Хиуаз доспанова сценарий

Салтанатты шараның сценариі, керектеріңізге жарап калар. Внеурочка, Мероприятия, 9 класс, Халык кахарманы "Хиуаз Доспанованың" 95 жылдыгына арналган шара сценариі

Қазақстан Республикасының Халық қахарманы, ұшқыш, жауынгер, батыр Хиуаз Қайырқызы Доспанованың 95 жылдығына арналған еске алу шарасы.

1

Құралай:

Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың ерлік тұлғасын бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныту, насихаттау; оның халық алдындағы еңбегін бағалау; өнегеге толы өмірін үлгі ету, рухын құрметтеу- қасиетті парыз

Арман:

Хиуаз Доспанованың 95 жылдығына арналған салтанатты еске алу шарасын ашу үшін сөз Т.Амандосов атындағы орта мектеп директоры Базарбаева Мүслима Толыбайқызына беріледі.

Құралай:

Қазақтан шыққан жалғыз әйел ұшқыш, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының халық қахарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанованы еске алуға бір минут үнсіздік,,,,,,,,,,

Хиуаз Доспанова өмір жолдары – 10 ,11 сынып оқушылары

Шұбат, бауырсақ (қазақ киім киген қыздар)

Көрініс: «Хиуаз-қахарман қызы қазақтың»

Құралай:

Отаншыл болу – қанға сіңген ұлттың қасиеті, сонымен қатар тәрбие арқылы санада қалыптасатын ата-ана мен үлкендер өсиетінің жемісі десек жаңылыспаспыз.

Мектепте үздік оқыған, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, ізденімпаз қаршадай Хиуаз қыздың қиялы таудай армандарға жетелейтін еді!…

Арман:

А.Лекеровтың сөзіне жазылған Мұқан Төлебаевтың әні «Кестелі орамал» Орындайтын Т.Амандосов атындағы орта мектептің мұғалімі Алмұхашева Асылгүл

2

Құралай:

Атырау облысының төл перзенті, білімге, білуге құштар қазақтың қаршадай қызы Хиуаз Доспанова өзінің өмірбаянында: «Мен, Доспанова  Хиуаз, 1922 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының Зормата кеңесінде дүниеге келдім», — деп жазады. Бұл өмірдеректен түйгеніміз: «батыр қыз біздің жерлесіміз» деген мақтаныш сезімі. Бұндай сезім әрбір жастың бойында «менде сондай болсам» деген арман қанатына мінгізері сөзсіз. Хиуаз анамызды бір кездері қазақтың Катюшасы атаған екен…..

Арман:

Тауман Амандосов атындағы орта мектеп қыздарының «Мөлдір» би тобының орындауында «Катюша» биі

Еске алу кешіміздің қонақтары: 2013 жылы құрылған «Хиуаз» қоғамдастығының мүшелері:

2.

3

Құралай:

Ұлы Жеңіс барша халықтың, Хиуаздай батыр қыздың өшпес ерлігінің жемісі. Сондықтан да кешегі жауынгер батыр қыздың жеңіске жетер жолда тындырған ұлан ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.

Сөз :

Арман:

Слова: Исаковского, музыка Дунаевского. «Каким ты был» орындайтындар Т.Амандосов атындағы орта мектеп мұғалімдері Даулетова Фарида Аяпқызы, Жұмағазина Ақмарал Аманжолқызы

Құралай

«300-ге жуық әскери тапсырмамен ұшыпсыз, неге сізге Батыр атағы берілмеген?»,- деген сұраққа ол: «Атақ үшін емес, абырой үшін емес, ел алдындағы міндетімізді адал атқару үшін еңбек еттік. Оны ешкімге бұлдағанымыз жоқ»,- дейді батыр. Әлия мен Мәншүкпен аты қатар айтылуы тиіс қазақтың ержүрек алғаш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың атын туған ел тарихында мәңгілік қалдырар жасампаз істер жалғасын табарына шексіз сенеміз, үлесімізді қосуға дайынбыз.Жас Ұландар арнауы

3

Арман:

Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында ерлік иесін тапты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2004 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқының даңқты қызы Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілді.Тәуелсіз еліміздің көреген басшысы қазақтың батыр қызына «Халық қаһарманы» атағын  беріп, қайсар ананы қайтадан қатарға қосты

Құралай:

Алтынбек Қоразбаевтың әні «Елге сәлем» орындайтын Ізғалиева Шынар Мерекеқызы

Құралай:

Ұлы Отанын қорғауға деген дайындық, ержүректілік,өжеттік, қайрат, жігер, талапшылдық, тәртіптілік, өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластық қарым-қатынас – бәрі-бәрі бір басынан табылған, қазақтың «қанатты қыз» атанған тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың өнегелі өмірі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде таптырмас құрал, үлгі, рухани мұра.

Арман:

«Қазақтың қанатты қызы» атанған  Хиуаз қыз ержүрек ұшқыш бейнесінде біздің жүрегіміздің төрінде мәңгілікке сақталады. Доспанованың есімі қазақтың даңқты қыздары, Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың есімдерімен бірге аталатынына сенеміз!!!

Өтеген Өтеулі, Өтеген Өтеуғали

САЛЮТ АТЫЛАДЫ

ҚАҺАРМАН ҚЫЗ ХИУАЗ

Жанерке:

1. Атыраудай қасиетті мекеннен,

Талай ұл-қыз биіктерден көрінген.

Хиуаздай аяулы қыз, батыл қыз,

Ганюшкинде өсіп-өніп жетілген.

Аякөз:

Хиуаздай батыр қыз ұшқыш болған,

Талай ұрпақ үлгі алып жолын қуған,

Қаһарман қыз мәңгі есте қалады,

Еңбегімен елі үшін жасаған.

Амангүл:

2.Биік-биік мақсаттарды көздеген,

Сабақты да үздік оқып үзбеген.

