Концерттік ба?дарламалар сценарий

Ведущий: Добрый день, дорогие друзья! Мы рады видеть вас сегодня здесь всех веселыми и здоровыми. Много чудес есть на свете, но самое главное чудо, самое драгоц

Ведущий: Добрый день, дорогие друзья! Мы рады видеть вас сегодня здесь всех веселыми и здоровыми. Много чудес есть на свете, но самое главное чудо, самое драгоценное это вы – дети.

 Не стало б солнышко вставать,

 Не стали б радуги сиять,

 Когда бы на Земле

 Вдруг исчезли разом дети,

 И птиц затихли голоса,

 И опустились небеса,

 И люди б радости лишились на планете!

 Поэтому, здравствуйте, все от всего сердце с любовью – здравствуйте!

    Наш сегодняшний концерт называется «Все начинается с любви»

 НОМЕР. «Ана туралы жыр» ?ні

Ж?ргізуші:  ?зі?ді тани білу, жа?сылар?а еру.

?зі?ді тани білу, т?рбиеге к?ну.

?лемде болса жа?сылы?, бас?а ба?ыт не керек.

?зін ?зі тану саба?ы — мейірім ?ой керемет.

 «Б?рі де махаббаттан басталады.» деген Сара Алпыс?ызыны? с?зінде тіршілікті? т?йіні жат?андай болып к?рінеді. ?йткені, махаббат адам ж?регін н?рлы ?уаныш?а б?леп, рухына ?анат бітіретін е? к?шті, е? т?ра?ты, е? ас?а? с?йіспеншілік сезімі.

  «?зін ?зі тану» п?ні ар?ылы мейірім мен махаббат, адамгершілікті?, ?ділдікті? д?нін себуге болады. Е? бастысы, б?л п?н ?азіргі кезде ?з м?нін жо?алта бастаан дербестікке, адамгершілік рухани этика?а ?йретеді. Махаббат туралы заманымызды? ?лкен а?ыны Роберт Рождественский былай деп жырлады:

Б?рі де махаббаттан басталады!

Ел айтты: «жай с?з еді баста б?рі»

Мен болсам ?з с?зімді ?айталаймын:

Б?рі де махаббаттан басталады.

Ж?мыс пен жары? с?уле санада?ы,

Г?л к?зі, с?билік к?з балада?ы —

Б?рі де махаббаттан басталады!

Б?рі де махаббаттан!

Білем соны, Б?рі де, — былай ?ойса? бас?аларын —

Жек к?ру — махаббат ?ой ?лы, е?селі!

Б?рі де махаббаттан басталады:

Шарабы?, арманы? мен ?ор?ынышы?

?асірет, са?ыныш пен ерлік ісі? —

К?ктем боп сыбырлайды: «Жаса, м??гі!»

НОМЕР (танец «Край — край» девочки)

 Ведущий. Живем в стране «Самопознание»,

 И места лучше нет.

 От сердца к сердцу посылаем

 Любви и счастья свет.  Исполнение песни «Друзья»

Ж?рг. ?аза?стан?а «Б?бек» ?орын ?келген,

К?п бала?а ба?ыт, шатты? ?перген.

К?п баланы? ??р?атып ол к?зжасын,

Сізді Т??ір жарыл?асын, ?олдасын!

Ана жо??а ана бол?ан арда?тым,

?ке жо??а пана бол?ан салма?тым,

Тол?андыр?ан балаларды? та?дыры

Т?рбиеге к??іл б?лген жан жа?ты.

«?зін ?зі тану» п?нін енгізді,

?ызы?тырды, еліктірді біздерді,

Жете берсін к?п жылдар?а жасы?ыз,

Аман болсын жан?я?ыз, басы?ыз!

Вед: Страна Самопознания

Волшебная страна!

Здесь мир царит среди людей,

Любовь и доброта!

Тебе спасибо говорю,

Страна Самопознания!

За то, что в жизни пригодится,

Благодарю заранее!

Ж?ргізуші: Жанарынан жылылы? сезіледі,

Ж?регінен мейірім т?гіледі.

Сара апаны ойласа? ?мірімізді?,

Т?ріндегі ?иялы с?гіледі.

Оны к?рсек ба?ыт та к?рінеді.

Ол ар?ылы ба?ытымыз ?ріледі,

«?зін ?зі тану» п?ні ар?ылы

Ажыратты? а? ?араны ?мірдегі» (Хорезм биі)

Ведущий. Входя в волшебную страну,

Ты начинаешь жить

В гармонии с самим собой

И дружбой дорожить!

И самому решать, когда

И как себя вести.

Но за поступки и слова

Ответственность нести.

Самопознание это радость удивленья,

Ему цены нет, исток оно, начало становления.

Ведь жизнь не вспять стремится, а вперед.

