Ханталапай ойыны балаба?шада сценарий

Мақсаты:-       Қазақтың  ұлттық  ойындарын дәріптеу  арқылы  балалардың  интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік  қабілеттерін дамытуға ықпал е

МКҚК  «Айналайын »   балабақшасы

Қазақтың  ұлттық  ойыны

«Ханталапай»  

Дайындаған  тәрбиешісі  Аубакирова М.Т.

Мақсаты: 

  • Қазақтың  ұлттық  ойындарын дәріптеу  арқылы  балалардың  интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік  қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
  • Балалардың  жылдамдығын жетілдіру,  жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып,  ойда сақтау  қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • топта жұмыс  істей білуін қалыптастыру;
  • патриоттық сезімдерін және Отанға, туға  өлкеге деген  сүйіспеншіліктерін ояту.

Қажетті   заттар:

  • ойын   бөлмесіне арналған  ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)
  • қой  малының асықтары
  • ұлттық нақышта  өрнектелген  қоржын
  • алдын ала  дайындалған тапсырмалар

Ойын барысы:

Шаттық  шеңбер:         Аспан  түрді  түндігін,

                                Жерге сәуле  жайылды.

                                Неткен  ашық  күн  бүгін,

                                Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!

Тәрбиеші:         Балалар, сендер қазақтың  ұлттық ойындарын білесіңдерме?

Балалар:         Иә

Тәрбиеші:        Қандай  ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар:         Тақия тастамақ, көкпар, теңге алу, арқан тарту, білектесу, асық ату.

Тәрбиеші:         Балалар, қазақтың   ұлттық ойындары өте көп екен. Солардың  бірі «Ханталапай».    Ханталапай  ойыны асықпен ойналады.  

Бақтықожа: Апай, менің атамның үйінде асық көп. Атам маған достарыңды ертіп   келіп,   асық  ойнаңдар   деген.  

Тәрбиеші:         Бақтықожаның атасы бізді асық ойнауға  шақырған екен. Балалар, сендердің барғыларың келе ме?  Ендеше балалар, атаның ауылына  қонаққа  барайық.

Атаның  ауылына мына  әдемі қоржындарымызды  ала  барайық.  (Балалар,  қоржындарын асынып атаның ауылына  жолға шығады).

Балалар атаның ауылына келгенде, қамшы өріп отырған  атаны көріп, амандасады. Атаның немересі асық ойнау үшін достарын ертіп келгендігін айтады.

Ата:         Амансыңдарма, балаларым. Мен сендерге бір қоржын асық жинап қойдым. Бұл асық қой малының асық жілігінен алынады. Соның ішінде құнан қойдың асығы ірі болады.  Сондықтан оны сақа асық деп, асықтардан ерекшелеп  қызыл түспен бояп қояды.  (асықпен ойнату үшін тәрбиешіге бір қоржын асықты ұсынады).

Тәрбиеші: Рахмет, ата.  Балалар қараңдаршы, бізге ата мына қоржын толы асықты жинап қойған екен. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың  ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге  көп асық және бір қызыл түске боялған  асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз.  Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?

Балалар   асық  атауларын бүк, шік, тәйке, алшы –деп атайды.

Тәрбиеші ойын шартымен таныстарады.

Ойын шарты: «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» -деп, қоржындағы  асықтарды отырған балалардың алдына шашады.  Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады.  Жинаған асықтардың ішінен  әр бала ойынға  бес асықтан тігеді.  Хан асығы қолына түскен бала алғашқы  болып ойынды бастайды.  Сонымен бірге балалар бүк асықпен бүк асықты,  шік асық пен шік асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды. Асықтарды  бір-біріне тигізе алмаған жағдайда ойын  жүргізушінің  сұрақтарына  жауап  береді. Екінші  рет тигізе  алмаған  жағдайда ойын кезегі келесі балаға беріледі.  Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын соңында хан асығын ұтып алған бала жеңімпаз атанады.

Тәрбиеші балаларға  ойын  шартын  түсіндіріп,  ойын  алаңына  шақырады.  Балалар сырмақты айналып , шеңбер құрып отырып, ойын ойнайды.

Ойыннан  көріністер:

Балалар   ойынға   қызығушылықпен   қатысады.  Ойын жеңімпазы анықталып,  өзінің ептілігімен, тапқырлағымен, білімімен, шапшаңдығымен, мергендігімен көзге түскен балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» және тағы басқа да  атақтар беріледі.  

Тәрбиеші:         Ата, біздің балаларымыздың  ойынына  өз төрелігіңізді   көрсетіңіз.  

Ата:                 Балалардың ойындары маған өте ұнады.  Бұл ұлттық ойын ұрпақтан   ұрпаққа  жалғасын  тауып келеді.  

