Кітап туралы сценарий балаба?шада

Ерекектер тобына арналған сценарии. Балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызылығы, білім мен ғылымның маңыздылығын түсіндіру.. Дошкольное образование, Мероприятия, Дошкольникам, "Кітап- менің досым!" атты ересектер тобына арналған тәрбие сағаты.

Үйымдастыру

кезеңі

Мотивация:

Негізгі бөлім:

Түзету жұмысы:

Байланыстырып сөйлеу:

Ұсақ қол маторикасы:

Қорытынды:

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабаққа психологиялық дайындық
Қонақ күту — салтымыз,
Оқып — біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
(құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады).
3. Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбын ашу. Жұмбақтар жасыру
Көзге танытқан,
Сөзді дамытқан.
Ойды кеңейткен,
Озықтарға теңейткен. (Мектеп)
Ойнақтаса қолыңда,
Із қалмайды соңында. (Өшіргіш)
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі. (Парта)
Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)

Қырық екі жауынгер,
Санын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер,
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Әліпби)

Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде — ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап біздің досымыз» деп аталады.
Ертегі кейіпкерімен кездесу
Марс планетасыннан қонаққа бөгде ғаламшарлық келеді. Оның қолында екі хатқалта болады.
— Балалар, бірінші хатқалтаны ашып оқиықшы.
— «Сәлем, балалар! Мен аспаннан сендердің жиналғандарыңды көріп тұрмын. Сендердің кітапқа деген құмарлықтарыңды білгім келеді. Сендер шынында да кітапты құрметтейсіңдер ме? Кітап оқуды ұнатасыңдар ма? Дәлелдеп беріңдер. Рахмет сендерге, балалар»
— Құрметпен
— Бөгде ғаламшарлық
— Балалар, біз бөгде ғаламшарлыққа кітаппен дос екенімізді дәлелдеп берейік.
Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады. Отанды сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Оны оқиды, одан тәлім — тәрбие, үлгі — өнеге алады. Сондықтан да біз кітапты сүйеміз. Кітап — біздің досымыз!- дейміз. Ол — біздің рухани жан азығымыз!- дейміз.
Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар. Олар біздің салт — дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады. 2 – сәуір — «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір — «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.
Қымбатты балалар! көптеген дүниені білдіндер, таныстындар, оқыдындар. Бүгін біз сендермен кітап туралы және кітаптың құрылымы туралы әңгімелесеміз.
Кітаптың шығу тарихы

Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұксамайтын. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу, жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталған материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырдағы артқа тастаған екен.

Кітап қалай жазылады.
Қағаздың негізгі материалы – ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарына тиеп фабрикаларға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп, одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі. Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер мәтінің мазмұнына сәйкес суреттерімен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындарына және білім мекемелеріне таратылады. Оқушылар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай тері бар екенін және көп көлемде қаржы бөлінгенін үнемі есіңде сақтау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланғаның жөн.

“Жалғасын тап” ойыны
1. Білім -… (таусылмайтын байлық).
2. Кітап — білім бұлағы,… (білім — өмір шырағы).
3. Кітап –… (алтын қазына).
4. Өнерліге… (нұр жауар).
5. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
… (Білім – жанып жатқан шырақ).

Сергіту сәті (бейнеролик)

Тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді.
— Балалар, бұл кім?
— Дұрыс. Ендеше қазір біз Абай атаның кітап туралы айтқан нақыл сөзін табуымыз керек?
«Бұл не деген жұмбақ?» ойыны
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.
…рт…қ
ғ… л… м
к…т… пт…,
…р…нб…
…қ…п
к…р…г…
(а ы ы ы і а а, е і е о ы ө у е).
Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»
(Абай)
— Жарайсыңдар, балалар. Ал, сендер кітап туралы өлең айтып бере аласың ба?
— Қане, бөгде ғаламшарлыққа кітапты қалай жақсы көретініміз туралы айтып өтейік.

Сергіту сәті (ертегі кейіпкерлері, жануарлар туралы). – Жарайсыңдар! Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер? (жауаптары.)

Ойын: «Суретті сөйлет».
Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады.
Мұғалім: — Кітапты көп оқисыңдар екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылтпаштар оқыдыңдар ма?
— Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)
— Балалар, ертегі кейіпкерлері сендерге викториналық сұрақтар алып келіпті.

Викториналық сұрақтар
1. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
2. Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)
3. Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)
4. Балаларға арналған қандай газет — журналдарды білесіңдер? («Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т. б.)
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап»)
7. Кітапты жазған адамды қалай атайды? (Автор)
8. Халықаралық балалар кітабы күні қай күні? (2 сәуір)
9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23 сәуір)

— Жақсы, балалар, сендер бөгде ғаламшарлыққа кітапты сүйтіндеріңді дәлелдеп бердіңдер деп ойлаймын. Ал енді екінші хатқалтаны ашуға құқымыз бар деп ойлаймын. (Екінші хатқалтаны ашу.)
«Балалар, сендер шынымен де кітаппен дос екенсіңдер. Кітап оқысаңдар білімдерің толады. Білімді, парасатты адам боласыңдар. Ендеше мен сендерге келесі ескертпені бергім келеді. Ойларыңа түйіп алыңдар. Сонымен бірге мен сендерге кітаптың арасына салатын белгі бауды сыйға тартамын. Балақайлар, мен сендерге сәттілік тілеймін!»
— Құрметпен Бөгде ғаламшарлық

Кітап туралы ережелер:

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
7. «Кітап – сенің досың» екенін ұмытпа!

Сәлеметсіздер ме?

Шеңберге тұрып

іс-қимылмен жасау

 Балалар: — Қош келдіңіздер қонақтар!

 

1. м е к т е п
2. ө ш і р г і ш
3. п а р т а
4. т а қ т а
5. ә л і п б и

Балалардың жауабы тыңдалады.

1 — оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.

2 — оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.

3 — оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.

4 — оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.

5 — оқушы:
Заводтарда күн — түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.

6 — оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.

7 — оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.

8 — оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.

9 — оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп — тегін.
Білмейсің — ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.

10 — оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.

Кітап – білім бұлағы

Кештің мақсаты:
Мектеп оқушыраны кітап оқуға тарту. Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты үйрету.

Көрнекілігі:Кітаптар,
плакаттар.

Кештің 
бағдарламасы: Кештің өтуіне атсалысқандар 6 «А» сынып оқушылары

Кешті екі жүргізуші бастайды.

1-жүргізуші:

2-жүргізуші:

1-жүр.: Құрметті
ұстаздар мен оқушылар 23-сәуір Қазақстанда Бүкіләлемдік «Кітап күні» аталуына
байланысты «Кітап –білім бұлағы» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүр.: Кітап
арқылы адамзат ақыл-ойының інжі маржанын бойына жинайды да, оларды
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

1-жүр.: Кітапсыз
адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен біздің тұрақты мәңгілік
сенімді серігіміз де.

2-жүр.: Балалар,
сендер жылдан жылға осы кітаптан оқып, білім алып, кітаптан мәдениеттілікті,
адамгершілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетіп келесіңдер.

1-жүр.: Кітап –
заманымыздың өмірі, ол кәрігеде, жасқа да кажет дей келе оқушыларымызды
орындауында кітап-білім бұлағы деген өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-оқушы

Кітап!

Сен – адамзаттың
жақын досы,

Келмейді сені
оқымай көңіл хошы.

Ел мұны, өмір сыры,
ақын жыры-

Басылған таңба
болып өзіңе осы.

