Кітап интернет ж?не жастар дебат сценарий

Скачать: интернет бір күндік, кітап -мәңгілік.



Скачать материал



Скачать материал

  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов

  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов

  • Сейчас обучается 294 человека из 60 регионов

Краткое описание документа:

«Интернет- бір күндік, кітап- мәңгілік»

Өтілу барысы: дөңгелек үстел

Мақсаты: Жастарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілдікті қалыптастырып, дамыту. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер!

Кітап- адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап- біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймасы керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деген Абай атамыз «Кітап атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рөльге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық. Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі- бүгінгі біздің «Интернет- бір күндік, кітап-мәңгілік» атты шараға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жалпы бүгінгі біздің пікір-сайысымызға қатысушылар жас кітапханашылар мен ұстаздар болып отыр. Ендеше барлығыңызды өз ой-пікірлеріңізді ашық айтуға шақырамыз.

Ендеше алғашқы сөз кезегін «ӘМҚ және ХКШ» бөлімінің оқытушысы Сұлтанғалиева Шұға Кәрімқызына береміз

Жүргізуші: Ел Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы- кітапхаанның алар орны ерекше. «Кітап- адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі. Кітап мұхитында бағыт табуға, әлемдік әдебиет сайтында бағдар іздеуге кім үйретіп, кім қол үшін береді. Сөз жоқ, кітапхана!»

Олай болса, сол кітапхананың болашақ кітапханашылар студент жастарға                       сөз  кезегін берсек.

Жүргізуші: Адам өмірінде небір түбірлі өзгерістер болуда.  Заман ағысына орай оқырмандар осы кезеңге сай нәрсені ғана қабылдауға, білуге құштар. Кітапхананың журналдар, газеттер, радио, теледидар және компьютерлер- осылардың барлығы Тәуелсіз Қазақстанның рухани қайта өрлеуіндей ақпарат көздері болып саналады.

Қазіргі кітапханалар ерте ме, кеш пе, әйтеуір, тек қана қағаз түріндегі ақпараттар орталығына айналуда. Жалпы оқырмандар тек қана кітап оқып қана қоймай, сонымен қатар интернеттен де өз керектерін  алып жатады. Осыған орай өз ойларыңызды ортаға салсаңыз.

Осы жерде «ӘМҚ және ХКШ» ПЦК төрағасы  Асылан Бауыржанұлына сөз беріп жіберсек

Қорытынды: Білімнің бастауы кітапта. Ал сол бастауға кітапқа деген сүйіспеншілікті тудыру, оқырмандарды білім дариясына бағыттап сапалы қызмет көрсету әрбір кітапханашылардың міндеті. Кітап- өмір ұстазы. Сондықтан жастар тек қана кітап оқып қана қоймай, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып- қолдана білетін, мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс.

Біздің болашағымыз- жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек. Қазақтың ұл-қыздары өмірдің қай саласына да қабілетті екендігін  көріп жүрміз. Қазірдің өзінде жастар маркетингтің, менеджменттің, коммерцияның, компьютерлік техниканың қыр-сырын жақсы меңгеріп қалды. Ал бүгінгі мақсат-дамушы емес, дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті бола алады. Ендеше, бүгінгі пікір-сайысымызда өз мәресіне жеткен секілді.

Қажу бар ма сұңқарға,

Талу бар ма тұлпарға,

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін.

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға,

Шығарар олар біз таңда

Мен жастарға сенемін!- дегендей,  ХХІ ғасыр- жастардың  жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан да қалыс қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай!

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 098 332 материала в базе

  • Выберите категорию:

  • Выберите учебник и тему

  • Выберите класс:

  • Тип материала:

    • Все материалы

    • Статьи

    • Научные работы

    • Видеоуроки

    • Презентации

    • Конспекты

    • Тесты

    • Рабочие программы

    • Другие методич. материалы

Найти материалы

Другие материалы

  • 31.03.2015
  • 2280
  • 25
  • 31.03.2015
  • 1031
  • 0
  • 31.03.2015
  • 642
  • 0
  • 31.03.2015
  • 1390
  • 1
  • 31.03.2015
  • 2765
  • 10
  • 31.03.2015
  • 835
  • 2

        Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 17 сәуір күні жастарды  кітап оқуға саналы түрде баулу, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын дамыту мақсатында «Кітап, интернет және жастар» атты дебат ұйымдастырды.

