8 наурыз мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада ересектер тобы

Cкачать: 8 наурызға сценарий балабақша

«Келісемін»                                                                   
«Бекітемін »

«Бүлдіршін 
»  бөбекжай                                            «Бүлдіршін» бөбекжай

балабақшасының  
әдіскері                                 балабақшасының  директоры

Иманбекова 
Б.Ш____________                              Жетенова Р.Р___________

 
       «__» «____»   2017 жыл                                      

8-  Наурыз  Аналар  мерекесіне  арналған  « Аяулы  анашым»

Ертенгілігі   «Құлыншақ»  ортанғы топ.

2015-09-21 001

                                                         
Тәрбиешілер;   Тулпаисова  Г.Ж

                                                                                     
Молдабекова А.Н

Басши  ауылы

2016-2017  оқу  жылы.
«Аяулы анашым!»  атты

8- наурыз  аналар   мерекесіне арналған
ертеңгілік.

Аналарды
сүйеміз!

Сөзін ойға
түйеміз.

Әрқашан
біз ардақтап,

Әжеге бас
иеміз!

Сенен
өскен  балалар-

Батырлар
мен даналар.

Құттықтаймыз
мейраммен

Кұрметті
апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар
мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық
жерінде тойланатын  8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз!

 Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын
тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге
арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Балалар
залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді бір рет айналып  тоқтайды,содан кейін
қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып  ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар
бір-бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін
өздері отырады
.

    
Жүргізуші:
Балалар
қалай ойлайсындар бүгін  қандай мереке?

Балалар
ең асыл жан кім?Ана

Қызығыңда,бұзығында
көтеретін кім? Ана

Үнемі
жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? Ана

Сонымен
бүгін қандай мейрам? Аналар

Осындай
үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе
ме?       Иә

Ендеше
бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап  ән айтамыз.

Ән
«Апатайым анашым»Хор

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары 
қабыл  алыныздар!

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,                         Дамир
Анаға айтар лебізі.

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,        Т.Коркем
Айналайын ақ анам

Алпештеген
аялаған.

Ақ
сүт берген апатайым.  

Салем
жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен
құттықтайымын!                        Асылжан

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек                             Алинур
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

. Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.                  Інжу
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым  айтындаршы бұл қай кезде болады?Көктем мезгілінде

Көктем келеді. балалар мен ,ата-аналармен амандасады.

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет  Көктем!   Біз  сені  көп  күттік !
Біздің  балалардың   көктемнің  алғашқы   мерекесіне   қалай  дайындалғандарың 
тамашала !


Мерекеге  арналады
бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір  ұлдар   биі.

Қол соғып    демеу берер көрермендер

Би « Ұлдар биі»Орындайтын –ұлдар.

Көрініс ; «Үш  қыз»  татар халық  ертегісі

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,                                         Бактияр
Қуантсам деп келемін.

Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,                              Әлішер
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі                                   Мерей
Маған айтып береді

.

Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең                                  Аңсар
Құттықтаймын анашым!

Бізді
өсірген анажан.

Енбегі
де зор екен.

Құтты
болсын анажан!

Құтты болсын
мерекен!                                Маруа

Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.         Ерхан
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Кәусар

Ән  «Ертегілер
әні»-орындайтын

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.           Бексултан
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап- күлем!

Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып                 Аяжан
Ұзақ өмір сүріңіз.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,                       Бағжан
Құрметті Аналар!

Қызықтап  әр  сөзімді

Жүрегінде  сақтаған,

Сабырлы  да  төзімді

Анашыммен 
мақтанам                                                Айша

Бізге  қарап  елжіреп,

Сүйіп  беттен  ақ 
мамам,

Құшақ   ашса  келші 
деп,

Жүгіремін 
шаттанам.                                             Айсултан

Қыздардың 
әні: «
Ақ
әжем.»

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап                                          Мухаббат
Әдеппен бас иеміз.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де                  Айбар

Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.                Мейірлі
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, гүл атты!

Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап                        Әлібек
Жаны жайсаң аналар!

Апатайым анашым
Ақылы мол данасың                            Е.Мадина
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Би  «Қара жорға»

 Көктем:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің
сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?

Балалар көктемде  қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай  гүл шығады?

Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді
жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез
гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.

Көктем:Балалар
мінің уақытым келіп қалды. Бырақ  мен  енді әркез  сендермен  бірге  боламын!
Сау болыңыздар!

           
Мың бұралған ақ қайындай

             
Бишелер шықсын ортаға.

             
Ал ендеше қол соғайық,

             
Қошеметпен қолқала.

Би «Өзбек биі» орындайтын қыздар.

Тақпақтар:

Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең             Айнур
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

Ән «Менің анам алтын!»-орындайтын хор.

Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт                    Бағашар
Тілейміз біз балалар.                       

Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін                       Балжан
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.

Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!                                  Б.Көркем

Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі                       Елдос
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

Біз доспыз гүлдермен,                      Адина
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

 Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,          Ермек
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.

Жүргізуші:Тамаша,міне
көрдіңіздерме  біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз
сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз 
өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар
күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі
мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
( балалар гүлдерімен ортаға шығады 

Аналар,әжелер
біздің ұлдар текқана аналарға емес  және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны
табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз
толсын гүлге, желекке

Отбасында
болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз
шын жүректен сіздерді

Өмір-думан,
бақ әкелсін мереке
    -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған
ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. 

Үш
қыз.

(татар
халық ертегісі)

Ерте
заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп,
оларды елден кем қылмапты. Үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты.
Уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп,
аналары жалғыз қалыпты.

Көп
жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел
жақын маңдағы орманда тұратын Сары тиінді шақырып, өтініш жасайды.

         Тиін, тиін, маған қыздарымды
шақырып берші!

Сары
тиін қыздарын іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:

         Аналарың қатты ауырып жатыр,
тез жет!-дейді.

