Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий

Саба?ты? та?ырыбы: Эстафеталы? ойындар.Ма?саты: О?ушыларды салауатты ?мір салтын насихаттау?а ж?не спортпен ш??ылданып т?ру?а ша?ыру, спорт?а деген ?ызы?ушылы?ы

Саба?ты? та?ырыбы: Эстафеталы? ойындар.

Ма?саты: О?ушыларды салауатты ?мір салтын насихаттау?а ж?не спортпен ш??ылданып т?ру?а ша?ыру, спорт?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. 

Міндеті:1.?рт?рлі спортты? ойын т?рлерімен таныстыру, т?сілдерін ме?герту;
2.О?ушыларды? икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапша?дылы? ?абілеттерін дамыту.

3. Адамгершілікке, ?йымшыл болу?а  т?рбиелеу
Т?рі: жарыс саба?
?тілетін орны: Спорт зал 
К?рнекілігі: т?рлі-т?сті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ыс?ыры?, уа?ыт ?лшеуіш. 

Барысы: О?ушыларды сап?а т?р?ызу. Саба?ты? ма?сатын т?сіндіру. Орында т?рып б?рылу, ж?ру, ж?гіру, оларды? т?рлері. Тыныс алу жатты?улары, бой жазу жатты?уларын жасау. 
ІІ. Эстафеталы? жарыс:

«Кім жылдам» ойыныны? шарты: Жолда?ы кедергілерден ирек ж?гіру ?дісі бойынша жылдам келу. Ескерту: Ойыншы м?реден толы? айналып, с?реге жеткенше ойын шартын толы? орындау ?ажет. Команда ойыншылары ?арсыласын жеткенше к?туі ?ажет.

«?осая?» ойыныны? шарты: Допты (волейбол добы) ая? ортасына ?ыстырып, ?ос ая?пен секіріп апару. М?реге жеткен со?, жай ж?гіріспен с?реге дейін ж?гіру. Ескерту: Жарыс барысында доп т?сіп кеткен болса, ойын д?л сол жерден жал?асын табу керек.

«Ше?бердегі ж?п» ойыныны? шарты: Екі ойыншы берілген ше?бер ішіне кіріп, ж?п ??райды. Тура ж?гіру ?дісі бойынша жылдам ж?гіріп барып келеді.

Ескерту: Ойыншы м?реден толы? айналып, с?реге жеткенше ойын шартын толы? орындау ?ажет. Команда ойыншылары ?арсыласын с?реге жеткенше к?туі ?ажет.

«Орнын ауыстыр» ойыныны? шарты: Команда?а бес спорт тая?шалары беріледі, оларды? бастап?ы орны «с?ре» болып саналады. Сол тая?шаларды ал?аш?ы бес ойыншы біртіндеп «м?реге» орнын ?згертіп жеткізеді, ?ал?ан бес ойыншшы спорт тя?шаларын ?айтадан «с?реге» орнына жеткізеді. Ескерту: Ойыншы м?реден толы? айналады, команда ойыншылары ?арсыласын с?реге жеткенше к?туі ?ажет.

 «Допты жерге со?» ойыныны? шарты: Допты (баскетбол добы) жерге со?ып, кедергілер арасынан ирек ж?ру ?дісімен жылдам серпіте апару. М?реге жеткен со?, жай ж?гіріспен с?реге дейін жылдам ж?гіру.

Ескерту: Жарыс барысында доп т?сіп кеткен болса, ойын д?л сол жерден жал?асын табу керек.

« Команда тізбегі» ойыныны? шарты: Команда м?шелері тізбек бойынша ?атарласып т?рады. Топ басшысы берілген допты (волейбол добы) келесі ойыншы?а жо?арыдан береді. Ойын тізбек толы? тізбек орындал?анша жал?асады. Ескерту: Допты жерге т?сіруге болмайды. Доп жерге т?скен сайын ?пай саны шегеріледі.

Ар?ан тартыс. Топты екі команда?а б?леміз. О?ушылар біріні? артына бірі т?рады. ?атар т?р?ан екі тізбекті? арасы бір-бірінен 3-4 ?адамдай ?ашы? болады. Тізбектерді? алдына сызы? сызылады. М??алімні? белігісімен о?ушылар тартысады, кім сызы?тан асыра с?йреп кетсе сол же?іске жетеді.

 ІV. ?орыту б?лімі: а) Командаларды сап?а т?р?ызу.

?) Эстафеталы? жарысты? н?тижесі бойынша мада?тау.

б) Ж?лделі орындарды марапаттау.

Просмотр содержимого документа

«Эстафеталы? ойын »

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Өтетін жері: Мектеп алаңы

Сабақтың мақсаты:

1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.

2.Оқушылардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру.
3.Ойын арқылы бала организімін шынықтыру.

Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе

жіп, қалың кітап тб.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды бөлім.

