Кішкентай ханшайымдар сайысы сценарий

Мектепке дейінгі мекеме педагогтарына арналған байқау жоспары. Дошкольное образование, Мероприятия, Дошкольникам, "Кішкентай ханшайымдар"

«Қыз өссе – елдің көркі» сайысы

Әсел: Жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 – наурыз мерекесі құтты

болсын.

Өркен: Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, апайлар мен ару қыздар мерекелеріңмен!

Әсел: Өркен, сен білесің бе, ана деген асыл жан. Менің анам қалағанымды алып береді,

түн ортасында шөлдесем тұрып шырын береді.

Өркен: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып береді.

Әсел: Ән демекші, бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әсем әнмен бастасақ, оған қалай

қарайсың?

Өркен: Әрине, өте дұрыс айтасың, мейірімді аналарымызға «Апа, мерекеңмен» әнін арнаймыз.

Ән: «Апа, мерекеңмен» (ер балалардың орындауында)

Тәрбиеші: Ардақты аналар, әжелер мерекелеріңіз құтты болсын. Дендеріңіз сау болып,

балаларыңызды қуантып жүре беріңіздер.

Балаларымыздың аналарына, әжелеріне арнаған тақпақтары бар.

Ерсұлтан: Өзің мені өсірген, Өскенде мен ал, енді

Айналайын ақ әжем. Аралаймын әлемді.

Тентек болсам кешірген Сыйлық әкеп әжеме

Балдан тәтті бал әжем. Таң қалдырам бар елді.

С. Нұрсұлтан: Құшағыңа кіргенде, Үн қатасың бал тілмен

Жылынамын бір демде. Еркелеймін әр күн мен.

Не жетеді көзіңе, Құттықтаймын, анашым

Мейірімді күннен де. Сегізінші наурызбен!

Ақжол: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Әліби: Таусылмайды өлеңі, Кәмпит әкеп береді.

Күнде айтып береді. Әжем мені өйткені

Барған сайын бір жаққа Өте жақсы көреді.

Әсетнұр: Еркелеймін, шаттанам, Бал бөбегін баптаған,

Жарқын күлкің бақ маған. Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін, Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші ақ мамам. Келші, келші ақ мамам.

Ж. Өркен: Ана – біздің күніміз, Шалқып, тасып әніміз,

Ана – біздің гүліміз. Жадырасын жанымыз.

Ұландарды қуантып Ана сені құттықтап

Ұзақ өмір сүріңіз. Әндетеміз бәріміз.

Ерасыл: Мерекені қарсы алып, Ақ анашым, аппағым,

Мәз болады барша жұрт. Өзің жайлы тақпағым.

Гүл ұсынып анаға, Өзің жайлы әнім де

Бердім өзім ән салып. Арнадым саған әнімді.

Е. Нұрсұлтан: Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші наурызың.

Қасымда бол әрқашан,

Жансын жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл – қызың.

Өркен: Әсел, біздің топтың қыздары қайда кеткен?

Әсел: Қазір біздің топтың қыздары сайысқа түседі, олар соған дайындалып жатыр.

Тәрбиеші: Әсел, Өркен, қыздарымыз дайын сияқты. Өркен, сен басқа балалармен бірге

қыздарымыздың өнерлерін бағалап отырыңдар (Өркен орнына жайғасады). Ал, Әсел маған сайысты жүргізуге көмектесетін болады.

Әсел: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Тәрбиеші: Ендеше сайысқа қатысушы аруларымызды қошеметпен қарсы алайық.

Әсел: — «Бәйшешек» тобын қарсы алайық;

  • «Қызғалдақ» тобын қарсы алайық;

  • «Сарғалдақ» тобын қарсы алайық.

Сайыстың шарттары: (арулар топ болып сайысқа түседі)

  1. Топты таныстыру (топ басшысы таныстырады);

  2. Шаш сәндеу;

  3. Өз өнерін көрсету;

  4. Ас мәзірі;

  5. Сән үлгісі;

  6. Сиқыр көрсету (топ басшылар сайысы).

Сайысты топтың ұл балалары мен олардың аналары бағалайды.

Әсел: Құтты болсын арулар,

Сегізінші наурызың.

Құлпырып міне шықтыңдар

Гүлдей жайнап көздерің.

Тәрбиеші: Сайысымыздың бірінші шарты «Таныстыру» кезеңі (топ басшылары таныстырады).

1. Таныстыру.

«Бәйшешек» тобы, топ басшысы – Альфия:

Біз «Бәйшешек» тобымыз, Өнерді бойына сіңірген,

Көктемнің алғашқы гүліміз. Бүлдіршіндер талантты.

Топ басшысы – мен болам Арай менен Сабина

Альфия атты қызыңыз. Бірі – биші, бірі — әнші.

Сынға түстік бүлдіршін боп балбөбек, Біз «Бәйшешек» тобымыз,

Тобымыздың аты бізге сай келеді. Жалын атып жаңарған.

Саусағынан өнер тамған шеберлер Мақсаттарға жетеміз

Қыздарыңыз Нұрсая мен Ақжібек. Көкейде бар сан арман.