      ХХІ ғасыр – білім, ғылым және мәдениет ғасыры. Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген. Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты – білім, ал білімнің қайнар көзі – кітапта. Шараға «Болашақ» колледжі мен С. Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері және кітапхана оқырмандары қатысып, кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді, жақсы кітапты оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, өз пікірін еркін жеткізе алады. Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады және интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Шара барысында әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтану керек екендігі айтылды.







 «Тәрбие басы – тал бесік» апталығының сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны және кітап туралы мағлұмат бере отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету;
  2. Дамытушылық:Оқушыларға кітап және интернет туралы толық мәлімет беру, ой-өрісін дамыту;
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын ашық, нақты, тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу;

Қатысатын топтар: ТҰРАТ-181,САД-9-181

Сабақтың түрі: дебат /пікір — талас/

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру

Сабаққа қажетті материалдар: слайд, қанатты сөздер, интернет, видеосюжеттер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 

  1. Кіріспе сөз
  2. Негізгі бөлім (пікір – талас, ой бөлісу):
    1. Кітап және ғаламтордың пайда болуы жайлы.(топ басшылары 3 — 6 минут).
  3. Кітаптың пайдасы мен зияны ( 1 — жақтаушы, 1 — даттаушы) 3 — 6 минут.
  4. Ғаламтордың пайдасы мен зияны. Ғаламтор досымыз ба, әлде жауымыз ба? ( 2 — жақтаушы, 2 — даттаушы) 3 — 6 минут.
    4. Спикерлердің қорытынды сөзі. (3 — жақтаушы, 3- даттаушы) 5 — 10 минут.
    5. Қорытынды сөз. (мұғалім)
    6. Көрермендер пікірі, тілегі.

    Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Кітап және ғаламтор» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамастан бұрын «Кітап дегеніміз не?» және ғаламтордың біздің өмірімізде алатын орны туралы кішкене әңгіме қозғасақ. Кітап дегеніміз не?

Кітап дегеніміз – білімнің бас құралы. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан дүниені оятып, ақылшы серік болып табылатын құрал.

Кітап – дегеніміз тілсіз тәрбиешіміз, адамға бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін жан азығы,сырласушы досы бола алады. Кітап — ең керемет ғажайып зат. Сендер қолдарыңа кітап алсаңдар, әппақ қағазға жазылған түрлі белгілерді көресіңдер, сендер ол құпияны ашуға асығасыңдар.

Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар, көз алдарыңа әртүрлі оқиғалар елестейді.Сендер білмейтін адамдар өзі туралы айтып, кітап тілімен сөйлеседі.

Ал енді ғаламторға келетін болсақ, ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, iPad-сыз елестесу қиын болса, бүгінгі тіршілікті ғаламторсыз елестету тіптен де мүмкін емес.
ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Ғаламтордың арқасында қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да ғылыми-танымдық ізденістеріңізге көмекші болатын да осылар.
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей, ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік. Алайда ғаламторды жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық. Енді осы кітап және ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пікірлеспес бұрын біз
видеосюжеттер қарасақ. (видео көрсетіледі)
Сонымен «Кітап және ғаламтор» туралы алдымен сөз қозғайық.
Жоғарыда көрсетілген видеосюжеттен көптеген мәлімет көрдіңіздер. Енді өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, қоғам арасында кеңінен қанат жайып кеткен ғаламтор төңірегінде және де адам баласының жан азығы ерте заманнан адамды білімге жетелеген кітап болмақ. Алдымен осы кітап және ғаламтордың пайда болуы жайлы топ басшыларына сөз берейік.

1.«Кітап» тобының спикері

Сәлеметсіздерме құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біздің ұстанып отырған позициямыз «Кітап — білім бұлағы» Біз осы жерде кітаптың қаншалықты маңызды екенін ашып көрсеткіміз келеді.

«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сізде жақсы білесіз. Расында да қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашанда жарық. Біз бүгін сіздерге кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып көрейік.

  1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
  2. Кітап оқу — жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
  3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
  4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
  5. Кітап оқу- адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
  6. Кітап оқу- сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
  7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілетерді дамытады.

Кітап – адамзат баласына ағарту хәм білім сыйлай береді және беттерінде адамзат тіршілігінің сан құпия сырлары сақталған.

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Ең сабырлы ұстаз-кітап.Тек кітап қана қайрымдылық пен қатыгездіктің, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.

