11 сынып аттестат алу кеші сценарий

Cкачать: Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім! атты Аттестат алу кеші

Армысыздар
құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші
түлектер!

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»
атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

-Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін таратын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді  көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға.(аннотация)

Құсайын Талшын-1
сыныптан 9 сыныпқа дейін оқу озаты.Аудандық пән олимпиадасынан география пәні
бойынша I орын және II орын иегері.Облыстық, республикалық интеллектуалды
сайыстардың жеңімпазы, интернет-олимпиада жеңімпазы,республикалық ғылыми жоба 2
орын.

Серік Мұхтар-2012-2013
оқу жылының мектеп бойынша «Үздік жыл оқушысы», аймақтық олимпиада сурет
пәнінен I-дәрежелі мақтау қағазы иегері, халықаралық «Парктер-шеруі-2013»
сайысының плакаттар бағамы бойынша I-орын иегері.

Замкенова Айжан-1
сыныптан 9-шы сыныпқа дейін оқу озаты.Аудандық пән олимпиадасында ағылшын
тілінен 3-орын иегері, облыстық, республикалық интеллектуалды сайыстардың
жеңімпазы,интернет олимпиада жеңімпазы, аудандық «Жауқазын» фестивалінің
лауреаты.

Жұмагелді Төребек
интернет-олимпиада 1 орын иегері, интеллектуалды конкурстардың жеңімпазы,
аудандық «Жауқазын» өнер фестивалінің лауреаты, аудандық шахмат жарысының III
орын иегері.

Кәкім Темірлан-оқу
екпіндісі, білімді оқушы.Аудандық пән олимпиадасында тарих пәнінен
жеңімпазы,облыстық олимпиада «үздік эссе « иегері,интернет олимпиада жеңімпазы

 Абилова Динара— мектеп волейбол,
баскетбол құрама командасының белсенді мүшесі, интернет олимпиада жеңімпазы.

Рамазан Бернат-.Мектеп
волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика құрама командасының белсенді мүшесі,
аудандық жарыстардың жеңімпазы,грек-рим күресінің жеңімпазы, жүлдегері,интернет
олимпиада жеңімпазы.

Сағынғали Саян
Грек-рим күресінің жеңімпазы, жүлдегері.

 Сәлім Мағжан-интернет олимпиада
жеңімпазы

Тыныбек Данияр
мектеп баскетбол, волейбол құрама командасының мүшесі, грек-рим күресінің
жеңімпазы, жүлдегері .

Төлеухан Дәулет
грек-рим күресінің жүлдегері.

Тоқтау Жандос
грек-рим күресінен  аудандық,облыстық,республикалық  жарыстардың
жеңімпазы,жүлдегері.

(Музыка әуенімен оқушылар сахнаға тізіліп
тұрады )

Жүргізуші; Бүгінгі кеш-Сіздер үшін
қымбатты түлектер!

Бүгінгі айтылар тілек, орындалар ән күй,
ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар Сіздерге арналады

2015 жыл-Қазақ хандығының құрылғанына
550жыл,  ҚР Конситуциясының 20 жылдығы,Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерей тойларымен
қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай
анық.Күннен күнге көркейіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ
Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің
атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.

Бүгінгі
«Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған
қонақтармен таныстырып өтейік.

1.———————————————————
2.———————————————————
3.———————————————————.
Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. –
дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Бекова Құралай Артықбаевнаға
беріледі.

Кешіміз
өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты,
Тамылжытып ән салады.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе,
алдарыңызда …………………………………. Қабыл алыңыздар!

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау
сөз кезегі

құрметті қонағымыз
————————————————————————— беріледі

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы
төккен теріңнің жемісі,

11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат
алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп
директоры Бекова Құралай Артықбаевнаға және оқу ісінің меңгерушісі Жилкайдарова
Айнаш Қайырбековнаға тапсырылады.

(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

Ән………………………………………Қайратова
Дарига.

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары:Сабырбаева
Бақыт Жакуповна  және Дүйсенбекова Жадыра Жасатаевна.

Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің
алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздарына беріледі.

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын
жасыра білген сынып жетекшісіне алғысымыз шексіз.

Келесі сөз кезегі 11а сынып жетекшісі Токабаева
Нұргүл Кулмухаметовнаға беріледі.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып,
кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «……………………………….»
орындайтын …………………….

Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен
өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз
ге беріледі.

 Ата-ана
тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз
кезегі жас түлектердің ата-аналарынаа  беріледі.

Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.
Ән: «
…………………………………» Ор:……………………………………………………………..
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол
тілейміз.

Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері
«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Сәт сапар, жас түлек!»

(Аттестат алу салтанатты жиынының сценариі)

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

1. Өтетін орны:№ 2 ЖББ мектеп

2. Өтетін уақыты: 12.06.2019ж. сағат 11.00де

3. Қатысатын сыныптар: 11-сынып, 9 «А» , 9 «Б»

4. Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, гүлдер.

5. Жүргізуші: Ануар Нұрғанат 9- сынып, Естемесова Аяла 9-сынып

6. Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер,тақпақтар

Жүргізу тәртібі: (Сахна сыртында ұстаздарға түлектердің өлеңі)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар

және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек !» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер. Міне, көптен күткен салтанатты жиын да келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.

2-жүргізуші:

Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз 2 жалпы білім білім беретін мектептің қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, қанаттары қатайып, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.

1-жүргізуші:

2018-19 оқу жылында 11-сынып бойынша 13 шәкірт білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.

Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша сыныпта үш «Алтын белгі» иегерлері бар . Олар: Момбаева Дана, Розхан Нұржігіт, Омархан Сымбат.

Олай болса, өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар мектеп бітіруші түлектерімізді құрметпен қол соғып қарсы алайық. (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

2-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді, Көңіл шіркін, тасып – толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау, Бойжетіпті бантикті қыз кешегі. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата-ана, Тойларыңыз құтты болсын ұстаздар!