«Қызғалдақ» тобы, топ басшысы — Әсемгүл:

Тобымызда «Қызғалдақ» бес қыз едік, Би билесе бұралып Асылайым,

Қызғалдақтай жайнаған дос қыз едік. Өнерін неге жұрттан жасырайын?!

Басшы болып Әсемгүл тобымызға Сән үлгісін көрсетсе Динара қыз

Арқасында Айгүлдің шаш түзедік. Қимылында сиқырлы күй бар аңыз.

Айтпай кетсек болмайды Мадинаны,

Ас мәзірін көрсетер, дариғаны.

Өсіп келе жатқан өнерлі шеттерінен

Осындай қыздарымыз бар ибалы.

«Сарғалдақ» тобы, топ басшысы – Сабина:

Біз «Сарғалдақ» тобымыз, Мен, Сабина, топ басшы, Біз сүйкімді баламыз,

Жазылмайды жұбымыз. Нұрай, Сымбат қол басшы. Үлкеннің тілін аламыз.

Біз көрсеткен өнерді Назерке мен Ақтолқын Жеңіс туын биікте

Тамашалап көріңіз. Тобымызда аспазшы. Мәңгі ұстай аламыз.

2. Шаш сәндеу.

1. Арай

2. Айгүл

3. Ақтолқын

3. Өз өнерін көрсету.

1. Ақжібек – «Сыған биі»;

2. Асылай – «Үнді биі»;

3. Сымбат – «Өзбек биі».

4. Ас мәзірі.

1. Нұрсая – жемістерден пальма ағашын жасайды;

2. Мадина – «Күнбағыс» салаты;

3. Нұрай – жемістерден ассорти.

Әсел: Ұлдардың орындауында «Біздің топтың қыздары — ай» әні.

Ән: «Біздің топтың қыздары — ай»

1. Айналдық біздің топтың қыздарынан,

Біздерді өнерімен тамсандырған.

Айтпасақ сұлулығын тағы болмас

Жігітпіз өздеріңе ән арнаған.

Нұрай мен Асылай,

Арай мен Сабина,

Әсел мен Нұрсая,

Сымбат пен Мадина.

Мың бұралған Динара,

Өнерлі қыз Әсемгүл,

Сүйкімді қыз Сабина,

Қолаң шашты Ақжібек,

Еркелеген Алфия,

Сыпайы қыз Ақтолқын,

Бұлбұл құстай Назерке,

Ибалы қыз Айгүл – ай.

2. Қыздарды біз осылай құттықтаймыз,

Ән арнап, өлең арнап ардақтаймыз.

Жасымыз бес – ақ жаста болғанымен

Сендерді сарбаздарша біз қорғаймыз.

5. Сән үлгісі.

1. Сабина (мерекелерге киетін көйлек);

2. Динара (ертеңгілік, банкеттерге киетін көйлек);

3. Назерке (пакеттен жасалған көйлек).

6. Топ басшыларының сайысы – әртүрлі сұрақтар.

— қыс мезгілінде қандай мерекені тойлаймыз?

— көктемде қандай мерекелер бар?

— осы залдан геометриялық пішінге ұқсайтын заттарды атаңдар?

— фортепианода ойналған әуенді табыңдар (5 әуен ойналады).

Жүргізуші: Барлық қыздарымыз өнерлерін көрсетті. Ендеше ұлдардың бағалауын білейік.

(Ұлдар мен олардың аналары өз ойларын білдіреді. Барлығына бірдей баға

беріледі). Бүгін қыздарымыздың барлығы жеңімпаз болды, ендеше Өркеннің

қыздарымызға арнаған өлеңі бар екен.

Өркен: Біз қыздарды тыңдаймыз,

Итеріп, қумаймыз.

Бұрымынан тартқылап,

Біз тентектік қылмаймыз.

Қыздар айтса ұғамыз,

Жолды беріп тұрамыз.

Бақшаға олар келгенде

Алдарынан шығамыз.

Тату – тәтті жүреміз,

Біз қыздарды сүйеміз.

Әрқашанда оларға

Басымызды иеміз!

(Өркен қыздарға ашық хаттарын табыстайды).

Жүргізуші: Барлық қыздарды келе жатқан мерекелерімен, бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз. Сау болыңыздар!

Сценарии городского конкурса «Маленькая принцесса — 2016»

«Кішкентай ханшайым-2016» қалалық байқауының әзірлемесі

Фонфары.

Жүргізуші: — Армысыздар, құрметті қонақтар, өнер сүйер қауым және біздің кішкентай көрермендеріміз! Сіздерментағы да қауышқанымызға біз өте қуаныштымыз. Әр жыл сайын өтетін «Кішкентай ханшайым» қалалық байқауына қош келдіңіздер!

Ведущий: Добрый вечер,  дорогие наши маленькие зрители, гости нашего центра, учителя и родители!  Мы рады приветствовать вас на ежегодном конкурсе «Маленькая принцесса»!

Жүргізуші: Бүгінгі байқауға қаламыздың мектетерінен 8 кішкентай ханшайымдар келген екен. Ендеше халайық ханшайымдарымызды қошеметпен қарсы алайық.

 Ведущий: Итак, поприветствуем  наших красавиц!