Ата балаларға «Епті бала», «Мерген бала», «Жеңімпаз бала», «Зерек бала», «Алғыр бала», «Шапшаң бала» деген атақтарды  атай отырып,  бата беріп, тіл көзден аман жүрсін деп, жасаған  бойтұмарларын тағады.    

Балалар,  ата  берген  асықтары   мен  бойтұмарларына   алғыс   айтып,   атамен қоштасады.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№57 «Ақбота»бөбекжайының әдіскері
Сансызбаева Гүлжан Бауыржанқызы

Қазақтың ұлттық ойыны «ХАНТАЛАПАЙ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Қажетті заттар: Ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)
Қой малының асықтары
Ұлттық нықышта өрнектелген қоржын
Алдын ала дайындалған тапсырмалар
Сабақ түрі: Ойын — сабақ.
Ойын барысы: Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме! Балалар!
Балалар: (амандасады) Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Бар адамға құрметпен, бас иеміз біз!
Мұғалім: Бүгін қандай күн?
Балалар; Сәрсенбі,
Мұғалім: Керемет, жарайсыңдар балалалар! Бүгін сәрсенбінің сәтті күні. Олай болса сабағымызды Әнұранмен бастаймыз.
Мұғалім: Балалар бүгін ерекше сәтті күн, ауа — райы да, тамаша екен.
Жайлауға барып асыр — салып ойнап келейік.
Жайлауда балалар ата — әжені көріп, көрісіп (ассалаумағалейкум) балалар амандасады.
Ата — әже балаларды ағаш үйге кіргізеді.
— Ата? балалар қайдан келдіңдер?
— 57бала бақшадан келдік
Ата: бәрекелді.
Әжесі балаларға қымызбен бауырсақ береді.
Ата бата береді.

Мұғалім: Біз балалармен жайлауға қыдырып шығып едік.
Ата. Ия дұрыс қой біздерде бала кезімізде ұлттық ойындар ойнағанбыз.
Мұғалім: Ата біздің балабақшаның балалары да, қазақтың ұлттық ойындарын біледі. Ал балалар біз қандай ұлттық ойындарды білеміз.
Мұғалім: қане балалар атаға атап берейік.
Балалар: иә.
1) Көкпар ойыны
2) Соқыртеке ойыны
3) Ақ сандық, көк сандық ойыны
4) Арқан тарту ойыны
5) Қазақ күресі ойыны
6) Білектесу ойыны
7) Жасырынбақ ойыны
8) Ақ сүйек ойыны
9) Орамал тастау ойыны
10) Хан талапай ойыны.
Ата: жарайсыңдар балалар! сендер қазақтың ұлттық ойындарын біледі екенсіңдер.
Әже: Қыздарымыздың қандай өнерлері бар екен.
Қыздар: Қазақтың «Қасиетті домбыра» әнін орындап береді.

Ата — әже: көңіліміз көтеріліп қуанып отырмыз, жарайсыңдар балаларым.
Ата: Отанасы сандық тұрған асықтарды алып берші.
Ата: Балаларға ризашылығын білдіріп бір қоржын асық сыйлайды. (сандықтан алып береді)
Балалар: рахмет.
Мұғалім: Олай болса ата астың батасын берсеңіз біздің ұлдарымыздың өнерлерін тамашалап көріңіздер.
Ата: бата береді.

Мұғалім. сыртқа шығып ата берген асықпен ойын ойнайық.
Мұғалім: қоржынды ұстап тұрып, асық туралы не білеміз? асықпен қандай ойындар ойналады?
(балалардың жауаптары тыңдалынады) (Асық ату, үш табан, ханталапай т. б.)

Сабақ барысы:
Мұғалім: Балаларға «Ханталапай» ойынының шартын түсіндіріп өтеді.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.

Мұғалім: Ал ойнасақ — ойнайық
Бүгінгі ойынға барлығымыз қатысамыз, Олай болса, жарысымызды бастайық.
«Талапай — ау, талапай, табылды ойын алақай»- деп қоржындағы асықтарды балалар алдына тастаймын. Балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтарын санап, әр бала 5 асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Асықтарды атады да, тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, мұғалім қойған тапсырмаға жауап береді. Егер ойыншы бала жауап бере алмаса, қатысушы басқа балалар жауап береді. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында сұрақтарға дұрыс жауап беріп, асықты көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

СҰРАҚТАР:
1. Қазақстанның тұңғыш президенті — Әбішұлы Н. Н.
2. Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

Ханталапай


  • Мерекелік іс шаралар
  • admin
  • 08.02.2018
  • 0
  • 1
  • 6596

Қарақия ауданы әкімдігінің «Ғарышкер» балабақшасы МКҚК
І санатты дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы
Боранкулова Эльмира Абулталиповна
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы

Тақырыбы: «Ханталапай»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері: Балалардың топта жұмыс істеу білуін қалыптастыру. Патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Балалардың ортада өзін еркін және жайлы сезінуін қалыптастырып, алғырлыққа, озаттық қасиетке бейімдеу.
Көрнекілігі: Ұлттық нақышта әсем шарлармен безендірілген зал, қоржын, асықтар, Зере, слайд тақта.
Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер, еліміздің елеулі мерекесі ҚР Тәуелсіздігіне орай және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Ғарышкер» балабақшасында өткелі тұрған «Ханталапай» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Осындай бейбіт заманда, ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымыз – ата-бабаларымыздың арқасы. Сонымен қатар, ынтымағы жарасқан, экономикасы дамыған елде өмір сүріп жатқанымыз – елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы. Ендеше, ортаға елбасына арнаған тақпағымен Әбжет Қаршығаны шақырамыз.
Қаршыға:
(Слайд тақтада елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті)
Жүргізуші: Жарайсың, Қаршыға! Ал келесі кезекте ортаға Отанын сүйетін, елордасын жақсы көретін Наурызбек Мансұрды шақырамын.

Мансұр:
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған Астанам
Әсем қала бас қалам.
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам, өз ордам,
Сүйсінерім сен ғана.
Бой көтерді бір қала,
Ол біздің сұлу – Астана.
Астанада бәрі бар,
Қараймыз соған шаттана.
Мынау менің мекенім,
Астанада көсемің,
Әнұран-ақ көрсетер,
Қазақтың кім екенін.

Жүргізуші: Өте жақсы! Жарайсың, Мансұр! Балалар, біз осындай бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін бақыттымыз ғой, иә?
Балалар: Иәәә.
Жүргізуші: Сол үшін біз өзіміздің ата-бабамызға, елбасымызға үлкен алғыс айтуымыз керек.     
Жүргізуші: Балалар, бұл сайыс болғандықтан, сіздердің көрсеткен ойындарыңа әділ баға беретін әділ қазылар алқасы болады. Ендеше, сіздерді әділ қазылармен таныстырып өтейін.
1) Әділ қазылар алқасының төрайымы, балабақшамыздың директоры – Қаламбаева Гүлшат Серікқалиқызы;
2) Мүшесі – балабақшамыздың тәрбиешісі Балмағанбетова Ақтоты Асубайқызы;
3) Келесі мүшесі – тәрбиешсі Дүзенова Жанар Бұхарбайқызы.
(Балаларды әділқазылар алқасымен таныстыру).
Жүргізуші: Балалар, біз көптеген ұлттық ойын түрлерін білеміз. Соларды атап көрейікші.
Балалар: Арқан тартысу, күш сынасу, қыз қуу, тақия тастамақ, ханталапай және т.б.
Жүргізуші: Балалар, біздің аталарымыз, әкелеріміз, ағаларымыз осы ойынды ойнап өскен. Бұл ойын – ерте заманнан қазіргі заманға дейін жалғасын туып келе жатқан қызықты ойындардың бірі.


Ханталапай ойының шарты:
Ойынды бастар алдында «Талапай-ау, талапай,табылды ойын алақай» деп өзі айтады және балалармен бірге қайталап, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап,асықтарды таласып бөліп алады. Балалар жиналған асықтарын санай бастайды. Әр бала ойынға 5 асықтан тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда,ойын жүргізушінің тапсырмасынажауап береді. Егер бала тапсырмаға жауап бермесе, бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді.
(Жүргізуші ортаға қоржындағы асықтарды шашып жібереді. Балалар таласып, сол асықтарды жинап алады. Әр бала өзінің жинаған асығын санап шығады. Балалар «аз-көп» ұғымын еске түсіреді. Ендігі кезекте ойын алаңын дайындайды. Шеңбер сызылып, асықтар ойын алаңына тігіледі.)