2-оқушы

Сөйлеп өзіңменен
тіл қатады,

Еріксіз сөзін
жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп
өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде
достай сырласады.

3-оқушы

Ақылдың сөнбейтұғын
шам-шырағы,

Білімнің
сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ
беттеріңді өткен күнмен

2-жүр.: Кітапты
оқып өспеген біздің болашағымыз қандай болмақ?

1-жүр.: Ия, өкінішке
орай ондай оқушылар бар. Ғалым да, ақын-жазушылар, археолог, мұғалім, дәрігер
барлық маман иелері осы білім арқылы зор жетістікке жетті. Білім бұлағы –
кітап. Олай болса білім бұлағы – кітапты оқымайтын жалқау жөнінде «Жалқау
жауабы» атты көрініс ұсынамыз.

Мұғалім рөлінде –

Жалқау рөлінде –

Мұғалім: — Қарағым,
қалғыма,

                  
Қара жөндеп алдыңа,

                  
Сөздің турасына келсек

                    
Дәптерің қайда, көрсет?

Оқушы:  — Сыныпта
қалып кетіпті,

                  
Біреулер алып кетіпті.

Мұғалім: —  Одан да
балақай

                        Десеңші
жазбадым.

Оқушы:   —      Жоқ,
ағай жазғам

                        Кеше
құдыққа барғам,

                        Сонда
түсіріп алдым,

                        Парағын
ұшырып алдым

Мұғалім: —      Болмаса,
оқығаныңды айт.

                        Көңілге
ьоқығаныңды айт.

Оқушы:   —      Ағай,
оқыдым

                        Үйде
отырмадым.

Мұғалім:  — Е,
қайда болдың?

                        Не
ойладың?

Оқушы:   —      Сайда
болдым,Доп ойнадым.

Мұғалім:  —     Кешкілік
не істедің?

Оқушы:  —       Асық
ойнайтын жерді тегістадім.

                        Енді
түрегеліп,

                        Үйге
кіре беріп,

                        Табалдырықтан
құлап түстім.

                        Ұзынынан
сұлап түстым.

Мұғалім: —      Кітап
бетін аштың ба?

Оқушы:  —       ия,
көрпенің астында

                        Біраз
қарап,

                        Парағын
санап,

                        Басым
ісіп кетті.

                        Денем
ысып кетті.

Мұғалім: —      Жатып
оқуға бола ма?

Оқушы: —        Жоқ,
ағай

                        Ойыннан
соң қарным ашып,         

                        Дегбірім
қашып,

                        Табақпен
іші кең,

                        Көжені
көп ішіп ем.

                        Шертиіп
тойып кеттім,

                        Сосын
төсекке қойып кеттім.

                        Сөйтіп
қалжырап,

                        Тәтті
ұйқымен маужырап,

                        Сабақ
оқи алмадым.

Мұғалім: —      Онда
саған,

                        Тиісті
баға «жаман»!

2-жүр.: Балалар,біз
барлығымыз кітаптан оқып, білім алып, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті,
ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетіп келеміз. Сондықтан да ,
кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп дұрыс
оқу керек.

1-жүр.: Құлақтан
кіріп бойды алар,

               Әсем
ән мен тәтті күй.

              
Көңілге түрлі ой салар,

               Әнді
сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз. Орындалатын 
«Жыр дастаным» әні.

2-жүр.: Кітапсыз
өтілген бір күн орны толмас бос кеткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу
де үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас күнінен бастап, өмір бойы оқи білуге баулу
керек дейди Маркулевич.

1-жүр.: «Кітаппен
дос бол, кітаптың жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі»,- деген
расул Гамзатов. Кітап оқу білімге жетелейді дей келе оқушыларымыздың білім
жөнінде өлең шумақтарын тамашалайық.

1-оқушы:

Ақыл керек, білім
тыңдап оларға,

Білім керек іске
жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара
түнді ашатын.

2-оқушы:

Білім жарық , нұрын
соған шашатын,

Біліктіні тыңда –
ақылдың бұлағы.

Білімді сөз – шырын
жанның құнары.

3-оқушы:

Тәрбиесіз бала
білім ұғар ма?

Олай болса,
уысыңнан шығарма.

Тартар күйік, ет
кескендей етінен,

Қатты тәртәп көсе
бала күніңде,

өмірімен қуантады
түбінде.

2-жүр.: кітап
қызметін айтып ьауысу мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан да, сол білім нәрімен
сусындататын, өткен өмір тарихымен таныстыратын, бізге үнемі дос болып, қызмет
ететін кітапты құрметтейік.

1-жүр.: Сөйлесіп
өзіңмен тіл қататын.Еріксіз сөзін тыңдататын – кітап, кітап оқитын адамның көзі
ашық дей келе «Оқыған адамның көзі ашық» атты көріністы ұсынамыз.

Қызы рөлінде:

Әкесі рөлінде:

Қызы:(кітапты оқып)
«Оқығанның – көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады»

Қызы әкесіне келіп:
«Оқығанның – көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деп жазып қойыпты. Бұл не
деген?

Әкесі: Оқыған адам
көпті біледі. Көзінің ашық болатыны содан, ол оқымағанның дүниеден хабары аз
болады. Бұл соқырмен тең етеді.

Қызы: Міне, әжем
оқымаған. Сонда да соқыр емес қой. Ал сен қызметтен келсең-ақ болды, отырып
алып оөи бересің. Сонда да, көзіңнің артық ештенесі де жоқ. Әжемнің көзіндей.Ой
қолым сия болып қалыпты. Не істейін? Әжем ыстық сумен жу деген соң, ыстық сумен
жуып едім қолып күйіп қала жаздады. Әке не істейін?

Әкесі: Күкіртпен
ысқылап жібер

Қызы: Әке, сіз бұны
кімнен көрдіңіз?

Әкесі: Ешкімнен де
көргенім жоқ. Кітаптан оқыдым. Оқыған  адамның көзі ашық деген, міне осы.

Қызы: Әке,
«Оқығанның — көзі ашық. Оқымаған соқыр болады» деген сөздің мағынасын енді
түсіндім.

2-жүр.: Білім алар
көп адам.

              
Жақсы нәрсе жоқ одан.

              
Қызыға кеп оқимын,

              
Кітап көрсем жаңадан.

              
Кітап маған ұнайды,

              Кітап
– білім бұлағы.

1-жүр.:Жас көңілдер
жайнасын,

              Шешен
тілдер сайрасын.

              Айтып
жібер бір әнді,

              Әнші
Айсұлу қайдасың? деп Айсұлудың  орындауындаға «Чему учить в школе» әнін
ұсынамыз.

2-жүр.: Ізгілікті,
шындықты үйрететін кітабымызды жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей, таза ұстау керек.
Кітапты аздырып-тоздыратындардың бірі – шаң-тозаң. Шаң-тозаң соншама қолға
жұмсақ болғанымен, зиянды. Шаң-тозаңды құрғақ шүберекпен сүртіп тұру керек.
Кітапқа шаң-тозаң енбеу үшін оларды тығыз етіп орналастыру қажет.

1-жүр.: Кітаптың
тысы тез оңып кетеді. Сол себепті кітап салған шкафты терезеге қарама қарсы
қоюға болмайды. Кітапқа дақ түсірмей, таза ұстау керек. Балалар кітапты таза
ұстау керек. Сендер кітапты қалай ұстау керек жөнінде мағлұмат алдыңдар. Ал
қазір сіздерге кітапты таза ұстамаған оқушы жөнінде көрініс ұсынамыз.

