9 мамыр туралы сценарий

Cкачать: 9 мамыр Жеңіс күніне арналған сценарий

Тақырыбы:     Еңсесі  биік-ұлы  Жеңіс!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға
деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін,
жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы
жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа
үлгі өнеге ету.

Ұлғанай:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерменен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Арай:
Құрметті ұстаздар мен балалар!
Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс
басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген
күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір
қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы
қаншама жүректерге жазылмас жара салды.

Ұлғанай: Биыл міне, сол жеңіске
де 71 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған
ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік
сақталады.

Арай:

Жеңіс күні, Жеңіс жыры

Асқақтата шырқалсын.

Ардагерлер қалауы

Мәңгі өшпесін алауы.

Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы

Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.

Раушан:

Мәлік, Қасым,
Бауыржан

Жеңіспен елге қайтқан
күн.

Айрылған әке,
бауырдан

Туысқа көңіл айтқан
күн.

Бексұлтан:

Бұл соғыстан қазақтар

Ерекше ер боп келген
күн.

Тарихқа талай
ғажаптар

Аңыз болып енген күн.

Жанат:

Ұшқыш Хиуаз,
Талғаттар

Ұшақтардан шыққан
күн.

Түбінде әлем ардақтар

Қазақты көп ел ұққан
күн.

Нұрасыл:

Жігітше екі қызымыз

Батыр боп атақ алған
күн.

Азаткерлік ізіміз

Еуропада да қалған күн

Ұлғанай:

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамды

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Жерден , көлден. Аспаннан

Соқты жауды ел күнде

Отан үшін от кешіп

Жақындай түсті Берлинге!

Көрініс: Ортаға аналар  шығады.  Аналар  ән  айтып, әңгімелесіп  отырып  киіз 
басады.  Осы  кезде  соғыстың  басталғаны  туралы  радиодан  дауыс  естіледі.

Радиодағы  дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды,  Неміс  басқыншылары 
тұтқиылдан   шабуыл  жасады.»  Аналар  жаман  хабарды  естіп,  залдан  шуласып 
шығып  кетеді.   (таспадан  шулаған, жылаған  әйелдер  мен  балалардың 
дыбыстары  естіліп  тұрады)

Соғысқа  аттануға  дайындалған  солдаттар (ересек тобының
бүлдіршіндері) музыка  әуенімен сап түзеп,   залға  кіреді:  Командирі
солдаттарды  дайындық  жаттығулар  жасауға тұрғызады.

1.      Саппен  жүру.

2.      Қаруларын  ұстау  тәсілдерін  үйрену.

3.       Ұранмен  соғысқа  аттану.

Ұран: Отанды  біз  қорғаймыз

Жаудың  алдын  ораймыз.

Командир: Отан  үшін  алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Солдаттар  залдан  саппен  жүріп  шығып  кетеді.

Слаидтан  кино  фильмнен  үзінді  көрсетіледі.

Ортада  тоқыма  тоқып  отырған аналар  көрінісі  көрсетіледі.

Ана  сөзі: Е, бұл  соғыс  бәрімізді  де  есеңгіретіп  жіберді-ау.  Осы 
кезде  таспадан  почташы  қыздың  келе  жатқаны  хабарланады. Почташы  қыз 
жүгіріп  келеді.

Почташы  қыз:  Сүйіші, сүйінші  хат  келді. Аналар  дабырласып 
хаттың  кімге  келгенін  білуге  асығады.  Почташы  қыз  Күләйша  апаның 
баласына  келген хатты  беріп, басқада  ауылға  хат  апарып  беретінін  айтып 
қоштасып  кетеді.

Ана  баласынан  келген  хатты  ашып  оқиды.  Майданнан  келген  хат 
таспадан  тыңдалып , аналар  қуанып,  қауқылдасып  тұрады.  Сол  қуаныш 
артынан  радиодан  соғыстың  біткені  хабарланады. 

Радиодағы  дыбыс:   Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар!      1945  жыл  8  май 
Совет  армиясы  неміс  басқыншыларын  кері  шегіндірді.  Жауынгерлеріміз  елге 
оралады,  залға  соғыстан  келген  солдаттар  кіреді.  Алдарынан  гүл 
шоқтарын  ұстаған  қыздар  шығады.  Аналар  өз  балаларын  құшақтап,  музыка 
әунімен  барлығы  билеп  залдан  шығып  кетеді.

Би :
«Катюша»

(Аделя, Айсезім, Карина,Інжу, Мирас)

Арай: Тылдағы ел де ерледі

Тынымсыз күн-түн терледі

Ерлердің жоғын білдірмей

Жауды да жеңіп кел деді.

Бәріде майдан үшін

Бәріде жеңіс үшін

Біздер үшін жанын қиған

Бас иеміз жандарға.

Ұлғанай: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда
өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған
солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей
жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде
соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі
үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды.

Гүлниса:

Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт

Ол жеңісті көрген жоқ

Келді кейін азат күн

Бекдүрлі:

Пулеметті сөйлетіп

Қорғады алтын бесігін

Ұмытпаймыз өрлетіп

Мәншүк апа есімін

Арай
:
Ана нәзік, ана мейірімді
бұл мереке тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша
халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін
тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.

Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек
еткен, ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше құрметті де аяулы аналар сіздерді де
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Ән : «Сарбаздар әні» ( Бота)

 Ұлғанай: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт
болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа
түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.

Камила:

Фашистің күнін батырған

Сұрапыл соғыс біткен күн.

Рейхстагқа Рахымжан

Жеңістің туын тіккен күн.

Зере:

Дүниежүзілік соғысты

Бейбітшілік жеңген күн.

Ондай соғыс жер үсті

Болмасына енді сенген күн.

Ранийя:

Көрінбейді медальдан

Батырлардың кеудесі.

Жолықсын тек енді алдан

Соғыстың тарих көрмесі

Мансур:

Жаралғандай жалыннан,

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.

Айару:

Жеңіс, алақай жеңіс!

Жасасын жеңіс

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Арай
:
Талай тарих кезеңдерін
өткізіп

Сырын, жырын заманына шерткізіп  71 жыл өтті міне еліміз

Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.

Ұлғанай :

Алаулап гүл тұрады

Туған жер құлпырады

Бейбітшілік болса!

Түрленіп бақша, бағы

Тірлік те жақсарады

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды

Ешкімде жыламайды

Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар болады аман Бейбітшілік
болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.

Арай
:
Балалар ендігі жерде
соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік,
бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп мерекелік ертеңгілімізді
аяқтаймыз!

Хор : «Әрқашан күн сөнбесін!»

Тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» (Тәрбие сағаты)
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

«Әнұран»

1 — жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2 — жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1 — жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

(Сахнадада күй ойналады. Халық, бейбіт өмір көрінісі жүреді)
Радио: — Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. 
Соғыс басталды.
(Халық бір- біріне үрейлене қарады. « Слава Отечественной Войне» әні жаймен ойналады.)
Халық арасынан — Соғыс! Соғыс! Соғыс! (Дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау)
Қария :
— Балаларым, қырандарым!
Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған, 
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген.
Отан үшін аттан, атттан, аттан!

(Осы кезде « Қасиетті соғыс» әні ойналады. Сахна сыртында жүргізушілер)
1 — жүргізуші: «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941 жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді.

(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)

Бала: 
— Алақай! АлақаЙ! Алақай! 
Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! 
Көкем келеді, алақай! 
Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.

1 — жүргізуші : — Енді бір мезет экранға назар аударайық.
(Бір минут үнсіздік. Сахнада Қария)
Қария:- Айналайын халқым! Ұрпақтарым.
Біздің еренді еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп, қошеметтеп, жыл сайынғы елде жасап жатқан жақсылықтары бізді қуантып, марқайтады.
Елбасымыз өз жолдауында халықтың жағдайын жасаумен бірге ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор көңіл бөлгеніне ризашылығымызды білдіреміз.
2 — жүргізуші : — Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер ата, әжем еріміз ортамызда. ( Ардагерлерге сөз беріледі.)
1 — жүргізуші: — Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер»

(Монтаждан кейін Жас ұрпақтар ардагерлерге галстук тағады.)

Жас ұландар: — Ардагерлерге мың тағзым!
Ән «Алия» орындайтын А.Қарлыбай.

2 — жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы. «Болмасын соғыс»
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

2 — жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

Би: «Катюша»

1 — жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»
2 — жүргізуші: Соғыс… Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1 — жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 — жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығында кездесейік.
1 — жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2 — жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 — жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 — жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 — жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман — сау болыңыздар!

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Ұқсас жазба:

9 мамыр. Жеңіс күніне арналған сценарий

9 мамыр – Желбірейді Же?іс туы !

 Ма?саты:
1. Білімділік: Балалар?а ?лы Отан со?ысы, же?іс, ерлік, батырлы? туралы т?сінік, ??ым беру, білімдерін жетілдіру.
2. Т?рбиелілік: Отанды ?ор?ау?а, с?йіспеншілікпен ?арау?а, с?юге, ?лкенді ??рметтеуге, отан ?шін шай?ас?а т?скен а?а- апаларымызды? рухына бас июге, ?лкенге – ізет, кішіге-?ызмет етуге, адамгершілікке т?рбиелеу.
3. Дамытушылы?: Балаларды? а?ыл-ойын, ?иялын,тілін, с?з байлы?ын, ?н айту ?абілетін дамыту. К?рнекіліктер: Альбом, буклеттер.
 

1-Ж?ргізуші : ??рметті ?она?тар!?лы Же?істі? 71 жылды? мерейтойына арнал?ан мерекелік концертімізді бастау?а р??сат еті?іздер.

2-Ж?ргізуші: ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік ?н?раны

1-Ж?ргізуші : ?амы?па?ан ?иынды?ты? ?рейінен,

?здері?е силап ?ырды? г?лінен

Б?гінгі ?рпа? – ба?ытты ?рпа? атанып

??тты?таймыз ?лы Же?іс к?німен!