Бірден Гимн орындалады+ 1-жүргізуші

Бүгінгі мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік. 1.Ардагер ұстаз Бағайбаева Тұрсынбүбі Нұрсейітқызы

2.Алтын белгі иегерлерінің ата-аналары

2-жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық, Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып. Кетігін елдің жетілдірер бол азамат, Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып. Ақылың толып, білімің түсті қорлана Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада. Аттестат деген – азаматтық куәсі, Аттестат деген — өмірге берген жолдама. дей келе көптен күткен қуанышты кезең,Жалпы орта білім және негізгі орта білім туралы Аттестат алу кезеңі келгендей.Жарқын болашаққа жолдама-жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, түлектеріміз! Аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры Отепбекова Бақытнұр Маденқызы мен осы мектепте аянбай қызмет атқарған, ардагер ұстазымыз Бағайбаева Тұрсынбұбі Нұрсейітқызына беріледі.

Ән ——патриоттық————————————————————————

2-жүргізуші: Оқу-білім — еліміздің тірегі, Ұлағатты ұстаз – мектеп жүрегі, Аман болшы, ауырмашы ұстазым, Шәкіртіңнің сізге айтар тілегі! Еске алғанда сол күндерді жиылып, Таусылмасын естеліктер тыйылып. Ұстаздарым, көп рақмет сіздерге, Бас иемін алдыңызда иіліп!– дей келе, мектебіміздің барлық ұстаздарына жас түлектер алғысын қабыл алыңыздар. «Алтын белгі» иегері Момбаева Данаға сөз беріледі. Жас түлектердің қатарында Сұлтанғазы Дана , Ахметханова Дана да бар. Олай болса Дана есімді қыздарды бөле жармайық.Сөз кезегі 11- сыныптың қыздары Даналарды ортаға шақырайық!

Сонымен бірге ортаға өз арнауларын білдіруге Рахмеджан Фариза және түлектердің іні-қарындастарын шақырамыз!

1-жүргізуші: Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.- дей отырып сөз кезегі жас түлектердің аналары, көп балалы аналар Иманбекова Әсем, Насирғожаева Аида, Қораласбаева Анипа ,Қарсыбекова Ботагөзге беріледі.

2-жүргізуші:

Анаға бас иеміз,

Туған елдің, тілі деп.

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

Кезекті әнге береміз Ән «Әкем,анам»

1-жүргізуші:

Шығыңдар білім шыңына, Батамыз берер сендерге. Болыңдар үздік тағыда, Оқу менен еңбекте- дей келе, Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз ардагер ұстаз Бағайбаева Тұрсынбүбі Нұрсейітқызына беріледі.

2-жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдықпен асыңдар сан белдерді . Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар енді елді. Қыран болып ұшыңыз, Оқуларға түсіңіз. Еңбекте көп қуаныш Елде талай туар іс. Кемелденген маман боп, Келіңіздер аман боп. Мерейлі боп күніңіз Мектепке кеп тұрыңыз. Сағынамыз күн сайын, Кездесейік жыл сайын.

Ән кезегі түлектерде «Мұңайма» әні

1-жүргізуші: Сіздерге жалын жүрекпен Айтамыз достық тілекпен. Әрқашан сәтті жол болсын! Сапарларыңыз оң болсын! -.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз. Шақырылған қонақтар, ұстаздар мен мектеп түлектері

«Сәт сапар, жас түлек !» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Жауапты: 11- сынып жетекшісі Аталыкова Гульнара Дуйсебаевна

Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты

Даярлық кезеңі:

  1. Түрлі-түсті шарлар ілу, гүлдер қою.

  2. «Сәт сапар, жас түлек!» — баннер.

  3. Музыкалық безендірулер: түрлі музыкалық дискілер; музыкалық орталық, буклеттер, грамоталар.

  4. Қонақтарды шақыру.

  5. Ұстаздар, ата-аналарды шақыру.

Барысы:

Мектептің безендірілген кіші акт залында музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Кеш жарық, қадірменді ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты күн деп айтуымыз керек. Өйткені, үкілеген үмітттерін арқалаған біздің жас түлектеріміз бүгін мектептің қабырғасынан ұшып, үлкен өмірге жолдама алып жатыр.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүкіл аудан оқушылары, соның ішінде мектеп түлектері үшін бүгінгі салтанатты жиын – алаңсыз өмірдің артта қалып, алда жаңа өмір жолының басталатынын хабарлайды. Салтанатты мереке болса да білім нәрімен сусындатқан, нағыз достарды сыйлаған алтын ұя мектеппен қоштасу сәті. Мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашақтарыңыздың іргетасын қаладыңыздар. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп, мұңайып, келешектеріңізді ойлап, жүректеріңіз лүппіл қағып тұр. Сіздер жаңа әлемге, білім әлеміне қадам басқалы тұрсыздар. Ол мектептегіден өзгеше әлем болмақ.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға, —

деп, қарлығаштарымызға қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер деп қ а р с ы а л а й ы қ! (Музыка ойнап, қол соғылып, бүкіл зал тұрып, мектеп түлектерін қарсы алады. Бір ұл, бір қыз қол ұстаса, қолдарында гүлдері бар, «Жас түлек-2018» төс белгілері бар, алдарында сынып жетекшілері келеді).

(Осы сәтте оқушылардың апалары атынан бір адам ш а ш у ш а ш а —

д ы ).

Жүргізуші:

11-сыныпты 9 оқушы аяқтап отыр.

