Конференция сценарий казакша

Оқырмандар конференцияcы «Ғасырдың үздік кітабы». воспитание ✅ Скачать бесплатно

«Ғасырдың
үздік кітабы»

Оқырмандар
 конференция
cы

 1
жүргізуші: Махмутов Исабек

 2
жүргізуші: Сарыбаева Әлия

 Көрнекілік:
1. М.Әуезовтың «Абай жолы» романының 4 томы

                         
2. М.Әуезов туралы естеліктер

                         
3. Альбом-шежіре «Абай елі»

1 жүргізуші:

         
Армысыздар,
қымбатты достар!

2 жүргізуші:

         
Қайырлы
күн, сөз өнерін құрметтеуші қауым!

1 жүргізуші:

         
Әдебиет-халықтың
рухани байлығы. Қазақ халқы – өзге ұлттар
сияқты атам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып,
жинала сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен
көл-көсір фольклоры поэззисы, прозасы бар халық.

2 жүргізуші:

         
Бүгін
біз еліміздің қоғамдық саяси және мәдени
өміріндегі аса бір айтулы оқиға – қазақтың
ұлы жазушысы, ғұлама ғалымы, кемеңгер ойшылы,
туған топырамығымыздың біртуар перзенті Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтың туғанына 110 жыл толу салтанаты
және жазушының әлемге әйгілі «Абай жолы»
роман-эпопеясының жарық көргеніне 65 жыл толуын атап
өтуге жиналып отрымыз.

1 жүргізуші:

         
Бүгінгі
«Ғасырдың үздік кітабы» аталатын оқырмандар
конференциясының алғы сөзін кітапханашы Жайбергенова Фатима
Андрейқызына береміз.

Кітапханашы:

  
Қадірменді ұстаздар, қадірменді тыңдаушылар!

   Ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді
түзе» дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны
баршамызға аян. Ал, бала тәрбиесі ең әуелі ата –
анадан, мектеп қабырғасынан басталса, тәрбиенің
бәрін олар кітаптан алатыны анық.

    
Бүгінгі конференциясымыздың арқауы халқымыздың
өткен тарихынан сыр шертетін, қазақ ұлтының
өткен ғасырларда білімді, мәдениетті, өркениетті ел
болғандығын дәлелдейтін әдеби-тарихи мұра –
қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы болмақ.

  
Бұл конференцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап
оқуға баулу, туған тілді қастерлеу, рухани жан
дүниені байыта түсу, сөйлеу мәдениетінің
қалыптасуына ықпал ету.

  
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай
жолы» романы арқылы өзінің абырой – атағын 
асқақтатып қана қоймай, қазақ
халқының ұлттық қонысын, күллі түрік дүниесінің
ортақ мәдениетінің бүкіл әлемге танытты.
Өйткені, роман желісінен тек бір ғана ұлтқа емес,
түп тамыры Орталық Азидан тараған, кезінде көшпелі
мәдениеттің өркендеуіне,үлес қосқан талай
тайпалардың атадан балаға мирас болып келеген ортақ тарихы жолының
әзән аңғаруға болады.

  
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы – ғасырлық
туынды, атадан балаға мирас болатын, әр қазақтың
үйнің төрінің орын алатын қасиетті шығарма.
Ендеше осы кітап туралы, оның құндылығы туралы
оқырмандарға, яғни мектеп оқушыларына сөз кезегін
беремін.

2 жүргізуші:

         
Мұхатр
Әуезов туралы түркмен халқының жазушысы Берды Кербабаев
былай деп жазған «Тағдыр жан біткеннің бәріне талант
бере бермейді. Тау граниттан, әр сортты, әр қилы
көлемді жақпар тастардан құралғанмен,
солардың ішінен алмазды өте сирек кездестіреміз.

1 жүргізуші:

         
Оның
бірі- Мұхтар Омарханұлы Әуезов оның үні ынта
қойып ұйып тыңдайтын бұл бұлдың әсем
даусындай әуезді еді, ол өз халқымен ел жұртының
ғұлама білгірі, сөз зергері болды.

2 жүргізуші:

         
«Әлем
таныған әйел» оқитын 56 топ оқушысы Каракулова Жанылсын.

1 жүргізуші:

         
«Абай
жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі
дүние жүзі әдеби классиканың шырқай шыннына
шықты. Сөйтіп, 19-ғасырдың 40-50 жылдарын Мұхтар
Әуезов Туған әдебиетіңіздің даму тарихында
бұрын соңды көрмеген ренессансқа айналдырды.
Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай»
шығарма бұл тұсқа дейін қазақ
әдебиетінде болған емес – дейді Ғабит Мүсірепов.

2 жүргізуші:

         
«Бұл
да аз, — дейді француз жазушысы Луи Аргон, — әлемнің басқа
елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын;
бұл менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік
шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінен де
онымен тең түсетін шығарманы табу қиын».

1 жүргізуші:

         
«Абай
жолы»- роман эпопесының шығу тарихы. Оқитын 59 топ
оқушысы Утебаев Талғат.

2 жүргізуші:

         
Ең
талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған орасан биік
бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттермен жетті? Бұл
сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән
негізгі ерекшеліктерге тоқталып өтейк.

«Абай жолы»
романының қасиеттілігі. Оқитын 58 топ оқушысы Айтжанова
Аида.

1 жүргізуші:

         
Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі туралы 59 топ
оқушысы Оразов Уәлихан дайындаған «Абай – ұлы
тұлға» тақырыбында бандамасын назарыңызға
ұсынамыз.

2 жүргізуші:

         
«Абай
жолы» романның жастарға берер тәлім-тәрбиесі туралы
мектеп психологы Бақыт Бөлекбаеваның «Абай рухани
ізгіліктері» бандамасын назарларыңызға ұсынамыз.

1 жүргізуші:

         
Көтеріп
күз қайғыны тартар едім,

Болмаса
құздан биік асқар ерің.

Әлемге
қазақ дауысын таратып сен,

Далама
даңқ берген асқар едің.

2 жүргізуші:

         
Бағына,
ел – жұртымның талайына,

Сен
құсап туған едің Абайыма.

Халқымның
мақтанышы, ардагері,

Атыңды
бүркемекпін талай мұңға?

1 жүргізуші:

         
Жырлаймын
дірлетіп қаламымды

Тебірене
және мақтан дала күллі,

Көтеріп асыл
сөздің мұнарасын,

Дауылдап
жазығында дана тынды.

2 жүргізуші:

         
Сол
сұлу мұнарадан сырлар тарап,

Жөнелер
ғасырларға жыр арқалап,

Жұлдыздай
қатар жанған төбемізде,

Асқардан
Абай, Мұхтар тұрар қарап…

1 жүргізуші:

         
«Абай
жолы» жіне Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы зиялы
қауымның жазған пікірлерімен танысу үшін 58 топ
оқушысы Караева Балзираның дайындаған «Көңілемде
қшпес бейне»
атты баяндамасын назарыңызға ұсынамыз.

2 жүргізуші:

         
Мұхтар
Әуезовтің өзң ХХ ғасырдағы ұлттық
ой-санамыздың, сөз өнеріміздің асқар биігі,
әлем әдебиетіне қосқан халқымыздың
үлесін таразылайтын өлшем. Мұхтар Әуезовті Бальзакпен,
Толстоймен, Гетемен, Достоевскиймен, Тургеновпен, Шолоховпен салыстыру жиі
кездеседі. Әлем әдебиеітінің алыптарымен қатар
қою жағынан ал,анда, бұл дұрыста. Алайда, ір классик –
қайталанбас дара тұлға. Мұхтар Әуезові, сонан
кейін барып адамзаттың Әуезові.

1 жүргізуші:

         
«Абай
жолы» роман – эпопесы –қазақ әдебиетінің ғана
емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де
дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы
туындыларының бірі. Көптеген елдің адамдары бұл
романнан қазақ халқының жарты ғасырлық
өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдаын,
мідениетін, тұрмысын таныды.

2 жүргізуші:

         
Халықтың
азаттыққа, бақытқа деген арманы мен күрестерін
алғы кезекке шығарып көрсету, бұрынғы мен
бүгінгінің жанды жалғастығын сездіру мәселесінде
де «Абай жолы» қазіргі заман әдебиетіне жақсы
жаңалықтар қосты.

1 жүргізуші:

         
«Ғасырдың
үздік кітабы» оқырмандар конференциясын қорытындылау
үшін кітапханша Фатима Андрейқызына береміз.

Кітапханашы:

«Абай жолы» жай
ғана тарих емес, ол көркемдік ойдың көрігінен өткен,
сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың
тағдыры, өткені мен кешегі жайындағы терең
толғаныс.

Мұхтар
Әуезовтің өзі – ХХ ғасырдағы ұлттық
ой санамызды, сөз өнеріміздің асқар биігі, әлем
әдебиетіне қосқан халқымыздың үлесін
таразылайтын өлшем.

Көрмеде –
уакыт сынынан мүдірмей өтіп, адамзаттың ақыл – ойы,
көркемдік даналығы туғызған ең үздік,
ең таңдаулы шығармалардың қатарынан орын
алған – Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы.

Ал, бұл
альбом – шежіре қазақ халқының ұлы ақыны
әрі ойшылы Абайдың шығармашылығы мен өміріне
қатысты оқиғалардан мол мағлұмат беретін
Маңғыстау өңірі мен Семей қаласындағы
тарихи ескерткіштер, табиғат көріністері, ежелгі өнерпаз
елдің бүгінгі рухани, мәдени тыныс – тіршілгі жайында
шежірелі сыр шертеді. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды
халқымыздың бір туар перзенттерін дүниеге келтірген осынау
құнарлы топырақ, қасиетті жермен жұртшылықты
етене таныстырады.

   Өз
ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тілін, дінін, ділін,
әсіресе өткен тарихын пір тұтқан адам ғана –
болашағы зор, көкірегі ашық, білімді, мәдениетті,
өркениетті елдің азаматы болатындығына сенімдімін,

2 жүргізуші:

         
Осымен
«Ғасырдың үздік кітабы» оқырмандар конференциясы
өз мәресіне жетті.

1 жүргізуші:

         
Келесі
кездескенше хош – сау болыңыздар.