C:UsersNurshagulDesktopХанталапай (3).jpg

Негізгі бөлім.
Хан асығы Мансұрдың қанжығасында кетеді. Демек, ойынды бірінші болып Мансұр бастайды.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы! Мансұр асықты атып түсіре алды ма?
Балалар: Жоооқ.
Жүргізуші: Олай болса, балалар, біздің сүйікті «Балапан» телеарнасындағы «Айжұлдыз» бағдарламасының жүргізушісі Зере бізге қонаққа келіп отыр. Оның сіздерге дайындаған сұрақтары бар екен. Барлығымыз мұқият слайд тақтаға назар аударайық. Зеренің сұрағына құлақ саламыз.
Зере: Ұлттық ойын түрлерін атап берші?
Мансұр: Арқан тартысу, күш сынасу, қыз қуу, тақия тастамақ, ханталапай және т.б.
Жүргізуші: Балалар, Мансұр дұрыс жауап берді. Жарайсың Мансұр! Ендеше, сенің асық атуға тағы бір мүмкіндігің бар. Асықты мұқият көздеп атып көр.
(Мансұр асықты атып түсіргенмен, асықты шеңбер сыртына шығара алмайды).
Жүргізуші: Ой, балалар! Мансұр қалт кеткен сияқты. Ендеше, келесі сұрақты Зере сіздерге қояды. Мұқият тыңдаймыз.
Зере: Жыл мезгілдерін білесің бе?
Аманияз: Қыс, көктем, жаз, күз.
Жүргізуші: Аманияз сұраққа дұрыс жауап берді. Ендігі асық ату кезегі Аманиязда.
Жүргізуші: Балалар, Аманияз асықты атып түсіргенмен, асықты шеңбер сыртына шығара алмайды. Демек, Зере тағы да сұрақ қояды. Назарымызды слайд тақтаға бұрайық.
Зере: Ұлттық тағам түрлерін білесің бе?
Амалбек: Қуырдақ, бауырсақ, қазы-қарта, ет, шұбат, айран.
Жүргізуші: Амалбек сен дұрыс жауап бердің. Асық ату кезегі өзіңде. (Амалбек асықты атып түсіреді, демек тағы да асық ату мүмкіндігіне ие болды. Амалбектің бұл мүмкіндігі сәтсіз аяқталады.)
Жүргізуші: Балалар, Амалбек асықты атып түсіре алмады. Олай болса, Зеренің кезекті сұрағына назар салайық.
Зере: Қыс айларын атап берші?
Қаршыға: Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жүргізуші: Қаршыға сұраққа дұрыс жауап беріп, асық атуға мүмкіндік алды. (Қаршыға асықты атып түсіреді, дегенмен асық шеңбер ішінде қалады).
Бірақ асықты шеңберден шығара алмайды. Ендеше Зеренің сұрағын тыңдайық.
Зере: Геометриялық пішіндерді атап берші?
Шоғы: Дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш.
Жүргізуші: Балалар, Шоғының жауабы дұрыс па?
Балалар: Иәәә.
Жүргізуші: Ендеше асық ату кезегі өзіңе бұйырды. (Шоғы бірнеше асықты атып түсіріп, шеңбер сыртына шығарады. Сөйтіп тағы бір мүмкіндікке ие болады. Бірақ келесі мүмкіндікті жіберіп алады).
—  Балалар, Шоғы асыққа дәл тигізе алмады. Ендігі сұрақты Зере сіздерге қояды.
Зере: Әжелеріміге арналған қандай тақпақ білесіңдер? Айтып беріңдерші?!
Жүргізуші: Балалар, қанеки, әжелерімізге арнап тақпақ айтып берейікші. Қане, кім айтады?
Әділет:
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам, кешірген,
Балдай тәтті бал әжем.
Жүргізуші: Өте жақсы, әжеңе арнаған тақпағың керемет! Әділет те сұраққа жауап беріп, асық атуға мүмкіндік алды. (Әділет асықты шеңбер сыртына шығарады. Асыққа дәл тигізіп, тағы бір мүмкіндік алады. Бірақ бұл жолы сәтсіз аяқталады. Асықты шеңбер сыртына шығара алмай қалады).
Жүргізуші: Ой, балалар! Әділет асықты шеңбер сыртан шығара алмады. Ендеше, тағы да Зеренің сұрағына назар аударайық. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.
Зере: Төрт түлік малды атап берші?
Әділжан: Қой, сиыр, жылқы, түйе.
Жүргізуші: Сұраққа дұрыс жауап берген Әділжан асыққа дәл тигізе алмай қалады. Сонымен Зеренің кезекті сұрағына назар салайық.
Зере: 1-ден 10-ға дейін санап берші.
Шоғы: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Жүргізуші: Жарадың Шоғы! Өте дұрыс! Асық ату кезегі өзіңде. (Шоғы ойын алаңына шығып, соңғы қалған асықты атуға бел буады. Және асықты шеңбер сыртан шығарады).
Қорытынды бөлім.
— Балалардың  ойын бойы жинаған асықтарын санау («Аз-көп» ұғымын  еске түсіру);
— Жеңімпазды анықтау;
— Балаларды мадақтап, номинация бойынша марапаттау;

Ойын соңында балаларға ұлттық нақыштағы қоржындар сыйға тартылады.