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

  1. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

II.Негізгі бөлім. Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат қойдыртамын. Ойын шартымен түсіндіремін.

  1. Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын.

Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолна таяқшаны ұстап, жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10ұпай) қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі.

  1. Шегіртке. (қос аяқтап секіру).

Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10ұпай) алады. Келесі команда(5ұпай) алады.

3.Секіртпе жіппен серіру.(скакалка)

Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.Қай команда жылдам секіріп келсе,сол командаға(10ұпай), келесі командаға(5ұпай).

4.Доп ұру.

Командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды. Белгіленген жалаушаға барғанша,оң қолымен допты жерге соғып,ал келгенде допты сол қолымен жерге соғып алып келеміз. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады.Қай команда бірінші келеді, сол командаға(10ұпай). Екінші командаға(5ұпай).

5.Кім жылдам,әрі епті.

Төреші белгісі бойынша командалар жеңіл шарды жоғары әуеге лақтырып,қайта қағып алып белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға (5ұпай) беріледі.

6.Секір де,жүгіре жөнел.

Командалар сап түзеп тұрады. Әр командадан екі ойыншы топ алдына секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен кезек тез-тез шығып,айналып тұрған секіртпені ілмей секіріп өтеді де,ары қарай жүгіре жөнеледі.

7.Тепе-теңдікті сақтау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды

жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(10ұпай), екінші командаға (5ұпай) беріледі.

III.Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызамын. Тыныс алу жаттығуларын жасатамын. Қай команда жеңіске жеткенін хабарлаймын.

ІV Үйге тапсырма беру.

Эстафеталық ойын түрлерін өз бетімен ізденіп,қалай ойнау керектігін біліп,үйреніп келу.

ІV Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Көңілді эстафета

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен  айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: кеглилер,машиналар,шығыршықтар,ысқырық

Жүру барысы:

Құрметті ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер! Ортаңғы«Алтын сақа» тобында ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

«Сұңқар» тобы.                                           «Тұлпар» тобы

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру

  1. «Kiм епті?»
  2. «Кім жүйрік?»
  3. «Кiм күшті?»

1 – бөлім.  Таныстыру.

Шарты: Екі топ өздерін таныстырады.

I — топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!»
II — топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

II – бөлім. «Кім епті?»

Шарты: Межеге дейін кеглидің арасымен еңбектеп барып,межені айналып жүгіріп келу.

III – бөлім. «Кiм жүйрік?»

Шарты:Машинамен межеге дейін барып,кері келу.

IV – бөлім. «Кім күшті?»

Шарты: Еденде жатқан шығыршықтан шығыршыққа секіріп межеге дейін барып,межені айналып кері келу.

Осымен сайысымыз аяқталды жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Сау  болыңыздар!

Сайысымызды келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Каламбаева Айкен Кумисбаевна
Атырау облысы, Кызылкоға ауданы
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар
Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, теннис таяғы, уақ доп, шашақтар.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері сіздерді 1 — Маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келіпсіздер! Осы мерекеге орай құттықтау сөз кезегін балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1_____________
2__________
3________
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз — деп — ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Кім шапшаң» сайысы
3. «Жүйрік ат» сайысы
4. «Кенгуру» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
6. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
(Әділқазылар алқасы 2 бөліміміздің бағаларын берейік.)

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан — дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Жүйрік ат» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз — дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, кері қайту.
(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Жүргізуші: Ендеше ең соңғы ойынымыз « Жүйрік паровоз» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: бірінше бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша директорына беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт — Шевченко қаласы,»Ақбота»балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна

  • Сабақ тақырыбы:«Көңілді старт» эстафеталық жарыс.

    Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

    Көрнекілігі: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат «Спорт-салауатты өмір серігі»

    «Көңілді старт» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»

    Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет..Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді старт» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

    Ал құрметті халайық,

    Жарысты енді көріңдер.

    Әділ қазы алқасы,

    Әділ баға беріңдер. 

    Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

    1. __________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

4.___________________________________________________________

Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз.

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйерде төреші де өзіңіз.

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 

  • Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

  • Еңбек етіп келгенінше әліміз.

  • «Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

  • Сайысқа аттанайық бәріміз!

  • Шарттары: 
    1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек) (5 ұпаймен бағаланады)

Жалын» тобы

Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,

Біз спортшы боламыз!

«Шымыр» тобы

Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,

Спорт сүйер өренбіз!

Жарыс алдындағы дене қыздыру жаттығуы 2 команда флешмоб билейді.

2.«Мәреге кім бұрын?»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.  ( Скакалкамен секіру). 

3. «Кім жылдам»

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.

4.«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

5.Тепе-теңдікті сақтау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(5ұпай), екінші командаға (3ұпай) беріледі.

6. «Арқан тартыс». Команда болып арқан тартысады.