Мұғалім рөлінде:

Оқушы рөлінде:

Мұғалім: Қанекей,
балалар тынышталып дәптер алыңдар. (Айдос умаждалған кітабын шығарды.)

Мұғалім: Айдос
кітапты осылай ұстауға бола ма? Бұл кітапты шығаруға, безендіруге қвруар қаржы
жұмсалатынын, қанщама адамдар тер төгетінін білесің ба?

Айдос: Жоқ,
білмеймін. Кітап шығару соншалықты қиын ба?

Мұғалім: Балалар,
сендер білесіңдер ма?

Оқушылар: Жоқ.

Мұғалім: Ал, ендеше
балалар сендер мұны біліп жүрулерің керек. Ең бірінші орманшының аялы
алақанымен өсірген ағашты, қанша адам тиеп кеседі. Тиеп оны машинист ағамызға
тапсырады. Машинист ағамыз бұл ағаштарды қағаз жасатуға заводқа апарады. Заводтағы
аға-апларымыз бағалы қағаз жасап, әдемілсін көркемдеп берсін деп суретші
ағайларға тапсырады. Қаншама уақыт отырып суретшілер көркемдеп, ғалымдарға
тапсырады.Ғалым аға-апаларымыз кітапты ұзақ толғпнып,жылдар бойы жазады. Ғалым
аға-апаларымыз жұмыстарын әріп терушілерге береді. Әріп теру үшін талай адам
терлеп, баспахана ішінде айлап тыныш көрмейді. Баспаханадан түптелген кітап
болып шығып, оқулықтар мектеп оқушыларына беріледі. Айдос көрдің бе саған
беріліп отырған оқулыққа қаншама адам еңбек еткенін. Ал, сен мына кітаптаы
дұрыс ұстамай, қанша адамның еңбегін бағаламай отырсың.

Айдос: Апай
кешіріңіз. Осы уақытта дейін мен соншама адамның тер төгіп, еңбек еткенін
білмеппін. Енді бұлай істемеймін. Үйге барып кітабымды қаптап, түптеймін.

Мұғалім: Білім
шырағын беріп отырған оқулықты құрметтеп, еш беттеріне дақ түсірмей, кірлетпей,
күтіп ұстап, кішілерге табыс етуіміз керек. Балалар, енді бұдан –бұлай кір
ұстап, умаждаймыз ба?

Балалар: Жоқ.

2-жүр.: Иә, балалар
кітап шығару үшін қанща маман иелері еңбек етеді десеңші. өміріңді
нұрландыратын кітап.

1-жүр.: «Мектепте
оқу керек, ал  мектептен шыққан соң онан да  көп оқу керек!» —  дейді ғалым
Д.Писарев.

2-жүр.: Іздегенде
табады,

              
Ғалым жұмбақ, тау сындас.

              
Білім өмір сабағы,

              
Ғұмыр бойы таусылмас,- дей келе келесі кезекті әнге береміз. Айсұлудың
орындауында «Ұстазым» әнін ұсынамыз.

1-жүр.: Кітап оқу –
тіл байлығын дамытып, білімдітолықтырып, адамның көңіл-күйін көріктендіреді.
Сондықтан да кітапты көп оқып, өз білімдеріңізді жетілдіріп, саналы да, білімді
адам болып өсіңіздер дей келе «Кітап ескірмейі» атты көріністі ұсынамыз.

Азамат рөлінде:

Ерлан рөлінде:

Ерлан:  — Е,
достым! Не істеп жатырсың?

Азамат: — Ә, Ерлан
сен екенсің ғой. Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр
едім.

Ерлан: — Қой,
Азамат! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Саған бұл кітаптар керек болмаса
маған бер.

Азамат: — Ала ғой,
маған керегі шамалы.

2-жүр.: Бірер
күннен  кейін мұғалима апай бир тапсырма береді. Сол кезде Азаматтың бұл
тапсырма Ерланға берген кітабында бар екені есіне түседі, Ерланға бару
керектігін жөн көрді.

Азамат:Апайымыздың
берген тапсырмасы Ерланға берген кітабымда, кітабымды оған неге бердім екен?Амал
жоқ Ерланға барып кітабымды уақытша маған беруін сұрап көрейін.

Азамат Ерланға
келіп: Ерлан қалай жағдай? Мен саған берген кітабымда бір тапсырманы жазып
алайын деп едім. Бере тұршы.

Ерлан: Қарындасым
Ләззат алып кетіп еді. Бұл кітаптардан мен көптеген мәлімет алдым.

Азамат: Маған
керегі шамалы деп бекер айтыппын. Сен дұрыс айтыпсың. Кітаптың сырты
ескіргенмен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді екен.

Ерлан: Азамат оны
түсінгеніңнің өзі де бір жеңіске жеткенің. Қарындасым алып келген соң,
кітаптарыңды өзіңе апарып тастаймын.

Азамат: Рахмет,
досым. Сендей ақылды да, адал дос болғанына қандай қуаныштымын.

2-жүр. Иә, балалар
мына көріністен кейін кітаптың сырты ескіргенмен, ішіндегі ақыл сөзі ескірмейтінін
түсінген шығарсыздар.

1-жүр.: Әрбір оқушы
білімін шыңдау үшін кітап оқуы тиіс. Еліміздің болашағы біздер, сондықтан да
жалықпай, шаршамай көп ізденіп, ғылым мен білімнің жолына түсулеріңізді, кітап
оқып, оны таза, мұқият ұстауларыңызға шын жүректен тілектеспін.

2-жүр.: Көмекші дос
– кітап болатынын әрқашанда естен шығармаңыздар деп кешімізді аяқтауға рұқсат
етіңіздер.

Қорытынды:
Қорытындылай келе кешті өткізудегі мақсатымыз. Оқушылар көп оқып, өз білімдерін
жетілдіріп, білімді адам болуға тәрбиелеу. Білімнің жолына түсулеріңізге
кітаптың рөлі өте зор екенін жеткізу.

Кітап – алтын қазынам


  • Сценарилер
  • admin
  • 25.01.2017
  • 0
  • 1
  • 29992

Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
кітапханашысы: Дадабаева Эльмира Токеновна

Сабақтың тақырыбы: Кітап – алтын қазынам

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың оқулықтан алған білімдерін байқау.

ә) Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту.

б) Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі» нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шарлар, гүлдер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Кітапханашы:  

Кіріспе: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған  «Кітап – алтын қазынам» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана-білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады.

Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталмақ.

Ендеше, мен бір жұмбақ жасырайын: 

Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.            (кітап)       

Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын — шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

І топ – Кітапсүйерлер

ІІ топ – Кітапқұмарлар

Әр топтың өнерін Әділқазы алқасы бағалайтын болады. ( таныстырып өту)

Әр топтың өздерін таныстыруы. (бағаланбайды)

Кітапханашы:  

Ал, келіңдер, келіңдер,
Дұрыс жауап беріңдер.
Білімдеріңді  көрсетіп
Алға оза беріңдер!

І кезең. «Білім көзі- кітапта» Бұл кезеңде қойылатын сұрақтарға жауап беру керек.

1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

І топқа:

1. Кітап күні қашан атап өтіледі?  2-сәуір
2. Мамыр айында қандай мереке күндері бар?  
3. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім?  Ы.Алтынсарин
4. Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл?  166 жыл
5. Қазақтың үш биін ата?