Жүргізушілер әр ханшайымды хабарлап мінездеме беріп көрермендерге таныстырады.

Музыка ойнайды.

Ханшайымдар сахнада тұрады.

Ведущий: Все  юные леди так хороши.  Но сегодня  им понадобится немало умений и талантов. Вижу они надели самые красивые наряды. Думаю, и танцы выучили и песни и к заданиям готовы.

Жүргізуші:  Осындай бірінен бірі өткен көрікті, сұлу Ханшайымдарымыздың өнерін бағалап, сарапқа салу үшін шақырылған әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Әділқазылар таныстырылады.

Жүргізуші: Олай болса, ханшайымдарымызды сынақтарға дайындалу үшін сахна сыртына қошеметпен шығарып салайық,  халайық!

Ал,  ханшайымдар дайын болғанша  «Мирас» аспапты-вокалды ансамбілінің әншісі Амангельдинова Сабинаның орындауында ән «Достарым». Қарсы алыңыздар!

Ведущий:  наши принцессы такие яркие, красивые как настоящие звезды. И наш первый конкурс так и называется «МОЙ ЗВЁЗДНЫЙ ЧАС», «Менің жұлдызды сәтім!» в котором принцессы покажут свои таланты, увлечения  и будут блистать.

 КОНКУРС «МОЙ ЗВЁЗДНЫЙ ЧАС»

Жүргізуші: Олай болса, құрметті қонақтар, ханшайымдардың өнеріне  тәнті болайық! 

Ханшайымдар өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Менімше,  Ханшайымдар бұл тапсырмада өздерін өте тамаша көрсете білді. Солай ма балалар? Сендерге ұнады ма ханшайымдар?

Ведущий:  Ну что ж, замечательно!  В таком случае давайте объявим следующий конкурс. Конкурс «Я модница».«Мен Сәнқоймын!»

   Участницы демонстрируют свои модные платья.

КОНКУРС  «Я МОДНИЦА»

Ведущий:  Принцессы наши восхитительно модные! А на следующем конкурсе мы хотим предложить им дополнить свой  модный наряд аксесуаром.

Жүргізуші: Біздің ханшайымдардың өнерімен қоса, шеберліктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Сондықтан олар бұл тапсырманы да қиналмастан орындап шығарына сенеміз. Солай ма балалар?

Ведущий: Ну тогда разрешите объявить мне следующий конкурс.

КОНКУРС-ИМПРОВИЗАЦИЯ «Я САМА»- «МЕН ӨЗІМ» Бұл кезеңде ханшайымдар мынадай әдемі сөмкелерді әшекейлеп, әрлендіреді.Ал ханшайымдар тапсырманы орындап болғанша сіздерді біз Шайханаға шақырамыз. «Мирас» аспапты-вокалды ансамбілінің әншісі Мамырбеков Әзімбектің орындауында Ән «Шайхана». Қарсы алыңыздар!

Музыкальный номер

Жүргізуші: Міне,  ханшайымдар бар өнерлерін салып, әшекейлі сумканы да дайындады.

Ведущий: Какие яркие и необычные получились сумочки. Несомненно, они украсят и дополнять их модный наряд. Но кто из принцесс лучше справился с заданием, определят наши почётные гостьи.

 Жүргізуші: Кұрметті  ханшайымдар жұмыстарыңызды сарапшыларға апарыңыздар.

Звучит музыка

 Участницы спускаются по ступенькам и отдают жюри свои работы и уходят через боковую дверь в зр.зале

Жүргізуші:  Ханшайымдарымыздың Сымбаттылығын, шеберлілігін сынап көрдік. Қалай ойлайсыңдар балалар нағыз ханшайымның бойында тағы қандай қасиет болғаны жөн?

Ханшайым   ақылды болуы керек па қалай ойлайсыңдар? Әлде әдемі, сәнқой болған жеткілікті ма?  Олай болса келесі кезеңде ханшайымдар қаншалықты кітаппен дос екенін сынап көрейік. «Ертегілер әлемі» — «Мир сказок» на этом конкурсе принцессы выберают билетики. И определяют название сказки.

КОНКУРС «МИР СКАЗОК»

Ведущий: Вот и заканчивается наш праздник. Прошу почётных гостей  пройти в комнату для совещание.

Жүргізуші: Ал сарапшылар ханшайымдарымызды таразылап, өз шешімдерін бергенше, мерекеге келген қонақтардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Музыкальные номера

Награждения.