2.«Ғаламтор» тобының спикері

Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір — бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай — ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес. Кез келген адам күніне 6 -7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді. Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып — ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ — тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір — бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып — жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық — талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Бұл күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

3.«Кітап » тобының спикері

Сәлеметсіздерме құрметті қауым! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтор пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық — коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Жаңа сен бір сөзіңде «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап — шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді. Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп — қатердің түп — төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген. Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды. Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі – көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт — жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Мұғалім: Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата — аналар тәулік бойы балаларының тыныс — тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.

  1. «Ғаламтор » тобының спикері

Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор. Кітап оқығанда тұрған қандай зиян бар деп ойлаймыз. Тек дұрыс оқымаған жағдайда көзге зиян тиюі мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ кітапта әр түрлі болып келеді. Кітаптың жақсы және жаманы болады. Сонымен қатар әдеби, ғылыми, арнайы әдебиет түрлері, детектив не комикстер, махаббат туралы романдар, әлемдік деңгейдегі классикалар бар ия оны мойындау қажет. Бірақ, кітапты да дұрыс таңдай білу қажет. Біріншіден нашар жазылған туынды адамның талғамын бұзады. Кітап таңдамай оқитын адам кітап сөресінде тұрған барлық кітапты оқиды. Ол тікелей ол адамның жақсы не жаман жазылған автор жұмысын ажырата білмеуіне әкеп соғады. Екіншіден тек бір үлгідегі жанрды таңдау, адам психологиясына әсерін тигізеді. Жан жақты ойлау, елестету қабілетін жоғалтады. Ендігі жерде біз қалай оқимыз кітапты? Автобуста, тұрып, жатып, больницада, парта астында, түнде. Сіздер білетіндей мектеп таблдырығынан бізге айтылады: жатып оқуға болмайды, қараңғыда, жүріп бара жатып, машинада, метрода кітап оқуға болмайды, өйткені тікелей көз жанарымызға әсер етеді. Ең дұрысы орындықа отырып, жарық көзі сол жақтан түскені дұрыс. Кітап 30см алшақтықта тұру қажет, жарты сағат сайын көзге жаттығу жасап тұру қажет. Сол кезде ғана көзге зиян келмейді. Сондай ақ тез оқу, ортасынан ашып, немесе үзіп оқу логиканы,сонымен қатар автор ойының негізгі түйінін түсінбеуге әкеп соғады. Біз не үшін оқимыз? Бұл жерде дұрыс жауап біреу: адамның жан дүниесін дұрыс тәрбиелеуге бағытталады. Оқу немесе оқымау? қиын емес сұрақ. Ал бірақ қалай және не үшін оқу ол сіздің еншіңіз!.  Назарларыңызға рахмет.

  1. «Кітап» тобының спикері:

«Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей»,- деп Цицерон айтқандай, кітапсыз — адам өмірі бос, барлық білім – кітапта. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық та, жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Техника қанша дамығанымен компьютер уақытымызды үнемдейтін құрал. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. Ал енді ғаламтордың денсаулыққа зияны туралы айтқым келіп отыр: Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып — ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.

  6 «Ғаламтор» тобының спикері

Сәлеметсіздер ме. Сонымен бізге бала кезден кітап оқудың қажеттілігін айтады және оқытуға тырысады. Менің ойымша оқу ол бір айтарлықтай бағалы дүние деп айта алмаймын, ол құрал. Баланы алдымен үйретуге тырысады, болмаған жағдайда күштеп үйретеді. Ол дұрыс емес алдымен оның ойлау және өз ойын жеткізе білуге үйрету қажет. Әр бір нәрсенің дұрыс және бұрысы болады. Сонымен кітап оқудың зияны туралы айтсақ:

  1. Оқу ол адамды айналасындағы болып жатқан жайттардан айырады, адам өзінің ішінде қамалып қалады. Бәрін білуге тырысады, бірақ өзін ұмытады.
  2. Кітап оқу арқылы өзіңді өзгелерден жоғары санап, адам менсінбеушілік пайда болады.
  3. Оқу арқылы керекте керек емес материалдарды жинап соның ішінде жоғалу, яғни өмірмен көзқарас тура келмей қалады.
  4. Автор секілді ойлай бастау. Ол дұрыс емес. Сондықтан кітапқа үңіле бермей ғаламторға көбірек көңіл бөлейік достар .