ІІ топқа: 

1. Қазақтың аңызына айналған батыры кім? Б.Момышұлы
2. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
3. Жыл атауынан құр қалған қандай жануар? Түйе
4. Қазақтың алғаш әліппесінжазған кім? А.Байтұрсынов
5. Ы.Алтынсариннің туғанына неше жыл? 170 жыл

Сауық кешке келейік,
Сөз маржанын терейік.
Кім көп білер екен деп
Мақал айтып көрейік.

ІІ кезең.  «Мақал-сөздің мәйегі»  Бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.    Оқусыз білім жоқ
       Білімсіз……………. (күнің жоқ)

2.    Тіліңмен жүгірме,
       Біліммен……………. (жүгір)

3.     Ғылым — теңіз,
        Білім -………….. (қайық)

4.     Күш — білімде,
        Білім —  ……… (кітапта)

5.    Білекті бірді жығады,
       Білімді ……………. (мыңды жығады)

6.    Оқу-білім бұлағы
       Білім ……………. (өмір шырағы)

7.    Оқу — білім азығы,
       Білім -……………. (ырыс қазығы)

8.    Кітап- ғылым,
       Тілсіз……………. (мұғалім)

9.    Ақыл тозбайтын тон,
       Білім……………. (таусылмайтын кен)

10.  Білім арзан,
      Білу………… (қымбат)

Кітапханашы:  

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жан дос, ізденейік қосыла.

ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар»  Бұл кезеңде әр топ берілген сұрақтарға өзіне берілген әріптен ғана басталатын сөздермен жауап беру  тапсырылады.

Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

«А»  дыбысы                                             «Б» дыбысы

Қала-                                                          Ұлттық тағам-

Өзен-                                                          Ат жарысы-

Ақын-                                                          Әнші-

Сәндік бұйым-                                             Батыр-

Хан-                                                            Сәндік бұйым-

Кітапханашы:  

Кел, балалар, келіңдер,
Қызық кітап көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Сурет сырын ұғыңдар.
Білім бар да, оқу бар
Оқығанды тоқыңдар.

ІV кезең. «Ойлан, тап»  Бұл кезеңде жасырынған сурет арқылы сөздерді табу тапсырылады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Кітапханашы:  

Өмір мәні өнер менен білімде,
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.

V кезең. «Үй тапсырмасы» Бұл кезеңде әр топ өздері дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Әділқазы алқасы ұпай қорытындысын шығарғанша көрермендерге жұмбақ жасыру.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.  (кітап)

Көлемі шағын, көп қыры,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сыйып кетеді.       (кітап)

Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.    (әріптер)

Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.  (кітап)

Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.  (кітап)

Қорытынды:             

Кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстыру. Кітапты күтіп ұстаған оқушыларды үлгі ету.

Кітапханашы: 

Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең,
Адаммен таныс,
Өнерің кеш қалмайды.

Кітапхана — білімпаздар мекені. Оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, керекті тапсырмаларына дайындалады. Біздің кітапхана кішкене болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге еңбек етейік. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.


Хмельницкий жалпы білім беру мектебі. 1 сынып Кітапханаға саяхат.

Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-сарқылмас қазына”.

Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін  ұғындыру.

Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Интерактивті тақта, тақтадағы суреттер

Сабақтың барысы:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Жұмбақ шешу.

Көп әңгімем өлеңім,

 Күнде ақыл беремін.

 Жақсы көрсе мені кім,

 Мен де оны жақсы көремін.   ( Кітап).

 Не білеміз?.

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)

Папирус” кітабы.( слайд)

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп  аталатын су  өсімдігінен дайындалған  материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

Пергамент” кітабы.( слайд)

Кітап  басу цехы.( слайд)

Түптеу цехы.( слайд)

Мағынаны тану.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.

Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.

Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3.Кітапты қалай болса солай оқыма.

4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.

5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Кітап көрмесі.

Даналық сөз

                  Артық ғылым кітапта

Ерінбе оқып көруге.

                                                                       Абай.

                 Кітап маған тақтан да қымбат.

                                                                        Шекспир.

                    Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы

                                      ғажайыптардың бірі.

                                                                      Горький

“Жалғастыр”.

1.Білім — … (таусылмайтын байлық).

2.Кітап — білім   бұлағы, … (білім — өмір шырағы). 

3.Кітап – … (алтын   қазына).

4.Өнерліге … (нұр жауар).

5.Өнер — ағып    жатқан    бұлақ,

    … (Білім – жанып жатқан шырақ).

Ребус шешу.

Жұмбақтар.

1.Ілулі тұр кең алаң,                       

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,                                            

Сүртем сосын өшіріп.

(Тақта).

2.Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.

(Бор)

3.Сансыз ойлар бетінде,                    

  Сайрап жатыр бар тілде.                     

  Керекпін мен әр күнде,  

Өшпейді бір әрпім де.

(Кітап).                                       

4.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

  Өшпейді бір әрпім де.

  (Қаламсап).

Ой қозғау.

Кітап неден, қалай жасалады?

 Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

 Кітапты қалай ұстау керекпіз?

 Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба?

Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?

Қорытынды:

Кітабың сенің, құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы:
1 — бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. I слайд
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде — ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. 
2 — бөлім. Кіріспе.
II слайд. Кітап туралы не білеміз? Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)
Мағынаны таны. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
3 — бөлім. Топтық сайыс. 1. Таныстыру. 
2. Жалғастыр Ойын: Кітап нені сүйеді?
3. Көркем сөз оқу Даналық сөз
4. Ойлан, тап.
5. Өнер көрсету
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. слайд Жалғастыр
1. Кітап — таусылмайтын байлық.
2. Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
4. Өнерліге нұр жауар.
5. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Білім — жанып жатқан шырақ.
1. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
4. Білекті бірді жығады,………………
5. Оқу білім бұлағы,………………..
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі? Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық (тақпақ)
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан — жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап — білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Қорытынды.

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

Кітапханаға саяхат

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап , әңгіме.

Көрнекілігі: Кітап көрмелер , «Бес арыс», «Үш бәйтерек» және Қазақ билерінің кітаптары суреттері және «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі.

1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Кітап көрмелері мен таныстыру.

б) Қызықты кітаптар ұсыну.

Мұғалім

1. Біздің мектеп кітапханасында кім жұмыс істейді?

2. Ол кісі сендерге не береді, қандай кітаптарды береді?

3. Сендер қандай кітаптарды оқисыңдар?

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Алдыңғы сабақта біз мектеп кітапханасы туралы өткен болсақ, ал бүгін біз сендермен кітапханаға саяхат жасаймыз. Саяхат жасауды біз бәріміз жақсы көреміз ғой.

Кітапханашы: Білесің бе, кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың,

Оқып- біліп, зерттеп кіріп санаға

Терең білім, ой маржанын құясың. Кітап-рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітапханашы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

Кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап

«Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсынов атамыз. Ахмет Байтұрсынұлының балаларға арнап жазған өлеңдері өте көп. Ол өлеңдерді жоғары сыныптарда оқитын боламыз . Ал қазір мен сендерді кітапханадағы ең үздік кітап көрмелерімен таныстырып өтейін дей отырып «Елбасы мұраты ел бақыты- Гүлденген Қазақстан» , «Қазағымның киесі Қазығұртым», «Мерей той иелері» және «Ертегіер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстыру. Біздің кітапхана ертегі, өлең және қызықты кітаптарға толы- мыс: Қазақ ертегілері, Андерсен ертегілері, Сенің өмірің сиқырлы әлем, Сиқырлы думан , Жануарлар туралы ертегілер, Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы т.б кітаптарға толы кітапхана.

3.Сабақты қорыту. Көрініс көрсету.

1-оқушы: Ух,шаршағаным-ай.

