Эстафеталы? жарыс сценарий балабакшадагы

Даярлық топқа арналған сайыс оқу қызметі. Біз шыныққан баламыз Тәрбиеші К. Сагатова

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»
Мақсаты:     Спорттық  эстафеталық  жарыстарға  деген

                     қызығушылықты арттыру.    Спортқа деген

                    сүйспеншілігімізді  нығайту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, қалыптастыру.  Ептілікке шапшаңдыққа жаттықтыру.                  
Көрнекі құралдар:  2 үлкен доп,2 туннель,  2 велеосипед, 20 орташа доптар, 1 арқан, кедергілер.
Жүргізуші:
        Спорт деген азанда,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы .
         Бүгінгі мектепалды даярлық тобының арасында өткізгелі отырған , «Біз шыныққан баламыз» атты жарысымызға қош келдіңіздер!
Ал, сайыскер балалар, Ешкімің жоқ алалар «Жеңімпаз» болу үлкен ерлік Оны әділ қазы лар бағалар. (әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Төреші:О.Зияханов

1.ДТІЖО: З.Кулантаева
2.Үйірме жетекшісі:М.Жолшиев

      Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,
                    Өмірде бақыттысың денің сауда.
                    «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
                   Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
                   Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                   Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                  Сол мықты денсаулықтың арқасында
                  Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға

1.     «Сұңқар»тобын шақырамыз.

2.     «Алғыр»  тобын шақырамыз.

Топтар бір-бірімен сәлемдеседі.

Топтармен  таныстырып өтейік:

«Сұңқар» тобы:   

Ұраны:   Спортпен достас,

        Жалқаулықпен қоштас.

«Алғыр»  тобы:

Ұраны:  Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

              Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз

           Жарысымыз «6» турдан тұрады.
1. «Кім  жылдам» 

Ойын шарты:  Бірінші  ойыншы қолына допты алып , жүгіру арқылы

           белгіленген орындағы себетке допты алып , қайта орнына жүгіріп   келіп, екінші ойыншыға кезегін беріп ойынды жалғастырады.

            Қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

           
2. «Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты:   Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

3. «Кедергіден өту»

Ойын шарты:  Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған

         кедергілерден тепе-теңдік сақтап өтіп,белгіленген орнына қайта айналып келіп,екінші ойыншыға велеосипедті береді. Ол ойыншы ойынды

         жалғастырады.
4. «Туннель»

Ойын шарты: Бірінші ойыншы отырып жүріп туннелден еңбектеп өтіп,белгіленген жерден жүгіріп айналып топқа келіп,екінші ойыншы әрі қарай ойынды жалғастырады. Сол топ жеңіске  жетеді.
5. «Кенгру» жарысы

Ойын шарты:     Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
6. «Арқан тартыс» жарысы

Ойын шарты:   Ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасында белгісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса, сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

   Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау, Жеңімпаз болу шарты сол,  

  Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Бұл сайыста ренжімей, Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).

Жүргізуші: Осымен  мектепалды даярлық тобының арасында өткізілген   «Біз шыныққан баламыз» атты  жарысымыз аяқталды.

                  Жарқын,шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).

Эстафеталық жарыс Шынықсаң шымыр боласын
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден — саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз: №1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке — жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір — бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады: 1 — этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 — этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 — балаға жеткізу
3 — этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 — этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!

Нұрсұлтан қаласы ЖШС                                         «Ақ босаға-kz» «Алпамыс батыр»

балабақшасының  дене                                                                                                                                                 шынықтыру нұсқаушысы

                                                                        Құрамыс Махаббат Төлеуқызы

                                                                        Эстафеталық жарыс

                                                «Мен спортты сүйемін!»

Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Мен спортты сүйемін!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден — саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз:

№1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке — жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір — бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады:

1 — этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 — этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 — балаға жеткізу
3 — этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 — этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!

1 «Ақбота балабақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК-ң директоры

________Л.С.Жанбосынова

«___» ___________20_

Эстафеталық жарыс

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

«Бекітемін»

Өткізген №6 «Айгөлек» мектепалды

даярлық тобының тәрбиешісі: Абиева Ж.Д.

2017- 2018 оқу жылы

Эстафеталық жарыс.