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде әдіскері
Дуйсекова Гульнар Ертішқызы

Ғылыми — конференцияның тақырыбы: “Өшпес тарих тағылымы”

Мақсаты:
1. Ғылыми — тәжірибелік конференциясының мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихы бойынша теориялық білім деңгейін және әдеби шығармашылық, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.
2. Білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел тарихы мен әдебиеті бойынша шығармашылық қабілеттерін анықтау, зерттеушілік және жобалау іс — әрекеттерін дамыту.
3. Тәуелсіз Қазақстан тарихын тереңдетіп оқыту.

Ғылыми — конференцияның көрнекілігі: Қазақ хандығы туралы бейне жазба, слайд, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар мен қолөнер көрмесі.

Конференция барысы
(Сахна сыртында қобыз даусы күңіреніп тартылады, сахна сыртынан жазылған дауыспен)
Видео жіберіледі ( аттың дүбірі, киіз үй).

Біз қазақпыз!
Ежелден — ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол бабамнан.

(Экраннан киіз үйдің көрінісі, «Сұлтандар кеңесі» деген жазу)

1 — жүргізуші: (сахна сыртынан жазылған дауыспен)
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. 1456 — шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.

Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан — екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: — Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

«Тіл – ұлттың жаны»

Ғылыми конференция

Мақсаты: Оқушыларға өз ана тілінің құдіреттілігін сезіндіру. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша екенін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастыру, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін саналарына сіңіру.

Көрнекілігі: Тіл туралы өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Б а р ы с ы.

Мұғалім: Әр халықтың өз ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадыңда жатталып, бақытқа жеткізеді.

Тіл – ұлттың жаны. Расында қазақ халқының басына талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол – ұлтымыздың анасы деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша Қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқысы болуын көздеп отыр.  Ендеше, тілімізді қадір тұтып, сап алтындай сақтап болашаққа жеткізетін өздеріңізсіз. Бүгінгі «Тіл – ұлттың жаны» атты ғылыми конференцияда  тіл мәселесін өзек етіп, тіліміздің мәртебесін асырайық, құрметті достарІ

Ұйықтасам, ана тілде күбірледім.

Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.

Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,

Бітпейді менің одан бұрын демім.

Сырласпай адамдармен тұра алмаған,

Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.

Жоңғармен шайқасқанда осы тілде,

«Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.

Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,

Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.

Бұл тілде желмаямен жортып келіп,

Кемеңгер кеңес берген Асан атам.

Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,

Жиреншедей дария шешен бабам.

Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,

Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам, — деп Қадір Мырзалиев ағамыз өзінің «Тілім менің» атты өлеңінде осылай жырлаған болатын. Ендеше «Тіл – ұлттың жаны» атты ғылыми конференцияға өзінің баяндамаларымен келген оқушыларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің құрметіңізге  Ә.Әбіловтың «Тіл сенің» атты өлеңін 11-сынып оқушысы Әбибуллаев Ақжол оқып береді.

Тіл сенің – ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің – жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман, көк арайлы бағыстаның.

Тіл сенің — өмірдегі өрнек сырың.

Тіл сенің – көмейдегі күміс жырың!

Аспаның, айың, күнің, ауаң, демің.

Шат күлкің, тәтті әзілің, тапқыр сының.

Тіл сенің – жігіттік, балалығың,

Өмірде адамдық, даралығың.

Тіл сенің – шағын жорғаң шын тайпалар.

Сайысса саңлақ сөздер ер байқалар.

Жүйрік тіл жүректерді тебіренпесе,

Шешен деп, шежіре деп кім айталар?

Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз,

Ел тағдырын шешіпті өткен бір кез.

Досқа – бал, дұшпанға – у, қайран тілдің,

Достарым, құдіретін осыдан сез!

Тіл сенің – тірліктегі жан ләззатың.

Тіл сенің – ар, арманың, махаббатың.

Алғашқы баяндамашы, 11 сынып оқушысы Сарсенбаев Бақтиярды ортамызға шақырамыз.

Мұғалім:

Дәулет деген – ұғыңдар!

Кеше болса, бүгін жоқ.

Тілің болса – күнің бар,

Тіл болмаса – түгің жоқ!

Тілім – шипам, дәрім де.

Мәңгүрт болып күн көрем.

Абыройдың бәрін де,

Маған осы тіл берген.

Тілсіз келген білімің.

Түбі нағыз қиғылық.

Көсегесін тілімнің,

Көтеремін ту қылып.

Ақын көзі жұмылмас,

Жырдың көзі жұмылмай.

Елдің туы жығылмас,

Тілдің туы жығылмай, — демекші, «Тілдің туын жықпай, болашаққа көкке көтеріп жеткізем» — деп жүрген оқушылардың бірі 11 сынып оқушысы Нағметов Нұрсұлтанды ортаға шақырамыз.

Мұғалім:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім – мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім – мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев атамыз жырлаған болатын. Дәл осындай тілге деген сүйіспеншілікпен, үлкен махаббатпен біздің гимназиямыздың алдыңғы қатарлы оқушыларының арасында орны бар 10 сынып оқушысы, баяндамашы Омарова Рыстыны ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Қырғыз ақыны Сарноғаев өзінің тілге арнаған өлеңінде:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас, — деген болатын. Біздің Құрық гимназиясының барлық оқушылары өзінің туған жерін де, туған тілін де шынайы сүйіп, қадір тұтады. Солардың бірі 10 сынып оқушысы Балтабайұлы Серік. Ол өзінің баяндамасын сіздердің назарларыңызға ұсынады.

Мұғалім: «Туған тіл – тұғырың, туған тіл – қыдырың» дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес. Десек те «туған тілім туралы сөз қозғап, өзімнің ойымды көпшілікке білдірсем» деген ниетпен келген 9 сынып оқушысы Тәженова Жанияны өз баяндамасымен ортаға шақырайық.

Мұғалім: Келесі кезекте «Тіл – жаным, тіл – қаным, тіл – арым, тіл — әнім» деп көкірегін ұлы сөздермен қанаттырған 9 сынып оқушысы, баяндамашы Қойшиева Замангүлді қарсы алыңыз.

Мұғалім:

Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасы,

Ана тілін ардақтауға жетпегені шамасы.

Егер тамыр жая алмаса бала ана тілінде,

Туған тілін тұңғыш тұғыр ете алмас білімге, — деп Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, келесі баяндама оқу кезегін 8 сынып оқушысы Жаңабаева Ақсұлуға береміз.

Мұғалім: Құрметті «Тіл – ұлттың жаны» атты ғылыми конференцияға қатысушылар! Сіздер бүгін қасиетті тіліміздің құдіретін жан-жақты аша білдіңіздер. Қоғамда болып жатқан тілдің өзекті мәселесіне тоқталдып, кемшіліктерді дөп баса айта білдіңіз. Тығырықтан шығатын тура жолды да көрсете білдіңіз. Сонымен, ата-анамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш-ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады.

«Тілден асқан байлық жоқ» Тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.

М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясы 10 «Б» сынып оқушыларының А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастаны бойынша дайындалған оқырмандар конференциясының сценарийі

Қосымша түсінік. А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанында баяндалған оқиға автор тарапынан берілді және оқырмандарға түсінікті болу үшін дастандағы оқиғаны рөлдерге бөліп, мұғалім тарапынан өлең шумақтары қосылды

Конференция мақсаты: Оқырмандарды А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанының жазылу тарихымен, мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды сахналауға бейімдеу

(Абайдың «Көзімнің қарасы» әні жай ойнап тұрады, интерактивті тақтада күз мезгіліндегі қазақ ауылының көрінісі көрсетіледі. Сахнаға Зейнеп, Алуа, Аяна шығады)

Зейнеп.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Аяна. Абай атамыздың күз мезгіліне арнаған өлеңін тыңдап отырып, көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу тартқан бейнесін қалай керемет шендестіре суреттеген деп таңырқап отырмын. Мен де Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасын ұнатамын. Соның бірін оқып берейін. Ол өлең бәрімізге бала кезден таныс.

(Интерактивті тақтадан қыс мезгілі, қазақ ауылының бейнесі көрсетіліп тұрады)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы — үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Алуа. Иә, Абай атамыздың «Қыс» өлеңін тыңдағанда, шынында үсті-басын ақ қырау басқан шал кіріп келгендей сезінесің. Табиғатқа бұлай жан бітіре, тірі бейне ретінде суреттеу қазақ әдебиетінде Абайға дейін болмаған деседі. Мен де Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін оқып берейін.

(Тақтадан жаз мезгілі, қазақ даласы, өзен, көл, қалықтап ұшқан құстар, далада көсілте шапқан тұлпарлар бейнесі көрсетіледі )

Жазғытұры қалмайды ќыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап.

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.

Зейнеп. Алуа, сенің оқыған өлеңіңді тыңдап, шынында, жадырап қалдық. Адам өмірі мен табиғат құбылыстары арасындағы үндестікті бар жан дүниемізбен сезіндік. Табиғаттың сұлулығына шабытты суреткердің көзімен қарап тамашалау ерекше екен.

Сахнаға Нұрмахат, Әбдірахмен, Сырым, Санжар шығады

Нұрмахат. Қыздар, сендердің оқыған өлеңдеріңнің әсерінен шыға алмай, тіпті,сахнаға шығатын кезегімізді ұмытып кете жаздаппыз. Рахмет сендерге! (Қыздар сахнадан шығады)

Нұрмахат. Достар, мен сіздерге Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқып берейінші

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.

Әбдірахман. Меніңше, ақын бұл өлеңде құр өкіну мақсатында жазбаған, біздерге білім мен өнер қуатын шағыңды бос өткізбей, еңбектеніңдер деп тұрған жоқ па?! Мен де ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып берейін.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз

Сырым. Иә, керемет өлең. Абай ақынның бұл өлеңінің адамды жігерлендіріп, алға сүйрейтін күші бар екен. Ендеше, мен сіздерге ақынның «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасын» оқиын, тыңдап көріңіздер

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

Санжар.

«…Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап»,-деді-ау!.. Қандай әсерлі өлең! Арадағы ғасырлардан асып, Абайдың өзі келіп бізге арнап айтып тұрғандай. Шынында Абайдың өлеңін жай оқу мүмкін емес, оның астарындағы ойы еліктірмей қоймайды. Ал мен сіздерге Абай ақынның шәкірті Ш.Құдайбердіұлының бір өлеңін оқып берейін

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең –аласың, бос береді,
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Нұрмахат. Санжар, бұл Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі ғой. Әкесі өмірден ерте өткен Шәкәрімге Абай әкелік қамқорлығы мен ұстаздық қамқорлығын көрсеткен. Шәкәрім жастарды өзінің ұлы ұстазынан үйренуге шақырады. Біздің бүгінгі дайындаған оқырман конференциямыз да «Әр түрлі асылы көп», керек еткен адамға тегін беретін ақыл сатқан «саудагер» атамыз, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.