2-оқушы: Неге сонша мұңайдың ,досым?

1-оқушы: Мұңаймасқа не шара, мен баспадан шыққанымда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы едім.

2-оқушы: Енді не болды? кім сені осы халге түсірген?

1-оқушы: Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек

деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.

2-оқушы: Қой достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын ауруыңды емдеймін.

1-оқушы: Ондай жақсылығың болса рахмет. (Екеуі бірігіп «Кітап дәрігері» жазуы бар столға келеді)

Дәрігер: Ия достар, қай жерлерің ауырады Көріп жіберейін..

( Кітапты айналдырып қарайды )

Дәрігер: (басын шайқап) Парақтарың жыртылған, түптеу керек, желімдеу керек,- деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай деп ескертеді:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Балаларға көріністі көрсете отырып кітапты таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапханашы:

Балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында ертегі кітаптар ұсыну.

4. Үйге тапсырма беру. Алған ертегі кітаптар жайлы түсініктер айту.

Кітапханашы: Көлбаева. М

Кештің тақырыбы: «Кітап-сарқылмас рухани әлем»

                Кештің мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 Көрнекілігі: кітап көрмесі «Кітап — өлмейін дүние», «Кітапты сүйсеңдер! Ол өміріңді нұрландырады» , «Кітап — көзі жұмыққа — арзан, көзі ашыққа — маржан» тақырыбында слайд – шоу.

Анкеталық сұрақтар:

1.Кітап деген не?

2.Қағаз қайдан алынады?

3.Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?

4.Кітап, қағаз туралы қандай ұлағатты сөздер бар?

І бөлім . Кітап тарихы. Кіріспе.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі кітаптардың түп атасы алғашқы кітаптың қашан, қайда жазылғанын білесіңдер ме?

Алғашқы  кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар , ассериялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Ең алғаш кітаптар балшықтан жасалыпты. Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Кітап осындай бірнеше сатыдан өтіп, біздің қолымызға дәл бүгінгі күйінде жетіп отыр.

  1. 1. Бүгінгі кешке « Тілшілер», «Химик — ғалым», «Жазушы — баспагер» шақырдық.

Тілші: Кітап дегеніміз  не? Бұл жөнінде әдебиетші — ғалым ретінде не айтар едіңіз?

Әдебиетші жас ғалым:Менің ұғымымша, кітап дегеніміз — адамның рухани азығы, білім, ақыл — кеңес алатын құралы. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді.

2.Тілші: Қағаз қашан , қалай пайда болған, оның өткені мен бүгінгісі келешегі туралы химик — ғалым ретінде не айтасыз?

Химик — ғалым: Адамдар қағазды пайдалануды ІІ ғасырда үйренді.Қағаз  Қытайда ойлап табылды да , қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия сақтады. Еуропада қағаз Х ғасырда пайда болды. Ол ескі шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасалды.Кітап шығаруға сентетикалық талшықтан жасалған қағаз қолданылады. Болашақта шыныдан қағаз жасалады деп күтілуде.

  1. Тілші: Келесі сұрақты баспагер — ғалымға қойғымыз келеді? Кітап халықтың рухани азығы дейміз бұл тұрғыда сіздің пікіріңіз?

Баспагер -ғалым :ең алғаш Қытайда бамбуктен жұқа тайақша әзірленіп , соған жазған. Ал ежелгі египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің заманымыздың ІІ жартысында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір матирал дүниеге келген.Ол пергамент деп аталған. Ол жануарлардың терісінен әзірленген . Кітап — араптың «жазу» деген сөзі. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры , тарих шежіресі оқу — тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар — еврей еліндегі «таурат», қытай тіліндегі «конфуций» , парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу», арая тіліндегі «Құран». Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Калиграфия қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.

Баспагер-ғалым: «Өнер алды — қызыл тіл» дейді ғой халық. Сол өнердің де, білінің де алды, адамдар қарым-қатынастарының басты құралы болып табылатын — ана тіліміз. Ана тіліміздің сөздік қоры бай, оралымды тіл екенін көреміз.

«Қалың елім — қазағым, қайран жұртым» дейді Абай. Ана тіліміз — ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қастерлі мұра.

Кітап туралы өлең оқылады.

1-оқушы: Сен Адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы: Кітап менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастаған.

Кітап оқып, жан дүнием, бойымды,

Шабытты жыр тудырам, жас қалам!

Кітап — менің асыл, жақұт, сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.

Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

3-оқушы: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күн мен беттеріңді,

Келер күн көз алдымда кеп тұрады.

4-оқушы: Кітап менің жол шырағым, серігім,

Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы,

Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,

Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.

5-оқушы: Кітапхана — кітаптардың ордасы,

Білсең кітап — нағыз жолбасшы.

Біздің ғасыр білімділер ғасыры,

Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасшы.

6-оқушы: Иә, білім анамыздай емізген,

Білім терең мұхиттан да теңізден.

Ал, білімнің кітап нағыз бұлағы,

Қанып ішсең сусыныңды қандырған.

ІІ Бөлім. «Білімнің көзі кітапта»

  • Кітап туралы қандай ұлағатты сөздер бар?
  • Кітапсыз үй — жансыз дене.
  • Кітап — ғажайып дос.
  • Кітап — өмір ұстазы.
  • Кітап — рухани құндылық.
  • Кітап — асып-таспайтын адал досымыз.
  • Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың.
  • Кітап туралы тақпақ,жұмбақтар айтылады:
  1. Оқу — білім қазығы,

Білім — өмір азығы.

  1. Бір қойым бар, қаны жоқ,

Қанатының саны жоқ.

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар жаны жоқ.

Тілі барда үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлей туған ішінен.  (кітап)

ІІІ. Қорытынды.

Кітап- шебер  ұстаз. Ол- тілсіз мұғалім. Сонымен  бүгінгі  іс-шарамыздың  кейіпкері- кітап. Ол- бүкіл  адамзаттың  ұстазы.

Оқы  талмай, түй  санаңа,  жас  ұлан,

Сыр  құямын,  жыр  құямын  санаңа,

Білім-қару, білім  керек  адамға,

Ал білімді  мен  құямын  санаңа.

Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек. Кітап —  сегіз қырлы, терең сырлы, тәрбиеші, үйретуші.

Кітап — алтынн қазына. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді, -деп кешімізді аяқтаймыз.

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Кітап білім бұлағы. Іс-шара сценарий

Поделитесь с коллегами:

Кітап — білім бұлағы

Кештің мақсаты: Мектеп оқушыраны кітап оқуға тарту. Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты үйрету.

Көрнекілігі:Кітаптар, плакаттар.

Кештің бағдарламасы: Кештің өтуіне атсалысқандар 6 «А» сынып оқушылары

Кешті екі жүргізуші бастайды.

1-жүргізуші:

2-жүргізуші:

1-жүр.: Құрметті ұстаздар мен оқушылар 23-сәуір Қазақстанда Бүкіләлемдік «Кітап күні» аталуына байланысты «Кітап -білім бұлағы» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүр.: Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының інжі маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

1-жүр.: Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен біздің тұрақты мәңгілік сенімді серігіміз де.

2-жүр.: Балалар, сендер жылдан жылға осы кітаптан оқып, білім алып, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетіп келесіңдер.

1-жүр.: Кітап — заманымыздың өмірі, ол кәрігеде, жасқа да кажет дей келе оқушыларымызды орындауында кітап-білім бұлағы деген өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-оқушы

Кітап!

Сен — адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұны, өмір сыры, ақын жыры-

Басылған таңба болып өзіңе осы.