Познай себя и ты духовное богатство обретешь. (Танец  «Торжор?а»)

Ж?ргізуші. Махаббат – ?лы сезім, ??діретті к?ш. Онсыз ?мір жо?, тіршілік жо?. Б?рі де махаббаттан, с?юден басталады,Не н?рсені? б?рі дердік осы сезімнен бастау алып,жаралып, жа?арады,

    Махаббатсыз д?ние бос,  Айуан?а оны ?осы?дар !

деп ?лы а?ынымыз Абай ??нанбаев айт?андай, шынында да,?мірді махаббатсыз елестету м?мкін емес.Махаббаттан ?мір ??ралады, бар тіршілі? н?р алады. Отан?а, ана?а, бала?а,досы?а,с?йген жары?а,тіпта, адамзат?а деген с?йіспеншілік осы махаббаттан басталады.

         Махаббат — адам жаныны? е? н?зік, е? ысты? сезімі. Оны с?збен айтып жеткізуге болмайды,тек сезе білуге болады.Сол сезім ?р адамда ?р т?рлі болады.Алайда ананы? бала?а деген махаббатын еш н?рсемен салыстыру?а болмайды. Ана баласы ?шін б?рін де істей алады, б?ріне де барады.Ана мен бала арасында?ы махаббат ?лшеусіз, шексіз.  Ал адамны? Отан?а, ту?ан жерге деген махаббаты, с?йіспеншілігі шыр етіп д?ниеге келген к?ннен бастап ?алыптасады деп ойлаймын.?се келе ол толы?ып, артып,  ерен ерлік істерге жетелейді. Осыны? б?рі махаббат сезіміні? к?штілігін, ??діретін к?рсетеді. ?ыс?асы, не жа?сыны? б?рі осы сезімнен бастау алып,  дамиды,  к?ркейеді. Сонды?тан да махаббатты, ?мірді ?адірлейік! Енді 6 «Р» сыныбыны? «На?ыз ?аза? биін» тамашалайы?! Алтын уа?ыттары?ызды б?ліп ты?да?андары?ыз?а рахмет, сау болы?ыздар!

Ведущий: Мы прощаемся с вами! До свидания! До новых встреч со всеми, кто любит нескучную жизнь!

Просмотр содержимого документа

«Концерттік ба?дарлама «Барлы?ы махаббаттан басталады» »

Құрметтікөрермендер, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар. Бүгін мектеп жанындағы «Нұр шуақ»жазғытынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әншырқайық бәріміз» атты мерекелік шарағақошкелдіңіздер!!!
1 — жүргізуші:Көңілдерімарқайыпбірқалсыншы
Өнерпаздаршырқапәнгесалсыншы.
2 – жүргізуші:Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1 — жүргізуші:Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иес іжәне терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?

2 — жүргізуші:Олай болсатұрмайық байқауымызды бастайық.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ________________________________________________________ беріледі.

Сахнада жәй ән жүреді

1 — жүргізуші:

Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай

Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар

1 — жүргізуші: Келесі кезекте «Қызғалдақ» тобын «Отаным» әнімен қарсы алыңыздар.
2 — жүргізуші:
Ертең — ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
Орындап ата — ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін

1 — жүргізуші:
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады.
2 — жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асылтастан, өнержастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.
Әрине бар.

1 — жүргізуші: Ендешесахна төріне «Сарғалдақ » тобын «Әй әй ата» әнімен қарсы алыңыздар

2 — жүргізуші:

Уа, туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей

Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
Жас дәуірдің түлегіміз
Әке деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз — дей келе сахнаға «Тұлпар » тобын «Әр қашан күн сөнбесін» әнімен қарсы алыңыздар

2 — жүргізуші:

Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып

Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өрелім де
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
Ендеше сахна төріне «Сұңқар» тобын «Қошақаным» әнімен қарсы алыңыздар

2 — жүргізуші:

Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз. Әділ қазылар еңжақсы ән орындаған топты айтып марапаттап, сыйлықтар үлестірді.

Анықтама

Жалпы бұл шараның өтілу мақсаты оқушылардың ән өнеріне деген қызығушылығын ояту болатын. Ойлаған ойымыз ойдағыдай орындалды деп ойлаймын, өйткені оқушылар бар ынта-жігерімен қатысып, барлық білетін әндерін айтып,өздерінің ойларын айтып, өздерінің ұнататын әндерін айтып, ойларын ортаға салу арқылы өздерінің ойларын жеткізе білді. Сондай оймен 4 топта өздерінің ұнатып бір ауыздан шешім қабылдап әндерін сүйсіне, рахаттана айтты.

Тақырыбы:

«Ән шырқайық бәріміз»

Өтебаев М.М

Орал 2017

Тақырыбы:                               Біз бақытты
баламыз

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту,
тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға,
адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Түрі:  концерттік бағдарлама

1-жүргізуші:

Өздеріңмен  өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Абай орта мектебіне ақ  ниетпен,

Қош келдің, айналайын, халқым менің.