Абдрахман. Алаштың аяулы азаматы А.Байтұрсынұлы да Абай жайында: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлы. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,-деп баға береді.

Сырым. Қазақтың бас ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

(Сахнаға Ілияс, Зейнеп, Бекжан шығады)

Ілияс. Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Зейнеп. Дұрыс айтасың, Ілияс! Біздің бүгінгі кешіміз Абай сынды дара тұлғаға арналғандықтан, дана бабамыздың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере кеткеніміз дұрыс болар.

Ілияс. Әрине, дұрыс болады

Бекжан. Зейнеп, Ілияс, бұл ойларың дұрысына дұрыс қой. Біз жалпы Абай атамыздың өмірбаянымен, шығармашылығымен әр сыныпта танысамыз. Өлеңдерін жатқа айтамыз, музыка сабағында әндерін шырқаймыз. Осы залда отырған әр оқушы біз қазір таныстырмақшы болып отырған мәліметтермен жақсы таныс.

Ілияс. Онда не істейміз? Мына(интерактивті тақтаны нұсқайды) дайындаған мәліметтерімізді айтпаймыз ба?

Зейнеп. Мен таптым. Біз осы мәліметтерді сұраққа айналдырайық. Әр сыныптан бір оқушы сахнаға шықсын, біз оларға Абай Құнанбайұылың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ қояйық.

Бекжан. Білімімен дараланған достарымызға сыйлық берейік.

Ілияс. Ендеше, өзіне сенімді оқушыларды сахнаға шақырайық. 10А, 10Ә және 10В сыныбынан бір бір оқушы сахнаға шықсаңыздар

(Үш сыныптан үш оқушы шығады)

Зейнеп. Сіздер тақтаға назар аударыңыздар. Сұрақтар ұяшыққа орналастырылған. Жауап беретін оқушы ұяшықты өзі таңдайды, Достар, ұяшықты таңдау кезегі өзіңізде. (Оқушы сұраққа жауап бере алмаса, жүргізушілер жауабын өзі айтады.Жүргізушілер әр оқушыға 15 сұрақтан қояды

Сұрақтар:

  1. Абай Құнайбайұлы қай жылдары өмір сүрді? Абай ақын қай жерде дүниеге келді?

Жауабы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы. 1845-1904ж.ж.

  1. Абайдың әкесі Құнанбай туралы не білесің?

Жауабы:Құнанбай 1804-1896 жылдарда өмір сүрген. Ол кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған.Шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Меккеге қажылыққа барға, Меккеге барған қазақтар түсетін Тақия деген үй салдырған. (тағы толықтыруға болады)

  1. Абай Құнанбайұлы қай жерде білім алды?

Жауабы: Бала Абай кішкене күнінде ауыл молдасынан сауат ашады. Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул Жаппардың, кейін Ахмет Риза медресесінде білім алады. Медресенің соңғы жылында «Приходская школада» үш ай оқиды. Абайды әкесі

13 жасында ел басқару ісіне араластыру мақсатында елге шақыртып алады.

  1. Абай ауылына қонақ болып барып, Абайды әншілік өнеріне тәнті еткен әнші ақын кім? Біз бұны әдебиет сабағында «Ақын қонақтар» деген «Абай жолынан» алынған үзіндіден білеміз.

Жауабы: Біржан сал

  1. «Көргені мен білгені жүзге келген шалмен тең» деп Абай кімге арнап айтқан.

Жауабы: Өмірден ерте озған ұлы Әбдірахманға арнап айтқан

  1. Абайдың алғаш жарық көрген шығармалары кімнің атынан жарияланды?

Жауабы: Көкбайдың атынан жарияланды

  1. Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан…» Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?

Жауабы: «Әсемпаз болма әрнеге»

  1. Абай «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударды?

Жауабы: И.А.Крыловтан аударған

  1. Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе…

Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді?

Жауабы: С.Торайғыровтың «Асыл сөз» өлеңінен алынған үзінді

10. Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл-қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне.

Абайға арналған жырдың авторы кім?

Жауабы: Ж.Жабаев

11. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім…» Абай осы сөздерді қай қара сөзінде жазған?

Жауабы: 37-қарасөзінде

12. Абайдың қай қара сөзі тек сұраулы сөйлемдерден тұрады? (21 сұраулы сөйлем)

Жауабы: 40-қара сөзі

13. «Мінез – ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт» деген афоризмі Абай қай қара сөзінде жазған?

Жауабы: 32-қара сөзінде

14. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады…» Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?

Жауабы: 18 қара сөзі

15. «Адам баласының ең жаманы талапсыз…» Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?

44-қара сөзі

Зейнеп. Жарайсыңдар, достар,сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, сендерге арнайы дайындаған сыйымыз бар, қабыл алыңыздар!

(Жеңімпаз оқушыларға Абайдың шығармалар жинағы сыйға тартылады)

(Зейнеп пен Алуа сахнаға шығады)

Алуа. Абай ақындық өнермен қатар әншілік, сазгерлік өнерді де жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20-дан аса өлең-әні бар. «1889 жылы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударды, ол қазақ даласына «Татьянаның әні» болып таралды.

Зейнеп. Абай шығарған «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты әсем әндері бар. Абайдың сырлы әндерінің бірі «Желсіз түнде жарық айды» Нұртастың орындауында тыңдаңыздар.

Нұртас «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды

(Сахнаға Еламан мен Абай шығады)

Еламан. Ұлы Абайдың әні бізді бір сиқырлы әлемге жетелегендей болды.

Абай. Иә, ол рас, Абай әндерінің сиқырына дауымыз жоқ, бірақ біздің Нұртас досымыздың сиқырлы әуенін де ескергеніміз дұрыс.

Еламан. Әрине, келісемін. Нұртас досымызға өнері өрге жүзсін деп тілек айтайық.

Абай. Сонымен, Абай шығармашылығына арнаған оқырмандар конференциямызды аяқтаймыз.

Еламан. Аяқтағаның қалай, шығармашылық кештің шыңына енді жетпедік пе?

Абай. Айып етпеңіздер, жалғастырамыз деп айтпақшы едім.

Еламан. Жарайды, «Жаңылмайтын жақ, Сүрінбейтін тұяқ болмайды» дейді. Ондай-ондай болады. Кешімізді жалғастырайық.

Абай. Абай шығармаларының тағы бір өзгеше саласы — дастандары. Абайдан қалған үш дастан бар. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» Соңғысы аяқталмаған.Ақынның дастандары ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Оқиғалары шағын, көлемі аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.

Еламан. «Сегіз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» дегендей, Абайдың әр дастаны бір төбе, сондықтан біз бүгін тек бір дастанына тоқталамыз. Ол — «Ескендір» дастаны. «Ескендір» дастаны — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Ескендірді Еуропа  ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами Әлішер,Науаи, Жәми  сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай  бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған.

Абай, Осы «Ескендір» дастаны қалай басталатын еді?

Абай. Дастан былай басталады. `(тамағын қырнап, жөткірініп алады)

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?.. (аздап тоқтап, ойланып қалады) Шынында, осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Еламан. Қайсы жұрт?

Абай. Осы оқырмандар конференциясына жиылған жұртты айтып тұрмын.

Еламан. Білмейтіндер бар деп ойлайсың ба? Онда біз алдымен негізгі кейіпкеріміз туралы түсінік берейік. Абай жырға қосқан Ескендір тарихи тұлға, тарихта болған адам. Ендеше, Ескендір туралы мәліметпен тарихшы ұстаздарымыз таныстырса, сенімдірек болар. Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар

(Тақтада алдын ала дайындалған тарихшы пәні мұғалімдері Бестереков Ержан ағай Сейдалықызы Қаламқастың түсіндірме сөзі тыңдалады)

Еламан. Бізді Ержан ағай, Қаламқас апай Ескендір туралы деректермен таныстырды. Ұстаздарымызға рахмет айтамыз.

Абай.“Ескендір” поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар.

Еламан. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы – Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас.

Ал, Абай, оқырмандар күтіп қалған шығар, «Ескендір» дастанын бастайық онда.

Абай.

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары — оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.

1-көрініс Ескендір рөлінде Нұртас, Дарий патша рөлінде Бекжан)

Дарий патша.

(Сахнада Ескендір әскерлерімен тұрады)

Ескендір.

Уа, менің жеңілмейтін әскерлерім,

Біздер үшін нұрын төксін көктегі күн

Жарты әлемді соғыспен мен жауладым,

Мына бізді қолдай берсін, Хақ тәңірім!

Есімде ғой әрбір күннің есебі,

Ауыр күндер артта қалды кешегі.

Аз емес қой жаулап алған жеріміз,

Бағындырам жер жүзін, оған күшім жетеді

Әскерлер. (Бірнеше дауыс қосарлана: «Жасасын біздің даңқты қолбасшымыз!» деген сөзді бірнеше рет қайталап айтады )

(Осы кезде Дарий патша әскерлерімен залдың төр жағынан шығады.

Ескендір, мен тұрғанда ойлама тек,

Әлемнің билеушісі болам ба деп!

Ол ойың аса қоймас іс жүзіне,

Тосқауыл боламын мен жолыңа кеп!

Әскерімнің саны көп, күші мығым,

Жүрмегін бостан босқа болып шығын.

Жеңіс менің қолымда, ол ақиқат,

Мойындай бер, енді сенің қараң күнің!

Ескендір.

Ол рас, Дарий, сенің әскерің көп,

Әскерің көп болған соң көңілің тоқ.

Жеңісті бере алмаспын сонда-дағы

Жеңіліп отыратын еш жайым жоқ

Тосқауыл бола алмаған ешкім маған,

Әлемнің билеушісі тек мен болам.

Талайлар алдыма кеп басын иген,

Өзімді мойындатам енді саған

Ескендір. Алға, менің даңқты сарбаздарым.

(Ескендір мен Дарий патшаның әскерлері арасында шайқас басталады, нәтижесінде Ескендірдің әскері жеңеді, Қарсы әскер түгел ажал құшады. Жеңілген әскер жерде жатады, Ескендірдің әскері масайрап тұрады)

Ескендір- Нұртас

Әлдеқайда әскерінің көп саны,

Қан майданда Дарий атты патшаны,

Соғыстым да, күл талқанын шығардым,

Бұл әлемде жоқ қой менен асқаны!