         Әттеген-ай! Мен барар едім,
бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.

         Анаңнан саған шаралар қымбат
болғаны ма?-деп Сары тиін ашуланады. Олай болса, әрқашанда шараларыңнан
айырылмай жүр!

Тиін
осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға
айналдырып жібереді.

Сиқыршы
Сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.

         Аналарың қатты ауырып жатыр,
тез жет!-дейді.

         Қап! Мен қазір-ақ барар едім.
Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап
береді.

Ашуланған
Сары тиін.

         Саған анаңнан тоқыма қымбат
болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.

Сиқырлы
Сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына
келеді.

         Анаң қатты ауырып жатыр, тез
жет!- деп Сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып,
былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.

         Сенің жүрегің қандай жұмсақ!
Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол!
Жасаған жақсылығың ұмытылмасын! Адамдар сені әрқашан құрметтеп, жақсы
көрсін!-деп Сары тиін қызға алғысын білдіреді.

Сөйтіп
әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны
адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор бал араға айналдырады. Содан бері
бал араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық
пен қуаныш сыйлайды екен.

Жүргізуші: Құрметті әжелер, аналар,ұжымдастар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз күнімен құттықтаймын! «Есіңде ғой мен қуана күлгенім, тәй тәй басып ең алғашқы жүргенім. Өзіңменен бірге жүріп мәңгілік бірге терем қуаныштың гүлдерін»- дегендей ортаға біздің бүлдіршіндерімізді шақырамыз. (Ішке ер балалар кіреді.)

Жүргізуші: Бәрімізге анасың

Біз үшін көп жанасың,

Құтты болсын мерекең, құттықтаймыз анашым.

Гүл-гүл жайнап бәріміз,кіреді біздің сәніміз

Аналарды тойымен құттықтаймыз бәріміз!- деп аналарға тақпақтарымызды арнайық.

Ақылбек:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Санжар:

Әже деген көп шығар

Әжемдей жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Нұрсәт:

Келді көктем күннің

Күлімдейді гүлің

Алтын ойлы анам

Мерекеңіз бүгін.

Е. Әбілмансұр:

Залдың іші жайнап тұр

Балаларда сайрап тұр

Мерекені бастайтын

Біздің қыздар қайда жүр?

(қыздар дауыстап:тоқтаңдар біз мұндамыз- деп қолдарына гүлдерімен кіріп келеді)

Жүргізуші: Міне қолдарына әдемі гүлдерін ұстап, қыздарымыз да келді, аналарымызға өнерлерімізді көрсетейік.

Хор: Құттықтаймын, ана, мерекеңмен!

Жүргізуші: Балалар бәріміз орындыққа жайғастық па? Олай болса мерекемізді жалғастырайық. Балалар бүгін ертемен біздің балабақшаға пошташы сыйлық әкелді, ол үстелдің үстінде тұр, бұл сыйлықтың ішінде не бар екен?

Осы кезде тоқтаңдар , тоқтаңдар – деп микки маус сабынды шариктерін балаларға, қонақтарға шашады.

Микки Маус: Сәлематсыңдар ма, балалар, сендердің ән салған дауыстарыңды естіп, мен де келдім мерекеге. Менің шашқан сабынды шариктерім сендерге ұнадыма?

Жүргізуші: Сәлематсыз ба, сіз кімсіз өзіңізді таныстырып жіберіңіз.

Микки Маус: Ой-ой мен өзімді таныстыруға ұмытып кетіппін ғой, мен көңілді микки мауспын, танысқаныма қуаныштымын. Балалар мына әдемі залда қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар: 8- наурыз аналар, әжелер мерекесін тойлап жатырмыз.

Микки Маус: Олай болса аналар, әжелер мейрамы құтты болсын!

Жүргізуші: Рахмет Микки Маус, біздің бақшаға ертемен пошташы сыйлық әкелді, не барын білмей тұрмыз

Микки Маус: Сыйлықтарың қайда? Маған көрсетіңдерші, аа мына жерде тұр екен ғой, бұл сиқырлы сыйлық сияқты, ( сыйлықты ашады).

Балалар сыйлықтың ішінде сұрақтар бар екен, сұраққа жауап беріңдер, аналарың да көмектессе болады.

1.Үйдегі кішкентай бөпеңе, түрлі түсті қарындашпен саласың сен нені? (суретті)

2.Таңертең ертемен әдемілеп, тегістеп жинайды балалар нені? (төсекті)

3. Тамақ ішіп болғасын, анаң мен бірігіп, жуасың сен нені? (ыдысты)

4. Таңертңе ертемен, анасы баласын, апарады қайда? (балабақшаға)

Рахмет қандай ақылды балалар мен аналар!

Жүргізуші: Микки Маус біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Жұлдыз:

Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.

Әлихан:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Аяжан:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Хор: Ақ мамам

Оразалы:

Жүре берсем қасымда,

Әйбат анам, әй анам.

Ботам деген дауысыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Айдос:

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде,

Шаттанып ойнап күлем.

Аделья:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Көрініс: «Красная шапочка» -ертегісі.

Е.Әбілмансұр:

Бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Қаймақты сүттей қалқытқан.

Әлия:

Суық болса жөргегі

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас құйып

Өзенді көлдей шалқытқан

Қолын қатты тигізбей

Иісін жұпар аңқытқан.

Әмина:

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам

Бар шуағын баласына арнаған

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам

Айымсың ғой жарық қылар түнімді

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді

Құралай:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Эль-мансұр:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар.

Би: Өзбек биі (Құралай, Аделья, Аяулым, Жұлдыз,Аяжан, Әмина)

Жалғасбек:

Әжем менің әйбат

Ешкім оған жетпейді

Күні бойы бірге ойнап

Жанымнан бір кетпейді.

Аяулым:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

С.Әбілмансұр:

Менің әжем мейірман,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Оразалы:

Әжетай нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман-есен ортамызда жүріңіз.