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Эстафетаға қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Методикалық әдіс: Ойын эстафета, эстафета мазмұны, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар үйінділері, қар кесетін ағаш құралдар.

Эстафетаның жүру барысы:

Жүргізуші: Балалар шеңбер бойында бір- бірімізге тілек айтайық
Тілек шеңбері

Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол блшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасауды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.

Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.

Жүргізуші: Балалар, эстафетаға ұпай қойылады, сондықтан ұпай қоятын әділ қазылар алқасымен таныстырайын

Балабақша директоры: Жанбосынова Л.C.

Әдіскер: Шешенбаева Ә.А.

Эстафета түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.
Тұлпар тобының мүшелері: Махамбет, Ердәулет, Ерасыл, Салтанат, Ақерке, Айқын.
Сұңқар тобының мүшелері: Парасат, Мунира, Айдын, Қуандық, Мерей, Мадияр.
Ойын №1 «Жолды қардан тазарту».
Мазмұны: Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп, жолды қардан тазартады. Қай топтың балалары жолды ұзын етіп тазартса сол топ жеңеді.
Ертегі кейіпкерлері қонақта.
«Үйшік» ертегісінен Аю келіп балалардан өзі сыйатын үйшік жасап беруін өтінеді.

Ойын №2 «Үйшік жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерінен кішкене үйшік тұрғызу. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңген болады.

Ойын №3 «Шанамен жарысу».
Мазмұны: Екі топтың үлкен балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан жасалар,
Тауып көрші сен оны.
(аққала)
Ойын №4 «Аққала».
Мазмұны: балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады.Оның көзін, мұрнын, аузын жапсырады. Басына телпек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.

Ойын №5 «Көпір жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерін 2 қатар етіп жерге (2метр ұзындықта) төсеу. Бір бала қарды жерге қойып тұрады, басқалары қарды жалғап, жеткізіп тұрады. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңеді. Ойын соңында балалар шанамен биік қардан төмен қарай сырғанап ойнайды.

Қорытынды

Жүргізуші: Эстафетаға балалар өте жақсы қатыстыңдар. Ал,ендеше әділ қазылар алқасы әділ бағаларын беріңіздер. Әділ қазылар алқасы балаларды мадақтап, эстафетаны қорытындылап, балаларды марапаттау үшін қыс кейіперлері келіп, сыйлықтар таратып балаларды риза қылады.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Көңілді эстафета

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен  айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: кеглилер,машиналар,шығыршықтар,ысқырық

Жүру барысы:

Құрметті ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер! Ортаңғы«Алтын сақа» тобында ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

«Сұңқар» тобы.                                           «Тұлпар» тобы

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру

  1. «Kiм епті?»
  2. «Кім жүйрік?»
  3. «Кiм күшті?»

1 – бөлім.  Таныстыру.

Шарты: Екі топ өздерін таныстырады.

I — топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!»
II — топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

II – бөлім. «Кім епті?»

Шарты: Межеге дейін кеглидің арасымен еңбектеп барып,межені айналып жүгіріп келу.

III – бөлім. «Кiм жүйрік?»

Шарты:Машинамен межеге дейін барып,кері келу.

IV – бөлім. «Кім күшті?»

Шарты: Еденде жатқан шығыршықтан шығыршыққа секіріп межеге дейін барып,межені айналып кері келу.

Осымен сайысымыз аяқталды жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Сау  болыңыздар!

Сайысымызды келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Каламбаева Айкен Кумисбаевна
Атырау облысы, Кызылкоға ауданы
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы

Спартакиадалық эстафета


  • Балабақшадағы ойындар
  • admin
  • 03.04.2017
  • 0
  • 1
  • 13248

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті
«Нұршуақ» балабақшасы» КМҚК
Дене шынықтыру нұсқаушысы Бақтыбаева Қырмызы Даулбайқызы

Спартакиадалық эстафета

Тыңдаңыздар тыңдаңыздар!!!

Мен барлық балаларды ұлдар мен қыздарды спорттық жарысқа қатысушы командаларды қарсы алайық. (музыка ойналады)

Командалар сапқа тұр! (командалар шығып сапқа тұрады)

Бүгін «Нұршуақ» балабақшасындағы спартакиаданы ашық деп жариялаймын. Командалар тік тұр! Капитан командасы туды көтеруге дайындал!