Қорытынды сөз: ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделекті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы оқу орындарының ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз. Сонымен қатар кітап оқуға талпыну қажет. Кітап ең керемет ғажайып зат.Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын, табиғат ғажаптарын кітаптан табуға болады. Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап – сыр сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп те таңданасыңдар.Өзінің биік,таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауға теңдесі жоқ қару болып табылады.

 Кулабекова Динара Кабланбековна,
Жол-көлік колледжінің
информатика пәні оқытушысы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Интернет материалдары
  2. Газет журнал мақалалары

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Дебат тақырыбы: ҰБТ қажет емес…

Дебаттың мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері, білім ресурсы туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғауы. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.

Сабaқтың түрі: дебат сабақ.

Сaбақтың көрнекілігі: нақыл сөздер , суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.

Тайм-кипер: Нұрышова Айбала

-Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері туралы ақпараттық тұрғыдағы ой қозғауы мен сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту, сөз бен ой еркіндігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «ҰБТ қажет емес…» тақырыбындағы дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.

Дебатымызға қатысушы 7-10 сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.

«Тастүйін» палатасы

«Ақиқат» палатасы

  1. Топтардың амандасуына кезек береміз.
  2. Палата лидерлері, сараптамашылар үстелінен барып жеребе алыңыздар, өз позицияларын жеребе арқылы таңдауына кезек береміз. Қанеки, жариялаймыз. Палаталар орындарыңызға жайғасыңыздар.

Сонымен бірге дебатымызға арнайы шақырылған сараптамашылармен танысыңыздар.

  1. Мектеп психологі-Тоқсанбаева Жанерке
  2. Мектеп директоры- Жангушикова Шарбану
  3. Тарих пәні мұғалімі- Айтимов Жетес
  4. 10-11 сынып ата-аналары

1-слайд. Негізгі ережелермен таныс болыңыздар: дебат өткізу құрылымын сақтау, әр топта 5 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық, уақыт регламенті.

Палаталар позициялары бойынша кейстерін айқындап болғанша слайдқа назар аударыңыздар.

2-слайд. Дебат деген не?

Дебат –ойталқы. Пікірсайыстың түрі, ойын-сауыққа жақын интеллектуалды ойын. Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйренеді. Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш.

3-слайд. Дебат құрылымы қандай?

Мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер форматындағы дебат.

Кейс түрлері:

1.Саяси кейс(рр);

2.Құндылық кейс(варо).

 Құндылық кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ақталады деп есептейді)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай (қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер (интернеттен,газеттен) айту)

4.Философия ()

5.Аргументтер()

6.Қорытынды.

Дебатымызды бастаймыз!

І кезең: Палата лидері спикерлерімен және кейстерімен таныстырады.

Әр спикердің дәлелдемелермен сөйлеу уақыты- 5 минут.

Жақтаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?

Даттаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?

ІІ кезең : Палата лидерлерінің қарсы палата туралы сараптамалық қорытынды сөзі (5 минут)

Жақтаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды!

Даттаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды!

Сараптама қорытындысы дайын болғанша, 4-слайдқа назар аударайық.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Заман біздікі» дебат клубының президенті, «Экономика және құқық» факультетінің ІІ курс студенті, пікірсайысшы Отарбай Әлиасқармен сұхбатты ұсынамыз. «Кітапты оқысаң, қай жерде адасып жүргеніңді білесің, өз-өзіңді табасың,»- дейді О.Әлиасқар.