Мерекең ұзағынан бола берсін,

Үй ішің немере, шөбереге тола берсін.

Хор: Менің Әжем

Айрина:

Май диэ диэ мами

Ай лавю со мач

Ай уонт ю ту би хаппи

Он зэ эйтс оф марч

Ерсұлтан:

Ай лайк зе уэй ю лук

Ай лайк зэ уэй ю кук

Нау ай уонт ту сей

Хаппи Мазэрс дэй

Алламжар:

С 8 марта поздравляю,

Наконец пришла весна.

Всем девчонкам пожелаю,

Счастья, радости, тепла!

Тимур:

Пусть сегодня милым мамам,

Дарят все вокруг цветы.

Вас, прекрасных наших самых,

С женским праздником весны.

Микки Маус: Олай болса балалар аналар мерекесінде аналармен бірге ойын ойнайық! Ойын: Балаңызды табыңыз (Бір ана шығады, көзін байлап, көп баланың ішінен өз баласын табуы керек. Ойын 3-4 рет қайталанады).

Би: Вальс-Қазақша ломбада биі. (Алия;Ерсұлтан, Е. Мансұр, Аяулым, Санжар,Жұлдыз,Әмина, Алламжар, Айдос, Айрина,Ақылбек, Құралай)

(Микки Маус аналарды мерекесімен құттықтап, балаларға арнаған өзінің сыйлығын беріп, шығып кетеді).

Сән үлгісін көрсету. (Ұлдар мен Қыздар әдемі киініп шығады. )

Жүргізуші:

Қыздарға әдемі киімдерін үйлестіріп тіккен аналарға көп рахмет, қолдарыңыз шебер екен. Құрметті қонақтар,аналар,әжелер,апалар құтты болсын мереке осы келген ортаға тілейміз біз береке- деп, «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

«Ана асыл қазынам!»

Мақсаты: Балаларға 8-ші Наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен безіңдірілген залға кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Жүргізуші : Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің.

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме,құрметті аналар, қымбатты әжелер,әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осындай көркем мерекенің орны бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана –өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса,8 наурыз мерекесіне орай «Қарлығаш» тобының «Ана — асыл қазынам!» атты ертеңгілікті назарларыңызға ұсынамыз.

Нұрсұлтан:Анам менің сүйіктім,

Тек өзіне табынамын.

Қасында жүрсен биікпін,

Алыстасан сағынамын.

Анам болса қасында басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Аман : Ай лайк зэ уэй ю лук,

Ай лайк зэ уэй ю кук,

Нау ай уант ту сэй:

Хэпи Мазэс дэй!

Жанерке:Мәпелейді,бағады

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Бәріне қалай уақыт табады?

Айналайын анашым, аялайсын, бағасын

Сен үшін балалармен әң шырқайық бәріміз!

«Айналайын мама» әні.

Музыка әуенімен залға Мэри Поппинс кіреді

Мэри Поппинс:Сәлеметсіңдер ме,балалар,құрметті аналар,әжелер!

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Мэри Поппинс!

Мэри Поппинс:Бүгінгі 8-ші Наурыз Халық аралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Баршаңызға тілеймін зор денсаулық,жұмыстарыңыз табысты болсың. Ана бақытын тілеймін.

Жүргізуші:Рахмет!Бізге қонақ болыңыз. Бүгін біздің балалар өз аналарына көптеген тосын сый дайындап қойды.

Балалар отырмай жүрген кезде залға свистокпен сықыртып,Мисс Эндрю кіреді.

Мисс Эндрю:Бұл не деген масқара?! Қане бәрі тыныш отырсын. Аналар, әжелер қуана беріңіз, әлемдегі ең үздік күтуші келді. Мұндай тәртіпсіз балалармен ешқандай да Мэри Поппинс тіл табыса алмайды. Ал мен сендердің балаларын тәртіпке саламын. Мен мәдениетті адаммын.

Мэри Поппинс:Ал мен келеспеймін. Балалар, Мисс Эндрю келген кезде не айтуға ұмытып кетті?

Балалар: Амандасуға!

Мэри Поппинс:Дұрыс, балалар!Мисс Эндрю бізбен амандаспады.

Мисс Эндрю(сықырады): Тынышталыңдар дедім ғой мен! Сендер ештене де білмейсіңдер! Сыпырғыш та не үшін керек екенін білмейсіңдер.

Жүргізуші: Неге білмейміз? Білеміз! Балалар, сыпырғыш бізге не үшін қажет?

Балалар: Үйді сыпыру үшін.

Жүргізуші: Мисс Эндрю ,көрдің бе?

Мисс Эндрю:Жарайды, қазір көреміз қалай балалар аналарына көмектеседі екен. Сонымен қатар аналары да қалай үйлерін жинайды тексеремін.. Маған 6-7 бала және 6-7 ана керек.

Ойын «Допты қақпаға кіргіз» (Ойын шарты: сыпырғышпен допты домалатып қақпаға кіргізу. Кім бірінші аяқтайды, сол жеңеді)

Ойын «Допты қақпаға кіргіз» (Көңілді музыка)

Жүргізуші: Көрдіңіз бе, біздің балалар да, аналары да бәрін істей алады. Біздің балалар қазір би билеп береді.

«Полька» биі.

Мисс Эндрю (бұлданып): Істей алады, істей алады. Бірақ та, сендердің балалардың естері жоқ. Әжелер туралы ұмытып кеттіңдер ғой!

Жүргізуші: Балалар,әже туралы ұмытып кеттік пе?

Балалар: Жоқ!

Жүргізуші Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Тақпақтар:

Даниял:Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді.

Дария:Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем,пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

«Әжем менің» әні.

Мэри Поппинс:Мисс Эндрю, ұнады ма сізге?

Мисс Эндрю:Мәәә, таң қалдырдыңдар ғой мені.

Жүргізуші: Ал қазір аналардың, қыздардың назарларына ұлдардың дайындалған тосын сыйын қабыл алыңыздар.