Ұшқыш болам деген әркез сөзінен,

Қаһарман қыз ешбір айнып көрмеген.

Фатима

3.Қиыншылық күндерді көптеп көрді,

Жас кезінде құлпырған соғысқа енді.

Елі үшін сіңірген еңбектері,

Еленіп “қызыл жұлдыз” төске ілінді.

Дария:

Қорған болған елімнің ерлігіне

Бас идік Хиуаз ана ерлігіне

Ұрпақтары қахарман батырлардың

Тәуелсіздік қамалын көрді міне

Арайлым:

Алтын басты әйелдің өзі ардақты

Ал ерлігі тарихта бар салмақты

Халықтың қахарманы белгісі оны

Халықтың Алғысы боп бір самғатты

Диляра:

Толғандай тебіреніске жүзі назға

Батырын бағаламас елдер аз ба?

60 жыл өткеннен соң дүлей соғыс

«Батыр» атағы берілді Хиуазға

Шыдаған қиындыққа қанша сынға

«Қазақстан» әлемнің картасында

Ел ерлігі алтынмен әдіптелді

Көрегенді Елбасының арқасында

Ата –анаға деген құрмет, бауырға деген мейірім, білімге деген  құштарлық, зеректік, туған жерге деген сүйіспеншілік, елжандылық

Бейбіт өмірде Хиуаз енді ұша алмайтынын түсінеді. Медицина институтындағы оқуына қайта оралуды ойлап жүрген кезде, оған Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мінәйдар Салин қазір соғыстан кейінгі ел экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бірінші кезекте тұрған мәселе екенін айтып, Хиуазды жұмысқа шақырады. Сөйтіп ол облыстық партия комитетіне инструктор болып қызметке қабылданады. Бір жылдан кейін оны Алматы жоғары партия мектебіне оқуға жібереді. Еліміздің астанасы Алматыда белсенді жастың жігерін танып, Қазақстан Жастар Одағының бірінші хатшысы етіп сайлайды. Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып, жастар сенімін ақтауға тырысады. Қандай істе де өзін ерекше белсенділігімен, үлкен жауапкершілігімен көрсеткен ол, жастар арасында талай жұмыстардың бастаушысы, жаршысы бола білді.

Бұл қасиеттерде бүгінгі егеменді елімізді әлемдегі елу мықты мемлекеттердің қатарына қосу үшін жас ұрпақтың бойында табылуы тиіс құндылықтар.

Білімділік, біліктілік, белсенділік, адамгершілік асыл қасиеттерін бойына сіңірген осындай ардақты да аяулы батыр жерлесіміздің жігері біз үшін өмірлік азық болуы тиіс екенін тағы да айтқан артық болмас.

Соғыс кезіндегі халықтың қасіретін көзімен көрген, соғыстан кейінгі елдегі жағдайды түсініп, жүрегі сыздаған кешегі жауынгер, бүгінгі белсенді жас жұмысқа бел шешіп кіріседі.

Кешегі майдангер, бүгінгі партия белсендісінің жігерін, ерекше іс-қимылын таныған үкімет басшылары оған күрделі жұмыстарды тапсырады. Қандай жұмыс атқармасын, Хиуаз адалдығымен, талапшылдығымен айналасындағылардың құрметіне ие бола білді. Жауапты қызметте жүрген батыр қыздың ұйымдастырушылық қабілетімен қоса шындыққа шырылдап ара түсетін, алған бетінен қайтпайтын табанды мінезі де көрінеді.

Зейнеткерлікке кеткеннен кейін, оны қарулас басқалары ұмыта бастады.

Бірінші болып соғыс кезінде әскери ұшқыш болған, өзінің «Гвардиялық полктің штурманы» естелік кітабында Хиуаздың ерлігі туралы жазған.

П.Батлук «Россияда Марина Раскованың полкі құрамында болған, тірі қалған соңғы жеті ұшқышқа  «Россияның Батыры» атағы берілді, Хиуазға да өз Отанының Батыры атағы берілуі керек » -деп жазды.

Бір кездері Қазақстан Жастары Одағында бірге жұмыстас болған Михаил Исиналиев «Қазахстанская правда» газетінде ардагер ұшқыштың Отан алдындағы ерлігі бағалап «Халық қаһарманы» атағын беру керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Ұсыныс көптің қолдауын тапты. Совет Одағының Батыры, Генерал, Тәуелсіз Қазақстанның №1 «Халық қаһарманы», бірінші қорғаныс министрлігі Сағадат Нұрмағанбетов, Қазақстан Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, Қадір Мырза- Әлі сияқты көрнекті қоғам қайраткерлері, ақын жазушылар қолдау көрсетті.

.

Елбасымыз 2005 жылдың мамырында Хиуаз Доспанованы жоғары атағымен құттықтап хат жолдады. Онда:

«Сізді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы,майдан далаларында Сіз көрсеткен ерлік пен қайсарлық халық жадында мәңгілікке қала бермек. Біз фашизмге қарсы қанқұйлы соғыстан ізгілік пен бейбітшілік мұраттары үшін  елдің барлық халықтар  берлігінің Жеңіске әрқайсысымдың қосқан жеке үлесіміз бен жаппай ұмтылуымыздың  арқасында жеңіп шықтық.

Сіз сияқты қайсар ұрпақ өкілдерін Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі бола отырып, өзінің жауынгерлік еңбегімен біздің  бүгінгі таңда жасампаз елде өмір сүруімізге, еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берді.

Сіздің бүгінгі күні де өз үлгіңізбен жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Атамекенді лайықты қорғаудың қасиетті парызын тәрбиелеуді жалғастырып келе жатқаныңыз үшін шынайы алғысымызды білдіремін.

Сізге мықты денсаулық, береке мен бақыт тілеймін. Өзіңізге және жақындарыңызға бейбітшілік пен жарқын күндер серік болсын!».

