халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап — ақылдың кені. Кітап — бар білімнің
бастауы. Кітап — барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз
бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым
болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.
Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым — кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп
еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан
соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді
басып, кітап етіп шығарады.
Баспаханаға
жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен
поездарға тиеп ауыл — ауылға, қала — қалаға таратады. Міне, мен енді сенің
қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!
І. кезең «Кітап — ғажап дос»
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние — мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой — өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап — мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
ІІ. кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал — мәтелдер айтылады.)
1. Кітап — асыл қазына
2. Оқу — білім бұлағы,
Білім — ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.
Мұғалім: Кітап — шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап — адал пейіл, асыл дос.
Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу — білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
ІҮ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)
3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
4. Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

ІІІ.Бекіту

1.5жолды өлең құрастыру

2.Сипаттау

3.Кейіпкерге хат жазу

ІҮ.Қорытындылау

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,№105 орта
мектебінің мұғалімі Нұрханова Жанат

Тақырыбы: «Кітап-біздің досымыз!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер.

Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар, жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.

СабаҚ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің жылуын салайық,

Таза ауа жылуын салайық

Мейірім жылуын салайық

Жүректің жылуын салайық

Жиналған бар жылуды

Бір-бірімізге сыйлайық!

ІІ.Кіріспе

Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік.

Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін. (Кітап)

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.

Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді.Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады?

Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.

Көрініс:

«Кітаптар мұңы»

       Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.

-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.

-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!

-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.

-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».

— бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.

-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.

-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.

-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.

-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.

-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.

-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, — деді оған «Ана тілі».

-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.

-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталады?

  2. Кітаптарды сендер қалай ұстайсыңдар?

  3. Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?

  4. Кітаптың оқушыларға тигізер пайдасын қандай?

Сергіту сәті:

Топпен жұмыс:

І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту

ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту

ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы

Мұғалім:

-Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан

Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.

  1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.

4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма.

Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу

Кітап ауруларының түрлері:

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар

(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)

2. Қартайғаннан болатын аурулар

(көп жыл ұсталынған кітаптар)

3. Жұқпалы аурулар

(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар)

4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар

(терезенің алдында, күнде көп тұрған,

ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)

5. Кездейсоқтықтан болған аурулар

(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.)

Санжар:

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке

Алтынай

Книга — лучший друг ты мой,

Мне так радостно с тобой!

Я люблю тебя читать,

Думать, мыслить и мечтать!

Нұрасыл

I like books

I really do —

Books with stories

And pictures, too.

Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің

Бұл не? (Кітап)

1. Ұсынған қойнынан

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)

2. Білімнен мол сый асы,

Балалардың ұясы (мектеп)

3. Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)

4. Айғағы жоқ, айтары көп,

Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

ІІ.кезең «Кім көп біледі?»

1. Кітап-асыл қазына

2. Оқу-білім бұлағы,

Білім-ырыс қазығы.

3. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

4. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

5. Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

6. Оқу түбі тоқу.

7. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Қорытынды.

.Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап»

Өскемен қаласы әкімдігі

«№15 орта мектебі» КММ

Тақырыбы: Кітап-біздің досымыз!

(Ашық тәрбие сағаты)

Өткізген: Қалиасқарова Қ.Қ.

1 «Е» сыныбы

2017 жыл

«Кітап- бізді? досымыз.» ?деби ойын

Ма?саты: О?ушыларды о?улы?ты ??рметтей білеуге, кітапты ??ыпты ?стау?а баулу.

         О?ушыны? білімділік танымын ?мірімен байланыстыра отырып арттыру.

         О?ушыларды? кітап?а деген с?йіспеншілігін арттыру.

         К?рнекілігі: кітаптар к?рмесі, кітап туралы ?анатты с?здер, ма?ал-м?телдер.

Саба?ты? барысы: 1.?йымдастыру.

Ж?ргізуші:                 Армысыздар, о?ушылар, ?стаздар!

                                      Кітап- шебер ?стаз, тілсіз м??алім.

                                      Кітап- адал пейіл, асыл дос.

                                      Кітап- м?хит, сол м?хиттан не тере??

                                      Мен біліммен ыл?и дос боп ?тер ем!

-Кітапты о?и отырып, адамны? ішкі рухани жан д?ниесі артады.

Айналада?ы ?мірмен, таби?атпен, адамны? е?бегімен, ??рбы-??рдастары?мен танысып, жа?сы болу?а, жа?сылы? іс істеуге ??штарландыратын осы –кітап.

