Кішкентай арулар сайысы сценарий

«Кішкентай ару» сайысы, 8 наурыз мейрамына.

«Кішкентай ару» сайысы


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • admin
  • 31.01.2017
  • 0
  • 1
  • 13439

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Рзабаева Айша Куатбаевна

Саз бөлмесі мерекеге сай әдемі безендірілген. Әсем әуенмен балалар кіріп, орындарына келіп тұрады.

Тақырыбы: «Кішкентай ару» сайысы.

Жүргізуші:  Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар ,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.!

Тәрбиеші: Құрметті аналар,ақ жаулықты әжелер, қонақтар, ұжымдастар және мың бұралған қыздар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Аналар мейрамы құтты болсын! Ендеше аналарымызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміздің «Келді Көктем» әнімен бастаймыз.

Балалар бір жақсы әуен естілетін сияқты, кім екен келе жатқан.

Тәрбиеші: — Сәлематсызба Ару Көктем! Біз сені көптен асыға күттік. Қош келдің, кең байтақ елімізге!

Ару көктем: Сәлематсыздарма балалар,қ онақтар!
Сәлем, сәлем, балақайлар.
Қуаныңдар алақайлар.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

Жүргізуш: Ару Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтары бар

1-бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,            
Көрсек гүлін жарғанын.

2-бала: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

3-бала: Көктем, көктем,
Күн шуағын төккен,
Әнші құстар сайрайды,
Жердің беті жайнайды.

Жүргізуші: —Ару Көктем бүгін балабақшамыздың №6 «Балдырған» тобында аналар мерекесіне арнап, ару қыздарымыздың арасында «Кішкентай ару» сайысын өткізгелі отырмыз. Бізбен бірге аруларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.

Бірі көркем бірінен,
«Балдырғанның арулары  
Көпшіліктің тілеуінен,
Жаралғандай бәрі-бәрі
Ару көрсең тасыр көңіл,
Айналаға  нұрын шашқан,
Жаса тірлік,жаса өмір!
Бақыт осы ойнап күлген.
Балдырғандар арасында.
Қызғалдақтай жайнап күлген,
Арулардың бәрі осында.

Тәрбиеші: -Ал, құрметті көрермендер аруларымызды ортаға шақырайық.

1. Джарылғасинова Дильназ тобымыздың алғыр қызы
2. Алмуратова Жансая тобымыздың ару қызы
3. Өсербай Иңкар тобымыздың әнші қызы
4. Бақыт Нұрдана тобымыздың салмақтықызы
5. Есмуханова Ұлдана тобымыздың епті қызы

Тәрбиеші: —Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

«Тегін білу — тектілік» (өзін-өзі таныстыру)

Білім сайысы.

Сурет салу. (Анама сыйлық)

«Мықты болсаң тауып көр» (мақалды жалғастыр)

Өз өнерін көрсету

Тәрбиеші: «Кішкентай  ару» сайысын аруларымыздың өзін-өзі таныстырудан басталады.

Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып, шаттанып күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
1. директор: Г.С.Узакбаева
2. әдіскер: Ш.Т.Дабытова
3. психолог: Кемелханова Т.Я

Тәрбиеші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп тобымыздың жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдік,
Ал, аруларымызға тек сәттілік тілейікші!  

1-бала: Амандасам ата-қазақ салтыменен,
Ұстаздар,құрбы-құрдас халқымменен.
Отырған әділ-қазы алқасына  
Иіліп әдеппенен сәлем берем.
Армысыздар жиналған барша қауым
Алдыңызда өлеңмен жыр шашамын.
Таныстырып өзімді өтер болсам,
Азамат қызы Дильназ мен боламын.

2-бала: Сәлем бердім жиналған баршаңызға,
Үлкен-кіші, дос жаран алқаңызға.
Тұрмын міне, қатысып бұл сайысқа
Бар жақсылар сіздердің арқаңызда
Еркін қызы атым менің Жансая
Жасым менің алтыда, көңілім хош.
Анам аты Гүлбану ақ сүт берген,
Сүйікті ордам «Шынар»балабақшасы.