Қорытынды.

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу оларға білім беру мәселесіне, ақыл-өсиет айтуға байланысты екені белгілі. Бірақ менің ойымша, тәрбие  тек насихаттау, үгіттеу  ғана емес. Патриоттық рухта тәрбиелеу үшін үлгі керек. Өскелең ұрпақтың күмәнданбай сенетін, жүректеріне нұр құйып, ұлы істерге, өз Отанын қорғауға шақыратын нақты үлгінің маңызы өте зор. Міне, мен үшін осындай дара тұлға, өз жерлесіміз, Құрманғазы топырағының тумасы қаһарман қыз Хиуаз Доспанова.

Туған жерге бағышталды,

Кіршігі жоқ махабатың.

Ел мақтаны болып ерке,

Жер жиһанға тарады атың.

.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова»

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік – сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қаракөз қазақ қыздарының батылдығына, батырлығына бас ие отырып, батырлардың ерлікке толы өмірі үлгісінде тәрбиелеу;
2) Тәрбиелік — оқушыларды Ұлы Отан соғысында от кешкен қаһарман жауынгерлердің теңдессіз де жанқиярлық ерліктерін әрқашан ардақтауға, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілік есте сақтауға, патриотизмге тәрбиелеу;
3) Дамытушылық — қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл — қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі, қазақтың тұңғыш әйел — ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы — Хиуаз Доспанова туралы кеңінен таныстыру.
Сабақтың түрі: Ауызша бейне — журнал сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейнефильм, фотосуреттер, суреттер.
Техникалық құрал — жабдықтар: Интербелсенді тақта, медиапроектор, компьютер

Сабақтың жоспары:
1 — бет: «Қазақ қыздары — отты жылдарда»
2 — бет: «Өр мінезді қайсар қыз — Хиуаз»
3 — бет: « Қаһарман қыз Хиуаз»
4 — бет: «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

Сабақтың барысы:
1 — бет: «Қазақ қыздары отты жылдарда» (5, 6, 7 — слайд)
Мұғалім:
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Фашистік Германияның тарапынан басталған бұл соғыс 1941 жылы 22 маусымда басталды. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Соғыс жылдарының шежіресіне назар аударсақ, қазақ қыздарының ерлігі қайран қалдырады. Оларды майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрінен кездестіруге болатын. Қазақ қызынан ұшқыш та, танкист те, барлаушы да, партизан да шықты. Сонау етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен шатқалаң кезеңде азамат жүгін арқалап, мыңдаған қазақ қыз — келіншектері уақыт тезінен, тарих талқысынан сүрінбей өтті. Олар, аяғына солдаттың керзі етігін киіп Мәскеуден Берлинге дейін шеру тартты. Рейхстагта желбіреген Қызыл Туда да қазақ әйелінің өз үлесі, даңқты жолы бар. Жалпы Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір жауынгер қазақ қызын нағыз батыр деп бағалауға әбден болады. Қазақ әйелі соғыстың зардабын да, салмағын өзгелермен қатар көтере білді. Арайлы таңы алда болса да, сұрапыл соғыс өз ортасынан жұлып әкеткен қаншама ер — азаматтың орнын жоқтатпаған. Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр қыздарымыз ерлігімен танылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты ,Халықаралық Түркітілдес поэзия фестивалінің лауреаты , ақын Маржан ЕРШУДЫҢ “Халық Қаһарманы” халқымыздың тұңғыш батыр қызы Хиуаз Доспановаға арналған «ҚЫРАН» атты поэмасы негізінде жазылған инсценировка

Сценарийавторы: мұғалім Фатима Жакаева

ХИУАЗ-ХАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ

Қатысушылар:

Ақын

Аэроклуб басшысы

Комиссар

Күзетші

Хиуаз Доспанова –жас кезі

Хиуаз Доспанова-әже кезі

Дәрігер

Ұшқыш қыздар

Жаралы солдат

Екінші жаралы солдат

Оқушылар

Бірінші көрініс

Әнұран ойналып тұрады. Стол үстінде ақын қағаз жазып отырады. «Егемен Қазақстан» газетін алып оқи бастайды .

«…Менің де көз алдыма Хиуаз апай сол бір жалындаған жастық шағында, керемет ұшқыш кейпінде елестейді. Біз көпшілігіміз бұл кісінің майдангер екенін және оның штурман ұшқыш болғанын білсек те, қандай таңғажайып ерлік жасағанын қарулас достарынан естімесек, жыға танып біле қойған жоқ едік. Сол олқылықтың орны толды. Шындық айтылды. Биыл “Егемен Қазақстан” газетінің бетінде Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында көзі тірі майдангерлер Хиуаз Доспанованың Алтын Жұлдызды батырға лайық ерлігі кезінде еленбей қалғанын, енді “ештен кеш жақсы” дегендей, сол кісіге лайықты құрмет көрсету жөнінде өз пікірлерін жариялап, әлденеше дүркін үн қатты. Жалпы, жұртшылық арасында бұл ұсыныс үлкен қолдауға ие болды.

Жақында Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен осы бір абзал жанға “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, Алтын Жұлдыз айырықша белгісі тапсырылды”, – деп жазыпты. Міне, қуанышты хабар! Ел болып көптен күткен хабар.Ақын жүрегін толқытқан . Қаһарман қыздың ерлігін жырлайын ендеше.

Өлең оқиды.

Аспан, Аспан.

Ақ аспан, алау аспан,

Ала бұлт, қара бұлтпен араласқан.

Аспан деген іңкәрлік әлеміндей

Қызығатын кішкентай бала жастан.

Ақ бұлттарды орап ап құшағына,

Қанат бітіп түсінде ұшады ма?

Хиуаз сан қиялдың жетегінде

Ұшқыш болсам” деген оймен құсалы да.