Же?іс деген жа?сылы?ты? сы?ары

Жігерменен ??штарлы?ты? ??ралы

 К?рескерді? арманы мен ?раны

?уаныш пен мерекені? б?ла?ы.
??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Баршамыз?а белгілі 9 мамыр 5 жыл?а созыл?ан ?лы Отан со?ысында неміс бас?ыншыларын ?з ордасында к?йрете тал?андап, ?ділетті елімізге же?іс ?келген к?н. Же?іс о?айлы?пен келген жо?. ?анша бала жетім ?алды, ?анша ана жесір ?алды, ?аншама ?ыршын бозда?тарымыз отан ?шін ?мірін ?иды. Со?ыс зардабы ?аншама ж?ректерге жазылмас жара салды.
2-Ж?ргізуші: жыр ?ле?дерімен сахнада 7 «Б» сынып о?ушылары

Жазира:

1941 жылды? 22 маусымы – бізді? тарихымызда?ы е? ?ай?ылы к?н, ?лы Отан со?ысыны? бастал?ан уа?ыты. Б?л к?н ?ан майданда ?аза тап?андармен фашистерден еріксіз ?орлы? к?ргендерді, тылда е?бек етіп аштан ?ырыл?андарды еске салады.

Бізді ?рбір ?ткен жыл ?лы Отан со?ысыны? бірінші к?ніндегі о?и?алардан алыстатуда. К?птеген со?ыста же?іске жеткен жауынгерлер ?мірден озып, жыл сайын майдан?а ?атыс?ан сарбаздарды? саны ?ыс?арып, ?ара тізім ?зарып барады. Сол с?рапыл со?ыс заманын к?зімен к?рген ку?герлермен бірге тарихты? ма?ызды егжей-тегжейлі естеліктері де жо?алып бара жат?ан сы?айлы. Сонды?тан, біз со?ыс туралы б?рін білеміз бе, Же?істі? шын ба?асын т?сінеміз бе ж?не келер ?рпа??а же?іс туралы ??ымды са?тап ?ала аламызба? — деген к?кейкесті с?ра?тар туындайды.

Осыдан 68 жыл б?рын б?кіл ?лемді д?р сілкіндірген со?ыс атты сой?ан бастал?ан болатын.

Ержан:

Б?гінгі к?н к?птен к?ткен салтанатты к?н, зымыра?ан уа?ытты? ?анатында Же?істі? міне 68-к?ктемі де келіп жетті.

71 жыл-бейбіт к?ктем та? ат?алы,

71 жыл-шуа?ты к?н таратты ?ні.

71 рет- к?ктемде сонан бері,

Ашылды Же?іс к?нні? пара?тары

(?ал?ан о?ушылар ?здеріні? жатта?ан ?ле?дерін о?иды)

2-Ж?ргізуші: Биыл міне, сол же?іске де 71 жыл толыпты. Біра?, бізге – тыныш жылдар, ба?ытты ?мір сыйла?ан ата-бабаларымызды? ерлігін ?мыттырма? емес! Ерлер есімі – ел есінде м??гілік са?талады    

1-Ж?ргізуші: Те?іздей тербетіліп к?л бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
А??удай ?алы?та?ан те?іздегі,
Бишілер ?нерлерін к?рсетуде.
2-Ж?ргізуші: 7 «Б» сынып  о?ушыларыны? «Шатты?» биі

1-Ж?ргізуші: Тылда?ы ел де ерледі
Тынымсыз к?н-т?н терледі
Ерлерді? жо?ын білдірмей
Жауды да же?іп кел деді.

2-Ж?ргізуші: Б?ріде майдан ?шін
Б?ріде же?іс ?шін
Біздер ?шін жанын ?и?ан
Бас иеміз жандар?а.

1-Ж?ргізуші: Осы с?рапыл со?ыста ер азаматтармен бірдей бізді? апаларымызда ?здеріні? естен кетпес ерліктерін к?рсетіп, отан ?шін ?ан майданда жаралан?ан солдаттарды? жанын са?тап ?з к?мектерін ая?ан жо?. С?м со?ысты? ?зі ?рімдей жап-жас ?лия мен М?нш?к ?ыздарымызды ала кетті. М?нш?к 19 жас?а келгенде со?ыс?а аттанды. Ол пулеметші, мерген бол?ан. М?нш?к ерлікпен ?аза болды, елі ?шін от?а т?сіп, жас ?мірін отан ?шін ?иды.

«Со?ыс ?асіреті» Ер азаматтар мен батыл ?ыздарымызды? ?ол?а ?ару алып, майдан?а аттануы    (К?рініс)

2-Ж?ргізуші: ?лия орыс ?аласын
Азат етіп болды мерт
Ол же?істі к?рген жо?
Келді кейін азат к?н
Пулеметті с?йлетіп
?ор?ады алтын бесігін
?мытпаймыз ?рлетіп
М?нш?к апа есімін

1-Ж?ргізуші: Ана н?зік, ана мейірімді б?л мереке тек ер- азаматтарымыз ?шін ?ана емес, аналарымыз?а ж?не барша халы?ты? мерекесі, елінде ?ал?ан аналар со?ыс?а кеткен азаматтарыны? тілеуін тілеп, к?ні-т?ні е?бек даласында аянбай е?бек етті.
?зіні? н?зіктігіне ?арамастан шырылда?ан баласымен ?оса, тылда е?бек еткен, ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше ??рметті де аяулы аналар сіздерді де ?лы Же?іс мерекесімен ??тты?таймыз!
2-Ж?ргізуші: Аналар осылайша ж?зге жеткін
?л-?ызын енді ?зі?ді еркелетсін
?р?ашан шатты?тардан орын алып
Уайымны? не екенін білмей ?ткі?!