3-бала: Сәлем менен бастаймын мен сөзімді
Өлең менен таныстырам өзімді.
Нағыз қазақ қызы екен дейтіндей,
Болып өстім сезімде.
Қазағым ана сыйлап өскен халық,_
Атымды Иңкар деп қойғаны сол,
Дариға мен Бердіханның гүл қызымын.
Жарқырап нұрын шашқан жұлдызымын.
Достарым өзімді  мақтамаймын,
Қазақтың қарапайым бір қызымын.

4-бала: Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын.
Нұр шашқан көктемнің шуағындай,
Нұрдана атты кішкентай қыздарыңмын.
Кіші жүздің  руынан Адай деген,
Асқар таудай әкем Еркін  деген.

5-бала: Көрермен қауым армысыздар!
Бәріңізде есен-сау бармысыздар!
«Кішкентай ару»сайысына қатысып,
Үкілі үмітімнің тұсауын кессін қазылар.
Есмухан қызы Ұлданамын.
Руым Адай Жеменей,нағашы жұртым Әли еді.
Биылғы қой жылы құт боп келіп,
Аналардың құтты болсын мейрамы.

Тәрбиеші: Кішкентай аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша кезекті аналарымызға арналған әнге береміз

Ән: «Мама»

Тәрбиеші: Әділқазылар алқасы 1 таныстыру бөлімінің бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Өнералды қызыл тіл, өз тіліңді жатқа біл.
Ана тілім ардақты, жатқа айтам тақпақты.
Жұмбақ айтып жасырам, жаңылтпаш ол сөз емес
Әрбір сөзін дәл табам, мақал-мәтел жақсы сөз.
Бабамнан қалған болар сөз, бәрін біліп өстік біз — деп өлеңдете келіп, арулар тест сұрақтары бойынша таңдап алынған сұрақтарға жауап
берулері керек.

1-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс екенін ата, сөз тап. Тақтада жазып көрсет.
2. Табиғат дегеніміз не?
3. 7санының көршілерін ата.
4. Шалқан ертегінің кейіпкерлерін атап бер.

2-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Үй жануарларын атап бер.  
3. 5 санының көршілерін ата.
4. Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.

3-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. 9 санының көршілерін ата.
4. Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін ата.

4-бала:
1.Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2.Жабайы жануарларды ата.
3.8 санының көршілерін ата.
4 «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.

5-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Дала құстарын ата.
3. 4 санының көршілерін ата.
4. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.

Тәрбиеші: Әділқазыларымыз аруларымызға бағаларын есептеп болғанша ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Әжем» әнін қабыл алыңыздар.

Аруларымыздың білім сайысы бойынша алған бағаларын беріңіздер.

Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың 3 шарты сурет салу «Анама сыйлық» жасау деп аталады. Аруларымызға 10 минут уақыт беріледі, түрлі түсті қаламдармен аналарына сурет салып, сыйлық жасайды.

Тәрбиеші: Аруларымыз сурет салып болғанша концерттік номерлерімізді тамашалаңыз. Ұлдарымыздың «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар.

1-бала:          

Слушай  нашу песенку,
Мамочка любимая.
Будь всегда здоровая!
Будь всегда счастливая!

2-бала:

В день весенний солнечный
Мам мы поздравляем
Жизни долгой радостный
Мамам всем желаем!

3-бала:
Сізге бүгін сый–құрмет,
Жан анашым мерейім.
Қаласаңыз би билеп,
Әнде шырқап берейін.

4-бала:   

Шалқып тасып әніміз,
Жарқырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

5-бала:

Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам,
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам.

Тәрбиеші: Аруларымыздың сурет салу шарты бойынша алған бағаларын беріңіздер.

Тәрбиеші: Келесі 4 шартымыз мақал-мәтел айту. Аруларымыз әділқазылар алдындағы қағаздарды кезекпен алады. Кімге қандай мақал түссе соған жауап береді. (Отан, отбасы, еңбек, білім, достық) туралы мақалдар.

Тәрбиеші: Аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша ата-аналармен ойын

Ойын «Кім епті»

Шарты: Ортаға екі ата-ана шығады. Ақ носки киген 4 бала, көк носки киген 4 бала ортада музыкамен би билеп жүреді. Ақ носки киген балаға ақ футболка, көк носки киген балаға көк футболканы тез кигізіп орнына кім бұрын отырғызып болса сол жеңімпаз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар ата-аналар.