Жас қыздың жігері от боп жалындайды,

Батылойкейдеешкімгебағынбайды.

Ұшқыш болу қолымнанкелерме” деп

Кей түніұйқықашыпуайымдайды,

Арманың, – дейдібіреу: жәйбірмазақ,

Бұлойлайды: Мен де бірмықтықазақ.

Орысқызы Раскова – ел аузында

Биіктеұшудегенқандайғажап!

Елемейазабын да, ауырын да,

Кездесерқиындықтыңбәрімұң ба?

Хиуазқайсармінезқалпыменен

Келдібатыл “Аэроклуб” ауылына.

Екінші көрініс

Аэроклуб алаңы. Жүгіріп Хиуаз келе жатады. Маңдайшада-“Аэроклуб»

деген жазу тұрады. Басшының кабинеті. Хиуаз құжатын ұстап бөлмеге кіреді.

Хиуаз: Ағатай,амансыз ба? Мен ұшқыш болғым келеді.Атақты Раскова сияқты. Сабақ үлгерімім өте жақсы . Міне аттестатым. Өзім спортшымын, батылмын.Ісіме тиянақтымын.

Аэроклуб басшысы: Қалқам!Үйренем десең, оқимын десең , үмітіңді үзбе болашақтан. Біздің оқу орны тек “Запастағы ұшқыш” деген куәлік бере алады. Әуе академиясы Мәскеуде .

Хиуаз: Ұшқыш боламын деген талабымды құптағаныңыз үшін сізге рахмет, аға! Сенімдеріңізді ақтаймын.

Аэроклуб басшысы: Көзіңде от ұшқыны алаулап тұр екен. Өзің Исатай-Махамбеттердің ұрпағы емессің бе?!

Хиуаз: Иә, аға! Елім Жайық бойынан. Қазақтың батыр мінез бір қызы болсам арманы жоқ.

Аэроклуб басшысы: Боларсың ,қарағым. Енді сабағыңа бара ғой.

(Самолеттердің дауысы, музыка, түрлі-түсті жарық беріледі)

Соғыс!деген қатты дауыс естіледі.

Үшінші көрініс

Комиссар бөлмесі. Стол үстінде телефон.Кағаздар шашылған.Комиссар телефон құлағын бұрап сөйлескелі жатқанда, бөлмеге есік алдындағы күзетші жігітті қаға-маға ішке Хиуаз кіріп келеді. Колында өтініш арызы.

Күзетші: Жолдас комиссар! Мына қарындас сіздің рұхсатыңызсыз, мен бөгей алмадым.

Комиссар (қабағын түйіп): Жолдас азаматша!Дереу кабинеттен шығып тұрыңыз! Менің бір минут уақытым да жоқ. Сіздің өтінішіңізді тыңдауға.

Хиуаз:Жолдас комиссар! Міне-Арызым!Мені майданға жіберіңіз!Жау жағадан алғанда үн-түнсіз қала алмаспын.Елімді қорғауға аттанам! Міне, запастаға ұшқыш деген куәлігім.Раскова бастаған ұшқыш қыздар полкі жасақталып жатыр деп естідім радиодан. Менің қай жерім кем?! Отаным үшін –жан пида! Қасық қаным қалғанша күресем жаумен!Жіберіңіз мені майданға.

Комиссар: Түсінікті. Жолдас Доспанова! Өзің айтқаныңнан қайтпайтын қайсар қыз екенсің. Ертең аттанасың майданға! Әттеген -ай, жап-жас ана сүті аузынан кеппеген бала екенсің. Бұл 1942-нің соғыс сұрапылы жасты да, кәріні де аямай тұр-ау! Жолың болсын,ұшқышым! Мына «запастағы ұшқыш» атты куәлігіңмен Расковның жасақтап жатқан ұшқыш қыздар полкіне барасыз!

Хиуаз(қолын шекесіне апарып): Құп болады, комиссар!

Мина, бомбалардың дауысы

Төртінші көрініс

Музыка естіледі. Ағаш жанында Үстіне ақ жамылғы жамылған ақын отырады. Өлең жазып жатады. Ақ қағазын жазып өлеңін оқиды.

Қауіп–қатер, тауқымет–тосын бәрі,

Күйзеліс, қиындық та қосылғаны.

Әуедегі шайқаста отқа оранған

Ұшақтардың гүрілі басылмады,

Соғыстың аты – суық, жүзі – қатал,

Еліүшінқайранжүрекжалынатар.

Қыздардыңавиаполкікөкжүзінде

Жауынашүйлігедішашыпқаһар.

Бетпе – бет келуқандайқатерменен,

Үрейліойсененқашыпкетердеген.

Жүйкегекүштүскенде ми дамылдап

Сескенугеуақытжетермеекен?!

Батырлықдепайтпадымұныбілген,

Тек қорқақтарқашадыінгеіннен.

Етігімен су кешкенесілерлер

Ерліктіңөзінсезген, құнынбілген.

Ұрыс осы.Қарсыалароқпен, отпен,

Қарсыласуполкіндежекпе–жекпен.

Соғысөртібояды, аямады

Жиырмадағықыздардыңшашынақпен.

Жаудыңкүшінтойтарыпқұлатқанда,

Ақшаш, әжімкірмейдісұрақтарға.

Әуеденбомбалайдытапсырмаалып

Өжетқыздарбосаңдықтыұнатқанба?!

Қаншагүлертесолдысағағынан,

Қаншытамырсуалдыжанарынан.

Шынашақтайтағдырлар тарам–тарам

Уақыттұр. Қаржауыпқабағынан.

Небірқиынтосқауылдарқарсыалады,

Сезілмейдікүйрегені, шаршағаны,

Жаужағыбұлполктіңатынестіп

Қорқыныштымыстандар” деп жар салады.

Тапсырмаларқауіпті. Қатерліүн,

Отқаораныпұшақтар,

Жоғалыпшекерліүн.