«Джентельмендер» биі.

Ұлдардың тақпақтары:

Ярослав:Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Алан:Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп,жүгіреміз күлімдеп.

Алинур:Анамыздың меиірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.

Алихан:Мен үшін не керек,бәрін іздеп табасың

Айналайын анашым,жұмысына барасың

Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың.

Аман:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Әділет:Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам.

Арсен:Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Нурислам:Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.

Әміре :Ақ кимешек киген

Ақ бетімнен сүйген

Анам менің қандай

Анам менің айдай

Темирлан:Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мама!

Аманжол:

Мэри Поппинс: Рахмет! Қандай ақылды балалар!

Мисс Эндрю: Ол не дегенін? Қазір аналарын тексерейік. Әр қайсы әйел мереке күні сыйлық алғысы келеді. Қазір мен көремін, біздің аналар 8-ші Наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғылары келеді. Маған екі командаға 4- 4-тен ана керек. Ойын «Пантомима» деп аталады. Ойын шарты: әр қайсы топтағы ана өзі алғысы келетін сыйлығын мимика арқылы түсіндіреді. Бір топ екінші топтын жасырған затты ойлап, табу керек.

Ойын «Пантомима»

Мисс Эндрю (сықырып): Бұл не деген масқара? Балалары да, аналары да бәрін біледі. Мен қазір бәрін құртамын.

Жүргізуші: Мэри Поппинс, көмектесіңізші.Айтпесе қазір Мисс Эндрю біздің мерекемізге кедергі жасайды.

Мэри Поппинс қолшатырынмен Мисс Эндрюді айналып, құыршаққа айналдырады ( Мисс Эндрю қуыршақ сияқты қатып қалады).

«Құыршақтар» биі.

Диана:Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Айгерім:Анам,анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын.

Медина:Ана пана,

Ана дана!

Жәнерке:Шашымды өріп,тараған,

Қабағыма қараған,

Үлкен кіші демейді,

Сыйлаған оны бар адам.

Мэрри Поппинс Мисс Эндрюді тағыда қолшатырмен айналып, адамға айналдырады.

Мисс Эндрю: Мен жаңа ғана бір керемет түс көрдім. Мен енді өзгеремін.Сендерден кешірін сұраймын. Шын, жақсы,сыпайы күтуші боламын. Рахмет сендерге балалар!

Мэри Поппинс: Ия, балалар, көп көп рахмет сендерге! Сендер өз аналарын шын жүрекпен жақсы көресіңдер. Ал менің кететін уақытым келді. Мені басқа балалар күтіп жүр.

Мисс Эндрю: Мэри Поппинс, менде сізбен бірге барайын? Мен Сізге көмектесемін.

Мэри Поппинс: Жақсы, менмен бірге жүріңіз.

Мэрри Поппинс пен Мисс Эндрю балалармен зал айналып қоштасады.

«Көктемде көңілді» өлеңі

Жүргізуші:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!- осындай тамаша өлең жолдармен біздің ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ал қазір біздің балалар өз аналарына дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Нағыз ана,нағыз әже»ертеңгілігіне жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды

Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Алдымен осы мектептің директоры Сарсенова Айнур Тоқтарқызына сөз береміз
Жүргізуші;
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен Адема
Құттықтайды балалар.

2 бала:
3бала:

4бала: «Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен. Иасин
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
5 бала: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып Ақнұр
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
6 бала: Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз. Марат
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
7 бала: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін Жанель
Ән салайық бәріміз.
8 бала:Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі Нұрайым
Сипап ылғи басымнан.
Сол кезде залға Мыстан кемпір жүгіріп келеді
Мыстан: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондай мәз болып отырсыңдар ?А?
Жүргізуші: Сен кімсің?Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан: Мен Мыстан бикешпін,сендер мені не таныған жоқсыңдар ма?Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз немересімін
Жүргізуші: Ал Мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан: Ол пенсияда ғой ,енді мен оның орнында боламын
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды.қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші:Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой.Неге біз кетуіміз керек? Біз ешқайда кетпейміз . Солай ғой балалар
Мыстан: Солай ма ? Ендеше мен сендерге қазір көрсетемін
Менің шляпам сиқырлы,қазір мен сендерді бақаларға айналдырамынайналады2-3 рет
Жүргізуші: Жоқ,жоқ Мыстан –бикеш тоқтаңыз Мерекемізді бұзбаңыз Біз саған гүлдер сыйлаймыз
Ойын : «Гүлді жина»эстафетасы
Ойын шарты; Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топ 5 баладан.Алдарында орындықтың үстінде 5 гүл жатыр.Балалар сол гүлдерді кезек бір бірден алады . сосын құмыраға салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді Мыстан- бикешке сыйлайды.
Мыстан: -Гүлдерің неге аз ?Бәрібір мерекелеріңізді бұзамын?
Жұргізуші : Мыстан –бикеш ренжімеші Осы біздің балалар ардақты аналарымызға ән орындап бермекші Тыңдашы!
Ән: « Ақ мамам» 2 топ балалары орындайды
Мыстан –бикеш: Жарайсыңдар Кішкене ғана ұнадыАл сендер қазір менің Мыстан –әжем туралы өлең немесе тақпақ айтпасаңдар мереклеріңді бұзамын
Жүргізуші:-Балалар Мыстан-бикештің тапсырмасын орындайықшы,мүмкін ол өлеңді тыңдап әжесін есіне алып жүрегі жұмсарып , кетіп қалар.
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
9. бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп Мансур
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
10. бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге Аяна
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
11. бала. Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген Ерасыл
Шөлдедің бе, дана әжем.
12 бала: Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем Тамерис
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
13бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
14 бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп . Мадина
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

15.бала Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме, Расул
Таң қалдырам бар елді.