C:UsersNurshagulDesktopХанталапай.jpg

Мерген бала – Батырбек Шоғы;
Алғыр бала – Түркменбай Амалбек;
Зерек бала – Наурызбек Мансұр.


 «Ханталапай» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты: қазақтың ұлттық ойыны арқылы

балалардың логикалық ойлауын, дағдыларын,

танымдық белсенділігін арттыру.

Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Балаларды ойын ережесіне бағынуға,

бірлесе мақсатқа жетуге, табандылыққа

тәрбиелеу.

Интеллектуалдық  ойынға қатысушылар:

қазақ тілі мұғалімі, ересек  немесе ортаңғы топтың балалары (10 бала)

Ойынды өткізетін орын: қазақ тілі кабинеті

Ойынға қажетті заттар: ұлттық нақышта безендірілген қазақ тілі кабинеті (оюлы текемет, сырмақ), жалпы саны 60-тан аспайтын қой малының асықтары, қоржын, тапсырмалар.

Ойынды ұйымдастыруға бөлінетін уақыт – 3 мин.

  • Ойын ережесімен таныстыру;
  • Балаларды шеңбер тәрізді отырғызу;
  • Балалардың көңіл-күйін,  ойын     ойынға бейімдеу;
  • Музыка әуенімен ойын басталатынын жариялау.

Ойынды жүргізуге бөлінетін уақыт – 25 мин.

Ойын ережесі:

Ойын жүргізуші (қазақ тілі мұғалімі) «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай!» деп  балалармен бірге қайталап, олардың көңілін өзіне қаратады және қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алып, жинаған асықтарын санайды. Әр бала ойынға 4 асықтан тігіп, ойынға қатысады.  Хан асығы қолына тиген бала алғашқы болып ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмаған жағдайда ойын жүргізушісінің тапсырмасына жауап береді. Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмағанда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асық ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.

Ойын тапсырмалары:

№1 тапсырма:  «Кім жылдам?» сұрақтарға жауап беру

  1. Сенің атың кім? – Менің атым -.
  2. Сен неше жастасың? – Мен 5 жастамын.
  3. Сен қай балабақшаға барасың?- Мен «Балдәурен» балабақшасына барамын.
  4. Біздің балабақша қандай? – Біздің балабақша – үлкен, әдемі, таза, тамаша.

№2 тапсырма: Жұмбақтар

  • Серый брат из-за кустов хват – қасқыр, волк,
  • Летом гуляет, зимой в берлоге отдыхает – аю, медведь,
  • Рыжая, хитрая, живет в лесу – түлкі, лиса,
  • Летом серый, зимой белый – қоян, заяц
  • Во дворе сидит, дом сторожит – ит, собака
  • Усатый, полосатый, мышей ловит – мысық, кошка
  • Круглый,  прыгает и скачет – доп, мяч

      №3 тапсырма: Саусақтардың амандасуын сұрау

-Сәлеметсіз бе, балаң үйрек!

— Сәлем, ортан терек!

-Қалыңыз қалай,  шылдыр шүмек?

— Амансың ба, кішкентай бөбек!

      №4 тапсырма: Гүлдерді түсі бойынша дұрыс ата:

  • Мынау – қызыл гүл.
  • Мынау – сары гүл.
  • Мынау – ақ гүл
  • Мынау – көк гүл.

№5 тапсырма: Тірек суреттер арқылы сөйлем құрастыр:

  • Мен алма (алмұрт, нан, бауырсақ, құрт) жеймін.

     №6 тапсырма: Қазақ тілінде бір  тақпақ айт.

     №7 тапсырма: «Қане, қане.» сұрағына (дене мүшелері туралы) дұрыс жауап айтып, дене мүшесін дұрыс көрсете білу.

Просмотр содержимого документа

«Ханталапай интеллектуалдық ойыны»

Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт-дәстүрлерді насихаттау.

Міндеттері:

  • балалардың дағдыларын, танымдық белсенділіктерін арттыру;
  • топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
  • балаларды белгілі бір ережеге бағынуға, мақсатына жетуге, табандылыққа тәрбиелеу;
  • ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің ерекшелігін айқындау;
  • Отанына, еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру;
  • салауатты өмір салтына баулу.

Әдіс-тәсілі: саяхат, көрсету, айту, әңгімелеу, санау, ойнау, сұрақ-жауап.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, амандасып алып, шаттық шеңберін құрайық.

Көңіл күйлерің қалай?

Жақсы тілектерін айтқан балалар сары түсті шеңберді айналып шаңырақты, күнді бейнелейді. Шеңбердің ортасына жиналып бір үйдің, бір Отанның баласы екендерін көрсетеді.

Балалар ата мен әже ауылына саяхатқа барғыларың келе ме?

Саяхатқа қандай көлікпен барған жақсы?