Қарсы келмес бірде-бір қорғаны,

Мен жеңбеген бірде-бір жау болмады.

Осылайша даңқым менің жайылды,

Тарихымның еншісінде ол жағы

Ілияс. Әміршіміз қолбасшы ғой даңқты,

Жер жүзіне өзі өзі танытты.

Мына саған тең келетін ешкім жоқ,

Бар мадақтау саған ғана лайықты

Ескендір- Нұртас Уа, Македония ұлдары!

Бізге мәлім даламыздың сырлары

Кім айнытар, мені мына жолымнан

Ал қанекей, еріндерші соңымнан!

Ілияс О әміршім! Сөзіңе құлақ ұрамыз,

Біз ереміз, айтқан сөзде тұрамыз!

(Сахна жабылады.

Автор Абай Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты,
Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.

2-көрініс (Ескендірдің әскері шөл далада шаршап-шалдығып келе жатыр,

Абдрахман

Әміршім, айдан асты, шөл далада келеміз,

Тығырықтан жол таппаймыз неге біз?!

Шөлдедік біз, атымыз да болдырды

Бүйте берсек қырыламыз, өлеміз!

Бауыржан О, әміршім! Өзіңсің ғой қорған да,

Артта қалды таулар менен орман да

Шөл далада өлеміз бе осылай,

Тығырықтан шығатұғын жол бар ма?!

Ескендір. (Сарбаздарының рухын көтере сөйлейді)

Асыл текті сарбаздарым, шыдаңдар!

Қиыншылық артта қалған бұдан зор!

Жеңілмейтін әскерімнің бағын бер,

Бұдан шығар жол да бізге табылар!

Ғаламат. (алыстағы таудың етегінен бұлақ сылдырын естігендей болады)

Әміршім! Ана таудың етегінде, күн нұры

Естіледі бір бұлақтың сылдыры!

Бірнеше адам қайталап айтады. Қәне, қайда?

Ернияз.

Иә, рас мынау өзі бұлақ қой!

Бұл да бізге Алла берген сынақ қой!

Темірлан.

Ал ертерек біздер сонда жетелік

Сол бұлақтан су ішейік, көтеріп!

(Ескендір әскерлерімен асыға жүріп бұлақ басына келеді, барлығы суды қанып ішіп, жан шақырады)

Санжар.

Мына судың дәмі қандай керемет!

Бізге осы зәмзәм суы керек ед!

Ескендір.

Ғайыптан пайда болған бұл неткен су,

Бәрің ішіп, бұл суға бетіңді жу!

Бір бай елден осы су шыққан шығар

Өрлеп барып, үстіне тігейік ту!

Аралаңдар, мына таудың шатқалын,

Ал, қанекей, тегіс бәрің атқа мін!

Зәмзәм суы мына менің меншігімде болады

Тез табыңдар мына судың бастауын!

(Сарбаздар судың бастауын іздеуге кетеді)

Автор Абай

Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.
Қақпаны ашайын деп бәрі ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.

3-көрініс. ( Сахнада үлкен қақпаның макеті, маңдайшасында «Тәңірге бастайтын жол» деп жазылған. Ескендірдің әскері қақпаны аша алмай қайтып келеді.)

Нұрмахат

Бастау табу, мына бізге басты арман

Ал сол бастау, құзар шыңнан басталған!

Қорғанменен жабылыпты бастауы

Аша алмадық, алтындалған қақпаны!

Ескендір Нұртас

Осыншама жер қайысқан қолменен

Қақпа ашу қиын іс пе сендерге?!

Қақпаны ашам, мына маған сеніңдер

Ал қанеки, бәрін маған еріңдер!

(Ескендір әскерлерін ертіп қақпаға келеді, барлығы қақпаны сартылдатыр ұра бастайды)

Ескендір

-Кім бар мұнда, ар жағында қақпаның?

Жөн болады, жылдам маған ашқаның!

Қақпаның ар жағындағы адам. (Қақпаның ар жағындағы адамның рөлінде Сырым) Сырым.

-Бұл кім өзі? Тыныштықты бұзған кім?

«Қақпаны аш»!- деп айқай салып тұрған кім?

Ескендір

Білмесең, мен Ескендір, саған келген

Жер жүзінде соғыста бәрін жеңген

Қақпаны аш, хабарыңды айт, білдір маған

Қорлық қой, ешқашан да көз көрмеген!

Сырым

Ей, падишаһ, әдептен аспа енді

Бұл құдайға бастайтын қақпа еді.

Ескендір Нұртас

Қақпаны ашу мына менің қолымда,

Қақпаны аш! Бөгет болма жолымда!

Сырым

Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,

Мықты болсан өзіңнің нәпсіңді жең.

Іші тар, көре алмайтынның біреуі-сен,

Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.

Ескендір Нұртас

Талпынған, талаптанған, мен де бір ер,

Көп жүрдім, кездей келді көрмегендер

Ең болмаса халқыма көрсетейін

Сый болсын, белгі болар, бір нәрсе бер!

Сырым. (азырақ ойланып тұрып)

Сыйым осы, падишаҺ, мынаны ал,

Саған керек құнды зат ішінде бар!

Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,

Апар-дағы ойланып, көзіңді сал!

(Сырым орамалға түйілген бір нәрсе береді, Нұрмахат берген сыйды алып, сахнаға жақындай келіп, көрермендерге мақтана көрсетіп, Ескендірдің алдына алып келеді)

Ескендір.

Уа халқым! Кереметті қараңдар,

Әрбіріңнін беретұғын бағаң бар

Мына мені кіргізбеді қақпадан

Бірақ құр қол қайтармады бәтшағар!

Өздерің-ақ айтарсыңдар төрелік

Қане не бар, ішін ашып көрелік.

Сарбаздар. (қосарлана сөйлейді) Иә, көрелік

(Нұрмахат орамалды ашады, ішінен адамның бас сүйегі шығады)

Ескендір. (ашулы түрмен)

Мынауың не? Қу сүйек қой қуарған,

Маған лайық сый болмады бұлардан!

Апар дағы лақтырыңдар далаға,

Маған лайық осындай сый бола ма?!

Сарбаздар. (қосарлана сөйлейді)

— Иә, бұл қорлық қой!

-Лақтырайық далаға!

Санжар.

Әміршім!

Байқап тұрмын, сүйек емес, бұл тегін,

Белгілі ғой бұдан бірақ үркерің.

Аристотель ғұламаға барайық,

Сезіп тұрмын бізге бір жөн сілтерін.

Ескендір. (сенер-сенбес түрмен)

-Жарайды онда, жіберіңдер бір хабар

Ғұлама ғой, сырын тапса, сол табар.

Санжар. Құп болады, әміршім

(сахна жабылады)

(Сахнаға Бекжан, Тайыр, Шерхан шығады)

Бекжан

А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын тарихи шығарма десе болар екен. Дастанның басты кейіпкері Ескендір де, қазір ғана сахнада аты аталған Аристотель де тарихта болған адамдар.

Тайыр. Иә, дұрыс айтасың. Көрермендерге түсінікті болу үшін Аристотель туралы да айтып өтейік. Ол кім? Оны Ескендірмен не байланыстырады?

Бекжан. Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді. Аты «Ұлы мақсат» дегенді білдіретін Аристотель  Македонияға қарасты Халкида түбегінде Стагира  қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр. Оның әкесі Македония  патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған.

Шерхан. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. 18 жасында Аристотель Афина  қаласына барып, Платон Академиясында  шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы, Платон  қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады.

Тайыр. Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ берген. Ол Ескендірді «Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға» үйретеді.

Бекжан.  Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика,саясаттану және философия ілімдерін үйреткен. Аристотель өз қабілетінен пайдаланып Ескендірдің дүниетанымына үлкен әсер еткені анық. Дәл Аристотельдің әсерінде Ескендір ғылым-білімге құрмет етті. Ол мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөліп, қызметшілерді жұмылдырып, Аристотелдің көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуіне септесті.

Шерхан. Дегенмен, Аристотель Ескендір құрған империяны да, Ескендірдің саяси көзқарасын да жақтамағаны кітаптарынан байқалады. Б.з.д. 335 жылы ол Афинаның  Ликей деген жерінде өз мектебін ашты. Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін «серуен философиясы» деп те атайды және Аристотелге ілесушіні серуенші деп атайды.

Тайыр. Сонымен, біз көрермендерімізді Ескендір туралы біраз мәліметпен таныстырдық деп ойлаймын. Онда, дастанынның жалғасын тамашалауға қайта оралайық.

Шерхан. Иә, Тайыр, данышпан Аристотель Ескендірдің алған сыйының сырын қалай ашты екен, соны білейік.

4-көрініс (Сахнада Аристотель, Ескендір, сарбаздары)

Аристотель ролінде Еламан

(Аристотель бас сүйекті қолына алып ойланып отырады)

Аристотель.

Тегін сүйек емес екен расында

Сүйек тұрсын таразының басында

-Қазынадан алтын, күміс алыңдар

Бір басына тегіс соны салыңдар

Салыңдар да қару-жарақ барлығын

Таразылап көріңдерші әрбірін.

(Таразы әкелінеді. Таразының бір басына бас сүйекті, екінші басына қазынадағы бар байлықты, тіпті қару жарақтарды салады, бірақ бас сүйек ауыр тартып тұрады)

Ескендір

Өз көзіме сенбей тұрмын әлі мен

Бір қу сүйек басым түсті бәрінен

Не бар енді қу сүйектен асатын

Зат қалды ма қу сүйекті басатын?

Аристотель Еламан

Бір уыстай топырақты алып кел

Сосын оны бас сүйекке шашып көр!

(Топырақ шашылады, сол кезде бас сүйегі бірден жеңіл тартып, таразының келесі жағы ауыр тартады)

Ескендір.

Данышпаным, таң қаларлық ісің бұл,

Бізге енді құпиясын түсіндір!

Аристотель- Еламан

Бұл адам көз сүйегі білген жанға,

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да

Өлсе тояр көзіне құм құйғанда

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?!

Қанша тірі жүрсе де өлген күні

Өзге көзбен бірдей ақ болады екен

Ашуланба, ей патшам, айтайын дат:

Алтын қақпа бермеді Сізге рұқсат

Сый сұрадың – бергені бір қу сүйек

Мұны көріп алсаңыз Сіз де ғибрат!