2-жүргізуші:

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

1-жүргізуші:

Армысыздар, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

Сіздер   үшін өнердің шашулары.

2-жүргізуші:

Тасқындаған табысымды айтамын,

Өнердің біз өшірмейміз май шамын.

Әнші де бар жез таңдай, биш де бар,

Әнші Айгерім
бұлбұлдайын сайрасын-деп, мектебіміздің жезтаңдай әншісі, 
Абидолда
Айгерімнің орындауында
«Саржайлау» әні.

1-жүргізуші:  

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегінде таныстым, мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 «Алға, қазақ жігіттері» әнімен
6-сыныптың «Жігіттер»
тобын

ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші

Бақыт келер әрқашанда күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен-дегендей,

7-сынып
оқушыларының«Атаның сөзі-ақылдың көзі»
атты
көрінісін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп,

Ортаға 5-сыныптың
оқушыларының

орындауында «Қара
жорға
» биін
қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып,

7-сынып оқушысы Төлеғазы
Гүлдананың
орындауында «Шалқыма» әні.

1-жүргізуші:

Мектеміздің КТК  
«Жас қыран КЗ» тобын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

6-сынып оқушысы Сайн Жәмиланың орындауында халық  әні
«Ақбақай».

1-жүргізуші:

Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,

Артық пейіл табылмас Отанымнан.

Олжалап орын алу мақсатым бар,

Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе 

10-сынып оқушысы

Сейтқали Мейірімнің орындауында
«Туған жер» әнін қабыл алыңыздар. 

2-жүргізуші:

Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,

Достық күйін мақтаныш етеміз біз.

Бейбітшілік бүгінгі ұранымыз,

Аңсаған мұраттарға жетеміз біз.

6-сынып оқушылары Дәулеткелді
Нұртас
пен Тұрлығожа
Шұғыла
«Өзбек биін»
қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

5-6-7-сынып оқушыларының орындауында «Асыл
айым
» бишілер тобын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,

Жанымның жайып салып, тылсымдарын.

Махаббат боп маздаған мына ғалам,

Бақытты мектебімнің білсін бәрін-дей келе, 6-сынып
оқушы
сы Төлеғазы Алуаның «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел, ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп- демекші,
«Ұстазым» әнімен Сағынай Саян.

2-жүргізуші:

Хор:    Оқушылардың
орындауында

               «Қазақ елі»

 (Мектеп директоры Исаев Даулен Нұрғалиұлына сөз кезегі
беріледі.)

 1-жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жан түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген,

Өзімен ала келер несібені.   (Қонақтарға сөз)

2-жүргізуші:  

Осымен «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламамыз
аяқталды.

                                                  
    БҚО
Ақжайық ауданының білім бөлімінің

                                                        
«Балдәурен» МДҰ МКҚК 

                                                        
музыка жетекшісі  Ж.Ш.Жакенова

«АЙГӨЛЕК» концерттік бағдарлама
1 жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін
біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.
2 жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек»
ән кешіне  қош келдіңіздер.
1 жүргізуші:
Ал енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші:
Ән де, күй де
, би де еріккеннің ермегі емес, адам жанының
айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы –
мұң. Әсем әуезді ән — адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше алғашқы жас
өренімізге жол береміз. Ортада
«Барабан» биін қарсы алыңыздар.Бүлдіршіндерімізді қарсыламас
бұрын экранға назар аударайық.

1 жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз
жырлағандай, келесі кезекті Сабина Жалғасқызының  орындауындағы «Сылдырмақ»
әніне береміз.

— Сабина, бәрекелді, сен әніңді тамаша
орындадың! Өнерің өрлей берсін.

2 жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құр қалма! — деп, кезекті жас бишілеріміздің
өнеріне береміз. Ортамызда  «Үнді » биімен Шахназ Хасанқызы Ендеше телебинеден
Шахназдың «Айгөлек » концертіне дайындығы қалай болғанын тамашалайық.

Шахназ , жарайсың, биді жақсы билеп  шықтың,
маған сондай ұнады.

1 жүргізуші:
Әннің әсері де әр қилы. Тәтті әуеннің әрбір
ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады
да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға
бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады.
Ендеше келесі кезекті «Балапан» әнін орындайтын Мұрагерге береміз. Қошеметпен
қарсы алайық ағайын!Алдымен экранға назар салайық.

2 жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай — деп, тамаша өнер көрсеткен
Мұрагер , біз сені өнердің биік белестерінен көрейік,

1 жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым — деп келесі кезекті
«Жігіттер» биіне береміз.Экраннан жігіттеріміздің лебіздеріне назар аударайық.