Просмотр содержимого документа

«»КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ-2016″»

Тақырыбы: Кішкентай ханшайым  байқауы.                                                                                                                        Мақсаты: Жас ұрпақты әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге ,зерделі болуға үйрету. Қыз  балалардың жас кезінен алатын тәлім – тәрбиесіне  байланысты  туған мәтелдердің мән мағынасын ашу. Ұқыптылыққа ,әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.                                                 Әдісі: Қыздар арасындағы байқау                                                                         Көрнекілігі: Суреттер,слайдтар,интерактивті тақта,нақыл сөздер,  керекті құрал-жабдықтар тб.                                                                                                        Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                              -Музыка ырғағымен қонақтар ,ата-аналар, оқушылар кіріп орындарына отырады.                                                                                                                  Мұғалім:      Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,                                                                                                                          Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қойып                                                                       Жырдан шашу шашылсын, күй күбірлеп                                                                                    Қош келдіңіздер,  халайық, сергісін бой                                                                    Қазақ халық,  «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі»-.деп табиғаттың әсемдігімен  салыстырады, не бір асыл сөздерге теңейді, ән, жырға қосады, оны өмірдің өзегі санайды. Қыз баланы тәкәппаралықтың, сұлулықтың, инабаттылықтың, ақылдылықтың, тапқырлықтың символы деп есептейді.                                                                                 Халық  қашанда  қыз баланы ерекше құрмет тұтып төрден орын беріп, аялап әлпештеген. Қыз сұлулығын әлемге нұрын төккен күнге, аспанға, ай-жұлдызға теңеп, оны адамдықпен адалдықтың биік тұғырынан көруді армандаған.

Мұғалім:     Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі        

                      Тал бойына  жарасқан күлкі әдемі,

                      Бір көргенге  болмай –ақ сахнада

                      Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей отырып                                      бүгінгі байқауға қатысатын қыздарды қошеметтеп ортаға шықырайық.

2 «а» сынып оқушысы : (ерке қызмыз)  Бекболат Меруерт                                                                                                     2»б» сынып оқушысы: (қиғашқас )  Серік Қаракөз                                                                                    3 «а» сынып оқушысы:  (қолаң шаш )  Аким Сания                                                                                        3  «б» сынып оқушысы:  (сүмбіл шаш)  Күлдейбекова Анара                                                                              4  «а» сынып оқушысы: (ақжарқын  қыз)   Даулет Ажар                                                                          

1. Мөлдір:    Үздік оқып сабағын,

                        Бәрімізге жағатын,

                        Әкесінің еркесі,

                        Анасының сәулесі

Сүйікті ісі: сурет салу,кітап оқу.

Бағалы қасиеті: инабатты,сыпайы,кішіпейіл

2. Қаракөз:     Алар дәйім  «бестігін»

                          Аққуба қыз кескінің

                          Бойшаң біздің Қарақат

                          Ұяңдау деп естідім

Сүйікті ісі: сурет салуды,жазуды жақсы көреді.

Бағалы қасиеті: анасының тұнғышы және көмекшісі, кішілерге қамқоршы.

3. Сания :     Айтқанда әні әуелі

                       Ерекше шығар әуені

                       Биязы қыз Сания

                       Өзі де пысық әдемі

Сүйікті ісі: сурет салуды, билегенді ұнатады.

Бағалы қасиеті: үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор болады.

4. Анара :          Сабағын да меңгерген.

                            Жақсылықты жөн көрген.

                            Арамызда Анара

                            Өзі өнерлі қыз тіпті.

Сүйікті ісі: сурет салуды, кітап оқығанды, билегенді ұнатады.

Бағалы қасиеті : ақылды, парасатты,үлкенді сыйлайтын,кішіге қамқор бола алатын қыз.

5. Ажар:             Ай секілді өзі де

                             Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

                             Ажар қыздың сыныпта

                            Әдемі ғой көзі де.

 Сүйікті ісі:  өлең жазуды, билегенді ұнатады.

Бағалы қасиеті : зерек, еңбекқор,апасының көмекшісі.

Мұғалім:

                    Әділқазы ақ – қазыға бір сәлем,

                   Әділдікке бас иеді бар әлем

                   Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

                   Сарапқа сап , әділдікпен шеше біл – дей отырп әділқазыларды  таныстыру.

1.Мектеп директоры: Ибраимова А.Ж.

2.Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі: Телтаева Ж.Б.

3.Оқу –ісі жөніндегі меңгерушісі: Байболаева Ф.Қ.

Мұғалім:  Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

                   Көрінер  қызыл айдай жүзі жарқын

                   Үлкенің алдын орап  сөз сөйлемес

                   Халықтың сақтай білген ізгі салтын

Қымбатты ұстаздар, ата-анлар және әділқазы алқасы ,сайысқа қатысушылар, оқушылар сіздерді сайыс бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1- сайысы:   Өзін-өзі таныстыру  

2-сайысы  :  Үй тапсырмасын көрсету     (қол өнер)

3-сайысы:    Сұраққа-жауап алу      (білім жарысы)

4-сайысы:    Қыздардың   өнерлері    (ән,өлең,би)

5-сайысы:    Қолөнер сайысы    (ұлттық оюды қию)

6-сайысы:    Мақал-мәтелдер айту (ана,қыз туралы )

7-сайысы:     Ұлттық киім, бұрымды шаш жарысы.

1.Мұғалім: Болады қыздың аты ,затына сай,

                      Ниет етсең  болуға өнерге бай

                      Артық емес үйрен де жирен деген,

                      Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

«Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей гүлдерімізді  танысуға шақырамыз.

1.Даулет Ажар

2.Аким Сания

3.Күлдейбаева Анара

4.Бекболат Меруерт

5.Серік Қаракөз-ді ортаға шақырамыз.

2.Мұғалім:  Тұз емес пе, астың дәмін кіргізер,

                       Қыз емес пе, үйдің сәнін кіргізер,

                       Қыздың жиған жүгіндей демейміз бе?