         Кітап- ?арым-?атынасты?, е?бекті?, к?ресті? ??діретті ??ралы. «Кітап-білім б?ла?ы» деп бекер айтылма?ан екен.

Топтарды?  ?здерін таныстыруы, ?діл-?азылар ал?асымен таныстыру.

 І кезе? «Б?йге»

І топ

1. Балалар журналы. (айг?лек) 
2. О?ушыны? жанашыры. (м??алім) 
3. ?аза?станда?ы бол?ан ашаршылы? пен оны? себебін Сталинге ал?аш болып айт?ан адам. (Т?рар) 
4. «Бес н?рсеге асы? бол, бес н?рседен ?ашы? бол, адам болам десе?із!» деген ?ле? жолын кім жаз?ан? (Абай) 
5. Адамны? асыл досы. (Кітап) 
6. Кітап басып шы?арылатын жер. (баспахана) 
7. Киелі ??с. (а??у) 
8. ?ара алтын. (м?най) 
9. Ер ?анаты. (ат) 
ІІ топ
1. Ананы? перзенті. (бала) 
2. Жерді? серігі. (ай) 
3. ?аза?ты? ата?ты ?ш биіні? бірі. (Т?ле би) 
4. ?лтты? аспап. (домбыра) 
5. Жырт?ыш а?. (?ас?ыр) 
6. 100 жыл (?асыр) 
7. Ат т?я?ына та?атын зат. (та?а) 
8. Мектеп о?улы?тары ?ай баспадан шы?ады? (атам?ра) 
9. Мейірімді жан. (ана) 
 

ІІ кезе? «Кім ж?йрік»

         Енді біз кітап туралы ?андай на?ыл с?з, ма?ал-м?тел, ?ле?дер білеміз, соны орта?а салайы?.

1.Кітап, білім, б?ла?, ?мір, шыра?….. (Кітап – білім б?ла?ы, білім — ?мір шыра?ы.)
2. А?ыл, білім. азбайды, тозбайды…. (А?ыл азбайды, білім тозбайды)
3. Надан, дос, кітап….. (Наданмен дос бол?анша, кітаппен дос бол)
4. Арты?. ?ылым, кітап, о?ы……. (Арты? ?ылым кітапта, Ерінбей о?ып к?руге)
5. Білім, ?айнар, к?з, кітап…… (Білімні? ?айнар к?зі — кітап)
6. Кітап, ?алым, тіл, м??алім…..(Кітап — ?ылым, тілсіз м??алім)
7. Кітап, ?мір, ?стаз….. (?мір ?стазы)

.
ІІ топ 

ІІІ-ші кезе?. «Білім к?зі – кітапта » 
С?ра?тар?а жауап беру

1. ?аза?ты? ?ш биін ата. (Т?ле, ?йтеке, ?азыбек) 

2. ?лы Отан со?ысында ерлік к?рсеткен ?аза?ты? батыр ?ыздарын ата. (?.Молда??лова, М.М?метова) 

3. Жыл атауынан ??р ?ал?ан жануар не? (Т?йе) 

4. ?аза? даласында ал?аш мектеп аш?ан, ?аза?ты? ?лы а?артушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин) 

5. Абай ??нанбаевты? ?андай ?ле?дерін білесі?? (?ыс, Адам болам десе?із, Жаз?ыт?рым, К?з) 

6. ?аза?ты? т???ыш ?арышкері кім? (То?тар ?уб?кіров) 

ІІ топ 
1. Абайды? шын аты кім? (Ибра?им) 

2. ?аза?станны? Мемлекеттік р?міздерін ата. (Ту, Елта?ба, Гимн) 

3. ?аза? ?ліппесін жаса?ан, ал?аш о?у ??ралын жаз?ан кім? (Ахмет Байт?рсынов) 

4. «Кел, балалар, о?ылы?» ?ле?і кімдікі? (Ыбырай Алтынсарин) 

5. ?аза?ты? аты а?ыз?а айнал?ан батыры кім? (Бауыржан Момыш?лы) 

6. ?аза? хал?ыны? т???ыш балуаны. (?ажы М??ан М??айтбас?лы) 
ІV кезе?  «Сергіту с?ті»

?ле?ді о?у

І топ к?ліп о?у,

ІІ топ жылап о?у

Кітап

Кітабы? сені?, ??ралы?,

Жа?ар білім шыра?ын.

Баса алмайсы? еш?ашан,

Онсыз ал?а бір адым.

Кітабы?ды ??рметте,

К?тіп ?ста ?ірлетте.