Олар:

  1. А. бала — «Алтын белгі» иегері, «Оқитын адам – табысты адам» конкурсының жеңімпазы;

  2. А. бала — «Алтын белгі» иегері, информатикадан облыстық олимпиаданың жүлдегері, биші; «Алау» әскери-спорттық командасының командирі;

  3. К. бала — «Үздік аттестат» иегері, «Оқитын адам – табысты адам» конкурсының жеңімпазы; орыс және қазақ тілінде бірнеше ғылыми жобалар қорғаған;

  4. М. бала — оқу екпіндісі, биші, концерттер жүргізушісі;

  5. М. бала – спортшы, еркін күрестен облыстық турнирлердің жүлдегері;

  6. Н. бала – спортшы, облыстық жарыстардың спринттен, граната лақтырудан, жүгіруден жүлдегері, еркін күрестен жеңімпазы;

  7. М. бала – спортшы, еркін күрестен облыстық турнирлердің жеңімпазы;

  8. Н. бала – оқу екпіндісі, мектептің әскери-спорттық командасының белді мүшесі;

  9. Д. бала – оқу екпіндісі; әскери-спорттық командасының белсенді мүшесі, географиядан, тарихтан аудандық олимпиадалар жүлдегері.

Жүргізуші: Сәт сапар сендерге, 2019 жылғы жас түлектер!

Жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге кәмелеттік аттестат беру салтанатын ашық деп жариялаймын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.

(Мектеп бітіру кешіне жиналғандар тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды).

Жүргізуші: Құрметті түлектер! Сіздерді бүгінгі үлкен өмірге қадам басқан қуанышты күндеріңмен құттықтаймын. Сәт сапар тілеймін!

Бүгінгі салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорына береміз.

Мектеп директорының құттықтау сөзі.

Құттықтау сөздер:

Жүргізуші:

а) Келесі құттықтау сөзді ауданы әкімшілігінің өкіліне ____________

__________________________________________________________________

береміз.

Жүргізуші:

ә) Жетеді құлаш ұрған арманына,

Бола біл өз еліңнің қорғаны да.

Сендер үшін жасалған бар жақсылық,

Елбасының айтылған Жолдауында.

Келесі құттықтау сөзді селолық округінің әкіміне береміз.

Жүргізуші:

2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқу – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беріледі.

Жүргізуші:

Өрендер, кетті сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген – өмірге берген жолдама,

— дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі , аттестат тапсыру кезеңі келгендей.

Бүгінгі жиында мектептің директоры аттестат тапсыру салтанатын бастайды!

Аттестат тапсыру салтанаты – мектеп директоры

Жүргізуші:

Ұмытпаңдар ұстазыңның барлығын,

Сол ұстазбен өтті емес пе әр күнің.

Қайта оралмас балалық шақ, бал дәурен,

Мектептегі өмірің, өшпейтұғын ән бүгін.

Құттықтау сөз 11-сыныптың алғашқы ұстазына беріледі.

Жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей болып күлімдеген жарықсыздар.

Құттықтау 11-сыныптың жетекшісіне беріледі.

Жүргізуші:

Мектеп ұстаздары атынан құттықтау сөз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне беріледі.

Жүргізуші:

Қандай ғажап қарашы айналаңа,

Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!

Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,

Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , — дей отырып,

барша ата-аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегі …… беріледі.

Жүргізуші:

Қиял қуған, үміт толы жас кеуде,

Болашаққа нық адымда, сескенбе.

Кеше ғана сәби болсақ, ержеттік,

Бір-бір маман болсақ дейтін өскенде.

Балапан ек, қанатымыз қатайды,

Ертең бізді азамат деп атайды.

Қоштасарда тамшы тұрар көзімде,

Мектептегі қимай ағай, апайды.

Мәпеледің, білім бердің, мектебім,

Бүршік жарып, гүл боп сонда көктедім.

Тұғырым боп сен қаласың мәңгіге,

Нық ұстаймын арманымның ескегін!

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, үлкен өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз. Мектеп түлектері атынан сөзді алтын белгі иегерлеріне береміз.

(Ортаға мектеп бітірушілер шығады да, ұстаздарға, мектепке деген алғысын айтады, арнауын оқиды, ән айтады, вальс билейді).

Соңғы қоңырауға

Гүлге бөлеп кең байтақ жерлеріңді,

Аямай төк еңбекпен терлеріңді.

Қайда жүрсең қадірлеп берік ұста,

Салт-дәстүр, ділің менен тілдеріңді.

Төтеп бер өмір-теңіз толқынына,

Көңілдер қуанышқа толды мына.

Ата-ана, ұстаздардың пәк тілегі,

Ақ жол болсын, балалар, барлығына.

(Т.Асылханов)

Құрметті жас түлектер! Сендер жаңа әлем – білім әлеміне қадам бастыңдар. Бұл мүлдем басқа әлем. Оқуға түсіп, болашақта білгір де білімді маман болуларыңа тілектеспін.

Оқу – білім негізі, білім – бақыт негізі. Сондықтан оқуды өмір бойы жалғастыру қажет.

Алда жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ келе жатыр. Сіздер 11 жыл мектепте оқып, сапалы білім алдыңыздар. Енді соны ҰБТ сынағында дәлелдеп, елімізде және шет елдің маңдай алды оқу орындарына түсіп, білімдеріңізді шыңдауға тілектеспін. Қызықты әрі сүйікті мамандық иесі болыңыздар. Сіздерден ұлы ғалым, ұлы жазушы, ұлы инженер шығатынына сенемін.

Барлықтарыңызға абырой, табыстар тілеймін. Қазақстанның дамуына үлес қоса беріңіздер. Сынақтардан сүрінбей өтулерңізге тілектеспін. Қиындықтарды жеңуде табандылық көрсетіп, ҰБТ-де жақсы нәтиже көрсетіңіздер. Қандай мамандық таңдасаңыздар да, адамгершілік қасиеттерңізді жоғалтпаңыздар, ең бастысы Сіздер ауданымыздың бүгінгі және ертеңгі игілігі екендеріңді ұмытпаңыздар. Сіздерге бақыт, береке, ақ жол тілеймін! Ал Сіздерге есеюге көмектескен, қамқор болған, жүрек жылуын сыйлап, біліммен сусындатқан педагогтарға және ата-аналарға бақ-береке, табыс тілеймін.