                      Сұлулық пен нәзікті білгізер -деп қыздардың шеберліктерін, үй тапсырмасын көрсетеді.

2 «а»сынып оқушысы Бекболат Меруерттің өнерін тамашалайық.(Шығыс биі)

3.Мұғалім:   Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

                        Балауыз балбыраған тәні қандай,

                        Ақыл ой мінез көрік түгел келіп

                       Толысып танып тұрған сәні қандай  — деп  ақыл –білім парасат сайысын тамашалайық.(сұраққа жауап алу)

2 «б»сынып оқушысы Серік Қаракөздің өнерін тамашалайық.(Қазақ биі)

4.Мұғалім:    Құлақтан кіріп бойды алар

                         Жақсы ән мен тәті күй

                         Көңілге түрлі ой салар

                        Әнді сүйсен   менше сүй – деп қыздар өнерін тамашалайық.

3 «а»сынып оқушысы Аким Санияның өнерін тамашалайық.(Қазақ биі)

Мұғалім:     Қыздар  жаны гүлдей нәзік тым биік

                      Қыздар жаны-түбі терең тұңғұйық

                      Жабырқаған  жігіттердің көңіліне

                     Жанап өтіп, жүреді әркез нұр құйып  -деп қолөнер сайысын тамашалайық.

3 «а»сынып оқушысы Күлдейбаева Анараның өнерін тамашалайық.(өлең оқу)

Мұғалім:   Талдай бой берсін

                    Сұңғыла   ой берсін

                    Таудай талап берсін,  

                    Басына білімнің бағы қонсын  — деп мақалдар айтып жарысамыз.

3 «а»сынып оқушысы Даулет Ажардың өнерін тамашалайық.(өлең оқу)

Мұғалім:  Білектей арқасында өрген бұрым                                  

                   Шолпысы сылдыр қағып  жүрсе ақырын                                                                                    

                   Кәмшәт бөрік , ақ тамақ, қара қасты

                   Сұлу  қыздың көріппедің мұндай  түрін?- деп ұлттық киімі мен бұрым сайысын тамашалаңыздар.(жүрістерін бағалау)

Мұғалім:  Табылар  білім болса бар асыл да,

                    Кезек келді  қазылардың бағасына

                    Жақсы  екен  бата алған аналардан

                    Қазылар бұл байқауды бағалаған-деп  әділқазылар сайыс қортындысын хабарлап ,қыздарға сыйлықтар тапсырылады.

Мұғалім:  Талдай бой берсін,

                   Сұңғыла ой берсін

                   Жаздай жамал берсін,

                   Қардай жанар берсін!

                   Анаға шуақ болыңдар,

                   Ағаға қуат болыңдар,

                   Нәзік жанды болыңдар,

                   Елінің ары болыңдар,

                   Басына өнерден бақ қонсын

                   Ақ орданың шамы болыңдар-деп бүгінгі байқауды аяқтай отырып, құрметті қыздар мақсат жеңу емес,қатысу демекші, сіздерге зор денсаулық, бақыт,оқуда озат болуларыңа тілектеспіз,ата-аналарыңның сүйікті де сүйкімді қыздары болыңдар,болашақта жеңіп алатын биіктерің көп болсын –деп келесі білім жарыстарында кездескенше сау саламат болыңыздар!

Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты:
1. Қазақ халқының өнерін, салт — дәстүрін дәріптеуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал — мәтелдер.
Әдісі: сайыс
1 — бастауышы: Ералы, бүгінгі мерекеде апай бізге көмекшілерім боласын деп еді. Енді өзі кешігіп жатыр. Ту-у осы қыздардың кешігіп жүретін әдетін — ай?!
2 — Бастаушы: Мен осы бір нәрсе ұмытқан секілдімін
3 — Бастаушы: Мені күтіп қалдыңдар ма? Кешігіп қалдым — ау деймін. Ал Нұрхан Ералы сіздер мерекені бастауға дайынсыздар ма? Олай болса мерекемізді бастайық.

1 — бастауыш: Сіздерден өскен балалар
Батыр менен даналар
Құттықтаймын мейраммен
Құрметті біздің ұстаздар!
2 — Бастаушы: Той – тойлап дала менен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қара көз абзал ана мерекеңмен
Құттықтап жатыр міне балаларың

3 — бастауыш: Құрметті асыл аналар, қыз — қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
3 — бастауыш: ____________________________________________________________

1 — бастауыш:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
2 — Бастаушы: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды қуантып
Өнерден маржан шашайық
3 — бастауыш: Ортаға аруларды шақырамыз.
2 — бастауыш: Ұмытқан затым есіме түсті қыздардың мерекесіне арнаған сыйлығымызды ұмытып кеткен сияқтымыз. Апай, рұқсат болса біз сыйлыққа барып келейік.
3 — бастауыш: Ұлдар бұларың енді жарамады. Тез барып қайтыңдар

І кезең «Таныстыру»
3 — бастауыш:
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

ІІ кезең «Шебер қолдар»
3 — бастауыш:
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша ұлдарымыздың орындауында әсем ән тыңдайық!
Ән «Менің анам алтын»
ІІІ кезең «Өнер сайысы»
3 — бастауыш:
Кішкентай аруларымыздың өнерін тамашалайық

ІҮ кезең «Дәм — думан»
3 — бастауыш: «Ас — адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады.
3 — бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.
Тақпақтар
Бексұлтан: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы

Нұрбол: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен!