16. бала:
17 бала:
18 бала:
Жүргізуші: жақсы Енді өлең айтып берейікші
Ән: « Әжем менің айдай»
Мыстан –бикеш : жылайды:- Қандай керемет өлең .менің жүрегім жібіп кетті. Жарайсыңдар Мен сендерге енді жаманшылық жасамаймын Тойлайберіңдер Мен гүлдерді және өлеңді әжеме апарамын Сау болыңдар!
Жүргізуші: Сау бол Мыстан –бикеш Ал балалар біз мерекемізді әрмән қарай жалғастырайық
«» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады
19 бала: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған Ернұр
Қуанышты мерекең!
20 бала : Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын Али
Құттықтайды балалар.
21 бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
22.бала:
23.бала:
24 бала:
Би : «Қаражорға» Ұлдар
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ
2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Ойын : « Кім жылдам» жіпке кір іледі 2ана 2 бала
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Би: «Гүлдер биі» Қыздар
Жүргізуші: Рахмет ! Тақпақтарымызды әр қарай жалғастырайық
25 бала : Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың, Данияр
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
26 бала: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында Алихан
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
27 бала : Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің Аяжан
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз

Ән: «Қуанышқа бөленген әр күніміз»

28бала: Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған, Инсар
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!

29 бала :
30 бала:
31 бала:
32 бала:
Би : «Қыздар,қыздар»Ұлдар
33 бала: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың. Дильназ
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.
34 бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын Ерқанат
Аман болшы анашым!
35 бала: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз. Ақерке
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : «Вальс»
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

№1 «балапан» ересек тобының 8 наурызға арналған мерекелік ертеңгілігі.

Ортаға тәрбиеші жүрекшемен кіреді

«Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аналарған арналған.

— дей отырып қадырлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Аналарды сүйеміз!  (Мерей)
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

«Анаға жыр» биі орындалады.

Тақпақтар.

«Анашым»  әні орындалады

Ағылшын тілінде тақпақтар

«Ай лав май мами» ағылшын тілінде өлең

Орыс тілінде тақпақтар

«Көбелектер мен  гүлдер» биі орындалады.

Жүргізуші: Құрметті біздің әжелер мен аналар бүгін біз мерекеде сіздерді демалу үшін шақырдық. Айтыныздаршы құрметті аналар сіздер үйде демаласыздарма?

Білесіздерме біз бұл сұрақты балаларға қойып көргеміз, тыңдайықшы олар деп айтар екен. Соңғы сұрақтардың нәтижесінде аналарымыз, теледидар көріп демалғанды жақсы көреді екен. Сіздердің жұмыстарыңыз қиын, үй тазалау, тамақ жасау, кір жууу, балаларды мектепке апару бірақ сіздер өздеріңіздің сүйікті телебағдарламаларыңызды көруді ұмытпайсыздар. Иә ендеше, біздің балалар сіздерге қажетті бағдарламалар дайындап қойған сияқты. Телеэкран алдына жақындап, күшті көңіл күймен бағдарламаны тамашалауыңызды сұраймыз.

1.Сегізінші наурызға,
Сыйлаймыз деп сыйлықты
Анамызға іздедік:
Әтірме, помадама, Каробка кәмпетпе,
Әдемі открыткама, бәйшешек гүліме
Мүмкін брошка деп шештік
Барлық дүкенді араладық,
Сыйлық жоққой таңқалаларлық.

  1. Көп ойландық, сыйлықты іздедік,
    Айтыңдаршы қай дүкенді көрмедік. Иә, иә,иә
    Джакузиге ақша жоқ,
    Турцияға да билет ала алмадық,
    Мерседеске әкем ақша бермеді,
    Не сыйлаймыз аналарға біз енді.

Барлығы: Балабақша телеарнасына билет.

Жүргізуші: Бүгін тек сіздер үшін «Әдемі » балабақшасы №1 «Балалапан»

Телеарнасы жұмыс жасайды.

Мерекелік бағдарламамызда «Анамыздың мейрімді жүрегі» және оның жүргізушісі:

Сіздерден өскен балалар
Батырлармен даналар
Мерекені бастайық
Құрметті аналар!
Теледидар қосайық,
Әсем әуен көңіл күймен
Балалар биін тамашалайық!

«Жаяу» биі

1бала шығады:  Сіздермен «Бала жүрегі» бағдарламасының жүргізушісі:

Біздің сүйікті, асыл аналарымыз, көктем көзін сіздермен бірге мейрімді етіп ашуда, Сіздердің мейрімдеріңіз жүрек жылытады . Бүгін сіздерді  меркелік бағдарламадан  «Балапан » тобының  тәрбиеленушілері  құттықтауда, қазір тікелей эфирден олардың  құттықтауларын қабыл алыңыздар.

«Тікелей эфир» видео корсетілім.

2 бала шығады:

Эфирде «Сен сұлу» бағдарламасы оның жүргізушісі мен Дариға және Жансұлтан

Мерекеде бүгінгі, Бреттегі көйлекті,
Парижскии модамен үлгі етіп киеміз,
Бізді ең сұлу, әдемі, пренцесса деңіз.
Өспей жатып біздің қыздар
Теребует модалар
Ұйқтағанша сәнденіп,
тобымызда әндетіп,
Бір – бірінің шашын тарап,
Тұрады күні бойы айнаға қарап.

Жүргізуші:

Мінекей көктемде келіп қалды, біздің аналарымызға киімдерін ауыстыру керек. Біз қазір 2018 жылғы жаңа тенденциялық молаларды назарларыңызға ұсына отырып көрсетеміз.

1 Модель. Ана- үйбикесі: Қажетті атрибут ол әдемі – алжапқыш, осы алжапқыш аналарымызға жақсы көңіл күй келтіре тырып, дәмді ас дайындауға мүмкіндік береді. Басына киетін баскиімі, әдемі, сәнді.

2 Модель. Бұл сәнді киім әжелелерімізге көбірек жақын, олар немелерімен қыдырғанда үстіне жеңіл спартивка, аяғы адидас красовкасын киіп алса,қартаюдан құтылады және арықтауға көмектеседі.