2-оқушы

Сөйлеп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

3-оқушы

Ақылдың сөнбейтұғын шам-шырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ беттеріңді өткен күнмен

2-жүр.: Кітапты оқып өспеген біздің болашағымыз қандай болмақ?

1-жүр.: Ия, өкінішке орай ондай оқушылар бар. Ғалым да, ақын-жазушылар, археолог, мұғалім, дәрігер барлық маман иелері осы білім арқылы зор жетістікке жетті. Білім бұлағы — кітап. Олай болса білім бұлағы — кітапты оқымайтын жалқау жөнінде «Жалқау жауабы» атты көрініс ұсынамыз.

Мұғалім рөлінде —

Жалқау рөлінде —

Мұғалім: — Қарағым, қалғыма,

Қара жөндеп алдыңа,

Сөздің турасына келсек

Дәптерің қайда, көрсет?

Оқушы: — Сыныпта қалып кетіпті,

Біреулер алып кетіпті.

Мұғалім: — Одан да балақай

Десеңші жазбадым.

Оқушы: — Жоқ, ағай жазғам

Кеше құдыққа барғам,

Сонда түсіріп алдым,

Парағын ұшырып алдым

Мұғалім: — Болмаса, оқығаныңды айт.

Көңілге ьоқығаныңды айт.

Оқушы: — Ағай, оқыдым

Үйде отырмадым.

Мұғалім: — Е, қайда болдың?

Не ойладың?

Оқушы: — Сайда болдым,Доп ойнадым.

Мұғалім: — Кешкілік не істедің?

Оқушы: — Асық ойнайтын жерді тегістадім.

Енді түрегеліп,

Үйге кіре беріп,

Табалдырықтан құлап түстім.

Ұзынынан сұлап түстым.

Мұғалім: — Кітап бетін аштың ба?

Оқушы: — ия, көрпенің астында

Біраз қарап,

Парағын санап,

Басым ісіп кетті.

Денем ысып кетті.

Мұғалім: — Жатып оқуға бола ма?

Оқушы: — Жоқ, ағай

Ойыннан соң қарным ашып,

Дегбірім қашып,

Табақпен іші кең,

Көжені көп ішіп ем.

Шертиіп тойып кеттім,

Сосын төсекке қойып кеттім.

Сөйтіп қалжырап,

Тәтті ұйқымен маужырап,

Сабақ оқи алмадым.

Мұғалім: — Онда саған,

Тиісті баға «жаман»!

2-жүр.: Балалар,біз барлығымыз кітаптан оқып, білім алып, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті, ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетіп келеміз. Сондықтан да , кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп дұрыс оқу керек.

1-жүр.: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз. Орындалатын «Жыр дастаным» әні.

2-жүр.: Кітапсыз өтілген бір күн орны толмас бос кеткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас күнінен бастап, өмір бойы оқи білуге баулу керек дейди Маркулевич.

1-жүр.: «Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі»,- деген расул Гамзатов. Кітап оқу білімге жетелейді дей келе оқушыларымыздың білім жөнінде өлең шумақтарын тамашалайық.

1-оқушы:

Ақыл керек, білім тыңдап оларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын.

2-оқушы:

Білім жарық , нұрын соған шашатын,

Біліктіні тыңда — ақылдың бұлағы.

Білімді сөз — шырын жанның құнары.

3-оқушы:

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса, уысыңнан шығарма.

Тартар күйік, ет кескендей етінен,

Қатты тәртәп көсе бала күніңде,

өмірімен қуантады түбінде.

2-жүр.: кітап қызметін айтып ьауысу мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан да, сол білім нәрімен сусындататын, өткен өмір тарихымен таныстыратын, бізге үнемі дос болып, қызмет ететін кітапты құрметтейік.

1-жүр.: Сөйлесіп өзіңмен тіл қататын.Еріксіз сөзін тыңдататын — кітап, кітап оқитын адамның көзі ашық дей келе «Оқыған адамның көзі ашық» атты көріністы ұсынамыз.

Қызы рөлінде:

Әкесі рөлінде:

Қызы:(кітапты оқып) «Оқығанның — көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады»

Қызы әкесіне келіп: «Оқығанның — көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деп жазып қойыпты. Бұл не деген?

Әкесі: Оқыған адам көпті біледі. Көзінің ашық болатыны содан, ол оқымағанның дүниеден хабары аз болады. Бұл соқырмен тең етеді.

Қызы: Міне, әжем оқымаған. Сонда да соқыр емес қой. Ал сен қызметтен келсең-ақ болды, отырып алып оөи бересің. Сонда да, көзіңнің артық ештенесі де жоқ. Әжемнің көзіндей.Ой қолым сия болып қалыпты. Не істейін? Әжем ыстық сумен жу деген соң, ыстық сумен жуып едім қолып күйіп қала жаздады. Әке не істейін?

Әкесі: Күкіртпен ысқылап жібер

Қызы: Әке, сіз бұны кімнен көрдіңіз?

Әкесі: Ешкімнен де көргенім жоқ. Кітаптан оқыдым. Оқыған адамның көзі ашық деген, міне осы.

Қызы: Әке, «Оқығанның — көзі ашық. Оқымаған соқыр болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім.

2-жүр.: Білім алар көп адам.

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан.

Кітап маған ұнайды,

Кітап — білім бұлағы.

1-жүр.:Жас көңілдер жайнасын,

Шешен тілдер сайрасын.

Айтып жібер бір әнді,

Әнші Айсұлу қайдасың? деп Айсұлудың орындауындаға «Чему учить в школе» әнін ұсынамыз.

2-жүр.: Ізгілікті, шындықты үйрететін кітабымызды жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей, таза ұстау керек. Кітапты аздырып-тоздыратындардың бірі — шаң-тозаң. Шаң-тозаң соншама қолға жұмсақ болғанымен, зиянды. Шаң-тозаңды құрғақ шүберекпен сүртіп тұру керек. Кітапқа шаң-тозаң енбеу үшін оларды тығыз етіп орналастыру қажет.

1-жүр.: Кітаптың тысы тез оңып кетеді. Сол себепті кітап салған шкафты терезеге қарама қарсы қоюға болмайды. Кітапқа дақ түсірмей, таза ұстау керек. Балалар кітапты таза ұстау керек. Сендер кітапты қалай ұстау керек жөнінде мағлұмат алдыңдар. Ал қазір сіздерге кітапты таза ұстамаған оқушы жөнінде көрініс ұсынамыз.

Мұғалім рөлінде:

Оқушы рөлінде:

Мұғалім: Қанекей, балалар тынышталып дәптер алыңдар. (Айдос умаждалған кітабын шығарды.)

Мұғалім: Айдос кітапты осылай ұстауға бола ма? Бұл кітапты шығаруға, безендіруге қвруар қаржы жұмсалатынын, қанщама адамдар тер төгетінін білесің ба?

Айдос: Жоқ, білмеймін. Кітап шығару соншалықты қиын ба?

Мұғалім: Балалар, сендер білесіңдер ма?

Оқушылар: Жоқ.