Сендердің жүздеріңнен әрқашанда күлкі кетпесін, ал жүректеріңе қуаныш пен жақсылықтың жарқын сезімі ұяласын!

Ұстаздар мен ата-аналар! Балаларыңыз үміттеріңізді ақтап, болашақта еңбектеріңіздің өтеуі қайтсын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақыт тілеймін!

Құрметті мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Осымен мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты аяқталды.

«Қош бол, аяулы мектебім!»
— Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, аяулы мектебім!» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, жиналған ата — ана, ұстаз,
Салтанатсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
Он бір жылда оң — солын таныған жас.
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертең азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолдап отыр!- деп ортаға 2014 жылғы Жас түлектерді қошеметпен шақырайық.
2014 жылғы түлектер:
1.
2.
…………………
Аяулы түлектер! Бүгінгі аттестат алу кешіне қош келдіңіздер. Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл он бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті… Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн — сол шаққа нүкте қояр мезеттер.
Бүгін міне жиналыпты қонақтар,
Кез де келді бүгін міне, жыр ақтар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері,
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Қимас сезім жүректерде алаулап,
Түлектермен қоштасардай атырап.
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.
Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,
Алып ұшқан түйініндей хаттардың.
Түлектерге қимас сезім сыйлаған
Куәсіндей балалық бал шақтардың.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата — ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!- деп аттестат алу кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
(Әнұран ойналады)

Бүгінгі «Қош бол, аяулы мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.

1. Әйке селолық округінің әкімі:
2. «Айгөлек» бала бақшасының меңгерушісі:

Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз
1.
2
3.
4.
қатысып отыр. Қош келдіңіздер!
Алғашқы құттықтау сөз сөйлеуге ортаға мектебіміздің басшысы ————————— шақырамыз.

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама —
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу рәсімі де келіп жетті. Аттестат тапсыру құрметі мектеп директоры ———————— мен оқу ісінің орынбасары ——————- тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз ————— беріледі.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз ————— беріледі.
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: ————— апайға беріледі.
Класты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым — деп 5 кластан бері түлектерімізге жетекшілік еткен класс жетекшілері ———————————— беріледі
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын: ———————————
Құтты болсын ата — ана қуанышың
Жасқа толды кәмелет жұбанышың
Қанат қомдап ұядан ұшқалы тұр
Бір биікке күні ертең шығары шын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата — аналары атынан беріледі.
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз — қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз «Қоштасу вальсін» билейді.
Болдыңдар ғой кіп — кішкентай балдырған,
Еркелікпен талай есті тандырған.
Енді жерді жеті айналып шықсаң да,
Балалық шақ қайта келмес алдыңнан
Хор «Қош бол мектеп»
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер, келешек еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, ұстаздарыңды, достарыңды, осы салтанатты кезеңдерді естен шығарма!
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!- деп түлектерімізді үлкен өмір жолына ақ жол тілеп, шығарып салайық!
Құрметті түлектер сіздерге Сәт — сапар және ақ жол тілейміз. Өйткені болашақтарыңыз бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өміріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Ендеше тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Ардақты қонақтар, ұстаздар және ата — аналар «Қош бол, аяулы мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Жүздескенше сау саламатты болыңыздар!

1

Сценарий торжественного вручения аттестатов

выпускникам 2019 года в КГУ «Асановская сш»

Ведущий1: Құрметті қонақтар, ұстаздар, атааналар және оқушылар! Қиындығы мен

қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді

демалыс Баршаңызды «Аттестаттар тапсыру» мерекесімен құттықтаймыз.

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 11ші жыл түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

Ведущий 2: Добрый день, уважаемые гости, родители и педагоги! Сегодня в нашей

школе чудесный праздник праздник, которого с нетерпением ждали выпускники –

торжественное вручение аттестатов, их выпускной бал.

Ведущий1: Этот праздник дорог всем, как учащимся, так и родителям, педагогам.

В сердце любого учителя звучат нотки гордости за каждого из сегодняшних

выпускников.

Ведущий 2 : И, конечно, он дорог самим героям этого праздника. Мы говорим «героям»,

а не «виновникам», так как они преодолели самый первый этап на большом пути под

названием Жизнь. Все, что встретится на этом пути, будет завтра, а сегодня

прекрасный праздник, торжество молодости и красоты, дружбы и верности!

Ведущие (вместе): Праздник выпускников!

Ведущий1: Бүгінгі салтанатты сәттің қадірменді қонақтарымен таныстыруға рұқсат

етіңіздер

1.

2.

Асаново ауылдық округінің әкімі __________________________

Ведущий 1: Елбасы Нұрсұлтан өзінің бағдарламалық мақаласында: «Табысты болудың

ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық

беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында болуы шарт. Себебі

құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятынұлт қана табысқа жетеді» деп атап

өткен болатын. Сондықтан әрбір жас түлек ұлтымыздың игілігі үшін және табысты болу

жолында өзінің үлесін қосуға тиіс.

Ведущий 2: В своем выступлении Лидер нации Нурсултан Абишевич Назарбаев

отметил: «Жизнь народа прирастает с каждым следующим его поколением.Поэтому нет

мечты выше, чем мечта о Вечности Народа. Народ, который помнит, ценит, гордится

своей историей, великое будущее. Гордость за прошлое, прагматичная оценка

настоящего и позитивный взгляд в будущее – вот залог успеха нашей страны , значит и

Сценарий выпускного вечера в 11 классе

Ведущий1: Добрый день, дорогие гости , уважаемые учителя, самые лучшие родители!
вед.2. Вы нас узнали? Ну, конечно же, хотя сегодня на этом месте должен был быть жизнерадостный и веселый телеведущий — Максим Галкин, который не смог присутствовать на празднике, из-за гастрольного графика , но, несмотря на это мы будем радовать вас, знакомя с нашими талантами в ярком проекте «Лучше всех!».
Вед.1. На нашей встрече мы собрали
Гордость нашу, школьный свет!
А как, скажите, вы б назвали
Тех, кто уже достиг побед?
Тех, кто не просто преуспевает,
Умеет, мыслить и творить?
И кто свои простые знанья
Сумеет в жизни воплотить.
вед.2. Мы рады приветствовать вас на нашей развлекательной программе «Лучше всех!» — это программа о больших достижениях уже совсем не маленьких людей. Это не шоу талантов в привычном понимании. Вы не увидите здесь драматичных падений, строгих глаз жюри и безжалостных оценок. Лучшие выпускники, обучающиеся в  Каменском лицее, они просто пришли на этот праздник, чтобы удивить и покорить своим обаянием.