3 Модель: Әжемізгеде, анамызға да және барлық экзотикалық елдерге демалғысы келген кісілерге арналған. Жеңіл шорты- фигураларыңыздың әдемілігін, ашық түсті футболка – эзотикалық табиғат суретінмен таң қалдырады, шляпа мен көзілдірік күн сәулесінен қорғайды.

Ал енді сіздер Турцияд, дубайда дем  алып шаршасаңыздар, сырты қалалалық вилла немесе дачада дем алатын болсаңыздар келесі модельімізді шақырайық. Толькл без комментариев.

Келесі Моделімізге ду қол шапалақ.
Міне бітті модный паказ,
Анамыз үшін көрсеттік біраз
Егер сұрақтар бар болса
Біз жауабын береміз.
Модница етіп жібереміз.

Жүргізуші: Біздің балаларымызда сәнқойлар олар, сіздерге қазір бимен көрсетеді.

«Модники» биі

  1. Келесі бағдарламамыз «Дастархан»
    «Дастархан » бағдарламасын бастаймыз,
    Балаларға арналған рецептен қашпаймыз
    Аналаларым жақындаш
    Рецепт жазып тастаймыз.
  1. Егер уйде жалғыз қалсаң
    Келеді саған көммекке
    «Батыл аспаз» қонаққа
    Келіп сені ойнатады
    қазанға ас қайнатады.
«Аспаздар » биі

Назарларыңызға «Голос детей» бағдарламасын ұсынамыз Жүргізушісі мен

Супер шоу голос детей
Бүгін бізде побидителей

Бүгін сіздердің назарларыңызға аналарын қатты жақсы коетін балалардың әнін ұсынамыз

Біз сіздерге күн нұрымыз
Тәп тітті перішдеміз,
Бүгінгі меркеде
Ән саламыз би билейміз 

«Ақ мамам» әнін қарсы аламыз.

Сіздердің назарларыңызға «Көріп кел» бағдарламасын ұсынамыз.

Жүргізуші: Қазір біз аналарымыздың қандай көріпкелдігі бар екенін білеміз.

«Өз балаңды қолынан таны» ойыны ойналады.

Жүргізуші: Біздің телеарналар жұмысын әрі қарай жалғастырады.Ой, ой мына телевизорга не болды корсетпейдігой, менімше сынып қалған сияқты.

Әуенмен ортаға Шопокляк келеді.

Шопа: Мені мекеге неге шақырмаған. Безобразие. Мен Шапокляк ханыммын. Мына не қуаныш мерке немесе қоныс меркесіма?

Жүргізуші: Бізде 8 наурыз халықаралық әйелдер мекесі.

Сендерге ән айту би билеу еріндейсіңдерме.Телевизорды өшіріңдер, қуанышты тоқтатыңдар.Сендер үлкенді сыйлауды білмейсіңдер, маған кедергі беріп жатсыңдар.Маған жастықты беріңдер, жамылғышты алып бер. Мен ұйықтап демаламын. Егер маған кедергі берсеңдер, меркелеріңді бұзамын. (Ұйықтайды)

Жүргізуші: Құрметті әжетайым бізде  сюрприз бар, қандай  бағдарламаны сіз үшін қосайық

Шапокляк: Теларналар маған ұнамайды , оларда неше түрлі ужас қоқынышты кинолар корсетеді, денем түршігеді. Оданда ұйықтап демаламын.

Жүргізуші: Қандай передач корсетсек екен әжеміз ұйықтап қалмау үшін?

Бала:

Әже дегеніміз кім? Ол анамыздың анасы?
Менің ажем – керемет, ол әкемніңде анасы,
Біздің әжеге әдемелеп, ән салайық би билеп.

«Әжетайым» әні орындалады.

Шапокляк: Ойй, ой,  енің жүрегімді елжіретіп кеттіңдергой. Мен сендерді мекелеріңмен құттықтаймын. Ендеше мен өз үйіме қайтайық, үйіме барық ұйықтап дем аламын.Сіздер бақыт, берке тілеймін сау бол.

Бала:Құрметті достарым, көк экран алдынғы теларна бағдарламалары өз мәресіне жетті. Көгілдір экранның алдында көп телевизор қарамай бір – бірмізбен тілдесейік, достасайық ең бастысы осы. Тілдесуден артық бағдарлама жоқ.

Бала:Барша ана құтты болсын мекеңіз
Әрқашан ана Сізбен беркеміз,
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен бағдарламамыз аяқталды.

Басқа да жаңалықтар

Көктем-ана.

Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.

Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Ән: «Айналайын ақ мамам»

Тақпақтар:Сәния,Арман,Айгерім,Жансая,Аяулым

Әр сөзінді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

\\\\\\\\\\\\

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

\\\\\\\\\\\\\

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

\\\\\\\\\\\

Ана деген-өмірдегі қамқорын

Ана деген-сүйенерін жан құрбың

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті ақ әжем

Жүргізуші:

Тұлыншағым желпілдеп

Би билейік кештерде

Ақ көйлегім желпілдеп

Биші болам өскенде

«Заманауи би»

Музыка әуенімен Сайқымазақ кіріп келеді

Сайқымазақ:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мұнда не болып жатыр?Қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Сайқымазақ!Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Балалар кәне Сайқымазақпен амандасайықшы!

Сайқымазақ:Қандай тамаша! Мен де анамды қатты жақсы көремін.Сендермен бірге менде аналар мерекесін тойласам бола ма?

Жүргізуші:Әрине, болады.Білесің бе Сайқымазақ ана деген керемет асыл жан.Менің анам кішкентай кезімде не айтсам да соны әперетін.

Сайқымазақ:Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі

Айтып ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жүргізуші:Сайқымазақ сен біздің балалардың өнерін тамашала.Кәне төрге шыға ғой!

