22 наурыз мерекесіне арнал?ан сценарий мектепте

Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:

2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):

«Қамажай» биі биленеді.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. «Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша күйге берейік.

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 -жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу — салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.

Барысы:
1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата — аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата — бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 — жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй — дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 — жүргізуші: Көктем жетті көл — көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 — жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні — ата — баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсаттар ағайға беріледі.

ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт — береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл — көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

1 — жүргізуші: Алқа — жұртым, той — думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.

2 — жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн — Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 — жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

2 — жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.
Алдар:
— Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр:
— Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала:
— Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
— Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
— Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Жылан жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала:
— Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:
— Биыл жылан жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
— Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе:
— Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр:
— Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
— Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ — береке әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.

Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас — ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

1 — жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «»
1 — жүргізуші: Жылан жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 — жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім — өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 — жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән:
2 — жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 — жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында тамашалаңыздар.
2 — жүргізуші: — Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 — жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.

2 — жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас — кәріміз,
Ән салайық бәріміз
Ән: «»

І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі — жасың.

ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
— деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

ІІ жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке — бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!

І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы
№ 215 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Скендирова Анар Болатқызы

Источник: bilimdiler.kz

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.

«Достық» алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).

Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен сап түзеп тұрады.

(Музыка ойналады. Шашу шашылады).

1- жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел, Жерұйығы _____ жайсандары.

2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.

1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.

2-жүргізуші: Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар.

1 жүргізуші: Біз дәл осы жерде 29 желтоқсан күні жаңа жылдың бастауы — шыршамыздың ашылу салтанатына жиналған болатынбыз.

Ал бүгін қадірлі жамағат! Жыл басы көрісу айттан басталып, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз ауыл әкімі __________ беріледі.

1-жүргізуші: Үш жүз алпыс бес баласы
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарақшы,
– деп халық жұмбағында айтылғандай қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған бесінші күн «Бес қонақ» деп аталған екен.

1-жүргізуші: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылаққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен.

Ендеше сахнаға «Аластау» рәсімін жасау үшін «______» әжелер клубын шақырамыз.

2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қазақтар Ұлыс күнін «Жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «Жер бетінде жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні — Ұлыс күн», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай келген күн», «Көк құт көзін ашқан күн», «Жылдың жерге түскен күні» — деп бет қойып, айдар таққан.

1-жүргізуші: «Жер ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанның көк тасы еріген күн» деп халықымыз бұл мерекені ерекше қастер тұтқан.

Сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Ендеше бәріміз ұлыстың ұлы күніне орай көктем аруларымен бірге келе жатқан, халқына ақ батасын жолдар Қыдыр атаны қарсы алайық! Ұлыстың ұлы күні Қыдыр атамыз еңбек жане соғыс ардагері ________ атамыздың шаңырағында, аудандық орталық ауруханада және биылғы жылы отау тіккен жас жұбайлардың шаңырағында болып келе жатқанын қатерлеріңізге береміз.

Қыдыр ата халыққа бата береді:

Құтты болсын Жаңа жыл!
Басталды бүгін мереке.
Жана жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Жеріміз биыл көркейіп,
Болсын дейік молшылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын қуаншылық.
Бәле-жала алыстап,
Қауіп-қатер қалыс қап,
Ортақ дінде бас қосып,
Барша ұлттың баласы,
Көтерілсін қарыштап.
Әумин!

Сонымен бірге Аудандық мәдени демалыс орталығының _______ клубының мүшелері ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, шашу шашады.

2- жүргізуші: Домбырам, қасиеттісің сен не деген.
Үнің шықса халық қазақ елеңдеген.
Сан ғасырды түсіресін сен есіме.
Қыл құйрықтың тұяғы дүбірлеген, — демекші _________ өңірінде небір дауылпаз, дарабоз күйшілер өткені баршаға аян.

Олай болса «__________» фольклорлық ансамблінің мерекелік сазды сәлемін қабыл алыңыздар.

1. Сейтектің күйі «Тойбастар».

2. Халық әні «Көш қызығы». Орындайтын: _____

3. Құрманғазының күйі «Балбырауын».

1-жүргізуші: Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Мемлекетіміз –тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!

2-жүргізуші: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке ырыс әкелсін!