Ескендір.

Бұл өмірде болмас деп ем арманым

Жалған дүние жартысын да жауладым

Бірақ бұл да аз боп маған көрінді

Тек соғысқа бастай бердім елімді

Бір ашкөздік жайлап алды денемді

Алған беттен қайта алмадым мен енді.

Айтыңдаршы, тоқтау айтар маған кім?

Әлі талай елді жаулап алармын.

Қу сүйектей топырақ басса жүзімді

Сонда ғана мен тыныштық табармын

(Ескендір ауыр ойға шомып отырып қалады)

Ескендір. (басын көтеріп, сарбаздарына қарап сөйлейді)

Әрқашанда барға қанағат етейін

Сарбаздармен еліме тез жетейін.

Сарбаздарым, бағытымыз ендігі

Туған жердің топырағы, елдігі

Мирас

Туған жерге ораламыз! Туған жер!

Бізге жұмақ туған жерім, думанды ел!

(Сарбаздар қуана қостайды)

(Сахна жабылады)

Абай автор.

Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.
Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

Сахнаға Нұрасыл, Абай

Нұрасыл.Құрметті көрермендер, біздің сыныптың оқушыларының өнері сіздерге ұнады ма?

Абай. Нұрасыл, оқырмандар конференциясында оқырмандардың да пікірін тыңдамасқ болмас, қалай ойлайсың?

Нұрасыл. Әрине, тыңдап көрелік. Достар, дастанда негізгі екі кейіпкер бар екенін көрдіңдер. Олар Ескендір және Аристотель. Осы кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік. Алдымен Ескендірден бастайық. Дастанда Ескендірді қай қырынан байқадық? Ойларыңызды дастаннан үзінді келтіріп дәледесеңіздер тіпті жақсы болады

(Оқушылардың жауабын тыңдау. Бір оқушы микрофон беріп тұрады)

Нұрасыл. Аристотель туралы не айта аламыз?

Шыңғыс. Кез келген шығармада автор өзінің айтпақ ойын кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы береді. Шығарманың идеясы осында. Солай емес пе? Ендеше, «Ескендір» дастанының идеясы қандай. Абай атамыз осы дастан арқылы бізге не айтқысы келді екен?

(Залдағы оқушылардың пікірін тыңдау)

Нұрасыл. Біз де сыныпта Абай Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын талдаған едік. Енді назарларыңызды тақтаға аударсаңыздар. Сыныптағы сабақтан үзінді ұсынамыз.

Сыныптағы сабақ (сыныпта оқушылар дөңгелене отыр)

Мұғалім. Балалар, біз Абай Құнанбайұылың «Ескендір» дастанымен таныстық. Дастанның мазмұны бәрімізге түсінікті болды ма? Дастанның желісін есімізде сақтадық па? Ендеше, «Ескендір» дастанына композициялық талдау жасап көрелік. Шығарманың композициялық құрылымының бөліктерін атап шығыңдаршы

Еркебұлан. Шығарманың композициялық құрылысы мынадай бөліктерден тұрады:

1. Экспозиция, яғни шығарманың басталуы.2. Сюжеттің байланысы. 3.Шиеленісуі.

4. Шарықтау шегі.5. Шешімі.

Мұғалім. Ескендір дастанын осы кезеңдер бойынша талдап көрейік.

Рахым. Филип патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. Шығарманың экспозициясы осы деп ойлаймын
Диас. Ескендірдің әскерімен елсіз шөлге тап болуы. Өлдім — талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. Осы оқиғалар сюжеттік байланысқа жатады?
Әлия. Оқиғаның шиеленісуіне Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп Ескендірге қақпаны ашпай қойғаны, Қақпаның ар жағынан алған сый туралы оқиғаларды айтуға болады
Ержан. Дастанның Шарықтау шегіне Ескендірдің қақпаның ар жағынан алған сыйының қу сүйек екенін біліп ашуға булығуы. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
Нұрасыл. Дастанның Шешімі. Хакім Аристотельдің: «Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда» деген жауабы деп ойлаймын.

Мұғалім. Шығарманы құрылысына жақсы талдадыңдар, жарайсыңдар!Енді кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік. Дастанның негізгі кейіпкері Ескендірге концепуальді кестені пайдалана отырып мінездеме беріңдер.

Еркебұлан. Ескендір дастанда дәріптелмейді, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.

Мирас. Ескендір тойымсыз, қанағатсыз, оған жаулап алған жері соншалықты көп болса да, өзіне аз болып көрінеді

Өз жұрты аз көрініп көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды

Ғаламат. Дастанда Ескендірдің тойымсыздығы анық байқалады. Оны мына өлең жолдарынан да байқаймыз

Ескендір елде алмаған хан қоймады,

Алған сайын көңілі бір тоймады

Ернияз. Ескендір шөл далада ағып жатқан бұлақты да өз меншігіне алғысы келді. Бұл да Ескендірдің тойымсыз, қанағатсыздығының бір дәлелі.

Ілияс. Дастанда Ескендір мақтаншақ, өркөкірек деп суреттеледі.

Ескендірдің өзін

Білмесең мен Ескендір патша деген,

Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген,-деп таныстыруының өзі мақтаншақ, өркөкірек адам екенін аңғартады.

Еркебұлан.

Ескендірді Озбыр, қанішер кейіпкер деп айтар едім. Оған дастандағы мына жолдар дәлел болады

Жазықсыз жақын жердің бәрін шапты

Дарияның суындай қандар ақты

Мұғалім. Ал дастандағы екінші кейіпкер Аристотел туралы не айтасыңдар. Дастанда ол қай қырынан көрінді?

Әлия. Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке — дара», «хакім адам» деп бағалайды. . Ал Абайдың ұлы ойшыл, данышпанның бейнесін сомдау себебі оның ақыл мен білімді, парасаттылық пен даналықты жоғары санағандығынан туған.
Мұғалім. «Ескендір» дастанының идеясы неде деп ойлайсыңдар. Абай Құнанбайұлы осы дастаны арқылы оқырманына не айтқысы келді?

Әлия. Абай өз дастанында әділетсіздікке, басқыншылықты сынады. Басқыншылықтың салдарынан туындаған ашкөздікті, тойымсыздық, қанағатсыздықты сынады.

Мұғалім: «Ескендір» поэмасының идеясы әділетсіздікке, басқыншылыққа ғана қарсы шығу емес, адамгершілік қасиеттерін ашып, кісілік мұраттарға жетелейтін қанағат атты сипатты дәріптеп, ұрпақтарына серік ету. Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы әлсіздігі.

Мұғалім. Ал дастаннның идеясы қандай? Абай ақын осы шығармасы арқылы бізге не айтқысы келді?

Нұртас. Абай көптеген шығармаларында адам мінезін түзеу туралы айтады. «Ескендір» дастанында да осы тақырыпты көтерген. Адам бойындағы қанағатсыздық, тойымсыздық, озбырлық, өркөкіректік қасиеттерді сынайды, осындай жағымсыз мінезден арылуға үндейді

Мұғалім. Абай ақын “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?

Нұрасыл. Қатыгез болмауға,Мейірімді болуға, тойымсыз болмауға қанағатшыл болу керектігін түсіндік.

(Сыныптағы сабақтың видеосы осымен бітеді)

(Сахнаға Сырым, Абай, Еламан шығады)

Абай. Қанағат ету туралы асыл дініміз исламда да көптеген тамаша хадистер бар.Ұлы Алланың берген нығметтеріне шүкір етіп, бергеніне разы болып, ашкөздікке, дүние құмарлыққа салынбау қанағтшыл болу дегенге саяды.

Әйгілі сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас: «Ей, балам, егер сен Алладан байлық сұрасаң, қанағатты сұра. Ол ақиқатында таусылмайтын байлық» деп баласына өсиет етіпті.

Сырым. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз да «Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жігіттің жалғыз атын сойғызар» деп, қанағатшыл болуға шақырады.

Еламан. Қазақ халқында қанағатқа байланысты айтылған тамаша мақалдар мен шешендік сөздер бар. Ата бабаларымыз қанағат етудің мәнісін терең сезініп, ұрпақтарына қанағат етуді аманаттап кеткен. «Ер азығы – қанағат», «Ынсап сайын береке», дейді дана халқымыз. Бабалар аманатына адал болып, Алланың берген нығыметіне шүкірлік етіп, қанағатшыл болайық. Қашанда қанағат түбі — береке!

Мирас. Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға елестетудің өзі қиын, өйткені ол жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақын – шешені, кең толғар дана көсемі. Оның шалқар дария шабытынан туған таңғажайып шығармалары  — жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы.

Нұрмахат. Абай үні – жүрек үні. Абай сөзі – жүрек сөзі. Арада қанша уақыт өтсе де шығармаларын оқығанда оның жүрек соғысын кез – келген көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы сезе алады. Абай – бар болмысымен, шын жүрегімен жырлап өткен ақынның бірі. Сондықтан да болар оның әр өлеңі жүрегімен жазылған, өлеңі мен әндері мәңгі жасап келеді.

Санжар. Өзі өлсе де, өлеңдері халық жүрегінен еш өшкен емес.      Абай сөздерінің әр сөзіне үңіліп қараған жан, оның әр сөзінен үлкен ғибрат, өнеге, ұлы сабақ алары хақ. Абай уағызын ұққан адамның қоғамның қадірлі азаматы болары даусыз.

Еркебұлан. Абай өзінің саналы ғұмырында ылғи да адамшылыққа тәрбиелеу адам құқының басты мақсаты екенін аңғартты.Ақынның терең мәнді туындылары бағдар тұтар темірқазығымыздай тың биіктерге шақырады да тұрады.  Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндері өзінің қалың елі – қазағымен бірге жасап келе жатыр. Абайдың өнер мектебінен тараған әсем әндері қазақ сахарасында қалықтап, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.

Нұрмахат. Әсем әндері демекші, бүгінгі Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнаған кешімізді ақынның әсем әнімен қорытындыласақ қалай болады?

Абай

Осындай тамаша кешті қалай қорытындыласақ болады деп ойлап тұр едім. Нұрмахат, сенің үнемі тұйықтан жол табатын тамаша қасиетіңді сыйлаймын ғой. Ендеше бәріміз қосылып Абайдың әнін шырқайық.