?н:   А?монша? «?лия » ?ні
1-Ж?ргізуші: Балалар же?іске жету ?иын?а т?сті. Оны? жолында миллионда?ан азаматтар мерт болды. Олар Отан ?шін, біз ?шін, сендер ?шін, болаша? ?шін, ?рпа? ?шін шай?ас?а т?сті. Олар бірлік пен ерлікті? ар?асында же?іс са?атын ?олдарына тигізді.
2-Ж?ргізуші: Жарал?андай жалыннан,
Жайса? батыр Бауыржан
Естігенде есімін,
Жау есінен жа?ыл?ан.

1-Ж?ргізуші: Талай тарих кезе?дерін ?ткізіп
Сырын, жырын заманына шерткізіп 71 жыл ?тті міне еліміз
Же?іс к?нні? да??ын жатыр жеткізіп.

2-Ж?ргізуші: Олай болса ?азір сіздерді? алдары?ыз?а ?сынылып отыр?ан  «Майданнан жазыл?ан хаттар» атты естеліктерден бір к?ріністі 7 сынып о?ушылары атынан ер рухына арнал?ан ескерткішке ?ойыл?ан г?л деп ?абылда?ыздар.
(К?рініс)
1-Ж?ргізуші: ?аптап к?кке абырой мен ба? ??сым,
Тынышты?пен ата бер мені? а? та?ым.
?асырдан ?асыр?а ?тіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен ?а?армандарды? ?лгілері жазылар. Біра?, соларды? ішінде ?лы Отан со?ысы гитлершіл Германия ?скерлерін тал?андап, жер ж?зін фашизм апатынан аман алып ?ал?ан ?лы Же?ісі халы? ?а?армандарыны? ?шпес ?негесі болып м??гі жар?ырай береді.

2-Ж?ргізуші: К?рдік, сіздерді жайды? ??ша?,
Елестетіп жанын ?и?ан ??рбандар?а.
?арсы аламыз ?лгі т?тып,
Майданды к?рген, бізге ?мір берген аталарды!
«А?аларым» ?ні залды шары?тап орындалып т?рады. ?олдарында г?л шо?тары бар о?ушы балалар марш екпінімен зал?а кіріп, ардагерлерге та?зым етеді.

1-Ж?ргізуші: Балалар, біз а?а-апаларымыз ?шін ?арыздармыз. Отан ?шін жанын аямай, орасан зор ?айсарлы?, батырлы?, ерлік к?рсеткен ерж?рек батырларды б?гінгі к?нде еске алу, ?мытпай есімдерін тарихта жа??ыртып отыру- сіздерді? ж?не біздерді? парызымыз!
Еш?ашанда енді со?ыс болмасыншы
Г?лдері ата-ананы? солмасыншы
Же?ерміз ?иынды?ты ?айыспастан
Тек ?ана елге аманды? орнасыншы

Бейбіт болып ?рбір к?німіз

Береке тола берсін жылымыз

Биіктерге т?рсын м??гі желбіреп

К?к аспанмен т?стес бізді? туымыз

2-Ж?ргізуші: Н?рс?лтанны? орындауында ?н __________________________________

Б?гінгі жастарды? болаша?ы, ба?ыты ?шін, ?ан т?ккен ?скер мен апаларды? да??ы еш уа?ытта ?шпейді! Оларды? рухына ?андай к?йлек жолдарына, біздер тізе б?гіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Же?істі? 71 жылды? ?лы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от бас?ан, ат ауызды?ымен су ішкен, с?р шинельді т?сек етіп, а? ?ар, к?к м?з жастанып, жаумен шай?ас?ан. ?лы Отан ?шін жанын ?и?ан ер ж?рек батырларды? ?а?арманды? ісі еш уа?ытта ?мыт болмайды, м??гі есте са?талды.
 

Просмотр содержимого документа

«сценарий 9 мамыр»

Ұлы Жеңіске – 76 жыл!
9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 76жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: 9 мамыр Ұлы Жеңістің 76жылдық мерекесі құтты болсын!
1 жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 76жыл.

2 жүргізуші:
69 бейбіт көктем таң атқалы.
69 шуақты күн таратты әнін.
69 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.

1 жүргізуші: Ұлы Жеңісті жақындатуға Аманкелді ауданы халқы да зор үлес қосты. Аманкелді ауданы бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521 жауынгер майдан даласында қаза тапты.
2 жүргізуші:
Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Біздің салтанатты жиынға бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз ардагерлеріміз жақындап келеді. Орнымыздан тұрып құрмет көрсетейік.
(Осы кезде машинамен соғыс ардагерлері алаңға беттейді).
1 жүргізуші:
Ардагерлер — атамекен айбыны.
Сақтады олар елін — жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік.

2 жүргізуші:
«Нұр Отан» партиясы ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық жобасы аясында «Менің атамның портреті» акциясына қатысушы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсетеді.

Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.