Мұғалім: Ал, ендеше балалар сендер мұны біліп жүрулерің керек. Ең бірінші орманшының аялы алақанымен өсірген ағашты, қанша адам тиеп кеседі. Тиеп оны машинист ағамызға тапсырады. Машинист ағамыз бұл ағаштарды қағаз жасатуға заводқа апарады. Заводтағы аға-апларымыз бағалы қағаз жасап, әдемілсін көркемдеп берсін деп суретші ағайларға тапсырады. Қаншама уақыт отырып суретшілер көркемдеп, ғалымдарға тапсырады.Ғалым аға-апаларымыз кітапты ұзақ толғпнып,жылдар бойы жазады. Ғалым аға-апаларымыз жұмыстарын әріп терушілерге береді. Әріп теру үшін талай адам терлеп, баспахана ішінде айлап тыныш көрмейді. Баспаханадан түптелген кітап болып шығып, оқулықтар мектеп оқушыларына беріледі. Айдос көрдің бе саған беріліп отырған оқулыққа қаншама адам еңбек еткенін. Ал, сен мына кітаптаы дұрыс ұстамай, қанша адамның еңбегін бағаламай отырсың.

Айдос: Апай кешіріңіз. Осы уақытта дейін мен соншама адамның тер төгіп, еңбек еткенін білмеппін. Енді бұлай істемеймін. Үйге барып кітабымды қаптап, түптеймін.

Мұғалім: Білім шырағын беріп отырған оқулықты құрметтеп, еш беттеріне дақ түсірмей, кірлетпей, күтіп ұстап, кішілерге табыс етуіміз керек. Балалар, енді бұдан -бұлай кір ұстап, умаждаймыз ба?

Балалар: Жоқ.

2-жүр.: Иә, балалар кітап шығару үшін қанща маман иелері еңбек етеді десеңші. өміріңді нұрландыратын кітап.

1-жүр.: «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң онан да көп оқу керек!» — дейді ғалым Д.Писарев.

2-жүр.: Іздегенде табады,

Ғалым жұмбақ, тау сындас.

Білім өмір сабағы,

Ғұмыр бойы таусылмас,- дей келе келесі кезекті әнге береміз. Айсұлудың орындауында «Ұстазым» әнін ұсынамыз.

1-жүр.: Кітап оқу — тіл байлығын дамытып, білімдітолықтырып, адамның көңіл-күйін көріктендіреді. Сондықтан да кітапты көп оқып, өз білімдеріңізді жетілдіріп, саналы да, білімді адам болып өсіңіздер дей келе «Кітап ескірмейі» атты көріністі ұсынамыз.

Азамат рөлінде:

Ерлан рөлінде:

Ерлан: — Е, достым! Не істеп жатырсың?

Азамат: — Ә, Ерлан сен екенсің ғой. Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр едім.

Ерлан: — Қой, Азамат! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Саған бұл кітаптар керек болмаса маған бер.

Азамат: — Ала ғой, маған керегі шамалы.

2-жүр.: Бірер күннен кейін мұғалима апай бир тапсырма береді. Сол кезде Азаматтың бұл тапсырма Ерланға берген кітабында бар екені есіне түседі, Ерланға бару керектігін жөн көрді.

Азамат:Апайымыздың берген тапсырмасы Ерланға берген кітабымда, кітабымды оған неге бердім екен?Амал жоқ Ерланға барып кітабымды уақытша маған беруін сұрап көрейін.

Азамат Ерланға келіп: Ерлан қалай жағдай? Мен саған берген кітабымда бір тапсырманы жазып алайын деп едім. Бере тұршы.

Ерлан: Қарындасым Ләззат алып кетіп еді. Бұл кітаптардан мен көптеген мәлімет алдым.

Азамат: Маған керегі шамалы деп бекер айтыппын. Сен дұрыс айтыпсың. Кітаптың сырты ескіргенмен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді екен.

Ерлан: Азамат оны түсінгеніңнің өзі де бір жеңіске жеткенің. Қарындасым алып келген соң, кітаптарыңды өзіңе апарып тастаймын.

Азамат: Рахмет, досым. Сендей ақылды да, адал дос болғанына қандай қуаныштымын.

2-жүр. Иә, балалар мына көріністен кейін кітаптың сырты ескіргенмен, ішіндегі ақыл сөзі ескірмейтінін түсінген шығарсыздар.

1-жүр.: Әрбір оқушы білімін шыңдау үшін кітап оқуы тиіс. Еліміздің болашағы біздер, сондықтан да жалықпай, шаршамай көп ізденіп, ғылым мен білімнің жолына түсулеріңізді, кітап оқып, оны таза, мұқият ұстауларыңызға шын жүректен тілектеспін.

2-жүр.: Көмекші дос — кітап болатынын әрқашанда естен шығармаңыздар деп кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Қорытынды: Қорытындылай келе кешті өткізудегі мақсатымыз. Оқушылар көп оқып, өз білімдерін жетілдіріп, білімді адам болуға тәрбиелеу. Білімнің жолына түсулеріңізге кітаптың рөлі өте зор екенін жеткізу.

Кітап-сарқылмас рухани қазына (мектепішілік сынып сағаты)