ДЕБАТ СІЗГЕ НЕ ҮЙРЕТТІ?
  1. Ерте тұруды. Әр ойынның алдында ойымды жинақтау үшін әрқашан ерте тұрып, ойымды жинақтаймын. Табысты адамдар ерте тұруға дағдыланған. Әдетте таңғы 5-те ұйқыдан оянамын.
  2. Беріліп кітап оқуды. Егер теледидар мен компьютердің алдында мақсатсыз отырудың, тым құрығанда, бір бөлігін пайдалы және жақсы кітап оқуға арнасаңыз, достарыңыздың арасында сіз ең білімді адам боласыз. Көп нәрсе өздігінен орындала бастайды.
  3. Қажетсіз дүниеден арылуды. Ойын барысында қажетсіз, артық ақпаратты айтсаң жеңіліп қаласың. Әрқашан ең қажетті деген дүниелерді ғана қалдыруға тырысамын.
  4. Маңызды дүниелерге назар аударуды. Ойланып, шешім қабылдауға, уақытымды медитациялауға, идеялар тудыруға үйретті.
  5. Жаттығу жасауды. Дебаттағы достарым салауатты өмір салтын ұстанады. Таңғы жаттығулар жасайды. Бірге серуендеуге шығып тұрамыз.
  6. Күнделікті машықтануды. Адам көбірек дағдыланған сайын, жолы болғыш болатынын байқадым. Бұл ешқандай кездейсоқтық емес. Жолы болу – тәжірибе мен мүмкіндіктің тоғысатын жері.
  7. Ортаға мән беруді.  Дебат маған жақсы орта сыйлады. Дәл солардың ортасынан пайдалы кеңестер, қолдау табамын. Өмірде жетістікке жету – араласатын ортаңызға тікелей байланысты.
  8. Табандылық. Уолт Диснейге «Диснейлендтің» негізін салу үшін 303-ші банк қана қор ұсынуға келісім берген. Томас Эдисон электр лампасын шығарғанға дейін 10 мың сәтсіз талпыныс жасап көрген. Мен де алғаш дебатқа келгенде қарсыластарымнан жеңіліп қалып жүрдім. Бірақ, жігерімді жанып, әрі қарай қатыса беретін болсам, жеңетініме сендім.
– Қазір ортаға шығып сабақ айта алмайтын, өз ойын толық жеткізе алмайтын балалар бар. Оларға қандай кеңес бересіз?

– Кейде балалар сабаққа қанша дайындалып келсе де, ел алдына шыққанда, не айтарын білмей қалады. Ел алдында сөйлеуге қысылатын қатарластарымыз да болды. Мұндайда үйге берген тапсырманы оқып қана қоймай, түсінікті айтып дайындалу керек. Айнаға қарап отырып, өз-өзіне сабақ айтып берулері керек. Сонда қай жерде сөздер байланыспай қалғанын, қай жерде   дауысты көтеріп айту керек екенін байқайды. Ел алдында сөйлеу мәнері жақсарған сайын оқушы өздігінен еркін, қысылмай сөйлейтін болады.

ІІІ кезең: Сараптамалық топтың палаталар жұмысына қорытындысы.

Сөз сарапшыларға беріледі.

«Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын.

Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек.

Келешекте ғаламторда отырған жастарды кітап оқитын жастар басқарады»,- деген елбасы Н.Назарбаев сөзімен дебатымызды қорытындылаймыз.

Біздің дебат клубымызға мүше болуға асығыңыздар!

Басқа материалдар

Интернет заманы басталды. Ал кітаптың жайы бір басқа. Өтпелі кезеңде осы екеуінің арасында қақпақылға түскен әдебиеттің хал-күйі жайлы жас қаламгерлермен сұхбат жүргізген болатынбыз. Енді соның алғашқы қонағы Бағашар Тұрсынбайұлы мен Арман Әлменбет. 

Бағашар Тұрсынбайұлы                          Арман Әлменбет

        Жас ақын, сыншы, журналист.             Жас жазушы, журналист.                          

Қ.Қ: Интернет кейбір қаламгерлеріміздің, тіпті, көпшілік қаламгерлеріміздің уайымына айналған секілді. Кей ағаларымыз: «Интернет әдеби ортаны жаулап алды. Онда отырған жастар әдебиетті ұмытты, арзандап барады» дейді. Осыған не дейсіз?

Арман: Рас, сөз арзан кетті. Оған белгілі бір дәрежеде интернеттің де кінәсі бар. Бірақ бар айыпты интернетке жаба салуға болмайды. Бұл топтасып жасалған «қылмыс». Асабалардың арзан сөзі, жайдарманшылардың дарақы қалжыңы, әншілердің үлгіге айналып кетуі, осының бәрі бірігіп келді де, сөзді буындырып тастады. Тек сөз ғана емес, халықтың әні де, дәстүрі де қазір хал үстінде. Ұлт жанының бір аяғы жерде, бір аяғы көрде болып тұр. 

Бағашар: Бұлай ойлауға әбден негіз бар. Бұрын интернет түгілі теледидар тапшы заманда адам рухани шөлін кітаппен басты. Ал қазір оның орнында интернет. Рухыңызды немен суарғыңыз келсе, соның бәрі бар. Тек дұрыс суара білу крек. Біз үнемі шөл үстінде жүреміз ғой.