Балалар, менде бір ой бар. Саяхатқа ертегілерде болатын ұшатын кілеммен барсақ, қалай ойлайсыңдар, сендерге ұнай ма?

Бұл – сиқырлы кілем, көзіңді жұмып-ашсаң қалаған жеріңе апарады.

Қане, кілемге отырып, көзімізді жұмып, 1-ден  5-ке дейін тура және кері санайық, көзімізді ашқанда ата мен әженің аулында боламыз. (Балалар көзін жұмып отырғанда, ұлттық нақышта безендірілген керегенің жанына төселген көрпеге аталар мен әжелер келіп жайғасады)

Ата: Балалар, қош келдіңдер!

Тәрбиеші: Ата, әже, балалар сіздерге арнайы өз өнерлерін көрсету үшін қыдырып келді, оларға батаңызды беріңіз.
Ата:           

Жортқанда жолдарың болсын,

Қыдыр ата жолдасың болсын.

Осы тұрған балалар,

Мәңгілік елдің білімді ұрпақтары болсын!

Әумин!

Балалар, қарттарға өнерімізді көрсетіп «Ханталапай» ойынын ойнайық. Мен сендерді ойын ережесімен таныстырайын.
«Ханталапай» ойыны асықпен ойналады. Асық төрт түлік малдың асық жілігінде болады. Сиыр, қой, ешкі малдарының асық жілігінен алынады. Бірақ асық ойыны тек қана қойдың жілігінен алынған асықпен ойналады. Сиырдың асығы тым үлкен болса, ешкінің асығы кішкентай болады. Сондықтан біз ойынға қой малынан алынған асықтарды таңдап алдық. Асықтар түрлі-түсті. Осы асықтардың ішінде ерекше аспан түсті асық «Хан» асығы деп аталады. Қане, шеңбер жасап дөңгелене отырамыз. Мен «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» деп  қоржындағы асықтарды ортаға шашамын. Сендер «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп аласыңдар және жинаған асықтарыңды санайсыңдар.

Әр бала 5 асықтан тігіп, ойынға қатысады. «Хан» асығы қолына тиген бала ойынды алғашқы болып бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмаған жағдайда тапсырмаларға жауап береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалар көмектеседі.

Тапсырмалар:            

Төрт түлік малды ата.

Қазақстанның рәміздерін білесің бе?

Астанамыз қай қала?

Түйе малының төлі қалай аталады?

Кереге, шаңырақ қандай үйлерде болады?

Тәрбиеші: «Ханталапай» ойынын ойнадық, енді мергендіктеріңді сынайтын кез келді. Қатарға тізілген асықтарды белгілі бір қашықтықтан көздеп атасыңдар. Көп асық атып құлатқан бала жеңіске жетіп, ата мен әженің сыйлығына ие болады.

Балалар, сендердің ойындарың ата мен әжеге, келген қонақтарға ұнады, ризашылықтарын білдіріп, қол шапалақтап жатыр. Ал сендердің өздеріңе ұнады ма?

Біздің ата-әжелеріміз сендер секілді теледидар қарап, телефон ұстаған жоқ. Олар  балалық шақтарында асық, ақсүйек, арқан тартыспақ ойнап, алтыбақан тепті. Сендердің міндеттерің сол – ата-бабалардан қалған ұлттық ойындарды жаңғыртып, ұмытпай, өз кәделеріңе жарату. Таза ауада ойнау, жалаң аяқ жүгіру – денсаулықтарыңа өте пайдалы. Бүгінгі күндерің өздеріңе ұнаса, ата-әжемен, қонақтармен  қоштасып, тобымызға қайтайық. Ол үшін ұшатын кілемімізге отырып, 1-ден 5-ке дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санап, көзімізді жұмып отырсақ, көзімізді ашқанда тобымызда боламыз.

Балалар, бүгінгі ойындарыңа мен де өте ризамын. Ойынға бәрің де жақсы қатыстыңдар. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Мына әдемі жұлдызшаларды сендерге тарту етемін. Ол ерекше жұлдызша, себебі ол тәтті.

Сау болыңыздар! Рахмет.

Жеткен нәтиже:

Ұлттық ойын түрлерімен, соның ішінде «Ханталапай» ойынымен танысып, ойнап үйренді. Кездескен қиындықтарды бірлесіп шешуге, ұйымшылдыққа ұмтылды. Шапшаңдыққа, мергендікке дағдыланып, ойлау қабілеттері дами түсті.

Дамира Какимоллақызы Хасангалиева,
ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешенінің
мектепке дейінгі ұйым әдіскері,
Сырым ауданы, БҚО

Ілеспе хат

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы КМҚК № 5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы.