Кішілерге табыс ет,

Да? т?сірмей бір бетке

V кезе? «Ертегілер елінде»

-Ал, енді ертегілерді шешуге ?алайсы?дар?

1.     Орман жанында

?шеуі бір ?йдет?рады.

?ш т?сек, ?ш жасты?,

?ане, олар кімдер?     (?ш аю)

2.     ?шып келіп батпа??а т?сті

Батпа?та оны ?стап алды.

Кім жасыл ?абырша?ты шешіп,

Бір с?тте с?лу ханшайым?а айналды?    (патшайым ба?а)

3.     ?айма??а иленген,

Терезеде суытыл?ан,

Сап-сары домалан?ан.    (бауырса?)

4.     Жерден аспан?а ?шу ?шін

О?ан ?лкен сыпырт?ы керек.    (мыстан кемпір)

5.Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын т?бірге самсаны жеп.   (Маша мен аю)

6.

 Шал кемпірге оралды:

Кемпірде жа?а астау.     (балы?шы мен алтын балы?)

 — Жарайсы?дар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жа?сы білесі?дер.

?орытынды.

Же?імпаздарды мада?тау.

Просмотр содержимого документа

«»Кітап- бізіді? досымыз» ?деби-ойын»

«Кітап – біздің досымыз»

Сынып сағатының мақсаты:

Кітапсарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа

деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер.

Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар,балалар ақынжазушылардың

суреттері қолданылды,жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, –

деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім

көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзіндеақ бүкіл адамзат

өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгіөнеге мен тәрбие

аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана

халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек деп

бүгінгі оқушылар дайындаған

«Кітап білім бұлағы» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы:

Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын

кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

2-оқушы:

Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

3-оқушы:

Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Мұғалім:

Балалар,бізге бүгін қонаққа Кітап келіп отыр,кітапты ортаға шақырайық.

Кітап:

Балалар,мен білім көзі – Кітап мені жасау үшін көп адам еңбек сіңіреді.Кітаптың қайдан

шығатыны туралы әңгімелеу.Кітап қайдан шығады екен?

Ағаштан.

Мұғалім:

Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын

фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған

авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады.

Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол

жасайды.Кітап сен бізге қонақ болып,балалардың өнерін тамашала.

1-оқушы:

Адамның досы кітап,өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.

2-оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

3-оқушы

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген

Кітап – ажырамас досымыз

Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру,оны таза,ұқыпты ұстауға үйрету,кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру. Республикалық «Ұрпақ+» мәдени-білім жобасы аясында «Bookdaiting», «Буккросинг» акцияларын жүзеге асыру.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі,кітап туралы қанатты сөздер, интерактивті тақтада слайдтар көрсету.

Әр адамның ең жақын досы,..
Өмір досы кітап болуға тиіс.
М.Әуезов.

Барысы:

1Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Кітап – ажырамас досымыз» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші: Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап оқып үйрене бастайды. Ол жүруді, сөйлеуді, адамдарды түсінуді үйренеді.Өзіне сүйікті кітабын оқығанды, қызықты бейнелерді көрсеткенді, түрлі ойындарды ойнағанды жаны қалайды. Сөйтіп күндердің бір күнінде мектепке барып , жаңа мұғалімдермен кездесіп, түрлі ғылым әлеміне саяхат жасайды.Ғылымсыз білім болмақ емес.

1Жүргізуші: «Досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтам» деген нақыл бар. Осындай бағытта «Сен не оқитыныңды айт, мен сенің кім екеніңді айтам» деп те айтуымызға болады.

2Жүргізуші:

Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар.Олар біздің салт-дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады.

1Жүргізуші: Балалар сендер білесіздер ме, 2 – сәуір- «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір- «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.

2Жүргізуші: Мерекелік тарту ретінде «Гүлдер» вокал тобының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!

1 Жүргізуші:Қымбатты балалар, құрметті ересектер! Мектептен тыс жұмыс орталығы сіздерді «Буккросинг» деп аталатын жобаға қатысуға шақырамыз. Бұл жобаға қатысушылар бір-бірімен кітап алмасады. Жобаның ұстанымы: «Өзің оқы да, өзгеге бер».

2Жүргізуші: Сіз «буккросинг» (ағылшынша «кітап алмасу») деген не екенін білесіз бе?Бұл көптеген елдердің жастары айналысатын керемет мәдениет- оқыған кітаптарыңызды көпшілік ортаға өзгелер оқу үшін тастау. Яғни оқыған кітабын адамдар көп жүретін жерге қалдырады.Бұл кітапты тауып алған адам оны оқуды жалғастырады. Оқып болған соң, ол да дәл солай өзге адамға қалдырады.