Жүргізуші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ-дей отырып біздің тобымыздың балаларының орындауында «Құттықтаймын мама»

Жүргізуші:Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналаро

Шырқап тақпақ айтамыз

Тақпақтар: Айсана,Іңкәр

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

\\\\\\\\\\\\\\\

Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз алуан

Алып құшақ гүлдерді

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Сайқымазақ:Балалар қандай тамаша билейді екен.Менің де билегім келіп кетті.Бірақ менің кететін сәтім келіп қалды Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.Мен оларға сендердің қандай өнерлі,биші екендеріңді айтып барамын.Қош сау болыңдар!

Жүргізуші:

Қар еріп,су көбейіп сай салада ағады

Бүршік шашып жапырақ ашып

Жер,гүл шашақ тағады

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Көктем

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық

Музыка әуенімен Көктем кіреді

Көктем:Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

түбіне тал еккенмін

Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз

Көктем:Рахмет сендерге балалар!

Жүргізуші:Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыз

Тақпақтар:Айзара,Ануар,Сандияр,Тамерлан

Айтсақ болды тіл алам

Әйбәт мамам,ай мамам

\\\\\\\\\\\\\

Аяулы ақ әжем

Әлпештеп өсірген

\\\\\\\\\\\\\

Анам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

\\\\\\\\\\\\\\

Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетінді сүйейін

Келші,келші ақ мамам

Би: «Көктем» биі

Көктем:Балалар мен сендердің аналарымен бірге ойын өткізгім келіп тұр. «Шаш үлгілері».

Жүргізуші:Ару Көктем біздің балалар аналарына арнап тақпақтарын арнағысы келіп тұр

А.Диьназ,Алина,Сұңқар,Данель,Дана

Ана деген-жылулық

Ана деген-мейірім

\\\\\\\\\\\\\

Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі — әжем

\\\\\\\\\\\\

Күн мен айым-әжетайым

\\\\\\\\\\\\\\\\\

Ақ анама кім жетсін

Әлемдегі жақсы ана

\\\\\\\\\\\\\\\

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным тппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам

Көктем:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер жақсы биде әнде айтасыңдар.Сендерге көп рахмет мен уақтымды сендермен өте қызықты өткіздім.Ал енді менің кектетін уақытым келдіғСау болыңдар!

Жүргізуші:Балалардың орындауында «Көктем» Әні

Жүргізуші:Осымен 8 наурызға арналған «Көктем-ана,қыздар-гүл» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет

Содержимое разработки

Көктем-ана.

Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.

Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Ән: «Айналайын ақ мамам»

Тақпақтар:Сәния,Арман,Айгерім,Жансая,Аяулым

Әр сөзінді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

\\\\\\\\\\\\

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

\\\\\\\\\\\\\

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

\\\\\\\\\\\

Ана деген-өмірдегі қамқорын

Ана деген-сүйенерін жан құрбың

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті ақ әжем

Жүргізуші:

Тұлыншағым желпілдеп

Би билейік кештерде

Ақ көйлегім желпілдеп

Биші болам өскенде

«Заманауи би»

Музыка әуенімен Сайқымазақ кіріп келеді

Сайқымазақ:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мұнда не болып жатыр?Қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Сайқымазақ!Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Балалар кәне Сайқымазақпен амандасайықшы!

Сайқымазақ:Қандай тамаша! Мен де анамды қатты жақсы көремін.Сендермен бірге менде аналар мерекесін тойласам бола ма?

Жүргізуші:Әрине, болады.Білесің бе Сайқымазақ ана деген керемет асыл жан.Менің анам кішкентай кезімде не айтсам да соны әперетін.

Сайқымазақ:Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі

Айтып ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жүргізуші:Сайқымазақ сен біздің балалардың өнерін тамашала.Кәне төрге шыға ғой!

Жүргізуші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ-дей отырып біздің тобымыздың балаларының орындауында «Құттықтаймын мама»

Жүргізуші:Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналаро

Шырқап тақпақ айтамыз

Тақпақтар: Айсана,Іңкәр

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

\\\\\\\\\\\\\\\

Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз алуан

Алып құшақ гүлдерді

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Сайқымазақ:Балалар қандай тамаша билейді екен.Менің де билегім келіп кетті.Бірақ менің кететін сәтім келіп қалды Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.Мен оларға сендердің қандай өнерлі,биші екендеріңді айтып барамын.Қош сау болыңдар!

Жүргізуші:

Қар еріп,су көбейіп сай салада ағады

Бүршік шашып жапырақ ашып

Жер,гүл шашақ тағады

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Көктем

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық

Музыка әуенімен Көктем кіреді

Көктем:Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

түбіне тал еккенмін

Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз

Көктем:Рахмет сендерге балалар!

Жүргізуші:Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыз

Тақпақтар:Айзара,Ануар,Сандияр,Тамерлан

Айтсақ болды тіл алам

Әйбәт мамам,ай мамам

\\\\\\\\\\\\\

Аяулы ақ әжем

Әлпештеп өсірген

\\\\\\\\\\\\\

Анам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

\\\\\\\\\\\\\\

Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетінді сүйейін

Келші,келші ақ мамам

Би: «Көктем» биі

Көктем:Балалар мен сендердің аналарымен бірге ойын өткізгім келіп тұр. «Шаш үлгілері» .

Жүргізуші:Ару Көктем біздің балалар аналарына арнап тақпақтарын арнағысы келіп тұр

А.Диьназ,Алина,Сұңқар,Данель,Дана

Ана деген-жылулық

Ана деген-мейірім

\\\\\\\\\\\\\

Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі — әжем

\\\\\\\\\\\\

Күн мен айым-әжетайым

\\\\\\\\\\\\\\\\\

Ақ анама кім жетсін

Әлемдегі жақсы ана

\\\\\\\\\\\\\\\

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным тппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам

Көктем:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер жақсы биде әнде айтасыңдар.Сендерге көп рахмет мен уақтымды сендермен өте қызықты өткіздім.Ал енді менің кектетін уақытым келдіғСау болыңдар!