Кітап – сарқылмас рухани қазына
Мақсаттары:
1.Білімділік: «Кітап – сарқылмас рухани қазына», — дегендей, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.
3.Тәрбиелік мәні: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
4.Керекті ресурстар: кітап көрмесі, ұлы адамдар кітаптары, интербелсенді тақта, балалар ақын-жазушылар суреттері мен оқу-білім туралы айтылған сөздері.
5.Барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе әңгіме.
Мұғалім: Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін, —
деп, Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі , рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса,женбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.
«Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар», — деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас байлығымыз екен.
1-бөлім:
1-оқушы: Мен адамның досымын.
Менің атым кітап.
Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.
Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды басып, кітап етіп шығарады.
2-оқушы: Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүние танымдарыңды кеңейтіп, әңгімелермен сыр шерткен, кітап -сенің ақылшың.
3-оқушы: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлік.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит.
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
Ән. Кітап-білім бұлағы.
4-оқушы: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы мүмкін. Ол үшін терең білім,ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білуі үшін, кітапты көп оқу керек.
Кітап қағазы ағаштан жасалады. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.
5-оқушы: Біздің елімізде бірде-бір бала мектептен тыс қалмайды.Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы заң» қабылданған.
6-оқушы: Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын әріп теретін машиналарды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басып шығару ісі механикаландырылған.
7-оқушы: Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңід бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады.
8-оқушы: Оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап- отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.
9-оқушы: 10-оқушы:
Саған білім жемісін. Орманшының аялы,
Оқулығын береді. Алақаны өсірген.
Талай адам сол үшін, Сансыз ағаш саялы.
Маңдай терін төгеді. Қағаз үшін кесілген.
11-оқушы: 12-оқушы:
Ағаш кесіп қанша адам, Машинист боп жасынан
Ормандарда жүреді. Дүбірлетіп даланы
Аға қанша шаршаған, Сол ағашты тасыған
Ағаш тиеп үнемі. Білер ме көп ағаны.
13-оқушы: 14-оқушы:
Заводтарда күн-түні Оқулықты баршаға
Қағаз жасап бағалы. Талай ғалым қолға алып
Қанша адам кім үшін Жылдар бойы қаншама
Маңдай тері тамады. Жазады ұзақ толғанып.
15-оқушы: 16-оқушы:
Әдемілем берсем деп Әріп теру үшін де
Бояу жағып не түрлі Талай адам терледі
Суретшілер көркемдеп, Баспахана ішінде,
Қанша уақыт отырды. Айлап тыным көрмеді.
17-оқушы: 18-оқушы:
Оқулықты мектебім Оқулығың, құралың
Берер саған теп-тегін. Жағар білім шырағын.
Білмейсің-ау сен бірақ, Баса алмайсың ешқашан
Қаншама еңбек еткенін. Онсыз алға бір адым
19-оқушы:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
20-оқушы:
Кітап- адам өмірінде аса маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге,талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке,төзімділікке баулиды. Кітап- жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
21-оқушы: Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысын да пайдаланады, одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап-біздің рухани жан азығымыз.
Қазір балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау кітапханашы апайға сөз беріледі.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», С.Оспановтың «Ағаш ат» атты кітабына шолу.
Өздеріңе белгілі 1997 жылдан бастап төл оқулықтар шыға бастаған. Осындай көптеген еңбекпен келіп, түскен оқулықтарды қыркүйек айында сендердің сыныптарыңа 263 дана оқулық 41184 теңгенің оқулығы сендерге таратылады. Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңлы болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
2-бөлім. «Кітаптар мұңы»
Көрініс.
Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып, бір кітап жан-жағына қарады.Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:
-Ей, тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі құрысын! Бұдан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткенім жақсы еді ғой.
-Не болды соншама? Жалғыз сен деймісің?
Сосын келесі жағына бұрылып:
-Сен кімсің,сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?
-Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен ішім түтін. Сауат ашумын. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар әдемі болсын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрнікі. Мен де өзімнің біліміміді беруге тырыстым.
-Бәріміз де сондай ниетте едік. Адырбай деген баланың қолына түстім. Бір жыл болмай осы күйге түстім.
-Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.
-Онда мұңдас болдық қой, достым! Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды.
-Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті бала көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуіміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп!
Бүлдірмек түгіл шаң мен кір жуытпайды.
-Енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар?! Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп қажетке жаратар.
-Бәріміздің де арманымыз сол. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.
-Иә, достар, кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін!
Мұғалім: Міне, балалар арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз
қарайтын балалар да кездеседі.
Кітапты ұстау ережесі.
1.Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, тәртіп пен тәрбиенің құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.
2.Кітапты күнделікті үзбей оқып дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарла.
3.Кітапты қалай болса, солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.
4.Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен, бірыңғай жолмен оқуға болмайды.
5.Кітапты ас ішіп отырып оқыма. Кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
6.Кітап оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айтып беруге, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен.
7.Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың ьолайып, сөйлемдерің мәнді де өткір, ойлау қабілетің терең болады.
8.Кітаптағы түсініксіз жерлерде қайта-қайта бірнеше ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңе біл.
9.Кітаппен қоса Ұлан, Ақ желкен, Балдырған газет-журналдарына да жазылып, біліміңді көтер!
3-бөлім. Кітап емханасы.
Мұғалім: Біз кітаптан бар жақсылықты аламыз. Оған біз де көмектесуіміз керек.
Дәрігер: Құралдары: қайшы, желім, қағаздар, ине, жіп, мата.
Кітапханашы келеді ( қолындағы кітаптары, кітаптың ауруын анықтап беруін сқрайды)
Дәрігер: Балалар, адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің ауыратыны сияқты, кітаптар да ауырады.
Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады:
1.Туғаннан пайда болған аурулар. ( баспадан дұрыс басылмаған)
2.Қартайғаннан болатын аурулар. (көп жыл ұсталған)
3.Жұқпалы аурулар (жыртылып, сия төгіліп немесе май қолмен ұстау.т.б.)
4.Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын (терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал, дымқыл жерде сақталуы).
5.Бақытсыздықтан ( кездейсоқ) болатын аурулар (жығылып батпаққа былғануы, жыртылуыт.б.)
Дәрігер кітаптың ауруын анықтау үшін тексеруден өткізеді.
А) Кітапты шешіндіреді.
Ә) Cыртқы қабын шешіндіреді.
Б) Форзацты қарайды.
В) Рентгенге түсіреді.
Осылар арқылы кітаптың диагнозын айтады.
1)Судың әсерінен ішкі беттерінің былғануы, парақтарының бүктелінуі-бұл жеңіл емделетін аурулар.
2)Насекомдардың зияны әсерінен,сырқы қабының бүлінуі, форзацтың жыртылуы, түбінің ажыруы, парақтарының босап қалуы- бұл ауруларды дәоігер мен уітап емшілері операция жасау арқылы емдейді (көрсету)
Қорытынды бөлім.
Кітап туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбаұ, жаңылтпаштар айтып, талдау.
Мұғалім: Біздің Қазақстанда Ұлттық Мемлекеттік кітапхана, яғни бас кітапхана жұмыс
істейді. Ал, облыс аймақтарын алсақ, Семей қаласында «Абай» атындағы кітапхана»
жұмыс істейді. Кезінде Абай атамыз сол кітапханадан кітап алып оқып,орыс ғалымы,
саяхатшысы Достаевскиймен танысқан. Өзіміздің Алматы қаласында үлкендерге,
балаларға арналған кітапханалар жұмыс істейді.
Әрбір мектепте балалар кітапханасының оқушыларға білім негіздерін сапалы
Меңгертуге, жан-жақты тәрбие беруге әдеби шығармалармен таныстыруда атқаратын маңызы зор.

Тақырыбы: Кітап – асыл қазына
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар — ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: кітаптар туралы қанатты сөздер, мақал — мәтелдер, кітаптар
көрмесі

Барысы:
Кітап — заманымыздың өмірі, кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап дүниетанымды кеңейтіп рухани жан дүниені оятады. Ертегі, әңгімелерімен сыр шерткен кітап – ақылшың.

Кітап та алма ағашы –
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар – білім көзі, рухани қазына.

Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас
досымыз болып қала береді.
Кітап жанның елшісі, кітап теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді.
Білімімізді молайтады. Кітаптан көп үлгі – өнеге, тәрбиелік әсер аламыз.

Олай болса, бүгінгі екінші сынып оқушыларының дайындығымен
Өткелі отырған «Кітап — асыл қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тәрбие сағаты « Кітап – білім бұлағы», « Білім көзі кітапта», « Өлең — сөздің патшасы» бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең бойынша біздің оқушылар осы орталық кітапханамен тығыз байланыста, үнемі кітап алып оқиды. Сондықтан осы кітапханамен байланыста болғандықтан кітапханашы Ақерке тәтелерінің өзінің оқырмандарына қоятын бірнеше тапсырмалары бар.
Тапсырмалар кітапханадан алып оқыған кітаптардан беріледі.
Алдарында тұрған шарлар жарып, ішіндегі тапсырмасын орындаймыз.

Екінші кезең бойынша оқушылар сұраққа жауап береді.
Білім көзі кітапта

1. Қазақтың үш биін ата.
2. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?
3. Абай атамыздың әжесі кім?
4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман батыр кім?
7. Жыл атауынан құр қалған жануар?
8. 22 — қыркүйек қандай мереке?

Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте – деп,
Келесі кезең «Өлең – сөздің патшасы».
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын айтып, көрініс көрсетіп,
өлең айтады.

1 — оқушы: Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкін,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
2 — оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
3 — оқушы: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
4 — оқушы: Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
5 — оқушы: Сөйлесіп өзің менен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін.
Шешіліп кейде достай сырласады.
6 — оқушы: Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.

Көрініс: « Науқас кітап».
Ән: « Болайықшы осындай»
Көрініс: « Кітап мұңы»
Ән: « Мен әдепті баламын»

Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі « Кітап – асыл қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Енді біз рухани байлық кітапты құрметтеп, ұқыпты ұстаймыз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітап сыйлау акциясы сценарий
  • Кітап сар?ылмас ?азына сценарий
  • Кітап интернет ж?не жастар дебат сценарий
  • Кітап білім б?ла?ы сценарий
  • Кітап бізді? досымыз сценарий