Вед.1 Ну, а если вам кто-то очень понравится, то можете отметить его дружными аплодисментами. Отдыхайте вместе с нами и смотрите прямо сейчас новый выпуск увлекательного талант-шоу «Лучше всех!»:
Итак, мы начинаем… 
Звучит музыкальная заставка. (выходят выпускники)

вед.2. Встречаем нашу первую участницу:

1.Вишнякова Дарина – Начитанная и музыкальная

2.Никонов Антон – интеллектуальный и с хорошим чувством юмора

3.Суворова Елизавета – очень ответственная и мудрая

4. Кутузов Максим – мужественный и отзывчивый

5.Лизунова Дарья – самая самостоятельная и улыбчивая

6. Ларионова Екатерина – воспитанная и уверенная

7. Коренева Оксана – коммуникабельная, активная, автоледи

8. Оганесян Сатик – внимательная и тактичная

9. Шиханова Ольга – стильная и дружелюбная

10 – Сухих Кирилл – загадочный и добрый

 (Садятся на места)

Ведущий 2: Заключительным аккордом школьной симфонии отзвучали экзамены. Выпускники дописали до конца сложное предложение своего детства – времени счастливых открытий, добрых и весёлых забот, времени, с которым связаны первые друзья, первая любовь и первое расставание – сегодня вы прощаетесь со школой, с детством. Сегодня, в этот праздничный день,  вас пришли поздравить ваши учителя!

вед.1. Слово для поздравления предоставляется директору Каменского лицея – Ольге Валентиновне Сорокиной. (остается на сцене для вручении аттестатов)

Вед 2: А мы, встречаем первую героиню нашей программы:

вед.1. Смотрите!

Свет золотой весь этот зал залил.

Сейчас в руках медали засверкают.

У тех, кто эту славу заслужил –

Они ведь славу школе добавляют.

Оганесян Сатеник, встречаем её аплодисментами!!!!!

Выходят героиня, садится на диванчик.

вед.2. Мы очень рады видеть вас на нашем шоу Сатеня, чем запомнился тебе этот учебный год? У тебя красивое имя, знаешь, что оно обозначает? Истинная или Янтарна  

А кто пришел сегодня тебя поддержать?

— Вы помните первую 5 вашей дочери?

А можешь рассказать нам стих, а мы поставим тебе оценку!

Стих

Вот твоя заслуженная 5, наверное, самая большая в жизни! Держи.

О прекрасной участнице с красивым именем Сатеник, мы еще услышим.

вед.1. И Сатеня получают заслуженную золотые медаль из рук директора школы, потому что она-   все вместе -ЛУЧШЕ ВСЕХ!

Вручение медалей и аттестатов

Ведущий2: Ну, что ж, желаю вам дальнейших успехов и хочу добавить к вашей роскошной золотой медали «За отличные успехи» — медаль «Лучше всех!»

вед.1. У нас еще сверкает одна медаль!

Поэтому мы приглашаем еще одну медалистку бурными аплодисментами Суворову Елизавету!

вед.2. Присаживайтесь! Лиза, скажи, трудно учиться только на  5? Открой секрет, как выполнять домашние задания, когда этого делать очень не хочется, ну хочется погулять, например?

Лиза, с кем ты сегодня?

Какой школьный предмет  нравился больше всего вашей дочери? (история)

(до нас дошли слухи, что это история)

А вот мы сейчас и проверим!
■ Какое событие произошло на Руси в 988 году? Ответ: Крещение Руси.

■ В каком городе Древней Руси проходили народные собрания, которые назывались «вече»? Ответ: Новгород.

■ При каком царе началось книгопечатание? Ответ: При Иване Грозном.

■ Русский генерал, герой Бородинской битвы. Ответ: Багратион

■ Во времена его правления было открыто много школ, собрана крупная библиотека в Софийском соборе. Ответ: Ярослав Мудрый.

вед.2. А сейчас Лиза получают заслуженную золотую медаль из рук директора школы,  потому что они ЛУЧШЕ ВСЕХ !

Вручение медалей и аттестатов

Заставка программы

Медаль программы.

вед.1.  Ведущий: Следующая наша участница — Эта девочка, которая  выступала на многих мероприятиях школы и поселка, принимала участие во многих конкурсах и даже стала президентом лицея.

Встречаем Покорительница гитары, богиня фотоаппарата, наша выпускница, Вишнякова Дарина

Ведущий 2 :  Скажи, Дарина. Легко ли заниматься музыкой? А вы помните свою первую проф.фотографию? А можете сделать мой фотоснимок по профессиональному? Даю телефон. Спасибо.

С кем ты сегодня пришла? представь родителей. Какое выступление больше всего запомнилось?

 А сейчас скажите, можно увидеть что-нибудь в вашем исполнении?
песня

Ведущий: Спасибо за прекрасный номер. Мы с радостью вручаем вам медаль нашей программы, потому, что вы – Лучше всех» и заветный аттестат

Звучит музыкальная заставка.

Ведущий: Что ж встречайте следующую участницу нашей программы: книголюб и  будущее Российской медицины, выпускница нашей школы Ларионова Екатерина

Звучит музыкальная заставка.
Ведущий: Здравствуйте, Катя. Расскажите, примерно с какого возраста вы поняли, что вы любите читать книги? Какие книги вам больше всего запомнились?  Любимый герой у вас есть?