Ал әдебиеттің интернетке жүктелуі құптайтын іс. Интернет әдебиетті емес, әдебиет интернетті жаулап алса, несі жаман?! Тек жастар соны дұрыс жағынан игерсе болды. Үлкендерді уайымдататыны сол шығар. Бірақ меніңше, адам баласы өте қиын ғой, бұл интернеттен де жалығады. Сонда бәлкім кітаппен қайта қауышатын шығармыз.

Қ.Қ: Повесть, роман секілді жанрларды газет-журналдың көлемі көтере бермейді. Ал интернетте ол жағынан қиындық жоқ. Бірақ сондай артықшылығы бола тұра, сайттардағы көлемді дүниенің оқырманы соншалықты көбейіп кете қойған жоқ. Бұның себебі неде?

Арман: Оқырманды кітапханадан не болмаса компьютер алдынан іздеудің қажеті жоқ. Оқырман бар болса, қай жерден де табылады. Жоқ болса, итпен іздеп таба алмайсың.   

Бағашар: Повесть пен романды әрине газет баспайды. Тек үзінділер ғана береді. Ал журналдар бөліп-бөліп беріп жатады. «Жұлдыз» журналы «Шыңғысханды», «Туажатты» т.б. солай берді емес пе?!

Интернетте ұзақ нәрсені оқу қиын. Қысқа әңгіме, мақаланың өзін әрең оқисың.   

Қ.Қ: «Кітап – маған тақтан да қымбат» дейді Шекспир. Ал қазір «Интернет түбінде кітаптың орнын басады. Алдағы уақытта кітапты ешкім де оқымайтын болады» деп жатады. Сонда кітапты келесі ғасырдың ұрпақтары мұражайдан ғана көретін болғаны ма?

Арман: Қазір кітап оқымайтын адам ешкімнен де кенде емес. Сен білетін нәрсені ол да біледі. Шекспирдің жоғарыдағы сөзін кез келген заман ағымына ілескен адам интернеттен тауып алады. Шаң басқан, мұқабасы тозған кітаппен дос болғаның үшін ешкімнен артық бола алмайсың. Егер осылай кете беретін болса, кітап оқу ұят шаруаға айналады. Әрине, бәрін де бір Алла біледі ғой. Бірақ әр жерден жұлып жиған білімнің пайдасы орасан болатынына өз басым сенбеймін. Интернеттен алынған білім информация ғана, сол себепті сананы астаң-кестең етеді. Астаң-кестең сана білімді боп жарытпас.

Бағашар: Мен бұл сұраққа жоғарыда жауап беріп тастадым-ау. Кітапқа оралады деп сенемін. Тіпті олай болмағанның өзінде, электронды кітаптар қазірдің өзінде бар ғой.

Қ.Қ: Өзіңіз шығарманы кітаптан оқығанды тәуір көресіз бе, әлде интернеттен де емін-еркін оқи бересіз бе?

Арман: Кітапты сарғайған қағазын иіскеп отырып оқығанға не жетсін. Бірақ тиімді болғандықтан, кей шығармаларды ұялы телефоннан оқыған кездерім де болған. Интернеті бар компьютерде отырып, басқа сайттарға кіріп кетпей, тек қана шығарманы оқитындай діні берік адам болса, оқи берсін. Егер ондай адам бар болса…

Бағашар: Кітаптың ләззатын компьютер сыйлай алмайды екен.

Қ.Қ: «Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың. Оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің» дейді Ғабит Мүсірепов. Ал интернет бетіндегі қаптаған дүниелердің асылы қайсы, жасығы қайсы, білінбей қалмай ма? Газет-журналдағы немесе кітаптағы секілді талғаммен шығарып отырар редактор жоқ қой бұл жерде?

Арман: Жақсылап қаржыландыратын адамы бар, білек сыбанып кірісер редакциясы бар бір әдеби сайт болса, шіркін. Сол сайт монополияға айналып, өзге сайттарды соңынан ертіп әкетсе. Сонда интернеттегі әдебиетте өлшем пайда болып, тәртіпке келер ме еді, кім білсін.

Бағашар: Оны жазарманның ұятына қалдырайықшы. Жазарман Ғабеңнің осы сөзін басшылыққа алып, жазуы керек шығар.

Қ.Қ: Интернет желісін пайдаланбау жаңалықтан құр қалу деген сөз болса, кітап оқымаудың зардабы не болмақ?