— Жігіттер, жарайсыңдар, билерің жақсы болды,

2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Бақтияр  шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ – деп ортаға «Ел қорғауға
әзірміз». әнімен Кәрім Бақтиярды шақырамыз. Қане, қошеметтеп  қарсы алмас бұрын
Экраннан Бақтиярдың тілегі тыңдалық

Әдептілікті сақтаймын,
Әнші Бақтиярды мақтаймын.
Қамқор сыншы болайық,
Деген сөзін жақтаймын.
Бақтияр өнерде жолың ақ болсын! Тамаша
орындадың,

1 жүргізуші:
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы кешімізді одан
әрі жалғастыралық.

Сән — салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Оркестормен шашу шашайық — деп, оркестор
орындаушыларын  қабыл алыңыздар!

(Оркестор орындаушыларының тілегі
тамашаланады.)

2 жүргізуші:
Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем, — деп Ақниет
Бірлесқызының орындауындағы «Құттықтаймын мама туған күніңмен!» әніне кезек
береміз.

Ақниеттің тілегі тыңдалады.

1 жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық — деп келесі кезегімізді
«Еркем-ай» тобы бүлдіршіндерімен «Балапан» тобы
бүлдіршіні Мұрагердің   орындауындағы «Спорттық» биін тамашалайық.. Қошеметтеп
қарсы алайық! Экраннан бүлдіршіндердің лебізі айтылады.

Жарайсыңдар, балалар, тамаша билеп шықтыңдар.

2 жүргізуші:Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Саламыз шаттық әнге бәрімізде.
Бүгінгі әншілерің ортамызда,
Халқына ән арнайды шапалақта
Ендеше ортамызға «Әдемі» әнімен Шахназ бен
Айеркемді  шақырамыз.

1жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі кезекті Шаттық пен
Наргизаның орындауындағы «Өзбек» биін тамашалауларыңызды ұсынамын. Экраннан
биші қыздарымыздың биге деген дайындығына  назар аударайық.Хор : «Айгөлек»

«Айгөлек » концертіне атсалыса қатысқаны үшін
бүлдіршіндерімізді марапттайық

Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
2жүргізуші:Осымен «Айгөлек» фестивалі өз
мәресіне жетті.

Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл — қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған  «Балдәурен» МдҰ меңгерушісі
Айман Серікқалиқызына сөз кезегін берейік.

Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер
Балалардың жақсылығын көріңіздер
Рахмет сіздерге жаны жомарт ата-аналар
Ұмытпай жиі — жиі келіңіздер –деп ата-аналарға
сөз беріледі.

Осымен «Айгөлек» атты кешіміз аяқталды! Ат салысып қатынасқандрыңызға
көп рахмет.Көріскенше, қош — сау болыңыздар! Бүлдіршіндер марапат сыйлықтарымен
марапатталады.

Тақырыбы: «Айгөлек »

Мақсаты:    
Балалардың  әнге деген қызығушылығын арттыру,  әншілік қабілетін, хореографиялық
талантын сынау.  Өнерге біртабан жақындату. Жыл бойына үйренген  әндерін
көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген қызығушылықтарын
нығайтып,мәдениеттілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.

                                              
Анықтама

«Айгөлек» концерттік
бағдарламасы  «Балапан» және «Еркем-ай» тобы бүлдіршіндері арасында
өтті.Концертке балалар жақсы әзірлікпен қатынасты.Бұл бағдарламаны жүргізуге «
Балдәурен» МдҰ –ның түлегі Ұлту ат салысты.Ол бағдарламаны барынша қызықты
жүргізді.Концерт «Барабан маршы» биімен ашылды.Шахназ «Үнді » биін нақышына
келтіре биледі..

Ал Мұрагер жеке
дауыста «Балапан» әнін билеп тұрып айтып шықты.Би билеуге қызыға қатысып жүрген
«Балапан» тобы  ұлдары «Жігіттер» биін биледі. Патриоттық тұрғыда Бақтияр «Ел
қорғауға әзірміз » әнін айтты.Сонымен қатар ұлттық аспаптарды қолдана отырып,
«Оркестор» ойнатылды. «Еркем-ай» тобы бүлдіршіні Ақниет «Құттықтаймын мама
туған күніңмен » әнін тамаша орындады.  Сонымен қатар «Спорттық» биде биленді.Биші
қыздарымыз Шаттық пен Наргиза «Өзбек» биін билеп көрсетті.Бағдарлама соңында
«Айгөлек» әні хормен айтылды.Бүлдіршіндеріміздің  өз өнерлерін көрсету алдында
барлығы бейнебаяннан концертке деген дайындығы мен тілектері тамашаланып
көрсетіліп отырды.Бағдарлама соңында бүлдіршіндеріміз марапат сыйлықтармен
марапатталды.Ата-аналар сөз сөйлеп өз тілектерін білдірді.

Алдағы уақытта
бүлдіршіндеріміздің өнерге деген қызығушылықтары одан әрі артып, өздерін әр
қырынан көрсетуге талпыныспен қарайды деп ойлаймын.