Бүгін осындай акция бойынша «Сөз зергері»үйірмесінің оқушылар «Қылқалам»үйірмесінің оқушыларына кітап сандықшасын табыстайды. Бұл кітаптарды оқып келесі үірмеге табыс етесіздер.

1 Жүргізуші: Гүлдер вокал тобының орындауында ӘН: «АЛАҚАЙ»

2Жүргізуші : «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың келер ұрпаққа қалдырған өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіне және түйсіне білу, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, парасаты мен пайымын айқындайтын алғы шарттарының бірі.

1 Жүргізуші: Кітапсыз адам өмірі бос.Кітап біздің досымыз ғана емес,сонымен бірге біздің тұрақты,мәңгілік сенімді серігіміз де.

Сахна төріне «Сөз зергері» үйірмесінің тәрбиеленушілерін қол соғып шақырайық!

Оқушылар кітап туралы өлеңдер оқиды.

2Жүргізуші : Бүгінгі әңгіме «кітап» жайлы болғаннан кейін, енді кітап деген сөздің қайдан шыққанын,  қандай мағына беретінін біліп жүрейік достар!

1Жүргізуші: «Кітап» арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір-айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.алғашқы кітап жазу құпиясы тек дінбасылар мен монахтар білген.

2Жүргізуші: Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі «Таурат», қытай  тіліндегі «Кунцы цзя ию», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжіл», араб тіліндегі «Құран» деген мағынаны білдіреді.

1Жүргізуші: Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітапты әрбір адам күнделікті тұрмысына пайдаланады. Оны оқу арқылы үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алады.

2Жүргізуші: Достар, бүгін «Ертөстік» драма үйірмесі бізге қойылым дайындапты.

1Жүргізуші: Олай болса, «Ертегі патшалығына саяхат» атты қойылым тамашалайық!

ҚОЙЫЛЫМ — ЕРТӨСТІК ДРАМА ҮЙІРМЕСІ

2Жүргізуші: Достар, сіздерге қойылым ұнады ма?

1Жүргізуші: Естілмейді, Олай болса, Ер төстік драма үйірмесіне қол соғып қояйық!

2Жүргізуші: Достар, кітап оқығанды ұнатасыздар ма?ИЯ

1Жүргізуші: Ендеше кітап туралы викториналық сұрақтарға кезек берейік.

1.Кітаптар тұрағы қалай аталады?

2.Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады?

3.Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады?

4.Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіндер?

5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?

6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады?

7.Кітапты жазған адамды қалай атайды?

8.Халқаралық балалар кітабы күні қай күні?

9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн?

10.Сүйіп оқитын кітаптарың бар ма, Қандай кітаптар?

2Жүргізуші: Кітапты қалай ұстауымыз қажет? Кане кім біледі? ДҰРЫС

Интерактивті тақтада кітап ұстау ережелері көрсетіледі.

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбеу үшін оның сыртын қағазбен қаптап ал.

2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластауын мүмкін.

3. Кітаптың арасына карандаш, қалам және басқа нәрсе салма, түбі жыртылады.

4. Кітап беттерін жыртпа, сурет салма, оған жазба.

5. Кітап беттерін бүктеме, қыстырғыш жасап ал.

6. Кітапты майыстырып бүктеме, бұдан оның беті жыртылады.

7. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

8. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитын естен шығармаңыздар.

1Жүргізуші:

Оқы талмай,түй санаңа,жас ұлан,

Сыр құямын,жыр құямын санаңа.

Білім –қару,білім керек адамға,

Ал білімді мен құямын санаңа.

2Жүргізуші: Осымен, Шарамыз аяқтала келді.

Шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз.

БІРГЕ:

ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!

Тақырыбы: «Кітап — біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.
Әдісі: сұрақ — жауап, ой қозғау, әңгімелеу
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Кіріспе
Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
Қабат — қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.( Кітап)
Осы кезде музыка әуенімен қақпа ашылып, тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. «Кітап — біздің досымыз»
І. кезең «Кітап — ғажап дос»
ІІ. кезең «Кім көп біледі?»
ІІІ. кезең «Көрініс»
ІҮ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр»

Ү. кезең «Ойлан тап»
Мұғалім: Кітап — ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап — ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап — ақылдың кені. Кітап — бар білімнің бастауы. Кітап — барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.
Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым — кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл — ауылға, қала — қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!