Қаруластаразайдыкүнненкүнге

Беудүние! Біркүніөтермісің.

Әткеншектепкендейме бар атырап?

Көзінеелестейдіжер, топырақ.

Жан жақтанзу–зуеткеноқтарүні

Құлдилаған не ұшақ, не жапырақ?!

Бесінші көрініс

Аурухана. Төсекте қол-аяғы ақ дәкемен таңулы Хиуаз жатады. Мұңды музыка «Жұмыр қылыш» күйінің әуеніне ұласады. Күй ырғағымен Хиуаз қозғала бастайды. Жан жағына қарап ,әлдекімді іздегендей болады. Біресе ойланып отырады. «Қолдай гөр! Құдыретті Жаратқаным! деп алға ұмтылады. Жолдастар, мұнда кім бар деп айқай салады.Дәрігер келеді.

Дәрігер : Ұшқыш Доспанова! Сіз ауруханадасыз,

Емделесіз, амансыз, тосылмаңыз!

Хиуаз:Жолдастарым аман ба, олар қайда

Дәрігер жолдас, айтыңыз, жасырмаңыз!

Дәрігер(қинала сөйлеп Хиуазғадәрі мен су береді ): “Дәріңізші ішіңізші.Сабыр етіңіз,жолдас Доспанова! Тапсырманы орындауға барған экипаждың мүшесі түгел мерт болған. Ұшақта аман қалған өзіңіз тек!

Хиуаз: Қалайша? Менің батыр құрбыларымның бәрі мерт болғаны ма? Қайран қырандарым-ай! (жанарынан жас жылайды қолымен керуетін соғып жыр айтады):

Сендер! Сендер!

Ерлікпен шайқастыңдар!

Жер астында тып–тыныш жатпассыңдар.

Екпіні қатты сұңқарларым!

Арыны асау тұлпарларым!

Сендер жүректілер мен

Рухы күштілердің –

Жадында қалар жарқын мысалсыңдар,

Жұмақта құс болып ұшарсыңдар.

О, қайран қыран құрбылар!

Сырдыұғар!

Кімсынбас, кімсынар

Сендер – құламасбіршынар!

Долданыпкегімқайнасын,

Толқын ем – айналамтасқынға.

Қаруласқұрбыларқайдасың

Айғаұлыдымқасқырдай…

Ұшқыш қыздардың биі аққу тәріздес ақ киіммен қалқып билейді.

Алтыншы көрініс

Аурухана ауласы. Жаралылар есік алдында отырады. Ақ қанатты періштедей ақын пайда болады.Үстінде ақ желбегей жамылғысы. Жаралыларға сыртынан қарап тұрады. Қолында қалам ,қағазы. Хиуаз ойланып отырады жапырақты қолына ұстапжалғыздан жалғыз.Оны ешқайыссы көрмегендей. Әркім өз тірлігімен. Біреулер шашка ойнап, біреулер кітап оқып, біреулер үйіне хат жазып жатады. Ақын өлеңін оқи жөнеледі.

Ақын:

Тұманды аспан.

Солқ–солқ еткен қара жер.

Жылап тұрды.

Бомбалардың үніне құлақ тұнды.

Темірдей тегеурінді бір алып қал

Ұшағынан жұлып ап лақтырды.

Сандырақтап есінен танып жатты,

Ұшақтан айрылғаны жанға батты.

Мен ұшамын” дегендей екі қолмен

Ұстайтындай қызыл отты, қаңғалақты.

Бұл – түсі еді. Ұшқыш енді түсінеді,

Қинайды жанын оның күші кемі.

Сауығып аман шықса госпитальдан

Жауының төбесінен жай түсіреді.

Көкке ұшуға қанатын қомдағандай,

Тістенеді шегінер жол қалмағандай.

Мынау бөлме. Дәрі сіңген госпиталің

Тар қамалдай.

Жаралы солдат: (Хиуаздың жанына жақындап келіп отырады)

Қарындасым! Жүзіңде тұр айбының,Ұшқышсың ғой,естігем.

Қандай ұшақ айдайсың?

Хиуаз:Мен ұшпаймын. Ұшқыш та емеспін мен,

Сендергекерегі тек егесбілем.

Ауруханатөсегіндежатсамдағы

Өзімдіқыранқұспентеңестірем.

Жаралы солдат:Ұшқыштыңмінезі бар мінезің де,

Ұшқыштыңарыны бар бірөзіңде.

Жан–тәніңмен, ақыл–ой, қуатыңмен

Ұшқышсың! Өзіңсоныбілесіңбе?

Екінші жаралы:

Қарындасым, Қуыршақтайқызекенсің. Ашаңжүзді.

Қос жанарың ұшқындар жанған шамдай. Өзіңнен

батырдың өр мінезін танығандаймыз. Туған жеріңді, ата-анаңды, бауырларыңды сағынған боларсың.

Хиуаз: Туған жерім Жайық бойы, Атырау өлкесі.Сағындым Жайықты,Жайықтың жусаны сағындым.Жауды жеңіп, Соғыс тез аяқталса екен.

Жаралы солдат: Хиуаз шырағым! Болмысың қыз болғанмен, заты – нар азамат екеніңді бұл соғыста таныттың. Ата бабаңның аруағы қолдасын сені..Бұл соғыста сендер, батыр қыздар!Ерлерше соғыстыңдар!Нәзіктіктерің қайратқа айналды. Елін сүйген жүрек қана осындай ерліктерге жасай алады.

Екінші жаралы солдат:Раскованың авиаполкі ерлік іспен

Тарихта “Қыран полк” боп аты қалды.Бұл полк кілең қыздан құралса да.Ерлік жырына айналар мәңгі.

Хиуаз:Жақында майданға ораламыз.Жарамыз жазылғанша асықтық.«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»демей ме атам қазақ.