Тәрбиеші: Аруларымыздың мақал-мәтел айту бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.

Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысымыздың 5 шарты өз өнерін көрсету.

«Құлақтан кіріп бойды алар,
 Әсем ән мен тәтті күй
 Көңілге түрлі ой салар.
 Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай өнер сайысын бастаймыз.

1-бала: «Мама моя» әнін орындайды.
2-бала: Үнді биін орындайды.
3-бала: «Апатайым» әнін орындайды.
4-бала: «Бипыл»
5-бала: «Құттықтаймын мама» әнін орындайды.

Тәрбиеші: Әділқазыларымыз өз бағаларын бергенше кезекті биге береміз.

Би: «Флешмоб»

Тәрбиеші: Аруларымыздың  өз өнерін көрсету бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі сайыста аруларымыздың алған жалпы ұпайлары бойынша аруларызға:

1. Әдепті қыз.
2. Көркем қыз.
3. Сұлу қыз.
4. Ибалы қыз.
5. Сүйкімді қыз
— номинациялары берілді.

Тәрбиеші: Өмірдегі ең асыл жан — Ана. Сол үшін балалар аналарымызды, әжелерімізді, қыздарымызды сыйлайық, ардақтайық, құрметтеп жүрейік.

Құрметті аналар, әжелер, ұжымдастар мерекелеріңіз құтты болсын.

Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін!

Сау саламатта болыңыздар!


Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер, слайд.

Барысы:

Шағын орталық қыздары: «Арулар биі»

Меруерт:Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мен қыздар мерекесі бұл.

Алтынай: Здравствуйте, уважаемые зрители, дорогие мамы и бабушки! Сегодня мы вновь встретились в нашем праздничном зале, чтобы отметить первый весенний праздник — праздник добра, света, жизни и любви!

Меруерт

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директорының ТІЖ орынбасары Мусоболинова Раушан Калымовнаға  береміз.

Алтынай –

Мы будних дней отложим все дела,

 И перед мамой преклоним колени,

 Спасибо ей за то, что жизнь дала,

 Оберегала нас без устали и лени.

Әдеби монтаж

ЕГОР:

Самый близкий человек,
И со мною ты навек.
Будь здоровой, и любимой,
И всегда неповторимой.
БОГДАН:

С праздником весенним, мама.
Смеха, радости, добра!
Будь, как прежде, лучшей самой
И красивой, как всегда.

НҰРДӘУЛЕТ:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

ҚЫЗҒАЛДАҚ:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.
Меруерт :Балалар, ал енді сендер менің мынандай сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші?!

  • Дүниеде ең қымбат кім?

Балалар: Ана.

  • Дүниеде ең жұмсақ не?

Балалар: Ананың алақаны.

  • Дүниеде ең тәтті не?

Балалар: Ананың сүті.

Алтынай:

  • ­Қымбатты балалар, сүйікті аналар, ардақты әжелер! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – Наурыз күніне арналған «Кішкентай арулар сайысына» бастаймыз.

Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Кішкентай ару деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал аруларға сәттілікті тілейікші,‒дей келе әділ қазылар алқасымен танысайық.
— Разрешите представить вам наше компетентное жюри, в состав которого входят:

  1. Мусоболинова Р.К.

  2. Мисинова К.С.

  3. Асанова Г.К.

Меруерт: Сайыстың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Таныстыру / Приветствие

  2. Өнер сайысы «Анама ашық хат»/ Конкурс умелых ручек «Открытка Маме»

  3. «Анама он қадам»/ «Десять шагов пожеланий Маме»

  4. «Аналармен билейміз!» / «Танцуем с Мамоми!»

  5. «Мен шебер аспазбын»/ «Я кулинар»

  6. Сән үлгісі/ Мода

Алтынай: «Таныстыру» / «Приветствие»

Ал құрметті халайық
Мерекені бастайық
Аруларды әуенмен
Қошеметпен қарсы алайық
1. Нұржанқызы Айару
2. Серикова Аружан
3. Мальцева Милана
4. Берікболова Аружан
Айару:Амандасам ата-қазақ салтыменен,
Ұстаздар,құрбы-құрдас халқымменен.
Отырған әділ-қазы алқасына  
Иіліп әдеппенен сәлем берем.
Армысыздар жиналған барша қауым
Алдыңызда өлеңмен жыр шашамын.
Таныстырып өзімді өтер болсам,
Нұржанқызы Айару мен боламын.