7«Капитандар сайысы». 2 команданың капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың аяғындағы шарын жарып тастау керек.

  Қорытынды сөз.Марапаттау рәсімі.

Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан . сөз береміз.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет,жақсы өнеге тозбасын

«Достық» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы

«Көңілді мәре»

эстафеталық ойындар.

«Сувенир», «Қызықты математика» үйірмелері

Қосымша білім беру ұстазы: Сейтенова А.Б.

Приозерск қ.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді мәре» эстафеталық ойындар. 

Өтілетін жарыстың мақсаты.

1.Тәрбиеленушілердің денсаулығын, белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін,шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Түрі: Эстафеталық ойындар.

Ойын барысында қолданылатын құрал-жабдықтар:Эстафеталық кедергілер, доптар, қаптар, шариктер және қасық, гимнастикалық төсеніштер, кегли, шеңбер (обруч), себет және жасанды көкөністер, туннел, қорапша, таспа (лента), доп тастайтын шеңбер (кольцеброс), жалаушалар, шарлар, ысқырық, топ жанкүйерлері костюмі және жабдықтары, клоундар костюмдері, проектор, экран,музыкалық жиындық, қайшы, скотч.
Ойын барысы:

КлоунКнопка:— Салеметсіздерме Балалар!, менің есімім Кнопка. Бүгін мен«Көңілді мәре» эстафеталық қызықты сайыс ойынын сіздермен бірге ойнауға келдім. Балалар! жалпы дене шынықтыружәнесайыс сабақтары балалардың күш-қуаттарын өсіріп, денсаулығын шыңдайды және қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.

Клоун Филя және Фиона: Ооо, бұл жер қандай әдемі безендірілген? Бұл жерде не болғалы жатыр? Немесе сіз балаларға фокус көрсетіп жатырсызба?

КлоунКнопка:Мен бұл жерде балалармен көңілді эстафеталық ойындар ойнағалы жатырмын.

Клоун Филя және Фиона: Қандай жақсыыы! Бізде ойнағымыз келеді. Балалар бізді де өз топтарыңызға қабылдайсыздарма? Сіздермен ойнасақ дейміз, бізде спорттық ойындарды өте жаксы көреміз.

Балалар: Иәәә

Клоун Кнопка: Иә, сіздердің келгендерің қандай жақсы болды. Маған бұл ойынды өткізуге көмекшілер керек болып тұрған.

Клоун Филя және Фиона: Кнопка! Ойынды бастамай тұрып денемізді шынықтырып жаттығу жасап алайықшы. Қазір біз балаларға көңілді жаттығу жасауды көрсетеміз.

Клоун Кнопка: Жарайсыңдар! Ендеше көрсетіңдер!

1.Физминутка.

КлоунКнопка:Денеміз шынықты,жарайсыңдар!Енді балаларды сапқа тұрғызып 2 топқа бөліп сайысымызды байстайық.

Клоун Филя және Фиона: Тамаша, ендеше бастаймыз!

Ойын барысы:Сайыс кезеңдері.

«Эстафеталық жарыс»

«Кім жылдам»

«Қаппен жарысу»

«Жемісті тез жеткіз»

«Допты шеңберге лақтыру»

«Көңілді жүргізуші»

1. «Эстафеталық жарыс»: Шарды кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру.

2.«Кім жылдам?»:Тепе-теңдік сақтап жүріп, кегли арасынан қасыққа шарикты салып құлатып алмай өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.

3.«Қаппен секір»: Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық тәрбиеленушілер жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.

4. «Жемісті тез жеткіз» Белгі берілгенде, туннел астынан жорғалап өтіп, ойын алаңына қойылған қобдишадағы жемістерді себетке жинау.

5. «Допты шеңберге лақтыр» эстафетасы. Ойынның шарты: Әр сайыскердің мерген екендігін анықтау. Биіктігі 1 метр құрсауға допты лақтыру. Кім көп дәл лақтырса сол топ жеңімпаз.

6. «Көңілді жүргізуші»: Ойын шарты: Шеңберді дөңгелетіп жүгіріп келу.

Клоун Кнопка: Жарайсыңдар балалар!Филя, Фиона бүгінгі сайысымызды сіздердің дайындап келген флешмоп биімен аяқтаймыз.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/285264-kildi-mre-jestafetaly-ojyndar

Нұрсұлтан қаласы ЖШС                                         «Ақ босаға-kz» «Алпамыс батыр»

балабақшасының  дене                                                                                                                                                 шынықтыру нұсқаушысы

                                                                        Құрамыс Махаббат Төлеуқызы

                                                                        Эстафеталық жарыс

                                                «Мен спортты сүйемін!»

Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Мен спортты сүйемін!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден — саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз:

№1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке — жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір — бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады:

1 — этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 — этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 — балаға жеткізу
3 — этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 — этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!