1 жүргізуші: Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Ол соғысқа тартылмаған жан, отбасы жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)

2 жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз Аманкелді ауданы әкімі Таукенов Жансұлтан Қоңыртайұлына беріледі.
«Майский вальс»

1 жүргізуші:
Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

2 жүргізуші: Мерекелік сөз кезегі Аманкелді ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлім бастығы капитан Аймұханов Сәбит Асылбекұлына беріледі.

1 жүргізуші: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткіш тақтаның алдына мерекелік гүл шоқтары қойылсын.

2 жүргізуші: Соғыстың от жалынынан өтіп, өліммен бетпе – бет кездесіп, адамзат қасіретін көзімен көріп елге аман оралған майдангер аталарымыз Есір ауылынан Байділдин Хайролла ата, аудан орталығынан Мұқанов Ертай аталарымыз бүгінде балаларын өсіріп, немере — шөбере сүйіп елдің құрметіне бөленген жандар. Сөз кезегі соғыс ардагері Байділдин Хайролла атаға беріледі.

1 жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2 жүргізуші:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Жеңіс күні (ӘН)
1 жүргізуші: Ішкі Істер Бөлімі қызметкерлерінің мерекелік салюты соғыс ардагерлерінің құрметіне арналады.

2 жүргізуші:
Саған құрмет бейбітшілік сақшысы
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы
Саған миллион жүректердің салюты
Саған сөздің шырайлысы жақсысы.

1 жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 76көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 77 жылдығында кездесейік.
1 жүргізуші: Ұлы Жеңістің 76жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2 жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман — сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

         Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 69 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Сөз «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Үсенова Шынар Бейсенбайқызына беріледі.

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

         Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Нұрсая:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

— Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

Жанболат:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Маржан:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

Айнияз:

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

Ақсұлтан:

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.

Нұрасыл:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап…

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ…

Әнел:

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.

Алау:

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып.

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз мың болып.

Бексұлтан:

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.

«Балапан» тобының бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабал алыңыздар.

Мирас:

Барлық елдің бөбегі,

Бір-біріне туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Мейірім:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Рабия:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Сезім:

Занман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам, Өз ордам

Сүйенерім сен ғана.

Мадина:

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол-біздің Қазақстан!

Серікбол:

Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құрметтейміз достықты,

Досқа дайын төріміз.

Би: «Орыс биі КАТЮША»

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Айгөлек» ортаңғы тобының ұлдарының орындауында  «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!

Әзиз:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

Самал:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Би: « Ақ көгершін» биі

Жаннұр:

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.

Батырхан Нұрай:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз.

Еңлік:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ағы менен көзінің қарасымыз.

Саят:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Ән: «Айгөлек» ортаңғы тобының қыздарының орындауында  «Гүл өсіруші бағбан қызбын» атты әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Жеңем деген ел сөзі!

Түрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.

Бекнұр:

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!

Батырхан:

Халық легі куәсындай елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медалдарын, ордендерін тағынған.

Томирис:

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша, бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса.

Жарқынай:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Рамазан:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ертең-елдің қорғаны панасымыз.

Болат Нұрай

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбітшілік,

Ашық болсын кең аспан

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )

Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Соңы.   Ата-аналарға тілек.

Мақсаты:                                                         Жеңіс күні
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. 
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. 
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Жүргізуші : 
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың гүлінен

 Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Құрметті балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр  ұлы Отан соғысында елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды. 
Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Мерекені Мемлекеттік Әнұранмен бастайық.

Ән: «Қызғалдақты көктемде»

Жүргузіші: (Слайт көрсету)

 Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Ендеше 1 минут үнсіздік жариялаймын.

Тақпақтар:

Біздер үшін жанын қиған 
Бас иеміз жандарға. 

Әлия орыс қаласын 
Азат етіп болды мерт 
Ол жеңісті көрген жоқ 
Келді кейін азат күн 

Қорғады алтын бесігін 
Ұмытпаймыз өрлетіп 
Мәншүк апа есімін 

Жаралғандай жалыннан, 
Жайсаң батыр Бауыржан 
Естігенде есімін, 
Жау есінен жаңылған. 

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

 Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

 Жеңіс, алақай жеңіс! 
Жасасын жеңіс 

Би : «Катюша» қыздардың орындауында

Тақпақтар:

Алаулап гүл тұрады 
Туған жер құлпырады 

Бейбітшілік болса! 
Түрленіп бақша, бағы 

Тірлік те жақсарады 
Бейбітшілік болса! 
Үйлер де құламайды 
Ешкімде жыламайды 

 Батыр ұл есімдері ақталады

 Жыр болып жүректерде сақталады.

 Ешқашанда енді соғыс болмасыншы 
Гүлдері ата-ананың солмасыншы 

Жеңерміз қиындықты қайыспастан 
Тек қана елге амандық орнасыншы

Ұлдардың орындауында бір тамаша биді тамашалайық.
Тақпақтар:
 Бұлт түнеріп аспаннан 
Талай көзден жас тамды 

Тұтқиылдан жау тиіп, 
Қырғын соғыс басталды. 

Жерден, көлден. Аспаннан 
Соқты жауды ел күнде 
Отан үшін от кешті

Тылдағы ел де ерледі 
Тынымсыз күн-түн терледі 

Ерлердің жоғын білдірмей 
Жауды да жеңіп кел деді. 