ІІ санатты денешынықтыру маманы Жуманова Лаззат Тулеубаевна «Ханталапай» (сырттай) республикалық байқауына Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министірлігі «мектепке дейінгі балалық шақ » республикалық орталығына.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық ,тапқырлық ,ептілік қаблеттерін дамытуға ықпал ету. Топпен жұмыс істеуін қалыптастыру.

Отанға туған өлкеге деген сезімін тәрбиелеу.

«Нұрбөбек» балабақшасындағы ересек «А» «Балалапан» тобынан жалпы 10 бала 4 ер бала 6 қыз бала белсене ат салысты. Балалар ойын шартымен бастан аяқ таныстырылып ойын ережесін бұзбай ойнады. Ойын барысында сол жас ерекшеліктеріне орайластырылып қойылған сауалдарға да жауапты дұрыс беріп отырды. Ондағы әділ шешімді барлығы бірдей дұрыс көріп мақұлдады. Жеңімпаздарды марапаттауға балабақша әкімшілігі демеушілік жасап , мақтау граматоларымен, сыйлықтар сыйға тартылды. Ойын өз деңгейінде, жоғарыда мақсатта көзделгендей, балалардың бойында жақсы қасиеттерді, қалыптастырып дамытуға ,тәрбиелеуде өз үлесін қосқаны анық.

КМҚК № 5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы

«Ханталапай» ойыны

Жүргізген: дене шынықтыру нұсқаушысы

Жуманова Лаззат Тулеубаевна

2015-2016 оқу жылы

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

КМҚК№ 5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы

Тақырыбы: «Ханталапай» ойыны

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық ,тапқырлық ,ептілік қаблеттерін дамытуға ықпал ету. Топпен жұмыс істеуін қалыптастыру.

Отанға туған өлкеге деген сезімін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: асықтар ,торсық,қоржын, қамшы

Барысы:

Дене шынықтыру нұсқаушысы :

-Балалар бүгін біз қазақтың халық ойыны «Ханталапай » ойынын ойнаймыз .

-Ережесімен таныс болыңдар

Жүргізуші ойынды бастар алдында

  • Талапай — ау талапай ,табылды ойын алақай деп дауыстап және балалармен бірге қайталап қоржындағы асықтарды балалардың алдына шашаып тастайды.

Ал балалар « ханталапай» деп жарыса айтып асықтарды таласа жинап бөлісіп алады. Жинаған асықтарын санайды.

Әр бала ойынға бес асықтан тігіп атуға дайындалады .

«Хан» асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастап , асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда ,ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Тапсырмалар жас екрекшеліктеріне қарай алдын ала дайындалған .

Тапсырмаға дұрыс жауап берсе,бала келесі асықты атады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін, асығы көп келесі балаға береді.Егер бала тапсырмаға жауап бере алмай қалса ,басқа балалардың жауап беруіне болады .Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Ойын соңында балалардың асықтары саналады.

Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

Балалар шеңбер болып малдас құрып отырады.

Ал балалар тұрмаңдар , кештетіп те қалмаңдар. Ортада ойын басталды , ойыннан құр қалмаңдар . ал ойынды бастайық , көңілді көтеріп бір тастайық.

Негізгі бөлім

Ойынға «Балапан» ересек топ балалары қатысты. Жүргізуші ойынды бастар алдында:

  • Талапай — ау талапай ,табылды ойын алақай деп дауыстап және балалармен бірге қайталап қоржындағы асықтарды балалардың алдына шашып тастайды.

  • я

Бұл топта Айжанға хан асығы түсіп ойынды бірінші болып бастады 8 асық жинап 4 асықты көздеп түсірді .

Ойында 10 асық жинап сақаны алған Нұрислам тізілген асықтардың 5 еуін көздеп атып түсірді . Саида ханталапайда 9 асық жиып алса, тігілген асықтардың 7 атып түсіріп алда болды.

Еркеназ, Жансая, Жантөре 6 асықтан жинаса тигізген асықтары екі — екіден болды.Бибігүл, Шолпан асықтары үшеуден болғанымен дәл көздеп тигізе алмады . Бұл балаларға арнайы даярланған тапсырма берілді. Бірінші тапсырма: Бұл зат қалай аталады ? түсіндіріп айтып бер.торсық

Кезегі келген Алдияр Расулда аянып қалмады 4 асықтан жинап 4 асыққа дәл тигіді

Екінші тапсырма: асықтарын тигізе алмаған Жантөреге қамшыны суреттеп айтып беру берілді

Келесі тапсырма Шолпанға берілді, «Ұшарымды жел біледі,

қонарымды сай біледі» бұл жерде не туралы айтылған.