  Анықтама
беруші:          Ж.Ш.Жакенова

         «Балдәурен» МдҰ МКҚК

"Айгөлек"

           (Концерттік бағдарламасы)

              Өткізген:  Ж.Ш.Жакенова

                            2015-жыл

ÓZGE JAŃALYQTAR

«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Ashý

Júkteý

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий

Ashý

Júkteý

Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017

Ashý

Júkteý

«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы

Ashý

Júkteý


MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY

Baılanys aqparattary:

Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK

Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15

Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX

Telefony:
+7 (7142) 562-428

«Жақсылыққа жаным жақын…» (жеке үйде оқитын оқушыларға арналған концерттік бағдарлама)

№28 «А?бай» жалпы орта мектебі

«Жа?сылы??а жаным жа?ын.»

(жеке ?йде о?итын о?ушылар?а арнал?ан концерттік ба?дарлама)

2017 жыл, 31 ?а?тар

Ма?саты: Мектебімізді? жеке ?йде о?итын о?ушыларыны? к??іл-к?йін к?теріп, мейірімділік таныту. «?айырымдылы?», «?ам?орлы?», «жа?сылы?» ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.
Міндеттері:
-Жа?сылы? жасауды? адами ?арым-?атынаста?ы м?нділігін т?сіндіру;
-Жа?сы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
— ?айырымдылы??а, ізгілікке, ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ?анатты с?здер, мазм?нды суреттер.

Концерттік ба?дарламаны? барысы:

Ж?ргізуші:

Армысыздар ?ымбатты ?она?тар, арда?ты ата-аналар, ?ла?атты ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі «Жа?сылы??а жаным жа?ын.» атты мектебімізді? ?йден о?итын о?ушыларына арнал?ан мерекелік кешімізге ?ош келді?іздер! ?аза?ты? жа?сы ?асиеттеріні? асылы – жомартты?, ке? пейілділік. Ол адам?а ?ызмет ?ылып, жа?сылы? жасау?а пейілді жан?а т?н сипат.

Ендеше, Жа?сы с?з, жа?сы тілекті,

Болайы? ізгі ниетті,

Жа?сылы? ойлап кісіге,

Тілейік ?лкен- кішіге дей келе, ал?аш?ы с?з кезегі мектебімізді? директорыны? уа?ытша міндетін ат?арушы Ирсали Усманович Мадалиев?а беріледі.

Ж?ргізуші:

?айырымды жандар айнала,

Орта?а келсін жайлана.

Жалы?пастан ?айта біз,

Махаббат с?зін айтамыз.

С?йеміз барлы? ананы,

Ж?регім оттай жанады.

Ба?ыттымыз осы біз,

?асымызда досымыз.

?н: «Ана туралы жыр».

Орындайтын: Талибов Мухриддин.

Ж?ргізуші:

?мірде ана-ба?ыт, ана-пана,

?мірді ?ркендетер ана ?ана.

?сірген талай шешен, талай к?сем,

Талай ер, талай а?ын, талай дана.

Барлы? асы аналарды? ??рметіне Ирсалиева Умидані? орындауында «Аяулы анашым» ?нін ?абыл алы?ыздар.

Ж?ргізуші:

К?ркемс?з. «Сендерге аманат бабаларым». О?итын: Сиддикова Нилуфар

Ж?ргізуші:

Жа?сылы?ты а? ж?рекпен ?абылдап,
Сам?а биік, жалын атып ж?р алда.
Жігері?мен сенімі?ді отты? ?ып,
Жас ?ырандай ?анат ?а?ып ?иян?а.
Ас?а? арман – ?лкен ?мір бастауы,
Болаша??а ба?ыт ?нін жолдайды!

Келесі тамашалайтын ?ндері?із Алимова Хажарайны? орындауында «С?лем, са?ан ту?ан ел» ?нін тарту етеміз.

Ж?ргізуші:

Келесі кезекті мектебімізді? «К??ілді тап?ыштар клубыны?» ?ызы?ты ?зілдеріне береміз.

Ж?ргізуші:

Шаршаса да сыр бермеген ?кешім,
Сен мен ?шін е?бекс?йгіш ?кесі?.
?зі?де ?лгі, ісі?де ?лгі бала?а,
Кім с?ймейді болса ?зі?дей ?кесін,-дей келе ??рметті ?келерімізге арнап Диярбек Адхамиовты? орындауында «?кешім ?ні».

Ж?ргізуші:

Сымбатына с?н киімі жарасатын,

Аспанда?ы айменен таласатын.

?неріне сай келіп т?р?анына,

Бишілерге ?ызы?ып та? ?аласы?.

8 «в» сыныбы о?ушыларыны? орындауында ?азіргі заман?ы к??ілді биге кезек береміз.

Ж?ргізуші:

Жырымды б?гін арнасам сізге айып па,
?мірден оз?ан а?а?а асыл ?айыпта.
Арысты? ?сем жа?асында?ы арулар,
Ж?ргендей б?гін ескексіз мініп ?айы?та
?н «Арысты? жа?асында» орындайтын Сатибалдиев Абрар.