Алишер: Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан анам
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаға

Нұрберген: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Бақытқали Ж: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын
Аман болшы анашым

Жасұлан: Жүре берсем қасында
Айбат анам ай анам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз боп оянам
Айналайын ақ мамам

Айдаурен: «Ана» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар

Артур: «Күнім» «Жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
Ойлап тапқан аналар

Ерасыл: Менің әжем — Жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ орамалды тағып ап
Аман — есен жүр әжем

Диас: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит әкеп береді
Әжем мені өиткені
Өте жақсы көреді

Би:
Хор: Ақ мамам
2 — Бастаушы Жанар: Ұл — қыздарыңыздың жапсыру сабағында өздерінің аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.

3 — бастауыш: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау

3 — бастауыш: — Ал енді менің көмекшілерімнің айтулары бойынша тобымыздың қыздарына сыйлықтары дайын екен Ал жігіттер сыйлықтарымызды табыстайық.
Ералы — Нұрхан: Шалқып – тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Қыздар сізді құттықтап
Сый сыйлаймыз бәріміз!
2 — бастауыш: Осымен Аналар мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды.
Құттықтау сөз

Тақырыбы: «Кішкентай ханшайым» байқауы
Мақсаты:
1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.

Барысы:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Наурыз айы — үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың,
Қарсы алайық құрметтеп аруларды,
Ұстанған қазағымның ата салтын.

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Саппен қыздар ортаға келіп тұрады.)

Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын — төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:
1).

2).

3).

Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
2. «Шебер қолдар»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
4. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен өз қолынан жасалған сәндік киім)

5. «Білімдіге дүние жарық»

(Лездік сұрақтарға жауап беру)

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
(Қыздар өздерін ортаға шығып таныстырады.)

Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-ана жолынан.
Шебер қолдар, қол өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан — деп кезекті «Шебер қолдар» сайысына берейік.
(5 минутта өз қолымен бір зат жасап көрсетеді.)

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында — дей отырып аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.
(Қыздар жеке-жеке өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)

Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне — деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз.
(Қыздар сұрақтарды алып жауап береді.)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
3.Қошақанның анасы? (қой).

2-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
3.Тай, құлынның анасы? (Бие).

3-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
2. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
3. Ботаның анасы? (түйе).

4-ші арудың сұрақтары.
1. Әкеңнің анасы саған кім болады? (ата)
2. Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
3 .Ешкінің төлі ? (лақ).

5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
3. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. Әнші Роза … ( Рымбаева)

7-ші арудың сұрақтары.
1. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
2.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
3. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
3. Қорытынды сөз.

1. /К_шкентай ханшайым.doc Сайыс: «Кішкентай ханшайым мен кішкентай ханзада» Қатысатын сыныптар

Сайыс: « Кішкентай ханшайым мен кішкентай ханзада»

Қатысатын сыныптар: 0-1-2-3

Мақсаты: . Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер

Сайыстың өту барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар!

Шашу – шашу шашайық, 

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың 

Бастаңғысын жасайық!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген оқушылар!

« Кішкентай ханшайым мен кішкентай ханзада» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Сайысымызды танысудан бастамастан бұрын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

2-жүр: 1-ханшайымымыз,  Мендекина Аида Еркінқызы.

Аида мектебіміздің мектепалды даярлық сынып оқушысы. Аруларымыздың ішіндегі ең кішкентай аруымыз . Кішкентай арулар байқауына жасы кіші болсада қатысып жүлдегер болуға тырысуда. Ол ән айтқанды,би билегенді ұнатады, болашақта «дәрігер» болуды армандайды екен.Аида болашақта «дәрігер» болатынына кәміл сенеміз.

1-жүр: 2-ханзадамыз , Аманжол Ильяс Мұхтарұлы Ханзадаларымыздың ішіндегі ең кішкентайы .Даярлық топта өте жақсы оқиды. Мектебіміздің директоры Құдайберген Серік Қажантайұлына ұқсап директор болғанды армандайды. 2-жүр:  3- сайыскеріміз, Ерханова Аружан Сырғабекқызы . Аружан мектебіміздің бірінші сынып озат оқушысы.Ол өскенде ем іздеген жандарды емдеу үшін, дәрігер болуды армандайды. Аружан өте нәзік, инабатты қыз. Мамасының еркесі және мамасына көмек беріп, ылғи екі етпей, тілін алады.1-жүр: 4- сайыскеріміз ,  Шайхин Нұржан Өміржанұлы . Нұржан мектебіміздің 1 -ші сынып оқушысы, Нұржанның мінезі, өте салмақты.                      2-жүр:5- сайыскеріміз, Мухамбетқали Аслан Жасқайратұлы, Аслан мектебіміздің 2-ші сыныбында оқиды. Анасына ұқсап, мұғалім болуды армандайды. Аслан , математика сабағын жақсы көреді және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген оқушы.1-жүр: 6- сайыскеріміз, Мұратова Ақнұр Маратқызы.Ақнұр мектебіміздің,2- ші сынып оқушысы. Арманы «депутат» болу. Елміздің қамын ойлайтын, халқымыздың жайын ойлайтын «депутат» болсам-дейді.Ақнұр ата-анасының еркесі.2-жүр: 7- сайыскеріміз,Әміржан Нұржан Русланұлы .мектебіміздің 3-ші сынып оқушысы. Сыныбының топ жетекшісі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Болашақта еліміздің тыныштығын, тәртібін сақтайтын «милиционер» болуды армандайды. Арманыңа жетуіңе тілектеспіз.1-жүр: 8-аруымыз, Аубакирова Саида Талғатқызы. Мектебіміздің 3-ші сыныбының озат оқушысы. «Білімді-мыңды жығады» деген қағиданы жадына берік ұстайды, өзі шапшаң, пысық ақылды, ару қыз.