Әнұранды орындау.

Армысыздар балалар көрермендер мен қонақтар.

Тәні саудың – жаны сау,

Жаны саудың – дені сау, — демекші, спорт әлеміндегі ең қызықты дәстүрлі спартакиаданы бастаймыз. (балалар тақпақ айтады)

Спорт — көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың.

Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға,
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда

Біздің сайысымызға қатысқалы отырған командалар өздерінің жылдамдықтарын, ой-өрістерін, күш – жігерлерін көрсетуден күш сынасады.

Сондықтан біраз денемізді шынықтырып алайық.

Бой сергіту: «Шынықсаң шымыр боларсың».

Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Денешынықтыру нұсқаушысы: Баенишева Алтынкуль Тюмебаевна

Муз.жетекші: Абжанова Гульмира Муратовна

Медбике: Исмагулова Қарлығаш Сайлаубековна

Ғажайып сәт. Микки Маустың кіруі.

Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар!
Мені незе ұмыттыңыздар.
Мен – көңілді Микки Мауспын,
Жеңісті қолдан бермейік.
Жүйріктерміз біз мықты.

Жүргізуші: Ой, Микки маус, сен кубикті әкелдің бе?

Микки Маус: Әрине, міне ол.

Жүргізуші: Капитан командалар ортаға келіңдер. Спартакиадалық жарысымызды бастайық. Спартакиада жарысымызда 3 топ сайысады. Спартакиада туларымен таныс болыңыздар.

(Нұсқаушы таныстырады). Таныстыру (топтың аты, ұраны).

Эстафета.

Екі команда бір-бірінің соңына сапқа тұрады. Қатысушылар кезегімен екі қолтығына қысқан добымен 15 м қашықтықтағы балалар манежіне қарай жүреді. Жолдағы 5 кеглиден ирек жүгіріспен өтіп келіп келесі қатысушыға добын береді. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз анықталады. Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Кірпіштермен жүру эстафетасы.

Екі команда бір-бірінің соңына сапқа тұрады. Алғашқы екі қатысушы ағаш кірпіштердің үстінде тұрып, екі кірпішті қолында ұстайды. Белгі берілісімен  қолындағы кірпішті алдына қойып, ауыстырылған кірпіштердің үстімен 6м.  Ауыстырылып отырған кірпіштердің үстімен манежді айналып келіп, келесі қатысушыға кірпіштерін береді. Әр командада ені 10 см, биіктігі 4 см, ұзындығы 20 см-лік 4 ағаш кірпіші болу керек. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз атанады.  Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

«Көкөніс отырғызу және жинау» эстафетасы.

«Екі команда бір-бірінің артына сапқа тұрады. Әр команда қарсы 5 «шұңқыр ұя» орналасқан. Алғашқы екі қатысушы шелегіндегі «көкөністерін» сол «шұңқыр ұяларға» салып кетіп 15 м қашықтықта тұрған манежді айналып келіп, қайтарында «шұңқыр ұядағы» көкөністерін жинап ала келеді. Қайтып келісімен шелегін келесі қатысушыға тапсырады. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз. Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Жас батыр.

Команда құрамында 5 ұл. Әр қатысушы ағаш атпен шауып барып манеждегі допты резеңке таяқпен ұрып кері қайтады. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз анықталады.

Арқан тарту.

Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Командалық жарыс: ойын тәртібі төрешілер алқасының отырысында анықталды.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы жарысымыздың қорытындысын шығарғанша, біздің балабақшадағы балалардың өнерін тамашалайық.

«Қанат» биі.

Жүргізуші: Бүгінгі спорттық жарысымзды қорытындылай келе, сөз кезегін әділқазыларға береміз (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды жариялап марапаттайды).

Бүгінгі біздің спартакиадалық жарысымзда соңына жетті.

Балалар бүгінгі жарысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар!


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Этапы организации детского праздника
  • Эстафета ромашка сценарий
  • Этапы написания сценария рекламного ролика
  • Эстафета поколений сценарий
  • Этапы написания сценария мероприятия