С. Аружан:Сәлем бердім жиналған баршаңызға,
Үлкен-кіші, дос жаран алқаңызға.
Тұрмын міне, қатысып бұл сайысқа
Бар жақсылар сіздердің арқаңызда
Ерланқызы атым менің Аружан
Жасым менің бесте, көңілім хош.
Анам аты Ләззат ақ сүт берген,
Сүйікті ордам — Андрей Сумин атындағы орта мектебім.

М.Милана: «Good morning!» (ағылшыншы таныстыру)

Б.Аружан:Сәлем менен бастаймын мен сөзімді
Өлең менен таныстырам өзімді.
Нағыз қазақ қызы екен дейтіндей,
Болып өстім сезімде.
Қазағым ана сыйлап өскен халық,_
Атымды Аружан деп қойғаны сол,
Гүлназ бен Қайраттың гүл қызымын.
Жарқырап нұрын шашқан жұлдызымын.
Достарым өзімді  мақтамаймын,
Қазақтың қарапайым бір қызымын.

Меруерт: Өнер қуып арулар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз.
Балабақша аруларымен кездесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
— « Өнер сайысы «Анама ашық хат»/ Конкурс умелых ручек «Открытка Маме»

  • «Анама он қадам»/ «Десять шагов пожеланий Маме»

Шағын орталық балаларын «Детский город» биі

Алтынай: Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Арулар аянбай‒ақ жан салыпты‒дей келе аруларды және олардын аналарын ортаға шақырамыз.

  • «Аналармен билейміз!» / «Танцуем с Мамоми!»

Алтынай: Келесі біздің сайысымыз «Мен шебер аспазбын»/ «Я кулинар». Бұл сайыста Аруларымыз үйден дайындап келген тағам бөлшектерін қосып, тағам жасап, бізге оны таныстырып, атын атап, құрамын, жасалу жолын айтып өтеді.
Алтынай: Шағын орталық тәрбиеленушісі Бақытқан Нұрдаулеттің орындауында «Ата-әже» әнін қарсалыңыз!

Ән шағын орталық: «Ата-әже»

Меруерт: Келесі біздің сайысымыз «Сән үлгісі/ Мода» деп аталады. Қатысушы аруларымыз бізге сән үлгісін көрсетеді.

Алтынай:
Өнерімен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына ұсынамыз. Сайысқа қатысқан арулар марапатталады.
1. Шебер ару.
2. Биші ару.
3. Инабатты ару
4. Көктем аруы

Мектепалды даярлық тобы: «Ақ мамам» әнімен

Меруерт: Осымен біздің бүгінгі «Кішкентай арулар» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңзға көп — көп рахмет

Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты:
1. Қазақ халқының өнерін, салт — дәстүрін дәріптеуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал — мәтелдер.
Әдісі: сайыс
1 — бастауышы: Ералы, бүгінгі мерекеде апай бізге көмекшілерім боласын деп еді. Енді өзі кешігіп жатыр. Ту-у осы қыздардың кешігіп жүретін әдетін — ай?!
2 — Бастаушы: Мен осы бір нәрсе ұмытқан секілдімін
3 — Бастаушы: Мені күтіп қалдыңдар ма? Кешігіп қалдым — ау деймін. Ал Нұрхан Ералы сіздер мерекені бастауға дайынсыздар ма? Олай болса мерекемізді бастайық.

1 — бастауыш: Сіздерден өскен балалар
Батыр менен даналар
Құттықтаймын мейраммен
Құрметті біздің ұстаздар!
2 — Бастаушы: Той – тойлап дала менен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қара көз абзал ана мерекеңмен
Құттықтап жатыр міне балаларың

3 — бастауыш: Құрметті асыл аналар, қыз — қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
3 — бастауыш: ____________________________________________________________

1 — бастауыш:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
2 — Бастаушы: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды қуантып
Өнерден маржан шашайық
3 — бастауыш: Ортаға аруларды шақырамыз.
2 — бастауыш: Ұмытқан затым есіме түсті қыздардың мерекесіне арнаған сыйлығымызды ұмытып кеткен сияқтымыз. Апай, рұқсат болса біз сыйлыққа барып келейік.
3 — бастауыш: Ұлдар бұларың енді жарамады. Тез барып қайтыңдар