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исхакова Базаркуль Кемелбаевна


Подборка по базе: Тақырып 3. Автокөлікті техникалық жабдықтаудың негізгі элементі., 2-сабақ. Негізгі және туынды сын есім.pptx, Төңкеріс негізгі орта мектебі бойынша І оқу тоқсанындағы білім , Дүние жүзі тарихы. 11 сынып 3-бөлім Қоғамдық-саяси ойдың дамуы 4, Сауықтыру бағытының негізгі формалары.docx, Cаясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау.docx, Девиациялық дамудың жалпы заңдылықтары. Психикалық даму бұзылыст, Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін, Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде.docx, ATL жарнама таратудың негізгі құралдардың қайсысы жатады.docx


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

КУРСТЫҚЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Негізгі сценарийлік ұғымдар»

Орындаған:

.
Ғылыми жетекшісі:

Орал – 2015 ж.

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………….3

1. Сценарий туралы түсінік және түрлері

1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері………………………………………………………5

1.2 Ақпараттық сценарий…………………………………………………………………………….9

1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий………………………………………………….13

2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде

2.1. Сценарийдегі шығармашылық әдістер…………………………………………………14

2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі……………………..16

Қорытынды………………………………………………………………………22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………23
Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.

Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.

Киносценарий XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.

Кинематографияның бейнелі қалпында жүзеге асуы мен мәтіннің жанрлық табиғатын ұйымдастыру осы 4 құрылымдық компонентке негізделеді. Фильмнің жанрына байланысты (детективті, деректі, тарихи, фантастикалық, т.б) 4 құрылымдық компоненттің бірі алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, деректі фильмде комментатор дауысы немесе түсіндірме жазбалар маңызды рөл атқарады. Ойындық фильмдерде бейнелілігі мен айқындығы тұрғысынан алғашқы қатарға кейіпкер әрекеті, монолог, диалог және ремарка шығады. Сценарийлердің көп бөлігі (триллер, модернистік, мистикалық фильмдер сценарийі) арнайы эффектілерден, яғни бейнелілікті толықтырушы (компьютерлік) қалыптардан тұрады.[1]

Теледидарлық сценарийлер де кеңінен дамып, ішінара жанрлық өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, шоу, полемика, КВН, теледраматургия, публицистикалық, саяси, тарихи, деректі бағдарламалар. Теледраматургия айқындық, ақпараттық және бейнелердің түсініктілігі, қысқалық секілді талаптарды қажет етеді. Теледидарлық сценарийде публицистикаға, айқындыққа, технологияға бет бұру, театрланған бағыттар байқалады. Опералық, балеттік, пантомималық сценарийлер либретто деп аталады.

Зерттеу мақсаты: негізгі сценарийлік ұғымдар туралы жалпы мәлімет беру.

Зерттеу міндеттері:

  • Сценарий туралы түсінік беру;
  • Сценарийдің түрлеріне сипаттама;
  • Сценарийдің құру жолдарымен танысу.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Сценарий туралы түсінік және түрлері

1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері

Телесценарий

Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын мамандар жоқтың қасы (жоқтың қасы дейтінім мен ондай мамандарды кездестірмедім, бірақ оны мүлдем жоқ деуге аузым бармайды). Сценари й ді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс.Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады.Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Интернет-ресурстар қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тартымды болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.[1]

Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және материалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценари й ді жазудан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценари й лер жазатын сценаристің әмбебап болудан басқа амалы жоқ. Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.

1. Сценарлық өтініш – бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баяндайтын құжат. Онда міндетті түрде:

— Жобаның атауы (шамамен);

— Мән-мазмұнын нақты баяндау;

— Мақсатты аудиториясы;

— Хронометражы (хабардың ұзақтығы);

— Эфирге шығу жиілігі (күнделікті, апталық және т.б.);

— Авторлық ұжым құрамы;

— Болжамды шығын – барлық шығын;

— Жобаны іске асыру мерзімі толық көрсетілуі тиіс.

Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы шешім осы өтініш негізінде қабылданады.

2. Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға сай айтылатын диктор сөзі (подводка) мен қонақтарды шақыру тәртібі нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі. Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар құрамы(қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс.

3. Телеөнімнің түріне байланысты сценари й лер ‑ ақпараттық (танымдық, публицистік, ток-шоу және т.б.) және қойылымдық немесе рөлдік болып бөлінуі мүмкін. Бұл жерде әртістік өнер мен эмоция жағы маңызды, ал ақпараттық құрамы онша маңызды болмайды. Сценарлық жұмыс тәсілдері де соған сәйкес болуы қажет. Енді сценарийдің осы екі түріне нақты мысалдар келтіріп көрейік.

№ 1 ‑ ші мысал (ақпараттық сценарий)

«Вся страна» бағдарламасының сценарийі (үзінді).

Студия Мазмұны Ескерту
Шапка
Студия Ж1(Жүргізуші): Сәлеметсің бе, елім!

Ж2 Кеш жарық!

Ж1 Алдағы сағатта сіздермен бірге…

Ж2. Және ….

Ж1 Бұл «Вся страна» бағдарламасы.

Бағдарламалық «ойналым» (отбивка).

Ж1 «Турист» сөзі әдеби қолданысқа 1800 жылы еніпті. Шамамен дәл сол кезде Францияда француз тілінің сөздігіне турист сөзінің мағынасы енгізілген, онда «турист – бір нәрсені білгісі келгендіктен немесе уақыт өткізу үшін саяхатқа шығатын адам» делініпті.

Ж2 Ал, бүгінде «уақыт өткізу» жағымды әрі тиімді бизнеске айналып отыр.

Ж1 – Дүниежүзіндегі көптеген елдердің табыс көзі де осы туризм болып табылады. Бұл бақуатты елдер тек қана туризм есебінен күн көреді және елдің туристік нысан ретіндегі беделін көтеруге орасан зор ақша жұмсайды.

Ж2 – «Қазақстандық туризм». Бүгінгі әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбімек.

Ж1 – Әлемдегі туризм рыногының көлемі 3 трлн АҚШ долларынан асып жығылады. Туризмнен түскен табыс мұнай экспортынан кейінгі екінші орынды иеленеді.

Ж2 – Дүниенің төрт бұрышын аралап, жаңа әсерлерге бөлену үшін ақша төлейтін адамдар саны күн санап артуда.

Ж1 Кешегі күнге дейін Қазақстан мұнайлы держава мәртебесіне қанағаттанып, сабырлылық сақтап келді.

Ж2 – Туризм саласының қазіргі ахуалы және оның келешегі жайында ….. (журналистің аты-жөні) материалынан таныс боласыздар.

Сәлемдесу

1.2 Ақпараттық сценарий

Ақпараттық сценарийлерді жазуда Интернеттің көмегі шексіз. Алайда, қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын уақыттың 2/3 бөлігі жұмсалады.Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпылама сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.Жүргізушілердің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кезде айтатын сөздері белгілі бір ізбе-ізділікпен жазылуы тиіс. «Жүргізушінің сюжет алдында айтатын сөзін (подводка) жаңалықтар бағдарламасына тән дәстүрлі тәсілмен «бұл туралы бәленшенің материалында…» деп аяқтауға болады. Дегенмен еркін жазу үлгісімен, бірақ қалыптасқан шаблондарды пайдаланбай, сюжеттің мазмұнына және авторына тоқталмай жазған дұрыс. Мәселен:

Ж1 (жүргізуші) – Қазақстанда шекара әскерінің құрылғанына он екі жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, кеңестік дәуірде өмір сүріп, тәрбиеленгендердің санасындағы алыс және жақын шетел ұғымы өзгерген жоқ.

Ж2 – Біздің бірге өмір сүріп үйренгеніміз соншалық, Мәскеудегі немесе Ташкенттегі туыстарға, Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып қиындықсыз демалып қайтуға болатынын біле тұра, олардың мүлдем басқа мемлекеттер екенін ұмытып кетіп жатамыз.

Ж1 — Өкінішке орай, жақын шетелдер шекарасында да қақтығысты жағдайлар жиі орын алады. Бұл – шындық.

Сюжет – қазақ ‑ өзбек шекарасындағы қақтығыс

«Ақпараттық» деген терминді ақтау үшін жүргізуші мәтініне статистикалық мәліметтер қосу қажет. Бірақ оны бірінен кейін бірін тізбектей бермей, қызықты фактілермен және түйіндермен бөлген жөн. Дегенмен қатар оның ақпараттық бағдарлама еместігін естен шығармау керек.

Сондықтан онда эмоция мен субъективтік бағалаудың болғаны абзал.Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жауабын алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені, келесі сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді. Егер телебағдарламаға қонақ шақырылатын болса сценарийде оның студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейне-кадрлар берілетіні (жұмыс, демалыс кадрлары) толық сипатталады.[2]

Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бірнәрсе ала келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында). Сценарист бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп беру сұралады. Сценарийге осы іс-әрекеттердің бәрі жазылады.

Тапсырма: 2 жүргізуші жүргізетін анықтама-сюжетке сценарлық кіріспе сөз жазып көріңіз. Сцецнаридің тақырыбы: «Қазақстандағы көп әйел алу мәселесі. Қолдаушылар мен қарсы шығушылар».

Ресейдің «Телевизиялық журналистика» оқулығының телесценарий бөлімінде атап көрсетілгендей, сценарийдің драматургияның – тақырып, идея және композиция сынды элементтерінен тұрады.Тақырып – бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея – бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.

Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс.Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады. Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады. «Телевизиялық журналистика» кітабының авторлары «еңбек тәжірибесін енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың проблемамен онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды іріктей білмеуінен туындайды» деп жазады. Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті материалды жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады. Композиция – бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайындау. Бұл –материалды жазу ұстанымы.

Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: «Автор композицияның көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге болады». Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.

экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) – шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.

Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. «Егер сценарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады» деген пікірдің де жаны бар.Кейбіреулер мынадай пікір айтады: «Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті, ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі».

Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі.Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны «ойнатып» әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.
1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий

Қойылымдық немесе рөлдік сценарий жазу көркемдік тұрғыдан алып қарағанда өте қиын. Онда ақпарат пен көңіл-күй беріп қана қоймай, сценарийді матефоралармен, әзілмен, ирониямен, сарказммен … байыту қажет. Бұл жерде тек Интернет-ресурстармен шектеліп қалуға болмайды. Сценарий жазғанда білім қорын, көркемдеу мен драматургиялық шеберлік таныту талап етіледі. Ол үшін афоризмдер, сентенциялар мен әзіл-әңгіме жинақтарын пайдалануға болады. Жүргізушілерге келер болсақ, олардың актерлік қабілеті болуы тиіс, кәсіби актер болса тіпті жақсы. Ондайда сценарист кез-келген драматургиялық әдісті пайдала алады және оның қалай шығатынын ойлап бас қатырмайды. Қойылымдық немесе рөлдік сценаридің бастан-аяқ логикалық байланысы болуы шарт емес.