С кем вы сегодня пришли? В каком возрасте ваша внучка научилась читать?

Угадай героя книг! 

На завтрак съел он только луковку,
Но никогда он не был плаксой.
Писать учился носом буковки
И посадил в тетрадке кляксу.
Не слушался совсем Мальвину
Сын папы Карло … 
(Буратино) молодец, но это только разминка

Скажи, Какой литературной героине принадлежат это строки «Сначала я молчать хотела, поверьте моего стыда, вы не узнали б никогда…»

Татьяна Ларина «Евгений Онегин»

Ведущий: Ну, что ж, желаю вам дальнейших успехов и вручаем вам медаль, потому что вы — «Лучше всех!»  А сейчас получайте документы об образовании, которые вы с нетерпением ждали.

Звучит музыкальная заставка.
Ведущий: Следующая наша гостья  Лизунова Дарья музыкальная и обаятельная, расскажет нам о своем увлечении.

 Даша, ты любишь музыку? Есть ли у тебя кумир?

Ты же пришла не одна? Представь нам?  Даша играет дома на муз. инструментах?  А поет? А как к этому относятся соседи?

Мы знаем, что ты умеешь держать гитару в руках и у тебя не плохо получается… Играть мы тебя заставлять не будем, знаешь почему? (мы приготовили другое задание)

Угадай мелодию

! 1-учат в школе, 2 –дважды два четыре, 3-школьная пора, 4 – медлячок


Ведущий: Здорово, молодец. Не остаётся сомнений, что вы – Лучше всех,  и достойна нашей медали!  И, конечно же, получайте заветный документ!

музыкальная заставка.

Ведущий: Встречаем гения компьютерных игр и просто веселого парня Никонова Антона.

Сейчас стало очень модно говорить на разных сленгах, а ты знаешь, что существует компьютерный сленг?

Мы сейчас тебя проверим, мы говорим слова, а ты должен перевести.

Сорян- прости

Бан- заблокировать

Лол-очень смешно

Краш- предмет обожания, кумир

Пранк- розыгрыш

Расскажи, кто сегодня с тобой? Мы знаем, что ваш сын не только увлекается комп.играми, но у него еще очень хорошее чувство юмора, кАк живется с таким веселым парнем? Помните ли вы какой-то смешной случай из жизни вашего сына?

Желаю вам дальнейших успехов, надеемся еще не раз услышим о вас, потому что вы  – «Лучше всех!» 

Ведущий:— Наша следующая гостья – участница всех военно-патриотических конкурсов и мероприятий, спортивная и очень милая девушка – Коренева Оксана.

Оксана, расскажи с какой профессией ты хочешь связать свою судьбу? Расскажи, кто пришел тебя поддержать сегодня? _______________________ Давно ли ваша дочь стала увлекаться данным направлением? Когда это случилось?

Ведущий: Каждый полицейский должен уметь стрелять, у тебя как с меткостью?

Ведущий: Давай посмотрим (дартс)

Ведущий: Я и все присутствующие в зале уверены, что ты заслуживаешь нашу медаль потому-что ты «Лучше всех! С удовольствием передаем полномочия для вручения аттестата директору школы.

Ведущий: Встречайте уравновешенного, спокойного, любителя робототехники и компьютерных технологий Кутузова Максима.

Ведущий: Максим, расскажи о своих увлечениях?  Ну вообще, ты создаешь впечатление очень умного человека, даже похож на ученого …

Ведущий: А ты можешь создать что-то такое, чтобы прямо сейчас привести в действие с помощью одного листа бумаги ? Самолетик

Ведущий: Вот тебе материал делай супер Боинг. – делай 3 штуки

Ведущий: А мы пока поговорим с твоими родителями. Создавал или конструировал Максим что-то дома?

Давай теперь запустим на удачу твои самолеты!

Ведущий: Желаю вам дальнейших успехов, надеемся мы еще узнаем о ваших открытиях или новых технологиях, потому что вы  – «Лучше всех!» 

Ведущий: Welcome ту зе стейчь, как вы думаете кто наш следующий участник? Шиханова Ольга .

Ведущий: Мы не на столько сильны в английском, поэтому, поговорим на русском, ты не против? Ольга, расскажи свой самый яркий опыт в изучении английского? Сложно ли он тебе дается?

Ведущий: С кем ты пришла? (англ) С какого возраста увлекается ваша дочь английским? Вы ее понимаете, когда она говорит на английском?  

Вот знаешь, у нас тут поздравление пришло на английском, мы его не прочитать, не перевести не смогли, поможешь?  

Today is the great day, the start of a new life. I wish you to have good health, strength to resist difficulties, dig success in all your deals and great happiness (Сегодня великий день, начало новой жизни. Желаю вам крепкого здоровья, сил противостоять трудностям, успехов во всех делах и большого счастья)

Получите свою заслуженную медаль нашей программы – ведь вы – Лучше всех!

Давайте же поприветствуем  самых заботливых, самых чутких, самых великодушных классных руководителей, чьи имена останутся в вашей

памяти на всю жизнь:

Ваши первые учителя: Ирина Леонидовна Бунина, Галина Георгиевна Стрекаловская

Вед. Слово для поздравления предоставляется родителям выпускников

 (Выступление родителей)

Вед. Для ответного слова на сцену приглашаются наши лучшие выпускники.  

Наша программа подходит к концу, ваш выпускной и вы останетесь в наших сердцах, потому что вы – ЛУЧШЕ ВСЕХ!!!

И мы предлагаем вам пройти на территорию школы и закрепить на память замок вашего выпуска на дерево знаний!

Ведущий 1. На этом наш праздник окончен. До свидания.


Музыка «Полина Гагарина «Спектакль окончен». (взять припев)

Следующий герой, я бы его назвала мистер х – Это Сухих Кирилл

Если бы Вы могли приобрести способность супергероя, что бы выбрали и как использовали бы?

Как бы вы описали ваши достижения за время учёбы?