Спартакиадалық эстафета


  • Балабақшадағы ойындар
  • admin
  • 03.04.2017
  • 0
  • 1
  • 13247

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті
«Нұршуақ» балабақшасы» КМҚК
Дене шынықтыру нұсқаушысы Бақтыбаева Қырмызы Даулбайқызы

Спартакиадалық эстафета

Тыңдаңыздар тыңдаңыздар!!!

Мен барлық балаларды ұлдар мен қыздарды спорттық жарысқа қатысушы командаларды қарсы алайық. (музыка ойналады)

Командалар сапқа тұр! (командалар шығып сапқа тұрады)

Бүгін «Нұршуақ» балабақшасындағы спартакиаданы ашық деп жариялаймын. Командалар тік тұр! Капитан командасы туды көтеруге дайындал!

Әнұранды орындау.

Армысыздар балалар көрермендер мен қонақтар.

Тәні саудың – жаны сау,

Жаны саудың – дені сау, — демекші, спорт әлеміндегі ең қызықты дәстүрлі спартакиаданы бастаймыз. (балалар тақпақ айтады)

Спорт — көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың.

Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға,
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда

Біздің сайысымызға қатысқалы отырған командалар өздерінің жылдамдықтарын, ой-өрістерін, күш – жігерлерін көрсетуден күш сынасады.

Сондықтан біраз денемізді шынықтырып алайық.

Бой сергіту: «Шынықсаң шымыр боларсың».

Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Денешынықтыру нұсқаушысы: Баенишева Алтынкуль Тюмебаевна

Муз.жетекші: Абжанова Гульмира Муратовна

Медбике: Исмагулова Қарлығаш Сайлаубековна

Ғажайып сәт. Микки Маустың кіруі.

Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар!
Мені незе ұмыттыңыздар.
Мен – көңілді Микки Мауспын,
Жеңісті қолдан бермейік.
Жүйріктерміз біз мықты.

Жүргізуші: Ой, Микки маус, сен кубикті әкелдің бе?

Микки Маус: Әрине, міне ол.

Жүргізуші: Капитан командалар ортаға келіңдер. Спартакиадалық жарысымызды бастайық. Спартакиада жарысымызда 3 топ сайысады. Спартакиада туларымен таныс болыңыздар.

(Нұсқаушы таныстырады). Таныстыру (топтың аты, ұраны).

Эстафета.

Екі команда бір-бірінің соңына сапқа тұрады. Қатысушылар кезегімен екі қолтығына қысқан добымен 15 м қашықтықтағы балалар манежіне қарай жүреді. Жолдағы 5 кеглиден ирек жүгіріспен өтіп келіп келесі қатысушыға добын береді. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз анықталады. Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Кірпіштермен жүру эстафетасы.

Екі команда бір-бірінің соңына сапқа тұрады. Алғашқы екі қатысушы ағаш кірпіштердің үстінде тұрып, екі кірпішті қолында ұстайды. Белгі берілісімен  қолындағы кірпішті алдына қойып, ауыстырылған кірпіштердің үстімен 6м.  Ауыстырылып отырған кірпіштердің үстімен манежді айналып келіп, келесі қатысушыға кірпіштерін береді. Әр командада ені 10 см, биіктігі 4 см, ұзындығы 20 см-лік 4 ағаш кірпіші болу керек. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз атанады.  Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

«Көкөніс отырғызу және жинау» эстафетасы.

«Екі команда бір-бірінің артына сапқа тұрады. Әр команда қарсы 5 «шұңқыр ұя» орналасқан. Алғашқы екі қатысушы шелегіндегі «көкөністерін» сол «шұңқыр ұяларға» салып кетіп 15 м қашықтықта тұрған манежді айналып келіп, қайтарында «шұңқыр ұядағы» көкөністерін жинап ала келеді. Қайтып келісімен шелегін келесі қатысушыға тапсырады. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз. Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Жас батыр.

Команда құрамында 5 ұл. Әр қатысушы ағаш атпен шауып барып манеждегі допты резеңке таяқпен ұрып кері қайтады. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз анықталады.

Арқан тарту.

Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Командалық жарыс: ойын тәртібі төрешілер алқасының отырысында анықталды.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы жарысымыздың қорытындысын шығарғанша, біздің балабақшадағы балалардың өнерін тамашалайық.

«Қанат» биі.

Жүргізуші: Бүгінгі спорттық жарысымзды қорытындылай келе, сөз кезегін әділқазыларға береміз (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды жариялап марапаттайды).

Бүгінгі біздің спартакиадалық жарысымзда соңына жетті.

Балалар бүгінгі жарысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар!


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Эскизы зимние праздники
  • Энни холл сценарий
  • Эскиз ярмарка или праздник урожая
  • Энни мюзикл сценарий
  • Эскиз русского народного праздника