Жаралылар: Жеңеміз жауды! Жеңіс туын желбіретеміз. Рухымыз биіктей берсін.

(Ақын шығады сахна алға қарай ) Ақын: Мен жырлайын елі үшін, елінің қамы үшін басын бәйгеге тіккен ерлерді! Хиуаздай қахарманын жырлайын.Қазақтың тұңғыш батыр ұшқыш қызының ерлігін жырлайын.Сол госпитальдан шыққан соң Хиуаз өз полкіне оралды.

Хиуаз от боп оралды өз полкіне,

Қаруластар жауға соққы жүр төндіре,

Отан–ошақ өртке айналған ауыр тұста

Қарлығаштар қанатымен су бүркіді.

Мәскеутүбі, Кавказ, Кубан, Қырым,

Украина, Белоруссия, Польша жерін.

Жаушебінеүшжүзретұшыпбарып

Көрсеттіерліксынын.

Жаужеңіліп “Жеңіс” депжасаққанда,

Асыққандадүйім ел ғажаптаңға.

Германия түбіндесоққыберіп

Жеңістуынжелбіреттіұшақтарда.

ҚазаққызыХиуаз оттай жарық,

Қаһармандықерлігінжұртытанып.

ОралдытуғанжергеолЖеңіспенен

Омырауына сан түрлі орден тағып…

Жетінші көрініс

Астана.Бәйтерек. Мектеп формасындағы қуанышты оқушылар. Әнұраннан үзінді орындалады.Жалауша-ту, Шарлар, гүлдер ұстаған қолдарына.

Ұл бала:

Еркін елдің еңсесі бүгілмейді,

Кешсе де қиындықты иілмейді.

Бүлдіршіндер қолына шоқ гүл ұстап

Жеңіс күні алаңдарда күлімдейді.

Қыз бала:

Өткеннің көз жүгіртсек тереңіне,

Жүрекке – мұң, көзге – жас келеді де.

Қираған қалалар мен жетім, жесір

Толғандай дүниенің кемеріне.

Ұл бала:

Елін қорғар ерлердің нарқы биік,

Тұрғандай кең иығы бұлтқа тиіп…

Туған елдің топырағын қорғау үшін

Қаншама ер кетті күйіп.

Қыз бала:

Бауыржанның ерлігі – сұрапыл дүр,

Нүркен, Талғат – биікте тұратын жыр.

Рейхстагқа ту тіккен Қошқарбаев

Әлия, Мәншүк – қайсарлық қуатым бұл!

Ұл бала:

Толғандай тебіреніске, жүзі – назға,

Батырын бағаламас елдер аз ба?!

60 жыл өткеннен соң дүлей соғыс

“Батыр” атағы берілді Хиуазға.

Шыдаған қиындыққа, қанша сынға,

“Қазақстан” әлемнің картасында.

Ер ерлігі алтынмен әдіптелді

Көрегенді Елбасының арқасында.

Қыз бала:

“Алтын басты” әйелдің өзі ардақты,

Ал, ерлігі – тарихта бар салмақты.

“ХалықтыңҚаһарманы” белгісі оны

Халықтыңалғысыбопбірсамғатты.

Мұғалім:Балалар, өздерің көрсек деп шақырған қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова апаларың бізгеқонаққакеліпті. Кәне балалар, Батыр апамызға сәлем берейік. (Балалар қолдарына кішкентай жалаушылар,гүлдер ұстап тұрады, балалар қолдарындағы гүлдерін апайға береді.Хиуаз апай ортаға биік орындыққа отырады. Бәрі Хиуазды қоршай жерге отырады.Фотоға түсіріп жатады.бәрі көңілді.)

Хиуаз Доспанова: Аманбысыңдар, Айналайын, шырақтарым! Егемен еліміздің ертеңі-гүлдей жайнаған балғын бөбектерім! Сабақты жақсы оқыңдар,ата-аналарыңа қолқанат болыңдар, ұстаздарыңды сыйлаңдар. Кітапты көп оқыңдар.Ата-бабаларыңның тарихын біліңдер.Ел басына күн туған шақта Сендердің жарқын болашақтарың үшін Отанымызды қорғадық.Батыр Бауыржан Момышұлы аталарың «Батырлық –табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі»деген еді ғой.

Бірбала: Хиуаз апай, айтыңызшы, сонда

“Қаһармандықдеген не?” Мен қаһарман бола алам ба?

Хиуаз Доспанова:(баланың басынан сипап, орнынан тұрып қолымен балаларды жетектеп ортаға шығады): Батырлық пен қаһармандық егіз ұғым, шырақтарым. Елін сүйген батыр ерлік жасайды, елінің атын шығарады. Сен де бір күн қаһарман боларсың, қарағым. Ол үшін ең әуелі жақсы оқуың керек. Халқымызда «Б ілекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Балаларым, батырлық пен қаһармандық дегеніміз ол егіз ұғым ,үлкен ұғым.

“Қаһармандық – еліңді сүю болар,

Қаһармандық – тарихыңды білу болар!

Қаһармандық – қастерлеп ата–анаңды

Отаныңа басыңды ию болар!..”

Бәрі бастарын иеді. Ән . Сахнаға барлық кейіпкерлер шығады.

Шымылдық.

Бөлім: «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» . «Ұшқыш қыз-Хиуаз Доспанова»

Материал жайлы қысқаша түсінік:

7 О4 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Төмендегі Сабақ жоспары толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Бөлім: «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» . «Ұшқыш қыз-Хиуаз Доспанова»

Ханов Шохан Уалиханович

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы.Шаған жалпы орта білім беретін мектебі.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

22.12.2018

1191

7

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Слайд 2 “Жүзағаш орта мектеп-бақшасы”КММ

Тақырыбы:Қаһарман қызы қазақтың-ХИУАЗ ДОСПАНОВА

Кітапханашы.Қалиева Гулниса Асылбековна

“Жүзағаш орта мектеп-бақшасы”КММ    Тақырыбы:Қаһарман қызы қазақтың-ХИУАЗ


Слайд 4Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік

көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жанқиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кинодан үзінді, суретт іслайдтар, кітаптар көрмесі, буклеттер, үнтаспа.