У Вас есть личный рецепт
успеха? Расскажите о нем?!

Тасмола орта жалпы білім беретін мектебі бойынша 11 сынып оқушыларына орта мектепті бітіргендері туралы мемлекеттік құжат тапсыру салтанатының сценарийі

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

Міне, көптен күткен салтанатты жыйнда келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.

Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, қанаттары қатайып, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бой жетіпті бантиктегі қыз кешегі.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған, бәлкім, баршаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

Түлектер келсін кәне, ортамызға.

Мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

Азамат боп туған елін қорғайтын,

Дидардың бар талабы ұстаздары қолдайтын.

Біртоға жан өзі бір достарына сенімді,

Жолың болсын Дидаржан, қорға адал еліңді.

Арманы көп Інжудің,

Алға қойған мақсаты.

Өзі сүйер пәндерден,

Шығып жүр ғой жақсы аты.

Әрқашан да жадырайды жанарың,

Сәтті болсын Райхан әркез қадамың.

Қайда болсаң жолың болсын жас түлек,

Үмітін сен ақтарсың ата-анаңның.

Өнер сүйген, спорт сүйген түлексің,

Қарындасқа, ініге сен тірексің.

Табанды да тиянақты жігітті

Бисенгалиев Руслан деп сен білерсің.

Жанарынан от ұшқындап,

Жүреді ылғи дараланып

Ақнұр деген ертең нағыз,

Жақсы маман болады анық.

Ақыл, сана берген білім тереңін,

Алғысы көп мектебіне өреннің.

Медеттей түлегіміз бар, міне,

Жолың болсын саған айтар тілегім.

Көрінесің әліде бала сынды,

Бойыңа әдет, ізетің жарасымды

Гүлсара қыз сенімін ақта еліңнің,

Міне, үлкен өмірге жол ашылды.

Тарыдай боп келіп едің кеше ғана,

Талшыбықтай Алтынай өстің дара

11 жыл білім нәрімен сусынданып,

Мектепті бітірдің сен, өсті сана.

Кішкентай боп алдың қолға әліппені,

Дәптеріңе жаздың сен әріптерді.

Алғашқы сол сабақтың өзі дағы,

Мейірімге әлем сырын ашып берді.

11-сынып жетекшісі Китарова Ләйлә Толыбайқызы

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі-бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.

(Гимн ойналады)

Мектебімнің қиынына күйгені,

Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.

Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері, — дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Айшуаков Ерлан Мәлікұлына беріледі.

Ескендір Хасанғалиевтің әні «Айналайын» орындайтын Тулешева Гүлжамила

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге.

Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі «Ақбұлақ» селолық округінің әкімі Уржанов Самиғолла Якупұлына беріледі.

Ән «Домбыра туралы баллада» орындайтын Онғаралиева Ботагөз.

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген – өмірге берген жолдама, — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,

Батамыз осы сендерге

Болыңдар үздік тағыда,

Оқуда да еңбекте – дей келе, Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Айшуаков Ерлан Мәлікұлына тапсырылады.

(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, — деп, Қайырғалиева Айгерім мен Қайыржанова Айымның орындауындағы «Балалық шаққа саяхат» әнін қабыл алыңыздар!

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегінде нұрын құйған жылылық,

Көрген емес ешқашанда суынып.

Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстазы Нурсеитова Зайра Қабекенқызы.

Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстазы Нурсеитова Зайра Қабекенқызына беріледі.

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас-қағым.

Сыныптың жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі Китарова Ләйлә Толыбайқызына беріледі.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы, — дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз.

Ән: «Әке-Ана» орындайтын Саинов Ғарышбек.

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Сәлімгереева Ақнұрдың ата-анасы Сәлімгереева Айгүл Сағындыққызына беріледі.

Ән: «Перзент сыры» орындайтын Онғаралиева Ботагөз.

Мектепке келгелі достармен,

Өтіпті талай жаз, талай қыс.

Сондағы сыныптас достармен,

Қалайша, қалайша тараймыз.

Қаз-қатар тізулі партамыз,

Тақтада ілулі картамыз.

Он бір жыл білімге үйреткен,

Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе, балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміздің атынан сөз кезегі Уәлиев Дидар Серікұлына беріледі.

Қайыржанова Айымның орындауындағы «Алға» әнін қабыл алыңыздар.

«Қоштасу вальсі»

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

Қыран болып ұшыңыз,

Оқуларға түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын, — деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз. Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі

Өткізілетін күні: 2019 жылдың 12 маусымы, сағат 10 00
Өткізілетін орны: Сарыкемер мектеп — гимназиясының акт залы
Өткізілу уақыты: 45 минут

Жүргізушілер:
1. Сурабалдиев Бекжан
2. Момышева Заида
Ашылу салтанаты (композициялық көрсетілім)
Фанфар

1 — жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер!

2 — жүргізуші:
Бүгінгі 2019 — 2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге Аттестат тапсыру рәсіміне қош келдіңіздер.

1 — жүргізуші:
Шаттық самал еседі кеп бұл маңда,
Айналайық, қыздардан да, ұлдан да.
Желбірейді Байзағымның байрағы
Төгіліп ән қияннан да, қырдан да.

2 — жүргізуші:
Асыл ойлы ұстаздардың барында
Табыс тасып айналады қырманға.
Ел үміті ақталмауы мүмкін бе,
Дәл осындай ұл — қыздары тұрғанда!

1 — жүргізуші:
Жуырда ғана жария болған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада Елбасы табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін айқындап айтып өтті.

2 — жүргізуші:
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

1 — жүргізуші:
Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл — қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.

2 — жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата — аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл — қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша екі түлегіміз 11 «А» сынып оқушысы Ерназаров Жанатбек пен 11«Ә» сынып оқушысы Нуруллаева Бахыткүл «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата — аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Ендеше, осынау ерекше көңілді кешті «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1 — жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белгім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Жиналдың, айналайын, халқым менің!