Сурет: kazteleradio.kz
Дайындаған: Шерхан Талап
дереккөз

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

кош келдин наурыз сценарий, Қазақша сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!), Қазақша сценарий, 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Қош келдің, Қазақша сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы, 22 наурыз сценарий на казахском языке, Наурыз мейрамы, Наурыз праздник на казахском языке сценарий, наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, наурыз мейрамы сценарий қазақша, наурыз ертеңгілік, наурыз мереке туралы, наурыз мейрамы ертеңгілік, мереке, мейрам, Сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Наурыз жоралғыларын қайталау. Оқушылардан бүгінгі айтылған, орындалған  наурыз жоралғыларын  сұрау.

Наурыз жоралғылары:

Құшақтасып көрісу,

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Селт еткізер.

Ағаш отырғызу.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған әзірлеме .

19.03.2016ж.                               «Қош келдің, Наурыз!»

Музыка ойнап турады

Жаршы:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Наурыз тойы басталды! Бір орында тұрмаңыздар!
Естімегендер естіңдер!
Тыңдамағандар тыңдаңдар!
Наурыз тойын бастаймыз!
2. Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!
3. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жарлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Ал, кәнеки, халайық,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап — шырқап алайық!
(Әтеш шақырады).

Адамдардың орындықтары жолынан сүйінші сұраған кішкентай бүлдіршіндер мен Жер Ана шығады. (кішкентай қыздар билеп Бәйшешек болып ашылады)

Жүргізші:

Қасиетті Жер – Ана — алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.

Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.

Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туын — өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.

Жүргізуші: Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.

Жүргізуші: Біздің мерекемізге қош келдің! Қасиетті Жер Ана!

Жер Ана: Қош көрдік! Қош көрдік!
Құт — береке Наурыз айым келді деп
Жер түледі жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен, кең далам
Толықсиды жырға бөлеп, елжіреп
Аспанымда ақша бұлттар аунайды
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам
Аңқылдаған қазағымнан аумайды
Армысыздар алты алаштың айбынды ұрпағы! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Күн мен түн теңеліп жер анаға жылу сыйлаған Наурыз мерекесі құтты болсын. Әз наурыз еліміздің керегесі кең тереземізді өзгелермен тең етсін.

Жүргізуші 1: Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады!

 Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Думандатып мектебімді,
Наурыз тойын тойлайық

Жүргізуші :Жаңа жылды, Наурыздың  22 — сі халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағат еткен. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса,

« нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» — деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

  Ән»Жарапазан» ( Сахариева Балшекер)

Жүргізуші :Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

Жүргізуші : «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған.

Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді. Қызыр ата келмес бұрын үй-жайымызды тазарлап, бір-біріміздге саумалық айтайық.

Жүргізуші: Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу  түрі қалай аталады? Балалар, Наурыз мерекесінің  ең негізгі  жоралғысы – құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу.

(Балалар құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)

Наурыздың тағы бір жоралғысы – «Саумалық» айту. Наурыз келгенін бір-біріне хабарлау «саумалық» деп аталады. Саумалық  өлеңмен айтылады Ал, ендеше, саумалық айтып  көрейікші. (9-сынып ұл-қыздары)

Ұлдар:

Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?.

Қыздар:

Иә, нәурізек келді!

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Ұлдар:

Иә, көк тас еріді.

Екі топ бірге:

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл келді.

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

2 жүргізуші:- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ендеше, Наурыз мерекесіндегі амандасудың бір түрін көрейікші.Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің

Ән « Наурыз »  Макульбекова Меруерт

Жүргізуші: 1 — жүргізуші:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата — бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2 — жүргізуші:
Наурыз — жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл — Наурыз айының 22 — ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй — үйді, ауыл — ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен — кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
3 — жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы — Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.

(Сахнада әжелер аластауға кіріседі)
Жүргізуші : Әже, не істегелі жатырсыздар? (біреуінен сүрайды)
Әже: Балам — ау, алас — алас бәле жаладан сақтасын! Жаңа жыл басталғалы жатыр, Наурыз келді, жамандықтан елімізді сақтасын деп аластағалы жатырмыз.

(сахнға 7 шырақ ұстаған ұлдар шығады)
Әжелер адыраспанмен аластайды.
Әжелер:
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!
(Халыққа қарап иіледі де, сахнадан шығып кетеді

Аластау (Кулзипа апай, Райгүл апай, Биғаным апай, Камал С, Гүлжан апай, Гүлнар апай,Карлығаш Уашевна)

2 — жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа — әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата — әжелер.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
3 жүргізуші: Қанекей әжелер, шашуларыңызды шашыңыздар!
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!