Арман: Кітап оқу деген кезде оның қандай кітап екенін анықтап алу керек секілді? Егер білім алатын, танымдық кітап болса, ол оқылмай қалмайды, оған бас қатырудың қажеті жоқ. Ал енді көркем әдебиет туралы олай айта алмаймыз. «Қазақ әдебиеті» газетіне осы тақырыпта бірнеше материал дайындадық, қаншама сұхбат алдық, көптеген мақала да бастық. Сол материалдарды әзірлей жүріп түсінгенім, қазір Ресей, Еуропа мемлекеттері, АҚШ секілді алдыңғы қатарлы елдерде детектив, фантастика сияқты оқиғасы қым-қуат жанрлар ғана аман қалған. Достаевскийше немесе Толстойша жазып, ешкімді таң қалдыра алмайсың. Біз дабыра етіп жүрген постмодерннің де оқырманы санаулы ғана. Демек дами-дами біз де соған барамыз деген сөз. Лириканы, сезімді тек кинодан ғана іздейтін боламыз.

Бағашар: Интернет дегеніңіз кең ұғым. Әлеуметтік желіңіз бар, сайтыңыз бар. Кітап оқымаудың зардабы, «данышпандыққа» әкеледі. «Апалы-сіңлілі үшеуде» доктордың «Кафеге бардық дейді. Сонда бәрі Шекспир, Мольер деп айтып отыр. Ал мен болсам, оларды оқымағамын. Сонда да оқыған адам сияқты отырдым. Олардың өздері де оқымаған. Сонда да оқыған адамдарша сөйледі» деген мазмұндағы сөзі бар еді. Зардабы сондай болатын шығар.

Қ.Қ: Арнайы әдеби сайттардан бөлек, шығармаларыңызды интернет желісінде (Facebook, VK, агент) бөлісіп отырасыз ба? Бұл сіз үшін қаншалықты маңызды? Өзгелердің солай бөліскеніне қалай қарайсыз?

Арман: Бір-екі рет әңгімелерімнен үзінді беріп көргенмін. Шүкір, азын-аулақ жақсы пікір естіп қалдым. Бірақ мен әлеуметтік желілердің жұлдызы емеспін, сондықтан менде ол жақта дос та көп емес (салыстырмалы түрде), маған «лайк» қою немесе пікір жазу да «мода» емес.

Бағашар: Фейсбук бүгінде кез келген сайтыңыздан артық болмаса, кем емес. Басында қарсы едім. Өйткені кейбір адамдар шектен тыс өздерін жарнамалап, тықпыштай береді. Сіздің лентаңызда бір ғана менің жазғандарым шығып тұрса, зығырданыңыз қайнамай ма? Ал өз орнымен арасында, өлең салып тұрғанға қарсы емеспін. Бұл да танылудың бір жолы. Әркімнің өз оқырманы бар. Дер кезінде пікірлер де айтылады. Мен арасында өлеңдерімді салам. Бірақ мен үшін соншалықты маңызды емес. Жақсы ақын ағаларымның өлеңдерінің астына пікір жазғым келеді.

Қ.Қ: Шығармаларыңыздың қолжазбасы компьютер ме, әлде қағаз-қалам пайдаланасыз ба? Қандай артықшылығы бар?

Арман: Компьютермен жазамын. Бұның бір артықшылығы – қара жұмысты азайтады. Қағазбен жазсаң, оны түзейсің, қайта көшіресің. Көшірген соң, тағы түзейсің, одан соң тағы көшіресің. Осы жағынан ыңғайлы. Одан соң қаламмен жазу біршама баяу жүретін процесс. Ойыңа жазуың ілесе алмайды. Ал компьютермен теру жылдам, қағазға бір әріп жазғанда компьютерде үш әріпті теріп үлгеруге болады.

Кемшілігі де бар. Ол – жалқаулыққа әкелетіндігі болса керек. Неғұрлым оңай болса, соғұрлым жалқаулана бересің. Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келеді.

Бағашар: Қағаз бен қаламды қазір пайдаланбайтын болдық қой. Өйткені ол екі жұмыс болады. Жазасың, сосын тересің. Бірақ қаламмен жазудың өзінің рахаты бар екен. (Мен бәрін рахатпен байланыстырып жібердім-ау). Әлде сағынасың ба? Түсініксіз сезім. Бірақ рахат.