Бұндай сценаридің бір қойылымы екіншісіне мүлдем ұқсамауы да мүмкін.Сонымен қатар бұл сценариде: қимыл-қозғалыс, ым, дауыс ырғағы, қажетті заттар, жүргізуші киімдері,т.б. толық жазылады.[5]

Қойылымдық сценариде жүргізушілердің әр қайсысының мінез-құлқын анықтап, олардың сомдайтын рөлдерін де соған қарай бөлу қажет. Қойылымдық сценаридің егжей-тегжейлі жазылатынына қарамастан, онда жүргізушінің ойдан шығару қабілеті болуы шарт. Ақпараттық сценарий бұны талап етпейді. Қойылымдық сценарилерде айдарларға немесе сюжеттерге байланып қалудың қажеті жоқ. Айтқандай, қойылымдық сценарий жазудың белгілі бір қатып қалған ережесі жоқ. Бұнда ең бастысы – шығармашылық, тағы да шығармашылық!

2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде

2.1. Сценарийдегі шығармашылық әдістер

Сценарийді белгілі бір саланың жете әзірленген даму үлгісі деуге болады. Кез келген саладағы сценарий өзгеріс енгізуге түрткі болатын ең маңызды факторлар төңірегінде терең ойлануды талап етеді. Аталған факторлардың арасындағы өзара байланыс жүйесін зерттеу өзгерістердің табиғаты мен сипатын барынша түсініп, тиісінше аталған өзгерістерді басқаруға қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді.

Сценарий болашақты болжамайды, бірақ ортақ ұстаным қалыптастырып, стратегияларды әзірлеп, қажетті өзгерістерді дер кезінде енгізудің тиімді саясатын құру мақсатында келешек дамудың түрлі әдістерін зерттеудің тиімді құралы болып табылады. Белгілі бір салаға, мысалы білім беру немесе оқыту саласына арналған сценарий белгілі бір жағдайлар жасалса мүдделі тараптар қол жеткізетін нәтижелерді көрсету қажет, осыған байланысты сценарий барлық деңгейдегі шешім қабылдайтын тұлғалар үшін әбден пайдалы болмақ. Мектеп жағдайында сценарий бізге болашақ мектебінің құрылымы, жеке және мемлекеттік секторлардың өзара әрекет ету тетігі туралы, сондай-ақ мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас қағидалары туралы түсінік береді. Сонымен қатар, сценарийден төмендегідей ақпарат алуға болады:

Болашақтың мұғалімдері толық жұмыс күні жұмыс істей ме немесе қысқа мерзімді келісім-шарт негізінде жұмыс істей ме?

Оқушылар фактілер мен ақпарат түрінде дайын білім алғысы келе ме әлде оларға алдағы өмірде көмектесетін дағдыларды игергісі келе ме?

Болашақтың мектебі өз күшін тек оқытуға бағыттай ма әлде әлеуметтік орталық ретінде жұмыс істей ме? Мүмкін екеуін де үйлестіретін шығар?

Сценарийге негізделген стратегиялық жоспарлау кезінде қажетті нәтижеге жету үшін сценарий мұқият жасалуы керек, бірақ маңызды сұрақтарды назардан шығарып алмау жағын да ұмытпау керек. Айталық, сценарийде шығармашылық пен қиял элементтері болуы мүмкін, алайда біздің келешегіміз түсініксіз, таңғажайып нәрсеге айналуына жол бермеу қажет. ЭЫДҰ-ның Білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялар орталығы шешім қабылдайтын тұлғаларға қолдау көрсету үшін сценарийдің мазмұнын құрудың мұқият ойластырылған тәсілін әзірледі. Бұл тәсіл сценарийдің мазмұнында табан астында қабылданған шешімдер болашақта маңызды болатын кез келген ортада сценарийді әзірлеу мен қолданудың қадамдық әдістері баяндалған, «үрдісті талдау» және «іс-қимылды талдау» сияқты құралдардың міндетті түрде болуын көздейді.[7]

Сценарий бір-бірінен оны жүзеге асыру тәсілімен ерекшеленеді, бұл оларды түрлерге жіктеуге мүмкіндік беріп, сұрақтың нақты аспектілерін шешуді жеңілдетеді. Сонымен қатар әр сценарийді жеке талдау бір мақсатқа жетудің түрлі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Ұсынылған барлық тәсілдерді үйлестіріп, шешім қабылдайтын адамдардың бар күшін бір бағытқа жұмсау болып жатқан өзгерістердің түбегейлі негізін түсінуге мүмкіндік беріп, стратегиялық ойлаудың негізінің қалануына ықпал етеді.

  • Сценарийді белгілі бір саланың болашақ үлгісі деуге болады.
  • Сценарий ойларды шоғырландырып, ортақ ұстаным қалыптастырып, іске асыру саясатын айқындауға түрткі болып табылады.
  • Сценарий болашақты болжамайды, бірақ іске асырылуы тиіс іс-әрекеттерді түсініп, түйсінуге мүмкіндік береді.

2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі

Сценарий мероприятия «Наурыз мейрамы»

Наурыз мерекесі. 

Музыка әуенімен қонақтарды қарсы алу.

I. Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 

Той дабылын қағып тұрған 

Мұнда біз бар! 

Естімеген естіңдер! 

Тыңдамағандар тыңдаңдар! 

Наурыз тойы басталды, 

Бір орында тұрмаңдар! 
Қайырлы күн, құметті ұстаздар қауымы мен оқушылар және қонақтар!
Міне ,араға жыл салып шуақты да шырайлы мерекеміз – наурыз мейрамы да келіп жетті. Наурыз –қазақ халқы үшін ежелден –ақ береке –бірліктің , ел-жұрт , ағайын –туыс арасындағы татулықтың , ерен еңбектің , жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

Қадірлі қауым ! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
2. Жүргізуші: Здравствуйте уважаемые учителя, учащиеся и гости! Вот и настал тот день, когда старый год по восточному календарю по праву передает свои права новому году. Веселый праздник наурыз сегодня мы встречаем. И дверь в весну, в который раз мы снова открываем!

Снова тихим и солнечным утром , 
Когда дремлют метели зимы
Из веков седовласых и мудрых,
К нам пришел Наурыз Мейрамы.
Посмотри в просветленные лица,
И ты сердцем уверишься вновь .
Это праздник народных традиций,
Это вера в мечту и любовь.

ІІ. Күй . —— «Ерке сылқым».

Шашу шашылады.

Ауыл көрінісі.Екі жеке тігілген үй. Бірі – күйеу жігіттің үйі, екіншісі –қалыңдықтың үйі. Келісіліп қойылған құдалар қызды ұзатып өз үйіне алып кетуге келеді. Ұзатылатын қызды үйден алып шығады.Екі жеңгесі қыздың жолы ақ болсын деп ақ матаны қыздың жүретін жолына төсейді. Қыздың жүретін жолында туыстары ,онымен қоштасады. Осы кезде сахна артынан әкесінің «Қызыма» атты өлеңі айтылып тұрады. Қыз жылап, «Сыңсу» өлеңін айтады.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.

Туған ел-жұртым аман бол!

Ағайын ,жекжат сау бол!

Ақсақал кісі қызға жолың болсын,бақытты бол деп бата береді.
Құдайым сені қолдасын, еш жамандық болмасын.

  • тілдінің тілінен сақтасын, көздінің көзінен сақтасын.
  • Жолың ақ болсын. Барған жерде бақытты бол ,шырағым!
  • Судай сіңіп, тастай батып кет!

Қыздың жеңгесі сөзі:

Қарағым,бізден кетіп барасың,

Жат жұртқа келін боласың,

Барған жеріңде , бақытты бол, еркем!

Қыздың жеңгесі ,осыларды айтып, күйеу жігітке тапсырады. Күйеу жігіттің жеңгелері ,қызды қабылдап алып,сөйлейді:
Бізге келген қадамың,құ тты болсын, шырағым,
Өсіп –өніп, ата-енеңе сыйлы бол.
Келін емес, қыздай болып, Сіңіп кет,ортамызға!
Күйеу жігітке тапсырып бірге, екеуі ауылына қарай төселген ақ жолмен ақырын жүреді.
Келіннің келе жатқанын ауылға хабарлап «Сүйінші, сүйінші» деп бір бала жүгіріп келеді.(6-сынып Айдар ). Үлкен киіз үйде отырған әжелер мен апалар келіннің алдынан шығып, шашу шашып күтіп алады. Отқа май құйып ,келінді ішке кіргізеді.
Осы кезде қуанышқа ән айтылады. «Отырардағы той» әні –Ділбар Қалпақпаева.
Әжей: Қане, шырағым, келіндер, келінді беташарға алып шығыңдар.
Екі жеңгесі келінді алып шығып,ортаға тұрады. Қалың көпшілік киіз үйден шығып, келінді ортаға алып тұрады.
^ Беташарды айтатын ер кісі:  
 Келін келді көріңіз,
  Көрімдігін беріңіз.
  Анау-мынау демеңіз,
  Түсін айтып қойыңыз,-
   Құлағың сал көпшілік,
  Домбыраны қолға алып.
  Тереңінен жүректің,
  Тебірене толғанып.
  Беташарға қам жасап,
  Әсем жырды толғалық,
  Қадам басты екі жас
  Ақ тілекті жолға анық.
  Атасы мен анасы,
  Айналады толғанып.
  Той тамаша басталды:
  Куә соған бол, халық!
  Шын көңілден қуанып,
  Шаттанғанға не жетсін,
  Ақ көңілден лебізді,
  Ақтарғанға не жетсін.
  Сыйластығын  көңілдің.

Келіннің бетін ашып, жұрттың алдында біраз тұрады. Ауыл балалары шуылдап қуанып , сол жерде ұлттық би «Қара жорғаны» билейді. Адамдарды биге шақырады.