 1-жүргізуші: Ендігі кезек әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1._____________________________________________

2._____________________________________________

3._____________________________________________

« Кішкентай ханшайым мен кішкентай ханзада» сайысының шарттарымен таныстыралық:

  1. Таныстыру.
  2. «Өнерлі бала, өрге озады»(ән айту немесе би билеу)

3.XXIғасырға сай, киім үлгілері, яғни қазіргі стильдегі киім үлгілері.

4. Ойлан тап.

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық!

2-Жүргізуші

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата-жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ел намысын қорғамақ.

Ханшайым мен ханзада шықсын ортаға,

Бүгін жеңімпаз атанбақ!

1-Жүргізуші: — Ендеше, көп күттірмей сайысымыздың 1-ші шартына көшелік. Таныстыру. Ортаға 1-ші сайыскерімізді шақырайық! 1-Жүргізуші: 0-сынып оқушысы Мендекина Аиданың орындауында «Қуыршақ » әнін қабыл алыңыздар!Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! 1-Жүргізуші: 0-сынып оқушысы Аманжол Ильястың орындауында « Чебурашка » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! 1-Жүргізуші: 1-сынып оқушысы Шайхин Нұржанның орындауында « » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! 1-Жүргізуші: 1-сынып оқушысы Ерханова Аружанның орындауында « » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:— Жарайсың Аружан. 1-Жүргізуші: 2 -сынып оқушысы Мұрат Ақнұрдың орындауында « » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:— Жарайсың АқнұрЖүргізуші: 2 -сынып оқушысы Мухаметқали Асланның орындауында « » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:— Жарайсың Аслан.1-Жүргізуші: 3-сынып оқушысы Аубакирова Саиданың « » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! 1-Жүргізуші: 3-сынып оқушысы Әміржан Нұржанның орындауында « Чебурашка » әнін қабыл алыңыздар!

2-

Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! 2-Жүргізуші: Сайысымыздың 2-ші шарты бойынша, XXIғасырға сай, киім үлгілері, яғни қазіргі стильдегі киім үлгілері.

Тарылмайды ұлы өнердің арнасы

             Қанаттанып биіктерге самғашы

             Қарсы алайық моделдерді осылай

             Шаралар мен Шұғыланың жалғасы

2-Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі шарты : «Ойлан тап» қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады. Әр сайыскерлер келіп бір билет алады. Берілген әріпке байланысты кісінің атын айтады. 2-Жүргізуші:— Рахмет, өренің өссін! 1-Жүргізуші: «Кішкентай ханшайым мен кішкентай ханзада » сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Ендігі сөздің кезегін әділ қазыларға берсек деймін.Марапаттау:

2-

Жүргізуші:— Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!

Қызылтаң орта мектебі

« Кішкентай ханшайым мен кішкентай ханзада»

сайыс.

Өткізген:Байсеитова С.А.

2011-2012 оқу жылы.

Мустафаева  Гулимхан Демеухановна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Балауса»  бөбекжайы» МКҚК
ІІ санатты  тәрбиеші

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге,  әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

      1-жүргізуші:  Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, сүйкімді бүлдіршіндер!
  Өмірдің иесі сен ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

деп, жырлағандай бүгінгі  «Тұлпар» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Кішкентай ханшайымдар-2018» қыздар сыны сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы  бұл әдебі-деп сұлу қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.

                1.Топтың қорғап намысын,

Жүгіріп сен жүресің

Қайсар мінез Айару

Таудай болып өс,ел үшін.

  1.    Шақырайық Тоғжанды

Қызықпен өткен әр күні

Жомарт мінез қызымыз,

Кәсіпкер болар бір күні.

  1. Еркелеткенді сүйетін,

Жымиып қана күлетін.

Алдарыңызда Ақторғын

Бар нәрсені білетін

  1. Бәріне жетер шамасы

Жаны жайсаң баласың

Тақпақ айтар тақылдап,

Мөлдірді қарсы аламыз.

  1. Дария біздің әдемі,

Жарасып тұр көйлегі.

Қандай жағдай болса да,

Достарын күтіп жүреді.
1-жүргізуші:  Өнерпазадар өнерін салыстырып,

                         Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

(Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.)