 Бәріде майдан үшін 
Бәріде жеңіс үшін 

Ән : «Жеңіс күні»

Жүргізуші:

Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді. Тек қана елге амандық орнасыншы Бейбіт болып әрбір күніміз Береке тола берсін жылымыз Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті мекеме қызметкерлері, балалар осымен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!
 

Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының                             
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова                           

                        «Жеңіс күні»

ІІ кіші «Гүлдер» тобы

  1.  

                                                                                           Тәрбиешілері: К.М.Тишбекова                                                         

                                                                   2016-2017 оқу жылы

  •  
  •  

Просмотр содержимого документа

«9 мамыр жеңіс күні сценарий»

9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий
 

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:

– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?

Қыз:

– …не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.

(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді… (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1-оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы:

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.

3-оқушы:

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

4-оқушы:

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

5-оқушы: Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа.

Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.

1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.

Интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі:

Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі биленеді.

«Әлия» әні орындалады.

1-жүргізуші:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

2-жүргізуші: Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

(Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл-күйлері бейнеленеді)
Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы. «Болмасын соғыс»
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

1-оқушы:

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

2-оқушы:

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

3-оқушы:

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

2-жүргізуші:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

1-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

2-жүргізуші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

9 мамыр жеңіс күні, 9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий, 9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий балабақшада, 9 мамыр жеңіс күніне арналған тақпақтар, 9 мамыр жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты, 9 мамыр жеңіс күніне арналған іс-шара жоспары,

Тақырыбы: Ұлы Жеңіске – ұрпақтан тағзым!

(Концерттік бағдарлама)

Мақсаты: Ұлы Жеңіске балалардың үн қосуын ұйымдастыру, патриоттық тәрбие беру. Ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ерлігі, қажырлылығы,
отаншылдық сезімдерін үлгі ету. Ұлы Отан соғысының батырлары туралы мәлімет беру. Бейбіт өмірдің маңыздылығын сезіндіру.

Мереке өтетін бөлме тағзым алаңы секілді безендіріледі. Даладағыдай орнатылған орындықтар (скамейка), көше шамдары, жалаушалар, шарлар т. б.
Төрде майдангерлер құрметіне ескерткіш қойылған, мәңгілік от жанып тұр. Ортаға қартаң әже немересін жетектеп келеді де, мәңгілік отқа гүл шоқтарын қояды.

Немересі: Әже, біз қайда келдік?

Әже: Құлыным, бұл біздің бүгінгі бейіт өміріміз үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангерлерге тағзым алаңы.

Немересі: Мына отты кім жаққан? Ол қалай өшпейді?

Әже: Бұл отты Жеңістің арқасында жетілген жас ұрпақ жаққан. Елі үшін мерт болған ерлер ұрпағының есінде тұрғанда бұл от өшпек емес,
бұл – мәңгілік алау. Батыр ата – әжелеріңнің есімдерін сендер де естеріңде сақтаңдар, ерліктерін үлгі тұтыңдар. Сендер есте сақтасаңдар
батырлар мәңгі жасайды, мәңгі жас қалыптарында саналарыңда өмір сүреді. Иә… дүние – ай, соғыс жанға салған жара әлі күнге дейін
күні кешегідей сыздайды, бірақ Жеңіске де 74 жыл толыпты – ау….

(Әңгімесінің аяғын өз – өзіне айтқандай болған әже біртіндеп шеттей немересін жетектей жылжиды)
(Ортаға таяққа сүйенген, қолында бір тал қалампыры бар, төсінде медальдары жарқыраған ата шығады да мәңгілік отқа гүлін қояды. Таяғына сүйене сәл ойланып тұрып,
сәлден соң жақын маңдағы орындыққа (скамейка) отырады. Ортаға тағы бір қария шығып олда мәңгілік отқа гүл қояды да, бұрылып орындықта отырған атаның жанына келеді)

2 – қария: Ассалаумағалейкум, замандас?!
1 – қария: Уағалейкумассалам! Кел, отыр.
2 – қария: Қалың ойға шомып кетіпсіз – ау?!
1 – қария: Иә, арада 74 жыл өтсе де соғыс жылдарындағы қиын жағдай ара – тұра мазалайды.. Бүгінгідей мереке күні осы күнге жете алмаған қаруластарым есіме
түсіп отыр.
2 – қария: Несін айтасың, небір сұрапыл күндерді бастан өткердік қой. Ол күндер енді қайтып келмесін. Балаларымыз алаңсыз күліп, бақытты өмір сүрсін.
1 – қария: Иә, бәріміздің де тілегіміз сол ғой, заманымыз бейбітшілік болсын. (Қариялардың әңгімесін бірін – бірі қуалай ойнаған, қолдарында шарлары,
балмұздақтары бар балалардың күлкісі бөледі)
2 – қария: Осылар барда өткенге өкініш жоқ, ендігі жерде еліміздің туы көкте желбіресін!……
1 – қария: Иә!……….