Ж?ргізуші:

«Ер ?анатты – с?йг?лік»,- дегендей келесі кезекті Ирисматов Зафарды? орындауында «С?йг?лік» ?ніне береміз.

Ж?ргізуші: Отбасы – алтын ?я, киелі ша?ыра? болса, сол ша?ыра?ты? м?рагері, ?рпа? жал?асы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі т?рбиені ата-анадан алады. Олай болса, баланы? басты ?стазы ата-ана.

Жасынан с?йіп ?сер балапанын,

Бір са?ан сенім артар балапаны?,

Бір с?тке ?мытармын ?иынды?ты.

Сипаса ма?дайымнан ала?аны?.

С?з ата – аналар атынан Ниязтаева Гулбахор?а беріледі. Ата-аналарды? тілектері ?йден о?итын 9 сынып о?ушысы Сайдахметова Лайлоны? орындауында «Ал?а ?аза? жігіттері» ?німен жал?асады, тамашала?ыздар.

Ж?ргізуші:

Балалар-бізді? болаша?ымыз. «Жа?сыдан-шарапат» демекші, бала ж?регіні? н?зік л?пілін жаны жайса?, к??ілі шал?ар, ж?регі ж?мса? адамдар ?ана біледі.

?ымбатты ата-аналар, о?ушылар! Осымен б?гінгі ?ткен «Жа?сылы??а жаным жа?ын.» атты концерттік ба?дарламамыз ?з м?ресіне жетті. ?мірлері?із к?ндей н?рлы да, шуа?ты болсын. Келесі кездескенше сау болы?ыздар!

Содержимое разработки

28 «Ақбай» жалпы орта мектеп

«Жақсылыққа жаным жақын…»

(жеке үйде оқитын оқушыларға арналған концерттік бағдарлама)

2017 жыл, 31 қаңтар

Мақсаты: Мектебіміздің жеке үйде оқитын оқушыларының көңіл-күйін көтеріп, мейірімділік таныту. «Қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
-Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
— Қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер.

Концерттік бағдарламаның барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата-аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Жақсылыққа жаным жақын…» атты мектебіміздің үйден оқитын оқушыларына арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.

Ендеше, Жақсы сөз, жақсы тілекті,

Болайық ізгі ниетті ,

Жақсылық ойлап кісіге,

Тілейік үлкен- кішіге дей келе, алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директорының уақытша міндетін атқарушы Ирсали Усманович Мадалиевқа беріледі.

Жүргізуші:

Қайырымды жандар айнала,

Ортаға келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Ән: «Ана туралы жыр».

Орындайтын: Талибов Мухриддин.

Жүргізуші:

Өмірде ана-бақыт, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен, талай көсем,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Барлық асы аналардың құрметіне Ирсалиева Умиданің орындауында «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Көркемсөз. «Сендерге аманат бабаларым». Оқитын: Сиддикова Нилуфар

Жүргізуші:

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігеріңмен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдайды!

Келесі тамашалайтын әндеріңіз Алимова Хажарайның орындауында «Сәлем, саған туған ел» әнін тарту етеміз.

Жүргізуші:

Келесі кезекті мектебіміздің «Көңілді тапқыштар клубының» қызықты әзілдеріне береміз.

Жүргізуші:

Шаршаса да сыр бермеген әкешім,
Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.
Өзіңде үлгі, ісіңде үлгі балаңа,
Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін,-дей келе құрметті әкелерімізге арнап Диярбек Адхамиовтың орындауында «Әкешім әні».

Жүргізуші:

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрғанына,

Бишілерге қызығып таң қаласың.

8 «в» сыныбы оқушыларының орындауында қазіргі заманғы көңілді биге кезек береміз.

Жүргізуші:

Жырымды бүгін арнасам сізге айып па,
Өмірден озған ағаға асыл ғайыпта.
Арыстың әсем жағасындағы арулар,
Жүргендей бүгін ескексіз мініп қайықта
Ән «Арыстың жағасында» орындайтын Сатибалдиев Абрар.

Жүргізуші:

«Ер қанатты – сәйгүлік»,- дегендей келесі кезекті Ирисматов Зафардың орындауында «Сәйгүлік» әніне береміз.

Жүргізуші: Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса, баланың басты ұстазы ата-ана.

Жасынан сүйіп өсер балапанын,

Бір саған сенім артар балапаның,

Бір сәтке ұмытармын қиындықты.

Сипаса маңдайымнан алақаның.

Сөз ата – аналар атынан Ниязтаева Гулбахорға беріледі. Ата-аналардың тілектері үйден оқитын 9 сынып оқушысы Сайдахметова Лайлоның орындауында «Алға қазақ жігіттері» әнімен жалғасады, тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Балалар-біздің болашағымыз. «Жақсыдан-шарапат» демекші, бала жүрегінің нәзік лүпілін жаны жайсаң, көңілі шалқар, жүрегі жұмсақ адамдар ғана біледі.

Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Жақсылыққа жаным жақын…» атты концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да, шуақты болсын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



-80%

Скачать разработку

Сохранить у себя:

«Жақсылыққа жаным жақын…» (жеке үйде оқитын оқушыларға арналған концерттік бағдарлама) (15.77 KB)

Похожие файлы

  • Конспект урока в 7 классе «ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАБОТКИ ДРЕВЕСИНЫ»

  • Презентация по технологии «Технология обработки металлов»

  • Календарно-тематическое планирование по Технологии 5 класс (Мальчики) Новый стандарт

  • План-конспект урока по профильному труду 5 класс Вводное занятие. ТБ в учебных мастерских. Оборудование рабочего места (верстака).

  • Формирование мотивации учебной деятельности школьников на уроках технологии.

Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.

І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль

«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі

«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі

(Сахна безендірілген. Ортада би падишасы мен уәзір).

Уәзір: Уа, падишам, датым бар.

Би падишасы: Айт датыңды.

Уәзір: Уа, падишам, сізден аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертін бастауға рұқсат сұрап отыр.

Би падишасы: Қашан?

Уәзір: Дәл қазір, қонақтар жиналып қалыпты.

Би падишасы:  Қанша бала қатысқалы отыр?

Уәзір: 36 бала.

Би падишасы: Қандай жетістіктері бар?

Уәзір: 1. Аудандық «Сыр сұлуы» бишілер  байқауының 1 орын иегері.

  1. Аудандық «Бозторғай» байқауында облыстық жолдамаға ие болды.
  2. Облыстық «Бозторғай» байқауында дипломант атанды.

Би падишасы: Олай болса балаларды шақыр ортаға, өнерлерін тамашалайық.

Уәзір: Құп болады, падишам.

«ҚАЗАҚ БИІ» (ашылуы).

1 жүргізуші: Қайырлы күн көрермен баршаңызға,

Шымылдығын концерттің ашамыз ба?

Бүгінгі кеш өздеріңізге арналады,

Көрсетуге өнерді қашамыз ба?

2 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі өткелі отырған Ақмарал қыздарыңыздың «Өнерге қанат қаққандар» атты есеп беру концертіне қош келіпсіздер! Үкілеген үміттің жемісі мен жеңісін көретін бұл күн сіздер мен біздер үшін нағыз мереке.  Олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын.
1 жүргізуші: Хореография (грек. choreіa — би, grapho — жазамын) —шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе  енгізді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды.
2 жүргізуші: Шара – үлкен өнер шебері. Ол – күрескер өнерпаз. Әлі енші алып, отау тігіп кете қоймаған өнердің ордаланып, шаңырақ көтеруі қажымай, талмай  еңбектенуіді қажет етеді. Ол тек әншейін шеберлердің емес, күрескер шеберлердің ғана қолынан келеді. Шара – алғашқы қазақ би өнерінің ізін салушы, би еркесі, би падишасы.
1 жүргізуші: Қимыл шіркін келіссе,

Барлық қимыл би болар.

Бүгінгі бишілердің билерін,

Тамашалаған жөн болар –дей отыра, Шара апамыздың бүгінгі із басарларына, жолын жалғастырушыларына кезек берсек.

2 жүргізуші: Орыс ұлттық биі Ежелгі Ресейде кеңінен-ақ танымал болған. Көңілді де, шатты билер тойларда, Ежелгі Ресейдің мерекелерінде кеңінен қолданылады. Орыс ұлттық билері – жақсы көңіл-күй, қуанышты би, той-думан, күлкі және әдемі ұлттық киімдер. Би, негізінен, кадрильден, қол ұстасып айналудан, жігерлі билерден тұрады.

«ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Тағдырдың талмаусырап тасыр күзі,

Бар мұңын келеді оның жасырғысы,

Қимылы қияметтің жұмбағындай

Пейіштің мың бұралса татар қызы!!!

2 жүргізуші: Ендеше, ортада

«ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»

орындайтындар 1-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Бұл жанр елімізде енді қанат жайып келе жатқанымен, көпшілікке танымал. Ең бастысы, бидің бұл жанрында еркіндік бар. Яғни, бидің ортасында әндетіп жіберсең де өз еркің. Модернмен қойылған кез келген би – кішігірім спектакль іспеттес.
2 жүргізуші: Әр елде оны әр түрлі атайды — қазіргі күннің биі, тәуелсіз би, көркем би, ырғақты би, тағы басқа. Бірақ бәріне ортақ нәрсе — ол классикалық бидің ескі және қазіргі заман тақырыбы мен бейнелерін аша алмайды деп жоққа шығару.

Хореографиядағы бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Айседора Дункан, Франсуа Дельсарт, Эмиль-Жак-Далькроз болды.