Келінді үйге кіргізерден алдын, ақсақал жас келінге бата береді:

Әуелі құдай оңдасын, 
Періштелер болсын жолдасың 
Ақ батамыз пәк болсын! 
Ақ ордаңа бақ қонсын! 
Жас отауың басқа толсын! 
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын! 
Тілдінің тілінен сақтасын 
Көздінің көзінен сақтасын 
Кезенгеннің кезінен сақтасын 
Өсек, аяң күндеуден 
Пәле – жаланың бәрінен 
Бір Аллаһ сізді сақтасын. 
Әумин, Аллаһу әкбар! 
Келінді үйге кіргізеді. Тойға шашу ретінде «Гүлдерайым» әні 
( Айнұр) орындалады.
Әже сөзі: Баламыздың үйлену тойы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен бірге келіп тұр. Қане, келіндер, келген қонаққа наурыз көже таратайық.
Осы кезде күй орындалады. «Ұлы жеңіс» күйі. 
Киіз үйдің ішінде күйеу жігіттің досының сөзі: 
Бүгін осы тойға алыстан қонақтар келіп отыр. Олар ат шабылтып , сонау Ресейден,Өзбекстаннан келіп отыр. Сол достарымыздың тойға тарту үшін алып келген, әні мен билерін тамашалайық.

  1. Өзбек биі. Қыздар тобы.
  2. Ресей әншісі. (Зелеая Ира -11 сынып).

Ақсақал шығып: бүгін ауылымызда қос той, қос мереке, бүгін жырламасақ, бүгін ағымыздан жарылып ән айтып, би билемесек қашан билейміз.Қане, жастарымыздың өнерін тамашалайық , тойға жиналған қауым!
Жас қыз шығып: 
Ежелгі шығыс елінің , 
Аңсаған арман, ойы бар.
Думандатып тойланар.
Дәстүрлі Наурыз тойы бар ,
Осы тойда айтатын.
Өлеңіміз бен биіміз тағы бар.
«Бозінген биі» -қыздар тобы.
Ән — (Темірбекова Жанар)
«Шашу» биі— қыздар тобы.
Ал,қане, ақсақалымыз бүгінгі қос тойға жастардың үйлену тойы мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне жиналған тойға арнап , батсын берсін. О, ағайын, құлақ салайық.

Бата (Ерлан Магзумович)
«Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле- жала жерге енсін.
Әумин!»
Қыз: Әлемге атақ –даңқы ілінгесін,
Күн болып Қазақстан күлімдесін,
Қасиетті ана тіл –
Бүтін тілім,
Бауырлар , ешқашанда
Бүлінбесін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз тойы халқым, құтты болсын!
Тойға шашу.
Ән –(Сәтсапар).
Қорытынды
Адамның психологиялық тұрғыда қалай қалыптасқандығын, оның іс-әрекетінің даралығы қалай байқалатындығын зерттеу, талдау жасау арқылы ғалымдар оның түптамыры эго-жағдай және өмір сценарийі моделі ұғымында деген шешімге келген. Сценарий ұғымын 1960-шы жылдардың ортасында психологияға алғаш рет енгізген Э.Берн және оның әріптестері, әсіресе К.Стайнер болды. Э.Берн тағдыр ұғымының түбірінде адамның өмірлік жолы ұғымы жатқандығын айтады. Адам өз тағдырын өзі анықтайды, ол адамның ойлау қабілеті, айнала мен қоршаған орта және қоғамда болып жатқан құбылыстарға деген оның қарым-қатынасы, көзқарасына тікелей байланысты деп есептейді. Әрбір адам бала кезінде-ақ көбіне санадан тыс түрде өзінің болашағы жайлы толғанып, өмір жолының сценарийін өз миында тоқиды, белгілейді. Сценарий — бірте-бірте қалыптасатын, дамитын өмірлік жоспар. Ол жоспар ата-ананың ықпалымен бала кезде қалыптасады. Э.Берн өмірлік сценарий мен өмірлік жол ұғымдарында айырмашылық бар дейді. Ол өмірлік жол деп шын мәнісінде өмірде жүзеге асатын нәрсені айтады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Аль Д. Н. Основы драматургии. – Л. ЛГИК, 1988

2. Вановская Е.В. Литературная композиция и монтаж на самодеятельной сцене. Л. 1989

3. Волькенштейн В. Драматургия. М. Советский писатель, 1969.

4. Генкин Д.М. Массовые праздники. – М. Просвещение 1975

5. Генкин Д.М. Конович А.А. Сценарное мастерство культросветработника – М., 1984

6. Кабдолов З. Сөз өнері –Алматы., 1992

7. Марков О.И. Сценарно-режисерские основы художественно-педагогической деятельности клуба – М. 1988

8. Маршак М.И. Клубный сценарий – М. Профиздат, 1975

9. Шароев И.Г. Режусурра эстрады и массовых представлений М., 1986

10. Шилов Н.П. Сценарное мастерство. Челябинск ЧГАКИ. 2000

11. Кеш жарық. – Алматы. өнер, 1989.

12. Мектеп кеші қөңілді. – Алматы. Өнер, 1990

13. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы. Қазақстан 1991

14. Праздники в школе. – Минск., 2001

15. Сценарии школьних праздников. – СПб. Паритет. 2000

16. «Телевизиялық журналистика», Мәскеу университетінің «Высшая Школа» баспасы, 2002 ж.

ÓZGE JAŃALYQTAR

«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Ashý

Júkteý

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий

Ashý

Júkteý

Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017

Ashý

Júkteý

«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы

Ashý

Júkteý


MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY

Baılanys aqparattary:

Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK

Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15

Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX

Telefony:
+7 (7142) 562-428

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Келісілді Бекітемін

Директордың оқу-тәрбие Директордың оқу өндірістік

ісі-жөніндегі орынбасары ісі-жөніндегі орынбасары

Г.Алтынбекова М.Р.Асаинова

ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Тақырыбы: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге…»

Дайындаған машықкер:Н.Ерғазы

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №2 17.10.2016 жыл

Кафедра меңгерушісі: Т.Кенжетаева

Мақсаты:

Қазақ жазушылары Ыбырай Алтынсариннің 175 жасқа толуы орай шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Өз бойына жақсы оқырман тәжірибесін жинақтауға ынталандыру;

  • Өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру;

  • Көркем шығарманың тәрбиелік мәнін жеке өмірінде қолдануға бағыт беру.

Бағалау: Оқырман күнделіктері, эссе арқылы іске асады.

КОНФЕРЕНЦИЯ БАРЫСЫ

1) Қызығушылықты ояту сатысы:

Бүгінгі конференциядан не күтесіздер?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

5минут

2) Жаңа мағынаны ашу сатысы:

Оқырмандар «Асыл шөп», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бір уыс мақта», «Атымтай Жомарт», «Алтын шеттеуік», «Талаптың пайдасы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгіме моделін жариялайды.

25 минут.

Оқырмандар жазушылардың еңбектері бойынша кітап моделін жариялап отырған оқырманға сұрақтарын қояды.

Оқушылардың «Оқырман күнделігін» жүргізуге арналған сұрақтар:

1

Осы әңгіме/ кітап саған несімен ұнады?

2

Ең қызықты жерін айтып берші?

3

Сен өзің қай кейіпкерге ұқсағың келеді?

4

Бұл кітаптан/әңгімеден қандай тәрбиелік ой түйдің?

5

Бұл әңгіме/ кітап өмірмен байланысты ма?

6

Бұл кітаптан/ әңгімеден адамдар нені үйренеді деп ойлайсың?

7

Қандай жаңа немесе жақсы сөздерді үйрендің?

8

Егер оқыған шығармаңыздың авторын өмірден кездестірсеңіз не айтар едіңіз немесе нені сұрап білер едіңіз?

9

Сен өзіңді қай кейіпкерге ұқсатасың? Неліктен?

10

Өз тарапыңнан кітапты/ әңгімені қалай аяқтаушы едің?

3)Ой толғаныс сатысы:

Конференцияға қатысушы оқырмандар конференциядан алған әсерлерін және ұнаған әңгімесі туралы эссе жазады.

Оқырман конференциясынан алған әсерім…

10 минут

Конференцияның қорытындысы:

МАРАПАТТАУ

3 минут

1) Ең үздік оқырман………………………………………………………………………………….

2) Ең үздік кітап моделін жариялаушы………………………………………………………

3) Ең үздік пікір білдіруші…………………………………………………………………………

4) Ең үздік сарапшы………………………………………………………………………………….

Қорыта келе «Кітап бізді неге үйретеді?» деген сұраққа жауап іздеп көрейікші.

  • «Кітап» сөзі араб тілінен шыққан. Қазақша «жазу», «жазба» деген мағына береді.

Кітап бізді неге үйретеді?»

  • Кітап – адам баласын тек жақсы қасиеттерге жетелейді.

  • Кітап – дүниенің қыр-сырын танып білуге көмектеседі.

  • Кітап – адамды мейірімділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа үйретеді.

  • Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын білім мен тәрбие беретін құрал.

  • Кітап – адамның танымдық қабілетін арттырып, рухани дүниесін байытады.

  • Адам баласы ғылым мен білімді, өнер мен өнегені кітаптан алады. Сондықтан «Кітап – жан азығы» деп бекер айтылмаған. Кітапты көп оқыған адам ғана білімді болады. Ал білімді болсаң елге сыйлы боласың. Сол себепті баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын.

  • Бүгінгі конференциядан не күтесіздер?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

Менің бүгінгі оқырман конференциясынан күтетінім……………………………………

…………………………………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

  • Бүгінгі оқырман конференциясынан алған әсеріңіз?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

Менің бүгінгі оқырман конференциясынан алған әсерім……………………………….

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

  • Сізге қай оқырманның әңгімесі ұнады және қай әңгімені оқығыңыз келеді?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

Маған ұнаған оқырманның әңгімесі және оқығым келетін әңгіме – ол…………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

«Сиқырлы саздың сырлары» ғылыми танымдық конференция сценариі

Материал жайлы қысқаша түсінік:

«Сиқырлы саздың сырлары» ғылыми танымдық конференция сценариі кластан тыс өткізілетін іс-шаралар әдістемесін толықтыратын материал. Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні мұғалімдеріне көмек болары сөзсіз.

Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Сиқырлы саздың сырлары» ғылыми танымдық конференция сценариі

Иманалина Нургул Кубаевна

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №36 ОМ КММ, музыка пәні мұғалімі

05.12.2018

485

0

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Конферанс концертной программы сценарий
  • Контроль качества праздник
  • Контракт рисовальщика сценарий
  • Контрабасист на праздник
  • Контр сценарий это