(Бір топ балаларды саяхатқа алып шыққан тәрбиеші көрінеді, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері ілінген тақтаға жақындап, балаларға таныстыра бастайды)
Тәрбиеші: Балалар! Бүгін біз тағзым алаңына келдік. Мынау – Ұлы Отан соғысы жылдарында ел үшін ерлікпен қаза болған батыр аталарың мен апаларыңның
суреттері қойылған ескерткіш тақта. Олардың қатарында өзіміз ерліктерін әнге қосып айтып жүрген, «Шығыстың қос жұлдызы» атанған қазақтың батыр
қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Екі мәрте Совет Одағының батыры Талғат Бигелдинов, қайсар қазақ, батыр ұл Қасым Қайсенов,
рейхстагқа ту қадаған Рақымжан Қошқарбаев, тағы – тағы көп батыр аталарың мен апаларың бар. Олар ел үшін, жер үшін, келер ұрпақтың болашағы
үшін жан аямай соғыспағанда қазіргі бақытты өміріміз болмас еді. Батырлар есімдерін, ерлік істерін есте сақтап келесі ұрпаққа жеткізу – біз үшін
аманат. Қазір мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етейік, жүріңдер…. (гүлдерін қояды)

Ортаға екі жүргізуші шығады:
1 – жүргізуші: Бүгін – Жеңіс күні. Ұлы Жеңіске 74 жыл толды. Бүгін тағзым алаңына жиналған баршаңызды, бүкіл Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
2 – жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы, жай күні
Болса – дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны!
Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық….. (1 минут үнсіздік)
1 – жүргізуші: Қазір тағзым алаңына жиналған барша қауымды ұлы мерекемен құттықтау құрметі қаламыздағы №8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасының
меңгерушісі, бүгінгі күнгі бақытты балапандарымыздың бағбаны Кулетова Бақыткүл Нәзікқызына ұсынылады.
Құттықтау сөз
2 – жүргізуші: Құрметті қауым! Бүгін сахна төрі сіздер үшін! Мерекеге арнаған жүрекжарды өлеңдеріңіз, әдемі әндеріңіз, естелік әңгімелеріңіз болса кезектесе
шығып айтуларыңызға болады.
1 – бала: Бақытқа байтақ елді бөлегендер
Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер
Солардың қасиетті ерлігімен
Құлпырып, шешек атып көгерген жер
Біз, бір топ достар, батыр апамыз Мәншүк Мәметоваға арналған әнді айтып бергіміз келеді, қабыл алыңыздар.
Ән «Мәншүк батыр»
2 – бала: «Шығыстың қос жұлдызының» бірі Әлия Молдағұлова өзі сұранып соғысқа аттанғанда небәрі 17 жаста болыпты. Біз өз әнімізді Әлия апамызға арнаймыз.
Ән «Әлия»
2 – жүргізуші: Бүгінгі күн – мерекелердің төресі. Сондықтан біз қала көшелеріне еркін микрофон қойып, қала жұртшылығының мерекеге арнаған лебіздерін сұраған
едік, енді бір сәт кезекті құттықтауларға берсек….
Құттықтаулар (Бейнежазба)
3 – бала: Елімізді жаудан азат еткен ерлер ерліктері еріксіз тебірентеді: (өлең оқиды)
Сен құрметте оны!
Ә. Сәрсенбаев
Сен құрметте оны!
Түсіндің, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

Әже ортаға шығады: Мен жақында немерелі болдым. Немеремнің есімін батыр атасы Бауыржан Момышұлына ұқсаған батыр, ержүрек,
еліне адал азамат болып өссін деп ырымдап, Бауыржан қойдым. Ел арасында Әлия, Мәншүк, Төлеген, Қасым, Рақымжан есімді балақандар
көп екенін де естіп жүрмін. Бұл да болса елінің батыр ұлдарына деген құрметі деп ойлаймын. Араларыңда Бауыржан Момышұлы аталарыңа
арнап ән айтатындарың бар ма? Өз есімінің сырына немерем осы уақыттан бастап қаныға берсін.
4 – бала: Әрине бар! Мен Бауыржан атаға арналған әнді білемін. Тағы да білетіндер болса бірге шырқайық.

Ән «Момышұлы Бауыржан»

Ортаға майдангер қариялардың екіншісі шығады:
– Ерліктері әнге арқау болған 28 батырды да бүгін еске алу – парыз сияқты. 28 батыр туралы ән білетіндерің бар ма?
Балалар: Әрине!
Ән «Жиырма сегіз» Г. Жотаева
5 – бала: Ортамызға оралған ардагер аталар отты жылдар естелігін әлі де кешегідей еске алады. Бүгінгі ұрпақтың сұрапыл соғысты көрмеуін тілейді.
Ән «Жеңіс күнін тойлаймыз!»
6 – бала: Еліміздің бүгінгі таңдағы сенімі мен үміті біз деп білеміз. Біз елімізді сүйеміз, Оанымызға адалмыз, елімізді қорғауға дайынбыз. Әсем әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Ел қорғауға әзірміз» К. Қуатбаев
7 – бала: Біз – бақытты ұрпақпыз. Аталарымыз бізге шат көңілді, уайымсыз бейбіт өмір сыйлады. Ерлер есімдерін мәңгі есімізде сақтаймыз.
8 – бала: Сене бер енді ардагер
Көр – дағы ұрпақ туғанын
Келешек елдің жеңісін
Кімдердің қорғап тұрғанын!
Ән «Ұрпағымыз батырдың!» Ж. қалжанова
9 – бала: Енді ешқашан соғыс болмасын. Бөбектеріміз жыламасын. Көк туымыз көгімізде желбірей берсін!
Ән «Жеңіс туы желбіреп!» Б. Бейсенова
10 – бала: Аталар сапқа шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйқтасын!
Ән «Ер есімі – ел есінде!» А. Еспенбетова
1 – жүргізуші: Біз – жас ұлан, Отан – ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені
2 – жүргізуші: Әркез болсын тыныштық
Тыныштық бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көбейе берсін ырыс – құт!
Бүгінгі еркін концерттік бағдарламаға біркісідей жұмылғандарыңызға баршаңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Қызылорда қаласындағы
№8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасында
музыка жетекшісі Бибігүл Жұмабекова Мүсірепханқызы