І кезең «Таныстыру»
3 — бастауыш:
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

ІІ кезең «Шебер қолдар»
3 — бастауыш:
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша ұлдарымыздың орындауында әсем ән тыңдайық!
Ән «Менің анам алтын»
ІІІ кезең «Өнер сайысы»
3 — бастауыш:
Кішкентай аруларымыздың өнерін тамашалайық

ІҮ кезең «Дәм — думан»
3 — бастауыш: «Ас — адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады.
3 — бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.
Тақпақтар
Бексұлтан: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы

Нұрбол: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен!

Алишер: Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан анам
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаға

Нұрберген: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Бақытқали Ж: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын
Аман болшы анашым

Жасұлан: Жүре берсем қасында
Айбат анам ай анам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз боп оянам
Айналайын ақ мамам

Айдаурен: «Ана» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар

Артур: «Күнім» «Жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
Ойлап тапқан аналар

Ерасыл: Менің әжем — Жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ орамалды тағып ап
Аман — есен жүр әжем

Диас: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит әкеп береді
Әжем мені өиткені
Өте жақсы көреді

Би:
Хор: Ақ мамам
2 — Бастаушы Жанар: Ұл — қыздарыңыздың жапсыру сабағында өздерінің аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.

3 — бастауыш: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау

3 — бастауыш: — Ал енді менің көмекшілерімнің айтулары бойынша тобымыздың қыздарына сыйлықтары дайын екен Ал жігіттер сыйлықтарымызды табыстайық.
Ералы — Нұрхан: Шалқып – тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Қыздар сізді құттықтап
Сый сыйлаймыз бәріміз!
2 — бастауыш: Осымен Аналар мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды.
Құттықтау сөз

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ

Тәрбие сағаты

Жүргізген: М.Н.Абитаева

Риддер қаласы, 2014 жыл.

Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай арулар» сайысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды көпшілік арасында сөйлеуге үйрету, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Ептілік дағдысын қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға үйрету. Қыздарымызды нәзіктілікке, сыпайылыққа, әдептілікке үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет салынған плакаттар, шарлар, гүлдер, тақырып жазылған плакат, ақ беттер, эмблемалар, грамоталар, т.б.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Наурыз күні-

Ана күні, әлем күні

Әлемді тебірентер ана үні

Анадай жан туған жоқ жер бетінде

Ана деген — әлемнің гүлі емес пе?

Ана деген – көздердің көркі емес пе?

Ана деген — әлемнің сұлулығы,

Анасыз бұл әлем бос емес пе?

  • Міне, көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген, раушан гүлдей хош иісті, сымбатты аналар, құрметті ұстаздар мен аяулы сынып арулары! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

  • «Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны- жаздай жайраңдаған

Қыз өссе- елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам» деп

Рамазан Тайманов ағамыз айтқандай, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз гүлдей жайнаған қыздарымызға арналады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың сіздерге арналған жүрек жарды тілектерің қабыл алайық. Сыйлықтарың қабыл алыңыздар!

Балаларыңыздың сіздерге арнаған ән шашуларын қарсы алыңыздар.

(2 хор айтылады)

  1. Демежан:

Ана деген — әлемнің гүлі емес пе?

Ана деген – көздердің көркі емес пе?

Ана деген — әлемнің сұлулығы,

Анасыз бұл әлем бос емес пе?

2)Аружан:

О, анашым

Таянышым, тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім,

Мені жақсы екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

3) Ықылас:

Бал анам, асыл анам, таңымды анам

Мен сенен қуат алам, жалынды алам

Күн болып көңілімді күйге бөлеп

Арнадым өміріңді бәрін маған

4) Ерасыл:

Өмірдің иесі сен, ғазиз ана

Келтірген дүниеге талай дана

Анасыз батыр да жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана

5) Балауса: Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

6) Даяна: Сыйлаған маған өмірді

Анашым мене аялы

Жүрегі жұмсақ, көңілі

Күн шуақты саялы

7) Валентина: Әлдилеген анамның

Аясында шалқыдым

Ұғып, тыңдап аламын

Бақыт тілін, ана тілін

8) Бауыржан: Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегің елжіреп

Құшағыңа аласын

9) Отанбек: Ер жеткізіп елге берген баласың

Ақылдысың, ардақтысың, данасың

Қарайтынын қас-қабағым бір

Қайратыңнан қайта көрме, анашым

10) Гүлім: Тұрады қашанда алда дара тұлғаң

Бұтақпын сенен өңіп, таратылған

Аспаннан түскен емес ұлылар да

Өмірде оларды дана туған

11) Бек: Алақаны ақсамал

Мәпелеген, жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа

Теңдесі жоқ данасың

12) Жансұлу: Ана аппақ мейірден жаралған

Бұл өмір анадан ңәр алған

Осынау тірлікке нәр берген

Әз ана ақ тілек, ақ арман

13) Бақдәулет: Ана деген – ақ көңіл

Күнмен бірге күледі

Ана десе шат көңіл

Шарықтайды үнемі

14) Мұхамед: Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де

15) Мансұр: Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

16) Рауан: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті үніңді бөліп талай үн қаттың

Өміріме нәрін беріп ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

17) Тамерлан: Мен өзіңе қайда болсам біргемін

Махабаттың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

18) Расул: Ана өмір болашаққа сыйлайды екен

Жатты да жамандыққа қимайды да

Ананың құшағына сыймайды екен

Әуен ғой, үзілмейтін ол саналы

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, үлдар, қыздар! — Ал, енді сайысымызды бастайық. Сайыстың кезеңдері мынандай:

1. Таныстыру

2.Өнерлінің өрісі кең

3.Викториналық сұрақтар

-Бізге енді әділқазылар алқасы керек. Қанеки, сайлап алайық! Әр кезеңге 5 ұпайдан қойып отырасыздар. Барлығына назар аударыңыздар!

— Ал, енді бірінші сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүлдіршін аруларымыз өздерің таныстырып бастасын. Әр арудың эмблемасында нешінші номерлі екені жазылған. Ретті сақтаймыз!

Жүргізуші: Өнерлінің өрісі кең

Мың бұрала билеген,

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға,

Кімдер басын имеген.

«Өнерлі жүзер өрге» деп

Халқым бекер айтпаған.-деп, екінші сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Үшінші сайысымыз «Викториналық сұрақтар» деп аталады. Мен арулар сендерге сұрақтар қоямын. Жауап берулерін қажет.

1) Қазір қандай мезгіл?

2) Сауат ашу сабағында не істейміз?

3) 10 ға дейін санап бер

4) 8-наурыз кімдердің мерекесі?

5) 1 жылда неше мезгіл бар?

6) Қандай ертегілерді білесің?

7) А дан басталатын сөздер айтып бер

8) Т қандай дыбыс?

9) Ыдыста 5 алма болды, оған әжем тағы 2 әкеп салды. Нешеу болды?

10) Бұтақта 3 торғай отырды. 1-уі ұшып кетті. Нешеуі қалды?

11) 4+3=

12) 6-3=

Рахмет арулар өз орындарыңа отыруларыңа рұқсат.

Бүгінгі бұл сайыста

Кімдер білгір, кім ұшқыр

Салыстырып біз көрдік

Қара қылды қақ жарып

Әділін айтар қазылар

Өздеріңізге сөз бердік,- деп әділқазылар сөз кезегін сіздерге бердік.

Осымен бүгінгі «Кішкентай арулар» сайысы аяқталды.

Ұлдарымыз қыздарды құттықтап, сыйлықтарын ұсынуға жол берейік.

Дүниеде ең кемеңгер данасың

Ана табады, аялайды, бағады

Сол үшін де құдіретіне бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы

Достықта біз ойнаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз

Құрметті ата-аналар! Сөз кезегін өздеріңізге берейік!

Сонымен, мерекеміз аяқталды. Көктем барлығымызға шуақ әкелсін. Денсаулығымыз мықты болсын әрқашан. Барлықтарыңызға деген алғысым шексіз.