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан


Слайд 5Кітапханашы сөзі:
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз.

Соғыс 1941ж – 1945 жылы аяқталды. Бұл сұм соғыс төрт жылға созылды. Осы сәтті сан миллиондаған адамда рминуттап, сағаттап күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Иықтарына қару асынып, Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен миллиондаған асыл азаматтар қаза болды. Қаншама ана жарынан аырылып, қаншама бала әкесінен, анасынан айырылып жетім қалды. Ал тылда қалған қарттар, әйелдер, бесіктен белі шықпаған балалар, бірде аш, бірде тоқ күн демей, түн демей еңбектенді. Олардың тілегі орындалды. Себебі олардың Отанға деген сүйіспеншілігі жеңіске жеткізді.

Кітапханашы сөзі:  Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соғыс 1941ж – 1945 жылы аяқталды. Бұл


Слайд 6Жүргізуші №1: 1941 – соғыс жылы
Июньнің 22 – сіне басқан

күні
Елімді басып алмақ арам оймен
Германның соғыс ашты сұмырай ұлы
Жүргізуші №2: Туған соң қауіп – қатер біздің елге
Жинадық алдырмастан ат пен ерді
Көп жасын Қазақстан жинап алып,
Ленинград қаласына алып келді

Жүргізуші №1: 1941 – соғыс жылы Июньнің 22 – сіне басқан күні Елімді басып алмақ арам оймен


Слайд 7Кітапханашы.«Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, ал жетпеген арманда кетті. Отан соғысында өлгендердің

есімін ешқашан ұмытпайық! Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады», — деп Б. Момышұлы айтқандай біз үшін бейбіт өмір сыйлаған, соғыс құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
(«Священная война» әуеніне кинодан үзінді)
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңменнен не болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде

Кітапханашы.«Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, ал жетпеген арманда кетті. Отан соғысында өлгендердің есімін ешқашан ұмытпайық! Өлгенді ардақтай білген


Слайд 8ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚЫЗЫҚТЫҢ -ХИУАЗ ДОСПАНОВА

ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚЫЗЫҚТЫҢ -ХИУАЗ ДОСПАНОВА


Слайд 9Оқушы №1: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 млн. Халық тұратын еді.

Осы жылдары республикадан еңбек армиясына жеті жүз мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1млн. 900 5

мыңдай адам сапқа тұрды. Олардың ішінде 42508 Атыраулық жауынгерлер және Хиуаз Доспанова да болды.
Кітапханашы. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қаһарман қызы қазақтың» деп аталады, яғни ХиуазДоспанова туралы әңгіме қозғамақпыз.
Оқушы №2: Х.Қ. Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылында дүниеге келген. Ол өмір жолын Оралдыңа эроклубында бастап, кейін Саратовтағы әскери ұшқыштар училищесінде ұстазы, ұшқыш Марина Раскова басқарған 46- шы гвардиялық полкінің құрамында жүріп 300 ден астам әуешайқастарына қатысқан Х. Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерліг үшін «қанатты қыз» атанған еді.

Оқушы №1: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 млн. Халық тұратын еді. Осы жылдары республикадан еңбек армиясына жеті


Слайд 10Оқушы №3: Сөйтіп қабырғасы онша қатпағанХиуаз, ұшқыш қыз болып шыға келді.

Ол тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптенс сескенбейтін жүректі батыл, қайсар жауынгер болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.
Оқушы №4: Хиуаз даңқты ұшқыш М. Раскова жасақтауға кіріскен қыз – келіншектердің авиаполкіне сұранғанда, ол қаршадай қазақ қызының талдырмаш тұлғасына сенімсіздікпен қараса да, жанары оттай жанып, жүрегі тасып тұрған жалынды қызды қабылдамасқа лажы қалмайды. 1942 жылдың көктемінде әуе күштері тарихындағы тұңғыш авиполктің құрамында майданға аттанады. Полктің қаруы «ПО — 2» деп аталатын жеңіл ұшақтардың міндеті – түнде ұшып, алдын ала белгіленген жау күштерін талқандау болатын.
Оқушы №5: Осы Хиуаз апамыз туралы оның құрбысы, звено командирі, Кеңес Одағының Батыры, Марина Чечнева: «Хиуаз – нағыз жау жүрек батыр. Ол өз ұшағын қашанда нысанаға қатесіз шығарып, өз аэродромына жолды жаңылмайта батын. Қашан болсын жарқылдап жүретін» деп жазды естелігінде.

Оқушы №3: Сөйтіп қабырғасы онша қатпағанХиуаз, ұшқыш қыз болып шыға келді. Ол тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптенс


Слайд 11Оқушы №6: 2004 жылы 16 – шы қарашада Республикалық «Ана тілі»

газетіндеХиуаз апамыздың ерлігі туралы былай делінген екен.
«21 жастағы қайсар қызХиуазылғи «ПО — 2» аталатын бомбалаушы ұшақпен жау бекіністерінің үстінде жүреді екен. Ылғи түнде ұшады. Бом балаушы ұшақта штурманның атқарар қызметі тым ерекше. Тапқырлық, батылдық, өжеттік керек. Ұшақты «шыңғыртып» отырып аспанға тік көтеріліп, әбден биіктеп алып, лезде жердегі аңға үйілген қарақұс құсап оқыс құлдилап келіп жау бекінісінің, қару – жарақ қоймаларының үстінен ұшақ қанатының астына арнайы тұтқада бекітілген бомбаларды шуылдатып төгіп – төгіп жіберіп, лезде аспанға шығандап қайта көтерілуі үшін қаншалықты тапқырлық керек екенін шамалауға болатын шығар. Немістердің зенитшілері де жарқұл – жұрқыл оқ атып, у – шу күйге түседі, артынша Хиуаз тастаған бомбалардан жаппай отқа оранып, үндері өшеді.»