Сайыс соңында балабақша әкімшілігінің демеушілігімен жеңімпаздар анықталып «Ең мерген бүлдіршін» марапатына Сайранбек Нұрислам ие болса «Ең алғыр» бүлдіршін марапатына Алпысбаева Саида «Зерек бала» номинациясына Тоғжан Айжан ие болып мақтау қағаздарымен марапатталып сыйлықтар берілді

Байқаудың қортындысы бойынша ақпарат

Облыс атаулары (өңірлер атауларын жеке жазу)

Байқауға қатысқан МДҰ саны

Байқауға қатысушылар саны

Жеңімпаз туралы мәлімет (баланың аты жөні,жасы)

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

КМҚК№ 5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы

«Балапан» тобы 10 бала

«Ең мерген бүлдіршін» марапат иесі Сайранбек Нұрислам

5 жаста

«Ең алғыр бүлдіршін» номинациясы Алпысбаева Саида 5 жаста

«Зерек бала» номинациясы Тоғжанова Айжан 5 жаста

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Zerek» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Zerek» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

  • Басты бет
  • «Рухани жаңғыру бағдарламасы»…
  • Қазақтың ұлттық ойыны…

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Міндеттері:-топ болып жұмыс істей білуін қалыптастыру:-патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Жүргізуші: Балалар! 22 Наурыз жыл басы болып саналатын, күн мен түн теңелетін,жер бетін тіршілік біліне бастайтын мереке қарсаңында өткізіліп жатқан«Ханталапай»интелектуалдық байқауына қош келдіңіздер! Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындары.Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

 Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды

Байқауымызды бастамас бұрын алдымен әділ-қазы мүшелерінмен таныстырып кетейін.

Балалбақша әдіскері: Капарова Ж.У

Орыс тілі мұғалімі Нурбекова А.С

Дене шынықтыру нускаушысы: Кибатова Б.Ж

— Интерактивті тақтадан «Ханталапай» ойынының суреті слайд түрінде ашылады.Асықтар төрт түлік малдың асық жілігінде болады.Бірақ асық ойыны текқана қойдың асық жілігінен алынған асықтармен ойналады.Бір асық қызыл түске боялған болу керек,бұл қызыл асықты «Хан асығы»деп атаймыз.  Абай атамыз ханталапай ойынын жақсы ойнаған екен Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Асық ойындарында оның жатысына («бүк», «шік», тәйкі», «алшы») көп мағына беріледі. Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса – оны «омпы» деп атайды. «Омпы» – асықтың қалыпты жағдайы емес. Ол жағымен асық өте сирек түседі. Сондықтан «омпы» ойын ережесіне көбіне қосылмайды, қосылуы өте аз кездеседі.

                                   «Ханталапай» ойыны.

        Ойынды жүргізуші педагог ойынды бастар алдында «Талапай –ау, талапай, табылды ойын алақай» деп өзі айтады және балалар бірге қайталап,қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтардыталасып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды. Әр бала ойынға 5 асықтан тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкесинтелектуалдық тапсырмалар алдын-ала дайындалады. Тапсырмаға дұрыс жауап берсе, бала келесі асықты атады. Екінші реттигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты атукезегідұрыс жауап берген балағаберіледі. Осылайша ойын жалғасады.Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.

«Ханталапай» ойынын ойнатып көрсету.

Қоржындағы сұрақтар.

Жұмбақ шеш:

1.Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

2.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)

3. Қой малын сипатта.

4. Асық ойындарында оныңжатысын қалай атайды?

 («бүк», «шік», тәйкі», «алшы»)

5. Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса – оны не деп атайды.(омпы)

6. «Асығыңыз алшы түссін!» мақалды жатқақайталау.

7. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар „ жатқа қайталау.

8.Бес — дегенім бесік.

Алты — дегенім, асық.

Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық,

Еп қана емес бірлік те
Керек екен соны ұқтық — деп айтқымыз келеді.

Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволыққабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдыңқалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Әділ-қазы қорытындысы бойынша«Ең үздік бүлдіршін»,«Ең алғыр бүлдіршін» номинациялары беріледі.

Жаңартылған күні: 08.04.2021 09:21
Құрылған күні: 08.04.2021 09:27

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ойыны-«Ханталапай»

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Ұлттық ойындарды ойнай отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Балалардың тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын молатйту

Төмендегі Ашық сабақ толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ойыны-«Ханталапай»

Жумагалиева Жанагул Атшабаровна

Ақмола облысы.Целиноград ауданы.Ақмол ауылы. «Жұлдыз балабақшасының «Балбөбек» тобының тәрбиешісі

06.10.2018

1652

1

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Фотоконкурс праздник осени
  • Хакасские традиции национальные праздники
  • Функции народных праздников
  • Фотозона спортивного праздника
  • Хакасские праздники тун пайрам