Сұхбаттасқан: Қайсар Қауымбек

Сурет: Жеке мұрағаттан

  • Басты бет
  • Материалдар
  • Тәрбие сағаты
  • Басқа
  • Сынып жетекшісі
  • Кітап және ғаламтор

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

Кітап және ғаламтор

Материал жайлы қысқаша түсінік:

оқушылар мен колледж студенттеріне

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Кітап және ғаламтор

Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы

Қостанай облысы, Рудный қаласы Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі

11.06.2019

1446

3

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Күні:3.12.2015жыл

Сыныбы:10а,ә

Дебат «Ел ертеңі — жастар» ой-бөліс сайыс сағаты

Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;

-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;

-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;

-Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;

-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;

-Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;

Түрі: Дебат (пікірсайыс)

Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет)

Өту барысы (Қ.Мұрзалинаның сөзі) :

Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай-ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген.Жастар ел дамуының негізгі күші.Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес,ол ел болашағы.Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес.Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі.Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып,бала-шағаларын асырап,елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс.Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес,мен еліме,жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс.Сонда біз өркендейміз.

Әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:

Әділ-қазылар мүшелері:

  1. Тәрбе-ісі жөніндегі орынбасары:

  2. Бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары:

Бұл пікірталасқа 10а,ә сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.

Жақтаушы тобы

Қарары: «Жас Отан» жастар қанатының сьезі –барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға.

Топ мүшелері:

  1. Арай

  2. Айгерім

  3. Мөлдір

Даттаушы тобы

  1. Жанар

  2. Ақнұр

  3. Олжас

Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:

  1. Дебат ережесін сақтау

  2. Тақырыптан ауытқымау.

  3. Сөйлеу шеберлігі

  4. Жоғары мәдениеттілік

  5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы

Пікірталас ойын шарттары

  1. Әр топ өзін таныстыру.

  2. Екі топ өз ойларын ортаға салады

  3. Регламент сақтау

  4. Екі топ өзара сұрақ алмасады

  5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары

Тақырыпқа байланысты бейне сюжетке назар аударамыз.

Енді сөз кезегін оқушыларға берсек:

Жақтаушы тобы 1-оқушы: Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,-деп қасық қандары қалғанша ар-намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.

Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.

Даттаушы жақ мүшесінен сұрақ: «Нұр Отан ХДП Төрағасы кім?» (Нұрсұлтан Назарбаев)

2-оқушы: Жастарсыз- болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.

Бүгінгі жас- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміз-дің болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Өмірдің өзі де осылай емес пе, біреу келеді, біреу кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып отырады. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.

Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.

Ақиқатын ашып айтар болсақ, жастарымыз белсенді болуы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр. Жүректерінде жалын бар, бойларынан бұла күштері тасыған жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға үрке қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыға үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса нұр үстіне нұр болары анық.

Даттаушы тобынан сұрақ: 1)Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан партисы» «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезі қандай ұран бойынша өтті? (Арман.Еңбек .Сенім ұраны бойынша)

3-оқушы:Менің ұсынып отырған аргументім:«Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты жобасының маңызы зор. Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да XXI ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Мысалы: Ақтөбеде Ақтөбелік жастардың бастамасымен «Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты марафон эстафета өтті.Жастар үшін «Жасыл ел»жастар отряды 700 мыңнан астам жас қазақстандықтарды біріктірді.Осыған байланысты жастар туралы сөз қозғауға болады. Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», — деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай қарекет етуде? Барша қазақ жерін қозғамай, өзіміздің бас қаламыз Астанаға тоқталсақ жөн болар. Астана жастарының белсенділігіне үңілсек, олардың қатысуымен атқарылған көпке танымал іс – шаралар жоқтың қасы. Сол себепті Назарбаев Университетінің студенттері, Жастар Парламентінің қатарына қосылды. Бұл ұйым Алматы қаласында өз іргетасын қалап, тамырын кеңінен жайғанымен, Астанада Жастар Парламенті Еуразияның жүрегінде орналасқан Назарбаев университетінде ғана құрылған. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады.

Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!

Қорытынды сөз: Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекше-лiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп.

Ұлы педагог А.Макаренко: «Тәрбиешiнiң әрбiр қимылы, жүрiс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлiм-тәрбие берерлiктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиешi бола алады» деген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы сөз қалды.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.

Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде.

Жеңген топты марапаттау.

№2 мектеп гимназиясы

Ел сенімі –жастар

Дебат пікірталас (ой-бөліс сайыс сағаты)

Өткізген:Қ.Мұрзалина

Сыныбы:10а,ә

Шалқар-2015

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітап ?ажайып ?лем сценарий
  • Кияу мунчасы сценарий
  • Кияу каршылау сценарий
  • Кияу каршы алу сценарий
  • Киш шел на праздник