2 — жүргізуші:
Өлшеуі ар — намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Қарсы алайық, аяулы түлектерді,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың

1 — жүргізуші:
Таза еңбек қала қоймас қалқада,
Білімді жас бермек дәйім жол таба.
Ал, ағайын, қошеметпен қол соға,
Бірге: Түлектерді шақырайық ортаға!

2 — жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп — гимназия директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына беріледі.

1 — жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір — біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір — біріңе сүйеу болып демеңдер.

2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- дей келе ортада әсем ән
(Есенбаева Жанарай «Мектебім» әні)

1 — жүргізуші Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

2 — жүргізуші
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат алу кезеңіде келгендей.

1 — жүргізуші
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте — дей келе аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
(әр түлек өлең — шумағымен сахна төріне шақырылады)

2 — жүргізуші
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы
(флешмоб хабарланбайды)

1 — жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.

2 — жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Хор (поппури )

1 — жүргізуші:
Алда не бар, өмір өзі іреттер,
Жақсы істен жаңылмасын жүректер.
Ортамызға олжа салған бүгінгі
Табыстарың құтты болсын, түлектер!

2 — жүргізуші:
Жастар үшін төксін өмір арайын,
Сәтті өткізсін әрбір жылын, әр айын.
Түлектердің кеші жетті мәреге,
Осыменен қош болыңыз, ағайын!

1 — жүргізуші
Білетұғын ескіні де, жаңаны,
Өзі сондай дарынды да, саналы,
Орыс тілі, биология пәнінен
Ылғи бестік олжалайтын бағаны.
103 балл жинақтап қуантты
Ұстаздар мен туыс, ата — ананы.
Шақырамыз біз Абибулла Наргизаны.

2 — жүргізуші

Көзге түсті еңбегімен елене,
Өзгелерге болса дейміз өнеге.
Физика мен математика, химия
Пәндерін бұл оңай кісі жеңе ме?
ҰБТ — дан 97 балл олжалаған
Ережепова Перизаттай түлекті,
Жарасады көтерсек біз төбеге!

1 — жүргізуші:

Көзін тапқан білімнің де, әр істің,
Туын биік көтереді намыстың.
Мақтанышы болды түгел таныстың
Көзінде де, кеудесінде бар ұшқын
Шералиева Гаухарды мақтаймыз
Жүлдегері болған небір жарыстың.

1 — жүргізуші:

Шәкірттердің ішіндегі құттысы,
Өзгелерге үлгі болған тіпті ісі.
Атанды ол түлектердің мықтысы.
Мақтап айтсақ бүгін тегі қай жөнін,
Бәріне де лайық Үшкемпірова Нұрай

2 — жүргізуші:

Оқуға да басқаға да үлгерер,
Бой басынан ештеңе жоқ мін көрер.
Шаршамайтын ізденімпаз қашанда
Оған тең боп жарысқанға кім келер.
Пірімқұлова Асем нағыз жүлдегер.

1 — жүргізуші:

Құштар болып өсті жастай білімге,
Болашаққа сенімі мол үнінде.
Абыройы асып отыр бүгінде
Шахматтан шақ келтірмей жарыста
Қарсыластың қалдырмады бірін де.
Өмірбаева Құрманкүлді мақтайық
Үлкен ғалым боп шығады түбінде.

2 — жүргізуші:

Ар, намысты биік ұстап ұғымға,
Озық шыққан білім сайыс сынында.
Данаева Ақжан сынды түлектің
Қосары бар келешекте ғылымға.

1 — жүргізуші:

Өзі алған біліміне сенімді,
Әркім солай қуантса ғой елімді.
Алимбаева Ақбілек қандай керемет
Үздіктердің қатарынан көрінді

2 — жүргізуші:

Көпшіл кісі қала қоймас қалқада,
Абыройы асып тұрар алқада.
Шын сайыста білген мықты жол таба
Мінезі ашық, қашанда да қадірлі
Әдемі бір әсері бар ортада
Орманова Ләззатты мақтаумен
Шақырайық қағып — қағып арқаға!

1 — жүргізуші:

Жақсы оқып көрінді сан белестен,
Азамат ол айдарынан жел ескен.
Усманова Лаззат шыққан асуды
Шығармайды біле білсек ел естен.

2 — жүргізуші:

Сарыкемер мектебінен хат танып,
Қоғам ісін белсенді боп атқарып,
Сегіз қырлы, мінезімен бір қырлы
Сүйкімді боп байқалған дос, жатқа нық.
Шақырайық Жұмалиева Күмісті

1 — жүргізуші:

Шын мықтыны елі оңай десін бе,
Мықтылығын жұрт ұстайды есінде.
Сан жарыста оза шауып бәйге алды,
Тоқталмастан білімділер көшінде,
Өзі тағы волейболшы, спортшы
Бурамбаев Жамбыл шебер шешімге

2 — жүргізуші:

Талаптыға нұр жауады расында,
Солай етін бұрында да, басында.
Жаумитбаева Айсәулеміз осында
Қане, бүгін ортаға кел тосылма!

1 — жүргізуші:

Әр нәрсенің орнын жүрер біліп те,
Оқу оған кеткен әбден сіңіп те.
Ашық мінез, достарына сүйікті
Бір қошемет
Сатыбалды Елдар сынды жігітке!

2 — жүргізуші:

Құмартатын алдағы нұр таңдарға,
Табысымен таныс болған бар маңға.
Талантымен тең келетін талғамға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Сейтова Марьямға

2 — жүргізуші:

Талантымен тең келетін талғамға.
Табысымен таныс болған бар маңға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Ауезова Жадыраға!

1 — жүргізуші
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым.
Келесі сөз кезегі 11 «А» сынып жетекшісі сөз кезегін береміз


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • 11 сентября церковный праздник усекновение
  • 11 сентября праздники день миграции
  • 109 ноября какой праздник
  • 101 прочитайте привет вечер праздник лето интерес
  • 101 праздник сом