9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама

© Дереккөзі

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.
Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.

2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.

1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.

2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.
(сахнаға екі оқушы шығып Б. Момышұлының нақыл сөздерін айтады)
1-жүргізуші: Өнерлінің өнерін
Қане байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік,
Күй мен жырға кезек берейік.
Сахнаға 9— сынып оқушысы Искаков Адильшені шақырайық. Папури Ұлы Отан соғысындағы әндер.

2-жүргізуші: Батыр бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді.
Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай жерде өзіне жау тапқандығын тілге тиек етеді. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады.
Бауыржан Момышұлы «Москва үшін шайқас» атты шығармасынан үзіндіні тамашалаңыздар.
(Көрініс «Москва үшін шайқас»)

1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,
Туы мәңгі желбіресің жеңістің.
Қазір сіздердің алдарыңызға 7-сынып оқушылары «Естесің мәңгі Бауыржан ата» әнін орындайды.

2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
(Алдарыңызда 10 сынып оқушыларлары өнер көрсетеді.)

1-жүргізуші: Жолдастары бастарына гүл қойыпты… Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.

2-жүргізуші: Олай болса, құрметті біздің көрермеңдер, қазір сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған Бауыржан Момышұлының «Майданнан жазылған хаттар» атты естеліктерден бір көріністі 8 сынып оқушылары атынан ер рухына арналған ескерткішке қойылған гүл деп қабылдаңыздар.
(Көрініс)

1-жүргізуші: Сүйінші, халқам, сүйінші!
Белінді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!

2-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

1-жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
«Ағаларым» әні залды шарықтап орындалып тұрады. Қолдарында гүл шоқтары бар оқушы балалар марш екпінімен залға кіріп, ардагерлерге тағзым етеді. «Ағаларыма» әні орындалады.

2-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,
Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.

1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Жеңістің 65 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
(Ең соңында «Жеңіс күні» әні хормен орындалады.)

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

9 мамыр жеңіс күні сценарий(Ел мен ердің жемісі)

«Ел мен ердің жемісі»

І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ел мен ердің жемісі» атты ашық топжетекшілік тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

ІІ жүргізуші:
1945-тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында…
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?

І жүргізуші:
Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.

ІІ жүргізуші:
Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.

І жүргізуші:
    Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

ІІ жүргізуші:
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады… Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды…

І жүргізуші:
Солардың 40 пайызы ерлермен тізе  қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті. 
ІІ жүргізуші:
Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.

І жүргізуші:
Ендеше туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірга тамашалайық.
ФИЛЬМ

І жүргізуші: 
Ұлы жеңіс
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке,-деп Таир Жароков айтпақшы міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн 

ІІ жүргізуші: 
 Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

І жүргізуші:
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

ІІ жүргізуші:
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда Байнақова Мөлдірді 
                             әнімен ортаға шақырамыз. 
ӘН
І жүргізуші:
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала — әкесінен, анасынан айралған жетім атанды. 

ІІ жүргізуші:
Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі  Жеңіс сағатын жақындата түсті.

І жүргізуші: 
Олай болса тобымыздың әсем қыздары мен сері жігіттерін «                » 
биімен қарсы алыңыздар!
БИ

І жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке-аға, інінің.

ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше келесі                             ның жыр шумақтарын қабыл алыңыздар! 
ӨЛЕҢ

І жүргізуші:
Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты. 

ІІ жүргізуші:
Жеңдік жауды, алдық кекті,
Мөңкіп тулап, басылды апат.
Мең-зең етіп, жер мен көкті,
Тынды-ау ақыр бір ғаламат. 

І жүргізуші:
Ендеше бүгін осынау сұм соғыстың шағын бейнесін сіздердің алдарыңызда  сомдап бермекшіміз. Қабыл алыңыздар!
КӨРІНІС
І жүргізуші:
Алпыс бес жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бет жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері алпыс бес рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары

І Іжүргізуші:
Алпыс бес жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Алпыс бес  жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
Ардагерге сөз беріледі

І жүргізуші:
Міне, осынау елімізге лаң салған салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 65 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.

ІІ жүргізуші:
Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.

І жүргізуші:
Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • 8 октября есть божественный праздник
  • 8 октября день чего праздники
  • 8 нче март сценарий татарча
  • 8 ноября чей праздник православный
  • 8 ноября праздники международный день квн