Кішкентай ару

Мақсаты: болашақ арулардың  бойына қазақы  тәрбиені бойына сіңіру, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің  жан-жақты сұлулықтың белгісі екенін  түсіндіру
Барысы:
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан

Жер Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Бүгін сіздерге «Кішкентай арулар» байқауын тарту етеміз.

Қыз емес, қыздың өзі алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Мұғалім:

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Нақ аруды  таңдап  бүгін алуға.

(Әділқазылар алқасымен  таныстыру)

 Мұғалім:

Мың бұралған арулар аңдып басып,

Келеді міне, ортаға  толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

Мұғалім қыздарды таныстырып ортаға шақырады.

1.Ай секілді өзі де,

Сыңғыр –сыңғыр сөзі  де.

Махаббат  деген арудың

Әдемі ғой көзі де.

2.Үздік оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын

Ұлжан кейде қырсықса

Түйіп алар қабағын.

  1. Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы  Жанеркеге

Әдемі есім теңгерген.

4.Қуантады білімімен бізді  Гүлден

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз

Білімің серік болсын талабыңа

Бүгіні қабыл болсын тілегіміз.

5.Сабағынан қалмайды,

Жалқаулыққа бармайды

Арайлым бүгін сайыста

Ән мен жырын арнайды

(Ұлдар  қыздарды ізетпенен  сахнаға ертіп келеді)
Мұғалім:

Кішкентай арулар келіп жетті танысуға

Бойындаға бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келіп  жетті

Әдеппен, ізетпен танысуға.

1-кезең.  Өздерін таныстыру           

 1-ару. 

Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның,

Ақылдысы баланың,

Кілең бестік  сабағым

Махаббат деген сұлуың

Мен боламын, ағайын.

2-ару.

Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын

Жанерке  деген бір қызыңмын.

3- ару.

Қыздар деген бола алады қыр гүлі,

Қазақ қызы болу керек үлгілі.

Жақсылыққа  ұтылатын әрқашан,

Гүлден ару мен болам

4-ару

Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын.

Ата-анамның ақылдысы –

Молдабаева  Ұлжанмын.

5-ару

Мен де есті баламын,

Айтқан тілді  аламын.

Жұмсағанға барамын,

Жақсы менің сабағым.

Арайлым деген ару қыз

Мен боламын, ағайын.

2-кезең.  Өнер көрсету

Мұғалім:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында-дей келе  аруларымыздың өнерімен танысайық.(Кішкентай арулар өз өнерлерін көрсетеді)

3-кезең.  Білгенге маржан

Мұғалім:

Халқымыздың  ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,

Зерделі ой зейінді қызды сынар,- сұрақ- жауап сайысы.

Әр ару қоржындағы   сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар :

1.Дүниеде ең тәтті, ең жұмсақ не?

  1. Көшіп қонуға қолайлы қазақ баспанасын ата.

3.Қазақтың ішекті музыкалық аспабын ата.

4.Ұлттық ойындарлы ата.

5.Төрт түлік малды ата.

4-кезең. Шебер қолдар

Мұғалім:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан- берілген үлгі бойынша оюды ойып  жапсыру.

(Қыздар жұмыстарын аяқтағанша ұлдар аналарына тақпақ айтып береді)

1-оқушы:

Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
2-оқушы:

Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
3-оқушы:
Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың

4-оқушы:

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

5-оқушы:

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс

6-оқушы:

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.
5-кезең. Сән  үлгісі

Жайдары жазық маңдай,

Үнінен наз ұққандай.

Қазақтың арулар –ай,

Ибалы, нәзік қандай.

Қыздар дайын болғанша  ұлдардың  орындауында

«Ақ мамам» әні

Кішкентай арулар  музыка  әуенімен  сән  үлгілерін көрсетеді.

Қорытынды: Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін көрдіңіздер.  Әділқазылар  алқасына  сөз беріледі. Жеңімпазға «Кішкентай ару»  атағы беріліп, аруларға  мадақтама  және сыйлықтар ұсынылады.

Барлық аналар  мен  аруларды құттықтап  сынып оқушылары «Жан анам» әнін орындайды.

«Көктем вальсі»  вальс

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітапханамен таныстыру сценарий
  • Кітапханалы? іс шаралар сценарий
  • Кітапхана туралы сценарий
  • Кітапхана іс шаралары сценарий
  • Кітаптар туралы сценарий