Жүргізуші:Балалардың орындауында «Көктем» Әні

Жүргізуші:Осымен 8 наурызға арналған «Көктем-ана,қыздар-гүл» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет



-80%

Похожие файлы

  • ДОКЛАД «ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ В СИСТЕМЕ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ» в рамках проведения постоянно действующего семинара «Патриотическое воспитание дошкольников»

  • «Видеоролики как средство реализации образовательной программы в ДОУ. Применение видеороликов в пяти образовательных областях»

  • Конспект ОД по развитию речи Обучение рассказыванию по картине «Вот так снеговик!»

  • Конспект занятия по познавательному развитию в группе общеразвивающей направленности для детей 6 – 7 лет «Путешествие в Антарктиду»

  • Рисование «Снежинка»

Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң қолдағы шарларын жоғары қарай, қолдарынан босатып, ұшырады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,

Айналайын ана!-деп № «» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-бала: Ана –деген өмірімнің шырағы
Өмір көзі алтын күннің шуағы
Дем беретін сүйетұғын жаныммен
Шөл далада сусындайтын бұлағың.

2-бала: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8-ші наурызбен.

3-бала:В добрый день Восьмое марта
Мамам нашим шлем привет!
«Мама» — слово дорогое,
В слове этом жизнь и свет.

4-бала: Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Аналардың мейрамын
Бірге қарсы аламыз.

5-бала:I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family

6-бала:Аялаймыз ананымызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Ән: «Апа, туған күніңмен!» К.Ыбыраев
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.
Би: «Көктем вальсі»
Тәрбиеші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық.

7-бала: Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
8-бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсаң кешірген
Шөлдедің бе,дана әжем
Шай қайнытып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем!

9-бала:А вот руки бабушки — это просто клад!
Быть без дела бабушке руки не велят.
Золотые, ловкие, как люблю я их!
Нет, других, наверное, не найти таких!
10-бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Ән: «Ата-әже»

Тәрбиеші: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап жіберейік.
11-бала:Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар.
12-бала:Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Қыздарға сыйлаймыз.
13-бала: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз.
8-nauriz-scenari-balabakshaga

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Көктем келмей бүгінде,
Көңілді өтпес мереке.
Көктемді мұнда шақырып,
Табамыз қайдан лезде?

Музыка ойналып, ортаға майшелпек жүгіріп шығады.
Тәрбиеші: Ой, майшелпек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?
Майшелпек: Мен, майшелпекпін, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!

Сәлеммен: Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік.
Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді.
Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын алдаймын.
Сыпырғышпен ұшамын.
Мұнда бала көп екен?
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл балабақша.

Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Тәрбиеші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз.
Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар!
Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.
Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге!

Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видео көру керек керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай.
Ұят екен масқара ай.

2-бала: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
3-бала: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
4-бала: Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.
Тәрбиеші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек қайтеді?
Балалар: Иә.
Би: «Моряк биі»
Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды.
Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді жеңемін! Дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә.

Ойын: «Қане, сыпыр!»
Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жетеді.

Мыстан: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!

Мыстан қоштасып, шығып кетеді.
Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар?
Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар,
Әзизәже, наздыаналар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

-Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!
Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз.
8-бала:Көктемдегеннемене?!
Көктем деген көп жаңбыр.
Ән салып әуеде,
Қарлығаш ол бір тұрған.
Көктем деген ашылған,
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында,
Жаңа туған қозы ғой.

9.бала: Көктем деген балалар!
Құлыншақ қой тулаған.
Еркелеген далаға,
Құрық салған тулаған.
Көктем деген қыстайғы,
Әкеміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.

10-бала: Көктемде көңілді.
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді.
Гүл ектік бақтарға,
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап жаңбыр әнін айтып берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен көздерімізді жұмуымыз керек.
Балалар көздерін жұмады. Қалытқыға бекітілген гүлдерден жасалған алаңқайды алып ортаға қояды. Ол гүлдердің артында кәмпит жасырылған.
Көктем: Бір, екі, үш.
Көзідеріңді ашыңдар.

Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес, тосын сыйы бар керемет гүлдер. Кәне, көрейік гүлдердің түбінде не бар екен?
Гүлдердің артында жасырылған кәмпиттерді алып, балаларға таратып береді.
Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.
Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.

Авторы:Акмурзаева Татьяна Коспаевна

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Ортаңғы топ
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән:“Анашым”
1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
4. Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
5. Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
6. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн — әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп — көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.

Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
Ойын: «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Бұзақы: Ойқанды жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар.

7. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
8. Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9. Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
10. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
11. Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.

2. Екінші кәмпит.
Ән:
3. Үшінші кәмпит
«Апазшылар биі»
4. Төртінші кәмпит
«Кел билейік»
5. Бесінші кәмпит
Би: «Қанекей кір жуайық»

Алматы облысы, Қаратал ауданы,
№ 97 балабақшасының тәрбиешісі
Бұтабаева Гүлжан Сапарғалиқызы

1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Ән: «Аналар мерекесі»
Бір бала ортаға шығады
— Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін — деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем айдай»

Али: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Нұралы:Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ойын: «Әжемнің жібі»
Балалар әжелеріне арналған ағылшын тілінде тақпақтар айтады

Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен әжелер кіріп би билейді
Би «Бабушки старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін

Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.

Би «Шақыру»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым…
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Қоңырау соғады
Үш аспазшы шығады.біреуі ең басты аспазшы
Біз – екі аспазшымыз
Бізге бәрі айтады
Сендер тәтті қуырып
Балаларға бересіңдер деп
Ең басты аспазшы ұйықтап кетеді

Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге балалар.
Жүргізуші: Пісіруге көмектесеміз.
Ойын «Жеміс — жидектер»
Ойын біткен соң кастрөлдің ішінен кәмпиттер т.б. сыйлықтар шығады
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • 8 июля праздник славян какой
  • 8 июля праздник поздравления своими словами
  • 8 июля праздник каких святых
  • 8 июля праздник история возникновения
  • 8 июля праздник день семьи стихи