2 Жүргізуші:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл — көсір.
Қашанда құт — береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.

Терме айтылады: Самал.

Жүргізуші: Қараңыздар! анау келе жатқан Қыдыр ата емес пе?
Мерей: Иә дұрыс айтасың, Мерей, Қызыр ата ғой келе жатқан.
Жүргізуші: Асалаумағалекум, Ата! Наурыз тойы құтты болсын! Қош келдіңіз!
«Қызыр Ата» келеді (залдың ортасымен) келіп дастарханға жайғасады.

Қызыр ата: Уағаликумассалам, балалар, ағайын! Бүгінгі күн мен түні, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін! Жер — ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін! Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз — бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!
(Осы кезде 7 келіншек шығып, Қызыр атаның алдына 7 түрлі дәм қояды) (олар да отырады)

Келіншектер тобынан :
Ау, аман ба жарандар,
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз,
Жас балаша нұрланып.
Жадырайды күніміз
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар,
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық, тұрыңдар.
Жүргізуші: Қадірлі жиналған қауым, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жөргегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастайтын, ерекше күн деп саналған. …………………………

Әже: Иә, балалар, дәл осы күні күн мен түн теңеледі екен.
(Сахнаға күн мен түн келеді. Екеуі әуенмен ары-бері жүріп тартысқандай көрініс береді)

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып бізде

            Теңелеміз бүгін 

Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап

(Түн шығып кетеді)

Күн (халыққа қарап):

Сәлем, ана, ұстаздар,
Айналайын балалар,
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт іздеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға,
Наурыз айы туыпты,
Әне Наурыз келеді,
Әсемдеңдер жер енді!
(ортаға әсем әуенмен Наурыз қыз келеді)

Наурыз ару: Сәлем анам алтын күн,
Сәлем қарты халқымның,
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым!
Келіншектер тобы:
Қош келіпсің аманбыз,
Арман тойы анамның,
Қуанышы ғаламның,
Құтты болсын қадамың,

Келіншектер тобы:
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Бейбітшілік тойы деп,
Қол соғады барша жұрт!
Наурыз Ару:
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз,
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз.
Наурыз Ару:
Күн мен түн тең келеді,
Күнде ұзарып мен енді,
Гүл мен жерді жайнатып,
Гүлден, Наурыз, сен енді.

Наурыз Ару::
Жайнатамын гүл гүлде,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.

Жүргізуші: Рахмет, Наурыз Ару, Күн ана тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

Дастарханға жайғасыңыздар!

2 — жүргізуші: ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті ақсақалымыз — Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңыз да бар болар?
Қыдыр ата:
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!

Қыдыр ата: Қош болыңдар, балалар! Мен енді басқа ауылға барып ақ дастархандарына бата берейін. Наурыз қыз, Күн, Түн жүріңдер бірге ел аралап, жақсы тілек айтайық. (Шығып кетеді)
Наурыз қыз ,Күн мен Түн кетеді Қыдыр атамен.
Жүргізуші: Қазақ халқының салт- дәстүрі молшылық. Соның бірі «Тұсау кесу» рәсімі.Тұсауды баланың аяқ алысы жақсы, нық болу үшін кеседі. Тұсауды еті тірі, жүрісі түзу адамға кестіреді. 

Жүргізуші 

Тұсау кесудің үш түрі бар : 

  1. Малдың тоқ шегімен кескенім Тоқшылық болсын дегенім

  2. Көк шөппен кескенім Көктей көгерсін дегенім

  3. Ала жіппен кескенім Адал болсын дегенім

(Жерге ақ мата төселеді. Отырған келіншектер арасынан Екі жеңгесі келіп баланы жетектеп ортаға шығарады.) 

Әже: (Айжан апай)

Ал мен немеремнің тұсауын, барлық ұлтпен тату бол деп – тіл-көзден аман болсын, біреудің ала жібін аттамасын деп, ала жіппен кесемін. 

Қаз,қаз балам Қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін – деп, әже немересінің тұсауын кеседі. Ұстап тұрған жеңгелері, бірі-екішісіне қарай қарсы келіп тілектерін айтады 

1 жеңге : Тұсауың кесілді құлама

Тізеңді жаралап жылама

Құлындай құлпырып жүгірші

Қанекей, өзіңді сына да – алдынан екінші жеңге қолын созып тұрып, қаз-қаз басып келе жатқан сәбидің алдына тұрып тілегін айтады.