І. кезең «Кітап — ғажап дос»
Динара: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Нұржан: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние — мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Ботагөз: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Нұрымбет: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой — өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап — мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ән: «Мұғалім ол біздің»

ІІ. кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал — мәтелдер айтылады.)
1. Кітап — асыл қазына
2. Оқу — білім бұлағы,
Білім — ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұғалім: Кітап — шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап — адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу — білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

ІІІ. кезең Көрініс: «Кітаптар мұңы» «Әліппе мен дәптер»
Ән «Жалғыз саусақ»

ІҮ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)

3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)

4. Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Кітап біздің досымыз


  • Ашық сабақтар
  • almailyasova977
  • 26.02.2016
  • 0
  • 1
  • 14256

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Отарова Раушан Избасаровна

Сабақтың мақсаты:  

1. Кітаптың қалай,қайдан шығатыны туралы түсінік беру       
2. Халық ауыз әдебиетін насихаттап,оқушылардың  білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып дамыту.
3. Кітапты күтіп ұстауға, көркем әдебиетті оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың дайындығын тексеру

2. Негізгі бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Ендеше балалар бүгінгі «Кітап біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыздың, сайысымыздың үлкен өзіндік мәні бар. Бәріміздің білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін құрал-кітап. Кітап біздің ең жақын ақылшымыз. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Отан, туған жер туралы әңгімелелерді оқып үйренеміз. Ал балалар айналамызға қарайықшы.                           

Бұл жердің өз атауы бар ол кітапхана. Кітапхана кітаптар қоры осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер жинағы ақын-жазушылардың шығармаларын оқи аламыз. Кітапханананың өз тәртібімен ережелері бар. Кітап оқығанда қасыңдағы  досыңа кедергі жасамай оқу керек. Кітап қалай шығады?

Қағаздар Қытайда 2-ғасырда пайда болды. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалған. Шын елінің өнертапқышы Би Шен әріптерді жасап шығарды.

Қазақ тарихындағы тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт»  деген атпен Қазан қаласында басылып шықты. Кітап сөзі Араб тілінен аударғанда «жазба» деген мағынаны білдіреді.

Ал ендеше құрметті қонақтар бүгінгі сайысқа қатысатын 3 топты қарсы алайық.

1. Дарын тобы
2. Талап тобы
3  Білім тобы

Жоспар:
1 Таныстыру
2 «Кітап –рухани қазына
3 «Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім»
4 «Артық ғылым кітапта»
5 «Білім кілті кітапта»
Қазылар алқасымен танысу
         Шын жүйректер сыналады жарыста
         Жарыстыңба орта жолда қалыспа
         Әділқазы бағалайды сіздерді
         Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыспа ? дей келе әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық
Ендеше балалар сайысымызды бастаймыз.
1-кезең
Топтың аты және ұранымен таныстырады.
Бұл кезеңде ең жоғарғы ұпай 5 ұпай
2-кезең
«Кітап –рухани қазына» атты тақырыпта ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқиды.
3-кезең
«Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» Оқушылар дайындаған көріністерді тамашалаймыз.
4-кезең
«Артық ғылым кітапта» аралас сұрақтар қойылады.
1-топқа
— Кітап неден жасалады?
— Әліппенің атасы кім?
— Азайып бара жатқан жануарлар,аңдар енген кітап қалай аталады?
— Тудың авторы кім?
— Алғашқы Ана тілі хрестоматиясын жазған кім?
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
2-топқа
— Қазақ даласына алғашқы мектеп ашқан кім?
— Кітап қандай мағынаны білдіреді?
— Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
— Мектепте білім беретін адамм кім?
— Білімді неден аламыз?
3-топқа
— Білім күні қашан?
— Кел,балалар,оқылық! өлеңінің авторы кім?
— Айналадағы дүниені оқытатын пән қалай аталады?
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
— Тұңғыш қазақ тіліндегі кітап қай жылы шықты?
5-кезең
«Білім кілті кітапта»
Мақалдың жалғасын табады.
1 Күш білімде……………………………………..
2 Кітап ғажап дос………………………………………………….
3 Наданмен қас болғанша………………………………………
4 Мектеп -білім бесігі……………………………………………..
5 Кітап –білім бұлағы…………………………………………….
6 Кітап көзі жұмыққа арзан…………………………………….


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітап ?ажайып ?лем сценарий
  • Кияу мунчасы сценарий
  • Кияу каршылау сценарий
  • Кияу каршы алу сценарий
  • Киш шел на праздник