Оқушы №6: 2004 жылы 16 – шы қарашада Республикалық «Ана тілі» газетіндеХиуаз апамыздың ерлігі туралы былай делінген


Слайд 12Кітапханашы сөзі: Міне өздеріңіз тыңдағандай ұшқыш Хиуаз, құрбыларының арасынан жеке дара

көзге түскен қазақтың қайсар қызы екені біз үшін үлкен мақтаныш. Ол ерлік көрсете жүріп, үш рет ауыр жарақаталып, он төрт рет ұшақпен жерге құлаған.
Оқушы №7: Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған даңқты жерлесіміз 1960, 1963 жылдарда орыс тілінде «Под командованием Расковой», қазақ тілінде «Халқым үшін» деген өзінің жазған кітаптары жарық көрді. 6

ӘкесіҚайырДоспанов, сол кезде партия қызметіне ерте араласып, Орал қаласына қоныс аударуына байланысты Хиуаз туған ауылдан тым бүлдіршін кезінде кетті. Хиуаз апамыз туған жерге оқта – текте соғып кететін. Ол кезде 1950 – ші жылдарда Қайыр ақсақал осындағы «Коминтерн» колхозында басқарма төрағасы болатын. Хиуаз Алматыда партия, комсомол жұмыстарында болды да, анда – санда арнайы келгенде әкеге сәлем беріп кететін.
Оқушы №8: Соғыста сонымен қатар ерлік көрсеткен батыр қыздарымыз Әлия, Мәншүкті де естен шығармауымыз керек. Сонда Батыс өңірінен шыққан екі қыз емес, үш қыз болды. Айырмашылығы Әлия, Мәншүк соғыста 18 – 19 жастарында ерлік пен қаза тапса, Хиуаз апамыз аман – есен елге оралды.

Кітапханашы сөзі: Міне өздеріңіз тыңдағандай ұшқыш Хиуаз, құрбыларының арасынан жеке дара көзге түскен қазақтың қайсар қызы екені


Слайд 13Оқушы №9: Ару қыздар — алаулатып от кешкендер
Сыздап тұр –

ау әлі күн оқ тескен жер
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар – алаулатып от кешкендер.
Оқушы №10: Сол бір қиын тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар
Отан үшін опат болған арулар
Есімдері мәңгі бақи сақталар
Оқушы №11: 70 жыл – бейбіт көктем таңатқалы
70 жыл шуақты күн таратқалы
Есімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қағы оранды
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді
70 жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
70 – жыл жауымыздыңа жал оғы
Біздің ел үстімізден ұшпағалы

Оқушы №9: Ару қыздар - алаулатып от кешкендер Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер


Слайд 15Оқушы №12: Барша халық Жеңіс күнін тойлайды
Жас сәбилер думандатып ойнайды

Ардагерлер көздеріне жасалып
Ұрпақтардың амандығын ойлайды
Оқушы №13: Елге қауіп төнбесін
Егестен адам өлмесін
Есен – аман болайық
Енді соғыс болмасын
Өртенбесін туған жер
Өркендесін туған ел
Шайқалмасы асқар бел
Шайқалмасын шалқар көл
Оқушы №14:Қорған болған елімнің елдігіне
Батырлардың бас идік ерлігіне
Ұрпақтары қаһарман батырлардың 7

Тәуелсіздік қамалын көрді міне.
Оқушы №15: Сүйінші, халқым, сүйінші
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете
Жасаған той мереке

Оқушы №12: Барша халық Жеңіс күнін тойлайды Жас сәбилер думандатып ойнайды Ардагерлер көздеріне жасалып Ұрпақтардың амандығын ойлайды


Слайд 16Кітапханашы сөзі: (слайд көрсету) Х. Доспанова Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасып,

аты аңызға айналған қазақтың тұңғыш ұшқыш, офицер қызы. Жауынгерлік ерліктері үшін «ҚызылЖұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қ. Р. – ның Жарлығымен «Халық қаһарманы» құрметті атағын алды.
Осы ретте Н. Назарбаев: «Өз басым осынау ғажайып жанға шынымен – ақ қайран қалам, 20 – ға жетпеген уыздай жас қыз өзі тіленіп майданға аттанып, соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Міне, бұл жеңімпаздардың құрыштай шыңдалған айрықша ұрпағы. Олар бір сәтте тыныш таппай қабырғасы қаңыраған елді көтеруге кірісіп кетті» деген екен соғыс ардагерлерін марапаттау рәсімінде. Бұл сөздерінде қаһарман қыздың бүкіл өмірі жатыр.
Хиуаз әжеміз өзі былай деген екен
«Мендей әжелердің ойы тек отбасы мен Отанының тыныштығы ғана».
Х. Доспанова 2008 жылы 26 мамырда дүниеден озды.
Сөзімнің соңында Кеңес Одағының Батыры Қ. Қайсеновтың мынадай өлең шумақтарымен аяқтаймын. «Соғыс зорапат. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді.»
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».

Кітапханашы сөзі: (слайд көрсету) Х. Доспанова Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасып, аты аңызға айналған қазақтың тұңғыш ұшқыш,


Слайд 18
Ешкімде ,ешқашанда ұмытылмайды!

Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!

Ешкімде ,ешқашанда ұмытылмайды!Бейбіт күннің бәрі деЖеңіс күні шырағым!


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Хороший праздник масленица
  • Хочу подарить квартиру не родственнику что делать
  • Хороший подарок другу что подарить
  • Хитрюндий великолепный сценарий
  • Хочу луну сценарий