2-жүргізуші:  Сайысты бастамас бұрын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

  1. «Сәлем-сөздің анасы» (Өзін-өзі таныстыру.)

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Мұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт-сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түседі.

  1. «Дәм-думан» (жеміс-жидектерді әсемдеу )

Бұл бөлімде дайындап алып келген жемістерден не жасағанын  қалай дайындағанын айтып қорғайды.

  1. «Жүйрік болсаң тауып көр» (Күз мезгіліне байланысты сұрақтар.)

Бұл бөлімде балалардың тапқырлығын  білетін боламыз.

  1. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсетеді.)

Бұл бөлімде қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді. Ән айту,би билеу т.б. өнерлерін көрсетуге болады.

  1. «Шебер қолдар» (Қыздарымыз өздерінің үйлерінен дайындап әкелген өз еңбектерін көрсетеді. )
  2. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән үлгісін көрсету.)Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Айару:

Тоғжан: Армысыңдар, ағайын,

Сәлемдесіп алайын.

Таныстырсам өзіңді,

Бесінші топтың гүлімін.

Тоғжан деген атым бар,

Жанболаттың қызымын.

Фермебайдың немересімін,

Әжем Сания мені өсіріп,баптаған.

Бұл сайысқа өнерімді саламын,

Анам Майша қуанамын,шаттанам.

Өскенде дәрігер боламын,

Анамның жолын қуамын.

Жеңіске жетіп,бүгін мен,

Күз ханшайымы боламын.

Ақторғын: Алдарыңа келіп тұрған,

Досболқызы Ақторғын.

Атамның жұлдызымын,

Әжемнің құндызымын.

Төрт жасында бәйге шапқан,

Жарының бір қызымын.

Балдай балғын бөбекпін,

Таудай алғыр зерекпін.

Дөңгеленіп билеймін,

Шырқап ән де саламын.

Өзім кішкентай болсам  да,

Таудай үлкен талабым.

Мөлдір: Армысыңдар,көрермендер,

Алдарыңда келіп тұрған

Қанатқызы Мөлдірмін

Атамның жұлдызымын

Әжемнің құндызымын

Үш жасынан бәйге шапқан

Маскардың бір қызымын.

Дария: Әжемнің мен қызымын,

Атым менің Дария.

Балдай тәтті бүлдіршін,

Мен боламын халқым ай.

Руым Әлім Қаракесек,

Әкем менің Азамат.

Әлімінің Назары,

Нағашы елім ұлықтай.

Төрттен асқан шағымда,

Сайысқа келдім асыға.

Топ жарамын қалыспай.

2-жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі. «Дәм-думан» Балалар өздері үйден жеміс-жидектерден дайындап алып келген жұмыстарын айтып,түсіндіреді.

1-жүргізуші:  «Жүйрік болсаң тауып көр» бөліміне кезек берейік.

1-сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

Жауабы: Күн суытады,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2-сұрақ: Жұмбақ шешу.

Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл.

Түссе-сары,

Бұл не?

Жауабы: жапырақ

3-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді?

Жауабы: Үшке бөлінеді. Ерте күз, алтын күз, қара күз.

4-сұрақ: Күз айларын ата?

Жауабы: Қыркүйек,қазан,қараша.

5-сұрақ: Жұмбақ шешу.

                 Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

Жауабы: Жеміс

6-сұрақ: Бес жеміс-жидектерді ата?

Жауабы: алма, алмұрт, жүзім, өрік, шие.

7-сұрақ: Мақал-мәтелді жалғастыр?

Еңбек түбі________

Жауабы: Береке

8-сұрақ: Бес көкөністерді ата?

Жауабы: қияр, қызанақ, сәбіз, картоп,пияз.

2-жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары,

Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы.

Күй тартып,би де биле,өлең оқы,

Қыздарға қай өнерде жарсады-дей,отырып ендігі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне берейік.

Би:  «Испан» биі.

1-жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай,

Жүрегі арулардың ақылға бай.

«Ана көрген тон пішер»деген бабам,

Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай-дей,отырып келесі сайысымыз  «Шебер қолдар» Қыздарымыз  өздерінің дайындап әкелген жұмыстарын көрсетеді.

2-жүргізуші: Келесі «Қыздарғаәсемдікжарасады»бөліміне кезек берейік.

Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған,

Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

  1-жүргізуші:  Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам елімді.

Түрлі-түсті сән көйлек,

Көз тартады не керек-демекші,

«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы сән үлгісін тамшалаңыздар.

2-жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен, қыздрымыздың әнін тамашлайық.

1-жүргізуші:  Міне,бүгін қыздарымыз тамаша өнер көрсетті. Олай болса жеңімпазды анықтауүшін әділқазыларымызға сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші:  Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін.

Аналарын қуантып,

Біздің бақша қыздары.

Гүлдей құлпыра берсін.

1-жүргізуші:  Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Еліміздің ертеңі,

Үміт етер өздерің-дей  отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысына аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кітапханамен таныстыру сценарий
  • Кітапханалы? іс шаралар сценарий
  • Кітапхана туралы сценарий
  • Кітапхана іс шаралары сценарий
  • Кітаптар туралы сценарий