2 жеңге : Ұзақ болсын еншалла өмірің

Тасысын шаттықтан көңілін

Жарқырап күн санап өсе бер

Жарқылдап семсердей сенімің — деп жеңгенің біреуі «Орамал тон болмайды, жол болады деп» әжеге орамал ұсынады. 

Ән « »

Жүргізуші :Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

(Сахнада атасы мен немересі)

Бала: Ата, Осы жайнап тұрған көп ағаштарды қалай осірген? Наурызда ағаш егу дегенді түсіндіріп беріңізші?

Ата: Айналайын, балам! «Бір тал кессең — он тал ек» деген парасатты бабаларымыздың өнегелі жолын ұрпақ санасында . Ендеше, ежелден Наурыз мейрамында Ағаш егу дәстүрге айналған. «………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Жүргізуші 1: Наурыз — бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. 
Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз! 
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

Қош сау болыңыздар!

Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:

2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):

«Қамажай» биі биленеді.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. «Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша күйге берейік.

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 -жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу — салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Наурыз мерекесіне арналған мектепішілік іс-шара.

1-ведущий:Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын 
Мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ведущий Добрый день дорогие уважаемые гости преподаватели и учащиеся! С праздником наурыз! разрешите начать праздничный концерт 
1-ведущий Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

2-ведущий Из глубины историй нашей земли
К нам пришел этот праздник Наурыз.
Праздник нового дня, Праздник цветений и обновления.
Праздник Земли и человека.

1-ведущий Сіздердің назарларыңызға

2-ведущий: Слово для поздравления предоставляется Директору школы 
1-ведущий 
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!

2 ведущий В ночь Наурыз люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лутшие пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже»

И угощая, желая друг другу достатка и счастья. Эти пожелания старших называют «бата», кто больше пьет коже тот будет сыт целый год: а кто больше всех получит ақ бата у того в жизни будет светлая дорога — считали в народе

1-Ведущий
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп — ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас — кәріңді,
Шақырамын бәріңді

Угощение наурыз коже

2-ведущий У наших предков много традиций и обрядов. Одним из наиболее распространенных обрядов без которого не начинают не одно торжество – это «шашу» — обряд осыпания
Шашу из конфет, различных сладостей или мелких монет.
1-ведущий наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық
(Ортаға шашу шашып шығады)

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл — көсір!

Далее играет музыка
1ведущий Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамын!
Сені тойлап қарсы алып бар әлемге жар салып
Сәлем бердік біз сізге

2-ведущий Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды
В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Қыдыр ата тот, кто с ним встретится, того ждет удача и счастье. А қыдыр ата может увидеть только те, кто чист душой и сердцем, предан своей земле и народу. Чтобы встретится с Қыдыр ата народ выходит на улицу в ночь на 22 наурыза, обнимаясь друг с другом, прощают обиды и ссоры: из дома выносят старые вещи, чтобы в доме было чисто и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов, чтобы год был урожайным и был достаток, зажигают две свечи, означающие, что одна свеча это не свет, накрытый стол означает, чтобы в этом доме был достаток.

1-ведущий Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 — те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас»деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды Жыл бойы дән тасқын — тасқын, ақ мол, жауын — шашын көп болсын деп тілейді

(Ортаға Қыдыр ата келеді)

1-ведущий: Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын

1-ведущий
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу — маржан шашайық

Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:

2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):

«Қамажай» биі биленеді.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. «Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша күйге берейік.

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 -жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу — салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Келе жатқан жаңғырып.

1-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Атабабам тойлаған

Наурызымыз армысың!

2-жүргізуші

Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, халықтан сұрап көрейікші.

(Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).

Наурызшешек наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді,

қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы

аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа»

енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.

Наурызек наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын

ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім

келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.

Наурызнама шатшадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес,

басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән,

өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып,

ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер

қыз келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны

«селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың,

тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу бүршігін жаңа жарған жауқазындай

құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»

деп аталатын дәм дайындалып таратылады.

Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны

халық «наурызша» деп атайды.

Наурызкөже Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам.

Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған

қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге

ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте

зор.

1-жүргізуші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • 22 июня какой праздник международный
  • 22 июля церковный праздник что нельзя делать
  • 22 июля католический праздник
  • 22 декабря хоккейный праздник
  • 22 декабря праздник церковный нечаянная радость православный