Тамашалайық ортада

«МОДЕРН  БИІ»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

 

1 жүргізуші:

Бұл би – қай заманда да өз өміршеңдігін жоймайтын дүние. Себебі үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатын жанр.
2 жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, біздің Шәмшінің әніндей ескі болса, жаңа және мәңгілік десеңші. Тамашалайық! Ортада

«РЕТРО БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар.
2 жүргізуші: Үнді билері — театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен.

Бәріміз бірге үнді еліне саяхат жасап қайтайық.

«ҮНДІ БИІ» орындайтындар 1-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Қазақ билерi — көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс — тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады..
2 жүргізуші: Ол елдiң сән — салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы — мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ.  Олай болса, «Көктем гүлі» деп аталатын қазақ биін тамашалайық

«ҚАЗАҚ БИІ»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Бойынан байқалады ұлылық тым,

Бишінің жұмбақ жанын қалай ұқтың?

Қадалған қайсар көзі бар жүзімен

Уызын жұтып барады сұлулықтың!

2 жүргізуші: Әрбір қимылы жүрекке ұрған қанжардай, есімізге қызыл түсті елестететін би – бұл әрине испан биі, сахнада

«ИСПАН БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші: «Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» — деп Л.Толстой айтқандай, асқақ көріністі аса бір құдіреттілікпен жеткізетін, еркіңді баурап алатын өзбек биі.
2 жүргізуші: Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы – Тамара!

Біздің мақтанашымыз – Шара!

«ӨЗБЕК БИІ»

орындайтындар 1-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Жыласыншы тамызып айдай жырын,

Бастады екен тағдыры қандай ырым?

Төгілтіп мүсіндейді кавбой биін,

Татырып тұрған кезде балдай шырын.

2 жүргізуші: Жер тарпып, сезім-тұлпар кісінеді,

Таза қанды жүйріктей мүсіндері.

Тағылық табиғаты тасығандай,

Бишінің баурап алар  қимыл-ебі!

«КАВБОЙ БИІ»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Ламба́да (порт. Lambada) — музыкалық стиль және би, бразилияның солтүсітігіндегі Пара штатында пайда болған. Француздың Kaoma тобының әні  арқылы 1980 жылдардың басы 1990 жылдардың аяғында бүкіл әлемге танылды,соның ішінде Ресейде.
2 жүргізуші: Көңілді күймен ортада

Латын биі «ЛАМБАДА»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Жалпы лезгинка дегеніміз не?
2 жүргізуші: Би арқылы белгілі бір күшті, жігерді, икемді қажет ететін жастар арасындағы сайыс. Атақты лезгинка биі ежелгі халықтың наным-сенімімен, салтын көрсетеді. Бидің ең басты элементі — бұл бүркіттің бейнесі болып саналады. Бұл бейне, әсіресе, биші аяғының ұшына тұрып, екі қолын қанат сияқты жайып, бүркіттің ұшуы анық байқалады.

Келесі тамашалайтындарыңыз

Грузин биі «ЛЕЗГИНКА»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Биде тіл жоқ, онда тек әдемі қимыл ғана бар.
2 жүргізуші: Тамашалаймық, ортада

«ЖАСТАР БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Катюша десе, сонау 1941-1945 жылдары алдыңғы шепте жауынгерлерге рух беріп, өнер көрсеткен жерлесіміз Роза Бағланова еріксіз көз алдымызға елестейді.
2 жүргізуші:  Осы бір әннің шығу тарихы да соғыс жылдарымен тұспа-тұс келсе керек.

«КАТЮША»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші: Бал биі — би кештерінде жұптасып немесе көп кісі болып билейтін би. Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды.
2 жүргізуші: 19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды.

Бал биі «ВАЛЬС»

орындайтындар барлығы бірге.

Соңы.

Уәзір: Уа, падишам, өзіңіз куә болған аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концерті өз мәресіне жетіп қалғандай. Олар сізді қандай баға берер екен деп күтіп отыр? Алдыңызға соны сұрағалы келдім.

Би падишасы: (ойланып отырады)

Жоқ, бұл сөздің жауабын берер мен емес. Мен ұстаз алдынан өттім. Ұстаздың арқасында осындай дәрежеге жеттім. «Алты Алаштың басы қосылса, төр ұстаздікі демей ме?!» бұл сөздің жауабын  мектеп басшысы ****** ағайдан сұрайық.

Уәзір: Құп болады, падишам, мұныңыз жөн екен.

1 жүргізуші: «Қош» демейміз, әлі талай кештер болар,

Өнерлерің шыңдалып бағың жанар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар гүл ұсынар.

2 жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақытымыз біраз жерге таяп қалды.

Керісінше қош сау болып тұрыңыздар,

«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіміз аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше қош сау болып тұрыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Концертная программа ко дню защитника отечества сценарий
  • Концерта сценарий башкортса
  • Концерт фортепианной музыки сценарий
  • Концерт тик сценарий
  • Концерт татьянин день сценарий